ҚАЗАҚСТАНДА ТЕГІН ЗАҢГЕРЛІК  КӨМЕК АЛУ ҚҰҚЫҒЫ ҚАЗАҚСТАНДА ТЕГІН ЗАҢГЕРЛІК  КӨМЕК АЛУ ҚҰҚЫҒЫ
     Гүлнар СҮЛЕЙМЕНОВА ЖОО-да, ғылыми мекемелерде заң саласына қатысты ғылыми-педагогикалық бағытта 30 жылдан аса уақыт еңбек еткен. Алматы қалалық адвокаттар қоғамының адвокаты, ҚР... ҚАЗАҚСТАНДА ТЕГІН ЗАҢГЕРЛІК  КӨМЕК АЛУ ҚҰҚЫҒЫ

     Гүлнар СҮЛЕЙМЕНОВА

ЖОО-да, ғылыми мекемелерде заң саласына қатысты

ғылыми-педагогикалық бағытта 30 жылдан аса уақыт еңбек еткен.
Алматы қалалық адвокаттар қоғамының адвокаты,

ҚР Жоғарғы Сотының Ғылыми-консультативтік

кеңесінің мүшесі, заң ғылымдарының кандидаты,
академиялық профессор

        Елдің негізгі заңында заңмен көзделген жағдайларда тегін заңгерлік көмек алу құқығын мәлімдей отырып, мемлекет сөйте тұра осындай құқықты қаржылық жағынан қамтамасыз ету бойынша кепілдіктерді тиісті шамада көздемейді, сондай-ақ көрсетілетін заңгерлік көмектің сапасына жеткілікті кепілдіктерді де қарастырмайды. ҚР Конституциясындағы конституциялық норманы іске асырудың дәл әрі жолға қойылған құқықтық тетігі осы уақытқа дейін құрылған жоқ. Білікті заңгерлік көмек көрсету саласындағы қазақстандық заңнаманы талдау және тегін заңгерлік көмек алу құқығын іске асыру тәжірибесі өткізіліп жатқан сот-құқықтық реформа жылдары ішінде республикада осындай көмекті көрсету саласында айтарлықтай өзгерістердің орын алмағаны туралы қорытынды жасауға әкеледі. Өкінішке орай, осы уақытқа дейін мемлекет кепілдік беретін заңгерлік көмекті алу құқығының іске асырылуын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясаттың тұжырымдамасы да, бағдарламасы да жасалмаған. Және де, тегін заңгерлік көмек алуға құқығы бар азаматтардың санаты өте шектеулі, сол сияқты осындай көмек көрсетілуіне негіз болатын, қолданыстағы заңнамамен көзделген мән-жайлардың шеңбері де шектеулі.

Тегін заңгерлік көмек берудің қазіргі сәтте қолданылатын жүйесінің кеңестік үлгінің бұрынғы жүйесінен шамалы ғана айырмашылығы бар, кеңестік жүйеге көпшіліктік мүдделерінің жеке адамның мүд-делерінен басым түсуі тән болатын, сондықтан да оның сапасы мен ұйымдастырылуы тұрғысынан ол тиімсіз, ескірген, бірқатар халықаралық актілер белгілеген стандарттарға сай емес жүйе болып табылады. Ең әуелі мұндай жүйе әділсотқа тең дәрежеде жету қағидасын бұзады, бұл қағиданың ажырамас бөлігі әркімнің білікті заңгерлік көмек алу құқығы болып табылады. Қаржыландырылатын заңгерлік көмек көрсетудің жекелеген ережелері заңнамамен реттемеленген, бірақ заңгерлік көмекті ұйымдастыру мен көрсету арқылы оған нақты қол жеткізу мүмкіндігін бере алатындай біртұтас жүйе жоқ.
Әрине, қаржыландырылатын заң-герлік көмек көрсету мемлекеттік бюджеттен айтарлықтай қаржы-ландыруды және пәрменді жұмыс істейін жүйені – қаржыландырылатын білікті заңгерлік көмек көрсетуге әкімшілік етуді (басқаруды) жүзеге асыру, оның бақылануын және сапалы болуын қамтамасыз ету бойынша міндет жүктелетін институционалдық инфрақұрылымды құру қажет болатыны даусыз.
Осындай жүйе құрылмаса, Негізгі заңда мемлекет мәлімдеген, білікті заңгерлік көмек алуға және заңмен айқындалған жағдайларда тегін заңгерлік көмек берілуіне деген әркімнің құқығы бұрынғысынша, азаматтардың осы көмекке мұқтаж көптеген санаттары үшін тек декларативтік норма болып қала береді. Ал бұл өз кезегінде халықтың құқықтық нигилизмінің және мемлекет пен оның органдарына деген сенбеушілігінің артуына ықпалдасады.
Қазақстанның 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясатының тұжырымдамасы, құқықтар мен бостандықтарды қорғауға байланыс-ты мамандандырылған институттарды одан әрі жетілдіру қажеттігін көздей отырып, төмендегілерді көр-сетеді: «Заңгерлік көмек көрсету жүйесінің өзі де жетілдіруді талап етеді. Ең әуелі кіріс деңгейі төмен адамдарға құқықтық көмек көрсету жүйесін жақсарту қажет. Қалалық және ауылдық жерлерде адвокаттық қызметтермен қамтамасыз етудің біркелкі болмау мәселесін дәйекті түрде шешу керек.
Сондай-ақ тегін заңгерлік көмек көрсететін адвокаттардың еңбегіне ақы төлеуді басқару жүйесі де түзетуді қажет етеді. Бұл жүйені біріктірілген әрі айқын ету қажет, сонда бұл бюджеттік қаражатты тиімдірек пайдалануға мүмкіндік береді (ҚР Президентінің «Қазақстанның 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясатының концепциясы туралы» Жарлығының 3.3-тармағы). Сол арқылы Концепция заңгерлік көмек көрсетудің негізгі бағытын республиканың халқының әл-ауқаты төмен топтары үшін қол жете аларлық болуымен байланыстырады.
Заңгерлік көмек көрсету жүйесін жетілдіру оны ең бірінші кезекте осы салада белгіленген халықаралық стандарттарға сәйкестікке келтіру бағытында жүргізілуге тиіс екенін атап өтудің маңызы зор. ҚР Конституциясының 4-бабының 3-тар-мағында былай делінген: «Республика бекiткен халықаралық шарттардың Республика заңдарынан басымдығы болады және халықаралық шарт бойынша оны қолдану үшiн заң шығару талап етiлетiн жағдайдан басқа реттерде, тiкелей қолданылады» (мен бөлектедім – Г.С.).
Осы нормаға сәйкес 2005 жыл-ғы 30 мамырдағы «Қазақстан Республикасының халықаралық шарт-
тары туралы» №54-III ҚР Заңы-ның 20-бабының 1-тармағында былай делінген: «Қазақстан Респуб-ликасының қолданыстағы әрбiр халықаралық шартын Қазақстан Рес-публикасының мiндетті және адал орындауына жатады».
Сол арқылы, аталған нормалар Қазақстанға халықаралық құқықтың жалпы қабылданған қағидалары мен нормаларын ұстану және оларды ұлттық заңнамаға ендіру міндетін жүктейді, мұның білікті заңгерлік көмек алу, соның ішінде оны тегін алу құқығы саласындағы халықаралық актіге де бірдей дәрежеде қатысы бар.
Алайда қолданыстағы заңнамамен көзделген тегін заңгерлік көмек көрсету жағдайлары, сондай-ақ оны ұйымдастыру осы саладағы халықаралық стандарттарға ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның нарықтық экономикасы жағдайларында құқық-тық қатынастардың сан алуан күрделі түрлерінің пайда болуы мен дамуына, және олардың реттелуіне байланысты қазіргі заманғы қоғамдық мұқтаждықтарға да сай келмейді. Қазақстанда табыс деңгейі төмен тұлғалардың және азаматтардың әлеуметтік жағынан осал басқа да топтарының заңгерлік көмекті тегін алу құқығын қамтамасыз ете алатын біртұтас жүйе жоқ.
Қазақстандық заңнамада қылмыс-тық, әкімшілік сот өндірісінде қорғаушы ретінде сот өндірісін жүргізуші органдардың тағайындауы бойынша адвокаттың қатысуымен тегін көмек көрсету көзделген.
Мұндай жағдайда адвокаттың еңбегіне ақы ҚР Үкіметі бекіткен мөлшерлемелер бойынша мемлекеттік бюджеттен төленеді. Тегін заңгерлік көмек көрсету сондай-ақ азаматтық сот өндірісінде де көзделген, бірақ әл-ауқаты төмен азаматтардың жекелеген санаттары үшін және мәселелердің аса шектеулі тобы бойынша ғана көзделеді. Сөйте тұра сотқа жүгінуге қатысы жоқ басқа мәселелер бойынша заңгерлік көмек, сондай-ақ заң сипатындағы ақпарат пен заң кеңестемесін беру мәселелері реттелмеген.
Осыған байланысты тегін заң-герлік көмек көрсету қағидалары мен негіздерін біріктіру мен жүйелі түрде дамыту қажет, бұл заңгерлік көмек көрсету мен ақысын төлеудің қолданыстағы жүйесін қайта құруды – әл-ауқаты төмен және әлеуметтік жағынан осал топтардың тегін заңгерлік көмек алуға ҚР Конституциясы кепілдік беретін құқығын іске асырудың құқықтық, ресурстық және ұйымдық тетіктерін жасауды талап етеді, олар Кепілді түрде қаржыландырылатын заңгерлік көмек тұжырымдамасында өз бейнесін табуға тиіс.
Бірқатар шет мемлекеттерде, соның ішінде кейбір бұрынғы КСРО республикаларында тегін заңгерлік көмек көрсету жүйесінің жұмыс істеуінің қазіргі кезге дейін жинақталған сәтті тәжірибесі бүгін Қазақстанда да мемлекет қаржыландыратын заңгерлік көмектің біртұтас жүйесін құратын уақыт келді деп қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
Баяндалғанды негізге ала отырып, осы зерттеуде Кепілді түрде қаржыландырылатын заңгерлік көмек тұжырымдамасын және оны іске асыру Бағдарламасын әзірлеген кезде менің пікірімше ескерілуге тиіс мәселелер қарастырылды, атап айтқанда:
• тегін заңгерлік көмек көрсетудің құқықтық негіздері;
• заңгерлік көмек көрсетуші субъек-тілер;
• тегін заңгерлік көмек алу құқығы саласындағы халықаралық стандарттар;
• қаржыландырылатын заңгерлік көмектің негізгі шетелдік үлгілері;
• қаржыландырылатын заңгерлік көмектің ұлттық үлгісін жасау бойынша, сондай-ақ заңгерлік көмек көрсету мен заң қызметтерін көрсетудің қазіргі бар саласын қайта құру бойынша ұсыныстар мен кеңестер.

Қазақстанда тегін заңгерлік көмек алу құқығын қамтамасыз етудің құқықтық және ұйымдастырушылық мәселелері

ҚР Конституциясының 12-бабының 1-тармағы бойынша адам құқықтары мен бостандықтары танылады жә-не оларға кепілдік беріледі. Осы конституциялық құқықты дамыта отырып, ҚР Конституциясының 14-бабы заң мен сот алдында жұрттың бәрi тең деген қағиданы жариялайды, оны іске асырудың аса маңызды шарттарының бірі әркiмнiң бiлiктi заң көмегiн алуға құқығы бар екені, ал заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiлетіні болып табылады (ҚР Конституциясының 13-бабының 3-тармағы). Заңгерлік көмектің пәр-менді қамтамасыз етілу құқығы өз кезегінде әділсотқа жету құқығының ажырамас бөлігі болып табылады, бұл адам құқықтары мен олардың кепілдіктерін көздейтін көптеген халықаралық құжаттарда бекітілген.
Аталған нормалар жиынтығында мемлекетке заңгерлік көмекке жету құқығына кепілдік беретін жағдайлар жасау міндетін жүктейді, бұл көмек оның ақысын төлеуге тұлғаның қаржылық мүмкіндіктері бар-жоғына тәуелді болмауға тиіс. Мұндай кепілдіктер үшін төмендегілер талап етіледі:
1. Мемлекет қаржыландыратын заңгерлік көмекті берудің құқықтық реттемеленуін жетілдіру, атап айт-қанда: Мемлекет кепілдік беретін заңгерлік көмек туралы концепцияны әзірлеу; оның негізінде мемлекет кепілдік беретін қаржыландырылатын заңгерлік көмек туралы арнайы заңды және осындай көмек берудің тәртібін, төлемақы мөлшерін айқындау әдіс-темесін және т.с.с. қарастыратын басқа да нормативтік құқықтық актілерді қабылдау; АҚтҚРЗ, ҚР ҚІЖК, ҚР АІЖК, ӘҚтҚРК және басқа да кейбір заңнамалық актілерге тиісті өзгертулер мен толықтырулар енгізу;
2. Мемлекет қаржыландыратын заңгерлік көмек жүйесінің ұйымдық негіздерін құру;
3. Қаржылық, материалдық-тех-никалық, ұйымдық және кадрлық қамсыздандыру.
Тегін заңгерлік көмек алу құқығын қамтамасыз етуді құқықтық реттемелеу мәселелерін кідіріссіз шешу қажет, себебі осындай құқықты реттемелейтін қолданыстағы заңнама толық жетілмеген, оған нормативтік құқықтық актілердің баяндалған талдауы дәлел болып табылады.
Тегін заңгерлік көмек көрсету негіздемелері мен тәртібінің жекелеген мәселелері АҚтҚРЗ, ҚР ҚІЖК, ҚР АІЖК, ӘҚтҚРК арқылы реттемеленген. Заңгерлік көмектің аталған түрін көрсетуді мемлекет адвокатураға жүктеді.
Тегін заңгерлік көмек көрсету қажеттігін айқындау құқығы істер (қылмыстық, азаматтық, әкімшілік) бойынша өндірісті жүзеге асыратын органдардың субъективтік қарауына берілген. Бұл орайда олар негізге алуға тиіс өлшемдер заңнамада белгі-ленбеген.
Алайда қолданыстағы заңнаманың тегін заңгерлік көмек көрсетуді көздейтін нормалары толық жетіл-дірілмеген және көмекке мұқтаж және адвокаттың жұмысына ақы төлеуге қаржылық мүмкіндігі жоқ адамдардың оны алатынына кепілдік бермейді. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес тегін заңгерлік көмек төмендегі жағдайларда көрсетілуі мүмкін.
Қылмыстық сот өндірісінде, ҚР ҚІЖК-ның 172-бабының 2 және 3-бөлімдеріне сәйкес, қылмыстық процестi жүргiзушi орган оған негiз болған кезде сезіктiнi, айыпталушыны, жәбірленушіні заңгерлiк көмекке ақы төлеуден толық немесе iшiнара босатуға құқылы. Бұл жағдайда адвокаттың еңбегіне ақы төлеу бюджеттік қаражаттың есебiнен жүргiзiледi. ҚР ҚІЖК-ның 71-бабының 3-бөлімінде және 80-бабының 2-бөлімінде көзделген жағдайларда, адвокат анықтауға, алдын ала тергеу жүргiзуге немесе сотқа клиентпен келiсiм жасаспастан тағайындау бойынша қатысқан кезде, адвокаттардың еңбегiне ақы төлеу жөнiндегi шығыстар бюджеттік қаражаттың есебiне жатқызылуға тиіс. Бұл нормалар ҚР ҚІЖК-ның төмендегі нормаларымен нақтыланған. ҚР ҚІЖК-ның 72-бабының 5 және 6-бөлімдеріне сәйкес адвокаттардың – сезіктінің, айыпталушының, сотта-лушының, сотталғанның, ақталғанның және жәбірленушінің өкілінің қорғаушысының еңбегiне ақы төлеу мемлекеттiң есебiнен үш жағдайда жүргiзiледi:
• ҚР ҚІЖК-ның 71-бабының 1-бөлімімен көзделген мән-жайлар болғанда, егер қорғаушыны сезiктiнiң, айыпталушының, сотталушының өзi, олардың заңды өкiлдерi, сондай-ақ олардың тапсыруы бойынша басқа да адамдар шақырмаса, қылмыстық процестi жүргiзушi орган процестiң тиiстi сатысында қорғаушының қатысуын қамтамасыз етуге мiндеттi, орган ол туралы адвокаттардың кәсiптiк ұйымы үшiн мiндеттi қаулы шығарады (ҚР ҚІЖК-ның 71-бабының 3-бөлімі, 72-бабының 6-бөлімі).
• қылмыстық процестi жүргiзушi орган оған негiз болған кезде сезiктiнi, айыпталушыны, сотталушыны, сот-талғанды, ақталғанды заңгерлiк көмекке ақы төлеуден толық немесе iшiнара босатуға құқылы (ҚР ҚІЖК-ның 72-бабының 5-бөлімі).
• жәбiрленушiге заңгерлік кө-мек көрсеткен кезде (ҚІЖК-ның 75-бабының 6-бөлімі, 80-бабының 2-бөлімі).
Заңның аталған нормаларынан заң шығарушының заңгерлік көмекке ақы төлеуден тұлғаны босату (ішінара немесе толық) үшін нақты қандай мән-жайлардың негіздеме болып табылатынын көздемейтіні байқалады.
Және де, тегін заңгерлік көмек беру туралы шешім тұлғаның адвокаттың көмегіне ақы төлеу мүмкіндігін және адвокатты пайдалану-пайдаланбау туралы оның тілегін есепке алмастан, атап айтқанда – қорғаушының және іс бойынша жәбірленушінің өкілінің қатысуын заң міндетті деп таныған жағдайларда және бұл туралы шешімді іс бойынша өндірісті жүргiзушi орган қабылдаған кезде қабылдануы мүмкін (ҚР ҚІЖК-ның 71-бабы).
Сөйтіп, ҚР ҚІЖК нормалары тегін заңгерлік көмек алу құқығын сезiктiнiң (айыпталушының), сотталушының, сотталғанның, кәмелетке толмаған жәбірленушінің қаржылық мүмкін-діктерімен (яғни, кіріс деңгейімен және мүлікті жағдайымен) байланыстырмайды. Осындай реттемелеу бюджеттік қаражаттың барлық жағдайларда мақсатына сай пайдаланбауына әкеледі: адвокаттың заңгерлік көмегіне ақы төлеу тұлғаның оны төлеуге нақты мүмкіндіктері бола тұра, оны тегін көрсету туралы арыз берген кездерде де іске асырылады.
Тергеудің бастапқы сатысында анықтау мен тергеу органдары адвокатты тағайындап, қылмыстық сот өндірісінің одан кейінгі сатыларында қорғауды айыпталушымен немесе оның жақындарымен келісе отырып, солардың есебінен осы немесе басқа адвокат жүзеге асыратын жайттардың жиі кездесетіні де осы жағдаятты растайды. Сонымен қатар, қорғаушы тағайындау бойынша заңгерлік көмек көрсетіп, сонымен бір мезгілде заң мен адвокаттық этиканың талаптарына қарсы әрекет ете отырып, қорғалушыдан заңсыз төлемақы алатын, заңға қайшы жайттар да болады.
Осыған байланысты тегін заңгерлік көмек алу құқығы тек оның ақысын төлеу үшін қаржылық мүмкіндігі жоқ тұлғаларға, сондай-ақ азаматтардың осал санаттарына жататын тұлғаларға ғана берілуге тиіс сияқты көрінеді.
Әкімшілік сот өндірісінде заң шығарушы, ҚР ҚІЖК-да реттемеленген сияқты, тұлғаларды заңгерлік көмекке ақы төлеуден босату үшін негіздеме болып табылатын мән-жайларды белгілемейді, сондай- ақ оның қаржылық мүмкіндіктерін де есепке алмайды. Мысалы, ӘҚтҚРК-ның 590-бабының 5-бөліміне сәйкес, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi судья, орган (лауазымды тұлға) негiз болған жағдайда өзi жөнiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан адамды заң көмегiне ақы төлеуден толық немесе iшiнара босатуға құқылы. Бұл жағдайда еңбекке ақы мемлекет есебiнен төленедi. Сонымен қатар, өзi жөнiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан адамның өтiнуi бойынша әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттi судья, орган (лауазымды адам) қорғаушының қатысуын қамтамасыз етедi.
Мұндай жағдайда (яғни, адвокат клиентпен iс жүргiзуге келiсiм жасаспай, тағайындау арқылы қатысқанда) адвокат еңбегiне ақы төлеу шығыны мемлекет есебiне жатқызылуы мүмкiн (ӘҚтҚРК-ның 590-бабының 6-бөлімі).
Осыған байланысты қылмыстық сот өндірісінде де, сондай-ақ әкімшілік сот өндірісінде де қаржыландырылатын заңгерлік көмектің берілуі шексіз болмауға тиіс және заңнамада осындай көмек көрсетілуге тиіс адамдардың шеңбері, сондай-ақ оны алуға құқық беретін мән-жайлар белгіленуге тиіс деп ойлаймыз, бұл халықаралық стандарттарға сәйкес болар еді.
Азаматтық сот ісін жүргізуде, ҚР ҚІЖК мен ҚРӘҚтК-ден ерекшелігі, сот заңгерлік көмекке мұқтаж адамның мүліктік жағдайын ескеріп қана қоймай, сондай-ақ адамды заңгерлік көмек үшін ақы төлеуден және өкілдік етумен байланысты шығынды өтеуден ішінара немесе толық босату туралы мәселені шешуге мүмкіндік береді (ҚР АІЖК-нің 114-бабы 1-бөлігі). Сонымен қатар заң шығарушылар сот адамды оның өтінімі бойынша заңгерлік көмек үшін ақы төлеуден және өкілдік етумен байланысты шығындарды өтеуден ішінара немесе толық босатуға және оларды бюджеттік қаражат есебіне жатқызуға міндетті болатын жағдайларды белгілеген:
1) асыраушысының қайтыс болуынан, жарақат алуынан немесе жұмысына байланысты денсаулығына басқаша зақым келуінен болған зиянның орнын толтыру туралы дауларды қарау кезінде;
2) кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес дауларды қарау кезінде, Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестірілген адамдар, мерзімді қызметтің әскери қызметшілері, І және ІІ топтағы мүгедектер, жасы бойынша зейнеткерлер болып табылмайтын талапкерлер мен жауапкерлер үшін (ҚР ҚІЖК 114-бабы 1-тармақшасы, ҚР АҚтЗ 6-бабының 1-тармағының 1-2-тармақшалары).
Бұл тізім айтарлықтай толық емес деген пікірдеміз, өйткені Қазақ КСР-інің кеңестік АІЖК-нен «мұра» болып қалған аталған АІЖК нормаларында Қазақстанның өткен ғасырдың 90-шы жылдарының басынан бастап нарықтық экономикаға өтуімен байланысты өмір шындығы және қазіргі уақытқа дейін экономика, меншік қатынастары, өндіріс, сауда айналымы, банк және сақтандыру қызметі саласында, сондай-ақ кәсіпкерлік және шаруашылық қызметтің басқа салаларында болып жатқан елеулі өзгерістер ескерілмейді, ал бұл кең ауқымды заңгерлік ой өрісі, заңнама мен құқық қолдану практикасы бойынша терең білім болуын қажет етеді. Осы себептен азаматтық сот ісін жүргізуде білікті өкіліңіз болмаса, жағдай өте қиын. Ерекше қиындық даудың екінші тарапы мемлекет немесе заңды тұлға болатын істер бойынша (мысалы, есептелген зейнетақының мөлшеріне шағымдану, әлеуметтік жеңілдіктер мен жәрдемақы беруден бас тарты¬луы туралы істер бойынша, мемлекеттік тұрғын үй-жай беру мәселелері, сондай-ақ басқа істер бойынша) туындайды, өйткені мұндай жағдайда кез келген азамат заң тұрғысынан өзінің процестегі қарсыласынан көпе-көрінеу әлсіз болады. Дегенмен өкілге қаламақы төлеу үшін қажеті қаражаты болмағандықтан, заңгердің көмегіне жүгінуге әркімнің мүмкіндігі бола бермейді. Сондықтан, менің пікірімше, ҚР АІЖК 114-бабында көрсетілген тізім істің бір тарапы өзінің органдары мен лауазым иелері немесе өзге заңды тұлғалары арқылы қатысатын мемлекет болып табылатын дауларды кіргізу жолымен кеңейтілуге тиіс.
Азаматтық сот ісін жүргізуде өкілдік етудің тағы бір ерекшелігі, өкілдік етуді адвокаттармен қатар өзге тұлғалар да жүзеге асыра алады (ҚР АІЖК 59-бабының 2–7-тармақтары). Осыған байланысты атап өтетіні, заң шығарушылар осындай тұлғаларға өкілдік етумен байланысты шығын-дарын төлеудің және орнын толтырудың тәртібін көздемейді, ал адвокаттарға қатысты бұл мәселе реттемеленбеген (ҚР АІЖК 111-бабы).
Азаматтық сот ісін жүргізудің қылмыстық сот ісін жүргізуден тағы бір ерекшелігі, тегін көмек алғысы келетін тұлға өзінің өтінішін негіздеуге тиіс: өзін заңгерлік ақы көмекке төлеуден және өкілдік етумен байланысты шығындардың орнын толтырудан босату туралы азаматтың өтініміне оның осындай жәрдемді тегін алуы¬на құқығын растайтын құжаттар және басқа да дәлелдемелер қоса берілуге тиіс. Өтінімді қарау нәтижесі бойынша судья немесе сот азаматты заңгерлік көмек үшін ақы төлеуден және өкілдік етумен байланысты шығындардың орнын толтырудан толық немесе ішінара босату туралы, немесе өтінімді қанағаттандырудан бас тарту туралы дәлелді ұйғарым шығарады. Азаматты заңгерлік көмек үшін ақы төлеуден және өкілдік етумен байланысты шығындардың орнын толтырудан толық немесе ішінара босату туралы соттың ұйғарымы дереу адвокаттар алқасына жіберілуге тиіс, ал ол сот белгілеген мерзімде адвокаттың сотқа қатысуын қамтамасыз етуге міндетті. Осындай жағдайларда адвокаттар көрсеткен заңгерлік көмекке ақы төлеу тиісті сот шешімінің негізінде бюджеттің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Тегін көмек сондай-ақ алимент өндіріп алу, зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау, ақтау, босқын немесе оралман мәртебесін алу мәселелері бойынша азаматтарға құқықтық сипаттағы жазбаша құжаттар жасау қажет болған жағдайда, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмағандарға берілуі мүмкін.
Жәрдемнің бұл түрін көрсету де адвокаттарға жүктеледі (ҚР АҚтЗ 6-бабының 1-тармағының 3-тармақшасы). Бұл жағдайда заңгерлік көмек тікелей адвокатқа жүгінгеннен кейін беріледі. Арызданушының тікелей жүгінуінен кейін заңгерлік көмек беру мүмкін болмаған жағдайда, оған қабылдаудың уақыты туралы хабарлануға тиіс, ол жүгінген күннен бастап үш жұмыс күнінен аспауға тиіс.
Мұндай жағдайларда заңгерлік көмек берудің ұзақтығы бір сағаттан аспауға тиіс. Қажет болған жағдайда көрсетілген мерзімді тиісті адвокаттық ұйымның басшылығы ұзартуы мүмкін. Бір мәселе бойынша адам тек қана бір рет құқықтық жәрдем ала алады. Бұл жағдайда заңгерлік көмекке ақы төлеу адвокаттың атқарған жұмысы туралы актінің және ол мүшесі болып табылатын тиісті адвокаттар алқасының тапсырысы негізінде бюджеттік қаражат есебінен жүзеге асырылады.
Дегенмен басқа мемлекеттік және өзге органдарға жүгіну кезінде азаматтарда туындауы мүмкін барлық басқа құқықтық мәселелер бойынша тегін заңгерлік көмек беру (мысалы, құқықтары және оларды іске асыру тәсілдері туралы хабардар ету, кеңестеме беру, сотқа жүгінумен байланысты емес мәселелер бойынша кеңестер түрінде және т.б.) заңнама жүзінде қарастырылмаған.
Заңгерлік көмекке ақы төлеу бойынша шығынды республикалық бюджеттің қаражаты есебіне жатқы-зудың негізі қылмыстық процесті жүргізіп отырған органның, судьяның, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілетті органның (лауазымды тұлғаның) қаулысы және іс жүргізіп отырған азаматтық істер бойынша соттың (бұдан әрі – тиісті орган) ұйғарымы болып табылады (заңгерлік көмекке ақы төлеудің тарифтері туралы 1 тіркемені қараңыз).
Осылайша, тағайындау бойынша қорғауға және заңгерлік көмек көрсету бойынша өкілдік етуге кеткен шығындарды мемлекеттік бюджеттен өтеу post factum – адвокат тапсырманы орындағаннан кейін іс бойынша өндіріс жүргізуші орган заңгерлік көмекке ақы төлеу, сондай-ақ қорғаумен және өкілдік етумен байланысты шығындарды республикалық бюджеттің қаражаты есебінен өтеу туралы қаулы (ұйғарым) шығарғаннан кейін жүзеге асырылады. Заңгерлік көмек көрсету жөніндегі шығындарды төлеудің және өтеудің сомасы, адвокаттар келісім бойынша қатысатын істер бойынша төленетін қаламақының мөлшерімен салыстырғанда мардымсыз, осының салдарынан мұндай істер бойынша адвокаттардың беретін заңгерлік көмегінің сапасы көбінесе пәрменсіз болғандықтан, арызданушының көңілінен шықпайды.
Осы айтылғандардан шығатыны, адвокаттарды тағайындаудың тәртібі, олар көрсететін қаржыландырылатын заңгерлік көмектің сапасын қамтамасыз ету және бақылау, олардың еңбегіне ақы төлеу, тегін заңгерлік жәрдем берудің өзге де құрамдастары заңнамада көзделмеген.
Алдын ала тергеу кезеңінде – тапсырманы орындағаннан кейін, ал тапсырманы орындау бір айдан астам уақытқа созылатын жағдайда – ай сайын; сотта – қылмыстық істер бойынша және сонымен бір уақытта үкім шығарылады немесе істі қосымша тергеуге жіберу немесе істі қысқарту туралы іс жүргізушілік шешім қабылданады. Сот талқылауы бір айдан көп уақытқа жалғасқан жағдайда соттың қаулысы ай сайын шығарылады; азаматтық және әкімшілік істер бойынша – бір уақытта шешім (қаулы) шығарылады.
Осы санаттағы істер бойынша еңбегіне төленетін ақы мөлшерінің аздығынан адвокаттарда материалдық мүдделілік болмауымен ұштасатын аталған кемшіліктер, бір жағынан, және олардың төлем қабілеті бар клиент алуға ұмтылуы екінші жағынан, жекелеген судьялардың, тергеушілердің, анықтаушылардың және олардың «қалтадағы» адвокаттарының арасында одақтар құрылуы сияқты жағымсыз құбылысқа жағдай жасайды. Мұндай «одақтар» адвокаттардың іс жүргізіп отырған, сөйтіп тергеудегі адамға немесе сотталушыға «ыңғайлы», өздеріне аса қиындық туғызбайтын, іс бойынша белсенділік танытпайтын («артық» өтінім, бас тарту, шағым және т.с. мәлімдемейтін) қорғаушының тағайындалуына мүдделі органдармен сыбайлас болуына әкеледі.
Бұл жағдайды бұрынғы кеңестік елдердегі заңгерлік көмек беру жүйесін талдаған В. Уатенберг өте дәл сипаттап берді: «Кеңес Одағының ыдырауымен адвокаттардың беделі көп жағынан бұрынғысынан да төмендеп кетті, ол кезде тіпті іс жүргізу нормаларының формалды талаптары сирек сақталатын болды. Көптеген істер жабық есіктің ар жағында уағдаластық бойынша «шешілетін», ал сот отырыстары алдын ала келісілген тиісті нәтижені жариялау үшін ғана пайдаланылатын болды.
Ұзақ уақыт бойы осылайша тездетілген сот процестеріне қатысушылар деп ұғынылған адвокаттар өздерінің қағидаттан жұрдай клиенттерінің және әділсот жүйесінің дәл сондай қызметкерлерінің арасын-дағы тым пысық делдалдар деген атаққа ие болды. Кеңес заманының соңында нарықта жеке практика қаптап кеткен кезде, олардың бұл бейнесі одан да бұрмалана түсті: бай адвокаттар табысты да ақылды, бірақ адамгершілігі жоқ деп есептелді, ал жағдайы нашарлауы дарынсыз деп саналды. …адвокаттар қазірдің өзінде әділет жүйесі қызметкерлеріне бұрынғыдан да қатты тәуелді.
Адвокат құқық қорғау органдарына немесе судьяларға жайсыздық туғызса немесе қосымша жұмыс тауып берсе, олардың өкілдерінен қандай жауап болатынынан қауіптенуге тиіс, өйткені оның өз жұмысына ақы алатыны не алмайтыны: іс бойынша тағайындау үшін қандай адвокаттың шақырылатыны, адвокаттың көр-сеткен қызметтерін растайтын анықтамаларға қол қойылатыны не қойылмайтыны, ал егер қол қойылса, жұмыстың неше сағатына қол қойылатыны тікелей не жанама түрде соларға байланысты. Адвокаттардың қорғауымен байланысты жағдайды қосымша шиеленістіретін жайт, адвокаттар әлі күнге дейін ex officio төлемақыны басымдықтары кеңестік уақытта айқындалған сұлба бойынша алады…».
Бұдан басқа, атап көрсететіні, қазір қолданылып жүрген адвокаттарды тағайындау жүйесі олардың заңгерлік көмекті шынайы шығындарға сай келмейтін тарифтер бойынша беруге ерік білдіруіне қарамастан, ҚР Конституциясының 24-бабының 1-тар-
мағына да қайшы келеді, онда адамдардың еңбек еркіндігіне құқығы және мәжбүрлеп еңбек еткізуге тыйым салынатыны белгіленген.
Осылайша, жоғарыда айтыл-ғандардың негізінде тегін заңгерлік көмек берудің қазіргі тәртібінің мына себептерден кемшіліктері бар деп тұжырымдауға болады:
• қаржыландырылатын заңгерлік көмек беру, халықтың құқықтық сауатын ашу саласындағы мемлекеттік саясат негіздерінің тұжырымдамасы мен бағдарламасының жоқтығы;
• мемлекет тарапынан қаржы-ландырылатын заңгерлік көмек беруді ұйымдастыру және оның тәртібі мәселелерін реттемелейтін арнайы заңның жоқтығы;
• осындай жәрдем берілуін және осы саладағы бағдарламалардың іске асырылуын басқаруды (әкімшілік жасалуын) қамтамасыз ететін құрылымның жоқтығы;
• оны берудің нақты негіздері мен шарттарының жоқтығы;
•заңгерлік көмекке жету мүмкіндігінің шектеулі болуы: заңнамада (ҚР АҚтҚЗ, ҚР АІЖК, ҚР ӘҚБтК және басқа да заңнамалық актілерде) тегін заңгерлік жәрдем алуға құқығы бар тұлғалардың шектеулі ауқымы белгіленген;
• заңгерлік көмек беру тәртібінің құқықтық жағынан жеткілікті дәрежеде реттемеленбеуі;
• қылмыстық істер бойынша тегін заңгерлік көмектің анықтаушының, анықтау органының, тергеушінің, соттың субъективті ұйғаруына қарай берілуі;
• берілетін тегін заңгерлік көмектің сапасын қамтамасыз ету жүйесінің және оны бағалау әдістерінің жоқтығы;
• берілетін тегін заңгерлік көмектің сапасын бақылау жүйесінің жоқтығы;
• кеңестік заманнан бері келе жатқан адвокаттарды адвокаттар алқасы арқылы тағайындау процедурасының сақталуы, өйткені бұл осы саладағы қазіргі заманғы халықаралық стандарттаға сай келмейді және заңгерлік көмектің сапалы берілуін қамтамасыз етпейді;
• заңгерлік көмек көрсету үшін адвокаттарды тағайындаудың және олардың еңбегіне ақы төлеудің қазір қолданылып жүрген жүйесі, себебі мұның өзі оларды қылмыстық процесс жүргізуші органдарға тәуелді етіп қояды, әрі адвокатта заңгерлік көмек беруге материалдық ынтаның болмауына әкеліп қана қоймай, сондай-ақ оның сапасына теріс әсерін тигізеді;
• ҚР АІЖК бойынша азаматтық сот ісін жүргізуде өкілдік ету міндетін заң білімінің бар-жоғына қарамастан кез келген тұлғалардың жүзеге асыруы, өйткені бұл жағдай олар беретін заңгерлік көмектің сапасына теріс әсер етеді;
• қылмыстық-атқару заңнамасында белгіленген бас бостандығынан айы-руға сотталған адамның сот шешімінің орындалу сатысында заңгерлік көмек алуға құқығының іске асырылуын қамтамасыз ету тетігінің жоқтығы, сондай-ақ бұл үшін тиісті бюджетті көздейтін бағдарламаның жоқтығы;
• бастапқы заңгерлік көмек беру және азаматтарды құқықтық жағынан хабардар ету және құқықтық сауатын ашу жүйесінің жоқтығы;
• адвокаттар қоғамдастығының адам саны жағынан аздығы және оның белгілі бір бөлігінің кәсіби біліктілік деңгейінің төмендігі, сондай-ақ басқа да кемшіліктер бар.
Осыған орай атап өтетіні, көрсетілген кемшіліктердің негізгі бөлігі ТМД елдеріне, сондай-ақ мемлекет кепілдік беретін қаржыландырылатын көмек жүйесі енгізілгенге дейінгі кезеңдегі Орталық және Шығыс Еуропа мемлекеттерінің басым көпшілігіне тән. Бұл кемшіліктердің түп тамыры заңнамалық базаның жеткілікті дәрежеде жан-жақты болмауында, сондай-ақ тиісті заңнама ережелерін нақты іске асырудың нашар жүргізілуінде жатыр.
Қазіргі тегін заңгерлік көмек беру жүйесінің аталған кемшіліктері оны берудің қағидаларын қайта қарауды, сондай-ақ тегін заңгерлік көмек берудің (әкімшілік етудің) арнайы тәуелсіз әрі дербес жүйесін құруды қажет етеді. Сондықтан бұл жағдайдан шығатын жол –Қазақстанда қаржыландырылатын заңгерлік жәрдем беруге әкімшілік етудің (басқарудың) тиімді үлгісін құру, оны іске асырудың пәрменді құқықтық тетіктерін әзірлеу қажет деп есептейміз, олар осындай жәрдем берудің тисті процедурасы мен сапасын, бюджеттік қаражаттың тиімді пайдаланылуын, берілетін заңгерлік көмектің сапасын бақылауды және т.б. қамтамасыз етуге тиіс.
Бұл орайда тегін заңгерлік көмек жүйесін құру және дамыту кезеңдері нақты айқындалуға тиіс. Мысалы, бастапқы кезеңде республикада қаржыландырылатын заңгерлік көмек жүйесін құру бойынша пилоттық жобаны іске асыруға, сондай-ақ қылмыстық істер бойынша тегін заңгерлік көмек беруге арналған қоғамдық адвокаттар орталықтарын (бюроларын, қызметтерін) құруға болады. Нәтиже тиімді болған жағдайда – берілетін қаржыландырылатын заңгерлік көмектің көлемі мен мазмұнын ұлғайту туралы мәсе-лені талдау және қарау қажет. Қаржыландырылатын заңгерлік көмек жүйесінің сатылап енгізілуі әділсотқа жетуін қамтамасыз етудің сандық және сапалық көрсеткіштерін болжауға және формализмді, қақтығыстар мен басқа да жағымсыз құбылыстарды болдырмауға мүмкіндік береді.
Әрине, мұндай құрылымды құру үшін белгілі бір қаржы жұмсалады. Бірақ, сонымен қатар, бұл қылмыстық ізге түсу органдарын, соттар мен әділет органдарын тағайындалатын адвокаттармен қамтамасыз етуге байланысты мәселелерден босатады.

Қазақстанда қаржыландырылатын заңгерлік көмектің ұсынылатын үлгісі

Шет елдердегі қаржыландырылатын заңгерлік көмек берудің тәжірибесін талдау нәтижелері көрсеткендей, осындай жәрдем беруді ұйымдастыру мен үйлестіру жөніндегі барлық функциялар бір органға шоғырланған жағдайда ғана ол тиімді беріледі, ал бұл органның құқықтық мәртебесінің өзіндік ерекшелігі оның тәуелсіздігі болып табылады. Сондықтан мемлекет кепілдік беретін заңгерлік көмектің шетелдік жүйелерінің жұмысының оң тәжірибесін, сондай-ақ оның кемшіліктерін ескере отырып, Қазақстанда да кепілдік берілген қаржыландырылатын заңгерлік көмек беру жүйесін құру қажет деген пікірдемін, менің ойымша, ол бірнеше кезеңнен тұруға тиіс.
I. Ең алдымен, Мемлекет кепілдік берген заңгерлік көмек жүйесін дамыту бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) әзірлеу қажет. Осындай Бағдарламаның және жүйе сай болуға тиіс стандарттардың мазмұнын айқындаудың негізіне заңгерлік көмек, соның ішінде тегін заңгерлік көмек көрсету мәселелері жөніндегі халықаралық актілер алынуға тиіс. Менің ойымша, бағдарламада мыналар қарастырылуға тиіс:
1. Мемлекет кепілдік берген заңгерлік көмек жүйесін жетілдіру жөніндегі Тұжырымдаманы әзірлеу;
2. қаржыландырылатын заңгерлік көмек жүйесін реформалаудың құнын бағалау;
3. қаржыландырылатын заңгерлік көмек беру жүйесіне әкімшілік ету (басқару) үлгісін әзірлеу;
4. бастапқы, жедел және екінші жолғы заңгерлік көмекті ұйымдастыру негіздері (қағидалары);
5. бұл жүйеге бюджеттен тиісті қаржыландыру бөлу, сондай-ақ ұйымдық, техникалық, материалдық және кадрлық жағынан қамтамасыз ету;
6. қаржыландырылатын заңгерлік көмекке мұқтаждық өлшемдерін айқындау;
7. мемлекет кепілдік берген заңгерлік көмек бағдарламаларына қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз ету;
8. бұл жүйеде жұмысқа қатыстырылатын адвокаттардың еңбегіне ақы төлеудің мөлшерін айқындау өлшемдері;
9. мемлекет кепілдік берген заңгерлік көмек берушілердің қызметін үйлестіру;
10. тегін заңгерлік көмектің берілуі туралы халықтың құқықтық сауатын ашу және құқықтық жағынан хабардар етуді қамтамасыз ету;
11. қаржыландырылатын заңгерлік көмек беретін тұлғалардың ұлттық тізілімін енгізу;
12. құқықтық жағынан қамтамасыз ету, бұл мынадай нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеуді қажет етеді:
• Мемлекет кепілдік беретін заңгерлік көмек туралы заң;
• Мемлекет кепілдік беретін заңгерлік көмек мәселелері бойынша АІЖК, ҚР ӘҚБтК, ҚІЖК, ҚҚ, ҚР АҚтЗ-ға өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы заң;
• Халықтың құқықтық сауатын ашу және құқықтық жағынан хабардар ету саласындағы мемлекеттік саясат негіздерінің бағдарламасы;
• Мемлекет кепілдік беретін заңгерлік көмектің уәкілетті органы туралы ереже (шартты түрде бұл органды, мысалы, Мемлекет кепілдік берген заңгерлік көмек жөніндегі ҚР Ұлттық кеңесі деп атайық (бұдан әрі – Ұлттық кеңес);
• Ұлттық кеңестің аппараты туралы ереже;
• Ұлттық кеңестің аумақтық органдары туралы ереже (мысалы, оларды бюро, қызмет, орталық және т.с. деп атайық);
• Мемлекет кепілдік беретін білікті заңгерлік көмек көрсету үшін адвокаттардың конкурсы туралы ереже;
• Бастапқы заңгерлік көмек көрсету тәртібі туралы ереже;
• Жедел заңгерлік көмек көрсету тәртібі туралы ереже;
• Жедел заңгерлік көмек көрсету үшін адвокат тағайындау тәртібі туралы ереже;
• Екінші жолғы заңгерлік көмек көрсету тәртібі туралы ереже;
• Мемлекет кепілдік берген білікті заңгерлік көмек алудан үміткер тұлғалардың табысын есептеу ере-желері;
• Мемлекет кепілдік берген заңгерлік көмекті беретін адво-каттардың еңбегіне ақы төлеудің тәртібі мен мөлшері туралы ережелер, сондай-ақ кейбір басқа актілер.
13. Жергілікті сипаттағы бірың-ғайландырылған құқықтық актілердің (мысалы, білікті заңгерлік көмек берілуі туралы өтініштің; табыс пен мүлік туралы үлгілік декларацияның; заңгерлік көмек көрсету туралы шарттың; қылмыстық іс бойынша өндірісті жүзеге асырып отырған органның білікті заңгерлік көмек көрсету туралы сұратуының; заңгерлік көмек көрсету туралы аумақтық органның шешімінің; заңгерлік көмек көрсетудің есебін сауалдамасының; заңгерлік көмек көрсетіп жатқан адвокаттың есепхатының; аумақтық органның өзінің қызметі туралы және заңгерлік көмек көрсетуге бөлінген ақша қаражатының пайдаланылуы туралы есепхатының және басқа да қажетті актілер;
14. Бастапқы тегін заңгерлік көмекті кәсіпқой заңгерлердің ақы-сыз негізде, пара-заңгерлердің, соның ішінде қоғамдық және басқа ұйымдардың қызметінің шеңберінде (pro bono) көрсетуінің мақсатқа сай болу мүмкіндігі;
15. барлық практика жүргізуші заңгерлер және олардың қауым-дастықтары, қоғамдастықтары және қызметі заңгерлік практикамен байланысты өзге де органдар сақтауға тиіс болатын Заңгерлік мамандықтың стандарттары туралы меморандумды және Заңгерлік әдептілік кодексін қабылдау.

Қаржыландырылатын заңгерлік көмек беру жүйесінің үлгісін құру

1. Мемлекет қаржыландыратын заңгерлік көмекті басқару (әкімшілік ету) жүйесі.
Ең алдымен, мұндай жүйе тәуелсіз болуға тиіс. Оған тегін заңгерлік көмек беру саласындағы саясатты әзірлеу және іске асыру; жүйенің жұмысын ұйымдастыру, бақылау және тиімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ тегін заңгерлік көмек көрсету бойынша бюджеттік қаражатты бөлу, жыл сайын қаржыландыруды қамтамасыз ету сияқты міндеттер жүктелуге тиіс. Халықаралық актілерде (мысалы, АСҚХП 2-бабының 3-тармағында) заңгерлік көмекке, соның ішінде тегін заңгерлік көмекке деген құқықтың қамтамасыз етілуі үшін мемлекеттің жауапкершілігі көзделетіндіктен, бұл функция үшін жауапты негізгі құрылым атқарушы билік органдары болуға тиіс.
Мұндай тұжырымды АҚЕС прецеденттік құқығы қуаттай түседі, оның көптеген шешімінде АҚЕК 6-бабының 3 тармағын кез келген заң бұзушылық үшін жауапкершілікті үкімет арқылы мемлекет, яғни жоғары атқарушы билік органы көтеруге тиіс деп көрсетілген.
Сондықтан, біздіңше, қаржы-ландырылатын заңгерлік көмекті басқару (әкімшілік ету) жүйесіне мыналар кіруге тиіс:
1) ҚР Әділет министрлігі;
2) Қаржыландырылатын заңгерлік көмек жөніндегі ҚР Ұлттық кеңесі (бұдан әрі – Ұлттық кеңес);
3) қаржыландырылатын заңгерлік көмек көрсету жөніндегі аумақтық органдар;
4) мәслихаттар;
5) адвокаттар алқалары.
Мемлекеттік саясатты жүргізу процесі үшін жауап беретін жетекші мекеме болып табылатын ҚР Әділет министрлігіне қаржыландырылатын заңгерлік көмек жүйесін ұйымдастыру және оның жұмысын қамтамасыз ету үшін жауапкершілік жүктелуге тиіс.
Ұлттық кеңеске – 5-7 мүшеден (мүдделі тараптардың өкілдерінен – адвокаттардан, ҮЕҰ өкілдерінен, ғалымдардан, Әділет министрлігінің, әлеуметтік жағынан қамтамасыз ету саласының қызметкерлерінен, яғни құқықтық жәрдем көрсету жүйесінде жұмыс істейтін тұлғалардан және т.б.) тұратын тәуелсіз алқалы органға заңгерлік көмек көрсету және қаржыландырылатын заңгерлік көмек беру процесін басқару (әкімшілік ету) саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру міндеттері жүктелуге тиіс. Бұл кеңестің қызметін Кеңес Аппараты қамтамасыз етеді.
Әкімшілік-аумақтық қағида бойынша аймақтарда (қалаларда, аудандарда) құрылуға тиіс Ұлттық кеңестің аумақтық органдарына қаржыландырылатын заңгерлік көмек көрсетуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету міндеті жүктеледі. Біздіңше, аумақтық органдар қыз-метінің негізіне аралас үлгі алынуға тиіс.
Мәслихаттарға бастапқы заңгерлік көмек беруді ұйымдық жағынан қамтамасыз ету үшін жауапкершілік жүктелуге тиіс.
Адвокаттар алқаларына қаржы-ландырылатын заңгерлік көмек берудің сапасын қамтамасыз ету және оны бақылау, қаржыландырылатын заңгерлік көмек көрсету үшін конкурсқа қатысу үшін адвокаттарды іріктеудің өлшемдерін әзірлеу және т.б. жөніндегі функциялар жүктелуге тиіс.
Ерекше қозғалатын мәселе – дәл осы тәуелсіз алқалы орган – Ұлттық кеңесті құру қажеттігі. Мұндай органды құрудың керектігі мынада: мұндай орган мемлекеттік құрылымдардан ғана емес, адвокаттар алқалары арқылы адвокаттық қоғамдастықтан да тәуелсіз болуға тиіс. Мұндай органның қандай да бір мемлекеттік органның жанынан құрылуы даудың бір тарапы қандай да бір мемлекеттік құрылым болатын жағдайларда, оның тәуелсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейді.
Осы сияқты, адвокаттар алқасы да мына себептерге орай өзінің мүшелеріне қатысты бейтарап бола алмайды. Біріншіден, адвокаттар алқалары тегін заңгерлік көмек жүйесін тиімді басқара алмай қалады, өйткені бұл жағдайда олар бір-біріне қайшы екі функцияны атқаруға мәжбүр болады, себебі бұл міндеттерді бір органға жүктеу мүмкін емес, атап айтқанда: бір жағынан, олардың өздері қызметтер көрсетуші болып табылады, яғни заңгерлік көмек көрсетеді; ал екінші жағынан – олар бюджеттік қаражатты басқаруға (әкімшілік етуге), яғни осы көмекті үлестіруге және оның ақысын төлеуге, тиісті түрде қаржыландыру және көрсетілетін заңгерлік көмектің сапасын бақылау және т.с.с. арқылы өздерінің іс-қимылына бақылау жасауға тиіс болады. Мемлекет қаржыландыратын заңгерлік көмек жүйесі жұмыс істейтін елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, шығынның елеулі бөлігі басқару функцияларын атқаратын – адамның тегін заңгерлік көмек алуына құқық беретін өлшемдерді әзірлейтін және тексеретін, іс қағаздарын жүргізетін, адвокаттардың атқарған жұмысының көлемін анықтайтын, есеп жасайтын, статистикалық деректерді жинайтын және т.с. жасайтын қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеуге бағытталған. Ал, мұндай функциялар басқару сипатында болғандықтан, оларды адвокатураға жүктеуге болмайды, өйткені жүктеген жағдайда олар адвокатураның құқықтық табиғатының мәніне қайшы келеді, өйткені оның негізгі мазмұны тек қана заңгерлік көмек көрсету және оны ұйымдастыру болып табылады. Оның үстіне, адвокаттарға оқытушылық, ғылыми немесе шығармашылық қызметтен басқа, ақы төленетін лауазымдарды иеленуге тыйым салынған (ҚР АҚтЗ 15-бабының 6-тармағы).
Екіншіден, адвокаттар алқалары өз мүшелері адвокаттық қызметті жүзеге асырған кезде оларды қорғауға тиіс (ҚР АҚтЗ 20-бабының 4-тармағының 1-тармақшасы), сон-дықтан олар өздерінің мүшелері қаржыландырылатын заңгерлік көмек көрсеткен жағдайда да оларға қатысты бейтарап позицияны ұстана алмайды.
Үшіншіден, адвокаттар алқасының тегін заңгерлік көмек көрсету жөніндегі міндеті тек қана оны ұйымдастыру болып табылады, бұл ҚР АҚтЗ 20-бабының 4-тармағының 4-тармақшасында бір мәнді түрде белгіленген, бұдан шығатыны, ол басқару (әкімшілік ету) функцияларын атқаруға құқылы емес, себебі адвокатураның міндеті мемлекет кепілдік берген және ҚР Конституциясында бекітілген адамның өз құқықтарын, бостандықтарын сотта қорғауға және білікті заңгерлік көмек алуға құқығын іске асыруға ықпалдасу ғана болып табылады, бұл сондай-ақ ҚР АҚтЗ 1-бабының 1-тармағында да бекітілген.
Төртіншіден, әдептілік аспектісінің де маңызы бар – мемлекет бөлетін қаржы ресурстары адвокатураның мұқтаждарына жұмсалып отыр деген күдіктің де туындауына жол беруге болмайды.

Мемлекет тарапынан қаржыландырылатын білікті заң көмегін көрсету саласындағы халықаралық стандарттар

1. Білікті заңгерлік көмек көрсету және оны алу құқығын қамтамасыз ету саласындағы халықаралық стандарттар

Әр адамның әділсотқа жету құқығының ажырамас бөлігі болып табылатын заңгерлік көмекпен тиімді түрде қамтамасыз етілу құқығы адам құқықтарын және оның кепілдіктерін қарастыратын көптеген халықаралық шарттарда бекітілген. Айталық, Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы БҰҰ-ға мүше мемлекеттерге қылмыс жасады деп айып тағылған әр адамға әділ, тәуелсіз, бейтарап және жария сот талқылауы құқығын қамтамасыз ету міндетін жүктейді, сонда оның қорғануының барлық мүмкіндіктері қамтамасыз етілуге тиіс (10-бабы, 11-бабының 1-тармағы).
АСҚХП39 2-бабының 3-тармағы бойынша мемлекеттерге мынадай міндет жүктеледі: «a) құқықтары мен бостандықтары бұзылған кез-келген адамға тиімді құқықтық қорғау құралын қамтамасыз ету; b) құқықтық қорғауды талап ететін кез-келген адамның осындай қорғауға деген құқығын құзыретті сот, әкімшілік не¬месе заң шығарушы биліктің белгілеуін немесе мемлекеттің құқық жүйесінде көзделген кез-келген басқа құзыретті органның белгілеуін қамтамасыз ету, және сотта қорғану мүмкіндіктерін қамтамасыз ету; c) құқықтық қорғау берілетін кезде құзыретті биліктің оны қолдануын қамтамасыз етуі».
Адамның құқықтары мен негізгі бостандықтарын қорғау туралы Еуропалық Конвенцияда40 былай деп жарияланған: «Құқықтары мен бостандықтары бұзылған кез-келген тұлғаның, тіпті бұл бұзушылықты ресми сипатта әрекет еткен тұлғалар жасаса да, мемлекеттік органда пәрменді құқықтық қорғану құралына құқығы бар» (13-бабы), сондай-ақ қылмыс жасады деген айып тағылған кез-келген адамның «өзін өзі немесе өзі таңдаған қорғаушы арқылы өзін қорғауға» құқығы бар (6-бабының 3-тармағының «с» тармақшасы).
Әділсотқа халықаралық деңгейде жету туралы Конвенцияның 1-бабында Уағдаласып отырған әр мемлекеттің азаматтарының, сондай-ақ олардың аумағында тұрып жатқан адамдардың әр Уағдаласып отырған мемлекетте азаматтық және сауда істері бойынша сол мемлекеттің азаматтарымен, сондай-ақ онда әдетте тұратын тұлғалармен бірдей жағдайлармен құқықтық жәрдем алу құқығы болуға тиіс деп белгіленген.
«Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық жәрдем және құқықтық қатынастар туралы» Конвенцияда «Уағдаласып отырған әр мемлекеттің азаматтары, сондай-ақ олардың аумағында тұрып жатқан адамдар оның өз азаматтары сияқты дәл сондай шарттарда тегін заңгерлік көмекті пайдаланады», деп көзделген.
Заңгерлердің рөліне қатысы бар негізгі қағидалар әр адамның «қылмыстық талқылаудың барлық кезеңдерінде өзінің құқықтарын қорғау және сақтау және өзін қорғау үшін кез-келген заңгерге көмек сұрап жүгіну» құқығын көздейді.
Бала құқықтары туралы Конвенция бойынша мемлекетке бас бостандығынан айырылған әр баланың заңгерлік және басқа да тиісті көмекке дереу қол жеткізу құқығының болуын қамтамасыз ету міндеті жүктеледі; қылмыстық заңнаманы бұзған немесе оны бұзды деген айып тағылған әр балада өзін қорғауға дайындалу және жүзеге асыру кезінде заңгерлік және басқа да қажетті көмек алу кепілдігі болуға тиіс (37-баптың «d» тармағы, 40-баптың 2-тармағының «b» тармақшасы).
БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі комиссиясы барлық мемлекеттерді өзінің заң үкіміндегі соттардың немесе трибуналдардың қарауына істері берілген барлық тұлғалардың өздерінің қатысуымен сотталу құқығының және өздерін өздері немесе өздері таңдаған қорғаушысы арқылы қорғану құқықтарының болуына кепілдік беруге бұлтартпай үндеді («Сот жүйесінің тұтастығы туралы» Қарардың 4-тармағы).
Адам құқықтары саласындағы халықаралық нормаларды өрескел бұзудың және халықаралық гума-нитарлық құқықты елеулі түрде бұзудың құрбандарының құқықтық қорғану және нұқсанын өтету құқығына қатысы бар Негізгі қағидалар мен жетекші ережелердің 2-тармағында мемлекеттер, атап айтқанда, «тиісті пәрменді заңнамалық және әкімшілік процедураларды және әділетті жағдайлармен әділсотқа тиімді әрі дереу жетуін қамтамасыз ететін басқа да тиісті шараларды қабылдау» арқылы өздерінің ұлттық заңнамасының өздерінің халықаралық-құқықтық міндетемелеріне сәйкес болуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ құқықтық қорғанудың дұрыс, пәрменді, жылдам әрі тиісті құралдарын қамтамасыз етуге тиіс деп көзделген.
Білікті заңгерлік көмек алуға құқық басқа халықаралық актілерде де көзделген. Бұл орайда олардың бірқатарында заңгерлік көмек алу құқығы көзделе отырып, оған мемлекет қаржыландыратын заңгерлік көмек алу құқығы да кіреді.
Халықаралық құжаттарда мұн-дай құқық әділсотқа және оның талқылауына жетуге деген құқықты іске асырудың аса маңызды кепілдігі ретінде қарастырылады, ол екі құрамдас бөліктің тұтастығы болып табылады, бұл:
1) тегін заңгерлік көмек алу құқығы және 2) мемлекеттің оны беру мен қаржыландыру жөніндегі міндеті.
Атап өтетін тағы бір маңызды жайт, халықаралық құжаттарда мұндай жәрдемді сезіктілердің, айып-талушылардың, сотталушылардың, сот-
талғандардың ғана емес, сондай-ақ басқа санаттағы адамдардың да: өздеріне қатысты жасалған қылмыстан зардап шеккендердің; тұрмысы нашарлардың; белгілі әлеуметтік топтарға жататын адамдардың – қарттардың, мүге-дектердің, босқындардың, мәжбүрлі түрде көшкендердің, апатридтердің, психиатриялық, психо-неврологиялық медициналық-әлеуметтік мекемелерде, оңалту орталықтарында емделіп жатқан адамдардың, шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың және кейбір басқа тұлғалардың алуы көз-делген.
Мысалы, АСҚХП 14-бабының 3-тармағы «d» тармақшасында кез-келген қылмыстық айып тағылған кезде әр адамның «егер оның қорғаушысы болмаса, өзінің бұл құқығы туралы хабардар етілуге және әділсот мүддесі мұны қажет ететін кез-келген жағдайда, оның осындай қорғаушыға ақы төлеуге жеткілікті қаражаты болмаған кезде осындай кез-келген жағдайда өтеусіз негізде өзіне тағайындалған қорғаушыға ие болуға» құқығы бар деп белгіленген.
Адамның құқықтары мен негізгі бостандықтары қорғау туралы Кон-венцияның 6-бабының 3-тармағы «с» тармақшасында айыпталушыда «қорғаушының қызметіне ақы төлеу үшін қаражаты жеткіліксіз болғанда, әділсот мүддесі қажет ететін кезде өзіне тағайындалған қорғаушының қызметін тегін пайдалануға» құқылы болатыны көзделген.
Заңгерлердің рөлі туралы негізгі қағидалардың 3-тармағы бойынша үкіметтерге «кедейлерге және басқа да дәрменсіз адамдарға заңгерлік көмек беру үшін қажетті қаржыландыруды және басқа да ресурстарды қамтамасыз ету» міндетін жүктейді. «Кәсіпқой адвокаттар қауымдастықтары осындай көмекті ұйымдастыруда және оны беруге жағдай жасауда ықпалдасуға тиіс». Дәл осы қағидалардың 6-тармағында былай деп көзделген: «Әділсот мүддесі қажет ететін барлық жағдайда, заңгері жоқ осындай әр адамның (ұсталған, сезікті, айыпталушы, сотталушы), егер оның заңгердің қызметіне төлеу үшін жеткілікті қаражаты болмаса, оған тиімді заңгерлік көмекті тегін беру мақсатында тағайындалған, тәжірибесі мен құзыреті құқық бұзушылықтың сипатына сай келетін заңгердің көмегін алуға құқығы бар».
Тәуелсіз Мемлекеттер Достас-тығының Адамның құқықтары мен негізгі бостандықтары туралы Конвенциясының (Минск, 1995 жылғы 26 мамыр) 7-бабының 3-тармағы «в» тармақшасында қылмыс жасады деген әр айыпталушы «әділсот мүддесі қажет ететін кез-келген жағдайда өзін-өзі немесе өзі таңдаған қорғаушысы арқылы өзін қорғауға немесе өзіне тағайындалған қорғаушыға ие болуға, сондай-ақ ұлттық заңнамада айқындалған жағдайларда адвокаттың тегін көмегін пайдалануға» құқылы деп белгіленген.
Қамаудағы адамдарға қараудың ең төменгі стандартты ережелерінің 93-тармағына сәйкес, тергеудегі сотталғандардың өзін қорғау мақ-сатында мүмкін болатын жерлерде тегін заңгерлік кеңестеме сұрап жүгінуіне, оларды қорғау міндетін өзіне алған заңгер кеңесшіні қамау орнында қабылдауға құқығы болуға тиіс.
Қандай да болмасын нысанда ұстауға немесе қамауға душар болатын барлық тұлғаларды қорғау қағидалары жинағының 17 және 18-қағидасы бойынша ұсталған немесе қамауда отырған адамның адвокатпен хабарласуға және кеңестеме алуға құқығы бар, бірақ сондай-ақ егер ұсталған адамның өзі таңдаған адвокаты болмаса, егер бұл адамның жеткілікті ақша қаражаты болмаса, оның әділсот мүддесі қажет ететін барлық жағдайларда оған сот немесе өзге орган тағайындаған адвокаттың қызметіне ақы төлеместен, оның қызметтерін пайдалануға құқығы бар.
1978 жылғы 2 наурыздағы ЕКМК «Заңгерлік көмек және кеңестемелер туралы» Қарары бойынша, заңгерлік көмектің берілуі жағдайы тұрмысы нашар адамдарға қайырымдылық ретінде емес, тұтас алғанда бүкіл қоғам көтеретін міндеттеме ретінде қарастырылуға тиіс, сондай-ақ онда көрсетілгендей, әділсотқа жетуді оңайлату үшін кедергілерді жоюға заңгерлік көмектің берілуі ғана емес, сондай-ақ экономикалық жағынан қолайсыз жағдайда тұрған адамдарға заңгерлік кеңестемелердің берілуі де септігін тигізеді (кіріспесі).
Бұл орайда онда былай деп көрсетілген: «Экономикалық сипат-тағы кедергілерге орай азаматтық, сауда, әкімшілік, әлеуметтік немесе салық істері бойынша шешім шығаруға құқығы бар кез-келген соттарда өзінің құқықтарын пайдалану немесе қорғау мүмкіндігінен ешкімді де айыруға болмайды. Бұл мақсатта кез-келген тұлғаның сот талқылауында қажетті заңгерлік көмек алуға құқығы болуға тиіс» (1-тармағы).
1990 жылғы Адам өлшемі жөніндегі Конференцияның Копенгаген кеңесі құжатының 5.17-тармағында былай деп белгіленген: «сот тәртібімен қудаланатын кез-келген тұлғаның өзін-өзі немесе өзі таңдаған қорғаушы арқылы өзін дереу қорғауға, немесе егер бұл адамның қорғаушының қызметіне төлеу үшін жеткілікті қаражаты болмаса, әділсот мүддесі қажет ететін жағдайда, осындай қызметті өтеусіз алуға құқығы бар».
Ал 1991 жылғы Адам өлшемі жөніндегі Конференцияның Копенгаген кеңесінің құжаты51 бойынша мемлекеттерге «қылмыс жасады деп айып тағылған кез-келген адамның өзін-өзі немесе өзі таңдаған адвокатының көмегімен өзін қорғауға немесе егер бұл адамның адвокаттың қызметіне ақы төлеу үшін жеткілікті қаражаты болмаса, әділдік мүддесі қажет ететін жағдайда бұл қызметтердің оған тегін берілуіне құқығының болуын» қамтамасыз ету міндеті жүктелген.
Осылайша, аталған халықаралық актілерде тегін заңгерлік көмек, мұны:
1) әділсот мүддесі қажет ететін;
2) осындай қызметке мұқтаж адамда адвокаттың қызметіне ақы төлеу үшін жеткілікті қаражат болмаған жағдайда беріледі деп белгіленген.
Сонымен қатар, аталған құжаттардан шығатыны, халықаралық актілердің көпшілігінде қаржыландырылатын заңгерлік көмек алу құқығы белгілене отырып, қылмыстық емес істер бойынша тегін заңгерлік көмекке қол жеткізу туралы тікелей көрсетілмеген. Сонымен бірге, халықаралық құжаттарда әлсіз топтарға (кәмелетке толмағандарға, жағдайы нашар адамдарға, босқындарға, апатридтерге және басқа да әлсіз топтарға), сондай-ақ құқық бұзушылықтың нақты түрінен (қатал, адамгершілікке жат және адамның қадір-қасиетін кемсітіп қараудан және жазалаудан, азаптаудан және т.с.) зардап шеккен адамдарға қаржыландырылатын көмек беру арқылы олардың әділсотқа жетуін қамтамасыз ету жөніндегі міндеті ерекше ескеріледі.
Мысалы, Бала құқықтары туралы Конвенцияда «балалардың ерекше қамқорлыққа және көмекке құқығы бар» (Кіріспесі) деп көрсетіліп, «бас бостандығынан айырылған әр баланың құқықтық және басқа да тиісті жәрдемге дереу қол жеткізу құқығы болуға тиіс» (37-бабының «d» тармағы), ал кәмелетке толмаған әр айыпталушыға немесе кінәліге мемлекет «өзін қорғауға дайындалу және оны жүзеге асыру кезінде құқықтық және басқа да қажетті көмек алуын» қамтамасыз етуге тиіс (40-бабының «b» тармағы «ii» тармақшасы) деп белгіленген.
Басқа әлсіз топтарға қатысты мемлекеттерге оларды алалаудан құқықтық жағынан қорғаудың тиімді құралдарымен (Нәсілдік алалаудың барлық нысандарын жою туралы Конвенцияның 6-бабы), азаптау құрбандарының өтем алу рәсімдеріне қол жеткізуін (Азаптауға және басқа да қатал, адамгершілікке жат және адамның қадір-қасиетін кемсітетін басқа да қарау түрлері мен жазалауға қарсы Конвенцияның 14-бабы); босқындар мен апатридтерге сол елдің азаматтарымен бірдей жағдайда әділсотқа, соның ішінде заңгерлік көмекке қол жеткізуін (Босқындардың мәртебесі туралы Конвенцияның 16-бабы және Апатридтердің мәртебесі туралы Конвенцияның 16-бабы) қамтамасыз ету бойынша міндеттер жүктеледі.
Мәселен, Босқындардың мәртебесі туралы Конвенцияның 6-бабы жә-не Апатридтердің мәртебесі туралы Конвенцияның 16-бабында көзделгендей, босқындар мен азаматтығы жоқ тұлғалар «сотқа жүгіну құқығына қатысты, атап айтқанда, заңгерлік көмек және сот шығындарының төленуін қамтамасыз етуден босатылу мәселелерінде азаматтармен дәл бірдей жағдайды пайдалануға тиіс» тиіс.
Бірқатар халықаралық органдар мен ұйымдар, аталған халықаралық актілерге және өздерінің практикалық қызметіне негізделе отырып, қар-жыландырылатын заңгерлік көмек беруге қатысты нақты стандарттарды, сондай-ақ заңгерлік көмек алу құқығын қамтамасыз ету үшін мемлекеттер іске асыра алатын шараларды әзірледі.
Айталық, БҰҰ құжаттарының бірқатары дәл осы мәселелерге арналған (мысалы, Заңгердің рөлі туралы негізгі қағидалар, Қандай да болмасын нысанда ұстауға немесе қамауға душар болатын барлық адамдарды қорғау қағидаларының жиынтығы; Психикалық жағынан ауру адамдарды қорғау және психиатриялық жәрдемді жақсарту қағидалары; Бас бостандығынан айрылған кәмелетке толмағандарды қорғауға қатысты БҰҰ Ережелері; Кәмелетке толмағандарға қатысты әділсотты атқару бойынша БҰҰ-ның ең төменгі стандартты ережелері және т.б.).
Мысалы, «Заңгерлік көмек пен кеңестемелер туралы» 8-Қарарда былай деп белгіленген: «Заңнамалық сипаттағы кедергілерге орай ешкімді де азаматтық, сауда, әкімшілік, әлеуметтік немесе салық істері бойынша шешім шығаруға құқығы бар кез-келген соттарда өзінің құқықтарын пайдалану немесе қорғау мүмкіндігінен айыруға болмайды.
Бұл мақсатта кез-келген тұлғаның сот талқылауында қажетті заңгерлік көмекке құқығы болуға тиіс».
«Халықтың әл-ауқаты нашар
санаттарының құқыққа және әділ-сотқа тиімді жетуі туралы» №R 1 Ұсыныста «халықтың ең кедей санаттарының соттарға тиімді қол жеткізуіне, әсіресе: …барлық сот сатыларына (азаматтық, қылмыстық, коммерциялық, әкімшілік, қоғамдық және т.б.) және мүдделі тұлғалардың қандай сипатта іс-қимыл жасайтынына қарамастан, барлық жарыспалы және жарыспалы емес процестерге заңгерлік немесе кез-келген басқа көмек нысандарын көрсету жолымен» ықпалдасу қажеттігі көрсетіледі.
Бірқатар құжатта егер ұсталған, айып-
талушы, сондай-ақ қамауда отырған адамның өзі таңдаған қорғаушысы болмаса, онда мұндай жағдайларда, егер мұны әділсот мүддесі қажет етсе, оның судья немесе сот билігі тағайындаған қорғаушыға құқығы бар деп көрсетіледі. Егер адамның адвокаттың қызметіне ақы төлеуге жағдайы болмаса, оған адвокат тегін тағайындалуға тиіс.
Қаржыландырылатын заңгерлік көмек көрсету мәселелеріне Еуропа Кеңесі айтарлықтай көңіл бөледі, ол заңгерлік көмекке, соның ішінде қаржыландырылатын жәрдемге қатыс-ты мәселелер бойынша бірқатар стандарттар, ұсыныстар, қарарлар мен директивалар әзірледі (мысалы: Еуропалық Кеңестің Негізгі құқықтар туралы хартиясы, «Заңгерлік көмек пен кеңестемелер туралы» 8 Қарар; «Азаматтық, коммерциялық және әкімшілік істер бойынша құқықтық жәрдем туралы» 5 Қарар, «Жағдайы нашар халық санаттарының құқыққа және әділсотқа тиімді қол жеткізуі туралы» № R (93) 1 Ұсыныс, «Адвокат кәсібін жүзеге асырудың еркіндігі туралы» № R 2000 (21) Ұсыныс; «Заңгерлік көмек беруге қатысты жалпы ең төменгі ережелерді белгілеу арқылы шекара аралық дауларда әділсотқа жетуді жақсарту туралы» ЕК 2003/8/ Директивасы және т.б.).
Көптеген АҚЕС қаулыларында заңгерлік көмек берудің стандарттары ғана емес, сондай-ақ осындай көмекті мемлекеттің есебінен берудің негізгі қағидалары көрсетіледі (мысалы, тегін заңгерлік көмек алу құқығын қолдану саласы туралы, қаржы өлшемін қолдану; «әділсот мүддесі» деген өлшемді қолдану, азаматтық істер бойынша тегін заңгерлік көмек, тиімді құқықтық қорғау құралына және өтемақы төленуіне құқық туралы және т.б.).
Осылайша, барлық аталған ха-лықаралық актілерді мына жағдай біріктіреді: оларда, біріншіден, білікті заңгерлік көмекке қол жеткізу құқығын және екіншіден, белгілі бір санаттағы адамдарға белгіленетін (1), сондай-ақ әділсот мүддесі қажет ететін жағдайларда (2) қаржыландырылатын заңгерлік көмек алу құқығына кепілдік беретін ережелер бекітілген.
Аталған кепілдіктердің біріншісі мына көздейді:
• заңгерлік көмекке бірдей қол жеткізу, онда заңгердің білікті көмегін, соның ішінде қаржыландырылатын заңгерлік көмек алуда теңсіздік пен алалауды болдырмау қажет;
• заңгерлік көмектің, соның ішінде қаржыландырылатын көмектің берілуі туралы өтініштерді қараудың әділ әрі тиімді процедурасына деген құқық;
• қылмыстық қана емес, сондай-ақ азаматтық және әкімшілік істер бойынша заңгерлік көмек алу құқығы;
• заңгерді таңдау құқығы (қар-жыландырылатын заңгерлік көмекке қатысты осындай құқықты шектеуден басқа);
• Екінші топ – қаржыландырылатын көмек алу құқығына кепілдіктер мынаны көздейді:
• адвокаттың көмегіне ақы төлеу үшін қаражаты жоқ болған жағдайда, қылмыстық жауапкершілікке тар-тылған және қылмыстан зардап шеккен тұлғаларға ғана емес, сондай-ақ әлсіз топтарға жататын адамдарға, сондай-ақ жекелеген санаттағы адамдарға көзделген қаржыландырылатын заң-герлік көмек алу құқығы;
• заңгерлік көмек алу құқығы туралы хабардар ету;
• қаржыландырылатын заңгерлік көмек бағдарламаларын қаржылай, ұйымдық және ресурс жағынан қамтамасыз ету;
• оның сапасы мен тиімділігі.
Қаржыландырылатын заңгерлік көмек берілуінің аса маңызды және негізгі кепілдігі болып табылатын, қаржыландырылатын заңгерлік көмек бағдарламаларын қаржылай, ұйымдық және ресурс жағынан қамтамасыз ету туралы айтылғанда, мыналар қаперге алынады.
Мемлекет білікті заңгерлік көмек берілуіне кепілдік беріп қана қоймай, сонымен қатар оның тиімді болуы үшін тиісті жағдай жасауға тиіс. Мысалы, Заңгердің рөлі туралы негізгі қағидаларының 2-тармағында былай деп белгіленген: «Үкімет өзінің аумағында жүрген және өзінің заң юрисдикциясына жататын барлық тұлғалардың заңгерлердің көмегіне тиімді әрі бірдей дәрежеде қол жеткізуінің тиімді процедуралары мен икемді тетіктерін қамтамасыз етеді».
Көптеген құжаттарда мемлекеттерге адамның адвокатын өзі таңдау мүмкіндігіне кепілдік беретін заңгерлік көмек бағдарламаларын ұйымдастыру туралы кеңес беріледі. Айталық, «Халықтың әл-ауқаты нашар санаттарының құқыққа және әділсотқа тиімді қол жеткізуі туралы» №R (93) 1-Ұсыныста былай деп көрсетілген: «Халықтың ең кедей санаттарының соттарға тиімді қол жеткізу құқығын, әсіресе, мүмкіндігінше, айыпталушының таңдауы бойынша тиісті адвокаттың көмегін алу құқығын мойындау… жолымен ықпалдасу». Сонымен бірге, заңгерді таңдау еркіндігіне деген құқық қаржыландырылатын заңгерлік көмек берілетін жағдайда шектелуі мүмкін. Мысалы, «Заңгерлік көмек пен кеңестемелер туралы» (78) 8-Қарарда былай деп көрсетілген: «Көмек берілетін адамның білікті қорғаушыны таңдауда мүмкіндігінше еркі болуға тиіс».
Өз шешімдерінде бұл факторды бірнеше мәрте көрсеткен АҚЕС былай деп атап өтті: «…өкіл таңдау құқығын абсолютті деп санауға болмайды. Әңгіме тегін заңгерлік көмек туралы болған жағдайда, ол қажетті шектеудің нысанасы болуы мүмкін. Адвокатты тағайындау кезінде ұлттық соттар айыпталушының тілегін назарына алуға тиіс екені күмәнсіз. Дегенмен, егер әділсот мүддесінде қажет деп санауға салмақты негіз болған жағдайда, олар бұл тілектерді қабылдамай тастауы мүмкін».
Сонымен бірге халықаралық құжаттарда қаржыландырылатын заңгерлік көмек берудің шарттары белгіленген – бұл әділсот мүддесінің және заңгерлік қызметке өзі ақы төлей алмайтын адамның материалдық жағдайының талаптары. Алайда бұл орайда «әділсот мүддесі» деген ұғымның анықтамасы берілмеген, сондай-ақ адамның материалдық жағдайының, оның заңгерлік көмек үшін ақы төлеуге қабілетсіздігі өлшемдерін айқындауға қатысты ережелер жоқ.
Осылайша, халықаралық актілерде білікті заңгерлік, соның ішінде қаржыландырылатын көмек берудің мынадай қағидалары көзделген:
• заңгерлік көмекке бірдей қол жеткізу;
• адамның білікті заңгерлік көмек, соның ішінде қаржыландырылатын заңгерлік көмек алу мүмкіндігі туралы хабардар етілуге құқығы;
• заңгерді таңдау құқығы және оның қаржыландырылатын заңгерлік көмекке қатысты шектелуі;
• әділсот мүддесі қажет ететін кез-келген жағдайда қорғаушының тағайындалуына деген құқық (адамда келісім бойынша қорғаушысы болмаса);
• заңгердің қызметтеріне ақы төлеу үшін қаражаты жеткіліксіз болған жағдайда тағайындалған қорғаушының заңгерлік көмегін ақысыз пайдалану құқығы;
• қаржыландырылатын заңгерлік көмек алуға құқығы бар адамдардың қатары;
• қаржыландырылатын заңгерлік көмектің сапасына қойылатын талаптар;
• қаржыландырылатын заңгерлік көмекке қол жеткізу тәртібін белгілеу;
• қаржыландырылатын заңгерлік көмек жүйесін ұйымдастыру, оны жеткілікті дәрежеде қаржыландыру және өзге ресурстарды беру бойынша мемлекеттің міндеті;
• тағайындалатын заңгерлердің тиісті біліктілігінің, құзыретінің және тәжірибесінің міндетті түрде болу қажеттігі;
• адвокаттар қауымдастықтарының жұртшылыққа азаматтың құқықтары туралы құқықтық ақпарат беру бағдарламаларына ынтымақтасу және қаржыландырылатын заңгерлік көмек беруге қатысу жөніндегі міндеті;
• берілетін заңгерлік көмектің сапасын бақылау, сондай-ақ кейбір басқа да қағидалар.

2. Шет елдерде қаржыландырылатын заңгерлік көмек көрсету жүйесінің негізгі үлгілері

Шетелдік сарапшылар атап көрсе-тетіндей, бастапқыда тегін заңгерлік көмек азаматтардың сот алдында тең болуын қамтамасыз етудің тәсілі ретінде ғана қарастырылған еді: көмек тек сот талқылауына байланысты ғана берілетін, ал оны көрсетуге соттағы өкілдік функцияларын жүзеге асыратын адвокаттар мен тұлғалар қатыстырылатын.
Бұл орайда іс бойынша өндірісті жүзеге асырушы органдар тегін адвокат кімге тағайындалуға тиіс деген мәселені шешуде басты рөл атқаратын әрі оларға процестің нақты қатысушысының тегін заңгерлік қызмет алуға мұқтаждығын айқындауда көп еркіндік берілетін еді. Ол кезде кең тараған жағдай, тегін заңгерлік көмекке мұқтаж адамдарды онымен қамтамасыз ету мемлекеттің міндеті емес, қайта заңгерлер қоғамдастығының кәсіби борышы ретінде қарастырылатын, сонда әл-ауқаты төмен адамдарға көрсетілген қызметтер үшін қандай да бір өтемақының болмайтыны көзделетін.
Уақыт өте келе әділсотқа жету деген ұғымның дамуына және оны қамтамасыз етуде мемлекеттің белсенді рөл атқаратынының мойындалуына орай тегін заңгерлік көмекке деген көзқарас өзгерді.
Тегін қызметке деген бүкіл мұқтаждықты қамтамасыз ету үшін заңгерлер қоғамдастығының ресурстары жеткіліксіз деп танылды: мемлекеттер тегін заңгерлік көмек бағдарламаларын қаржыландыруға және ұйымдастыруға байланысты міндеттерді өздеріне алатын болды. Мұндай көзқарастың салдарынан заңгерлік қызмет көрсету әлеуметтік жағынан қамтамасыз етудің бір түрі ретінде қарастырылатын болды, ал заңгерлік көмек бағдарламаларының кеңеюінің арқасында тегін заңгерлік қызмет көрсетуді ұйымдастыруға жаңа көзқарастар қалыптасты. Мұның мәнісі мынада еді: мұқтаж адамдарға заңгерлік көмек көрсету үшін адвокаттарды қатыстырумен қатар, ал кейбір жағдайларда олардың орнына мемлекеттің заңгерлік қызметтер – мемлекеттік қорғаушылар бюролары және т.с.с. құрыла бастады, ал заңгерлік көмек бағдарламаларына әкімшілік ету функциясы соттардан алынып, мамандандырылған органдарға бері-летін болды.
Уақыт өте келе заңгерлік көмек бағдарламаларының шеңберінде соттан тыс кеңестеме беруге көңіл бөлініп, ал заңгерлік көмек бағдарламалары халыққа құқықтық жағынан ақпарат беру жөніндегі кең ауқымды бағдарламалармен толықтырылатын болды.
Әр адамның білікті заңгерлік көмекке тең дәрежеде қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында көптеген мемлекеттер осындай көмек үшін ақы төлеу міндетін өздеріне алады немесе заңгерлік көмекке ақы төлеудің арзандатылған тарифтерін белгілейді және бұл үшін арнаулы қаржыландырылатын заңгерлік көмек жүйелерін құрады, оның шеңберінде бұл жүйені басқаратын, үкіметпен тығыз байланысты, бірақ формалды түрде тәуелсіз болатын арнайы органдар құрылады.
Қазіргі уақытта тегін заңгерлік көмек жүйесі Австрия, Австралия, Албания, Бельгия, Ұлыбритания, Голландия, Германия, Дания, Израиль, Канада, Нидерланд, Португалия, Солтүстік Ирландия, АҚШ, Финляндия, Франция, Швеция, Оңтүстік Африка Республикасында, Еуропалық Одаққа мүше барлық мемлекеттерде, сондай-ақ көптеген басқа елдерде жұмыс істейді.
АҚШ тұңғыш рет заңгерлік көмек беру жүйесін қайта құруды бастаған елдердің бірі: 1957 жылы онда мемлекет қаржыландыратын заңгерлік көмек берудің сұлбасы жасалды. 60-шы жылдардың ортасында кедейлікке қарсы күрес жөніндегі үкіметтік бағдарламалар шеңберінде кедейлерге заңгерлік көмек берудің ведомстволары мен бағдарламалары құрылды, ол федералдық бюджеттен қаржыландырылатын. АҚШ-та федералдық деңгейде, сол сияқты жеке штаттарда кедейлерге және тұрмысы нашар азаматтарға тегін заңгерлік көмек көрсетудің әр түрлі ұйымдық нысандары бар, атап айтқанда:
1) 1974 жылы АҚШ Конгресі Заңгерлік көмек көрсету жөніндегі корпорацияны құрды, оның негізгі міндеті – қылмыстық істерден басқа, азаматтық және өзге істер бойынша кедейлерге және әл- ауқаты төмен азаматтарға заңгерлік көмек көрсету жөніндегі бағдарламалар мен ұйымдарды қаржыландыру;
2) жекелеген штаттарда заңгерлік көмек көрсетудің негізгі нысандары «көпшілік қорғаушылар» (public defender offices) деп аталатын ведомстволар – штаттың мемлекеттік бюджетінде тұрған әл-ауқаты төмен азаматтарға ақысыз негізде қызмет көрсететін ұйымдар болып табылады;
3) жекелеген ірі қалаларда қалалық билік органдарымен жасалған келісімшарт негізінде тегін заңгерлік көмек көрсету жөніндегі ұйымдар құрылады, олардың жеке коммерциялық емес корпо¬рация мәртебесі бар;
4) «тізімдегі адвокаттар» сияқты нысан да кең тараған, бұл – өздерінің негізгі адвокаттық практикасынан бөлек, әл-ауқаты төмен адамдарға заңгерлік көмек көрсетуге ниет білдірген адвокаттар. Осындай адвокаттар туралы деректер муниципалитеттердің арнайы тізімдеріне, сондай-ақ федералдық деңгейде жасалатын тізімдерге кіргізілген. Олардың жұмысына мемлекет тарифтік кесте бойынша ақы төлейді (сағатына төлеу немесе іс үшін төлеу);
5) белгілі бір халық санаттарына заңгерлік қызмет көрсету үшін (нақты этникалық немесе кәсіби топтарға) көптеген қалаларда заңгерлік көмек қоғамдары (legal aid societies) ұйымдастырылған, олар негізінен әр түрлі қайырымдылықтар мен ерікті жарналардың есебінен қызмет етеді; сондай-ақ билік органдары да бұл қоғамдарға қаражат бөле алады;
6) 1970 жылдан бері «қоғамның мүдделерін қорғайтын» адвокаттық кеңселер (pro bono publico law firms) жұмыс істейді, олар жеке клиенттердің істерін жүргізбейді, тек белгілі бір санаттағы азаматтардың (тұтынушылардың, саяси қайрат-керлердің, сайлаушылардың, салық төлеушілердің) құқықтары мен мүдделерін қорғауға байланысты немесе табиғатты қорғауға және халықтың денсаулығын қорғауға байланысты (мысалы, қоршаған ортаны ластайтын кәсіпорындарға қарсы немесе атом электр станцияларын салуға қарсы талап-арыздар) мемлекетке немесе корпорацияларға қарсы талап-арыздармен іс-қимыл жасайды;
7) жеке азаматтарға заңгерлік көмек көрсететін орта және ірі адвокаттық фирмалар.
Аталған құрылымдарда, әдетте, әл-ауқаты төмен адамдарға заңгерлік көмек берудің үш үлгісі пайдаланылады:
1) тағайындалған адвокаттар жүйесі;
2) шарт жүйесі;
3) мемлекеттік қорғаушылар жүйесі.
ОАР (Оңтүстік Африка Республикасы) 1937 жылы Йоханнесбургте тұңғыш мемлекеттік заңгерлік бюро құрылған алғашқы мемлекеттердің бірі болып табылады.
Кейіннен, 1969 жылы Заңгерлік көмек туралы заңға сәйкес, үкіметтен тәуелсіз орган – Заңгерлік көмек жөніндегі кеңес құрылды, ол 1971 жылдан бастап жұмыс істей бастады. Аталған Кеңестің негізгі міндеті – әл-ауқаты төмен адамдардың заңгерлік көмекке қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз ету.
ОАР-да заңгерлік көмек жүйесінде мынадай үлгілер пайдаланылады:
1) бекітілген еңбекақы алатын қоғамдық қорғаушылар (адвокаттар мен машықтанушылар);
2) тізім бойынша тағайындалатын және белгілі бір жұмыс түрлері үшін және сотта жұмыс істеген әр күні үшін бекітілген тарифтерге сәйкес еңбекақы алатын жеке адвокаттар;
3) заңгерлік көмек қызметінің жұмыскерлері соттарда беретін бастапқы заңгерлік көмек;
4) заңгерлік емханалар, әділсот орталықтары, сондай-ақ келісімнің негізінде – жеке мамандандырылған заң фирмалары, кеңестеме орындары, оларда кеңесші заңгерлер жұмыс істейді. ОАР көрсеткендей, мемлекеттік қорғаушыларға кеткен шығыстар жеке практикасы бар адвокаттарға кеткен шығыстан 40% арзанға түседі.
ОАР-да заң жоғары оқу орындарының түлектеріне міндетті 2 жылдық тағылымдама жүйесі көзделген. Машықтанушыларға мемле-кеттік қорғаушылардың көмекшілері болып жұмыс істеуге құқық берілген. Бір мемлекеттік қорғаушының 10 жуық машықтанушысы болады, олар мемлекеттік қорғаушылардың аудандық мекемелерінде жұмыс
істейді. Сонымен қатар, машық-танушының жекеменшік фирмада жұмыс істеуі де қарастырылған. Машықтанушы айына 10 іс жүргізеді және аптасына бір күн халыққа тегін кеңестеме береді. Сондай-ақ заң фирмаларымен және заңгерлік емханалармен белгілі бір заңгерлік көмек түрлерін беру туралы келісімшарттар жасасу сияқты нысан да көзделген.
Израильде заңгерлік көмек беру жүйесі 1972 жылы «Азаматтық істер бойынша заңгерлік көмек беру туралы» заң қабылданғаннан кейін жұмыс істей бастады. 1995 жылы қабылданған «Қоғамдық қорғаушы туралы» заңға сәйкес Әділет министрлігінің құрылымдық бөлімшесі болып табылатын Қоғам-дық қорғаушы бюросы, сондай-ақ бес адамнан тұратын Қоғамдық қорғаушы кеңесі құрылды.
Израильде тегін заңгерлік көмек берудің аралас үлгісі пайдаланылады, онда штаттағы мемлекеттік қызметшілер болып табылатын мемлекеттік қорғаушылар үлгісінің элементтері және Мемлекеттік қор-ғаушының бюросымен келісімшарт бойынша жұмыс істейтін және әл-ауқаты төмен айыпталушыларды қорғауды қамтамасыз ететін жеке практика жүргізетін адвокаттар үлгісінің элементтері үйлескен.
Заңгерлік көмек берудің израильдік жүйесі екі маңызды құрамдасқа бөлінген: біріншісі азаматтық істерде заңгерлік қызмет көрсетілуін қамтамасыз етумен байланысты; екіншісі Қоғамдық адвокаттар кеңсесінің (Public Defender Office – PDO) қылмыстық істер бойынша заңгерлік көмек беруімен байланысты. Заңгерлік кеңестемелерді сондай-ақ университеттердің жанындағы заңгерлік емханалар да береді, олардың құрамына негізінен студенттер кіреді, олар заңгерлік көмек жөніндегі практикалық курстарға қатысқаны үшін академиялық балл ала алады.
Нидерландта өткен ғасырдың 50-шы жылдарында басталған және 1970 жылға таман шарықтау шегіне жеткен әлеуметтік қызмет көрсетудің оңтайлы жүйесінің құрылуы «әлеуметтік адвокатура» деп аталатын жүйенің құрылуына алып келді. Онда: 90 заңгерлік көмек орталығы (1948 жылдан бері жұмыс істейді); 50-ден астам ерікті «заңгерлік дүкен» (1969 жылдан бері жұмыс істейді); 20 заңгерлік көмек бюросы болды (1974 жылдан бері жұмыс істейді)82. 1957 жылы адвокатураның бастамасы бойынша тұңғыш рет мемлекет қаржыландыратын заңгерлік көмектің сұлбасы енгізілді. 1994 жылдың қаңтарында күшіне енген Заңгерлік көмек туралы заңға сәйкес, заңгерлік көмектің ұйымдастырылуы үшін жауапкершілік Әділет министріне және Әділет министрлігі жанындағы Заңгерлік көмек департаментінің бастығына жүктелді. Ал заңгерлік көмекке әкімшілік ету мәселелері тәуелсіз басқармалар ретінде құрылған Заңгерлік көмек жөніндегі бес Кеңеске тапсырылды. Заңгерлік көмек жүйесі аралас сипаттағы үлгі-көмекті жеке адвокаттар және заңгерлік көмек бюросының адвокаттары береді. Нидерландыда заңгерлік көмек көрсететін 30 бюро құрылып, күрделі емес құқықтық проблемалар бойынша жалпы құқықтық ақпарат пен кеңестемелер береді. Осы бюроларға қабылданатын адамдар бірқатар талапқа сай келуге тиіс: белгілі бір істер санына қатысуға, оқу курастарынан өтуге, кезекші адвокаттар ретінде қатысу үшін арнайы біліктілігі болуға тиіс. Көп жағдайда қаржыландырылатын заңгерлік көмек түгелдей тегін болмайды – оны өтініш беруші табысының көлеміне қарай ішінара төлейді. Заңгерлік көмек туралы заңда заңгерлік көмектің үш түрін көрсету қарастырылған:
1) кез-келген азаматқа кез- келген сипаттағы құқықтық мәселелер бойынша жарты сағаттық тегін кеңестеме беру, оны заңгерлік көмек пен кеңестеме орталықтарының штаттағы заңгерлері жүзеге асырады;
2) заңгерлік мәселені салыстырмалы түрде тез шешуге болатын жағдайларда кеңейтілген кеңестеме беру (жарты сағаттан асады, бірақ 3 сағаттан ұзақ емес). Клиент төлемақыны енгізіп, өзінің табысы туралы ақпарат беруге, ал Кеңес бұл мәліметтерді тексеруге тиіс;
3) ұзақ мерзімді заңгерлік көмек жағдайында (үш сағаттан басталып және одан асатын) қолданылатын сертификаттар процедурасы, оны орталықтың адвокаттары немесе жеке практи¬касы бар заңгерлер береді, ал олардың жұмысына Кеңес ақы төлейді.
Жеке практикасын жүргізетін адвокаттарға істің белгілі бір түріне жұмсалған орташа есептелген уақыттың жұмсалуына қарай бекітілген қаламақы төленеді; ал штаттағы заңгерлер еңбекақы алады.
Ұлыбританияда 1945 жылы әл-ауқаты төмен адамдарға Заңгерлік көмек беру қызметі ұйымдастырылған болатын, ал заңгерлік көмек жүйесі 1950 жылы құрылған. Бұл уақытқа дейін тегін заңгерлік көмекті жеке практика жүргізетін кезекші адвокаттар (солиситорлар) беретін.
Олардың жұмысына үкімет арнайы қорлардан ақы төлейтін еді. 1987 жылға дейін тегін заңгерлік көмек беру жүйесін адвокаттардың кәсіби бірлестігі – Заңгерлік қоғам басқарып келді, кейін оның орнын Заңгерлік көмек жөніндегі кеңес, ал 2000 жылдан бастап үкіметтен тәуелсіз орган – франчайзинг немесе келісімшарт негізінде жұмыс істейтін Заңгерлік көмек жөніндегі комиссия басты. Комиссия Қоғамдық заңгерлік көмекті басқарады. Заңгерлік көмекті негізінен жеке практикасы бар адвокаттар (азаматтық істер жөніндегі қызмет) және Қылмыстық істер бойынша қорғау қызметі береді.
Ағылшындық жүйенің өзіндік ерекшелігі, онда жеке практика жүргізетін заңгерлер басым (салыстырма үшін – АҚШ-та заңгерлік көмектің және мемлекеттік қорғаушылардың штатында және қызметтерінде жұмыс істейтін адвокаттар кеңінен пайдаланылады). 1972 жылға қарай Англияда әлі күнге дейін жұмыс істеп жатқан, заңгерлік көмек берудің үш жүйесі қалыптасты: 1) тегін кеңестеме және ынтымақтастық; 2) азаматтық істер бойынша өкілдік ету; 3) қылмыстық процесте қорғау.
Осыған ұқсас қаржыландырылатын заңгерлік көмек сондай-ақ ХХ ғасырдың 70-ші жылдарында бірқатар Батыс Еуропа мемлекетінде құрылды (мысалы, Австралия, Канада, Франция, ГФР, Финляндия, Швецияда және кейбір басқа елдерде).
Өткен ғасырдың ортасында бұрынғы социалистік жүйенің көптеген мемлекетінде – Орталық және Шығыс Еуропа елдерінде (Болгария, Венгрия, Польша, Румыния, Словакия, Чех Республикасы және т.б.), сондай-ақ осы жүзжылдықтың басында бұрынғы КСРО республикаларында (Литва, Латвия, Эстония, Грузия, Молдова, Украина, Ресей, Қырғызстан және т.б.) құқықтық және институционалдық реформалар жүргізіле бастады. Олардың негізгі мақсаты – білікті заңгерлік көмекпен, соның ішінде тегін көмекпен қамтамасыз ету. Осыған орай сарапшылар Орталық және Шығыс Еуропаның барлық елдерінде және бұрынғы Кеңес Одағының мемлекеттерінде заңгерлік көмек беру жүйелері іс жүзінде кеңестік заманнан бері өзгеріссіз қалып отырғанын атап көрсетеді.
Сондықтан қаржыландырылатын заңгерлік көмек жүйесінің құрылуына әкелген негізгі себептер, бұл елдердің көбінің ЕО-ға кіруге ниет білдіруінен басқа, мынадай болды:
• адамның материалдық жағынан қамтамасыз етілуі жеткіліксіз болған жағдайда қаржыландырылатын заң-герлік көмек берудің нақты қаржылық және материалдық өлшемдерінің бел-гіленуі;
• бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалуы мүмкін барлық істер бойынша қорғану құқығына кепілдікті көздейтін, қылмыстық істер бойынша заңгерлік көмекке қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз ету қажеттігі;
• азаматтық істер бойынша заңгерлік көмектің тиісті түрде берілуін қамтамасыз ету, сондай-ақ әр елдің өзіндік ерекшеліктеріне байланысты кейбір басқа себептер.
Бұл елдерде қолға алынған шаралар арқылы тегін заңгерлік көмек алу құқығының қолданылу аясы елеулі түрде кеңейтілді: қылмыстық қана емес, сондай-ақ азаматтық және әкімшілік істер бойынша, сонымен қатар аталған істер бойынша өндірістің бүкіл уақытында ғана емес, сондай-ақ соттан тыс процедураларда.
Айталық, барлық бұрынғы КСРО республикаларының ғана емес, Орталық және Шығыс Еуропадағы социализм елдерінің ішінде бірінші елге айналған Литвада 2000 жылы «Мемлекет кепілдік беретін заңгерлік көмек туралы» заң қабылданды, оған сәйкес қоғамдық адвокаттар кеңсесі ұлттық желісінің мемлекеттік қаржыландыру жүйесі құрылды.
Заңда тегін заңгерлік көмекке сөзсіз құқығы бар адамдардың санаты қарастырылған (бұлар – әлеуметтік жағынан әлсіз топтар және мүмкіндіктері шектеулі адамдар); алғашқы, екінші жолғы заңгерлік көмекті және қоғамдық мекемелердің заңгерлік көмек беруін көздейтін ережелер енгізілді. Бұл елде бастапқы заңгерлік көмек барлық өтініш иелеріне олардың қаржы жағдайына қарамастан беріледі, ал екінші жолғы заңгерлік көмек алудың мүмкіндігі өтініш берушінің табысының деңгейі мен мүлкіне қатысты екі талапқа сәйкестігіне тәуелді.
Қоғамдық адвокаттар қызметтері қаржыландырылатын ұлттық заңгер-лік көмек жүйесінің негізі болып табылады. Литвада заңгерлік көмек берудің аралас үлгісі жұмыс істейді, оған қоғамдық адвокаттар, жеке практикасын жүргізетін ex oficio адвокаттар, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының жанындағы бастапқы заңгерлік көмек бөлімдері (бұл бөлім екі органға – әділет департаментіне және жергілікті өзін-өзі басқару органының әкімшісіне бағынады) және университеттердің жанындағы заңгерлік емханалар кіреді.
Мысалы, Вильнюс қаласында 5 қоғамдық адвокаттар қызметі, 14 бастапқы заңгерлік көмек бөлімі, Вильнюс университетінің заңгерлік емханасы жұмыс істейді.
2000 жылы Венгрия Үкіметі әлеуметтік жағдайы нашар адамдарға сапалы құқықтық кеңес-теме беру және олардың мүдделерінде заңгерлік өкілдік ету жүйесін құру жөніндегі бағдарламаны бекітті. 2003 жылы Тегін заңгерлік көмек туралы заң қабылданды, ал 2004 жылы Тегін заңгерлік көмек жөніндегі үлгілік бағдарлама жүзеге асырыла бастады, ол тағайындалған қоғамдық адвокаттар жүзеге асыратын заңгерлік қорғау үлгісін әзірлеуге бағытталған. Тегін заңгерлік көмек жүйесінің сапасын бақылау және оның қамтамасыз етілуі үшін жауапкершілік тегін заңгерлік көмек жөніндегі үлгілік кеңеске жүктелген.
Адвокаттар, заңгерлік фирмалар, үкіметтік емес ұйымдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары және университеттер жанындағы заңгерлік емханалар заңда белгіленген рәсімге сәйкес тіркелген болса, олардың тегін заңгерлік көмек көрсетуіне құқық берілген.
Осы орайда, үкіметтік емес ұйымдар мен университеттердің заңгерлік емханалары тегін заңгерлік көмек беру үшін мемлекеттен қаржыландыру алуға құқылы.
Молдовада 2003 жылдан бастап қаржыландырылатын заңгерлік көмек саласында реформа жүргізу жұмысы қолға алынды, соның нәтижесінде 2006 жылы «Сорос-Молдова» Қоры Бағдарламасының қолдауымен Кишинев қаласында пилоттық Қоғамдық қорғаушылар бюросы құрылды. 2008 жылы «Мем лекет кепілдік беретін құқықтық жәрдем туралы» заң қабылданды, онда алғышқы құқықтық жәрдемнің және білікті заңгерлік көмектің берілуі қарастырылған. Мемлекет кепілдік беретін заңгерлік көмек беру жүйесін басқару Әділет министрлігіне, адвокаттар алқаларына және Мемлекет кепілдік беретін Заңгерлік көмек жөніндегі ұлттық кеңеске және оның аумақтық бюроларына жүктелген, оларда орташа есеппен 20-ға жуық қоғамдық адвокат жұмыс істейді. Мемлекет кепілдік беретін Заңгерлік көмек жөніндегі ұлттық кеңестің аумақтық бюроларының жұмыс істеуі туралы 30.07.2008 жылғы № 15 ережеге сәйкес, әр аумақтық бюро мемлекет кепілдік беретін заңгерлік көмектің білікті, жедел және бастапқы заңгерлік көмек сияқты түрлерін қамтамасыз етеді.
Аумақтық бюроға жұмысқа қабылдау Ұлттық кеңес ұйым-дастыратын конкурстың негізінде жүзеге асырылады. Білікті және жедел заңгерлік көмекті қоғамдық адвокаттар тізіміне кіргізілген адвокаттар немесе өтініш бойынша заңгерлік көмек көрсететін адвокаттар береді. Бастапқы заңгерлік көмекті тиісті тізімге кіргізілген пара-заңгерлердің және қоғамдық бірлестіктердің беру мүмкіндігі көзделген. Аумақтық бюро қоғамдық адвокаттармен, өтініш бойынша заңгерлік көмек көрсететін адвокаттармен және білікті заңгерлік көмек беруге құқығы бар қоғамдық бірлестіктермен шарттар жасасады. Аумақтық бюро аталған тұлғалардың заңгерлік көмегіне сыйақыны олардың есептерін алып, тексергеннен кейін, мемлекет кепілдік беретін заңгерлік көмектің нысандарының, саны мен сапасының негізінде Ұлттық кеңес бекіткен тарифтерге сәйкес төлейді.
Аумақтық бюроларда келісімшарт негізінде жұмыс істейтін адвокаттар бекітілген еңбекақы алады.
Украинада 1999 жылдан бері мемлекеттік және муниципалдық адвокатура туралы мәселе талқылануда, мұны адвокаттар қоғамдастығы адвокатураның тәуелсіздігіне қол сұғушылық деп бағалады. Солай болғанымен, 2006 жылы ел Президенті Украинадағы Құқықтық жәрдем жүйесін қалыптастырудың тұжырымдамасын бекітті, онда алғашқы және екінші жолғы құқықтық жәрдем жүйесін құру көзделген. Бұл жүйені басқару Украинаның Әділет министрлігі мен Министрлер Кабинетіне есеп беретін мамандандырылған органға жүктелді. Қазіргі уақытта Украинада қылмыстық істер бойынша тегін құқықтық жәрдем беру жөніндегі үш тәжірибелік кеңсе құрылған.
Ресейде 2005 жылы мемлекеттік заңгерлік бюролар арқылы қаржыландырылатын көмек көрсету үлгісі сынақтан өткізіле бастады. Бұл үлгі бойынша тұтынушыларға заңгерлік көмекті тікелей бюро қызметкерлерінің, сондай-ақ шарттың негізінде бюроға шақырылған адвокаттардың беруі көзделген. Аталған бюролар елдің 10 өңірінде мемлекеттік мекемелер нысанында құрылды. Олар әл-ауқаты төмен азаматтарға, сондай-ақ азаматтардың жеке санаттарына тегін заңгерлік көмек беретін еді. Төрт жыл өткеннен кейін аталған бюролардың жұмысын жалғастыру туралы шешім қабылданды. Қазіргі уақытта Ресейде азаматтарға тегін заңгерлік көмек берудің мемлекеттік жүйесі туралы заңның жобасы талқылану үстінде, бұл жоба бойынша оның авторлары мен адвокаттар қоғамдастығының арасында бірдей көзқарас жоқ.
Мемлекеттік заңгерлік бюроларды құрудың қарсыластары (негізінен, бұл адвокаттар) мемлекеттік қызметшілер ретінде жұмыс істейтін бюро заңгерлері адвокаттар сияқты тәуелсіз болмайды, сондықтан бұл бастамадан бюрократтық машақаттан және адамдарға пайдасы жоқ қыруар? ақша қаражатының жұмсалуынан өзге ештеңе де шықпайды деп санайды.
Адвокаттардың пікірінше, мем-лекеттік шенеунік басқа шенеунік зәбір көрсеткен адамды ешқашан да қорғамайды. Сондықтан, олардың ойынша, бұл мақсатқа бөлінетін қаражатты адвокаттар қауымдастығының органдарына бөлу ақылға қонымдырақ болады, қорғаушылар заңгерлік көмекке мұқтаж адамдарға сауатты әрі ұқыпты көмек береді. Олар тегін заңгерлік көмек жүйесін жеке мемлекеттік құрылым түрінде емес, жергілікті жерлердегі әділет департаменттерінің құрамындағы бөлімдер немес қызметтер түрінде құруды ұсынып отыр.
Олардың пікірінше, бұл үй-жайларға, көлікке, басқа да ұйымдық шығыстар мен шаруашылық мұқтаждықтарына жаңадан шығын-дануды қажет етпейді. Құрамы жағынан оларда адам саны аз болуға және олар тегін заңгерлік көмек көрсету үшін үміткерлерді іріктеуге, ал содан соң адвокаттар алқасымен, заңгерлік фирмалармен немесе жеке практикасын жүргізетін заңгерлермен осындай көмек көрсету жөнінде шарт жасасуға тиіс.
Қырғызстанда 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап «Мемлекет кепілдік беретін заңгерлік көмек туралы» заң қолданысқа енгізілді. Оның мақсаты мемлекет кепілдік беретін заңгерлік көмек жүйесінің арнайы басқару органын – Қырғызстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекет кепілдік беретін заңгерлік көмек жүйесі жөніндегі ұлттық кеңесті, сондай-ақ бұл үдерістерге адвокаттар қоғамдастығын қатысуға ниеттеу жүйесін құру арқылы тегін заңгерлік көмектің берілуін және қол жетімді болуын қамтамасыз ету болып табылады.
Бұл саладағы осыған ұқсас өзгерістер Болгария, Латвия, Польша, Словакия, Чех Республикасы, Эстонияда103 және кейбір басқа елдерде болды.
Аталған елдердің қаржылан-дырылатын заңгерлік көмек туралы заңдары мен жүйелерін біріктіретін ортақ нәрсе:
• тегін заңгерлік көмек беру жүйесін басқару – бұл, әдетте, Әділет министрлігінің жанынан құрылатын бюджеттік органдар. Бірақ басқа үлгілер де бар (мысалы, Словенияда тегін кәсіпқой заңгерлік көмек қызметі сот жүйесінің бір бөлігі болып табылады, ал Әділет министрлігі соттардың бұл саладағы қызметін реттейді);
• тегін заңгерлік көмек берудің өлшемдері: (1) әділсот мүдделері, 2) қаржылық өлшем айқындалды (мысалы, адамның кіріс деңгейі немесе (және) мүлкінің бар-жоғы және кейбір басқалары);
• тегін заңгерлік көмекке мұқтаж адамның қаржылық жағдайы тексеріледі, яғни мүліктік шегі және мұқтаждықтың шегі айқындалады;
• заңгерлік көмек көлемінің мемлекет бөлетін бюджетке байланысты болатындығы;
• заңгерлік көмектің сапасын бақылау уәкілетті органға ғана емес, сондай-ақ адвокаттардың кәсіби бір-лестіктеріне жүктелген;
• барлық елдерде тегін заңгерлік көмек жүйесін басқаруда және тегін заңгерлік көмек саласындағы саясатты әзірлеуде басты рөл Әділет министрлігіне берілген. Сондай-ақ адвокаттар алқалары да маңызды рөл атқарады. Олар не осындай көмек береді. Тегін заңгерлік көмек беруді басқарумен де айналысады, сондай-ақ қызметтердің сапасын бақылауды жүзеге асырады;
• Елдердің көпшілігінде қаржы-ландырылатын заңгерлік көмек алу құқығы жоқ тұлғаларда ғана бар. Дегенмен кейбір елдерде мұндай құқық кейбір заңды тұлғаларға да берілген (айталық, Эстонияда тегін заңгерлік көмек алу құқығын сондай-ақ заңды тұлғалар мен үкіметтік емес ұйымдар да пайдалана алады; Франция мен Италияда коммерциялық емес ұйымдардың осындай құқығы бар).
• Берілетін заңгерлік көмектің жоғары деңгейде болуы туралы талап қаржыландыру деңгейінің жоғары болуын міндетті түрде қажет етеді;
• Заңгерлік көмек берудің көлеміне екінші жолғы, сондай-ақ бастапқы заңгерлік көмек те кіреді.
Аталған елдерде қаржылан-дырылатын заңгерлік көмек берудің тәжірибесі оны ұйымдастыру, бақылау және үйлестіру жөніндегі барлық функцияларды құқықтық мәртебесінің өзіндік ерекшілігі тәуелсіздігі болып табылатын бір органда шоғырландырғанда ғана оның тиімді болатынын көрсетіп отыр. Шетелдерде заңгерлік көмекті басқарудың кең тараған тетіктері комиссиялар, бюролар, кеңестер, орталықтар болып табылады, олар тегін заңгерлік көмек беру мәселелері жөніндегі әкімшілік (басқару) функцияларын жүзеге асырады. Бұл құрылымдар әдетте мемлекеттік болады және көбінесе Әділет министрлігіне қарайды. Қаржыландырылатын заңгерлік көмек көрсетуге қатыстырылатын субъек-тілер қатары алуан түрлі болғанымен, әртүрлі елдерде әдетте мына үлгілерді бөліп көрсетеді:
1) Келісімшарт негізіндегі үлгі (judicare үлгісі) – бұл жүйеде арнаулы мемлекеттік орган адвокатпен, заңгерлік фирмамен істердің белгілі бір саны бойынша немесе істердің белгілі бір санаттары бойынша заңгерлік көмек беру туралы шарт (келісімшарт) жасасады, олар үшін мемлекеттік бюджеттің есебінен ақы төленеді. Мұндай үлгі Австрия, Англия мен Уэльс, Австралия, Норвегия, Нидерланды, Шотландия, Швеция, Канадада және АҚШ-тың кейбір штаттарында қолданылады. Бұл үлгінің екі түрі бар:
а) Таза түрдегі judicare үлгісінің (pure judicare») мәні мынада: адвокаттар өздері берген заңгерлік қызметтері үшін мемлекет төлейтін ақыны жергілікті әкімшіліктер не адвокаттар алқалары немесе басқа ұйым арқылы алады. Кейбір жағдайларда соттар тегін заңгерлік көмек алуға құқығы бар адамдарды мемлекет қаржыландыратын заңгерлік көмек беру жөніндегі бағдарламаға қатысатын адвокаттарға жібереді. Мұндай жағдайларда адвокаттар өздерінің есепхатын тексеріп, содан кейін төлеу үшін сотқа ұсынады. Бюджет қаражатынан төлеу нақты заңгерлік қызмет үшін (мысалы, екі жақты келісім бойынша ажырасу үшін бекітілген сома), немесе әр сағатына, немесе көрсетілетін қызметтің ұзақтығына қарамастан оның ең жоғары төлемі есепке алынып жүзеге асырылады. Шетелдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, мұндай үлгі адвокат бекітілген еңбекақы алатын үлгіден әлдеқайда қымбат.
б) «Кезекші адвокат» (duty counsel) үлгісінде адвокаттар жартылай мөлшер бойынша жұмыс істейді және тегін заңгерлік көмек беруді қамтамасыз ету қажет болған жағдайларда, олардың көрсеткен заңгерлік көмегіне адвокаттың қорғаушы немесе өкіл ретінде қатысқан әр күні үшін ақы төленеді.
Келісімшарт негізіндегі үлгі заңгерлік емханалармен толықты-рылуы мүмкін, сонда жоғары оқу орындарының студенттері мен жас түлектері аға әріптестерінің жетекшілігімен заңгерлік көмек көрсетеді. Шет елдерде сондай-ақ сақтандыру сұлбасы да көзделеді. Сақтандыру оқиғасы орын алғанда, яғни заңға сәйкес сақтандырылған адам заңгерлік көмекке құқық алатын мән-жайлар басталғанда, оған заңгерлік көмек тегін беріледі. Бұл кезде адвокаттың көрсеткен қызметі үшін келісім бойынша жұмыс істейтін адвокаттардың қызметіне ақы төлеудің орташа тарифтеріне негізделген есеппен заңгерлік сақтандыру қорынан ақы төленеді.
2) «Көпшілік (қоғамдық, мемле-кеттік) қорғаушы» үлгісі мемлекеттің немесе заңгерлік көмек жүйесін басқаратын органның заңгерлік көмек жеткізушіні – аумақтық қағида бойынша кеңестер жүйесін (бюро, кеңестер, қызметтер, орталықтар, комиссиялар және т.б.) құруымен сипатталады, мұның өзі халықтың тұрмысы нашар санаттарына заңгерлік көмек көрсетілу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Бұл кеңестердегі жұмыс, әдетте, мынадай сұлба бойынша құрылған: кезекші қызметкер-заңгер туындаған құқықтық проблеманың сипатын айқындау үшін заңгерлік көмек сұраған клиентпен алғаш рет сұхбат жүргізеді. Ол күрделі болмаған жағдайда заңгерлік көмек құқықтық ақпарат беру немесе кеңестеме беру, немесе өтініш иесін аталған проблеманы бюро заңгерлерінің қатысуынсыз шешуге болатын органға немесе ұйымға жіберу жолымен бірден көрсетілуі мүмкін. Проблеманы шешу үшін неғұрлым көп уақыт қажет болатын жағдайда, клиент құқықтың белгілі бір саласы бойынша маманданатын кеңсенің нақты заңгеріне жіберіледі111. Мұндай үлгі Ұлыбритания мен Уэльсте, АҚШ, Израиль, Шотландия, Литва, Ресей, Украинада және басқа елдерде жұмыс істейді.
3) «Еx оfficio» үлгісі, бұл жағдайда қылмыстық сот ісін жүргізуші органдар (прокурор, тергеуші, по¬лиция, сот) арқылы мемлекет адамға заңгерлік көмек беру үшін адвокаттардың кәсіби ұйымдары арқылы қорғаушыны немесе өкілді тағайындайды және оның жұмысына мемлекеттік бюд-жеттің қаражатынан төлейді. Клиентурасы жоқ немесе адвокаттар қоғамдастығына енді ғана кірген, немесе адвокаттардың саны заңгерлік көмекке нарықтық сұраныстан асатын аймақтарда адвокаттық қызметін жүзеге асыратын адвокаттардың белгілі бір бөлігі үшін осындай істерге тағайындау олардың табысының негізгі көзі болып табылады. Ауқымды клиентурасы бар және соның нәтижесінде әрқашан жұмыспен қамтылған жоғары білікті адвокаттарға келсек, олардың басым бөлігі әдетте мұндай істерді жүргізбейді. Бұл үлгі бұрынғы кеңестік мемлекеттердің көпшілігіне (соның ішінде Қазақстанға да) және Орталық және Шығыс Еуропаның бұрынғы социалистік елдеріне тән.
4) Аралас үлгі – бұл жүйеде жоғарыда аталған алғашқы екі үлгі мен басқа да үлгілердің элементтері үйлескен: тегін заңгерлік көмек беру тәуелсіз мемлекеттік ұйым – бюро, кеңестер, қызметтер, орталықтар және т.б. арқылы жүзеге асырылады (яғни жария қорғаушы үлгісі), жекелеген істер бойынша жасалған шарттың негізінде жеке практикасы бар заңгерлер қатыстырылады (яғни келісімшарт үлгісі), сондай-ақ басқа үлгісілер (заңгерлік емханалар, «pro bono» үлгілері (яғни заңгерлік көмекті ақысыз көрсету), пара-заңгерлер және үлгілердің басқа түрлері қолданылады.
Көптеген елдерде аралас үлгі қолданылады. Сарапшылар мұны былай деп түсіндіреді: «қарама-қарсы үлгінің артықшылықтарын пайдаланбастан белгілі бір үлгіні жақтап, соны ғана пайдаланудың салдарынан заңгерлік көмек жүйесі жол бермеуге болатын көптеген проблемаға тап болады. Judicarе үлгісімен ғана немесе штаттағы заңгерлер үлгісімен ғана шектелген заңгерлік көмек жүйесін басқару жөніндегі орган басқа үлгінің артықшылықтары мен оқылықтардың орнын толтыратын мүмкіндіктеріне тиісті көңіл бөлмей, барлық кемшіліктерге тап болып отырады.
Үлгілердің үйлесімі – бұл әл-ауқатты азаматтарды заңгерлік қыз-меттермен қамтамасыз ету үшін ең жақсы таңдау».
Қазіргі кезде қандай да болмасын жағдайда кез-келген азаматтың сотқа жүгініп, өзінің құқығын сотта қорғауға мүмкіндігі жоқ. Орын алған проблемаларды саралай отырып, тек сарапшылар қауымдастығы мен азаматтық қоғам өкілдерінің күш-жігерімен қатар, осы саладағы жағдайды өзгертуге бағытталған мемлекеттік бастамаларды да ерекше көрсеткен жөн.
Атап айтқанда, 2010 жылдан бастап 2020 жылға дейін Қазақстан Ресубликасының құқықтық саясат тұжырымдамасында тегін заң көмегін көрсететін адвокаттардың еңбегіне ақы төлеу жүйесін өзгерту мәселесі қарастырылған. Осы зерттеудің нәтижелері мұндай жүйе біртұтас әрі ашық болуы қажеттігін көрсетеді.
Білікті заң көмегін алу құқығы Демократиялық қоғамның іргелі негіздерінің кепілі болып табылады. Осындай көмек көрсетудің тиімді түрде ұйымдастырылуының нәтижесіне әрбір азаматтың қауіпсіздігі мен амандығы кіріптар болады.
Сондықтан Қазақстан Республикасы Конституциясының 13 бабының 3 тармағымен қарастырылған тегін және білікті заң көмегін алу құқығын жүзеге асыру мемлекеттік органдар, заңгер-ғалымдар және азаматтық қоғам өкілдерімен бірлесе әрекет етуі арқылы жасалуы мүмкін.

Әзірше ешқандай пікір жоқ.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз.

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *