ТАҒДЫР-ИВАН ЕФРЕМОВ (ақын-жазушылардың өмір тарихтары)

Ермек Зангиров-сайт сурет

Ермек ЗӘҢГІРОВ,
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі,
ҚР мәдениет қайраткері

Жазушының соңғы құпиясы

 

Жазушы Иван Ефремовтың есімі Ресейде және шетелдерде танымалдыққа ие. Алайда қазақ оқырмандарына жақсы таныс емес. Ол түрлі мамандық иесі. Көрнекті геолог және палеонтолог өзінің ғылыми зерттеулерімен ғана емес, сонымен бірге фантастикалық әңгімелерімен, соның ішінде «Андромеда тұманы» атты утопиялық романымен де танымал. Оның шығармалары күні бүгінге дейін қайта басылып келеді. Ефремовтың өмірбаяны аз зерттелген, бірақ белгілі болғандай, онда өмірдің «қараңғы» эпизодтары көрініс тапқан.

Палеонтолог Иван Ефремовтың әдеби қызметі негізінен кездейсоқ басталады. 1942 жылы белсенді ғалым Алматы мен Фрунзеге (Бішкек) эвакуацияланады. Оның өз мамандығы бойынша жұмысқа тұру әрекеті жергілікті билік тарапынан қарсы кедергілерге тап болады. Жазушы әкімшілік шатасуларды жеңудің қиын үдерісінен өзін қандай да бір жолмен алшақтатудағы қисындармен келіспейді. Сондықтан палеонтологиялық институттағы әріптестерін таңқалдыру үшін Ефремов далалық зерттеушінің жеке тәжірибесі сүйеніп, фантастикалық гипотезаларды бейнелеу арқылы үйлесім табатын әңгімелер жаза бастайды. Олардың әдеби тілмен жазылғаны сонша, бірден баспаға қабылданып жатады. Жекелеген шығармалары 1944 жылдан  журналдарға басылып, кейін «Бес нүкте» атты ұжымдық жинақта басылады.

Оның шығармаларын түпнұсқа бойынша алғашқы болып, орыс классиктерінің ішінен Алексей Толстой байқайды. Ауыр айықпас дертке шалдыққан ол 1944 жылы желтоқсан айында Ефремовты өзіне шақырып алып: «Қымбаттым, қане, айта қойшы, қалай жазушы болдың? Мұндай сымбатты және салқын стильді қалай қалыптастырдың?» — деп сұрайды. Толстойдың ұсынысымен партиялығы жоқ ғалым тез арада КСРО Жазушылар Одағының мүшелігіне қабылданады.

Алайда Бүкілодақтық даңқ оған «Андромед тұманы» романының журналға шығуымен және ол 1957 жылдың қазанында «Спутник–1» апаратының ғарышқа ұшырылуымен тұспа-тұс келеді. Жазушы өз романында өркениеттің басқа әлемге бетбұрыс жасауы және оның бүкіл планетада коммунизм орнатумен тығыз байланысты екенін алға тартады. Кеңес Одағының космонавтикадағы көшбасшылығы бұл тезисті нақты растап құптайды. Партия билігі өзгенің еңбегін тігісін жатқызып әдемі пайдаланады. Бірақ ол туралы жақ ашпайды.

 

Тыңшылардың ылаңы

 

 Иван Ефремовтың «Андромед тұманы» және философиялық мазмұны терең басқа да романдары жарық көргеннен кейін оның өз заманының ұлы ойшылы ретіндегі беделі өлшеусіз өседі. Ол өз идеяларын және оған қатысты теорияларды егер қиындық туындаған жағдайда, оған алаңдаушылық білдіруге өзінің дайын екенін де білдіреді. Соған қарамастан, аса сақтық танытқан партия идеологтары оның мәлімдемелерін мұқият қадағалап отырады.

1968 жылдың қарашасында «Өгіз сағаты» романының журналдық нұсқасы жариялана бастайды. Онда Ефремов еліміздің ырғақты даму жолдарына күмән келтіреді. Жазушы кітабына жазған алғысөзінде романның болашақтыңмұратына арналғанын айта келе, түптің түбінде оны олигархиялық тирания жеңетінін ескертеді. Бұл пайымның  көптеген тұстары сол кезде тым көмескі болып сезіледі. КСРО Қауіпсіздік Комитетінің  төрағасы Юрий Андропов КОКП Орталық Комитетіне Ефремовты «фантастикалық Торманс  планетасындағы қоғамдық жүйені сынау арқылы шын мәнінде кеңестік шынайылыққа жала жабуды көздейді» — деген пайымда хат түсіреді.

Адамда шынайы қасиет көп болса, онда жасандылық соғұрлым аз болады. Оның бір өзі бәріне тұрпайылық береді. Оның айтқандары мен істеген істерінің өзі маңайындағыларға ғана емес, даңғойларға да ауыр тиіп жатады. Ондай жандар жасанды салтанаттың ұсақ-түйегінен де азап шегіп жатады. Осыдан соң ол түрлі тергеуге алынады.

Ол өзін ғылым ғажайыптарына аямай салады. Қарапайым ортада жүріп, қарапайым өмір салтын ұстанады. Үстінен кім басып өтсе де, дәнеме етпейді. Тал бойына түрлі адами қасиеттерді жинақтайды. Тепе-теңдікті сақтау үшін үнемі қозғалыста болады.

Жазушы дүние саларынан азғана уақыт бұрын үстіне қара бұлттардың жиналып жатқанын сезеді. Жұбайы Таисия Иосифқызына жазған арнайы қойын дәптеріне: «Барлық хаттар экспедициялық емес, 1923-1953 жылдар аралығындағы отбасылық фотосуреттер, жазбалар, мекен-жай тұрақтар туралы ештеңе сақталмаған. Мен  алда-жалда сталиндік ет тартқышқа тартылсам, олар менің достарымды жауапқа алып қинайды деген  ойдан қорқып, бәрін жойып жібердім… Өте сақ болғайсың. Бір нәрсе айқын, әзірге сен менімен бірге болғаныңда саған тиісе қоймас,  егер, әрине, өзіме тиіспесе. Жалғыз қалсаң, саған  кез келген арандатушылық қаупі төнеді және өзіңнің сенімділігің мен турашылдығың зардап шегуге апарып  соқтыруы  мүмкін… Менен кейін ешкімнің  назарын аудармау үшін әдеби қолжазбаларымның қалғаны туралы  ешкімге айтпағайсың.

Алайда ғылыми әдебиеттер мен көптеген мұрағаттық хаттар, ғылыми фотосуреттер қалды деп айтуға болады. Мұның бәрі пәтерді қорғап қалуға көмектеседі… ».

Ефремовтың көрегендігі үлкен рөл атқарды, бірақ, өкінішке орай, өзі қайтыс болғаннан кейінгі беделін ол әрекеттердің өзі қорғай алмайды.

1972 жылы 4 қарашада жазушы қайтыс болғаннан кейін бір ай өткен соң оның пәтерінде жан-жақты тінту жұмыстары жүргізіледі. Процедура таңертеңнен кешке дейін жүргізіледі. Оны Мәскеу және Мәскеу облысы бойынша КГБ департаментінің он қызметкері «идеологиялық зиянды әдебиеттерді» анықтаймыз деген желеумен жан-жақты тінту жүргізеді. Тінту кезінде комитетшілер металл іздегіш пен рентген аппаратын пайдаланады.

Тінту кезінде тәркіленген заттардың тізімі ескі фотосуреттер, әйеліне жазған хаттары, оқырмандардың хаттары, түрлі түбіртектерді қосқанда 41 тізімді құрайды. Ефремовтың қолжазбаларының тәркіленгендерінің ішінде аса қауіпті ештеңе болмағанымен, чекистер назарын «өзге әріптермен жазылған қара қалпақты қоңыр түсті түбіртек» және «Африка құрылығын бейнелейтін шет тіліндегі кітап:» аударады. Ол  тысы ерекше қапталған «Африкалық экология гомон эволюциясы» атты кітап болып шығады. Одан өзге кептірілген ағаш жапырақтары, «құтылар мен банкалардағы әртүрлі химиялық элементтер» және т.б. Сондай-ақ, олар пайдалы қазбалардың түрлі үлгілерін, «монтаждалған үшкір металл заты» бар жиналмалы таяқ пен «түсті металдан жасалған металл сойыл» тәркіленеді. Соңғы екі зат кейіннен қайтарылмайды, өйткені олар ұрыс қаруы болып табылады-мыс. Чекистер тіпті Ефремовтың күлі сақталған урнаны ашпақ болады, бірақ марқұмның әйелі оны жантәсілім етіп қорғап қалады.

Бұл тінту жұмыстары жазушыны жақыннан танитын адамдардың ашуын келтіреді. Осыған орай, беделді фантаст-жазушы Александр Казанцев КОКП Орталық Комитетінің Саяси Бюросына хат жолдап, онда ол «кеңес ғылымы мен мәдениетінің көрнекті қайраткерінің есімін қорлауға» жол бермеуге шақырады. Казанцевтің мәліметтері ескеріліп, тәркіленген заттардың көбі кейін қайтарылады. Іс мұнымен бітпейді. 1973 жылы 22 қаңтарда «Ефремовтың өлім фактісі бойынша және өлімінің белгісіз себебіне байланысты оның жеке басын тексеру үшін, қылмыстық іс қозғалады». Тергеуді қауіпсіздік қызметкерлері жүргізеді. Ол жазушының жесірін тергеуге шақырып, одан жазушымен бірге тұрған кезіндегі жағдай туралы сұрайды. Әсіресе, тергеуші күйеуінің денесінде қандай жаралардың ізі қалғаны туралы сұрағаны оны қатты  мазалайды.

Кейінірек бұл мәселе белгісіз жағдайда тоқтап қалады. Бірақ бұл Ефремовтың шығармашылық мұрасына әсер етеді. Жинақталған еңбектерді басып шығаруға тыйым салынып, оған Бүкілодақтық жазылу тоқтатылады. Кітапханалардан «Өгіз сағаты» романын жинап алу науқаны жүргізіледі. Ғылыми еңбектерден Ефремовтың шығармаларына сілтеме жасау тоқтатылады. Тінту кезінде чекистер жазушының  үйінен «радиостанция, сегіз қап антисоветтік әдебиет пен шетелдік алтын табылды» деген сыңайдағы тұрпайы қауесетті бүкіл Мәскеуге таратып жібереді. Осыдан кейін жазушының достары мен шәкірттерінің көпшілігі жесір әйелге баруды қойып, оның мұрағатының тағдырына да қызықпайды.

Соңғы уақытқа дейін қоғамда «Ефремов ісі» құпия болып қала берді. Осыған байланысты іздестіру шараларының оғаштығын түсіндіретін көптеген нұсқалар да  пайда болды. Мысалы, Аркадий Стругацкий құзырлы органдарға фантаст-жазушылар бөтен өркениеттің агенттері деген идеяны  қабылдауды ұсынады. Сондықтан оның расталуын табуымыз керек  деген пиғылмен қайта тексеру ұйымдастырылады. Келесі бір фантаст-жазушы Дмитрий Биленкин іздеуді Ефремовтің бір кездері Якутиядан әкелген құйма алтынның жоғалуымен байланыстырады. Болашақ жазушыны палеонтологиялық экспедициялардың бірі «ағылшын шпионына» ауыстырды деген теория да қоғамда  тарап  кетеді.

Бір адамды ұзақ айыптауға да болады, бірақ мәңгілік санадан өшіре алмасың  анық.  Зерттеушілер мұрағатқа қол жеткізгеннен кейін бәрі айқын болды. Қауіпсіздік қызметі Ефремов «антикеңестік» пиғылда  болыпнемесе шетелдік барлау қызметінің агенттерімен байланыс жасаған ба, деген болжам аясында ұзақ бас қатырады. Алайда, оның жеке басының шынайылығын анықтау соншалықты неге қажет болғандығы түсініксіз болып қала берді. Бұл чекистердің 1974 жылдың наурыз айында ғана аяқталған тергеудің мұқияттылығы мен ұзақтығын қандай да бір жолмен оны ақтауға ұмтылуынан болса керек.

Иван Ефремовтың адал есімін қайта қалпына келтіру 1982 ылы оның шығармаларының жинақтары қайтадан пайда бола бастаған кезден басталды. Қайта басып шығаруға тыйым салынған «Өгіз сағаты» романы оқырмандарға 1988 жылы қайта оралады. Бүгінде «Андромед тұманы» шығармасы фантастика жанрының классикалық үлгісі болып саналады.

Шындық ғана ізгілікке апарады. Бір алдау – соңынан екіншісін сүйреп келеді  бірақ оның  іргетасы  құр ауадан  қаланғандықтан, ол міндетті түрде күйреп құлайды. Жазушы есте қалды, ал оны азапқа салған жүйе күйреп, тарап кетті.

Иә, халықтың сүйіспеншілігіне бөленген адамдар сирек. Ал парасатты кісілердің сүйіктісі болу – бұл бақыт. Күнің бітуге жақындағанда сені салқын райда шығарып салады. Ықыласқа ие болғаныңда айқұшақтана қарсы алып жатады. Бірақ оның жарасы зілбатпан ауыр, иә, тым ауыр…

Қазақ даласында ізі қалған жазушының азапты өмірі осындай.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *