МАРАЛ ИШАН

САЙТ-Марал ишан-Канат Сапарбаев+

Қанат Сапарбаев,
Саттар Ерубаев атындағы Республикалық жыр-мүшәйрасының жүлдегері

 

Жыр етем Марал жайында,

Жарқырар жарық ай ұлға,

Жырыммен қойған мұнара,

Жеті қат көкке жайыл да,

Жеткізем жұрттың алғысын,

Жаңғыртып ісін қайыр да,

Жұрты үшін соққан жүректі,

Жұртынан Аллам айырма,

Жаран ұл бүгін жарылмақ,

Жасаңдар демеу шайырға.

 

Жамбыл мен пірі Сүйінбай,

Жауһарлы тиек сыйындай,

Жарайын ғалам алаңын,

Жырларым көктен құйылғай,

Жер үйек іздеп еліне,

Желмаясымен қиырлай,

Жайсаң бір Асан бабамыз,

Жыраулар көшін бастаған,

Жәдігер қотан абыздар,

Жаныма бәрі жиылғай.

 

Жыр сүлейлерім қолдасын,

Жүйріктен сайлап жорғасын,

Жер жаһан біліп танысын,

Жырлардың түпсіз ордасын.

Жаратқан сүйген ел едік,

Жауға да бермес жолдасын.

Жайып та берер қонаққа ,

Жүрегі мен соңғы асын,

Жаратқан Аллам жар болып,

Жер менен елді қорғасын!

 

Жалаң аяқ ишан Жам тауы,

Жарық дінімнің арқауы,

Жасын ұл Марал ишанды,

Жарыққа теңер бар қауым,

Жерін де Ақмешіттің,

Жәй емес сірә таңдауы,

Жайқалған аһун ишандар,

Жұртыма дінді жалғауы,

Жер көкті бүкіл шарласын,

Жарандарыңыздың толғауы.

 

Жүректің қозғар тереңін,

Жәннатқа бастар жер, елі,

Жайсаңы елдің Құнанбай,

Жеткенде шыңға кемелі,

Жасанған Сырдың еліне,

Жоралғы жасап келеді,

Жас Аһун Қалжан батасы,

Жанына болып керегі,

Жолдасы болып Меккеге,

Жомарт бай мырқы ереді.

 

Жалғаған Азан көк шыңын,

Жоқтаған «Әзін» жоқшымын,

Жайына келдім Қорқыттың,

Жайына келдім Оқшының,

Жатқан жер баба Есабыз,

Жырына қоссын көпшіл ұл,

Жырлап бір өткен Сүлейлер,

Жасырар жұрттан жоқ сырым.

Жалпағын басқан дүниенің,

Жақсыдан бопты көп шығын.

 

Жерінде Қызылорданың,

Жайдым да қанат қонбадым,

Жел жетпес ақын мен болып,

Жайсаңдар жайлы толғадым,

Жер үйегі Марал ишанның,

Жаныма жақынын болғанын,

Жиырма тоғыз ишанмен,

Жәннатттай жарық қорларың,

Жатқанда түнеп басыңда,

Жылуларыңменен тоңбадым.

 

Жәудіреп төгіл жыр лағыл,

Жырларым менің шыңдарым,

Жүректі тербеп жазылған,

Жайларды айтсам тыңдағым,

Жаратқан Аллла сүйеді,

Жайнамазды құлдарын,

Жақын  да болған Алллаға,

Жарық ай тектес іңкәрім,

Жыр етттік Марал ишандай,

Жарығы сөнбес тұлғаны.

 

Жаратқан Алла жар болсын,

Жүрекке жарық шам қонсын,

Жазылған бұл жыр ақиқат,

Жаһанның өзі таңдансын,

Жұмбағы бітпес ілім бар,

Жеткізер қусаң арман шың,

Жырымыз көкпен жалғансын,

Жарығы болған халқының,

Жарықтық Марал ишанда,

Жанында елдің қалғансың!

 

Марал ишанның әкесі Құрман Абылай ханның емшісі әрі жасағындағы батыры. Анасы Фатимамен отау құруы, Марал ишанның балалық шағы

Жылжыған уақыт ағымды,

Жаңылтар жолда әр ұлды,

Жолбарыс қуған Абылай,

Жоталы жолдан жаңылды,

Жердің жүзі жабырқап,

Жайсыздау тұман жамылды,

Жиылып бағыт таба алмай,

Жолдастары да сабылды,

Жолы боп Қалден Цереннің,

Жер тепесіне таңылды.

 

Жасын ғұмырдың жұмбағы,

Жас Абылайдай тұлғаны,

– Жайрат, – деп, ішкі міскіні,

Жегідей ұажап тұрғаны.

–  Жо, жоқ қазақпен жаулас па,

Жүрек үнін де тыңдағың,

Жаныңды тірі қалдырмас,

Жолбарыс тектес құрбаның,

Жақынға тартса амалдап,

Жарқырап жанар бір бағың!

 

Жүйрік ойлары дәл тапты,

Жаман да көрмес мандатты,

Жайнап та өскен қос қызын.

Жоралғы етті салмақты,

Жүйелі шешім бастағы,

Жемісі ойдың жан-жақты,

Жауынгер елмен жауласпай.

Жайсаңы болды ардақты,

Жарығын жамап қос елдің,

Жау етпей қазақ, қалмақты.

 

 

Жанары жасқа малынған,

Жерін де , елін сағынған,

Жалғыз қызы еді сағынған,

Жете алмай елге сабылған,

Жары боп Қалден Церенге,

Жастайынан таңылған,

Жібермей тұрып қос қызын,

Жарылды ана ағынан:

  • Жарықтарым, айналдым,

Жарқырап тұрып бағыңнан!

 

  • Жә, Абылай, сен, тыңда!

Жетпейді ешбір алтын да,

Жанымды жарып бермекпін,

Жабықпа көңіл, жарқылда,

Жар етсе қазақ жігіті,

Жалғасар ғұмыр қалпында,

Жанарымдай қос қызым,

Жайсаңдар қалар артыңда,

Жүйелі айтқан батам сол,

Жаманға беріп қор қылма!

 

Жайсаңға бергің дегенім,

Жорамалыма сенемін,

Жатқанда түнде жағылған,

Жанынан жарық көремін,

Жан қызым әулие туады,

Жәдігеріндей көненің,

Және де тағы бір қызым,

Жүректі батыр туады,

Жеңіл бір дара дәреті,

Жыртқандай болар төбені.

 

Жас алып ана босады,

Жыраққа кетпек қос әні,

Жабырқап қалған кеудесі,

Жылусыз қалып ошағы,

Жаужүрек қызды Абылай,

Жұбайы етіп өзі алды,

Жықпастан айтқан қолқаны,

Жауынгер емші Құрманға,

Жарық нұр түскен аруды,

Жар етіп мәңгі қосады.

 

Жылдар да өтіп алдағы,

Жәннәттің гүлі жан-жары,

Жарық ұл сыйға тартады,

Жаһанда жалғыз ардағы,

Жұмақтың исі балада,

Жұпарға тоймай жан-жағы,

Жеткенде жасы тоғызға,

Желіккен көңіл қалмады,

Жалғаннан озды әкесі,

Жалт кетпей ажал қанжары.

 

Жайран көңілі жабығып,

Жайрап та қалып бар үміт,

Жетім де қалды әкеден,

Жанары мұңдар жамылып,

Желөкпе ханның балдары,

Жағадан алар жабылып,

Жаралы көңіл қан жылап,

Жиылған ыза жарылып,

Жүдеген сәтте үн келді,

Жам тауынан адырып.

 

Жалаң аяқ ишан Марал ұлдың түсіне аянмен еніп:

 

  • Жағаңнан алған баланы,

Жазалайын ба, қарағым,

Жам тауында күтуде,

Жарқыным, дәріс сабағың,

Жолыңда оңай болмайды,

Жазығы шексіз даланың,

Жаярсың қозы бір байда,

Жебеңмен аулап әр аңын,

Жаныңа қуат күш берер,

Жаратқан ием ғаламын.

 

 

Марал бала осы аянды үшінші рет көргенінде, естіп білмеген Жам тауына анасымен бірге аттанады

 

Жұмбағы бітпес бұл өмір,

Жетімдік басқан тұл өңір,

Жарыққа шығар жарқырап,

Жақсылық па сірә бұл,

Жорыды ана игіге,

Жібермек шыңға қыранын,

Жоқ деместен ұлына,

Жасап та берді тұмарын,

Жам тауына бірлесе,

Жан анасы да шығады.

 

Жолға да шықты, тынбайды,

Жас буындарын шыңдайды,

Жолықты бір күн шалдығып,

Жайлауына бір байдың,

Жалданды ана-баласы,

Жылжып та жатты күн жайлы,

Жайменен бай да сезінді,

Жайылым от боп шырайлы,

Жайылған қозы өрісте,

Жай кезден артық тыңайды.

 

Жарық түндердің бірінде,

Жейдесін жаңа тігілген,

Жамыла салып далаға,

Жазылып тізе бүгілген,

Жайменен басып бай шықты,

Жуаси төбет үрінген,

Жанары бір сәт селт етті,

Жарығы ма айдың үңілген,

Жақындап барып қараса,

Жейдесі жеңіл түрілген.

 

Жас келер көзге қараған,

Жатқандай салып ғалам ән,

Жерменен көкті жалғап тұр,

Жап-жарық бір нұр баладан,

Жағасын ұстап жайсаң бай,

Жақсыға жорып балаған,

Жайып жүр қозы бөрілер,

Жуытпас малға жан адам,

Жалшы деп қана қараппын,

Жайын сұрайын жаңадан.

 

 

Жарық таң жаңа атқанда,

Жұмбағы мұның хақтан ба,

Жасап бір қонақ кәдесін,

Жай салып көрпе мақпалдан,

Жөн сұрап ана, баладан,

Жұмбақтың сырын ақтарған.

 

Құланбай Ишан:

  • Жам тауда мен де оқыдым,

Жеткіншек бала шақтарда,

Жарылқау тілеп тынбаймыз,

Жаратушы ием Жаппардан.

Жарадың менің, Маралым,

Жезкиігіндей даланың,

Жастығыңа да қарамай,

Жоғары екен талабың,

Жам тауда оқу дегенің,

Жүйесін ашу сананың,

Жарығын көру ғаламның,

Жаратқан Алла жар болып,

Жеңілден болсын қадамың,

Жол сілтеп саған жолдас боп,

Жам тауға еріп барамын.

 

Жалғайтын ұл бол ізімді,

Жарқыратарсың жүзімді,

Жаныңа жақын қарасам,

Жүрекке жібек түзілді,

Жап-жасыл көктем еттің-ау,

Жапырақ сары күзімді,

Жан -дүниең таза саф алтын,

Жарасар алсақ біз үлгі,

Жараным саған қосамын,

Жауһардай жақұт қызымды.

 

Марал ұлдың Жам тауында медреседе ілім алуы

 

Жам тауы. Жалаң аяқ ишанның

Жанарына жас та келіп, тосылды:

Жақсы шәкірт бола алады дос үлгі,

Жылдар бойы күтіп жүрген қалфеміз,

Жарандарым ортамызға қосылды.

Жатырқамай,бөлектемей Маралға,

Жақын дос бол, көрсете біл хошыңды.

Жанұямыз жүз бір болып көбейді,

Жаратқан да жақсы көрер осы ұлды,

Жайсаң ұлдар танытқанда жылылық,

Желөкпелер бойын жиып шошынды.

 

Жарысатын, таласатын балалық,

Жел жеткізбес жүйріктік бар даралық,

Жеңімпаздың мінберінде қалуға,

Жанберуден тайсалмайды жан алып.

Жүзбірінің ішіндегі зерегі,

Жас Маралдан күтер бәрі жаңалық.

Жылмаң қаққан бақталастық бар тағы,

Жегідей жер ішкі құрты жаланып,

Жаратқанның бергені деп болжаған,

Жалаң аяқ ишанға тек бәрі анық.

 

Желдей қиял алға сүйрер жайнаған,

Жарала да салған жоқ-ау жәй ғалам,

Жүз бір шәкірт арасында тартыстар,

Жеңімпаз бар, үміттер бар жайраған,

Жіліктер де тай қазанға салынды.

Жылдар бойы бордақылап байлаған.

  • Жарандарым, бұрқыраған қазаннан,

Жілік алар епті, дара қай бала,

Желіккендер жүгіре кеп қол салып,

Жерде жатты қолы күйіп жайраған.

 

Жасаңдары қол салуға жасқанды,

Жасы үлкені жүгіре кеп басты алды,

Жаратпастан ұстаз қалды қылт ете,

Жағымсыздау оғаш қылық, нас қолды.

– Жақсы, ілімің қу басыңнан артылмас,

Жалғас қуып, қасиет қонбас басқаңды,

Жеңіл ғана қадам басып Марал ұл,

Жүгіре шығып , дәрет алып жатқанды.

Жеңін түре: – Бісміллә, – деп қол салып,

Жілігінен алып шықты тоқпанды.

 

Жалаң аяқ ишан Марал халфеге мейірлене қарап:

– Жасайсың, сен, әр тірлікті әдеппен,

Жырақтамай саған қонар бақ еппен.

Жарларың да бір биязы болады,

Жан қалауың сүйіп тұрып жар еткен.

Және сенің беліңде бар ишандар,

Жүрген абзал саған күн-түн дәретпен.

Жауырының қақпақтай бір болар-ау,

Жүгін елдің көтерердей нар еткен.

 

Жалаң аяқ ишанның халфелер арасындағы сынағы немесе Маралдың жасырылған Құран кітабын табуы

 

Жарға жығу жарамайды досыңды,

Жеңімпаз деп тани қоймас бос ұлды,

Жүзден жүйрік көрінерсің әп сәтте,

Жарқыратып көрсете біл хошыңды,

Жақтауына Құран көміп әз ұстаз,

Жүз бір ұлға сынақ қойды тосын бір,

Жез таңдайлы қоңырау да соғылып,

Жүз шәкірті жайғаса кеп отырды,

Жүрер жолын таба алмай Марал ұл,

Жүрексіне кірер жолда тосылды.

 

Жалаң аяқ қадам баспай табаны,

Жолдастары түсіне алмай қарады,

– Жайғассаңшы, орныңа кел, отыр, –  деп,

Жанарларын тіктеп ұстаз қадады.

– Жерде Құран қалай аттап өтпекпін?!

Жылауға шақ, таусылғандай амалы.

Жүздеріне шуақ еніп ұстаздың:

– Жүрек сезген, жүзден бірі табарын.

Жақтауға мен Құран көміп қойған ем,

Жаңылмастан, сен, таптың-ау,Маралым!

 

Жам тауына келген Ғайып Ерен қырық Шілтеннен Жалаң аяқ ишанның Марал халфені алып қалуы

 

Жүгеніне билік бермей осқырған,

Жер тарпыған тұлпарында дос қылған,

Жылқы пырақ шабуында тоқтатпас,

Желігі ме, жүйріктік пе асқынған,

Жабыспасаң басын ұстап ноқтасын,

Жөнге келмей тоқтата алмас ешбір жан.

Жабылса да барлық бала ұстауға,

Жерді тарпып бар адамды өш қылған,

Жалғыз үміт Марал ұлға тірелді,

Жапқан кезде жердің бетін кеш қылаң.

 

Жақындады, тура жүріп тұстады,

Жүрегінен бетке ұрып құштары,

Жас баланың көрінеді бойынан,

Жігерлі де толастамас күш бары,

Жабысқанда қос қолдары тізгінге,

Жұлқына алмай қайран жылқы пұшпағы.

Жолаушының көзі түсіп балаға:

– Жіберместен таң атқанша ұстағың.

Жүз бала да, аң-таң болып қалады,

Жүргіншінің өзгеше көп тұстары.

 

– Жақсы тақсыр, ұстап тұрам жарайды,

Жылқы деген жүрек дертін жамайды,

Жалаң аяқ ишан келіп араға,

Жорасына жер көрсетіп, маңайды,

Жердің бетін қып-қызыл қып батты күн,

Жүрегіне ой салғандай талайдың.

Жам тауына келген қонақ арнайы,

Жаратқанға шын берілген әр ай күн,

Жасағына Ғайып Ерен Шілтеннің,

Жас халфесі Марал ұлды қалайды.

 

Жалаң аяқ ишан терең ойға шомады,

Жанды жерден ұстап тұр-ау қонағы,

Жақсы көрер жас халфесін қалауы,

Жүрек етін суырғандай болады.

– Жоқ, – деп айту әз мұсылман досына,

Жол айырар бұл өкпенің жолағы,

– Жарқыным-ау, белі толы ишандар,

Жұмсақ көзді кімге тиер обалы?

Жақсы болар бұл балаға тимесең,

Жауабымның осы түйін орамы.

 

Жалаң аяқ ишанның Маралға сағынған анасын шеңбер сызып көрсетуі

 

– Жабырқадың, көп болды келгеніңе,

Жол түспеді бармадың ел, жеріңе,

Жарандарым ұқса деп әз ілімнен,

Жырақ жүрмін туыстан мен де, міне.

Жарықтығың анаңды сағындың ба,

Жақын қарап бір көргің келмеді ме?

Жұмылмастан жанарың қарап тұрсын.

Жарға салған домалақ шеңберіме.

Жан анасын ап-анық көрді Марал,

Жайлап жүрген малдарын ен жерінде.

 

 

Жам тауы жарыстар легі жалғасты

 

Жел жеткізер сыбырлаған әр үнді,

Жарыстырып анықтайды дарынды,

Жариялап бүгін өтер сынақты,

Жиналып тұр алқалы топ сабырлы.

«Жеңеміз», – деп осы жолы қалайда,

Жүйрік ұлдар білек сыбап шабылды.

–Жайылымнан ұстап әкел бір құстан!

Жаңғырық үн қоңыраудан қағылды…

–Жасырып сой, қолыңдағы құсыңды!

Жас қалфелер тұс-тұс жаққа шабылды.

 

Жапырласа жандарына бол дейтін,

Жаңылу бар қадамдары өнбейтін.

Жүйріктердің тері шыққан сәттер бұл,

Желдей қиял ақылыңа көнбейтін.

Жанталаса бәрі жүр-ау дегбірсіз,

Жеңіс туы оңайлықпен келмейтін.

Жалғыз Марал құсын тірі әкелді,

Жауқазынның бейкүнә бір сол кейпін.

–Жаратушымыз бәрін естіп білуші,

Жаратқанның жері жоқ қой көрмейтін!

 

Жүгірген сәт алып-ұшып жан демі,

Жоғалтқан шақ бойындағы әлдені,

Жүз шәкірттің кәлласында бір қиял,

Жан көрмейтін Жам тауының тар жері,

Жеңіс бермес Марал шәкірт ығысты,

  • Жеңілгені дұрыс болды, әлді еді.

Жиналғанда барлық бала құс сойып,

Жойқын дауыс ұстаз шығып сәлделі,

«Жаратқанның көрмес жері жоқ», – деген,

Жеңімпаз! – деп таптық Марал қалфені.

 

Жам тауына келген қарақшыларға Марал қалфенің тосқауыл беруі

 

Жам тауына жайғасқандай мұнары,

Жылт-жылт етіп мөлдіреген бұлағы,

Жалаң аяқ ишан байқап болжады,

Жаңылмаған сезімдері қырағы.

– Жарандарым, дабыл қағам баршаға,

Жақын қалды қарақшылар қылаңы.

Жаратқанды танымаған дәйістер,

Жас ғұмырдың жұлындарын жұлады.

Жолын кесер жауыздарды қайсың бар?

Жауап болмай тыныштық сәт тұнады.

 

Жүректері дүрсіл қаға көбінің,

Жас адамға тым қорқыныш өлімің.

Жеткіншектер іштей алды демдерін,

Жәбірейіл мысын басқан көңілін.

Жүрексіздік бұзар қалфе көрігін.

Жалаң аяқ ишан үнсіз қалғанда,

Жарқыл үні естілгендей бөрінің,

– Жолдарына, мен, тосқауыл болам, – деп,

Жігерленді жас Маралдай өрім ұл.

 

Жеткіншектер бел қатпаған жас әлі,

Жойқын күшке жоқ болса да жасағы.

Жігерімен айналғандай жасынға,

Жарқын Марал батыл қадам жасады.

– Жалғыз шабам, ұстаз бата беріңіз!

Жарқыл дауыс үрейлерді басады.

Жанарларын ашып-жұмып болғанша,

Жау лебіне от жалындай асады,

Жүректері ұшып кеткен дінсіздер,

Жай отынан жан сауғалап қашады.

 

Жалаң аяқ ишан бірде Марал баладан,

– Жойқы күшсің ел ісіне жараған,

Жам тауына қалай бізге тап келдің,

Жылдар бойы келгенің бар даладан,

Жердің беті бейіш болып кетпей ме,

Жарқыным-ай сендей болса бар адам,

Жылдар бойы зер салумен келемін,

Жарығыңды байқар адам қараған.

Жұртың қай ел, айта түсші білейік,

Жомарттығың асып кетті шамадан.

Марал қалфе:

–Жұртым қазақ, айтайын өз жайымнан,

Жылқы мініп, төрт түлігін қайырған.

Жаман-жақсы қасиетті бесіктен,

Жергөгінде елім менің айырған.

Жолбарыс-аң құтылып та көрмеген,

Жебесінен қазағымның байырдан.

Жолаушының бабын жасап күтеді,

Жыр күтеді үш күн, үш түн шайырдан.

Жалғыз атын союға дайынбыз,

Жиналмайды дастарханы жайылған.

Жалаң аяқ ишан:

  • Жұртың жайлы естігенмін жасымда,

Жетті көзім ақиқатқа расында,

Жемейді екен мен білетін бұл қазақ,

Жамағатсызбар дәмдісін, асында,

Жомарттығы дарыған әз ұрпағы,

Жауын көрсе айналады жасынға,

Жәннәтардың есіктері ашық дер,

Жер бетінде қазақ деген асылға,

Жамағат боп Пейіш енер ұлы елдің,

Жігіті отыр бүгін менің қасымда.

 

 

Жам тауынан қанат қаққан Марал жігіт

 

Жылдар өтіп дәрісті тәмамдады,

Жүйрік те бар, бар екен шабандары.

Жалаң аяқ ишанмен хош айтысып,

Жолға шықты нық басып қадамдарын,

Жол –жөнекей бір байдың аулына кеп,

Жотасына бұлақтың самалдады.

 

Бай жас жігіттерге қарап:

 

–Жақсы, қонақ болыңдар қысылмастан,

Жарандарым келінім науқас еді,

Жазып алар тәуіптей адам кәні?

Жаратқаннан күні-түн тілеп жүрміз,

Жазмышқа бар ма деп амалдары.

 

 

Жолдастары Маралға арқа сүйеп:

 

–Жаратқан қабыл алып дұғаңызды,

Жайдан-жай келтірмепті мына бізді,

Жанға медет беретін әрбір демі,

Жолдапты Маралындай тірі аңызды.

Жайылған алақаны бос қайтпаған,

Жан жоқ-ау сахарада бұдан ізгі.

Жарылар ақ түйенің қарыны да,

Жойылып кеселі де мұнар ізді,

Жан мен тәннің шипас  бір Аллада,

Жанға медет берер хақ Құран ізгі.

 

Жас Маралдың салған демімен бай келінінің аяққа тұруы немесе Маралға байдың Сары бауыр тұлпарын сыйға тартуы

 

Жағымды үн, шерткендей күйін далам,

Жан-жақтардан ағылып жиылды адам,

Жаратқанның көрсетіп кереметін,

Жазып алды науқасты қиындаған.

Жамағатқа ой тастап, толғандырды,

Жәй күндері Аллаға сиынбаған,

Жадыраған бай бүгін толқып тұрып,

Жылы лебі жүзінен жиылмаған,

  • Жел жетпес Сары бауыр тұлпарым бұл,

Жолыңа тартқан дара сыйым саған!

 

Жемісті ілім, байқалып оң басқаны,

Жан-жағынан қолпаштап қолдастары.

Жерменен көк тоғысып бірер сәтке,

Жылы леппен кеудеге қонды аспаны.

Жетегіне алып дүлдүл тұлпарын,

Жам тауына Марал жолды бастады.

–Жүйрігіңе мінбегенің қалай десіп,

Жөнін айт, – деп қолқалап жолдастары.

Жігіт Марал:

–Жалаң аяқ ишанға атағанмын,

Жарамас мініп алсам, болмас тағы.

 

 

Жам тауы. Жалаң аяқ ишан алыстан көрінген жолаушыларға көз тастайды.

 

Жетпей көзі жүргіншіге қараған,

Жетегінде тұлпар бар-ау жараған,

Жөн-жосықсыз келмес еді Жам тауға,

Жөн-жосықсыз жүрмейтұғын жан адам,

Жаңа түлек халфелерге ұқсайды,

Жандарына іліп алған шабадан.

Жүрдек көңіл таба білді тап басып,

Жам тауынан ұшқандар ғой жаңадан,

Жеке дара жетектеген тұлпарын,

Жеңімпаз ұл келе жатыр даладан.

 

Марал қалфе ұстазы Жалаң аяқ ишанға қолын кеудесіне қойып, бас иіп, құрмет көрсетіп:

 

–Жарық ұстаз, әкеміздей діңгегім,

Жұмыр жерде Сізден болар білгенім,

Жер-жаһанның тілін ұқтым өзіңмен,

Жастандырған шештім кесел күрмегін,

Жомарт байдың мінгізген һас тұлпары,

Жанға жайлы жылқы екен бір керім,

Жолыңызға алып келген жоралғым,

Жаным қалап ұстазымның мінгенін.

Жеткізе алмас сізге деген құрметті,

Жер жаһандық жинасам да бүлдені.

 

Жалаң аяқ ишан дән риза болып, тұлпарды Марал шәкіртінің өзіне қайта сыйға тартады

 

–Жастайыңнан бала едің нұр жүзді,

Жақын тартар өн бойына күнді ізгі,

Жорамалым мүлт кетпепті, Маралым,

Жадыраған тұла бойым бір қызды.

Жасырмаймын қуаныштың жасы кеп,

Жайсаңдықтың сырын тағы білгізді,

Жомарттығын дәлелдедің халқыңның,

Жібітетін жүрек түгіл кіл мұзды,

Жануарың пырақ болсын Мәшһәрда,

Жоралғым сол, қайта саған мінгіздім.

 

 

Жай қолыңды, бата қосып беремін,

Желкеніндей дара ұлсың кеменің,

Жам тауына жылдар жүріп келген ең,

Жарқыным-ай, мүлт кетпесін дегенің,

Жанымның бір серігіне айналған,

Жасындай күш қырық мың қосын қара әруақ.

Жарық ұлым саған бәрін беремін,

Жарық айдай Марал ұлға еріңдер,

Жүйем дұрыс өздеріңе сенемін!

 

Жүрген сәтте Марал жігіт жол бастап,

Жапыр-жұпыр ере кетті қорғаштап,

Жел дауылдай қырық мың қосын қара әруақ,

Жас жігіттің мерейі де болды асқақ,

Жалғыз қалған ишан тұрып абдырып,

Жөнін айтып жабыққандай өң қашқан,

–Жалғыз қалып кеттім ғой , мен, Марал-ай!

 

Марал қалфе:

  • Жан қысылса, бізде болсын қара әруақ.

Жан қысылса, Сізде болсын қара әруақ!

–Жақсы,деумен ұстаз-шәкірт қоштасқан!

 

Жалаң аяқ ишан шәкірті Маралға дән риза болып, батасын беріп шығарып салады.

 

Жам тауында жеті жыл оқып білім алған Марал жігітті қайын жұрты Жаппас елі күтіп алды. Құланбай ишан:

 

–Жарқыным-ай, білсең ғой сен кеткелі,

Жазылмады жараның кернеп кені,

Жалғыз қыздың қасына бара алмаймыз,

Жоққа ұшып кеткендей емдеткенім,

Жеңгелердің бүгінде қарауында,

Жиіркенішпен қарайды жендеттерім.

Жұпарындай жәннаттың көрінетін,

Жас бесігін әуес қып тербеткенім,

Жанына да бұл күндер бара алмаймыз,

Жара басқан ажарлы келбеттерін.

 

Марал жігіт:

 

–Жалған күннен іздейміз қатені біз,

Жабырқайтын жоқ мұнда қатеріміз,

Жеңгелерім кесені толтырмастан,

Жауып бетін, бір кесе су әкеліңіз,

Жұмып көзін бұл суға дем салады,

Жұбайыма бұл суды әперіңіз,

Жерге қоймай бәрінде ішіп қойсын,

Жойылады дерті де, қатеріміз,

Жылдамдығын қараңыз бұл шипаның,

Жайнап келді көп өтпей мәпелі қыз.

 

Жиын тойға ұласып жалғасады,

Жүректерді жылытпай қалмас әні,

Жұбайларға тігіліп ақ боз отау,

Жібектер де төселіп бар шашағы.

Жиылған жұрт Маралдай арда ұлдан,

Жағымды бір жайдары хан жасады.

Жұмақ күндер өріліп күннен- күнге,

Жұлдыздар да қимастан таңды асды,

Жау-жүрек те әрі емші әз Құрманнан,

Жайсаңдары қазақтың жалғасады.

 

Марал ишанды қырық томар сексеуіл отқа салып сынағанда

 

Марал әулие дегенде,

Жайылған атақ даңқынан,

Жақтырмай Бектер шам қылған,

Жеткізбек көзін Әулие ме,

Жел сөз бе, әлде қаңқыған,

Жатқызып қырық томарға,

Жалынды салды шарпыған,

Жаһан мен темір балқыған,

Жанының қамал қорғаны,

Жоқ дүниені бар қылған,

Жаратушы мен Әл-Құран.

 

Жойқын от жайпар бір елді,

Жарығы көктің түнерді,

Жазығы қандай шынында,

Жалынға салар бұл ерді,

Жанары жасқа малынған,

Жамағат көктен тілер-ді,

Жанының қанат пырағы,

Жалатқан алтын шідерлі,

Жеті кез биік көтеріп,

Жануар ғажап түрленді.

 

Жеті күн сойқын жалғасып,

Жылаған халық сан жасып,

Жүректе шарпу басталған,

Жағаға ажал жармасып.

Жығылып жүні Бектердің,

Жүздерінен қан қашып,

Жалыны оттың өшкенде,

Жеңімпаз болған Маралмен,

Жанында болған қос қалфе,

Жадырай шықты шаң басып.

 

 

Марал ишанды Арқадан арнайы іздеп келген жуандар

 

Жайылды аты жер-жерде,

Жыңғылмен тарап желмен де,

Жақыннан көрген жыр етер,

Жетпеген жандар шерменде,

Жарыса айтып кетердей,

Жотада жатқан шеңгелде,

Жазылмас дерттің өзінде,

Жарықтық Мара емдер де,

Жүз рет естіп жүргенің,

Жетпес деп жақын көргенге.

 

Жақсыға құмар жалпы адам,

Жолына артып марқадан,

Жуандар сынап- көрмекке,

Жер басып келді Арқадан.

Жайсаңдар жатты қонақ боп,

Жастанып жастық шалқадан.

–Жол-жөней айта барайық,

Жанымыз болғай жанданар.

Жақсылап көрсет керемет,

Жора-жолдас таң қалар.

 

Жеткенде дөңдеу белеске,

Жұмырлап соғып жел ескен,

Жеңдерін Марал серпіді,

Жаңғыра аспан елес пе?

Жан алар диюлар бұлттардан,

Жау болып төнді егескен.

Жалма-жан шыққан дүмпулер,

Жойқын бір дауыс жер тескен.

  • Жетеді, құтқар, – дегені,

Жырылып шықты өңештен.

 

Жандарға ыстық от еніп,

Жамырай қолын көтеріп,

Жер-жаһан кетті айналып,

Жас шыға көзден, жөтеліп.

Жан алқымға тіреліп,

–Жіберсек біздер қателік,

Жойқынды тоқтат, Марал-ай!

Жолымызбен кетелік!

Жалма-жан бәрі басылды,

Жүгіре өттті ақ елік.

 

Атағы жайылған Марал ишанды көшірмек болған байдың жаралануы

 

Жандарал берген шекпені,

Жұлдызын таққан Бек те еді,

Жаппай жұрт ауып Маралға,

Жақпады байға кеткені.

Жуандар сөзі:

–Жөніне салмай болмайды,

Жер ауа дұрыс көшкені,

Жендетке жетті бұл пәрмен,

Жібімей жүзі беттері.

Жанына батты Маралдың,

Жосықсыз байдың тепкені.

 

Жандарал берген атағын,

Жұрты да көрмей шапағын,

Жіберген Марал қалфесі,

Жібір деп үш күн жатады,

Жазылмай байдың бойынан,

Жауыздық шексіз қаһары,

Жарымы түннің болғанда,

Жебесін Марал атады,

(Дұға оқып жіберген сары жебесі)

Жан даусы шығып бұл байдың,

Жығыла жерде жатады.

 

Жан даусы шығып ақырды,

Жүргізбей қадам аһ ұрды,

Жыларман хәлде көз жұмбай,

Жарығын таңның атырды,

–Жібермес текті жансың-ау,

Жей алмас ешкім ақыңды.

Жанымнан болсын садаға,

Жолына берем атымды,

Жеткізіңдер Маралға,

Жатайын айтып датымды.

 

Марал ишанға келген бай:

 

  • Жарылқа, Марал, жарылқа!

Жатқанмын жұмсақ мамықта,

Жұлынып кетті жілігім,

Жайынан мұның мән ұққам.

Жайратқан оқты қайтып ал,

Жебеңді бойға дарытқан,

Жолыңа берді боз қасқа,

Жүгенін сал да, алып қал.

Жар етсең берем қызымды,

Жанымды құтқар тамұқтан!

 

Марал ишан:

  • Жасар іс пе еді ұлықтың,

Жауызбен сен де біріктің,

Жалп етіп атқан ақ қазды,

Жан беріп қайта тірілткің,

Жетім де қалды шөжелер,

Жүрегін барып жібіткің,

Жеркенер сенен жан-жағың,

Жосылттың исін сідіктің.

Жанына жабы байлатпас,

Жөні ме еді осы ұлықтың.

 

Жаздым ба, саған, әлде мен,

Жаратқан үшін жан берем,

Жақсылық жасап жұртыма,

Жаппардан нәр ап әлденем,

Жасадың маған зұлымдық,

Жүйткіді саған сар жебем,

Жойқын бұл оғым қайтпайды,

Жер тартар ауыр бар денең.

Жасайын сен деп дұға да,

Жойылған елден лаң деген.

 

1822 жылы патша үкіметі «Сібір қырғыздарының (қазақтарының) Уставы негізінде қазақтарды еріксіз шоқындыра бастағанда, Марал ишан «Ғазауат» соғысын жүргізіп, патшаның пәрменін тоқтатады.

Ақындарыңыздың пайымынша Марал ишанның бұл ерлігін «Исі мұсылманның Һас батыры» деген атаққа лайықты деген пікір қалыптасты.

 

Жер-жерде патша пәрмені,

Жарлықтың күші әлді еді.

–Жойылсын молда сәлделі,

Жалпақ ел қазақ шоқын, – дер,

Жер-жерде патша пәрмені.

Жендетке қарсы кім тұрмақ,

Жетпес те оған дәрмені.

Жаратқан берген сынақ па,

Жан менен күйіп тәндері,

Жаратқан үшін жан берер,

Жайсаңның жиып бар легін.

 

Жүрегін шарпып от қақты,

Жасағын «Шейіт» жоқтатты,

Жазасы мұндай бола алмас,

Жерге де қағар тоқпақтың,

Жігерін жиып Маралым,

Жанына мыңдар топтатты.

«Жасаған, Құдай!» – дер жұрттың,

Жүрегі босқа соқпапты.

Жүргізіп соғыс ғазауат,

Жарлығын патша тоқтатты.

 

Тұлпарын ұрлаған жігітті Марал ишан кешіріп, өзіне бала қылып алуы

 

Жүйріктен қазақ бас тартпас,

Жымысқы жігіт қалжақбас,

Жиып бір бойға батылын,

Жалтақ та ата таңдатпас,

Жылқыдан ұрлап көк торды,

Жүйткіді, әйдә, ал да қаш,

Жотадан өтер, өтпес те,

Жойқын күш қуды жалтартпас,

Жүрегі келіп алқымға,

Жанарын жуды аққан жас.

 

  • Жан баба , Марал құтқар, – деп,

Жай күйді білмей шыққам тек,

Жүрекпен сұрап сиынып,

Жігерін түнгі ыққан леп,

Жылқыңа қосып бір жылқы,

Жеткізем, мені, құтқар тек.

Жоқ болды лезде қуғыншы,

Жарысқан ұшқан құстармен,

Жарықтық Марал ишанда,

Жан ұқпас неткен күш пәрмен.

 

Марал ишанның ұлы Пірзада:

 

–Жол бермей өткел қаланып,

Жұмбағы сырдың бәрі анық,

Жіберді әкем ұрыны,

Жататын жерде таланып,

Жүйрік торыға міне алмай,

Жәй кезде сырттан қарадық,

Жарылқай салды әкеміз,

Жүрген бір сұмды жаланып.

 

Арада жыл өткен соң

 

Жетектеп екі жылқысын,

Жасыра алмай түр-түсін,

Жығылды келіп бабаға,

Жаза алмай беттің қыртысын,

 

–Жан баба, мені кешірші,

Жазып та қалған құлқы үшін,

Жан-жағың толы батырлар,

Жанымды алып сілкісін,

Жол бойы саған сиынғам,

Жар болды маған дүр күшің.

 

Жаздым да , баба, жаңылдым,

Желікке еріп қағындым,

Жүргенмен тірі жер басып,

Жалынды отқа қарылдым.

Жазасы болар тірлікте,

Жымысқы істер әр ұлдың,

Жайратып жатыр жанымды,

Жазылмас қатпар қалың мұң,

Жасайтын ұрлық-сұмдықты,

Жағымсыз істен арылдым.

 

Марал ишан:

 

–Жаңылыс бастың, мен кештім,

Жазасын кеспес енді ешкім,

Жыл бойы жаман әдетті,

Жығам деп сен де белдестің,

Жықпасаң жаман істерді,

Жер басып маған келмессің,

Жақынға тартып ұл етем,

Жаманға енді ермессің,

Жылқыңды қайта мінгіздім,

Жаратып балдар жем берсін.

 

Ұры деген аттан арылып, Марал ишанның ұлы болған жігіттің сөзі:

–Жайсаң деп білмей мұнша ма,

Жүріпті ойды кір шала,

Жаратып мені ұл еттің,

Жүрекке қара тұнса да,

Жолыңда баба өлейін,

Жымысқы ойды тұмшала!

 

Марал ишан:

  • Жүйрікті енді сен мінгің,

Жау жүрек ұлым Пірзада,

Жақсыны тану абзал іс,

Жағылып күйе тұрса да.

 

Сыр суын пырақтарымен желіп өткен Марал ишан мен нөкерлерін көрген қайықшының қимылсыз қалуы

 

Жобалап барып таныды,

Жыр қылған Марал алыбы,

Жыраққа жүзді қайықшы,

Жол бермес Сырдың ағыны,

  • Жағаға жеткіз, – дегені,

Жаңғырып жетті әр үні,

Жақындар тіпті ниет жоқ,

Жайбасқан үнсіз қалыбы,

Жанарын тіктеп қадады,

Жойқын жел, Сырдың ағыны.

 

Қайықшы:

  • Жел сөзін қайтем бөтеннің,

Желіп те Сырдан өтер кім,

Жасаса бүгін керемет,

Жанынан қалмай өтермін,

Жүрермін қызмет жасаумен,

Жалшысы болып от ердің,

Жолында жарқын Маралдың,

Жанымды құрбан етермін,

Жарылмас оңай сексеуіл,

Жаңылмас сертке бекеммін.

 

Жаңғырар бұл сәт, бұл ара,

Жоғары тулап Сыр ана,

Жол беріп өткел аттыға,

Жапырлап түзді Мұнара,

Жаратқан берген қасиет,

Жәй адам сырын ұға ма,

Жойқын бір өзен жарылып,

Жәй адам құрғақ шыға ма?

Жауабын сірә айта алмас,

Жұмбағын шешпес ғұлама.

 

 

 

Марал ишанның алқа отырысында Қармаққа айтқаны

 

–Жұтаң да елдің арығын,

Жағдайын жасап бәрінің,

Жоқ, демей келген пақырға,

Жеместен берген балығын,

Жанұяң аштан қалса да,

Жоқтығын айтпас алыбым,

Жазылар атың қағазда,

Жаңғырар ісің, әр үнің,

Жер аты болар есімің,

Жұрт ұмытпас нар ұлын.

 

Жұрт білер Бармақ, Қармақты,

Жалпақ ел сыйлар ардақты,

Жоқшылық елді қысқанда,

Жатпастан алға қармапты,

Жіберген «ауы» олжалы,

Жүрегін елдің жалғапты,

Жалғыз қалған балығын,

Жайылған қолға арнапты,

Жазылып қалған картада,

Жер аты осы Қармақшы.

 

Жарымбет ишанның алқалы отырыста Марал ишанға айтқаны да анық келеді

 

  • Жан-жағың сенің көл болар,

Жамбасың орны шөл болар,

Жырлайды ақын-жыраулар,

Жаппай жұрт, сен, деп толғанар,

Жоқтаушың алыс-жақыннан,

Жиілеп келген мол болар,

Жататын жерің Құм көлде,

Жасана түсіп оңданар,

Жер-жерде Марал атында,

Жайылар Мешіт Ордалар.

 

Жұрт айтып игі бұл ісін,

Жайыпты кеңге тынысын.

Жоғары биік көтеріп,

Жақтапты өшпес ұлы ісін,

Жерге де төкті аямай,

Жауғыза көктен ырысын,

Жөңкіле берсін ғасырлар,

Жарықтық Марал тірісің,

Жаратқан берген қасиет,

Жарығы сөнбес нұрысың.

 

Марал ишанның өмірінің соңғы сәттерінде Дәуіт пайғамбармен тілдесуі

 

Дәуіт пайғамбар Марал ишанға:

  • Жасамас мәңгі бір адам,

Жер менен фәни сын алаң,

Жаратқан сүйген Маралым,

Жан-тәнің таза күнадан,

Жеткенде ажал пәрмені,

Жайқалған емен құлаған,

Жақын күн бітпек дәм-тұзың,

Жүрсең де бүгін дін аман,

Жеріңе жатар қамданғың,

Жорғаңды сайлап құладан.

 

Марал ишан:

  • Жақын-ақ, ажал білемін,

Жаратқан берсе тілегім,

Жаныма жақын боп кеткен,

Жаппастың жұрты Сыр елі,

«Жерленген ана» жанында,

Жатамын деп те жүр едім…

 

 

Дәуіт пайғамбар:

  • Жаратқан қабыл алғанды,

Желменен кетпес тілегің.

Жерінде Сырдың қалмақ па,

Жарығын шашқан «нұр»  едің.

 

Дәуіт пайғамбар:

  • Жанымды мені толқыттың,

Жайында Қобыз Қорқыттың,

Жатқаны кие Оқшының,

Жеріде еді мол құттың.

Жарығы болып қалғайсың,

Жандары таза көп жұрттың.

Жететін көкке Азаны,

Жер-жерге Мешіт толтырттың.

Жарығын бойға дарыған ,

Жерінде Сырдың қондырттың.

 

 

Марал ишанның соңғы өсиеті

 

Жақындау тартып Қалқайды:

  • Жарқыным, әкең қартайды,

Жұмыр жер бізге ұсынар,

Жадырар шаттық, бар қайғы,

Жақын-ау бітер күнім де,

Жан біткен жерде қалмайды,

Жетесі биік пенделер,

Жәннәттің жолын таңдайды,

Жолынан бұрып ібіліс,

Жылтырақ шашып арбайды.

 

Жалғарым сендер жалғасым,

Жаныңды қырау шалмасын,

Жиырма жыл алған ілімің,

Жұртыңнан шеттеп қалмасын,

Жолыңда қалса жүктері,

Жайпалған жүріс нарға сын,

Жәудірін сығып ергенмін,

Жауһарлы ақыл қанбасын,

Жаратқан хақтың бары рас,

Жамағат нансын, нанбасын.

 

Жатса да көп жан қалыс қап,

Жоғары биік ар ұстап,

Жұртыңмен әркез бір болғың,

Жұп жазба алшақ алыстап,

Жекжат та болғың Құда бол,

Жақсылық жаса қарыштап,

Жер беті сынақ, Қалқам-ай,

Жеткенде мезгіл жан ұшпақ.

Жарығым, дүние кезегін,

Жатқаным саған табыстап.

 

Жолымыз ғажап дара бір,

Жаныма жақын, қарағым,

Жаратқан Аллам нығметі,

Жаудырған нұрын ғаламым,

Жер анам мәңгі мекенге,

Жеті түн жүріп барамын,

Жанары елдің түспесін,

Жұртымнан сұрап қаларым,

Жататын жерді Желмаям,

Жаңылмай білем табарын.

 

Жеткенде сол күн қаралы,

Жоқтаған көңіл жаралы,

Желмая келіп шөгеді,

Жайменен күтіп бабаны,

Жолды да өзі бастайды,

Жұмсақтай басқан табаны.

–Жетектеп жүрген– атам, – деп,

Жар сала күйеу шабады.

Жүйесіз болып тірлігі,

Жығыла сал боп қалады.

Жеті күн жүрер жер еді,

Желмая бастап желеді,

Жүргізбей күндіз ыстық күн,

Жайменен көміп денені,

Жайменен алып күн батса,

Жол бастар нарға ереді,

Жайлары жатқан намданып,

Жылтылдап сулар келеді,

Жеті бұлақ шығарып,

Жайқалтты қайың, еменін.

 

Марал ишанды жерлеп келген соң, халықтың көз жасы тоқтамайды.

 

  • Жатыр, – деп баба тіл қатпай,

Жастарын төгіп құрғатпай,

Жиылған дүйім тарқамай,

Жүргендер көп-ақ ұл таппай,

Жаратқан Алла берсе деп,

Жарты бақ, тіпті тырнақтай,

Жекіре Қалқай тоқтатты:

  • Жайыңдар қолды құр жатпай,

Жасап бір дұға қайтарды,

Жауабын айтпай, тыңдатпай.

 

Қалқай ишанның ел алдында жасаған дұғасы

 

Жылдар да өтпей бұл дұға,

Жоғары болды, құнды да,

Жас сәби иісін аңсаған,

Жерік те болды, ұлды да.

Жоқ-жітік ризық табады,

Жемісін жерге тұндыра.

Жайдары көңіл сыйлатты,

Жабығып жүрген мұңдыға,

Жалғасы Марал ишанның,

Жалғады көк пен шыңды да.

 

Марал ишан мешітінің жүз отыз жыл мерей тойы қарсаңында

 

Жүз отыз жыл, Мешіттің ашылғаны,

Жамағатым шаттығын жасырмады,

Жайдары бір жүздері арқа-жарқа,

Жиылыпты Алаштың асылдары,

Жиын өтті алқа топ Марал жайлы,

Жарық айын жыр етіп ғасырдағы,

 

Марал ишаннның ғибратты ғұмыры

Жер тамдар соғып бастады,

Жұмыла қолдап жас, кәрі,

Жып-жылы үйлер тұрғызды,

Жуанның күтпей қаспағын,

Жайқала шықты егіні,

Жеңсіктен болып астары,

Жоқ-жітік жайы түзілді,

Жиылған бірлік бас бағы,

Жаңбыр да төкті мол болып,

Жомарт қой зеңгір аспаным.

 

Жетелеп жұртты білімге,

Жоғары қойып дінінде,

Жарқырап жүрген жалындар,

Жабыла жүрген жүгінде,

«Жатпайық» деген ұрандар,

Жалғасын тапқан бір үнде,

Жаныңа келсе қиындық,

Жеңе біл, қайтпай түңілме,

Жаппар ием жар болсын,

Жетерміз шыңға түбінде.

 

Желкені болып көп жұрттың,

Жеміспен қамба толтыртты,

Жерімнен алар мол құтты,

Жегідей тиген байкештің,

Жандарын ала қорқытты,

«Жұмбақтың кілті– ілім», –деп,

Жұртының жанын толқытты,

Жаудырып Алла нығметін,

Жүйелі ісін оң қыпты.

 

Жанынан көрші көшпеген,

Жаты да жақсы дос көрген,

Жадында ұзақ сақталмас,

Жуылып өкпе, өш деген,

Жарығы болып заманның,

Жап-жарық берер көшке рең,

Жолдасы болған серіктер,

Жыраққа шығып бөспеген,

Жерлерге тұрды қоныстап,

Жылқыны қуған көшпелі ел.

 

Жерде деп мол бір несіпті,

Жұртымен тірлік кешіпті,

Жанындай жақсы көріпті,

Жырғала жатқан бесікті,

Жүрген бір әрбір жерінде,

Жауһардай соққан Мешітті,

Жығылған жұрттың Намазға,

Жапырлап саны өсіпті,

Жүрген бір жері Маралдың,

Жадырап ғұмыр кешіпті.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *