КҮЛІМКӨЗІМ (Әңгімелер)

Аккурен Бакыт+++

АҚКҮРЕҢ СЕКСЕНҚЫЗЫ БАҚЫТ

1972 жылы Өзбекстан Республикасы Тахияташ қаласында туған.

2021 жылы  «Менің жағалауым» атты  кітабы  жарық көрді. 

Қазақтың классик ақыны  Өтежан Нұрғалиев  шығармаларын насихаттау 

мақсатымен Фейсбукте  «Ақ нөсер» тобын  ашты. 

 

КҮЛІМКӨЗІМ

 Асыл – сап-сары, көкшіл көзі тостағандай үлкен. Қыз біткеннің Ханшайымы. Көңіл қуаты, көңіл жұбанышы.Талдырмаш, инеліктей қыз. Әкесіәскериадамболған соң, үнемі көшіп- қоныпжүрген жанұя.

Асылды көру үшін он жеті шақырымды жаяулатып ауылымызға жиі келетін меніңүлкенағамныңбаласы — Өмірбек.

Қоршағанзаборы жоқ жалғыз ауыл болса, сол — біздің ауыл.

Асылды тосып, тақтап жинаған жыңғылдың үстіне шығып алып, жалғыз өзін қасқыр жейтіндей қасында жүр ауылдың бар баласы. Кіл пілдей, бойы қарағайдай дәу қара. Бізді боқмұрын деп, маңына жуытпай шаңды теуіп қуыпсаладығой. Бірақ жұмсағанда бір ысқырықпен шақырып алады. Бармай гөр.

Өмірбек Асылдың жанына батылы жетіп бара алмайды. Діңкесі құрып бүкіл ауылдың иттерін шуылдатып, мойны салбырап кетіпбара жатады. Сондағытүрінкөріп кейде аяп, кейде обалы жоқдеп,жек көріп кетемін.

Асыл жанынан өтеді. Тіл қатып, амандасып сөйлесу жоқ. Жер шұқып тұрғаны. Жуастығын- ай бұның. Екі қыз жанына келсе, басын жерден көтермей сілейіп қалады. Атылып тұрған он ұлдың ішінен шыққан байғұс бұл. Майлы топыраққа батып,жершұқып, әне, кетіпбарады.

Айқайға басып үлкен жеңеше кіріп келіп, кірпігі қайқы, сұсты, сөзбенжайпаптастайды.

– Әй, Тұқымы көбейгірлер-ай. Ана ұзынтыраның келуі жиеледі ғой. Бұнымен сөйлескен жан бар ма? Өй, біратадан туғандар!

– Тумамыз, білемізғой.Төбешікте отырады.Кетеді.Шаруасы бар болып тұрғой.

– Бар болғыр. Күнде келіп, кетіп жүре бере ме? Аяушылығы жоқ, оңғандар! Ұзынтыраны сөйлетіңдер. Шаруасын біліңдер. Бұ осылайжүребере ме? Түрің бар болғырлар, сатырлатып қуып шығайын ба?

– Біздің кінәміз не, осы. Ішімдегіні тап дегенбәле ғой.

– Әй, сен сұра. Шақыр жаныңа. Сөйлес, Мың болғыр.

Шай- пай бітті. Елдің бәрі Айқайшы шешей деп әңгімені қысқа қайырады.

Біздің үлкен жеңеше де, тыныш жүрмейді. Жұртты түгендеп қайтеді осы. Алты ай қатынасын онда тұрған не бар? Асылдың теңі емес, ұзынтырасы. Біздің шайқалып, бәрі қозғалып тұра бастады. Тыныштықты бұзған айқайшы жеңешенің ұзынтырасы бар болғыр.

Кеш түсіп, төгілген қою қара шаштай сығалап қызғылт түсті көйлекті күн еңкейіп барады. Көл жағасында мүлгіген тыныштық. Еңкейген күнді шығарып салуға асыққан сұңқар. Көкте самғап қимай жүр. Жұмыстан қайтқанколхозшылар ауыр Жұмыстан шаршағаны көрініп- ақ тұр. Жүрістері өнбей әрі- бері теңселіп кетеді. Шаршағанымен, жүздері жайдарлы. Күн батып бара жатқаны, тағы біркүн өтті- аудеп іштейқиналғаны сезіледі.

Ауылдың таза ауасы қандай тамаша. Жанға дауа. Жұмыс пен ауыл арасы он үш шақырымдай жер.Бақыт тауының етегіндегі соқпақ жолға келіп, адамдар шаршағанын ұмытып, еңсесін көтеріп, адымды қарыстай атып жүрісті тездетеді. Манағы сүйретіліп келе жатқан адамдар ұйқыдан оянғандай.

Өтіп алайық. Жеті періге келіп қалдық, — деп, жылдам-жылдам сасқалақтап қалады. Былайғы жұрт жеті періге сыйынып, зиярат етіп барғанымен, кештетіп таудың жанынан өтуге жүрексінеді. Пері жеті қыздың елесі Бақыт тауын қорғап жүреді — міс. Бақыт тауының тұсынан тіпті аң да, құс тасирек кездеседі.

Жүрегі алып ұшып жол тосып жүргені көрініп-ақтұр. Есіл- дерті қолындағы сағатына мың сан қарап қойып, әндетіп теалады.

Ауылдың шеті биіктігі 300 метрдей тау таудың етегі сары шеге құм мен шиыршық майда тас, оң жақ — тоғай, сол жақ — Күйік көпір. Қасиетті жер, Бақыт тауы және жеті пері қыздың басы, ауылдың іргесі.

Асыл үнемі күліп жарқылдап жүргені ұнайды. Қабағы түйілгенін көрмедім.

Төбеге шығып, төңірекке көз тастаңыз.

Анау ағыны қатты – жынды су. Су арнасына сыймай жан-жағын шайпап өтеді. Жолындағы сексеуіл мен жыңғылды тамырымен қопарып алып, ағыны қатты су доптай домалатып келеді. Жертөле су астында қалып, қора- кепшік малымен ағызып, елді әуре сарсаңға салып, талай қақсатқан.Адам да, мал да кетті. Көнеден Жынды су арнасына сыймай, бұрқырап тасып жатады екен.Қанжап, Қызкеткен, Күйік көпір аталуының өзі жойқын күштің иесі екендігінен дәлел беретіндей. Биіктігі 300 метрдей сырлы тау- Бақыт тауы. Бақыт тауының іргесінен шойын жол өтеді. Ауылдың күнкөріс көзі- станция. Шойын жол бойында- қызу тірлік. Төбеге шық, айналаға көз таста. Ирелеңдеп жатқан- шойын жол. Анаужолдағы шұбырып жүргендер- бота- тұяғымен біздің ауылдың адамдары. Бала арбасының ішінде- бәрі бар. Я алла деп арбаны толтырып шығып, кеш бата арбасын сүйреп, өзі де әрең дегенде сүйретіліп үй- үйінеқайтады. Осы қатындар кімі көжесін, кімі мантысын қай уақытта пісіріп- түсіріп үлгеретінін ит білсін. Күндегі тірлік- осы. Біздің ауылдың адамдары ұйқыны ұмытқанымен, көпке мазақ болған, гербі бар жемпірінің түсі өзгергенімен, жаңарғаны шамалы. Еркекті табыс табуға жаратты деген сөздің астары тереңде ғой. Мың қатын арбаны сүйрегенімен не арбасы, не лыпасы өзгермеді.

Көк шай сатқан — бала, шекілдеуік сататын — әже, тары сататын — көрші. Төбеге шығып алып, Мосфильм көргендей боламын.

Асыл да, мен де  төбеге жиі шығамыз. Мен далаға қараймын, Асыл пойызға қарап телміріп қаламыз.

Жаздың шуақты күні бізде өртеніп, қайнайды. майлы, бор топырақ ериді, сәскеде жүрек қысып, ыстық бетті күйдіреді.

Біздіңауылдан ақ- сарыны саусақпен санап аласың. Күн астында жүріп, ажарын ұрлатып алған көбі.

Жусан бітік өсіп, иісі мұрынды жарып тұр. Жусанның иісін-ай. Пойыз жар салып айқайға салып келеді. Күндегі уақытта Асыл да төбеге шығыпты. Асылды төбеде көргеніме қуанып, қайта туғандай болып отырмын. Ұзағымен жарты сағатм- ығы-жығы, ерсілі-қарсылы жүрген адамдар.

Тракторшының баласы Омар Ташкентте оқуда. Асыл Омарды күтіп жүр-ау осы.

Асыл кештетіп келеді. Мен де келемін.

Жел күшейіп, борпылдақ топырақ ұшып, айнала аппақ шаң. Асыл мазасы қашып, көйлегінің етегімен ойнаған желге ашуланғандай. Үйге жеткенше асығып келеміз. Күнде бір елі қалмай жанында еріп жүрген маған бір бұрылып қарамайды ғой. Өзімен өзі.

Өмірбек пен Омарды екеуін де жынды суға салып жіберсең ғой.

Асыл — пысық қыз. Тірлігін ерте бітіреді. Ісі тындырулы.

Асылдың үйі — кәрі нағашымның үйі.

Қызғанышым ішке толып кеткендіктен бе? Асылмен бірге нағашымның үйіне бардым. Өмір бойы көлеңкесі болып, күн сәулесінен қорғап жүрсем ғой. Шойын жол бойындағы қара қатындардай болғанын қаламаймын ғой.

Асыл төргі бөлмедегі кереуетке қисая құлады. Сығылап қарап қоямын.

Ажар жеңешенің қою күрең шайы бұйырып, сары май мен бөлке нанға тойып алдым. Асыл орнынан қозғалмады. Шіркін, бәріміз бірге отырып шай ішкенде ғой.

Бәрі бір-бір жастықты құшақтап алған ағалардың қасында емін-еркін дәу бала болғандығымды сезіп, мен де бір жастықты иемдендім.

Түн есігін ашқанда, мен де үйге келіп, Асылды ойлап ұйқыға кеттім

Түн тыныштығының іргесі сөгіліп, тұс-тұстан, бөлшек-бөлшекті қуалай шұғылалы жарық түсіп, аз-маздан сай-салаға да жарық көзі шашырап түсіп еніп жатты.

Тыныштық пен жалғыздықты серік еткен түн ұрын келген күйеудей кетіп барады. Жаратушының құдіреті шексіз ғой, жарқ етіп, тірлік ұйқысынан оянып, жер керіліп сілкініп жатты.

Ажарлы жүзі бөртік басқан бидайдың піскен масағы жарық түскенде ұялыңқырап, әрең бойын тіктеді.

Алтын түс көзді қамастырып барады. Жұпар иіс, сиқырлы иіс тарап барады. Оянған орман құстары сап түзей шеңбер бойлай билеп, масайып қалғандай қанаттарын көкке сермеп қояды.

Асыл шошып түсті. Кереуерт сықыр етті. Асыл жалғыздықтан қашқандай үйден атқып шықты. Оңаша қалуды құмсайтын. Қалың ойдың жетегінде жүр.

Омар- студент. Әкесі — тракторшы, анасы — сауыншы. Қарапайым еңбектің адамдары. Анасы Қаламқас, кірпияз жан. Таң алагеуімнен фермаға барады. Шелегі де, халаты да, өзі де таза. Сөзі жоқ, даусы шықпайды. Шешесінің көзінің ағы мен қарасы, бар үміті. Омар — көңілді, еңбекқор бала.

Қаламқастың тілегі:

– Я, Алла баламның жамандығын көрсетпе. Адал болғай. Келін адал болсын. Іштей сансыз қайталап, фермаға қалай жеткенін білмей қалды.

Ана ғой баласын ойлап, қызу еңбекке деараласып кеткенін байқамай қалды.

Ауылдың екінші бір шетінде Асыл қызда Омарды ойлап, амандығын Алладан сұрап тұр.

Бірі кексе тартқан — әйел, екіншісі — құлпырған қызғалдақтай талдырмаш қыз — Асыл еді.

Адалдығы, еңбекқорлығы көрініп тұрған Омарды екі әйел ғана емес, тегіс ауыл сағынған екен.

Араға күн салып, ысқырып жеткен пойыз — Омар мен бір топ жасты ала келді

Айға жуық ауылды шаңдатып жүрді. Иә, ауылға жаңа леп кіргендей болды.

Гитара мен домбыра үніне бүкіл ауыл мас болды.

Шеттерінен бәрі де өнерлі балалар екен.

Күндіз құс фермасында еңбек етіп, ауыл тірлігін ауыл адамдарымен бірге сүрді. Өздері еңбектен қашпайтын, еңбекке піскен екен.

Жарқылдап тұрған жалынды оты бар балалар, жұрттың бәрін сүйсіндірді.

Таң атқаннан тірлігі басталып, ымырт түссе сылқия құлайтын колхозшылар мен арба сүйреген саудагерлер, жастардың әнін тыңдап түн ауғанша кірпікқақпайтын болып алды.

Ертең де тірлік бар демей, жастармен бірге болды.

Ала жаздың кеші көңілді өтіп жатты.

Бір елі жанынан қалмайтын сыңары — менмін. Асыл көз қиығын салмайды десем, мұным қате екен.

Кәрі нағашымның үйіне қарай жиі барамын. Асылды көргеніме, дауысын естігеніме қуанамын, шаттанамын.

Асылдың раушан гүлдері бар, ақ теректей жайқалып өсіп тұрған. Таң атты дегенен гүлдің жанынан табасың.

Тоқта, тоқта, кім бар жанында. Дауыс ап-анық естіліп тұр. Асыл мен раушан гүлдер, басқа пенде жоқ. Әй, сонда гүлмен әңгімелесіп жүр ме?

Омар, көпке ұқсамайды ғой, білемісің.

Сездім. Іште бұлқынып жатқан сезімді тұншықтырып өлтіргім келді. Бар махаббатымды оқуға, жұмысқа төгу керек деп те шештім. Қалай сөндірейін. Қызыл отқа түскендей көңіл жанып тұр. Көңіл Омарды күнде сұрайтындай. Білгім келеді. Көргім келеді. Ал, мендегі күй саған таныс па? Дос таппадым, айтатын. Таң атып, сендерге келемін. Түрі жақсыдан түңілме дегендей, сондай сұлулық иесі болғандықтан, сендерге айтайын. Тілі жоқ достарым-ай. Мендегі күй таныс па еді, сендерге. Күшім жоқ. Омар ортада жарқырап тұр. Омар маған ұнайды.

Құдай-ай, Омар маған ұнайды дей ме? Мен мектепті бітіргенше, ғашық болмай, оқуыңды оқып жүрмеймісің?

Жанына барып, айтқым бәрін ақтарып алғым келіп-ақ тұр. Анау сүмірейген Өмірбек сияқты менің де жағым қарысты. Аяқта діріл бар. Көзіме жас толып кетті.

Екі күннің бірі — жаңбыр. Кеш түсті дегенше көкте бұйра бас бұлттар қаптап, күннің жылауық баласындай бұртиып алып, қабағы жиырылып қалады.

Күннің батқанын тамашалап отыратын Асылдың көңіл-күйі болмады. Күліп жүретін Асыл тұнжырап тұр.

Асыл құлпырып тұрған тау қызғалдағындай. Дауысы да, жүрегі де сондай нәзік.

Иә, бір жеті төккен еңбек зая кетті, десеңші.

Нөсер бар егінді шайып кетеді-ау, осы.

Иә, біздің ауылдың адамдары да, ауылдың табиғаты да бөлектеу.

Ой мен ұсақ шоқылардың арасы бес шақырымдай жер болғанымен, екі түрлі әлем.

Ауылдың төменгі тұсы-жасыл желек, ал шоқыға қарай көтерілсеңіз ғажап — ақ құм. Асыл мен кәрі әжесі екеуі жазда ақ құмнан шықпайды. Алты ай қыстағы суықты алады деп, мосы мен күректі алып ақ құмға кетеді. Әрине, құмға түскен адамға ерекше күтім қажет. Мидай өртеніп тұрған далада екеу. Біреуі — мосы жанында қалған қарауыл, екіншісі — кәрі әже.

Әжесі со жатыста өкінеді, баладай жылап та алады. Тыңдаушысы Асыл. Әжесінің пікірі бес минут сайын өзгеріп тұрады.

Бірер минутта оқу керектігін айтып жатты.

Мен пақыр қуанып тұрдым. Айта түс, тағы айтып-айтып жіберсеңіз, әжетай — деп қуанып тұрсам.

Не дейді? Кәрі кемпір, ә…

– Күйеуге ти. Омар құлдық, жақсы бала, — деп, айқайлап сөйлеп кеткені.

– Әже, таңқаламын. Болмайды ғой, болмады ғой. Әже- ау.

Әжесі ұйықтап қалды ма екен. Әне, аяқты сермеп-сермеп Асыл жүр. Қандай әдемі қыз, ә.

Жылжымалы орындыққа отырды. Орындықты алып, көлеңке іздеді-ау. Орындықты тағы өзгертті. Мен де ыстық құмда ұйықтап кетіппін. Біраз уақыт болыпты.

– Әй, әй, — моспен түртіп тұрған екеу. Қорқып кетіп, қарасам. Кәрі әжей мен Асыл төбемде тұр. Асылдың дауысы қандай әдемі, жағымды. Күліп маған қарағанда жүрегім жарылардай болды.

Асыл қолыма тас шайнек пен мосты берді. Өзі әжесін жетектеп келеді.

Қандай сәт. Асыл жанымда. Біз бірге келеміз.

Біз ауылға жетемін дегенше іңір түсті. Қайнаған күннің қызуы да сөнді. Міне, қызық. Манағы қапырық ыстық көшіп, суық жел жетті.

Күнімен ыстық құмға күйген екеу сыртқа шықпайтыны айдан- анық қой.

Жылжымалы орындықтың үстінде отырмын. Жанымда мосы. Тас шайнек. Үйден Асыл шығып:

Мосты қораға, тас шайнек пен орындықты үйге кіргізбейсің бе — деп, тіл қатуын күттім. Әй, мыналар дүние ғой. Үйден шығып, пысық Асыл түгенде мей ме?

Күн ара келіп, кететін маған сенгені ме екен.

Әй, мен осы үйге күйеу бала болғым келеді-ай. Мені бала ғып алмайсың ба, ей.

Бар даусыммен айқайладым.

Мен де Асыл сияқты іштегі дертімді төккім келді.

Атай жүгіріп шықты.

– Не дейді, әй! Біздің үйдің бір қызының қалың малын әлі төлей алмай кетіп еді. Атаң байғұс. Саған қыз жоқ. Мықты болсаң, атаңның қарызын төлерсің. Соң ойланармыз.

Мәссаған, қолында таяғы.

Ал, зыт енді. Жаның барда. Жүгіріп келем. Шаңды көшіріп келемін. Өкпемді қолыма алып, ұшып келемін.

Асыл, менікі деймін.

Қызық,ертең кәрі нағашыма қалай барамын. Неге айқайладым. жындылық қой мынау. Жынды суды көп ішкеннен жөн сұрама. Балықтың миын жегеннен ақыл сұра деп мақтанатын Мойнақтан келетін нағашым.

Өмірбек ағам бір күнде ауылдан ғайып болды. Кейінірек білсем қалаға оқуға барып талабы келіспей, әскерге кетіпті. Сол кеткеннен хабарсыз. Ал, Омар мен Асыл  екеуі қол ұстасып қаланың қақ ортасынан пәтер жалдап алды. Асыл жоқ, көбіне төбешікте жалғыз өзім отырамын.

 

 

АЙЖАМАЛДЫҢ АҚЫРЫ

Қашан болды, қай күндері? Әйтеуір, белгісіз…

Білтелі шамнің жалыны теңселіп  барып, бір  өшіп жанғандай  болды. Пеш түбінде отырған екеуіміз кітапқа үңіліп  жатқан баланы  түртіп есікті көрсеттік. Кітабын іргеге  қойып, жүргіре басып  жапсырма есікті мықтап ілді. Келін жүгіріп жүріп дастархан жайып,   самаурын шайы мен ыстық тамағы бірге келді.  Реңіміз кіре  бастады. Шәйі жастықты шынтақтап алып әжеміз пеш түбіндегі бізге қарай қисайып жайғасты.  Көзі сығырайып ұйқы қысып  тұрғанымен, жастықтарын құшақтай әңгіме тыңдауға ниет  білдіргені еді басқалары. Адамның шынайы ықыласы мен  махаббаты суықты жеңеді ғой.  «Тыңдайтын құлақ  келді  ғой» дегендей, әжеміз тамағын қырнап әңгіме бастап кетті.

Әжемнің айтуынша, сол жылдары құттақандай ауылдың кіл қыздары ат құлағында ойын салған, ержүрек екен. Ұл ма, қыз ба,  кейде ажыратып та ала алмай қаласың. Бір малды бір өзі жайратып тастап, үйін  де, түзін де дөңгелетіп алған-ақ екен. Тауық жылы. Иә, тауық жылы әр үйде бір-бір моншақты қыз дүниеге келіп:

— Қыз емес, қызыл алтын  ғой, — деп, сүйсініп, қуанып жатты.

Уақыт су сияқты өз арнасымен ағып барады.

Ат құлағында ойын салған ержүрек, ерекше, қырмызыдай қыздар  болды. Ірі қараны бір өзі жайратып тастап, құдыққа түскен тайлақты ала арқаннан ұстап тартып шығарып, жұрт таңдайын  қағып таңырқай қарайтын. Ердің киімін киіп боранда ығып кеткен  бір отар малды іздеп те, кіл қыз атқа  мінген. Аңызтаудың атын шығарып, істері тасқа жазылып жатты.

— Әттең, ұлым  боп неге тумадың? — дей  береді екен қариялар. Әйтеуір, қалың қол көрінгендей  30-40 шақты кіл қыздар атқа қонғалы даңқы түзге жетіп, қай ұры болса да тісі батып, малға түспепті  де ауылдың қозысы үшеу-төртеуден көбейгені болмаса, қорасы ортаймапты. Тыныштықты сүйген әулеттің қарасы аз  болса да, аузы майланып, көңілі жайлы күндер өте бастайды. Қазақтың дауы не қатын-қалашқа, не  жерге барып тіреледі ғой!  Үлкен тыныштық орнағалы малы егізден туған ауыл адамдарының ажары ақсары жүздерінен-ақ қырмызы түске боялған күнге таласып көрінер еді. Ақты сіміріп жұтып, көк көйлекке масайып, мақтаныш ішке сыймай, шаттығын жар салып жария етуге асығып, үлкені-кішісі ат үстінде андағайлағысы келетін.

Қыздарға да құмар жандар қырғидай тиіп, маржандылардың сұрауы шығып, иесі табылып қалар.  «Дандайсыған көкелердің қорасы қотиын қыздардың қолымен тоналар» деп тісі қарайған  ұры-қары да қыздардың көлеңкесіне тимеген көрінеді.

Аз ба, көп пе, білмепті, бұл ауылдың түйілген қыздары атқа қонғанда, алыстан қарағанда қара қою бұлттай көрінер екен.

Қысы ұйтқыған борансыз өтпейтін қатал қыстың бірінде бір отар малдың артынан ерген екі жалшы із-түссіз жоғалып кетіп, ержүрек қыздар түгел атқа қоныпты. Қыздардың ішіндегі көріктісі Айжамал кеше кешкісін көппен бірге атқа қонған еді. Бүгін міне бір тәулік зымырап өтті. Қарасы көрінбеді. Ауылға уайым болды. Ауыл уайымдап, тыныш ұйқы бір жаққа көшті. Бір отар мал, екі жалшы мен өз алдына ойқастап басып кеткен әлгі Айжамалдың хабары шықпады. Аңызтаудың әрбір тасында ешкідей секіріп жүргендер ызадан жарылардай булығып қайтып, ауылға сыймай кетті. Бір ісініп, бір  қайтып ашуын жерге түкіріп алғанымен, не Айжамалдан қырт еткен хабар ала алмай, не екеудің жағдайын біле алмаған көп тұншығып кетті. Толассыз нөпір төккен нөсер мен быртылдаған бұршаққа ұласып, жол кесіліп, ұзап шыға алмай үйіріліп отыр ожар топ.

Таңсәріде қос құлағы шонтиып, мұрны пүштиіп шалажанды көрінген екі жалшы тентіреп ауылға кіріп келді. Көрмеген қорлығы  қалмаған екі байғұстың тілі де кесілген екен.

— Шомылдырып алып, тамақ-суын беріңдер, — деп үлкен ақсалал белгі берді де, көпті таратуға ым-ишара етті. Неше күнен бергі аттан түспеген, неше бір күнен бері хабар күткен ауыл тегіс жиналған екен.

Ыссы суын алып шомылдыруға кірген  екі-үш  еркек «ойбайды» салып, атып шыққаны. Ұзап кетпеген көп жүрегі жарылардай болып жуындыратын жаққа қарай бұрылып жатты.

— Құдай-ай, Құдай-ай, сұмдық қой мынау!

Жуындырып сауабын алайын дегендер тілін жұтып, жағы жабысып, тілден байланған еді. Басын шайқағанымен, денесі сіресіп қалған үшеуі сұмдықты көргенде көздері тостағанынан атылып шыға жаздаған. Іштен дауыс шыққанымен, іштен шыққан күйі ішке жұтылып, өкпеге салмақ түссе, тарылып шықпай, содан соң дыбысы өшіп, міне үшеуі осылай тілсіз қалған еді.

Неткен жауыздық! Бір астау тамақты жегізіп, ақты ішкізіп, Төмендеу тұсқа үшбұрышты қызған темірді  басып, әбден қорлап тастағаны-ай! Күйіп, үлбіреп, жаны көзіне көрінгенде, манағы іштегі  тамақ асқазанды қопарып түсіп кеткенде, екі байғұс екінші рет талып түседі. Күйген екеудің шықпаған тастай жанын, нөсерлеп тасырлатып төгілген жаңбыр балшықты сонарымен ауылға қарай сүйретіп масқара болған екеуді жетектеп алып келіпті. Суыққа  тоңған құлақтары түсіп қалардай алқызылғылттанып ашып ауыртып, қаушиған денелері күйіп-жанып, икемсіз қатып жатқан сүйір саусақтары тұтқаны әрең итерді. Есінеген есік сықырлай ашылды. Суыққа  тоңған  еке  өздеріме  бірге бір қора аязды  үйіріп әкелгендей, үй іші тым, тым салқындап кетті-ақ! Үйдің  бар  жылуын  қуысқа  қуып  тыққандай. Көргендер түнімен алақсырай ұйықтай алмай дөңбекшіп шығыпты. Екеудің аталас туған жақындары Аңызтаудың ұшар басына шығып, айқайлай-айқайлай көк аспаннан құн талап етіп, есінен айырылғанда кейбіреуі шыңнан құлап кетіп, жан тапсырды. Алапат қан жылатқан оқиғадан соң, таудың өзі теңселіп,  күңіреніп аспан көз жасын төкті. Сел  ақты. Атай иығындағы сеңсең ішігін шешіп, жастықтың үстіне бүктей тастап, өзі жарға сүйеніп еңсесін тіктей отырды. Екі жалшыны шомылдыратын, қорлық көрген денесіне қол тигізіп, жуып алардай жан табылмаған соң, тоқсанның төбесін қасқайып тұрып қарсы алған Жөнеуіт шал суға қолын салды.

Бүгін Жөнеуіт шал көп жасағаны үшін өкінді.

— Көзім шықсын, — деп өлімші болған екеуді жуып болып, өлі адамды жуғандай үзбей суды құйды. Неге бұлай етті екен?.. Адам өмір сүру үшін жейді ғой. Жегенді шығару да  керек. Ішкенін ірің етіп шығарған мына жара қорлықтың жарасы емес, азапты өлімнің де жарасы еді. Қорлықты әбден көріп өлейін деп тұр ғой. Ауыл төңкеріліп барып Аңызтауға сүйенді. Аңызтауға қарай кетіп «жардан құлағандарды алып келеміз!» дегендер іркіліп жатыр.

Жұрт көп өтпей қорлық көрген екеуді, жардан құлаған үшеуді арулап, соңғы сапарға шығарып салады. Түс ауып барады екен-ау!… Кеткендер кешігіп жатыр. Оралар адамдарды емес, бір сұмдықты күткендей сіресіп тұрған көп.

Мұнан соң жалшыларды басқа жақтан іздеп хабарсыз кеткен Айжамал бастатқан төртеудің өлі денесін кейінгі іздеушілер алып келгенде Жөнеуіт шал құлап кетті. Айжамал — немереден тұңғышы еді.

Кәпірлер Айжамалдың қос анарын ойып алып тас үстіне тастапты. Айжамал аман қалғанымен, екі анарсыз әйел болып қалай өмір сүреді? Шамасы құздан құлап өлді-ау, пақыр!

Аңызтаудың екі шыңы Айжамалдың қорлығын таспен суреттеп  тұрғандай.

…Қанша  су ақты… Көз жасын сығып айтқан әжем байғұстың бір әңгімесі еді.

 

 

БИБІРАБАДАН БІР БҰЛАҚ ҚАЛДЫ ЖЫЛАП АЛАТЫН

 

Бүгін əкемнің туған күні.

Ең тəтті шағымыз екен-ау!..

Əкеміз əдемі етіп үлкен үй салды. Үлкен үй. Айнала өзбек, қарақалпағың да қызығып қараушы еді. Ол кезде біз сегізбіз. Таңертеңнен кешке дейін апыр-топыр асыр салып жүгіріп жүреміз. Бар қызығымыз далада. Бақытты балалық шақтың тарқамас тойы.

Құттайымнан еркелетіп Күреңбай дейтін мені. Мен əкемнің қызы едім. Тағы мені «Бибірабаның қызы» дейтін. Бибірабаның қызы болу бүйректей болып бұлтиып өсіп келе жатқан маған оңай болмады.

Бибіраба – Әкемнің алғашқы махаббаты ғой. Қарақалпақ әншісі. Жиі, жиі теледидардан шығып тұрады. Ол кісі теледидардан шыққанда: «Күреңбайды шақыр», – дейтін. Үйдің іші мені іздейді. Əкем екеуміз теледидардың алдына жайғасып алып, әнқұмар əке мен бала боп əн тыңдаймыз. Бибіраба көбіне түрікпен тіліндегі таңдаулы əндерді орындайтын.

Əкемнің əскерде түскен суретіне қарап қоямын.

Əскерден келген кезі ғой деймін. Бибіраба ауыл балаларын менсінбей қарамай қойды. Əйтеуір, бір күні ауыл балаларына шарт қояды. «Кімде-кім күресте мені жеңсе, сонымен сөйлесемін», – дейді. Өйткені, әншілік жолын қуып кетті демесең, өзі де балуан қыз болған екен. Үміттеніп тұрған ойы бар біраз бала, не керек, əкемнен басқасы түгел күресемін деп салы суға кетіп, жауырыны жер иіскеп жатады. Əкемді күресте жеңе алмай, шарт бойынша сөйлеседі.  Көп ұзамай екеуі дос болып кетеді. Екеуі оқуға бірге барып, қайтарда кетіп қалмай, қай бұрын сабақтан шыққаны күтіп отыратын болады. Ел ішінде сыр жата ма, ел құлағы елу ғой, екеуі жайлы түрлі əңгімелер туылып жатты.

Əкемнің Мəтжан деген немерелес ағасы болды. «Аға» деп әр ісін ақылдасып, үйіне жиі барып тұратын. Сол кісіге жақсы көрген қызы жайлы айтып береді. «Саған əртіс қыз емес, əкең мен шешеңе қызмет етіп, ошақ басында отыратын қыз керек, əртісіңді ұмыт», – деп кеңес береді ағасы.

Əкем Бибірабаға емес, Марьямға үйленеді. 1972 жылы шілдеде мен туылдым. Ес білгелі əкем мені Марьямнің емес, Бибірабаның қызы деп, тіпті бəрімізді үйретті-ау! Ал, шешем байғұс бар ашуын менен алатын.

Жексенбіні ұнатпайтынмын. Себебі, анам бұл күні үйдегі менен басқа балалардың қажетті деген заттарын сатып алатын да, көбіне мені ұмытып кетеді. Əкеме естірте: – «Ойбуу, Бибірабаның қызы қалып қойды-ау!», – деп өп-өтірік қиналған болатын.

Қиналған сәттерімде əкем үнемі ақшаны бəрінен жасырып беретін.
Біздің үйде азын-аулақ ұсақ мал болып, ал қора жанында үлкен шелектер тұратын. Əне сол ең ауыр жұмыс – осы үлкен шелектермен су тасу. Шешем байғұс ашуланғанда мені алдымен жұмсайтын:

– Бибірабаның қызы су тасы!

Ақмаржан әпекем өте пысық, кейде бүлінген нəрсені маған ысырып салады да, су тасығанда ыңғайлысын өзі алып, үлкен шелектер де маған қалатын.

Бірде көрші балықшы Назар ағай той бергенде, тойға әнші Бибіраба келіп:

– Сексенді шақыр, жанымда отырсын, – депті.

Біздің ауылдың адамдары ақ көңіл, қарапайым жандар, ауызын ашса жүрегін емес, ішектерін де түгендеп шығасың. Бір сөзін түсірмей, жоғалтпай бар даусымен əкеме жеткізеді. Əкем бір киер көгілдір костюмін киіп, солай қарай шығып кетеді. Əкемді қойшы, Бибірабаны менің де көргім келді, сыртынан сығалап терезенің алдына қалай барып қалғанымды өзім де аңғармай қалдым.

Бибіраба əн салып тұр, əкем жанында қайқайып отыр. Үйге жүгіріп келдім де, бар ойым қора жанындағы үлкен шелектердің әуресінен құтылу болды да, білдірмей жатып қалдым.

Əкем ертесіне жұмысқа бармады. Тапшанға шығып алды да, сол жатқаннан кешке шейін жатты. Шешем мені аясын ба? Əкеме қарап қоямын, арасында «Күреңбайға жұмыс бере берме шаршатып», – деп араша түсер ме деймін. Бүгін тым-тырыс. Арашаға да түспейді. Шешемнің дауылы ұзағымен үш күнге жетті. Содан соң баяғы толқуы қайтқан күйкі тірлік жалғасын тауып жатты.

1995 жылы күзде сырқаты асқынып, əкеміз дүниеден озды. Сегіз баламен шешем байғұс жылап қала берді. Міне, 1995 жылы мен Марьямның қызы болып қайтадан тудым деп ойлаймын. «Бибірабаның қызы» деп айту тыйыла бастады.
Бүгін шешем қоңырау соқты:

– Бибірабаның қызы, бүгін əкеңнің туған күні.
Əкемнің арамыздан кеткеніне 23 жыл болса да, əкемнің қаулысына қарсы шықпай айтып тұрғаны. Əкем өмір бойы Бибірабаны тыңдайтын, ал бүгін шешем тыңдап отыр. Телефон тұтқасы ары жағынан Бибірабаның орындауындағы «Нәзлини» деген түрікпен әні естіледі:

Сұлулық көрдім күрд қызынан,

Нәзіктігін, нәзіктігін-ай!

Сол  марал  ақылымды алды да кетті-ай,

Ләйлә қиырдағы гүл ішіне-ай,

Жүрегімді алды да жетті-ай!

Өтті-ай!.. Өтті-ай!..

 

 

АРМАНЫН АДАСЫП ТАПҚАН АҒАМ

 

Сабырлы отырысына қарап ернін сүйірлеп алға созып:

– Темір қатын екен, — деді көрші Жамал.– жарылмай отырысын қарашы!– деп сынай қарап, таңданысын жасырмады.

Ол темір әйелдің емшегі сорғалап көкірегін жуды. «Аш қалдың ғой» деді ме, емшегін сауып, топыраққа шашты зәмзәмін. Өксіп, бар даусымен айқайлап жылап та алды. Біраз отырды. Иә, төмпешік жетеу болыпты. Жеті ұлды жер астына беріпті. Сәуірде жаңбыр шелектеп құйып тұр. Екі төмпешік тегістеліп қалыпты. Ана көз жасын көлдетіп отырып, төмпешікті қайта томпайтты. Көңілі тынышталған соң, орнынан сүйретіліп тұрып жолға түсті.

Қабір басында жылап отырған мұңды келіншек шынымен темір әйелге айналғандай үйге келген соң үйдің шаруасын дөңгелетіп шаруақор, пысық өміріне қайта кірді. Біреуді жыр қып айтып, біреуді көкке көтермейді де, табаламайды. Шыбын жанын шуылдатып, өзекті қақ айырған бала өлімі – көзге көрінген күйік.

Ақыры, көрші совхоздағы жеңгесі Ырыстың үйіне қарай жолға шықты. Энгельске қарай трактор жүрсе жолыңның болғаны. Айналаны көк бұлтқа жетелеген ала шаң көрінгенде Нағи шынымен қуанып кетті. Тракторшы айқайға салып, төңіректі сілкіп келеді. Тракторшы қол көтерген оған тоқтап:

– Энгельс болса, мін, – деді.

Нағидың көзіне үйіріліп жас келді. Тірі болса тұңғышы тракторшыдай жүрер еді-ау алдыңғы айнасы күнге жарқылдап.

– Апа, он жыл демей-ақ қойдым, ел жаңаланатындай елу жыл дейінші, майжол түсер ме екен иә, апа?

– Қайдам. Біз жетпегенге сендер жетіңдер, айналайын балам, — деді көздегі жасын сүртіп.

– «Балам» дедіңіз бе?,– деді қуанып. –Менің ата-анам жоқ. Жетімдер үйінде өстім. Маған ана болшы, апа! –деді жалынышты үнмен. – Үкімет үй берді. Сыныптағы Жанарға үйленіп совхозға келдім. Бір ұлым бар. Той бергім келеді. Төрімде апам болып отырыңыз. Жақында той береміз, бұйырса. Қоныс той, бесік той, неке тойы… Бәрін бір той қылып қосамыз.

Нағи тракторшы баланы бауырына басып, түсерінде:

– Апаң болайын. Тойыңа шақыр бізді, –деп жылап қоштасты.

Жеңгесі Ырыстың үйінің алдына Нағиды түсіріп жатып:

– Шай ішіп болып шығасыз ғой, апа! Мен орталықты айналып келейін. Өзім алып кетем. Жолға шықпай күтіп отырыңыз, апа, – деді көңілі толқып.

– Айналайын, жұмысыңнан қалма. Біз ұзақ сапарға шығамыз. Бірер күн осындамын. Жолың түссе шай ішіп кет. Аға-жеңгемнің үйі. Келіп тұрғайсың, –деп маңдайынан иіскеді.

Тракторшы бір қап алтын тапқандай қуанышы қойнына сыймай тұр еді.

 

***

Жеңгесі екеуі шүкірін айтып, әулие аралау үшін ұзақ жолға шықты.

Кетпеші баба, Кешірмес ата, Сұлтан Уәйіс баба, Дәуіт ата, Пайғамбар қыз, Жүсіп ишанның басына түнеп, көңілі тынышталып үйге келді. Қазақтан шыққан Дәуіт атаның басына түнеп жатып түс көргенін қайыра есіне алды.

– Бір ұлды бердім, сен мейір төк. Қабың бос болмайды, — деді ақ киімді шал. Жұрт бұ жазғанның бала көтергенінен қорқайын деді. «Тағы да шетінеп кете ме бала тоқтамайтын бақытсызға?» деп налығандар болды. Өмірбай дүниеге келіп, тентек бала ауылды трактордың шуылындай шуылдатты. Тентек Өмірбай орыс мектебіне барады. Сыныптың тоз-тозын шығаратын 16 ұл әрең дегенде мектепті бітіріп тарады. Мектеп те бір тынышталды-ау! 16 ұлдың ішіндегі басы осы – Өмірбай болды. Өмірбай 7 классты әрең аяқтап, орталықтағы кәсіптік техникумға оқуға түсті.

Бозала таңнан Өмірбай әндетіп, ауылды тәтті ұйқысынан бозторғайша оятатын. Қыбырлап жүрген қырдағы сары үстірттің иесіндей болған құмырсқадай құжынаған көптің тірлігі таңнан басталып, кешке дейін қара қазаны оттан түспей, сығаны бар, ұрысы бар, базары да қосыла қайнайтын.

Нағидың мұрындық баласы баяғыдағы «маған ана болшы, апа!» дейтін тракторшы Арыстан жиі келеді. Кейде сенбі мен жексенбі күндері бала-шағасымен келіп қонақтап жатады. Нағи жоғалтқан 7 ұлын жоқтап жүргенде Алланың жіберген жұбанышы деп қабылдаған еді осы Арыстанды. Екі-үш күн көрінбесе іздеп жолға шығады. Араға жыл салып дүние есігін ашқан Өмірбайдың қылығы мен бұзықтығы бәрінен асып түсті. Нағи сабырлы, шыдамды болғанымен:

– Ой, қитұрқы, барыңнан жоғың, – деп тілі тиіп кететін байқамай. Осындай күйіп-піскен сәттерінде Арыстанның үйіне баратын.
Бір күні Арыстан ағасы «шешем мен әкем тыныш отырсын» деп Өмірбайды Энгельске қыз көрелік деп алып кетіп, жұмысқа салды. Алты айдың ішінде тракторды тәп-тәуір меңгеріп шыға келді. Көзді ашып-жұмғанша өте шығады екен уақыт. Ауылды шаңдатып келе жататын тракторшы Өмірбай қатарға қосылды.

Арыстаннан құтылғысы келіп үстіртке сапарға баруға жазылды. Өмірбайдың қияңқы қылығына қанық болғанымен, бұған Арыстан қарсылығын білдірмеді. «Сыртқа да шығып көрсін!» деп өз-өзін жұбатып қойды.

Ештеңесін бөлісуге көзі қимайтын Өмірбай, Арыстан ағасын көрген сайын ызаланатын. Амалы жоқ іштей тынып өсті.

– Жүрегі жоқ, қатты ғой ,– дейтін Нағи шеше.
Үстірт сапарына 10 шопыр баратын болды. Мына босмойын қызыл тракторды айдап үйреніп алғаны – Арыстаннан құтылдым дегені. Арыстан ағасынан ұзақтау жүру үшін ыждағаттылықпен меңгеріп алды. Шопыр таңдап жатқандар, бұл емтиханнан 5 бағасын алып өткенде көбі сенбей де қалды. Арыстан ағасы да таңғалып басын қасумен болды.

– Бүлдіргіні түзу жолға салсаң, тік жатқан жолыңды қопаратындай бәле ғой! – деп бас шайқасты жиналғандар.

Үстірт – биік жер. Ми қайнаған ыстық. Жанып тұрған күнде көлік жүргізу оңай шаруа емес. Жоспарды орындап, қолға ақша да түсті. Ұйқысы аз, ширақ Өмірбай КамАЗ жүргізуді де меңгерді. Үстірттегі шопырлар ащы судан ұртап алып, Үстірт жайлы әңгіме айтты. Ащы суды бұрын-соңды ішіп көрмеген Өмірбай әңгімені аузы ашылып тыңдап отыр. Шопырлар ақ құмның үстіне брезент төсеп жата кетті.

– Үстірттің бір ханшасын Қоңырат қаласына қарай алып қашу керек. Дұрысы сол. Үстірттің ханшасына үйленсем, Арыстанның лаңынан біржола құтылам ғой. Таң атпай-ақ жолға шықсам ба? Ақылы бар ғой, алдымен көліктің майын тексеріп алайын. Артық тағы бір бөтелке май алып, көлікті оталдырып, «қайдасың үстірттің ханшасы?» деп үлкен жолға түссем бе?

Шопырлардың әңгімесіндегі «Үстірт ханшасы» қай ғасырда өмір сүрді? Ащы суға алғаш тойған Өмірбай оның ескілікті әңгіме екенін қайдан білсін?! Жол ұзақ. Қаншама шақырым жүруі керек. Қай бағытта келеді? Мұны аңғарып келе жатқан жоқ. Періштесі қағып, сүйемелдеп аман-сау көлікті басқарып келеді.

Таңертең шопырлар оянса Өмірбай мен КамАЗ жоқ. Не істерін білмей кепкаларын шешкен күйі сығымдап шопырлар тұр. Бригадир Амал ағай қатты қиналды. Арыстан қайта-қайта ескертіп еді оның бұзақылығын.

– Амал аға, Өмірбай менен қашып сіздерге барды. Небір сорақы қылықтарын білемін. Ініме көз қырын салып жүріңіз, аға,– деп жалынғандай болған көзі кіртиіп. «Арыстанның алдында ұятты болдым-ау!» деп өзін қоярға жер таппай тұр. Тоғыз шопыр толғанып не істерін білмей теңселіп қалды. «Арақ іштік, Өмірбайды білмейміз» деп қалай айтады.

Өмірбай жолды шаңғытып, бір тоқтамай шайтан қуғандай ызғытып келеді. Көліктің іші әбден ысып, сырты күйіп, өзі сары бала әбден қызара бөрітіп алған. Түн бата қараңғылық түсіп келе жатқанда, КамАЗ ақырындап барып бір үңгірге кіріп бара жатқанда шыққан ысылдаған қалың дыбыс Өмірбайдың көзін ашты. Зәресі қашып, көзі шарасынан шықты. Қол-аяғы қалтырап шүберек іздеді. Терезенің кішкентай тесігінен естілетін ысылдаған дыбыстан бүкіл денесі қалшылдап, аяқ астынан тоңып кетті. Тізгін тепкіден аяғын ала алмай құлағы шуылдап сала бергені-ай! Қолындағы шүберекпен тер басқан бетін сүртіп, шүберекті аяқ астына тастай салды. «Мынадай үңгірге қалай кіріп кеттім?» деп аяққа бар күшін салып, артқа қарай басты. Қалай да шегініп шығуы керек. КамАЗды артқа басып жатқанда көк алмадай көкшіл көздері шарасынан шығып кете жаздап тұрды. Улы жылан ұялаған үңгірден әупірімдеп аман шыққан соң газды басып жолға түсіп алды. Арадан 5-6 сағаттай уақыт өткенде, суы жылтырап канал көрінді. Каналдың жағасына барып тоқтады да көлігіне қараған. Өз көзіне өзі сенбей сілейіп тұр. Көліктің терезесіне қан қатып қалған ғой. Бұл қалай? Әлгі үңгірдегі жыландардың шоғырын байқаусызда жаншып, сүзіп, езіп өткеннен қалған қан екен ғой. Терезе қызыл түске боялыпты. Бұған дейін мұндай қоқыныш сезімі кеудесінде болмаған ол көліктің терезесіне қатқан қанды көріп талып қала жаздағаны. Үстіндегі жейдесін шешіп, терезеден жол көретіндей етіп алақандай жерін әрең сүртті. Шөл қысып тұрғанымен, алдындағы канал суын ішуге жеркенді. Сумен бірге жыланды жұтып қоятындай күйде болды. Қанға боялған алдыңғы терезені сүртіп, бастықтың кеңсесіндегі Сталиннің портерті сияқты өзінің басы көрінетіндей жерді ыбылжып екі сағатта әрең тазалады.

– Лабақ атам, мен Қожіректің тұқымы. Лабақ атам жатқан жер. Лабақ ата, Дәуіт ата мені қолдаңыздар. Мен үстірттемін, жол көрсет! — деп өкіріп, айқайлап жылап алды. Көз байлана бастады. Сонда да көлікті айдалаға тоқтатуға болмайды. Түндегі жыландар іздеп тауып алатындай қалшылдап қояды. Түн ішінде маңыраған қой-ешкінің даусы құлаққа жеткенде Өмірбай «ауылға келіп қалдым ба?» деп ойлады. Өз ауылы ұзақта қалған болатын. Бұл мүмкін басқа ауыл шығар? КамАЗ ауылдың шеткі үйнің қорасының ішіне кіріп кетіп тоқтады.

– Уақсыз уақытта тап болған жайсыз жолаушы болды-ау!– деп, көліктің жанына қаумалап ауыл адамдары да жетті. Соғыстан қайтқан үлкендер Өмірбайды көліктен түсіріп алды. Бала-шаға таңырқай қарағынымен, үлкендер «тараңдар!» деп 19 жасар жас жігітті аялай жетектеп, сүйеп үйге кіргізді.

– Келін, сұйық тамақ әкел!

– Ата, қуырдақ бар ғой.

– Жоқ, тек сұйық әкел. Аз-аздан ішеді, балам.

Келін бір тостаған сорпа әкеліп еді, жұтып алды. Ыдысты келінге берді. Екінші тостаған сорпаны әкелді. Кесені босатып келінге тағы қайтарды. Үшінші кесені тағы ұсынды. Төртінші кесені ұсынғанда ата келінге қарап басын шайқады.

– Әкелме, қарағым. Болды.

Бір тізерлеп қыз көруге келген күйеу баладай томпиып отыр. Ұйқы қысып барады-ау! Жұмылып бара жатқан көзін ашуға тырысып бағады.

– Ұйықта, қорықпа! Өзім күзетіп жаныңда отырамын.

Атаға қарап қояды.

–Ұйықта өзім жаныңда боламын.

– Жыландар келсе, бермейсіз бе?

– Жоқ,бермеймін. Ал сен ұйықта, балам!

«Жолда жыбырдақтан шошынып қалған бала болды ғой» деді атасы келініне. Өмірбай ұйқыға кеткелі екі күн өтті. Атай келіп тамырын ұстайды. Жанында отырады. Баласына қарағандай қарады. Бір ай дегенде Өмірбай өзіне келе бастады. Атаның немере қызы да Өмірбайға қарады. Ата алғашқы күннің өзінде-ақ азаматтарды жинап алып, көлікті жақсылап жуып қойған екен.

–Қоңырат жақтың баласымын, – дегенде, – Бір өлкеден екінші бір аймаққа өтіпсің-ау! –деп бір күліп алды.

– Немере қызымды берейін. Бізге де осындай дәу көлік жүргізетін шопыр керек. Сен осы Ақжігітте қал, айналайын! Айналаң ат шаптырым, көсіліп жатқан ауыл, –дегенде Өмірбай іздеген арманына тіке келіп жеткендей толқып кетті. Қоңыраттағы Арыстаннан өзін құтқарып қалған ауылда қалса несі бар?!. Жақсы емес пе? Бірақ, жүрегі Бейнеуден ауылға тартты. Енді көлікке жақындай бергенде көзі үйренген сұлу, сымбатты Сырға жетіп келіп:

– Мен сені жақсы көріп бара жатырмын, –деп мойнына асыла кетті.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *