ӨНЕР МЕН МӘДЕНИЕТТІҢ ДАМУЫ — ҰЛТТЫҚ ӨРЛЕУДІҢ КЕПІЛІ

МАЙРА-сайт сурет

Майра АЛДАБЕРГЕНОВА

 

Өнер – халықтың жаны. Әдебиет – халықтың ойы. Мәдениет – халықтың келбеті. Шығармашылық – халықтың болашаққа қарай құлаш сермейтін қанаты. Адамзат тарихында ұлттың құлдырауы да, қайта өркендеуі де алдымен осы рухани әлемге тікелей қатысты болған. Өйткені, өнері өшкен халықтың рухы да сөніп, әдебиеті әлсіреген елдің тілі де тозады, мәдениеті жадағай тартқан жұрттың болмысы да жұтаңдайды. Өнер – халықтың жан дүниесін бейнелейтін, оның ішкі рухын танытатын күш. Сахна өнері, сурет, мүсін, кино, әдебиет арқылы ұлт өзін әлемге таныта алады. Мәселен, қазақтың күй өнері, айтысы – әлемге үлгі боларлық рухани байлық. Дәстүрлі ән мен жыр, домбыра мен қобыздың сарыны халықтың жан тебіренісін, жүрек үнін жеткізеді. Қазақтың театр, кино өнері де уақыт талабына сай дамып келеді.

Мәдениет адамның өмір сүру салтымен, оның ойлау қабілетімен, қоғамға деген қатынасымен өлшенеді. Бүгінгі таңда мәдениет саласы тек шығармашылықпен ғана емес, сонымен қатар ұлттың тәрбиелік, рухани, әлеуметтік дамуымен де тығыз байланысты. Мәдениетті адам – жауапкершілігі жоғары, саналы, парасатты тұлға.

Ал шығармашылықтан кенже қалған қоғам дамудан қалады. Сондықтан қай кезеңде де өнер мен әдебиетті, мәдениет пен шығармашылықты дамыту – ұлттың мәңгілік тақырыбы.

Қазақ халқының тарихына көз жүгіртсек, біз ешқашан өнерсіз болмаған елміз. Ән мен күй – біздің ата-бабамыздың серігі, айтыс – елдің ой мен сөздің биігіндегі жарысы, жыр-дастан – халықтың жүрегінен шыққан тарихы. Домбыра шанағынан төгілген күйді тыңдаған халық жүрегіндегі шерін тарқатты, жыраулар толғаған сөзді естіген ел болашағына бағдар алды. Сөйтіп, өнер ұрпаққа тәрбие берді, халыққа дем берді, елді бірлікке шақырды.

Әдебиетіміз де – халқымыздың жан дүниесінің айнасы. Жыраулар поэзиясы елдің еркіндік аңсаған арманын жырласа, Абай мен Шәкәрім адамзаттың рухани кемелдігіне шақырды. Мағжан жүрекке үміт сәулесін құйса, Мұхтар Әуезов халықтың тағдырын әлемдік деңгейде танытты. Әдебиет арқылы біз өткенімізді ұғындық, болашағымызға жол іздедік. Қазақ үшін әдебиет – тек сөз өнері емес, ол – өмірдің мәнін іздейтін үлкен мектеп.

Ал мәдениет – халықтың өркениеттегі өз орнын айқындайтын өлшем. Мәдениет тек театр, музей немесе кітапхана аясымен шектелмейді. Ол – халықтың сөйлеу әдебі, бір-бірімен қарым-қатынасы, тұрмысы, киімі, тағамы, салт-дәстүрі, дүниетанымы. Қазақтың қонақжайлығы, үлкенді сыйлауы, табиғатты құрметтеуі – бәрі де мәдениеттің айғағы. Мәдениеті жоқ халықтың өркениетке ұмтылуы бос қиял ғана.

Ал шығармашылық – осының бәрін қозғап отыратын тылсым күш. Шығармашылық болмаса, өнер қайталануға айналар еді, әдебиет тоқырап қалар еді, мәдениет қатып-семіп қалар еді. Шығармашылық дегеніміз – ізденіс, тың ой, жаңа көзқарас. Әр дәуірдің ұлы тұлғалары халыққа тың шығармашылық идея әкеліп, жаңа серпін берді. Яссауидің хикметтері – рухани шығармашылықтың, Абайдың қара сөздері – философиялық шығармашылықтың, Әуезовтің «Абай жолы» – әдеби шығармашылықтың, Құрманғазының күйлері – музыкалық шығармашылықтың биік үлгілері.

Тәуелсіздік алғаннан кейін қазақ халқы рухани даму жолында жаңа мүмкіндіктерге ие болды. Театрлар ашылды, жаңа кітапханалар бой көтерді, әдеби байқаулар ұйымдастырылды, жас қаламгерлерге қолдау көрсетілді.   Бірақ бұл жеткілікті ме? Жоқ. Өйткені бүгінгі жаһандану дәуірінде өнер мен әдебиет, мәдениет пен шығармашылық бұрынғыдан да көбірек қолдау күтеді.   Интернет дәуірінде жастардың кітап оқуға қызығушылығы төмендеп, ұлттық өнерден алыстап бара жатқаны жасырын емес. Бұған қарсы тұратын күш – қайтадан әдебиетті, өнерді, мәдениетті жастардың жүрегіне жеткізу.

Мысалы, мектеп оқушыларына тек оқулықтағы үзінділерді ғана емес, қазіргі қазақ қаламгерлерінің жаңа шығармаларын жүйелі түрде оқыту қажет. Жастар театрға, музейге баруға міндетті емес, оларды қызықтыра білу қажет. Ол үшін театр сахнасын заманауи режиссурамен, музей экспозициясын мультимедиялық технологиялармен байыту керек. Жастарды өнерге тарту үшін әлеуметтік желі мүмкіндігін дұрыс пайдалануымыз керек. Қазіргі таңда TikTok пен Instagram сияқты платформаларда шетелдік мәдениет үстемдік құрып тұр. Ендеше біз өз өнерімізді, өз әдебиетімізді, өз мәдениетімізді сол алаңдарда насихаттай білуіміз қажет. Қазіргі заманда цифрлық технологиялар мәдениетті насихаттаудың жаңа мүмкіндіктерін ұсынуда. Онлайн театр, цифрлы мұражайлар, электронды кітапхана – мәдениеттің қолжетімділігін арттырып отыр. Бұл – әсіресе жастар үшін өте тиімді жол. Мәдениет саласын цифрландыру – ұлттық болмысты кеңінен таратуға, заман талабына бейімдеуге сеп.

Әдебиет пен өнерді дамыту үшін ең алдымен шығармашылық адамдарға қолдау қажет. Ақын-жазушылардың, суретшілердің, музыканттардың, режиссерлердің еңбегі бағаланған ел ғана биікке көтеріледі. Бізде әлі күнге дейін өнер адамының тұрмыстық жағдайы әлсіз. Бұл – шешімін күткен мәселе. Мемлекет тарапынан арнайы гранттар, шығармашылық үйлер, халықаралық байланыс жолдары кеңірек ашылса, қазақ өнерінің де әлемге танылуы арта түседі.

Тағы бір маңызды мәселе – ұлттық мұраны сақтау. Біз көбіне жаңаға ұмтыламыз да, көненің қадірін ұмытып кетеміз. Ал өткенін қадірлемеген халық болашағын да құнсыздандырады. Ұлттық мәдениетіміздің алтын діңгегі – домбыра мен қобыз, айтыс пен жыр, салт-дәстүр мен қолөнер. Оларды заманға лайықтап қайта жаңғыртсақ, жас ұрпақтың бойына ұлттық рухты сіңірсек – болашағымыз баянды болады.

Шығармашылықты дамыту – тек өнер саласында емес, барлық салада қажет. Жаңа ой мен идеясыз ғылым да ілгерілемейді, экономика да дамымайды. Сондықтан шығармашылықты ұлттың басты өмір салтына айналдыруымыз қажет. Әр балаға өнер үйретіп, әр жасты ойлануға, қиялдауға, жаңа дүние тудыруға баулу – болашақтың кепілі.

Бір сөзбен айтқанда, өнерді, әдебиетті, мәдениетті, шығармашылықты дамыту – ұлттың ертеңін ойлау деген сөз. Біз рухани қазынамызды көздің қарашығындай сақтап, оны заман талабына сай дамыта алсақ, қазақ халқы мәңгі жасайды. Өнері бар халық – өшпейді, әдебиеті бар ел – тозбайды, мәдениеті бар жұрт – жоғалмайды, шығармашылығы бар ұлт – қашан да өрлейді. Сондықтан біз үшін ең басты парыз – осы құндылықтарды дамытуға күш салу. Өнерді ұлықтайтын елдің еңсесі биік, әдебиетін ардақтайтын халықтың рухы асқақ, мәдениетін құрметтейтін жұрттың болашағы жарқын, шығармашылығын қолдайтын ұлттың көкжиегі кең болады.

Өнер мен мәдениет – кез келген мемлекеттің рухани тірегі, халықтың болмыс-бітімін, дүниетанымын, салт-дәстүрі мен құндылықтарын танытатын маңызды сала. Ұлттық өрлеу жолында мәдениет пен өнердің алар орны ерекше. Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен халықаралық беделінің артуы – рухани байлықпен тікелей байланысты.

Ұлан-ғайыр жеріміз – ежелгі мәдениет пен өркениет бесігі. Сақ, ғұн, түркі халықтарының мұрасы, орта ғасырлық жазба әдебиет, дәстүрлі музыка, қолөнер, бейнелеу өнері, ауыз әдебиеті – барлығы ұлттың мәдени кодын қалыптастырды. Егемендік алғаннан кейін еліміз өз тарихын түгендеп, мәдени мұрасын жаңғыртуға ден қойды. Бұл бағытта «Мәдени мұра», «Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» секілді ірі жобалар жүзеге асты. Аталмыш бағдарламалар аясында ұлттық сана, тарихи жады, туған жерге тағзым, білім мен ғылымға құштарлық, мәдени мұраны сақтау сияқты көптеген маңызды мәселелерге басымдық берілді. Халықтың тарихи және мәдени мұрасын зерттеуге, сақтауға және насихаттауға үлкен серпін берген бұл бағдарламалар арқылы көптеген тарихи ескерткіштер қайта жаңғыртылып, музейлер мен мәдени орталықтар ашылып, ұмыт бола бастаған өнер түрлері қайта жаңғырды.

Мәдениет саласында бірқатар жетістіктермен қатар шешімін қажет ететін мәселелер де жоқ емес. Ауылдық жерлерде мәдениет ошақтарының жетіспеуі, кітапханалардың материалдық базасының әлсіздігі, жас мамандардың тапшылығы, мәдени қызметкерлердің еңбекақысының төмендігі – басты қиындықтар. Сонымен қатар, ұлттық өнерге заманауи көзқараспен қарап, жастарды тарту қажеттілігі туындап отыр.

Дегенмен, бүгінгі күні өнер мен мәдениет саласында шешімін күткен мәселелер де жоқ емес. Кейбір өңірлерде мәдениет үйлері ескірген немесе мүлдем жабылып қалған. Ауылдық жерлерде өнерпаз жастардың дамуына жағдай жасалмаған. Сонымен қатар, дәстүрлі өнер түрлеріне жастардың қызығушылығы азайып бара жатқанын да мойындау керек. Бұл – мәдениеттің үздіксіз дамуын тежейтін факторлар. Сол себепті, мемлекеттің ғана емес, қоғамның, әрбір азаматтың бұл бағытта белсенділік танытуы маңызды.

 

Мәдениетті дамыту жолдары:

  1. Мәдени инфрақұрылымды нығайту – ауылдық мәдениет үйлерін жаңғыртып, кітапханалар мен музейлердің заманауи үлгіде жабдықталуын қамтамасыз ету.
  2. Дарынды жастарды қолдау – арнайы гранттар, байқаулар арқылы жас таланттарға қолдау көрсету.
  3. Ұлттық өнерді жаһандық деңгейге шығару – қазақ өнерін халықаралық фестивальдер мен платформаларда насихаттау.
  4. Мәдени туризмді дамыту – тарихи-мәдени ескерткіштерді қалпына келтіріп, туристік бағыттар қалыптастыру.
  5. Мәдени білім беруді күшейту – мектеп пен ЖОО-да ұлттық өнер мен мәдениетке негізделген оқу бағдарламаларын жетілдіру.

Өнер мен мәдениетті дамыту – ұлттық өрлеудің басты шарты. Себебі рухани байлықсыз экономикалық өркендеудің де шынайы мәні болмайды. Қазақстан мәдениетінің өркендеуі – ұлттың бірлігін, елдің тұрақтылығын қамтамасыз ететін күш. Сондықтан бұл салаға жан-жақты қолдау көрсетіп, жастарды мәдени мұраға тарту – болашаққа салынған алтын көпір.

Қай жағынан алсақ та, өнер мен мәдениет – қоғамдық өмірдің рухани, эстетикалық бастауы. Олар халықтың тарихи санасын сақтап, ұрпақтар арасындағы сабақтастықты нығайтады. Қазіргі Қазақстандағы мәдениет пен өнердің дамуы ұлттың өзіндік дүниетанымын қалыптастыруда және ықпалды әлемдік аренада танылуда аса маңызды рөл атқарады. Ең алдымен, мәдени мұра – ұлттық болмыстың айнасы. Тарихтан сыр шертіп тұрған ескерткіштер, салт-дәстүрлер, ауыз әдебиеті, күй, жыр, кітаби әдебиет барлығы халықтың өткенін бүгінге жеткізеді. Бұрынғы ұрпақтың ойы, даналығы, өмір салты мен дүниетанымы бүгінгі ұрпаққа ұстаз болып қызмет етеді. Қазақтың күйлері мен жырлары, жыраулық мектебінің мұрасы, эпостық дастандар халқымыздың батырлық қасиетін, өмірге, табиғатқа, адамға деген құрметін қайта-қайта еске түсіреді.

Өнердің бірнеше түрі бар: әдебиет, музыка, театр, кино, мүсін, сурет өнері, сән өнері. Әрбірі өз алдына ерекше мағынаға ие. Мысалы, әдебиет жазба-ауыз әдебиетінің қоспасынан құралады. Ауыз әдебиетінің элементтері – мақал-мәтелдер, жұмбақтар, ертегілер – балалар мен жастар арасында дүниетаным қалыптастыруда таптырмас құрал. Кітап-баспа, электронды кітапханалар, тіл дамыту бағдарламаларының арқасында қазақ тілінде әдеби туындылар кең қолжетімді болуда. Дәл осындай мәдени кеңістік театр мен кино арқылы жаңа формада көрініс табуда. Мәдениет үйлері, театрлар ауылдан қалаға дейін түрлі өнер туындыларын көрсетуде. Кинотеатрлар мен кинофестивальдер қазақ кинематографиясының жетістіктерін насихаттап, әлемдік киноөндірісте өзіндік орны бар өнімдер туғызуға жол ашады.

Музыкалық өнердің рөлі де зор. Тарихи аспаптар – домбыра, қобыз, сыбызғы сияқты – ұлттық әуені мен мәнерді жеткізгенде ерекше сезім тудырады. Қазіргі заманғы музыкалық бағыттар мен жаңа бағыттар – фольклор, этно-музыка, көпұлтты музыкалық жобалар да өнердің дамуын жеделдетуде. Музыка фестивальдері, концерттер, ашық аспан астындағы концерттер халықтың өнерге деген талғамын арттырады.

Көркемөнер, сурет өнері, мүсіншілер де мәдени кеңістікті байытуда. Галереялар, көрмелер, қоғамдық орындарда орындалған өнер шығармалары ұлттық идеяны визуалды түрде жеткізуге мүмкіндік береді. Жастар арасында сурет, мүсін және сәндік-қолданбалы өнер үйірмелері арқылы шығармашылық қабілеттер ашылады. Қолөнер – сырмақ, кілем тоқу, зергерлік бұйымдар жасау, кірпішпен, ағашпен, терімен жұмыс жасау – ұлттың қолөнер дәстүрін сақтап қана қоймай, оны жаңғыртуға, туристік тартымды етуге ықпал етеді.

Мәдени ірі жобалар мен мемлекеттік бағдарламалар өнер мен мәдениеттің дамуына дем беруде. Жоғарыда да айтып өткеніміздей, «Мәдени мұра» жобасы, «Рухани жаңғыру», «Ұлы дала жыры», «Тұран дәстүрі», «Ұлы даланың жеті қыры» секілді бағдарламалар халықтың мәдени-тарихи сана-сезімін оятты. Оқушылар мен жастарға жазғы-қысқы лагерьлер, шеберлік сыныптары, тарихи жерлерге экскурсиялар ұйымдастыру – бұның бәрі мәдениетке қызығушылықты арттырады. Жас өнертапқыштар мен шығармашылық қабілеті бар жастарға гранттар беру, шығармашылық байқаулар өткізу – өнердің дамуына тың серпін береді.

Өнер мен мәдениет тек эстетика мен сұлулықтың анықтамасы емес. Олар ұлттың рухани деректері, өткен мен болашақ арасындағы көпір. Ұлттық өрлеу өнер арқылы жүзеге асады, себебі өнер халықты бірлікке, мақтанышқа, мәдени түп-төркініне байланыстыруға көмектеседі. Қазақ мәдениетінің дамуы – ұлттың бар болмысын паш ету, әлемдік мәдени кеңістікке өзіндік үнін қосу. Біздің өнеріміз – біздің ұлы өрлеудің кепілі, мәңгілік мұрамыз.

Өнер мен мәдениеттің дамуы – экономикалық тұрғыдан да тиімді. Мәдени туризм – сұранысқа ие сала. Туристер тарихи орындарды, ұлттық дәстүрлер көрсетілетін кештерді, қолөнер өнімдерін көруді жөн көреді. Бұл сала ауылдық жерлерге инвестиция тартуға мүмкіндік береді. Мәдениет ошақтарын жаңарту, музейлерді қалпына келтіру, концерт залдарын, мәдениет үйлерін жөндеу – бұның бәрі жұмыс орындарын көбейтіп, экономикаға оң ықпал етеді.

Білім беру жүйесі мәдениет пен өнердің дамуына негіз болады. Мектептерде ұлттық музыка, әдебиет, қолөнер пәндері оқылса, жас ұрпақ ұлттық мәдениетке бойлап өседі. Жоғары оқу орындары өнер институттарын, дизайн мектептерін дамыту керек. Шетелдік мамандармен алмасу, шеберлік сыныптары, практикалық магистрлік бағдарламалар өнер саласын халықаралық деңгейге көтеруге көмектеседі.

Мәдениет пен өнердің дамуы мемлекет тарапынан тиісті заңдармен, қолдау шараларымен қамтамасыз етілуі тиіс. Салық жеңілдіктері, гранттар, шәкіртақылар, халықаралық ынтымақтастық жобалары, инвестициялық бағдарламалар – бәрі маңызды. Қоғамдық және жеке сектор арасындағы серіктестік өндіріс, мәдени шаралар өткізу, шығармашылық индустрияны дамытуға күш қосуы керек.

Еуразия жүрегінде орналасқан, ғасырлар бойғы терең тарихы мен бай мәдени мұрасы бар елміз. Ұлттық руханиятымыз – тіл, дін, салт-дәстүр, ұлттық дүниетаным мен адамгершілік құндылықтар ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып жатқаны көңілімізді марқайтады. Қазіргі таңда рухани даму тұрғысынан тек өз ішімізде емес, әлемдік деңгейде де ерекше орын алуға талпынудамыз. Қаншама жастарымыз өнер мен білім-ғылымның шыңын бағындыруда. Бұл – жаһандық өркениет көшіне ілесудің және ұлттық болмысты сақтаудың үйлесімді жолы.

Еліміздің рухани әлеуеті тек өз халқымен шектелмейді. Көпұлтты және көпконфессиялы мемлекет ретінде еліміз әртүрлі этностар мен дін өкілдерінің бейбіт қатар өмір сүруіне жағдай жасап отыр. Бұл фактор Қазақстанды әлемдік руханиятта келісім мен толеранттылықтың символына айналдырды. Әлем елдері Қазақстанды Бейбітшілік пен келісімнің орталығы ретінде таниды. Бұған дәлел ретінде Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының бас қосуымен тұрақты түрде өтіп келе жатқан, биыл қыркүйек айының 17-18 күндері өтетін «Діндер диалогы: Болашақ жолындағы синергия» тақырыбымен VIII съезі жоспарланып отырғанын айтсақ болады. Бұл шара жаһандық деңгейде мәдениетаралық және дінаралық диалогтың жаңа үлгісін қалыптастыруға үлкен үлес қосуда.

Сонымен қатар, еліміздің түркі әлемінің рухани орталығы екенін мақтанышпен айтамыз. Түркі халықтарының тарихи отаны саналатын Ұлы Далада түркі өркениетінің ізі сайрап жатыр. Күлтегін, Тоныкөк жазбаларынан бастап, Қожа Ахмет Ясауи, Абай, Шәкәрім, Мағжан, Міржақып, Мұхтар Әуезов сынды ой алыптарының шығармалары арқылы қазақ руханияты түркі дүниесіне, әрі қарай әлем өркениетіне жол тартты.

Қазақстан мәдениеті мен әдебиеті әлемге қазақ руханиятын паш етуде. Абайдың шығармалары ЮНЕСКО деңгейінде танылып, әлем тілдеріне аударылуы – ұлт руханиятының жаһандық деңгейге шығуының айқын мысалы. «Абай әлемі» арқылы біз бүкіл адамзатқа ортақ құндылықтарды – адалдық, білімге ұмтылу, еңбекқорлық, әділдік пен адамгершілік сынды ұғымдарды ұсынып отырмыз. Бұл – руханияттың шекарасы болмайтынын дәлелдейді.

Қазіргі таңда Қазақстанның мәдени дипломатиясы да дамып келеді. Театрлар мен концерттік ұжымдар шет елдерге гастрольдік сапармен барып, ұлттық өнерді таныстыруда. Қазақ киносы да әлемдік фестивальдерде жеңіске жетіп, көрермен ықыласына ие болуда. Қазақ тілінде жазылған әдеби шығармалар түрлі тілдерге аударылып, әлем оқырманына жол тартуда. Бұл үдерістер қазақ руханиятының әлемдік мәдениетпен бірігуі мен қатар дамуын қамтамасыз етеді.

Дегенмен, жаһандану дәуірінде ұлттық руханиятты сақтап қалу үлкен сын. Ғаламтор, шетелдік мәдени өнімдер, тілдік әсерлер жастардың дүниетанымына әсер етеді. Сондықтан Қазақстан ұлттық идеология мен мәдени саясатты ұдайы жаңғыртып, жастарды өз төл тарихы мен мәдениетіне қызықтыра білуі қажет. Бұл тұрғыда ұлттық білім беру, БАҚ, өнер мен әдебиеттің рөлі орасан.

Қазақстанымыздың рухани болмысы – оның басты құндылығы. Ұлттық руханияттың тамыры терең, мазмұны бай, бағыты биік. Бұл руханият бүгінгі заман талабына сай жаңарып, әлемдік кеңістікпен қатар дамуға бет алды. Еліміз тек экономикалық немесе саяси тұрғыдан емес, рухани жағынан да биік өркениетті ел ретінде танылуға толық мүмкіндігі бар.

Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы да руханиятты жаңа форматта дамытуға мүмкіндік беріп отыр. Электронды кітапханалар, онлайн мұражайлар, тарихи деректер базасы, виртуалды экскурсиялар арқылы ұлттың рухани мұрасын кең аудиторияға ұсынуға жол ашылды. Бұл – жаңа заманның рухани ағартушылық формасы.

Рухани даму тек мәдениет немесе дінмен шектелмейді. Бұл – адамның ішкі жан дүниесінің, парасаттылық пен ізгіліктің, сана мен ой-өрістің өсуі. Осы бағытта елімізде рухани тәлім беретін орталықтар, коучинг, мотивация тренингтері, гуманитарлық форумдар, кітап фестивальдері, жастар форумдары ұйымдастырылуда. Бұл шаралар адамның жеке тұлғалық қалыптасуына, рухани әлеуетін арттыруға ықпал етеді.

Сондай-ақ, әлем елдерімен рухани ынтымақтастық та кеңейіп келеді. Түркі мемлекеттері ұйымы аясындағы рухани жобалар, Азия елдерімен мәдени байланыс, Еуропа елдерімен ортақ өнер жобалары да ұлт руханиятын жаңа белеске көтеруде. ЮНЕСКО аясында мәдени мұраларды қорғау, дінаралық келісімді нығайту, мәдениет саласындағы тәжірибе алмасу бағытында белсенді.

Қай дәуірде болмасын, халықтың рухани деңгейін, өркениетке қосқан үлесін оның мәдениеті мен өнері арқылы бағалауға болады. Өнері мен мәдениеті биік елдің болашағы да кемел болмақ. Сол себепті де бүгінгі Қазақстан қоғамы үшін мәдениетті дамыту – стратегиялық маңызды бағыттардың бірі.

Қазақ халқының мәдениеті – ғасырлар бойы қалыптасқан, халықтың дүниетанымы мен салт-дәстүрінен нәр алған жүйелі рухани мұра. Домбырамен күмбірлеген күй, қобызбен төгілген толғау, жыраулық дәстүр, айтыс өнері, зергерлік бұйымдар, кілем тоқу сынды өнер түрлері – соның айғағы. Мұндай өнер түрлері тек эстетикалық ләззат беріп қана қоймайды, олар ұлттың ішкі жан-дүниесін танытады, тарихи жадыны сақтауға мүмкіндік береді. Қазақ мәдениеті – көшпелі өркениеттің көркем көрінісі.

Өнер мен мәдениетті дамытудың тиімді жолдарының бірі – оны жастардың қызығушылығына бейімдеу. Мысалы, дәстүрлі өнер түрлерін заманауи форматта ұсынып, жаңа технологиялармен ұштастыру арқылы жастардың назарын аударуға болады. Театрлар мен музейлерде интерактивті көрмелер, цифрлы турлар ұйымдастыру, әлеуметтік желілер арқылы мәдени контент тарату – осы заманның талаптары. Бұл тәсілдер мәдениетті тек сақтап қалуға емес, оны кең аудиторияға жеткізуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, өнер адамдарын қолдау, шығармашылық еркіндік пен қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету де маңызды. Мәдениет саласында еңбек ететін мамандардың жалақысын көтеру, кәсіби дамуына жағдай жасау, халықаралық фестивальдерге қатысуына мүмкіндік беру – бұл салада еңбек ететін адамдардың шығармашылық әлеуетін арттырады. Жас өнерпаздарды қолдау, арнайы шәкіртақы, гранттар бөлу де маңызды қадам.

Бүгінгі таңда мәдениет саласының экономикалық маңызы да артып келеді. Әсіресе, мәдени туризм арқылы елге инвестиция тартуға, жұмыс орындарын ашуға болады. Қазақстанның тарихи орындары, этноауылдар, ұлттық өнер шеберханалары, қолөнер орталықтары туристерге үлкен қызығушылық тудыра алады. Бұл – өнер мен мәдениетті дамыту арқылы елдің экономикалық өсуіне де үлес қосуға болатынын дәлелдейді.

Өнер – тек сахна немесе көрме залы ғана емес, ол – мектептен басталатын тәрбиенің негізі. Білім беру жүйесінде өнер мен мәдениетке баса мән беру – өскелең ұрпақтың рухани жағынан бай, ұлттық құндылықтарға адал, эстетикалық талғамы жоғары тұлға болып қалыптасуына негіз болады. Мектеп бағдарламасына ұлттық өнерді тереңірек енгізу, көркем өнер үйірмелерін көбейту, шығармашылық байқаулар өткізу – бұл бағытта атқарылар жұмыстардың бір бөлігі ғана.

Қорытындылай келе, өнер мен мәдениет – ұлттың жаны мен рухы. Ол сақталса – халықтың тарихы мен болашағы жалғасады. Сондықтан өнер мен мәдениетті дамыту – әрбіріміздің ортақ борышымыз. Ұлттық өнер мен мәдениеттің өркендеуі – елдің тәуелсіздігін, бірегейлігін, рухани қуатын нығайтатын басты құндылықтардың бірі. Қазақ елі өзін әлемге тек табиғи ресурстарымен емес, бай мәдениетімен, озық өнерімен де танытуы тиіс. Сол үшін бізге үздіксіз даму, инновациялық тәсілдер, жастардың қызығушылығын арттыру бағытында батыл қадамдар қажет. Тек сонда ғана қазақ өнері мен мәдениеті жаңарып, заманауи талаптарға сай жаңа биіктерге көтеріле алады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *