ӨЛКЕНІ ТАНУ – ӨРКЕНИЕТТІ ТАНУ

еркебулан сайтка

Еркебұлан ДАЙРАБАЙ,
Созақ аудандық кітапхана
библиографы

 

Өлкені тану өз туып өскен туған жерін тану әрбір адамзаттың қасиетті басты парызы деп санаумызға болады. Әрбір адамзат өз елінің, өз жеріннің патриоты деп айтумызға, санаумызға толық айта аламыз. Қоғамның қозғаушы күші адам, ал адамды дамытатын табиғи ресурспен қамтамасыз ететін әрине табиғат, ал табиғатты жалғайтын әрі қарай дамытатын адам өмірінің ең ыстық, сезімдерін толқытатын туғаннан қалыптастыратын, өз туған жері, өз атамекені болады. Өлкені тану- өз туған жеріндегі ашылған немесе ашылмаған беймәлім сырларды аша алатын, беймәлім сырларды халыққа жеткізе алатын, халық даналығы десекте қатке айтпағанымыз болар еді.

Атақты Қаратаудың терістігін мекендеген елді бұрынғы адамдар, «Теріскей елі» немесе «Созақ елі» деп атаған болатын.Осы Созақ елі мекендеп, өмір сүрген жердің көлемі кең, ауқымды болып келеді. Ол шығысында қазіргі Жамбыл облысымен шектессе, батысында Қызылорда облысының Жаңақорған ауданымен шектесіп, терістігінде Жезқазған облысымен шектеседі.

Созақ өлкесі жайлы айтқан кезімізде-ақ Созақ сөзінің атауына да мән беріп кетуміз қате болмас. Себебі Созақ жері қасиетті жер, мұнда бірнеше әулиелер өткен, аты аңызға айналған Созақта неше түрлі аңыз кезіп жүргенің байқай аламыз. Созақ сөзі ескі кітап жазбаларында да кездестірумізге болады және онда ол «Хунзак Туркте Ұзақ жер», «Ұлы жер» деген мағынаны білдіреді. Ескі түркі тілінде Созақ Халық тұратын мекен , «Манзилгох» деген мағынаны білдіреді.

Ертеректе Созақ шаһарының төңірегі сазды болып, осы саздың бетінде көлшік болып су жатқан. Қарт-қариялар ХХ ғасырдың орта тұсында бұл су біршама азайғанымен оның сақталғандығын, ол суға көктем айларында құстар ұшып келетінін айтады.

Сондай-ақ бұлақ көздері де көп әрі мол сулы болған. Жергілікті халық саз бетіндегі суды «Зәк суы» — дейді. Осыдан «суызәк» деген сөз пайда болып, ол «Созақ» атауына айналған болуы мүмкін деп топшылайды. Аңыз деректеріне қарағанда Қарабура әулие «түйем шөккен жерде дүниеден өтіп, жерленемін» деген екен. Түйесі Созақ даласына келген уақытта шөгіп, осы жерге Қарабура қолындағы асасын қадап, дүниеден өткен деседі.

Ол аса кейін көгеріп, үлкен ағашқа айналады. Дауласқан екі жақ шындыққа жету үшін осы Қарабура ағашының шыбығын кесейік дейді екен. Өйткені Қарабура әулие ағашының шыбығын кескенде одан қан тамып, өтірік айтып, өміріне ант ішкен болса, ол адам кеміс болады немесе тіптен өліп те кетеді деседі.

Созақ елінде ағыза сөйлейтін шешен де, өлең десе өрге шабатын ақын да аз болмаған. Бірақ солардың көбі ел есінен шығып, ұмытылып баратыны шындық. Олардың ауызекі тілден тараған сөздерінде білетін адамдар да некен-саяқ қалды. Дегенмен, ел іші алтын бесік демей ме? кейде пәленше деген ақын айтыпты деген сөздерде кездесіп қалады. Ақындардың бірі Құлыншақ ақынға тоқталып өтейік.

Құлыншақ ақын өз заманында аты алысқа кеткен ақпа ақын. Ол Созақ ауданының Жартытөбе деген жерінде Кемел деген дәулетті шаруаның отбасында 1840жылы дүниеге келген болатын. Құлыншақ ақын кейбір ақындар ұқсап, дүние қууға салынбаған. Өлеңді таза өнер деп білген. Құлыншақ ақын 1904-жылы Меккеге қажылыққа барып, содан қайтып келе жатқанда ауырып, жол үстінде қайтыс болған екен. Содан жанындағы серіктері «Елге сәлем» деген бір ауыз өлеңін ғана айтып келген екен.  Содан үзінді:

Ер жігіт үйде де өлер, түзде де өлер,

Көп жасаса ер жігіт жүзге келер.

Пәнденің маңдайына жазуы сол,

Үйде өлгенмен апарып түзге көмер.

Деп айтып өткен екен. Осы өленнің артында-ақ қанша мән-мағына жатыр. Құлыншақ ақын қай кезде де әділдікті, өлеңді өз серігі еткен жағымпаздықты білмейтін біртуар ақындарымыздың бірі десекте қате айтапағанымыз болар еді.

Біздің өлкемізде ақындар мен жазушылар ғана емес жаңа айтып өткеніміздей аңыз-әңгімелерде жиі кездеседі. Соның бірі Қарт-Қаратаудың баурайында орналасқан Келіншек тау.

Келіншектау- Қаратаудың теріскей жағында, қазіргі Созақ ауданынындағы Таукент кенті мен Абай аулының жоғарғы тұсындағы шатқалында тізбектеліп жатқан тау сілемдерін Созақ халқы- Келіншектау деп атайды. Таудан Арпаөзен бастау алады.

Келіншектау аталуы жөнінде көпткеген түрлі аңыздар бар. Солардың бірін айта өтсек. Ертеде мыңғырған малы бар жалғыз, ерке қызын ұзатарда жасауының бәрін тек алтыннан жасапты.Ұзатылып бар жатқан кезде қыздың қызығушылығ оянып, көшті тоқтатады да, жасауды тексереді, сөйтсе, итаяғы ағаштан жасалған екен. Әкесінің бұл ісіне көңілі толмаған қыз дереу төркініне хабаршы, кісі жібереді. Әкесі болса қызының дүниеқұмарлығына, тойымсыздығына, ұятсыздығына ренжіп, бүйткенше тас болып қатып қал ! деп ашуланып қаһарын төккен екен. Әкесінің қарғысы лезде қабыл болып, әлгі қыз да, жасауын артқан түйелер де, керуен де тас пен тауға айналып кетіпті. Сол керуен қатып қалған жер Келіншектау аталған дейді ескі аңызда.

Өз өлкеміз, өз туып-өскен жерге келетін болсақ Теріскей деген қосарланған сөздің өзі біраз тарихты меңзеп отырғандай көрінеді. «Теріскей айналайын», келбетіңнен деп өлең жолдарға сыйдырған Шәмші Қалдаяқовтың атамыздың өзі қандай ән тарту еткен десенші. Теріскейде туған әрбір адамзат, қай өңірінде тұрса да, жерінде қандай сырлар жатқаның байқай алады. Созақ өлкесі тарихы терең, аңыз-әңгімелері әпсанаға жете алатын, Әулиелері мен тылсым табиғаттары сыр шерте алатын, ақындары мен ғалымдары, күйшілері тебіренте алатын киелі Созақ өлкесі.

Халқымыз «туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас» деп бекер айтапаса керек. Қазақ халқының әрбір азаматы немесе азаматшасы өзінің туып-өскен, асық ойнап, доп қуалап, балалық шақтарын өткізген туған жерін, атамекенің сағынып іздесе, месе тұтса, қастерлей білсе нұр үстіне нұр болары хақ. Соңғы сөзді кішігірім өлең шумақтарымен аяқтағым келіп отыр;

Созағым алтын бесік атамекен,

Сен барда өмірімде ғажап екен.

Таусылмас сырларыңмен жырларында,

Ашуға тырысармыз сұрап өткен.

 

Теріскей суларында тылсым күші,

Адамды бауратады жүрек үні.

Созағым сен мықтысын дегенменен,

Аңсайды әр азамат сезім үні.

Теріскейім қаншама ұлы азамат пен азаматшаларды шығарған  жер жәннаты десенші. Ұлы жазушымыз М.Әуезов айтқандай «Созаққа барсаң, күйшімін деме» деген сөздің өзі, күй өнерінің өзі қандай дәрежеде екенің білдіретіні хақ. Созақ өлкесі бір сөзбен айтқанда тылсым дүниеге бай, киелі мекен.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *