ТАҒДЫР (ақын-жазушылардың өмір тарихтары) Рюнеско Акутагава

Ермек Зангиров-сайт сурет

Ермек ЗӘҢГІРОВ,
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі,
ҚР мәдениет қайраткері

 

СЫНҒАН ҚАЙЫҚ

Рюноскэ Акутагава
(1892-1927)

Талпыныс жоқ кезде өмір шын мәнінде қараңғылық құшағында қалады. Ал білім болмаса кез келген талпыныс соқыр. Кез келген білім еңбек жоқта пайдасыз. Кез келген еңбек, сүйіспеншілік жоқ жерде жеміссіз болады екен.

Дені сау адамға өмір деген, тегінде, өзі мойындамайтын, ерте ме, кеш пе, өлуге тура келеді деген жете түсінбейтін ойдан қашу болса да, ақыл-есі бүтін адам оған саналы түрде аяқ баспасы анық. Жапон жазушысы Рюноскэ бұл өмірге келгеніне қуанбағанын үнемі айтып жүреді екен. Сондықтан ол өмірден өз еркімен кетуге кез келген уақытта дайын болған.  Ол екіленіп өмір сүрді. Өмірге бар қарсылығын көрсетіп баққан. Бұл дүниеде оны жақсылық күтіп тұрмағанын сезген. Анасы үш күн бойы ауырып, босану кезінде безгекке шалдыққан. Ақырында, 1892 жылы 1 наурызда таңғы сағат 5-те Токионың Кебаши ауданы жаңа туған нәрестенің жылаған дауысынан саңырау болған.

Рюноске Ниихара дүниеге келгенде, оның әкесі 42 жаста, анасы 33 жаста болыпты. Олар жас ата-ана емес, деп саналған және ежелгі наным бойынша, бұл жаста дүние есігін ашқан балаға көптеген қиындықтар тудыруы мүмкін деген қияли наным да болған. Иә, ол осылайша болыпты. Анасы есінен танып қалғанда сәбиінің толыққанды өмірге келгенін есіткен. Баланың құтқарылуы оның ағасы Митиаки Акутагаваның жиенін салып, оған өз фамилиясынберу туралы шешімі де ықпал еткен сыңайлы.

Митиаки өте бай және мәдениетті адам болған. Ескі классикалық білімнің жақтаушысы бола отырып, ол Рюносукенің жапондық ежелгі дәуір мәдениеті мен оның дәстүрлеріне деген сүйіспеншілігін оятуға тырысқан.

Көп ұзамай бала бастауыш мектепке барады. Сол жерде достарымен бірге қолжазба журналын шығара бастайды. Балалық құлшыныспен ол өз жұмысына құлшыныспен кіріседі. Жаңа журналдың мұқабасын сызып, иллюстрацияларын таңдайды және материалдардың көпшілігін өзі жазады. Сөйтіп, әлі 10 жасқа толмаған Рюноскэ әдеби саладағы алғашқы қадамын жасайды.

Анасы өліп жатыр деген хабар жеткенде ол 11 жаста болатын.Онымен қоштасқаннан кейін Акутагаваның жадында қорқынышты сурет қалады. Анасы сұр шаштарын тараған күйі біртүрлі күлімсіреп, ақылсыз кейіптегі кемпір түрінде көзіне елестейді. Рюноскэ Токио көшелерімен ұзын жыландай жорғалаған қайғылы жерлеу шеруін де осы кезде есіне алады.

Рюноске үлгілі оқып, барлық бос уақытын журналға арнайды. Сол кездің өзінде ол кітапты дүниедегі бәрінен де жақсы көретінін және өзін әдебиетке міндетті түрде арнайтынын түсінеді.

Бірде ол орта мектептің үшінші сыныбында оқып жүргенде, Рюноскэ әкесіне қонаққа келеді. Кешкі астан кейін жанжал туындап, тым ашуланған Ниихара ұлына: «Неге тудың, бәрібір жынды боласың!» — деп байыпсыз айғайлайды. Рюноскэ үйге қалай жеткені есіне түспейді. Шошып қалған ол ағасына бәрін айтып береді. Мичиаки қысқаша: «Ол соңғы миын ішіп алған», деген ұйғарымға келеді.

1910 жылы орта мектепті үздіктердің қатарында бітіріп, Акутагава бірінші колледждің әдеби бөліміне емтихансыз оқуға түседі. Біраз жылдан кейін университетті де үздіктер қатарында бітіреді. Еуропа тілідерін жақсы білумен қатар, батыс әдебиеттерін де жақсы менгереді. Әсіресе, ағылшын әдебиетін зайырлы түрде менгеруге тырысады.

Көп ұзамай Акутагава Йокосукадағы Әскери-теңіз механика мектебінде ағылшын тілі мұғалімі лауазымына ие болады. Студенттермен сабақ өткізу көп уақытты қажет етпейді.Осы уақыт аралығында Рюноскэ шабыттанып бірнеше тамаша жаңа әңгіме жазады. Ал баспагерлер оларды бір-бірінің қолынан алып, танысып болған соң,  жыртып тастайды.

Жалғыздық – жас жігітті қинаған. Ұйқысыз ұзақ түндерді бөлісетін ешкімі болмады.Оны депрессиядан құтқару оның Рюноскэге ғашық болған 17 жастағы Цукамото Фумикомен ғашықтық ынтықты басатындай кездесуі болады. Олардың үйлену тойы 1918 жылы 1 ақпанда өтеді.Жаңа жұбайлар бақшасы бар жайлы үйге көшеді. Мұнда Акутагава өмірінің ең бақытты жылын өткізеді.

Әскери-теңіз мектебінде қызмет ету соншалықты жеккөрінішті көрінбейді.Өйткені оны үйде жұмсақ, түсінетін әйел күтіп отырады. Кешке достарымен мейрамханаға барса да, көңілсіз күйде қымбатты сүйіктісі Фумикоға асығады…

Бір күні Акутагава назарын көрші үстелде отырған теңіз флотының екі офицеріне түседі. Олардың біреуі оған таныс болып шығады. Ол бейтаныс жан жазушы сабақ берген мектепте старшина болып қызмет ететін. Терезе жаққа еңкейген офицерлер күліп, біреуге: «Жүр, ұр!» деп қайталайды. Акутагава төмен қарағанда ол жерде ит кейпіне түскен қайыршы тұрғанын көреді, бірақ оны өтіп бара жатқандар мазаққа қалдырғандай болады.

Рюноскэ бұл тентек ақымаққа бірдеңе айтудан өзін әрең ұстайды. Бірнеше күннен кейін ол жалақысын алуға барғанда, кеңседен таныс квартал меңгерушісін көреді.Сол сәтте Агутагаваның көз алдында тұман жүзіп, қолдары дірілдеп, күтпеген жерден:

– Квартермейстер, мен де үргенім дұрыс шығар, дейді.Осыдан соң, жазушының жылтыр жүзі оған бұрылудың орнына иттің жымиған аузына көзі түседі.Осыдан соң, оның бірінші ойы: «Мен жындымын» дегенге саяды. Өзін-өзі билей алмаған Рюноске сол сәтте бөлмеден секіріп, қараңғылық құшағына сүңгіп кетеді.

Ол өз үйінде ғана есін жияды.Оның тосыннан болған жағдайына Фумико қатты әбігерленеді. Сол күні оның жанында кішкентай ұлы жылап тұрады. Осыдан соң, Акутагава баласын мектептен шығарып алу туралы ұзақ ойлайды.Оқу бөлімінің меңгерушісі ағылшын тілі мұғалімі Рюнескэнің тікелей «психикалық ауруға шалдыққанын және курстастары үшін оның қауіпті екенін» айтады.

Әйтсе де, Акутагава жақсы жалақысы бар және кез келген журналдарда жариялау құқығы бар үлкен газеттің қызметкері лауазымына ие болады. Осы уақытқа дейін әдебиеттанушылар ғана емес, оқырмандар да ыстық ықыласпен қарсы алған оның үш жинағы жарық көріп үлгереді. Материалдық қиындықтар артта қалады. Акутагава отбасымен Токиоға көшіп, ата-анасының үйіне қоныстанады. Бұл уақыт аралығында оның бойынан пәлендей ауру нышаны білінбейді. Тіпті сырқатынан құлан таза айығып кеткендей үміт береді.

Біздің бәріміз үмітпен өмір сүреміз. Демек, үміт жағымды сөз. Кез келген адам  болашақтан дәмелі болғанмен, оның күнгірт жағы мен жарық жағы бар. Сонымен қатар адамның жер бетінде өзіне берілген  уақытты жақсы пайдалануы тым көп болмайды екен. Ал өмірінің соңында оған бағалы бірдеңе қосу одан да қиынырақ. Әркімнің арманы – әдемі кету болатын сияқты. 1920 жылы наурызда Рюноскэнің әкесі қайтыс болады. Марқұмның денесі ауруханадан үйіне жеткізілгенде, жас жігіт өз ақыретінің алдын ала болжаудан қорқып, қатты әбігерленеді. Жерлеуден кейін бірнеше күн өткен соң, Акутагава ауырып қалады. Ұйқысыздық оны депрессияға, күш-қуатының толық жоғалуына әкеліп соғады. Қорқыныш оның өмірінің тұрақты серігіне айналып, ол есін жоғалтып алудан қатты қорқады.

 

Суицид

 

Бірнеше айдан кейін Акутагава газет тілшісі ретінде іс-сапармен Қытай еліне барады. Бұл сапардың нақты себебі қытай медицинасының көмегімен  белгісіздік сырқатынан қалай құтылуға болады деген ішке бүккен жасырын ниеті болады. Аспан асты империясында болған төрт ай ішінде Рюноскэ он шақты дәрігерлер мен емшілерге барады, бірақ бұл емдер еш нәтиже бермейді.

Сапардан Акутагава үйіне әбден қираған күйде оралады. Жазушыны әйтеуір қолдаған жалғыз дәрі – еңбек болады. Бірақ оның қаламынан тазартылған психологиялық новеллалар барған сайын сирек пайда бола түседі. Олардың орнын нақты өмірбаяндық сипаттағы реалистік әңгімелер басып кетеді.Оқырмандар жаңа Рюнескэні жоғары бағалап, оған қошемет көрсетеді. Оның кітаптары бірден сатылып кетеді. Акутагаваның даңқы өсіп, шарықтай түседі.

Ол бұрынғыдай жұмысты өзін құтқарушы ретінде іздейді.Бірақ шабыт оған азырақ келе бастайды. Кей күндері Акутагаваның бір жолды жаза алмауы мұң болып қалады. Түн баласы оны қорқынышпен қинайды, ал таңертең  шығармашылық әлсіздік туралы ойлар мазалай түседі. Барған сайын ол бұл өмірден өз еркімен кетуді ойлайды. Өзін-өзі өлтіру, әрине, құтқару емес, азаптан құтылу құралы ғана еді. Адам өмірі мұхиттағы аралдар немесе терең тұнғиықта жер астында тамырлары айқасқан ормандағы ағаштар сияқты.

…1926 жылы жазушының денсаулығының нашарлағаны сонша, дәрігерлер оған Токиодан кетіп, Кугенума ыстық бұлағында біраз уақыт тұруға кеңес береді. Теңіздегі өлшенген өмір Рюноскэге пайдалы болады. Қасындағы әйелі мен балалары оның бойында өмірге деген өшіп қалған қызығушылығын оятады. Бірақ бір күні жағада серуендеп жүрген оләйелінен: – Сен жағалауда діңгегі сынған қайықты көріп тұрсың ба?- деп сұрайды.

–Ол иә, деп жауап береді.

–Бұл белгі, деп ойлаймын. Бұл діңгегі сынған қайық мен болармын, дейді Акутагава Рюносукэ.

Токиоға оралған Акутагава өзінің оқырмандарына екі хат жазады, олар ол қайтыс болғаннан кейін жарияланады. Ол «Тісті заттар» және «Идиоттың өмірі» аталып кетеді. Ол хаттың мазмұнында өз өмірінің не нәрсеге төзгісіздігі  және жақындап келе жатқан ессіздік туралы ашық айтылады. Сондай-ақ ол өз-өзіне қол жұмсау туралы шешім қабылдағанын да жасырмайды. Адам өмірін, шынтуайтына келгенде, ұзақ не қысқа деп айтуға болмайды екен. Себебі, оның негізі басқа мерзімдердің бәріне өлшем болады.

Өмірде тұрақты және қатаң орындалатын  бір іс қалған дүниенің бәрін реттеп отырады әрі бәрі де соның айналасын төңіректеумен болады, деп жатады. Сол төңіректеу жазушының құртып тынады. Бұл оның шын мәнінде өлімнен кейін өмір болатынына нық сеніп, өлімге дейінгі өмірге деген сенімі болмағаны сияқты болады да тұрады.

Бір күні таң атқанда Акутагава ұйықтататын дәрінің өлімге әкелетін дозасын шамадан тыс қабылдайды. Ол әрекет 35 жыл бұрын нәресте Рюносукэ туғысы келмеген бөлмеде орын алады.Анасы жерленгеннен кейін 11 жасар Рюноскэ ұзақ уақыт бойы бір қорқынышты армандайтын.Ол бірде түсінде өлілердің арасында жатып, қорқыныштан өзін қоярға жер таппайды. Бойын суық тер басқан күйі, басынан тарақты алып, өлген анасының шашын тарайды, содан кейін мойнына ілулі тұрған үлкен сөмкеге салады.

Бұл қорқынышты, ой оған өмір бойы орала береді.Қайтыс болған анасы оның алдында ескі сөмкені сілкіп тастайды да, бар жантәнімен  айқайлап: «Қолыңа ал, оны парикке алмастыр, өзіңе күріш сатып ал. Әйтпесе, аштықтан өлесің», дейді. Мұнда не сыр бар? Айдың күннің аманында не деген аштық?

Бұл да бір тылсым философия. Өзіңде бармен өмір сүр, бүгін артық қалғаныңды ертеңге сақта, достарыңа тіленші болғаннан гөрі мүлкіңді дұшпанға таста деген сияқты ма, қалай?..

 

Ноцебо әсері

Адам санасы неге сенсе, ағза соған мойынсұнады.  Ол үшін басалқы берудің қажеті жоқ. Бұл құбылыс ғылымда «Ноцебо әсері» деп аталады. «Ноцебо әсері» – адамның теріс сенімі мен үнемі ізінен қалмайтын қор­қы­ныш. Ол тікелей ағзаға зиян келтіретін психофизиологиялық күй. Адам жамандықтың боларына шын иланғанда, дене де соған қарай бейімделеді. Жалпы, жазушы бала кезінен осыған жанын беріп қойған іспетті.

Зерттеушілер бұл құбылысты дәлелдеу мақсатында талай мәрте тәжірибе  жасап та көрген. Өлім жазасына кесілген адамға түрме қызметкерлері: «Сені атып өлтірмейміз, улы жыланға шақтырамыз», деп жыланды көрсетеді екен. Содан кейін көзін байлап, денесін таңып, жылан келгендей әрекет жасап, терісіне жай ғана ине шаншиды. Жылан жоқ. Бірақ адам оның шаққаны­на сеніп, сол жерде-ақ тіл тартпай кеткен. Сараптама оның қатты үрейленген­нен жүрегі тоқтап қалғандығын дәлелдеген.Мұндай тәжірибелер адамның сенімі ағзада нақты физиологиялық өзгерістер тудыра алатынын көрсеткен. Кейде дәрігерлер сырқат жанға: «Бұл дәрінің кері әсері болуы мүмкін», деп ескертсе, адам сол әсерді міндетті түрде сезінетін болып шыққан. Мұндай жағдайда  адамның бас айналып, жүрегі айниды екен, содан кейін денесі ауырлайтын көрінеді. Ал шындығында ол дәрінің ешқандай зияны болмауы мүмкін. Бірақ адам жамандықты күтіп тұрады екен. Бұл да – ноцебо.

Адам ойы – ең қуатты құрал. Жамандықты күткен жан жапа шегеді, жақ­сылыққа сенген сауығады. Өйткені санадағы сенім ағзаның әр жасушасына ықпал жасайды екен.  Сол үшін де сөзімізді де, ойымызды да абайлап айту – өзімізге жасалған қамқорлық. Үрей – у, үміт – иммунитет, ал сенім – шипа. Жазушының бойын, осылардың бәрі тұмшалап алғанға саяды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *