БІЛІМ – ҰЛТТЫҢ БОЛМЫСЫ

Нургали сайт

Нұрғали ЖҮСІПБАЙ,
түрколог-сарапшы

 

Жаңа ғасыр – білім ғасыры. Бұл тек саясаткерлердің ұраны ғана емес, бұл – өмір шындығы. Қай мемлекет те дамудың, өрлеудің, өркениет көшінен қалмаудың жолын іздегенде, алдымен білім беру жүйесіне қайта оралады. Себебі білім – ұлттың болашағын айқындайтын стратегиялық ресурс. Ал осы білімнің іргетасы қайда қаланады? Ол – мектепте, одан бұрын – балабақшада.
Ұлттық білім жүйесі – ұлттың рухани тірегі. Олай болса Қазақ ұлтының болмысын сақтап қалу үшін тек тіліміз бен ділімізді емес, сонымен қатар өзіндік білім беру үлгімізді де жаңғыртуымыз қажет. Тек мазмұнды жаңарту жеткіліксіз – оқу мәдениеті мен оқуға құштарлықты қалыптастыру – басты миссия.

Ұлттық кодты сақтай отырып, әлемдік білім кеңістігіне ену үшін бізге екі қанат қажет:
Тамырын тереңге жайған рухани-мәдени тәрбие,
Инновациялық, бәсекеге қабілетті білім мазмұны. Бұл арада басымдылық тіл саясатына берілу керек. Тіл саясаты – ұлттың тынысы.
Білім беру жүйесінде мемлекеттік тілдің орны – айрықша. Қазақ тілі – тек байланыс құралы емес, ұлттық ойлау жүйесінің өзегі. Сондықтан мектеп қабырғасынан бастап, баланың ойлау қабілетін, танымдық көкжиегін ана тілінде дамыту – уақыт талабы ғана емес, тарихи жауапкершілік. Мемлекеттік тілдің мәртебесін нақты іспен көтеру қажет. Ол үшін:

Қазақ тіліндегі оқулықтар мен әдіс-темелік құралдарды халықаралық дең-гейге сай дайындау,
Қазақ тілінде оқытатын мектептер мен балабақшалар желісін кеңейту,
Пәндік оқытуды қазақ тілінде дамыту – мәселен, математика, биология, физика пәндерін қазақша жоғары сапада жүргізу.
Оқу мәдениеті мен білімге ұмтылу арқылы ұлттың интеллектуалдық қуа-
ты көтеріледі. Жас ұрпақ кітап оқымаса – болашағы көмескі. Бүгінгі күні балалар контенті мен оқу мәдениетін дамыту – өте өзекті.
Балалар мен жасөспірімдерге арналған отандық анимациялық фильмдердің, ұлттық әдеби кейіпкерлерге негізделген комикстердің, мектеп кітапханаларын жаңғыртудың маңызы зор.
Электронды оқу платформаларын ұлттық сипатта дамыту – кезек күт-тірмейтін міндет.
Жастарды тек жоғары балл үшін емес, шын білім үшін оқуға баулу керек. Мұны тек реформа арқылы емес, педагог пен оқушы арасындағы сенім арқылы жүзеге асыруға болады.

Педагог мәртебесі –
қоғам мәртебесі

Мұғалім – мемлекеттің идеологиялық тірегі. Педагог кәсібі – жай жұмыс емес, ұлтқа қызмет етудің ең биік үлгісі.
Сондықтан:
Мұғалімнің әлеуметтік жағдайын арттыру; кәсіби біліктілігін үздіксіз жетілдіру; жоғары оқу орындарында педагог даярлау стандарттарын жа-ңарту – бүгінгі міндет.
«Ұстаз – ұлық емес, ұлы қызмет» деп, Бауыржан Момышұлы айтпақшы, осы ұлы қызмет иелерінің мәртебесін қоғам шын ниетпен мойындағанда ғана білім беру жүйесі биіктейді.
Ендігі сөзді, «Мектепке дейінгі және орта білім реформалары – бала болмысына лайық па?» деген ой төңірегінде өрбітейік.
Бүгінгі реформалардың басты өлшемі – бала болуы тиіс. Кез келген өзгеріс баланың танымына, психологиясына, ұлттық болмысына сәйкес келуі керек.
Ол үшін, балабақшада ұлттық ойындар, ертегілер мен салт-дәстүр негізінде тәрбие беру;
Мектеп бағдарламасын жасанды жүктемеден арылтып, өмірге қажетті пәндермен жүйелеу;
Оқушыны бәсекелестікке емес, бірегейлікке жетелейтін білім беру моделі қажет.
Қазақтың болашағы – білімі терең, тілі шұрайлы, ойы озық, жүрегі ұлт деп соғатын жастарда. Ол үшін бізге білім берудің әлемдік жетістіктерін бойға сіңіре отырып, рухани тамырымыздан айрылмайтын жүйе қажет.
Тек сол кезде ғана білім – ұлттың шын мәніндегі қорғанына, мемлекеттің мәңгілігінің кепіліне айналады.
Ұлттық тәрбие негізінде білім беру жүйесін дамыту, тіл саясаты мен оқу мәдениеті мәселелері қазіргі таңда өте өзекті. Біз тарихтан, мәдениеттен, ұлттық болмыстан ауытқымай, жас-тардың болашағын қалыптастыру үшін білім беру саласында үлкен реформалар мен жаңашылдықтар жасауымыз қажет. Бұл міндетті атқару жолында білім беру жүйесі, педагог мәртебесі, оқу мәдениеті, тіл саясаты, мектепке дейінгі және орта білімді дамыту мәселелері басты назарда болуы тиіс. Ұлттық тәрбие мен құндылықтарымызды сақтау, жаңғырту және жаңарту арқылы білім жүйесін көтеру – болашақ ұрпақтың игілігі үшін аса маңызды қадам.
Білім беру жүйесі тек пәндерді оқыту ғана емес, сонымен қатар жас ұрпаққа ұлттық болмысымызды, мәдениетімізді, салт-дәстүрімізді таныту арқылы олардың санасын қалыптастырады. Білім алу процесі ұлттық тәрбие негізінде құрылуы керек, бұл дегеніміз, жас ұрпақтың азаматтық жауапкершілігін, халқына деген махаббат пен құрметін арттырып, оны өз мәдениетінің нағыз қорғаушысы етіп тәрбиелеу. Ұлттық тәрбие балаға дүниетанымын қалыптастырып, оның рухани және моральдық дамуына жол ашады. Осы тұрғыдан алғанда, білім беруді тек ғылым мен техника ғана емес, құндылықтарды сақтап, жаңғыртатын жүйе ретінде қарастырған жөн.
Бұл ретте де тіл саясатын дұрыс жүргізуге соқпай кете алмаймыз. Өйткені Тіл саясаты – ұлттық білімнің негізі.
Мемлекеттік тілдің дамуы мен қолданыс аясын кеңейту – ұлттық білім жүйесінің маңызды құрамдас бөлігі. Қазақ тілі мектеп бағдарламасында тек сөйлесу құралы емес, бұл тілдің әрбір сөзінің артында ұлттың тарихы мен болмысы жатыр. Бала тіл арқылы ұлттық сананы, мәдениет пен дәстүрді меңгереді. Сондықтан да, білім беру жүйесінде қазақ тілінің мәртебесін арттыру қажет.
Ұлттық білімді қалыптастыруда мемлекеттік тілдің маңызды рөлі бар:
Қазақ тіліндегі оқу бағдарламаларын толықтай жаңарту. Математика, физика, биология, химия пәндерін қазақ тілінде жоғары деңгейде оқыту үшін пән оқулықтарын сапалы түрде қайта жазу қажет.
Тілдік қорды дамыту үшін бала-бақшадан бастап, орта мектептерде бай қазақ әдебиетімен сусындатып, озық үлгіде білім беруді жқолға алсақ құба-құп.
Қазіргі кезде мектеп бағдарла-масында қазақ тілін меңгеру сапасы мен әдістемелік жұмыстар қайта қаралуы тиіс. Ұлттық тілде білім алу сапасын арттыру үшін заманауи ақпараттық технологияларды да пайдалану маңызды.
Оқу мәдениетін жетілдіру және білімге ұмтылу қай заманда болмасын басты мәселердің бірі. Ұлттық тәрбие жүйесінің басты тірегі – оқу мәдениеті мен білімге деген ұмтылыс. Бүгінде мектептерде оқушының тек балл жинау емес, шығармашылық әлеуетін дамытуға да көп көңіл бөлінуі тиіс. Бұл үшін мектеп оқушысының жеке басын қалыптастыру, оның рухани өсуіне бағытталған арнайы бағдарламалар енгізілуі керек. Мектептің негізгі мақсаты – тұлғаны дамыту ғана емес, оның ішкі әлеуетін ашып, рухани байлығын арттыру.
Оқу мәдениеті – бұл тек оқушы-ның пәнді меңгеруі емес, оның дүниетанымдық көкжиегін кеңейту, рухани құндылықтарға қызығушылық тудыру. Бұл үшін ұстаздар мен тәрбиешілердің оқыту әдістемесін жаңартып, оқушыларға ұлттық әде-биетті, мәдениет пен өнерді жан-жақты танытуы керек. Сондай-ақ, оқушыларға да тек теориялық білім беру емес, практикалық тәжірибелерді де ұсыну қажет. Бұл орайда, көркем әдебиет пен мәдени мұралар ерекше орын алады.
Педагог мәртебесі соңғы уақыт-та жоғары орынға қойылып, маңыз-дылығы айқындалды. Ұстаздар – біздің қоғамымыздағы ең құрметті тұлғалар. Олар өз шәкірттеріне ұлттық тәрбие, білім мен ғылымды беруде маңызды рөл атқарады. Сондықтан ұстаздардың мәртебесін көтеру – білім берудің сапасын арттырудың басты шарты. Ұстаз тек сабақ беруші емес, ол – қоғамды тәрбиелейтін адам, мәдениет пен ұлттың болашағын қалыптастырушы.
2019 жылдың 27 желтоқсанында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Педагог мәртебесі туралы» Заңды бекітуге қол қойып, ұстаздар қауымына қатысты көптеген игі істердің қолға алынуына мұрындық болды.
Осы негізді ары қарай талдап талқылайық. Ұстаз мәртебесін көтеру үшін мынадай қадамдар қажет:
Ұстаздардың жалақысын көтеру, оларды материалдық және моральдық тұрғыдан қолдау.
Ұстаздардың кәсіби біліктілігін үздіксіз арттыру, оларды жаңа әдіс-темелер мен технологиялармен таныстыру.
Ұстаздардың рухани кемелдігін арттыру үшін арнайы курстар мен семинарлар өткізу.
Ұстаздарды рухани жетекші ретінде мойындап, олардың қоғамдағы орнын ерекше бағалау.

Мектепке дейінгі және
орта білімді дамыту

Білім жүйесінің бастауыш кезеңі балабақша мен мектепке дейінгі ұйымдардан басталады. Бала ең алғаш осындай мекемелерде тіл үйреніп, әлеуметтік дағдыларын қалыптас-тырады. Сондықтан да мектепке дейінгі білім беруді дамыту – ұлттық тәрбиені ұрпаққа жеткізудің алғашқы қадамы.
Балабақшаларда ұлттық тәрбие мен салт-дәстүрлерімізді дәріптеудің маңызы зор. Мектепке дейінгі мекемелерде бала қазақтың халық ертегілерін, аңыздарын тыңдай отырып, өзінің ұлттық мәдениеті мен болмысын сезінеді. Одан кейін мектепке келгенде, балаға ұлттық әдебиетті, тарихты, мәдениетті оқыту арқылы оның ұлттық санасын қалыптастыру қажет.
Орта мектепте, әсіресе жоғары сыныптарда, оқушылардың ұлттық дүниетанымын кеңейту, ғылымға деген қызығушылығын арттыру үшін арнайы бағдарлама енгізу керек. Білім мен тәрбие ұштасқан орта мектеп жасөспірімдерге ғана емес, бүкіл қоғамға маңызды қызмет атқарады.
Ұлттық тәрбие негізіндегі білім беру жүйесі – ұлттың болашағын қалыптастыратын негіз. Қазақ халқының ұлылығын, мәдениетін, тарихын жастарға саналы түрде түсіндіру арқылы ұлттың болашағын қамтамасыз етуге болады. Білім беру жүйесінің реформалары тек қоғамға әсер етіп қана қоймай, әрбір жеке адамның рухани дамуына да ықпал ететін болады. Сондықтан білім берудің ең басты мақсаты – тек сауатты, білімді адамдарды тәрбиелеу ғана емес, рухани-мәдени тұрғыдан терең ойлайтын, өз ұлтына қызмет етуге дайын азаматтарды тәрбиелеу болып табылады.
Ұлттық тәрбие мен білім жүйесін дамыту арқылы біз қазақ ұлтының тарихи мұрасын сақтай отырып, болашақ ұрпақты өркениет көшіне бастай аламыз.
Әлемдік тәжірибе негізінде білім беру жүйесін дамыту, тіл саясаты, оқу мәдениеті және білімге ұмтылу: Қазіргі кезеңдегі маңызды мәселелер.
Білім беру жүйесінің тиімділігі – мемлекеттің әлеуметтік, экономика-лық және мәдени дамуының маңызды көрсеткіші. Әлемде білім беру мәселелері әртүрлі тұрғыдан қарас-тырылады, әр елдің білім саясаты өзінің тарихы, мәдениеті мен ұлттық ерекшеліктеріне сәйкес қалыптасады. Дегенмен, барлық елдер үшін ортақ бір мақсат – жастарға сапалы білім беріп, оларды заманауи өмірдің талаптарына сай дайындау. Әлемдік тәжірибелер көрсеткендей, білім беру жүйесінің сәтті дамуы – бұл тек ғылыми білім беру ғана емес, сонымен қатар тұлғаның рухани және әлеуметтік дамуына ықпал ететін жүйе болуы қажет. Осы орайда, әлемдік тәжірибелерді негізге ала отырып, білім беру жүйесіне, тіл саясатына, оқу мәдениетіне және білімге ұмтылуға қатысты мәселелерге терең үңілуді ұсынамыз.

Әлемдік білім беру жүйелері
Әртүрлі модельдер

Әлемде әртүрлі білім беру жүйелері бар және олар әрқилы философиялық көзқарастарға негізделген. Әрбір жүйе өз елінің ұлттық ерекшеліктерін, экономикалық жағдайын және мәдени дәстүрлерін ескере отырып қалыптасқан.
Скандинавия елдерінің білім беру моделдері:
Скандинавия елдерінде (Дания, Норвегия, Швеция) білім беру жүйесі әлемде ең үздіктердің қатарында саналады. Бұл елдерде білім беру баланың еркін дамуына, өзіндік ойлау қабілетін арттыруға бағытталған. Мұнда оқыту процесі жеке тұлғаға бағытталған, яғни бала ерте жастан өз көзқарасын білдіруді, сыни ойлауды үйренеді. Мысалы, Швецияда мектеп оқушылары арасында «оқушының пікірі маңызды» деген қағида бар. Олар өздерін еркін сезініп, білімді шығармашылық тұрғыда қабылдайды. Әлеуметтік теңдік пен инклюзивті білім беру жүйесі ең алдымен назарға алынады.
Финляндияның білім беру жүйесі:
Финляндия әлемде ең үздік білім беру жүйесі ретінде танылған. Бұл елде мұғалімдер арнайы жоғары білім алып, үздіксіз педагогикалық дайындықтан өтеді. Финляндияның ерекшелігі – мұнда әрбір оқушы үшін тең мүмкіндіктер жасалады, сонымен қатар оқушыға білім берудегі басты назар адамгершілік және азаматтық қасиеттерге аударылады.
Финляндия білім беру жүйесі оқушыларды пәндерге бөлмей, бірегей біліммен қамтамасыз етеді және сыни тұрғыда ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталған.
Жапонияның білім беру моделінің ерекшеліктері:
Жапонияның білім беру жүйесінде басты назар дисциплина мен еңбекқорлыққа аударылады. Жапония мектептерінде оқушыларға көп тапсырмалар беріледі, бірақ оларды орындауда бәсекелестікке емес, өзара көмек көрсетуге бағыттайды. Әлеуметтік нормаларды үйрету де маңызды орын алады: оқушылар қоғамға қызмет етуді, еңбек ету мәдениетін үйренеді.
Сингапурдің білім беру жүйесі:
Сингапурде білім берудің негізі – жоғары сапалы білім мен озық технологияларды пайдалану. Оқушыларға әлемдік деңгейдегі білім мен дағды-ларды беру мақсатында заманауи білім беру әдістемелері қолданылады. Әрбір оқушының академиялық деңгейін жоғарылату үшін жеке бағдарламалар әзірленеді.

Тіл саясаты және білім беруді ұштастыру:
Әлемдік тәжірибеден сабақ

Әлемде тіл саясатын дұрыс жүргізу білім беру жүйесінің тиімділігін арттыратын басты факторлардың бірі болып табылады. Әрбір елдің тіл саясаты оның мәдениетін, тарихын, бол-
мысын сақтауға көмектеседі, ал білім беру жүйесі осы тілді дамытуға, оны
болашақ ұрпаққа жеткізуге бағытталған.
Ұлыбританияның тіл саясаты:
Ұлыбританиядағы білім беру жүйесі халықаралық білім алмасуда маңызды рөл атқарады. Бұл елде жоғары білім деңгейі жоғары, себебі оқушылар көпшілік жағдайда ағылшын тілінде білім алады, сондықтан олар әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті болуға дайын. Соны-мен қатар, Ұлыбританияда елдің тілдік құрамы әртүрлі болғандықтан, оқу бағдарламалары көптілділікке бағытталған. Мұнда әр ұлттың тілін, тарихын және мәдениетін сақтауға ерекше мән беріледі.
Канада мен Австралияның көптілді білім беру жүйесі:
Канада мен Австралияда көптілділік үлкен рөл атқарады. Бұл елдерде білім беру жүйесі әртүрлі этникалық топтар үшін ашық және қолжетімді. Оқушыларға бір уақытта бірнеше тілде білім алу мүмкіндігі беріледі. Осы арқылы балалар басқа тілдер мен мәдениеттерді меңгереді, бұл өз кезегінде олардың кең дүниетанымын қалыптастырады.
Оқу мәдениетіне деген ұмтылыс – бұл тек білім алуға деген қажеттілік емес, сонымен қатар рухани және моральдық жағынан да даму. Әлемдік тәжірибе білімге деген ұмтылыс пен оқудың маңыздылығын әртүрлі жолдармен ұғындырды.
Германия мен АҚШ білім жүйелеріндегі оқу мәдениеті:
Германия мен АҚШ білім беру жүйелерінде оқу мәдениеті мен бі-лімге деген ұмтылыс маңызды аспект болып табылады. Германияда білім беру дәстүрі жоғары деңгейде, әсіресе техникалық білімге бағытталған мектептерде. Оқушылар теориялық білімді практикада қолдану арқылы алған білімдерін өмірде пайдалана алады. АҚШ-та білімге деген ұмтылыс көбінесе инновациялар мен шығармашылық арқылы дамытылады.
Мектептерде әр оқушының жеке қабілеттері мен қызығушылықтары ескеріледі, әрі олар оқу процесінде өз-өзін дамытуға толық мүмкіндік алады.
Қытай Халық республикасындағы білімге деген ұмтылыс:
Қытайда білім алуға деген ұмтылыс өте жоғары, өйткені бұл елде білім алу мемлекеттік саясаттың басты бөлімі болып табылады. Қытай үкіметі білім саласына көп инвестиция салып, білім жүйесін үздіксіз жаңартып отырады. Мұнда білім алу үшін күрес барынша жоғары деңгейде ұйымдастырылған, оқу материалдары мен бағдарламалар әлемдік деңгейге сәйкес келеді.

Әлемдік тәжірибелер және ұлттық
білім беру жүйесін жетілдіру

Әлемдік тәжірибелер білім беру жүйесінің әртүрлі аспектілерін қарастыруға мүмкіндік береді. Әр елдің білім беру жүйесінің өзіндік ерекшеліктері бар, бірақ барлық жүйелердің басты ұстанымы – сапалы білім беру, жастарды заманауи өмірдің талаптарына сай даярлау. Біз Қазақстанда білім беру жүйесін әлемдік тәжірибелер негізінде жаңартып, ұлттық құндылықтарды сақтай отырып, жастарға сапалы білім беру үшін жаңа бағыттар ұсынуымыз қажет. Тек қана заманауи біліммен қаруланған ұрпақ – болашақтың жар-қын негізі бола алады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *