МАСС МЕДИАНЫҢ ӨЗЕКТІ КОНЦЕПЦИЯЛАРЫ

Молдахан

 

Молдахан АБДРАЕВ,

тележурналист, ғалым-педагог

 

Масс-медиа және бұқаралық коммуникация саласының қолданыс аясы күн өткен сайын қанатын жайып, дамып келеді. Бүгінгі таңда кез келген салада оның араласпайтын не қолданылмайтын саласы жоқ.

Масс медманың ағартушылық, насихаттық пен ұйымдастырушылық жұмыстарын атқарып келеді. БАҚ-тың атқаратын қызметі біркелкі емес, әркелкі. Оның ақпараттық қызметі азаматтарға, билік органдарына, қоғамға аса маңызды оқиғалар мен процесстер жайлы мағлұматтарды таратудан тұрады.

Бүгінгі масс медианың, яғни, ақпарат құралдарының әлеуметтендіруші қызметі адамдардың әлеуметтік ережелер мен құндылықтарды сіңіріп, мінез-құлықтарын қалыптастыруға септігін тигізді. Осыған орай, «Масс-медианың қоғамға қандай әсері тиеді?» деген сұрақ туындауы мүмкін. Дегенмен, масс-медиа халыққа ең қол жетімді құрал. Сондықтан да, біріншіден, оның мемлекеттік тілді дамытудағы рөлі өте жоғары. Екіншіден, халықтың ақпарат алу және оны талдау мүмкіндігі молайды. Сонымен қатар, БАҚ-тың қоғамға тигізетін әсерін ғылыми тұрғыдан зерттеу өзекті мәселеге айналды.

                    Масс медианың мәдени идеологиялық сипаты

Масс медиалық дамудың жоғарғы сатысы мәдени дүниетаным және креативті ойлау мен технологиялық аспектілер.

Мәдени платформаның өзектілігі коммуникативті мәдениеттің ықпалы мен ақпараттылығы және оның идеологиялық сипатының халықшылдығында.

Біз неге ақпараттық артықшылық, айқас, ағын, тағы басқа дейміз? Себебі, ақпараттқа деген талап өте жоғары және оның тұтынушылары халық. Сондықтан, ол жеделдікті және жаңа бетбұрыстар мен ұсыныстардың талқысындағы күн тәртібіндегі рухани шикізат (ресурс). Оған назар аударушылардың тарапынан қауымдастық көзқарастар мен идеялық тартылыстар күшейеді.

Масс медиа  –  білім кеңістігінде

Медиа білім сауаттылықтың, яғни, педагогикалық тәлім берудің құралдық ресурстарынан тұрады. Осыған сәйкес, масс медиа қарым қатынас өнерінің түрлі технологиясының кешенді қолданылуы да жанрлық жаңалықтарымен адам санасына түрткі салып, ойлау машығы мен дүниетанымдылығын арттырады. Ақпаратты әр адам қабылдап, өз тарапынан сараптап, қорыта білушілік білімге деген құштарлықтың кепілі болады. Адамға танымдық іс әрекет тудырып, креативті ойлау мен түрлі ұғымдардың категориялық, идеялық, шығармашылық қабілетінің ашылуына мақсатты өзгерістер енгізеді. Масс медианың басты практикалық мазмұны – ғылым, білімнің жаңарып, өзгеріске еніп отыруына орай, қарама қайшылықтарға қарамастан адамның өзіне деген өзгеріс нышанын сезіну және мәселе, талап қоюшылық, прогрессивтілік, белсенділік шабытын оята

 

  Масс медианың мәдени құндылықтары

Концепция — ой мен идеяның тұстығы. Жоспарлы жобалардың үлгісі және оны жүзеге асырудың жолдарын қарастыру мен дамудың өзгеше сипатын тану. Әсіресе жаһандық дәуірде бұл идеялық талаптар бәсеке түсіп, талаптар да күшейді. Бірлесу, қауымдастану, ортақ шешім табу арқылы ірі иірімдерді игеруге жұмылдырылды (корпоротивизация). Ол үшін ақпараттық деректер мен мәліметтерді жедел жинастырып, саралау мен оңтайлы жолдарын қарастыру конвенциясы (келісу) ойластырылып, мәдени алыс, берістің қайырымын табу көзделді. Осы мәселеде, ақпараттық алысымдар даму кепіліне айналды. Бұл да масс медианың мәдени құндылықтарының бірі.

Масс-медиа дәуірдің ақпараттық коммуникациялық технология жиынтығы.

Жалпы, ақпараттық медианың кеңістігінде, әлеуметтік ғылымның барлық құрамдас бөлімінде қарастырылатын тұлға адам. Себебі, адам негізгі тұлға ретінде кез келген ақпараттық,  тұрмыстық өмір сипатының саналы нысаны. Сондықтан, ақпараттық сананың өрбуі қоғамдық қозғалыстардың даму сатыларымен ілгерілеп, қалыптасып отырады.

Айналадағы тарихи жағдаяттар, адамдардың моралдық және рухани мәдениетімен, қарым қатынас дәстүрімен ұштасып жатады.Адам  тұтас бүтін дүние ретінде психологиялық, физиогеникалық философиялық ақпаратты жан жақты қабылдай отырып, түрлі мінездердің қалыптасуына үйрене бастайды. Осының өзі түрлі мәдени ерекшеліктердің өзара жіктесуін тудырады Соның негізінде мәдени өкендеушілік пен тұтастықтың қоғамдық тарихи, мәдени артықшылықтар заңдылығын жасайды. Яғни, интеллектуалдылықтың өзі тек материалдық тәуесіздіктен ғана емес, адам санасының өзектенуінен, ашық қоғамдасуынан өнегелік өрісінің кеңейе түсуінен мәдениет институтынына айналады. Ал, мәдениет жетістің баршасын игеретін адамзат өмірінің дәстүрлі өнегелі өрісі. Демек, медиа ақпарттардың жиынтық құрамынан қоғамдық тенденцияның тұтас тарихи дәуірлеу кезеңдерін табамыз.

Медиа сауаттылық ақпараттық коммуникациялық байланыстың қоғамдық көрінісі ғана емес, оның философиялық,саяси әлеуметтік, өндірістік, экономикалық  негізі жалпыхалықтық кеңістікті қамтиды. Масс медиа күнделікті өмір мен заман тынысының құбылыстарымен тығыз байланысты. Сондықтан да масс медиялық өнідірістік өнімдердің әлеуметтілігі зор.

Сондай ақ, масс медиа зерттеу нысаны. Көп жағдайда жаһандық мүмкіндіктердің сарапталуы қоғам өмірінің күрделі қайшылықтарымен және даму тенденцияларымен ерекшеленеді. Серпінді идеялардың туындауы немесе креативті ой жемісінің жетістіктері масс медиа құрылғыларында эффектіленеді.Осы орайда да біз айтып жүрген медиа құндылықтарының сарыны қоғамдық үдеріске енуі заңдылық.

Себебі, оның қызметі жаңаша ойлау мен тың үрдістерді тудырады. Ішкі және сыртқы байланыстардың өзара қарым қатынастылық қозғалысындағы өндірістік сипаты, кемелдену және транплиндік секірістен ғана емес, динамикалық өзгерістермен артықшылыққа ие болады.

Демек, масс медиа әлеуметтік идеялар интеграциясы және қоғамдық рухани, моралдық бейімдер мен әлеуметтік күрделі психологиялық қатынастардың теориясы.

Масс медианың әлемдік деңгейін тану үздіксіз білім алу мен ақпараттық кеңістіктің ағынымен етене өмір сүру дағдысын тудырды. Ақпарат тек шикізат ретінде ғана емес, адамдардың күнделікті қимыл іс әрекетіндегі шынайы көріністердің, халықтың қауымдастық еңбек ету талпынысын және өзгерістер мен құбылыстардың, сондай ақ, ой сана өрісінің талпынысындағы қатынастардың бейнелі көреткіші.

 

Масс медиа қарым-қатынас феномені және моралдық парадигма

Парасаттылық адам бойындағы жылулық қасиеті. Оның мағынасында не тұр. Биік мансап емес, кішілік, кісілік, жақсыны ғана жанына ту етіп ұстаған жан. Салиқалы ой мен салмақты сөз, байсалды мінез, тағы басқа ізгілікті қасиеттерге бай адам. Жүрегінің жылуы, сезімінің төзімі, іс әрекетінің ұстамдылығы жан дүниесінен аңғарылып тұратын  әрі өзгелерге үлгі болып көрінетін жақсылықтар жиынтығын бойында ұстаған жан. Біз оны бір ауызбен  «жақсы адам» дейміз. Олар қандай көрнекі харекетерінен көрінеді.

Айталық, жәй сөйлеп, қоңыр үнмен, жүріс тұрысымен, киім кию үлгісімен жағымды қылықтарыменжағымды дауысымен  жарасым тауып тұрады.

Мәселен, бүгінгі өмірімізге қарасақ, білім алып, тәлім жиған, өзіміздің ұстаздарымыз – Темірбек Қожакеев, Тауман Амандосов, Әбілфайыз Ыдырысов,Зейнолла Қабдолов, Тұрсынбек Кәкішев, Марат Барманқұлов, Абдул Хамит Мархабаев, Алма Қыраубаева Намазалы Омашев,Кәкен Қамзин сынды зерделі, пайымды ғибратты тәлімгерлерден тәмсіл алдық.

Өмірдегі феноменнің айшықтылығына қарасақ, «қарым қатынастың» тәжірибесі деген сол, біз осының бәрі адам өмірімен өте тығыз байланысты болғандықтан, оның даму тенденциясы мен концепцияларын қарастырып, зерделей отырып, үлкен, жоғары мектептің маман және адам болудың универсалды техникасын қоса үйренеді екенбіз.

Себебі, біз этика мәселесін бір жақты қарастыра алмаймыз. Өткені, кейбір қайшылықтардың өзі қарым қатынас этикасының теориясын тудырады. Ал, біз оны күнделікті өмір амалдарынан, тұрмыс мысалдарынан, интеллектуалды ортадан, білім және ғылым қоғамдастығынан аламыз. Сөйтіп, қарым қатынас тәжірибесін өз тарапымыздан дамыта түсеміз. Өзіңді өзің тәрбиелеп, моралдық әрі рухани тұрғыдан толықтыруға бетбұрыс жасайсың. Өз мақсатыңа жету ғұрыптарында біліктілік пен үйрену, үйрету, оқып, біліп, танудың педагогикалық стандартына жаттығасың.

Демек, осы орайда, рухан түлеу, өзіңнің ішкі дүниеңді жаңғырту өмірге қайта келгенмен бірдей.

Этика – жақсы қарым қатынас пен іс әрекеттердің жиынтығы. Этика –адамгершілік пен сыйластықтың озық үлгілерін қалыптастыратын ғылыми мектеп. Адамдардың қоғамдағы саяси әлеуметтік, экономикалық тұрмыстық өміріндегі моральдық құқықтар әдептіліктің дәстүрлі жүйесі болып саналады. Сондай ақ, тәртіп пен әдептілікке негізделген рухани түсініктердің ілімі. Санаға қозғау салатын, салиқалы сөз бен сабырлы сөйлемдер де адамзат өміріндегі мәдени ізгіліктердің қалыптасуына, ұлттық қасиеттердің сақталуына, ел мен ел жұрт, адамдар арасындағы қайшылықсыз қатынастарды реттеудің мінездегі көрінісі.

Этика– мемлекетаралық қатынастарда дипломатиялық қызметтердің кәсіби нормасына жатады. «Елдестірмек елшіден, жауластырмақ жаушыдан»,-деген сөз де осындай үлкен тәжірибелердің ісаралық қатынасының өлшемі болған.

Мәселен, Қазыбек бидің;

Қаздауысты Қазыбек бидің жоңғар ханы Қалден Серенге айтқаны:

Жоңғар Хантойшысына айтқаны

Біз -қазақ деген мал баққан елміз,
Ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.
Елімізден құт-береке қашпасын деп
Жеріміздің шетін жау баспасын деп
Жылқы қылын найзасына таққан елміз.
Ешбір дұшпан басынбаған елміз,
Басымыздан сөз асырмаған елміз.
Досымызды сақтай білген елміз,
Дәм-тұзды ақтай білген елміз.
Асқақтаған хан болса,
Хан ордасын таптай білген елміз.
Атадан ұл туса,
Құл болам деп тумайды.
Анадан қыз туса,
Күң болам деп тумайд
Сен темір де, мен көмір – еріткелі келгенмін,
Қазақ-қалмақ баласын теліткелі келгенмін.
Танымайтын жат елге — танысқалы келгенмін,
Танысуға көнбесең – шабысқалы келгенмін.
Сен қабылан, мен арыстан – алысқалы келгенмін,
тұтқыр сары желіммен жабысқалы келгенбіз.
Бітім берсең – жөніңді айт,
бермесең – тұрысатын жеріңді айт.

 

Жалпы барлық қарым қатынастардың ортақ қозғалысы адамдар арасындағы сөз бен іс әрекет негізінде өрбиді. Айтар болсақ, мәдениет дегеніміздің өзі не? Адамдар арасындағы сыйластық пен өндірістік әлеуметтік қоғамдық қарым қатынастардың жиынтығынан өрбитін категория.

 

Қарым қатынас тәжірибесінің этикасы

                   Адамгершілік – жеке тұлғалық қасиет.

Адамның абырой биігінен көрінуі оның қарым қатынас мәдениетінен де танылып тұрады. Өз кәсібіңе деген адалдығың өзгелерге істеген қызметің болып танылады. Адамдар көпшілік ретінде алыс беріс ауысымымен, бір бірін қолдай отырып, қол ұшын созып, төңірегімен қатынас жасайды. Мейірімділік пен қайырымдылықтың мағыналық сипаты сүйіспеншілік тудырады дейтін болса, сондай қарым қатынастардан жақсылықтың нышандары ұшқындайды. Ал, оны сезіну адам бойындағы қимастық пен іздеп тұру, көргісі келу, әңгімелесіп, түрлі тақырыптар төңірегінде ой бөлісіп, келісіп, кеңесу қатысымында рахаттанушылық көңіл күй әсерін тудырады. Мұның өзі өзіңді асқақтата беретін, өзіңе деген сенімділікті күшейте түсетін қандай да бір моралдық құбылысы болады.

Масс медиа және кәсіби қарым қатынас этикасы

Жалпы кәсіби этиканың міндеті дегеніміз қызметтік, өндірістік, шаруашылық қатынасында арақатынастың нормасымен байланыстырылады.

Қоғамдық немесе жеке кәсіби мекемелдің ішкі заңдылықтары мемлекеттік тәртіппен реттеліп отыратындықтан оның  қағидалары мен принциптері бар. Негізінде даму концепциясына назар аударсақ, білгілі бір орнықты, түбегейлі қалыптасқан тәртіп те заңдылыққа бекіп, этикалық қатынас реттілігі де орнығады. Сол ретпен мәртебелі моралдық шарт та жүйеленеді.

Кәсіби мінез артықшылығының еселенуіне де қарым қатынас тәжірибесі мақсаттар мен міндеттерге айналады.Мінез адамның дара болмысы, физиологиялық, әлеуметтік құрылымы. Сонысымен ерекшеленеді әрі өзгелермен қарым қатынас этикасының формаларына лайық бағаланады. Әр адамның қоғалыс әрекеті мен сөйлеу мәнері, жүріс тұрысы өзіндік қалпының табиғатын танытады.

Алайда, қоғамдық қалыптастырылған заңдылық ережелері нәтижесінде даму және мәдени артықшылықтарды игере отырып, белгілі бір этикалық дәстүрлі өмірдің қатынасына мойынұсынады. Қызмет, шаруа, еңбек тәртіпке негізделгендіктен, сол заңдылық ережелерін жауапкершілікпен, адалдықпен  атқарып, адами қасиеті мен іскерлік қабілетін танытады.Бұл адамның өзгелерге ықпал ететін тылсым моралдылығының ақпарттылығы. Бұл мінез құлық интеграциясының темпераметтілігі және адамдардың қарым қатынасындағы артықшылықтарын танытатын ақпараттық ой сана жетістігі мен кәсіби этикалық жиынтығы. Қатынас технологиялары адамдар арасындағы сөйлесім үрдістерінің мәні мен маңызы және ішкі ойлау әдістемесінің бастыартықшылықтары, тарихы, бүгінгі күндегі тәжірибесі.Ой мен сана эволюциясының өзектілігін меңгеру, сараптама тәсілдері мен әдістерін түсіну, келешек кәсіби қатынастардың кепілі.

Адамдар арсындағы күнделікті ақпарттық кескіндердің, яғни, сөйлесу, амандасу, мақұлдасу, тағы басқа қатынастардың графикалық үлгілері ертеңгі күндердің жоспарын жасауды меңгеру боп табылады. Сөз бен сөйлемнің айтылу формасы мен санада орналастыру тәсілдерін жіктеу мен оның әлеуметтік жәнеболашақ тәжірибенің орнын анықтауға қалыптастырады. Сондықтан, әр адам кездесу қарым қатынас сәтіндегі айтуға оқталған ой шығарылымының ұйымдастырылуы мен тартымдылығына шығармашылық тұрғыдан өзектендіру мақсатын ойластыруға әдістенеді.Бұл тәжірибе кәсіби қатынастың мамандық үлгісіне айналады.

Демек, ой мен идеяның кәсіби сабақтастығы мазмұндық сапасы жағынан шешендік пен шеберліктің сәт сайынғы әрекеттісігі негізгі талап ретінде жүзеге асырылады. Оның қоғамдық сипатын қамтамасыз ету,қатынас мәселесінің талаптарын анықтау, зерттеу тәсілін кәсібилікпен ұтымды пайдалану, дәстүрлі тұрақтылықтың кепілі және заңдылығына айналады. Сондықтан да ізденуші немесе талапкер тұлға төмендегідей мүмкіндіктердің ерекшелігін тани отырып, батыл ой мен іс әрекет байыбына бара алады.

 

1.Қазіргі БАҚ саласындағы мамандарға қойылатын талаптар уақыт кеңістігімен үндесіп жатады. Масс медиалық үдерістің қарқыны да күнделікті құбылыстар мен қоғамдық өмірдің өзіндік сипатымен қатар өрбіп отыр. Себебі, экономикалық, саяси, әлеметтік мәдени даму түбегейлі белең алуда. Уақыт үкіметтік саяси және өндірістік бизнес экономикалық бағыттың даму тенденциясын тудырды. Осы орайда, қоғамдық өмірдің барлық салаларында табысты қызметтіңқарқынды динамикасын, экономикалық объектілердің құрылымдық ерекшеліктері мен артықшылықтарын тануға, сараптауға ақпарат саласының ойшылдары бейімделіп, шығармашылық сананың креативтілігіне бет бұрады.

2.БАҚ материалдарының өндіріске енуі– оның қоғамдық әлеуметтілігінде. Оның тиімділігі жаһандық өзгерістер ағымындағы танымдық дүниенің жұмбақтарын, басқаша қырларын жалпы философиялық тұрғыдан қарастырудың мүмкіндігін тудырды. Сондықтан, білім алушы ғылыми оқу құралдары мен жобалау әдіс тәсілдерін пайдалана отырып, сараптау мен пайымдау қабілетіне бейімделеді. Аталған модель күрделі жүйе болғандықтан, ізденуші өз тарапынан жаңаша, дербес креативті ойлау мүмкіндігін игереді.

  1. Және әлеуметтік-экономикалық және өндірістік жүйелерді ақпараттық тұрғыдан саралап, талдау басқару — құралдар мен әдістерді қажет ететін өте күрделі ізденіске жетелейді. Модельдеу танымның негізгі әдістерінің, шындықты бейнелеу нысаны болып табылатындықтанізденуші түрлі моделдік нысандарды, құбылыстарды, кезеңдік үрдістерді пайдалана отырып, оның тиімділігі мен артықшылығын сипаттап, бағдарлама немесе жоспарлы жоба жасауға икемделеді.
  2. Елдің экономикалық моделді жоспарлау және оны жүзеге асырудағы бизнес коммуникациялық тәсілдерінің әртүрлі бағыттындағы болжамын танып, оған өз тарапынан сараптама жасап, цифрлық көрсеткіштер мен анықтамаларға талдау мүмкіндігіне қол жеткізеді.

 

Масс медиа және мәдениет этикасының негіздері

Масс медианың дамуы медиа құралдарының әлемдік ақпараттық бәсекелестіктегі мәртебесі болып саналады. Бұл қоғамдық өзгерістер мен әлеуметтік қарқынның белгісі. Көпшілікке түсінікті бола бермейтін ұғымдар да таралып жатыр. Медиа жаңалықтарында берілетін анықтамалардың ақпараттық түсінік айқындығы да гуманитарлық ой кескіндерін кестелейді. Мәселен ойлау, бағалау, санаға сыйдыру және басқалар журналистке айқын болғанымен кейбір ұғымдар жалпы көпшілікке таныла бермейді. Масс медедиа бұл өмірдегі ғана емес, жалпы адам санасының жаңаша қозғалысы. Масс медиа құралдарының технологиялық сапасы артқан сайын оның шығармашылық өндірістік және моральдық рухани жетістіктерін қатар өрбіту мәселесі де қатар селбесуі тиіс. Осыған орай бірінші кезектегі сенім мен тұрақтылықтың кепілі ретінде медиа сапасының көрінісі мен басымдығын айқындауымыз керек. Осы орайда, қарым қатынас этикасының орнығуына көңіл бөлеміз.

Журналистика жасандылық пен деректемелік абайсыздыққа бармайды. Әңгіме қоғамдық қозғалыстағы  әлеуметтік кәсіби қарым қатынас этикасының қалыптасуына кереғар тенденциялар көптеп саналады. Айталық, желідегі жаңалық  жалғандықтары мен бейәдеп тіркестердің, жағымсыз көріністер мен зорлық зомбылықтың, жөнсіздік пен жүгенсіздікке итермелеудің жиі көрініс беруі, тек этикалық қатынастың жоқтығын ғана емес, жауапсыздық пен мәдениетсіздік ережесіне айналып бара жатыр. Мәселе масс медиалық ақпарттық коммуникациялық құрылымдардың етек алуында емес, әңгіме бұл тәрбие барысында да әдепсіздік пен қарым қатынастағы қоғамдық әлеуметтік жасырын медиалық қорлаудың бой көрсетуі.

Және қазіргі қоғамдағы пікір алуандығы мен әртарапты көзқарастардың орын алуы масс медианың күші және оның шығармашылық өндірісі ретінде танылуы. Сондай ақ, қоғамдық қатынастарда бұл элементтердің өзгеріп отыруы немесе өзгеріске ұшырауы ақпараттық қарым қатынастың алмасуына әкеледі. Ол адамдардың демократиялық және сөз бен ой тәуелсіздігінің кепілі деп танылады. Әрі масс медиа шығармашылығы қазіргі таңда коммуникативті білім берудің, қоғамдық ақпараттық индикаторіне айналды. Жастардың өмір қадамына, ізденісіне, білім алуына, ғылымға бейімделуіне  бағыт бағдар беретін ақпараттық өндістік технология. Материалдық игіліктер мен моральдық насихаттың шынайылығына, ізгіліктер мен мәдениттілікті, адамгершілік мен сыйластық салтының құндылықтарын құрметтеуге тәрбиелейтін этикалық қарым қатынас құралы. Сонымен қатар, әдептілік қарым қатынасын негізгі адамзат ақыл ойының ақпараттағы эволюциялық қажеттіліктері дейтін болсақ, демек, ақпараттық базаның қалыптасуы мен тұрақты идеократиялық мектебін негіздеу көзделмек. Масс медианың қоғамдық жүйедегі қарым қатынас этикасының дәуірлеу фундаментін құру, оның  қоғамдағы түрлі формациялық кезеңдерімен сабақтасуы, шығармашылық өнер мектебінің тарихи тәрбие және әдептілік тәртіп, заңдылықтарына жаңаша көзқарас танытуға икемдеу қисынын келтіру болып табылады. Бұл орайда, тек дәстүрлі ғана емес, психологиялық ретпен де жазу, айту, табу, тарату, талдау мен ақпарат пен құбылыстың маңызына бойлаудың стилдік шығармашылық пен тарихи  лингвистикалық қарым қатынас сипатына көңіл бөлу мәселесі туындайды. Яғни, білім мен ғылымның жалпықоғамдық моделінің парадигмасы. Маңызды өзгерістер төңірегіндегі қарым қатынастың этикалық көрінісіндегі эстетикалық талпыныстардың инновациялық жиынтығы.

Этикалық қарым қатынастың инновациялылығы адамдар мен табиғаттың және өндірістік қатынастылықтың ерекшелігі, мінез құлықтың кәсіби түрлі реакциялық қозғалыстарға бейімделуін тудырады. Бұл әрекеттер кәсіби дағдылық мінезінен туындайтын қасиеттерге ие болғандықтан,  қарым қатынастағы өзгешілік, адамның эмоциясын, сезімталдығын оятып, көңіл күй ауанындағы серпілісті және күш қуаттың артықшылығын, психикалық ойлау, қабылдау, қалыптасу икемін тұрақтандырады.

Демек, масс медиа күнделікті журналистика және цифрлық дәуірдегі медианың трансформациялық жаңаруларымен өзектесіп жатады. Яғни, ақпараттық өндірістік қарқынның  масс медиа мен бизнес коммунмкациялық қатынастың жаңа қоғамдық кретивті моделіне көшу болып саналады. Осы орайда, тікелей әлеуметтік және іскерліктің цифрлық ақпараттық трансформациясы ретінде даму мен өндірістік медиа ақпараттық қатынастың этикалық ережесін сауаттылықпен түсініп, қабылдау талабы туындады.

Демек, масс медиалық қарым қатынастың, өндірістік және бизнес коммуникациялық орамның ақпараттық әлеуметтік тұрмыстық өмірмен қатысымын ізгілендірудің жаңа қырлары қарастырылып отырады деген байлам бар. Бұл деген  масс медиалық ақпараттадыру саясатын қаржыландыру деген тұжырымға саяды. Сондай ақ, қарым қатынас этикасының ережелері мен жаңа платформалары да кәсібилене түседі.  Қоғамдағы күнделікті тұрмыс, іс әрекет пен қозғалыс адамдар арасындағы келісімділігін нығайтып, масс медиалық және өндірістік еңбек қатынасындағы өнімділік шарттарын туындатады.

Морал мен этика егіз ұғым. Моралдың теориялық негізін этикалық ғұрыптарда, күнделікті масс медиалық және адамдар арасындағы көріністер мен ақпараттық ағымдардан, өндірістік қатынас пен айту, сөйлесу, түсінісу тәрізді қатысымдардан көріп отырамыз. Алайда, оның адам дағдысы мен тұрмыс тіршілігіне енгізілуі сауаттылық пен білім, ғылым ізденісіне байланысты әрі мәдениеттіліктің даму келбетінен танып, қабылдап жүреміз. Мораль – қоғамдық ұйымдар мен мекемелер және жалпыкөпшіліктік қатынасқа тән өлшем мен ерекшелік сипаттарына тән болғандықтан, оның ішкі сондай ақ, сыртқы көрінісі қарым қатынас этикасынан көрінеді. Сондықтан, масс медиалық өнімдерді тұтыну мен оны талдап, саралап қорытынды шешім шығару барысында адамдардың интеллектуалды сауаттылығы мен білімгерлігін айғақтап, этикалық бірегейлігі мен рухани ақпараттылығын білдіріп тұрады.

Мысалы, байсалды сөйлеп, байыпты оймен сабырлы сөйлейтін адамдар жуас мінезді, жомарт жан делінеді. Себебі, масс медиалық ресурстардың бәрінде тіл бірлігі сақталады. Тіпті, визуалды көріністер мен дизаин, слаид шоу, графика, инфографика, тағы басқа да ақпараттық құралдардың мақсаты тек көрсетуден тұрмайды. Оның логикалық түйіндері мен ой тұжырымдары, әсерлі, бейнелі көріністері мен эстетикалық кескіндері, талап талғамдары болады. Бұл бейнелі визуалды қарым қатынастылықтың сыртында ішкі моралдық талдаулар мен таңдаулар бар.

Сондықтан, әрбір көрермен, тыңдарман, көпшілік қызықтаушылар өздерінің ішкі эмоциялық, физиологиялық әсерлерін монолог немесе сөз бен сөйлеу және ойлау мен құбылу сезімдері арқылы да этикалық қатынасқа көшеді. Яғни дәстүрлі дүниетанымдық жүйенің ішкі толқыныс қатысымы болып саналады. Сана құрылымындағы қозғалыс және кәсіби танымдық моральдардың жіктелісін қозғайды. Тежелістен ой тербелініміне серпін береді. Өзіндік ойлау мен қоғамдық құрылымдардағы және әлеуметтік ағымдағы өзгерістер мен күнаралық ақпараттарды сезімталдықпен қабылдап этикалық ойлау масштабына өтеді. Демек, этика философиялық ілім ретінде танылып, мораль оның сипаты мен мазмұнын ашатын пән ретінде қарастырылады.

Адамның жеке өміріндегі моральдық дүниелер, оның күнделікті немесе уақыт аралық кезеңдеріне өзгерістердің енетінін аңғартады. Сонда мораль дегеніміздің өзі ғылымда құндылықтар типологиясы болып шығады. Яғни, адамдардың қоғамдық қатынастардағы жалпы тілдесімі мен түсінісу аргументтері. Демек оның да методологиялық ұстанымы мен психологиялық принцптері ортадағы адами этикалық қатысым дәрежесінде әлеуметтілік тудырып, ол масс медиалық өнімнің негізгі айшықтарына айналады. Айталық ол ақынның толғаныс сәтіндегі образы, режиссердың театр қойылымына деген көзқарасы, журналистің пайымы, философтың детерминистік пәлсәпәлылығы, тағысын тағы. Бұл әр адамның өміріндегі қызметтік кәсіби этикалық қарым қатынасы және ол, жалпы адамдармен, көпшілікпен де байланыс тудыратын ой ұстыны мен идеяластығын дәлелдемек. Міне, моральдың құндылығы деген қоғамдық өмір циклдарының мән мағынасын ашып түсіндірудің методикасы. Ал, масс медиа дүниедегі, әлемдегі болып жатқан өзгерістердің жаңалықтар мен құбылыстардың  материалдық қозғалысын ақпараттандырып, айтып, жазып, бейнелік сипатын көрсеткенде, оның сұрауы және жауапкершілігі мен моралдық, сондай ақ, этикалық қарым қатынас тәжірибесінің қоғамдағы мәдени іс әрекет пен ізгіліктің бірлігінде  екендігін дәлелдейтін технология.

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *