

ТАҒДЫР (ақын-жазушылардың өмір тарихтары) Пушкиннің қызы
12.03.2025 0 13

Ермек ЗӘҢГІРОВ,
ҚР Жазушылар Одағының мүшесі, журналист
Аштан өлген ақын қызы
Мария Александровна
Хартунг – Пушкина
Күншілдік уытымен суарылып, құштарлық уына малынған өмірде мән жоқ. ХХ ғасырдың басында Мәскеудің Страстная (қазіргі Пушкин) алаңындағы Пушкин ескерткішіне күн сайын белгісіз бір еңкіш тартқан қария әйел келіп, ұзақты күн ескерткіш алдында тіршілік нәрін тартпай қас қарайғанша отырады екен. Ол әйелдің кім және оның мұнда күн сайын неге келетініне халық назар салмайтын болған. Кейін белгіліболғанындай, бұл мүсәпір байқұс жан, ұлы ақынның үлкен қызы Мария Александровна Хартунг – Пушкина екенін қала тұрғындары біліп қалған.
Ол тұс біреуді-біреу танып, біліп болмайтын заман еді.1919 жылы ол коммуналдық пәтердегі аядай ғана бөлмеде жалғыз тұрып, белгісіз жағдайда қайтыс болады. Асылтекті Қыздар институтының тәрбиеленушісі және генералдың жесірі болған ол бейкүнә жан, Кеңес өкіметінен болмашы ғана зейнетақы алып, тапқаны тамағына, ілгені киіміне жетпей, 86 жасында аштықтан қайтыс болыпты.
Тобырдың өсегі мен жекелеген адамдардың арам ниеттерінен құрылған небір қастандықтар жағдайын шайқалтпаған қаншама адамдар болмашы сөзден масқараға ұшырап, халық құрметінен айрылып жатты. Бұл мысты басудың құпия әрекеттерінің бірі.
Әкесінің көшірмесі
Мария Пушкина – 1832 жылы 19 мамырда, Петербургқаласында ұлы ақынның жекпе-жек атыстан өлім құшарынан бес жыл бұрын дүниеге келіпті.Ұлы ақын қызының есімін әжесі Мария Алексеевна Ганнибалдың құрметіне Мария деп қойыпты. Солкүндері Пушкин достарына: «Менің әйеліме айрықша ерекшеліктерге сай, кішкентай литографты шешуге ыңғайсыз болды», — деп жазған көрінеді. Александр Сергеевич қыздың өзіне ұқсайтынына ерекше қуанса да, оның келбетінің «арабтардың масқара көшірмесі» — деп есептеп, болашақ қызының тұрмыс құруына секеммен қараған көрінеді.
Бұл туралы ақынның әйеліне жазған хаттарында балаға сілтеме жасаған оқиғасы жиі кездеседі: «Менің тіссіз Пушкинім, қалай өсіп жатыр?» — депті бірде ол әйелінен. Замандастарының естеліктеріне сәйкес, Александр Сергеевич қызды өте жақсы көріпті.
1852 жылдың желтоқсанында, Екатерина патшайым атындағы Асыл текті қыздар институтын бітіргеннен кейін, Мария Пушкина – император Александр II-нің әйелі, императрица Мария Александровнаның құрметті қызметшісі болады. Ол – неміс және француз тілдерінде еркін сөйлеп, фортепианода шебер ойнаған, сурет салу өнерінен де жақсы қабілеті болған.
1860 жылдың сәуірінде 28 жастағы Мария Пушкина сарайдағы тоқ қызметін тастап, ЛеонидНиколаевич Гартунға дегенге тұрмысқа шығады.
Гартун – жай қарапайым адам емес-ті. Әскери шені генерал-майор, Тула мен Мәскеудегі императордың жекежылқы зауыттарының басқарушысы болып қызмет ететін. Ол Мариядан екі жас кіші және әйгілі ақсүйек отбасынан шыққан болатын.
Сот ғимаратында атылған оқ
Көңіл ауу әдетте шынайы және аяушылық түрінде болады. Бірақ екеуі екі түрлі биік рухты рақатқа бөлейді. Оны танып, жаулап алу оңай шаруа емес. Тылсым сүйіспеншілік жоқ жерде өзара сенім де бола бермейді. Әкесіне сеніп, үйленетіндер аз.
Әйтсе де, олардың некелері сәтсіз болады, Гартунгтар жұбының ортақ балалары болмайды.1868 жылы Мария әйгілі жазушы Лев Толстоймен кездеседі. Әдебиет классигін оның экзотикалық сұлулығы таң қалдырады. Лев Николаевич өзінің кейіпкері Анна Каренинаның келбетін Пушкиннің қызынан алғанын мойындайды.
1877 жылы Леонид Гартунға ірі көлемдегі ақшаны жымқырады деген әділетсіз айып тағылады. Генерал марқұм болып кеткен бай көпестің қызметін жүргізуші болады. Күндердің күнінде одан қалған мұралық дүние жұмбақ түрде жоғалып кетіп, көпестің жесірімен балалары оны сотқа береді.
Сот мәжілісі 4 сағатқа созылады. Қазылар алқасы шешім қабылдау үшін ақылдасуға кеткенде, генерал жеке кабинетке кіріп, тапаншасымен атылып өледі. Ол өз-өзіне қол жұмсау әрекеті туралы түсіндірме жазба қалдырады. Онда: «Мен қарыздарымды өзім төлеймін… Мен ештеңе ұрлаған жоқпын және жауларымды кешірдім» — деп өсиет қалдырады.
Кейіннен айыптаудың жалған екені белгілі болады.Әйтсе де, ол Мария Александровна күйеуін адал адам санауға болмайтынына шыдай алмайды.
Леонид қайтыс болғаннан кейін Пушкиннің қызы күн көріссіз далада қалады. ОлимператорАлександр IІ-ге хат жазып, кезінде әкесі Николай І-нің ұлы ақынның әйелі мен балаларына қамқорлық жасау туралы уәдесін еске салады.
Осыдан кейін оған айына 200 рубль зейнетақы тағайындалады. Ол кезде білікті жұмысшының айлық жалақысы 15 рубльден аспайтын.
1880 жылы Мария Гартунг – Пушкиннің басқа туыстарымен бірге ескерткіштің салтанатты ашылуына қатысады. Содан бері ол Мәскеудегі ақын ескерткішінің басына күн құрғатпай келіп, тағзым етуді дәстүрге айналдырады.Ол бұл әдетін өлгенше дейін бұзбайды.
Француздық акцент
Революциядан кейін император тағайындаған зейнетақы алынып тасталады. Мария Александровна күн көріс қамына айналдырып отырған қаражатынсыз қалады. Оған обал болды-ау, деген адам болмайды. Сондықтан ол ешкімге қолын жайып баруды өзіне ар санап, бірнеше күн нәр сызбаған күйде аштан өледі. Оның таныстары РСФСР Халық ағарту комиссары Анатолий Луначарскийге жүгінеді.Тексеруге келген комиссия оның өмірі мен тұрмыс-салтына назар аударудың орнына қайдағыны әңгіме қылып кетеді. Анықтамаға 86жастағыМария Хартунгтың ақыл-есінің бүтін екенін және оның француздық акцентпен орыс тілінде сөйлегенін айтады.
Луначарский – Пушкинаның орыс әдебиетінің алдындағы сіңірген еңбегін ескере келіп,оған зейнетақы тағайындау туралы ұсыныс жасайды. 1919 жылы 29 қаңтардаМ. А. Гартунгқа– «Әдебибаспа» қорының есебінен айына1000 рубль субсидия төлеу жөнінде шешім жасалады.
Алайда Мария Александровна өзіне бекітілген ақшаны бір-ақ рет алады.
Ұлы ақынның сүйікті қызы осылайша аштықтан 1919 жылы 7 наурызда қайтысболады.Сүйегі Дон зиратына қойылады.
Әзірше ешқандай пікір жоқ.
Бірінші болып пікір қалдырыңыз.