ЗАҢ ҮСТЕМДІГІ: АЗАМАТТАРДЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАРЫНЫҢ ЗАҢМЕН ҚОРҒАЛУЫ ЖӘНЕ ЗАҢ АЛДЫНДАҒЫ ЖАУАПКЕРШІЛІК МӘСЕЛЕСІ

Ақылбек Исабеков,
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультеті, мемлекет және құқық теориясы мен тарихы,
конституциялық және әкімшілік құқығы
кафедрасының профессоры
Конституциямыздың алғашқы бабында: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады…» деп жазылған. Бұл дегеніміз, Қазақстан Республикасындағы әрбір азамат демократиялық көзқараспен, зайырлы еркіндікпен, құқықтық және әлеуметтік теңдікпен өмір сүруге құқылы деген сөз. Ал осы баптың жалғасы «…оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп «адам құқығы» мәселесін көлденең тартады. Олай болса, 1995 жылдың 30 тамызында қабылданған 98 баптан тұратын Конституциямыздың алғашқы бабының өзі адам құқықтарының заңмен қорғалуын қаматамасыз етуді көздейді. Заңға бағынбаған және оны құрметтемеген жерде келеңсіз оқыс оқиғалар көбейіп, зардап шегушілер мен жәбірленушілердің қарасы көбейеді. Сондықтан да мектеп қабырғасындағы оқушыларға және жоғары оқу орындарындағы білім алып жүрген болашақ мамандарға (студенттер, магистранттар, докторанттар), жалпы көзі қарақты оқырмандарға арналған осы мақала Ата заңымызда айқын жазылған құқықтық мемлекетіміздің қағидаттарын кеңінен түсіндіре түседі деп білемін.
Олай дейтініміз, қазіргі таңда заман талабына сай көтеріліп отырған мемлекеттегі әлеуметтік теңсіздікті азайту, қауіпсіз қоғам құру мәселесін жолға қою міндеті тұр. Әлеуметтік-қоғамдық орта құру, әлеуметтік кодекс пен заңнамаларды қайта қарап, халықтың игілігіне түбегейлі қызмет көрсететін заң нормаларын бекіту мәселелері осы еңбектен көрініс табады.
Жалпы адамзат баласының бойын-дағы рухани құндылықтар, сондай-ақ әділеттікке бас иіу, ізгілік жолымен ізет көрсету, теңдікті қалау, бостандық ұғымын биік санау секілді идеялар – «құқық» ұғымының негізгі қағидалары болып табылады.
Құқықты әрбір адам баласына тумысынан берілетін табиғат сыйы деп те қарастыруымызға болады. Мәселен, өмір сүру құқығы. Әрбір адам туылған сәттен бастап өмір сүруге, ақыл-есі толыққаннан кейін өз қалауынша өмір сүруге толық құқылы. Бұл қағида – 1948 жылы 10 желтоқсанда Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының №217(ІІІ) резолюциясымен қабылдан-ған Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясында да, 1995 жылы 30 тамызда республикалық референдум негізінде қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясында да айқын көрініс тапқан.
Адам, әрбір жеке тұлға өмір сүру кезінде қоғамдық қатынастарға түспей тіршілік ете алмайды. Міндетті әрі
жүйелі түрде өзге адамдармен өзара қарым-қатыстарға түседі. Мәселен, бала-бақшаға барып тәлім алады, мектепке барып орта білім алады, жоғары оқу орнына түсіп, жоғары біліммен қаруланады және бұған дейінгі тәлімін ұштастырып, саналы тәрбие алып шығады. Бұл қарым-қатынастарды міндетті қарым-қаты-настар деп қарастыра аламыз. Ал жүйелі қарым-қатынастар жоғары білімді игеріп, жас маман ретінде белгілі бір жұмысқа орналасқаннан кейін басталады. Мәселен, жұмыс тәртібі мен талаптарын назарға алу, басшыға бағыну, жұмыс барысында кәсіби-этикалық нормалар мен қағидалардыбасшылыққа алу т.б. Демек, қайсы бір сала болмасын халыққа көрсетілетін қызмет түрінің белгілі бір жүйесі болады. Жүйелі түрде тұрақты қызмет көрсетілгендіктен халық оны мойындайды және сол саланың қызмет көрсету тәртібіне бағынады.
Міндетті не жүйелі түрде іске асырылатын қоғамдық қатынастарды рет-
тейтін, әрбір жеке тұлғаның (азамат-тың) қоғамдағы орнын, оның қадір-қасиетінің ескерілуін, жүріп-тұру еркіндігін және бас бостандығын қамтамасыз ететін құрал ол, құқық. «Құқық» ұғымына келесідей анықтама беруге болады.
Құқық дегеніміз – мемлекет арқылы қамтамасыз етілетін, әділеттілік туралы адамдардың көзқарастарынан көрі-ніс табатын, жалпыға бірдей міндетті нормалардың жиынтығы.
Қоғамда адамдардың көпшілігі заң ұғымын жақсы түсінеді, сондай-ақ заңнан аяқ тартады. Олай болатыны – заң әрқашан жеке адамның мүддесіне емес қоғамдағы барлық адамзат баласының ортақ мүддесіне қызмет етеді. Сондықтан, адамзат баласының санасында «заңға құрметпен қарау» деген түсінік қалыптасқан. Бірақ сол жалпыға ортақ заң талаптарының негізі нормативтік құқықтық актілерден, құқықтық нормалардың жиынтығынан тұратынын біле бермейді.
Құқық нормасы дегеніміз – нақты бір құқықтық ереже, яғни қоғамның даму барысында қалыптасқан адамдардың белгілі бір жағдайдағы мінезқұлық бағдарламасы болып табылады. Кез-келген құқықтық нормаларда адамдарға бағытталған белгілі бір құқықтары мен міндеттері жазылып көрсетілген барлық мінез-құлық нормасы беріледі. Мәселен, кез-келген азаматтың құқығы тапталған (бұзылған) жағдайда, оны сотта қалпына келтіру құқығын реттейтін нормада жәбірленуші (құқығы бұзы-лып, зардап шеккен адамның) тарапынан талап-арызын сотқа жолдауға құқылығы көрсетіледі, ал оның талап-арызын қабылдап, белгілі мерзім ішінде тиісті шешім шығару міндеті соттың қызметіне жүктелген. Демек, құқықтық норманың қызметі сол, ол бір мезгілде іс-әрекет (құқыққа қайшы) жасайтындар мен осыған қатысушы тараптардың арасындағы әлеуметтік-қоғамдық және құқықтық қатынастарды тудырады. Жоғарыда айтылғандай, адамдардың көпшілігі күнделікті тіршілікте мінез-құлық
нормаларын білмегендіктен заңдар-дың бұзылуына жол беріп жатады. Адамдардың мінез-құлық нормалары бұзылғаннан кейін олардың іс-әрекеттері құқыққа қайшы болып қалыптасады да теріс әрекеттерге ұласады. Ал нақты іс-әрекеттер немесе әрекетсіздіктер қолданыстағы заңның талаптарына қарсы келіп, «қылмыстық әрекет» болып сараланады.
Жоғарыдағы негіздерді назарға ала отырып, Конституциямыздың 1-ші бабында: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп жазылғандықтан, еліміздегі әрбір азаматтың құқықтары тапталмау (бұзыл-мау) үшін халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мәселесін қолға алу және оны жүйелі түрде іске асыру аса қажет деп білеміз.
Адамзат баласы (әрбір жеке тұлға) күнделікті әлеуметтік, қоғамдық қатынастарда өзінің жеке басының құқықтарын толық біліп және оны сезініп, өзінің әрбір қарым-қатынасын-дағы жауапкершілікті ұғынғанда ғана құқық нормалары өз қызметін еш кедергісіз атқарады және оны (әрбір жеке тұлғаны) заңмен қорғай алады. Егер, азамат өзінің жеке басының құқықтары мен заң алдындағы мін-деттерін білмей, өзінің қалауымен (өз еркіне салып) әрекет ететін болса, ол құқық нормаларының бұзылуына әкеп соғады да сол азаматтың құқығы заңмен қорғалмайды. Азаматтың өз әрекетіне қатысты заң талаптарын білмеуі –оны заң алдындағы жауаптылықтан босатпайды. Сондықтан, құқық нормалары заңдар мен нормативтік құқықтық актілердің ажырамас бір бөлігі ретінде көрініс табады.
Нормативтік-құқықтық актілер жоғарыда келтірілген құқық нормалары-ның жиынтығын құрайтын, қоғам-ның белгілі бір саласы бойынша қабылданған заңдылық күші бар құжат болып табылады. Кез-келген жеке тұлға немесе заңды тұлғалар қандай да бір даулы мәселе болмасын нормативтік құқықтық актілердің талаптарына жүгіне алады. Көтерілген даулы мәселеде нормативтік құқықтық актілердің талаптарына қайшы келген не оны бұзған тарап заң алдында жауаптылыққа тартылады. Ал керісін-ше, нормативтік құқықтық актілерді талдау, қабылдау, бекіту кезінде жіберілген олқылықтар бойынша мемлекет тарапынан құқықтық мориторинг жүргізіледі.
Нормативтік құқықтық акт дегеніміз – (латынша «normatio — қалпына келтіру»; «actus – іс») референдумда қабылданған не уәкілетті орган немесе мемлекеттің лауазымды адамы қабылдаған, құқықтық нормалардың жиынтығын құрайтын, олардың қолданылуын өзгертетін, тоқтататын немесе тоқтата тұратын белгіленген нысандағы жазбаша ресми құжат болып танылады.
Құқықтық мониторинг қабылдан-ған нормативтік құқықтық актілерде Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшылықтарды, қайталану-ларды, олқылықтарды, тиімсіз іске асырылатын, ескірген және сыбайлас жемқорлық сипаты бар құқық нормаларын анықтау және қабылданған нормативтік құқықтық актілердің іске асырылу тиімділігін болжау, талдау, бағалау арқылы оларды жетілдіру жөнінде ұсыныстар жасау мақсатында жүзеге асырылады.
Нормативтік құқықтық актілеріне құқықтық мониторинг Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы (заң талаптарына қарсы) келетін, ескірген (толықтыруларды талап ететін) және сыбайлас жемқорлықты тудыратын құқық нормаларын анықтау, олардың іске асырылуының тиімді-лігін бағалау мақсатында тиісті заңнамасының жай-күйі туралы ақпарат-ты жинау, бағалау, талдау, және қолданыстағы құзіреттілігін болжау бойынша тұрақты негізде қызмет көрсететін мемлекеттік органдарға жүр-гізіледі.
Кез-келген нормативтік құқықтық актілер халықтың ортақ мүддесіне қызмет ететін болғандықтан, ол құжат ресми түрде жариялануға жатады.
Нормативтік құқықтық актінің ресми жариялануы – жалпыға ортақ қабылданған нормативтік құқықтық актінің толық мәтінін ресми сайттарда және мерзімдік баспа басылым бет-терінде (газет, журнал, әлеуметтік желілерде) халықтың назарына ұсыну үшін жариялау болып табылады.
Мақаламыздың мақсаты – әділетті қоғам қалыптастырудың конституциялық негіздемелерін алға тарту арқылы тәуелсіз мемлекетіміздің көшін өрке-ниетке қарай бұру.
Халықтың нық сеніммен өмір сү-руіне негіз бола алатын әділетті қоғам қалыптастыру үшін құқық бұзуға әрекеттерге апаратын барлық жолдарды анықтап, шектеу қойғанда ғана нақты нәтижеге қол жеткізуге болады.
Адам мен азаматтардың құқықтық мәртебесі, олардың конституциялық құқықтары мен бостандықтары Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-ші бабы адам мен азаматтардың қоғамдағы орны мен оның биік мәртебесін баяндайды.
Ата заңымыздағы алғашқы бап: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және
әлеуметтік мемлекет ретінде орнық-тырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп жазылған. Оқырмандарға «адам» мен «азамат» ұғымдары түсінікті болу үшін осы терминдердің ара жігін ажырата кеткенді жөн санаймыз.
Адам құқығы – мемлекетпен бекітілген және кепілдендірілген қоғамдық, саяси немесе шаруашылық құрылымдардың қызметіне қатысу құқығы.
Адам құқығында индивидтің қызметінің нақты бағыты бекітіледі. Мемлекет өзіне заңда белгіленген аяда құқыққа сәйкес әрекеттермен қамтамасыз ету және оны қорғау міндеттілігін алады.
Жалпы, өмірде адам мен азаматтар бір-бірімен пікірлесу не өзара әрекет-тесу барысында «адамның хақы» деген сөз терминін жиі қолданып жатады. Ол термин адам мен азаматтардың түсінігіне өте жақын, себебі, халқы-мыздың салт-дәстүрінде де діни сенім- нанымында да кездеседі. Қазақ халқындағы: «Кісінің ала жібін аттама» деген тыйым сөздің астарлы мағынасы «ешкімнің қақына кірме, кез-келген адамның құқығының бұ-зылуына себепкер болма» дегенді білдіреді. Өйткені, адамның хақының арғы жағында оның конституциялық құқығы, ар-намысы және адами қадір-қасиеті тұр. Сондықтан, бүгінгі конституциямызды не байырғы салт-дәстүріміздегі заңдар жинағын алып қарасақ та адам құқығы бәрінен биік тұрады. Өйткені адамға өмірді Жаратылыс заңымен табиғат сыйлайды, ешкімнің ешбір адамның құқығын таптауына, заңсыз жолмен үстемдік етуіне не өмірін қиюына жол берілмейді.
Адам мемлекеттің ең асыл қазынасы болғандықтан оның бас бостандығы – баға жетпес асыл нәрсе. «Бостандық» түсінігі адамның өз әрекетін таңдау мүмкіндігі, ол өзінің ішкі дүниесіне ешкімнің араласуына жол бермейді және өзін қорғайды. Мемлекет тек құқықтық нормалардың көмегімен оның шегін нақтылайды, осы негізде адам өз қалауынша әрекет жасай алады. Олай болатыны – заңның алдында барлық адамның құқығы тең.
Адам және азамат құқығын қарас-тыру кезінде білім алушыларға «адам», «жеке адам», «азамат» санаттарының ара қатынасын білу маңызды. «Адам» ұғымы табиғи тұрпатта сипатталады, яғни арнайы физиологиялық қасиеттерді бойына сіңірген тіршілік әлемінің өкілі ретінде. Ал «жеке адам» ұғымы адамды әлеуметтік тұрғыда сипаттайды, яғни қоғамда өзінің рөлі мен орнын және оның алдындағы жауапкершілігін сезінуі (мүмкін болатын жағдайлар, егерде адам әр түрлі объективті және субъективті себептерге байланысты жеке адам бойында болатын қасиеттерді иемденбесе, мысалы, психикалық аурудың салдарынан сот оны әрекет қабілеттілігі жоқ деп таныса).
«Азамат» ұғымы адамды заңды тұрғыда сипаттайды, яғни адамның нақты бір мемлекетпен тұрақты құқықтық байланыста екендігін білдіреді.
Адам баласына құқықтық мәртебе туылған сәттен беріледі. Ол әрбір адамның өмір сүру құқығына ие болуымен көрініс табады. Яғни, кез-келген адам өмірге келген сәттен бастап өзі туылған мемлекетте құқық қабілетті болып танылады. Ал әрекет қабілеттілік белгілі жасқа толғаннан кейін берілетін құқықтың түрі болып табылады. Азаматтық алу құқығы да адамның еркіне берілген құқықтық игіліктер қатарына жатады. Демек, адам құқығы мен азамат құқығының арасында ерекшеліктер бар:
Біріншіден, адам құқығы мемлекет-тік мойындаудан және заңдық бекіту-лерден оның қандай да бір мемлекетке қатынасына қарамай тәуелсіз өмір сүреді. Азаматтың құқығы өмір сүріп жатқан мемлекеттің қорғалуында болады.
Екіншіден, әлемде көптеген адамдардың азаматтық мәртебесі (азаматтығы жоқ тұлғалар) жоқ, яғни олар формальді түрде адам құқығының иегері болып табылады, бірақ азаматтық құқығы жоқ.
Жемқорлықсыз әділетті қоғам қалыптастырудың тетіктері ұсынылған осы оқулықта сыбайлас жемқорлық қылмыстарына жол берген адам мен азаматтардың сыбайлас жемқорлық қылмысындағы қылмыстық ниеттілігі және сол әрекеттердің әсерінен құқы-
ғы тапталған азаматтардың конститу-циялық құқықтарының заңмен қорғалатындығы жазылады. Сыбайлас жем-
қорлық қылмысының басқа қылмыс-тардан ерекшелігі де сол – бұл қылмыс түрі тек қасақаналық ниетпен жасалады. Адам мен азаматтардың қылмыс-тылық ниетінің саналы түрде жүзеге асырылғандығымен әшкереленеді. Бұл қылмыстық әрекеттерге бел буып кіріскен немесе қылмысқа жол ашқан азаматтар өзге адам мен азаматтардың құқықтарының тапталатындығын жә-
не жасап жатқан не жоспарлап отырған іс-әрекеттерінің құқыққа қайшы екендігін толыққанды біледі.
Сондықтан да олар алдын-ала өзара сөз байласу арқылы қылмыс әлеміне жол ашады.
Адам құқығы – адамның мүддесін қанағаттандыруға бағытталған, заңмен қорғалатын демократиялық, әлеумет-тік құндылық. Адамның өмір сүруі мен лайықты өмір кешу құқығын жүзеге асыру үшін оның дүниеге келуі ғана жеткілікті. Осы орайда Конститу-цияның 12 бабының 2-ші тармағында: «Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады» деп баяндалған. Ал басқаша құқықтарын жүзеге асыру үшін адамда азамат, жеке адам қасиеттері болуы шарт. Адамның құқы мен бостандығы табиғи және ажыратылмас болып табылады, туғаннан бастап беріледі және жоғары құндылық болып табылады. Осылайша Конституциямыздың 1-ші бабында адам құқығын ең биік тұғырда бағаласа, тиісінше 34-баптың 1-ші тармағында «әркім Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті» деп адам мен азаматтарға заңдылық күші бар міндеттер жүктейді. Сонымен қатар, 12 баптың 5-ші тармағына сәйкес адамның және азаматтың өз құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруы басқа адамдардың құқық-тары мен бостандықтарын бұзбауға, конституциялық құрылыс пен қоғам-дық имандылыққа нұқсан келтірмеуге тиіс. Ал, мемлекеттің міндеті – адам құқықтарын сақтау, қорғау және мойындау. Мемлекет өзінің азаматтарына жеке адамның қажеттілігіне сәйкес келетін құқық пен бостандықтарды (өмірінің қауіпсіздігі, адамның бос-тандығы мен ар ожданы, өзінің жеке ерекшелігін сақтау және дамыту) қамтамасыз етуге міндетті. Сыбайлас жемқорлық қылмыстары сараланғанда зиян шегетін тарап жеке азаматтардың құқықтарының тапталуы, қоғамдық тәртіп пен заң талаптарының бұзылуы не жеке адамдардың қаржылық шығындары мен мемлекет қорының тоналуы – қылмыстық әрекеттің объектісі мен объективтік жағының белгілерін құрайды. Жеке адамдардың тек қана материалдық шығындары ғана емес оның болашақ тағдырына да (білім алу, еңбек ету, спорттық жарыстар мен шығармашылық бәсекеге түсу т.б.) кері әсер ететін келеңсіз жағдайларды қалыптастырады. Сонымен қатар, өскелең ұрпақ санасына сіңіп, олардың гумандық, патриоттық, еңбекқорлық қасиеттерінің қалыптасуына да кері ықпал етеді.
Адам мен азаматтардың конституциялық құқықтық мәртебесінің құрылымына: негізгі құқығы, бостандықтары, заңды мүдделер мен міндеттері, азаматтығы және құкық мәртебесінің кепілдіктері жатады.
Адам мен азаматтардың конституциялық құқықтық мәртебесі келесідей түрлерге бөлінеді:
— азаматтардың жалпы немесе конституциялық мәртебесі;
— азаматтардын кейбір санаттарына арнайы және туғанынан берілетін мәртебесі;
— жеке адам мәртебесі;
— жеке және заңды тұлғалардың мәртебесі;
— шетелдіктердің, азаматтығы жоқ-тардың, босқындар мәртебесі;
— шет елдерде жүрген Қазақстан азаматтарының мәртебесі;
— салалық мәртебелер: азаматтық-құқықтық, әкімшілік- құқықтық, т.б.;
— кәсіби және лауазымдық мәртебе (депутат, министр, судья, прокурор мәртебесі);
— әр түрлі шұғыл жағдайларда және еліміздің арнайы аймақтарында жұмыс істейтін тұлғалардың мәртебесі.
Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының қорғалу кепілдік-теріне келер болсақ, Конституцияда, басқа да заңдарда аталған азаматтардың құқықтары мен бостандықтары олар-ға заңды мүмкіндіктер береді. Ол мүмкіндіктерді жүзеге асыру үшін кепілдіктер қажет. Кепілдіктер мемлекет тарапынан жасалып, оның қадағалауында, бақылауында болады. Соның негізінде әр азамат заңда көрсе-тілген құқықтарын өзінің, халқының игілігіне пайдалана алады. Бұған Ата заңымыздың «Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі» деп жазылған 12 бабының 1-ші тармағы заңды күші бар негіз бола алады.
Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына ең негізгі кепілдік – оның құқықтары мен бостандықтарына шек қоюшылықты болдырмау. Құқық пен бостандыққа шек қою немесе олардан айыру жағдайлары тек қана конституцияда көрсетіледі. Конституция бойынша адамды құқығы мен бостандығынан айыру немесе шектеу төтенше жағдайда және уақытша ғана қолданылады. Азаматтардың құқығы мен бостандығына негізгі кепілдік беретіндер – өздеріне осындай міндеттер жүктелген және оны іс жүзіне асыратын мемлекеттік органдар, ұйымдар, лауазымды адамдар болып табылады. Барлық мемлекеттік органдар азаматтардың құқығы мен бостандығын пайдалануына жағдай жасау үшін құрылған. Олардың негізгі құрылу мақсатының өзі сол – азаматтардың заңды құқықтарын қорғау үшін қызмет ету болып табылады.
Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының абсолюттілігі, олардан ешкімнің айыра алмайтын-дығы және олар әркімге тумысынан тиістілігі, яғни осы конституциялық қағида индивидтің құқықтары мен бостандықтарына табиғи сипат бере-ді. Конституциямызда адамның қадірқасиетіне қол сұғылмаушылық қағидасы ресми түрде жарияланған. Сондықтан да заңды негіздерден тыс ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадір-қасиетін қорлай-тындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды.
Адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын саралайтын болсақ жеке құқықтар мен бостандықтарға Қазақстан аумағында тұрақты және уақытша тұратын барлық тұлғалар ие бола алады. Олар абсолютті, ешкім айыра алмайтын және әркімге тумысынан тиісті болады. Конституцияның 15-ші бабына сәйкес, әркім өмір сүру құқығына ие болады. Аталмыш құжатта өмір сүру құқығы әр түрлі қол сұғушылықтан қорғалу мақсатында бекітілген және
өмір сүру құқығы көптеген конститу-циялық кепілдіктермен қамтамасыз етілген. Конституцияның 31-ші бабында адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін деректер мен жағдаяттарды лауазымды тұлға-лардың жасыруы заңға сәйкес жауап-кершілікке әкеп соғатындығы туралы жазылған. Өмір сүру құқығы тек қана Конституциямен ғана емес, өзге де салалық заңдылықтармен қорғалады. Қолданыстағы заңдылықтар осы құқықты қамтамасыз етуге бағытталған шаралардың жүйесін анықтайды.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 17-ші бабына сәйкес адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды. Адамның қадір-қасиеті тұлғаның сыртқы және ішкі мазмұнын өзіне толы-ғымен енгізеді. Қазіргі қоғамда қадір-қасиет түсінігін тұлғаның жағымды қасиеттері мен тартымды жақтарының жиынтығы ретінде қарастырады, әрі ол мемлекетпен жоғары қазына ретінде қорғалады.
Адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына тоқталғанда олардың көркем, ғылыми және техникалық шығармашылыққа құқығы туралы да айту керек. Мемлекет азаматтарының рухани шығармашы-лыққа ұмтылысын қолдайды.
Олар Ұлттық Ғылым академиясында, университеттерде, ғылыми орталықтарда мемлекеттің қолдауына негізделген ғылыми зерттеулер жүргізе алады. Екінші жағынан, мемлекет азаматтарының өнерге, ашылуларға, ғылыми еңбектерге және көркем шығармаларға авторлық құқықтары қорға-лады. Бұл азаматтардың құқықтары мен бостандықтары мемлекет мүдде-лерінен жоғары тұратындығын білдіреді.
Мемлекеттің міндеті – бұл азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін көздейтін қызмет түрі болып табылады. Мемлекеттік қызметшілерге азаматтардан олардың заңды міндеттерін орындауын талап ету өкілеттіктері беріледі.
Адамның және азаматтың Конституцияда бекітілген құқықтары мен бостандықтарына қысым жасайтын заңдарды және өзге де нормативтік құқықтық актілерді қолдануға құқы-ғы жоқ. Егер қолданылуға жататын заң немесе өзге де номативтік құқық-тық акт Конституцияда баянды етілген
адамдардың жеке азаматтық құқық-тары мен бостандықтарына нұқсан келтіреді деп есептесе, сот іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұруға және оны Конституциялық Кеңеске осы актіні конституциялық емес деп тану туралы ұсыныспен жүргізуге міндетті.
1995 жылдың 30 тамызында қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясында адам құқығы, адам мен азаматтардың құқықтық мәртебесінің бекітілгендігі және олардың құқықтары мен бостандық-тарының заңмен қорғалатындығы анық баяндалған. Бұл белгілер құ-қықтық демократиялық мемлекеттің айқын көрінісі болып саналады. Осылайша заң үстемдік құрған қоғамда адамдар еркін өмір сүру мүмкіндігіне ие бола алады.
Кез-келген қоғамда адам мен азаматтардың ара-қатынасы мен өзара әрекеттесуінің нәтижесі келеңсіз оқиғалар мен жәйттерді тудырмас үшін белгілі бір заңдылық нормалар қабылдануы тиіс. Сол нормалардың ортақ талабына бағынғанда ғана тұрақты әрі жүйелі тіршілік орнайды. Егер, көпшілікке ортақ заң нормаларықабыл данбаса не белгілі ортада талқы-ланып мақұлданбаса, бұл нормаларсыз қоғам алға қарай дами алмайды. Керісінше, оқыс оқиғалар мен келеңсіз жәйттер күннен-күнге бой көрсетіп, қоғам өзінен-өзі құлдырайды. Сол себепті қай бір заман, қай бір қоғам болмасын өзіне тән заманауи заңды-лықтарды қабыдауға мәжбүр болып келеді.
Заңдылық дегеніміз – бұл қоғамдық қатынастардың қатысушыларының құқық нормаларын қатаң түрде сақтауы. Заңдылықтың мәні құқық қорғау органдарының не қоғамдық тәртіп пен саяси тұрақтылыққа жауапты тұлғалардың құқық нормаларын жауапкершілікпен сақтап, орындап, қолдануында болады.
Заңдылықтың екі мәні бар:
1) мазмұнды мәні – құқықтық, әділ, ғылыми негізделген заңдардың болуы;
2) формальды мәні – оларды орындау. Заңдылықтың субъектілері қоғамдық қатынастардың барлық қатысушылары болып есептеледі, олар: мемлекет және оның органдары; қоғамдық және басқа да ұйымдар; еңбек ұжым-дары; лауазымды тұлғалар; азаматтар.
Заңдылықтың объектісі – заңды міндетті тұлғалардың жүріс-тұрысы, олардың санасы, еркі мен әрекеттері. Адамзат баласының санасы мен ақыл-парасаты артқан сайын олардың жүріс-тұрысы мен іс-әрекеттері және ойлау қабілеті едәуір өзгерістерге ұшырап отырады. Сана артқан сайын физикалық қозғалыстар кеми түседі. Тиісінше, адам санасы артқан сайын ғылым дами түседі, озық технологиялар қолданысқа ене бастайды. Өкінішті тұсы, қылмыстылық пен құқықбұзушылықтардың заманауи жаңа түрлері көрініс табады.
Заңдылық қағидалары – заңдылық-тың мазмұны мен мәнін ашатын негізгі идеялар мен бастамалар. Жалпыға ортақ заңдылық нормалар қабылданғаннан кейін оларды жүзеге асыру міндеті алға шығады. Егер, жүзеге асыру міндеті орындалмайтын болса
қабылданған заңдылық нормаларының қандай мәні болады? Тиісінше, норма талаптарын жүзеге асыру міндеті орындалмаған жағдайда заңдылық нормаларының мақсаты түбе-гейлі жоғалады деп айтуға болады.Сондықтан, заңдылық қағидасы заң
нормаларының талаптарын тыңғылық-ты жүзеге асыруды көздейді және белгілі бір тетіктерді қолдану арқылы оның жүйелі орындалуын қамтамасыз етеді. Адам баласы сол үшін заңды құрметтейді және талабын мүлтіксіз орындайды.
Заңдылық қағидаларының тетік-теріне: заңның үстемдігі, заңдылықтың тұтастығы, заңдылықтың мақсатқа сәй-кестігі, заңдылықтың шынайылығы категорияларын жатқыза аламыз. Енді осы категориялардың мән-мағы-наларына тоқталайық:
1) Заң үстемдігі – барлық нормативтік және жеке құқықтық актінің заңға бағыныштылығын білдіреді;
2) заңдылықтың тұтастығы – нормативтік актілерді түсіну мен қолдану елдің бүкіл аумағында бірдей болуы тиіс дегенді білдіреді;
3) заңдылықтың мақсатқа сәйкестігі – құқық шығармашылық және құқықты жүзеге асыру қызметінің қо-ғамның мақсаттары мен міндет-теріне жауап беретін ең дұрыс түрлерін қатаң түрде заңдардың шегінде таңдау қажеттігін, заңдылық пен мақсатқа сәйкестілікті қарама-қарсы қоюды болдырмауды білдіреді, яғни мақсатқа сәйкестілікті себеп қылып заңды бұзуға жол берілмейді;
4) заңдылықтың шынайылығы – құ-қықтық ережелердің барлық қызмет түрінде іс жүзінде орындалуына же-туді және оларды кез келген түрде бұзу міндетті түрде жауапкершілікті көздейтінін білдіреді.
Жоғарыдағы құқық нормалары өз функциясын тұрақты түрде жүзеге асырғанда ғана қоғамдық қатынас-тардағы адам мен азаматтардың қарым-қатынастарын жүйелеп, қоғамдық тәртіп пен саяаси тұрақтылықтың сақталуына негіз бола алады. Сонда ғана қоғамда барлық азаматтар бой ұсынатын құқықтық тәртіп орнайды. Құқықтық тәртіп дегеніміз – бұл субъектілердің құқықтық мінез-құлығымен сипатталатын қоғамдық қатынастар жүйесі, әлеуметтік байланыстардың реттелу жағдайы, заңды-
лықтың шынайы қоғамдық қатынастарға айналуының нәтижесі.
Құқықтық реттеудің мақсаты – құқықтық тәртіп, нақ осыған қол жеткізу үшін өзге де нормативтік құқықтық актілер шығарылады, заңнаманы жетілдіру жүзеге асырылады, заңды-лықты нығайту жөніндегі шаралар жүзеге асырылады.
Құқықтық тәртіпті қамтамасыз ете-тін арнайы органдар, институттар, үдерістер бар. Оларға прокурорлық бақылау, әділ сот, атқару және билік органдары, заңдық жауапкершілік, шағымдану институты және азамат-тардың арыздарын жатқызуға болады.
Құқықтық тәртіптің ерекшеліктері:
1) ол құқық нормаларында жоспарланған;
2) осы нормаларды жүзеге асырудың нәтижесінде туындайды;
3) мемлекетпен қамтамасыз етіледі;
4) қоғамдық қатынастардың ұйымдастырылуына жағдай жасайды;
5) заңдылықтың нәтижесі болып саналады.
Заңдылық пен құқықтық тәртіптің арақатынасы мыналардан көрінеді:
1) құқықтық тәртіптің құқық нормаларына бағытталған белгілі бір мақ-саты болады;
2) құқықтық тәртіпке жету үшін заңдар мен басқа да нормативтік-құ-қықтық актілер қабылданады, заңна-маны жетілдіру жүзеге асырылады, заңдылықты нығайтуға байланысты шаралар қолданылады;
3) құқықтық реттеуді жетілдіру мен заңдылықты қамтамасыз етуден басқа тәсілдермен құқықтық тәртіпке жету мүмкін емес;
4) заңдылықты нығайту құқықтық тәртіпті нығайтуға алып келеді;
5) құқықтық тәртіптің нақты мазмұны заңдылықтың мазмұнына байланысты болады.
Құқықтық тәртіп пен заңдылықтың арасында тікелей тәуелділік бар: заң-дылықтың нығаюының нәтижесі ре-
тінде құқықтық тәртіп нығаяды, керісінше заңдылық бұзылса, құқық-тық тәртіп те бұзылады.
Заңдылық пен құқықтық тәртіп – адам мен азаматтың құқығы мен бостандығын қорғауды құқық норма-
сы етіп алған демократиялық өркениетті мемлекеттің құқықтық өмірі-нің маңызды сипаты болып табылады. Олай болса, қоғамдағы түрлі қарым-қатынастар барысындағы тұрақтылық-тың сақталуына әсер етуші фактор ол, заңдылық пен құқықтық тәртіптің негізін қалаушы нормативтік құқықтық актілер болып табылады. Өйткені әрбір заңнама белгілі бір нормаларға негізделген және заңдар сол норма-лардың жиынтығын құрайды. Нақты нормалардың жиынтығынан бастау алғандықтан нормативтік құқықтық актілер өз кезегінде әркез заңдылық күші бар нормативтік құжат болып
саналады. Заңдар Қазақстан Республи-касының аумағына әсері бірдей заңдылық күшке ие нормативтік құжат
болып табылса, нормативтік құқық-тық актілер қоғамның белгілі бір саласы бойынша (мәселен, білім беру
саласы) заңдылық күші бар норма-тивтік құжат болып саналады.
Нормативтік құқықтық актілер негізгі және туынды актілер болып бөлінеді. Нормативтік құқықтық актілердің негізгі түрлеріне мыналар жатады:
1. Конституция, конституциялық заңдар, кодекстер, заңдар;
2. Қазақстан Республикасы Прези-дентінің Конституциялық Заң күші бар Жарлықтары; Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар Жарлықтары; Қазақстан Республикасы Президентінің өзге де нормативтік құқықтық Жарлықтары;
3. Қазақстан Республикасы Пар-ламенті мен оның палаталарының нормативтік қаулылары;
4. Қазақстан Республикасы Үкі-метінің нормативтік қаулылары;
5. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң, Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің нормативтік қаулылары;
6. Қазақстан Республикасының министрлері мен өзге де орталық мемле-кеттік органдар басшыларының норма-тивтік құқықтық бұйрықтары;
7. Орталық мемлекеттік органдар
дың нормативтік құқықтық қаулылары;
8. Мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдері, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары, әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдері.
Нормативтік құқықтық актілердің туынды түрлеріне мыналар жатады:
1. Регламент – қандай да бір мемлекеттік орган мен оның құрылымдық бөлімшелері қызметінің ішкі тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық акт;
2. Ереже – қандай да бір мемле-кеттік органның мәртебесі мен өкі-леттігін белгілейтін нормативтік құқықтық акт;
3. Қағида – қандай да бір қызмет түрін ұйымдастыру және жүзеге асыру
тәртібін белгілейтін нормативтік құқықтық акт;
4. Нұсқаулық – заңдардың қоғамдық қатынастардың қандай да бір саласында қолданылуын егжей-тегжейлі көрсететін нормативтік құқықтық акт.
Жоғарыда келтірілгендей, қоғамдағы заң үстемдігін қалыптастырып, адам мен азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында нормативтік құқықтық актілер өзгерістер мен толықтырулар енгізіл-генге дейін тұрақты қызмет көрсетеді. Нормативтік құқықтық актілердің жоғарыда келтірілген екі түрі де қоғамдық қарым-қатынастарда аса маңызды рөлге ие. Демек, нормативтік құқықтық актілер қоғамдық тәртіп пен саяси тұрақтылықтың сақталуының негізгі көрсеткіші болып табылады.
Адам құқығы туралы халықаралық құжаттамалар мен заңнамалар
Мемлекетіміздің Конституциясында адам құқығы оның құқықтары мен бостандықтары «ең қымбат қазына» болып жазылғандықтан қоғамның барлық саласындағы қарым-қатынастарды реттейтін құжаттамалар мен ережелер мазмұны адамның игілігін көздеуі тиіс.
Адам мен азаматтар әртүрлі қыз-меттер жасау кезінде өзара әртүрлі қоғамдық қатынасқа, яғни құқықтық қатынасқа түседі. Құқықтық қатынас – құқық нормаларымен реттелу нәтижесінде пайда болған қоғамдық қатынастың бір түрі. Қоғамдық қатынасты құқық нормаларымен реттеудің нәтижесінде, олар заңды сипат алып, адам мен азаматтардың құқықтық қатынасына айналады. Азаматтардың құқықтық қатынасы – бұл заң талаптарына сай, қоғамға қауіп тудырмайтын және құқыққа қайшы келмейтін құқық нормаларымен реттелген қоғамдық қатынастар болып табылады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-ші бабының 2-ші тарма-ғында: «Әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорға-луына құқығы бар» деп жазылған.Бұл бап Қазақстан Республикасының аумағындағы барлық азаматтардың (ҚР азаматтары, азаматтығы жоқ азаматтар, шетел азаматтары) заңның алдында тең құқылы екендігін және сот арқылы өз конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғай алатын мүмкіндікке ие екендіктерін білдіреді. Сонымен қатар, ҚР Консти-туциясының 1-ші бабында жазылғандай, демократиялық, зайырлы мемлекетіміздегі ең қымбат қазына – адам, адам өмірі және оның құқықтары мен бостандықтары екендігін назардан тыс қалдырмайды. 1-ші бап Конституциямыздың кіріспесі болған-дықтан, Ата заңымыздағы барлық баптар сол 1-ші баптан бастау алады және соның барлық талаптарын толығымен қуаттайды.
Қоғамдық қатынастардағы құқық-тық қатынастарды (азаматтардың өзара әрекеттесуі, мемлекеттік мекемелердің халыққа қызмет көрсетуі, нарықтық қарым-қатынастар, жеке тұлғалар мен
заңды тұлғалардың кәсіп ашуы және оны жүргізуі т.б.) реттеу мақсатында әрбір мемлекеттің конституциясы жүйелі түрде қызмет көр-сететін басты құжат болып табылады. Конституцияның ең басты мақсаты – мемлекет аумағындағы әрбір азаматтың жеке басының құқықтары мен бас бостандығын заңмен қамтамасыз ету. Азаматтардың құқық-тарын қорғауда заңға сүйенгендіктен, әрбір жеке тұлғаның құқықтарының қорғалуын (бас бостандығы, ар-намысы, адами қадір-қасиеті) сот органдары арқылы жүзеге асырады. Сот органдары ең алдымен конституция талаптарын басшылыққа алатындықтан, үкім (қылмыстық істер бойынша) не шешімді (азаматтық істер бойынша) Қазақстан Республикасының атынан шығарады. Сол себепті де соттың шешіміне ешкімнің де араласуына құқысы жоқ. Ал, қылмыскер не жәбірленуші өзіне қатыс-ты қозғалған іс бойынша істі қараған соттың қабылдаған шешіміне келіс-пей, наразылық танытуға құқысы бар. Ондай жағдайда, қылмыскер не жәбірленуші өзіне қатысты қозғалған іс бойынша істі қараған соттан жоғары тұрған инстанциядағы сотқа (іс аудандық сотта қаралса қалалық сотқа, қалалық сотта қаралса облыстық сотқа, облыстық сотта қаралса ҚР Жоғарғы сотына) шағым түсіруге болады. Осы тұрғыда, соттың тәуелсіздігі, оның жеке басының заңмен қорғалуы сондай-ақ, қылмыскер не жәбірленуші өзіне қатысты қозғалған іс бойынша істі қараған соттың қабыл-даған шешіміне наразылық білдіру тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамаларында нақты көрсетілген.
Әрбір мемлекеттің конституциясында адам құқығы және олардың тең құқылық қағидасы қарастырылған болса, жер бетіндегі әлем халықтарының тең құқылығы қағидасы Біріккен ұлттар ұйымының Бас ассамблеясында қаралып, 1948 жылы 10 желтоқсанда «Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы» қабылданған. ХХ ға-сырдың ортасында қабылданған Адам құқықтарының жалпыға бірдей дек-ларациясы (ағылшынша: Universal Declaration of Human Rights, UDHR) жер бетіндегі адамдардың негізгі құ-қықтары мен бостандықтарын жария еткен бірден-бір заңдылық күші бар, әлем елдері тарапынан мойындалған, құқықтық құжат болып саналады.
Құқықтық қатынастар қоғамдық қатынастардың пайда болу тәсілі немесе өмір сүру жағдайы болып табылады. Егер қоғамдық қатынастар бастапқыда өзімен-өзі өмір сүрсе, кейінірек құқықтық қатынасқа айналады да, соңында заңды сипатын жоғалтып, қоғамдық ретінде сақталады, сонда бұндай жағдайда құқықтық қа-тынастар қоғамдық қатынастың қайта пайда болу тәсілі ретінде көрініс табады. Қоғамдық қатынастар оқтын-оқтын белгілі сыртқы жағдайлар жиынтығының әсерінен пайда болады және жойылады, бірақ бұнда әрдайым құқықтық қатынас ретінде пайда болады, құқықтық қатынас заңды сипатын жоғалтқан жағдайда, онымен бір уақытта ол да жоғалады, бұл кезде құқықтық қатынас қоғамдық қатынастың өмір сүру жағдайы ретінде көрініс табады.
Екінші жағынан құқықтық қатынас қоғамдық қатынастың қозғалыс жағдайы және нақтылау әдісі болып табылады. Қоғамдық қатынас, өзі өмір сүруінің әр түрлі сатысында заңды дайындықты қажет ететін, құқықтық қатынастың қозғалысын амалдандыру арқылы, құқықтық қатынастар бір мезгілде субъективтік құрамды да және осы қатынастың қатысушыларының бір-бірінің алдындағы міндеттерін де нақтылау тәсілі ретінде көрінеді.
Сонымен қоғамдық қатынастың ерекше түрі ретінде онымен байланысын қарап, біз құқықты қатынасты қоғамдық қатынастардың өмір сүру және өзгеру жағдайы, қозғалыс және нақтылау тәсілі, бекіту амалы ретінде де болатынын алға тартуға болады.
Сонымен қатар, құқықтық қатынастардың өзіне тән ерекшеліктері мен белгілері бар, соларға байланысты ол жоғарыда айтылған қызметтерді орындауға қабілетті болады.
Құқықтық қатынастар азаматтарға белгілі бір құқықтар береді, тиісінше міндеттер де жүктейді. Берілген құ-қықтар да міндеттер де қоғамның игі-лігіне, сонымен қатар мемлекеттің мүддесіне қызмет етуі тиіс. Сонда ғана азаматтар (жеке тұлға) мен заңды тұлғалардың жалпыға ортақ заңды құрметтеуі, заң алдындағы және ар (адамгершілік, этикалық категориялар) алдындағы тазалығы, халыққа қалтқысыз адал қызмет көрсетуіне жол ашылады. Әрбір тұлға (азамат, жеке адам, лауазымды тұлға, заңды тұлға) өзіне берілген құқықтар мен міндеттерге аса жауапкершілікпен қарап, өзінің туып-өскен еліне, қоғам-ға, мемлекетінің болашағына жанашырлық танытқан жағдайда ғана сол мемлекет жарқын болашаққа қадам жасап, дамудың алғашқы баспалдағына көтеріледі. Яғни, қай қоғам, қай мемлекет болмасын оның даму болашағы, өсіп-өркендеп өркениетке қол жеткізуі – сол мемлекеттегі адамдардың іс-әрекетімен, ақыл-парасатымен, сондай-ақ заң және ар алдындағы адал-дығымен жүзеге асырылады. Осындай қағидалар сақталған және халықтың бойына сіңген мемлекеттер қуатты елге, халқы тұрмысы бай тұрғындарға айналады. Сондықтан өркениетке аяқ басқан елдердің тәжірибесіне сүйенген дұрыс, бірақ солар жүріп өткен жолмен ғана жүру – ол жеткіліксіз. Кері-сінше, өркениетті мемлекеттердің өмір тәжірибесін саралай отырып,
ол мемлекеттер қолданысқа енгізбеген өмір тәжірибелерін тиімді әрі жү-йелі қолдана отырып ғана сол мемлекеттердің алдына шығуға болады. Сонда ғана сол мемлекеттер біздің елімізбен санасып, ортақ пікір алмасуға қызығушылық таныта бастайды. Қайырымды қоғамды қалыптастыратын да қуатты мемле-кеттің іргесін қалайтын да адам баласы болғандықтан біздің 1995 жыл-дың 30 тамызында қабылданған Конституциямыздың бірінші бабында адам мен азаматтардың өмірі, құқық-тары мен бостандықтарының заңмен қорғалуы назарға айрықша алынған.
Әрбір мемлекеттің аумағында сол елдің азаматтары, азаматтығы жоқ азаматтар және шетел азаматтары қоғамдық және құқықтық қатыстарға түсіп, тіршілік етуде. Мемлекеттің конституциясы сол елдің аумағында тіршілік етіп жатқан барлық азаматтар үшін заңдылық күшке ие құқықтық нормалардың жиынтығы болып табылады. Конституция мазмұнында республика аумағында тіршілік етіп жатқан (білім алу, еңбек ету, бизнес және туристік жолдамалармен) барлық азаматтардың құқықтарының қорғалуы мен олардың тарапынан міндеттемелердің қалтқысыз орындалуы туралы нақты көрсетіледі. Сондықтан да конституция әрбір мемлекеттің тыныс-тіршілігі мен қоғамдық және құқықтық қарым-қатынасын рет-теуші басты құжат болып танылады.
Қоғамдық және құқықтық қатынас-тардың бір-бірінен айырмасын айыру үшін олардың арасындағы өзара белгілерді ұсынамыз.
1. Барлық құқықтық қатынастар әрдайым нақты тұлғалар арасында өзара қарым-қатынас ретінде қалыптасады. Барлық құқықтық қатынастың қатысушылары әрқашан нақты әрі белгілі болады, себебі олар әрдайым нақты тұлғалар және олардың арасын-дағы қатынас заңды сипатта болады.
Керісінше, басқа қоғамдық қатынас-тардың қатысушылары әрдайым нақты анықталмайды, себебі олар анықталған тұлғалар ғана болмай, анықталмаған адамдар тобы болуы мүмкін және олардың арасындағы қатынастың заң-ды сипаты жоқ. Мысалы: еңбектік- құқықтық қатынаста жұмыс берген мекеме сол жұмысты жасауға міндетті тұлғалардан жұмысты орындауды талап етеді. Тиісінше, ерікті қоғамдық жұмыстар (сенбілік) жүргізу үшін, оған анықталмаған тұлғалар тобы қатысуы мүмкін.
2. Барлық құқықтық қатынастар оның қатысушыларының өзара жүріс-тұрысын заңды түрде бекітеді. Қандай да болмасын құқықтық қатынастың қатысушыларының біреуі белгілі бір уақытқа дейін белгісіз болса да, осы қатынастың субъектілері өзара байланысты қатынасқа түседі және бұл қатынас заңды түрде бекітіледі. Кері-сінше,басқа қоғамдық қатынастың қатысушылары кірігуі мүмкін, бірақ бұл қатынастың заңды сипаты жоқ, сондықтан олар заңды түрде бекі-тілмейді. Сондықтан да заңды қатынас-
тардың субъектілерінің міндетті қызметтері нақты анықталған, ал басқа қоғамдық қатынастың қатысушыла-рының міндетті қызметі бұндай дәрежеде нақты анықталмауы мүмкін. Мысалы: Балаларының ата-аналарына төлейтін алимент заңда көрсетілген белгілі бір жағдайларда туындайды. Керісінше, заңды көрсетілген белгілі бір жағдайлар болмаған кезде, бала-
лары өз ата-анасына көрсеткен материалдық көмегі нақты түрде анық-талуы мүмкін емес.
3. Барлық құқықтық қатынастар мемлекетпен белгіленген және бекі-тілген құқық нормаларымен реттеледі. Сондықтан да қоғамдық қатынастар, мемлекет белгіленген және бекіткен құқық нормаларымен реттелгендіктен құқықтық қатынас пайда болады және бұл құқықтық қатынастар қатысушылардың әрқайсысына белгі-ленген міндеттерін нақты түрде анықтайды. Керісінше, жалпы және нақты заң нормаларымен реттелмейтін қоғамдық қатынастар құқықтық қатынастар болмайды. Ал олардың қаты-сушыларының міндеттері толық және нақты сипат алмайды. Сондықтан да балаларының ата-анасына алимент төлеу қатынасында, бір жағдайда заң нормаларымен реттеледі, ал екінші жағдайда бұл реттерден тыс қалып тұр, бірінші жағдайда қатынастардың міндеттері толық және анықталған сипат алып тұр, ал екінші жағдайда қатысушылардың міндеттері субъектілердің әрқайсысының өз еркімен анықталады.
4. Барлық құқықтық қатынас өзі-нің өмір сүру барысында мемлекеттің күштеу шарасымен қамтамасыз еті-леді. Қоғамдық қатынас құқықтық қатынас болып қалыптасқан уақыттан бастап, оның іске асуы мемлекеттің күштеу шарасының көмегімен жүзе-ге асырылуына кепілдік береді. Керісінше, құқықтық қатынас ретінде қалыптаспаған қоғамдық қатынас, егер де ол мемлекеттің институттарына сәйкес болған жағдайда ғана артынан мемлекеттің күштеу шарасының көмегімен жүзеге асырылуы мүмкін, бірақ оның пайда болу кезеңінде оған бұндай кепілдік берілмейді, себебі ол мемлекеттің қатысынсыз жүзеге асады. Мысалы: Жұмысқа тұру және жұмыс орнын таңдау азаматтардың өз еркімен, мемлекеттің күштеу шарасынсыз іске асады. Бірақ соғыс жағдайы кезінде жұмыс істеу немесе басқа жұмысқа ауысу мемлекеттің күштеу шарасымен жүзеге асады. Керісінше, жұмысқа тұрып, белгілі бір қызметті атқарып жатқан тұлғаларға әр уақытта мемлекеттің күштеу шарасы қолданылуы мүмкін.
Жоғарыда келтірілген төрт белгіні бірге алып қараған кезде, біз заң нормаларымен астасқан құқықтық қаты-настардың қоғамдық қатынастың ерекше түрі екенін байқауға болады. Қорытындылай келе, біз құқықтық қатынастардың өзіне тән белгілеріне қарап, оны басқа қоғамдық қатынас-тардан айыра аламыз. Демек, құқықтық қатынас дегеніміз – құқықпен реттелген нақты тұлғалар арасындағы, субьектілердің өзара жүріс-тұрысы заңмен бекітілген және олардың жүзеге асуы мемлекеттің күштеу шарасымен қамтамасыз етілетін қарым-қатынастар. Барлық қоғамдық қатынастар құқықтық қатынас болып қалыптас-қаннан кейін, соңғысына тән барлық белгілерді өзіне алады.
Бірақ мемлекет тек қана құқықтық қатынастардың орындалуына мүдделі емес, алға қойған мақсат пен нысанаға жетуге және оларды шешуге қатысты барлық қоғамдық қатынастардың орындалуына мүдделі. Осы қатынастардың бәріқұқықтық қатынас болуы міндетті емес, сондықтан құқықтық қатынас басқа қоғамдық қатынастардың жү-зеге асырылуының міндетті және жалғыз тәсілі емес. Біраз қоғамдық қатынастарды жүзеге асыру үшін, олар міндетті түрде заңмен реттелуі керек, бұл осы қоғамдық қатынастардың сипатымен ғана түсіндірілмейді, сонымен бірге құқықтық қатынастардың ерекшелігімен түсіндіріледі.
Біз білуіміз керек, құқықтық қаты-настардың ерекшелігі мынада, нақты тұлғалардың арасында заңды түрде бекітілген өзара жүріс-тұрысы, олар мемлекеттің құқықтық нормаларымен реттеледі, ал оларды жүзеге асыру, мемлекеттің күштеу шарасымен қамтамасыз етіледі.
Заңды сипатты алуға тиіс және міндетті қоғамдық қатынастардың жүзеге асуы мемлекет мүддесіне сәйкес мына жағдайларда ғана қамтамасыз етілуі мүмкін, егер ол нақты тұлғалардың арасындағы қатынас болса, егер олардың қатысушыларының жүріс-
тұрысы заңды түрде бекітілсе және егер де осы жүріс-тұрыстың нақты-лығы мемлекеттің күштеу шарасымен қамтамасыз етілсе. Қандай қоғамдық қатынастар жүзеге асырылуы үшін құқықтық реттеуді қажет ететіндігін абстрактылы түрде шешуге болмайды.
Қоғамдық қатынастардың белгілі бір түрлерінің құқықтық қатынасқа айналуының себептерін, олардың әр-қайсысына нақты талдау жасау жолымен анықтауға болады. Қоғамдық қатынас қажеттігіне байланысты құ-қықтық нысанда (формада) алынған да, ол әрдайым құқықтық қатынас болып табылмайды, ол тек қана белгілі бір құқық салсымен реттелетін қаты-нас болып табылады. Сондықтан бар-лық құқықтық қатынастардың жалпы белгілермен қатар, ол өзі реттелетін саласына байланысты, өзіне ғана ерекше белгілерге ие болады. Осындай ерекше белгілер азаматтық-құқықтық қатынастарға да тән, олар осы әр түрлі құқықтық саласының жиынтығының арасынан азаматтық құқық нормаларымен реттелген қатынастарды ай-қындауы қажет.
Құқықтық қатынастардың бір түрі ретінде азаматтық құқық нормаларымен реттелетін қатынасқа тоқталайық, яғни азаматтық-құқықтық қатынас дегеніміз оның қатысушы жақтарының құқықтары мен міндеттері заңды тепе-теңдік әдісімен, азаматтық-құқықтық нормаларымен реттелетін қоғамдағы қатынас. Азаматтық-құқықтық қатынас барлық қоғамдық қатынас сияқты тұл-
ғалардың өзара қарым-қатынасы болып табылады. Ол кем дегенде екі субъектілердің әрқайсысы не құқыққа не міндетке ие болады, немесе бұл екі жақта құқықтық қатынас болса, онда субъектілерінің әрқайсысы құқықтар мен міндеттерге бір мезгілде ие болады.
Азаматтық-құқықтық қатынас бар-лық құқықтық қатынастарға тән жалпы белгілерімен қатар тек өзіне тән ерекшеліктерге ие. Сондықтан да, осы азаматтық-құқықтық қатынастарды басқа құқықтық қатынастардан айыратын сыртқы белгілерге тоқталайық.
— бірінші белгісі, азаматтық құқықты қорғау тәсілі болып табылады. Егер бұл құқықтарды жүзеге асыруға міндетті жақ кедергі жасаса, онда азаматтық талап тәртібімен олардың еркінен тыс және еркіне қарсы жүзеге асырылуы мүмкін. Кейбір азаматтық-құқықтар әкімшілік тәртіппен қорғалады және керісінше, әкімшілік құқықтан туындайтын құқықтық қатынастар сот тәртібімен қорғалуы мүмкін.
— екінші белгісі, азаматтық-құқықтық қатынастардың пайда болу негіздері. Азаматтық-құқықтық қаты-настарды әдеттегідей, өзінің пайда болу негізі ретінде қатысушыларының өз еркімен көңіл білдіруін айтамыз. Бұл белгі де бірінші белгі сияқты бар-лық азаматтық қатынастарға жалпы және соларға ғана тән болуы мүмкін емес. Себебі азаматтық-құқықтық қатынастар өз еркімен көңіл білдіру нәти-жесінде болмаса да пайда болады (мысалы, зиян келтіруге байланысты міндеттемеде), олар әрі қарай әкімшілік құқықтық қатынастар сияқты мемлекеттің басқару актілерінен пайда бола алады (мысалы, әкімшілік актіден келісім жасау міндеттемесінің пайда болуы), соңында бір әкімшілік акт азаматтық және әкімшілік құқықтық қатынастарды тудыра алатынын көріп тұрамыз (мысалы: қорларды бөлу әкімшілік актысы бойынша жеткізіп беруші мен қабылдап алушының арасында азаматтық-құқықтық қатынас туады және осылар мен акт шығарған органның арасындағы әкімшілік құқықтық қатынас пайда болады).
— үшінші белгісі, азаматтық-құқық-тық нормаларының ерекшелігінен көрі-неді. Көптеген азаматтық-құқықтыр нормалар, соның ішінде азаматтардың арасындағы қатынастарды реттейтіндер диспозитивтік сипатта болады. Бірақ бұл белгіге салыстырмалы мағынада күмән туғызу мүмкін емес, себебі әкімшілік құқықтық кейбір нормалары да диспозитивті болуы мүмкін, ал басқа жағынан алсақ, көп-
теген азаматтық-құқықтың нормала-ры, заңды тұлғалар арасындағы қатынастарды реттейтін нормалар, әкім-шілік құқықтық нормалары сияқты императивті сипатта болады.
— төртінші белгісі ретінде, азаматтық-құқықтық қатынастардың тоқтатылуының ерекше тәсілін алып қараймыз. Жаңарту, есепке алу, қарыздарды жинау, бір жақтың еркін білдіру және де басқа да тоқтатылу тәсілдері тек қана азаматтық-құқықта белгілі болды, оларды басқа құқық салалары білдірмейді, тек қана әкімшілік-құқықтық қатынастағы өкімет органдарының бір жақты еркін білдіруі болуы мүмкін. Бірақ бұл еңбегі де жеткілікті дәрежеде нақты емес, себебі барлық азаматтық-құқықтық қатынастар жаңартылуы немесе есепке алу жолымен тоқталуы мүмкін емес (мысалы, алименттік міндеттемені жаңарту немесе есеп-
теу жолымен жоюға болмайды),
қарыздарды жинау арқылы азамат-тық құқықтық қатынастарды тоқтатуға жол бермейді, (заңды тұлғалар-дың арасындағы бұл құқық қолданылмайды), қатынастарды бір жақты еркін білдіру жолымен тоқтату,
азаматтардың арасындағы қатынастарда ерекше жағдайда ғана жол беріледі.
Тәжірибе көрсетіп отырғандай, азаматтық құқықтық қатынастар қоғамның ең маңызды қозғаушы күші бол-ғандықтан, көрсеткен белгілердің еш-қайсысы тек қана азаматтық-құқықтық қатынасқа қолданылмайды.
Осы екі құқықтық қатынастың арасындағы бір айырмашылық олардың субъектілерінің құқықтағы өзіндік мәртебесінде. Азаматтық-құқықтық қатынастың субъектілерінің құқықтық мәртебесі, олардың атқаратын қызме-тіне байланыссыз тең. Сондықтан құқыққа ие субъект міндетті жақтан белгі бір қызметті орындауын заңға сәйкес талап етуге құқылы, бірақ оның бұйрық беруге құқы жоқ. Ал міндетті субъект келісім бойынша анықталған қызметті ғана орындайды, ол құқыққа ие субъектіге бағынышты болмайды. Екі жақтың құқықтары мен міндеттері тең жағдайда болады. Бірақ әкімшілік-құқықтық қатынаста субъектілердің құқықтық статусы мүддесі басқаша. Субъектілердің біреуі құққа ие ме, әлде міндетке ие ме оған байланыссыз, екінші субъектілігіне қатысты билік ету функциясымен қамтамасыз етілген. Ал соңғысы құққа ие болған жағдайда да, біріншінің билігіне бағы-нышты болады. Сонымен, азаматтыққұқықтық қатынас өзінің барлық эле-менттерімен әкімшілік-құқықтық қаты-
настан өзгешеленеді. Олардың айырмашылығы:
1. құрылымның жалпы сипатында;
2. субъективтік құрамында;
3. объектісінде;
4. құқықтары мен міндеттерінің көлемінде.
Азаматтық-құқықтық қатынастың ерекшелігісолтараптар мен жақтардың тепе-теңдігі және олардың бір-бірінен заңды тәуелсіздігі басты ұстанымда болады. Азаматтық-құқықтық қатынаста жақтардың біреуі екінші жаққа бұйрық бере алмайды және өзінің атқаратын қызметінің күшіне байланысты белгі-лі бір қызметті орындауға еріксіз көндіре алмайды. Егер де азаматтық- құқықтық қатынасқа, құқыққа ие жақ міндетті тұлғадан нақты анықталған әрекеттерді талап етсе, бұл тек қана олардың арасындағы шартты немесе тікелей қолданыстағы заңның нұс-қауының күшімен жүзеге асады. Мысалы: тапсырыс беруші мердігерден белгілі бір жұмысты орындауын талап етуге құқылы, бірақ оны мердігер екеуінің арасында шарт жасасқан жағдайда ғана орындауға келісім береді. Тіпті азаматтық-құқықтық оның қатысушыларының еркінен тыс асы-рылған кезде де, қатысушылар заңды тепе-теңдік жағдайда болады. Мысалы: зиян келтіру жағдайда әдепті міндеттеме көбіне зиян келтірушінің ықыласынан тыс пайда болады. Бірақ бұл азаматтық-құқықтық қатынаста да жақтар заңды тепе-теңдік жағдайда болады және тек қана заңға бағынады.
Адам құқығы жер бетіндегі жаратылыс заңына бағынатын тіршілік иелерінің ішіндегі «ең қымбат қазына» болып табылады. Бұл ұғым бүкіләлемдік адам құқығы декларациясында да солай нақтыланған. Тиісінше, ҚР Конс-титуциясының алғашқы бабында да адам құқығы ұғымы «мемлекеттің ең қымбат қазынасы» деп жазылған.
Адам құқығы – жер бетіндегі барлық табиғи құндылықтарды пайдалануға, барлық игіліктердің дәмін татуға, адамның бойындағы рухани ізгілік нормаларын бағалауға, білім мен ғылымды (заманауи озық технологияны) игеріп, (меңгеріп) тылсым табиғаттың тарихта болмаған терең игіліктерін түбегейлі иеленуге мол мүмкіндіктер берілген «ізгілік формасы» деп айтуға болады.
Біріккен ұлттар ұйымының Бас ассамблеясында қаралып, 1948 жылы 10 желтоқсанында қабылданған «Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы (Universal Declaration of Human Rights, UDHR)» адам құқығын жарық дүниедегі барлық қазыналардан биік көріп, адамның конституциялық құқығының заңмен қорғалуын және оның өмір сүру құқығының жүйелі түрде қаматамасыз етілуін басты назарға алған-ды.
Аталмыш декларацияда адамның өмір сүру құқығынан бастап, тірші-ліктегі барлық игіліктерді иемдену құқығы хақында толыққанды әрі түсінікті түрде жазылған. Сол бү-кіләлемдік декларация мәтінінен орын алған адам құқықтарын сипатына қарай үш топқа бөліп, жіктеуге болады. Олар:
— бірінші топқа, адамдардың табиғи және тумысынан жазылған құқықтары жатады. Адамның өмір сүру құқығы, оның жеке басының бостандығы, құлдықтан азат болу құқықтары осының мысалдары. Әр адамның туыл-ғаннан пешенесіне жазылған, қасиетті және қастерлі құқықтарына ешкімнің қол сұғуға қақысы жоқ. Адамды азапқа салуға, оған өрескел қаталдық көрсетуге немесе оның намысын қор-лайтын шаралар қолдануға, оның жеке өміріне қол сұғуға тыйым салынады. Адамның арына, абыройына тиетін әрекеттерге, оның тұрғын орнына басып кіруге, мүлкіне қол сұғуға жол берілмеуі тиіс.
— екінші топқа, азаматтыққа байланысты құқықтар мен бостандықтар жатады. Бұлар – адамның азаматтық алу, еркін жүру, тұрғылықты жерін таңдап алу, некеге отыру, отбасын құру, баспана иесі болу, ұждан бостандығы; шерулерге қатысу; мемлекет істерін басқаруға қатысу құқықтары.
— үшінші топқа, экономикалық, әлеу
меттік және мәдени құқықтар жатады. Бұлар – адамның еңбек ету, өз қалауы бойынша жұмыс таңдау, еңбегіне сай ақы алу, меншік иесі болу, кәсіптік одақтарға бірігу, қоғамдық бірлестіктердің жұмысына қатысу, демалу, білім алу, адамға лайық тұрмыс құру құқықтары.
ХХ ғасырдың соңында тәуелсіздігін жариялаған Қазақстанның алғашқы қадамы – заманауи демократиялық, құқықтық мемлекет құру болды. Құқықтық мемлекетте әрбір азаматтың құқықтық мәдениеті мен құқықтық ой-санасы бірге жетіледі. Құқықтық сана әрбір азаматты құқықты құрметтеуге, заң талаптарын мүлтіксіз орындауға, қылмыс зардабын түсініп, оны жасамауға және екінші тұлғаның қыл-мыстық әрекетке бармауына ықпал етуге көмектеседі.Дегенмен, жаңа ХХІ ғасырдағы қоғам талабына жауап беру үшін Қазақстан халықаралық стандарт талабын қанағаттандыратын ұстанымдарды басшылыққа алды. Мемлекеттің заң шығару жүйесінде озық деп танылған әлемдік тәжі-рибелерді қолданысқа енгізе отырып, сыртқы саяси-дипломатиялық байланыстарға қатты назар аударды.
Ең алдымен көрші жатқан Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Қытай, секілді мемлекеттермен және алыс-жақын шет мемлекеттермен ынтымақтастық дипломатиялық қарым-қатынастарға түсті. Нәтижесінде: 1992 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) құрамына енді. 1996 жылы құрылған «Шанхай бестігі» халықаралық ұйымға (Құрылтайшылар: Ресей, Қытай, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан) мүшелікке кірді. 1997 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының №217 (ІІІ) резолюциясымен 1948 жылы 10 желтоқсанда қабылданған «Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының» талаптарын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Президенті жанынан 1997 жылдың 22 сәуірінде Адам құқықтары жөніндегі комиссия құрылды. Аталмыш комиссияның мақсаты – адам құқықтары мен бос-тандықтарын қамтамасыз ету мен қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға жәрдем-десу болып табылады. 2001 жылы Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) үкіметаралық халықаралық ұйымының мүшесі болып танылған Қазақстан Республикасы 2010 жылы тәуелсіз мемлекеттер достастығы (ТМД) елдерінің арасында тұңғыш болып, Еуразиядағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) Саммитіне төраға-
лалық етті. Мемлекетіміздің астанасы Астана қаласында әлемнің 56 елдерінің мемлекет басшылары мен Премьер-министрлерінің қатысуымен өткен Саммитте «Астана декларациясы» қабылданды.
Адам құқығының қорғалуы қай уақытта да аса маңызды құндылық болып қала береді. Өйткені, тіршіліктің қозғаушы күші ол, адам және оның ақыл-ой парасатының жемісі болмақ. Уақыт өткен сайын адамның ақыл-ой парасаты артып, терең білім мен кемел ғылымның көкжиегін кеңейтіп келеді. Білім мен ғылым дамып, озық технологияны игерген адамның игілігі артып, адам құқығының заңмен қорғалуына айтарлықтай басымдықтар беріліп келеді.
1995 жылы 30 тамызда республикалық референдум негізінде қабылдан-ған Қазақстан Республикасы Консти-туциясындағы адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауға қатысты баптар 1948 жылы 10 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясы бекіткен Адам
құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының талаптарымен үйлеседі.
Демек, ҚР Конституциясында жазылған адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауға қатысты мемлекеттің кепілдігі – бүкіләлемдік стандарт талаптарын қанағаттандырады деуге болады.