

Балалар құқықбұзушылығы: шешу мәселелері
12.03.2025 0 14

Оразбек Нұсқабаев,
социология ғылымдарының докторы,
профессор
Балалардың мінез-құлқының нормадан, шамадан ауытқуына түрлі жағдай-лар себеп болады. Олардың ішінде ең
бастысы – отбасы жағдайы. Өйткені тұлғаның жеке басының жаман-жақсы қасиет терінің негізі отбасыда қалыптасады. Сондықтан да балалардың өнеге алып, үлгі тұтары – ең алдымен өздерінің ата-аналары.
Жас өспірімдер аса еліктегіш келеді. Әке, шеше және отбасының басқа да мүшелері жеткіншектерге тек сөз арқылы ғана емес, жеке басының өнегесімен, іс-әрекеттерінің үлгісімен де ықпал жасайды.
Тәлім-тәрбие кең мағынада әлеумет-тік процесс. Адамдар да, заттар да тәрбиелейді. Дегенмен, адамдардың үлес салмағы басым. Солардың ішінде ата-аналар мен педагогтар бірінші орынға шығады. Олай болса кұқықтык тәрбиені дұрыс ұйымдастыру үшін, отбасы жағ-дайын жан-жақты танып білу қажет. Бүгінгі таңда бұл жұмысты табысты жүргізіледі деп айту қиын. Соның нә-тижесінде балалардың мінезіндегі кейбір ауытқулар мұғалімдер тарапынан дер ке-зінде байқалмауы мүмкін. Ал бұл түбінде орны толмас үлкен өкініштерге әкеліп тірейтіні даусыз мәселе.
Кейде отбасының көп жыл бойы балаға жасаған ықпалы баланы қоршаған ортаның әсерінен басым түсіп жатады. Сондықтан, отбасында балаға теріс ық-пал жасайтын жағдайлар жеткіншектің бойында ұнамсыз қасиеттердің туында-уына себепші болу мүмкін. Міне осындай отбасылық ахуал баланың бойында қоғамға жат ой-пиғылдардың қалыпта-суына ықпал етуі мүкіндігін жоққа шығартпайды.
Кейбір ата-аналардың балаларын тек материалдық тұрғыдан ғана қамтамасыз етумен шектейтініде ащы болса шындық. Шын мәнінде баланы не толғандырып жүр, араласатын ортасы қандай, бос уақытында немен айналысады, бұған олар аса мән бере бермейді. Ата-аналык міндетті тамағының тоқтығы мен көйлегінің көктігіне сайып, «қатарынан кем қылмадық» түсінігімен өлшетеді. Соның салдарынан қадағалаусыз қалған баланың бұзақылық жасауы өкінішке ұрындырады. Демек дұрыс емес тәрбие түрлерінің арасында шектен тыс қам-қорлықтың да зардабы аз болмайды.
Құқық бұзушы жасөспірімнің жеке басы қалыптасуына ықпал ететін әлеуметтік факторлар тобында отбасының алар орны ерекше. Мысалы, әрбір үшінші қылмысқа барушы жасөспірім әкесіз өскен, ал әрбір төртінші жасөспірімнің әкесі ішімдіктен зардап шегуші болған.
Қоғамдық тәртіпті бұзып, бұзақылық жасаушы балалардың хал-ақуалдары мен көңіл-күйлеріне барлау жасап, отбасы-ларының тұрмыс жағдайларын екшелеу олардың 50,7 пайызы қолайсыз жағдайда тәрбиеленіп келе жатқандығын, 25,9 пайы-зының ата-аналары ішімдікке салынып кеткенін, 14,3 пайызының отбасында үнемі ұрыс-керіс болып жататындығын, 15,5 пайызының ата-аналары балаларын үйден қуып жібергендігін, 2,6 пайызының ата-аналары балаларын үнемі ұрып-соғатындығын, 1,3 пайызының ата-аналары қылмыстық істер жасағандар екендігін, 10,4 пайызының психикалық тұр-ғыдан ауру ата-аналарымен тұратын-дығын анықтап берді.
Өткен жылы Түркістан және ІІІымкент қалаларында әртүрлі қылмыстық әрекеттер жасаған 8709 жеткіншек ұсталып, солардың 1288-і тіркеуге алынса, оның ішіндегі 1053 бала әлеуметтік жағ-дайлары төмен отбасы балалары болған. Ішкі істер департаментіне қарасты «Уақытша оқшаулау және бейімдеу орталығына» қараусыз қалған 1625 бала орналастырылса, 1397-сі сырттан келген екен. 497 түнгі-ойын сауық залдарынан отбасыларынан қашып кеткен 241 бала ұсталған. Осы уақытқа дейін ұзақ уақыт іздестіруде болған бір бала компьютер клубынан табылған.
Оқушылардың ішімдікке және нашақорлыққа әуестігі де алаңдатушылық туғызады.
Балалардың ата-аналары қонақта болады, немесе өздері қонақ шақырады. Осының бәрі ішімдіксіз өтпейді, дастарханға ішімдіктерді самсатып қояды.
Ал балалардың қай-қайсысы болмасын ересектерге еліктейді. Өздерін ересектерше ұстайды, ересектерше әрекет жасауды қалайды. Ең қауіптісі сол бала көргенін істеп, өсе келе ішкілікке бой алдырады.
Ата-аналар және басқа да ішімдікке салынған адамдардың отбасында күнде жанжал, төбелес болғандықтан балаларды дұрыс тәрбиелеу мен оқытуға ешқандай жағдай болмайды. Керісінше мұндай бүлінген отбасында балалардың өздері де ішімдікке әуес бола бастайды.
Екіншіден, отбасының ынтымағының бұзылуы да сол отбасындағы жасөспірімнің мектептен қол үзіп, нашар оқуына, тура жолдан ауытқуына әсерін тигізеді. Ондай балалар қоғамдык жұмыстарға да қатыспайды. Ешбір өнерге де қызық-пайды. Бос уақыттарын қызықты өткізуді де білмейді. Шындығына келгенде бұлар қоғам өмірінен тысқары қалған адамдар болып саналады. Демек, мұндай ата-аналар өз балаларын өнерге, білімге, еңбекке баулуда мектепке көмек бере алмайды.
Айталық, қоғамдық тәртіпті бұзып, бұзақылық қылықтарға бой алдыратын балалардың басым бөлігінің отбасында ынтымақ болмаған, үнемі ұрыс-керіс болып, бала тәрбиесі бетімен жіберілген. Содан, баланың мәдениеті төмен, мінез-
құлқы дөрекі, санасы тар болып қалып тасады. Оған тәрбиелі «қиын» балалар арасында біз жүргізген сауалнама сұрақтарына қайтарылған жауаптар дәлел бола алды. «Бос уақытыңызды қалай өткіздіңіз, ол кезде немен айналыс-тыңыз?» деген сұракқа мынадай жауаптар алдық (%-пен):
1. Спортпен айналыстым – 11,4;
2. Көркем өнерпаздар үйірмесіне қа-тыстым – 4,6;
3. Киноға бардым – 21,3;
4. Театрға бардым – 11,2;
5. Балық ауладым, қала сыртына шық-тым – 9;
6. Телехабар көрдім – 14;
7. Дискотекаға бардым – 11;
8. Мәдениет паркіне бардым – 38;
9. Мейрамханада болдым – 17,5 пайызды көрсетті.
Сұралғандардың тек 11,4%-і ғана спортпен айналысқан, ал 67,9%-і бос уақытын мейрамхана, кафелерде өткізген. Көпшілігі киноға барған (21,3%), теле-дидар қараған (14%), қонаққа барған (13,3%), әртүрлі ойындар ойнаған (9,7%.).
1980 және 1990 жылдары жүргізілген осындай зерттеулердің нәтижелерімен салыстырып қарасақ кітап, газет оқуға деген ынтанын азайғанын байқаймыз.
Бұрынғы сұралғандардың жауаптарына қарағаңда, 1980 жылы олардың 63%-і газет-журнал, кітап оқыған, 13,9%-і түк оқымаған, 23,1%-і сирек оқыған. Қысқасы, олардың 37% аз оқыған, немесе түк оқымаған. 2000 жылы бұл көрсеткіштер бірнеше есе төмендеп кеткен.
Сұралғандардың біразы газеттер, немесе шытырман оқиғалы әдебиеттер оқыған. Классикалық шығармаларды, қазіргі жазушылар мен ақындардың таңда-маларын оқитындар жоқ десек те болады.
Білімді және мәдениетті адамның түсінігі де мол болады, оның ақыл-ойы дамып жетіледі, өмірдің қыр-сырын ұғынады, өзінің де, басқаның да іс-әрекетін дұрыс бағалай біледі. Басқа біреумен шын көңілді, ағынан жарылып сөйлесу адамның іш сарайын тазартады, теріс мінез-кұлықтардан арылуға көмектеседі.
Мұның бәрі қоғамда қалыптасқан, қабылданған тәртіп-заңдарды сыйлауға баулиды, олардың мән-мазмұнын түсінуді жеңілдетеді. Мәдениетті, білімді адам, әдетте, өз мұқтаждығын заңды жолмен қанағаттандырады, өзін тежей біледі, күш қолдануға, бірдемені бүлдіруге бейімділік көрсетпейді.
Білім және мәдениет адамның түсінігін молайтады, талғамын дамытады, тек өнер саласындағы ғана емес, өмірдегі жақсы-жаманды дұрыс ажырата алатын деңгейге көтереді.
Өнегелік пен мәдениет – балаларды қара ниеттіліктен арылтатын, көңілдерін тазартатын күштер. Қоғамымыз бұл жағынан тапшылық көруде. Қоғам өз мүшелерін тәрбиелеуге көңіл бөлмесе олардың заңға қайшы іс-әрекеттері көп ұзамай-ақ қоғамның назарын өзіне аударады.
Сұлулықты, әсемдікті бағалай алатын бала басқалармен жақсы ара қатынаста да бола алады, нашар жиіркенішті қылық-
тарға жақтырмай карайды. Егер бала бойында мұндай қасиеттер қалыптас-паған болса, ол теріс қылықтар жасауға, қылмысқа баруға тайын тұрады.
Өнегелікті қалыптастыратын құралдар – әдебиет, білім, өнер, мәдениет, осылардың жиынтығы. Бұл міндетті атқар-ғанымен, олардың ықпалы мардымсыз болуы мүмкін.
Баланың тұлға болып қалыптасуын-дағы ұжымның атқаратын рөлі зор. Отбасындағы тәрбиенің кемшілігін мектеп ұжымындағы жақсы өнеге толықтыруы мүмкін.
Кең ауқымдағы саяси, экономикалық, рухани, т.б. қатынастардың адамға ықпа-лы тар ауқымдағы өзін қоршаған орта, өзі жұмыс жасайтын ұжым арқылы беріледі. Сол орта, сол ұжым адамның қоғамдық өмірге қарайтын «терезесі» іспеттес.
Егер сол ұжым «Терезесі» әлеуметтік ортаны дұрыс, толық көрсете алмаса, адам бойында қоғам талаптарын қанағат-тандыратын қасиет пайда болмайды, қате түсініктер орнығады.
Өкінішке қарай, адамның жеке басының қалыптасуына теріс ықпал жасайтын ұжымдар да кездеседі. Оларда айлықты «жуу» дәстүрі калыптасқан, бос уақытта мәдени демалу деген жоқ, мұндай жағдайлар жастар жатақханасында жиі кездеседі.
Бос уақытында не істерін білмей бос сенделген балалар іші пысқандықтан, немесе қоғамға жат пиғылды адам-дардың ықпалымен қылмысқа да баруы мүмкін. Қылмыс жасағанға дейін жұмыс істегенімен, кейіндеу келіп сотталғандардың 65,2% ішімдікке ұдайы үйір болған. 11,1% есірткі қолданған. 5,12% құмар ойынымен айналысқан. 14,4% бұзақылық әрекет жасаған, т.б.
Бұл фактілердің көбісін ұжымы, ата-анасы, немесе мектебі білген (53 пайыз). Бірақ тиісті шара қолданбаған, ал 33,5 пайыз жағдайда ұжым білмеген, олардың көбісіне сотта оң мінездеме берген. Тек 14,1 пайызы өз іс-әрекеттері үшін жазаланған, ал 11 пайызы ерсі қылықтарына назар аударылмаған.
Мысалы, ішінара жүргізілген зерттеулердің мәліметтеріне қарағанда, мас күйде кайталап қылмыс жасаған адам-дардың 75 пайызы ұжымда жақсы тәрбие ала алмағандықтан дұрыс жолға түсе алмай колонияға қайта оралған. Қайта сотталғандардың 3,1 пайызы ұжымның теріс ықпалын бастан өткерген, 56 пайызы өзі жұмыс істейтін ұжыммен байланысын жоғалтқан, 55,3 пайызы ұжымда ешқандай қоғамдық жұмыспен айналыспаған.
Сотталғандардың еңбек стажын көрсететін мәліметтерді мысалдалық. Олар-дың жалпы еңбек стажы мынадай: бір жылға дейін – 34,1%; 1 жылдан 3 жылға дейін – 32,6%; 3 жылдан 10 жылға дейін – 21,7%; 10 жылдан 20 жылға дейін – 7,3%, 20 жылдан көптері – 4,3%.
Олардың соңғы жұмыс орнындағы еңбек стажын алсақ, ол мынадай: 1 жылға дейін – 49,8%. 1 жылдан 3 жылға дейін – 34,3%. 3 жылдан 10 жылға дейін – 14,1%, 10 жылдан 20 жылға дейін – 1,8%. Бұл адамдардың көпшілігі біліктілікті керек етпейтін жұмыстар атқарған.
Жоғарыда көрсетілген зерттеулердің нәтижелерінен түйген ойымыз мынадай:
Ия, әрбір балаға барлық уақытта да жылылық, қамқорлық қажет. Десек те олардың әрқайсысының да өзіндік пікірі, ойы, қызығушылығы, тіптен қала берді, өзіндік қателіктері де бар. Сондықтан олардың ой-пікірлерімен санасып, қызығатын ісімен айналысуына жағдай тудыру үлкендердің міндеті. Осыны ұмытпайық. Оның үстіне жасөспірімдердің бос уақыттарын көше кезіп
құр өткізбеулері үшін арнайы демалатын, көңіл қызығушылықтарын арттыратын, қызығушылық клубтары, пән үйірмелері, техникалық өнерлерге баулитын орындар көптеп ашылса, оған кез келгеп бала мүше бола алатын болса нұр үстіне нұр жауар еді. Бала қылмысы азаяр еді.
Кәмелетке толмағандар арасында кылмыс жасаушылық пен құқық бұзу-шылықтың алдын алу мақсатында жиі-жиі пікірлер алмасып отыру үшін ата-аналарды қатыстыра отырып, мектеп, құқық қорғау органдары, пркуратура, әділет қызметкерлері, әкімшілік органдар «дөңгелек стол» немесе семинар кеңестер өткізіп отырса, қанеки. Мұндай бас қосуларда балалар тәрбиесіне қатысты өзекті ойлар айтылып, жасөспірімдерді құқықтық-адамгершілік тұрғыдан әлеуметтендіру бағдарламалары мен іс-шаралық жоспарлар түзелер еді.
Үшіншіден, ата-ананың, немесе сол отбасындағы қайсы бір мүшенің ұнамсыз әрекеттері де баланың бұзылуына әсерін тигізеді.
Кейбір балалардың ерік-жігері әлсіз болып келеді. Олардың ойланбай әрекет жасауы, зиянды ықпалға оңай берілуі оңтайлы болады. Баланың мұндай жі-герсіздігі мен еркінің бостығы, оның келеңсіз оқиғаларға тап болуына әсерін тигізеді.
Бүгінгі қоғамды жаңғырту, жариялы-лық заманында балалардың батыстың жай күйіне, жағымсыз үлгілеріне еліктеуі басым болып барады. Ал кино, көгілдір экраннан ұнамайтын, сыйқы мазақ көріністер және ондағы келеңсіз әрекеттердің тигізер зиянына еш адамның күмәні болмас.
Елде кешегі 1992-1997 жылдар аралығындағы экономикалық дағдарыстың отбасындағы күнкөріс, тіршілік ету
жағдайына өз ықпалын тигізгені айдан анық. Ол заман көпшілікті жоқшылыққа, мұқтаждыққа ұрындырып, қаржы тапшы-лығына әкеліп соқтырды. Сондықтан, отбасындағы жетіспеушілік балалардың оқуға бармай, дала кезіп, ұрлық жасап, кісі тонау секілді қоғамға жат кылықтармен айналысуына апарып соқтырды. Бұл ащы да болса шыңдык, болған жағдай. Оның зардаптарын ұмытуға болмайды.
Мектептерде мінез-құлқы «қиын» балалардың барлығы бәрімізге аян. Қоғам, билік, жұртшылық боп «қиын» балалардың тағдырына ерекше көңіл аудару қажет. Оның үстіне олардың саны жылдан жылға көбейіп бара жаткандығын да ескеруіміз керек.
«Қиын» балаларға тән қасиет мектептен кетіп қалу, өзінен әлсіздерді жәбірлеу, үлкендерді сыйламау, дөрекілік мінез көрсету. Әдетте мұндай окушылар бір сыныпта екі жыл отырады. Мұңдай балалар өзінен басқа жолдастарына да қоғамдық тәртіпті бұзуға, немесе басқадай іспен айналысуға мұрындық болуға ыңғайлы келеді. Тіпті өз қатарларына жігерсіз балаларды тартып әкетуге икемділіктері де басым болады.
Кәмелетке толмағандардың құқықтық білімдері мен тәрбиесінің жеткіліксіздігіне кей жағдайда мектеп те кінәлі. Себебі мектеп ұжымы балалар тара-пынан жасалатын жағымсыз әрекеттерге уақтылы тойтарыс бере бермейді. Ақиқатын айтқан жөн, «қиын» балалармен тәрбие жұмысын жүргізуде мектептерде де кемшіліктер баршылық. Тентекті бала-лардың жағымсыз қылықтарына жете көңіл бөліне бермейді. Оларды сыныптан тыс қоғамдық жұмыстарға тартпайды.
Сонымен катар, айтқанымыз жөн: мек-тепте де баланың жеке басын сыйламау, өктемшілік көрсету баршылык,. Көбіне көп қиын балаларды тәрбиелеу оларға «ақыл» айтумен, ұрысу, ар-ожданына тию тәрізді педагогикаға жат әрекеттермен аяқталады. Сондықтан, бала төрбиесінде отбасында, немесе мектепте орын алатын кемшіліктер жинақтала келе қоғамдағы келеңсіз жағдайлармен ұштасып тәртібі нашар, немесе киын балалардың одан әрі қоғамдық тәртіпті бұзуларына түрткі болады.
Мектепте «қиын» балаларға тәрбие беруде сынып жетекшілері мен мұғалім-дердің жеке бастарының ар-ождан, адамгершілік қадір-қасиеттерінің де ықпалы зор екендігін естен шығармаған жөн.
Қорыта айтқанда, мектепте құқықтық насихат жұмыстарының кешенді жүргізілмеуі, окушылар жарғысы мен мектеп ережелерінің өз деңгейінде талап етілмеуі сияқты толғақты мәсе-лелер құқықтык білім мен тәрбие беру жұмыстарының нәтижелі ұйымдастырылып, ойдағыдай жүргізілуіне кері әсерін тигізуде. Оған қоса, бүгінгі таңда қоғамымызды ізгілендіру жұмыс-тары жүргізіліп жатқан жағдайда оқушыларға құқықтық білім мен тәрбие беруде педагогикалык жаңа технология-лардың тиімді тәсілдерін қолдануда да айтарлықтай ілгерілеушілік жоқ. Ал шындығында, құқықтық тәрбиенің сапалығы ғана құқықты, заңдылықты құрметтейтін азаматты қатыптастыруға ықпал ете алады. Себебі адам бойындағы құқықтық білім, оның өз құқықтарын, бостандықтары мен міндеттерін ұғынуы, заңды сыйлауы сияқты қасиеттері әр
уақытта да қажетті нәрсе. Заңның құнды-лығы құқықтық мемлекет талаптарына адамның құқықтык ұғым түсініктерінің сәйкес келуінде жатыр. Демек, құқықтық тәрбие мәселелерін шешу дегеніміз оның мазмұны мен маңызын өскелең ұрпаққа дұрыс түсіндіріп, ұғындыра білу деген сөз.
Өскелең ұрпақты құқықтық тұрғыдан дұрыс тәрбиелеу арқылы заң нормаларына бағынатын, сыйлайтын, өз құқықтары мен бостаңдықтарын білетін, заңды міңдеттерін уақтылы орындайтын, қоғамдық тәртіпті бұзбайтын, құқықтык санасы мен мәдениеті жоғары дамыған құқықтық мемлекет азаматын қалып-тастыруға мүмкіндік тудыруға болады.
Әзірше ешқандай пікір жоқ.
Бірінші болып пікір қалдырыңыз.