КОМПЬЮТЕР ОЙЫНДАРЫ ӘЛЕМІ КОМПЬЮТЕР ОЙЫНДАРЫ ӘЛЕМІ
Ералы ПАЗЫЛБЕКҰЛЫ, 2013 жылы Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында туған. Алматы қалалық №204 орта мектептің 5-сыныбында оқиды. 9 жасында шығармаларын топтастырып, жинақ шығарып, еліміздегі... КОМПЬЮТЕР ОЙЫНДАРЫ ӘЛЕМІ

Ералы ПАЗЫЛБЕКҰЛЫ,

2013 жылы Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында туған. Алматы қалалық №204 орта мектептің 5-сыныбында оқиды. 9 жасында шығармаларын топтастырып, жинақ шығарып, еліміздегі ең жас жазушы атанып отыр. «Республикалық балалар оқулары» байқауында З-ші орын, «Республикалық шығармашылық сайыстарда» жүлделі орындарға ие болған. Қазақстандағы балалар әдебиеті жылы аясында А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының «Ертегілер – ғажайып әлем» байқауында жеңімпаз атанған.

 

Ержан мен Еркеназ компьютерлік және телефон ойындарын ойнауды жақсы көреді. Анасы көп ескертсе де, тапжылмай отырып ойнауларын қоймайды. Бір күні анасы ескертулерден шаршап, екеуін жазалайды. Ержан мен Еркеназ жылап:
– Осы тек компьютер ойнайтын жер болса ғой, тағы мектепке бармайтын, — дейді. Бір кезде Еркеназдың телефонында бір мобильді қосымша пайда болады. Ол қосымшадан:
– «Егер мені бассаң, тек компьютер ойнайтын әлемге тап боласың» деп жазылыпты. Еркеназ:
– Керемет! Басып көрейін, — дейді.
Ернұр:
– Мүмкін, керек емес шығар, — дейді.
Бірақ Еркеназ:
– Ой, уайымдама, бір рет бассам болды, — деп қосымшаның кіру тетігін басып жіберді. Бір-екі минут өтті, еш нәрсе өзгермеді. Еркеназ:
– Айттым ғой, түк болмады, — деп есікті ашып қалып еді, басқа әлем пайда болды. Ернұр:
– Мәссаған! — дейді. Еркеназ:
– Бұл жерде не бар екен, сен оң жаққа, мен сол жаққа бөлінейік, — деп кеңес береді. Олар бір сағат жүріп, не көргендерін бөлісе бастайды. Ержан көп үй мен компьютер ойнап жатқан адамдарды көріпті, ал Еркеназ жабық мектептерді көріпті. Олар екі компьютер тауып, ойнай бастады. Олар бір сағат ойнағанда, Ержан шөлдеп, «су алып келем» деп жүгіре жөнелді. Ержан су алып жатқанда, ол адамдар тек компьютер ойнап жатқанын көріп, бұл жер жаман екенін түсінді. Ержан бір адамнан:
– Бұл жерден қалай шығуға болады? – деп сұрады. Әлгі кісі компьютерден көзін алмай:
– Бұл жерден шығатын жолды тек бір адам біледі, ол Есбол ата, — деп әрі қарай ойнай береді. Ержан атаны тауып оған:
– Ата, бұл жерден қалай шығуға болады? — дейді. Ата былай деді:
– Бұл жерден шығуға болады, бірақ сен уәде бер, енді ешқашан компьютер ойнамайсың! Келістік пе? Ержан:
– Мен келісемін! — дейді. Ата болса ғажайып сөзді айтады, сол кезде Ержан үйде пайда бола қалды. Бірақ ол телефонын аша қалғанда, ойын жарнамасы пайда болды. Ержан өзін ұстай алмай, баса қалғанда, қайтадан ойын әлеміне кіріп кетті. Есбол ата:
– Болды енді! Қайтадан шығу үшін көз нұрыңды беру керексің, — дейді. Ержан келісіп, ата тағы да ғажайып сөзді айтады. Ержан қайтадан өз үйіне оралды. Ержан көзәйнек киіп, «қайтадан телефон алмаймын» деп өзіне уәде берді. Бірақ Ержан біреуді ұмытып кеткенін түсініп, айғай салды:
– Ойбай, Еркеназ!
Еркеназ:
– Ержан, сен су алып келем деп айт-тың ғой, — деп Ержанға таңдана қарады.

ҚОРҚЫНЫШПЕН КҮРЕС

    Болат қараңғыдан қатты қорқатын еді. Бүгін оның ата-анасы жаңбырдың кесірінен жұмыстан жай келді. Кеш батты, сағат сегізге таяды. Болат теледидардан мультфильм көріп отырған еді. Бір сағат өтті, Болат тамақ ішіп болып, жарықты өшіріп, төсекке жата қалды. Тағы бір сағат өткен соң, Болат ас үйдегі бір дыбыстан оянды. Қараса, үстел шықыр-шықыр етіп бара жатыр екен. Болат төсектен тұрып, ас үй жарығын жақса, ақ құрттар үстелді әлі кеміре алмай жатыр екен. Болат ас үй жарығын өшіріп, қайтадан төсекке жата қалды. Бірақ бір минут өтпей, тағы дыбыс шықты. Бұл жолы ата-анасының жатын бөлмесінен гүл құлады. Болат әке-шешесінің бөлмесінің жарығын жақса, гүлді жел құлатқан екен. Болат бүкіл қорқынышын жоғалтайын деп жатқанда, кенет қатты жел соқты.
Болат терезені жауып, қайтадан ұйықтауға барды. Бірақ тағы бір минуттан соң Болаттың ішінен елеске ұқсас, үлкен, жуан қолдары бар бір құбыжық шығады. Сөйтсе, бұл Болаттың қорқы-нышынан туған елес екен. Ол Болатты өзімен бірге бір жерге апарады. Болат кенет бір жерде пайда болды. Бұл жер Болаттың қорқатын елестеріне толы екен. Болат қорқып кетіп, көзін біраз уақыт жұмды.
Сосын қайта көзін ашып қараса, елестер түк қозғалмай тұр екен. Болат ақырын қадам басып, қайда екенін білмейді бір есікке кіреді. Келесі бөлмеде келесі есікке кіру үшін он үш сатысы бар баспалдаққа шығу керек екен. Болат биіктен қатты қорқатын, бірақ өзін қолына алып, шыға бастады. Болаттың қолы аздап дірілдей бастады. Болат бұған мән бермей, соңына дейін шығып, келесі есікті ашты. Келесі есік-ке кіре салысымен, Болат сауыт-сайманы бар батырға айнала кетті. Ал оның алдында әлгі үлкен елес тұр екен. Ол Болатқа:
– Сен ешқашан қорқынышыңды же-
ңе алмайсың, — деп қорқынышты, мық-
тап қаруланған бірнеше елесті шақы-рады. Елестер өте мықты екен, бірақ Болат қылышын сермеп, елестерді ғайып қылып:
– Армандапсың, — деп қылышын алып, елестің басынан бір ұрды. Елес жарылғыш зат сияқты жойылып кетті. Кенет Болаттың басы айналып, есінен танып қалды. Сөйтсе, бұл тек түсі екен. Болат өзі қорқып жүрген заттар жай ғана қиял екенін түсініп, осы кезден бас
тап Болат елестерден, биіктіктен және мазасыз, ұсқынсыз бейнелерден қорық-пайтын болды.

ҚЫЗҒАНШАҚТЫҚ

Бұл әңгімемнің кейіпкері – Аман. Аманның жақын досы Дәулет бола-тын. Дәулеттің бүкіл баланың арманы «плейстейшен-5» деген ойын құрылғысы бар еді. Аман мен Дәулет екеуінің басы қосыла кетсе, сабақты ұмытып, ойнай кететін. Бір күні екеуі әдеттегідей ойнап отырған кезде, Дәулет қайта-қайта жеңіле берген соң:
– Сен қулық жасай бересің, бұл мүмкін емес, — дейді. Сонда Аман:
– Жоқ! Немене, жеңілгеніңді мойындай алмай отырсың ба, Дәулет? — дейді.
Екеуі жанжалдасып, ойыннан от шығып кетеді. Айырылмастай екі дос бір ойын үшін бір-бірімен сөйлеспей кетеді. Бірнеше күн өткен соң Аман Дәулеттің жаңа досын көріп қалады. Аман:
– Сендермен ойнасам бола ма? — дейді. Бірақ Дәулет:
– Жоқ, өзің сатып ал, біз сенімен ойнамаймыз, — дейді.
Ашуланған Аман үйіне келіп мұңа-йып отырады. Оны көрген анасы:
– Балам, не болды? — деп сұрайды.
– Мама, маған Дәулет ойнап жүрген плейстейшен алып берші. Өзінікін қыз-ғанып бермей қойды, — дейді. Анасы:
– Кешірші, балам, менің ақшам жетпейді, — деп сатып беруге шамасы жоғын ашық айтты.
Анасының айтқанын естіген Аман жылап, бөлменің есігін іліп алады. Келесі күні анасы Аманға сыйлық қалдырып, өзі жұмысқа кетіп қалады. Аман төсегінен тұрып, ас бөлмеге барса, су жаңа телефон көреді. Аман қатты қуанады бірақ, анасына қалай ренжігені есіне түсіп кетеді. Аман:
– Мен анама бекер ренжіппін, ол мен үшін телефон алды, ал мен оны ренжіттім. Анамнан кешірім сұрауым керек, — деп ойлайды. Аман қағаздан әдемі гүл жасайды. Кешке анасы келген кезде, Аман гүл беріп, кешірім сұрайды. Анасы баласын кешіріп, басынан сипайды. Келесі күні Аман телефонын Дәулетке көрсетеді. Сонда Дәулет:
— Мен де көрсем бола ма? — деді. Аман келісімін берді.
Сол кезде Дәулет былай деді.
– Досым, мен қызғаншақтық танытып, плейстейшенді саған ойнатқызбай қойдым. Кешірші мені.
Аман досын кешіріп, Дәулетпен айырылмас дос болады. Сол күннен кейін достарды ешкім айыра алмапты.

 

ҚАЙЫРШЫ МЕН БАЛА

Алмас сабақты жақсы оқиды. Биыл төртінші класты үздік бітірді. Ол кітап оқуды, сурет салуды және үй жинауды жақсы көреді. Олардың үйі мешіт пен мектепке жақын. Әкесі намаз оқиды, ал анасы кітапханашы.
Бүгін Алмастың анасы демалып үйде отыр. Айтпақшы, Алмастың Аида деген қарындасы бар. Бүгін Аида дайындық класына барады. Әкесі бесін намазын оқуға кетті. Анасы тамақ әзірлеп жатыр. Алмастың досы да көп, бірақ ең жақын деген достары – Әсем, Аман, Досжан және Әли. Ертең Досжанның туған күні, дәл сол күні 1 маусым болады. Анасы:
– Алмас, нанға барып келші, — дейді. Алмас ақшаны алып, үйден шыға сала жүгіре жөнеледі. Бірақ нан дүкенінің жанында қайыршы тұр. Өзі үлкен кісі екен. Бір қолынан айырылып қалыпты. Алмас ойға қалады.
– Мен нан сатып алмасам да тоқпын, ал қайыршы атаның қарны аш, — деген ойға қалады. Ол дүкенге кіріп, нан сатып алып оны қарт қайыршыға береді. Ал қайыр тілеп тұрған ата:
– Балам, саған Алла разы болсын, — дейді. Алмас рахмет айтып, үйге бара сала анасымен әкесіне бәрін түсіндіреді. Сонда әкесі:
– Балам, анаң түгілі сен де бұл әдемі берекелі сөзді қайыршы атадан алыпсың ғой, ал бұл ісің өте жақсы. Жарайсың! — дейді. Анасы ұлына риза болып, оған арнап торт әзірлейтінін айтады. Келесі күні Алмас Досжанның туған күніне бара жатқанда, тағы да қайыршы атаға кездеседі. Ата мүгедектер арбасымен жолдан өткелі тұр еді. Алмас жасыл жанғанда атаның арбасын итеріп, жолдың ар жағына өтуге көмектеседі. Ата:
– Е-е-е-е, балам, мен саған бата берейін! Бүгінгі күнің сәтті болсын! — деп өз жолымен жүре береді. Арман туған күнге барып, қайдан екенін білмейді, бірақ оның жолы бола береді. Әрбір ойындар мен жарыстарда жеңе береді. Сол күннен бастап Арман күнде қайыршы атаға садақа беріп, көмектесіп отырды. Ал өзі бесінші класта үздік балалардың бірі болды.

ҚАСҚЫР ҰЛЫҒАН ТҮН

Әли бүгін отбасымен бірге саяхатқа шықты. Олар орманға жақын кішкене саяхат үйлеріне барды. Кенет әкесінің көлігі бұзылып қалып, эквакуаторшыларды шақыру керек болып қалды. Отбасы такси шақырып, саяхат үйіне жетті. Олар екі қабатты үйді жалға алды. Түн болды, Әли әкесімен бірге от жағуға арналған отын жинауға орманға кетті. Әли бір әдемі гүлді көрді. Гүл әудем жерде ғана тұрған екен. Ол жүгіріп келіп гүлді жұлып алды, бірақ ол гүл бір-екі секунд өте салысымен, солып жайқалмай қалды. Сонда Әли:
– Өй, мына гүл тез солып қалды ғой, — деп әкесін шақырды, бірақ ешкім жауап бермеді. Әли қорқып, бірнеше рет «әке» деп айғайлады. Ешкім жауап қайтарған жоқ. Әли – он бір жастағы бала, сол үшін ол бәрін дайындап қойған болатын. Ол ақырындап қалтасынан кішкентай фонарик алып шықты. Әли ағаш аз жерге қарай жүгірді. Кенет ол қасқыдың ұлығанын естіді. Әли ағашқа шығып алып, «әке» деп айғайлады. Бірақ бұл айғайға бір қасқыр жүгіріп келді. Әлидің жүрегі қатты соға бастады, себебі ол қасқырлардан қатты қорқатын. Әли:
– Біткен жерім осы, — деп ағашты қатты құшақтап алды. Әли не істерін білмей, қорқыныштан қалшылдап ке-теді. Оның қалтасында тас, фонарик, солып қалған гүл және ойыншық рогатка болды. Ол рогаткаға тас салып, орманның ағашы көп жағына атты. Қасқыр дыбысты естіп, орманның көп ағашы бар жағына жорта кетті. Әли ақырындап ағаштан түсіп, басы ауған жаққа жүгіре жөнелді. Кенет ол топтанған қасқырларға кездесті. Әли өлген адам сияқты қатып қалды, бірақ қасқырлар Әлиді иіскеп, оны аяғынан тістеп, бір жерге сүйрей жөнелді. Әлидің жүрегі ұстап қала жаздады. Біраз уақыттан соң қасқырлар Әлиді үңгірге әкелді. Олар Әлиді жалап, сосын оған ет береді. Әли етті ақырындап жеп, сосын тыныш отыра қалады. Қасқырлардың бірі оны арқасына мінгізіп, саяхат үйлеріне қарай апарып тастады. Сол жерде Әлиді ата-анасы қарсы алып, құшақтарын жая жүгірді.

СҮЙКІМДІ МАҚТАНШАҚ ЦИКЛОП

Күндердің күні Циклоп деген бала болыпты. Ол Марсион деген Жерге қатты ұқсайтын планетада тұрады. Ол өте сүйкімді болғандықтан, ел сүйкімді деп ол одан ары сүйкімді болып қала берсін деп садақаны көптеп беріпті. Ол сегіз жасқа толғанда, ес жиып, мақтаншақ болып кетіпті. Көп адам қымбат мейрамханаға жиналғанда, «Циклоп сүйкімдіге жол беріңдер» деп тамақ ішкізіпті.
Бұл сиқыршы фея Форнинге ұна-мапты. Сол үшін ол оны сиқырлап жібе-ріпті. Бұл сиқыр Циклоп мақтанғанда немесе қыздарды өтірік ұнатқанда, оны ұсқынсыз қайыршы балаға айналдыратын болыпты. Бірақ Циклоп минут сайын ұсқынсыз балаға бір рет айналатын болыпты. Неге? Себебі біз білетіндей Циклоп өте мақтаншақ, сол үшін ұсқынсыз бола беріпті.
Күндер солай өте бере Циклоп кедей болып кетіпті, ал негізі фея Форнин бұл сиқыр Циклоп кедей болғанда ол мәңгілікке сүйкімсіз болып қалатындай сиқырлаған екен. Циклопты бәрі жек көріп кетіпті, енді ол жолда жәшіктің ішіне кіріп тығылып, өзінің түрін көрсеткісі келмепті. Форнин жағдай ушығып кеткенін көріп, оны қайтадан әдемі қылыпты, бірақ ол мақтанса, аузы үш секундқа жабылып қалады екен. Форнин осы сиқыр жасалғаннан соң қатты таң қалды. Циклоп тәртіпті болып кетіпті. Форнин бұған қуанып, феялар әлеміне оралыпты. Ал Циклоп керемет өмір сүріпті.

ЖЕТІМ БАЛА

Бірлікті деген ауданда жетімдер үйі бар. Күндердің күні Омегандықтар деген бай отбасы Уильям деген баланы асырап алады. Уильям – жасы жетіден асқан бала. Оның басты арманы ата-анасын бір көру еді. Омегандықтар отбасында өгей әкесі Питер, өгей анасы Анна, өгей бауыры Ролан, өгей әпкесі Дейни болады. Уильямның ешқандай күні тыныштықпен өтпеді.
Ол күнде үй жинап, таңғы асқа омлет жасау керек еді. Ал егер омлет дұрыс дайындалмаса немесе Уильям бес миннуттан көп демалса, зілді айғай мен шыбықтан көресіні көреді. Ал егер осы үйден кеткісі келетінін айтса, жауап күнде бірдей:
– Біз болмасақ, сен жетімдер үйінің шіріген тамағын жеп қуарып отырушы едің. Ол ол ма, егер Ролан бір нәрсе бүлдірсе, бәрін Уильямға жаба салады. Бір күні Питер бір жазба көріп қалады. Ол жазбада: «Мен баламды жетімдер үйіне уақытша жібергенмін баламды алайын десем, оны жетімдер үйі бір отбасына бере салыпты.
Егер шашы қою сары түсті, аты Уильям Андерсон деген баланы алған отбасыны көрсеңіз, мына көрсетілген нөмірге хабарласып, баламның қай отбасында екенін айта аласыздар ма? Өтінемін! Тапқан адамға сыйлығым бар!» деп жазылыпты. Питер бұны жай сәйкестік деп ойлап, әрі қарай жүре беріпті. Бір күні бай отбасына біреу келіп, есік тақылдатады.
– Уильям, тез барып есік аш! — деп айғайлайды Питер. Уильям есік ашқанда, түрі таныс әйелмен бөгде кісіні көреді. Әйел:
– Уильям, балам! — деп айғайлайды. Бұл кісілер Уильямның туған ата-анасы болып шығады. Сөйтсе, Уильямнын ата-анасы оны жетімдер үйіне тапсыруға мәжбір болады. Себебі, олар кедейліктен өту үшін оны тапсырып, көп жұмыс істеуге тура келеді. Қазір оларда бәрі керемет екен, сол кезде Уильямды алатын кез келіпті. Бірақ әңгімені Питер бөледі. Ол:
– Өкінішті, бірақ Уильям енді біздің отбасымыздың мүшесі. Солай емеспе, Уильям? — дейді. Бірақ Уильям:
– Сіздердің мені аямағандарыңыз мені Омегандықтар отбасымнан айырып тұр. Сол үшін мен отбасыма қайтамын, — дейді. Сосын ол ата-ана-сының қолынан ұстап, бақытты өмірге қадам басады. Ал өгей отбасы Уильямды қинағандарына өкініп, үнсіз қалады. Солай Уильям баланың арманы орындалады.

АҚЫЛДЫ ТҮЙЕ

Ерте, ерте, ертеде ешкі жүні бөртеде бір түйе болыпты. Түйе арық, әлсіз, бірақ ақылды болыпты. Бір күні ол шөл далада келе жатса, бір лашыққа ұқсас шатыр көреді. Барса, ішінде сорпа бар екен. Түйе байқаусызда сорпаның жартысын төгіп алады. Ол шошып қашады. Бірақ біраздан соң қарсы алдынан жүгіріп шыққан түлкіге ұрынады. Түлкі айтады:
– Әй, мен сені жеп қоям! Сонда түйе:
– Түлеке, мені қарасаңшы, арық, бейшара түйені кім жейді?
Түлкі:
– Онда біз былай істейік: жарысайық кім су толы ұзын қазанға көп тұрса, сол жеңеді, — дейді. Екеуі келісіп, дайындыққа көшеді. Түлкі үлкен, ұзын қазанға түйе түскенде, астынан от жақпақ болады. Жарыс басталып, түл-кі түседі. Сәлден соң түлкі шаршап, қазаннан шығады. Енді түйенің кезегі болады. Түйе су толы қазанға кірген соң. түлкі қазанды жағады. Біраздан соң түйе шығады және ешқай жері бүлінбеген. Түлкі:
– Бұл қалай? — деп таңданады.
Түйе:
– Сен байқамадың ба? Мен жарыс-тан бұрын жерді байқамай теуіп, ат тағасын тауып алдым. Сосын тағы тептім, тептім, тептімде, әрқайсысында төрт тесік бар төрт таға, он алты шеге мен қатты тас тауып алдым. Сосын мен аяғыма ауыртып отырып төрт тағаны тағып, қазанға сен шыққан соң кірдім, — депті. Түйе әрі қарай шауып өтіп, өзінің достарына қосылыпты.

ҒАЖАЙЫП ҮСТЕЛ ОЙЫНЫ

Күндердің бір күнінде егіз Қайрат пен Жандос өздерінің екі қабатты төсегінің астын тазалап жатқан еді. Олар өздерінің кішкентай кезінде ойлап тапқан шаң басқан үстел ойыншығын тапты. Қайрат:
– Қара, бұл біздің жоғалған үстел ойынымыз ғой, — дейді қуанып.
Жандос:
– Біз ойлап тапқанда ойнамай қойдық қой, — деді.
– Онда бұл ойынды қоқыс жәшігіне тастай салсақ қайтеді? Жандос:
– Жақсы, — деді де ойын үстелін қоқыс жәшігіне тастай салды. Біраздан кейін Қайрат пен Жандос түскі ас ішіп отырғанда, қонақ бөлмеден біртүрлі дыбыс шықты. Қайрат пен Жандос қонақ бөлмеге барғанда, ата-анасын және кішкентай бауыры Нұралы мен өздері лақтырып тастаған үстел ойынын көреді. Сосын Жандос:
– Бүкіл отбасымыз жиналған екен-біз, ойынды ойнап көрейік, — дейді. Бәрі келісіп, ойын ережелерін оқи бастайды. Ереже кітабында:
– Бірден алтыға дейінгі сан кубикті лақтырып, тапсырма картасын аласың, егер қателік жасасаң, қателік картасын алып бір қадам артқа шегінесің, яғни, бір қадам артқа жол жүресің.
Бәрі ережені түсініп, ойынды бастады. Бірінші кішкентай Нұралы кубиктерді лақтырып, тапсырма картасын алды. Тапсырма картасында: «отыз рет секір» деп жазылған екен. Нұралы секіре бергенде, анасы кубикті лақтырып үлгерді. Тапсырма картасында «Қайыршыға бес теңге бер» деп жазылыпты. Анасы далаға бес теңге алып шығып, жақын тұрған қайыршыны көреді. Ол қайыршыға бес теңгені беріп, қайтадан үйге кіреді. Келесі әкесі болған еді. Әкесі кубикті лақтырып, тапсырма картасын алды. Картада «отыз рет секір» деп жазылыпты. Әкесі отыз рет секіріп, қайтадан ойынға оралады. Және солай жалғаса береді, бірақ кішкентай бауыры:
– Не? Елу рет турниике тартылу? Жоқ, мен оданша қателік картасын алайын, — деп қателік картасын алды. Ал картада «Ойынның соңына дейін біртүрлі музыка ойнайды» деп жазылыпты. Нұралы картаны оқи салысымен, қайдан екені белгісіз, құлаққа жағымсыз музыка қатты шыға бастады. Қайрат пен Жандос не болып жатқанын түсініп:
– Біз ойынды тез бітіруміз керек,- дейді. Олар карталардың барлығын бітіреді. Соңында анасы жеңеді. Бәрі қуанып, шығуға жиналғанда, періште пайда болып, ойыншықты әкетеді. Сөйтсе, тапсырма карталарының бәрі жақсы іс болған екен, ал ойынның аты «Жақсылық іс ойыны» болған екен.

 

Әзірше ешқандай пікір жоқ.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз.

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *