Шығыс, Орта Азия халықтарына ортақ 12 мүшелдік жыл санау жүйесінде жылан жылы ұлу жылынан кейін кіретін алтыншы орында. Жыл қайырудың адам баласының тарихында...

 

Шығыс, Орта Азия халықтарына ортақ 12 мүшелдік жыл санау жүйесінде жылан жылы ұлу жылынан кейін
кіретін алтыншы орында. Жыл қайырудың адам баласының тарихында дәл қай кезеңнен бастап қолданылып келе
жатқаны туралы нақтылық болмағанымен, жыл санау туралы алғашқы деректер VIII ғасырдағы “Күлтегін” ескерткіштерінен кездесетінін айтуға болады. Жылдың басын тышқан бас-тап ары қарай – сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз болып аяқталады.
Ұлттық танымымызға сай жылан жылы 2025 жылдың 22 наурызы мен 2026 жылдың 21 наурызы аралығына келеді. Бірақ қазіргі заманғы күнтіз-беге сай жаңа жылдың ауысуын 1 қаң-тардан бастаймыз. Барлық ресми, бейресми оқиғалардың уақыты осы жыл ауысуына сай түзіледі.
Өткен ғасырдан бері жылан жылымен адамзат 10 рет қауышқан екен: 1905, 1917, 1929, 1941, 1953, 1965, 1977, 1989, 2001, 2013 жылдар. Мысалы, 1905 жылы бірінші Орыс буржуа-зиялық-демократиялық революциясы орын алады. Бұл төңкеріс сөзсіз қазақ халқына да әсер етті.
1917 жылы Қазан төңкерісі болды. Қаншама ұлттар мен ұлыстардың тағдырын ортақ идеяның астына жинаған шын мәніндегі жойқын өзгеріс.
1929 жылы елімізде кәмпеске, тап жауларын жою науқаны бар пәрменімен жүріп жатты. Бұндай масқара саясаттың ақыры аштық пен саяси қуғын-сүргіннен жалпы халықтың тең жартысынан астамын жоғалтуға алып келді.
1941 жылы неміс-фашистерінің басқыншылық сипаттағы соғысы басталды.
1953 жылы Сталин қайтыс болды.
1989 жылғы жылан жылының басында СССР-де экономикалық дағдарыстар орын ала бастайды. Кеңес әскерлері Ауған елінен шығарылады.
ХХІ ғасырдың алғашқы жыланжылы  яғни, 2001 жылдың 11 қыркүйе-гінде адамзат тарихындағы ең үлкен террорлық әрекет деп бағаланған оқи-ға АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында орын алды. Аспанмен тілдескен егіз сауда ғимаратына шабуыл екі ұшақпен жасалды. Нәтижесінде 19 террористтен бөлек жазықсыз 3 мың адам өліп, 6 мыңы жараланып, тағы 24-і із-түзсіз жоғалып кетті.
Ал, әр ғасырдың еншісінде жатса да өз халқымыздың тарихында жылан жылы орын алған төмендегі жайттарды атауға болады.
1221 жылғы Шыңғыс хан қолының Отырарды жаулауы;
1629 жылы жоңғар шап-қыншылығынан шаршаған халқының бағына Жәңгір хан таққа отырады;
1689 жылы Тәуке хан бастаған қазақ қолы ойрат-жоңғарларға қарсы жойқын жорық жасады;
1713 жылы Үш жүздің ба-
сын қосқан хан Абылай дү-ниеге келген;
1725 жылы жоңғарлар Түркістан мен Ташкентті жаулап алады;
1737 жылы Кіші жүз ханы Әбілқайыр Орынбор өлкесінің жаңа губернаторы болып тағайындалған В.Н.Татищевке екінші қайтара ант береді.
1845 жылы қазақтың бас ақыны ұлы Абай дүниеге келді.
Жылан – даналық пен айла, икемділік пен жылдамдық, арбау мен сиқырлау, емдеумен қатар улаудың да белгісі боп қалыптасқан. Жыл иесі – жылан – бауырымен жорғалаушылар класы қабыршақтылар отряды
ның бір тармағы. Денесі жұмыр, ұзындығы 8 см-ден 12 м-ге дейін жетеді. Денесін мүйізді қалқаншалар мен қабыршақтар, арқасы мен бүйірлерін ұзына бойы қатарласа орна-ласқан, ромбы тәрізді қабыршақтар жапқан. Бауыры көлденең жатқан ірі қалқаншалармен жабылған, олар бір-бірімен жұмсақ тері қатпарлармен жалғасқан.
Жыртқыш жыландар ірі денелі жемтіктерін бітеудей жұтып қояды. Барлығының дерлік аяғы болмайды, тек айдаһар жыландарда, ұршық тәрізді жыландарда, соқыр жыландарда, бүрме ауызды жыландардың кейбір түрлерінде ғана жамбас бел-
деуінің қалдығы мен артқы аяқтарының тырнақ тәрізді жұрнағы сақталған. Жыландар жылына 2-4 мәрте түлейді. Сыдырық (жыланның тү-леген эпидермис қабығы) тұтастай түседі. Жыландар тек Антарктидада ға-на кездеспейді. Жемін аулау кезінде дене қызуы жай жатқан уақытымен салыстырғанда барынша көтеріледі. Ал ұйықтағанда жыланда зат алмасу процесі мүлдем тоқтап, жүрегі жұмыс істеуін қояды. Жас жыландар аптасына бір рет азықтанса, үлкендері айына бір, ал анаконда мен питон сияқты алыптар екі айдан соң ғана қорек іздейді.
Қазіргі уақытта жыландардың 3 мыңға жуық түрі белгілі. Осы үш мыңға жуық түрдің ішінен жылан түсінің мыңдаған түрін кездестіруге болады. Олардың реңі тіршілік ететін ортасына сәйкес алуан түрлі келеді. Тіпті адам баласын тітіркендіретін осы мақұлықтың да небір әдемілері кездеседі екен. Сондықтан да болар көне грек заманында ақыл-ой құдайы Афина жыланмен бейнеленсе, Мысыр перғауындары өз тәждерін жыланмен безендірген. Жылан әсіресе Шығыс елдерінде, Үндістан, Орталық Америка және Африка елдерінде культке айналған десе де болады.
Мұсылман елдерінде жыланды қадірлеп, тыныш жатқан жыланның құйрығын баспаудың мәні турасында мынадай мағыналы аңыз бар.
…Баяғыда жердің бетін топан су қаптағанда Нұх Набиолла пайғамбар Раббым хақтың желеп-жебеуімен кемесіне адам баласымен бірге төрт түлік мал мен аңды тиеп алып жолға шыққанында ашыққан тышқан кеме-нің табан ағашын үңги тесіп тастап, содан оның іші суға тола бастайды. Пайғамбарымыз жаратқан жалғыз Ие-мізге жалбарынып, көмек сұрайды. Сол кезде оның төсек ағашының аяғына оралып ұйықтайтын жылан сусып төмен түседі де, су құйылып жатқан тесікті бітеп оратылып жата қалады. Осылайша, Нұх пайғамбардың кемесі Қазығұрт тауының басына аман тоқтайды. Дүйім ел, дүрмек дүниені апаттан алып қалғаны үшін Нұх пайғамбар жылан бабаны қатты құрмет-теп, бүкіл дос-жар, мал-мүліктің ішінде оны жерге бірінші түсіреді. Жыланның тұла бойының сұп-суық болуы сол жолы кеменің тесігінен ішке енген ызғарлы топан суды бүкіл денесімен жауып тоқтатуынан – дейді, халық аңызы.
Сондай-ақ, «Жатқан жыланның құйрығын баспа», «Үйге кірген жылан-ның басына ақ құйып шығар», «Жылы-жылы сөйлесең, жылан інінен шығады», «Жылан жылы жылыс болады» деген сияқты танымдық мәні бар оралымды тіркестерде бір қарағанда сұстылық пен суықтық беретін жы-ланның ерік-жігері күшті ерекше жаратылыс ретіндегі құрмет жатса керек.
Жыланның түлеген сыдыртқысын тауып алған адам өзін алда үлкен бір табыс күтіп тұр деп сенетін болған. Жындарын шақырған бақсылардың: «Мар, мар, мар жылан, он екі құлаш ақ жылан, кереге бойлы кер жылан, шапағатың бер жылан» деп зікір салуы да, жылан жаратылысынан қуат алуға талпыныстан туған болар…
Жыланға қатысты аңыздың, сенім-нің, ырым-тыйымның өзге шығыс ха-лықтарына қарағанда үнділерде көп сақталғандығынан олардың жыланды ерекше пір тұтатынын аңғаруға болады. Үндістердің түсінігінде жылан мәңгіліктің символы, тіпті оларда “нагапанчами” атты жылан мерекесі де бар көрінеді. Бұл күні ешкім жұмыс істемей, жыландардың індерінің алдына түрлі-түрлі тамақ апарып құрмет көрсетеді. Нагапанчами мерекесіне қатысты мынадай аңыз айтылады. Бұл мейрамды менсінбеген бір брахман сол күні бау-бақшасын күтіп-баптауға барады. Ақыры ол байқамай кетпенімен кобра жыланның балаларын өлтіріп алады. Мұны көрген ана жылан кек алу үшін брахманның үйін іздеп тауып, бүкіл отбасын түн ортасында шағып өлтіреді. Одан соң жыланның есіне брахманның бір қызының көрші ауылға тұрмысқа шыққаны түсіп, ол қызды да тауып алады. Брахманның қызы мереке талаптарына сай жыланға үлкен құрмет көрсетеді. Бұл құрметтен соң жылан ашуын жеңіп, райынан қайтады. Дәл осы сәтті пайдаланып жас әйел құдіретті жыланнан әкесі мен бауырларын тірілтуді өтінеді. Жылан үлкен мейірбандық танытып, өзін сыйлаған жанның тілегін орындаған екен. Яғни, жылан кек жолында қанша тас боп бекісе де, үлкен мейірбандық таныта алатын ғажайып құбылыс деген ой айтылады.
Сонымен қатар, жыландардың сұлу қыздарға ғашық болып қалатыны туралы аңыздар түрлі халықтардың әдебиетінде бар. Ол өзі ғашық болған жанды тесіле қарап отырып, өзіне арбап алады-мыс. Сөйтіп оның да ақыл есін жаулап алып, қайда барса да бірге еріп жүретін болады. Ақыры өздерінің шарасыз халдерінен әбден шаршап-шалдыққанда екеуі де қайғыдан көз жұмады екен.
Араб, парсы, үнді, түркілердің әде-биетінде жыландардың мейірімділігі мен қайырымдылығы туралы толып жатқан аңыз әңгімелер, жыр, дастандармен қатар, көне заманнан сақталып келе жатқан музыка ойнап үйретілген жыландарды билету өнері бар. Жылан ойнатушылар «марбаз» деп аталады. «Мар» деген парсы сөзінің беретін мағынасы – жылан, сонымен марбаз – «жылан ойнатушы» деген мағына бе-реді. Өз жемтігін көп қиналмай, арбап алып қарнын тойғыза салатын, тіпті адамдардың өзін арбап дегенін жасата алатын қасиетке ие жыланды ойнату – адам баласының ой-таным қабілетінің мықтылығын көрсететін өнер.
Сондай-ақ марбаздықты ақылдылық пен айлалылықтың, сабырлық пен шалт қимылдың, сұстылық пен қатар
әдеміліктің, жыртқыштық пен мейір-бандықтың т.б. кереғар қасиеттердің белгісі саналғанымен жыландар тек адамзат тіршілік ететін ғаламның жануарлар фаунасының бір түрі ғана болып табылатынын да дәлелдейтін өнер түрі деп бағаласа болады.
Ал қазір циркте салмағы 20-30 келіге дейін жететін жыландарды мо-йындарына, белдеріне орап алып түрлі дене қимылдарын жасайтын қыз-жігіттердің өнері де таңсық дүние емес.
Жыланның үш мыңнан аса түрі белгілі десек оның әрбір бесіншісі улы болып келеді. Жыланның уын алу – жылан сауу деп аталады. Альбумин, глобулин, фермент, су және түрлі құрамдағы тұздардан тұратын жылан уы құрғақ күйінде бір ғасыр бұзылмай сақталады. Массаж жасап, болмаса аз вольтты тоқ жіберіп жыланның у жиналатын жерінің бұл-шық етін тітіркендіру арқылы уын арнайы ыдысқа жинайды. Бір сауғанда кішкене жыландардан 20-40 миллиграмм, ал үлкендерінен 500-900 миллиграмм у алынады. Жерімізде жыланның қаншама түрі, оның ішінде түрлі ауруға ем болатын уы бар пайдалы жыландар мекен еткенімен, елімізде оларды өңдеп, іске жарата-тын фармакологиялық өнеркәсіп орындары әлі де кемшін. Есесіне халық емшілері мен шетелдік тапсырыс бе-руші компаниялар үшін жабайы жылан саудасына жол ашылған. Еуропа елдерінде кептіріліп, ұнтақталған жылан уының 1 грамм таза ұнтағы 300 АҚШ долларына бағаланады. Кептірілген жылан уынан арнайы өте күшті дәрілер жасап шығаратын Бразилияның Сан-Паулу қаласындағы Бутантан биомедициналық зерттеу институтында 12 мыңнан аса жыланнан жылына 5-6 литр шамасында сұйық у алынса, оны құрғатқанда бар-жоғы 1-1,5 келідей құрғақ ұнтақ қалады. Мұндай көлемді жинау үшін олар жыланды әр екі-үш аптада «сауып» тұрады.
Түрлі дәрілік шөптердің тамырын сору арқылы күш қуат жинайтын жыландардың уы ғасырлар бойы таптырмас таңғажайып дәрі ретінде қолданылып келеді. Индуизмнің кие-лі саналатын кітаптарының бірі «Атхарваведа» жыландар қандай ауруға қандай шөп ем болатынын тура біле-тін ерекше қасиетке ие, бірақ олар бұл құпияны кім көрінгенге аша бер-мейді деп беріледі. Ирелеңдеген, тілін сумаңдатқан кішкене жылан XVI ға-сырдан бастап медицина символы ре-тінде таныла бастайды.
Бұл белгіні 1924 жылы Кеңес Одағы ресми түрде бекіткен. Денедегі суықты шығаратын түрлі қыздырғыш майлар, стоматологияда ауру сезімін болдырмау үшін қолданылатын дәрі, инфаркт, жүрек-қан тамырлары, бұл-шық ет және буын ауруларына (радикулит, полиартрит, плеврит), невралгия, астмаға қарсы жылан уы элементтері бар дәрілер қолданылады. Қазіргі медицинада емі табылмай отырған түрлі онкологиялық ауруларға да жылан уынан жасалатын дәрілердің ем болатыны турасындағы Нобель сыйлығын алған ғылыми еңбек жан-жақты тексеріліп, зерттеліп жатыр.
Ал жылан жылында туылған адамдарда жұлдызнамашылар жылан бойындағы кейбір қасиеттердің болуы мүмкін деген де ой айтады. Олар интел-лектісі жоғары бола тұрса да өзіне көп жауапкершілік ала беруді ұнатпайды. Ешкімге жайдан-жай тиіспейді. Ал егер біреулер бас болып шамына ти-се, ұяңдығы да, сабырлылығы да айдалада қалып, нағыз мінез-құлқын көрсетеді. Бұл жылдың тумаларының қашан да жолдары болғыш. Жылан жылы туғандардың қайсарлығы мен қайраттылығы ерекше мықты. Олар өздерінің алға қойған мақсатына жету үшін астындағы жерді де төңкеріп тастай алады.
Жылан жылы адамдардың пейіл-ниеттеріне қарай яғни – жамандық көп болса соған, жақсылық пен ізгілік көп болса соған қарай нәтиже беретін жыл. Мысалы, бұған дейінгі 2013 жылғы жылан жылында өлім-жітім саны аз болып, кедейлік деңгейі төмендеген, соғыс салдарынан адам өлу, қылмыс саны азайған. Сөз соңында айтарымыз, биылғы жылан жылы баршаңызға құт береке алып келетін ырысты, берекелі жыл болсын!

 

Жанна Иманқұл,
«Жалын» журналының қызметкері,
«Ақпарат саласының үздігі» иегері

 

Әзірше ешқандай пікір жоқ.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз.

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *