ҚАЗАҚТЫҢ АЯУЛЫ ТҮСТЕРІ
04.12.2024 0 12
Көкбөрі Мүбарак ҚИЗАТҰЛЫ,
қаламгер, шежіреші-тарихшы
(Жылқы түстеудегі сегіз түрлі түс жайлы танымдық зерттеу)
ҚЫЛАҢ ТҮС
Қылаң түс жылқылардың ақ, көк сияқты жарық түстеріне қаратылатын ортақ атау. Жылқылардың түсінің қылаң, баран болып екі топқа жіктелуінде, қылаң жылқылардың жалпылама атына айналған бұл түс атауы кілеңнің атынан алынған. Кілең — қылаң болып та айтылады. Қылаң мен кілең бұл — өзен-көлдің аяздың күшімен тоң болып қатқан кезіндегі үсті — мұз, асты — кілең болып қабатын көрсетеді. Өзен-көлдің бетіне біріңғай жайылған осы кілеңнің ерекшелігіне байланысты, «кілең» сөзің біріңғай деген мағынада да қолданамыз. Көмекей сөзінің қомағай болып жуан түрде дыбысталатынындай, кілең сөзі жуан түрде қылаң болып дыбысталған. Қылаң қандай таза мұз. «Қылаң таза» сөзі жалпақ тілде «құлан таза» болып та айтылып жүр. Алаң сөзі осы қылаң сөзіндегі «қ» дыбысының қатардан қалуынан пайда болған. Бейне, шалқар далаға қолданылған «кең» сөзінен «иен» сөзінің шығып, кең даламыз — иен дала болғанындай, «қуан» сөзінен «уан» сөзінің шыққанындай.
Кілем атауы да қылаңнан шықты. Ұйғырлар кілемді «гілем», өзбектер «гілам», башқұрттар «келәм» деп, Қыпшақ қағанатының жүрегінде өмір сүрген украиндар кілемді «килим» десе, тәжіктер «қолин» деседі. Іле Қазақ автономиялы облысының Нылқы ауданының бір ауылы Кілең деп аталады. Ауыл Қас өзенінің бойына орналасқан.
Бұл кілем мен кілеңнің түбі неден шықты десеңіз, бұл қал, кіл деген адамның бетіне жайылған туа бітті тері дағына байланысты шыққан. Түріктен мен түрікпендер кілемді сол үшін «қалы» деседі. Қазақта «қалы-кілем» деп кілемнің екі түрлі атын қосып айту үрдісі де бар.
Кілку, қалқу — бетіне тегіс жайылу.
Кілегей — сүт бетіне бір қаба жайылған нәр. Қазақ әйелдері кілегейді жарылған, тозған теріге жағады. Француз тіліндегі крем сөзі де кілегей ұғымын берген. Бұл сөз кілем ұғымымен қабысады.
Кілең де, кілем мен кілегей(крем) барлығы сүт пен судың бетінде қалқып тұрған беткі қабат.
Доспамбет жыраудың:
«Сере, сере, сере қар,
Асты — кілең, үсті — мұз,
Күн-түн қатса жібімес» дегеніндегі сере шаншитындай қалың қардың асты — кілең болып, үсті — мұз болып қатқанының көрінісі. Ол кісінің тағы да:
«Кілең бұздайкілшейтіп,
Көбелер киген өкінбес.
Жұпарын қардай боратып,
Арулар құшқан өкінбес» дегенінен айналып кетесіз. Мұндағы «бұз» дегені — мұз. Оғыздар мұзды «буз(бұз)» дейді.
Мұндағы «кілшейтіп» деген сөзге назар аударыңыз. «Кілше» дегені де кілем. Қазақтың сөзінде «кілем-кілше» деп қосарланып айтылса, әзербайжандар кілемді «қалша» деп, гүржілер де олардың ықпалымен кілемді «қалиша» деп, қазақ осыған орай қалшадан алаша сөзін шығарып, оны ұлттық кілемнің аты ретінде қолданады. «Аласа» деген сөз де жермен бір тегіс болып жайылып жатқан осы алашаға қаратылған. Қазақ алашаны төменге төсейді де, тұскиізді ғана қабырғаға ұстайды.
Біз кілең түсті, яғни «қылаң түсті» солғын тартқан ақ түс ретінде, оны алуан түстердің әлемінде ағылшынша «WhisperWhite» деп таңбаланған түспен сәйкестендіреміз.
ШАБДАР ТҮСТІҢ ШЕШІЛУІ
Шабдар түстің атауы ең жұмбақ түс атауларының бірі болып келген. Шабдар жылқының жалы ақ немесе ақшыл болып келеді де, өзінің түсі кер түс пен құла түстің арасында, қызыл-сары түсте келеді.
Шабдар түс атауы жабайы шабдалының түсінен алынған. Шабдалының сыртын тозаң басып тұтатын ақ түгі мен шабдар аттың ақ, ақшыл жалдарының өзара үйлесімділігі, шабдар аттың қызыл-сары түсі мен жабайы шабдалының сарысы басым қызғылт түсінің үйлесімділігі жылқының осындай ерекше түсіне шабдалының түсін беруге алып келген.
Шабдар аттың түсі өзінің қызыл-сары келген түсінен қанық болса «жирен шабдар» аталып, қою кер түске жақын болса «кер шабдар» атанып, түсі сұйық болса «құла шабдар» атанып, жалының түсіне байланысты «ақжал шабдар», «көкжал шабдар» атанады. Төбелі, қасқасы болып жалса «шабдар төбел», «шабдар қасқа» атанады.
Арқада Жарқайың ауданы жерінде Терісаққан өзеніне құятын Шабдар өзені бар. Ұзындығы 59 шақырымға жетеді. Оның атауы осы шабдар түспен және шабдалы атауымен тығыз қатысты. Себебі, қазірге дейін шабдалының шыққан отаны анықталмағанымен, Пекиннің солтүстігінде өсетін шабдалының ғылымда «Prunusdavidiana» деп аталатын жабайы түрі қазіргі екпе шабдалының ата тұқымы саналуда. Оның өсіп тұрған мекені суық жер саналады. Шабдалының сыртының түкті болуы да оның әуелгі отанының суық жерден екенін көрсетеді. Соған қарағанда, аталмыш жабайы шабдалының өсу мекенімен бір бойлықта жатқан Арқаның Шабдар өзені ежелгі уақытта жабайы шабдалыға, яғни шабдарға толы мекен болған болуы керек.
Қазақтар бадам өсірмегенімен, бадамды негізінен оңтүстіктегі жылы жердің халқы өсіргенімен, Тарбағатай аймағының Барлық тауындағы жабайы бадам орманы бұл жемістің де шыққан отанының суықтау жерден екенін көрсетіп берген еді.
Шабдар жылқылардың шабдар сағал, шағыр шабдар, ақжал шабдар, ақ шабдар, ақ шабдарлау, шабдарсымақтау, шабдар ала деген түрлері болады.
Шабдар түсті алуан түстердің әлеміндегі ағылшынша таңбаланған түстердің қатарындағы «Tangerinecolor» деген түспен сәтті сәйкестендіру жасауға болады.
ТЕҢБІЛ ТҮС ҚАНДАЙ ТҮС?
Теңбіл түс леопардтың теңбіл терісінің сипатынан алынған. «Көне Таңнама» -ның 212 томында Телелердің «Тоңғыл(同罗部) тайпасының атауы Түркі тілінде «леопард» деген мағына береді» делінген. Бұл тайпа кейін келе Тоғлы, Доғлы атанып, кейінгі Дулат руын қалыптастырғанда, Дулат руы леопард терісіне тән дөңгелек теңбіл таңбаны рулық таңба етіп сақтап қалады. Үйсін ішінде жиі кездесетін Төле есімі сол леопардтың байырғы Түркілік атауының кейінгі нұсқасы болып табылады. Долы мінез де — леопардтың мінезі. Төле, төлем сөздері де осы тилло, тилла сөзінен пайда болды. Тилло — валюта ретінде барлық сатып алуларда қолданылған. Осы тилла сөзі Қазақ арасына ділда болып сіңісіп отыр. Бұл бейне құдіретті Алла ұғымының қазақ фольклорында Алда деген атпен алынғанына ұқсайды. Бұл атау қазақ арасында әйелдердің есімі ретінде де қойылған. Абайдың әйелдерінің бірі Ділда болса, қазіргі уақытта да бұл есім арамызда ұшырасады. Ділда — ежелгі Сақтан Соғдыға ауысқан ақша бірлігі. Ол алтын деген мағына береді. Бұл сөздің тұпнұсқасы тәжік тілінде «тилло» деген атпен сақталған. Парсылар өз тілдеріне «тала» деп қабылдаған. Алшын Жалаңтөс баһадүр өзі салдырған алтын күре(қала) деген мағына беретін Тилла-Кори медресесінің атын осы сөзден алған. Себебі, тәжіктер тилла деген алтынның атауы өзбектер арасында тилла болып айтылған екен.
Долы мінезді тудырған леопардтың Қарақұм, Памир үстіртін тарихтан бері мекендегені бар. Үйсін бектігі тұсында, заманымызға дейінгі 2 ғасырда Үйсін күнбиінің үлкен ұлының аты Дәлей(大禄) болса, Жаныс биден тараған шөбересінің аты Дале(大乐) еді. Оның үстіне, Үйсін бектігінде Дәлей(大禄) мәнсабыкүнбиден кейінгі екінші орындағы адамның мәнсап аты ретінде қолданылған. Бұл туралы «Ханнама. Батыс өңір баяны» -ында айтылады. Жамбылға Сүйінбайдан ауысқан қызыл шұбар жолбарыс кие деп жүргендері жолбарыс емес, осы леопард. Жолбарыс ешқашан шұбар болмайды, тарғыл болады. Мұның бәрі сол замандағы Үйсіндердің теңбіл аң леопардты кие тұтуынан түрленген ұғымдар.
«Теңбіл жапырақ» деген шөп бар. Жапырағы ақ теңбіл келеді. Бұл өсімдік қытайша «班叶兰» деп таңбаланады.
Теңбіл сөзі «теңгелік» деген мағынадан келіп шығады. Ең алғашқы теңгелер де сол леопардтың теңбілін үлгі етіп соғылып, айналысқа енгізілген.
Жылқы малына келсек, теңбіл көк, теңбіл қаракөк, теңбіл шұбар жылқылар үйірлер ішінде ең көп кездеседі де, теңбіл қара, теңбіл қоңыр жылқылар сирек ұшырсады.
Футболды «теңбіл доп» деп те аударып айтып жүрген журналистер бар. Бұл өте жағымды, сәтті аударма!
ТАРЛАН ТҮСТІ ТЕҢБІЛ ТҮСТЕН ҚАЛАЙ АЙЫРАМЫЗ?
Тарлан түсті теңбіл түстен айыру үшін жылқының теңгедей болып теріліп тұрған теңбілінің барынша аз және кішкентай екеніне, жылқының қою түсіне осы ұсақ теңбілдің тарыша шашырап сіңісіп жоғалғай тұрғанына көз қадау керек.
Тарлан түс бұл — тарыдай шашыраған ұсақ теңбілмен жылқы денесінің «тарылануына» байланысты «тарылан» деген сөзден келіп щыққан жылқы түстеудің бір аты. «Тарландап барып табылды» деп айтылатын жоғалған малдың ұзақ жылдан кейін табылуына қаратып айтатын сөз бар. Осы тарлан жылқылардың денесіндегі тарыдай шашыраған теңбілдің бір қарағанда көзге түсе қоймайтын ұсақтығы мен сіңісіп жоғалғай тұрған көрінісіне қаратып айтқан сөз бұл. Тарлан түс — негізінен бурыл жылқылардың ішінде көп кездеседі. Бурыл тарлан, қара тарлан, ақ тарлан, көк тарлан(тарлан көк), қызыл тарлан, бозтарлан, көк тарландау, тарлансымақтау, тарландау деген жылқы түстері аталады.
Тарлан түс атауы бүркітке де қолданылады. Бүркіттер сырттай қарағанда көбі қара болып көрінеді де, жақындап қарағанда денесінің әр жерінде ұсақ ақшыл жүндері ұшырасады. Бұл шұбарға да жатпайтындықтан, мұндай ұсақ ақ жүндер денесінің кейбір бөлігіне шоғырланып немесе бүкіл денесіне андыздап таралып, бүркітті көзге шұбар етіп көрсетпейтін, оның денесінің негізгі түсіне әсер жасамайтындықтан, тарыдай шашыраған осы ұсақ ақ жүніне бола бүркіттердің жалпы түсін «қара тарлан» деп сипаттап беретініміз сол.
ЖЫЛҚЫНЫ ТҮСТЕУДЕГІ «ТӨБЕЛ» ҰҒЫМЫ ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛДЫ?
Төбел деп аттың маңдайындағы дөңгеленген ақ белгіні айтады. Жылқы малы төбелді келсе, денесінің қалған түсінің кер, қара, жирен, қоңыр, торы деген әртүрлі түстерде болуына байланысты «кертөбел», «қаратөбел», «жирен төбел», «қоңыр төбел», «торы төбел» деген атаулармен аталады.
Төбел атауы тоғайдағы құрты бар ағашты тоқылдатып, құртын суырып жеп жүретін, орманның аластаушы құсы тоқылдауықтың(тоқылдақ) атынан алынған. Себебі, тоқылдауықтың маңдайында төбелі болады. Біз үнемі көретін ақ төс, шұбар тоқылдауықтың төбелі қызыл келсе, Алтайда ғана кездесетін қара тоқылдауықтың төбелі де тура осындай қызыл келеді. Бұдан тыс, қызыл төбелі бар, басы қасқа, денесі қара келген қасқалдақ тоқылдауық бар. Оның қызыл төбелі айдарланып кетеді.
Хакастар тоқылдауықты төбеліне байланысты төбелгі деген мағынамен «тобырғы» деп атаса, Алтай ұлты тоқылдауықты «томыртқа» деп атайды. Тывалар қызыл төбелі бар қара тоқылдауықты «тілка» және «тілкан» деп атайды.
Тоқылдауықтың әуелгі Алтайдан басталған Түркілік ортақ аты бабаларымыздың «в» дыбысын қолданатын заманындағы «тувлг» сөзінен бастау алса, «в» дыбысының қатардан қалып, орнын «б», «у» қатарлы жаңа дыбыстардың басуымен төбелгі, тобырғы(хакас нұсқасы), тоқылақ(тоқылдауық) және әуелгі нұсқаны негізге алған тілка(тілгі) деген тывалық нұсқа пайда болған.
Түйме қурай деген түйме гүлді өсімдік бар. Гүл күлтесі осыдан 4800~4600 жыл бұрынғы Пәкістандағы Үнді өзені сағасында, ежелгі Хараппа өркениетінің жұрты болған Мохенджо-Даро қаласынан табылған түймелердің пішінінен еш аумайды. Бұл ең алғашқы түймелердің жасалуына себеп болған ұлы шөптің түйме қурай екенін айқындайды. Сондықтан, бұл өркениеттің біздің ең арғы бабаларымыздың өркениеттік тамырымен қатысы бар. Түйме қурай қытайша «蜀葵» деп таңбаланады.
Жылқыдағы төбел ұғымы, оның арғы жағындағы төбел құс тоқылдауық, оның әртүрлі халықта төбеліне байланысты бірнеше түрлі аталуы да түйме ұғымымен тығыз қатысты. Башқұрт және әзербайжан ағайындардың түймені бізге жақындатып «төймә», «дүймә» дейтіні мен түрікпен ағайындардың түймені «дүуме» дейтініне осы жерде көңіл бөлейік.
Тоқылдауық құстың төбелін ескі Түркілік бабалар «түймелік» деген сипатпен алғаш рет «тувлг» деп атап, төбел ұғымы ақырындап осыдан пайда болған. Түйме қурай мен тоқылдауықтың төбелі де ұқсас қызыл түсте келуі сөз түйінін түйе түседі.
Бұл түйме атауының ең арғы түбірінің таң ұғымынан тамыр алғанын айқындайды. «Тұңғыш» сөзі таңның тууына байланысты шыққан болса, қытайлар ескі Түркілік ықпалмен шығысты «дұң(дунг)» дейді. Өзбектердің түймені «тугма» дейтіні мен түріктердің «дүгме» дейтіні де осы үрдіс.
Төбел жылқылардың төбел құла, айтөбел құла, шағыр төбел құла, қаратөбел деген түрлері болады.
ШҰБАР ТҮСТІҢ ШЕШІМІ
Шұбар түс атауы сұңқардың атынан алынған. Сұңқардың Қазақ жерінде негізінен қоңыр сұңқар, ақ сұңқар деген екі түрі кездеседі. Ақ сұңқар дегені — ақ шұбар дегені, оның қанат-құйрығы шұбар болып келеді де, денесінің қалған жері ақ түсті болады. Қоңыр сұңқар дегені — қоңыр шұбар дегені, оның қанат-құйрығы қоңыр-шұбар келеді де, денесінің қалған жері ақ шұбар болады. Сұңқар атауы өзінің осы шұбар түсіне сай, әуелде қар ұшқынының айтылымынан пайда болған.
Ұшқын, ұшқы сөзінің негізі болып тұрған қардың «сің(жерге сіңу)», «шұқу(жерді шұқу, шұбарлау)» деген қасиеттері ескі уақытта қардың екінші атына айналса, бұл сөз Славяндар әлеміне «снег», «сніг» болып қабылданған. Қардың бұл атауы әрі қарай полякқа «сниег» болып кіріп, шведтер мен норвегтерде «снё», «сно» болып айтылып, немісте «шней» болып, ағылшында «сноу» болып қолданылып, Еуропадағы бірқанша халықтың ішін түрлі дыбыстамамен шарлап кеткен. Ал, шығыстағы қытайларда қар атауы осы Түркілік сарынмен «шуе(雪)» болып айтылады.
Славян әлемінде, соның ішінде сербтерде сұңқардың «соко» деген атауы болуы сол «ұшқы», «шұқы», «шоқы» деген қар ұшқынының алғашқы атауын көрсетсе, басқа славян топтарында сұңқардың аты «шұқыр», «шоқыр» деген сипаттамадан туындаған «сокол», «сокал» деген атауларға ие. Тіліміздегі секпіл(секвл) сөзі де шұбардың осыған орай туған бір айтылымы. Қытайдағы қазақтар қытайдың тамақты шұқып жеу үшін қолданатын сақпы(сықпы) таяқшасын шұқу деген ұғыммен «шөке» деп те айтады.
Араб саятшыларында сұңқардың атауы «сакр(صقر)» деген атпен қолданылған. Қазақстанның оңтүстігінде шұбарды «шауқар» деп айта береді. Алтайдағы Үліңгір өзенінің бойындағы шұбар құмның «Шауқар құмы» деп аталуы осы сұңқар сипатты шұбар сөзінің ескі айтылымын барынша сақтаған нұсқасы болып табылады. Қар ұшқынынан шыққан шұбар сөзі сол екпінмен славян әлемінде мықты орнығып, славяндар шұбар түсті әлі күнге дейін бізше айтып «чубар(чубарый)» деседі.
Қазақ халқы шұбар атты байлықтың нышаны ретінде қадірлеп, кейбір байлар біріңғай түстегі мыңдаған шұбар ат өсіріп атын шығарған. «Шұбар ат» деген халық күйі де бар. Алпамыс батырдың ақсұңқардай тіленіп ұшқалы тұрған ақшұбар тұлпары «байшұбар» деп аталады. Шұбар жылқының теңге шұбар, секпіл шұбар, көк шұбар, қара шұбар, теңбіл шұбар, бурыл шұбар, шұбарлау, шұбарсымақтау, қызылауыз шұбар, шауқар шұбар, шағыр шұбар, шұбар ала деген түрлері бар.
«Шұбар жапырақ» деп аталатын бір өсімдік бар. Оның жапырағы қаз-қатар болып сары ноқатпен шұбарланған. Бұл өсімдік қытайша «水龙骨» деп таңбаланады. Шұбар түс Ағылшын тіліне «Spotted» деп аударылады.
ЖЫЛҚЫНЫ ТҮСТЕУДЕГІ «ТӨБЕЛ» ҰҒЫМЫ ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛДЫ?
Төбел деп аттың маңдайындағы дөңгеленген ақ белгіні айтады. Жылқы малы төбелді келсе, денесінің қалған түсінің кер, қара, жирен, қоңыр, торы деген әртүрлі түстерде болуына байланысты «кертөбел», «қаратөбел», «жирен төбел», «қоңыр төбел», «торы төбел» деген атаулармен аталады.
Төбел атауы тоғайдағы құрты бар ағашты тоқылдатып, құртын суырып жеп жүретін, орманның аластаушы құсы тоқылдауықтың(тоқылдақ) атынан алынған. Себебі, тоқылдауықтың маңдайында төбелі болады. Біз үнемі көретін ақ төс, шұбар тоқылдауықтың төбелі қызыл келсе, Алтайда ғана кездесетін қара тоқылдауықтың төбелі де тура осындай қызыл келеді. Бұдан тыс, қызыл төбелі бар, басы қасқа, денесі қара келген қасқалдақ тоқылдауық бар. Оның қызыл төбелі айдарланып кетеді. Хакастар тоқылдауықты төбеліне байланысты төбелгі деген мағынамен «тобырғы» деп атаса, Алтай ұлты тоқылдауықты «томыртқа» деп атайды. Тывалар қызыл төбелі бар қара тоқылдауықты «тілка» және «тілкан» деп атайды.
Тоқылдауықтың әуелгі Алтайдан басталған Түркілік ортақ аты бабаларымыздың «в» дыбысын қолданатын заманындағы «тувлг» сөзінен бастау алса, «в» дыбысының қатардан қалып, орнын «б», «у» қатарлы жаңа дыбыстардың басуымен төбелгі, тобырғы(хакас нұсқасы), тоқылақ(тоқылдауық) және әуелгі нұсқаны негізге алған тілка(тілгі) деген тывалық нұсқа пайда болған.
Түйме қурай деген түйме гүлді өсімдік бар. Гүл күлтесі осыдан 4800~4600 жыл бұрынғы Пәкістандағы Үнді өзені сағасында, ежелгі Хараппа өркениетінің жұрты болған Мохенджо-Даро қаласынан табылған түймелердің пішінінен еш аумайды. Бұл ең алғашқы түймелердің жасалуына себеп болған ұлы шөптің түйме қурай екенін айқындайды. Сондықтан, бұл өркениеттің біздің ең арғы бабаларымыздың өркениеттік тамырымен қатысы бар. Түйме қурай қытайша «蜀葵» деп таңбаланады.
Жылқыдағы төбел ұғымы, оның арғы жағындағы төбел құс тоқылдауық, оның әртүрлі халықта төбеліне байланысты бірнеше түрлі аталуы да түйме ұғымымен тығыз қатысты. Башқұрт және әзербайжан ағайындардың түймені бізге жақындатып «төймә», «дүймә» дейтіні мен түрікпен ағайындардың түймені «дүуме» дейтініне осы жерде көңіл бөлейік.
Тоқылдауық құстың төбелін ескі Түркілік бабалар «түймелік» деген сипатпен алғаш рет «тувлг» деп атап, төбел ұғымы ақырындап осыдан пайда болған. Түйме қурай мен тоқылдауықтың төбелі де ұқсас қызыл түсте келуі сөз түйінін түйе түседі. Бұл түйме атауының ең арғы түбірінің таң ұғымынан тамыр алғанын айқындайды. «Тұңғыш» сөзі таңның тууына байланысты шыққан болса, қытайлар ескі Түркілік ықпалмен шығысты «дұң(дунг)» дейді. Өзбектердің түймені «тугма» дейтіні мен түріктердің «дүгме» дейтіні де осы үрдіс.
Төбел жылқылардың төбел құла, айтөбел құла, шағыр төбел құла, қаратөбел деген түрлері болады.
ЖЫЛҚЫ МАЛЫНДАҒЫ БУРЫЛ ТҮС АТАУЫ ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛДЫ?
Бурыл түс кез-келген түстегі жылқының үстін бір қабат тозаң тектес ақшыл түс басып тұрғанына арналған атау. Алтайдағы ең үлкен көл — Үліңгір көлі. Бұл жерде Бурылтоғай ауданы орналасқан. Көл жағалауын борлы керіштер қоршаған. Соған байланысты, 657 жылы осы өңірдегі Қарлықтың Шыбыл тайпасын басқаруға арналып, 大漠州(Үлкен Мор аймағы, яғни Үлкен Бор) құрылып, басқару мекемесі тура осы Бурылтоғай ауданының тағанында орналасқан еді. Сол кезден бері бұл жер Бурыл деген атымен белгілі екен. Шөлдердің дені — ескі теңіздердің, көлдердің тағаны. Сондықтан да теңізге арналған мор атауы мен оның тағанындағы кепкен топыраққа айтылатын бор атауы жақын дыбысталады. Мектеп қабырғасында қара тақтаға жазу жазғанда қолданатын борымызды істеткенде, қолымызды ақшыл шаң қауып бір қабат ақ тозаң қолымызды өшкіндетіп көрсететіні сол. Енді жылқы түгін де осындай ақ тозаң секілді түс жауып тұрса, мұндай аттарды біз бурыл аттың қатарына қосамыз. Бурыл сөзі «борлы» деген сөз болып отыр. Боры түстес аттардың бәрінің бурыл атанғаны содан екен. Бурыл жылқылардың көк бурыл , көк бурылдау, қызыл бурыл, қызыл бурылдау, ақ бурыл, қара бурыл бурылсымақтау, борсық бурыл, бурыл шұбар, шағыр бурыл, бурыл ала деген түрлері бар. Бор түсті, яғни бурыл түсті ағылшынша «Chalkwhite» деп таниды.
БӨРІНІ БІЛДІРЕТІН «ҚҰРТ» СӨЗІН ҚАЗАҚ КӨК ТҮСКЕ ҚОЛДАНҒАН
Алтай, Боғда Қазақтарының ауыз екі тілінде қызыл бурыл аттарды «қызыл бурыл», «қызыл-көк ат» деуден тыс, «құрт-қызыл ат» деп атайды. «Қызылы» түсінікті, «құрт дегендеріңіз қандай түс?» десеңіз, «құрт деген – көк түс» деп жауап береді.
Ішінара Түркі халықтарында бөріні құрт сөзімен байланыстыратындықтан, бұл түстің шығу шешімі белгілі. Башқұрт халқы өз атауын бөріден іздейді. Қобыланды батырдың сүйікті жары, Оғыздың Көктім руының қызы Құртқаның аты да бөрінің аналығының атынан келіп шығады. Түріктер бөріні «құрт» деуде. Қыпшақ тілділерден көрі, Оғыз тілділерде «құрт» атауын пайдалану басым. Оғыз әлемімен ең қою араласқан, мыңдаған жылдар бойы тарихы біте қайнасқан парсы-тәжік әлемі бөріні «гург» десе, Күрдтердің Соранидиалектісіндегілер «горг»деп, Курманжидиалектісіндегілер бөріні «гур» деседі.
Ал, бірақ Қыпшақ тілді қиыр шығыстағы қазақтардың көк түске арнап «құрт» сөзін қолдануы тіл ғылымы үшін жаңалық.
Егер, «қарт» сөзі осы «құрт» сөзінің көтермелеп айтылған нұсқасы болса, қарт сөзі сақал-мұрты бурыл тартқан кезеңнен кәрілікке қарай өтіп бара жатқан жас кезеңіне қаратылатын болып отыр.
Әзірше ешқандай пікір жоқ.
Бірінші болып пікір қалдырыңыз.