(Ақын-жазушылардың өмір тарихтары)
РЕВОЛЮЦИЯ КОМИССАРЫ
Ықылым заманнан бері адамзаттың ар кітабында өзгелерге жасаған жауыздығы үшін ауыр жазаға кесілетін жаза – өлім болған. Құдай мен адам алдындағы кінәдан күңіренген жан ауыр күйзелістен құтылмаған. Ал ұяттың таза суымен жүзін жуған ұжданды жандардың ұлағаты қашан да ұлықталып отырған.
Адамның ар алдындағы сауабы мен күнәсі таразыға тартылғанда қайсысының сауабы молдығына байланысты қолданылатын жаза да бар. Біздің бүгінгі кейіпкеріміз – тағдыр алдында талай сыналған жан. Миллиондаған адамдар үшін жазушы Маркиз де Сад жай ғана «садизмнің негізін қалаушы», қылмыскер және тексіз деп саналуы мүмкін. Ал әдебиетшілер үшін ол Ұлы француз революциясының комиссары, даулы жазушысы және философы. Қалай айтсақ та, ол бар болғаны пенделіктің пердесін дар айырып, зайырлы қоғамды көксеген кішкентай адам, яғни, ар алдында азап кешкен ақжүрек жан. Ал мұқият зерделесек, ол ерекше жаратылған адам сияқты, бірақ тал бойында іштен ірітетін ашытқы «дәрісі» бар нағыз бүлікші.ХVІІІ ғасырдың сүйекке сіңген стилін анықтаған авантюристердің бірі –орыс ойшылы Александр Радищев оған дәл сипаттама бере келіп, Садты «Ғасырдың ессіз және дана адамы» деп атаған. Осы сипаттама оған дәл келетін іспетті.
Кейіпкеріміздің толық аты-жөні – Донасьен Альфонс Франсуа де Сад. Әдебиет энциклопедиясында оның толық есім-сойы осылай аталады. Ол француз дворяндарының өкілі, бақайшағына дейін рыцарьлардың текті ұрпағы. Оның атасы мен әкесі неғұрлым жоғары атаққа –графтық лауазымға ие болған. Әкесі өзін «граф де Сад, маркиз де Мазан»деп атаған. Граф атағы жиі аталса да, Донасьен қолтаңбалар мен өз жазбаларына«Маркиз де Сад» деп қол қоятын болған.Ол осы атпен тарихта қалды.
Аббаттың шәкірті саналған болашақ жазушы Париждегі Кон-де сарайында дүниеге келген. Оның анасы ханшайым де Конденің құрметті қызметшісі болған және ұлына күшті фамилия табуға көмектесуді мақсат еткен. Бірақ 5 жасар Донасьен ханшайымның ұрпағымен тіл табыса алмағандықтан оны ағасы Аббат де Садқа тәрбиелеуге береді. Алайда ол өзінің тәрбиесімен баланы христиан дінінен алшақтатқан. Ол жас кезінде Құдайды адам бейнесінің жемісі деп санағандықтан өз танымын пайдалы дей келе, рухани жағынан кемелденген ағартушы адамдардың түсінік пайымына кедергі келтіруге тырысқан. Ақсүйектерге сәйкес, Маркиз офицерлер қауымына шақырылып, атты әскер қатарына алынады.Арада жеті жылдық соғыс басталып, де Сад сол сұрапыл соғыста өзін батыл жауынгер ретінде көрсетеді. Алайда, ол толымсыз жанжалдарға тап болады. Маркиздің қатысуымен болған алғашқы қылмыстық қақтығыс оның қарапайым, адуынды бикеш Роза Келлерді зорлады-мыс деген сөздің қоғам талқысына тарауының ықпалынан болады. Ол оны өлтіремін, деп қорқытып, егер өз еркімен ықтияр етпесе, тағдырын тәлкек ететінін айтып қорқытқан болып шығады. Алайда Роза ебін тауып, екі асап, тергеу орнынан қашып шығады. Осыған байланысты, Маркизге түрменің былағынан дәм тату бұйырмайды. Бірақ түптің түбінде татады.
Сол кезде Маркиздің лакейіне қатысты іс әлдеқайда қауіпті сипат алады. Ол тұста зорлық-зомбылық, есірткі тарту, гомосексуалдық жәлаптыққоғамды жайлап алған-ды. Қоғам дертіне айналған осы бір оспадарсыз қылық тергеу орындарын жаппай жаулап алса да, ол күн сайын өршіп сала берген.Бұл жүгенсіздік, қоғамды ессіз, қисапсыз шырмап алған кез болатын. Жоғарыдағы зорлық іс бойынша тергеу ұзақ уақытқа созылып, ақыры Маркиз түрме сорпасына отырғызылады. Ол тіпті өлім жазасына да кесіледі. Бірақ де Сад одан сытылып шығады. Бір таңқаларлығы, алғашқы түрме тәжірибесі оны гейге айналдыра алмайды. Әйтсе де, ол алдымен ақсүйектігіне селкеу салдырмайды. Біраз уақыт өте келе,ол елдің төрт провинция патшасының орынбасары болады. Брессе, Бюже, Вальроме және Жексе провинциялары оның қарауында болады. Содан кейін ол тағы да қыз зорлағаны үшін әңгімелі болады. Кейін әскерге шақырылып, полковник шенін алады.
Адамдардың көбі өз қабілеттеріне мән бермейтіндіктен, көп нәрседен құр қалып жатады. Кейбір жандарды жеңіл табыс масайратып жатса, Сад та оның бірде-біреуі болмайды. Расында, де Сад моральдық жағынан ұстамды ма еді? Оған әсіресе, шіркеу ғибадатханасы шыдай алмауы неліктен?Оның ел басқарудағы тәжірибесінің өзі қызық. Жер бедері идеясын тым жоғары қоюы да қоғам талабының оң жамбасына сай келмейді. Ол үшін адамдардың шығу тегіне қарамастан, қожайындар мен құлдардан тұруын қолдауы наразылықтар тудырады.
Қоғам тынысы пльюс пен минустан тұратыны белгілі. Егер Донасьеннің ауқатты және туа біттіқұдіреті болмаса, ол мұндай өмір салтын жүргізе алмас еді, деушілер де болады. Маркиз мұндай кертартпа пиғылдарға өзінің ойлары туралы ашық үндеу жариялап, ол қиындықтардан қалай шығу қажеттігі туралыбар шындықты қиялымен дәмдеп жеткізеді. Ал әдеби әлем ол туралы ештеңе білмейді. Әрине, оның кітаптары үлкен жарылыспен сатылып жатады. Мемлекеттік қызметте жүріп, әдебиеттің желкенді қайығын жағалауға соқтырмай, әдебиетке уақыт табуының өзі шын мәнінде ерлік дерсің.
Әдебиет көші мен қатар, әйелдер әңгімесі де, заңсыз қудалау айыптары сияқты, де Садпен бірге өмір бойы бірге қатар жүреді. Олар оның ізінен қалмайды. Сондықтан оның отбасылық өмірі аса тәтті бола қоймайды. Ол әйелімен еркін махаббат принциптерімен бөліспейді. Шындығында, олар ажырасу принциптерімен өмір сүреді. Рас, ол әйеліне түрмеде отырғанда да, жанашырлық танытады. Бірақ өмір шырмауығынан әбден шаршаған әйелі, соңында монастырға кетіп тынады.
Ғасыр аспаны аскетиктердің уақыты емес еді. Сондықтан ол өзінің батырлары сияқты өмір сүрді, бірақ ол туралы тек өзі жазды. Жазушы аса талғамды талантқа ие бола отырып, жақсы жазуға талпынды. Оның шығармалары шаршаған адамдардың демін басып, шәй ішкендей көңілін жайландырады. Шығармалары қайта-қайта басылады.
БАСТИЛИЯДА
Ол үнемі еш қорқынышсыз әділдік жағында алғашқы сапта тұрады. Оны тобырдың айқайы да, тиранның зорлығы да тоқтата алмайды. Сондықтан атышулы Бастилияны алуға да белсенді араласады. Жалпы, Франция төңкерісінің бастауы болған осы оқиғаның айналасында аңыздар көп. Олардың бірінде, бекініске шабуыл жасау кезінде бірнеше тұтқынның болғаны айтылады.Сол тұтқындардың арасында Маркиз де Сад та болады. Ол революциялық топтың не қалайтынын түсінбей, қолға түскендіктен, бостандыққа аман-есен шығады. Бірақ, бәрі басқаша болады. Маркиз шабуыл қарсаңында шынымен Бастилияда болады. Құйысқаны көтеріліп, делебесі қозады. Болашақ шығармасына мысал іздейді. Ал оны өз көзімен көрмесе, қалам тарта алмайтындай аласұрайды. Шабыт толқынын қақтығыс алаңынан іздейді. Ол осы оқиғадан кейін «Содомның 120 күні» романын және бірнеше новеллаларжазады.
Халық оларды жақсы қабылдайды. Өзінің шығармалары көпшілікке ұнағанын білген ол өзін бақытты санайды. Демек, қолдау халық тарапынан. Ол көшеде шу көтерілгенде, қалада тәртіпсіздіктер орын алғанын түсінеді. Айналасына қатты дауыстап, адамдардышабуылға шығуға шақырады. Алаңдатәртіп сақшыларының тұтқындарды ұрып жатқанын көреді. Тобыр Бастилияға қарай жүгіреді, бірақ сол күні олар бекіністі ала алмайды.
Франция ұзақ уақыт корольдың қол астында болады. Де Сад тыныштықты бұзушы ретінде қамауға алынады, оған өзімен бірге қолжазбасын алуға тыйым салынады. Өкінішке орай, 10 күннен кейін көтерілісшілер Бастилияны алған кезде, жандармерия түрме мұрағаты мен қоса, Садтың да шығармасын жойып жібереді. Тек «Содомның 120 күні» кездейсоқ қашып құтылған күзетшініңқолында кетеді. Осыдан кейін оның барлық шығармасы мәңгілікке жоғалды деген кезде, қолжазба түрме күзетшісінің отбасында сақталып қалғаны белгілі болады. Осылайша, Садтың осы шығармасы ұрпақтан — ұрпаққа жетіп, олар XIX ғасырдың соңында басылып шығады. Гильотинадан қашқан,революция жеңісін көрген, де Сад осылайша азапқа толы отты жолдардан өтеді. Бұл кезде Франция түбегейлі өзгеріске түседі. Де Сад өзіне берілген барлық атақтан бас тартады, кейін әкесінен айырылады. Оны халық революцияның комиссары ретінде құрмет тұтады. Кезінде Ұлы Август өзінің монархтан гөрі адам екенін мақтан еткені бар. Сол есінде қалған. Егер ол билеушілердің айтқанына көнсе,өзінің түкке тұрғысыз көрсетер еді, ал мұндай жағдайда алтын қалам жалдағаннан өткен ақымақтық болмас еді.
НАПОЛЕОНҒА ҚАРСЫ
Рухани бай адамды әрбір жаңа іс жетілдіріп, оның басқа қасиеттерін ашып отырады. Жасық адамның ғана ісі бастан асып жатады. 1800 жылы қартайған Маркиз де Сад «Золое және оның екі қолбасшысы» атты брошюралық роман жазып, оны басып шығару арқылы халықтың жауынгерлік рухын көтереді.Онда Наполеон Бонапарттың, Пол Баррастың саяси эссесінің және олардың иесі Джозефинаның масқарасын шығарады. Сол кезде болашақ император Наполеон өзін нағыз диктатор, ұлттық батырға айналдырудың қамына кіріседі. Ол өзіне қарсы сынды ұнатпайды, тіпті өзінің жеке өміріне араласуға жол бермейді.Осыдан соң, де Сад шығармаларын бөгде атпен шығарады. Бірақ шығарма авторын табу қиындыққа соқпайды. Маркиз бақылау орындарының назарына алынады. Нақты айғақ болмағандықтан, де Садты ескі күнәлары үшін қысу қажет болады. Көп ұзамай Маркиз қамауға алынып, баспа үйі мен ең көп сатылымға ие болған «Джульетта»кітабы тәркіленеді. Жауап алу кезінде де Сад өзінің әйгілі романдарының авторлығынан бас тартуға мәжбүр болады.Оған жазып шығу үшін басқа қолжазбалар ұсынылады. Қолжазбаны қолдан жасау мүмкін емес екенін сезген жазушы билік орындары ұсынған шығармадан бас тартады. Үкім айқын: ол кінәлі болып шығады! Құтылуға да болар еді. Ол үшін императорды мадақтау керек болады. Бірақ былай істеу оның жүрегін айнытады. Хамелеондардың ауамен қоректенетіні сияқты билік тобырдың бас ұрғанынан ләззат алып жатқанын көріп, жағымсыз иістен жиіркенеді. Бұл жерде оның сәуегейлігі ауыр азаптан құтылудың жолын көрсетпейді. Тасы өрмелеп тұрғанда бәріне жақсы атымен қалған ол осылайша бақытсыздықтың арбасына мінеді.
ТҰТҚЫН
Де Сад алдымен Париждегі Сент — Пелажи зынданында, одан кейін француз астанасындағы барлық түрмелердің ішіндегі ең жиіркенішті деп саналатын Бисет түрмесіндеотырады. Париждіктер оны «Бастилия» деп атап кеткен. Рас, де Сад жыныстық азғындық негізінде созылмалы ақылсыздықпен «есі ауысқан адамдар» ұсталатын лашыққа қоныстандырылады. Де Сад осыншама ауырпалықтарға қарамастан,74 жыл өмір сүреді. Мұндайда Гиппократқа жалбарыну ақымақтық болатыны сияқты, ақылды болу үшін Сенекаға жалбарыну одан да қиын екенін сезеді. Бірақ 65 жылдан кейін ол революция әкелген әлсіздік пен мұқтаждықтан зардап шегіп, терең қарт адамға айналады. Өзін бекзаттық салтанатпен ұстауға қанша тырысса да, ауыр сезінеді. Оның ақсүйектерше өмір сүруі денсаулығына салқынын түсіреді. Соңғы күндерін Шарантондағы психикалық науқастарға арналған ауруханада аяқтайды. Ол жерде Маркиздің қарттығына жалау болып, оған адал болған жалғыз әйел – Мари Констэнс болады. Осы адамның қамқорлығымен де Сад өмірінің соңғы күндеріне дейін қолынан қаламын түсірмейді.
«САДИЗМ» ТЕРМИНІ қайдан шыққан?
Де Сад өзінің кітаптарында кейіпкерлерінің өзі ләззат алатын зорлық-зомбылықты сипаттай отырып, махаббат дауылынан дәм татудан қашпайды. Оқырмандар оның шығармалары өзінің тәжірибесінен алынған деген сенімде болады. Ол рас, бірақ ішінара ғана. Оның барлық шығармасы ләззат алу үшін таптырмас және бұралаңы көп шөл сияқты.Бірақ де Сад оны мүлдем мойындағысы келмейді! Соған қарамастан, XIX ғасырда зорлық-зомбылыққа бейімділікті қандай да бір жолмен атау қажет болған кезде, ғалымдар оған Маркиз есімімен «Садист» есімін қосып атайды.
Ермек ЗӘҢГІРОВ,
ҚР Жазушылар Одағының мүшесі, журналист
Әзірше ешқандай пікір жоқ.
Бірінші болып пікір қалдырыңыз.