ҚҰҚЫҚТЫҚ САНА ҚҰҚЫҚТЫҚ САНА

ҚҰҚЫҚТЫҚ САНА

17.09.2024 0 287

Қайрат Битеміров М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті Заң ғылымдарының кандидаты, (PhD) «Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу» кафедрасының профессоры Құқықтық сана – құқықтық әрі... ҚҰҚЫҚТЫҚ САНА

Қайрат Битеміров

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті Заң ғылымдарының кандидаты, (PhD) «Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу» кафедрасының профессоры

Құқықтық сана – құқықтық әрі философиялық ұғым ретінде ретінде қашанда қызығушылыққа ие. Құқықтық сана ұғымы турасында саналы адам баласы тарихтың қатпарларында түрлі көзқарастар мен тұжырымдар жасап саяси-құқықтық және философиялық ойлар қалыптастырғаны мәлім. Саналы адам баласы үшін ойлау қаншалықты маңызды болса, қазіргі демократиялық саяси жүйе мен ашық қоғам орнаған заманда құқықтық санада соншалықты маңызға ие екендігі анық. Қоғам дамуының белгілі бір кезеңінде құқықтық санада сөзсіз өзіндік даму жолына түседі. Өзгеріске ұшырайды. Құқықтық сана ұғымын теориялық тұрғыда зерттеу, тарихи баға беру маңызды. Онсыз, демократиялық, құқықтық мемлекет орнату мүмкін емес. Құқықтық сана ұғымы жеке тұлғаның өз құқықтарын қорғай білуі мен мемлекеттің  саяси-экономикалық мүдделерін қорғай білуі құқықтық сананың қалыптасқандығын көрсетеді.

Ежелгі замандардағы мифологиялық кезеңнен бастау алып, қазіргі заманғы демократиялық, құқықтық, зайырлы және әлеуметтік мемлекеттің орнығуы қашанда адам баласының құқықтық санасымен тікелей байланысты құбылыс екені анық байқалады. Мемлекет алдында тұрған мақсаттарға жеткізу үшінде мемлекеттің басты құрамдас бөлігі адамның санасы оның ішінде құқықтық санасының айқын болуы маңызды шарт. Адам баласы рухани әлемімен дүниетанымының ең көне үлгісі — мифологиялық таным мен орта ғасырларда қоғам мен мемлекеттің саяси өмірінде үстемдік құра білген діни таным адам баласының санасына оның ішінде құқықтық санасына өзіндік із, өшпес таңба қалдырды. Адам дүниетанымы қалыптасуының үш тарихи даму кезеңі ретінде мифологиялық, діни және философиялық кезеңдерді атап өтетін болсақ, қазіргі заманғы құқықтық сана ұғымын философиялық тұрғыдан зерделеу маңызды.Құқықтық сана ұғымын мифологиялық не діни таныммен тұмшалау еркіндікті шектеу, мүмкіндікті пайдалана алмау тәрізді. Бұл ең алдыменқұқық пен міндетін қатар алып жүре алмауы тұрғысынан қарағанда жауапкершіліктен жалтару тәрізді көрінеді.

Құқық ұғымы ең алдымен қоғамның келісімімен, мемлекет бекіткен қоғамдық қатынастарды реттейтін, әрі мемлекеттің күшімен қорғалатын, жалпыға бірдей ережелер жиынтығы ретінде түсіндіріледі. Құқық шартты түрде саналы адам баласына берілген еркіндік, бостандық пен мүмкіндік көрінісі іспетті. Саналы адам баласы құқықтық мүмкіндігін пайдалану арқылы еркін таңдау, еркін қадамдар жасау қабілетіне ие. Саналы адам ғана өз құқығын өз пайдасына пайдалана алады.

Құқықтың ең басты үш функциясы: адам, қоғам, мемлекет мүддесін қорғау; қоғамдық қатынастарды реттеу; мемлекеттік билік жүйесін басқару болып табылатыны анық. Яғни қорғау, реттеу, басқару арқылы өз қызметін атқарады. Құқықтың атқаратын ең басты осы қызметтері әрбір тарихи кезеңде қоғам дамуының ерекшелігіне сай болды. Ал қоғамның дамуы адам санасына тәуелді құбылыс екені анық. Сол себепті құқықтық сана адам санасымен тығыз байланысты ұғым деп қарастырамыз. Ал адам санасы философияның бір ауқымды тақырыбы ретінде күрделі зерттеу объектісіне жатады. Адамзат өркениетінің даму жолында мифологиялық, діни танымдар адам баласы бойына өзіндік сана қалыптастырса, қазіргі заманғы құқықтық сана — ең басты құндылық ретінде, адам және адамның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын жоғары қояды. Еркіндік пен бостандықты асыл мұрат, құндылық ретінде таниды. Адам құқықтары мен бостандықтарының қорғалуының басты шарттарының бірі ретінде еркіндік, теңдік, бостандық адамның құқықтық санасының қалыптасуына негізі. Сәйкесінше құқықтық сана — демократиялық құндылықтарға негізделді. Қазіргі заманғы құқықтық сана құқықтық мәдениеттің қалыптасуымен көрініс табады. Құқықтық сана құқықтық мәдениеттің қалыптасуымен тығыз байланысты қоғамдық өміршең құбылыс. Құқықтық сана қоғамдық өмірдің қоғамдық-саяси, мәдени-құқықтық, әлеуметтік-экономикалық жағдайларымен айқындалады. Сонымен қатар жек адамның құқықтық санасы сол адамның ішік таным-түйсігі мен қарым-қабілетінеде байланысты.

Құқықтық сана ұғымына заң ғылымы тұрғысынан ғылыми негізделген анықтама берер болсақ, алдымен құқықтық сана — құқыққа қатысты көзқарас, дүниетаным, сезім, сенім, ішкі құндылықтар жүйесінің жиынтығы. Құқықтық сананың келесідей белгілері бар:

-құқықтық сана қоғамдық ой-сананың бір бөлігі. Саяси, этикалық, философиялық, діни сана тәрізді  қоғамдық сананың құрамдас бөлігі;

-жеке тұлғаның құқықтық жүйеге, құқық ұғымына қатысты ұстанымы, көзқарасы;

-жеке тұлғаның өз іс әрекеті мен қоғамдық қатынастарды реттеуде бастамашысы, себепшісі;

-қоғамның құқықтық мәдениетінің сыртқы көрінісі ретінде танылады.

Құқықтық сананы әрекет ету ерекшелігіне қарап екі жүйелі топқа бөліп қарауға болады. Біріншісі құқықтық психология, ал екіншісі құқықтық идеология. Құқықтық сана ұғымын тануда құқықтық психология мен құқықтық идеологияның маңызы зор. Жеке тұлғаның психологиялық ерекшелігі, тәрбиесі, жасы, әлеуметтік ортасы, адамдармен қарым-қатынасы оның өзіндік құқықтық санасын қалыптастырады. Құқықтық психология әркімнің күнделікті өмір салты мен тұрмысы арқылы қалыптасады. Күнделікті өмірде кез-келген адам әртүрлі нормалармен жолығады. Қоғамдық орындарды жүру, жолда кетіп бара жатып жол жүру ересін сақтау, мемлекеттік биліктің заң шығарушы немесе атқарушы орган өкілдері мен кездесу, қызметін пайдалану және т.б. Құқықтық психологиямен байланысты құқықтық сана субъективті сипатта болады. Адамның жүріс тұрысы мен мінез-құлқы, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауы құқықтық психологиясына қатысты. Жеке, өзіндік ерекшеліктерге, көзқарастар жүйесіне сүйенетін жеке сана көрінісі болса, құқықтық идеологияға қоғамдық сана көрінісі тән. Яғни, құқықтық сана жеке тұлғаның құқықтық сауаттылығы арқылы, ал қоғамның, мемлекеттік құқықтық мәдени орта қалыптастыра білуі арқылы сыртқы көрініс береді.

Құқықтық сана ұғымының маңыздылығы құқықтық  ұғымдарға қатысты дұрыс түсініктеме бер, анықтама қалыптастыра білуімен маңызды. Әсіресе, кең тараған әрі маңызды құқық, заң, мемлекет, міндет, әділет, тәртіп, жауапкершілік, құқықбұзушылық, қылмыс тәрізді ұғымдарға қатысты жеке тұлғаның субъективті пікірі маңызды. Осы ұғымдарға қатысты жеке бір адамның дұрыс көзқарас қалыптастыра білуі, құқықты сауатты болуы арқылы ғана адамның құқықтық санасы дұрыс қалыптасады.

Құқықтық сана – адамдардың жеке және қоғам мүдделеріне қатысты ойлары, көзқарастары, ұстанымы мен құндылықтар жүйесі ретінде сыртқы сипаты, реттеу құралы ретінде өзіндік тәртіп, ереже мен үлгі қалыптастырады. Адамның құқықтық санасы өзінің жеке мүддесіне қажетті ережелер жиынтығын қалыптастырып, өзіндік үлгі нормаларға сүйеніп қоғамдық қатынастарды реттейді.  Бұл құқықтық нормалар саналы түрде көпшілікпен мақұлданып, жалпыға міндетті күшке ие болады. Мемлекетте құқық нормалары заң үстемдік құрады. Құқықтық идеологияның басты жемісі қоғамда құқықтық мәдениеттің қалыптастыра білуінде.

Бастапқыда құқыққа, құқықтық тәртіпке, заңдылыққа, қоғамды ұйымдастыруға деген көзқарас стихиялық деңгейде дамып, сезім мен эмоцияда көрінеді. Құқықтық сананың мұндай деңгейіндегі адамдар қоғамды құқықтық ұйымдастырудың негіздері мен жалпы қағидаларын білуімен сипатталады және бұл жерде құқықтық көзқарастар адамның адамгершілік идеяларымен тығыз байланысты. Сонымен қатар адамның құқықтық көзқарасыөз мүддесін құқықтың көмегімен қорғау мүмкіндігін сезінуі, білуі тиіс. Сол кезде адам құқық пен заңды білуге ұмтылады.

Ал құқықтық идеология қоғамның, мемлекеттің ортақ ұстанымы үшін басты қызмет ету құралы. Құқықтық идеология қоғамның мүддесін қорғауды басты мақсат етіп алады. Құқықтық идеология бастауы құқықтық психология-деп, тұжырым жасауға болады. Сәйкесінше құқықтық сана құқықтық психология арқылы сыртқы сипатымен көрініс табады. Қай салада болсын идеология адамдарды белгілі бір мақсатқа жұмылдырып, жүйелі бағдарлама. Мемлекет халықтың құқықтық сауаттылығы мен заң үстемдігінің орнауы үшін әділетті құқықтық саясат жүргізе білуі тиіс. Мемлекет қоғамда әсіресе, жастардың құқықтық санасының қалыптасуы үшін кешенді шаралар жасайды.

1991 жылы тәуелсіздік алуы, кейінгі жылдары конституция қабылдауы Қазақ халқының ұлттық құқықтық санасына ерекше қарқын берді. Халықтың құқықтық санасы оянды, құқықтық сауаттылығы артты, өзіндік құқықтық мәдениеті қалыптасты.

ҚазақстанРеспубликасында халықтың құқықтық сауаттылығын көтеру мақсатында жалпыға бірдей құқықтық білім беруді қолға алған. Алғаш рет, ҚазақстанРеспубликасыПрезидентiнiң1995жылғы21маусымдағы қаулысымен   ҚазақстанРеспубликасындағыжалпығабiрдейқұқықтық бiлiм беру туралы  ережесі бекіліп, ережеде 7 топты құқықтық оқыту көзделген. 2022 жылы халықаралық сарапшылар Қазақстан халқының құқықтық сауаттылығы төмен деген, қорытынды жасайды. Қазақстан заң үстемдігі индексі бойынша 66-орында. «World Justice Project» халықаралық үкіметтік емес ұйымының «Заң үстемдігі» индексі бойынша, Қазақстан 2021 жылы 66-орынға ие болды. Айта кетейік, заң үстемдігі индексі – әлем елдеріндегі құқықтық мемлекеттің қағидаттарына негізделген және құқықтық ортамен қамтамасыз етілуі жағынан жеткен жетістіктерін бағалайтын зерттеудің нәтижесі.Жалпы индекс 8 фактор, 44 көрсеткіштен тұрады:

  1. Билік институттарының өкілеттіктерін шектеу;
  2. Сыбайлас жемқорлықтың болмауы;
  3. Ашық үкімет;
  4. Негізгі құқықтарды қорғау;
  5. Тәртіп және қауіпсіздік;
  6. Реттеуші құқық қолдану;
  7. Азаматтық сот төрелігі;
  8. Қылмыстық сот төрелігі.

Дегенмен, кемшіліктермен қатар халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру бағытында жеткен жетістік аз емес. Халықтың құқықтық мәдениеті салыстырмалы түрде артты.

Ал, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 қарашадағы Құқықтық түсіндіру жұмысы, құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, азаматтарды құқықтық оқыту мен тәрбиелеу жөніндегі 2009 — 2011 жылдарға арналған бағдарлама туралыҚаулысына сәйкес: Құқықтық мемлекеттің қалыптасуы халықтың құқықтық мәдениетінің даму процесімен байланысты екендігі айтылады.Бұл өз кезегінде дамыған азаматтық қоғам құруға ықпал етеді. Қоғамдық санада құқыққа әлеуметтік әділдік, ізгілік, жеке бас бостандығы негізінде өшпейтін әлеуметтік құндылықтар ретінде қарау орыналуытиіс-деп,көсетіледі.Азаматтардың құқықтық мәдениетінің жай-күйі оның құқық жүйесі көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Халықтың құқықтық мәдениетін арттыру, құқықтық санасын дамыту — тәуелсіз, демократиялық және құқықтық мемлекет құруға ықпал ететін азаматтық қоғамдықалыптастырудың маңызды өлшемдері.Қоғамның құқықтық мәдениетін арттырмай, әрбір азаматты заңды аса құрметтеуге тәрбиелемей, оның ережелерін күнделікті өмірге енгізуге тікелей әрі белсенді қатысу дайындығын қалыптастырмай экономикалық, саяси және әлеуметтік міндеттерді сәтті шешу мүмкін емес-деп, көрсетеді.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасыпарламентте заңдардың орыс тілінде жазылып, қазақ тіліне аударылуы құқықтық сауаттылыққа теріс ықпал етеді.

Қорыта келе, демократиялық, құқықтық мемлекетте құқықтық сана ұғымының түсінігі анықтап алу маңызды. Құқықтық сана жеке тұлғанық құқықтық сауатты болуы арқылы қол жеткізуге болатын көзқара, таным. Мемлекет және құқық егіз ұғым ретінде бі-бірімен тығыз байланысты екені анық. Мемлекетте, қоғамда құқықтық мәдениеттің орнығуы жеке тұлғанық құқықтық санасымен тығыз байланысты. Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан Республикасы халқының құқықтық санасы тарихи таным тұрғысынан үлкен қадамдар жасады.  Әлемдік қауымдастықтың тең мүшесі ретінде, қоғам дамуымен қатар қазақ халқының құқықтық сауаттылығы, құқықтық мәдениеті сәйкесінше құқықтық санасы тұрақты дамуда.

 

 

Әзірше ешқандай пікір жоқ.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз.

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *