ҮЗДІК СПОРТШЫ НЕГІЗІ —  ҰЛТТЫҚ РУХ ҮЗДІК СПОРТШЫ НЕГІЗІ —  ҰЛТТЫҚ РУХ
Нұрхалық АБДЫРАҚЫН, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Шығыстану факультетінің PhD докторы, жазушы   Жаңа сапалы ұлт қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттаудың кепілі– спорт. Қазақстанның... ҮЗДІК СПОРТШЫ НЕГІЗІ —  ҰЛТТЫҚ РУХ

Нұрхалық АБДЫРАҚЫН,

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Шығыстану факультетінің PhD докторы, жазушы

 

Жаңа сапалы ұлт қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттаудың кепілі– спорт. Қазақстанның әлем алдында болмысын көрсететін абыройлы сала – спорт. Әр елдің әлеуетін, тұрмыс-тіршілігін, экономикалық қуатын айқындайтын көрсеткіш.

Тәні сау адам ғана мықты спортшы болады деген түсінік қате. Қаншама алып денелі тау көтерер жігіттер құмырсқадай азаматтардан жеңіліп жатқанын көзіміз көріп жүр. Өзінен дәу небір алыптарды сұлатқан атақты Мұхаммед Әли, Майк Тайсон, Вандам, Брюс ли, өзіміздің кешегі Бауыржан, Әлия, Мәншүктер сондай бір алып денелі ме?  Рухы биік болмаса спортшы тұл.

Әйтсе спортшы қалай болуы керек, адам қалай атақты спортшы болып жетіледі. Қайткенде аты затына сай ұлттың мақтанышына айналады?  Сол қалыптастырған аброй-беделін жоғалтпай әдемі қартайуға болады?

Әуелде адам ата-тегінде, түп генінде сондай бір бурқана аққан қаны бар, батырлық жалғасып келе жатқан  ұрпақ болса шіркін, ондай болмасада батыл жүректі бала жастайынан кемел ұстаз тауып адамгершілік пен гуманистік идеяға толы жүрекпен тәрбиеленсе. Белгілі рижімдегі қатаң ережені ұстанып этап-этап бойынша жетілсе. Ұстаз кәсіптік маман болып қана қоймай, кітап оқыған адам болып ауық-ауық өмір тәжирбиесімен бірлесітре рухани азық бере алса. Физика мен метафизиканы шәкіртіне меңгертсе. Ол жігіт ертең қандай додада болсын топ жарып, халқын қуантып, өзінде бармен елінің мақтанышына айналары сөзсіз. Өмір бойы өзін жоғалтпай әдемі қартайарыда шындық.

Барлық нәрсе тазалықтан келеді. Жаны таза, рухы биік адам ғана табысқа жетеді. Шаршы алаңға спортшы немқұрайлы күйде шықса, ойлағаны ақша, атақ болса алысқа бармасы анық. Әуелде спортшы өз мақсаты айқындап алуы шарт. Мен кімнің атынан жарысқа қатысып тұрмын?!!! Не үшін үлкен додаға келдім?!!! Спортшы халқын, елін, жерін шексіз сүюуі, өзі үшін емес, өзіне сенген елі мен жері үшін шаршы алаңға шығып тұрғанын білуі керек. Мойныдағы аса үлкен жаупкершілікті сезінуі, халықтың сенімін ақтауға іштей серт етуі шарт. Сол кезге дейін төккен терін ақтауға сенуі. Ең әуелде өзінің қарсы жақты жеңетініне өзін сендіруі маңызды. Ата-бабалармыздың үлкен империя құрғанын ойлап содан күш алуы керек.

Қандай керемет дайындалсада ұлттық рухы әлсіз адамнан үздік спортшы шықпасы анық. Үздік спортшы негізі — ұлттық рухында сақталады. Адам рухы кемел болғанда көп нәрсені жүрекпен шынайы сезіне алады. Әйтсе рух қалай кемелденеді.

Ұлттық рух дегенде, әуелі есімізге жалаулатып ту ұстаған батыр бабаларымыз түседі. Арсы Атила, Тамирс, Күлтегін, Тоныкөк берісі кешегі Қабанбай, Бөгенбай, Райымбек сынды батырлардың асқақ рухы мен көзсіз ерліктеріне бас иеміз әрі мақтанамыз, содан өлмес күш аламыз. Міне бұл ұлттың жадды, түп санасы біз соны жоғалтпауымыз керек.Ұрпақтан ұрпаққа жалғауға міндеттіміз. Сақтар, Ғұндар, Көк түркілер, Шыңғыс қағанаты, Әмір темір әулеті, Қазақ хандығы,  әр кезеңдегі көш басшылары мен ту ұстаған батырларды есінде спортшы мықты сақтауы. Өз ата-бабасынан шыққан батырларды ұлықтауы спортшыларға ауадай қажет. Содан теңдесіз күш алып, жеңіс тұғырында көк туды желбіретері сөзсіз. Бауырымыз Қанат Исламның шаршы алаңның алдында «Адай күйін» тыңдап күш алуы соның бір дәлелі болмақ.

Адам тән мен жан(рух)нан құралады.

Адам күніне үш уақыт тамақ  жеу арқылы тәнін азықтандырады. Бір апта тамақ жемесе аштан өледі. Спорт арқылы тәнін күшейтеді. Дәл сол сияқты адам рухына азық беріп, өзін сақтамаса азғындап өмірдегі өз орнын жоғалтады. Рухтың азығы иманда. Ал иманды сақтап, ұстап тұратын нәрсе ол намаз. Абай атамызда «ақылды адамға иман парыз, ал иманды адамға ғибадат парыз» деген жоқ па. Сондықтан да Құранда намаз оқуды айтып, қайта-қайта Жаратушы көп рет ескертеді. Әр пенденің жер басып жүрген күнінің бітетінін ойлап Құдайдан қорқып сәждеге барған адам, өзіне қол салуға, улы шегімдікке, жаман әйелге, белшеден батыратын кредитке, ішімдікке тағы басқа сансыз жаман жолдарға түспейді. Қазақ сосын да Құдайдан қорықпағаннан қорық деген. Спортшының күші жай адамдардан әлде қайда көп болатыны шындық, ал спортшы Құдайдан қорқпаса, ол жайшылықта өз денесіне симай жүрген тасқындаған күшін ойына келгенге жұмсап жүрсе, әлемдік додада ту көтеру емес, өз басын алып  жүре алмай қор болары сөзсіз. Немесе елді бүлдірер содыр болып түрмеде шіриді. Қытай сияқты елдер қатаң тәртіпте елін ұстап тұрса, Ислам мемлекеттері «Құдай көріп тұр, екі періште екі иықта тоқтаусыз жазып тұр» деп Алланың бұл дүниеде жазалауынан қорқады. Қиындыққа тап болғанда өле қалумен жер бетіндегі азапты өмірден құтылдым, бәрі бітті демейді, қайта өзіне қол салған адамның арғы дүниеде жағдайы өте қиын болатынын іштері сезеді. Демек, ар ел, әр халық өз салты бойынша тәртіпке келіп, түп санасына қайтып, өз қалпын тауып отырады.

Бізде бүгінде бәрі солқылдақ. Спорт саласындағы біраз былықты «уақыт көрсетеді» бағдарламасына 2024 жыл 1 тамызда Лондон олмпиядасының күміс жүлдегері штангист Алмас Өтешовтың берген сұқпатынан ұқтық. Жемқорлық, спорптшының жыл бойы допник қабылдауы, спортшыны тек жаны бар зат сияқты пайдалануы, өз саласын білмейтін адамдардың басшылықта отыруы, спортшының жаны, тәні, оның соңғы тағдыры, ішімдік, дінсіздік, өзіне қол салған спортшылар, жаупкерсіздік осының бәрін де қазақстанға еңбек сіңірген әлем чемпионының аузынан тыңдадық. Жанымыз ашыды, батырдың қазіргі хал-жайын білдік. Еліміздің спорт саласы мен спортшының шын бейнесін көрдік.

Шын иманы бар адам ең азында отбасында жақсы әке, жақсы жар болады. Біреуге қиянат жасамайды, қазақ «ұят болады» деп ұрпағын тәрбиелеген. Дінді білмеген адам «обал, суап» дегенді білмей көп нәрсені бүлдіреді, басқаларды зяндайды. Өйткені ол Құдайдан қорқпайды. Елдің ақысын жейді.

Біздің халықты қазір ұстап тұрған белгілі бір жүйе жоқ, әр кім өз ойына өзі құл болып жұр. Жастардың бар ойы ақша, тез байығысы келеді, тез бастық болғысы келеді. Елді ұстап тұрған нақтылы бір иделогия жоқ. Ата-бабаларымыз өз діні Исламмен салт-дәстүрін кіріктіре берік ұстанып осынау кең байтақ жерден жауларын түре қуып біздерге ғаламат мекенді аманат етті. Бүгінгі орыстар неге өз елін, туған отанын тастай қашуда. Біз соны ойлансақ, біраз нәрсенің жауабын білеміз. Өзімізді табамыз. Құлшылық құл мен Жаратушының ортасындағы құпия сыр. Оған әлде біреудің араласуы дұрыс емес. Ақидадағы адасушылық басқа мәселе. Оны сол саланың мамандары анықтап, тура жол көрсетер. Адам білмегеннің  жауы деген, діннен хабары жоқ адамның спортшыларды бір таяқпен айдауы қате.

Иа, әлемнің кіл мықты спорт шеберлері бақ сынайтын олимпиада ойындары мен жаһандық байрақты бәсекелерде қазақтың қарадомалақтары жүлдесіз қайтқан емес. Аты аңызға айналған жерлесіміз Жақсылық Үшкемпіров, Марат Жақыт, Сәлкен Жартыбаев, Сейділдә Байшақов, Серiк Қонақбаев, Ермахан Ыбрайымов, Бекзат Саттарханов, Ислам Байрамуков, Болат Жұмадiлов, Болат Ниязымбетов, Бақыт Сәрсекбаев, Серік Сәпиев, Бақтияр Артаев, Ақжүрек Таңатаров, Елдос Сметов т,б – иісі қазақтың мақтаныштары.

Төрткүл дүниедегі адамзат баласын жақындастырып жіберетін сиқырлы күштің бірі – үлкен спорт додасы. Әрі спорт – бейбітшілік пен тұрақтылықтың ең басты насихатшысы. 2024 жылғы Париж олимпидасы өтті. Бұл жолғы додада еліміз бір алтынмен оралды. Қазақтың ең үміттенер боксі бойынша күміспен қайтты. Ауыр атлатика ақсап тұр.

Әлем алдында Қазақстан Республикасының мемлекеттік Гимнін шырқатып, көк байрағымызды көкке көтеріп, ұлттық рухымызды серпілтіп жүрген спортшыларымызды тиісінше ұлықтап, олардың өн бойларындағы батырлық пен өжеттілік, елжандылық пен қайсарлық сынды ізгі қасиеттерді жастардың жадына сіңіруге– әрбір азаматтың парызы. Рухы асқақ, білектері күшке толы чемпиондарымыздың ерлігін ел ішіне кеңінен насихаттасақ, жастарымыз осы ұл-қыздардан үлгі-өнеге алса игі.

Ең бірінші міндет адам болу, иа, дұрыс адам болу. Одан кейін жақсы спортшы, жақсы маман болу.

Әзірше ешқандай пікір жоқ.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз.

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *