Халқымыздың ғажап дүниетанымы Халқымыздың ғажап дүниетанымы
Дилорам ТАУАСАРОВА, Түркістан облыстық «Ұлы Дала Елі» орталығының ғылыми қызметкері   Табиғаттың әрбір мезгілі ерекше болатыны сөзсіз. Әр маусымның өзіне тән қызығы мен сейіл-серуені... Халқымыздың ғажап дүниетанымы

Дилорам ТАУАСАРОВА,
Түркістан облыстық «Ұлы Дала Елі»
орталығының ғылыми қызметкері

 

Табиғаттың әрбір мезгілі ерекше болатыны сөзсіз. Әр маусымның өзіне тән қызығы мен сейіл-серуені бар. Соның ішінде қыс мезгілі де өзіндік кіршіксіз аппақ қарымен, қаһарлы мінезімен, сықырлаған аязымен ерекше. Бұл мезгілде адамдар табиғаттың құпиясын, ерекше бір ұмытылмас сәттерін тамашалайды. Қыс – бала-лық шақтың естелігі. Аймақ қарға көміліп, аунаған сайын қардың салқыны сезілмей де қалады. Табан астында – аппақ көрпе, төбеңізде – күн сәулесі.
Бүкіл әлем күнәсіз періште дүниеге оң көзімен қарап тұрғандай. Сәулемен шағылысып көздің жауын алатын қар ұшқыны бейне бір жақұт тәрізді. Төрт мезгіл ішіндегі ең ұлы пейзажды жасайтын – қыс.
Қаңтарда қақап, ақпанда сеңі соғылып, наурызда қоштасатын мезігілдің сезім алдындағы пәктігін сөзбен жеткізу мүмкін емес. Атам қазақ жылдың төрт мезгілінен бастап тәуліктің, уақыттың әр бір сәтін ерекше атайтыны сияқты қысты да өзіндік ерекшелеп көрсетіп табиғат құбылысына ерекше атау беріп, айсыз түнде жұлдызға қарап жол тауып, көз аштырмас боранда шөпке қарап ел іздеген. Жақын жерді «сүт пісім жер», алыстау жерді «ат шаптырым» деген. Мысалы, киік өз лағын аяқтандырып, желге қарсы жүгірткен уақытты «құралайдың салқыны» десе, «Үркер жерге түспей жер қызбайды» деп ауа райының қандай болатынын болжаған.
Метеорология мамандары мен арнайы құрылғылар шықпай тұрып, ертеде ауа райына болжам жасап, табиғат құбылысын бір сөзбен атаған. Қыс мезгілінің өзін бір неше атауымен атаған: Ақшұнақ аяз – қазан айының суықтары, көкшұнақ аяз – қарашаның суықтары, қызылшұнақ аяз – желтоқсан суықтары, сарышұнақ аяз – қаңтар суықтары, қоңыршұнақ аяз – ақпан суықтары
Қарашаның қайтуы – құстар жылы жаққа қайтып, қар түсіп, күн суитын уақыт.
Қырбастың қызылы – желтоқ-санның бірінші суықтары, осы кезде бірінші борандарда басталады.
Текебұрқылдақ – желтоқсанның 17–23 аралығында бір апта бойы көз аштырмай «Текебұрқыл» бораны соғады. Бұл кезде таутекелер тауешкілермен, құлжалар арқарлармен шағылысатын болғандықтан «Текебұрқылдақ» (те-кебұрқыл) амалы деп аталып кеткен.
Қыстың шілдесі – желтоқсанның 25 –5 ақпан аралығы, сақылдаған сары аяздар болатын, әсіресе қаңтардың соңғы күндері, ең суық 40 күн – «Қысқы шілде» немесе «Кіші шілде» атанған.
Бөрісырғақ – қазақ даласы қыстың басында текенің бұрқылымен бір сілкісе, соңында тағы апталап соғатын, ат құлағы көрінбейтін ақ бораны. Қазақ балсының ақпан айында болатын боранға берген атауы.Мұндай атау беруінің де өз сыры бар.Бұл уақытта қасқырлардың ұйлығып, өзіне жұп іздейтін осындай бір аласапыран кезең. Бұл қасқырыдың жұптасатын, ұрпақ өсіруге дайындалатын уақыты. Бұршақтан кіші, мұзды қар түйіршіктері жауып, ақпан айында ат құлағы көрінбейтіндей боран болатын күндер. Профессор Серік Негимов «Бөрісырғақты» «крещенский мороз» деп аударуға келмейтінін айтады. Қазақта бұл күндерді «Са-рышұнақ аяз» дейді.
Сонымен қатар көктем мезгілінің бірнеше атауларымен таныстыра кетсем:
Аласапыран – наурыз бен сәуір айларында қар еріп, жер лайсаң болып, шаруашылыққа қолайсыз болатын мерзім.
Амал – ыстық пен суық, қар мен жаңбыр, жел мен боранның үздіксіз соғып тұруын халық осылай атайды. Ұлттық сандық ұғымда жеті амал бар. Олар: күннің тоқырауы, қарашаның қайтуы, үркердің батуы, мұздың қатуы, киіктің матауы, қыс тоқсан, ай тоғамы.
Бесқонақ – наурыздың 17–21 күн-дері аралығында болатын жауынды-шашынды күндер. Бұл суық әрі лайсаң мезгіл болғандықтан, жұрт бесқонақтан қатты сақтанған.
Құралайдың салқыны – мамыр айының аяғында болатын суық жел. Осы желге қарсы киік өз құралайларын аяқтандырып, өргізетіндіктен осылай аталған.
Құсқанаты – наурыз айының со-ңында құстардың келуімен қар аралас жаңбыр жауып, суық жел тұратын уақыт. Халық мұны құсқанаты деп атап, амалға жатқызған.
Қызыл жұмыртқа – мамыр айының алғашқы онкүндігінде дала құстары балапандаған кезде суық болатын бір-екі күн.
Мұндай атаулардың барлғы ата бабаларымыздың өте байқампаз, білімді екенін көрсетеді. Ұлан байтақ кең далаға мал бағып, әр күнін сұлу табиғат құшағындағы төрт түлігінің өрісінде, сиқырлы түндерін жұлдызды аспан астындағы солардың күзетінде өткізген қалың қазақ айналасын қоршаған табиғат құбылыстарын жетік меңгергендігін ешкім жоққа шығара алмайды. Табиғатын тану арқылы тұтас халықтың ғажап дүниетанымы қалыптасты.

Әзірше ешқандай пікір жоқ.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз.

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *