ТАҢҒАЖАЙЫП АВТОБУС ТАҢҒАЖАЙЫП АВТОБУС
Алтыншаш ҚҰРМАНАЕВА, Ақмола облысы, Әулиекөл ауданында туған. Жас фэнтези жазушы, республикалық «Ер Төстік» әдеби байқауының 2-ші орын жүлдегері. «Қазақ фэнтезиінің поэтикасы мен кейіпкерлер типологиясы»... ТАҢҒАЖАЙЫП АВТОБУС

Алтыншаш ҚҰРМАНАЕВА,

Ақмола облысы, Әулиекөл ауданында туған. Жас фэнтези жазушы, республикалық «Ер Төстік» әдеби байқауының 2-ші орын жүлдегері. «Қазақ фэнтезиінің поэтикасы мен кейіпкерлер типологиясы» және «Қазақ фэнтезиінің антологигиясының» авторы.
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының 2023 жылғы үздік түлегі. Туындылары «Ұлан», «Мөлдір бұлақ»,»Ертегілер елінде»,»Үш қоңыр» газеттерінде жарық көрген.
Қазір Көкшетау қаласы, №1 мектеп-гимназиясында қазақ тілі мұғалімі болып жұмыс істейді.

Жалғасы. Басы №6 санда.

4

Олар мектепке өз жүктерін ала келді. Мектепке бірден кіру оңай емес сияқты. Неге дейсіздер ғой? Ұзын сонар кезек. Самиянның артында тұрған шашы сұр түсті, өзі аққұба, көзі асылтастай көгілдір, тентек, бірақ кекті жүзді, үстіне ұзын қара плащ киген, бала Самиянды итеріп:
– Тезірек жүр! Сені күтер жайым жоқ! – дегені сол еді Асу ол балаға ашулы жүзбен:
– Өз кезегінді күт! Алан Ганстер! – деді қатқыл дауыспен.
Алан Ганстер–Рафаэль Ганстердің ұлы, Магма Ганстердің немересі, Райыс Ганстердің інісі. Сұр шашты, ақшыл қасты, ақшыл жүзді, аққұба, көзі асылтастай көгілдір, тентек, бірақ кекті жүзді, сымбатты бала. Альманах атындағы Жоғары жадулар мектебінің биылғы бірінші курс студенті. Мектептегі ең сотқар студент болса дағы, үздік әрі беделді оқушы.
– Мына, энциклопедия не дейді? Ашу! – деп күлді де Алан өз достарына қарады.
– Біріншіден, менің есімім – Асу! Екіншіден, тіліңізге ие болыңыз! – деді Асу.
– Бәрібір. Кім болсаң да, жаду бойында ашу шақырасың! Энциклопедия! – деді Алаң.
– Қазір мен саған көрсетемін! – деп плащынан Асу жадуланған таяқшасын алып, Алан Ганстерге шабуыл жасамақ болғанда Бипаз ханым келіп қалды да:
– Асу Кемеңгерқызы! Бұл іс-әрекетіңізді қалай түсінуге болады?! – деді таңқалған түрмен.
– Ханым, ол Асуды мазақтады, – деді Самиян.
– Иә, иә… – деді Райлан мен Фаиз.
– Асу, Фаиз және Райлан жүктерінді алып, ішке кіріңдер. Ал сіз Алан Ганстер тезірек өткеніңіз жөн болар, – деді Бипаз ханым. Алан Ганстер Самиянды итеріп, достарымен ішке кірді.
– Ал сіз кім боласыз? – деді Бипаз ханым Самиянға қарай.
– Мен… Мен… Мен… – деді Самиян.
– Иә, сіз? – деді Бипаз ханым.
– Самиян Азаматұлы. Жартықанды жаду, – деді Асу Самиянның алдыңа келіп тұрып Бипаз ханымға.
– Мен сізден емес, одан сұрадым. Десе де оның жартықанды немесе адам екенін есік арқылы анықтаймыз. Қане, Самиян жүгіңізді қойып, есіктен өтіңіз, – деді Бипаз ханым.
Шетте басқа жаду балалармен Самиян мен Бипаз ханымды бақылап отырған Алан Ганстер жанында тұрған балаларға бір қарап:
– Қараңдар, мына жартықанды, өзіңе дос қыз тауып үлгеріпті, – деді Самиянға жиіркенген түрмен.
– Тапса, не болыпты? – деді Аниса.
– Екеуі қосылса, қанша кедергі болатынын ойласаңшы! – деді Алан.
– Сіңіліме айғалауға қалай дәтін барды! – деді Дана.
Аниса жылап қоя жаздады. Көзінен аққан сәл жасы мен мұңын Дана барынша өзінің қамқорлығымен жоюға тырысты. Алыстан қарағанда Дана өзге жанның көзіне сұлу періште болып көрінуі мүмкін. Тіпті әлемдегі ең сотқар саналатын баланың жанарына да…Екі қызға жалт бұрыла қараған Алан іштей: «Әтештей ұрысқақ қыздың біреуге көмектесе алатындығы таңқалдырар жайт… Иә, бәрі де мүмкін» –деп мырс күлді.
Самиян барлығын Бипаз ханым айтқандай істеп, көзін жұмып, есіктің табалдырығын аттады. Асу Фаиз бен Райланға үреймен қарады. Фаиз бен Райлан не істерлерін білмеді. Самиян ішке кірді. Барлық оқушылар Самиянға қарап тұрды. Есіктің үстіндегі тақтайша жартылай жасыл түс пен қызылды көрсетті. Асу мен Бипаз ханым ішке өтті. Асу Самиянның қасына келіп, Бипаз ханымға:
– Оның жаду екенінен енді көз жеткізген боларсыз, – деді.
– Асу Кемеңгерқызы, мен сізге сенемін не сенбеймін дегенім жоқ, – деді де Бипаз ханым, – ал сіздер неге бұл жерді айнала қоршап қалдыңыздар? Дереу жүктерінді алып, жатын бөлмелеріне барыңдар, – деп тобыр болып жиналып қалған студенттерге бір қарады да кетіп бара жатқан Райлан мен Фаизға – Фаиз және Райлан Шамшырақ, менің жеке кабинетіме!– деді де Бипаз ханым өз кабинетіне жөнелді.
Асу өз жүгін жерден алып, Самиянға:
– Жүр. Өз бөлмемізге барайық. Қазір бір сағаттан кейін факультетке қабылдау кеші болады. Сен оған міндетті түрде қатысуын керексің, – деді.
– Неге? – деді Самиян таңқалған түрмен.
– Сен өзіне бір факультет таңдап, сонда оқисың. Дәлірек айтқанда, ұлы сиқыршының қолы сені қай факультетке жіберу керектігін анықтайды, – деді Асу. Осы кезде Асу мен Самиянның жанына Алан Ганстер өзінің сотқар достарымен бірге келіп:
– Пай-пай, өзіңе қыз тауып үлге-ріпсің ғой. Жаңадан келген. Кім еді? – деді достарына қарап.
– Самиян Азаматұлы, – деді қатқыл дауыспен, ашулы жүзбен, өзінің оқты көзін Асу Алаң Ганстерге қадап.
– Иә. Ал сен оны неге жақтап қалдың? Энциклопедия? – деді Алан.
– Онда сенің шаруаң болмасың! Жүр, Самиян, – деді Асу жатын бөлмелер орналасқан жаққа қарай беттеп.
– Оның есімі – Асу! – деді кекті жүзбен Самиян Аланға.
– Сен неге осы ол қызға тиісе бересің? – деп жылы үнмен Алан жанына бағанадан бері оларды бақылап тұрған Аниса өзінің әпкесі Данамен бірге келді.
– Себебі… Себебі… Маңызды емес, – деп Алан өз бөлмесіне кетті.
– Меніңше, ол қызды жақсы көретін сияқты, – деді Дана.
– Жоқ, ол оны керісінше жек кө-реді… – деп Аниса Аланға кеткен жаққа қарай ұзақ қарады…

5

Жатын бөлмелер орналасқан аймақты мен және сіз басқаша елестеткен шығармыз. Әдетте, бөлмелер жоғары қабатта немесе есіктер жақта орналасады емес пе? Ал Альманах атындағы жоғары сиқыршылар мектебінің жатын бөлмесінің орналасуы таңғажайып құбылыс еді. Оның себебі-мынада:
Бөлмелер айналардың арттарында жасырылған. Үлкен залда тек айналар орналасқан жер бар. Әр айнаның бетінен сіздер қария кісілердің отыр-ғанын көресіздер. Олар айна бетінен анық көрінеді. Мәселен, «Самұрық» факультетінің айнасында тоқыма жіп тоқып отырған – Зере есімді мейі-
рімді қария әжей бар. Ал «Үкі» факультетінің айнасында үнемі эксперимент жасап отыратын, ақылды – қарт Данышпан атай бар. Ойы мен рухы биік сиқыршыларға арналған «Қанатты барыс» факультетінде үнемі киелі аспапта ойнап отыратын дана қария отырады. Ата көп сөйлемейді. Қанша жыл өтсе де, мектеп оқушылары бөлменің есігін ашудан басқа онымен жақынырақ тілдесіп көрген емес. Ата үнемі терең ойда отырады. Ақ сақалды, ақ қасты, сүйір бетті, арық, аққұба қарияның ешкіммен тіл қатыспауы айнадағыларға күдік туғызады. Қария тіпті мектеп директоры Меридиан профессормен де сөйлеспейтін көрінеді. Ақсақалдың қолындағы киелі аспап – Қобыз еді. Оның қобызынан шыққан әуені ақсақалдың жандүниесіне байланысты өзгеріп, ойнап тұрады. Мысалы, егер, дана ақсақалдың көңілі көтеріңкі болса, әуені де көтеріңкі, ал егер, қарт жамандық пен қауіпті сезсе, мұңлы әуен ойнайды. Бұл мектепке қауіп төнді деген белгіні білдіреді. Мектеп әкімшілігі келе жатқан қауіпке аса жауапкершілікпен бірден дайындалады. Дана ақсақалды мектеп оқушылары «Көріпкел» деп біледі. Олардың түсінігінше, қарт рухтармен сөйлесіп, болашақты дәл болжайды. Және ең соңғы «Айдаһар» факультетінде залым, ұрысқақ, үнемі телефонмен әңгімелесіп отыратын – Аңқылдақ атты қатал әже бар. Самиян айна ішінде телефонмен әңгімелесіп отырған әжеге телміріп қарап тұрып қалды. Қатқыл әже оны байқап, шаңқ етіп:
– Әй! Сен! Неге қарайсың? –деді телефонын өзі отырған үстелге қойып әже.
– Аа, мен жай…– деді Самиян.
– Жай дейді ғой, – деді телефонмен әңгімелесуді жалғастырып әже.
– Самиян… Самиян, бері кел, – деді Асу.
Асу айна ішінде асығыс эксперимент жасап жүрген, көзіне қорғаныш көзілдірігін таққан, толықша келген, сақалы жоқ, ақ мұрты бар, шашы шынымен де данышпан ғалымдардай жоғары қарай ұшқан Данышпан атайға:
– Данышпан атай, Данышпан атай, Данышпан атай, – деді. Данышпан атай оны байқар емес, ол бір қоспамен екінші қоспаны жылдам араластырып, бітіруге әлек. Ақыры болмаған соң, Асу ақырып, оның есімін атады. Данышпан атайдың қолындағы қоспа құйылған құты жарылып, көк түтін пайда болды. Асу атайға қарап:
– Кешіріңіз. Данышпан ата, өті-немін, бізді ішке кіргізіңізші, – деді.
– Аа. Иә, ұмытып кетіппін ғой, – деді ата. Осы кезде айна ашылып, ішінен бөлменің есігі ашылды. Самиян мен Асу ішке кірді. Самиян мамық диванға жайғасып отырды. Асу да бір диванға отырып, оған:
– Бұл «Үкі» факультетінің жатын-бөлмесі. Әзірше осында тұрасың. Бірақ қабылдау кешінен кейін, өз факультетінің бөлмесіне барасың. Сен тым кеш мектепке келдің. Сондықтан, бірінші курстан бастап оқуына тура келеді, – деді.
– Ал сендер ше? – деді Самиян.
– Мен, Райлан, Фаиз екінші курстамыз. Бірақ үлгерімін жақсы болса, бірден екінші курсқа көшіруі мүмкін, – деді Асу.
– Егер, сен «Үкі» факультетінде оқысаң, ал, Фаиз бен Райлан қай факультете оқиды? – деді Самиян.
– Райлан мен Фаиз «Самұрық» факультетінде, – деді Асу.
– Түсінікті. Айтпақшы, Алан Ганстерді қайдан танисың? – деді Самиян.
– Ол – Райыстың інісі. Райыс Ганс-
тердің. Қара күштер пәнінен дәріс оқитын сұр Рафаэль Ганстердің ұлдары, – деді Асу.
– Олар «Айдаһар» факультетінде оқиды ма? – деді Самиян.
– Сен өте көп сұрақ қоясың!– деп ашуланды Асу.
Осы кезде бөлмеге Райлан мен Фаиз кіріп келді. Жүздері жадыраңқы. Самиян мен Асу оларға қарады. Райлан мен Фаиз Самиянның жанына отырды. Асу оларға:
– Неге көңілдісіңдер? – деді.
– Көңілді болмағанда? Біз отбасымызбен тарихи мұражайға баратын болдық, – деді Фаиз.
– Саған мұражай ұнамаушы еді ғой? – деді Асу.
– Иә, бірақ Райланға ұнайды ғой, – деп Фаиз кішкентай трубасы бар шырынды сіміріп. Асу мен Самиян Райланға көздерін қадай қарады. Райлан бірден:
– Аа. Анамыз бен әкемізді жұмыс бабымен шақырып жатыр.Бізге міндетті түрде бару керек. Анамыздың бастығы айтыпты, – деді Райлан.
– Жарайды, Самиян таяқшанды алып, үлкен залға бар. Қазір сені өзге бірінші курс студенттерімен факультетке қабылдайды, – деді Асу.
– Ал сендер ше? – деді Самиян.
– Бізге баруға рұқсат етілмеген, – деді Райлан.
– Жақсы, – деді Самиян.
Самиян айна есігінен шықты да сәл кідіріп: «Қап, залдың қайда орналасқанын сұрамаппын ғой!»–деді. Осы бір қысылтаян сәтте Самиян біреудің: «Салтанат залы Музыканттар бөлмесінің жанында орналасқан. Музыканттар бөлмесі екінші қабатта» –деген дауысын естілді. Бұл–Самұрық айнасындағы Зере әженің дауысы болатын. Самиян оған жымия қарап:
– Рақмет, әже. Сіз шынында да мейірімді екенсіз, – деді де баспалдақ орналасқан аймаққа қарай жүгіріп, үлкен салтанат залына кірді.
Залдағылардың барлығы Самиянға телміре қарады. Самиян үшін уақыт сол жерде тоқтап қалғандай көрінді. Самиян залдың есігін жапты да айналаға көз тікті. Барлығы әлі де оған қарау үстінде. Құдды, оны зерттеп жатқандай. Самиян отыруға бос жер таппаған соң, шет жерге барып тұрды. Кенет, оны бір бала түрттіп, өз жанынан бос орынды көрсетті. Бұл Магма Ганстердің ұлы – Райыс еді. Иә, жоғары курс студенттеріне салтанатты іс-шараға қатысу рұқсат етілмеген. Бірақ оқытушылардың ұлдарына емес. Олар міндетті түрде қатысуы қажет. Самиян сол бос орынға барып отырды да, өз алғысын білдірді. Ендігі залдың назары факультетке бөлуге ауды. Самиян кешікпеген екен, оқушылардың әлі ешқайсысы факультетке бөлінбепті. Қалай бөлінгендері сіздерге қызық болар?
Бұрын да, қазірде оқушылар факультетке «Оң қол» трибунасына арқылы бөлінеді. «Оң қол» трибунасы дегеніміз, ағаштан жасалған, айналасы жіңішке трубалармен қапталған, оқушыларды факультетке бөлудің жалғыз және оңтайлы құралы. Трибунаға жіңішке трубаның не керегі бар дейсіздер ғой? Трибунаның жіңішке трубаларында арнайы булар шығады. Ол булар мектеп оқушысы қолын трибунада ойылып бейнеленген қолға қойғаннан кейін пайда болады. Будың түсі факультет түстерін білдіреді. Оны қазір білесіздер.
Трибуна жанында тұрған Бипаз ханым айналаны көзімен шолып болған соң:
– Қазір, кезекпен келіп мына три-бунаданың ішінде ойылып салынған қолға өз қолдарыңызды қоясыздар. Қолдың ізі сіздерді факультетке бөледі. Оны сіздер трибунаның сыртында орналасқан түсті бу арқылы білесіздер. Егер трибуна буы күлгін түсті көрсетсе, демек ол студент «Үкі» факультетіне, көк түсті көрсетсе, «Қанатты барыс» факультетіне, қоңыр түсті көрсетсе, «Самұрық» факультетіне және қызыл түсті көрсетсе, онда «Айдаһар» факультетіне барасыздар деген сөз. Жақсы түсінікті болса бастаймыз, –деп ханым эльф Асимоға шыны интербелсенді тақтаны әкелуін сұрады.
Шыны тақтада келген оқушы-лардың тізімі берілген. Әрине, бар-лық оқушылардың есімі бірден көр-
сетілмейді. Шыны тақтадан бір оқушының есімі шыққанда, сол оқушы трибунаның қасына барады да өз қолын трибуна ішінде орналасқан қолдың ізіне қояды.
– Қазір мына тақтайдан біреуле-рінің есімі шығады. Және сол оқушы ортаға келеді. Оқушылардың есімін Асимо хабарлап отырады, – деп сөзін аяқтады ханым.
– Алан Ганстер! – деді эльф Асимо.
– Барлығы ортаңғы қатарда отырған Алан Ганстерге қарап қалды. Алан Ганстер басын көкке көтере шығып, трибунаға бірден өз қолын қойды.Три-буна пластигі қызыл түсті буды көрсетті. Оқушылар қолдарын соқты.Бипаз ханым:
– Жарайсың! Құтты болсын! – деді.
Алан Ганстер жымиып «Айдаһар» факультетінің студенттері отырған жерге барып жайғасты. Асимо:
– Келесі студент. Самиян! – деді.
Барлығының назары қайтар Самиянға ауды. Бипаз ханым профессор Меридианға қарады. Профессор жанында отырған Рафаэль Ганстер Самиянға қарап тұрды. Самиян «тәуекел» деген сөзді іштей айтып, орнынан тұрып, трибунаға келді. Ол қолын таңбаға қойғанда, трибуна буы мүлдем ешнәрсе көрсетпеді. Зал араның ұясындай шулап кетті. Барлығы: «Қараңдар, арамызда, адамша жүр!» – деп айғалады. Профессор Меридиан орнынан тұрып:
– Тынышталллл! – деп айғайлады. Барлығы лезде тынышталып қалды. Ол сөзін жалғастырды, – Самиян, қорықпай, қобалжымай, қолыңызды трибунаға қойыңыз, – деді.
Самиян профессордың айтқанын істеп, іштей: «Самұрық» – деп қолын трибунаға қойды. Зал қолдарын қатты соғып, шапалақтады. Барлығы оған: «Жарайсың!» – деп айғайлады. Самиян көзін ашып қараса, ол өзі ойлағанындай «Самұрық» емес, «Қанатты барыс» факультетіне түсіпті. Ол неге екенін түсінбей дел-сал болды. Профессор Меридиан орнынан тұрып, оның жанына барды да арқасынан қақты…

6

Жадулар мектебінде ерекше сабақтар саны мен сапасы көп. Мәселен, Желаяқ ағайдың сабағы. Бұл сабақтан бойы қарыс, арық, қоңыр-сары терілі, шашы қара түсті, жиынқы шашы арнайы маймен жалатылған, қасы қалың, моншақтай көзі тұнық қара, мұрнының үшкірі бар, шапшан әрі пысықай Желаяқ атты жасы отыздар шамасындағы ағай береді. Желаяқ ағай – сиқырлы сыпыртқы пәнінен беретін Зымырауық апайдың күйеуі. Желаяқ ағайдың сабағына барлық факультет студенттері жарыса қатысады. Әр факультеттен жұп болып екі студент шығып, жүгіре жарысады. Кім жетсе, жеңіске жетті деген сөз емес. Бұл қалай? Оны мына оқиғадан білесіздер:
Таңғы сағат бес. Мектепте қоңырау осы уақытта шылдырлайды. Барлық факультет студенттері әскердей керуеттерінен атып түрегелді. Алайда Фаиз бұл кезде шырт ұйқыда жатқан еді. Оны кенет бір дауыс оятпақ болды. Ол әлсін көзің ашты. Қараса, Бипаз ханым. Ол орынан атып түргелді. «Ханым»–деп жұтынып қойды. Бипаз ханым оған қарап:
– Райлан сені оята алмағанын айтты. Фаиз Шамшырақ, тезірек киініп, жылдам сабаққа барыңыз, – деп ханым бөлмеден шығып кетті.
– Аа… Жақсы, ханым, – деп Фаиз түнде киетін жеңіл киімімен шакафқа барды. Фаиз бәрінен де кеш оянды деп ойлау қате. Мектепте әлі шекердей емес, ащы ұйқысынан ояна алмаған бір жан бар. Ол –Самиян.
Таң. Сағат шамамен жеті жарым. Студенттер сағат бесте оянғанымен, сағат жеті жарымға дейін киініп, таңғы астарын ішіп, сабаққа барады. Негізі мектептеге сабақ барлық факультетке бірдей сағат «Жеті жарымда» Желаяқ ағайдың сабағынан басталады. Ағаш керуетте тәтті деуге келмес, терең ұйқыда жатқан Самиян терезесіне түскен жарық сәуледен оянып кетіп, кенет лезде орнынан әскердің жасағындай атып тұрды. Сиқыршылар еліне байқаусызда келген Самиянның ойын тек бір нәрсе ғана жанын жегідей жеп маза бермей келеді. Ойы мен санасын жаулап алған ойдан еш арыла алмай Самиян қиналып, кеше күн ұзаққа дейін жата алмап еді. Әйтпесе, ерте тұрып, ерте жатуды пір тұтқан бала бұлай кеш жатпас еді ғой. Содан ол керуеті жанында орналасқан оятқышқа қарап, қолына алды да:
– Қап! Оятқышым істемей қалыпты. Енді не істедім?! Сабаққа кешіктім ғой, – деп жылдам киіне бастап, бөл-меден шықты. Оны байқаған «Үкі» факультетінің әжесі Зере оған:
– Қазір Желаяқ ағайдың сабағы. Ол –далада болады, – деп өрмегін одан әрі тоқуды жалғастырды.
– Рақмет! Әже, осымен, екінші рет көмектестіңіз! – деп жымиып, Желаяқ ағайдың сабағы болып жатқан алаңға кетті.
Зере әженің айнасына қарама-қарсы орналасқан айнада, дәлірек айтқанда, «Айдаһар» факультетінің күзетші ханымы Аңқылдақ Зере әжеге қарап:
– Ай! Сен неге оған көмектесе бе-ресің! Өз өрмегінді тоқып, жайына отырсаңшы! – деп ашуланды. Зере әже үндемеді. Оған қарсы айнада отырған Данышпан атай:
– Аңқылдақ, саған да «Жайына отыр» деп кеңес беремін, – деді қайнатпа суын араластырып.
– Ал саған не жоқ?! – деп ашуланды Аңқылдақ сағызын қарс шайнай.
– Ай-ай-ай… – деді Данышпайн ата басын әрі-бері шайқай.
Ал Самиянға келер болсақ, ол жалғыз сабаққа кешіккен сиқыршы емес екен. Оның жан досы Фаиз да сабаққа кешігіп, жүгіріп бара жатыр. Самиян Фаизбен амандасып, Желаяқ ағайдың сабағына екі өкпелерін ұстап, демігіп келді. Оларды байқаған Асу жандарына келіп:
– Қайда жүрсіңдер?! – деді қатқыл, ашулы дауыспен.
– Ұйықтап қалдық. Бәрібір үлгердік қой, – деді Фаиз демігіп.
– Жоқ, үлгірмедіңдер! – деді Асу Желаяқ ағайдың қасына барып.
Самиян мен Фаиз өздерін жазалайды деп ойлап, бастарын төмен түсіре келді. Алайда олардың ойлағаны болмай шықты. Желаяқ ағай оларға басқа студенттер істегендей, жарыса жүгіріп, мәреге жетулерін бұйырды. Олар бір-біріне қарады. Самиян тізесін бүккенде, жердегі өзінің көлеңкесіне назар аударды. Ол оған жымиып қарады да, қолын: «Сәлем» – деп сермеді. Желаяқ ағай: «Дайындал! Баста!» –деп айғалады. Барлық студенттер «Қанатты барыс» және «Самұрық» деп айғалады. Фаиз Самиянмен, ал Самиян кешегі ойларды ойлап, соның жетегінде жүгірді. Жұртқа Самиян өз көлеңкесімен жарысып, оны ұтқандай көрінуі мүмкін. Алайда ешкім оның мүлдем басқа нәрсені ойлап жеңіске жеткенін білмейді. Ал Фаиз Самиянмен жарысып, мәреге жетті. Екеуі бірдей келді. Барлығы тынышталып қалды. Желаяқ ағай маңдай терін әзер сүрткен, әбден май-терісі шыққан Самиян мен Фаиздың жанына келді де:
– Қанатты барыс! – деді қолындағы дәптерден басын алмастан.
– Неге? Олар бірдей келді ғой! – деді оқушы-студенттердің бірі.
– Мәселе онда емес, – деді Асу.
– Не? – деді барлығы.
– Фаиз Самиянмен жарысты. Ал Самиян өз көлеңкесімен. Жарыстың мақсаты осы. Студент өз көлеңкесін жеңу керек! – деді Асу.
– Жоқ! – деді Самиян. Барлығы Самиянға назар салды. Самиян өзің қолға алған соң – Желаяқ ағай, менің әкем жайлы не білесіз? Мен кіммін?! – деді булығып.
Желаяқ ағай қағаздан басын алып, біраз ойланды да, жан-жағына қарады. Айналадағы бар студент оның жауабын күткендей үнсіз тұр. Ол да бәрін бірден түсінгендей, сәлден соң:
– Автобус… – деп кетіп қалды өз жөнімен. Қалған студенттер оның сөзін қайталай шулады. Самиян біраз есеңгіреп тұрып қалды. Оның жанына Асу мен Фаиз, Райлан келіп, Самиянды шетке алып шықты. Асу ақырын үнмен былай деді:
– Желаяқ ағай көп сөйлемейді. Бірақ бұл жолы барлығын ап-анық айтты, – дей бергенде Фаиз шыдамай оның сөзін бөліп:
– Сонда не деді? Айтқаны бір-ақ ауыз сөз! – деді қатқыл дауыспен.
Асу тағы да оқты көзін оған қадады. Райлан Асудың ашуынан сақтану үшін Самиян мен Фаиздың назарын өзіне аудара:
– Ақырын…Асу дұрыс айтады. Автобус барлық құпияның жалғыз жауабы деген сөз. Біз автобусты жан-жақты зерттеуіміз қажет, – деді.
– Рахмет, Райлан, – деді де Асу қайта сөзін жалғап – ертең «өлі уақытымыз» бар. Сол кезде Пэмза апайдың кітап-ханасында кездесеміз, – деді.
– Өлі уақыт деген не? – деді Самиян.
– Жақсы, мен кеттім, оған өлі уақыт-тың не екенін дұрыстап түсіңдіріп беріңдер, – деп кетті Асу.
– Жүр, достым. Саған оның не екенін түсіндірейік…– деп Фаиз Самиянның арқасынан қолымен қағып Райланмен өз жатын бөлмелеріне кетті.
«Өлі уақыт» – Альманах атындағы жоғары сиқыршылар мектебінде оқушыларға берілетін үзіліс атауы. Үзіліс бір сағаттан тұрады. Кейде екі сағатқа да созылуы мүмкін. Бұл уақыт аралығында студенттер түскі ас ішіп, кітап оқып, тіпті үйірмеге қатысып үлгереді.

7

Дәліз бойымен жүріп бара жатқан Самиян өсімдіктерді сиқырлы таяқшасымен суарып жатқан қара шашты, көзілдірік таққан, ақшыл қызды көрді.Қыздың үстінде үкінің елтаңбасы бейнеленген күлгін плащ, ал мойнында үкінің таңбасы бар моншақ бар. Неге екені қайдам, қыздың сұлулығы Самиянға ерекше әсер еткендей болды. Тік мінезді, бірбеткейлігі бар Самиянды бір қыз еліктіреді деп үш ұйықтасам да түсіме кірмепті-ау. Сөйтсе алыстан өзін желіктіріп тұрған қыз Асу болып шықты. Өзіне аңырайып тұрып қалған ұлды Асу байқап қалып:
– Неменеге жай тұрсын?! Кел, маған шөп суаруға көмектес. Тезірек, біздің кітапханаға баруымыз керек, – деді.
Самиян қыздың ерсі қылығының мәнісін түсінбей қасына келді. Шыны керек, ол басында біраз есеңгіреп тұрды. Самиян өзінің ашық аспандай көгілдір плащынан сиқырлы таяқшасын алып шығып, Асуға гүлдерді суаруға көмектесті. Ол көпке дейін үндемей, ақыры іштегі ойын жасыра алмаған соң Асудан: «Сен гүлдерді ұнатпайсың ба?» –деп сұрады. Асу еш ойланбастан, тікмінезділігіне көшіп: «Иә» – деп жай-мен жауап қатты. Самиянға әлгі сөз ерекше әсер етті ме, ол гүлді әрі қарай суаруын тоқтатып, Асудан:
– Егер гүлдерді ұнатпасаң, неге суарасың? – деді.
– Сен өте көп сұрақ қоясың, сонымен ашуыма тиесің. Маған Бипаз ханым гүлдерді суаруға көмектес деген соң істеп жатырмын. Ендігі кезекте, Самиян мырза, кітапханаға барайық, – деп Асу кітапхана орналасқан аймаққа кетті.
Асу мен Самиян жұмбақ құпияларға толы кітапханаға келді.Фаиз бен Райлан баяғыдан бері оларды күтіп отыр екен. Фаиз кітапханада жүргенін ұмытып кетіп, дауысын қатты шығарып сөйлей бастады:
– Неге кешіктіңдер? Сендерді күт-кенімізге бір сағат болды ғой, – деді.
– Тыныш! – деді кітапханашы Пэмза апай Фаизға сұсты жүзбен қарап. Пэмза апайдың артынан Асу да Фаизға сұсты жүзбен қарады да, «Архитип» жазуы бар бөлімшеге келді. Ол журналдар мен газеттерді ақтарып үш ұлға қарады да:
– Сыртында «Асма Флор тарихынан» атты жазуы бар кітапты тауып алыңдар.Тез, – деді ақырын дауыспен.
Үш сері жігіт бұйрықты ести сала, газет пен журналдардың арасын дәл археолог сиқты зерттей жөнелді. Газеттер орналасқан жердің жоғары бөлігін қараған Самиян «Асма Флор тарихынан» деген жазуы бар кітапты байқап қалды. Бірақ кітаптың сыртын қалың жасыл шөптер байлап алған еді. Олар оны барынша қорғап, Самиянға ктіпты алуға мүмкіндік бермей, біраз әлекке түсірді. Оны байқап қалған Асу сиқырлы таяқшасын алып жасыл шөптерге:
– Сезамус!– деп нұсқады.
Сиқырлы сөзді естіген жасыл шөп-
тер дереу қорғалжын құйғандай бал-қып, ауыр кітапты жерге тас түскендей құлатты. Жерге құлаған кітапты алмақ болған Райлан мен Фаиз Асуға қарап:
– Асу, бұл сиқырды қайдан білесің? – деді.
– Мен бәрін білемін, – деді Асу.
– Оның рас, – деді Самиян езуін жиып.
Асу ауыр кітапты көтере алмасын сезген соң тағы да сиқырлы таяқшасын кітапқа сермеді де:
– Паягарус! – деді.
Бір минут өтпей кітап өз сы-йымдылығын өзгертіп, ауыр кітаптан жұмсақ кішкене кітапқа айналды. Асу кітапты бірінші болып алып, бос үстелдің үстіне қойды. Асу кітапты ашты. Алайда онда ақ парақтан басқа ешнәрсе жоғын көрді. Асу осының басынан осылай болатынын білгендей, Самиянға кітапты оқуын бұйырды. Самиян алғашында оған ештеңе жоқтығын айттып қасарысты. Кейін көз алдында пайда болған жазуларды көріп, ондағы бірінші сөйлемді оқи бастады:
–Егер, қолындағы кітапты оқып жатсаң, бәрекелді. Сен ерекше жансың деген сөз! Кез келген сиқыршы не болмаса, адам бұл кітапты ешқалай оқи алмайды… Бұл романды оқығысы келетін әр жан кітаптан сақтануы шарт. Өйткені, әдебиет адам түгілі, сиқыршыны өз әлеміне баурап әкететін нәрсе. Менің жазғандарымның бәрі тарихқа негізделген. Кім де кім осы кітапты алса, менің бар өмірімнің құпиясын ашты деген сөз. Менің бір-ақ шарттым бар. Ол – романды соңына дейін оқу. Егер, оған сіздердің күш-теріңіз жетсе…
– Мә, жаман қорқып кеттім ғой… Бүкіл денем шымырлап кетті, – деді Фаиз.
– Иә… Асу, бұл кітапты қайдан білесің? – деді Самиян.
– Бұл – сенің анаңның кітабы, – деді Асу.
– Не? – деді екі ұл бірдей (Фаиз бен Самиян).
Пэмза апай тағы да: «Тыныштал!» – деп айғалап жіберді. Олар селк ете қалды.
– Асма Флор жайлы мәліметті әкемнің маған айтқан әңгімесінен кейін білдім. Әкем көп кітап оқитын кісі. Мен бірден осы кітапты іздеуге кірістім. Бірақ оны сендерсіз ашпаймын деп өзіме сөз бергенмін, – деді Асу.
– Ал ата-анаң менің анамды қайдан біледі? – деді Самиян.
– Оны мен де білемін, – деді де Райлан қайта сөзің жалғап – Асма Флор әлемге танымал жазушы-жаду. Оның кітаптарын бүгінде бүкіл әлем оқиды. Дегенмен, бір кітабын оқи алмай жүр. Ол – осы кітап, – деді.
– Онда неге маған бұрын шыңдықты айтпадыңдар? – деді Самиян ашуланып.
– Біз сенімсіз болдық…– деді Райлан.
Асу Самиянға енді бәрі кештігін жақсылап түсіндіріп, кітапты қайта оқуын бұйырды. Самиян кітапты оқуға қайта кірісті. Самиянның достары оны ұйып тұрып тыңдады. Кітаптағы оқиға былай жазылған болатын:
«Сіздердің колледждеріңізде (сол кездері колледж деп аталған) аса бір құпия тылсым күшке толы зат бар. Ол затты бірі байқаса, енді бірі байқамайды. Сыртынан қарапайым, бар болғаны қоғамдық көлік ретінде танылған зат шын мәнісінде мүлдем өзгеше. Ол – автобус. Автобус кезінде өздеріңіздей мектептің студенті болған. Бірақ оны бір зұлым сиқыршы автобусқа айналдырып жіберді. Ол студенттің кім және қандай болғандығы сіздерді қызықтырса, мен разымын. Аталған студенттің есімі – Райл Қалтарысұлы». Осы кезде Самиян бүкіл өткенін еске түсірді. Кітаптағы Қалтарыс деген атау оның балалық шағын қайта көз алдына келдіргендей болды. Оның көз алдынан қарт кісі кетпей қойды. Қарт оған бір нәрсе айтқандай болып, Самиянға маза берер емес. Бірақ ол барлығын нақты көре алмады. Қарттың түрі бұлдырланып, ал сөзі мүлдем естілмеді. Бір кезде Самиян кітаптың бетін жауып, есеңгіреп тұрып қалды… Асу мен Фаиз және Райлан Самиянға ләм-мим демеді. Балалардың кенеттен тынышталып қалғандығын байқаған Пэмза апай олардың тұрған жеріне келіп, сәл бақылады. Пэмза апай балалар қоршап тұрған үстелдің үстінде жатқан кітапты көріп, дереу олардың жанына жетіп келді де: «Бұл кітапты қайдан алдыңдар?» «Оны алуға кім сендерге рұқсат етті?»– деді. Сонда Самиян кітапты ала кітапханадан қашты. Пэмза апай қолына сиқырлы таяқшасын алды да, оны тоқтату мақсатында сиқырлы сөзді айттып үлгірмеп еді Асу Пэмза апайды қатырып тастады. Райлан мен Фаиз Асуға қастарын бұртита қарап, іштей: «Неге апайды қатырып тастадың?» –дегендей болды. Асу оны сезгендей оларға:
– Қызықсыңдар!? Самиян онсыз да есеңгіреп жүр. Ол өз ата-анасы жайлы мәліметтен мүлдем хабарсыз. Оған көмектеспейміз бе?! – деді.
– Жүріңдер. Бұл жерде уақыт жоғалтпайық, – деп Райлан Самиянның артынан кетті.
Сары автобустың жанында кітап оқып отырған баланы табу – Асу мен Райлан және Фаиз үшін аса қиын болмады. Олар Самиянның қасына келіп отырды да бір-біріне кім бірінші сөз бастайды дегендей қарады. Онсыз да ашуға булығып, қара қазандай болып отырған Самиянға бір ауыз сөз айтуға жүрексінгендері жүздерінен анық көрінеді. «Қол бастау қиын емес, бәрінен шаршы топ алдында сөз бастау қиын» – деп кезінде халық бекер айтпаған ғой. Әрине, дәл қазіргі сәт осы нақыл сөзге келмес. Алайда байланысатын тұстары баршылық…Самиян достарының өзінен бетер қиналғандарын көріп, былай деді:
– Мені онаша қалдырыңдаршы. Өтінемін, – деді.
Асу мен Фаиз және Райлан оның өтінішін бірден орындады. Самиян кітапқа сүйеніп жылап отырған сәтте Аниса гүлді себетімен бірге келді. Самиян сәл басын көтеріп, көзіндегі тамшыларды қолымен сүртті. Аниса себетіндегі гүлдердің бірін нәзік жібек матадан жасалған кішкентай қол орамалға айналдырып, Самиянға ұсынды. Самиян: «Рахмет» – дегендей болар-болмас үн шығарды да, әлгі қол орамалмен бетіндегі тамшылардың көзін жойды. Аниса Самиянның өзіне келген сәтін күткен соң, одан: «Сенің қайғынды мен білемін. Қолындағы кітапты мен түгелдей дерлік оқығанмын. Егер, қаласаң саған айттып берейін», – деген де Самиян оған шарасынан шыға жаздаған көзімен қарап:
– Сен… Қалайша? Бұл кітапты тек мен немесе жаны ерекше адамдар оқи алады ғой, – деді.
– Ал мен ерекше емеспің бе? Қалжың… Самиян сенің мойнындағы тыртық менде де болған. Соның көмегімен оқуға болады, – деді.
Самиян одан сайын таңырқай түсіп, не дерін білмей қалды. Ол есін жиғандай болды да тілге келіп: «Сен де ол тыртық қайдан жүр?» – деді қатқылдау жуан дауыспен. Аниса оған тыртықтың Алан Ганстердің сыйлағандығын, ол кезінде Аланға анасына сыйлық жасауға көмектескенін, Аланнның қызды құрметтейтіндігінің белгісі ретінде өз тыртығының жартысын бергендігін түгел баяндап берді. Самиян: «Жақсы» – деді де орнынан тұрды. Аниса онымен бірге тұрып, оған:
– Самиян, сен өзінді қолға алып, автобусқа айналып кеткен әкеңнің жаның босатуын керек. Және айна ішінде отырған әжеңді де, – деді.
– Бірақ қалай? Неге бұны менен басқа барлығы біледі. Неге мен ешнәрседен хабарсызбын? Профессор Меридианға не болған? – деді Самиян ашуын бағындыра алмай.
– Біз сені ұзақ күттік. Меридиан профессордың ішінде бір емес, екі жан жүр. Бірі профессордың өзінікі, екіншісі Магма Ганстердікі. Магма Ганстер Рафаэль Ганстердің әкесі және Аланның туған атасы.Ол Альманах профессор дүниеден өтіп, әлгі қанішер тұтқындалғаннан кейін профессор Меридианның денесіне кіріп алған. Профессор дүйсенбіден-сенбіге дейін дәрі ішіп, өзін тыныштандырып келеді. Әйтпесе, Магма оған тыным бермейді. Тек жұма күні профессор дәрі ішпейді, – деді Аниса.
– Неге? – деді Самиян.
– Жұма – қасиетті күн. Бұл күні профессорды ешбір рух мазаламайды, – деді Аниса.
– Аниса, сені Асу мен Райланнан да ақылды деп ойламаппын, – деді Самиян.
– Жоқ. Бұнын барлығын маған Алан айтты, – деді Аниса.
– Айтпақшы, неге тыртық сенің мойнында жоқ? – деді Самиян.
– Себебі… деп кідіріп қалды Аниса қайта сөзге келіп – Алан ашуланып менен тартып алды. Ендігі кітапты мен оқи алмаймын. Сол себептен түгел дерлік кітапты өзіңнің оқуына тура келеді. Мен бұл кітаптағы жайттардың кейбірін ғана білемін, – деді.
Анисаның басында кідіріп ойланып қалуы Самиянға күдікті болып көрінді. Асу Анисаны жақтырмайтынын Са-
миянға күнде еске салатын. Бұл дүниеде ешкім періште болып туылмайтынын, ол қыздың бір жасырғаны бар деп Самиянға еш маза бермеуші еді. Самиян Асудың сөзіне енді ғана көз жеткізгендей болып, Анисаға өз алғысын білдіріп, достары отырған саябаққа келді. Үстелді айнала қоршаған үш дос алманы қарс жеп, әңгімелесіп отыр екен. Самиян оларға жымия қарады да, жандарына келіп, Анисаның әңгімесін бастан-аяқ баяндады. Асу баяғы тұжырымын қайта қайталады. Райлан мен Фаиз бастарын изеп, бір-біріне таңырқай қарады. «Меніңше, Аниса Аланға ғашық. Алан да оны ұнатқан көрінеді. Алан басында өз сырын түгел ақтарған ғой.Араларында қыл өткен соң, Алан Анисадан бастартып, өзінің нышанын тартып алады. Аниса одан кек қайтарғысы келеді. Сондықтан…» –деп Самиян сөзін аяқтайын деп еді Фаиз сөзге араласып:
– Тоқта! Тоқта… Бұл жердегі әң-гіме менің және Райланның қарындасы жайлы болып жатқандығын кім маған түсіндіреді?! – деді.
– Иә. Алайда Самиян Асуға Анисаның еш кінәсіз екендігін айттып жатқан жоқ па? – деді Райлан.
– Болды! Тынышталыңдар! Самиян, қолына кітап ал. Кітапты бізге толық оқып бер. Одан кейін біз сенің ата-анаңды және Меридиан профессорды құтқарудың жолын ойластырамыз, – деді Асу.
Самиян кітаптағы суреттелген оқи-ғаларды оқи бастады:
Алғашқы оқиғаның басы жан кол-лекционері Қалтарыстың жалғыз ұлы Райлды зұлым сиқыршыдан құтқару мақсатында Меридиан профессордың қолына тәрбиелеуге бергендігі, кейін Райлдың ержетіп, ақыр аяғында зұлым сиқыршыны жеңу мақсатында Асма, Самсар, Табрис есімді достармен біріккендігі жайлы баяндалады. Бұл оқиғаның барлығы зұлым сиқыршының Райлдың жарасына қол тигізіп, көз жұмуымен аяқталады.
Бірақ Магма Ганстер кезінде Ахроматтың сыбайласы болғандықтан ба, Ахроматтың жалғыз егіз ағасын біраз жыл өткеннен кейін іздеп тауып алады. Ахроматтың ағасы иллю-зиялық-утопиямен дүниеге келген зұлым сиқыршы болып шықты. Ол Райлды және оның әйелі Асма Флор мен достары Табрис пен Самсарды өлтіреді. «Сиқыршы денесі өлгенімен, жаны өлмейді» ғой. Бұны мықтап жадында ескерген Ахроматтың белгісіз атты ағасы олардың жандарын түрлі заттарға айналдырып жібереді. Мәселен, Райлдың жанын автобусқа, Асманың жанын айнаға, Табристің жанын кітапқа, ал Самсардың жанын қанша пісірегенмен жеуге келмес асқабақ қылып сиқырлап тастайды (Кітаптың соңғы бөлімін Ойсана жазған).
Райл мен достарының артынан жалғыз мұра болып балалары: Самиян, Фаиз, Райлан қалады. Ахроматтың ағасы оларды өлтірмейді. Бірақ «Олар өскен кезінде оларды өлтіремін» деп ешкім білмейтін жаққа ұзақ жылдарға жоғалып кетеді. Содан бері оны ешкім көрмепті де, естімепті. Жылдар судың ағысындай тез өтеді… – осы тұста Самиян сәл кідіріп қалады да жанында тұрған достары Фаиз бен Райланға қарайды. Фаиз оған қарап: «Біздің ата-аналарымыз айнымас дос болған екен» –дейді…Самиян достарына қарап: «Біздің дереу ата-аналарымызды табуымыз қажет»,–деді. Райлан: «Тапқанымен… Біз оларды қайта өз қалыптарына айналдыра аламыз ба?»– деп достарына үрейлене қарады. Асу ұлдарға қарай: «Әлбетте. Мен кітапханадан бұл сиқырды жоюдың жолдары берілген кітаптарды іздестіремін. Ал сендер өз ата-аналарыңды іздеп табыңдар»,–деп бұйыра сөйледі. «Иә, бірақ бұл жолда бізге бір нәрсе кедергі болуы мүмкін», – деді Самиян кітаптың бетін жауып, үстелдің үстіне қоя. «Қандай?»– деді Фаиз біреу оған бұны түсіндіретіне нық сенімді бола. «Зұлым сиқыршының қайта оралуы», – деді Райлан аспанның кенет бұлттануын байқап. Достар аспанға қарап, біраз таңырқады.

 

Соңы.

Әзірше ешқандай пікір жоқ.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз.

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *