Мамандық таңдау — өзіңді тану
14.07.2024 0 315
Гүлнәр ИЗТАЕВА
Адам не үшін еңбек етеді? Тек күнін көру үшін бе? Осыны ойлап көрсек қайтеді?
Өзіңе ірі мұра (мол ақша) қалды делік. Яғни күнімді қалай көремін деген мәселе жоқ алдыңда. Тіпті өміріңді тек ойын-сауықпен, көңіл көтерумен өткізуге жағдайың бар.
Өзіңді жетілдіру үшін спортпен де айналыса аласың, музыкадан дәріс алып,кез келген аспапты меңгере аласың, қалаған тақырыбыңнан мықты лекция алуға ден қоя аласың.
Бәрін де жаныңды қинамай істеп, ауаныңмен, көңілің қалаған кезде ғана айналыса аласың.
Қоғамға пайдалығыңды сезіну үшін
қайырымдылыққа ақша бөлуге де жағ-дайың көтереді. Енді осы жағдайды қаражаттан қысылып жүрген адамның жағдайымен салыстырайық.
Күнін көру үшін жұмыс істеудің қажеттілігін білген ол бір кәсіптің иесі болуға тырысады. Оқуға қаражатты өзі төлейтін болғасын сол кәсібі өзіне ұнайтындығын, сол әрекетпен айналысуға қызығушылығы бар екені-не көз жеткізіп барып таңдайды.
Оқудан кейін кешке жұмыс істеуге мәжбүр. Себебі оқудың төлемін, жей-тін асына, киетін киіміне ақша табу керек.
Бірнеше жыл өмірі қайсарлық, жанкештілік, арпалыспен өтеді.
Бірақ қорытындысында көңілі то-ларлық нәтижеге жетті. Тіпті сонша қиыншылықты шыдай біліп, жеңе білгеніне таңқалғаны соншалық бір кездегі мехнаттың бәрі өзінің басынан өткендей емес.
Бірақ расымен соның бәрін өзі істей алды. Білім де алды, машықты да игерді, соның бәріне қаражатты өзі тапты. Өзіне көңілі толарлық көңілде.
Тек кәсіп иесі ғана емес, қиыншылықтан қорықпайтын батыл-дық та пайда болған өзінде. Сонымен қатар бірде қателесіп, бірде адасып жүрсе де, солардың бәрінен қазір көзі ашылған.
Оңбай қателескенін кезінде қиналса да, қазір тіс қаққан тәжірибелі. Анау-мынау қателік істесе оны түзете алатынына, тәжірибесін қолдана алатынына бек сенімді. Соңғы жылдары қиыншылыққа толы болса да, қазір одан тек жақсы естелік қалыпты. Өзінің соған шыдай алғанына, ойына алған міндетін, арманын соңына дейін жеткізе алғанына риза.
Сол нәтижеден бойында қайраты бар екендігіне көз жеткізіп, өзіне деген сенімділігі арта түскен. Алдағы өмірден күтетін жақсылығы мол. Себебі ақшасыз жүрген кезінің өзінде сондай тірліктерді бітіре алса, енді кәсібін бастаған кезде тіпті де мықтылығы арта түспек қой. Тәжірибесі жеткілікті, шыңдалып, ысылған. Қазір өзінде мүмкіндігі көбірек.
Себебі білімі бар, кәсіптің иесі, қай-
раты жетерлік, қиыншылықтан қо-рықпайды, өзіне деген сенімділігі жетіп артылады. Сол себепті алдына үлкен мақсаттарды қоюдан еш қорықпайды.
Өз қабілетіне сенеді. Оған өзінің көзін жеткізе алды. Бірнеше ай ғана өзін сынап көрген жоқ, бірнеше жыл бойы шыдай алғандығы есіне түссе тіпті де ширығып кетеді. Күші тасып. Енді сол күшті, тәжірибені, білімді кез келген арманына жұмсай алады.
Егер алдында тағы қиыншылық туындай қалса, оны жеңе білсе, қазір-гісінен де мықты болып шығатынын сенімді. Және сол қиыншылықты ең-
сере алатынына да көзі жетеді. Бойдағы қорқыныштан арыла алған екен.
Алғашқы жылдары бойында қорқы-ныш, сенімсіздік көбірек еді. Әсіресе, талып шаршаған кезінде, аш қалған кездерінде, сынақты тапсыра алмай оқытушылардың соңынан қайта тапсыру үшін жүгірген кезінде. Бірақ сол қиыншылықтың бәрі артта қалды.
Енді осы екі адамды салыстырайық. Қайсысы мықтырақ?
Біріншісіне мол дәулеттің арқасын-да көп нәрсеге қол жеткізу оңайырақ.
Бірақ ақшасыз, тек адамдардың өзін салыстырсақ ше? Қайсысы қабі-леттірек? Ақшамен кез келген дүниені бәрі де істей алады. Оған аса мықты дарынның, қабілеттің күшін пайдаланбайсың. Дайын ақшаға қала-ған нәрсеңді сатып алу кез келген адамның қолынан келеді.
Ал сол бастапқы капиталды нөлден бастау ше? Қайсысына жеңілірек? Қайсысында мүмкіндік көбірек?
Біз қазір ақшаны емес, адамның өзін салыстырып жатырмыз ғой.
Адам ұрпақ жалғастыру үшін өзі-мен бас қосатын серігін іздегенде оның бойындағы мықты қасиеттерді ескереді.
Тек ақшасына қарап таңдасаң, қате-лесуі мүмкін. Себебі қиын жағдайға ұшырағанда бірі соны қайыспай кө-
тере алады да, ал әлсіздеу адам қау-қарсыздығын жан-жағындағыдан кө-реді.
Өзін қиын жағдайға душар етіп қойған адамға ызаланады. Оған әлі жетпесе жақындарынан ақысын алу-ға мәжбүр. Өзінің әлсіздігіне ызалан-ғандықтан.
Бұрындары ауыр жағдайға түсіп көрмегендіктен одан шығу тәжірибесі болмай не істерін білмей қалады.
Әрине, бұған қарап көп қиыншылық көрген адамның бәрі мықты деген тұжырым шығармаймыз. Тұжырымды сол қиыншылықтан адамның қалай, кім болып шыға білгеніне қарай жасаймыз. Яғни жауапкершілікті өзіне ала біліп, қиыншылықты еңсере алдыма, әлде жұрттың бәріне деген өкпе-ренішті бойына жинап алды ма, сол маңызды.
Қиыншылық ол алдан шыққан ке-
дергі. Бұл кезде адам өзінің ішкі дүние-
сіндегі (бойындағы) құралдарға жүгі-неді: ақылына, қабілетіне, мінезіне, т.б.
Соларды шыңдай отырып, қоры-тынды шығара отырып, үлкен сабақ алады. Сол кезде ол өзінің бұрынғыдан мықтырақ болғанын сезе алады. Және қабілеті, күші өзі күткеннен артық екендігіне көз жеткізеді.
Осы күнге дейін сезбей келген әлеуеті сыртқа шыққанда ғана көрініп, өзінің қауқарлы екендігін байқайды.
Әйтпесе, ішіңде қандай күш жат-қанын қалай білесің? Адам өздігінен қарап отырып жанын қинағысы келмейді ғой.
Тек қиын жағдайға душар болғанда соны еңсеру үшін ақылыңды, күш-жігеріңді жұмсағанда өз қабілетіңнің қауқарын, деңгейін, әлеуетін сезе аласың.
Ал күніне 10-15 килолық гирден басқа ауыр нәрсені көтермей, өмірдің күрделі жағын көрмеген адам қалай шыңдалады?
Өмір сүру тек гирді көтеруден не аспапта ойнаудан тұрмайды. Ол қандай да жағдай болмасын қабілетің арқылы мәселені оңтайлы шеше білетіндігіңнен тұрады.
Өмірдегі барлық жағдайды ескеру мүмкін емес. Алдыңнан неше түрлі мінез, тосын жағдай, күрделі мәселе, қиын белес, шырғалаңды жайттар шығады. Оларды еңсеру оңай емес. Тек қайсарлық, табандылық қана емес, тәжірибе де қажет. Әлсіздік танытсаң, нашар жағың күшейіп, адамилық қасиетті сақтай алмай, қадірсіздікке, көлгірлікке ұшырайсың.
Бұдан өз қабілетін барынша қол-дана білген адамның мықтырақ болатынын ұғындық.
Ал енді сол қабілетті қай жерде қолдана аламыз? Қабілетіміз өзімізге пайда, яғни ақша әкелгені жақсы емес пе? Жұмысты сол үшін істейміз.
Жұмыс таңдағанда оны лажсыздан істеуге тиісті міндет деп емес, өз қабілетіңді іске асыратын әрекет деп қабылдасаң жұмысқа деген көзқарас өзгереді.
Өзіңді мәжбүрлеп жұмыс істеу өміріңе көңіл толмайтын жағдайға әкеледі. Ал негізі адамның жұмыс істеуі ол оған қойылған міндет емес, ол адамның өз қалауы түсіне білсе.
Себебі адамның бойында қандай да бір қабілет, дарын болады. Адам соны сыртқа шығаруға, жемісін көруге, басқаларға паш етуге алдымен өзі мүдделі.
Өз бойында қандай да бір қабілет бар екенін өзі де сезеді. Соған өзінің көзін жеткізгісі келеді, басқалардың өзіне деген қызығушылығын тудыр-ғысы келеді.
Өзінің қолынан керемет іс келетінін көре білу, соған көз жеткізу адамның өзіне деген қанағаттанарлық сезім сыйлайды.
Сол сезім адамның көңілін көтеріп, өзін бақытты ететін.
Егер адам тек ақшаны жаратумен болса, оның қуанышы ұзаққа созылмайды.
Мысалы, жаңа нәрсені көргенде эндорфин гормоны пайда болғандықтан адам рахаттану сезімін кешеді. Қайтара көргенде бұрынғы әсері төмен болады. Бұл қысқа мерзімді эмоцияның әсері.
Ал сүйікті іспен айналысқанда адам ұзақ мерзімді жақсы көңіл-күйде болады.
Өз әрекетіне қанағаттанған кезде өзін бақыттырақ сезінеді. Өзін ба-ғалауы артып, өз күшіне сенімді бола бастайды. Бұл оның ішкі жан-дүниесін қанағаттанарлық сезімге толтыра бастайды.
Ішкі жан-дүние рухани (жақсы) сезімдермен толыққанда бақыт жақ-сырақ сезіледі. Материалдық байлық сол рухани дүниенің физикалық көрінісі. Ақшаны ұрлап тапса, оның дұрыс еместігін біліп, ол әрекетімен өзін тамсандыратын сезім тудыра алмайтынын біледі.
Бақыт сезімін гормондардың қысқа мерзімге бөлейтін әсерімен шатастырмау керек.
Сезім мен ішкі тоқ көңіл-күй екі түрлі дүние. Тек эмоцияның артынан жүгіру уақытша сезімдерге бөлейді. Ал жан-дүниедегі бос кеңістік қалып кете береді.
Көңілді ризашылық сезіммен тол-
тыру керек. Ішкі жан-дүние толықпай, сыртқы байлықтың санын қанша арттырғанымен адамға бірдеңе жетіс-пей тұрады. Сол жетіспеген нәрсені жағымды сезімдермен толтырғысы келіп, эмоция сыйлайтын дүниелердің соңынан жүгіреді. Олар тек уақытша нәтиже береді.
Ішкі дүниесін ешкім көзбен көре алмағандықтан сырт көзге табысты адамның бейнесін көрсетуге тырысады.
Сондықтан басқалар қалталы адам бақытты ғой деп байлықтың соңынан жүгіреді. Осылайша аңдаусызда дү-ниенің тұтқынына айналады.
Ішкі рухани әлем байлыққа толмай, ондағы қуыс кеуде адамды бақытты етпейді.
Сондықтан алдымен не нәрсе көңіліңе жағатынын бақылаған абзал. Мысалы, қандай тақырыптағы видеоларды көрген өзіңе ұнайды? Қандай ойындар, кітаптар, фильмдер ұнайды?
Ойша да біраз әрекетті елестетіп көрсе болады. Адам құр жатса, іші пысып кетеді. Бір нәрсемен айналысқысы келуі ол қажеттілік. Адам миы да, ағзасы да қимылды қажет етеді. Дене мүшелерің қозғалысты жақсы көрсе, ми да өзіне қандай да бір тапсырма бергенді ұнатады. Яғни бір мәселені шешкенді қалап тұрады.
Сол сияқты адамның ішкі қабілеті де сыртқа шыққысы келеді. Ол тек бір дүниені өз қолымен жасау арқылы нәтижесі көрінеді.
Тек сол қалап тұрған дүниесі не екенін тауып алса, ол оған жұмыс болып көрінбейді.
Өз жұмысына ойын сияқты да қарай алады. Өзі ұнататын әрекетті жасап жатыр. Немесе өз қабілетінің нәтижесін көргісі келсе, өзіне тапсырма беріп, ақылын жаратуарқылы нәтижесін көзімен көре алатын әрекетті жасайды. Бастапқыда көңілінен шыға қоймаса да соны жетілдіре түсуге құлшынысы бар. Осы бағыттағы әрекетінжоғары деңгейге көтеру үшін осы тақырыпты зерттеген өзіне ұнайды.
Оны қызығушылықпен оқиды. Ізде-неді. Көңілі қалап істеген жұмысы оның оңды энергетикасымен толады. Жақсы энергияны басқалар сезе біледі. Сол себепті істеген бұйымы тартымды болып тұрады.
Немесе бұйым да емес, тек әрекет-қимыл болса да, жақсы сезіммен істеп жатқаны басқаларға сезіледі.
Ал адамның өзі болса оны жұмыс деп емес, сүйікті хоббиі немесе ойын ретінде де қабылдай алады.
Бұдан біздер адамға өз қабілетін игілікке жарату үшін қандай да бір кәсіптің құлағынан ұстау керектігін ұғындық.
Бұл, әрине, мамандық таңдаудан басталады.
Кеңес заманында бір мамандық бо-
йынша бітірдің бе, сонымен соңына дейін қалуың керек болатын. Темір-жолшылықты бітірдің бе, басқа саладағы жұмысқа кету жақтала беріл-мейтін.
Басында мамандығыңды дөп таң-дай алмасаң да осы жағдай. Қанша жерден халық өзіңді вальс падишағы деп танысын, жүзден аса өшпес әндер қалдыр мейлі, бәрібір өзіңді Композиторлар одағына қабылдамайды. Се-бебі музыкадан кәсіби білімің, яғни дипломың жоқ дейді.
Тәуелсіздік заманда бұдан аздап арыла алдық. Бір дипломмен оқу бі-
тіріп, басқа мамандық бойынша жұмыс істесең өзіңді сөгіп, таңдаған мамандығың бойынша қызмет етуің керек деп талап ете алмайтын.
Бірақ бұл кезеңде басқа проблема шықты. Ақша қайда болса, халық амалсыз соған кетті.
Қаншама адам қазір таксист болып жүр, ол олардың арманы ма еді?
Қаншама адам базарда сауда іс-теп жүр, өз қабілеттерін ішінен тұн-шықтырып. Ал олар дүниеге базарда отыру үшін келмеген шығар, егер саудаға табиғи жақындығы болмай, амалсыз жүрген болса. Ақша жинап өзінің сүйетін ісіне құйып, содан табыс көргені әлдеқайда абзал емес пе еді?
Мұғалімдердің айлық жалақысын көтерген еді, қаншама адам сол мамандықты таңдауда. Ұстаздық жа-
ны қалаған жұмысы емес, ол бар болғаны тұрақты түрде жоғары айлық алатын мүмкіндік.
Жұрттың пікірінен тәуелсіз бақыт-
ты жандар болады. Олар өз қабілетін әр салада тексеріп, өз дарынын қолдану арқылы әр салада өшпес із-
дерін қалдыра алады. Дарынын дұрыс қолдана білудің арқасында дү-
ниеге тамаша туындылар әкеледі.
Дегенмен кеңес заманынан қалып кеткен үрдіс әлі де бар. Бір мамандықты таңдадың ба, басқа салаға кірігу оңай емес. Сол себепті жүрегің қалаған салаға бар деп айту қазір де оңай емес, қалыптасқан орта өзіңді қабылдауға әзір болмаса.
Дегенмен де жастар өз дарынын жерге көмбесе екен. Тума қабілеті бір бағытта болғандарға жеңілдеу. Не әншілік, не техникаға деген қызы-ғушылығы айқын болса.
Ал жан-жақты қабілеті барларға өз жолын табу оңай емес. Әрине өз қабілетін, икемін әр салада барынша қолдана біліп, жанын салып істесе ендеше нәтижесі де тұрарлық болып шығады.
Диплом арқылы адамды бағалау әдетінен арылғанымыз дұрыс болар еді. Әрине, кәсіби білімді жоққа шы-ғаруға болмайды. Мамандыққа оқыту керек.
Бірақ дипломы жоқ адамды қоғамда қабылдамағасын жастар амалсыздан төрт-бес жыл өмірін қандай бір мамандықты алуға жұмсап жатыр.
Мысалы көрші елде Пелагея деген әнші бар. Әуел бастан әншілік дарыны болғандықтан сол мамандық бойынша оқуға түседі. Оның бақытына мұғалімдер оның табиғи қабілетін байқап, оны қатты өзгертпеуге тырысады. Яғни барша әншілерге берілетін әдісті оған меңгертсе қыздың табиғи ерекшелігін жоғалтып алатынын тү-сініп, көне славяндық мақамды жо-ғалтып алмауына көмектеседі.
Өзім бітірген мұғалімдік потокта 90-нан астам студенттер оқы-дық. Сол кезде арамызда бар-жоғы 10 пайызы ғана болашағын мұға-лімдікпен байланыстырғандар оқы-ды. Қалғандары жоғары білімі бар деген дипломды алу үшін жүрді.
Артынан мұғалімдердің айлығы көтеріліп кеткенде көпшілігі мұғалім болып кетті. Одан кімдер ұтты? Мұ-ғалімдік жұмыс оларға ұнамайтын.
Олар өз қабілеті бойынша сүйген кәсібі бойынша әрекет жасай алар еді. Алайда қоғам дипломы жоқтарды қалай қабылдайтынын біледі.
Біздер дипломға қатысты осы стереотиптік көзқарасты бұза білуіміз керек.
Сол кезде жастар өз қабілетіне сай әрекет жасауға тырысады. Қандай да бір оқуды бітіруім керек деп әйтеуір бір мамандықты алып шыққанша.
Ақшаның жолында кеткен де дұрыс емес, блогер не әнші болуға тырысып.
Маңыздысы бойындағы табиғи қабілетті іске жаратып, қоғамға игілік әкелу ғой. Мемлекет соған жағдай жасауы керек. Ол үшін мектеп бітірген балаға бастапқы капитал беру керек.
Бала өзін көрсін сынап. Мектеп бітіргенде өзіне мүмкіндік (қаражат) берілетінін білетін бала оқып жүрген кезінен бастап немен айналысатын ойлана бастайды. Сол ойы пісіп-жетіледі.
Біздер қазір қазба-байлықтан бала-
ларға үлесін (аз да болса) беруді бастадық. Бірақ оны мамандық алуға немесе үй алуға деп жатырмыз. Осы дұрыс емес.
Мамандық грант бойынша тегін берілгені дұрыс. Айталық, 18-ге толғанда қандай да бір сома жиналды делік. Оны оқуға төлей алуы үшін бала амалсыздан арзан оқудың бірін таңдауы мүмкін. Немесе болашақта үй аламын деп банкке салып қояды.
Сонда ақшаны банк пайда көруі үшін бөлдік пе?
Баланы кәсіпке баулу үшін оған мүмкіндік беру керек. Қазіргі бизнеске беріп жатқан гранттар аз мөлшерде бөлінуде. Сол себепті үміткерлер грантты алудың жолына көп көңіл бөледі. Өзінің қабілетін ескеріп жат-қандар аз. Қай салаға беріледі, соны таңдауда.
Ал егер мектеп бітіргенде жеке кәсібіңе ақша беріледі десе, қазіргі балалар пысық, оны дұрыс пайдалануға әрекет жасайды.
Арасында 10 пайыздайы сол ақша-ны дұрыс пайдалана алмас. Алайда көпшілігі қандай да бір кәсіппен айналысуды мектеп жасынан бастап қарастыра бастайды ғой.
Бірінші алған ұрпақтың қателігінен келесі түлектер (іні-сіңлілері) қоры-тынды шығарады.
Бұдан біздер керекті-керек емес-ті диплом иелерін топырлатып шы-ғармаймыз. Немен айналысқысы келе-тінін бала күнінен анықтауға тырысып, балаға жақсы көретін әрекетіне көңіл бөлуге жағдай жасаймыз.
Ал таңдаған кәсіптері интуитивті түрде анықталады. Бұл нарық заңына сай келеді. Табиғи дүние ешқашан қателеспейді.
Сонда жоғары білім алуға оқуға ынтасы барлар және мамандығын таңдай алғандар ғана түседі. Ал қалғандары сүйікті кәсібімен айналысуға мүм-кіндік алады.
Сонда университетке оқуға ынтасы барлар және мамандығын таңдай алғандар ғана түседі.
Ал қалғандары сүйікті кәсібімен айналысуға мүмкіндік алады. Кәсіби түрде білімін шыңдағысы келсе жол ашық болу керек.
Таңдаған ісі өзіне ұнайтыны айқын болғандықтан білімді құштарлана алады.
Әзірше ешқандай пікір жоқ.
Бірінші болып пікір қалдырыңыз.