Ермек ЗӘҢГІРОВ Ермек ЗӘҢГІРОВ
ҚР Жазушылар Одағының мүшесі, журналист ТАFДЫР (ақын-жазушылардың өмір тарихтары) АҢДАТПА Алып адамдар даңқын арқалап туатын көрінеді. Сол алыптар тобы ғасырлар үнін қос мүйізімен көтеріп... Ермек ЗӘҢГІРОВ
ҚР Жазушылар Одағының мүшесі, журналист

ТАFДЫР

(ақын-жазушылардың өмір тарихтары)

АҢДАТПА

Алып адамдар даңқын арқалап туатын көрінеді. Сол алыптар тобы ғасырлар үнін қос мүйізімен көтеріп тұрған өгіздер іспетті. Бірақ олардың күші де, күресі де, мінезі де әрқилы. Олардың арасында қара қылды қақ жаратын дау шешер данышпан да, пәруарлы пенде де, періште кейпіндегі провокатор да, талассыз күрескерлер де бар. Бұл қатардан толассыз күресінің арқасында соңына ел ерткен тап-таза рух иелерінің де болғаны аян. Бұл тізімдегі қоғамның ең озық үлгісін тасымалдайтын ақын-жазушылардың өмір тарихы қызықты болары хақ. Олай болса, оқып көрейік.

 

Батыстың «данышпаны»
ислам әлемiнiң өлiмтiгi

Салман Рушди

Бұл кім өзі? Қарақан басын күйттеп, Отанын, дінін сатқан опасыздың бірі ме? Әлде, ала таңнан, кешке дейін Құдайды ұлықтап, дімкәс жандарға дем салатын тәуіп пе? Ол да емес. Сонда ол кім? Кесіп айтсақ, ол ықылым заманнан бері ислам әлемі Ар кітабы санаған қасиетті құндылық кітабының ең жанды тұсына ине шаншып, ең ауыр қылмыс жасаған қылмыскер. Ол үнемi ақсүйектiк ағылшын қоғамы билейтiн мемлекеттiк бақылау – бағыттау маши-насының құпия ұясында жасырын кодпен белсендi iс-әрекеттер жасауды мақтан тұтқан қылмыскер. Иә, бәрін басынан бастайық.
Үндiстан мемлекетiнiң негiзi қала-нып жатқан кезде, мемлекетшiлдiк идеясын насихаттайтын, айтатын, шынайы түрде iске асыратын тұлғаларды идеялас болуға шақырып, ағылшындық мiнәйi ұғыммен жүруге итермеледi. Сол тұстағы үндiс ұлтынан шыққан мемлекеттiк қызметкерлер өз ұлтының мүддесiн ойламады. Өз мүдделерiн қанағаттандыру мақсатында парламент мүшелерi ортасынан сыбайластарын iздедi. Сөйтiп қарапайым халық пен мемлекеттiң арасында көзбен. көрмейтiндей алшақтық пайда болды. Үндiстанның ұлы адамгершiлiк өлшемiне айналған имандылық, мұсылмандық идеясына жасырын шабуылдар өршiп кеттi. Осы бағыттағы насихаттық ақпараттың көз iлдiрмес жылдамдықпен жүргiзiлгенi соншалық, мемлекеттiк қызмет атқаратын үндiс ұлты өкiлдерiнiң басым көпшiлiгi өз ұлтына қарсы жұмыс iстедi. Ағылшын билiгi ондай адамдардың тобын ынталандырып отырды. Солардың бiрi – жазушы Салман Рушди едi.
Үндiс тектi, ағылшын жазушысы Ахмет Салман Рушди Үндiстан өз
тәуелсiздiгiн жариялардан екi ай бұ-рын 1947 жылы 19-шы маусымда Бомбей қаласында бай мұсылман кә-
сiпкердiң отбасында дүниеге келген. Қайда оқытам десе де, дәрменi жететiн бай әке баласын алғашында туған жерiнде, кейiн Англияның Кембридж университетiнде оқытады. Отбасы иесiнiң кәсiби қызметiне орай, Пәкiстан, Үндiстанда көшiп-қонып жүрген Рушдилер отбасы ақылдаса келе Салманды 14 жасқа толысымен ағылшындық ортада өмiр сүруге бейiмдейдi. Салман университеттi бi-тiрiсiмен ағылшынның азаматтығын қабылдап, өзiнiң ана тiлi болып келген урду тiлiнен бас тартып, оның орнына ағылшын тiлiн негiзгi тiл ретiнде таниды.
1968 жылы Салман тарих пәнiнен магистрлiк қорғап, ұзақ уақыт бри-тандық жарнама агенттiгiнде еңбек етедi. Бiрақ, ол бұл жұмыстан жан рахатын таппай, көңiл күй ауанын ақ парақ пен қаламға түсiредi. Сөйтiп, 1975 жылы алғашқы «Гримус» деген романын жариялайды. 1981 жылы «Түн тiлiгiндегi балалар» романы автордың ағылшын жазушыларының ортасында кеңiнен танылуына жол ашады. Кейiн бұл шығарма ағылшынның беделдi жазушысы Джеймс Тейт Блэк атындағы Букер сыйлығын алады.
Жалпы, Салман Рушдидiң бұдан кейiн де бiрнеше романы жарық көредi. Әдебиет зерттеушiлерi мен эстеттер оны «үндiстiң Томас Манны» деп атап кетедi. Осы жылдар iшiнде оның жазушы ретiнде алмаған сыйлығы қалмайды. Ағылшын қоғамының жазушыларға берiлетiн барлық сый-лығының иегерi атанған ол адам бостандығы жолындағы жалынды күрескер ретiнде танылып, тiрi кезiнде ұлы адамдарға арналған пантеоннан орын алған тұңғыш жазушы атанады.
Адамның таным-бiлiгiн билеп-
төстеген эгоизмi жамағат менмендi-гiмен қосылса, ол жыртқыш құбыжыққа айналады. Ондай жанның қолындағы ең әсем игiлiктердiң өзi түнерген қою бұлтқа айналып, айналаға өлiм мен қасiрет жаудырады. Рушдидiң 1989 жылы жарық көрген «Сайтанның шатпағы» романы Британияда ғана емес, бүкiл әлемде шу тудырады. Мұсылман әлемiнiң сағын сындыруды ежелден басты мақсатына айналдырған Еуропа құрлығы шығармаға ерекше мән берiп оған құпия жағдайда қолдау бiлдiредi. Осыдан соң Салман Рушдидiң қол аяғын жерге тигiзбей мақтау, құрметтеу шарасы жүйелi түрде жүргiзiле бастайды. Кiтап дүниежүзiлiк барлық көрмелерге қойылып, әдеби каталогтарға енгiзiледi. Романның мазмұны бүкiләлемдiк интернет жү-йелерiне қосылып, академиялық оқу орындарында талқыланады.
Жедел түрде әлемнiң жетекшi тiлдерiне аударылып, оқырмандар арасында үлкен дүрбелең тудырады. Мұндай дүрбелең кезiнде Гитлердiң «Майн камф» кiтабы мен Каддафидiң «Жасыл кiтабы» жарық көргенде де талас тудырмаған едi.
«Сайтанның шатпағы» әсiресе, мұсылман әлемiнiң үлкен наразылығын тудырды. Үндiстанда жергiлiктi мұ-сылмандар мен пұтқа табынушылар арасында қарулы қақтығыстар орын алып, соңы кiсi өлiмiне әкелiп соқтырды. Пәкiстанда саяси қайраткер-лердiң араласуымен қанды қырғын-ның алды алынды.
Оқиғаның мұншама саяси астар алуына өзiндiк себептер де бар едi. Ағылшын үкiметiнiң 1947 жылғы 3-маусымда қабылданған Декларациясына сай Үндiстан тәуелсiздiк алған соң, екiге жарылып, Үндiстан одағы мен Пәкiстан болып екi мемлекетке бөлiну басталды. Дiни наным-сенiмдерiне сай миллионға жуық босқындар 1947 жылдың тамызынан қазанына дейiн Үндiстаннан Пәкiстанға және керiсiнше, Пәкiстаннан Үндiстанға қоныс аударады. Үндiс пен мұсыл-мандарды ортақ бiр мемлекетке бiрiктiрмекшi болған, Үндiстан Ұлт-тық конгрессiнiң мүшесi, Пәкiстан мемлекетiн құрушы ақын, философ Мохаммед Али Джиннаның идеясы iске аспайды. Ал, бұл ағылшын билiгi үшiн өте тиiмдi едi. Басы бiрiккен екi халықтың арасына идеологиялық от жағу осыдан кейiн басталды.
Кiтап оқырмандар арасында да, саясаткерлер арасында да көп талқыланды. Оған бiр тосқауыл қою керек болды.
1989 жылы 14-ақпанда Иранның рухани көсемi аятолла Хомейни кiтап авторын қасиеттi ислам дiнiне тiл тигiзгенi үшiн өлiм жазасына кесуге пәтуа жасады. Ол шешiм күнi бүгiнге дейiн өз күшiнде қалып отыр. Иран көсемiнiң шешiмiн орындаған кiсiге бастапқыда 2,8 миллион доллар сыйақы төлену көзделген болатын. Сыйақының мөлшерiн көтерген Иран президентi жазушыны тiрiлей ұстап берген адамға 4 миллион АҚШ долларын беруге уәде бердi.
Бүгiнгi таңда дау туғызған бұл шығарма әлемнiң жиырмадан астам тiлiне аударылған көрiнедi.
Жақсылықтың өзi сабырлыға, имандыға қонақтайды, имансыздан қашады. Әр мүмкiндiктi қапы жiбермей өзiн көрсеткiсi келiп тұратын тұрпайы әдет – адам бойындағы кемшiлiк пен өзiне сенiмсiздiктiң белгiсi. Ондайлардың әр iсi – мақтаншақтық, әр сөзi – менмендiктiң гүрiлi, қарапайымдылығы мен сыпайылығы, көзбояушылық немесе өздерiн жұрттың алдында көрсетудiң амалы ғана. Өзiнiң менмендiгiне табынып, ақи-қатқа мұрнын шүйiре қарайтын тәкаппарларға лағынет айтылып тұрады екен. Ондайлар өмiр бойы қор-қынышпен өмiр сүредi. Жазушы мiне, жиырма жылдан берi қорқыныш пен үрейлi өмiр сүрiп келедi. Оның жүрiс-тұрысының бәрi қарулы полицейлердiң қорғауымен жүзеге асырылып келедi. Жер бетiнде өмiр сүрудiң қауiптiлiгiнен Рушди британияның арнаулы орындарының бақылауымен жерасты бункерiнде өмiр сүруге мәжбүр. Құпия жағдайында өткiзген 20 жыл iшiнде жасырын сақталған 30 пәтерде түрлi кездесулер өткiзуге мәжбүр болыпты.
Құпия өмiр сүру кiмге жаққан? Осы жылдар iшiнде Рушди отбасынан айрылған. Үнемi қорқыныш пен үркуден жан күйзелiсiне ұшыраған әйелi отбасын тастап, басы ауған жаққа кетiп тынған. Рушди қашып, тығылып жүрiп, 1911 жылы «Ойдан құрастырылған Отан», 1994 жылы «Шығыс пен Батыс» деген екi кiтап жазып шығарған.
Тегеранның шешiмiмен қорыққан жазушы Америкаға сапармен бару жөнiндегi ойын өзгертiп, 1 жылға дейiн күннiң көзiн көрмей жер астында жасырынуына тура келген. Бұл жылдар оның өз өмiрiндегi ең азапты жылдарына баланған.
Адам табиғатында көптеген жақсылықтардың дәнiмен бiрге кейбiр тiр-шiлiк үшiн жаратылған жамандықтың да негiздерi бар. Адал достық, шынайылылық, жанқиярлылық, еш-кiмге және ешнәрсеге мұқтаж болмау сияқты жақсы қасиеттермен бiрге көп адамдарда атаққұмарлық, даңғойлық, өзiн көрсету сияқты жүректi өлтiрiп, рухты сал қылатын жағымсыз сипаттар да болады.
Рушдидiң кiтабын аударып, даң-қымызды асырып қаржыға қарық боламыз деген аудармашылар да күндiз күлкiден, түнде ұйқыдан айрылып, ақыр соңы құрдымға кетiп отырған. Мәселен, Швецияда шыққан тегi пәкiстандық аудармашы «Сайтанның шатпағын» урду тiлiне аударамын деп жүргенде, ислам фанаттарының қолынан отбасымен бiрге қаза тапса, жапон аудармашысы дiни экстремистердiң қолынан қазаға ұшыраған. Сондай-ақ, итальяндық аудармашы мен норвегиялық баспагер қастандықтан ауыр жараланған. Ал, Иранда парсы тiлiне аудармақшы болған ғылым докторы ұзақ жылдар бойы Еуропа елдерiнде жасырын өмiр сүруiне тура келген. Ислам экстремистерiнiң қорқытып үркiтуiнен үнемi бой тасалауға мәжбүр болған ғалым соңында аты-жөнiн өзгертiп, Израиль азаматтығын қабылдаған. 1998 жылы Рушдидiң атышулы кiтабын петербургтiң «Лимбус Пресс» баспасы орыс тiлiнде шығаруға ұйғарым жасағанда, ресейлiк мұсылман қауы-мының ашу-ызасын тудыруға әкелiп соқтырған. Осыған орай, Кавказ мұсылмандары басқармасының басшысы шейх уль-ислам Аллаһшүкiр Паша-заде «Сайтанның шатпағын» басып шығарғандар сол сайтанға қызмет етушiлер болып табылады» деп үндеу жариялап, оқиғаның алдын алған.
Нәпсiсiн жеңiп, менмендiгiн тежей алмаған және ақыл-көзiн шел басқандардың жақсылық жолындағы әр адымы – өз-өзiн уату мен алдау ғана, ал жанкештiлiгi – ақымақтыққа саяды.
Рушди өзiнiң төртiншi романының қоғам арасында осыншалық дау туғызатынын кеш болса да сезiнген iспеттi. Қоғамның өзi сияқты ой ойлайтын азаматтарды жек көретiнiн сезiп, шындықтың қашан да адамзатты татулық пен бiрлiкке шақыратынын мойындады. Кеш болса да, Рушдидiң ақыл-ойы оны осыған жетелеп отыр. Келiсiлмеген бiр мәселе. Ол – аятолла Хомейнидiң пәтуасы. Иран көсемiнiң Жарлығын ендi ешкiм өзгерте алмайды. Бұл ретте жазушы қаншама жерден кешiрiм сұрап, өз iсiне өкiнiш бiлдiрсе де, кешiрiм жасалмасы анық. Оған Иранның рухани көсемiнiң: «…жазушы өзiнiң iс-қимылына қанша жерден өкiнiш бiлдiрiп, Құдайлық iс жасаса да, кез-келген мұсылманның оны тозақ отына жiберуi қасиеттi парызы болуы тиiс» деген сөзi бұлжытпас заң күйiнде күнi бүгiнге дейiн күшiнде қалып отыр.
Иран көсемiнiң осы Жарлығы Батыс әлемiнде әлi күнге дейiн үрей туғызып келедi. Осыған орай халықаралық қауымдастық Иранмен қарым-қатынасын бiрнеше рет қайта қарап шықты. Еуропалық экономикалық қауымдастыққа кiретiн 12 ел Иранға баратын ресми сапарларын үзiп, Тегераннан өз елшiлерiн консультация үшiн кейiн шақырып алуы кезiнде үлкен дау туғызғаны бар.
Кiтапқа байланысты Батыс әлемi басшыларының үнқатысулары да бiр тектi болып шыға бермедi. Сол тұстағы АҚШ президентi Джордж Буш: «Сайтанның шатпағын» Хомейнидiң бағасы теңестiрiп тұр десе,
мемлекеттiк хатшы Джеймс Бейкер өз «әттегенайын» бiлдiрген сыңай байқатты. Ұлыбритания сыртқы iс-тер министрi Джеффри Хау, Франция премьер-министрi Мишель Рокар Иранмен өз елдерiнiң қарым-қатынасының дұрыс жолда екенiн айта келiп, жазушыға берiлген жазаның өте ауыр екендiгiне өз өкiнiштерiн бiлдiрген.
Мәселенiң насырға шауып бара жатқанын сезген АҚШ, Жапония, Ұлыбритания баспагерлерi «Сайтан-ның шатпағын» сатылу орындарынан алынып тастауға мәжбүр болған. Отқа май құюшылар да болған. Израиль баспагерлерi Англияның «Викинг Пингвин» баспасымен келiсiм-шарт жасасып, кiтапты иврит тiлiнде басып шығарған. Кiтап үшiн айқас астасып жатқанда Канаданың «Аir Canada» әуе компаниясы қауiпсiздiктi қамтамасыз ету үшiн қосымша күштер қажет деген сылтаумен Салман Рушдиге компания ұшақтарын пайдалануға қарсылық бiлдiрген. Дәл осындай талаппен АҚШ-тың Федеральдық әуе компаниясы мен Ұлыбританияның «British Airways» компаниясы да Рушдиге өз ветоларын қойған. АҚШ әуе компаниясы кейiн өз қарсылығының күшiн жойды.
2007 жылдан Салман Рушди АҚШ-тың Атланта штатының Эмори уни-верситетiнде студенттерге лекция оқып келедi.
Жалпы, адам бойындағы менмен-шiлдiк қасиет – Аллатағаланы танып-бiле алмаудың, адами болмыстан ада болып, рухани таяз қалудың бiр көрiнiсi. Өз ойын ғана дұрыс деп бiлiп, басқалардың ойларымен санаспайтындар сыңаржақ менмендiктерiнiң құлы болып қала бередi.
Адамға берiлген эго аманаты – ұлы ақиқатты табу жолында оған тарту етiлген сый. Эго арқылы адам Ұлы Жаратушыны, оның iлiмiнiң, құдырет-пайымының шексiздiгiн жан
дүниесiмен ұғынуы керек. Оның құдыретiн түсiнген адамның кеуде-сiнде жалындаған қасиеттi iлiм мен махаббат оты пенде атаулының менмендiгiн өртеп, қарапайым өмiр жолына түсiредi. Бұл жолды қаламаған жан, кiсiлiктен қалып, құбыжыққа айналады.
Ар жүгін арқалаған тарамыс тағдыр иесінің тартпаған тауқыметі жоқ. Ол соңғы ширек ғасырдан астам уақыт күн көзін көрмей келеді. Оны жер бетінен де, жер астынан да іздеушілер көп. Оның адам алдындағы кінәдан күңіренген күйзелісі, Құдай алдындағы күнәдан уһ деген бейтағат жаны да жай табар емес. Себебі, біреу – сатқындық пен кісі өлтіру бір күнәнің қос болмысы. Енді қанша жерден жаңылдым, жаза бастым дегенмен, ұяттың таза суымен жүзін қаншама жуса да, ол дақ кетпесі анық. Ол соны ғана біледі.
Ислам әлемi үшiн Салман Рушди құбыжыққа айналған жан. Батыс үшiн ол өз мiндетiн орындаған күрделі техникалық машина. Күндердiң күнiнде оның ақауы шығып, жарамсыз күйге түседi. Сол күнi ол, жанып тұрған қазандыққа лақтырылып жiберiлетiн болады.

 

Сенімін тәрк еткен ақын

Демьян Бедный

Аса дарынды адамдардың өздері өз заманына тәуелді болады. Көп адам өзіне лайық кезеңге тап келе бермейді, ал тап келгендердің көбісі оның биігінен көріне алмайды. Кейбіреулер заманынан озық туады, ал жақсылық әрқашан салтанат құра бермейді. Әр нәрсенің өз уақыты бар, тіпті аса көрнектінің өзі сәнге байланысты болады. Бірақ даналықтыңбір артықшылығы, ол мәңгілік.
Ол ешқандай ақын-жазушыларға көрсетілмеген құрметке ие болды.Биліктің жемсауынан ауқаттанған оның құрметіне қаланың аты да өзгертілді. Оған жасалған құрмет ретінде есімі зауыттар мен колхоздарға, кемелер мен әскери бөлімдерге берілді.Оның есімімен аталған қалалардағы даңғылдар мен көшелергесан жетпеді. Кеңес билігібүкіл әдебиет атаулыға оның есімін беру туралы мәселені деталқылады.
Демьян Бедный – әйгілі кеңес ақыны, көптеген сатиралық өлеңдердің, мысалдар мен памфлеттердің авторы. Оның азанш ақырып қойған шын аты-жөні – Придворов Ефим болатын, оны жұрт көп біле бермеді. Ол әдебиеткелақапатымененді.
Өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдарының басында оның атыкеремет дүркіреп тұрды. Еліміздің түкпір-түкпірінен ол күн сайын бірнеше сөмкеге толы хаталатын. Сарбаздар, колхозшылар, жұмысшылар, студенттер, мұғалімдер ақынға өз өлең-дері мен әңгімелерінжолдап, ақыл-кеңес сұрап, көмек көрсетуін сұрап жататын.Оның өлең жолдарынан үзінділер алынып, ол зауыт-фабрика қабырғаларына, ыдыс-аяқтарға, темекі қораптарына дейін жазылып жатты. Дәйексөздерін құлыптастар мен көптеген ескерткіштерден де, табуға болатын. Оның өлеңдері Ленин, Свердлов, Дзержинскийтіпті Александр III-ші патшаға дейін танымал болды.
Демьян Бедный – асқазансыз сөйлейтін, сүйікті халық ақындарының бірі болды. Халықтың ыстық ықыласына бөленген ақынға үкімет тарапынан да кеңшіліктер молынан жасалды. Оған пролетариат көсемі Ленин көп кеңшілік жасады. «Правда» газеті Демиянның өлеңінсіз шықпайтын болды. Бұрын газет редакциясы өз авторларына қаламақы төлемеген болса, Бедныйға келгенде мырзалық танытылып жатты.
Ресейде ақын-жазушылар көп. Бірақ оларға көрсетілетін жағдайда алақұлалықтар орын алып жатты. Мәсе-
лен, Бедныйға көрсетілген артықшылықтар өзге ақын-жазушыларға бұйырмады. Оған төленетін қаламақы-лардың өзі бірнеше есе көп болды. Бірақ Демиян Бедный оларды қанағат тұта бермеді. Алған үстіне ала түскісі келді. Оған төленіп жатқан қаламақыны үкімет тарапы қадағалап отырды. Ол туралы Сталин де біліп отырды.
Бедныйдың қаламының ұшы тиген бір нүкте үшін бес рубль төленсе, қалған ақындарға одан екі есе аз төленіп жатты. Бірде Сталиносыны біліп қалып, өзгелердің наразылығын тудырмау үшін,оған өзгелермен бірдей екі рубль, 50 копеек төлеуді тапсырды.
1932 жылы Бедный «Известия» газетінен орасан зор қаламақы алады. Ол кейбіреулердің ашу-ызасын тудырды. Сөйтсе, ақын «Известияға» берген өлеңін бірнеше газет-журналдарға берген болып шығады. Бірде оның ленинградтық «Смена» журналына шыққан фельетоны үлкендаушығарады. Осыған байланысты редакция мен автордың арасында келіспеушіліктер орыналады. Бедный бұл туралы Сталинге көмекке жүгінеді. Ол редакция бас редакторын шақырып, оны өз орнына қояды.
1923 жылы 22 сәуірде Лениннің туған күніне орай, Сталин Демьянға сыйлық сыйлап, оған үлкен құрмет көрсетеді. Оны азаматтық соғыста көрсеткен ерлігі үшін «Қызыл жұлдыз» орденімен марапаттайды. Бұл жерде Сталин мүлдем басқа азаматтық соғысты – Ленинге қарсы, яғни большевиктік партия арасындағы соғысты меңзеуі болатын.
Сталиннің оған жасаған сыйлық-тарының көптігі мұнымен бітпейді. Петроградтан Мәскеуге қонысаударып келген Кеңес үкіметі мүшелерімен бірге ақын Кремль сарайынан пәтер алады, онымен бірге әйелі, балалары, олардың күтушілері де көшіп келеді. Ел аралауы үшін оларға жақсы жабдықталған көлік, арнайы поезд вагоны беріледі. 1922 жылы жазушылар арасында алғашқылар арасында Мәскеу қалалық кеңесіне депутат болып сайланады. Пенза облысында оның есімімен Беднодемьянск қаласы аталады. Сондай-ақ, оның есімімен Одесса губерниясында Демьиянобедновский облысының әкімшілік орталығы пайда болады. Волга бойымен «Демьян Бедный» пароходы жүргізіледі. Оларға өмір бойы пайдалануға Мамонтовкада саяжай беріледі.
Сондай-ақ, ақынға қосымша мемлекеттік саяжай да қосып беріледі. Жеке жүргізушісі бар көлік пен қатар мемлекеттік көлік те беріледі. 1933 жылы 13 сәуірде, жазушы 50 жылдық мерейтойына орай, Ленин орденімен марапатталады. Оның есімі 248 негізгі номенклатура қызметкерлерінің санатына енгізіледі. Бұл да қосымша кіріс көзі.
Бірақ ақынның ең үлкен мәртебелі сыйлығы – Мемлекеттік баспада толық шығармалар жинағын басып шығару туралы жасаған келісімшарты болады. Оның бірінші томы 1925 жылы шығарылады. 1934 жылға дейін, Бедный Сталиннің қаһарына ілінгенге дейін, оның 19 томы шығады.1934 жылдың ақпанында Бедный Жазушылар конгресінде сөйлеген сөзінде, өз шығармаларының 20 томы шыққанын баяндайды, бірақ ол 20-шы томының шықпайтынын білмейтін еді.
Ол – жүйкесі өте әлсіз адам болған. Бірінші Дүниежүзілік соғыста Георгиев медалімен марапатталған Демьян Бедный гвардиялық корпуста санитарлық құрамда соғысқа қатысады. Тәтті қолпашты күні-түні естуге, өсек-аяңды жалықпай тыңдауға дайын Бедныйдың жаулары да аз болмаған. Ол өз әріптестерінен өзін жоғары ұстаған. Ақын өзінің қарсыласы ретінде Маяковскийді ұнатпаған. Оған Маяковскийдің өзін-өзі атып өлтіргені туралы айтқан кезде, оның айтқан алғашқы сөзі: «Мен, енді ұлылардан жалғыз қалдым» – болыпты.
Александр Довженко Маяковский-дің табыты басына тағзым етуге келгенде Демьянды кездестіреді. Демьян – алда, Довженко – одан кейін тұрады. Довженко дауыстап: «Қандай өлім, қандай өлім…» деп дауыс шығарғанда ол үнсіз, бұрылып кете барыпты. Осыдан кейін Довженкобұл адамды жек көріп кеткен көрінеді.
Бедныйдың ара-қатынасы Есенинмен де жақсы болмайды. Есенин оны ешуақытта ақын деп санамаған. Ол Бедныйды «еңбек жолында азап шегуші қарауыл итке» теңеген. Демьянның Есенинді жек көруге тағы бір себебі болған. Бірде Бедный «Библия» киелі кітабына қарсы сатиралық пародия жазған. Есенин діни адам емес, бірақ ол Ұлы Жаратушыға сүйене отырып, «Евангелияның» жаңа реакциясын дайындаған. Әрине, ақша үшін. 1925 жылы Есенин оны «Баку жұмысшылары» газетінде жариялауды ұсынған, бірақ газет бас редакторы оған үрке қарап, одан бас тартқан. 1926 жылы оны Германиядағы және Польшадағы ақ эмигранттардың газет
тері басып шығарған.
Бедныйды өз әріптестері ғана емес, большевиктердің танымал көсемдері де ақын деп санамаған. Троцкий оны ақын да емес, суретші де, мысалшы да, үгітші де емес деп санаған. Кеңес партиялық элитасының өмірін жақыннан байқауға мүмкіндігі болған Федор Шаляпин Демьянның портретін жасап: «Демьян – оның бүркеншік аты. Бірақ ол атына сай, кедей жан емес. Ол шарап ішуді ұнатады, әйтсе де, өзін айыптамағанды қалайды. Қыс мезгілінде ол салқындатқышты қосып, каминге қайың отын жағып отырады. Мен үйде 6 градус жылумен өмір сүретінімді айтып, оған қызығушылық білдірген кезімде, сен әлі ыстық күйіңдесіңғой», — деп сарказммен жауап бергені бар, – дейді.
Демьиян Бедный Санкт-Петербург императорлық университетін аяқтай алмаған. Оның пролетарлық танымы өнер эстетизмінен асып кетпеген.
КСРО Жазушылар Одағының құ-рылтай съезінде Бедныйды Ленин орденімен марапаттау туралы ұсыныс жасалғанда Сталин оған кенеттен қарсылығын білдіреді. Бұл көпшілік үшін таңқаларлық болған, өйткені Бас хатшы бұған дейін әрқашан Демьянды қолдап жүрген болатын.
1930 жылы желтоқсанда партияның Коммунистік партиясы жабық шешім қабылдап, ақынның фельетондары мен өлеңдеріне өз наразылықтарын білдірген. Оған ашуланған ақын партияның Бас хатшысына жүгінген. 1930 жылы 8 желтоқсанда Бедный өзіне деген адамдардың көзқарасы туралы Сталинге хат жазады. «Мен одан мадақтау күттім, оның өмірбаяндық нәзіктікке толы көзқарас білдіргенін қаладым. Мен ол кісінің алғашқы қоңырауына қуаныштымын. Сонымен не болды, дерсің? Менің түсінбегеніме қосымша, ол құлақ шекемнен қатты соққы жасады. Менің құлақ кесті апатымның сағаты келді! Мен бұдан былай енді бұрынғыдай жаза алмаймын…». Көсем оған бірден сол сәтінде жауап береді. Жауап найзағайдың жаңғырығындай болады. Бұл – 1937 жыледі.
ВКП(б) Орталық Комитетінің
Демьян Бедныйдың «Богатырь» пьесасы туралы қаулысы шығып, ол әдебиет және өнер қайраткерлерінің қатысуымен еліміздің барлық театр ұжымдарында кеңінен талқыланады. Осыған орай, жазушы М. Булгаков: «Бұл өте сирек кездесетін іс, бұл жолы Демьян, өз мінезінің құрбаны болды.Ол басқалардан артық екенін көрсетіп, оларға кекесінмен қарады. Енді ол үшін өзін-өзі кінәласын».
Бұл атышулы әңгіме науқаны әлі аяқталмай жатып, Бедныйдың барлық шығармалары мектеп және барлық университет бағдарламаларынан алынып тасталады. 1925 жылы басталған ақын шығармаларының толық жи-нағын басып шығару 19-шы томға келгенде тоқтатылып, бәрі туралып кетеді. Кеңес жазушыларының сүйікті рөлі Демьяннан Максим Горькийге көшеді. Мәскеулік әдеби ортада тілінің уы барлар, сол күндерді мысқалдай келе: «Әдебиетіміз бұрын кедейеді, ендігі күніміз ащы өкінішпен өтпесе болар еді» – деп, болған іске өкініш білдірді…». Бұл жерде олардың ащы сарказмы қос жазушының тектеріне ойластырылып айтылған еді.
Ашулы адамқарап жатсын ба? Демьян Бедный 1938 жылы Германияға жазған памфлетін жолдайды. Памфлетке «Тозақ» деген тақырып қойылады. Осыдан соң, Демьян шұғыл түрде «Правда» газетінің бас редакторы Мехлиске шақырылады. «Правда» газеті редакциясынан ол екі сағаттан кейін шаршап шығады. Осы әңгімеден кейін оның бет-әлпеті бұзылып, тілі күрметіліп,сөйлей алмайтын ауыр күйге түседі. Ақын лимон қосылған су ішіп отырып, ашу үстінде саусағын қалай кесіп тастағанын да сезбейді.
Редактор науқас ақынды түн ішінде төсектен көтеруге не себеп болды? Оған себеп – «Тозақ» памфлеті еді. Ақын қолжазбасын қарапшыққан Сталин оған: «Жаңадан пайда болған Данте жазуды осымен тоқтатса да, болады» -деп тәртіп соғып берген екен.
Демьян Бедный осыдан кейін қант диабетімен ауырып, жүрегінің соғысы өзгереді. 1938 жылы ол Кремльдегі пәтерінен шығарылады,үкіметтік телефоннан ажыратылады, одан кейін көлігінен айрылады. Соңында партиядан шығарылады. Сол күні ақынның үстінен НКВД ұйымы жинақтаған құпия құжаттар Сталиннің алдында жатады. Жиналған құжаттармен танысқан Сталин Бедныйдың неге осындай қалге түскенін түсінбейді.
Бір қарағанда ақынның өзгелер сияқты өкпесі болмауы тиіс еді. Оған барлық жағдай жасалды, белсенді түрде емделді, аш болмады. Сталин әрқашан мұндай адамдарды жек көретін. Бедный билік алдында басын игісі келмеді, оған мойынсынғысы келмеді. Ақын аман қалу үшін, жеке мүлкін сатып, бай кітапханасын мемлекеттік әдеби мұражайларға сыйлады.
Көлеңкеде тұрған жанның көлеңкесі болмайды. Ол көлеңкеде ешуақытта жасырынбаса да, оны іздеу-шілер болмайды. Сондықтан ол ашық жұмыс істеді. Ақын үнемі ауыр жүкті – өзінің ауыр ойларын арқалап жүріп әрекет етті. Денсаулығы нашарласа да, төмендегісі келмеді. Ол Жеңіс күнін көруді армандады.1945 жылы 25 мамырда «Барвиха» шипажайында MXAT актерлері – И.Москвин және М.Тархановпен кездеседі. Бірақ олардыңә ңгімелері жараспайды.
Адамды сөзбен тойдыра алмайсың, оларды сыпайыгершілікпен де асырай алмайсың. Сыпайыгершілікпен алдау, құстарды айнамен шағылыстырып ұстаумен бірдей. Мұндайда даңғой адам ғана ауаға тойынады. Ал ол өзінің тойынғанын көтере алмады.

 

Жер шұңқырын іздеген
жазушы

Владимир Афанасьевич Обручев

Кеңес жылдарында нағыз бестселлерге айналып, оқырмандардың қызығушылығын тудырған кітаптар-дың ішінде Владимир Афанасьевич Обручевтің «Плутоний» романы кейіпкерлерінің ойпаңды аймаққа саяхаты туралы ерекше орын алады. Шығарманың ең қызығы, жазушы шынайы әлемді суреттейотырып, оған өзі дешын көңілмен сенеді. Ол туралы әдебиетшілердің «Плутонийдың» негізін құраған жер асты әлемін іздеудегі ғылыми теориялары туралы айтқандары әлем ғалымдарын әбігерге салады.
Жазушының «Плутоний» романын жазудағы идеясы нені мақсат етеді? Обручев, зерттеуші-фантаст Александр Беляевпен бірге ресейлік фантастиканың негізін қалаушылардың бірі болып саналады. Қос фантаст жазушы өз жұмыстарында өз заманында болған ғылыми гипотезаларға сүйенеді. Бірақ оның бұл жорамалдарын ғалымдардың кәдеге асырғаны туралы айтылмайды. Мүмкін ғалымдар одан жасқанған да болуы ғажап емес.
Владимир Обручевтің келесі бір әйгілі туындысы «Санников жері». Оны оқырмандар таласып оқығанын ұмытқан жоқпыз. Саяхатшылардың және солтүстік тұрғындарының айтуынша, адам аяғы тимеген ол жер бір кездері Солтүстік Мұзды мұхит аумағында шынымен болған жұмбақ арал. Ол жазушы шығармасында жан-жақты сипатталған. Ол туралы кино да түсірілген. Кезінде оны іздеуге көптеген экспедициялар жабдықталды. Экпедиция қатарында адмирал атағын әлі алмаған теңіз зерттеушісі Александр Колчак та болған. «Плутоний» романының жазылу тарихы одан да қызықты. Ол бұрынғы шығарманың заңды жалғасы болып табылады. Бұл әдеби шығармада Владимир Афанасьевич әлемге әйгілі геолог және географ ретінде кейіпкерлерінің ойпатты Жер шұңқыры әлеміне саяхатын сипаттай отырып, Жюль Верн мен Артур Конан Дойлмен ғылыми дауға түседі.
Егер ақиқаттың шын айтыста ғана шындыққа жететінін ескерсек, оны құптауға болады. Фантаст-жазушылар бұған дейін де осы тақырыпқа жүгінген, бірақ Обручевтің айтуынша, олар оқырмандарды жаңылыстырған. «Жер орталығына саяхат» романында Жюль Верн сонымен қатар Жердің ішкі әлемінің қандай болатынын суреттеуге тырысады. Ал жазушы Артур Конан Дойл өзінің «Жоғалған әлем» шығармасында кейіпкерлерін керемет сақталған тарихи жабайы аңдар мекендеген биік үстірттегі оазиске сүйрелейді. Обручевтің айтуынша, жазушыны роман жазуға итермелеген оның алдындағы адамдардың қателіктері болған. Оның алғашқы шығармасы 1924 жылы басталған. Онда саяхатшылар планетаның Арктикалық бөлігіндегі зерттелмеген аралдан тесік табады, олар оның бойымен жүре отырып, Жердің ішкі қабатына түседі. Планетаның сыртқы қабығының астында олар Артур Конан Дойл «Жоғалған әлем» фильмінде суреттегендей, жоғарыда айтылған тарихқа дейінгі жануарлар әлеміне тап болады.
Обручев белгілі ғалым, Сібір мен Азияны зерттеуші, сонымен қатар Тяньшань тауларындағы бірқатар жоталарды ашқаны белгілі ғалым болған. Ол қуыс жер теориясына сенген бе? Мәселе осыдан басталады. Ол шын мәнінде оған сенген және сол сенім жетегінде ол жалғыз болмаған. Өзімен бірге бір қатарда дүниежүзілік беделі бар басқа да көптеген байсалды ғалымдар тұрған. Әрине, атақты геологтың Жер шұңқыры туралы ойлары дәлдікке жанасса да, ол кітап сюжетінің прототипін жасауда нақты ғылыми зерттеулер мен ежелгі аңыздарға сүйенген.
ХVІІІ ғасырдың басында Жердің қуысы туралы алғашқы теорияны оның атымен аталған кометаны ашқан атақты астроном және математик Эдмунд Галлей айтқан болатын. Ғалым Жердің шұңқыры туралы ой-тұжырымын түсіндіру үшін егжей -тегжейлі ғылыми теория жасайды. Эдмунд Галлейдің айтуынша, Жер екі сферадан тұрады, олардың әрқайсысының өзіндік маг-ниттік осі барлығын алға тартады.
Жер шұңқыры теориясының беделді таратушысы, атақты математик Леонард Эйлер болады, ол біздің планетада бір-бірінен үлкен ішкі кеңістікпен бөлінген екі қабат бар деп мәлімдейді. Сонымен қатар, Леонард Эйлердің есептеулері бойынша, Жердің сол-түстік және оңтүстік полюстерінде ішке алып баратын алып ойпаттар болады, ол планетаның траншеялық бө-лігі саналады.
Алайда, Обручев қуыс жер тео-риясының басқа жақтастары барын айтады. Леонард Эйлердің айтуынша, ежелгі уақыттарда да, біздің заманымызда да саяхатшылар планетаның Жер қуысына кіре алмайтынын нақ-ты түсіндіре алмайды. Бұлай болмауы да мүмкін. Жерде көптеген ежелгі өркениеттер болғандығы аян.
Планетаның ішкі жағы туралы олар-
дың аңыздары, тіпті оған өту кар-талары да болған. Агарта деп аталатын Жер қуысы туралы түрлі аңыздар Азия халықтарында ежелден сақталған. Ал Тибет халықтарының көне қолжазбалары планетаның қуы-
сы ішінде өз таулары, өзендері мен қалың ормандары бар алып құрлықтар бар екенін мәлімдейді. Бұл елді қол астындағылардың жанын басқаруға қабілетті ақылды патшалар басқарады деседі. Ежелгі халық зерттеушілері осынау жұмбақ ел тұрғындарының қолдарында тау асуларының карталары бар қолжазбаларды бірнеше рет көргенін айтады. Сондай-ақ, бір кездері Жер қуысы тұрғындарының оның бетінде өмір сүрген адамдармен тығыз байланыста болған деген аңыздар да қалған. Бұл факт ежелгі Вавилон мәтіндеріндегі батыр Гильгамеш туралы айтылатын аңыздарда көрініс тапқан.Аңызда айтылатындай олар күн сәулесі түсіп тұратын жер асты әлеміне түседі. Ежелгі мысырлықтар жер шұңқырына арнайы туннельдәліздері арқылы енеді. Ол Ресейдің солтүстік тұрғындарының ежелгі славян аңыздарында айтылғандай, құдықтар арқылы түскендігі сюжеттер түрінде суреттеледі.
Жер шұңқырына жасалған саяхаттардың көпшілігін Америка үндістерінің жасағаны да сипатталған. Олар өздерін жер асты әлеміне кіреберіс қақпасының қамқоршылары санаған. Олардың аңыз мәтіндеріне сәйкес, Жер қуысы тұрғындарының биіктігі үш-төрт метр болған. Ал тау туннельдері арқылы жер асты әлеміне түсу екі аптаға жуық уақытты алады-мыс.Жазушы Обручевтің ойлары өте дәл шыққан. Ежелгі аңыздарды білетін жазушы Жер қуысына түсу процесін жан-жақты сипаттаған. Ақпараттың маңызды бөлігімен ХХ ғасырдың ортасына дейін өмір сүрген жазушы таныс болса керек. Әсіресе, ХІХ – ХХ ғасырдың көптеген саяхатшылары Жердің тереңдігіне экспедициялар ұйымдастырумен айналысуды жалғастыра түскен. 1818 жылы американдық Джон Клифс Симмс, бұл сапарға қаражат жинау үшін АҚШ -тың ұлттық компаниясын құрған.
Ғалым Жер қуысының өз архитектурасы, күні, ормандары, таулары мен теңіздері бар екеніне сенімді болған. Ол тіпті АҚШ Конгрессіне осы миссияны ұйымдастыруды қолдау туралы өтініш те білдірген. Бірақ ол өз жоспарын соңына дейін жүзеге асыра алмай, жарты жолда өмірден озған.
1938 жылы Америка үкіметі соған қарамастан, барлау саяхатын бастап жіберген. Ресми ақпарат бойынша, ол еш нәтижесіз аяқталған, алдын-ала жасалған конспирологиялық теориялар ештеңеге сендіре алмаған. Ғалымдар Уильям Рид пен Маршалл Гарднер Жердің Солтүстік полюсінің маңында жылы оазистердің бар екендігінің, ол туралы 30-дан астам жанама ғылыми дәлелдер барын жинастырған.
Дәл осы тұста Антарктидаға фашистер өте қызығушылық танытқан. Нацистер гипотезасы бойынша олар Антарктидада база салу кезінде Жер қуысына өтетін жолды тапқан деседі. Сол кездері фашист адмиралы Карл Дениц өзінің сүңгуір қайықтарымен «Нағыз жердегі жұмақты ашты» деп жариялаған мәлімдемесі кеңінен таралып кеткен. Сонымен бірге Антарктидада жерасты неміс базаларының құрылысы құжатталған-мыс. Бұл енді қолдан-қолға өткен жалған әңгімелердің желісі іспетті. Егер жер асты жұмағының бары рас болса, кез келген адамның қолы жетпейтін сол жұмақ аралында фаштстер екінші Германия рейхын орнатар еді. Демек, бұған сенбеске болады.
КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комиссары В.Н.Меркуловтың атына жа-
зылған 1945 жылдың 28 маусы-мындағы есептің көшірмесі сақталған көрінеді. Құжатта 1945 жылдың 11 маусымында 79-шы атқыштар корпусының СМЕРШ қарсы барлау офицерлері «Фюрердің арнайы конвойының» неміс сүңгуір қайықтарының капитандарына арналған теңіз тереңдігінің өту карталарын ұстағаны айтылады. Бұл 38 карта дәліздер арқылы құпия нысандар мен су астындағы жолдармен өту жүйесін көрсетеді екен.
Ежелгі адамдардан жеткен аңыздар мен ХХ ғасырдың ортасындағы жартылай фантастикалық әңгімелер, әрине, қызықты. Бірақ біздің ХХІ ғасырдың үшінші онкүндігінде Жер қуысымен өтетін жерлердің бар екендігін дәлелдеу үшін, атап айтқанда, олардың ұшақтардан алынған фотосуреттерінің болуы да мүмкін. Немесе Жер орбитасынан спутниктер арқылы түсірілген суреттер алға тартылуы да мүмкін…
Олар шын мәнісінде бар сияқты. Әйгілі американдық адмирал Ричард Берд ұшақпен 1926 жылы Солтүстік полюске, 1929 жылы Оңтүстік полюске ұшқаны белгілі. Кейін саяхатшы өз күнделіктері мен сұхбаттарында қос полярлық құрлықта Жер тесігін көргенін айтқан. Сонымен қатар, Арктикада американдық зерттеуші жер қуысында ғажайып оазис көргенін де айтады.
1968 жылы американдық спутник Солтүстік полюстің аймағын суретке түсіріп, онда ашық ауа райы жағдайында орналасқан алып тесіктің барына көз жеткізеді. 1970 жылдың маусымында бұл фотосуреттер ғылыми журналдарда жарияланған. Кейінірек американдық билік суреттерді фотоаппаратураның қателігі мен полярлық түнмен түсіндіруге тырысқан, бірақ ол өте сенімді болып шықпаған.Осылайша, жазушы Владимир Обручевтің фантастикалық романында басты кейіпкерлердің нақты прототиптерінің болмағанын, шығарманың бүкіл сюжеті автордың өзі шын жүректен сенген мифологиямен, ғылыми фактілермен және конспирологиялық теориялармен бекітілгені айғақталды. Шырақ неғұрлым қатты жанса, ол соғұрлым тез өшеді деген осы болса керек…

 

Әзірше ешқандай пікір жоқ.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз.

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *