ТАFДЫР (ақын-жазушылардың өмір тарихтары)
14.06.2024 0 168
Ермек ЗӘҢГІРОВ,
ҚР Жазушылар Одағының мүшесі, журналист
АҢДАТПА
Алып адамдар даңқын арқалап туатын көрінеді. Сол алыптар тобы ғасырлар үнін қос мүйізімен көтеріп тұрған өгіздер іспетті. Бірақ олардың күші де, күресі де, мінезі де әрқилы. Олардың арасында қара қылды қақ жаратын дау шешер данышпан да, пәруарлы пенде де, періште кейпіндегі провокатор да, талассыз күрескерлер де бар. Бұл қатардан толассыз күресінің арқасында соңына ел ерткен тап-таза рух иелерінің де болғаны аян. Бұл тізімдегі қоғамның ең озық үлгісін тасымалдайтын ақын-жазушылардың өмір тарихы қызықты болары хақ. Олай болса, оқып көрейік.
Құмар ойын сиқыршысы
Николай Алексеевич Некрасов
Талантты адамдардың тағдыры таңғажайып оқиғалардың жиынтығы. Әр адамның өзгеден жасыратын құпиясы болады. Бірақ ол бізге әртүрлі рәуіште жетеді. Айырмасы, айтылуында емес, айта білудің деңгейінде қалады. Көз салып қарасаң, керағар пікірдің астарынан да шырылдаған шындықтың үні естіледі. Ал ол бізге тағылым үшін қажет. Несі болғанынан гөрі, несі қалғаны маңызды.
ХІХ ғасыр – Ресей үшін әдебиет пен құмар (карта) ойындарының гүлденген дәуірі болды. Сол тұста орыс зиялыларының басым көпшілігі әйелді шын сүюден және құмар ойын-
дардан нәпсісін тыймастан көп зардап шекті. Сондықтан көз арбайтын тақтадағы төрт карта әдебиет классиктерінің тағдырында маңызды рөл атқарды.
Оның соңы көп жағдайда – өлімге соқтырып жатты.
Құмар ойын көлден балық аулау емес. Төрт кароль мен төрт қатын қолыңа бақыт құсы болып қона бермейді. Бірде бағың болады, бірде омақаса құлайсың. Сол орға құлағандар арасында – Лев Толстой, Федор Достоевский тіпті Александр Сергеевич Пушкин де бар. Карта ойыны оларды орасан зор шығынға батырып, өмірлерін қараңғы етті. Құмар ойынынан сол кезеңнің қос ақыны ғана жеңімпаз болып шықты. Олар – Габриэль Державин мен Николай Некрасов. Екеуі де карта ойынынан қомақты байлық жинап алды. Олар мол дәулетті тәубемен емес, айла-шарғымен жинады. Басқа да, жасқа да қарамады. Картаны достық та, ағайын да жоқ принципімен ойнады.
Жоғарыдағы жолы болғыш қос ақын да өз дәуірінің талантты ақындары болды. Біз осы екі ақын туралы көп зерттеген болдық, бірақ жоғарыда аты аталған атақты ақындардың олар туралы айтқан есті естеліктерін кездестірмедік. Ақшада достық жоқ, есеп ғана барын сездік. Шырғалаң тартыста, атажауындай өзін үнемі үптеп кететін адамды кім жақтыра қойсын, әлгі ұтқыш екеуі де ағаларының ақ батасын ала қоймапты.
Жеті атасынан құмар ойыншылар
Бас кейіпкердің бейнесін сомдау үшін сол кездегі өмір салтына назар аударып, тарих беттерін парақтап көрген абзал. ХІХ ғасырдың атақты ақыны Николай Некрасов осыдан 200 жыл бұрын, 1821 жылы 21 қарашада дүниеге келген. Ол сонымен қатар
заманының ең жолы болғыш бас-пагерлерінің бірі болған. Оның аң-шылық пен құмар ойындарға деген сүйіспеншілігі көпшілікке белгілі болған.
Некрасов жас кезінен еркін ойлы, ерік-жігері күшті болып қалып-тасқан. Өз байламы бойынша, әскери қызметтен үзілді-кесілді бас тартқан. Оқуға деген ұмтылысында емтихан сынынан құлап, филология фа-культетіне ерікті тыңдаушы ретінде қабылданған. Әкесі оның бұл қадамына қанағаттанбай, қаржылық тұрғыда қолдау білдіруден бас тартқан. Осыдан соң ол қаңғыбастарға арналған түнгі үйлерге қонуға мәжбүр болған. Ол мұндай өмір сүру орталығынан қорықпаған, қаңғыбастармен оңай тіл табысып, достасып кеткен. Қаражат табу мақсатымен түрлі жұмыстар істеген, кейін қаламмен ақша табуды қолға алып, әңгімелер, водевильдер, газетке күнделікті мақалалар мен әндер жазып, бұқаралық әдебиетке еркін араласқан. Оның қаржы табу жолындағы өлермендігі 1840 жылдардың аяғында оны бай адамға айналдырған. Бірақ ол сол кезде өзін байсалды жазушымын деп есептемеген. Алғашқы маңдай терімен тапқан ақшасын құмар ойындарына салмаған.
Әр нәрсенің өз жолы болады. Оның карта ойынына деген құштарлығы тұқымқуалаушылықпен келген. Барлық Некрасовтар әулетімен құмар ойыншылар болыпты. Және оны аса жігерлікпен, үлкен құлшыныспен ойнайтын болған. Оның өзіндік тарихы да бар.
Николай Алексеевич ол туралы: «Үлкен бабам – 7 мың, арғы атам – 2 мың, өз атам – 1 мың рубль ұтылған, менің жоғалтар ештеңем жоқ», – деп айтқан көрінеді. Ол әкесі туралы ауыз толтырып айтуды жөн көрмеген. Олардың қарым-қатынасы тым нашар болыпты. Бірақ ол құмар ойынға аса құмар болған. Рас, ата мен әке тек қысқа мерзімді құмар ойындарда қатысқан, онда сіз 5 минутта үлкен соманы ұтып немесе жоғалта аласыз. Пушкиннің «Көк патшайымындағы» Германы сияқты: «Үш карта, үш карта…». Бірақ ата-бабаларының барлық ойындарын мұқият зерттеген Некрасов коммерциялық ойындарды, қалыптасқан жағдайды талдай келе, қозғалыстарды, есептеуді талап ететін ұзақ ойындарды артық көрген. Қарсыластарының табиғатын зерттеп, соған қарап, тактика құруды ұмыт-
паған. Бұл Некрасов пен оның қарсылас достары түнде ойнайтын артықшылықтар мен ұқсастықтар ке-зінде кәдеге асқан. Некрасовтардың бірнеше ұрпағы ежелден мұраға қалған есепсіз байлықтарын құмар ойынға салып жіберген. Осылайша құмар ойынның құлқынына байланған қоғамда адамдар шынайы күле алмай қор болған.
Карта ойыншысының стратегиясы
Кез келген пенде өз аралының жал-ғыз тұрғыны. Жалғаннан жалықпас үшін жанының рахат табатын жерін іздеп аласұрады. Қиқым күйбеңнен күйзелген кездері жанын жалдап, арттағыны аңдап, алдағыны барлап, бүгінін қамдап барып құмар ойынға кірісетіндер бар. Ақын күнілгері ертеңгі ойын алаңын, оған кімдерді шақыру керектігін күн ілгері ойластырып қоятын болған. Атасы мен әкесі алдағы болатын ойынға алдын ала дайындалып, түрлі комбинациялар жасап, бас-аяғы 5 минутта қалай үлкен ұтысқа қол жеткізуге болатынына болжамдар жасайды екен.
Өмірде, махаббатта жиі импульске, сезімге сенуге болар. Ал карта ойынында байсалдылық танытып, ақыл-ойға салмақ салып, математикалық есептерге қалай жүгінуге болады? Құмар ойыншылардың арасында ондай әдістерге арқа сүйейтін арнайы топтар болған. Сондай үздік ойыншылар арасында Некрасовтың ең үлкен шығыны – 63 мың рубль, ең сенімді ұтысы – шамамен 600 мың рубль болыпты! Бұл сол кездегі ғажайып қырғын ақша.
Некрасов карта ойынының комбинацияларын жетік білген және үнемі өзін-өзі тәрбиелеп жетілдіріп отырған. Ол ара-арасында поэзиямен айналысып, «Современник» журналын редакциялап отыруды да назардан тыс қалдырмаған. Қолы босай салысымен қос қолының жеңін түріп, карта комбинацияларын қағазға түсіріп, сызып отырған. Ақын танымал әңгімелерден нағыз поэзияға, таверналық компаниялардағы ойындардан ең жақсы елордалық клубтардағы карта шайқастарына еркін көшіп отырған. Оның өзіндік ережесін қалыптастырған. Ойын-сауыққа бала-шағаның нәпақасынан бөлек, арнайы бөлінген ақшамен ойнаған. Егер ол бөлінген ақшадан ұтылса, дереу ойынға тоқтау салып отырған, қарымта қайтаруға тырыспаған. Бұл – нағыз ойыншыға қажетті тәртіп. Орыс халқында: «Әке баласын ойын ойнағаны үшін емес, есе қайтарғаны үшін» — ұрады деген мақал бар. Некрасов бұл жазылмаған ережені өмір бойы ұстанған, бірақ жыл сайын картаға бөлінген соманы өсіріп отырған. Оның қазіргіше айтсақ, бюджетін қалыптастырған.
Оның бойында басқа ережелер де болған: «Ешқашан тырнақтары ұзын серіктеспен ойнауға болмайды егер ойында сәттілік болмаса, оған табандылық танытпағаныңыз абзал. Преферанста жолыңыз болмаса – пикетке шығыңыз, пикет сәтсіз болса – рулетка ойнаңыз, бірақ ешқашан тағдырыңызды тәлкекке салмаңыз, ойын алдында серігіңнің көзіне тура қараңыз, егер ол бұл көзқарасқа шыдай алмаса, ойын сенікі, ал егер оны байқасаңыз, мың рубльден артық бәс тікпегеніңіз дұрыс. Мұндайда есепті, ақылды ойыншы аштықтан өлуі керек: бір сағат, екі, үш сағат, бір күн, ол қателесе бастағанша ойнай беріңіз». Бұл енді ойын үстінде тәбетіңді теже дегені.
Шабыт шақырған төрт карта
Ойыннан бұрын, ол талантты ақын еді. Ал ойын оған шабыт берді! Ол ойын үстеліндегі адамдарды мұқият және тереңінен танып білген. Некрасов сатираларының және өлеңдерінің көптеген жарқын бейнелері клубтық өмір мен карта шайқастарынан шабыт алуынан туындаған. Оны өзі де мойындаған.
Ақынды ойын үстінде мұң мен көңілсіздік билеп алатын болған. Ол тойымсыздармен қатар отырып, тойып тамақ ішпеуге ант берген. Сонымен қатар, әдеби журналдар мен жинақтар шығарып, цензураның да мазасын алып отырған. Ал карта ойыны ақынды империя элитасымен жақын болуға жол ашқан. Ойын айласы оны генералдармен, министрлермен, ірі жер иелерімен достастырған. Ресей империясында сөзі ықпалды ақ жағалы мырзалар – Некрасовқа әдеби мәселелерде еркін болуға көмектесіп отырған. Өзіндік мені бар ақын оларды жабысқақтар, деп келеке еткен! Бүлікшіл, төңкерісшіл райдағы өлеңдер жазатын Некрасовтың күт-пеген жерден жоғары жақтан қолдау тапқанына қызғанышпен қараған жаулары оған таң қалысқан. Негізі ақынға өзінің сенімді преферанс ойынындағы жоғары мәртебелі әріптесі қолын соз-ған іспетті.
Осы партияда ақын аса ықпалды және бай адамдармен бірге «өмір» сүрген, сол арқылы қомақты қаржыға қол жеткізген. Ол қомақты қаржы көздері «Современник» журналына қажетті адамдарды және ең алдымен – ең қатаң цензураны ішіп-жегізуге, тойдырып тамақтандыруға жұмсалған. Олардың барлығы қымбат мейрамханаларда тамақтануды ұнататын. Некрасов журналы өз авторларына өте жоғары қаламақы төлеген. Арам жолмен суарылған ақшасын өз отбасының мұқтажын өтеуге жұмсамаған.
Некрасовты екіжүзділігі үшін сөк-кен зұлым тілдер де болған. Олар поэзияда оның «халықтың мұңын күйттеуші» билік иелерін сынап, оларға соққы беруші ретінде көрініп, өмірде басқаша әрекет ететінін, күнделікті солармен бірге қайнап жүретінін айтып сынаған. Федор Дос-тоевский: «Миллион – Некрасовтың жын-шайтаны», – деп шаға сөйлеп, сәуегейлік жасаған және ақшаға деген сүйіспеншілік оның нағыз ақын болуына кедергі келтірді деп өкінішін білдірген. Әйтсе де, Достоевскийдің өзі әлдеқайда шытырман құмар ойыншы болған және ол да әлдеқайда табыс-ты болған… Тіпті «крепостнойларға жеңіліп жатыр» деген күңгірт қауе-сеттер де тараған. Бұл – жалған сөз! Рас, ақын тек ақша үшін ойнаған және тапқанының бәрін жоғарыда айт
қанымыздай, «Современникті» шыға-руға жұмсаған. Біріншіден, оның құмар ойындарының шарықтау шегі реформадан кейінгі кезеңге дөп келген. Ал бұл тұста крепостнойлық құ-қық жойылған болатын.
Азартқа айналған азап
Преферанс ойыны заңмен қор-ғалған. Штаб пәтері – Ұлыбританияда орын тепкен. Ақын 1854 жылы Ағылшын клубының мүшелігіне қабылданған. Ол кезде Николай Алексеевич қаржылық мүмкіндіктері жағынан империяның негізгі ойын-шыларының көпшілігінен төмен болатын. Ол қосымша толқуды бастан өткерді: ұрып-соғу үшін емес, регалия тәжін киген немесе «корольдік» байлықты мұра еткен нағыз байды жеңуді өзіне мақсат етіп қойған. Олардың көбісі арық-сырық, атақты ақынға алғашында сақтықпен қараған. Бірақ ол тез арада өзінің олармен қақтығысуға дайын интеллектуалды ойыншы ретінде үлкен беделге ие болды. Сонымен қатар, Некрасов тапқыр әріптес және әртүрлі наным-сенім темпераментіндегі адамдарға сенім кілттерін қалай табуға болатынын жақсы меңгеруімен есте қалды.
Ол сондай-ақ, олардың мәртебелі генерал-адъютанты, император Алек-
сандр II-нің жеке досы, сарай ма-ңында өте ықпалды мырза, граф Александр Адлербергті бірнеше рет «жабдықтауымен» де көпшіліктің есінде қалды. Александр Абаза
– империяның қаржы министрі, бай шенеунік болатын. Аса жоғары мәртебелі шенеунік – Некрасовқа бір ойында 250 мыңдай қаржысынан ұтылған. Бұл – сол кездегі орасаң зор байлық еді! Ақша, ақша, бірақ олардың барлығы Некрасов туралы ең жақсы естеліктерді жадыларына сақтап қалған, ешуақытта кек тұтпаған.
Карта ойыншыларында жазылма-ған бір заң бар. Ойын үстінде олар бір-біріне қарыз бермейді. Некрасов та оны бұзбаған. Ойын үстінде ешкімге қарызға ақша бермеген. Бір ойында «Современник» журналының жас қызметкері Пиатровский, бола-шақтағы айлығы есебінен Некрасовтан жылап отырып, қарызға 300 рубль ақша сұрайды. Ақын былайғы кезде сұраған жанның мәселін қалдырмайды екен. Ол бұл жолы оның сұранысын қанағаттандырмай, мен өткенде сұра-ған ақшаңды берген болатынмын, бұл жолы оның реті болмай тұр, – депті. Ертеңіне ол атылып өліпті. Әріптесінің мұндай күйге түскеніне өкініш білдірген ақын: «Қайдам, білсем, мен оған 10 мың рубль беретін едім ғой» – деп қиналыпты.
Ақын үнемі Санкт-Петербургтегі беделді клубтың ең тыныш бөл-месінде ойнайтын болған. Онда игі жақсылардың ең жақсылары – ең шебер және ең бай ойыншылар жиналатын болған. Мұнда түс ауғаннан, кешке дейін жоғары ставкалар үшін ойын өткізіледі екен. Бірақ олар үшін бұл тек тұқымдық, қыздыру ойыны саналған. Клубтан кейін жасыл үстел ойыншылары тар шеңберде жеке пәтерлерде жиналатын болған. Ойыншылар көбінесе Некрасовтың үйінде жиналып тұрған. Мұндай ойында ең үлкен сома қойылған.
Қандай құмар ойын болмасын ол – қауіпті элемент. Кездігін қойнына жасырып жүретін адамдар да болады. Бірнеше трагедиялық романдардан кейін, орыс әдебиетінің алғашқы сұлуы Авдотя Панаевамен бірге – Некрасов құмар ойын түндерінде қайғыға бата жаздаған. Ақын карталарды сапырғанда қолына-қолы жұқпайды екен. Бірақ ол әрқашан ойынды қалаған кезде тоқтатып, шығып кетуге жеткілікті дәрежеде мінезге ие болған. Карта оның жүйкесіне зиян болып тиюі керек дегендерге, ол өз қарсылығын білдірген.
– Керісінше, карталардың арқа-сында мен жүйкемді қуаттандырамын, ол болмаған жағдайда мен жүйкемді жұқартар едім. Мұндайда өлең жа-
зудың қажеттілігін сезінесіз, оларды басып шығаруға ешқашан рұқ-сат етілмейтінін де алдын ала білесіз. Бұл адамның тілі кесіліп, сөйлеу мүмкіндігінен айырылғандай күй», – дейді екен. Некрасов өзінің хаттарының бірінде: – Шағымданар сәт келді, карта ойыны үнемі уақытымды алды, ол барлық шырындарымды сығып алды, – депті.
Н.А.Некрасов қайтыс болғаннан кейін де ол туралы көптеген қай-шылықты пікірлер қоғамды кеулеп кетті. Оны «Халық мұңының жақтаушысы» деп суреттеушілер де, шығармаларына «Поэзия үні түнемеген», екі жүзді, мінезі өзіне-өзі қайшы келетін ақын деген пікірлер де болды. Оның жүрегінің қатыгездігі ақынның жеке мүддесі. Оның шығармаларын талдап, сонымен бірге оның тұлғасына мұндай көзқарастардың біржақты, әділетсіз екенін дәлелдеушілер де жетерлік.
«Литературная газетаның» шыққан уақыты Некрасовтың өміріндегі ауыр сынақтар мен асқан ауыртпалық жылдарымен тұспа-тұс келді. Ол өте кедей болып жаратылды, ұзақ аштықты, жоқшылықты, баспанасыздықты, бола
шаққа деген сенімсіздікті басынан өткеруі оның көптеген өлеңдерінің мазмұнында көрініс тапқан. Ол өзі шығарған жинақтарының бірінде сипаттаған Петербург бұрыштарында өмір сүрудің қаншалықты қиын екенін оқып білгені абзал.
Некрасовтың «Литературная газе-тадағы» еңбектерінің көпшілігіне Перепельский деген лақап атымен қол қойылған. Ол Польский мен Семячко есімдерімен де «Водвильдік көріністер журналында» да жарияланған.
«Мен жазушымын, базардан келген саудагер емеспін. Менің газет беттерін қан мен көз жасымен жуғым келетін әдебиеттің датымен ластауға ниетім жоқ», – дейді ол өз естелігінде.
Некрасовтың жаулары көп болды және ол туралы ең жаман қауесеттер таралды. Осы қауесеттерден туындаған аңыздар, өкінішке орай, бүгінгі күнге дейін қоғамда өмір сүріп келеді.
Заңды білмегендіктен, бәлкім, жаман және арам ниетпен Некрасовты қоғамдық жиналыстар мен клубтарда ірі көлемде ақша ұтып алғанын айтып, осы бойынша үстінен іс қозғауға ниетті адамдар да болған. Олардың басым көпшілігі жазушылар арасынан шыққан.
Адамның моральдық келбетін бағалауда «күнә» емес, оны танып, терең білу маңызды. Некрасовтың жан дүниесінің тереңінен атқылаған, ішкі көз жасымен суарылған айқайларын еске алу керек. Ол өзінің осы іске молынан сүңгіп кеткенін, арам ұсақ ойлардың, ұсақ құмарлықтардың лайына малтыққанын жасырмайды. Міне, жау қуанып, кешегі дос абыржитыносы бір үнсіздігі бізді ойландыруы тиіс.
Некрасовтың 1866 жылғы мұңды өлеңдері қолында диктаторлық билігі бар, шенеунік – ең көрнекті журналдарды тоқтатумен қорқытқан граф Муравьев-Виленскийге ақындық сәлем-десуіне қатты ренжіген шағымдардың жаңғырығы да болды. Ол өз әрекетінің қатал «емізіктің» жұмсартқыш әсеріне тым сеніп, қатыгездікпен қателесті. Ол редактор болған «Современник» газеті мен «Русское слово» газеттері де өз өмірін аяқтады. Бірақ ол ешқандай жеке мақсатты көздемей, қоғамдық ойдың жетекші органдарын жойылудан сақтап қалу үшін өзінің беделін қатерге тіккені сөзсіз еді.
Ойынға тігілген махаббат
Дегенмен құмар ойын оған ешбір банкноттармен өлшенбейтін шынайы бақыт әкелді. Бірде ол бай және шамадан тыс құмар ойынға әуес, көпес Литкин дегеннің карта ойынында ортаға тіккен үй көмекшісі жас сұлу Фекла Викторованы ұтып алады. Көпес 19 жасар үй қызметкерін құмар ойынға салып, жеңіліске ұшыраған кезде ренжімепті. Үйіне ақша орнына адам ертіп келген Некрасов онымен тең дәрежеде сөйлесе бастаған. Ол көпестің қызметіне жегілген солдат-барабаншының қызы екен.
Есті азамат дегеніне көнген қыздан гөрі, өзіне-өзі сенген қызды қадірлейді. Ол бір кез әйелдердің азаптан арқасы жауыр, бейнеттен белі бүгіліп жатқан кезі болатын. Ең бақытты әйел бас иесімен бақытты әйел, бас иесін бақытты ете алған әйел. Ақын оған – Зинаида Николаевна деген жаңа есім береді, бірте-бірте өмірлік сабақ бере бастайды. Рас, Некрасов өзінің жаңа қамқоршысын әдеби істерге тарта алмайды және ол бұл әрекеттерден бас тартады. Ақын оған француз тілінің мұғалімін жалдайды. Кейін ақын оны қатты жақсы көреді. Зинаида Николаевна француз тілін ыждағаттылықпен оқып үйренеді.
Николай Алексеевич өзінің сүйік-тісінен 25 жас үлкен болғандықтан, оның болашағына қамқор болады. Айықпас дертке шалдыққан кезде Зинаида Николаевнаға лайықты мұра қалдыру үшін заңды некеге тұрады. Шіркеуге жаяу бара алмағасын, әскери діни қызметкерді үйіне шақырып некесін қидырады.
Көп ұзамай Зинаида Николаевна Санкт-Петербургтің ең бай жесірлерінің біріне айналады. Соңғы күнге дейін ол сөніп бара жатқан ақынды құтқаруға тырысып, оның жанынан бір елі қалмайды. Көпшілік оны өзімшіл себептермен адалдықты бейнелеп жүр деп ойлайды, бірақ ол оны шынымен жақсы көреді. Некрасов қайтыс болғаннан кейін Зина әлі жастығына қарамастан, үнемі қара киініп, өмірін ақынды жоқтаумен өткізеді.
Алғыс пен сыйластық аралас махаббат күшті сезім болып шығады. Өмір бойы ол оны тиран көпеспен қалай ұтып алғанын, жалшы қыздан зайырлы сұлу әйелге қалай айналғанын, өзіне деген ақынның мейірімді болғанын есінен шығармайды. Сөйтіп, ақын әйел бақытын картадан ұтып алған әйелінен көреді.
Некрасов халық арасында ұмыт қалған жоқ. Революциялық ортада ол ұзақ уақыт бойы тың ойлардың билеушісі саналды, ал поэзия білгірлері оның мұрасындаәлі де ашылмаған аралдар барын айтады. Ойыншы, баспагер, ақын, саяси гуру – бәрі бір амплуаға сыйып жатыр.
***
Өмірде ақынның шынайы достары болмаған. Оның жалғыз досы тағы да Кони. Мемлекеттік Думаның мүшесі, сенатор, пракурор, сот төрағасы, сол тұстағы барлық ірі жазушылардың досы болатын.
Ақын өмірінде бір адаммен ғана ашық сөйлесуге барған. Ол – әдебиет ауылына жаңа ғана бет бұрып жүрген, атақты заңгер Анатолий Федорович Кони. Бұл – Ресей империясындағы белгілі тұлға болатын. Қоғамдық негізде ақын-жазушылардың адвокаты болып кеткен осы бір қайраткерді жағаламаған адам жоқ болар. Енді Конидің 1908 жылы «Вестник Еуропа» журналының №5-ші санында жарияланған ақын туралы эссесінен үзінді келтіре кетсек.
«…Қоғамда қорланғанғаны бар, ренжігені бар соңынан еріп, крепостнойлық, жалдау және бюро-кратиялық немқұрайлылықтың қа-раңғы және қатыгез аспектілеріне деген ашуын оятты. Ол қоғам жастарын орыс ауылының өміріне енгізді және Тургеневтен басқа әдістермен болса да, олардың бойында қарапайым орыс адамына деген жанашырлық пен оның рухани күштерінің өмір-шеңдігіне сенім тудырды. Оның тілінің көркемдігі, ықшамдығы мен әсерлілігі туралы, тұтас сурет салатын терең мазмұнды сын есімдердің байлығы туралы, шебер ономатопеялар туралы, шығармаларында жомарт шашылған жарқын бейнелер туралы осы тұста айтудың қажеті бар ма, білмедім? Балалық шағының «зорлықшыл жабайылар арасында» өткен ауыр көріністерін ұмытуға болар ма? «Владимирка бойынан» өткен сотталушылардың тізбегінің шылбыры мен Еділ бойындағы баржа тасымалдаушылардың мұңды әнін және қайғылы аналардың ащы көз жасын, ол соншалықты жүрек толқытар мұңмен жырлады?
Некрасовтың поэзиясымен танысу туралы мәселе болмаған кезде, ол әлі толық көлемде айналаға танылмаған кезде, мен оған әкемнің, баспагер-редактордың айтқан әңгімелерінен қанықпын. «Литературная газета» 1840 -1841 жылдары «Пантеон және репертуар», 1843 жылдан 1851 жылға дейін «Пантеон» деп аталып, әдеби-көркем бағдарламасын едәуір кеңейткен еді. Кішігірім баспагерлер – трейдерлер үшін кітаптар жинап, не жазу керек және қалай жазу қажет екендігі туралы асығыс тапсырыс беріп жатты. Жазушылар жазу арқылы ғана өзін, отбасын асырау үшін, жалданып өмір сүрулеріне тура келді. Өмірінің осы кезеңінде «Литературная газетаның» редакторы онымен кездесіп, жас жазушының талантын бағалап, кейде апта бойына баспана беріп, сол кездер үшін жақсы жалақы төлеп, басылымда қызмет ұсынған кездер де болды. Болашақ ақын ол кезде қаңғыбастар арасында үйсіз-күйсіз өмір сүріп жүрген-ді. 1841 жылы 16 тамызда Ярославльден жазған хатында Некрасовтың «жақсы достарының» бірі өсек-аяңнан туындаған кейбір түсініспеушілік туралы менің әкеме былай деп жазады: «Сіз мені шынымен бұзылған және төмен адам деп санайсыз ба… Менің әлі есімде, осыдан екі жыл бұрын менің қалай өмір сүргенім… Мен сіздің көмегіңізсіз көшу мен кірден қалай құтыла алатынымды енді түсіндім… Мен сізге барынша қарыздар екенімді мойындауға ұялмаймын, олай болмағанда мен бұларды жазбас едім. Ол мен үшін мәңгілік дәлел болып қала алатын жолдар…».
–1861 жылдың күзінде Добролюбовты еске алуға арналған әдеби кешке қатынастым. Сол кеште Некрасов, марқұмның әлі баспаға түспеген қуатты өлеңдерін оқыды. Оның қуаң дауысы мұңды үнмен үйлесіп жатты. «Өлімге рұқсат етіңіз – қайғы аз, менің ауру санамды бір нәрсе қорқытады, өлім мені қорлайтын әзілмен тәрк етпесін», – деді ол. Бұл бізге Добролюбовтың өзінің ауыр дауысы сияқты сезілді. Некрасовтың өлең оқығанын он жылдан кейін, М.Е.Ковалевскийдің кәмелетке толмаған қылмыскерлерге арналған колонияда өткізген кешінде тағы да естідім. Көрермендер ақыл-ой дамуы жағынан талғампаздық танытты. Маған ол үнемі сабырлы, ұстамды, өлең оқығанда мазасызданып, кейде дауысынан жас шығып кететіндей көрінді. Шынайылығы үшін жиі-жиі сөгіс алатын ол, Волконская ханшайымның, әсіресе, Трубецкойдың өзіне соншалықты күшпен, қарапайымдылықпен жыр-ланған моральдық азаптарды жан-тәнімен сезініп, алаңдағаны анық еді.
1872 жылдың басынан бастап, Нек-расовты оның адал досы Александр Николаевич Эраковтың үйінде жиі кездестіре бастадым. Некрасов оған «Соңғы уақыт» деген өлең арнапты. Ераков білімді, өте мейірімді және көркемдік талғамы жоғары парасатты адам еді. Оның қонақжай үйіне сүйікті қонақтар болып – Салтыков-Щедрин, Алексей Михайлович Унковский, Плещеев және Некрасов болды. Соңғысы апасына жиі барып, жаңа жазған өлеңдерін әкеліп тұратын. Ераковтар отбасымен жақын танысуымның арқасында мен Некрасовтың 1871 жылдан кейін шыққан барлық дерлік шығармаларын, қолжазба күйінде де, кейде түпнұсқа түрінде де оқыдым.
Некрасов әпкесін өте жақсы көретін және оған үлкен ілтипатпен және жанашырлықпен қарайтын. Оның бойында ғажайып сұлулық іздері бар болатын ал қатал жүзінде ағасына ұқсастық белгілер байқалатын. Ол шамасы, өз басынан шекарада тұрған адамдардың басынан өткерген айыру мен моральдық шаншу жылдарын өтпеген іспетті. Сондықтан «тіршілік үшін күрес» оның бойында, оның сымдай тартылған сымбатты келбеті мен өңінде атой салып тұратын. Некрасов, Ераковтарға арба немесе күйме жалдауы үшін, қымбат тон киіп жүруі үшін, кейде кең-байтақ даланы серуендеуі үшін, ақшаның бетіне қарамастан, жұмсайтын. Бірақ оның көзінен, оның сау емес өңінен бір жылылық көрінбейтін. Оның бойында өткінші ескі шаршау белгісі іспетті жастық шағына соғылған штамп мөр болатын.
Ол анда-санда Герценнің «Қо-ңырауын» әкеліп, онда император Александр II-ге қарсы жазылған қатал әрі күйдіргі сөздерді қуана оқитын. Бір күні мен оның үйдегі мінез-құлқы мен шаруалар жағына жиі шығатын Федюкинге деген ашу-ызасы арасындағы шектен тыс келіспеушілікті байқаға-
нымда, жоғарыда айтылған ерсі-ліктерге таңданыспен қарап, менің ақыл-ойымның дамымағанына өкініш білдіріп, иығын қиқаң еткізетін де, сөзімді кесіп тастайтын. «Мұнда ешқандай келіспеушілік жоқ және таң қалатын дәнеңе де жоқ! Оның ұрысқаны маған ұнайды, оған дұрыс қызмет етеді! Неліктен ол шаруаларды босатып, әртүрлі Федюкиндерге бізді тонауға көмектесті?!», – деп алас ұратын. Маған Некрасовтың Литейнаядағы Краевскийдің үйіне барып, бірнеше рет онымен бірге «Отечественный записки» қызмет-керлерінің ортасында бір-екі рет кешкі ас ішуге тура келді. Онда марқұм «жазушылардың досы» Михаил Александрович Языков өзінің көңілді де қиялды әңгімелерімен жұртты қайта тірілткені бар. Оның әзіл-оспақтары мен ұтқырлығы егде жасына қарамастан, ерекше құнды болды және оның жады өткеннің көріністерін есте сақтау қабілетімен таң қалдырды. Некрасовтың болашақ жары Фекла Анисимовнаны да кездестірдім, оны Зинаның үйлесімді көшірмесі деп атасақ та болады. Ол Некрасовқа деген мейірім мен терең сүйіспеншілікпен өмір сүрді.Ақын қайтыс болғаннан кейін Некрасовтың жесірі Саратовтағы ең қарапайым атмосферада оңаша қалды, жанын мұқтаждық жайлады және әртүрлі репортерлердің тітіркендіргіш тіміскі қимылдарына қарсы тұра алмады. Ол 1914 жылы күйеуінің есімін қасиетті түрде құрметтеген күйі қайтыс болды.
«Отечественные записки» басылымын шығаруға арналған қаражатқа байланысты шу да шықты. Некрасов дабылдан соң, маған таңертең ерте келіп, өзіне қауіп төніп тұрғанын айтты. Мен, әрине, оның көңілін басып, қорқынышын сейілтуге тырыстым. Өзінежеткен өсектің барлық сандырағын түсіндірдім.Ол өз-өзінентынышталып, менімен ұзақ отырған соң, көпшіліктің қызғаныш сезімін тудырған мәселенің қалай туындағанын егжей-тегжейлі айтып берді. Карта ойынына деген құмарлығын оны бақыт пен тәжірибе, ынта мен төзімділік, құмарлық пен байсалдылық арасындағы тәуекелді күреске итермелегенін де ашып айтты.
Некрасовтың «арам ойыны» туралы әңгімелер сөзсіз жала. Оны жүрексіз эгоист және екі жақты халық досы және «кек пен қайғы муза» қызметшісі ретінде бейнелеуге ұмтылу сияқты қабылдауға да болады. Ол өзі жеңіл жолмен тапқан ақшаны кеңінен жұмсай отырып, басқалардың қайғысы мен бақытсыздығына жұмсағанын көре алмаушылардың меңіреу мен соқыр болып қалғанын бірден байқауға болар еді — дейді Кони.
– Өмірді бақылаған, тірі адамдармен бетпе-бет келген кез келген адам, меніңше, жаман адам мен зұлым әлсіздікке ұшыраған не-
месе құмарлықтың жетегінде кеткен адамның арасында үлкен айырмашылық бар екенін мойындауымыз керек. Көбінесе, екіжүзді нарциссизмді тудыратын мінсіз дерлік «қалыптылық пен дәлдіктің» астарында сөзсіз жаман адам және керісінше, біздің ескі сот заңдары қолданатын басқа ойыншы, маскүнем немесе «айқын азғын» отырады. Ондай жандар сотта куәлік беруге де мүмкіндік бермейді, олардың зұлымдыққа бейімділігі шегінен тыс, кеңпейілді, асыл және мейірімді, әсіресе, мейірімді адамдарды жоққа шығарады. Достоевский: «Біздің елде жақсы адамдар әдетте мас емес адамдар, ал мас адамдар әрқашан дерлік жақсы адамдар»,- деп бекер айтпаса керек. Некрасовтың орыс қоғамына сіңірген әдеби-адамгершілік қызметі соншалық, оның кемшіліктері жоқтығы анық дәлелденсе де, ол толығымен жойылмай келеді. Мұны марқұм Боровиковский өзінің «Төрешілерге» деген өлеңдерінде әдемі өрнектеген, онда «қателіктеріне сай лайықты минаға байланып мұңға шыланған жапырақ шашатын табанды моралистке сілтеме жасай отырып: «Сіз мұңайған жердегі дақтарды санадыңыз, күн және оның сәулелеріне назар аудармадыңыз! ..»- дегені жеткілікті болуы керек еді. Некрасов ұзақ ауырды, ауыр өлім аузында жатқанда, мен оған бірнеше рет бардым, аурудың оны аяусыз мүжіп жатқанын көргенде толқуымды әрең іркідім. Ол өте ыңғайсыз күйде, ілмиген арық денесі бір ақ парақтың екінші жағынан анық көрініп жатқанын көру менің жанымды түршіктіріп жіберді. Дауысы әлсіз, дірілдеген қолы салқын, көздері тірі көрінсе де, оның азапты өмірді бастан өткеріп жатқанын көру қандай қиын болды. Соңғы рет көргенімде ол маған сирек баратынымды айтып ұрысып берді.
Ақында жерлеу рәсімі ұзаққа созылды. Менің есімде, Санкт-Петербургтегі екінші бейресми жерлеу рәсімі өтті. Оған қоғамның әртүрлі топтары қатысты. Біреулер оған құмарлық им-
пульсімен келгені байқалды.
Айта кету керек, бекітілген тәртіп тұрғысынан бұл жерлеу рәсімдері Достоевский мен Тургеневті жерлеуде көрсетілген шаралардан айтарлықтай төмен болды. 1877 жылы 30 жел-тоқсанда Некрасовты жерлеу күні «Вестник Европы» редакторының үйінде еске алукеші өтті.
Сүйегі асыл орыс адамы, өмір сүрудің білгір маманы, өз халқының тарихи құбылыстарын терең зерттеуші Кавелин, Некрасов туралы сөйлеген сөзінде: «Иә, мен оптимистпін, орыс қоғамы қаншалықты ұсқынсыз және азапты болса да, қарапайым орыс адамы өз міндеттерін түсінеді, өз өмірін дамытады деп сенемін. Ресейдің бай, рухани күші оны өз иығында көтеріп жүрді. Ол асығыс және күңгірт жалпылауларға қарсы шықты. Біз орыс халқына сенуіміз керек, оны сүюіміз керек – онсыз өмір сүру мүмкін емес. Мұны оның адамгершілігі мен әдеттеріне қарай емес, идеалдарына қарап бағалау керек», – деп Монтескьенің айтқан сөзін қуана қайталады. Некрасовтың туған жерге, орыс халқына деген сүйіспеншілігін сондай күшпен, сұлулықпен өрілген «Тыныштық» пен «Бақытсыздық» деп сәл дірілі бар дауыспен оқығанда көздері дымқыл тартып тұрды.Кавелинді бәрі сілтідей тұнып, үлкен көңіл-күймен тыңдады.
Некрасовтың өсиеті бойынша 1877 жылы және 1878 жылғы 20 қаңтарда Петербург округтік соты бекіткен заң тармағы бойынша оның барлық авторлық құқықтары, қолжазбалары мен оған әртүрлі адамдардан келген жеке хаттар Аннаға мұра болып қалдырылды. Чудово ауылының жанындағы «Лука» теліміндегі мүлкі әйелінің меншігіне қалдырылып, игерілмеген жерінің жартысын мұраға қалдырушының ағасы Константинге бөліп беру үшін әйелінің қарауына берілді.
Ақын өмірінің соңғы он жылында жиі аңшылықпен айналысты. Қолы қалт еткенде «Ресейде кім жақсы өмір сүреді?» поэмасының маңызды бөлігін жазды. Анна Алексеевна ағасының рухына құрметпен қарады және оның өлеңдерін 1879 жылы төрт томдық етіп басып шығарды, оны дайындауға ол көп махаббат пен жеке еңбегін жұмсады. 1881 жылы ол бір үлкен және ықшам томдықтағы басылымда қайталанды.
Ол 1882 жылы қайтыс болды және ақынның ағасы қайтыс болғаннан кейінгі өмірінің үш жылын да оны еске алу үшін үздіксіз қызмет етті. Ақынның шығармаларын сатудан түскен ақша мектеп ұйымдастыруға және оны ұстауға жеткілікті болды. 1882 жылдың көктемінде Новгород земствосымен «Лука» помещигін ондағы барлық жылжымалы мүлкімен, оған Некрасов атындағы мектеп ұйымдастыру шартымен, өкілдерінің уәдесімен беру туралы қатынас жасалды. Мемлекеттік мүлік министрлігі мен Земствоның субсидиялары және Некрасов шығармаларын сатудан түскен 4500 рубль Некрасов мектебінің ашылуына жетіп жығылды.
КҮДІКТЕН КӨЗ АШПАҒАН ЖАЗУШЫ
Иван Александрович Гончаров
«Егер Құдай адамды жазалағысы келсе, оны лирик етіп жаратады», деген сөз бар. Басқаша айтқанда, лириктер қарапайым өмірге, тіпті мүләйім өмір сүруге де бейім, олардың қолынан келетіні құр қиялдарға берілу мен іс-қимылдары ақыл-ой логикасына емес, құр далбаса эмоцияларға толы болып келеді екен. Алайда олардың айналасы кіл данышпан адамдардан тұратын көрінеді.
Сөзі дана, ісі ізгі, ондай жандарды парасатты адамдар әрдайым құшақ жая қарсы алып, олармен тіл табысуды аңсайды. Мұндай адамдар әдетте жазушылар айналасында көп болатын көрінеді.
Белгілі орыс жазушысы Иван Александрович Гончаров тумысынан лирик болып жаратылған. Жазушы жас кезінде нақты ғылымға деген аңсары еш болмаған. Болашақ жазушы оқыған коммерциялық училище мұғалімдерінің айтуынша, ол үнемі ащы пияз аршып отырғандай көзінің жасын бұлап отырып оқыған көрінеді. Оқу үлгерімінің нашарлығына байланысты ол екінші жылға қайталап оқуға қалдырылған кездері де болған. Қатар білім алушы болашақ өнеркәсіпшілер, заңгерлер және банкирлер оны көздеріне де ілмепті. Ақыр соңында Гончаров бастаған оқуын аяқтай алмаған.
«Сәтсіз кәсіпкер» ақыл-ойының кемелденбеуінен қатарластарынан көш
артта қалған. Алайда жадының мұнтаздай болуы өзгелерді таң қалды-рыпты. Қашанда іздеген жердентабылатын қасиеті басқаларды таң қалдырады екен. Өзін-өзі дайындаудың арқасында Гончаров емтихандарды сәтті тапсырып, Мәскеу университетінің тіл бөліміне өзі қалаған «лириктер» ортасына оқуға түседі. Алайда, Иван Александрович мұнда ешкіммен достаса алмайды, ешқайда сіңісе алмайды, еш жерге бармай, ақ тышқан сияқты өз бетінше өмір сүреді. Көзге түсудің қамын күйттеп, оқуға белсене араласуға тырысып бағады. Ол жалпы типтік студент болған. Бойжеткен қыздарға көз қырын да салмайды, студенттер ассамблеясына да қатыспайды, саяси істерге де зауқы болмайды, тіпті әдеби үйірмелерге де қатыспайды. Бір қызығы, Лермонтов, Герцен, Огарев, Аксаковтармен бір курста оқыса да,олардың ешқайсысымен жеңіл достасып кете алмайды. Адамдар арасындағы қатынастарда оның мінез сәруарында қызбалықтың құйындары көтеріліп, дауылдары соғып тұрған.Жоғарыдағы жұлдызды күннің сәулелі перзенттері ешқашан оның шұғыласын қалқаламайды. Оның бар арманы университетті жақсы аттестатпен біті-ріп, қажеттігіне қарай астанада қалу болады.
Иә, өзі ойлағандай кешегі марғау студент оқуын бітіргесін, әп-сәтте, ақ жағалы шенеунікке айналады. Гончаров Санкт-Петербургте Қар-
жы министрлігіне қызметке қа-былданады. Бұл қызмет мансап жолын қуған азамат үшін жарқын жол болғанға ұқсайды. Мұнда ол үнемі әділдік жағында болуға тырысады.Оны тобырдың айқайы да, тиранның зорлығы даәділдік шеңберінен шығуға мәжбүр ете алмайды. Алайда оны қасаң тәртіпке шегеленген кеңсе атмосферасы тартпайды. Бұл – сол бір қоғамда: «Әрбір шынайы патриот – елін шенеуніктерден қорғау керек!», «Шенеуніктерге сенімсіздік білдіру – әр адамның азаматтық борышы!» — деген шақырулардың белең алып тұрған кезі-тін.
Жазушы В.Короленконың есте-лігінде «Гончаров – атқарушы билікте оңтайлы шенеунік болды» – деуі оның өз ісіне байсалды қарағанын байқатады. Жазушылар мен журналистердің шеңберіне кіруде, адамдар әдетте эмоцияларға беріліп жатады, ал Иван Александрович бұл ортада өзін қарапайым және сабырлы ұстайды. Ал жазушы Д. Григорович: «Көптеген жылдар бойы, біз оның өзгенің шығармасы туралы айтқан жақсы сөзін естіген емеспіз.Ол қатысқан бас қосуларда біреу туралы мақтан сөздер айтылса, ол әдетте мұрнын шүйіріп, үн қатпайтын.Кейде әңгіме арқауы саясатқа немесе басқа да қауіпті тақырыптарға бұрылса, «Обломов» романының авторы өзінің сырқаттанып отырғанын немесе өзінің бос еместігін айтып, әңгімеден құтылып кететін», – дейді.
Қызбалық кезде ақыл күдіктенсе, ол тараған соң, сенің қылығыңды ақымақтық ретінде жазғырып жатады. Ал істің ақылға қонымды екеніне күмәндана отырып қимылдау – қауіпті, одан да ол әрекеттен тартынған жөн.
Жасырын және әрнәрседен күдік-тенетін Гончаров әдеби әріптестер шеңберіндеқиялға шомып, өзінше өзге әлемде шырматылып жүреді. Тобырда бас көп, ел жиналған жерде жаман көздер мен улы тілдер өріп жүретіні аян. Мұндайда өсек бір тараса, жақсылыққа күйе жағып, масқара лақап таңады, мұндайда, ізгі атпен қоштаса беруіңе тура келеді. Ал ғайбатауыздар ұлы даңқты ашық батылдықтан гөрі, өсек-аяңмен жамандығыңды ұнатады. Жаман атқа қалу жеңіл, ал одан құтылу машахат. Есті адам мұндай қырсықтан бойын аулақ ұстайды, әдепсіз дөрекілікке сылтау бермейді, ауруды емдегеннен, оның алдын алған жөн. Оған кез келген ағаттық немесе күлкілі кемістік себеп бола алады, бұлар улы тілдер үшін шабыт көздері. Гончаровтың табанының ізіне дейін жақсы білетін Достоевский: «Ол жентельмен жамылғысын жамылған шенеунік. Идеясыз және буға піскен балықтың көзі іспетті, әйтсе де, оған Құдай күлкі үшін керемет талант берген», – дейді. Ал Белинский өзінің досына жазған хатында: «Гончаров – ақын, суретші және басқа ештеңе емес. Оның өзі жаратқан адамдарға ешқандай сүйіспеншілігі де, дұшпандығы да жоқ. Әріптестері оны қолдамайды, оған қызмет етпейді. Ал ол болса, оларға немесе оқырманға өз тұрғысынан моральдық сабақтар өткізбейді. Гончаровтың талантынан басқа дәнеңе жоқ. Бұл адам өте дөрекі және сұмпайы» – дейді.
Гончаровтың досы, белгілі цензор Александр Никитенко 1864 жылғы жазған күнделігінде былай деп жазады: «Тургенов пен Гончаровтың арасында жер мен көктей айырмашылық бар. Алғашқысы күш-жігері мығым, қарапайым және асыл текті жан. Онымен сөйлесу өте жағымды. Ал Гончаров – өте толық, үрленген шар іспетті, жалпы ол провинциядан келген жасанды дворянның кейпін елестетеді. Ол өзімен сөйлесіп отырған адамның алдында танымал екендігін сезіндіргісі келеді. Өзінің эгоист, қорқақ және қызғаншақ екендігін көлегейлейді …».
Достарын ұнатпайтындар, бастық-тарды жақсы көреді. Гончаров үне-мі биік қатарда және лауазымды адамдардың ортасында жүргенді жақсы көреді. Ол жалпы биік дәрежеге жетті, жақсы зейнеткерлікке қол жеткізді және өзі қалағандай өмір сүрді.. Бұл жерде бәрі көзқарас аудиториясына байла-
нысты.
Көзқарас кеңдігі – тәрбиелілік не-
гізі. Басқаларды басқару үшін өз
сезімдеріңді жасырған абзал. Мұн-дайда үй-ішіндегілерге, достарыңа нем-
құрайды қарауға болмайды.
Мұндайда әркімнің мінезі оның жүрегінің үлкендігімен анықталады. Қазымырлықты ешкім ұнатпайды, ол мінезде басымдық танытса, ол адам төзгісіздікке алып барады. Гончаровтың мінезі тұрақты бола бермеген. Бет үшін айна бар десек те, көңіл түкпірін ештеңемен көруге болмайды ғой.
Цензор
Ұзақ уақыт бойы Иван Александрович цензордың «ұятқа» толы постын орындады. «Гончаров цензурасы» біраз талантты адамдардың жолын бөгеді. Кері байланыс, сындарлығы және белгілі әдеби шеңбердегі танымалдық саясаты Гончаровқа қол тигізбеді. Әсіресе, оның цензурасы Некрасовты қатты қапыда қалдырды. «Современникте» оның тауы сан мәрте шағылды. Некрасов сондай күйінген сәтте: «Жақсы, ол мені алғаш рет басып шығармады делік. Алайда, Платон менің досым, бәрінен шындық қымбат. Мен өмірімде екі-ақ адамға іс-әрекеттерім үшін есеп беретін боламын. Оның бірінің есімі – Құдай, ал екіншісі – Иван Гончаров», – дейді. Шындығына сайсақ, Гончаров сырттай да, іштей де өте адал адам болған. Интригаларға араласпаған және пара алмаған. Бірде белгісіз бір жас жігіт оған өлеңдерін қарап беруге өтінішжасайды. Гончаров оның жазғандарын қарап шығып, бір аптадан кейін авторға: «Мен Сіздің өлеңіңізді оқып шықтым. Ойларыңыз жақсы, бірақ онда тірі жаңалықтар аз. Менің кеңесім сол – жазуды доғарып, өз ісіңізбен айналысыңыз» – дейді. Осыдан соң, жазушы осындай белгісіз жандармен танысудан бас тартып, олардың шығармаларын ешқашан «соттамауға» тырысады. Кейін Гончаров өзін цензорлықтан босату туралы өтініш береді.
Тегін жарнамашы
Оның басты ләззаты – кітаптар емес,
ойыншықтар болыпты. Таңертеңнен кешке дейін тамақтану туралы алаң-даушылығы басым болған көрінеді.Тамаққа тәбетінің зорлығы соншалық, тағамның барлық түрлері мен тәтті сусындар, балыққа арналған тұздықтар мен маринадтар, тәтті бәліштер мен торттар, тұнбалар және ащытқылар қатар дайындалады екен.
Иван Александрович тамақты аздап ішетін болған, бірақ ең бас-тысы, дәмді болса болғаны. Мейрамханалардан ас ішу кезінде, Гончаров даяшыларға пәлсафа оқып, орындалуы қиын талаптар қояды екен. Таңдайында дәмі қалмаған астың иесін мейлі ол арнайы француз және итальяндық аспазшылар болсын жұмыстан шығаруды талап етіп отырып алатын сәттері көп болыпты. Сондықтан көптеген мейрамханалар «Обломов» романының авторын өздеріне жарнама ретінде пайдалануға тырасып баққан. Архимед заңына сәйкес, адам түскі астан кейін аздап мызғып алғанды қалайды. Гончаров күніне 12-14 сағат ұйықтайтын болған. Ол өзінің жеке өміріне құлықсыз қараған. Ал өсекшілерді тыңдауға жан тәнімен кіріскен.
Құмарлықты жаншып, некені батыру…
Гончаров махаббатта жолы болмаған жазушы. Ол туралы інісі Николай Гончаровтың әйелі Вера Чегодаева былай дейді: «Иван
Александрович әйелдерді бағын-дыруда үлкен жетістіктерге жетті. Ол әйелдерге қамқорлық жасауда, әңгімелесуде, оларға әңгіме оқып беруде шебер еді. Бірақ, барлық әңгімелерін ақырзаманға тіреп қоятын. Саптаяққа су құйып, сыртынан қарауыл қоятын. Сақтық шараларды ұстанатыны басқаларды ашуландыратын. Ал өзге-
лердің үйленіп жатқанын естісе, оларға қызғаныш танытатын. Бірде оған жас қыз ғашық болып қалады, бірақ оған ол сенімсіздік білдіреді. Ол басқа біреуге тұрмысқа шығады. Төрт-бес жылдан соң әлгі қыз Иван Александровичпен кездесіп қалады. Осы кездесуден соң ол оның күйеуімен бірге өмір сүре алмайтынын сезеді. Иван Александрович қыздың өзі үшін құрбан болғанын болжайды. Бірақ жазушы сөйте тұра, оған тағы да міз бақпайды. Сорлы қыз осыдан соң, суға секіріп кетеді. Ол құтқарылған кезде,оның кеудесінен Гончаровқа жазған хат табылады. Өмірінің соңында ол махаббат туралы жазуға отырады. Гончаров жалпы, сүйіспеншілік туралы айтқанды аса ұнатпаған. Кез келген нәрсенің соңында бықсық қалады. Онда бақыт дегенің жоқ. Естеліктерден шаш жұлу, өксік ғана қалады. Құмарлықтың соңы бақытсыздық. Ол шектеулі, оның дәмі тәтті болу үшін тұншығып өлердей болып үйлену керек. Бірақ ол сұрқай өмірге түскен найзағай сияқты болуы тиіс. Мұндай найзағай махаббат сезімі онда болмаған, яғни шын мәнінде ешкімді сүйе алмаған.
Жан ұшыру
«Қартайғанда жасалған ақымақтық, жас кездегі ақымақтан бетер», – дейді неміс мақалы. Асығыс шешіммен ақтық кесім жасайтын кісі өзін-өзі жазалайтын айыпкер. Мұндайда самал болып соқсаң, ел маңдайын тосады, құйын болып ұйтқысаң, маңайыңнан қашады. Назданса бәлсінбей, бұйымтай айтса, бұлданбай, ақыл сұраса бәлденбеу керек. Біреулер сұлулығын алға тартады.Жақсы адам деген – жақсылықты, сұлулықты көретін жан. Өкінішсіз өмір сүру дегеніміз – өкінбейтіндей тірлік жасау. Айналадан сұлулық іздеуде Тургеневтің романтикасы басым, Чернышевский де де бәрі ғажап, ал Гончаров та мұңлы өмір, тұңғиық шыңырау. Ол осы әлсіздігін іштей сезеді.
Сүйіспеншілік пен құмарлық, Гончаров ұғымында, нағыз бақытсыздық болған. Қызғаныш – тұтастай алған-да, сүйіспеншілікті азапқа бөлеп, болашаққа деген көңіл-күйіңнің быт-шытын шығару. Оның тұнжыраған көңілі айналаны қараңғы етіп жібереді. Жазушы жек көруден гөрі сыпайылықпен көбірек кек алуды білсе де, оның өрекпіген көңілі өзін билей алмайды. Өзінің айбыны мен ұлылығы арқылы өзгелерді тамсандырудың орнына күншілдігі үнемі жеңіп отырады. Қуанышының өзі ашу-ызаның алқымын қыса түседі. Даңқ кернейі біреуге өшпес ат сыйлап жатса, біреуге күншілдік тұзағында тұншығу жазады деген осы болса керек.
Біреулердің бақыты басқалардың бақытсыздығынан басталатын кез аз емес. Кейбіреулер Гончаров сияқты жалғыздық пен тыныштықты қалайтын да болар, бірақ оның мінез-құлқы алабөтен.
Гончаров көп саяхаттаған жазушы. Ал саяхат – ақылды адамдарға арналған жұмақ, ал ақымаққа арналған сынақ. Ол емделу үшін шетелге барған сапарында да өз мінезіне басады. Атпен серуендеуге шыққанда, митың тербеліске риза болмай, керуен сұратуының өзі озбырлыққа ұласқан. Театрларға және концерттерге баруды жаны қаламаған.Музыка тыңдауды да ұнатпаған. Кез келген әуенді басты «тітіркендіргіш шуға» теңеген. Ол Дуббельнге емделуге келген екі күннен кейін досы Никитенкоға хат жазып: «Қатты жаңбыр жауып, төбеден аққан тамшылар мазамды алып отыр. Шатырда таң шапағы күнге асылардан көгершіндер махаббат құрып, таңғы ұйқыңды қашырады. Таң атысымен солтүстіктен де, оңтүстіктен де, батыстан да, шығыстан да әтештер ұлы айқайға басып, жарысқа түседі. Құдайға шүкір, әзірге фортепианоның дауысы естілмейді, бірақ ол уақытша ма, деп қорқамын. Тынығушылардың келуімен бұл жерде менің тереземнің алдында Моцарт, Шопен, Вердидің музыкалары қақсап қоя ма деп қауіптенемін… Мұны айту арқылы, өзімді Крылов есегінің тонына түсемін бе, деп ойлаймын. Мен олардың екеуін де жек көремін ғой…». Міне, көрдіңіздер, оған тамшылар да, таң шапағы да, әтештің шақыруы да ұнамайды. Сол арқылы табиғат заңына да ревизия жасағысы келеді.
Жалқауға ем жоқ, ондай мырза табиғатынан жалқау болып жаратылады. Жас шағынан жалқау атанған оған «Жалқау ханзада» атауының тағылуы да бекер емес. Атына заты сай ол өзінің келесі бір жазған хатында: «Гончаров немесе жалқау ханзада», – деп қол қоятын болған. Оның дене бітімінің қолайсыздығы кез-келген нәрсені шешуге үлкен күш салуына, ол үшін бүкіл денесімен бұрылуға тура келетін. Мұндай адамның әлемді аралау сапарына қалай шыдас беретінінің өзін елестету үлкен күш дерсің. Әйтсе де, өзім дегенде, өгіз қара күшім бар дегенге саятын сияқты.
Бірде ол ұзақ уақыттан бергі достары мен сылқым қыздарды кешке үйіне шақырып бастаңғы ұйымдастырады.Көңілді әңгімелер үстінде, біреу Халық ағарту министрлігінің Жапония сапарына теңіз экпедициясы үшін хатшы іздестіріп жатқанын әңгіме етеді. Студенттердің бірі – «Міне, Иван Александрович, оған Сіз өз кандидатураңыздыұсыныңыз!» – дейді. Гончаров оған ойланбастан: «Мен бұл ұсынысты қабыл аламын», – деп бірден үн қатады. Оның салдарының соңында тергеу-тексеру процедуралары болатынын ол әрине, ойламайды.Тиісті қағаздарды дайындауға келгенде, шегінуге кеш болады. Саяхат алдында ол қатты әбігерге түсіп, көңіл-күйі бұзылады. Түрлі ойларға берілсе де, уақыты келгенде алыс сапарға шығады… Саяхат сәтті өтеді. Ол туралы Гончаров «Фрегат палладасы» атты жаңа роман жазады.
«Тургенев мені
тінтіп кетті …»
Ол өте күдігі басым адам болатын. Жанама өткен адамнан да, сүйсіне қараған жаннан да сұқтанатын. Алыс сапар да оны өзгерте алмайды. Кемеден түсіп, ол ескі әдеттеріне басады. Қоғамдық ортадан жырақта қалып, тыныштық құрсауында қалады. Бірнеше апта бойы үйінен шықпай, күннің көзін көрмей жатып алғандаойын сұмпайы нәрселер жаулап алады. Темекісін бұрқыратып, ұзақты күн кітап дүкенінен жалға алған кітаптарын оқыса да ойы басқада болады. Оның жеке кітапханасы болмаған, өмірде ақша шығарып кітап сатып алмаған. «Өзім істеп жатқан нәрселер үшін неге қаржы төлеуім керек?» – деген ойда болған. Ол барлық қимылын есеппен жасайтын болған. Аздап әл жинап, мезгіл-мезгіл ұйықтап, аздап ликер ішуді дәстүрге айналдырған. Сүйікті итімен қыдырып, балалармен бірге әртүрлі тақырыптар туралы сөйлесуді әдетке айналдырған.Таныс-тарына денсаулығы мен ауа-райының қолайсыздығын айтып, өмірге шағым-данудан әрі аспаған. Сондықтан оған келушілер нөпірі азайған үстіне азая түскен. Бірде біреу оған өзінің «Обломов» шығармасындағы персонажға айналып кеткенін айтып, бетіне былшылдатып салады. Оған жазушы қарсылық білдірмейді. Шындық ғой, енді қайтсін…
Иә, ол 30-жасында өзі туралы былай деп жазады: «Маған барлық жер өте көңілсіз, ол үшін не істеу керектігін өзім де білмеймін». Ал 1857 жылы, яғни, 44-ке толған кезінде: «Мен өлген адаммын, әбден шаршадым, бәріне немқұрайдылықпен қараймын, тіпті өз жетістігіме де», – деп қара аспанды төгеді. 75 жасында сенатор Кониге жазған хатында: «Сіз маған жазған хатыңызда барлығы мені ұнататынын айтасыз, ах, жо-жоқ, маған ешкім шыдай алмайды мен оған толықтай қосыламын, мен адамгершілік тұр-ғыдағы төзбеушілікке лайықтымын. Мен енді ақыры ескі жиіркенішті адаммын …Мен таныстарыма қолыммен, кейде таяқпен бұлғау арқылы оларды өзімнен аулақ тұруларына белгі беремін» – деп жанына адам баласын жолатпайтынын сездіреді. Ол өзінің созылмалы мінез-құлқына сай, адамдарды өзінен аулақ ұстауға итермелейді. Ол туралы жиендері кейін былай деп еске алды: «Барометрдің тербелісі оған үлкен әсер етті. Ұйқысының бұзылуы, босқа өткен өмір, оның атқарып жүрген қызметіне мүлдем сәйкес келмеді…».
Гончаров өзінің мінез-құлқының аномалиясын түсіну үшін өзін-өзі сынға алған кездері де болыпты. Атақты құқықтанушы Анатолий Кониге жазған хатында: «Мен дерлік нақұрыс болдым, нақты айтқанда имбецилге айналдым, мен әлі де достарыммен кездесулерден қорқамын. Бақшада серуендеп жүріп, қарсы жолыққан әйелдерден де күдіктенемін. Біреулерге көрінуден қашамын, өйткені жүйкем көрінуге тұрмайды, өзіме сабыр берсін, – деп тілеймін…» – депті.
Иван Александрович әдеби сабақтар үшін толық еркіндікке ие бола алмаған. Ол материалдық тұрғыдан кезінде лайықты қамтамасыз етілмеді.Оның еңбекақысы шығармашылық ортада қалыпты өмір сүруге мүмкіндік бермеген. Сондықтан ол мемлекеттік қызметтен тысқары қалмауға мәжбүр болады. Гончаров өзінің қызметтік міндеттерін өте адал атқарған. Оның жұмысына физикалық тұрғыдағы аурулар үлкен әсер еткен. Жүйке сезімталдығы, қажет болған жағдайда отырықшы өмір және суыққа қатты бейімсіздік оның көңіл-күйіне кейде өте күшті әсер еткен. Күдікшілдігі үнемі жанын жегідей жеумен болған.
Гончаровтың жұмысының мазмұны, ол тек өзі бастан кешкен немесе сезген, жақын көргеннәрселер туралы жазған деген ойды қуаттайды. Ол тек бір «Обломовты» жазса, онда бұл оның орыс жазушыларының алдыңғы қатарындағы ең көрнекті орындардың біріне ие деген сөзсіз құқығын мойындауға жеткілікті болар еді.
1882 жылы И. Гончаровтың бірнеше мерейтойлары қатар келеді: 70 жыл, «Әдеби қызметке араласқанына 50 жыл толуы мен шығармаларының «Современникте» жарияланғанына 35 жыл сияқты атап өтер шараларға дөп келеді. Бірақ Иван Александровичтің достары шаралар туралы сөйлескен кезде, ол барлық құрметтерден үзілді-кесілді бас тартады. Оның әдеби мерейтойы туралы ой пайда болған кезде, Гончаров мерекені ұйымдастыруға бастамашылдық танытқандардың бар-
лығына құрмет көрсетпей, қақаған қыстың ортасында Петербургтен түн жамылып, көз көрмейтін жаққа алаңсыз кетіп қалады. Осылайша, мереке атап өтілмей қалады.
Ақылың сынайтын әрбір іс – жөнсіз іс. Ерекше сонылық – бұл белгілі бір дәрежеде өзіңді өзің алдау, соңынан ештеңе шықпай, көзің ашылғанда қатты қынжылтатыны бар. Осы мінез оны өз-өзіне сенімсіздік танытып, әбден қалжыратып тынады. Қаскөй ниет әлсіз тұсыңды тіміскілеп жүреді. Ақылды жан өз сырқатын көрсетпейді, өйткені ол сенің жанды жеріңнен соққы береді, ол жер неғұрлым сезімтал болса, соққы да соғұрлым ауыр тиеді. Оған соққы болып тиген мысалдар көп. Иван Александрович бірде Тургеневтің өзінің болашаққа жоспарлаған шығармаларына арналған идеяларды ұрлады деген күдік келтіреді. Бірде ол өз пәтеріне аяқ басысымен қатты айқайға басып: – Үйге кім келді? – деп жанұшырыпты. Жазу столына келіп, оның тартпаларын қайта-қайта тартып көріп, «бұл жерде Тургенев бірдеңе іздеген сияқты… Жалпы, кім болса да, мұнда тінту жасалған… Бұл жерде аса сақ болған жөн», – деп әбден қан сорпасы шығыпты.
Бұл жозықсыз күдіктену Тургеневке жеткенде, оның ақыры сол тұстағы намыс отының найзағайындай сәнге айналған атысуға (дуэльге) ұласа жаздайды. Сөздегі қыңырлықтан істегі қыңырлық жаман – іс сөзден қауіптірек осы болса керек. Мәселеге ақылды адамдар араласып барып, ол жолдастық сотқа ұласқан. Оған Тургенов те, Гончаров та қатысқан. Мәселенің мәнісі сол тұстағы орыс қоғамына тән қоғамдық өмір салты бояуының күйкі тірлігі екі жазушының да шығармасына ортақ екені шешімін тапқан. Сондықтан ол өз пәтерінің өте қарапайым болғанын қалаған. Төрт қабырғаның таза, оған көз тартарлық ештеңе ілінбеуін, ең бас-тысы, оған сыртқы ортадан ешқандай дыбыс естілмеуін, құлаққа ұрған танадай мүлгіген тыныштық болғанын қалаған.Тургеневті сөгу үшін ол өзінің болашақ шығармаларынан көптеген идеяларды, бір кездері Тургеневпен бөліскен идеяларынан көрген. Бұл оқиға ұзақ жылдар Гончаровтың шамадан тыс күдігінің жемісі еді. Ресми түрде, ол Тургеневке 1859 жылғы 10 сәуірде арнайы хат жазып, өзінің күдіктерін жеткізеді. Оған Тургенев: «Мен туралы не айтсаңыз да немесе мүлдем қабылдамасаңыз да, енді мені қайта тәрбиеленуді талап етпеңіз… Қош бол, әділетсіз адам» – деп үн қатады. Алайда Гончаровөз пікірінде қалады. Өте ауыр, бұл жерде алдыңа келсе, атаңның құнын кеш деген жүрмеген. Гончаров Тургеневтің қайтыс болғаны туралы хабарды есіткенде, ол оны айла шығар, деп сенбеген: «Ол оны қасақана істеп жатқан болар?» – деген күдігін де жасырмаған. Сенетіні жалғыз Кони ғана. Белгілі құқықтанушы, атақты сенатор, прокурор, сот төрағасы, адвокат Кони барлық жазушылардың досы болатын. Бірақ ол Кониге құлай берілген.
1880 жылы Кони Гончаровты оның шығармаларының толық жинағын шығаруға көндіруге тырысып бағады. Оған жазушы: «Мұндай кеңесті маған тек жауларым ғана берген болар еді. Сіз мені Тургеневті тонады, – деп айыптағыңыз келе ме?!» – деп тағы да өз күдігін білдіреді. Тургенев қайтыс болғаннан кейін ғана Гончаров ол туралы аллегориялық сөйлеуін тоқтатады. Оның өзі Конидің ақылымен болған іспетті.
Оны барлық орыс жазушылары Пушкинмен және Лермонтовпен салыстырып, «дөңгелек стильді» жазушы деп атап кеткен. «Фантастикалық әңгімеші» және «орыс Диккенсі» деп те атаған. Оның әйгілі үш романы – «Обыкновенная история», «Обломов» және «Обрыв» шығармасы орыс әдебиетінің алтын қорына алынып, әйгілі «Мильон терзаний» мақаласын көркем сынның кәсіби үлгісі ретінде үлгі тұтқан. Дмитрий Мережковский Гончаров туралы: «Гончаровтың әлем туралы ғажайып көзқарасы Пушкинге жақын. Тургенев оның сұлулығына мас болды, ал Достоевский – адамдардың азап шегу жүйесіне таң қалды, Толстой болса, шығарманың шындыққа құрылғандығына және олардың бәрі өмірге ерекше көзқараста болғанына ризашылығын білдірді. Шындық судың қоздырғыш бетіндегі дірілдің ерекше суреттелгенін айтқан сияқты. Гончаровта мас болу жоқ. Өзінің жанында, өмір сабырлы түрде анық көрінеді …».
Даналықтың жартысы шыдамды-лықта. Оған тәуекел еткен адам жоғарғы рахат – тыныштықтың кепілі болады. Бойыңда мұндай қасиет болмаса, айналаңнан жау іздейсің. Сол кездегі әдеби ортадағы аса ықпалды сыншы Лев Толстой Гончаров туралы өте жоғары пікірде болған: «Обломов» – әдебиетте көптен болмаған күрделі шығарма. Гончаровқа айтып барыңыздар, мен «Обломовты» қайта оқуға кірістім…». Өз кезегінде Тургенев те, Гончаровпен «плагиат» туралы түсініксіз әңгімелерге қарамастан «Обломовты» оқығаннан кейін, «жер бетінде жалғыз орыс қалса да, ол «Обломовты» ұмытпайтын болады» деуі оның қалам құдіретін мойындағаны емес пе? Бұдан қандай жау іздеуге болады?
Парасатты адам әрқашан қыз- балықтың емес, ақылдың жетегінде болады, ол мұнда не бірінші болып ұмтылады, не соңынан қателігін түзейді. Бірақ айтылған сөз – атылған оқпен бірдей. Күдікпен айтылған әңгіменің өзі өсиет сияқты, одан дау-шар шығады. Жасырындықта жұмбақ та ұлылық танытады. Ұсақ әңгімелерге бой алдыру үлкен кемшілік ол жетілгендіктің, кемелдіктің реңін кетіретін қара дақ. Мұндайда жек көруден гөрі сыпайылықпен көбірек кек аласың. Бізге керегі де осы болса керек!
Ақылды ауыздықтау
Апатия, түсіністік пен сезімдердің жетіспеушілігінен бастау алып жатады. Оның басы өмірге қанағаттанбаудан, қыңыр ұрыстан, қайғы-қасіретпен күресуден басталады. Жанның жаршысы апатия емес, ол адамның медитациясы. «Обломов» авторының соңғы күндері үлкен апатиямен өтеді. Оның әсері жазушының денсаулығын күрт құлдыратып кетеді. Әсіресе, басқа қан құйылуынан кейін ол бір көзінен суқараңғы болып қалады. Осыдан соң жазушы әбден әлсіреп, тамақтан да қалады. Онсыз да оқуға қиын айбақ-айбақ жазуы бұзылып, түсініксіз, бір әріптерге айналып кетеді. Бертін келе есту қабілетінен қалады. Оның осы құпиясын азғана адам біледі. Өлімге бет алғанын сезіп, өзінен кейінгі парыз шараларды атқаруды жақын достарына тапсырады. Өзгелерді өмірді құрметтеуге шақырып, тыныштықпен өлімді күтеді. Қайтыс боларынан бір күн бұрын:
– Жоқ! Мен бүгіннен қалмай өле-
мін?! Бүгін түнде мен Иса пайғамбарды көрдім, ол мені кешірді» – дейді. Иван Александрович Гончаров 1891 жылы 15 қыркүйекте қайтыс болады. Өзіне-өзі сұқтана берген сұлап түседі деген осы болса керек. Ол Александр Невский лавры зиратына жерленеді. 1956 жылы Никольский зиратының көшірілуіне байланысты Гончаровтың күлі Волков зиратына әкелініп, Тургенев пен Григоровичтің бейіттерінің жанына қайта жерленеді. Қалай айтсақ та, ол өз жүрегінің қалауымен өмір сүрді.
Ақылды адамның арқалаған азабын арқасы біледі демекші, өмірінің соңында сауалға жауап, обалға сауап іздеумен аласұрды. Осылайша күншілдік уытымен суарылып, құштарлық уына малынып суарылған тобырдың өсегі мен жекелеген замандастарының жаман ниетті әңгімесінен масқараға ұшырап жалғыз қалғаны болмаса, әдебиетте төңкеріс жасауға қатысты.
Бақыт осы өмірде, даңқ өлгеннен кейін келеді. Оған атақ-даңқ өлгенннен кейін келді. Гончаровтың сүйегі өз қалауымен таңдалған топыраққа қо-йылды. Көзі тірісінде осы жерді қатты ұнатыпты. Етегін су шайып, көбіктеніп, шөп-шалам басып жатқан осы салқын жағалаудың шетінде «Обломов» авторы көз жасын көл қылып талай отырған көрінеді …
Әзірше ешқандай пікір жоқ.
Бірінші болып пікір қалдырыңыз.