ҰЛУ — КӨК БӨРІНІҢ АТАУЫ
12.06.2024 0 322
Бекжан
БЕЙСЕНБАЙ
…Қазір бүкіл әлем қолданып жүрген 365 күндік күнтізбенің иесі де, мүшел санаудағы жануарлардың атын берген де түркілер. Түркі әлемінің қара шаңырағына ие қазақтар.
Автор
Биыл қазақ елі 2024 жылды «Ұлу жылы» деп атап жатырмыз. Тағы ұлуды орысша «улитка» деп қазақ үшін белісіз бір жәндік деп түсіндіреді.
Бұл туралы ғаламторда мынандай деректер бар екен.
Жыл атаулары қалай анықталған? https://qazaqstan.tv/news/83103/
Қазақ халқында жыл санаудың негізіне мүшел алынады. Бір мүшел 12 жылдан тұрады. 12 жылдық қайталама негізінде мүшелмен жыл есебін жүргізуді қазақ халқы «жыл қайыру» деп атайды. Жыл есебін бұлай жүргізу – ежелгі кезден басталған.
Мүшелдегі жылдар 12 түрлі жа-нуардың атымен аталады: 1 – тышқан, 2 – сиыр, 3 – барыс, 4 – қоян, 5 – ұлу, 6 – жылан, 7 – жылқы, 8 – қой, 9 – мешін, 10 – тауық, 11 – ит, 12 – доңыз жылы.
Бұлардың алтауы – үй жануары, алтауы – түз тағысы.
Мүшелдік жыл санау – тышқан жылынан бастау алады. Жыл аттары не себепті жануарлардың атымен аталатыны және жыл басы неге тышқаннан басталатыны туралы халық арасында екі аңыз-ертегі бар.
1) Аңыз бойынша осы он екі жануар жыл атына ие болуға таласқан. Сонда тышқан тұрып: «Дауласатын дәнеңе жоқ, таңертең бәріміз шығып келе жатқан күнді аңдимыз. Сонда күннің көтеріліп келе жатқанын кім бірінші көрсе, сол – бірінші жылдың, одан кейін көргеніміз екінші жылдың атын аламыз. Осылай өз кезегімізбен барлық жылды бөліп аламыз», – деп ұсыныс жасаған.
Бұған келіскен жануарлар демалып жатқанда тышқан түйенің басына шығып алады. Осылайша ол күнді бәрінен бұрын көріп, жыл басы атанған. Түйе бойына сеніп, жылдан құр қалыпты деседі.
2) Түйені санаттан қалдырмайтын да аңыз бар.
Аңыз бойынша, жануарлардың бәрі жиналып, түйенің мүшелерін бөлісіп алған. Шынында да, түйенің құлағы – тышқандікіндей, тұя-
ғы – сиырдыкіндей, кеудесі – барыс-тыкіндей, ерні – қояндыкіндей, мойны – жыландыкіндей, шудасы – жылқының жалындай, жоны – қойдыкіндей, бөк-
сесі – мешіндікіндей, төбесі – тауық-тыкіндей, сандары – иттікіндей, құй-рығы – доңыздыкіндей емес пе?!
Бұл мақалада бірінші аңыз бойынша бесінші тұрған жануарды ұлу деп атапты.
Ал екінші аңыздағы түйенің мү-шелерін бөліскен жануарлар ішінде ұлу жоқ, тек 11 жануарды ғана беріпті.
Календарь және оған түсінік
Календардың табиғат құбылыс-тарымен байланысы – уақытты есеп-теудің алғашқы формалары.
…қазір жыл шамамен 365 тәулік, 5 сағат, 48 минут, 46 секундқа тең.
…айдың орташа ұзақтығы қазір 29 тәулік, 12 сағат, 44 минут деп есептеледі.
Аспандағы жарықтар (күн, ай, жұлдыз) уақыт есептеумен байланыс-ты.
Календарь түрлері
Табиғат құбылысымен байланыс-ты күнтізбенің үш типі, уақыт есептеудің 3 жолы: ай календары, ай-күн календары, күн календары бар.
Ай календары айдың фазасының өзгеруімен байланысты календарлық айдың ұзақтығын анықтауға болады. Әр ай айдың тууымен басталады. Шамамен 29-30 тәулікке созылады. 12 ай жылды құрайды, бір жылда 355 тәулік бар. Ай календары басқа календардан бұрын көптеген елдерде пайда болды. Қазіргі кезге дейін ай календары кейбір мұсылман елдерінде сақталған. Жер игеруші елдерде ай календары өте ыңғайлы емес. Ай календары жылдың уақытын, ауысқанын бейнелей алмайды, жыл сайын 11 күн озып кетеді.
Ай-күн календары айдың фаза-сының өзгеруін есептеп және күннің жылдық қозғалысына қосымша ай (яғни 13 ай) кіргізеді. Ай-күн календары Вавилонда, ежелгі Қытайда, Иудейде, ежелгі Греция, ежелгі Римде қолданған. Әлі күнге дейін Израйлде сақталып келеді және христиан шіркеулерінде пасха күндерін есептеу-ге қолданылады.
Күн календары күннің бір жылдағы қозғалысы негізінде пайда болды. Календар 12 айдан және 365 немесе 365,25 тәуліктен тұрады. Күн календары бойынша есептеу бірқатар елдерде Египетте, Үндістанның бірнеше аудандарында, орталық Америкада ғана болды. Қазіргі халықаралық календарға жатады.
Түрік және түрік-моңғол
жыл санауы
Жылдар жануар аттары бойынша аталады – тышқан, сиыр, жолбарыс, қоян, балық, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз. Әр 12 жыл сайын цикл қайталанады. Бұл жүйе Орталық азияда біздің дәуіріміздің басында пайда болып, одан әрі қарай түрік-моңғол халықтарының ортасына Иран Ауғаныстан, Қытай, Жапония, Үнді Қытайға тарады. Шығыс Азия елдерінде 5-12 жылдық цикл 60 жылды құрайды, оларға қосымша айлар кіргізіледі.
Ежелгі Қытай календары
Ежелгі қытайда ай-күн календары қолданылды. 60 жылдық цикл б.з.д. 2397 жылдан басталады. Циклдың әр жылы белгілі бір жануарларға таңылады. Әр екі жылға 5 элементтің біреуін: жер, от, метал, ағаш, су арнаған. Оның үстінде 1 жыл – ағашқа, 2 жыл құрылыс материал ретінде ағашқа, 3 жыл табиғат отына, 4 жыл үй ошағы атына, 6 жыл бұйым істеу материалына (темір), 7 жыл табиғат жеріне, 8 жыл қолданған жерге, 9 жыл ағын суға, 10 жыл тоқтап тұрған суға арналады.
Циклдардың тұрысын 5 қос баға-надан құрылған таблицалардан көруге болады, оларға сәйкес 5 стихия және элементінің (от, ағаш, жер, метал, су) белгілері болды.
Қытай календарындағы цикл жылдары 1 жыл ағаш және тышқан: 2 жыл ағаш-сиыр; 3 жыл от-жолбарыс; 4 жыл от-қоян; 5 жыл жер-айдаһар; 6 жыл өнер-жылан; 7 жыл метал-жылқы, 8 жыл метал-қоян; 9 жыл су-маймыл; 10 жыл су-тауық; 11 жыл ағаш-ит; 12 жыл ағаш-доңыз;
13 жыл от-тышқан; 14 жыл от-сиыр; 15 жыл жер-жолбарыс; 16 жыл жер-қоян; (17-ші жоқ.?) 18 жыл метал-жылан; 19 су-жылқы; 20 су-қоян; 21 ағаш-маймыл; 22 ағаш-тауық; 23 жылқы-ит; 24 ат және доңыз; 25 жер-тышқан; 26 жер-сиыр; 27 металл-жолбарыс; 28 метал-қоян; ………60 су-доңыз
Қытай календары өзіндік ерекшелік жүйесімен Қытай, Жапония, Кореяда, ХҮІ-ХҮІІ ғ. Маньчжурлар мен моңғолдар көшті. Бұл жүйе бойынша әрқайсысында 60 жылдан болатын “цикл” “ортаға” (шеңбер) біріктірілді. Циклдің ішінде әрбір жылдың өзінің иреоглифтік түсініктемесі болды.
Бірнеше варианттары бірдей Қиыр Шығыс моңғолдарындағы календарьда 5 элемент орнына 5 түс берілген. Қытайларда әр циклдың алғашқы жылы – “ағаш-тышқан” болса, моң-ғолдарда “от-қоян”.
Осы мақалалардан қарап отыр-саңыз, 12 жылдық мүшел атына кіретін жануарлардың ішіндегі бе-сінші жануардың аты әр халықта әр түрлі аталады. Қазіргі біздіңше – Ұлу, моңғолша – Балық, қытайларда –Ай-даһар.
Бірінші мақаланың екінші аңызында түйе мүшелерінің тізіміндегі бесінші жануар тіпті аталмапты, 11-ақ жануар аталған. Себебі…
Бәрін басынан бастайық. Календарь астрономиялық түсінік. Ал қазір астрономия саласының атасы болып Өзбекстанда дүниеге келген Әбу Райхан әл-Бируни саналады.
Әбу Райхан әл-Бирунидің басшы-
лығымен 1010 жылы Хорезм әкімі Мамун ибн Мұхаммед ұйымдастырған Үргеніштегі ғылыми орталықта Әбу Әли ибн Сина (Авиценна), Әбу Саһл Массих, Әбу-л-Хасан ибн Хаммар, ибн Мискуайх, т.б. көрнекті ғалымдар ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүр-гізді. Әбу Райхан әл-Бирунидің ғылыми мұрасының бірсыпырасы бізге жетпеген, сақталып қалған шығармаларының көпшілігі толық жиналып жарияланбаған.
Жалпы алғанда ол жүз елу еңбек жазған, олардың қырық бесі астрономия мен математикаға арналған. Астрономиялық шығармаларында Әбу
Райхан әл-Бируни дүниенің гелио-центрлік жүйесін (Коперниктен 500 жыл бұрын), денелердің Жерге қарай тартылуын (Галилей мен Ньютоннан 600 жыл бұрын) болжаған.
Ал қазіргі орыстар ғылымды үй-рендік дейтін Еуропа ғалымдарының өздері ғылымды арабтардан үйренгенін мойындайды. Ал арабтар Мұхаммед пайғамбардың заманында өте артта қалған ел болатын. Араб ғылымының басында Орталық Азияның түркі текті ғалымдары (әл Хорезми, әл Фараби, Ибн Сина, әл Бируни және т.б.) тұр.
Түркілердің ертеде өте жоғары өрке-ниетке қол жеткізгені қазір даусыз. Египет жеріндегі алғашқы өркениетті салған атланттар да, Месопотамия жеріндегі жоғары өркениетті салған шумерлер де түркі халықтары екенін бәрі біледі. Жердің қарсы беті Америка құрлығындағы түркі тектес халықтар Еуропалық жаулап алушылар барғанға дейін өркениеттің жоғары сатысында болғаны, майя аталатын халықтың астрономдары жасаған болжамдары қазіргі заман ғалымдарын қайран қалдырып жатқанын бәріміз білеміз. Майялар түркі тілінің қазақтарға өте жақын қыпшақ диалектісінде сөйле-гені дәлелденді.
Орталық Азия Түріктерінің ертеде өте жоғары өркениеті болғанын Тибет ғұламаларының құпия ғылымымен жақсы таныс атақты орыс ғалымы Еле́на Петро́вна Блава́тская өзінің «Тайная доктрина» атты еңбегінде жақсы көрсеткен.
Қазақстанға жақын Оңтүстік Орал маңынан жасы 4000-4800 жылдарға кететін Арқайым, Сынтасты мәдениеті аталған «қалалар елі» аталған 19 көне қала табылған. Қаланың кей жерлерінде үш қабатты құрылыстар да кездескен. Сол кездің өзінде олардың өркениеті өте жоғары болған.
Алтай тұрғындарының ертеде жо-ғары өркениетке қол жеткізгенін археология ғылымы да дәлелдейді:
1) Академик А.П.Деревянко, т. ғ. докторы М.В.Шунько басқаратын Ресей ҒА Сібір бөлімшесінің ғалымдары 20 жылдан аса зерттеу нәтижесінде Алтайдағы 200 мың жылдан аса уа-қыттан бері адамдардың тұрағы болған Денисов үңгірінен 22 мәдени қабаттан тұратын, қалыңдығы 14 метрге жететін табиғи археологиялық қойманы зерттеген. Жобамен б.д.д. 30 мыңнан 48 мың жылға дейінгі деп саналатын 11-ші мәдени қабаттан әйелдің алқасы табылған. Түрлі тастардан, мамонттың тұмсығынан, аюдың және маралдың тістерінен жасалған бұл алқа қазірге дейін табылған ең көне бұйым.
Ғалымдарды ерекше таң қалдыр-ғаны, алқаның хлоритолиттен (жасыл түсті тас) жасалған бөлігі болды. Қат-
ты тасты алдымен екі жағынан шли-
фовка жасап, тегістеп, ортасы ста-ноктық тәсілмен тесілген, соңынан тас құралмен кеңейтілген. (Осындай күрделі әрекеттер бұдан 48 мың жыл бұрын, палеолит дәуірінде жасалған!) 2008 жылы табылған осы алқаны орыс ғалымдары тексеруге Окс-форд университетінің ғалымдарын шақыртады. Ағылшын ғалымдары алқаны 7 жыл зерттеп, 2015 жылы ғана «алқа бұдан 40 мың жыл бұрын жасалған» деген қорытынды берді.
Осы Алтайдан табылған материалдарды зерттей келе академик Деревянко «осы мәдени игіліктерді жасаған адамдар сырттан келмеген, осы жерде пайда болып, 300 мың жылдардан бері осында тұрып келген, осы жердің өз тұрғындары» деген қорытынды жасайды.
ҚР ҰҒА академигі, Болония ҒА корреспондент мүшесі Оразақ Смағұл былай дейді: «Қазір жиі айтылып жүрген көне протоевропоид деген терминнің қазіргі еуропалықтарға қатысы жоқ, себебі қола дәуірінде орыстар, француздар, испандықтар және өзге ха-лықтар қалыптаса қоймаған. Ал көне протевропойдтар ол кезде сонау Периней түбегінен (Испания) бастап Гоби шөліне дейінгі аралықты мекендеген. Міне осы протоевропойдтық тек біздің қазаққа тән болған… Қазақ халқы сонау түп тамырынан бастап осы жерді мекендеп келгенін оның дене бітімі, қан құрамы, бас сүйектері арқылы жан-жақты зерттеліп, дәлелденген».
2) Алтайдан табылған бұдан 40 мың жыл бұрынғы өркениет іздерінің жалғасы араға 25 мың жылдай уақыт салып барып б.д.д. 22-24 мың жылдары Сібірдегі Ангара мен Белый өзендерінің арасынан табылады. Осындағы Мальта, Бурет тұрақтарынан табылған мамонт тісінен істелген ғажайып әйел және құс мүсіндері, неше түрлі моншақ, салпыншақ, қару жарақтарды зерттеген академик А.П.Окладников, Аврамовтар бұл өркениет иелерін «түріктер» деп мойындаған. Генетик ғалымдар сараптау жүргізіп Мальта тұрғындарының гені R гаплогруппасына жататынын анықтаған.
Мальта, Бурет тұрақтарынан та-былған заттарды зерттеген ғалымдар сол кездің өзінде олардың математика, астрономия, медицина, астрология салаларында жоғары жетістікке жеткенін дәлелдеді.
Ал б.д.д. 20-21 мыңжылдықтарға жататын Сунгурь өзені бойындағы мәйітханадан табылған адамның бас сүйегін зерттеп, бабамыздың ақыл ойы, сезім қабілеті қазіргі адамдардан кейін болмағанын анықтаған.
Былғарыдан тігілген киімі қандай: бас киіммен (капушон) қоса тігілген сырт киім (куртка), етікпен қоса тігілген шалбар. Бұл киім мамонт сүйегінен істелген моншақтар мен аңдардың азу тістерінен істелген іл-мешектермен сәнделген.
Орыс академиктері А.П.Оклад-ников, Аврамовтар «түріктер» деп мойындаған, б.д.д. 22-24 мың жылдары өмір сүрген Сібірдегі Мальта, Бурет тұрғындары ай, күн календарьларын өте жоғары дәлдікпен жасаған. Медицина саласындағы білімі де ғалымдарды таң қалдырады.
Осының бәрін қорыта келе қазір бүкіл әлем қолданып жүрген 365 күндік күнтізбенің иесі де, мүшел санаудағы жануарлардың атын берген де түркілер. Түркі әлемінің қара шаңырағына ие қазақтар. Әрі бүкіл түркі ғалымдары ең көне түркі тіліне ең жақын, көне түркі тілінің түбір сөздері ең көп сақталған қазақ тілі деп, қазақ тілін түркі әлемінің ортақ тілі деп қабылдады.
Енді мүшел атауына кіретін жануарларды талдайық. Бұл атаулардың 11-нде дау жоқ. Тек тізімдегі 5-ші атау түсініксіз. Жоғарыда айтып өткенімізді қайталасақ, қазақша — Ұлу, моңғолша — Балық, қытайша — Айдаһар. Айдаһар дегеніміз жылан. Тек өте үлкен жылан. Халық ертегілерінде өте қорқынышты болып суреттеледі, тіпті қанаты бар ұшатын айдаһар деп та баяндалады. Бірақ, анығына келгенде бұл ертегі аңыздардағы әсірелеу ғана. Қанша үлкен болса да ол кәдімгі жылан. Гректердің түріктерді атқа жабысып қалған адам – кентавр деген сияқты әсірелеу.
Ал жылан бұл мүшел күнтізбеде бар. Онда неге бір жануар екі рет енген.
Мәселе, Шыңғысхан бастаған моң-
ғол шапқыншылығынан кейін бар ғылым-білімінен, өркениетінен, бар-лық жазбаларынан айрылып қалған түркілердің тарихын, салт-дәстүрін бұрмалаған орыс пен қытайлардың қулығында.
Қытайлар тізімдегі 5-ші жануар-ды айдаһар дейді. Бірақ, бұл атау қазақтың атауына еш келмейді. Бір кезде түріктер жасаған күнтізбеге қытайдың тотемі қалай еніп кеткен.
Қазір Қытай жерінде Египеттегіден де көп, әрі ірі пирамидалар бар екені анықталған. Бірақ, Қытай үкіметі бұл пирамидаларды зерттеуге тиым салып, бұл өлкелерге шет ел азаматтарының баруына тиым салған.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін қытайлар Мао Цзе Дунның басшы-лығымен өз мемлекетін құрғаннан соң, мәдени революция дегенді ұйымдастырып, қытай жеріндегі қы-тайларға тиесілі емес көне жазбалар сақталған мыңдаған еңбектерді отқа жағып жіберген.
Қытайлардың қазіргі бар тарихы үш мың жылға жетпейді. Арғы жағы аңыз сияқты, бұлыңғыр. Ал қазір Қытай жерінен өте көне тарихтың куәсі түрлі жәдігерлер, тіпті су астынан бүтін қалалар табылып жатыр. Олар Қытай жерінде өте ертеде жоғары өркениет болғанын айғақтап тұрса да қытайлар бұл туралы жақ ашпайды. Олардың қытай-ханзу ұлтына тиесілі емес екені белгілі.
Ғалымдар Қытай жеріндегі ең
алғашқы княздіктердің негізін сал-ғандар да, Қытай жеріндегі майда жеті патшалықты біріктіріп, Қытай империясының негізін қалаған Цин Ши Хуан ди патша да шыққан тегі ханзу емес, көшпенділер өкілі.
Қытайлар Цин Ши Хуан ди патшаның мазар комплексін зерттеуге рұқсат бермейді. Керісінше пирамида төбесіне топырақ төгіп, тасты ойып, тез өсетін ағаштар егіп тастаған. Өз замандастары оны «жабайылар патшалығының князі» деп атаған.
XX ғасырдың басында екі австра-лиялық саудагер Қытайдың орталық бөлігіндегі Сычуань жазығынан жүз-ден аса пирамиданы көреді. Моңғол шекарасына жақын жергілікті мо-настырдағы монахтан сұрағанда ол бұл пирамидалардың «өте көне» екенін айтқан. Монахтың айтуынша бұл пирамидалар туралы жазылған жазбаларға 5000 жылдан асқан. Сондықтан бұл пирамидалардың жасы одан да арыға кетеді деп есептейді.
«Қытай жеріндегі пирамидаларды салған кім?» деген сұраққа, монах, көне жазбаларда «өздерін «темір айдаһарға мініп аспаннан күркіретіп Жерге түскен Көктің Ұлының» ұрпақтарымыз деп атаған императорлар» деп жауап берген. Пирамидаларды салған осы көктен келгендер делінеді.
Түрік билеушілері өздерін «Көктің ұлымыз» (Құдай тектіміз-Көк Тәңі-рінің ұрпағымыз) десе, тәңір діні бо-йынша Көк Тәңірінің мекені көкте-аспанда, сондықтан да өздерін көктегі Көк Тәңірінің ұрпағымыз, аспаннан түскенбіз деген.
Қазіргі қытайлар осы алғашқы императорлар туралы түрік аңызын бұрмалап Айдаһарға айналдырып алған, қытайдың тотеміне айнал-дырған.
Күнтізбедегі «Ұлу» дегеннің орнына өздерінің айдаһарын қойып, қытай күнтізбесі деп жүргендері шындығында түріктерден алынған.
Ал Ұлу дегеніміз – кәдімгі түріктің тотемі — Қасқыр, Көк Бөрі.
Түріктер аңыз бойынша өздерін Көк Бөрінің ұрпағымыз деп санайды. Бір жаугершілік заманда аяқ-қолы кесіліп жалғыз қалған баланы Көк Бөрі емізіп, бағып аман алып қалып, қазіргі түріктер осы баладан, Алтай тауларынан өсіп шыққаны туралы аңыз бар.
Сондықтан ақындар «бөрілі менің байрағым» деп жырлайды.
Түркі халықтарының бұл аңызын жақсы білетін көрші ел қасқыр десе зәрелері ұшады. Сондықтан да олар өз күнтізбесіне қасқырдың орнына өз тотемдерін – айдаһарды енгізіп, қытай күнтізбесі деп жүр.
Ал түрік, қазіргі қазақ күнтіз-бесіндегі Ұлу – көк бөрінің атауы.
Көк Бөрі Ананы қатты құрметтейтін көне түріктер, қасқырды атын атамай Ұлу, Бөрі деп атаған. Осыны білмейтін қазіргі қазақтар Ұлу дегенді күнтізбеге енбек түгілі, көпшілігі біле де бер-мейтін бір бейшара жәндікпен шатас-тырып жүр. Бұл мүмкін түркілердің тарихын бұрмалаған саясаттың әдейі жасаған арамза әрекеті де болуы мүмкін. Неге десең «ертеде ғылымнан мақұрым» түріктер осындай күнтізбе жасапты, оған түріктердің тотемі қасқырды енгізіпті деген оларға ұнамайтыны анық.
Қорыта келгенде, биылғы жыл –Ұлу жылы — Түріктердің қасиетті пірі Көк Бөрі жылы.
Жаңа 2024 жылдың басы 1-ші қаңтар күні 1-ші ай, 1-ші апта, айдың 1-ші күні, аптаның басы дүйсенбіге тура келді. Бәрі жаңадан 1-шіден бас-талады екен.
Көк Бөрі жылы Жаңа дәуірдің басы болып, баяғы майя көріпкелдері айтып кеткен «ХХІ ғасыр – Түркілердің Дәуірі» басталатын кезең, түркілердің Қара Шаңырағын ұстап отырған қазақтарға әулие Мәшһүр Жүсіп айтқан «Отыз жыл елді тоздырған ұры-қарылар қамалып» елге адал, иманды, іскер басшылар келіп, «Қазақтың қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын» дәуірі басталып, береке-бірлігі мықты, тоқшылық дәуірінің басы болсын!
Әзірше ешқандай пікір жоқ.
Бірінші болып пікір қалдырыңыз.