РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚ,  ОТАНШЫЛДЫҚ САНА РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚ,  ОТАНШЫЛДЫҚ САНА
Нұрхалық АБДЫРАҚЫН, 1976 жылы туған. Филология ғылымдарының PhD докторы, жазушы, аудармашы. «Иірім» атты романы, «Аңсау», «Жан тыныштығы» атты әңгіме жинақтары, «Елді ұстап тұратын төрт топ» атты эссе мен... РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚ,  ОТАНШЫЛДЫҚ САНА

Нұрхалық АБДЫРАҚЫН,

1976 жылы туған. Филология ғылымдарының PhD докторы, жазушы, аудармашы. «Иірім» атты романы, «Аңсау», «Жан тыныштығы» атты әңгіме жинақтары, «Елді ұстап тұратын төрт топ» атты эссе мен ой толғамдары жарық көрді.

 

Қоғамды құрайтын адамдар шоғыры, қалыптастырған адамдық қасиеті, сенім-танымы, дүниеге көзқарасы, қоршаған ортаға деген тіршілік қабілеті, өмір сүру заңдылықтары, арман-мұраттары, ғұмыр кешу ереже-түзімдері, ой-идеялары тарих парақтарының ашылуына байланысты жасығы қалып, асылы сұрыпталып әдетке, салтқа айналған. Міне, осылай ұлт қалыптасды.
Ұлт дегеніміз: ортақ этникалық тұтастық, ортақ тіл, генетикалық қандық ұқсастықтан сырт, ежелден қалыптастырған таным, наным, әдет-ғұрып, салт-сана ұқсастығы, ортақ психологиялық ерекшелікке ие, қоғамды ұлт дейміз.
Алыстан әуезі талып естілетін ғұн империясы, жауынгер сақтар мемлекеті, үйсіндер, түркештер, шығыс түрік қағанаты, оғыздар елі, қарлұқтар, найман мемлекеті, керей хандығы, әлі күнге рухынан ел қорқатын әлемді жаулаушы Шығысхан және оның ұрпақтары құрған алып империялар бүгін қайда? Олардан бізге не қалды? Иа, біздер тамаша философиялық ойлар айтқан, өз алдымызға идеология қалыптастырған, үлкен империяялар құрған, тарихи эпосқа бай, тамыры терең халы болғанбыз, бүгін ше?
Тарих бізге не береді, өткенді айта беру біздің жастардың жалықтырмай ма? Болашаққа бір пайдасы бар ма?
Тарих ең әуелі бізге мақтаныш сезім сыйлайды, батырлық пен таусылмас күш бітіреді. Сол кұшпен біз бүгінгі алапат заманда әр істе кеуде керіп серпінді қадаммен жұмыс жасаймыз. Адам жаны моқалып, рухани аштыққа түскенде ол біртіндеп бомждардың қаратына қосылады. Тарихтағы елулі жетістікер, хандар, сұлтандар бізді осы құлдыраудан сақтайды. Себебі олар ұлттың жаны, коды.
Екінші тарихтан сабақ аламыз, сол замандағы жетістікке жетудің сыры, ал хандықтардың ыдырауының себебі бізге тұнып тұрған тәрбие. Тарих жаңадан жазылмайды тек қайталанады дейтін ойшыладардың меңзегені адам баласының қашанда дүние, тақ, әйел, атақ-абырой айналысында көзіне көрінбейтін, нәпсі (ерік қалауы), шайтан және шайтанға дос болған адамдардың кесірінен шалыс басатыны айтылған. Солай ұқсас қателер жасалып формасы басқа мәні бірдей тарих жазылады.
Өткен тарихтан бізге не қалды десек бүгінгі егемен ел егемен ел қалды. Бабаларымыздың сан ғасырлық иман-
дылық істерін, жауынгерлік жорық-тарын, аналарымыздың көз жасын, сансыз шаһиттердің қанын, абыз ақсақалдардың дұғасын Ұлы Алла Тағала қабыл етіп, тәуелсіздікті 1991 жылы қазақ баласына бере салды. Біз мақтанатын өткен тарих болмаса бүгіні қазақстанда боламс еді. Елімізді тұғыры биік баянды мемелкет жасау үшін әрине рухани құндылық пен отаншылдық сана керек.
Рухани құндылық деген не? Оған нелер жатады, отаншылдық қандай ұғым. Қайткенде отаншылдық сана жастардың бойында жетіледі.
Мына бір аргументке үңілсек:
Өзін Құдай санаған Чин Шы Хуаң б.з.б 221-206 жылдарда таққа отырып Чин империясын құрды. Елді басқару оңайға соққан жоқ, біртұтас ақшаны жасады, ортақ жазуды қолданысқа берді, әскерді бірлікке келтіріп, қуатты әскер қосынын жасақтады, жеті мемлекет болып тұрған кездегі ескі қорғандарды бұздырып, арба жолдар жасатты, сыртқы қорғанысты күшейтіп, біртұтас қамал, қазіргі ұлы қорғанды соқтырды, осылай «мәңгілік ел құрамын!» – деп, халқын әскери күшпен қатты ұстап отырды, алайда ел іші алатайдай бүлініп, патша елдің тәнін басқарғанмен, жанын басқара алмады, егер елде ортақ идеология болатын құндылық болған жағдайда, нағыз алып империя құруға болатынын білді. Сол жолға жету үшін барын салды. Қытай ойшылдар мектебі осы кезден соң басталды.
Елде ортақ идеология болатын рухани құндылық болмаса, ертеңгі болашақ бұлыңғыр. Ел құрушы ұлт қазақ, ондағы негізгі тетік елтаңба, ту, ата заң, Президент – біз сол төңіректе топтасуымыз керек. Басшы болу деген мамық креслоға жайғасу, байлыққа белшеден бату емес, керісінше ел жүгін, халық аманатын, ұлт тағдырын мойнына алу деген сөз, оның ертең сұрағы болары хақ. Қазақстанымызды барлық отандастарымыздың жақсы көруі, қорғауы парыз, әрине, қазір ел аман, жұрттыныш, соғыс болып жатқан жоқ, неден қорғаймыз?
Қазақ халқын ұлтсызданудан қор-ғауымыз керек. Осы топырақтығы әр адам елді бақытқа жеткізу жолында күресуі керек!
Бақыт әр адамның қызыққан ісінде.Мүғалімнің бақыты студенттің алдында, ананың бақыты баласының алдында, диқанның бақыты тамшылаған терінде. Демек, ар адам өз ісіне шын беріліп, адалдықпен жұмыс істеуі, ақша ойлаймай ар ойлап отанға тер төгуі де керек. Билік басындағылар да халықтың жағдайын жасауға барын салуға міндетті. Ұрпақтарымыздың материялдық, рухани, саяси, т.б тұрғыдан келешекте ешкімге бодан, отар, құл болмауы елдік бақыт осы.
Әйтсе, ата, әке, бала сынды осы
ғасырда жасап отырған үш ұрпақтың мойнындағы ұлы міндет өз тамырын іздеу, өзін-өзі толық тану, ҚАЗАҚТАНУ болмақ. Біздің рухани құндылықтармыз сонда жатыр? Өкінішке орай, қазақтар өздеріне сырт көзбен, бөтен ұлтқа қарағандай қарап, өз атасының басқан ізін жамандауға дайын тұр. Біз ата-баба-ларымыздың өмір сүрудегі асыл рухы олардытарихтағы алапат соғыстар мен жаулаушылар заманында өздерін жоғалтпай, ұлан-байтақ мекенді қалдырды.
Бабаларымыз сол мәңгілік асыл рухты қайдан алды? Рухани құндылық дегенде көп адамдар ұлттың салт-дәстүрін көз алдына келтіреді. Салт-дәстүрел басқарудағы моральдық заң. Ұлттың ділі – онсыз ұлт болмайды. Десе де, ол ұлтты жоғалтпай ұстайтын құндылық болады.Соның негізінде салт-дәстүр тағы басқа құндылықтар қалыптасады.
Біздің жыл санауымыздан бұрынғы VII-VI ғасырда Авеста кітабында Тұран елі туралы жазылды. Тұран патшасын Афрасиаб (қорқыныш тудыратын тұлға) деп аталды. Сол кездегі сақтар қызыл бастар елін жиырма жылдан артық жаулап отырды. Ежелгі сақ қорғандары, алтын адам сол заманнан бізге сыр шертеді.
Ежелгі адамдар өздерін қоршаған құпия әлемді өз өресі жеткен деңгейде түсініп, қабылдауға тырысты. Бұл көптеген сенім мен нанымдардың пайда болуына себеп болды. Ежелгі заманнан осы уақытқа дейін жеткен деректерге сүйене отырып, кез-келген халықтың діні, наным-сенімдері мен дүниетанымы оның тарихына, рухани-мәдени, саяси өміріне үлкен әсер ететін фактор екендігін білеміз.
Дәстүрлі нанымдардың негізгі түрлеріне: Aнимизм (тaбиғaттағы жан-ды-жансыздың рухы бар деп қарау және оған бас ию). Фетишизм («ерекше қaсиетті зaт» сенімі және олардың мaгиялық қуaтынa негізделген. Пұтқa тaбыну, бойтұмaр тaғыну). Тотемизм, ата-баба аруағына табыну, шаманизм, көкке және жерге табыну.
Біздің алғашқы нанымдарымыз тотемизмге негізделді, әр тайпаның өз тотемі болды. Қазақтардың әлі күнге көк бөріні пір тұтуы, аққуды атпауы — осы мифтік жануарлардың күші мен қамқорлығына деген сенімі.
Көк аспанды, жұлдыздарды, күн нұрын жан тұрағы деп қарастыру -оларды құдіреттендіруге жол ашты. Дамудың белгілі бір сатысында адам болмыс пен сананың, тән мен рухтың аражігін ажыратты және соңғысын жоғарғы әлеммен байланыстырды.Әлемдік діндердің бастау тегіне Көкке табынудың (Тәңірге сену) өзекті қағидалары оларға арқау болған. Көкке табыну — уақыт пен кеңістікті игеруге талпынған, қоршаған ортамен тіл табысуға ұмтылған адам баласының алғашқы таным түсінігі. Көне түркілер жерімен, Ұлы Жібек жолы арқылы қаншама діндер өтсе де, түркілердің негізгі сенімі Тәңірге, аруаққа табыну болды.Ол кездің әдебиетінде басты тақырып елдік, ерлік, салт-дәстүр, жоқтау болды.
Бұл үрдіс пайғамбарымыз(Илаһи билік 23 жыл) және оның төрт халифатының (Ижма 622-651) 29 жылдан соң, 661-750 жылдарда Уммия билігі үстемдік етті, 751 жылы Қарлұқтар кезінде Тараздағы Атлақ шайқасынан кейін Аббасилер билікке келуді. Содан бастап Тұран елі ислам дінін өз еріктерімен қабылдай бастады.VIII-IX ғғ Орта Азияда араб тілі мен мәдениетінің үстемдігі айқын сезілді. Әл-Фараби тағы басқа көптеген оқымыстылар осы кезде шықты. Бабамыз Әл-Фарабифилософия, логика, этика, метафизика, филология, жаратылыстану, география, математика, медицина, музыка салаларынан “Кемеңгерлік меруерті”, “Қайырымды (ақылды) қала тұрғындарының көз-
қарасы”, “Мәселелердің түп маз-мұны”, “Ғалымдардың шығуы”, “Ба-
қытқа жету”, “Азаматтық саясат”, “Мемлекеттік қайраткерлердің нақыл
сөздері” “Медицина каноны” тағы
басқа 150-ге тарта трактат жазып қалдырды. Ол көне грек
оқымыстыларының, әсіресе, Аристо-тельдің еңбектеріне талдау жасады (Аристотельдің “Метафизика”, “Категория”, “Бірінші және екінші аналитика” сияқты басты еңбектеріне тү-сіндірмелер жазған).
Оның еңбектері Еуропалық Ренессанстың өрлеуіне үлкен ықпал етіп, әлемнің екінші ұстазы атанды. Ойшылфилософия ғылымының мақсаты – Жаратқан иені тану. Ол Өзі ауыспайтын, өзгермейтін жалғыз Зат. Жомарттылығымен, хикметімен, әділеттілігімен осы әлемге тәртіп беруші Алла-Тағаланы деді. Барлық ғалымдар Алланың ғылымын зерттеп, соған жақындайды.
Әл-Фараби «Қайырымды қала» ат-
ты еңбегінде: Адам баласы тарих-тың қайнаған дәуірінен қанша алыстағанымен ол діннен, жаратылыс ақиқаты туралы ұғымнан алыстамайды. Дін адамзат баласының әлемінде, дұрыс өмір сүрудің жолы Жаратылыс иесінің адамзатқа салып берген тура жолы дейді. Ғылым мен философия адамы болу үшін жан тазалығы, ар тазалығы, бүкіл адамға, өз халқына деген таза махаббаты, ғылым мен білімге деген қалтқысыз құштарлығы мен берілгендігі керек деп атап көрсетті.
Қоғамның беріктігі, тұрақтылығы, күштілігі имандылықтан. Адам қанша атақты болсын, данышпан, кемеңгер, батыр, сәуегей болсын, барлық адамзатты өзіне қарата берсін ол адам дүниені өзгерте алмайды, табиғатты қайта жасай алмайды, кәрілікті жеңе алмайды. Зиялы адам имандылығы, қабілеті, тәрбиесі, адамгершілік қа-сиеттері арқылы адамзатқа, ұлтына, діні мен діліне дұрыс қызмет етіп, ұрпаққа ізгілігі мол істерін қалдыра білсе адамзаттық кеңістіктегі тұл-ғалыққа қол жеткізбек. Ойшыл «камили инсани» аңсайды.
X ғасырда Орта азияда парсы тілі мен мәдениетінің үстемдігі байқалды, Зафарнама сол кезде жазылды. Х ғасырдың соңғы жартысынан бастап Қараханиттер дәуірі басталды, Сатұқ Боғра хан өз тегін іздеді, өздерін біз ежелгі Тұрандықтардың ұрпағымыз деп үш жүз жылға жалғасқан өз елін-дегі мәдени, тілдік үнсіздік ғасырын бұзды. Ислам дінін ел идеологиясы етіп,түрік текті мұсыманбыз деп жар салды. Осыдан соң XІ ғасырда түрік тілі мен мәдениеті өз территориясында салтанат құрды.

***
Ұстазы Арыстан бабтың соңғы де-
міндегі өсиетімен Йассауи Бұхараға барып, қожа Жүсіп Хамадани ха-зіретінің қызыметінде болып, мүр-шидтік кемел мәртебеге жетеді.Жүсіп Хамаданидің екінші халпесі қожа Хасан Андаки 1157-жылы рамазан айының 26-жұлдызында дүние салған соң қожа Ахмет Йассауи атамыз пір болып Бұхара халқына дағуат жасап жүргенде, Илаһи аянмен туған өңірінің діні басқа отаршыл халықтардың қол астында қалатынын біліп, пірлікті қожа Абдулхалық Ғыждуани хазіретіне беріп, барша шәкірттерінің оған қол беруін өсиет етіп, Түркістанға өз халқын құтқаруға келеді.
Түркістан халқында ежелгі оғызд-ардан сақталған 24 тотемдік символ болды, олар көк бөрі, бүркіт, ителгі, қыран, сұңқар, тазы, қаршыға, үкі, қарылғаш, аю, ай, күн, жұлдыз, тұмар, от деп жалғаса беретін. Ежелгі дүниетанымда біздің ата-бабамыз қасқырдан тарайды, не қасқыр емізеді, әйтеу, ит тұқымдас етіп көрсетеді.
Міне, бұл Йассауиден бұрынғы бүкіл түрік халықтарына ортақ шежіре. Бүгіні адамтану ғылымында біздің ататегіміз қасқырдан тарайды деп айтуға бола ма, Дарвинизмнің адам маймылдан жаралды дегеніндей күлкілі нәрсе емес пе? Адамды тәр-биелейтін Пайғамбарлар тізбегі тоқ-таған соң, ұстаздық қызметті әулие-ғұламаларға берілді.
Йассауи түркі халықтарының дү-ниетанымының көкжиегін кеңейтті, көне түркілік дүниетанымды ислам
қағидалырымен байытты, жаңа өркениет қалыптастырды.
Пайғамбарымыздан бұрын құрып-бітуге шақ қалған Араб түбегі Құранмен сусындап, қырық құрау бол-ған арабтардың басы бірігіп, мәңгілік Илаһи ілімнің нұрына шомылды. Құран түспесе, Пайғамбарымыз сол жерде тумаса Мекке мен Мәдинаға миллиондаған адам барар ма еді.
Уотт Монтгомери «Исламның орта-
ғасырлық Еуропаға ықпалы» атты еңбегінде: «Пайғамбар мисуагі әлемге тіс жауатын щетканы сыйлады. Сүннет көйлегі пижамаға айналды, ғұсыл тазалықты, дәрет төсекке аяқты жуып жатуды үйретті, жұмаға дайындалып сақал мұрт, шаш тырнақты алу жеке гигиена мен мәдениетті үйретті.
Бұрынғы төсекке де жүн шек-пендерімен құлай беретін жаман әдеттерінен айырылып төрт мезгілге қарай киім киетін болды, биттен құтылды, тамақты фарфор ыдыспен ішетін болды, кептірілген балық жейтін Еуропалықтар жеңіл сорпа, қою тамақ, тәтті тағам жеуді әдетке айналдырды. Араб цифры, компас, қағаз жасайтын диірмендер Еуропаға келді, солай жаппай сауаттанды. Зәйтүн, інжір, банан, жүзім, құрма, шие жемістері келді, егінді үнемдеп суғару үшін шағын арықтыр қазды, Гиттар алғаш Испанияда Кодрова халифатында пайда болды. Сәулет өнері дамыды, медицинаға жаңа серпін берді, солай Ибн Сина атымен аталды. Дәл солай мәңгілік ілім көне түркілік мәдениетке де өз сәулесін шашты. Қоғамды жаңартты, Йассауи түркінің ежелгі өмір сүру заңдылықтарының шариғатқа қайшы емес жақтарын сол бойынша қалдырды, қайшыларын на-зиралық жолмен ақырын жаңғыртып, синтез жасай білді.
Йассауи атамыз қазақ ұлтына ұлт-
тық идеология жасады, жыр-дастан-дардағы тотемдік ұғымдарды илаһи ілімге сай етіп назиралық жолмен жаңғыртты. Тәңірді – Аллаға, Көкбөріні – Адам атаға, Періні – періштеге, Киесі бар адамды – Әулиеге, Құт қонған дуалы ауыз адамды – Пірге ауыстырды т.б, солай қазақты келешек ұлт ретінде дайындады, ру басына қожаларды қойып, дәстүрлі діни сана қалптастырды, дін ғибадат қана емес, әуелде әдеп-ақлақ, иба-ізет, ар-ұят, білім-өнеге, адамгершілік, мейірімділік деп үйретті. Анфал сүресінің 29-aятындa: «Ей, мүміндер! Аллaдaн қорқыңдaр, Оғaн құлшылық жaсaңдaр, тaқуa болыңдaр, сондa Аллa сендерге ерекше қaбілет беріп, жaқсы мен жaмaнды, aқиқaт пен жaлғaнды aйырaтын қүш береді. Күнәлaрыңды кешіреді, сендерді жaрылқaйды. Аллa қaмқоршы, aсқaн жомaрт». Міне осылай Құранда көп жерде мадақталатын шын тақуалықты халық жанына әдемі сіңірді. «Бір шәугім шай бөліспеген еншіміз» деп танымайтын бір бейуана Алтайдан Атырауға дейінгі алып аумақта көк тиынсыз кете беретін болды. Ол қазаққа иманның алты шартын терең сіңіріп, шариғатқа берік үлкенді силап, кішіні аялайтын, намысты, елінде жетімі, жесірі, қайыршысы жоқ ұлтқа айналдырды. Ел иманын парыз, ужіп, сүннет, мүстәхап, мәндүп, нәпіл амалдарымен қорғатты. Адамдардың өмір сүру салты сүннетке лайық болды, солай тариқатты ұстанған озық ұлт деңгейіне көтерді. Әйелдің пірі күйеуі деп, от басында отағасы өте беделі болды, күйеуі қайтыс болған әйелдің пірі кем болды деп «кемпір» термині қалыптасты.
Ауыл ақсақалдары соттың рөлін атқарды, билер жоғары сот болды. Солай қоғам тәртібі күшті болды. Йассауи ислам ілімін қазақтың мақал-мәтеліне орап елге ұсынды, өлең-жырдың бәрі имандылыққа шақыратын тұнық
жырға айналды, қазақтың рухани сұранысына тамша азық бере білді. Сансыз шәкірт оқытты, соның арасынан көптеген әулие шығып, халықты кереметімен тура жолға салды. Бүгінде кез келген қазақ «атам молда болған», – деп мақтанышпен айтады, себебі барлық қазақ дінді мықты ұстанған, «Иа-сиин» сүресін білмейтін қазақ кемде кем болған ол кезде. Соның күшімен бізді жаулаған моңғолдар, т.б өздері бізге жауланып, сіңіп кетті. Орыстың ағы мен қызылы болып үш жыз жыл қазақты отарлап, ойына келгенді істегенде де бізді жоғалта алмады, қытайдың қайыс ноқтасы қанша қатайса да қазақ жоғалмайды. Қазақтың өмір сүруі басқалар үшін қылмыс болған сол заманнан Йассауи ілімінің рухымызға сіңуінен аман қалдық. Алайда тәуелсіздік алғаннан бері қазақтар өзін таба алмай адасты, сан мәдениет пен сан тарихтың ішінен өзін іздеп жүр.
Йассауи ілімі қазақ мәдениетінде, дүниетанымында, менталитетінде, әдебиетінде (өлең-жырларында), ма-қал-мәтелдерінде, салт-дәстүрінде кү-
ні бүгінге дейін айқын көрініп тұр. Йассауи ілімі болмаса қазақты көз алдыға елестеу мүлде мүкін емес. Йассауидің қазақ жыраулар поэзиясын қалптасыруда сіңірген еңбегі өз алдына. Жыраулар пірлерінің «Хәл» ілімін меңгеріп, дуалы ауызға айналып, ел-жұртқа, хандарға жырмен кеңес берген. Жыр тыңдағанда арқасы қозбайтын, рухтанбайтын қазақ жоқ, қазақтың бойындағы Алла жақсы көретін көп қасиет ақкөңіл, адал, арлы, намысты, ұятты, батыр т.т. осы жырдың рухына сіңгені болмақ.
Алып далада диалект жоқ, ұлттың өзегін шірітпей ұстаған бір күш осында жасырынған. Сондықтан да
жыраулардың еңбегі өлшеусіз. Күні бүгінге дейін халықтың тілі һәм көзі болып келе жатқан айтыс соның заңды жалғасы. Қазақты аттан түсіріп, жырын өртеген орыстар көп нәрсені бізден жақсы білген. Йассауи ілімі қазақ ұлтының бас идеологиясы бол-ғаны айдан анық.
Абылай хан бастаған қазақтың хан-сұлтан, игі жақсылары алыс аумақта өмір сүрседе, соңғы демінде өзін «Йассауидің жанына апарып жерле»,- деп өсиет етуін терең ойлансақ біраз дүниенің басы ашылары хақ.

Біз қанша Йассауиден алыстасақ сонша қазақ ұлтымыздан алыстаймыз. Әрине, жалған, білімсіз, надан сопылық басқа, (буддис, христиан сопылары тауда өмір сүрді, тәркі дүние, үйленбейді). Құранда еш жерде сопы термині кездеспейді, керісінше арaб бол, бaсқа бол, ақ бол, қaрa бол Алла алдында ең қaдірлілерің – тaқуaлaрың.деп қайта-қайта мадақтап отырады. Біз дінсіз ғалымдардың көзімен тақуа мен сопыны шатастырдық. Йассауи атамыз нағыз тақуа, 63 жасында жер астында ғұмыр кешуі Пайғамбарымызға деген әдбінен және Илаһи аян (анығын Алла біледі).
Отаншылдық сана ХХ ғасырдың басында ұлттық рух Алаш көсемі Әлихан Бөкейханның бойынан және оның жанындағы тау тұлғалардан көрінді. Олар «әр қазақ қызының бас жасауына Абайдың өлеңдер жина-ғын беретін болсын», – деп өздері бастырған кітапты елге көптеп таратты. Демек, бұдан Алаш арыстары ұлт ақылманы Абай Құнабайұлын өздеріне рухани ұстаз тұтқанын аңғарамыз. Себебі Абай ұлттық сананы қалыптастырушы тұлға еді. Абай қарасөздерінде өз ұлтының тамырын дәл басып, барлық кеселін айтты (тіпті ұлтын жақсы көргені сондай оппозициялық бағытта тұрып жазды) одан арылудың да жолын көрсеткен. Мағжан атамыз «қазаққа ақылдан да, ақыннан да Абайдан асатын ешкім жоқ, одан кейін қолға қалам алудың өзі ұят»,- деп толқыған.
Абай Құранды тікелей оқып нәр алған, Йассауи ілімін қазақ жыраулары негізінде терең меңгерген, шығыс шайырлары Фирдоуси, Низами, Хафиз, Жами, Сағди, Науаи, Сәйхалилерді өз тілдерінде бойына сіңірген және өркениеттер ағысын орыс көзімен оқыды да бұның бәрін Абай өз хәлібінің сүзгісінен өткізіп, синтездеп, туған еліне өлмес шығарма етіп ұсынды. Қазақтың бас ақыны, қазақ көсем сөзшісі «Біріңді қазақ бірің дос, көрмесең істің бәрі бос» деп елді бірлікке шақырып, үлкен болашаққа бастаса, «Құдай бір Құран шын, Құдайдың Өзі де рас, Сөзі де рас» деп өзіңді жаратқан Алланы тануға үндеді, айналаңа бір сәт ой көзімен қарай алсаң, Құдірет иесін танисың. «Жүректің көзі ашылса, Хақтың түссе сәулесі, іштегі кірі қашырса, адамның хикмет кеудесі» деп адамның ақыл көзі емес, жүрек көзі ашылғанда Жаратушының нұры түседі, бар күнәдан пәктенеді, сол кезде адам нағыз адамға айналады деп өзінің «толық адам» болу идеясын ортаға салады.
«Патша Құдай сиындым, тура баста Өзіңе» деп бір Алладан медет сұрайды, бар ісін Соған тапсырады. Абай «қолымды мезгілінен кеш сермедім» деп өкінді, ағасы Құдайберді ауырып төсегінде жатып інісі Абайға аманаттаған баласы Шәкәрімді өз тәрбиесіне алып, өзі шықпаған биікке жеткізеді. Шәкәрім қажы қазақ өркениетінде өз алдына бір әлем, нағыз Алаш көсемдерінің бірі осы Құдайбердіұлы болды. Алаш-тықтардың молдасы Омар Қараш «Өрнек» атты кітап жазды.
Рухани құндылықтары мықты ұстап, елдік санамен ғылым-білмге, технологияға ұмтылуымыз керек. Сонда ғана бар ісіміз ел үшін, жерге сіңіп көктей береді. Келешек ұрпақ содан жеміс жейді.

Әзірше ешқандай пікір жоқ.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз.

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *