Дәстүр мен мәдениеттегі орамалдың орны Дәстүр мен мәдениеттегі орамалдың орны
Дилорам ТАУАСАРОВА, Түркістан облыстық «Ұлы Дала Елі» орталығының ғылыми қызметкері   «Ұлы Дала Елі» орталығы көптеген тақырыпта іс шаралар мен көрмелер ұйымдастырып халықтың алғысына... Дәстүр мен мәдениеттегі орамалдың орны

Дилорам ТАУАСАРОВА,
Түркістан облыстық «Ұлы Дала Елі»
орталығының ғылыми қызметкері

 

«Ұлы Дала Елі» орталығы көптеген тақырыпта іс шаралар мен көрмелер ұйымдастырып халықтың алғысына ие болып жүрген мәдениет мекемесі, ұлттық құндылықтарымыз бен тарихымызды насихаттайтын музей. Осы мәдениет мекенінде 1-ші ақпан халықаралық орамал күніне орай «Бас киімдер әлемі» деген атаумен керемет көрме өткен болатын. Көрме концепциясының өзі де еркше. Бала кезімізден барлығымызға таныс «Алиса в стране чудес» (Alice in Wonderland) — ағылшын математигі, ақыны және прозашысы Чарльз Лутвидж Доджсон – Льюис Кэрролл деген лақап атпен жазған және 1865 жылы жарық көрген ертегі желісі негізге алынды.
Көрме барысында көрермендер сиқырлы айналар әлеміне тап болып, бас киімдер әлеміне ене бастайды. Көрмені тамашалай келе қонақтар әр елдің ұлттық бас киімдерімен таныса отырып өздері де осы бас киім жасау процесіне қатыса алды. Көрменің негізгі мақсаты бас киім, орамал қай жерде, қай елде, қандай түрі болмасын қасиетті және құрметке лайық екенін көрсету. Ежелгі дәуірде бас киім биліктің символы болған, тек ақсүйек, бай бағлан адамдар ғана сәнді шляпалар, қалпақшалр кие алатын. Шляпа неғұрлым үлкен, биік болса, оның иесінің дәрежесі соғұрлым жоғары болды. Қазіргі уақытта бас киімдер белгілі бір ұлттармен байланысты. Шалма, феска, скуфья, тақия, афганка, айшок, кокошник, бандана, башлык және т.б. Шляпалардың көптеген түрлері қазірдің өзінде ескірген және күнделікті өмірде қолданылмайды, бірақ көптеген мұсылмандар елдері осы күнге дейін орамал киюді жөн көреді.
Үнді халқының түсінігі бойынша әйел адам басында Сахасрара деп аталатын ең басты чакра бар. Бұл чакра әйел адамның ғарышпен байланысын қамтамасыз етеді. Ал осы байланысты сыртқы негативті күштерден сақтау, жабу және Сахасрара каналының ресурстарын ғарышпен қамтамасыз ету үшін біздің энергиямызды басқа адамдардан қорғайтын тек орамал. Қазақ халқы ежелден орамал әйел рухының сұлулығының белгілі бір символы деп санаған. Орамалмен жабылған бас – қарапайымдылықты, кішіпейілділікті білдіреді, орамалды кию рухты нығайтуға көмектеседі. Сахасрараның басты идеясы да осы саналады.
Халықаралық орамал күні жыл сайын 1 ақпанда атап өтілетін жылдық шара. Бұл күн бүкіл әлемдегі әртүрлі мәдениеттер мен дәстүрлердегі ора-малдың маңыздылығын атап өтуге арналған.
Бұл мақалада біз орамалдың тарихын, оның символдық мағынасын және қолданудың әртүрлілігін, сондай-ақ орамалдың қазіргі қо-ғамдағы рөлін қарастырамыз. Ора-малдың ұзақ тарихы бар және көптеген мәдениеттерде кең таралған. Олар киім элементтері, аксессуарлар, сондай-ақ белгілі бір қоғамдық және діни өкілдерінің рәміздері ретінде пайдаланылды. Орамалдар көптеген дәстүрлер мен тәжірибелердің ажырамас бөлігі болды және әлі де болып табылады. Орамалдың ең танымал қолданылуының бірі — оны діни рәсімдерде қолдану. Мысалы, исламда мұсылмандар әдетте бастары мен беттерін орамалмен жабады, бұл қарапайымдылық пен тақуалықтың символы. Христиан шіркеуінде орамал ғибадат ету және діни шерулер кезінде жиі қолданылады. Орамалдар көбінесе белгілі бір мәдениеттерге немесе аймақтарға сәйкес келетін өрнектермен және белгілермен кестеленеді немесе безендіріледі.
Әртүрлі мәдени тәжірибелер орамал дәстүрдің, сәннің және мәдениеттің әмбебап символы екенін көрсетеді. Оны өзін-өзі көрсету, діни және мәдени нанымдарды білдіру және белгілі бір адамдар тобының жеке басын қолдау және тану үшін пайдалануға болады.
Халықаралық орамал күні ормал мен байланысты мәдениеттер мен дәстүрлердің әртүрлілігін түсіну мен құрметтеуді қолдау және насихаттау үшін құрылған. Бұл күні бүкіл әлемдегі әйелдері орамал тағып немесе сол күні ұйымдастырылған арнайы іс-шараларға қолдау көрсетіп, қатыса алады. Бұл оқиға сонымен қатар орамалмен байланысты әртүрлі мәдениеттер мен дәстүрлер туралы білім мен ақпарат алмасуға ықпал етеді. Қазіргі әлемде орамал әйелдер құқығы үшін күресте және сөз бостандығын көрсетуде де маңызды рөл атқарады. Көптеген қоғамдарда әйелдер ормалды шектеулер мен стереотиптерге қарсы эмансипация мен қарсылықтың символы ретінде пайдаланады. Халықаралық орамал күні әр түрлі елдер мен халықтардың мәдениеті мен дәстүрлеріндегі орамалдың маңыздылығын еске салады. Ол басқа мәдениеттерді құр-
меттеудің, төзімділіктің және түсі-нудің маңыздылығын атап көрсетеді және орамалмен байланысты әртүрлі сенімдері, әдет-ғұрыптары мен дәстүрлері болуы мүмкін адамдарды жақсырақ түсінуге және олармен байланысуға мүмкіндік береді.
2011 жылы 1 ақпан күнін Бангладеш халқының тумасы Америка тұрғыны Назма Кхан орамал күні деп жариялау бастамасын көтереді. Ол 11-жасында ата-анасымен Бангладештен Америкаға көшіп келген. Орамалына байланысты мектепте де, университетте де талай құдалауды көрген қыз өзі секілді әпке-сіңлілеріне рухани көмек көрсету мақсатында әлеуметтік желілер арқылы барша әлем қыз-келіншектеріне бір күн орамалмен жүру туралы үндеу тас-тады. Қызығы сол, алғашқы жылы-ақ Назманың бастамасын 67 елдің нәзік жандылары қолдай кетті.
Ал 2015 жылы әлемнің 116 елінен 10 миллионға жуық әйел шараға қолдау білдірді. Назманың бастамасымен 2011 жыл 1-ші ақпан — Халықаралық орамал күні болып бекітілді. Бұл күні барша әлемнің қыз-келіншектері қыздарға қолдау ретінде бір күн бас-тарына орамал тағып шығады. Осылайша, түрлі дінді ұстанатын әлем әйелдері орамал адамның ажырамас құқығы ретінде сыйлауды талап етіп, исламофобия мен кемсітушілікке қарсы наразылықтарын білдіреді.
Халықаралық орамал күні Малайзия, Нигерия және Батыс Балканда да тойланды.
Орамал – ана екеніңді, біреудің Құдай қосқан жары екеніңді, ақ, адал ниетпен аттаған шаңырағың бар екенін білдіретін белгі. Оның басты қасиеті де осында жатса керек.
Ертеде жайлауда отырған бір елдің азаматтары жаңа қонысқа мал айдап кетеді. Бас көтерер азамат болмаған ауылға тұтқиылдан жау шапқанда, сол ауылдың бәйбішесі басындағы ақ орамалды шешіп, сойылға байлап, жауға қарсы шығып, оларды тоқтатады. Сөйтіп ауылды аман алып қалады. Сол күннен жауды тоқтатқан ақ орамал «жаулық» аталып кеткен.
Ел билеген əміршіде, ақ орамалды аттамаған. Бұндай үрдіс Кавказ халықтарында да бар. Қандай қан төгіс болып жатқанда әйел басындағы орамалды шешіп жерге тастаса, жанжал тоқтайды.
Орамал қай заманда да, қай уақытта да, қай елде де өте үлкен құрмет пен қасиетке ие болған. Және ол кез келген қыз-келіншектің көрігіне көрік, әдемілігіне сән қосатын ерекше әшекей. Біз әдетте адамгершілік пен ұяттан асқан әдемілік жоқ деп жатамыз. Ал, әйел заты үшін ең әдемі әшекей ұятын жабатын – орамал. Салмағы бар болғаны құстың қауырсынындай ғана, бірақ, барлық аруды қорғап жүруге күші жететiн үлкен қасиетке ие. Кейбір ер азаматтар қорғай алмай жүрген әйел затын жамандықтан қорғайтын мықты қорғаушы!
Орамалды құрметтегендер мойнына салады, қадіріне жеткендер оны басына шығарады.

Әзірше ешқандай пікір жоқ.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз.

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *