ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ДАМУ ҚАРҚЫНЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ДАМУ ҚАРҚЫНЫ
Майра Алдабергенова   Құдайға шүкір, қазір еліміз тәуелсіздігін жариялағанына 30 жылдан асып, ақырындап дамып жатыр. Кейбір салаларда артта қалғанымен, кейбірінде жетекші елдермен терезесін теңестіруге... ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ДАМУ ҚАРҚЫНЫ

Майра Алдабергенова

 

Құдайға шүкір, қазір еліміз тәуелсіздігін жариялағанына 30 жылдан асып, ақырындап дамып жатыр. Кейбір салаларда артта қалғанымен, кейбірінде жетекші елдермен терезесін теңестіруге талпынып-ақ келеді. Әрине «Мәскеу бір күнде құрылмаған», демекші, алдағыны Алла біледі. Тек тайсалмай еңбек етіп, талпынсақ қана көздеген мақсатымызға қол жеткізетініміз анық. Былтыр еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Халыққа Жолдауында «Жаңа Қазақстанды» құруға қажетті көптеген тетіктерді көрсетіп, оларды дамытуға тапсырмалар берді. Солардың ішіндегі өзектісі «Жаңа экономикалық саясат» бағдарламасы тұғын. Аталмыш бағдарлама негізгі бес бағытты іске асыруды көздейді.
Олар: кәсіпкерлік, бәсекелестік, мемлекеттік жекеменшік әріптестік-ті, кәсіпкерлікті дамыту және «Қа-зақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған орнықты экономикалық өсу» ұлттық жобалары болатын. Ал, осы бағыттардың ішінде мақалада қарастырғалы отырған тақырыбымыз кәсіпкерлік туралы болмақ. Себебі қазір капитализм кезеңінде өмір сүріп жатқандықтан, мемлекетіміздің өркендеуі жеке кәсіптің тасы өрге қарай домалануына байланысты. Ол үшін жеке кәсіпкерлердің жағдайы жақсы, қабағы ашық болуы маңызды. Жолдауда мемлекет басшысы сол үшін қажетті шараларды атқаруды қолға алуды тапсырды. Яғни игерілмей жатқан жерлерді жылдам беру жолдарын қарастыруды, аз пайызбен несие беруді «Кәсіпкерлікті қолдау» бағдарламасы аясында үстіміздегі жылдың соңына дейін іске асыруды қатал тапсырды.
Қазір кәсіпкерлік саласы елімізде дара жолға түсіп қарқынды дамып жатыр. Оның дәлелі сауда орталықтарының көбеюі, тамақтану орталықтарының түр-түрі пайда болып, банктердің ғаламтор арқылы жұмыс істейтін құрылғыларында тауардың түрлері жеңіл әрі жылдам сатыла бастауы. Тіпті, қазір балабақша, мектеп, жоғары оқу орындарының да жекеменшік түрлері жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай қаптап кеткен. Демек, үкімет жа-ғынан қолдау бар деген сөз бұл. Өйткені мемлекеттің қолдауынсыз отандық кәсіп мұндай қарқын ала алмас еді. Қазір «жұмыс жоқ» деп аспанға шырт түкіріп жататын заман емес. «Екі қолға бір күрек» демекші, істеймін деген адамға, кәсіп түрін ашуға жан-жақты жағдай мемлекет тарапынан қарастырылған. Ендігі міндет тек көзін тауып, бағын сынау ғана.
Енді Қазақстанда кәсіпкер болып, жеке ісіңді ашу үшін қандай құжаттар қажет деген сауалға тоқ-талсақ. Себебі, байқасақ, жеке кәсі-біңді бастау үшін қажетті рұқсат алу оңайдың оңайы сыңайлы. Сонымен, кәсіпкер болу үшін алдымен салық комитетіне барып тіркелесіз. Және төмендегі құжаттарды тапсырасыз:
1. Өтініш жазасыз.
2. Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік тіркеу үшін алым төленбегендігі туралы түбіртек аласыз.
3. Жеке куәлік көшірмесі мен түпнұсқасы.
4. 3,5х4,5 көлеміндегі 2 дана фотосурет тапсырасыз.
5. Жеке кәсіпкердің тұрғылықты тұратын жері туралы анықтама алып келесіз. Осы құжаттарды салық бас-
қармасына тапсырған соң, үш жұмыс күні ішінде жеке кәсіпкер куәлігін қолыңызға аласыз. Кәсіпкер ретінде осылайша тіркелген соң салық комитетіне үнемі барып, есеп беріп тұру қажетсіз. Егер табыс таппасаңыз да, соны растайсыз. Уақытылы есеп бермеген жағдайда айыппұл салынады. Міне, осылайша бірнеше күннің ішінде жеке кәсіпкер куәлігін алып, кәсібіңізді дөңгелетуге мүмкіндік аласыз. Енді кәсіпкер деген кім деген сұраққа жауап берсек.
Кәсіпкер – француз тілінен енген сөз. Ол алғаш рет 1723 жылы қолданылды. Қазіргі таңда «кәсіпкер» жаңа кәсіпорынды басқару қабілетімен бастама және инновация енгізеді деп анықталады. Әйгілі экономист Роберт Рейчтің айтуы бойынша, тим-билдинг, көшбасшылық және басқару қабілет кәсіпкерге ең керек қабілеттер. Кәсіпкерлікті зерттеу тарихы ХҮІІ ғасырдың соңы мен ХҮІІІ ғасырдың басында классикалық экономиканың құрылтайшылары Ричард Кантилион мен Адам Смиттің жүргізген зерттеулерінен басталады.
Кәсіпкер – кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, кәсіпорын құру үшін қаражат іздеп табатын және сол тапқан қаражатымен кәсіпкерлік тәуекелдікке бас тігетін адам. Кәсіпкер қызметтің заңда тыйым салынбаған кез келген түрлерімен, атап айтқанда, коммерциялық дел-далдықпен, сауда жасаумен, сатып алумен, кеңес беру қызметімен және басқа қызметтермен, бағалы қағаздарға байланысты операция жасаумен айналыса алады.

Кәсіпкер қандай әрекеттерді жүзеге асыруға құқылы. Соған тоқталсақ:
– өз қызметін жүзеге асыру үшін құрылуы заңнамалық актілерге қайшы келмейтін кәсіпорындардың кез келген түрлерін құруға;
– мемлекет кәсіпорындардың және меншіктің басқа нысандарына негізделген кәсіпорындардың мүлкін, өзгедей мүлік пен мүліктік құқықтарды толық немесе ішінара сатып алуға;
– негізде алынған өз мүлкімен шаруашылық жүргізуші басқа субъектілердің қызметіне қатысуға;
– заңды тұлғалар мен азамат-тардың мүлкін келісім бойынша пайдалануға;
– заңнамада белгіленген келісім-шарттар талабымен қызметкерлерді жұмысқа қабылдауға және жұмыстан босатуға;
– еңбекақы төлеудің нысандарын, жүйелерін, мөлшерлерін және жалданып жұмыс істеушілер табысының басқа да түрлерін дербес белгілеуге;
– шаруашылық қызметтің бағдарламасын өз бетінше жасауға, жеткізушілер мен тұтынушыларды таңдауға, баға мен тарифтерді белгілеуге;
– банк мекемелерінде шоттар ашуға;
– есеп айырысу, несие, касса операцияларының барлық түрлерін жүзеге асыруға; кәсіпкерлік қыз-меттен алынған, салықтар мен бюджетке төленетін басқа да төлемдерді төлегеннен кейін қалған пайданы (табысты) еркін билеуге;
– мөлшеріне шек қойылмайтын кез келген жеке табыс алуға;

-мемлекет және әлеуметтік қамсыздандыру мен сақтандыру жүйесін белгіленген тәртіппен пайдалануға;
– өзінің құқықтары мен мүдделеріне нұқсан келтірген мемлекет және басқа органдардың әрекеті жөнінде белгіленген тәртіппен шағымдануға;
– заңнамада белгіленген тәртіппен сыртқы экономикалық қатынастарға қатысушы болуға;
– заңнамада белгіленген тәртіппен валюта операцияларын жүзе-ге асыруға құқылы.
Президенттің Халыққа Жолдауында «Іскер қала» бағдарламасы үш бағытты қамтыды, олар: өндірісті дамыту, сауда орындарын құру, өндірістік парктерді құру болатын. Аталмыш бағдарлама бойынша жеңілдіктерге химия, мұнай-химиясы саласы, машина жасау жобалары қатыса алады.
Демек, олар жер салығынан, жылжымайтын мүлік салығынан босатылады деген сөз.
Сонымен кәсібін ашамын деген кез келген азаматқа төмен пайызда несие қарастырылған. Әсіресе, кәсіпкер боламын деген жастарға қолдау жақсы көрсетіледі. Себебі, «еліміздің болашағы – жастар» десек, оған осындай негіз бар. Жолдаудағы «Кәсіпкерлікті қолдау» бағдарламасы 2024 жылғы бірінші қаңтардан бастап жұмысын бастайды. Яғни, болашақта Қазақстанның табиғи ресурстарға бай жер қойнауын игеруге баса назар аударылмақшы. Себебі, біз әлі күнге дейін өндірісте шикізатқа зәру мемлекеттердің қа-тарындамыз. Өзімізде бола тұра, жер байлықтарын игермей, өзге мемлекеттерге алақан жаямыз. Сол олқылықты жою үшін Мемлекет басшысы жер қойнауын игеруге жеңілдіктер қарастырды.
Бізде сондай-ақ, әлемде болып жатқан саяси ахуалдарға байланысты шетел компанияларының Қазақстанға көшіп жатқан жағдайлары күрт өсті. Олар елімізге қандай пайда әкеледі. Ол жағы дүдәмал. Сондықтан оны да есепке алып, оларға егер ақшаны, яғни түсімді көбірек әкесеңіз, онда көмекті де көбірек аласыз деген шарт қойылды. Әрине, тәжірибе алмасу ешкімнің тақиясына тар келген емес. Сондықтан, жақсысынан үйреніп, жаманынан жиренудің еш артықшылығы жоқ. Себебі, біздің үйренетін тұстарымыз өте көп. Сондықтан тәжірибелі кәсіпкерлерді Қазақстанға тарту туралы да Жолдауда бастама көтерілді.
Қазақстан тәуелсіздігін жариялағаннан бері кәсіпкерлерге жол ашылып, жағдайын жасауды тоқтатқан емес. Бірақ тарих қойнауында кәсіпкерлерді шектен тіс қадағалап, жұмыссыздық күрт күшейтіп алған да кездеріміз болғанын айтқанымыз жөн. Сонымен отыз жылда қабыл-данған кейбір құжаттарға кезек берсек. 1993 жылы 10-шы наурызда ҚР Министрлер кабинеті «Жастар кәсіпкерліктерінің респуб-ликалық фонды», ал 1993 жылдың қыркүйек айының 15-де «кәсіпкерлік орта-лығының құрылу тәртібі» жайлы заңдар қабылданған.
Кәсіпкерлік Қазақстан тұрмақ, дүние жүзі бойынша тамырын қашан жайды. Кәсіпкерліктің шығу тарихы туралы біраз тоқталсақ. Кә-сіпкерлік басқа кәсіп түрлерінен оқшау мағынаға ие. Бұған кезінде атақты неміс экономисі, Гарворд профессоры Иозиф Шумпетер (1883-1950ж.ж.) мынадай анықтама берді: «Кәсіпкер болу – басқаның істегенін істемеу».Ал, француз экономисі Жан Батист Сей (1767-1832ж.ж.) былай деген: «Кәсіпкер – адамдарды өндірістік шеңбер ауқымында ұйымдастыратын адам».

Кәсіпкерліктің даму тарихы 4 бағытта дамыды:
1-бағыт. Кәсіпкерлікті тәуекел-дікпен байланыстырды. Бұл бағыт-тың негізін салушысы болып француз экономисі – Ричард Контильон болып саналады. Ол мынадай шешімге келеді: «Кәсіпкер болашақтағы мүмкіндіктерді болжап, өзіне табыс табу мақсатында мүмкіндіктерді жүзеге асырады. Сұраныс пен ұсыныс қатынасын ескере отырып, кәсіпкер тауарды арзан бағаға сатып алып, қымбат бағаға сатады».
2-бағыт. Ж.Сей мен А.Маршал-дың көзқарастарымен байланысты. Олардың ойынша өндірістік фактор-лардың бірі рационалдық комбинацияны жүзеге асыру және қалыпты кәсіпкерлік табыс табу.
3-бағыт. Кәсіпкерлік теория-сын құрудағы негізгісі мен перспек-тивалық бағыт. Бұл бағыттың негізін салушы Шумпеттер. Егер шаруашылық субъектілері жаңа комбинацияны жүзеге асырмаса, ол кәсіпкер болып саналмайды. Кәсіпкерлік функцияларын мынадай адам ғана жүзеге асыра алады. Егер ол сезімтал, иновациялық өзгерістерге икемді адам болса, жаңалықты таба білетін, оның нәтижесін тиімді қолдана білетін тұлға.
4-бағыт. Бұл бағыттың негізін салған адамдар П.Дюркер, В.Санто олар кәсіпкерлікті менеджментпен тығыз байланыстырады. Кәсіпкерлік пен менеджмент бірін-бірі толық-тырып тұрады және құрамдас бөлігі болып табылады. Менеджмент көбінесе кәсіпорынның қызмет көр-сету саласына көп көңіл бөледі және кәсіпкерліктің басқару стилін нығайтады.

Алматы облысы Жамбыл аудандық «Атамекен» газетінде тілшілік қызмет атқарып жүргенімде ауданда кәсібінің нәсібін көріп отырған талай жеке кәсіпкерлермен сұқбаттастық. Ауданда әсіресе, шаруа қожалықтар көп. Олардың көпшілігі мал ша-руашылығымен және бақша же-містерін, көкөністерін өсірумен айналысады. Сондықтан да аудан орталығы Ұзынағаш ауылындағы орталық базарда күнделікті өмірге қажетті жеміс-жидекті әлдеқайда арзан бағаға сатады. Сонымен аудандағы кейбір шаруақожалықтар туралы туралы айтуды жөн санап отырмыз. Бұл шаруа қожалықтары жүздің ішіндегі бірі ғана. Себебі кәсіпкерлік ауданда жақсы дамыған.
Жамбыл ауданы Іле Алатауының бөктеріне жайғасқандықтан алма жақсы өсетін аудандардың бірі саналады. Бүгінде азайып бара жатқан апорт ағашының бұрын кейбір ауылдарда жайқалып өскенін көрген қариялар оның иісі мен тіл үйірер дәмін сағанышпен еске алады. Оны қайтадан баптап, күтімін жасауға мамандар тапшылығы кедергі келтіруде. Себебі, апорттың ата тегіне жайлы болған топырақта оның болашақта қайта гүлденуіне қажетті химиялық барлық элементтер, тыңайтқыштар бар. Бірақ обалы не керек, кейбір шаруа қожалықтар алма бағын баптауға жеткілікті күш жұмсап отыр. Мәселен: «Сейдахмет», «Гүлден», «Ербол», «Мұсабай», «Горный апорт», «Шындәулет», «Демер», «Ранай» шаруа қожалықтары алма мен алмұрт ағаштарынан тонналап жеміс алып, ауданның экономикасын дамытуға үлес қосуда.
Алматы облысы Жамбыл ауданы Самсы ауылдық округінде 1999 жылы ашылған «Ербол» шаруа қожалығында 7 гектар егістік жерге апорт көшеттері отырғызылған. 1600 түп апорттан болашақта үлкен алма бағының жайқалып өсуі күтілуде. Барлығы 10 адамды жұмыспен қамтыған қожалық басшысы – Самсы ауылының тумасы, ауыл шаруашылығы институтының түлегі, инженер-механик Берікбай Молдабеков деген азамат. Жойылуға шақ қалған апортқа көңіл бөліп жүрген жерлесіміздің кәсібі толағай табыстарды игеріп отыр.
Мемлекет басшысының Халыққа Жолдауында игерілмей жатқан жерді қайта қайтару туралы айтты. Әсіресе 10 миллион гектар жер заңсыз берілген, соны қайтару туралы мәселе көтерілді. Шынымен Алматы-Бішкек күре жолына көлікпен шықсаңыз игерілмей жатқан жерлерден көзіңіз талады. Олар әлдебіреулердің меншіктеп алған жері ме, жоқ әлде иесіз жатқан бос дала ма? Оның жауабы бізге беймәлім. Егер сол бос жерлер игеріліп, егістікке айналса, қаншама жұмыс орындары ашылып, күнделікті қолданатын жеміс-жидек, көкеністің бағасы арзандап, әрбірден кейін шетелден келетін осы тауарлардың нөпірі азаяр ма еді. Айту бізден, нәтижені болашақ көрсетеді.
Кез келген адам кәсіпкер бола алады десек, оның да қыр-сыры бар көрінеді. Олай болса, сіздерге инвестор әрі саяхатшы Джим Род-жерстің «Балаларыма өсиет. Әкенің өмір сүру және табысты болу туралы сабақтары» атты кітабында көпшілікпен бөліскен он кеңесіне назар аударсаңыздар. Бұл кеңестерді кітапты оқып шыққан «Forbes» журналының қызметкерлері қажет деп тауып жариялаған екен. Ендеше massaget.kz сайты ұсынған сол кеңестерге кезек берсек.
1. Мен өз бизнесімді 1948 жылы алты жасымда аштым. Бәлкім, сіздер бұл жасты кәсіпкерлік үшін лайықты деп таппайтын шығарсыздар, алайда, бірнәрсе жасағың келсе, жастың ешқандай қатысы жоқ. Мен балалармен бірге бейсбол ойнаудың орнына бөтелке жинап, тиын-тебен таптым. Әкем өз ісімді бастау үшін 100 доллар ақша ұсынғанда қуана келістім. Ол кезде 100 доллар деген шынашақтай бала үшін үлкен қазына болатын. Уақыт созбай, арахис қуыруға арналған аппарат сатып алып, аз жетістікке жетпедім. Балалар лигасына барып, сусындар мен жаңғақтар сатумен айналыстым. Ойын кезінде қатарлардың арасымен жүріп, барынша көп сауда жасауға тырысатынмын. Ісім оңға баса бастағанда, бауырларымды тарттым. Бес жылдан кейін әкеме 100 долларды қайтарғанымда, банктегі есебімде 100 доллар бар болатын. Егер сізді бір іс қызықтырған болса, жасты сылтау етіп тоқтамаңыз.
2. Табыс туралы армандаған адам-ның алғашқы қадамы қандай болу керек? Жауап қарапайым: көптеген істің «дәмін татып көріңіздер», сонан кейін шын мәнінде жаныңыз қалаған, ләззат алған салаңызға тоқтаңыз. Тағам әзірлеуді ұнатсаңыз, мейрамхана ашыңыз. Оңайға соқса, бимен айналысыңыз. Жаныңыз тартып тұрса, бақ отырғызыңыз. Бәлкім, бір күні гүл дүкенін ашу туралы идея пайда болар. Табысқа бастар ең жылдам жол – өзіңе ұнайтын істі табу және жан-тәніңмен берілу.
3. Өзіне ұнамайтын жұмысты іс-тейтін, бірақ, одан келетін табыстан бас тарта алмайтын адамдарды ең бақытсыздар қатарына жатқызар едім. Жүрек қалауына құлақ асатын адамдар жай ғана жұмысқа барып келмейді. Олар әр таң сайын сүйікті ісіне жеткенше асығады. Жақсы көретін жұмысыңыз сізді алтынмен аптап қоймаса да, жан дүниеңізді байыта түседі. Қысқасы, бақыттысыз. Ал бақытқа баға беруге болмайды.
4. «Өмір» атты саяхатыңыз қаншалықты ұзақ болған сайын, соншалықты көп бұрылыс болады. Әрбір соқпақта түрлі адамды кезіктіресіз. Әрине, түрлі пікір болады. Әлемде қанша адам болса, сонша пікір бар деген сөз бекер айтылмаған. Олар сізге өзіңді ұстау ережелерін, не оқу керек екенін, жейтін тағамдарды, ақшаны жұмсау жолдарын үйретеді. Біреуден ес-тіген немесе оқыған пікірлермен соқыр күйде келісе қоймаңыз. Тіпті, бұл пікірмен барлық адамдар жүрсе де, бірден бұрылмаңыз. Әрдайым, альтернативті нұсқаларды қарастырыңыз. Қоғамдық ортада кең таралған нормалар кө-біне жалған болып шығады.
5. Егер айналаңыздағы адамдар сіздің ойыңызды өзгерткісі келсе немесе идеяларыңызды ашық түрде келеке етсе, оған позитивті түрде қараңыз. Әрине, ағысқа қарсы жүзу қиын, бірақ, табысты адамдардың тәжірибесі дәл осы нәрседен басталған.
6. Болашаққа қараңыз. Аяғыңыздан шалған нәрсеге байланып қалмаңыз. Қанша уақыт, күш, ақша кеткені маңызды емес, кеткен нәрсе келмеске кетті. Қалған өмірде сәттілікке жеткіңіз келсе, өзіңіз сенімді болған нәрсеге ғана тәуекел етіңіз.
7. Алдыңыздан «О дүниеге байлығыңды бәрібір әкете алмайсың!» сынды кеңес айтатындар шығады. Дүниенің өткінші екенін еске салатындардың болғаны қандай жақсы. Бірақ, сіз мақсатыңыздан бас тарт-
пауыңыз керек. Қартайғанда күні-ңіз басқаға қарап қалудан, өзге қатарластарыңыздың соңында қалып қоюдан қорықсаңыз, жағдайыңызды жасаңыз. Қолыңызда қаражат болса, қаншама адамға көмек қолын соза аласыз. Бастысы – ақшаға құл болудан сақтану және ысырапқа жол бермеу. Бұл – дүниедегі ең маңызды нәрселерді ұмыттырып, «апатқа» әкеледі.
8. Көп адам қателікті өзін қызықтыратын нәрсені аяғына дейін зерттемеуден немесе болжамының дұрыс болмауынан, толық болмауынан жібереді. Мәселені екі шұқып, бір қарап зерттеу ғана дұрыс шешім қабылдауға жеткілікті білім бере алады. Мұндай қадам көп күш пен ыждаһаттылықты талап етеді, есесіне бәсәкелестер алдында абыройға ие боласыз.
9. Экономика мен қаржы нарығының екі бөлек нәрсе екенін ешқашан ұмытпаңыз. Адамдар жаңалықты ести сала абыр-сабыр болып, асығыстықпен сатып алуға кіріседі немесе сатады да, ыңғайсыз жағдайға ұрынады. Есіңізде болсын, есірік кезде сату керек, ал байбалам кезде сатып алу керек.
10. ХХІ ғасырда сағат, сәт сайын аса мол жаңалықтар келіп жетеді. Оның көпшілігі тексерілмеген, дұрыс емес көздерден екенін біліңіз. Мені маңызды шешім қабылдау керек болып тұрған тұста жеке өзі тексеруге уақыт таппайтын адамдар таңғалдырады. Танымал француз ойшылы Вольтер «Философиялық сөздігінде» «Дұрыс ақыл-парасат кез келгенге тән емес» деп жазған екен. Бұл сөз рас болса керек…
Кәсіпкер болуға жағдай жасалған, қолдау көрсетілген қоғамда өмір сүре отырып, осыны оңтайлы пайдаланбауға болмайды. Бірақ қазіргі жастар жаңашылдыққа жаны құштар, жаһанданудың игі жақтарын, яғни IT саласындағы игіліктерді оңтайлы пайдалануға икемді. Жалғыз мемлекеттің алақанына қарап, «алма піс, аузыма түс» деп отыруға болмайды. Мемлекет қолдау көрсетіп тұрғанда дамыған елдермен тереземізді теңестіріп, жеке кәсіпті көпшілік болып игерсек қайда жатыр. Себебі, көпшілік сала жекешеленіп жатқанда, болашақ та жеке кәсіпкерлердің қолына тиесілі болып қалуы мүмкін ғой.

 

Әзірше ешқандай пікір жоқ.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз.

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *