ХХІ ғасыр мұғалімінің бейнесі
24.05.2023 0 1 740
Жанна Иманқұл,
«Жалын» журналының қызметкері, «Ақпарат саласының үздігі» иегері
Алаш көсемі Мағжан Жұмабаев ХХ ғасырдың бас кезінде-ақ қоғамда «ұстаздың орны – төр» деп бағалады. Қазір де ұстаз қоғамдағы орнын жоғалтқан жоқ. Мұғалімдердің мәртебесі толыққанды заңмен қорғалады. «Педагог мәртебесі туралы» 19 баптан тұратын бұл Заң 2019 жылы қабылданған. Қазір мұғалім мәртебесінің құқықтық тұрғыда арнайы зерттеліп жатқанына бәріміз білеміз. Мұғалімнің мәртебесі, ынталандыру және қазіргі заманғы мұғалімге қатысты көптеген мәселелер Заңда талқыланып көрсетілген. Сондай-ақ, Заңда мұғалімнің міндеті мен жауапкершілігі нақты көрсетілген. Заң қабылданған соң барлық мектепте мұғалімдердің әдеп жөніндегі кеңесі ашылды. Бұл кеңес мұғалімнің құқығын қорғап, Заңға сай жұмыс істеуін талап етеді. Әрбір ұстаз өз ісінің хас шебері болса, өз пәнін, педагогикалық жауапкершілігін жоғары деңгейде біліп, түсініп, нағыз ұстаз атанса, қоғамда ұстаздар туралы ешқандай дау-дамай болмайды.
Ұстаздық – жауапкершілік. Адамзат қоғамында түрлі-түрлі мамандықтар бар. Барлық мамандық иелерін оқытатын, қызығы мен ауыртпалығы қатар, үлкен жауапкершілікті талап ететіні – оқытушы! «Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы» деген сөз осыдан туындаса керек. Яғни, әр балаға қалам ұстатып, әріп танытатын, өмір бастауы болатын да мұғалімдер.
Бұл кәсіппен бірі айналыса алса, екіншісі айналыса алмайды. Ұстаздық мамандық бүгінгі таңда ең өзекті мамандықтардың бірі болып саналады. Атақты жұлдыз, атақты ғалымдар – осының бәрі осы ұстаздар еңбегінің жемісі мен жеңісі. Жан-жақты білімді, икемділікті, қамқорлық пен адамгершілікті көрсететін және талап ететін мамандық – ұстаздық мамандық. Бұл мамандық әр адам-ның біліктілігін, тәжірибесін айқындайды. Ұстаздар – адамзаттың болашағына нық сеніммен қарайтын жандар. Оқушы жүре-гінің кілтін тапсаң ғана ашылады. Осы кілт әр ұстаздың қолында болуы керек, әр шәкірттің жүрегіне жол табуы керек, шәкірт бойындағы дарындылықты ашу – ұстаздың басты міндеті. Қазіргі заман ұстаздары зерттеуші, жасампаз, өнертапқыш, ізденіс үстінде, шығармашылықпен айна-лысуға қабілетті болуы керек. Әлемдік жаһандану бала тәрбиесін зерттейтін педагогика ғылымына да көптеген өзгерістер ендіруде. Қазіргі жастар жаһандану үрдісін бастап кеткендей. Ақпарат, оның таралуы өте жылдам. Сондықтан қазіргі ұстаз ақпараттарды елеп-екшеп, оқушыларының сапалы білім алуына көңіл бөлуі керек.
Тарихымызда ұстаздықтың даңқын асқақтатқан ұлы тұлғалар аз емес. Бұл қатарды әлемнің екінші ұстазы атанған Әл-Фарабиден бастаймыз. Ол өзіне Аристотельді ұстаз санайды. Қасиетті Түркістан топырағындағы Қожа Ахмет атамыз ұстазы Бәйдібекті дәріптесе, өткен заманның ұлы ақыны Жамбыл Сүйінбайды дәріптеген. Тарихымызда ұстаз мәртебесін көтерген білімді тұлғалар аз емес. Ыбырай Алтынсарин ағартушы ғана емес, қайраткер, ұйымдастырушы стратег болып тарихта қалды. Ахмет Байтұрсынұлын ұлтымыздың ұлы ұстазы ретінде мақтанамыз. Ол қазақ тілінің жалпыға ортақ тіл болып қалыптасуына зор үлес қосып, қазақ халқының санасын ағарту жолында аянбай еңбек етті. Бұндай ізгі дәстүрді бүгінгі ұрпақ санасына енгізу, осы жолда еңбек ету басты мақсат. Өйткені ұстаз мәртебесі қашанда биік, үлкен мәртебе!
Мұғалім мәртебесі – әлеуметтік жауапкершіліктің тереңде жатқан ұғымы және өлшемі. Мұғалімнің ұстанымы – қоғам мен мемлекеттің ұстанымы. Мемлекеттің ұстаздарға қатысты саясатына сай мемлекет беделі қалыптасады. Сондықтан елімізде ұстаз беделін көтерген заң жобасының қабылдануы ұстаз-дардың қуанышын еселей түсті.
Білім беру саласының өзіндік кәсіби мәселелері бар. Нағыз ұстаз ешқашан өз шәкірттерінің алдында өтірік, жасанды немесе кездейсоқ әрекет жасамайды. Тазалық пен шындықтың, еңбекқорлықтың бастауы – мектеп. Мектеп дұрыс болса, қоғам түзеледі. Мектептің негізгі күші – мұғалім. Білім-біліктілігін үздіксіз жетілдіріп отыратын, имандылығы жоғары, мәдениеті, талғамы биік, әділдікті сүйетін ұстаз, тек шәкірттердің ғана емес, айналасының, қала берді адамзаттың ұстазы болатыны сондықтан. Елімізде ұстаздың мерейі асқақтаған сайын білім мен ғылымның, ағарту мен мәдениеттің мерейі арта түсері сөзсіз.
Дана бабаларымыз бұдан неше ғасыр бұрын балаға өсіп-өнгенше тәрбиелеу керек деген. Отбасы тәрбиесі мен ұлттық тәрбие – тәрбие жүйесінің діңгегі, темірқазығы. Қазақстанның ұлт-жанды ұл-қыздарын тәрбиелеу-дің мақсаты мен мазмұны нақтыланып келеді. Соның ішінде бәсекеге қабілетті білімді ұрпақ қалыптастыруды мақсат етіп, білім мазмұны – ұлттық тәрбие мен адам парасаттылығының нақты көрінісі.
Жыл сайынғы республикалық тамыз конференциясында «Педагогтардың мәртебесі туралы» Заңға сәйкес мұғалімдерге жүктемені азайту, олардың абыройы мен беделін көтеру, мұғалімдерді қолдаудың кешенді шаралары, олардың қаржылық жағдайын жақсарту талқыланып, нақты мақ-саттар қойылып, ретімен орындалып келеді.
Мемлекет басшысының бастамасымен ұстаздардың қоғамдағы орны айқындала түсті. Жалақы біртіндеп өсіп жатыр. Мемлекет тарапынан жағдай жасалуда. Мұның барлығын жауапкершілік деп білеміз. Ендеше, барлық ел болашағы үшін атқарылар істерде халықтың әл-ауқаты арта берсін.
«Қазіргі мұғалімдер қауымының шынайы жағдайы қандай?», «Мұғалім мәртебесі туралы» Заңға қандай өзгерістер енгізілді? «Мұғалім мәртебесі мәселесі неге маңызды?» деген мәселелер төңірегінде тоқталсақ. Әлем, қоғам қанша өзгерсе де осынау ұлы мамандыққа деген құрмет өз деңгейінде қалуы керек. Өйткені, ұстаз жалпы ұлтты тәрбиелейді. «Бір әріп оқытқан ұстазға қырық жыл тағзым» деген сөз қай қоғамда болмасын ұстаз мәртебесінің қан-
шалықты биік екеніне айқын дәлел. Өйткені мұғалім – еліміздегі және дүние жүзіндегі бүкіл білім беру жүйесінің негізі. Дәл қазір ұстаздың ел болашағына қызмет ететін тұлға екенін жалпы қоғам мойындап отыр. Сондықтан әлем-де мыңдаған мамандық болса да, олардың ұстаз сияқты білім мен тәрбие бере алмайтыны анық.
Соңғы жылдары ұстаздардың қоғамдағы орнын айқындап, беде-лін көтеруге мемлекеттік қолдау көрсетілсе, «Педагог мәртебесі туралы» Заң қабылданғаннан кейін ұстаздарға деген көзқарас пен талаптар өзгеруде. Соның бір дәлелі – әлем бойынша, соның ішінде елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты оқушы, студенттердің барлығы онлайн түрде білім алды. Бұл жағдай еліміздегі педагогикалық қауымның құндылығын арттырудың себебі ретінде қарастырылады. Үйде баласын қашықтан оқытуда қиналған әрбір ата-ананың жағ-дайы тезірек түзеліп, балалары ұстазға барып, білім алуын қалайтынына көз жеткіздік. Мұғалімдердің жалақысын көтеру, шектен шыққан қағазбастылықты, түрлі педагогикалық жүктемеден тыс жұмыстарды атқару сынды мәселелер өз шешімін тауып жатыр.
Мұғалімнің қоғамдағы беделі тек заңмен ғана көтерілмейді. Мұғалімнің басты міндеті әрі маңызды мәселе – оқыту мен тәр-биелеудің жаңа технологияларын меңгеріп, өз мамандығын одан әрі шыңдау. Ұстаз мәртебесін көтеретін де – ұстаз. Қазіргі қоғамда өз шығармашылығы мен біліктілігін үнемі жетілдіріп отыратын, заман талабына сай білікті, жаңашыл, жаңаға жақын, кәсіби біліктілігі жоғары ұстаздың ғана қоғамдағы мәртебесі биік екенін өмір дәлелдеп отыр.
Мұғалім мәртебесін көтеріп, биікке көтере алсақ, сонда ғана болашаққа алаңдамай, алдымызға қойған міндеттерді кедергісіз орындай аламыз. Сондықтан жас ұрпаққа мұғалім мамандығын үздіксіз насихаттап отыру қажет.
Қазіргі қоғамда ұстаз беделін көтеру – басты мақсаттардың бірі деген тұжырымды ойды көп естиміз, білеміз. Дегенмен, кейбір ата-аналардың сөздерінен, ұстаздар білімсіз, сабақты жақсы оқытпайтынын, бала тентек болып бір нәрсені бүлдіріп алса да, ұстаздың тез ашуланатынын, дөрекі сөйейтінін, ақша жинайтынын естіп жатамыз. Мектеп өмірінен мұндай жат қылықтардан арылту үшін мұғалімге қажырлы еңбек пен төзімділік, сауаттылық, еңбекқорлық, берік ұстаным қажет. Сонда ғана ұстаздардың беделін көтеруге болады.
Қай елде болмасын ұстаз мәртебесі қашанда жоғары болуы керек. Оқушыны оқуға, ой елегінен өткізуге, болашақ тағдырын білуге баулу – тәуелсіз елдегі бүгінгі мектептің басты міндеті екені анық. Ұстаз мәртебесіне рухани да, құқықтық тұрғыдан да ерекше мән берілуде. Соған орай, әрбір ұстазға жоғары талаптар қойылады. Өркениетті елдер жас ұрпақты тәрбиелейтін маманға үлкен құрметпен қарайды. Елімізде де ұстаздарға деген құрмет жыл сайын артып келеді. Білім беру саласындағы білім сапасы мен біліктілігі шынайы анықталғанда ғана мұғалім толық мәртебеге ие болады.
Алаш ардақтысы Ж.Аймауытов ұстаз тек оқушыларға білім беріп, дәріс оқумен ғана шектеліп қалмайтын маман емес, оқушыны өз тәжірибесіне сүйеніп, болашақта жақсы өмірден сақтандыратын қамқоршы деп бағалады. Заман талабына сай елдің ертеңі мен болашағы жас ұрпақ пен оларға тәлімтәрбие беретін ұстаздардың қолында. Мектепте қол жеткізген жоғары нәтижелер онда қызмет ететін ұстаздардың ерен еңбек-терінен туындайды.
Халқымыз әу бастан бала тәрбиесіне ерекше мән берген. Үлкенге ізет, кішіге қамқорлық, ізгілік, мейірімділік, мейірімділік, қартайғанда ата-анаға қамқорлық көрсету тәрбиенің негізі. Қазақ халқының салт-дәстүрін жас ұрпақтың бойына сіңіру – мұғалімдер қауымының, ата-ананың міндеті. Иә, ұстаз бүкіл халықтың тағдырына жауапты.
Бүгінгі оқушы – ертеңгі көш-басшы, ертеңгі жарқын үміт, ертеңгі биік тұлға. Шәкірттің білімі мен тәрбиесіне немқұрайлы қаралса, он-жиырма жылдан кейін оның салдары бүкіл халыққа тиюі мүмкін. Сол себепті әрбір оқушымен жұмыс жасауда шәкірт тағдыры – ұстаздың жауапкершілігі, ұлт тағдыры, ұлттық идеологияның болуы да, жоқтығы да – ұстазға байланысты. Мұғалім болу қиын болуы мүмкін, бірақ ұстаздықта шәкірттерге биік шыңдарға қанат қақтыру, шәкірттермен мақтану – бұл мамандықтың ең керемет тұсы.
Әл-Фараби абамыз: «Ұстаз жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін түсінетін, көрген-білгенін, естігенін жадында сақтайтын, зерделі де парасатты ақылды, сөзге шешен, өнер-білімге талпынған, жаны жайсаң, асыл да бекзат болған. Ар-намысын ардақтайтын, туған-туысқа, жат жұртқа әділ, әркімге мейірімділік пен мейірімділік танытатын, қорқыныш пен ұялшақтықты білмейтін адам батыл, қайратты болуы керек» деп жан-жақты бағалаған.
Олай болса, мұғалім жұмысының ерекшелігі қандай? Мұғалім – жас ұрпақты саналы түрде тәрбиелеп, оларға бағыт-бағдар беріп, болашақпен байланыстыратын, ең қиын да жауапты жұмысты атқаратын адам. Ол заманның даму үрдісінен қалыспайды, жан-жақты дамуын, ғылыми-теориялық білімін, ұстаздық кәсібін ұдайы жетілдіріп отырады.
Ертеңгі күннің туын биікке көтерер болашақ ұстаздар жас ұрпақты тәрбиелеуде, елімізді озық елдер қатарына шығаруда табысқа жету үшін қандай қабілет, білім, технология қажет екенін анықтауы керек. Әр мәселені талқылап, ажыратып, таразылап, әрекет етуі қажет. Шындығында, ұстаз – болашағымызды, тұтасты-ғымызды, тәуелсіздігімізді, елдігімізді басқаратын тұлғаларды дайындайтын қызметкер. Жетістіктің деңгейі мұғалімнің қаншалықты еңбек еткеніне байланысты екенін ұмытпаған жөн.
Жас ұрпақ өз жүрек қалауы бойынша мамандық таңдауы керек. Өйткені, әрбір адамның болашағы таңдаған мамандығына тікелей байланысты. Адам өз ісін сүйіп, мамандығын таңда-ғанда қателеспей, үлкен өмір жолына түссе, әр қызметін жауап-кершілікпен атқарып, өзін бақытты сезінеді. Өскелең ұрпақты білім нәрімен сусындатып, шәкірт жүрегіне гүл шоқтарын шашып, өмір жолына бағыт-бағдар беріп, мамандық таңдауына да үлес қосатын аяулы ұстаздар. Иә, білімді ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, еңбекші де, диқан да, жазушы да, дәрігер де – бәрі де ұстаздан тәлім алған. Сондықтан барша халық ұстаздардың алдында бас иеді.
Ақын Ғафу Қайырбеков:
«Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – жүректің батырлығы.
Ұстаз болу– мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның асылдығы» – деп ұстаздың бойында болу керек төрт қасиетті атап өтеді. Өйткені мұғалім шәкірттеріне еркіндікті сіңіреді. Сондықтан ұстаздың міндеті – шәкірттен қажырлы ең-
бекті талап ете отырып, оқушыны өз сабағында ешқашан жалықтырып алмауы керек.
Кейде көпшілік дәстүрлі оқы-ту әдісін ұстанатын білімді де беделді ұстаздың бейнесін іздейді. Тәртіп қатаң сақталатын сыныпта оқитын балалар терең білім алады деп ойлаймыз. Жаңартылған бағдарлама, оқытудағы жаңашыл әдіс мұғалімнен тек жаттап алуды ғана емес, осы білімді талқылап, іс жүзінде – практикада қолдануды талап етеді.
Заманмен бірге білім саласына жүктелетін міндеттер де өзгереді. Бірақ бұл өзгерістер жақсы мұғалімнің бейнесін жасырмай, керісінше аша түсуі тиіс. Бұрынғы жүйемен де, қазіргі жүйемен де жақсы ұстаз қашанда озат шәкірт тәрбиелейді. Қалай дегенмен ұстаздарды біз бұрынғы және қазіргі деп бөлу толық дұрыс емес. Адам өз дәуіріне бейімделеді.
Ұстаздары жақсы шәкірттер өскенде өмірден өз жолын тауып, жетістікке жеткен адам болады. Мамандығына адал адам білім алуда, өз ізденісін, жетілдіруін тоқтатпайды, оның сабағында бүгінгі жаңашылдық пен жасампаздық рухы жатыр. Бұрынғы мейірімді ұстаз өмірге деген оң көзқарасымен, жайдары мінезімен балалардың жүрегіне жол тауып, олардың ертеңгі күнге деген сенімін нығайтып, игі істерге, бастамаларға жол аша білді.
Ал қазіргі ұстаз оқушының қызығушылығын анықтап, оқу-шыларға зерттеу құралдарын беріп, оны пайдалану жолдарын көрсетеді, барынша өзіндік бейіндерін арттыруға көмектеседі. Әр оқушының қабілетін ескере отырып, деңгейлік тапсырмалар береді, олардың әрқайсысының шығармашылық өсуіне, білімін жетілдіруге, сыни ойлай алуына жеке-жеке жүйе жасайды. Заманауи мектеп оқушылары үнемі ізденіс үстінде болып, материалды түсініп, зерттеу дағдыларын меңгеруі керек. Ең бастысы ақпаратты іздеп, талдап, жүйелей білу. Замануаи мектеп өзара сенім мен толеранттылыққа негізделген, баланың жеке тұлға боп дамуын қолдайтын, қауіпсіз өмірге, салауаттылыққа қалыптастыратын мектеп болуы керек. Мысалы. М.Жұмабаев: «Қазақ елінің тағдыры, болашағы, тіршілігі оның мектебінің іргетасына негізделеді» деген пікірін білдірді. ХХІ ғасыр мектебінің дамуында қаншама қиыншылықтар мен кедергілер, жаңашылдықтар болғанмен, оның сапасын арттыру тікелей ұстаздарға байланысты. Болашақ мектептен басталатыны анық. Бүгінгі таңда жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру педагогика ғылымы мен озық тәжірибенің басты мақсаты.
«Ұстаздың биіктігі ойлансаң биіктейді, терең үңілсең тереңдей түседі, қол созсаң – алдыңда, бұрылсаң – тұрғандай көрінеді. Бұл кәсіптің иесі қашанда үлкен құрметке лайық жан» деп Сократ айтқандай, адам өмірге келген соң өмірден өз орнын тауып, адаспау үшін ең алдымен білім мен тәрбиені қажет етеді. Болашағымызды тәрбиелейтін ұстаз – балаға ата-анасынан кейінгі болашаққа даңғыл жол көрсететін тәлімгер.
«Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға,
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға» – деген ұлы ақынымыз Абайдың өлең жолдары қандай дәл айтылғанын мойындайсың. Әр оқушы өмірде өз орнына «кірпіш» болып қаланып жатса, Шәкірт ұстаздан озып кетсе, көп жылғы еңбек пен төккен тердің жемісі емес пе?! Ұстаз үшін бұдан асқан бақыт жоқ, ұстаздың еткен еңбегі ешқашан далаға кетпейтініне дәлел де, дәйек те, осы бір ауыз өлң жолдарына сиып тұр.
Бүгінгі ұрпақ – ғаламтор, әлеу-меттік желілер, бағдарламалар, қашықтан оқыту және пандемия кезеңін бастарынан өткізіп жатқан ұрпақ. Ақпарат тасқынының астында қалған жасөскіндердің зейіндері тұрақсыз, ұшқалақтық, ұмытшақтық басым, есте сақ-таулары жоғары деңгейде емес. Аянбай, бар білгенін үйретіп жатқан мұғалімдерге де қазіргі буынмен жұмыс жасау оңай емес. Мұғалім – педагогикалық әдістемені меңгерген бағыт-бағдар беруші, білімді, икемді, шебер, ізденімпаз тұлға екендіктерін онлайн оқу тұсында дәлелдеген, қазір де аянбай тер төгіп жатқан ұстаздар қауымына алғыстан басқа айтар жоқ.
Заманауи мұғалімдеріміз саналы, шығармашыл, дені сау, адамгершілік құндылықтары қа-лыптасқан, өз елінің мәдениетін бағалай білетін және өзгенің мәдениетін құрметтейтін, әлемнің дамуына, білім алуына үлес қосуға дайын тұлғаны тәрбиелеп-ақ жатыр.
Қазіргі ұстаздар – баланы заман көшінен қалмай, өмірдің алға ұмтылу заңымен, яғни бәсекеге қабілетті ету үшін жан-жақты болуына көмектесетін мамандар. Бүгінгі таңда жас ұрпақтың тәрбиесі тікелей ұстазға байланысты.
Әрине, ұстаз болу, мыңдаған шәкіртке білім беру оңай жұмыс емес. Ал сол жұмыстың қиындығы мен қуанышын бірге көтеріп, яғни әр оқушының ерекшелігін ескере отырып, күнде білгенін жеткізу, түсіндіріп отыру. сабақ немесе күнде бірдеңе үйренгісі келетін оқушының әрқашан алға қарауы, әрине мұны тек мұғалімнің мұғалімі ғана жасай алады, ізденіс үстінде болу, үнемі онымен бірге мазасыз жұмысты алып жүру жеңіл жүк емес.
Сонымен, жаңа қоғамдағы мұғалімнің рөлі қандай? Күрделі және қызықты сұрақ, бірақ бұл адамдарды толғандыратын сұрақтардың бірі. Әрине, бұл сұраққа әркім әртүрлі жауап береді. Жаңа қоғамдағы мұғалімнің рөлін оқушы санымен емес, оқушының тұлға ретіндегі дамуымен бағалау керек. «Ұстаз – адам жанының инженері» деген қағидаға сүйенсек, ұстаз үшін шәкіртінің нағыз тұлға деген атқа лайық азамат болуы мұғалімнің жаңа қоғамдағы орнын айқындайды. Оның тәрбиесіндегі оқушы өзінің даралығын сезініп, дами білсе, алдына мақсат қоя білсе, алған ақпаратты таңдап, талдай алса, түрлі есептерді шешудің тиімді жолдарын таба алса, пайдалы іс жасай алса және әртүрлі өмірлік жағдайларда тиімді шешімдер қабылдай білсе, өз орнын тауып қана қоймай, бәсекеге қабілетті, өзгеріске бейім тұлға болып өссе ұстаздың мақсаты орындалғаны болмақ.
Ұстаз болуды білу, оны құрметтеу, қадірлеу, таза ұстау әрбір ұстаздың міндеті. Соның нәтижесінде ол көптеген жет-кіншектің көңіл түкпірінде мәңгі ұстаз болып қала береді.
Ол үшін ұстаздың өмірлік серігі кәсіби біліктілік, адал еңбек, шығармашылық ізденіс болуы керек деп есептеймін. Жаңа қоғамдағы мұғалімнің орны белгілі бір өлшеммен істелген жұмыстың нәтижесі емес, ол әрқашан ізденісті қажет ететін еңбектің нәтижесі.
Өздеріңізге белгілі, ХХІ ғасыр – ақпараттық технологиялар мен ғылымның дамыған уақыты. Уақыт бұрынғыдай бейқамдықты емес, әркімнен жан-жақтылықты талап етеді. Солардың ішінде ұстаздар да заман талабына сай өзгеруі керек.
Мұғалім заман ағымына ілесуде өз жұмысында жаңашылдық пен әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдануы, материалды еркін меңгеруі керек. Балаларға мейірімділікпен, қамқорлықпен қарап, білім нәрін сіңіруге барынша күш жұмсаса, еңбегі жемісті болмақ.
Қазіргі ұстаздар оқушылардың білім алуға деген құштарлығын оятып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасап, өз бетінше шешім қабылдауға, материалды оқыту барысында сұрақ құрастыруға үйрететін, алған білімін жан-жақты іске асыра алатын тұлға. Заманауи мұғалім үнемі өзіне, «Оқушыға білімді қалай сіңіруге болады? Неден бастап үйрету керек? Қандай нәтижеге жетемін?» деген сұрақтарды қойғаны жөн. Заманауи мұғалім өз мамандығына және шәкірттеріне білім беріп қана қоймай, шәкірттерінен де үйренуге қабілетті. Әр баланың жан дүниесіндегі ең жақсы қасиеттерді ашып, шәкірттерінің қоғамдағы орнын айқын түсініп, осы бағытта жұмыс істеуі үшін алған біліміне қанағаттануға баулу керек.
Қазіргі ұстаз өз ісінің майталманы болуы шарт. Мұғалімнің кәсіби шеберлігі оның үнемі өзін-өзі жетілдіруі, өзін-өзі сынай білуі, этикасы және жоғары еңбек мәдениеті сынды қабілет-қарымдардан келіп шығады. Мұғалімнің кәсіби өсуі өздігінен білім жетілдірмесе, тоқырауға ұшырайды. Сондықтан заманауи мұғалім ешқашан ізденісті тоқтатпауы керек. Бұл аса маңызды. Ұстаз еңбегі – шығармашылықтың қайнар көзі болғандықтан, алға ұмтылудың да маңызы зор.
Мұғалім – әрбір баланы оқу үрдісіне қатыстыру, оны тыңдай білу, онымен тең дәрежеде қатынас жасау, көмекші ету, толғандыратын мәселеге оқушының деңгейінде талқы жасауға бейімделуге дайын болуы керек. Бұл жағдайға әрине әдістемені жетік меңгерген, педагогикалық іс-әрекетті дұрыс ұйымдастырған мұғалім ғана бейімделе алады.
Заманауи ұстаз білім сала-сындағы барлық реформаларға дайын болуы керек. Ақпарат ағы-нының үнемі өзгеріп отыруына байланысты ақпарат ағынымен дер кезінде танысып, қазіргі тенденцияларға ілесу қажет. Қазіргі өзгермелі заманда ұстазға бір орнында қалу тән емес.
Ойшыл Сократ айтқандай, мұғалім – терең білімнің, жаңа-шылдықтың, мәдениеттің символы. Ұстаз – үлкен құрметке лайық. Сондықтан болашағымызды тәр-биелейтін ұстаз – бала үшін ата-анасынан кейінгі ең жақын адамдар. Осы арада Жан Жак Руссо айтқан: «Ұстаз болу – өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау» деген өлең нақыл сөздер еске оралады.
Мұғалімнің бойында қандай қасиеттер болуы керек?
Заманауи ұстаздың бойында өз беделін түсірмеу үшін ең алдымен сабырлық ұстамдылық керек. Абыройлы, сыйлы болу әркімнің өз жеке бас қасиетіне де тікелей байланысты. Қоғам өміріндегі жағымсыз жайттарға, әсіресе әлеуметтік желідегі саяси тақырыптарға қатысты сұрақтар туындағанда салиқалы оймен сараптама жасап барып қана жауап бергені абзал. Ұстаз өзінің ұлт болашағын тәрбиелейтін тұлға екенін естен мықтап ұстаса ғана, мәртебесі асқақтай түседі. Мектепте оқушылар ұстаздарына қарап, олар сияқты болғысы келеді.
Содан кейін қазіргі заман ұстазы қарапайым болуы керек. Адамгершілігі жоғары, рухани дүниесі бай, нағыз гумманист бола тұра, барлығымен өзін тең дәрежеде қойып, қоғамдық өмірге белсене араласып кету тек жақсы нәтижеге жетелейді.
Ары қарай тоқталсақ, жаңа заман ұстазы әрқашан өз қатесін мойындап, оны дереу түзетуге күш салады. Оқушыларынан да кеңес алып, олардан да үйренуге тырысады.
Тағы бір маңызды тұсы, жаңа заман мұғалімі қазіргі технологияларды меңгеріп, оқу үрдісінде пайдалана білуі шарт. Қазіргі компьютер мен смартфон, бағдарламалар мен қосымшалар заманына сәйкес мұғалім үнемі білімін жетілдіріп, шеберлігін шыңдап отыруы керек.
Бүгінде мұғалімдер үш жылда бір рет біліктілігін арттырып тұрады. Дей тұрғанмен, мұғалім жоғары білімге қол жеткізгісі келсе, білім деңгейін күн сайын арттырып отыруды өзіне мақсат ету керек. Білім жетілдіру ішкі және сыртқы болып шартты түрде бөлінеді. Сыртқы – белгілі бір курстарға немесе шеберлік орталықтарына бару арқылы білім арттыру болса, ішкі – мектеп ішіндегі өзара сабақтарға қатысу, сабақты бірге жоспарлау т.б. арқылы білім дағдыларын жетілдіру де кәсіби дамуға апарады.
Ұстаз мамандығы адамнан үнемі белсенді болуды талап етеді. Бала жанының бағбаны саналатын мамандық иелеріне қашан да шаршамаңыздар, ізденістеріңізді тоқтатпаңыздар, оза шабатын шәкірттеріңіз көп болсын дегіміз келеді.
Әзірше ешқандай пікір жоқ.
Бірінші болып пікір қалдырыңыз.