ҚАЗАҚ  ЖАЗУЫ  ҺƏМ  РУХАНИЯТ ҚАЗАҚ  ЖАЗУЫ  ҺƏМ  РУХАНИЯТ
Тұрысбек Рақымжан, филология ғылымдарының докторы, профессор   Қасиетті тіліміз – халқымыздың сан ғасырлар бойы жинақталған қазынасы. Ел тарихының сан алуан арналары арқылы бүгінгі күнге... ҚАЗАҚ  ЖАЗУЫ  ҺƏМ  РУХАНИЯТ

Тұрысбек Рақымжан,
филология ғылымдарының
докторы, профессор

 

Қасиетті тіліміз – халқымыздың сан ғасырлар бойы жинақталған қазынасы. Ел тарихының сан алуан арналары арқылы бүгінгі күнге жеткен асыл мұра, кемеңгерлік тұнған ойдың оралымдары, сөз саптаулары. Ұлт тарихының сонау дәуірлеріне үңіліп, даму тенденцияларына, әсіресе, руханият әлеміне назар аударсақ, көне түркі тілі, араб, латын, кириллицаның өзіндік орны бар, жазу үлгілері жүзеге асырылып жатқаны байқалады.
Ұлттық кодтың басты нышаны, руханияттың асыл өзегі әліпби екені осы жолы айқындала түсті.
Ол ұлттық нышаннан, дыбыс жүйесінен, ой мен сөз тіркесі, жазу арқылы танылады.
Шындығында, жазу – адамзат құндылықтарының бірі. Өркениеттің өзегі де жаңару мен жаңғырудың көрінісі.
Жазу жүйесі тек әріптер жинағы емес. Ол тілдік заңдылықтың көрінісі, ол таңбалар, емле, дыбыстар жүйесі болып жинақталып, жүйе құрайды.
Ол үндестік заңының үйлесімді табиғаты, ол сөздік қордың жиын-тығы.
Жазу – ішкі дүние айнасы, көңіл толқындарының нұрлы сәттері, пайымдау, сөз жүйесі, ой орамы.
Еске салайық, қазақ жазуы, яғни ұлттық әліпби тарихы әр арнадан бастау алады. Ежелгі түріктердің руникалық жазуы Орхон ескерткіштерін бейнелеген. Y-ХҮ ғ.ғ. Еуразия құрлығында түркі тілі ұлтаралық катынастардың құралы қызметін атқарды (Х-ХХ ғасырлар араб әліпбиінің қолданылу аясы болды.
Бұдан шығатын болсақ, «жазу – адам ойлауының қағаз бетіне басылған көрінісі – сөздер, әріптер мен таңбалар жүйесі».
Еуразия ұлттық университетінің «Жазу тарихы» мұражайына бас сұғып, зерделеп қарасақ, түркі халықтары қолданған 16 жазу түрін (мысалы, арамей, көне түркі, брахми, соғды, ұйғыр, манихей, қидан, қытай, сирия, армян, моңғол, тод, төте, латын, кириллица). Әрқайсысының белгілері мен өз ерекшеліктері, жалпы түрік мәдениетіне сіңірген еңбектері, әліпбидің мән-мағынасы, көңілге қонымды үлгілері мен ағымдары жазу-сызу өнерінің дамуында кеңінен көрініс тапқан.
1893 ж. 25 қарашасында Дания Корольдік Ғылым Академиясының мәжілісінде дат ғалымы В.Л.Томсен (1842-1927) барша жұртты таң қалдырған мәлімдеме жасайды. Соның нәтижесінде атақты ғалым Орхон мен Енисей өзендерінің бойынан табылған ескерткіштердегі бұдан бұрын белгісіз болған жазуды оқудың кілтін тапты. Ал бұл ескерткіштердің түркі халықтарының тілінде жазылғанын анықтапды. Алғаш оқылған «Тәңірі», «Түрік» сөздері ғылыми тұрғыдан дәлелді дәлдікпен анықталып, барша түркі халықтарының мақтанына айналды.
Қазіргі кезеңдегі тіл тарихы, оның ішінде алтаистика мен түркология ғылымдары жаппай қызығушылық тудырып, зерттеу нысанына айналды.
Қазақ жазуының тарихында, әрине, 1924 жылдың 12-18 маусымында Орынбор қаласында өткен «Қазақ білімпаздарының бірінші съезі» және (Баку қаласында 1926 жылдың 26 ақпан – 6 наурыз аралығында болған I – Дүниежүзілік түркология құрылтайы үлкен мәнге ие болды. Себебі, ХХ ғасырдың алғашқы он жылдықтары ел мүддесі алға жылжып, тарихтың маңыздылығы артып – тіл мұраты, тарихы мен табиғатын ерекшелейтін кезеңдер болды. Әліпби мәселесі, жазу жүйесі мен заңдылығы, оған қойылатын талаптар мен талғам, негіздері мен таңдау құқығы – осының барлығы қоғамның негізіне айналды.
Бұл тақырыптағы пікірталастар, ойлар мен толғаулар, талқылаулар мен сұхбаттар да негізсіз болған жоқ. Ұлттың жүрегі, ұлттың ескерткіші, тарих айнасы, ой мен сөз жүйесінің қайнар бұлағы, көркемдік кеңістіктің шежіресі болды.
Орынбор қаласында өткен «Қазақ білімпаздарының бірінші съезінің» материалдарына назар аударсақ, қоғамдық ортада, мәдени-рухани өмірде ерекше маңызды құбылыс болғанын байқауға болады. Әліпби мәселесі, жазу ережелері, емлелер кеңінен тұжырымдалған.
1925 жылғы сіездің материалдарын жинақтап, жеке кітап етіп дайындап, халыққа қайта ұсынған профессор Ш.Құрманбайұлы
«…Съезде жазу ережелері, әліпби мен қазақша пән сөздер мәселесі, ауыз әдебиетін жию шаралары, ғылыми және оқытуға арналған кітаптарды шығару, бастауыш мектептің бағдарламаларын дайындау мәселелері қаралды…
Бұл сьезде, әсіресе тіл мәселесіне айрықша көңіл бөлінген. Сьездің күн тәртібіндегі негізгі алты мәселенің үшеуін, яғни тең жартысын тікелей тіл мәселелері құрайды…
Сондай-ақ, кітаптың қалған бөлігінде де тілді оқыту, сауытты жазу сияқты тілге қатысты ойлар мен тұжырымдар аз кездеспейді», – деп жазды.
Бұл құрылтайының материалдарына назар аударсақ, түрлі мәселелердің (әліпби мәселесі, жазу емле-ережелері, қазақ тілі пәні сөздері, ауыз әдебиеті үлгілерін жинау, оқу, көбейту) басым бағыттарға айналғанын көретін едік. ғылыми кітаптар, бастауыш мектептер бағдарламасы, т.б.) Ең бастысы, ұлттық тілдің болашағы, қолданысы, тарихы айтылады.
Осы бойынша, атап айтқанда, әліпби бойынша А.Байтұрсынов, жазу ережелері, ауыз әдебиеті жинағы туралы Х. Досмағамбетұлы, ғылыми сөздер туралы Е.Омаров, қосымша баяндамашы Н.Төреқұлов болады. М.Мырзаұлы «Білім беру, білім мектептерін көбейту» тақырыбында арнайы баяндамасында талқылар жасалып, ұсыныстар айтылып, шешімдер қабылданады.
Әліпби тақырыбында А.Байтұрсынұлының жобасы, Н.Төреқұловтың ұсынысымен қатар латын жазуы да сөз болады. Түркі тілдес халықтар арасында әліпби мәселелері, дыбыс жүйесі, оқу мен үйренуге байланысты түйткілді мәселелер талданады.
А.Байтұрсынов бұл жиында әліпби жасау түркі халықтарының бұрыннан келе жатқан проблемасы екендігі туралы көп айтады. Айырмашылықтарына назар аудара отырып, талдау және салыстыру жүргізіледі. Әрі қарай жақсы әліпби ерекшеліктері мен сипаттамаларын келесідей көрсетеді: «Жақсы әліпби тілге шақ болу керек. Өлшенбей тігілген о жер бұ жер бойға жуыспай, қолбырап, солбырап тұрған кең киім сияқты артық әріптері көп әліпби де қолайсыз; Бойыңды қысып, тәніңді құрыстырып – тырыстырып тұрған тар киім сияқты әрпі кем әліпби де қолайсыз болады.
Жақсы әліпби жазуға жеңіл болуға тиіс. Әліпбидің әріп сүгіреттері қиын болса, мүшелері көп болса, жазуды ұзақтатып, уақытты көп алады.
Әліпбидің жақсысы баспа ісіне қолайлы болуы тиіс, әріпі тізгенде оңай тізілетін, басқанда орынды аз алатын әліпби баспа сөзді арзандатады.
Жақсы әліпби үйретуге де қолайлы болуы тиіс.Әрпі сара жазуға оңай, баспасы мен жазбасының суреті жақын әліпби үйретуге жеңіл болады».
Бұдан басқа, анығында: «Қазақ тілінің дыбыстары анықталып ашылған, ол дыбыстарға әріп айналған. Әліпби деген осы болады. …Баспа Һәм жазба түрі жағынан – түрік әліпбиін басым бағыттары байқалады… түрік әліпбиін түзеу жұмысы даралаумен бітеді…
Латын әліпбиіне қызыға қоятын ешнәрсе жоқ, латын әрпі ескірген, өлген зат, оны қайтадын тірілтіп аламыз деу адасқандық болады» дегенді анық-қанық айтады.
Араб жазуы 1924 жылға де-йін қолданылды. Ал 1924-1929 кезеңінде А.Байтұрсынұлы «жәдид», яғни 24 әріптен тұратын жаңа әліпби құрды. Оны оқитын, жазатын және қолданатын адамдар әлі де бар.
Н. Төреқұловтың пікірінше, латын әліпбиінің түрік әліпбиінен артықшылығы мен қарапайымдылығы бар. Сонымен қатар, оны үйрену және жазу оңай, ал басып шығару арзанырақ. Атап айтқанда: «…латын жазуы түрікке қарағанда оңайырақ… Латын жа-зуының тағы бір артықшылығы-бұл жазу машинкаларына сәйкес келеді… барлығын латын жазуымен салыстыратын болсақ, оны оқу және жазу оңай және онымен жұмыс істеу жеңіл… Бізге латын әрпін алу керек. ..латын әліпбиін қабылдау керек. ..Латын әліпбиі біз үшін қарапайым және арзан» деп, сипатын, қолдану аясын, құндылық аспектілерін ашып көрсетеді. Оқу мен жазудың ыңғайлылығын, басым бағыттарын, маңыздылығын кеңінен ашады.
Ал, М.Дулатов латын және түрік әріптерінің арасында айырмашылық бар екенін көрсетеді. Егер түрік алфавитінде бас әріптер болмаса, олар латын тілімен барымен ерекшеленеді.
Қорытындылай келе: «…Латын мәселесін көтеруге әлі ерте. «Сонымен қатар, біз оңай қолымыздан келмейтін түрік әріптерін қол-дануды жалғастыруымыз керек. Әр дыбыстың өз әрпі бар. Осы әріптермен сіз айтылғанды жаза аласыз, ал жазылғанды оқи аласыз. Бір жазылған сөзді басқаша оқу мүмкін емес «деп қорытындылайды.
Түйінді сөзінде ол, А.Байтұрсы-новтың пікіріне өзінің жана-шырлығын ашық білдіріп, оның қажеттілігі мен ақылға қонымды екенін айтады.
Сондай-ақ, Ж. Аймауытұлы: «Емлені өзгертуге жоба», «Ана тілін қалай оқыту керек?», «Жазу мәселесі туралы соңғы сөз», «Хат таныту әдістері», «Жазу таңбаларымызды азайту туралы жоба», «Пән сөздері қалай табылады?», «Қазақ тілін іске асыру қамы» деген өз мақалаларында ол ұлттық жазуды, тіл идеалын, сондай-ақ әріптердің, емле мен дыбыстың өзекті мәселелерін кеңінен қозғайды. Оның осы бағыттағы кейбір ойлары мен алаңдаушылықтары төменде келтірілген:
— «Хат танытудың бір қиындығы жазу таңбаларымыздың көптігінен. Қазақтың ана тілінде дыбыс аз (24) болса да, жазуға келгенде көбейіп кетеді. Хат тану қашан оңайланбақ? — Әрине, дыбыс басына бір-ақ таңба болғанда. Біздің түпкі мақсатымыз — дыбыс басына бір таңба беру. Соған жетуге талпыну керек».
— «…Неғұрлым жазу оңайласа, соғұрлым халық мәдениетке тез жуықтайды; бұл күнгі ғылымның бағыты білім беру жолын мүмкін болғанша қысқарту; аз уақытта көп мағлұмат үйрету; оқушының күшіне тигізбей, өте зеректігін тілемей, жұмысын өнімді ету».
«Сөз туралы қиналмай, тілді өз ағымына жіберейік. Ұнамды сөз алынып отырар да, ұнамсыз шығып қала берер.
Сөзді пән мамандары, кітап жазушылар шығарсын.
Сөзді таба алмайтын шәлдірік адамдар кітап жазбасын. Оқу кітаптарын педагогтер жазу тиіс. Оқыту жолын білмеген адамның кітабы ұғымды болмайды. Педа-гогтің қаламға шебері жазу керек.
Кітап жазушылар екі-үш жыл өткенде, тіл туралы кеңесіп, табылған тілдерді қорытып отырсын.
Қолайсыз алынған сөздер туралы баспасөз бетінде сын жазылып, жобалар ұсынылсын.
Кіріп қалған жат сөздерден қашпайық. Орынсыз тілге зорлық қылмайық.
Білім кеңесі (яки орнындағы мекеме) істей алса, жаңа шықққан сөздерді жинастырып, лұғат кітап бастырып отырсын.
Жаңадан сөз қосушылар тапқан сөздерін кітабына айрықша жазып отырсын.
Міне, осы жолмен ғана тіл мәселесін оңай шешуге болады деп ойлаймын».
Алаш ардақтысының мақала-ларында әліпби негізі, табиғаты мен тарихы, айтылу мен емленің мағынасы, сауаттылыққа жетудің құпиялары, оқыту мен үйрену тәсілі, жазуды үйрену, әріптерді жазу, ойлау және сөйлеу жүйесі, Мәтін құбылысы, диалог функциясы, сөз-жасамның ерекшеліктері және т .б. жан-жақты қарастырылады. Жазу тарихына, әліпби мағынасына, емле, дыбыс, оның өмірде және күнделікті өмірде қолданылуы, ерекшеліктері туралы мысалдар мен мәліметтер де назарынан тыс қалмаған..
Сонымен қатар, «Еңбекші қазақ» газетінің беттерінде С.Мұқанов, А.Марғұлан, Т. Шонанов, С. Аманжолов, Қ. Жұбанов, Э. Омаров, А. Ақдәулетов, И. Қайменов және т. б. қазақ әліпбиі мен орфографиясы, әдістемелік мәні, тіл мәртебесі туралы мақалалар, пікірталастар мен пікірталастар болды.
Жалпы, 1923-1927 жылдары жаңа алфавит төңірегінде әртүрлі пікір-таластар мен қызу пікірталастар болды. Осы кезеңдегі бастамашыл топтар «Латын тілі үйірмесі», «Жаңа әліпби үйірмесі», сияқты курстар ашып, орталықтар ұйымдастырып, жазуды үйретуге ерекше назар аударды. Ол ағартуға, оқуға және сауаттылыққа, оны жүзеге асыру бағыттарына батыл жүгінді.
Осы уақытта, атап айтқанда, Н. Төреқұловтың «Жаңа әліппе туралы» (1925 ж.) брошюрасы көпшіліктің қолына тарап жатты.
Бұл кезеңде Якутияда Солтүстік Кавказда, латын әліпбиіне көшу науқаны қарқын алды. Тілдің бағыты мен мәртебесі айтарлықтай өзгерді.
Түркітілдес халықтардың өкілдері Орта Азиядағы Самарқанд қаласында да жиналды. Бұл жиын-ның ұйымдастырушы – Өзбекстан үкіметі болды.
Оның жұмысына Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан өкілдері қатысты. Жиында жаңа әліпби, оқыту, емле және ережелерге қатыс-ты шешімдер қабылданды:
— Латын графикасына негізделген жаңа әліпбиді қабылдау;
— Жаңа алфавитті сингармонизм заңына негіздеу қажеттілігін сақтау
— Жаңа алфавиттегі бір дыбыс пен бір таңба принципінің дәйектілігіне ұмтылу;
— Түркі тілдес халықтар арасында символдың біртұтас болғанын ескеру;
-Бас әріптермен жазудың аса қажеті жоқ…
Бір сөзбен айтқанда, жоғарыда тоқталған Орынборда 1924 жыл-дың 12-18 маусымында өткен «Қазақ білімпаздарының алғашқы жиналысының» материалдарына ұлттық зиялы қауымның әліпби, жазу ережелері туралы ойлары мен алаңдаушылығына назар аударған артық етпейді..
Егер осы мәселе туралы зерделесек, онда біз 1-ші Дүниежүзілік түркология құрылтайының өте маңызды болғанын анық түсінеміз (Баку қаласы, 1926 жыл, 26 ақпан — 6 наурыз).
Бұл конференцияға түркі ха-лықтарынан 600-ден астам зиялы қауым өкілдері қатысты. Атап айтқанда, Ресейден – В. В. Бартольд, Н. Ф. Яковлев, А.Н. Самойлович, Н. И. Ашмарин, Л. В. Щерба, К. К. Юдахин және т. б. болды. Қазақстаннан – А. Байтұрсынов, Б.Сүлейұлы, Н.Төреқұлов, Э.Омаров, және оқу-білім саласындағы қызметкерлер, зиялы топ өкілдері қатысып, әліп-бидің маңыздылығы, табиғаты мен зерделенуі туралы кеңінен айтып берді.
Латын әліпбиіне дауыс беру қорытындысы бойынша 101 дауыс – латын графикасына, 7 дауыс – араб графикасына, қалыс қалғандар — 9 дауыс болды. Нәтижесінде латын әліпбиі қабылданды.
Осыдан кейін жаңа алфавит туралы пікірталастар мен пікірталастар кең тарады. А. Байтұрсынов, П.Ғалымжанов Э. Омаров, М. Дулатов, К. Кемеңгеров, Ахметов, М. Буралкиев, А. Байтасов, араб әліпбиін қолдап, таңдағандардың қатарында болды, ал латын графикасын жақтаушылар – О. Жандосов, М. Золдыбаев, А. Байділдаев, И.Қайменов, Н. Төреқұлов, Т. Шонанов, және т. б.
Кейінгі кезеңдерде де қазақ жазуын реформалау туралы көптеген пікірталастар болды, мақалалар мен түсіндірмелер жазылды.
Сонымен бірге «Еңбекші қазақ» газетінің беттерінде әліпби туралы түрлі мақалалар мен пікірталастар үнемі жарияланып (С. Мұқанов, Ж. Аймауытұлы, М. Дулатов, Т. Шонанов, А. Марғұлан, Э. Омаров, С.Аманжолов, және т. б.). қажеттілік пен маңыздылықтары туралы айтылып отырды.
Бұдан кейінгі жылдары атап айтқанда:
1927 жылы Қазақстанда төрағасы, қоғам қайраткері Н. Нұрмақов, мү-шелері О.Жандосов, Т. Шонанов, Г. Тоғжанов кірген «Жаңа алфавит» қоғамы құрылды.
1928 жылы 9-12 желтоқсанда Қызылордада бірінші облыстық конференция өтті. Қатысушылар: Нурмаков Н., Байтогаев С., Ермеков А., Сарибаев Ш., Сапарбеков С., Розыбакиев А. Жандосов О., Байділдин А., Малдыбаев Б., және т.б. болды.
1928 ж. 18-23 желтоқсан – Қазан қаласында Қазақстан, Қырғызстан, Әзербайжан, Өзбекстан, Түрік-менстан, Татарстан, және т.б. елдердің III пленумы өтеді.
Нәтижесінде әртүрлі пікірталастар мен жарыссөздерден кейін КСРО Халық Комиссарлары Кеңесінің Төралқасы мен КСРО Халық Комиссарлары «Біртұтас түркі әліпбиін» енгізу туралы қаулы қабылдады (7 тамыз 1929 ж.).
Жаңа әліпби нұсқасы «Советская степь», «Еңбекші қазақ», газеттерінде жарияланды. Әртүрлі көзқарастар мен пікірталастар туындайды.
Халық ағарту комитетінің (Наркомпрос) және Орталық Комитеттің ғылыми-әдістемелік кеңесінде жа-
ңа әліпби бойынша ғылыми-орфографиялық конференция ұйым-дастырылды (1929 ж., 2-4 маусым).
1928 жылдан бастап орта және орта мектеп жүйесі жаңа алфавитке ауыстырылды. Осы жылдан бастап «Жаршы» «Жаңа мектеп» журналдары, «Қызыл әскер» газеті эксперимент ретінде жаңа әліпбиге көшіп, көпшілікке таралды.
1930 жылдың ақпан айынан бастап «Жаңа әдебиет», «Қызыл Қазақстан», «Әйел теңдігі», журналдары жаңа әліпбиге көшті.
Негізінен латын жазуының мо-делі 1929-1940 жылдарға дейін қолданылған. Қазіргі уақытта біздің еліміз осы бағыт пен жүйеге қайта оралуды қолға алып жатыр.
1940 жылғы 10 қарашада «Қазақ жазуын латындандырылған әліпбиден орыс графикасы негізінде жаңа әліпбиге көшіру туралы» қаулы қабылданады. Бұл әліпби ауыстыру кезеңі де ұзаққа созылды…
Шындығында, әліпби өзгерту, оны таңдау және енгізу өте маңызды. Оның әлеуметтік маңызы, саяси себептері мен әлеуметтік мағынасы ерекше мәнге ие екені сөзсіз. Сондықтан Қазақстан халықтары Ассамблеясының 12-ші сессиясында (2006 ж.) «Қазақстан — 2050» Даму стратегиясында латын әліпбиіне көшу қажеттілігі, оның әлемдік үдерістегі рөлі, Түркі әлемі үшін маңызды қадам кеңінен талқыланды. Сонымен қатар, «Болашаққа бағдар: рухани жаңару» мақаласында қазақ тілі әліпбиінің өзгеруі және оның тарихы, оның әлеуметтік маңызы мен саяси себептері, ақпараттық және жаһандық бәсекелестігі кеңінен талқыланды. Сондай-ақ жазу реформасы ұлттың айнасы, ұлттық даму процесі, рухани жаңғырудың нақты көрінісі екендігі туралы да көп айтылып, жазылды.
2017 жылдың 11 қыркүйегінде Парламенттің төменгі палатасында қазақ тілі негіззделген латын графикасы туралы алғашқы тыңдау өтті. Осы кезеңде қоғамдық пікірталастар, пікірталастар, сұх-баттар да кеңінен таралды. Негізінен қоғам қолдаған соң, 2017 жылдың 26 қазанында «Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру туралы» Жарлық шығарылды.
Қолдаудан басқа, қоғамда қызу пікірталастар, әртүрлі пікірлер, түрлі пікірталастар болды. Жұмыс тобына енген мамандар оны әр қырынан зерттеп, бақылау мен пысықтау, талдау және талқылау жүргізді. Кемшіліктер де атап өтілді. Ақылға қонымсыз әріптер, бөгде дыбыстар мен тыныс белгілері көбейді. Қосымша рәміздер, апострофтар, диаграммалар да талқыланды. Оқу және жазу, оқыту және үйрену, түсіну қиындық тудырды. Осыған сүйене отырып, жұмыс тобы, Білім және ғылым саласының өкілдері, IT-мамандар мен сарапшылар үлкен жұмыс атқарды. Соңына қарай, «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру» туралы Жарлыққа (26.10.2017) өзгеріс енгізіліп, жаңа редакциясы қалың көпшілікке (19.2.2017) ұсынылды.
Әліпби мәселесінде, «бір әріп – бір дыбыс» жүйесін жүзеге асыру оңай емес. Жазуға, үйренуге және оқуға кедергі келтіретін және қиындықтар тудыратын кейбір жайттар соңғы нұсқаға қатысты ескерту-жарлықтардан көрінеді. Халықаралық тәжірибені және тілдің заңдылығын ескеру қажеттілігі нақты анықталды. «Тілді компьютерге емес, компьютерді тілге бейімдеу дұрыс» деген түйінді ойдың қиындықтары да көп кездеседі. Ғалым Ә. Жүнісбеков айтқандай: «Әліпби уақытпен бірге жетіледі» деп сеніммен қарауға әбден болады.
Қорыта айтқанда, Қазақ тілі Конс-титуцияда 1995 жылы Мемлекеттік тіл ретінде айқындалды. Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына кө-шіру – Түркия, Әзірбайжан және Өзбекстанның тәжірибесі негізнде салыстырылып, жүзеге асыруға да-йындық жасала берді.
Артықшылықтар мен кемші-ліктерге баса назар аударылып, маңызды аспектілер мен өзектілікке назар аударылды. Осыған байланыс-ты, ақпарат көздеріне назар салатын болсақ, латын әліпбиінің 2500 жылдан астам тарихы бар, 100-ден астам ел, әлемнің 4 миллиард адамы оны қолданса, онда оның мағынасы мен маңыздылығы, қажеттілігі мен нақтылығы, реттілігі мен жиілігі қандай екеніне көз жеткізе беруге болады емес пе?
Сонымен қатар, тіпті: «әлемнің 112 елі латын әліпбиін, 48 ел араб әліпбиін қолданады. Дүниежүзілік банк жүйесіне сәйкес дамыған және жетілген экономикасы бар 30 елдің 22-сі және дамушы экономикасы бар 10 елдің 7-сі латын әліпбиін қолданады. Сондықтан қазақ тілі әліпбиінің кириллицадан латын әліпбиіне ауысуы – бұл жазуды реформалау, ұлттық кодтың басты белгісі, рухани жаңғырудың нақты көрінісі. Серпіліс пен бәсекеге деген қуат, жаңашылдық болары анық.
«…Қазақтар үшін латын әліпбиі бөтен емес, ол біздің тарихи жадымызда бар. Артқа қарасақ, Алаш қайраткерлері бұл әліпбиді жазу мен сурет салуда қолданған… Өркениетке ұмтылған және әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіруге ұмтылған қазақ елі өзінің тарихи жадын жандандырып, латын әліпбиін қайта қабылдап, қоғамның қолдауына ие болғаны қуантады.
Өйткені, бұл әліпби еліміздің болашақ ұрпақтарының беделін арттыруда үлкен пайда әкеледі. Бүгін, егер біз әлемдегі барлық өмір компьютерге тәуелді десек, латын тілі-бұл технология тілі. Ол арқылы біз өз қажеттіліктерімізді әлемдік ақпараттық кеңістіктен алып, қолымызда бар нәрсемен бөлісетін боламыз.
Қазақстандық жастар мұқият және ынталы. Менің ойымша, латын әліпбиі олардың жаһандық ортада өз ойын білдіру және елдің әлеуетін арттыру үшін қажетті білім алу қабілетіне оң әсер етеді. Сонымен қатар, әдебиет пен ғылым да өте пайдалы. Қазақстандық авторлардың сапалы туындыларын шет тілдеріне аудару оңайырақ болады. Шетелдік жұмыстармен және ғылыми оқулықтармен ана тілінде танысуға мүмкіндік бар.
Яғни, рухани қашықтық артады. Бұл жаһандану мен модернизация туралы емес пе?» деген жазушы Әкім Таразидің тамаша ой сараптамасын бағдарға алуға әбден болады.
Алашыл жазушы-қайраткерлер-дің биік армандары мен өлшеусіз еңбектері, асқақ ойлары әлі күнге дейін жадымызда өз сөздерімен жаңғырып тұр: Ел – бүгіншіл, менікі – ертеңгі үшін» (А.Байтұрсынұлы)… «Тірі болсам, қазаққа қызмет қыл-май қоймаймын» (Ә.Бөкейхан).
Бұл асқақ ойлар бүкіл елдік мүдделерге қарата айтылатын: оның ішінде ұлт негізі – ұлы тілімізге байланысты да негізгі қағида етіп ұстану – басты міндет!
Халық даналығы айтқандай, «Көз қорқақ, қол батыр», «Жұмыла көтерген жүк жеңіл», «Жеті өлшеп, бір кесетін» кезеңі келді. Барлық мақсатты, мұратты істерді жүзеге асыру мүмкіндігі жасалып, жаңа өрістер ашылды. Егер біз ұлттық тілді қолдану саласына барынша назар аударып, оны қоғамда және өмірде, күнделікті өмірімізде және қарым-қатынасымызда кеңінен қол-
дансақ, еліміздің даңқы артады. Біздің отансүйгіштігіміз артады, еліміздің сипаттамалары мен құндылықтары айқындалады. Біз ұлттық дәстүрлеріміз бен дәстүрлі дінімізге ораламыз. Біздің санамыз өсетіні, біліміміз нығайып, тәжірибеміз байып толатыны рас. Шын мәнінде, қазақ жазуы, оның өткен тарихы ел мүддесін, дамуымыз бен бетбұрыстарымызды, білім беру тәжірибемізді айқын көрсетеді.
Біздің тіліміз:
— өзінің бастапқы формасын сақтаған жергілікті тіл;
— ежелгі заманнан бері жазбаша мәдениеті бар тіл;
— әдеби тіл, диалект, ауызекі, қа-рапайым сияқты сөйлеу нормалары бар;
— күшті демографиялық тірегі бар;
— грамматикалық құрылымы жетілген;
— Егеменді Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі.
Мемлекеттік тілдің қоғамдық қызметі қоғамдық өмірдің мынадай өте маңызды салаларында жүзеге асырылады: басқару, білім және тәрбие беру, ақпарат, (мектепке дейінгі мекемелер, бастауыш, орта мектеп, Жоғары Мектеп), Ғылым және техника (ғылыми-зерттеу мекемелерінде); әлеуметтік ғылымдар, жаратылыстану және нақты ғылымдар, техникалық және қолданбалы ғылымдар, экономика, қоғамдық-саяси, бұқаралық ақпарат құралдарының, басқарудың жалпы салаларында; мәдени мекемелер мен ұйымдарда; өнер мекемелерінде (театр, кино); республикалық, халықаралық съездерде, конференцияларда, кездесулерде, Қазақстан Республикасында өткізілетін слеттер; қоғамдық тамақтандыру мекемелерінде; дипломатиялық қатынастарда; әскери-патриоттық тәрбие мен тәрбиеде; мемлекеттік, дене шынықтыру, спорт, туризм, денсаулық сақтау мекемелерінде және емдеу мекемелерінде; бизнесті басқару мен ұйымдастыруда; өндірістік және өнеркәсіптік үй-жайларда; және т.б.
Осылайша, қазақ тілі – ұлттық деңгейге көтерілген, сараланған стилистикалық тармақтары бар дәстүрлі, тұрақты, қатаң тілдік нормасы қалыптасқан қолданыстағы, қажеттіліктегі тіл.
Сондықтан біздің ата-бабаларымыздан басталған тарихи жолға құрмет көрсете отырып, ұлттымыздың өткенінің шынайы көрінісіне, ұлттық негізіміздің даңқына, тарихымыздың нақты деректеріне баға бере отырып, тек алға қарай, дамуға қарай бет алуымыз керек.

Әзірше ешқандай пікір жоқ.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз.

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *