ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНДАҒЫ ПЕДАГОГ БЕДЕЛІ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНДАҒЫ ПЕДАГОГ БЕДЕЛІ
Элеонора ОРЫНБАСАРОВА, педагогика ғылымдарының докторы, профессор   Қазіргі заманғы ЖОО-да оқы-тушының рөлі өсіп, оның студенттерге психологиялық және педагогикалық ықпалының ауқы-мы кеңейе түскен. Оқытушы енді... ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНДАҒЫ ПЕДАГОГ БЕДЕЛІ

Элеонора ОРЫНБАСАРОВА,
педагогика ғылымдарының
докторы, профессор

 

Қазіргі заманғы ЖОО-да оқы-тушының рөлі өсіп, оның студенттерге психологиялық және педагогикалық ықпалының ауқы-мы кеңейе түскен. Оқытушы енді білім мен ақпарат беруші ғана бола алмайды: ол педагог, психолог, психотерапевт болуға тиіс. Оның педагогикалық қызметінің табыстылығы және беделі көбінесе осыған байланысты. Оқытушының беделі – оның ұжымдағы кәсіптік, педагогикалық және жеке жағдайының біріктірілген сипаттамасы: ол әріптестермен, студенттермен өзара қарым-қатынас барысында көрінеді, оқу-тәрбие үдерісінің жемісті болуына әсер етеді.
Оқытушы беделі екі құрамдас бөліктен: рөлдің беделінен және тұлғаның беделінен тұрады. Егер бірнеше жыл бұрын рөлдің беделі басымдық алса, енді қазір оқытушының тұлғасы, оның жарқын, қайталанбайтын, студенттерге тәрбиелік (педагогикалық) және психотерапиялық әсер ететін қасиеті негізгі болып саналады.
Оқытушы беделі педагогикалық біліктіліктің үш: «пәндік» (ғылыми білімдер); «коммуникациялық» (оқу-
шыларын және әріптестерін білу), «танымдық» (өзін-өзі білуі, мінез-құлқын түзете білуі) тұрпатын жеткілікті биік деңгейде дамытудан қалыптасады.
Педагог тұлғасы беделінің негізгі көрсеткіштері:
1. Оқытушының өзін-өзі баға-лауына оның тұлғасына студенттер мен әріптестері беретін бағаның сәйкес болуы.
2. Қарама-қайшы және күрделі ақпаратты қабылдап, өңдей білу, қызметтегі және өмірдегі қиын жағдайлардан лайықты түрде шығу жолын таба білу.
Жүргізілген педагогикалық зерттеулердің негізінде беделді және беделді емес оқытушының жан-жақты сипаттамасы ажыратылды. Беделді оқытушылардың: жоғары педагогикалық қырағылытары, сту-
денттерге құрметі, олардың белсенділігі мен зияткерлік істерін ынталандыра білуі, педа-гогикалық шешімдер қабылдау кезіндегі шеберлігі, студенттермен қарым-қатынасқа қанағат-танушылығы байқалады.
Беделді емес оқытушыларда педагогикалық қарым-қатынаста қатал, авторитарлық тәсілдер басым, сабақ берудің таптаурын әдістері, қатынастың бір-жақтылығы, студенттердің оқу-дағы жетістіктеріне қарамастан, оларды құрметтей білмеушілік жиі кездеседі.
Оқытушылардың педагогикалық қызметінде жиі ұшырасатын негізгі қиындықтар мен мәселелерге жіті назар аудару қажет. Олардың ішінде аса маңызды саналатындары:
– жеке қызметінің барлық құрамдас бөліктерін және өзінің тұлға ретіндегі қасиеттерін талдай білмеу;
– студенттердің тұлғалық-психологиялық ерекшеліктерін жеткілікті түсінбеу және оларды ескере білмеу;
– студенттермен және әріп-тестермен байланыс үдерісін құра алмау;
– өзінің психологиялық жай-күйлерін меңгере және пси-хологиялық кедергілерді еңсере білмеу.
Осындай қиындықтарды жеңе білуге үйрену керек. Өзгелерді басқару өздеріңізді басқарудан басталатынын сіздер түсінесіздер. Әрқайсыңыз өз ерекшеліктеріңіз бен қабілеттеріңіз туралы білуге, яғни өздеріңізді жете тануға, өз психологиялық бейнеңізді жасауға, педагогикалық қарым-қатынасқа үйренуге тиіссіздер.
Барлық жоғары оқу орындарында жылма-жыл «Оқытушы студенттер көзімен» деген тақырып бойынша өткізілетін сауалнама студенттердің ең алдымен оқытушылар бо-йындағы. қайырымдылық, ашық-
жарқындық, көңілділік, бел-сенділік, ілтипат сияқты жеке-дара қасиеттерді, содан кейін ғана зияткерлік: ақыл-ойының ширақтығын, тапқырлығын және өзі оқытатын пәнін жақсы білетінін бағалайтынын көрсетті. Студенттерге оқытушының бойында жеке және зияткерлік қасиеттері үйлесім тапқаны ұнайды. Теріс мінездер ешкімге ұнамайды.
Ал оқытушылар студенттерді қалай бағалайды? Олар сту-денттердің зиялылығын: ақылды, қабілетті немесе, керісінше, миғұла деп бірауызды бағалайды. Жеке-дара ерекшеліктерді бағалау қиындау: бұл жерде бір студентке қатысты көптеген әртүрлі пікірлер болады.
Білім алушылардың білімдері мен мінез-құлықтарын бағалаған кезде, олардың қадір-қасиеттерін, намысын кемсітпеу үшін, әрбір педагогикалық жағдайдың студенттер мен педагог қызметінің нәтижесі екенін, сондықтан қиын жағдай тіпті оның қатысуынсыз орын алса да, педагог оның шешілуі үшін жауапты екенін есте ұстауы керек.
Тіпті әлдебір себептермен оқытушы студентті сыйлай алмайтын жағдайларда да, оны мүлдем ызаландырып алмау, байланысты үзіп, тығырыққа тіремеу үшін, оған дұрыс қарауы қажет. Оған деген өзінің теріс көзқарасын көрсетпеуге, өзін адамгершілікке сай ұстауға тырысуы керек. Әрине, білім алушылардың кемшіліктері туралы оқытушы куәгерлерсіз және өзгеше сыпайы түрде айтуға тиіс. Ондай пікірлердің мақсаты сындарлы болса, студентті кемшіліктерін түзеп, өзіне қолжетімді жетістіктерге жетуге ынталандырады. Өсиеттер айтқанда, этикалык жағынан дұрыс сөйлей білуге, дауыс ырғағын дұрыс қоюға кеңес беріледі.
Біздің ойымызша, оқытушы тұлғасында жеке және іскерлік қасиеттерінің үйлесім тапқаны дұрыс.
Оқытушының беделі оның төмендегідей тұлғалық (лайықты деп саналатын) қасиеттеріне негіз-деледі:
1. Кәсіптік шеберлік және пәнді терең білу.
2. Өзінің ойларын бейнелі түрде және түсінікті етіп жеткізе білу.
3. Жалпы жоғары мәдениет пен біліктілік,
4. Шапшаң ойлап, жылдам жауап бере білу.
5. Өзінің жеке пікірінен танбай, қорғай алу.
6. Мәнерлі (сөйлеу арқылы емес) тәсілдерді пайдалана білу.
7. Студент психологиясын, оның
қасиеттері мен кемшіліктерін түсіну қабілеті.
8. Әңгімелесушіге қатысты ықы-
ластылық. Ізгіліктілік және шыдамдылық.
9. Әділеттілікпен үйлесім тапқан қаталдық.
10. Педагогикалық орнықтылық және қиын жағдайлардағы тапқырлық.
11. Ұқыпты сыртқы түр-келбет.
Окытушыларға лайықсыз қа-сиеттерге төмендегілер жатады:
1. Менмендік, дөрекілік, қайы-рымсыздық.
2. Өзін ғана жақсы көрушілік.
3. Беймазалық.
4. Баяу жауап қатушылық, кер-тартпалық.
5. Студентті тұқыртуға ұмты-лушылық.
6. Жинақы болмау, жалқаулық.
7. Шамадан тыс сезімталдық, ашушаңдық.

Педагогтік шеберліктің жоқтығы

Сонымен, аудиторияда оқытушының алдында тұратын бірінші кезектегі міндеттердің бірі – өзін ақпараттың (білімдердің) беделді көзі ретінде көрсету, өйткені бедел сол бойда аудиторияның сенімін және ақпаратқа қызығушылығын қамтамасыз етеді. Бедел аудиториямен ұзақ уақыт жұмыс істеудің және әртүрлі педагогикалық тәсілдердің көмегімен оны өз жағына тартудың нәтижесі болып шығады.
Аудаторияға алғаш кірген оқытушы аудиторияның сенімін арттыратын маңызды кәсіби ерекшеліктерін баса көрсету үшін, беделін күшейту үшін, өзін жарнамалау, жете таныстыру амалдарын пайдалана алады. Мысалы, оның өзінің жарық көрген, әсіресе шетелдік жарияланымдары, жиындарда сөйлеген сөздері жайында айтып өтуіне, осы аудитория үшін беделді, белгілі адамдармен ынтымақтастығына сілтеме жасауына болады. Өзін жарнамалаудың кең тараған түрі киім, шаш үлгісін, сөмке немесе портфель таңдаудан, яғни өзінің беделін сыртқы әсерлер арқылы құрудан басталады.
Зерттеулердің тұтас бірқатары мансап кұру үшін әлеуметтік ортаның талап етуі бойынша киіну керек екенін көрсетті. Бұл ойымызды «Адам көркі – шүберек» деген мақал дэлелдей түседі. Кейде аудиторияның ықыласына ие болуға тырысуда, оқытушы оның қабылдау үлгісін бұзбау үшін, әдейі соның ыңғайына жығылып киінеді.
Мәселен, өзінің жастығын және студенттермен жарасымдылығын көрсетуді қалайтын оқытушы студенттік «сән үлгісіне тән» киімдер киеді. Киімге және сыртқы түр-келбетке мүлдем немқұрайды қараушылықты да өзін-өзі жарнамалау деп түсінуге болады. Егер «шүберек» арқылы өзін-өзі жарнамалау әлдебір себептермен іске аспаса, мінез-құлық бойынша өзін-өзі жарнамалау байқалмай қалмайды. Әсіресе бейнелі ақпаратты мінез-құлықтың сөзбен айтылмайтын құралдары – дене қозғалысы деп аталатынның бәрі береді. Бәрінен бұрын, оқытушы өзі және аудитория арасында дұрыс арақашықтық таңдауға тиіс. Оқытушы үшін бұл арақашықтық үш және одан артық («әлеуметтік», «қоғамдық» немесе «көпшілік» аймағы деп аталатын) метрді құрайды.
Аймақтан жарты метрден артық өтіп кету жеке, ішкі және тіпті ерекше етене аймаққа ену дегенді білдіреді де, міндетті түрде тыңдармандар тарапынан түсінбестік, қолайсыздық сезіну, әсіресе егер ол шекаралар тұрақты және дөрекі бүзылатын болса, тіпті қарсылық туғызады. Кейде шекараны оқытушының өзінің достық қарым-қатынасын және жақынырақ сенімді байланыс орнату ниетін білдіру үшін бұзуына болады. Алайда арақашықтықты сақтау дұрыс болмақ.
Сонымен қатар тыңдармандар алдында оқытушының қалай тұратыны да маңызды. Оңтайлы тұрыс – аудиторияға бет-жүзді қаратып, ал ең жаманы – арқаны қаратып тұру (өкінішке қарай, оқытушы, әсіресе тәжірибесіз мамандарда материалды тақтаға бұрылып тұрып түсіндіретін жағдайлар аз кездеспейді).
Оқытушының аудиторияға қырынан қарап тұруы көбінесе оқшаулану және жақын, сенімді қатынастар орнатуға құлықсыздық сезімін туғызады.
Дене тұрқы, сымбат, жүріс-тұрыс, қимылдар жасау сияқты, сөзбен айтылмайтын құралдар да өзін-өзі жарнамалау элементтері бола алады. Дұрыс дене сымбаты сенімділік, тыныштық және өзіндік жоғары баға сезімін туғызады. Оқытушы жүрген, отырған немесе тұрған кезде, үнемі өзінің дене сымбатын қадағалап отыруға тиіс.
Құжаттарды мінберге қою талап етіледі, бірақ оның үстіне қолды қоймау, қозғамау, оған сүйенбеу керек. Мінберге сүйенгенде, дәріс оқитын оқытушының денесі қисаяды, киімінің жеңі қатпарланып қалады. Денесінің қисаюы тыныс алуының қиындауына келтіреді, ал ол, өз кезегінде, сөйлеуді қиындатып, дірістің мазмұнына да әсер етеді.
Үстел басында және орынтаққа отырғанда, бір аяқты екінші аяққа қойып және қолдарды тізенің үстінде айқастырып алу ыңғайсыз көрінеді. Орынтақтың арқалығы мен шынтақ қоятын бөліктерін елеместен, аяқты сәл артқа қарай шегіндіріп, өкшені еденге тіреп, еркін отыру керек.
Аяқты жеткілікті сенімді, ширақ басып жүру оқытушының жинақылығын және тындырым-дылығын дәлелдейді. Өзіне сенімді іскер адам рөлін ойнап-ақ сондай болып сезінуге болады.
Дене қимылдарының көмегімен оқытушы аудиторияға көзқарасын және сезімдік жай-күйін біл-діреді. Бет-жүз қимылдарына, мәнерлілігіне ерекше назар аудару қажет. Бірқатар зерттеулерде дәлелденгендей, бет-жүз, негізінен, ерін мен қас қимылдары, олардың мәнерлілігі арқылы жеті: қорқыныш, күйзеліс, ашу, жиіркеніш, қызығушылық, таң-дану және бақыт сезімін үлкен дәрежедегі дәлдікпен анықтауға болады.
Дегенмен адам өзін көбірек бақылап отырғанда, бет-жүздің, әсіресе сол жақ беттің мәнерлілігі азырақ хабар береді. Кез келген жағдайда оқытушы үшін бет-жүздің мәнерлілігін меңгеріп қана қоймай, сонымен қатар өзінің алдында отырған студенттерге деген көзқарасын көрсету үшін белгілі бір жай-күй туғызуы маңызды. Бет-жүз түнеріңкі, бедірейген, менмен, жиіркенішті болмауға тиіс. Бет- келбетке ілтипаттылық, жинақылық және іскерлік сипат берген жөн.
Оның үстіне, көзқарас тура, ашық, байланысқа ынталандыратын болуы керек. Аудиторияға оқытушының жүгіріп тұратын көзі немесе басқа жаққа қарап тұрып сөйлейтін әдеті өте нашар әсер қалдырады.
Дәріс оқитын оқытушыға ауди-ториядағы тыңдармандарға ту-ра, бірақ қадалып қарамауға, әр кезде барлықтарына шолып қарауға кеңес беріледі. Шолуды бөлменің сол жағынан бастап, оңға қарай, содан кейін алдыңғы қатарлардан соңғы қатарларға дейін жеткізе қарау керек.
Оқытушының өзіне жиірек қарайтынын сезетін сту-денттің материалды сапалы меңгеріп, есінде жақсы сақтайтыны дәлелденген.
Оқытушы өзіне сенімділігін, ұстамдылығын, біліктілігін көр-сетуі үшін, бет-жүз және дене қимылдарын жүйелі түрде бақылап қана қоймай, оларды алдына қойған мақсаттарына бағындыра да білуге тиіс. Қажетсіз және ашу туғызатын, мысалы, тырнақтарымен сыртылдататын, саусақтарымен ұрғылайтын, сақалын (ер адам) саусақтарымен тарағыштайтын, шашын сипалай беретін, маңдайын сүрткіштейтін, саусақтың буындарын шытырлататын әдеттерден арылу қажет. Кішкентай, тіпті елеусіз әдеттің өзі оқытушының кәсіби кемшілігіне айналуы мүмкін.
Кеуде деңгейіндегі қимылдар – ең жақсы қимылдар. Олар күш-қайрат, байсалды басымдық береді және сенімділік ұялатады. Ал шаш, бет сипалау немесе дененің әр жеріне қол тигізе беру әдеттері мазасыздық, әбігершілік және сенімсіздік туғызады.
Шынтақты денеге жақын ұстау керек. Егер сөйлеп тұрған адамның қолдары қимылдар жасамаса, көрсетіп ұстаудың қажеті жоқ, оларды айқастырып немесе жай ғана төмен түсіріп ұстау керек. Қолдармен не істеу керек деп қам жеу қажет емес. Қимылдар табиғи және сөйлеу арқылы байланыс орнатудың ақылға қонымды жалғасы болуға тиіс. Оқытушының дауыс ырғағын дұрыс қойып, сөйлеу мәнерін жетік меңгергені өте маңызды. Дауыс немесе паралингвистикалық ерекшеліктерді оқытушының кәсіби маңызды қасиеттеріне жатқызуға болады.
Дене қимылдарын меңгеруі сияқты, оқытушының дауысын да меңгеруі қажет. Дауыстың қаттылығын тұрақты түрде өз-гертіп отыру тактикасы өте тиімді. Оқытушының сөйлеуі үшін дауыс ырғағының және оны өзгертіп отырудың үлкен маңызы бар. Дауыс ырғағы еш өзгермейтін, бірсарынды сөйленетін сөз тың-даушылардың қалғып-мүлгуіне, назарларының нашарлауына, қызы-ғушылықтарының жоғалуына әке-
ліп соқтырады. Керісінше, ши-рақ, бейнелі сөйленген сөз тыңдармандарды тартып, оларды жалықтырмайды.
Сөйлеу екпінділігі сипаттары да паралингвистика қатарына жатады. Сөйлеу екпіні, яғни жылдамдығы мәселелерді талқылауға, нақты бір тілді білуге, сезімдік жай-күйге, шынайылық пен жалғандыққа қатысты сенімділікті дәлелдейді. Қазақ тілі үшін бір минутта 200-250 сөз айту жылдамдығы, яғни секундына 3-4 сөз айту қалыпты екпінділік болып есептеледі. Екпінділікті минутына 120 сөзге дейін азайтуы сөйлеушінің өзіне сенімсіздігін, менмендігін немесе тілді нашар білетінін көрсетеді. Жылдам екпінділік (минутына 400 сөзге дейін) сөйлеудің шапшаңдығын ғана емес, сөйлеу-шінің толқынысын немесе абыржушылығын көрсетеді.
Сараптамалар дәлелдегендей, тыңдармандар олардың өзде-ріне тән сөйлеу екпінділігін жақ-
сы қабылдайды. Дегенмен мате-риалдың қиындығына, тыңдар-мандардың ықтияттылығына, оқы-
тушының өзінің көңіл күйіне байланысты, сөйлеудің өзгеріп тұратын екпінділігі оңтайлы болып саналады.
Сөйлеудің басқа қарым-қаты-настық өлшемін де ескерген жөн. Екпін түсетін дауысты дыбыстың айқын және түсінікті айтылуы маңызды, ал екпін түспейтін дауысты дыбыстар сөздің анықтығына елеулі әсер етпейді. Мәнерлі сөз ойдың көптеген реңктерін, қырларын бере алады.
Сөйлегенде қате жібермеуге тырысу керек. Әсіресе адамды сол бойда теріс жағынан көрсететін әрекет, яғни сөзге екпінді дұрыс түсірмеу өте қауіпті. Таныс емес сөздерді пайдаланбаған жөн.
Тыңдармандарға: «іс-шарамен қамту…», «тиісті назар аудару…» деген сияқты кеңсе ауқымындағы кезекші сөздер жайсыз әсер туғызады.
Сондай-ақ: «ал», «міне», «десек те», «түсінесіз бе», «яғни» және басқадай жауыр болып кеткен сөздерден арылу қажет. Ондай сөздер оқытушының сабағын мазмұнды етпек түгілі, студенттерді жалықтырып, тіпті ызаларын келтіреді. М.Твен: «Дұрыс және дұрыс дерлік сөздің арасындағы айырмашылық жер мен көктей», — деген. Бір құбылысты әртүрлі сипаттап айтуға болады. «Таудың басында енді жел соқпайды», – деген сөйлемнің орнына Гёте: «Тау шыңдары түн тыныштығында мүлгіді», – деп жазғанды дұрыс санаған.
Өзіңіздің сөздік қорыңыз жайында ойлаңыз. Физик-математик ғалым Қ.Бектаев Абай тілінің сөз қолданысын ЭЕМ (электронды есептеу машина) көмегімен есептеп, 46850 сөзқолданыс, 14586 сөзформа, 6017 сөз бар деген қорытынды жасаған. Мұндағы сөзформа: жұрнақтар мен жал-ғаулар. Барлық тіл қазынасын Абай ақтара қолданған тілімізде сіз қалай сөйлеп жүрсіз?
Адам орташа есеппен 15 минут шаршамай тыңдай алады. Содан кейін үзіліс немесе азғантай шегініс жасап, бір қызықты факт келтіру дұрыс болатынын білген жөн.
Тыңдарманға әсер ететін кейбір әрекеттерге жататындар:
а) мысалдар айту, бүге-шігесіне дейін баяндау, салыстыру (әсіресе күлкілі салыстыру есте жақсы сақталады);
ә) сөзді немесе сөйлемді ауыспалы мағынада қолдану (метафора), бейнелі қатар, қысқа әңгімелер (әзіл-оспақтар);
б) қайталау;
в) түсіндіру;
г) үндеу;
ғ) дәйексөз келтіру;
д) қарама-қарсы қою;
е) алдын ала мәлімдеу («Сіз… таңғалатын боласыз»);
ж) сөздерді ойнату (мақалдар, мәтелдер, идиомалар, тосын пікірлер);
з) қосымша (жолай жасалатын ескерту).
Сонымен, оқытушының студентпен өзара іс-әрекеттерін жүзе-ге асыру үшін, студенттердің белсенділігін көтеруге, олармен кері байланыс орнатуға, қойылған міндеттерді шешу үшін қолайлы жағдайлар туғызуға, ақпарат көзінің беделін күшейтуге бағдарлану керек. Педагог мамандар үшін келесі кеңес шын мәнінде пайдалы болуы мүмкш: «Студенттердің бойларында өздерінің маңыздылығын сезетіндей, оған қоса, студенттердің жеке қасиеттерінің дамуын ғана емес, тұлға ретінде өсуін қадағалайтындай жагдайда болатын әрекет істеу керек».

Жоғары оқу орнындағы педагогикалық қарым-қатынастар ерекшеліктері

Іс жүзіндегі нақты қызметпен қатар, адамдар арасындағы өзара әрекеттестік – адам дамуының басты факторлары. Адамдық қатынастар, оның ішінде оқу үдерісіндегі қатынастар субъект субъект негізінде, екі тарап та теңдей тұлғалар ретінде, қатынас үдерістің теңқұқылы қатысушылары ретінде араласатын негізде құрылуға тиіс. Осы шарт сақталса, рөларалық «оқытушы-студент» байланысы емес тұлғааралық байланыс орнап, соның нәтижесінде әңгімелесу үдерісі, демек, қатынасқа қаты-сушының біреуінің екіншісіне ықпалын барынша қабылдау және ашықтық сезімі пайда болады.
Қатынасқа қатысушылардың әрқайсысының танымдық, сезімдік, мінез-құлық салаларындағы жа-
ғымды өзгерістері үшін оңтайлы негіз құрылады. Сөйтіп рөларалық қатынасты тұлғааралық қатынас-пен ауыстыру әрекеті оқу үде-рісіндегі түршілдік (формализм – мазмұннан гөрі, сыртқы нысанға бойұрушылық) пен қасаңдықтан (догматизм нақтылы жағдайларды ескермейтін дерексіз әдіс) шешуге мүмкіндік береді. Бірақ нұсқаулық-бұйырушылық тәсілден – қатынастың демократиялық, теңқұқылық тәсіліне, біржақты сөйлеуден (монолог) сұхбаттасуға (диалог) көшу – егер қатысушы екі тарап оған дайын болмаса, ешқашан іске аспайды. Қатынастың осындай түрі шынайы қатынасқа айналуы үшін, адамгершілік сипаты бойынша педагогтің де, студенттің де тұлғалары қатынасының өзегі болып қалыптасуға тиіс.
«Тұлға қатынасының өзегі» түсінігінің мазмұнына сол тұлғаның бойында дамып үлгірген және қатынаста көрінетін барлық психологиялық қасиеттері кіреді. Бұл қасиеттер тұлғаның әртүрлі: оң да, теріс те санаттарға жататын адамдармен қарым-қатынас жасауы барысындағы тәжірибесін көрсетеді.
Қатынастың әрбір қатысушы-сына қарым-қатынас мәдениетін сіңіріп, оң тәжірибе қалыптастырып, адамның бойынан биік қүндылықты көре білуге, ал әңгімелесушінің, қатынасқа қатысушының бойынан оның өзі сияқты тұлғаны көруге үйрету қажет. Педагог мамандар арасындағы қарым-қатынастың оңтайлы болуы педагогтің өзіне, оның педагогтік шеберлігіне және қарым-қатынас мәдениетіне байланысты.
Студенттермен өзара жақсы қарым-қатынас орнату үшін, оқытушы оқу үдерісінің әрбір қаты-сушысына ілтипаттылық пен құрмет көрсетуге, олардың жетістіктері мен сәтсіздіктеріне, табыстары мен қателіктеріне бірге қатысушы бола алуға, олар үшін қам жеуге тиіс.
Зерттеулер өзінің меншікті «Мен» деген тұлғасына ғана көңіл бөліп, тәрбиеленушілерге формализм, авторитаризм танытып, оқыту жағдайына атүсті қарайтын педагог өзінің артықшылықтарын баса көрсетіп, мінез-құлық көріністерін де оларға мәжбүрлі түрде таңатынын дәлелдеп отыр. Назарын «басқаға» көбірек аударатын ұстаздар тәрбиеленушілерінің ыңғайына еркінен тыс көбірек жығылып, кейде өзін-өзі кемсітіп, белсенділіктерін тым құлдыратып жібереді.
Зерттеушілер тарапынан педагогикалық қарым-қатынастың тө-мендегідей түрлері ажыратылған.
1. Педагогтің жоғары кәсіби ұстанымдары негізіндегі қатынас және жалпы, оның педагог қызметіне көзқарасы. Ондайлар жайында: «Балалар (студенттер) олардың қыр соңынан қалмайды!» деген көзқарас қалыптасады. Оның үстіне, жоғары мектепте қарым- қатынасқа ынталылықты жалпылама кәсіптік мүдделер, әсіресе салалық кафедралардағы мүдделер ынталандырады.
2. Достық ықылас негізіндегі қарым-қатынас. Ол ортақ іске әуестенушілікті білдіреді. Алайда ол еш именбейтін дөрекілікке, өзімсінуге жол берілмеуі керек. Бұл әсіресе кикілжің, дау-дамай оқиғаларына тап болғысы келмейтін жас мамандарға қатысты.
3. Қатынас – арақашықтық. Педагогикалық қатынастардың ең көп тараған түріне жатады. Бұл жағдайда өзара қарым-қатынастарда тұрақты түрде барлық салаларда арақашықтық байқалады: оқытуда оқытушының беделі мен кәсіптік шеберлігіне; тәрбие ісінде оның өмірлік тәжірибесі мен жасына сілтеме жасалады. Ондай стиль «оқытушы-студенттер» қа-тынастарын қалыптастырады. Бірақ бұл студенттер оқытушыны құрдасы іспетті қабылдауға тиіс дегенді білдірмейді…
4. Қатынас – қорқыту қатынастың адамгершілікке жатпайтын теріс үлгісі бола отырып, сол тәртіпке жүгінетін оқытушының педагог ретінде жетілмегендігін көрсетеді.
5. Қатынас – әзіл-оспақ өзін танытуға ұмтылатын жас оқы-тушыларға тән. Ондай қаты-нас жалған, арзан беделдің қалыптасуына келтіреді. Көбінесе педагогтік тәжірибеде бұл айтыл-ғандардың әртүрлі шамада үй-лесуі, яғни біреуінің басымдығы байқалады.
Кейінгі жылдарда педагог қатынастары стильдерінің шетелде жасалған жіктемелерінің арасында мұғалімдердің М.Тален ұсынған кәсіптік ұстанымдарының типологиясы қызықты болып көрінеді.
I үлгі – «Сократ». Ол – сабақ үстінде әдейі өзі ушықтыратын даулар мен пікірталастарды жақсы көретін әдетімен танылған педагог. Оған тұрақты қақтығыстардың себебінен оқу үдерісінде жеке қасиеттерін көрсету, бірақ жүйеліліктің жоқтығы тән; тәрбиеленушілер өз ұстанымдарын қорғауды күшейтуге тырысады.
ІІ үлгі – «Топ пікірсайысын басқарушы». Оқу-тәрбие үдерісінде өзіне делдалдық рөл бере отырып, студенттер арасында ке-лісім мен ынтымақтастық орнатуды ең басты деп санайды: ол үшін демократиялық келісім пікірсайыс нәтижесінен маңыздырақ.
III үлгі – «Шебер». Педагог, бәрінен бұрын, оқу үдерісінен гөрі, жалпы, өмірге деген көзқараста даусыз көшіріп алуға жататын еліктеу үлгісі ретінде әрекет етеді.
IV үлгі – «Генерал». Ол екіжақты мағыналылықты қаламайды, ерекше талапшыл, студенттерден өзін тыңдауды қатаң талап етеді, өйткені өзінің пікірін қашанда және барлық істерде дұрыс деп санайды, ал тәрбиеленуші, әскерге жаңа алынган жауынгер сияқты, өзіне берілген бұйрықтарға сөзсіз бағынуға тиіс.
Типология авторының деректері бойынша, педагогтік іс-тәжірибеде барлық қоса алынған стильдерге қарағанда, осы стиль көбірек таралған.
V үлгі – «Менеджер». Бұл — түпкілікті бағдарланған оқу орындарында кең таралуға жеткен және білім алушылардың тиімді қызмет-ахуалымен, олардың бастамалары мен дербес істерінің қолдау табуымен ұштасқан.
VI үлгі – «Жаттықтырушы». Аудиториядағы қарым-қатынас ахуалына бірлесе жұмыс істеу рухы сіңген. Білім алушылар бұл жағдайда әркім жеке тұрғанда тұлға ретінде маңызды емес, бірақ бәрі бірге көп нәрсе істей алатын бір команданың ойыншыларына ұқсайды. Педагогке топтық күш-жігерді шабыттандырушы рөлі берілген: ол үшін ең бастысы –түпкілікті нәтиже, тамаша жетістік, жеңіс.
VII үлгі – «Жетекші». Ол – тірі энциклопедияның іске асқан бейнесі, Қысқа жауап береді, дәл, ұстамды. Барлық сұрақтардың өздері сияқты, жауаптары да оған алдын ала белгілі. Техникалық жағынан мүлтіксіз, міне, дәл осы себепті көбінесе ашық жалықтырып жібереді.
Педагог қатынастарының бір-жақты сөйлеуге (монолог) және екіжақты әңгімелесуге (сұхбат) құрылатынын атап айтуымыз керек. Педагог қатынастарының бұл үлгілері мүлдем қарама-қайшы. Бірінші жағдайда «субъект-объект» (нысан) қатынастары қалыптасады: ондағы нысан: оқушы, студент, сынып, топ. Екінші жағдайда «субъект-субъект» қатынасы қа-лыптасады: онда педагог білім алушымен немесе білім алушылармен серіктестік қатынастар негізінде, онымен немесе олармен өзара одақтаса әрекеттеседі. Педагогтік ынтымақтастықтың мәнін осы ерекшелік құрайды: ол кезде өзінің қызметінде оқытушы педагог еңбегі жайындағы: біреуі ғана (педагог) оқытуға, жеткіншектің дамуын бағыттауға, тәрбиелеуге, ал басқалары оның басшылығымен оқуға, дамуға тиіс дейтін үйреншікті көзқарастардан шегінеді.
Педагогтік ынтымақтастық негізінде қалыптасатын жемісті педагогикалық қарым-қатынастың шарттары қандай?
1. Педагогтік ынтымақтастық – «оқытушы-студент» жүйесіндегі өзара іс-қимылдарға негізделген екіжақты үдеріс: оның табыс-тылығы педагог қызметі мен тұлғасына және студенттің қыз-метіне тәуелді.
2. Педагогпен өзара әрекеттесу білім алушы тұлғасының жеке мүмкіндіктерінің барынша кең ашылуына ықпал ете отырып, оған парапар болады.
3. Педагогтік қарым-қатынас ынтымақтастыққа құрылып, оқытушының оңтайлы педагогтік шешімдерді шығармашылықпен іздес-тіріп, табуын қажет етеді.
Сонымен, «субъект-субъект» қарым-қатынастарына құрылған педагогтік қатынас шығармашылық үдерісінде жүзеге асып, оқытудың адамгершілік ұстанымдарының қалыптасуына септігін тигізетін ынтымақтастықтан көрінеді.
Педагог қызметінің негізгі түр-лері қарым-қатынас жағдайында өтеді. Ол дәріс, семинар, емтихан, сынақ, курс жобасы немесе реферат қорғау болсын, мейлі, оқытушы студенттер ағынымен, топпен, кіші топпен, тұлғамен араласып, қарым-қатынас жасайды. Қарым- қатынастың мазмұны – ақпарат алмасу. Бірақ бұнымен қарым-қатынас сарқылмайды. Қарым-қатынастың аса маңызды жағы – бір адамның екінші адамдағы бейнесін сақтап қалу, өзін басқаға бірлескен қызмет арқылы көшіру. Бұл – енді тұлға қарым-қатынасы.
Қарым-қатынас жасайтын адамдар өзінің тұрмыс-тіршілігін басқалармен бөлісуге, екі жақты да толғандыратын әлдебір оқи-ғаларды талқылауға ұмтылады. Ол – оқытушы мен студенттің бірлескен қызметіндегі жеке-дара тұлғалық өзара іс-әрекеттер, ал осы мағынасында қарым-қатынас оқу-тәрбие міндеттерін шешудің аса маңызды құралы ретінде танылады. Оқытушы мен студенттер ұжымының өнімді қарым-қатынасы ұйымдастырылмаса, пе-дагогтің жоғары оқу орнындағы дидактикалық және тәрбиелік міндеттерін жемісті жүзеге асыруы мүмкін болмайды.
Қарым-қатынас үш қырынан танылады:
• біріншіден, оқу үдерісі міндеттерін шешу құралы ретінде;
• екіншіден, тәрбие үдерісінің әлеуметтік-психологиялық қам-сыздандырылуы жүйесі ретінде;
• үшіншіден, оқытушылар мен студенттердің өзара қарым-қатынастарын ұйымдастыру тәсілі ретінде (онда оқыту мен тәрбие ұштастырыла жүргізіледі) және тұлғаны және шығармашылық тұлғаны тәрбиелеу үдерісі ретінде.
Сонымен, жоғары оқу орны-ның оқытушысы қарым-қатынас үдерісінің бастамашысы және басқарушысы ретінде танылады. Үдерістің мәнін педагог пен студенттік ұжымның өзара әрекеттесуінің жүйесі, тәсілдері мен машықтары құраса, ал мазмұнын ақпарат алмасу, оқу-тәрбиелік әсер, өзара қарым-қатынастар ұйымдастыру және педагог тұлғасының білім алу-шыларға берілуінен көреміз.
Ғалымдардың саны көп зерт-теулері мен іс-тәжірибе өздерінің педагог ретіндегі қызметін жаңа бастап жатқан жас оқытушылардың педагогтермен, студенттермен жеке-дара байланыс саласында өзара қарым-қатынас орнатуда қиындықтар сезінетінін, ал студенттердің нақ осы салада елеулі талаптар қоятынын көрсетіп отыр.
Студенттермен кәсіптік-педагогикалық қарым-қатынастардың негіздерін меңгеру үшін, оның мазмұндық және үдерістік сипаттамаларын білу кажет. Ұстаздардың өзара қарым-қатынастары – қатынастың қандай қыры; оқу-тәрбие міндеттерін шешу немесе өзара қарым-қатынастар ұйымдастыру туралы сөз болса да, ол – шығармашылық үдеріс.
Педагогикалық міндеттерді шешудің де, осы шешімді студенттермен қарым-қатынаста жүзеге асыру үдерісінің де шығармашылық сипаты бар.
Қандай ақпарат таңдалып алын-ғанына, оның қалай құрылғанына, онда ортақ және жеке мақсаттар қалай үйлесетініне, ал оның ау-диторияға қалай жететініне, талқыланатынына, тексерілетініне, түсінілетініне, студенттердің қалай бағалайтынына, осының бәріне, шын мәнінде, дәрістің табысы, білімдердің сапасы, өзара байланыс тікелей байланысты. Егер жоғары оқу орны кызметінің тұрақты түрлерін (дәріс, семинар, тәжірибелік сабақтар, зертханалык жұмыстар) алып қарасақ, онда оларға дайындалу, содан кейін өткізу үдерісі өзіне шығармашылық тұрғыдан меңгерілуге тиіс белгілі бір байланыс құрылымын қамтиды.
Оқу үдерісінде коммуникация мәселелерін зерттеу педагогтік қарым-қатынастың оқытушының шығармашылық жұмысымен тіке-лей байланысы бар келесі құрылымын ажыратуға мүмкіндік береді.
Педагогтік қатынас үдерісінің камтитын салалары:
1. Болжам кезеңі – педагогикалық қызметке даярлау барысында пе-дагогтің топпен қарым-қатынасы.
2. Қатынастың бастапқы кезеңі – аудиториямен, топпен тікелей қатынасты ұйымдастыру.
3. Дамып келе жатқан педагогтік үдерісте қарым-қатынасты басқару.
4. Қатынастың іске асқан жүйесін талдау және алдағы қызметтегі қатынасты үлгілеу.
Қатынастың ажыратылған шы-
ғармашылық кезеңдерінің маз-
мұндық және үдерістік ерек-шеліктерін қарап өтейік.
Бірінші кезең. Қатынасты үлгілеу барысында алдағы қызметтің төмендегілерге:
а) педагогикалық мақсаттар мен міндеттерге;
ә) аудиториядағы жалпы педагогикалық және адамгершілік-психологиялық ахуалға;
б) педагогтің өзінің шығармашылық дара ерекшелігіне;
в) студенттердің жеке ерекшеліктеріне;
г) оқыту мен тәрбиелеу әдіс-терінің ұсынылатын жүйесіне сай келетін байланыстық құрылымын жоспарлау жүзеге асады.
Осының барлығы, қоса алғанда, педагогтік қатынастың алға озып отыратын сатысы болып табылады. Бұл сатыны жақсы ойластыру керек. Сабақтардың әдістемелік және мазмұндық құрылымы сезімдік бірліктің пайда болуына, қатынас ахуалының құрылуына ықпал етуге тиіс. В.А.Сухомлинский: «Ілім – білімдердің атүсті берілуі емес. Ол – адамдардың аса күрделі өзара қарым-қатынасы» деген-ді.
Екінші кезең. Бұл – қатынастың бастапқы кезеңі, аудиториямен тікелей өзара әрекеттесудің ұйым-дастырылуы, көптеген жағдайларда педагогтік қызметтің мазмұндық және әлеуметтік-психологиялық қырының табыстылығын айқын-дайтын байланыстың басталуы. Осы кезеңнің аса маңызды элементтері төмендегілер:
а) қатынастың жоспарланып қойған үлгісін нақтылау;
ә) алда тұрған қатынастың шарттары мен құрылымын нақтылау;
б) тікелей қатынастың бастапқы сатысын жүзеге асыру.
Оқытушы алғашқы сәттерден-ақ аудиторияның жалпы жай-күйін және қызметінің алғашқы кезеңдерінде таңдалып алынған әдістердің көмегімен жұмыс істеу мүмкіндіктерін нақтылап алуға тиіс. Педагог қарым-қатынастың бастамашысы ретінде әрекет етеді: табыстылық оның қатынас алдындағы жағдаяттан тікелей педагогтік қатынасқа көшуді қалай ұйымдастыратынына байланысты. Ол аудиторияны өзіне қаратып, тартымдылық ахуалын құра, сезімдік бірліктің көзге көрінбейтін қырларын сезіне ала ма? Сабақта танымдық ізденісті меңгеру қатынастың дұрыс жоспарланып ұйымдастырылған жүйесі арқылы іске асады.
Үшінші кезең – дамып келе жат-қан педагогикалық үдерісті басқару. Оқыту әдісі мен қатынас жүйесі бір-біріне парапар, дұрыс болуға тиіс. Сонда ғана оқытушы мен студенттердің бірлескен жүмысы тиімді болмақ. Демек, дәріске дидактикалық және әдістемелік талаптардан өзге, төмендегідей бірқатар әлеуметтік-психологиялық талаптар да қойылады:
1. Ақпарат беру және оны сту-денттердің жеке-дара қабылдауы үшін, топпен психологиялық байланыс орнатып, қалыптастыру.
2. Дәрістің психологиялық не-гізделген бөлігін әзірлеу, яғни әңгіменің, шешендік мәселелердің, ойланудың және басқаларының элементтерін ұйымдастыру, фактілер мен қорытындылардың, айқын мысалдар мен теориялық материалдың белгілі бір қисынының болуы. Ондай тәсілдердің оңтайлы үйлесуі психологиялық байланысты, демек, студенттердің таным үдерісіне нақты тартылуын қамтамасыз етеді.
3. Психологиялық тәсілдер жү-йесі арқылы ұжымдық ізденіс және бірлесе ойластыру мүмкіндігін табу, ал бұл оқыту қиындықтарыньщ барлық түрлерін еңсеру үшін ерекше маңызды, өйткені бұл жерде, басқаларға қарағанда, қатынасты құраушылар көбірек қажет.
4. Студенттердің танымдық қыз-метін басқару. Қатынас стилі жас пен тәжірибенің психологиялық кедергілерін алып тастайды, өзара қарым-қатынастарды бір-лескен шығармашылық қыз-метке қызығушылық негізінде ұйымдастыруға септігі тиеді.
5. Дәрістің ақпараттық құрылуын ғана емес, педагог тұлғасының өзіндік танылуын да қамтамасыз ететін іскерлік және тұлғалық қырлардың бірлігі. Ол дәріске дү-ниетанымдық бағыттылық береді, оқыту жұмысының кез келген түрінің тиімділігін көтереді.
6. Педагог пен студенттердің өзара қарым-қатынастарының тұтас, педагогикалық мақсатқа сай жүйесі. Ол студенттерді педагогпен қарым-қатынасқа бағыт-тайды және оқытылатын пәнге қызығушылықтарын оятады, әлеу-меттік-психологиялық резервтер есебінен оқуға ынталарын көтереді.
Сонымен, жоғары оқу орнында мақсатқа сай ұйымдастырылған педагогтік қатынас тұрақты байланыс қызметін орындап қана қоймайды, сонымен қатар алға қарай қарқынды бағыттылықтың және дүниетанымдық көзқарастардың қалыптасуына да ықпал етеді.
Төртінші кезең. Оқытушы қа-тынастың өзі таңдаған жүйесіне талдау жасауды, осы ұжымда қарым-қатынасты ұйымдастырудың басқа ықтимал жолдарын нақтылайды, сабақтың мазмұнын жіті талдап, сол арқылы өзінің аудиториямен алдағы қатынасына болжам құрады. Төртінші кезеңде қатынас сатысы аяқталып, бірінші кезеңге көшу жүзеге асады.
Сондай-ақ жоғары оқу ор-нындағы педагогтік қатынастың өзіндік ерекшеліктері де бар екенін айтуымыз керек.
Жоғары оқу орнының мектептен айырмашылығы оқыту мен тәрбиелеудің мазмұнынан, олардың түрлерінің өзгеруінен көрінеді,
Жоғары оқу орнының негізгі қызметі – болашақ маманның тұлғасын қалыптастыру. Сол себепті оқытушылар мен студенттердің қарым-қатынасы осы мақсатқа бағындырылуға тиіс. Мектептегі «мұғалім-оқушы» қатынасынан жо-ғары оқу орнындағы «оқытушы-студент» тармағындағы педагогтік қатынас жүйесінің айырмашылығы олардың ортақ мамандыққа бірге қатысу фактісінің өзінен шығады, ал бұл елеулі шамада бірлескен қызметтің жемісті болуына кедергі келтіретін жас тосқауылының алынып тасталуына септігін тигізеді.
Жоғары оқу орнындағы пе-дагогтік қатынаста үйлесім табатын екі фактор:
1) өзара «жетектелуші-жетекші» қатынастары;
2) білім алушы мен білім беруші ынтымақтастығының өзара қатынастары.
Нақ осы әлеуметтік-психо-логиялық құрылым жоғары оқу орнындағы өзара қарым-қаты-настарға ерекше өнімділік береді. Студенттер қызметінде серіктестікті сезіну болмаса, онда оларды дербес жұмысқа тарту, олардың мамандыққа ынтасын ояту, жалпы, тұлғаның кәсіптік бағыттылығын тәрбиелеу қиын.
Жоғары оқу орнындағы тәр-бие мен білім беру үдерісінің табыстылығын ЖОО деңгейінде сенімді құрылған өзара қарым-қатынас жүйесі ғана қамтамасыз ете алады.
«Оқытушы-студент», «студент-студент» қатынастарына қойы-латын негізгі талаптарды келесідей тұжырымдауға болады:
— тәрбие үдерісін ұйымдастыру барысында ынтымақтастық пен жетекшілік факторларының өзара әрекеттесуі;
— педагог, ұстаздармен бірле-сушілік, ұйымшылдық, кәсіптік ортақтық рухын қалыптастыру;
— педагогтік қатынас жүйесін сана-сезімі дамыған ересек адамға бағдарлау, сол арқылы авто-ритарлық тәрбиенің ықпалын еңсеру.
Студенттердің мамандыққа қызығушылығын тәрбие мен оқытуды басқару факторы ретінде, педагогикалық және тәрбиелік жұмыстың негіздері ретінде пайдалану.
Бұндай стиль келесі маңызды екі фактордың әсерімен қалыптасады:
— ғылымға, пәнге әуестенушілік;
— ғылыми ізденіс саласын педагогтік сезім деп аталатын педагогтік ықпал ету материалына айналдыруға ұмтылу.
Осындай стильдің қалыптасуы жоғары оқу орнына тән: ғылым мен оқыту үдерісі әр жаққа тартатын қарама-қайшылықты еңсеруге байланысты. Ал олар орталықтан тебетін күштерден орталыққа ұмтылатын күштерге айналуға тиіс. Ғылыми және педагогтік қызметтің күшейтілген үйлесімі педагогтік қа-
тынастың әлеуметтік әрі психологиялық құрылымында негізге алынатын болып саналады.
Еркінсіп, дөрекілік танытуға ұласып кетпеген достық қатынас, кәсіптік міндеттерді бірлесе іске асыру барысында қалыптасқан қатынас оқу үдерісі құрылатын қажетті сезімдік ахуалды құрайды.
Оқытушы мен студенттердің өзара қарым-қатынастарының эти-калық-психологиялық негіздері бірте-бірте қалыптасады. Олар көптеген: білім алушылардың өмірінде, оқу барысында, қоғамдық тәжірибесінде, институт пен кафедра дәстүрлерінде орын алатын, сондай-ақ ЖОО оқытушысының студентті педагог мамандығына бағыттауы сияқты себептерге байланысты.
Жоғары мектеп педагогикасы бойынша жүргізілген зерттеулер жас адамның жоғары оқу орнына түскен бойда өзінің пси-хологиялық ерекшеліктері бо-йынша бірден студентке айналмайтынын растайды. Алдымен оқыту қызметінің, бақылаудың жаңа түрлеріне, әлеуметтік мәртебеге бейімделу үдерісі жүреді, отбасынан оқшаулану, жаңа тұрмыстық жағдайлар да әсер етпей қоймайды.
Сондықтан бірінші курс студенттері мен профессор-оқытушылар құрамының өзара қарым-қатынасы жүйесін дұрыс құру ерекше маңызды.
Мектептегі мұғалім мен оқушылар арасындағы қатынасты жоғары оқу орнындағы қатынастарға айнытпай көшіре қою әдеті студенттер мен оқытушылар арасында қатынастар дамуының ары қарайғы үдерісіне кедергі келтіреді, тіпті кейде педагогтік қатынас құрылымын бүлдіреді. Жоғары мектеп кафедра, факультет, жалпы жоғары оқу орны өмірінде, күнделікті педагогтік қатынаста жүзеге асатын психологиялық ахуалға биік талаптар қояды.
Студенттермен қарым-қатынастың өзіндік жеке стилін қалыптастыру профессорлардың, доценттердің, оқытушылардың шығармашылық дара қасиетінің дамуына байланысты. Жоғары оқу орнында жаңадан қызметін бастаған педагог үшін маңызды міндет – тәрбие мақсаттары жолында студенттермен қарым-қатынас орнатудың өзіндік оңтайлы стилін табу. Оған төмендегідей тәсіл-амалдардың көмегі тиеді:
— студенттерді зерттеу қызметінің бастапқы үлгілеріне жұмылдыру;
— студенттердің ең жақсы тұлғалық әлеуметтенуі үшін бірлескен қатынас үлгілерін жасау, кафедра отырыстарына, конференцияларға жұртшылық арасында оқылатын дәрістерге қатысу, баспасөзде сөйлеу және тағы басқа;
— бірлескен ғылыми-зерттеу жұмысы;
— бірлесе реттелмеген, ресми емес байланыстар, ғылым, өнер, мамандық, кітаптар жайындағы әңгімелер;
— ЖОО профессорлары мен оқытушылары құрамының студент-тердің оқудан тыс өміріне (байқаулар, олимпиадалар, конкурстар, «дөңгелек үстелдер» іспетті іс-шараларға) қатысуы.
Педагогтің ықпалы оқыту мен бағдарлаудан – ғылыми ізденуге, ресми реттелген қатынастан ресми емес, сенімді қатынасқа көше отырып, жүйелі және үздіксіз болуға тиіс. Ғалым педагог пен студенттердің өзара қарым-қатынастарының этикалық-психо-логиялық негізіне ерекше талаптар қойылады. Бұл тұрғыда жеке-типтік сипаттамалар немесе қатынас стилі маңызды рөл атқарады. Қатынас стилінен төмендегілерді көруге болады:
а) педагогтің қатынасу, байланысу мүмкіндіктерінің ерекшеліктері;
ә) өзара қатынастардың қол жеткен деңгейі;
б) педагогтің шығармашылық жеке қасиеті;
в) студенттік ұжымның ерек-шеліктері.
Қарым-қатынас стилі қоғам-ның әлеуметтік-этикалық ұстанымдарын жүзеге асырады, педагогтің тұлға және маман ретіндегі деңгейін, оның сезімдік-психологиялық ерекшеліктерін көрсетеді.
Қатынастың оңтайлы стилі – оқытушы мен студенттердің бір-лескен шығармашылық қызметке қызығушылығына негізделген, жоғары оқу орны қабырғасында маман тұлғасы қалыптасуының өзіндік ерекшелігін білдіретін және өзіне педагогтің әлеуметтік-этикалық ұстанымдарының, кәсіптік-педагогтік қатынас дағдыларының өзара әрекеттесуін қамтитын қатынас.
Студенттік ағын немесе топ – оқытушы тұлғасын қалыптастыратын орта. Педагог тұлғасы бұл ортадан тыс қалыптаса алмайды. Оңтайлы педагогтік қатынастың меншікті стилін, дағдылары мен машықтарын қалыптастыру мақсатында, да-йындық барысында, төмендегі өзара тығыз байланысты екі міндетті шешетін қатынас тренингін пайдалануға болады:
• педагогтік қатынастың табиғатын, құрылымы мен заңдылықтарын зерттеу, жете түсіну және меңгеру;
• педагогтік қатынастың шараларын және «технологиясын» меңгеру, қарым-қатынас қабі-
леттерін дамыту, кәсіптік-педагогтік қатынастың машықтары мен дағдыларын қалыптастыру.
Жоғары мектеп педагогикасында төмендегілерге бағытталған жаттығуларды қамтитын педагогтік қатынас тренингі жүйесі жасалған:
а) педагогтік қатынастың шаралары мен «технологиясын» оның аса маңызды элементтері негізінде нақты, іс жүзінде меңгеру;
ә) мақсатқа сай әрекет – белгілі бір педагогикалық жағдайда, қарым-қатынасты педагог қызметінің барша құрылымы негізінде орнату. Бірінші саты: жоғары оқу орны аудиториясында жүйелі әрекет ету, педагогикалық жұмыс уақытында дененің бұлшық еттерінің ширығын болдырмау дағдыларын қалыптастыруға, сондай-ақ жіті назар аудару, қырағылық және жұмылу дағдыларын дамытуға бағытталған жаттығулардан тұрады.
Оларға аудио-видео жазбаларды, көру-сөйлеу техникасын пайдаланумен қатар, мимика (бет-жүз қимылдары) мен пантомимиканың (дене қимылдары) дамуын қам-тамасыз ететін тапсырмаларды пайдаланатын, сөйлеу техникасы мен мәдениеті бойынша жаттығулардың арнаулы тобы жатады.
Екінші саты – осы ұжымдағы педагогтік қызметтің нақты шарттарына сәйкес, өзіне әдеттегі жағдайлардағы қатынастарға үйретуді, педагогтік ой-қиялды, түй-сікті, ойдан шығару дағдыларын дамытуды, қатынас міндеттерін қоюды және шешуді қамтитын педагогикалық тренинг.
Оған әдеттегі жағдайларда әрекет етуге берілетін көптүрлі тапсырмалармен (сынақ, емтихан, семинар) қоса, арнайы әзірленген педагогикалық міндеттер кіреді.
Қоғамымыздағы әлеуметтік және саяси үдерістер тұлғаның өзін танытуға ұмтылысын туғызып, оның ерте әлеуметтенуіне мүм-кіндік берді. Бұл жоғары оқу орнындағы өмірге де әсер етпей қалған жоқ. Студенттердің өзін-өзі басқару органдары жоғары оқу орнында білім алушылардың тұрмыс жағдайларын, оқудағы міндеттерін орындауын, қоғамдық және әлеуметтік өмірін үнемі бақылап отырады. Өздерінің құ-қықтары, семестрлік және апталық сабақ, дербес жұмыстар, бақылау жұмыстарының жүктемесі жайында жақсы хабардар студенттер мәдениетінің құқықтық деңгейі жоғарылаған.
Осының бәрін оқытушы педа-гогтік қызметтің қатынастық жағын ойластырғанда ескеруге тиіс, өйткені одан жоғары оқу орнындағы қатынастың демократиялануы үрдісі айқын байқалады.
Бұндай жағдайда педагог екі: беймаза ақылгөйліктен және өзімсініп, еш именбестен дөрекілік танытудан аулақ болуға тиіс. Оқытушы өзінің қарым-қатынас орнату шеберлігін дамытып қана қоймай, сонымен бірге студенттерге де қатынас мәдениетін сіңіріп, үйретуге тиіс. Педагог қазіргі заманғы жастардың психологиясын білумен қатар, олардың әлеуметтенуі мен құндылық бағдарларының ерекшеліктеріне қатысты әлеуметтанушылық деректерінің тұрақты түрде есебін жүргізіп отыруға тиіс.
Жас педагог мамандардың мынаны біле жүргені жөн: әлеуметтанушылар ұрпақтар ауысымының қарқынды артып келе жатқанын айтады. Бүгінгі таңда ұрпақтар ауысымы (әлеуметтену, құндылық бағдарлар) әрбір бес жылда болып тұрады.
Осы жағынан бірінші курс студенттері және оқуды тәмам-даған түлектер әртүрлі ұрпақтарға жатады: олардың көзқарастарының түбегейлі өзгеше болуы елімізде орын алып жатқан әлеуметтік және экономикалық өзгерістер серпініне және, жалпы, дүние-жүзілік қоғамдастықтың дамуы қарқынына әлеуметтік желілердің жылдамдығына байланысты. Ал бұл көптеген қақ-тығыстар себептерінің бірі болуы да мүмкін.

Қақтығыстар және олардың алдын алу

Латынның conflictus – «конфликт» деген сөзінен шыққан қақтығыс қарама-қайшы мүдделерді, көзқарастарды, ұмтылыс-тарды, сондай-ақ шиеленісіп кетуі мүмкін алауыздық пен келісе алмаушылықты, кикілжіңді, дау-дамайды білдіреді. Психологияда қақтығыс деп қарама-қарсы үрдістердің, уәжде-мелер мен мүдделердің бір мезгілде әрекет етуін түсіну қалыптасқан. Қақтығыстар жұптаса, топ арасында, жасырын, ашық, кездейсоқ және күнілгері ойластырылып, тұлғаішілік, тұлғааралық болуы мүмкін.
Біздің көзқарасымыз бойынша, тұлғаішілік, яғни жеке адам-ның өз басында өтіп жататын қақтығыстар ерекше назар аударуды қажет етеді. Тұлғаішілік қақтығыстар – ол уәждемелер, мақсатты және мінез-құлық пен іс-әрекетті таңдаудың ішкі күресі, ми қыртысынан шығатын қарама-қарсы екі ниеттің қақтығысы. Ішкі түйсік солай істеуге итермелейді, ал адам өзі оған қарама-қарсы әлдене істеуге мәжбүрлейді: бұны мінез-құлықтың қисыны талап етеді.
Қанағаттанбаушылық сезімі қиындықты шешудің ең жақсы нұсқасын іздеп табуға мәжбүрлеген кезде, тұлғаішілік қақтығыс жасампаз бола алады. Тұлғаның ішкі бүлдіргіш қақтығысы адам қиындықтың қанағаттанарлық шешімін ұзақ уақыт бойы таба алмаған (өз қабілеттерін дұрыс бағаламаған, мақсатына қол жеткізе алмаған) кезде пайда болады. Тұлгаішілік қақтығыстың белгілері психиканың қатты ши-рығуы, сезімдік қозушылық, адамның өзіне қанағаттанбауы, реніш сезімі.
Қақтығыстардың тұлғааралыц қақтыгыстар деп аталатын түрі кең тараған. Тұлғааралық қақтығыстар барысында тұлғалардың мүд-делері, көзқарастары, мінез-құлық нормалары және басқалары бетпе-бет келеді. Өкінішке қарай, өзгелердің қателіктерін тіміскілеп тауып жүретін адамдар бар. Әдетте, олардың арасында пәлеқорлар, «домалақ арыз» жазғыштар жиі кездеседі.
Қақтығыстар себептері:
— жекебастық;
— мінез-құлықтық деп ажыратылады.
Ұжымдық-шығармашылық қақ-тығыстар мынадай жағдайларда орын алады:
— шығармашылық өсу мүмкіндігі жоқ кезде;
— қызметтік міндеттер нақтылан-бағанда;
— жұмыстың шынайы нормалары, еңбекті бағалау өлшемдері белгіленбеген кезде;
— моральдық және материалдық қолдау жүйесі қолданылмайтын уақытта;
— жұмыс және оқу үшін қажетті ақпарат жоқ кезде. Осының бәрі адамның тыныштығын бұзады. Тұлғалар қақтығысы мінез-құлық алғышарттары және жағдаяттықалғышарттар негізінде пайда болады.
Мінез-құлық алғышарттары – мінездің тұрақты, айнала-сындағыларға соқтығысуға итер-
мелейтін: өзіндік сынның төмендігі, қате түсінік, тысқары пікір, іштарлық, пайдакүнемдік, менмендік сияқты қасиеттері. Бұл жағдайда ұстаным – адамның қоршаған ортаны белгілі бір көзқарас тұрғысынан қабылдауға санадан тыс дайын болушылығы үлкен рөл атқарады.
Жағдаяттық алғышарттар төмен-дегілерге байланысты:
— адамның өзіне сенімсіздігі, өз мүмкіндіктерін іске асырудьщ айқынсыздығы сезімі;
— хабардар болудың жеткіліксіздігі немесе бұрмаланушылығы;
— адамның әріптестерін танып-білмеуі;
— қалыптасқан жағдайға теріс көзқарас.
Соған байланысты барлық адамдарға бірдей талаптар қоюға болмайды, өйткені күш-жігерлерінің әртүрлілігіне қарай адамдар қойылатын талаптарды әртүрлі қабылдайды, Мысалы, егер адам жігерлі, ширақ болса, онда кикілжің немесе қақтығыс қатаң тәртіп, бірсарынды қызмет, жалғыздық сияқты шарттардан тууы мүмкін. Егер адам енжар болса, онда қақтығыс қайнап жатқан қызмет талап етілетін жерде пайда болады.
Мінез-құлықтан туатын қақты-ғыстардың себептері, біздің көз-қарасымыз бойынша, көбінесе төмен-дегідей жағдайларға байланысты:
— оқытушылар мен студенттерге көтеріңкі талаптардың шамадан тыс көп қойылуы;
— жеке мүдделердің қоғамдық мүдделермен сәйкессіздігі;
— асқын сезімдік жауап қату, сондай-ақ қарсы әрекеттің дұрыс еместігі;
— орын алған оқиға туралы жеткілікті хабардар болмаушылық;
— адамның жазықсыз айыпталуы, мейірімсіздік, қадір-қасиетінің аяқ-қа тапталуы;
— жалпы тәрбиенің жетіспеу-шілігі;
— оқытушылардың жұмысын, сту-денттердің білімдерін, үйрен-ген машықтарын бағалаудың айқын өлшемдерінің болмауы, яғни қолайлы психологиялық ахуалдың жоқтығы.
Қақтығыстардың алдын алу үшін, бірінші кезекте, адамның мінез-құлқы есепке алынғаны маңызды. Егер ол өзгелерден биік, басым болса, оған басымдылығын, артықшылығын танытуға мүм-кіндік беріп, жолын кеспеу керек, бірақ дегенмен басқалар өз көзқарастарынан танбаса, ол да үстем болу ниетінен қайтады. Басымдығы жоқ адам өзгелердің көмегіне, болашаққа сеніммен қарауға ынталандыратын қолдауға мұқтаж. Егер студент сыртқы дүниеге көбірек бет бұрған, белсенді қызметке ұмтылатын, яғни экстраверт болса, онда оқытушы онымен қарым-қатынасында өзара сыйластық жағдайын бұзбауға, бірақ оның «шамадан тыс белсенділігін» жеңіл әзілмен басуға тиіс. Ал тұйық, сыр бермейтін студентпен, яғни интровертпен оқытушы өзін сыпайы ұстауға тиіс. Қақтығыстардың тиімді алдын алу шараларына төмендегідей ережелердің бірқатарын жатқызуға болады:
– ескертуді оңаша жерде және «иә, иә, бірақ» деген сарында жасаған жөн;
– дауласып, ренжісіп жатқандарға ашуларын басуға уақыт беру керек, сонда, шынымен де, ашулары басылады;
– басқаның көзқарасын дереу және шорт кесіп жоққа шығаруға болмайды;
– адам өзінің дұрыс емес ісін мүмкіндігінше тез және батыл түрде мойындаса, ықтимал сынның алдын алуға болады;
– пікірсайыста сыпайы сөйле-сіп, пікірлер бірдей шығатын мәселелерден бастау керек;
– әріптестермен, студенттермен нақты жағдайдан шығу жолдарын талқылау қажет;
– «бас тарту әсерін» пайдалану, яғни, адамның кемшіліктерінен бас тартып, оның бойындағы жақсы қасиеттерін іздеу керек; бұның ізгі, жылы қарым-қатынастар орнатуға көмегі тиеді;
– сыпайы болу керек, сыпайылық өзара қарым-қатынастағы ширы-ғуды басады;
– тұлғаның өзіне баға берудің орнына, әрекеттерді, яғни қылық істеген тұлғаны емес, оның істеген қылығын талқылау қажет.
Кикілжің, қақтығыс туған жағдайда оны төмендегідей жолдармен жылдам шешуге болады:
– бір тараптың ұстанымын немесе артықшылығын мойындап, екінші тарапты соған көндіру;
– өздерінің келіспейтін ұстанымдарын сақтай отырып, өзара жол беру арқылы келісімге келу;
– ортақ мүдделер қалыптастыру есебінен өзара келісімге келу.
Сонымен қатар қақтығыстарды реттеудің үш деңгейі ажыратылады:
• тараптардың бір-бірлеріне шағымдарын, талаптарын, мүдде-лерін, құндылықтарын ұзақ қарап отыруға мүмкіндік те, уақыт та жоқ кезде, дереу шұғыл араласып, дауласып жатқан тараптарды жай ғана «басып қойып», олармен «келіссөз», ашық әңгіме жүргізу керек;
• қол жеткен «татуластық» ен-ді кикілжіңді түбегейлі шешуге бағытталған терең келіссөздерді мүмкін етеді;
• қақтығыстардың алдын алу, болмай қоймайтын қақтығысты дер кезінде ашып, табу және оларды шешудің сындарлы арнасына салу.
Қақтығыстардың алдын алудың міндеттері және сол үшін атқарылатын қызметтер төмен-дегідей:
— қақтығыс жағдайларын алдын ала білу және қадағалау;
— қақтығысты бейбіт жолмен және әділетті шешуге ұмтылатын әр тараптың күштерін қолдау;
— тараптардың біреуіне не екін-шісіне, немесе екеуіне де қажетті көмек көрсету;
— тараптардың келіссөздерінде делдалдық ету;
— тараптардың құқықтары мен міндеттеріне сүйену;
— ақылға қонымды шешімге келмейтіндерге айыппұл шаралары тетіктерін қолдану.
Өзіңіз сөйлегенде: әңгіме-лесушіні дайындауға сай келетін сөздерді таңдау, нұсқау бермес бұрын оны жақсылап ойлап алыңыз, нұсқау мейлінше қысқа болуға тиіс, пікіріңіз мүмкіндігінше айқын болсын, сұрақтарды қолдап отырыңыз, әңгімелесушінің уәждемелерін төмендетіңіз немесе күшейтіңіз, қарамағыңыздағылардың сізбен барлық жерде келісе бермегені жөн, сөзіңіздің қалай әсер туғызатынын қадағалаңыз.
Әңгімелесуші тарапты тыңдаған кезде: әңгімені үзіп тастауға немесе қарсы сөйлеуге асықпаңыз, әңгімелесушінің көзіне қараңыз, бөгде әңгімеге көңіліңіз бөлінбесін, әңгімелесушінің айтқандарынан маңыздыларын есіңізде сақ-таңыз, қаншалықты ауыр болса да, тыңдауды тоқтатпаңыз, әңгі-мелесуші тарапқа теріс көзқараста болмаңыз, дау неден туды – көзқарастардың бірдей болмауынан ба, әлде сұрақтың дұрыс қойылмауынан ба, соны түсінуге тырысыңыз.
Соңғы уақыттарда дүние жүзіндегі болжап болмайтын, өте жылдам уақытта өзгеретін, тез таралатын ақпараттар ағымында, бір қалыпқа түспейтін әлеуметтік-экономикалық ахуалда білім беру – оқыту-тәрбиелеу үдерісін елеулі қиындатып жібергені анық. Бұл өз тұрғысында мамандардың жеке тұлғасының жаңаша құрылуға тиіс екендігін айқындай түсті. Адам баласының басына әртүрлі экономикалық, құқықтық, саяси және, әлбетте, адамгершілік-этикалық әсерлер, сонымен қатар жаһандану түрінде ықпалын тигізіп жатқан қатынастар жағдайында, маманды адамгершілік ұстанымын дербес іздеп-табуға, таңдауға жан-жақты дайындау қажет. Қазіргі заманғы адамгершілік бет-бейнесі қоғамдық мораль айнасына айналған педагог өзін қоршаған әлемде дұрыс бағдар ұстап, өмірде де, мамандықтарда да пайда болып жатқан жаңалық-өзгерістерді бағалай білуге тиіс.
Педагог тәрбиенің ең нәзік құралы – адамгершілік, мораль туралы ғылымды жетік меңгерген кезде ғана кәсіпқой маманға айнала алады. Ұстаз ғана өзінің шәкіртінің рухани жан-дүниесін, адамгершілік бағдарларын қалыптастырып, оған қоғамдағы мінез-құлық нормалары жайында жалпы түсініктерді ұғындырып, оның бойына адамға тән ізгі қасиеттерді сіңіре алады.

Әзірше ешқандай пікір жоқ.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз.

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *