ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ –  ПАТРИОТИЗМНІҢ НЕГІЗІ ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ –  ПАТРИОТИЗМНІҢ НЕГІЗІ
Мекемтас МЫРЗАХМЕТҰЛЫ, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Мемлекеттік сыйлығының, «Түркі әлеміне қызмет» халықаралық сыйлығының иегері   Исi қазақ бұл қасiреттi мәселенi терең танып бiлуi... ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ –  ПАТРИОТИЗМНІҢ НЕГІЗІ

Мекемтас МЫРЗАХМЕТҰЛЫ,
филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Мемлекеттік сыйлығының,

«Түркі әлеміне қызмет» халықаралық сыйлығының иегері

 

Исi қазақ бұл қасiреттi мәселенi терең танып бiлуi арқылы ғана ұлттық сана деңгейiне көтерiлiп ұлтшылдық сезiмге бөлене алмақ. Ұлтшылдық сезiмге қол жеткiзе алсақ, ол – мақтануға тұрарлық рухан қазына көзiне айналмақ. Бiрақ ұлтшылдық деген сөзден зәремiздi зәр түбiне түсiрiп шошытқан күш- тоталитарлық идеологияның жемiсi екенiн ендi сезiнiп жүрмiз. Санамызда стреотиптiк қорқынышты сезiмге айналған жазалау шарасының хабаршысындай қаҺарлы күштiң елесi адамдардың бойында ұялап қалғаны бүгiнде жасырын сыр емес, шындықтың өзi. Өйткенi бұл мәселенiң өзегi И.Сталиннiң 1937 жылы “Мы не только уничтожим всех врагов, но и семьи их уничтожим, весь их род до последнего колена” (Леонид Млечин. КГБ председатели органов госбесопасности рассекречные судьбы. Москва, 2005, стр.152), – деп нұсқау беруiнде жатыр. 1937 жылы қазақ зиялылары мен елдегi естi адамдардың жүз мыңдайы сол жылы атылып, атақтыларының үрiм бұтағын қалдырмай, тiптi, жамағайындарына шейiн түгел көзiн жою осы қаҺарлы нұсқауға байланысты болатын-ды. Мысалы, Абай ұрпақтарының тағдыры, т.б…
Ұлтшылдық сезiм – елiн, жерiн сүйген әр ұлт адамына жарастықты қасиет, бiрақ ол нәсiлшiлдiк сезiммен ұштасса, жазылмайтын рухани улы дерт. Мұны бүкiл әлемге гуманистiк танымға жат немiс фашистерiнiң тағылық қылықтары айғақтады. Ал, бүгiнгi орыстардың ата-бабалары немiс фашизмiне қарсы күресiп, оларды күйретiп күлiн көкке ұшырса, олардың бүгiнгi азғын ұрпақтары “тақырбастар” атанып, нәсiлшiл шовинистерге айналуда. Бұл аса күрделi де қиын мәселенi танып бiлудiң өзектi тамыры ата тарихтың аса терең қабаттарында жатыр. Ресей империясы мен кеңестiк қызыл империя нәсiлшiл шовинистiк саясатты дәстүр ретiнде ұстанды. Майда ұлттарды ассимиляцияға түсiрiп, саяси бiр организмге айналдырып жiберудi мақсат тұтқан мемлекеттiк миссионерлiк саясатының болмысын танып бiлуде жатыр. Бұл мәселенiң тамырын қуалап, саяси болмысын танып бiлмейiнше, құлдық сананың ноқтасына мәңгiлiкке таңылып қала бермекпiз. Ұлттық санамыздағы құлдық ноқтасын саналы түрде үзбейiнше, рухани болмысымыз қараңғылық қапасына шырмалып қала бермек.
Қазақ ұлты мәңгүрттiктi тәңiрiден өзi тiлеп алған жоқ, оған Ресей империясының миссионерлiк нәсiлшiл шовинистiк саясатты
ұстануы себеп болса, оның дәстүрлiк жалғасы кеңестiк билiкте де өз көрiнiсiн бердi. Тiптi, Ұлы Отан Соғысы кезiндегi қайталанбас ерлiк жасаған қан майдандағы жауынгерлер ерлiгiн бағалаудағы әдiлетсiздiктiң орын алуы ұлт саясатындағы екi жүздi ұсқынсыздықтың сұрқын көрсетiп бердi. Ал, оның айқын көрiнiсi 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының барысында қолданылған саналы түрдегi жазалаушы орындар қолданған садистiк әрекетi айғақтап бердi. Бұл қасiреттiң түпкi саяси тамырын танып, аспай саспай ғасырлар бойы мемлекеттiк деңгейде толассыз жүргiзiлген отаршылдық саяси айла-тәсiлдердiң бұралаң жолдарын танып, әшкерелеп отырудың тәрбиелiк зор мән-мағынасы бар. Бұл отаршылдық саясаттың түп-тамырын аша отырып, жүйелi түрде ғылыми тұрғыдан әшкерелеу әрекетiне бару Ресейдi, немесе орыс халқын жек көруде емес, ұлттық санамызды оятып, мәңгүрттiктiң тұтқынынан арылуда жатыр. Ресей империясының патшалық, кеңестiк дәуiрдегi бүрке-меленген алдамшы ұлт саясаты астарындағы евроцентристiк кертартпа дүниетанымын ғылыми тұрғыдан терең танып бiлу әрекетi ғана бiздi құлдық сана құрсауынан шығара алмақ.
Қазақ жерiн Петр I патша келешекте жаулап алынатын Азия құрлығына шығудың қақпасы деп бiлiп, оны қандай әдiспен болса да қаратып алуды – империяның келешек басты мақсаттарының бiрi етiп қойды. Бiр жарым ғасыр iшiнде қазақ жерiн Ресей патшалығы аспай саспай батыс Европамен ара қатысына қарай отырып, бiрде жылдам, бiрде баяу қарулы күшпен жерiмзге шым-шымдап жылжып ене түстi. Алдымен, қазақ жерiне айнала қоршап 44 жерден әскери бекiнiстер шеңберiн салумен айналысты. Шортанбай ақын дәл болжап көрсеткендей:

Әуелi баста ханды алды,
Айнала қоршап маңды алды,
Қамалып қазақ сандалды,

– деген сөзiнде Ресей патшалығы жүргiзген отаршылдық саясаттың өзектi желiлерi белгi берiп жатты.
Алтын орда империясы құлап, түрiк халықтары көптеген ұсақ хандықтарға шашылып кетуi – Ресейдiң көктен сұраған тiлеген жерден берген заман туды. Шашырап кеткен ұсақ хандықтарды бiртiндеп жаулап алысымен-ақ Ресей саясаты оларды шоқындыру арқылы орыстандыру саясатын мықтап ұстанды. Қырым, Қазан, Астрахан, Сiбiр хандықтары миссионерлiк саясаттың шырмауына түстi. Ресей тарапынан құрылған мұндай миссионерлiк қанды қақпанға алдымен Сiбiрдегi түрiк халықтары түстi. Ал, қазақ жерi мен Түркiстан өлкесiн 1731 жыл мен 1865 жыл аралығында тұтас жаулап алып, қытаймен екi арадағы шегерасын заңдастырып бекiтiп алған соң, түрiк халықтары ұстанып келген ислам дiнiне деген саясатын күрт өзгерттi.
Қашан Орталық Азияны жаулап алғанша, қазақтар арасында ислам дiнiн қолдап, әр ауылға молдалар тағайындап қолпаштап келуiнiң себебi де бар. Өйткенi келешекте жауланатын Түркiстан өлкесiндегi халықтарды шошытып алмау үшiн, саяси маневр жасап, уақытша алдай тұруды мақсат тұтты. Осы мақсатқа соңынан қолы толық жеткен соң, ендi миссионеллiк саясатын ашық әрi батыл жүргiзуге кiрiсiп кеттi.
Қазақ жерiн Ресей империясы жетiлген отты қарудың күшiмен 150 жыл уақыт iшiнде әрең жаулап, тұтас қаратты. Ал, Түркiстандағы Бұхара, Хиуа, Қоқан хандығы тұрақты әскерi, мылтық, зеңбiрекпен қаруланды әрi мықты соғылған қамал-қорғандары болса да, екi үш жылға төтеп бере алмай отарланып, бодандықтың ноқтасын киiп шыға келдi. Екi арадағы яғни қазақтар мен өзбек хандықтарын жаулап алудағы ерекшелiктi орыс тарихшылары тарапынан айтылған шыншыл пiкiрден-ақ танып бiлсе болғандай. Ресей отаршылдары қазақ жерiн бiр жарым ғасыр бойы жаулағанда, олар отты қарумен, тұрақты армиямен қаруланса да, әр жердегi қазақ батырларының қол бастаған жан кештi қарсылығына ұшырап, алға жылжи алмай келдi. Мұның басты себебiн орыс тарихшысы Аничков қазақтардың елiне, жерiне деген махабатынан туындаған ұлттық санасының жоғары деңгейде болуында деп атап көрсеттi. Ал, өзбек хандығының қарсыласуы тез арада тойтарылып, екi-үш жыл арасында жеңiлiс табуы оларда ұлттық сананың жоқтығын көрсеттi. Өйткенi отаршылдарға қарсы бiрде бiр не өзбек, не сарт, не тәжiк батырының қол бастап қарсылық көрсетпеуi- осының айғағы едi.
Ресей империясы бұл мәселеге ерекше мән бере қарады. Осы себептi Түркiстан түрiктерi мен қазақтарға қарсы қолданған отаршылдық саясатында елеулi айырмашылық жатты. Қазақ сияқты ұлттық санасы күштi асау халықты келешекте қолда ұстап тұрудың қиындығын Ресей отаршылдары терең сезiндi. Жылқы мiнездi кеңiстiктегi еркiндiктi аңсайтын тарпаң мiнез қазақтарды тұқыртып ұстаудың бiрден бiр кiлтi — олардың ұлттық санасын өшiрiп, халықтық тарихи жадынан жаңылдырып, табиғи болмысының өзегi болған ауылдық қауымдық ұясын(ядросын) бiртiндеп жою мақсатын шешушi орынға қойды. Дала қазақтарының бәрiн де саналы түрде мәңгүрттендiрудi саяси мақсат ретiнде ұстанды.
Осы себептердi ескере отырып, патша үкiметi түрiк халықтарының iшiнде алдымен қазақтарды ерекше қыспаққа алып, жер бетiнен сыпырып тастау әрекетiнен тайынбады. 1865 жылғы наурыз айында Алаксандр I патша ерекше мәнi бар мәселеге өз қолымен жазатын раскриптiнде қазақтарды шоқындырып орыстандыру туралы саяси құжатқа ресми түрде қол қойды. Бұл байлам жергiлiктi билiк арқылы құпия түрде бiртiндеп асықпай жүзеге асыруға бағыт алды. Қазақтарды шоқындырып орыстандыру мәселесi Святой синодқа тапсырылып, миссионерлiк саясат үшiн мемлекет тарапынан орасан зор қаржы бөлiндi.
Святой синод қазақтарды правослаия дiнiне шоқындырып, орыстандыру мәселесiн миссионер ғалымдардың қолына тапсырды. Осы себептi кiшi жүздi шоқындырудың басына профессор Ильминскийдi, орта жүздi орыстандырудың басына профессор Алекторовты, Түркiстандықтар мен ұлы жүз қазақтарын шоқындырып орыстандырудың басына атақты профессор Остроумовты қойды. Қой терiсiн жамылған ашқарақ қасқырдай миссионерлер бiр ауыздан қазақтарды шоқындырып орыстандырудың ең сенiмдi жолы бұратана халықтарға арналған аралас мектеп түрiне шешушi мән бере қарады. Бұл iстi жүзеге асыру үшiн алдымен қазақтардың мың жыл бойы қолданып келе жатқан араб жазуын крилицаға ауыстыру мақсатын жедел қолға алды, Бұл үшiн орыс жазу таңбасын жүзеге асыруды сенiмдi болуы үшiн қазақтардың өз iшiнен шыққан өкiлiне тапсыру жолы қарастырылды. Бұл аса күрделi де нәзiк мәселенi профессор Ильминскийдiң ұсынысы бойынша, Ыбрай Алтынсариндi пайдалануды қолға алды. Бiрақ патша үкiметi көзi тiрiсiнде бұл арманын жүзеге асыра алмай, арманда кеттi. Билiктi толық қолына алған соң бұл мәселенi кеңес үкiметi халықтар достығы ұранын бетке ұстап, зорлықпен тез арада құйындата жүзеге асырғанынан көзi қарақты оқырманның бәрi де хабардар.
Қазақтарды шоқындыру арқылы орыстандыру мәселесi жүзеге аспаса, оларды жер бетiнен жойып жiберу мақсаты ашық айтыла бастады. Мысалы, патша үкiметiнiң ерекше iстердi жүзеге асыратын чиновнигi шоқынды Балкашин Жетiсу, Семей гүбернасын аралап, жарамды жерлердi орталықтан келген қара шекпендерге беру үшiн, зорлыққа басқанда, оған Потанин қарсылық пiкiрiн бiлдiрдi. Сонда Потаниннiң қарсылығына Балкашин “империяға жер керек, қазақтар қайда кетсе онда кетсiн” деп ашығын айтқан болатын. Немесе 1916 жылғы қазақ жерi мен Түркiстан өлкесiндегi ұлт-азаттық көтерiлiсiн басып жаншу үшiн Санк-Петербургтан арнайы түрде жiберiлген патшаның ең сенiмдi, айлакер, аса тәжiрибелi қарт генералы Куропаткин жiберiлгенi туралы ақын Мәди Меркiшұлы:

Петроград шаҺарынан Куропаткин,
Сегiзiншi ауғұста Ташкент келдi…
Бұл ұста шал көрсеттi тәртiп әдеп,
Ұсталықпен қылды ол iстi талап…

– деп, көп жайдан нақтылы дерек мағлұмат беретiнi бар (Молда Мәди МеркiшҺлы. Шығармалары, Алматы, 2005, 18 бет). Мiне, Түркiстанға генерал-губернатор қызметiне келген Куропаткин өзiнiң сол кездегi жазылған күнделiгiнде қазақтарды жер бетiнен жойып жiберу мәселесiне отаршылдардың бәрi де iштей бiр шешiмге келгенiн ашық мойындайды. Яғни қазақтарды амеркалық индеистердiң тағдыры күтiп тұрды. Бiрақ бұл сұмдық ойды жасырып, iште құпия сыр етiп ұстанып келгенiн жасырмай ашық жазғанын мына төмендегi жан шошырлық хабардан оқып көрейiк: “Озабоченный востанием 1916 г. Куропаткин вынужден был в припадке откровенности признать на страницах своего дневника что “за последние 40 лет точно безмолвне согласилось стерет с лица земли“ казахов. К этому действительлно клонилось вся политика самодержавия. Только за период с 1902 года по 1912 год количество казахского населения уменшилось на 9 проц.” (С.Брайнин, С.Шафиро. Очерки по истории Алашорды. 1935 г. стр.26). Бұл бiздер үшiн қасiреттi де қорқынышты ресми хабардың лауазымы жоғары саяси қайраткердiң аузынан тiкелей ашықтан ашық мойындауы болатын. Қазақтарды өз жерiнде қырып салып, жерiне келiмсектердi орналастыру мақсаты кеңес халықтарын халықар достығы саясатымен даңғазалап алдап келген компартия көсемдерiнiң де iшкi мақсатына айналғанын нақтылы дерек көздерi айғақтап отыр. 1918 жылы В.И.Лениннiң “Түркiстан халықтарына үндеуi”, онда айтылған большевиктердiң саяси уәделерi қағаз бетiнде қалғанын уақыт шындығы көрсетiп бердi.
В.И.Ленин бастаған орталық билiктiң ұлт мәселесi жөнiнде орыстың ұлтшыл-шовинистiк саясатын мұра ретiнде ұстанғанын Зәки Тоғанның Мәскеуден эмиграцияға кетерiнде Ленин, Троцкий, Сталин, Рыков төртеуiне жазған хатында: “Из политики, которую начал осушествлять ЦК РКП, явствует, что в отношении народов Востока вы… приняли за основу идею русских националистов-шовинистов” (Заки Валиди Тоган. “Воспоминания”, Уфа, 1994),-деп ашына жазуында шындықтың өзегiн тiле отырып айтқан едi. Осы шовинистiк-ұлтшылдық саяси жолды ұстанған кеңес үкiметi де халықтар достығы ұранын бетперде ретiнде ұстанып, Ресейге қараған түрiк халықтарының ең көбi әрi болашағы зоры деп саналған қазақтардың басына қолынан келгенiнше әңгiр таяқ орнатып бақты. Революцияның алғашқы жылдарында-ақ большевиктер революция мүддесi үшiн, көшпелi халықты құрбандыққа шалудан тартынбады. Түркiстан өлкесiн жайлаған ашаршылық жылдарында қазақтарды сақтап қалуға барын салған Тұрар Рысқұловқа қарсы Түркiстан боль-шевиктерiнiң саяси басшылары қазақтардың ашаршылықтан қырылуын заңды құбылыс деп таныған едi. Орыс жазушысы Николай Анастасьев Мұхтар Әуезов туралы жазған кiтабында: “Для ясности: Феодар Колесов и Иван Тоболин- большевики, занимавшие сразу после революции видные позиции в Түркестанском крае. Последний, по свидетельством очевидцев, откровенно и публично заявлял, что киргизы то есть казахи как народ “…с точки зрения маркисистов, экономически слабый, все ровно должен будет вымереть…”(И.Анастасьев. “Мухтар Ауэзов”, Москва, 2006, стр.130), деп келтiрген айғақты пiкiрi саналы жанның санасын өртше шарпиды емес пе?
Бiз кiмдерге сенiп келгенбiз? деген сұрақтың әр қазақтың алдына қойылары да заңдылық. Немесе Сталин мен Хрушевтiң Қазақстандағы сұмдық ашаршылық жайында пiкiр алысқанда: “Бiз Сталинге Қазақстандағы адам төзгiсiз ашаршылықтан бүкi қазақ халқы қырылудың аз-ақ алдында тұрғанын айтқанымызда, “Ол сары пәлелерден тек сондай жолдармен ғана құтылуға болады” – деп жауап бердi”-дегенi (Қазақ әдебиетi, 01.12.2006) кеңес халқының құдайдай табынып сенiп келген көсемi И.Сталиннiң iшкi саяси ойының тамыры қайда жатқанын әшкере етiп тұр. Голошекиннiң саяси ұсынысын не себептi қолдап, қуаттауының астарында қандай саяси құпия мақсат жатқандығы осының өзiнен-ақ анықталып тұр емес пе? Сонда Ресей патшалығы мен большевиктердiң қазақ елiн жер бетiнен сыпырып тасау туралы саяси мақсаттары бiр жерден шығып тұр. Осы ойды айғақтайтын деректер көзiне назар салайық:
Бiрiншiден,“Бекболат” дастанын-дағы бас кейiпкер аузымен айтылатын мына өлең жолдарындағы:

«Алты миллион шырақпыз,
Солар сөнсе сөнермiз.
Егер олар сөнбесе,
Бiздағы көппен көрермiз»,– дейтiн халық санасындағы қарапайым өршiл ұғымның астарында қарағайдай көп қазақтың қуатына сенген таным жатыр. Мiне, осы алты миллион қазақты аштықпен, қызыл террормен саналы түрде мақсат қойып қатыгездiкпен аяусыз қырудың нәтижесiнде Ұлы Отан Соғысына дейiн Қазақ халқының үштен екiсiнен айырлып, өз жерiмiзде азшылыққа ұрындық.

ХҮШ ғасырдағы қазақ, қалмақ арасындағы Ұлы Отан Соысындағы атақты ақтабан шұбырынды қыр-ғынында халқымыздың үштен бiрiнен айрылған едiк. Ал, бейбiтшiлiк заманда большевиктердiң “бостандық, теңдiк” ұранына алданған халқы-мыздың үштен екiсiнен яғни 4 миллион адамынан айрылу – бұрын соңды басымызға түсiп көрмеген қасiреттi бастан кештiк. Бұл қасiреттi жағдай кездейсоқ тап болған құбылыс емес, бiздi, қазақтарды, жер бетiнен сыпырып тастауды алдына саяси мақсат етiп қойған жүйелi бағдарлама негiзiндегi империялық қанды қол саясаттың өзi болғанын нақтылы дерек көздерi айғақтап отыр..
Мәскеудегi Орталық билiк қа-зақтардың белiн сындыру бүкiл түрiк халқының сағын сындыру деп ұғынды. Өйткенi ХХ ғасыр басында ұлттық санасы оянған қазақ халқы арасынан үркердей зиялы топтың ұлттық идея маңында шоғырланып, Алаш партиясын ұйымдастырып, саяси iске қызу атсалысып, ұлттық автономиясын да жариялап үлгерген едi. Түркiстанды жайлаған басқа халықтар ол кезде мұндай саяси әрекетке бара алмағаны белгiлi. Кеңес үкiметi орнап, солардың билiгi жүре бастаған заманда Тұрар Рысқұловтың басшылығымен Түркiс-
тан республикасының өмiр сүруi орталықты қатты әбiгерге түсiрдi. Өйткенi кеңестер елiнде iрi екi супперэтнос – славяндар мен түрiк халықтары қатар бой түзеп қалыптасу жолына түсе бастауы –алда болжап болмайтын өзгерiстерге ұрындырар деп сескендi. Егер түрiк халықтарының ұлттық санасы оянып, евроцентристер арнайы ұмыттырған тарихи танымы жаңғырып, рухани тұтастығы толыса берсе, келешекте бой бермей кететiн саяси адуын күшке айналу мүмкiндiгiнен қауiптендi. Оның үстiне қазақтардың ортасынан шыққан Т.Рысқұлов, Н.Төреқұлов, С.Қожанов, С.Смағұлов т.б. сияқты iргелi саяси қайраткерлер бағытымен Мәскеу есептеспей тұра алмады.
Орталық қандықол әрекеттерiн жүзеге асыру үшiн, әр облысқа бiр жарым мың адамның көзiн жоюға ресми түрде лимит берiп, оларды үштiк (тройка) арқылы аттырып отырды. Ал Мәскеу облысының басқарма бастығы адамдарды ату үшiн берген орталықтың лимитiн тез орындап қойып, оны асыра орындауға тағы да лимит сұрауына таңғалуға болмайды. Өйткенi берген тапсырманы асыра орындасаң, лауазымды қызметке көтерiлiп, шенiңдi өсiретiн бiрден бiр мүмкiндiктi пайдаланып қалуды ғана ойлаған қанды қасап иелерi көп едi (Сонда, Е.Млечин…стр.284).
Орталықтың осы адам ату лимитiне сүйенген Қазақстанның iшкi iстер басқармасы қазақ халқының ұйтқысы мен қаймағы болған зиялы тобының көзiн жою жолында Голошекин мақсатын жүзеге асыру үшiн, бiр жыл iшiнде жүз мыңға жуық сауатты, зиялы азаматтарды атып өлтiруi арқылы бiр мақсатқа жетсе, осының алдында ғана халықты қолдан жасаған жасанды ашаршылыққа ұрындырған едi. Қалғандарын мәңгүрттендiрiп рухани құлдыққа айналдырудың жолын да ерте бастан-ақ қарастырған екен.
Адамзат тарихында мәңгүрттеу мен зомбылаудың түп тарихы Азия мен Африка құрлығында жатқан тәрiздi. Ал, мәңгүрттендiрудiң отаны Орталық Азиядан шыққандығына қырғыздың халықтық ұлы эпосы “Манас” жырындағы:
Баланы ұстап алалық,
Басына шiре жағалық, – деген өлең жолындағы “шiре” сөзiнде белгi берiп тұр. Басқа шiре салу арқылы адамның шашын ұстарамен тақырлап алып, жаңа сойылған түйенiң мойын терiсiннен басына қаптап, таспамен тартып бекiтiп, шақырайған күнннiң өтiне ұстау арқылы жүзеге асырады. Бiздiң әдебиетiмiзде мәңгүрттiк жайы туралы алғаш рет Ә.Кекiлбаев та, Ш.Айтматовтың романында өте кең әрi терең типтiк образ айналдыру жолымен әлем жұртшылығына танымалы болды. Ал, зомбилау болса Африка құрлығында пайда болып, оны отаршыл күштер кеңiнен пайдаланған жауыздық яғни адамзатқа жат құбылысқа жатады. Бүкiл әлемдi отаршылдықтың шеңберiне тартқан европалықтар адамзатқа жат бұл екi жауыздық тәсiлдi ендi халықтардың санасын ұлтсыздандыратын идео-логиялық құралға айралдырып отыр. Бұл әрекеттiң мысалын алыстан iздемей-ақ өзiмiзге сыры мәлiм Ресей патшалығы мен қызыл империяның тоталитарлық идеологиясының тарихынан анық көре аламыз.
Екiншiден, Бұхар жырау бұдан үш ғасыр бұрын Абылай ханның заманында болашақтан қауiптенiп:

«Жатқа тiзгiн бермеңiз,
Жатқа тiзгiн берсеңiз:
Сон-ау кеудеңдегi
Мұнарадай бас кетер,
Екi көзден жас кетер», – деп ескерткен едi.

Ескi патшалық билiк күйредi. Ендi жаңа заман келдi. Ұлттар теңдiгi жүзеге асты, әр ұлт өзiн өзi билемек деген большевиктер уәдесi бос сөз болып шықты.
Бұқар жыраудың болжаммен айтқан даналық сөзiнiң шындығын кеңестiк заманда ел билеудiң тiзгiнiн жатқа ұстатқанымызды Колбиннiң өзi құпия түрде болса да атап көрсеткендей “Неге Қазақстанды соңғы 70 жыл iшiнде екi-ақ қазақ басқарды?” деуiнде бүркемеленген шындықтың бетiн айқара ашып берiп отыр. Шынында да, бiздiң халқымыздың саны ел тiзгiнiн жатқа ұстатқанда үнемi құлдырап отырса, республикамызды 25 жыл басқарған әлемдiк деңгейдегi саяси қайраткер Қонаевтың тұсында ғана халық саны бастапқы қалпынан асып түстi. Өйткенi Қонаев саяси бюро мүшелерiнiң iшiндегi ең бiлiктiсi және пенделiк пығылдан ең тазасы болуы себептi, халқының санасында кемеңгер перзентi ретiнде мәңгiлiкке сақталып қалды.
Үшiншiден, қазақ жұртының сан ғасыр бойында қалыптасқан тұрмыс болмысының өзегi(ядросы) болған бiр атаның баласынан құралатын 10-15 үйлi отбасы бiр ауыл болып ұйыған қатықтай өмiр кешетiн. Ол ауылды жатқызып тұрғызатын ақылгөй ақсақалы болатын. Бүкiл шаруашылық пен рухани тұтастық мәселесi сол ақсақалдың ақыл кеңесiмен шешiлетiн. Қазақ халқын ғасырлар бойы сақтап келген осы тұрмыстық өзегiн(ядросын) жойып, дәстүрiнен жаңылдыруды отаршылдар ерте қолға алған едi. Бұл қазақы өзектi (ядроны) бұзбайынша, қазақты шоқындырып, орыстандырудың, мәңгүрттiк жолға бұрудың аулы алыс едi. Осы себептi, бұл кедергiнi бұзып ыдыратудың айла амалдарын алдын ала қарастырды. Бiрақ бұл қастандық әрекет ауыл ядросының тiрегiн солқылдатса да, түпкiлiктi деңгейде бұза алмады. Ал, кеңес үкiметi тiкелей тiзеге басып зорлықпен колхоздастыру, колхоздарды iрiлендiру, совхоздар құру арқылы қазақы ауылдық ядросының түбiне жеттi. Мiне, осындай саяси мақсатты көздеген жауыздық әрекеттер яғни қазақ елiнiң тұрмыстық болмысынан туындаған өзегiн(ядросын) жою саясаты қазақ халқын мәңгүрттiк жолға бұрудың шешушi құралына айналып жүре бердi. Мәскеудегi билiк қай кезде болса да, қазақ елiнiң өзiне тән қайталанбас ұлттық, тұрмыстық ерекшелiгiмен еш қашанда санасып әдiлеттi саясат жүргiзген емес.
Төртiншiден, Ресей патшалығының отарланған ұлан байтақ қазақ жерiн материалдық және рухани жағынан меңгеру жолында ұстанған саясатының бiр елеулi буыны водворение саясатында (қазақ арасына славян тектесхалықтар мен орыс тiлдi шоқылдынарды көптеп ендiру саясаты) жататын. Мұндағы мақсат қазақ жерi 1891 жылдан бастап ресми түрде мемлекет менiшiгi деп жарияланды. Қазақтардан тартып алынған сулы, нулы жерлерге Ресейде жерсiз қалған келiмсектердi орналастыумен бiрге қазақтар арасына сұғындыра араластырып отыруды да қолға алды. Мұндағы басты мақсат келiмсектердiң саны басым түсiп, қазақтардың шоқынып орыстануына қолдан жағдай жасау қамында жататын. Қазақ-орыстың аралас-құралас отырған жерде бұратана халықтарға арналған түземдiк орыс мектебiн ашуға негiз жасалып, қазақ-орыс балаларын бiр сыныпта оқытып, бүкiл дүниетанымын орыстандырып жiберуге бағыттау болатын. Мұндай мектептер бiздiң заманымызда аралас мектеп деп аталып жүр. Патшалық билiк тұсында мұндай аралас мектептiң алғашқы үлгiсiн орнықтырған Сырдария гүбернасының тұңғыш генерал-губернаторы арғы тегi немiстен шыққан Кауфманский болатын. Жалпы Ресей отарланған қазақ жерiндегi билiкке орыстардан гөрi европалықтарды қоюды жөн көретiн. Өйткенi шетелдiктер отарланған бұратаналармен жұмыс жүргiзуге қолайлы, жергiлiктi халықты билеп төстеудiң айла тәсiлдерiн шебер қолданып, ел iшiнде туындаған өздерi үшiн қауiптi ой-пiкiрлерге құлақ салып, өте сақтықпен бақылап отыратын. Мысалы, Абайға жазылған Қосшығұловтың ислам дiнiндегi қазақтарды шоқындыру, көнбесе жер бетiнен сыпырып тастау жайындағы Николай 2-патшаның жергiлiктi генерал-губернаторға жiберген құпия өкiмi туралы хатына (қазақтар iшкi сырды бiлiп қоймауы үшiн) бүкiл Семей, Омбы жандармериясының дүрлiгуi осының айғағы.
Патша үкiметiнiң қазақ жерiнде жүргiзген водворение саясатын кеңес үкiметi төңкерiс жылдарының өзiнде-ақ мұрагергерлiк танытып, саясаттағы ата дәстүрi ретiнде қабылдап, бүркемелеп дамытқан едi. Бұл әрекет колхоздастыру, бай кулактарды тап ретiнде жою және гулагтардың қазақ жерiнде көптеп ашылуы кезiнде үдей түстi. Ұлы Отан Соғысы жылдарында Едiл бойы халықтары мен Кавказ түрiктерiн зорлықпен Қазақстанға жер аудару тұсында молыға түстi.
Әсiресе, бұл саясат 1954 жылы Қазақстанда тың жерлердi игеру науқанында жетер жерiне жеттi. Сырттан жұмыс күшiн әкелуге тек қана бiр миллионнан астам славяндарды тартып, оларға барлық жағдай жасалды. Осы кезде 700 қазақ мектебi жабылып, ондағы оқушылардың бәрi де жаңадан ашылған аралас мектептерде бiлiм алды. Ол аз болғандай атом бомбасын сынау полигонын әтейi қазақ жерiне орналастыру мен жер үстiнде жару-қазақ елiнiң өсуiне салынған өлiм тұзағы едi.
Мiне, осы жау ниеттi жағдайлар қазақтардың өз жерiнде азшылыққа айналып, санасы жағынан тезiрек мәңгүрттенуiне барлық жағдай алдын ала жасалғанын айғақтап тұр.
Қазақтардың осы кезде тiл жағынан таза қазақ, шала қазақ, ада қазақ болып бөлiну процесi қызу жүрiп жатты. Қазақстан жүз ұлтты планета, “халықтар достығының лабараториясы” деп даңғазалап жатты. Шынында да қазақ жерi 130 ұлттың екiншi отанына айналды. Осыдан келiп Қазақстан көп ұлтты республика деген ұғымды кеңестiк идеология термин есебiнде санамызғаға сiңiрдi. Шындығында, мәселе осылай ма? Маңайдағы шегералас елдерге назар салып қарайықшы, қалай екен? Мысалы, Ресей мен қытайды, немесе Өзбекстанды алып қарайық: Ресейдегi барлық жергiлiктi ұлттардың бәрi де тарихи ата мекенiнде отыр. Бiр кезде олардың бәрiн де Ресей жаулап алып, өз жерiне бодан етiп күшпенен зорлап қосты.
Кеңестiк дәуiрде олардың бәрi де одақтас республикалар мен автономиялы республикаларға, ұлтты округтарға айналып, соның негiзiнде федарациялық құрылымға айналып, көп ұлтты республикаға айналды. Ол ұлттардың ата мекен жерi болуы себептi де, олардың бөлiнiп кетуге конституциялық заңды құқы бар. Қытай халық республикасы жерiнiң 60 % майда ұлттардың жерi болса да, қытайлар өзiн көп ұлтты республикамыз демейдi. Өзбекстанда жасайтын қазақ, тәжiк, қарақалпақ, қырғыз халықтары да өз ата мекен жерiнде отыр. Осы себептен де олар Өзбекстан үшiн диаспора деп есептелмесе де, Өзбекстан өзiн көп ұлтты республикамыз деуге саналы түрде бармай отыр.
Ал, бiз не себептi, қандай заң-дылыққа негiзделiп көп ұлтты республика боламыз? Бiз өмiр сүрiп отырған ата мекен жерде қазақ елi толық отарлауға ұшыраағанша бiрде бiр бөтен халық отырмаған. Осы себептi де Қазақстан әлем халқына тәуелсiздiк алысымен унитарлы мемлекет деп танылды. Бiздiң жерде өмiр сүрiп отырған 130 ұлттың бiрiнiң де заңды ата мекен жерi жоқ. Олар – бiздер үшiн диаспора ғана. Егер заңды ата мекен жерi болса, олар өз алдына бөлiнiп кетуiне заңды құқы болар едi. Жерi жоқ, бiрақ түрлi саяси-әлеуметтiк жағдайлармен келiп орналасқан бұл халықтардың шын отаны сыртта жатыр.
Осы жағдайға қарамай яғни ата мекен жерi болмаса да, Мәскәу немiстер мен ұйғырлардың автономия алып, бөлiнуге ұмтылған әрекетiн қолдап, дем берiп отырды. Хрушев билiгi тұсында Тың өлкедегi алты облысты Ресейге, Оңтүстiк өлкесiн Өзгекстанға, Жетiсуды ұй-ғырларға беру әрекетi Қазақстанды бөлшектеп жiберу мақсатын көздеген авантүристiк әрекетi көрiнiс бердi. Олай болса не себептi Қазақстан көп ұлтты республика атанады .Әрине, кеңестiк тоталитарлық идеология бiздiң санамызға Қазақстан көп ұлтты республика деген стреотиптiк кеңестiк ұғымды орнықтырды. Көп ұлтты республика болу үшiн оларға жерiмiздi бөлiп беруiмiз керек. Бермейтiн болсақ онда бiз көп тiлдi республикамыз. Терминде үлкен саяси мән барлығын ескермек ләзiм.
Бесiншiден, Қазақтың мәңгүрттену жолындағы шешушi саяси буын Голошекиннiң И.Сталинге жазған қызмет хатындағы: “…бесiншi кезеңде – қалған барлық қазақ зиялы-ларының көзiн жойып, қазақ әлiппесiн тағы да ауыстырып, осындай әдiспен жеткiншек ұрпақтың өз халқының тарихын бастапқы тума көздерден оқып бiлу мүмкiндiгiнен айыру” (Советская степь, 20.11.01927 г), – деп ашық жазуында жатыр. Бiздiң ұлтымыздың басына түскен қасiреттiң барлығы осы саяси мәнi бар ұсыныстан басталды. Бұл терең жауыздық пығылды Сталин: “Голошекин жолдас! Менiң ойымша, қызметтiк жазбада атап көрсетiлген саясат, негiзiнен, бiрден бiр дұрыс саясат болып табылады”, – деп ресми түрде бекiтiп беруiнен кейiн-ақ қазақ зиялыларын бiрiн бiрiне айдап салып, жаппай қудалаудың басталғаны тарихтан мағлұм. Бiрi ұсынып, екiншiсi оны ресми түрде қолдаудың нәтижесi 1930 жыл мен 1937 жылдың аралығында жүз мыңға жуық қазақтың аптал азаматтарын жаппай атып, көздерiн жоюмен бiрге алты миллионға жеткен қазақтар екi миллионға жетер жетпес жағдайда қалып, өз жерiнде халқының үштен екiсiнен айрылды.
Қазақ ақын-жазушыларының қо-лымен жазылып басылым көрген ұлттық рухтағы туындылары да тұтас жойылды. Кейде олардың атын атап, өлеңiн жатқа бiлетiндердiң өзi де, халық жауы ретiнде ұсталып жатты. Оны студенттiк шақта 1951 жылғы Қазақстандағы идеологиялық күрес кезiнде көзiмiзбен көрiп, үрейленiп өстiк емес пе? Қазақ филологиясында оқып жүрген кезiмiзде бiздер ата ұрпақтың рухани мұрасынан мүлде бейхабар қалғанымызды кеш ұғындық. Олардың туындысын жасырын болса да оқып бiлуге қазақ жазу әлiппесiнiң латыншаға, артынша орысшаға ауысып кетуiнен оқуға шамамыз келмедi. Голошекиннiң зымиян ойы мен тiлегi алдымыздан шықты. Өткен тарихымызды танып бiлуге ұмтылысымыз далаға кетiп, күн өткен сайын мәңгүрттене бердiк.
Бiр ғасыр iшiндегi ұрпақтар алмасуындағы заңдылықты бұзып және олардың бойындағы ғасырлар бойы қалыптасып дәстүр ретiнде келесi ұрпаққа ауысатын бүкiл салт-сана, дүниетаным, ұлттық рухани қазына көздерi тәрiздi табиғи рухани құндылықтар үзiлiп, келесi ұрпақ өкiлiне жетпей қалды. Қасiрет атаулының бәрi де осы рухани мұрадан қол үзуде жатыр. ХХ ғасыр iшiнде өмiр сүрген төрт буын ұрпақтың: а) ата буын, аға буын, орта буын, жас буын арасын жалғастырушы ата буын тұтастай оталып, жойылып кеттi.
Мiне, бiздiң ұлттық қасiретiмiз дәл осы мәселеден басталатынын сезгендей өзiнiң шашпа пiкiрлерiнде Бауыржан Момышұлы Ұлы Отан Соғысы кезiнде “У нас есть последственная переемственность всего благородного от поколение к поколению. Именно в этом достойнства нашего народа. Именно в этом суть нашего прогрессивного мышления и стремления к идеалом” (Б.Момышұлының үй архивiнен),-деп қадай көрсетуiнен бiздер қандай қасiреттi жағдайға ұшыраған бейшаралық қалiмiзге көзiмiз жете түседi. Б.Момышұлының Қ.Сәтбаев, М.Әуезов, Н.Оңдасынов, I.Омаров т.б. қазақ зиялыларына майданнан жазған хаттарында да осы ойларының идеялық желiсi жалғасын тауып жататыны бар. Отаны үшiн от кешкен Б.Момышұлын осы ой танымы үшiн ерлiгiн бағалаудың орнына оған “ұлтшыл, современный Бөкейханов” деген жалалы пiкiрдiң етек алғаны аға ұрпақтың есiнде.
Алтыншыдан, Голошекиннiң екiн-шi көтерген мәселесi қазақ әлiппесiн тағы да ауыстырып, келешек жастарды өз халқының тарихи жадынан мақұрым қалдырып, мәңгүрттендiру арманы ашық айтылып отыр. Бұл мәселенiң тарихи төркiнi де патшалық замандағы орыс миссионерлерiне барып тiреледi. Мысалы, атақты миссионер ғалым профессор Ильминский үкiметтiң ресми хабарлары жарияланатын ”Дала уалаяты” газетiнде венгер ғалымы Вамберидiң қазақтардың арғы ата-бабалары гүндардың тарихынан мағлұмат бергенде, зәресi ұшып бiрден обер-прокурорға арыз жазып, ресми газеттiң өзiн жаптырып тастауы-осының айғағы. Профессордың қаупi қазақтар өткен тарихын бiлсе, ұлттық санасы оянып кетуiнен зәресi зәр түбiне түсе қорқуында жатыр. Мiне, Сталин мен Голошекин қаласын қаламасын орыс миссионерлерiнiң дәстүрiн жалғастырушы рухани мұрагерлерi болып шыға келдi. Неге бұлай? Мәселенiң бәрi де осы ой танымнан таралып, өрiс алуында жатыр. Оларға ешкiм де жала жауып отырған жоқ, шындықтың өзi осылай болса не дерсiң?
Қазақтың жазу әлiппесiн өзгерту сырына мен аспирантурада оқып жүрген кезiмде мән бере бастадым. Өйткенi менiң ғылыми жетекшiм академик Қажым Жұмалиев менiң кандидаттық диссертациямның та-қырыбына “Абай Құнанбаевтың әдеби мұрасының зерттелу жайы” (1889-1961ж) деп анықтаған едi. Бұл тақырыпқа қажеттi дерек көздерi арабтың қадимше, төтенше жазу таңбасы мен 1930 жылдан бастап латын жазу таңбасымен жазылған әдебиеттерде жататын. Араб, латын жазу таңбасын бiлмейiнше дерек көздерiне кiру мүмкiн емес. Лаж жоқтықтан ол жазу таңбаларын өз бетiммен үйрене бастадым. Үйрене жүрiп ой келдi. Бұл жазу таңбалары не себептi өзгердi, кiмдер өзгерттi, қандай мақсатпен өзгертiлдi деген сұрақ ойымнан кетпедi. Iздене бастадым, iздену үстiнде шындыққа шала-пұла болса да көзiм жете бастады. Көзiм жеткен сайын менiң халқымды қорлаған қаскөй саяси айла тәсiлдердiң ұстанған мақсаты менiң жан дүниемдi, ой танымымды асты үстiне шығарып, ұлттық намысымды тасқа жаныды. Мәселенiң мән жайын ғылыми жетекшiм профессор Қажым Жұмалиевке айтып едiм, бiрден “Немене көктей солайын деп жүрсiң бе, әлде мен барған жерге асығып жүрсiң бе?,-деп қатты зекiп тастады. Ол кiсiнi мен екiншi курста оқып жүргенде буржуазияшыл ұлтшыл элемент деп жазықсыз жапа шегiп, айыпталып ,25 жылға “халық жауы” деп сотталғаны есiме түсiп, тiлiмдi тiстеп қалдым…
Не де болса ойымды қағазға түсiрiп, құпия сақтайын деген оймен “Әрiптер неге өзгердi” деген шала-шарпы мақаламды жазып тастадым. Уақыт өте бердi. Өзбекстаннан Қазақстанға қыжметке ауыстым. Тағдыр менi М.Әуезовтiң мүзей үйiне әкелдi. Мұхтар Әуезов абайтанудың негiн салушы деген тақырыппен айналысып, жазушының жеке архивiн армансыз ақтарып, ой-таным сырларына бойладым. Тағы да алдымнан ұлы жазушының орыс миссионерлерiнiң қазақты шоқындыру, орыстандыру туралы тума ойларының тасқа сiңiп таралған алтынның белгiсiндей келер ұрпаққа автоцензура тәсiлiмен табыстап кеткен ойларының жұмбақ көмбесiне кезiктiм. Бұл менiң жан дүниемдегi бүркеулi жатқан ұлттық намысыма ұшқын тастап жiбергендей өрттей лаулап жана жөнелдiм. Бұл сезiм менi “Қазақ қалай орыстандырылды” деген кiтабымды жазуға алып келдi.
Қиын жағдайда 1993 жылы ол кiтаптың басылым көруiне пiкiрлес iнiм Мұхтар Құлмұхамбет(қазiргi Қызыл Орда облысының әкiмi) қол үшiн дер кезiнде бере бiлуiне ризашылығымды бiлдiремiн. Бұл жақсылық маған ғана емес, жалпақ жұртымыздың ой-танымын байытып, ұлттық санасының оянуына қозғау салуымен де қымбат едi. Осының алдында ғана көптен ойланып толықтырып пiсiрiп жүрген “Әрiптер неге өзгерген?” деген мақалам 1992 жылы “Жас қазақ“ газетiнiң 27 ақпан мен 21 наурыздағы қос санында қатарынан басылды. Мiне, менiң Ресей патшалығы мен кеңестiк империяның қазақтарды орыстандырып бiр саяси организмге айналдырып жiберу, егер бұған көнбесе, жер бетiнен сыпырып тастау туралы құпия сырдың саяси мақсатына шамам жеткенше қаныға түстiм. Мұны жете танып бiлуiме орыстың миссионер ғалымдарының зерттеу еңбектерi мен кеңес үкiметiнiң архив сөресiнде жасырын жатқан құпия құжаттары да көмектестi.
Мен 10 класта оқып, мектепте комсомол комитетiнiң хатшысы болып жүрген кезiмде КПСС –ке мүшелiкке өтiп, сол жолға құлай берiлген, партияның ұлт саясатына қалтқысыз сенген қалпымнан келе-келе бiртiндеп арыла бастадым. ХХ ғасырда өмiр кешкен төрт буынның алғашқы толқыны ата ұрпақтың көзiн саяси мақсаты үшiн жойып жiберген соң, бұл дүниеге құралақан келген мәңгүрттенген ұрпақтардың аға буын өкiлi екенiмдi сезiнiп, жасыған рухымды iштей түлеп жаңғыртумен өмiр сүрiп келемiн. Бұл дерттен тәуелсiздiк заманында да құтыла алмай әрi комунизм iлiмiнiң оқуы өтiп кеткендер сезiне алмай дүбәра кезеңде тұрмыз. Әрине, батпандап кiрген мәңгүрттiк дертiнен мысқалдап шығатын рухани жолмен ғана арылатынымызды Бауыржан Момышұлының пiкiрiмен кестелесек: “Менiң сендерге айтарым: бiлiмнiң сыртқы жалтырағына ғана қызықпай, өз халқыңның рухани iлiмiне барынша қанып iшуге бар күшiңдi сал. Сонда ғана халықтың рухы қаныңа тарап, жаныңды байыта түседi.”
Қазақ жазу әлiппесiн өзгерту саясатының қатбарлы қабаттары да болған едi. Не себептi әуелi 1930 жылдан латын жазу таңбасын алудан бастадық? Мұндағы саясаттың бiр қыры бiрден орыс жазу таңбасына өтер болса, орысқа қарсылықтың күшейiп кету қаупiнде жатты. Өйткенi ол кезде орталық жүргiзiп отырған саясаттын астарын бiрден танып бiле қоятын зиялы қауымның қатары бұзылмаған едi. Оларды латын жазу таңбасын алу арқылы бiр-бiрiне айдап салып, қарама қарсы жiкке бөлiп жiберiп, келешекте бiрiн бiрiнiң көзiн жоюға пайдалану жағы да есепке алынды. Екiншiден, алдымен латын жазуын, артынша орыс жазу таңбасын қабылдау арқылы халықты бiрнеше жылдар бойы сауатсыздандыра түсу жағымен ұтса, бiр жағынан келешек жас ұрпақтың өткенiн танып бiлу жағы күрделенiп, қиындай түсу жағы да есепте болды. Ең ұтымды жағы саяси маневр жасау арқылы орыс жазу таңбасын қабылдатудың жолы жеңiлдене түсетiн мүмкiншiлiктi пайдалану жағы да ескерiлдi. Ойлағанындай 1937 жылдың қызыл қырғынынан кейiн балапан басымен, тұрымтай тұсымен кеткен жағдайда орыс жазу таңбасын қабылдау у-шусыз, еш бiр қарсылықсыз жүзеге асқанын көремiз.
Орталық үшiн ең басты жетiстiк Голошекин айтқандай: “…зиялы қауым өкiлдерiн бiр-бiрiне жауығатын екi кереғар топқа бөлiп, анағұрлым танымалы, халық алдында беделдi зиялыларды “ұлтшылдықпен” айыптап, оларды қарсы топтың көмегiмен жойып жiберу. Сондай-ақ “ұлтшылдардың” дұшпандық идеяларын iске асырмау үшiн қазақ әлiппесiн ауыстыру қажет”(Сонда,493-494 бет).
Әдебиет саласында 1925-1937 жылдар арасындағы қазақ зиялыларын қарама-қарсы жауыққан екi топқа бөлiнуге жел берiп, қырғын айтысқа ұшыратып артынан түгелдей жойып жiберу әрекетiн алашшылдар мен Сейфуллин бастаған жiкшiл топтардың арасындағы талас-тартыстың тарихынан аңғарамыз. Осының артынша келешек ұрпақтың ғасырлар бойы жинақталып қорланған рухани ұлттық қазынаны оқып бiлудiң жолы тарс жабылып, жаппай мәңгүрттену жағы кедергiсiз жүзеге асып жүре бердi.
1950-1951 жылы тағы да “Правда” газетiнде жарияланған “Қазақстан тарихы марксизм-ленинизм тұрғысынан баяндалсын”деген мақаладан соң зиялы қауым екi жiкке бөлiнiп, айтысудан кейiн, олардың бiр жағы “халық жауы” деп аталып, итжеккенге айдалуын көзiмiзбен көрдiк. Осы қасiреттiң бет алысын алдын ала сезген Б.Момышұлы ҚКП ОК бiрiншi хатшысы Ж.Шаяхметовке жазған хатында қауiптiң алдын алу керектiгiн ескерткен едi. Бұл мәселенi Мәскеудiң өзi қолдан ұйымдастыруы себептi, Ж.Шаяхметов тiзгiнiнен айырлып, ара түсе алмай қалған тәрiздi. “Правдада” жарияланған мақаланың қол қойған үш авторының бiрi тарихшы ғалым Т.Шойынбаевпен қызметтес әрi сырлас болған жылдарымда:
– Тiлеш аға, не себептi осы жалалы мақалаға қол қойдыңыз? – деп сұрағанымда,
– Ол мақала орталықтан даярланып келдi. Бiздерге қол қой деп ұсынған соң, қол қоймасақ не боларымыз белгiлi ғой, – деп орталықтың қаҺарлы ызғарынан қаймыққанын сыр ғылып айтып едi. Ендi ойлап байқасам, 1951 жылғы қазақ ғалымдарының арасында Кенесары көтерiлiсiн бағалау жайында болып өткен айтыс-тартыстардың астарында да Голошекин қолданған сұрқия саясаттың тәсiлi жатқанына көз жеткiсе түстiк.
Осындай змиян айла шарғылар арқылы келешек ұрпақтың ғасырлар бойпы жинақталып қорланған рухани қазынаны оқып бiлудiң жолы тарс жабылып, жаппай мәңгүрттенiп ұлтсыздандыру әрекетi кемдергiсiз жүзеге асып келе жатқан саясаттың нәтижесi екендiгi танылып отыр.
Жетiншiден, Әдебиет пен мә-дениетте, ұлттық өнерде ежелгi, өткендегi тарихи тақырып пен рухани құндылықтар көзiне баруға тиым салынды. Өйткенi өткендi тiрiлту, тарихи сананы жаңғырту ұлттық сананы оятып жiберетiнi себептi, ол тақырыптар қатаң бақылауға алынды. Қазақстан компартиясы ОК-нiң әдебиет, ұлттық өнер туралы арнаулы қаулыларының бәрi де о бастан-ақ орталықтың осы талабын асыра орындаумен шектелдi. Ақын-жазушы, өнер адамдарынан тек қана бүгiнгi тақырыпты жырлауды қажеттiлiкка айналдырдылды. Кеңестiк тұрмысты социалистiк реализм тұрғысынан жырлаушылардың “бағы” жанды да, тарихи туынды жазуға барғандар негiзiнен қудаланып, сынның астында қалды. Мысалы М.Әуезов, I.Есенберлин т.б. Қалың оқырман өзiнiң рухани қажеттiлiгiн қаласа да, қаламаса да жасанды шығармаларды оқумен басын құмға толтырып, ұғым-санасын мәңгүрттенген үстiне мәңгүрттендiре бердi.
Орталыққа керегi майда ұлттардың қолдан жасалып жатқан кеңестiк жасанды жаңа адамның (орыстанудың) қалпына түсуiнде жатты. Мұның нәтижесi ССРО-ның 1926 жылғы есебiндегi 194 ұлттың, 101-i қалып, 93-i түгелдей орыстанып, өзiнiң ұлттық рухани болмысынан айрылуымен тынды да қалғандары келешекте осы тағдырды күтiп отыр. Сонда ассимиляцияға ұшырап, өзiнiң ұлттық болмысынан қол үзiп мәңгүрттене бастаған халықтардың рухани болмысындағы өзгерiстерге назар аударса, мынадай ортақ белгiлердi көремiз:
1.Ұлттық жазу таңбасынан айрылып, латынды, соңынан крилицаны қабылдап, өткендегi тарихын оқи алмай мәңгүрттенуi,
2. Осы өзгерiс жеке ұлттардың халықтық жадын ұмытып, өткендегi ұлттық тарихи санасынан көз жазып қалуы,
3. Дiнiнен яғни рухани тiрегiнен мүлде айрылуға бет алуы,
4. Ұлттық менталитетiнен яғни дiлiнен ажырауы,
5. Табиғи тiл байлығынан қол үзiп, тарихи ой-санасының кедейленуi,
6. Ұлттық әдет-ғұрып, салт-санасынан көз жазып рухсыздануы,
7. Отбасы тәрбиесi мәйегiнен тыс қалып, жатсыздануы,
8.Ұлттық өнер туындыларының уызына жарымай, тiптi, ұғына да алмай, бөгде ұлт өнерiнiң ығына санасыздықтан жығылуы,
9. Түрiктiк ортақ рухани тұтас-тықтан алыстай беруi,
10.Ұлттық антропонимдер боя-
уының солғын тартып алашұбарлануға бет алуы,
11.Орыс тiлi емлесiнiң ықпалына түсуi себептi, ана тiлiнiң дыбыстық табиғи бояуының солғын тартып, орпоэфиялық дағдарысқа ұшырауы,
12. Екi тiлдi қалыпқа түсiп, сөйлеу тiлiнiң шұбарлануы, екi тiлдi араластырып сөйлеуге бой ұруы,
13. Шала қазақ пен ада қазақтардың нигилистiк, космополиттiк қалыпқа түсiп, рухани жағынан азғындауға бағыт алуы,
14. Мiнез-құлық этикетi мен киiну жағынан сырттан енген тоғышар модалық көрiнiске ойсыз, қамсыз ерудiң себебi де А.Байтұрсынов атап көрсеткендей “…тiл мен дiлiнен айрылған қазақ неге көрсеқызар болмасынның” өзi болып шығуы,
15. Дүниетанымы жағынан евро-центристiк танымның тұтқынында қалып, ұлттық ғылымның дамуына кедергi жасауы,
Мiне, мәңгүрттенудiң бұлар басты көзге ұрар ортақ белгiлерi ғана, оның көрiнбейтiн iшкi рухани әлемiмiздегi өзгерiс белгiлерi бiр аллаға ғана аян.
Қазақ халқының бүгiнгi болмысы осы айтылған ортақ белгiлерден алыс жатқан жоқ. Бұлардан яғни мәңгүрттiк рухани қасiретiмiзден қайтсек арыламыз? Бұдан құтылудың, түбiрiмен тазарудың жолы бар ма? Бар! Алыста болса жақын жолы бар. Ол – ұлттық идея мен ұлттық идеологияны зар қалпына келтiрiп, рухани болмысымызды iштей жаңғыртуда жатыр.
Ұлттық идея – уақыт демiне, заман ағымына қарай өзгерiске түсiп анықталып толысып, дамып отыратын құбылыс. Отарланған түрiк халықтары бiр кездерде жадидизмдi ұлттық идея ретiнде ұстанды. Алаш партиясы қазақтар үшiн Ресей құрамындағы ұлттық автономия құруды ұлттық идеяға айналдырды. Кеңестiк кезеңде жасанды мемлекет түрiн малдандық.
Ал, бүгiнгi тәуелсiдiк зама-нымыздағы ұлттық идеяның тұғыры ретiнде қоғамдық пiкiрде тiлдi, дiндi, дiлдi т.б. күрделi ұғымдарды ұсынатын пiкiрлер көрiнiс берiп жүр!
Тұңғыш Президентiмiз Нұрсұлтан Назарбаевпен өткен жылғы кезектi сапарында Жамбыл жұртшылығымен кездесу кезiнде бетпе-бет кездесiп сұхбаттастым. Сонда осы ұлттық идея мен ұлттық идеология жайында пiкiр алыстық. Сұхбат үстiнде Президент менен:
– Ұлттық идеяны қалай түсiнесiз? –, деп кенеттен сұрақ қойып қалды. Мен сасыңқырап барып, ойымды жинап алып:
– Ұлттық идея жағдайға, уақытқа, заман ағысына қарай өзгерiп отыратын құбылыс. Бiздер үшiн дәл бүгiнгi күнде ұлттық идея ретiнде отаршыл қысымнан құтылып, қолымыз ендi жеткен тәуелсiз ұлттық мемлекетiмiздi қалыптастырып жетiлдiру, өркендету болса керек,-деп жауап бердiм. Президент көңiлдi қалпымен – Дұрыс, – деп бiр сөзбен мақұлдады.
Ал, ұлттық идеология жайында пiкр алысыу ұзаққа созылып кеттi. Коммунистiк кеңестiк идеология жайында, оның тiзеге басып өктемдiк еткен тоталитарлық идеология зорлығы жайында пiкiр өрбiттi. Бiрақ ұлттық идеология жайлы пiкiрiмдi терiстемедi де, қолдамады да. Әңгiме тақырыбы өзгерiп кеттi де, келешек латын жазу таңбасына бару жайында асықпай қабылдармыз деген пiкiрге келдi.
Бұл аса күрделi де көп қырлы мәнi бар мәселе жөнiнде Прездентпен кездесуден кейiн де, осы жөнiнде пiкiр бiлдiрген замандастарымның ой пiкiрiн сараптап, түрлi ойларға түсiп жүрдiм. Ақыры келген ой байламым мынаған келiп сарықты:
Ұлттық идеямыз және оның тiрегiне айналар мызғымас тұғы-ры – ұлттық мемлекетiмiздi қалып-тастырып, мейлiнше дамытып өркен-детуде жатса керек. Егер ұлттық мемлекетiмiз емендей толысып өркен жайса, барлық мәселе сол арқылы әдiлеттi шешiмiн тауып, жүйелi желiсiмен жалғасын тауып кете бермек.
Ал, ұлттық идеологимыз жайында ойласар, пiкiр алысып, талас тудырар әр қилы бұралаң жақтары да көрiнiс берiп жатады. Бүгiнгi күнде әлем мемлекеттерi ұстанып отырған идеологияның түрлерi де баршылық. Ол әрбiр мемлекеттiң ұлттық жағ-дайына, өткен тарихы мен ұстанған салт-санасына, көздеген мақсатына қарай анықталатын тәрiздi. Ал, бiз ұстанған ұлттық идеямызға сай ұлттық идеологиямыздың болуы мiндеттi құбылыс. Бiрақ ол әр мемлекеттiң саяси құрылысына сай әрi алдына қойған мемлекеттiк мақсаттарына орай қойылатын мәселе болсе керек. Осы тұрғыдан қарағанда: 1.мемлекеттiк идеология, 2.дiни идеология, 3. ұлттық идеология, 4. жарнамалық идеология, 5. миссионерлiк идеология және 6. Шет елдердiң сырттан таңатын, тiптi, қысым жасайтын бiзге жат әр қилы идеология түрлерi де болмақ. Мысалы көптеген мұсылман мемлекеттерi шешушi орынға дiни идеологияны қояды. Кеңес үкiметi орнағанға дейiн Орта Азиялық хандықтар да дiни идеолгияны ұстанғаны мәлiм. Қазiргi заманда өмiр сүрiп отырған Орталық Азиядағы тәуелсiздiк алған ұлттық республикалар өз танымындағы ұлттық идеологияны ұстанатын қалпын танытады.
Қазақстан конституциясы бойынша бiз – зайырлы мемлекетпiз. Осы себептi бiзде ислам дiнiнiң орнығып өрiс жая бастауы қарқынды болса да, дiни идеологияны шешушi орынға қоя алмаймыз. Зайырлы мемлекеттiң болмысы ол идеологияны жақтаса да, шешушi идеологиялық орынға қоя алмасы мәлiм. Бiздiң халқымыз тәуелсiз мемлекетiн құрып, әлемдiк өркениет жолына түскенiмен, ол отаршылдықтың аяусыз қанауына түсiп, рухани қорлығы еттен өтiп сүйегiне жеткендiктен, шешушi орынға ұлттық идеологияны қоймай тұра алмайтынымыз да заңды құбылыс. Мұның үстiне бiз түрлi саяси-әлеуметтiк жағдайлар мен көршi державалардың ұстанар пығылына қарай отарсыздандыру саясатын тiкелей тiзеге басып Прибалтика елдерi тәрiздi бiрден жүзеге асыра алмадық. Осы себептi де осы саясатты өз орнына қоймаса да, оның орнын толтыра алатын ұлттық идеологияны шешушi орынға қойып, оған сүйенбей тұра алмаймыз. Мәселенiң бұл жағымен де есептеспей кете алмайтын тұстарымыз баршылық.
Осы өткiншi жағдайларды назарда ұстай отырып, ендi бұрынғы бұйығы самарқау қалыппен жүре беру дағдысынан арылып, заман ағысынан қалмау үшiн, ұлттық идеологиямызды мүлде жаңа рельске қоюдың зәру мiндетi алдымызға қойылуда. Бұл өзектi мәселенi қоғамымыздың әрбiр адал азаматы сезiнуi қажет. Өйткенi қазақ қауымы ,жалған намыстанудың қажетi жоқ, тұтас мәңгүрттенген қауым. Зорлау саясаты бiздi осындай мәңгүрттiк жағдайға алып келдi.Тiптi, бұл қауымның iшiне тәуелсiздiк жылында туған жаңа буын жас ұрпақ та кiредi. Өйткенi мәңгүрттенген отбасынан мәңгүрттенген ұрпақ шығатынын күнде көрiп жүрмiз. Сондықтан да бұл қауымды сырттан таңылған рухани дерттен сауықтырып, отаршылдық қысым ендiрген құлдық санадан арылту жолын жаңа рельске қойылған ұлттық идеолгия ғана атқара алмақ! Қазақстанды патриотизм ұғымы да осы негiзде қалыптасса ғана өмiршең болмақ.
Бiздiң қауымның, тiптi, оның iшiнде зиялы тобының ой-санасы, дүниетанымы евроцентристiк көз-қарастың тұтқынынан ұшты күйлi арыла алмай келедi. Бұл дерт, әсiресе, шала қазақтар мен ада қазақтардың арасында үстем болып тұр. Осы дертке шалынып евроценристердiң ой санадағы шапанын жамылып жүргендердiң ұл мен қыздары ауылдан келген қазақ балалары мен қыздарын “мамбет, мамбетка“ деп мазақтап, өздерiн жоғары санайтын бейбақ мәңгүрттердiң оспадарсыз қылығын аз да болса өмiрден орын алып келедi.
Бұл дертке орыс қауымы да ХҮШ ғасырда шалынып барып әрең дегенде орыс патриоттарының ұзақ та табанды күресiнiң арқасында арылып, бүгiнгi қалпына түскен едi. Орыс дворяндары мен кулактарының ұл-қыздары Франция мен Германияда оқып, орыс болып туғанына намыстанып, орыс тiлiнде сөйлеудi ар тұтқан замандар өткен. Олар өздерiне петиметри, какетка деген ат алып, мәдениеттiң ұшар басына қолы жеткенiмсiп, өз қандастарын өздерi қорлайтын нигилистiк дерттi бойына жұқтырған едi. Осындай жүгенсiздiктi қазiргi орыстанып кеткен бiздiң шала қазақтар мен ада қазақтардың ұл, қыздарының оспадарсыз нигилистiк қылығы көрсетiп жүр. Бiрақ бұл құбылыс өткiншi, қазiрдiң өзiнде олар саналы, ойлы жастардың сайқы мазағына ұшырап, күн өткен сайын қазақ тiлiнiң жанданып күшеюiне байланысты шегiнiп, бiртiндеп шөгiп бара жатқан қалпын танытады.
Айрықша мән беретiн мәселенiң бiрi қазiргi европалықтардың мiнез-құлқы мен рухани болмысына елiктеу мен солықтау жағынан бiздiң қазақ жастары бәйгенiң алдын берер емес. Бұл, әсiресе, ұлы Абай “Арсыз болмай мал қайда, Айлакер болмай бақ қайда?” – деп таңбалап айтқанындай ада қазақтар мен шала қазақтардың қоғам байлығын “заңды жолмен” талап алып, бойына сiңiрiп қалу үшiн азаматтық қоғам деген модельге бас ұрып, насихаттап жатуы жәй нәрсе емес. Бұл танымға ұлтсызданған тоғышар ұлттық масылданған буржуазия мен осы пиғылды iштей жақтаушы кейбiр саяси билiктегiлердiң мүдесi жақын тұрғандай сезiледi. Бұл сатқын пығылға тек қана ұлтсызданып мәңгүрттенген көнбiс тобыр қана көнедi. Бұл бiздегi ұлтсызданған буржуазияның америкалық азаматтық қоғам үлгiсiне құлша табынып армандауына – бiздегi мәңгүрттенген көнбiс тобыр ғана көнедi. Бұл ниеттегiлердiң және олардың қолтығына су бүркетiн сырттағы идеологтардың бәрi де ұлттық мемлекет дегеннен зәре құты қалмайды, қандай жолмен болса да бiздi адастырып, терiске қарай бағыттайды.
Осы құбылысты сырттан бақы-лап отырған ойшыл жазушы Ш.Айтматовтың Мұхтар Шахановқа жазған пiкiрiнде: “…В.В.Путин орыс тiлiн бiлмеген адамның Ресей азаматы бола алмайтынын кесiп айтты… Өздерiңде қойылып отырған “қазақстандық ұлт” идеясы, негiзiнен, американдық бағытқа жақындау, қателеспесем, тiкелей ұлтсыздануға бастайтын жол сияқты” деп қауiптенуiнiң негiзi бар жанды пiкiр.
АҚШ-тың қоғамдық болмысы бiзге мүлде жат құбылыс. Европадан байлық көзiн iздеушiлер 12 млн. индецтердiң көзiн жойып, солардың сүйегiнiң үстiне орнатқан азаматтық мемлекет-ұлтсызданған мемлекет-ке айналып амеркандықпыз деген танымды орнықтырды. АҚШ мемлекетiнiң табиғи болмысы мүлде басқа – космополиттiк қалыптағы өзгеше қоғам. Ал, бiздiң болмысымыз көшпелi өркениет негiзiнде рухани құндылықты ар тұтқан өзiндiк қайталанбас ерекшелiгi бар мүлдем басқа қоғам. Бiз АҚШ-тың технологиялық жетiстiгiн меңгеруге ұмтылмасақ, ол қоғамның шектен шыға бастаған азғындыққа ұрынған моральдық жағынан алар татымды құндылығымыз бола қоймас. Бұл түгiл бүгiнгi европалықтардың бiр кездегi өрлеген рухани құндылықтарынан қол үзiп, мiнез-құлық жағынан азғындыққа қарай құлдырауы кiмге опа бермек. Мәселе осы құндылықтардың болмысына сын көзiмен қарай отырып, талдап, талғап барып алуымыз жөн шығар.
Евроцентристiк қалыптан шыға алмау Қазақстандағы педагогика ғылымы саласында анық байқалады. Бiздер оқытып тәрбие құралына айналған педогогика ғылымының моделi европалық халықтардың тұрмысы мен қоғамдық болмысы негiзiнде жасалған . Қазiргi барлық оқу орындарындағы тәлiм-тәрбие жұмысы осы ғылымның негiзiнде жүргiзiлiп келедi. Оларға өмiр есiгi кеңiнен ашылғаны соншама қазiрдiң өзiнде ғылым докторларының өзi бiзде 350-ден асып жатыр. Олар ұлттық, халықтық педагогиканың даму өрiсiне тұсау салып, айтарлықтай кедергiге айналып отыр. Ал, түрiк халықтарының көшпелi өркениет негiзiнде қалыптасқан табиғи болмысы өзiне сай қайталанбас ерекшелiгi бар тұрмыстық отбасылық ұлттық тәлiм-тәрбие жүйелерiн қалыптастырды. Бiрақ қазақ жерiне исламияттың орнығуына байланысты олардың яғни қазақы салт-саналардың, тәлiмдiк тәрбиедегi ұлттық сипаттардың бiршама өзгерiстерге түскен жағы да болды.
Бiздiң халықтық педагогикалық танымымыз осы қазақылық, исламдық өркениет негiзiнде жасақталып, ғасырлар бойы қолданысқа түсiп, бiрте-бiрте толысып тұрақты қалыпқа түскен едi. Осы себептi оның ғылыми моделi ұлттық, халықтық танымның негiзiнде жасалмағы керек едi. Оған евроцентристiк таным үстемдiк етiп, бiздегi бүгiнгi күндерi өмiр сүрiп отырған педагогика ғылымы соның жырын жырлаумен келедi.
Мәселе осы бөгде танымды түбiрiмен өзгертiп, ұлттық, халықтық, шығыстық танымдағы болмысымызға үйлесетiн педагогика ғылымының жаңа ұлттық моделiн жасап қалыптастыруға бағыт алу талабы есiк қағып тұр емес пе? Қазiрдiң өзiнде қалыптасып толысты деген қазақ әдеби тiлi саласы ғылымының өзiндiк ұлттық моделiн жасап, сол негiзде дамудың жаңа жолына түсу талабы ендi қойыла бастады.
Бүкiл ТМД-ны жайлаған түрiк халқының ой санасында орныққан бiр жалған таным бар. Ол бiздiң ой-санамызға сiңiсiп, стреотиптiк ұғым ретiнде қалыптасып кеткен. Ол осы халықтардың Ресей империясына қосылуы прогрессивтi құбылыс ретiнде бағалантын жалған танымда жатыр. Бұл ойдың басында марксизмнiң классиктерi тұр. Бұл танымның арғы төркiнi евроцентристiк кертартпа дүниетаным әлемiмен ұштасады. Евроцентристер ғылымның бар жетiстiгiн адамзат баласына қарсы жұмсалатын қару жарақ жасауға жұмсап, бүкiл әлемге сол қару-жарақ арқылы қанды қырғын орнатып, отаршылдықтың жетiлген түрiндегi қанау жүйесiн қалыптастырды.
Ол халықтарды мәңгiлiк құл-дықта ұстап тұру үшiн, олардың дүниетаным, ой санасын да табын-дырудың кiлтi евроцентристiк танымда жатқанын олар терең сезiндi. Бұл салада айтарлықтай жетiстiкке де қол жеткiздi. Өздерiнен басқа халықтардың бәрiн де екiншi сортты төмен нәсiлдi халықтарға жатқызды. Бұл төмен нәсiлдi халықтардың санасын оятпау үшiн, олардың өткен тарихын бүркемелеп, рухани құндылықтарын жойып, тарихи жадынан адастыруды қызу түрде қолға алды.
Тарихшы ғалым Өжетбек Өмiрзақов “Ресейге қосылғаннан не ұттық”(Алматы,1999 ж) деген ғылыми монографиясында қазақ елiнiң ұлттық ерекшелiгiне сай қалыптасқан әдет-ғұрып, салт-сана, ел билеу жүйесiндегi құқықтық заңдары Ресейдiң отаршылдық саясатының илеуiне түсiп: “…Бұрыннан келе жатқан дәстүрлi институттарды бастапқы мәнiнен айырды… қазақ әдет-ғұрып заң нормаларының ғасырлар бойы қалыптасқан тұстарына iрiткi салды…
Құн талабы мерзiмi шектелiп, түрме, жер аудару пайда болды. Қоғамдағы ең маңызды құқық, отбасылық құқықтарына өзгерiстер көптеп енгiзiлдi”(179 бет”,-деп, қазақ елiн тарихи жадынан айырудың жолдары қалайша жүзеге асқанын ғылыми тұрғыдан нақтылы дәлелдермен ашып берiп отыр.
Маркстiң өзi Ресейдiң күншы-
ғысындағы отарланған елдерге әсерiн оң бағалайтын пiкiрiнiң евроцентристiк таным шеңберiнен шыға алмауы әрi В.И. Лениннiң Түркiстандықтарды “жабайы, жартылай тағы” халықтарға жатқызуы осының нақтылы айғағы болатын. Түркiстан өлкесiнiң оның iшiнде қазақ елiнiң Ресейге “өз еркiмен қосылуы” прогрессивтi құбылыс болды деп 1981 жылы оның 250 жылдығы тойлануы осы танымның шеңберiнде өтiп жатты.
Осы евроцентристiк танымға түрiк халықтарының арасында ең алғаш қарсы пiкiр айтқан проф. Қ.Жұбанов тезисi оның 1937 жыы халық жауы деп жаламен атылуына себеп болған едi. Өйткенi ол Индияны отарлаған ағылшындар мен қазақ елiн отарлаған Ресей отаршылдарының қанды қол әрекеттерiн салыстыра отырып, Қазақстанның Ресейге қосылуы кертартпа құбылыс деп бағалап, айғақты дәлелiн де айтқан едi.
Ресей патшалығы түрiк халықтарын тұтас жаулағанда отаршылдықтың ең сорақы түрi скваттерстволық тәсiлдi ұстанған едi. Отарлаудың бұл түрi тартып алынған жерге метрополиядан әкелiнген келiмсектерге әлеуметтiк жеңiлдiктер жасап, мәңгiлiкке қоныстандыру мақсатын жүзеге асыруға барын салды. Бұл әрекеттiң де кеңестiк заманда шешушi саясат ретiнде ұсталғаны КПСС ОК Басхатшысы Н.С.Хрушевтың Жалтыр станциясында тың игерушiлерге қарата айтқан сөзiнде бұл жердiң иесi сендерсiңдер деп қадай айтуында көп сыр жатыр.
Ресейдiң қазақ жерiне водворение саясатын ендiрудiң себебi де, осы скваттерстволық саясатты жүргiзумен тiкелей байланыста жатқан құбылыс. Қазақ елi Ресейге “өз еркiмен” қосылғанда халықтың тiлi, дiлi, дiнi және ұлттық салт-санасы тұтас, тұрмыстық мәйегi уыз қалпымен енген едi. Ресей отаршылдары қазақ елiнiң осындай бiр бүтiн тұтастық қалпына айрықша жауығып, миссионерлiк саясатын қарсы қойды. Мемлекеттiң басты мақсаты – қазақтарды шоқындырып орыстандыру iсiне шешушi мән бердi. Бұл саясат қазақтардың ұлт ретiнде рухани жағынан азып тозып, ұлттық санасы мен халықтық тарихи жадынан айрылып, тұтас мәңгүрттенуiне алып келдi.
Ағылшындар жаулаған үндiлердiң ұлттық санасы жоқ болуы себептi, олардың бәрi де шөкiмдей жердiң шылауында қалып, адам төзгiсiз ұлттық езгiге түсуi мен рухани жағынан қорлануынан туындаған стихиялы күресi олардың ұлттық санасының оянуына, касталық ұғымның шеңберiнен шығуға алып келдi. Ол елде ағылшындар қаншама университет пен оқу орындарын ашып, миссионерлiк саясаттың шырмауына түсiруiне қарамай ұлттық санасы оянған үндiлер тәуелсiздiк жолындағы күресте жеңiп шықты.
Ал, Ресей отаршылдары жаулаған қазақтардың рухани әлемi мен ұлттық санасы жаншылып, ел билеу жүйесiнде жабайыларды жабайылардың қолы-мен тұншықтырудың болыстық жүйесi халық психологиясын, мiнез-құлқы мен тұрмыстық салтын бұзып, ұлттық құндылықтарымыздан жаппай айырыла бастадық.
Сонда бiздiң Ресейге “өз еркiмiзбен” қосылғандағы ұтысымыздан ұты-луымыз басым түсiп, ұлт ретiнде жұтылып кетуге бiржола бағыт алсақ, бұл несiмен прогрессивтi құбылыс болмақ? Демографиялық жағдайымыз Ұлы Отан Соғысы алдында 6 миллионнан 2 миллионға түсiп кетсек те, ерте туып кеш қалып мәңгүрттенген зиялыларымыздың бiразы ескi стреотиптiк қате ұғымынан арыла алмай қоғамдық ой-сананың дамуына оралғы болып келедi.
Ресеи империясының ұсақ ұлт-тарға деген нәсiлшiл шовинистiк ұстанымын төңкерiстен кейiн большевиктер бiрде ашық, бiрде жасырын түрде жалғастырып келдi. Бiрақ бұл әрекетiн халықтар достығы ұранымен ұсақ ұлттарды алдаусыратып, оларды орыстандыру мен мәңгүрттендiру саясатын толассыз жүзеге асырып жатты. Бұл саясаттың айғақты нәтижесi 149 ұлт пен ұлысқа шашылып кеткен түрiк халықтарының алпыс жылдан астам уақыт iшiнде 27-сiнiң тiлi “өлi тiлге” айналса, 16-сының Ресей мен қытай империясының қол астында ашық ассимиляциялық саясаттың диiрменiне тартылуда. Ал, тәуелсiздiкке қолы жеткен қазақ пен қырғыз халқы өз ана тiлiн мемлекеттiк тiлге айналдыра алмай өз iшiнен шыққан мәңгүрттерiмен алысып жағаласумен келе жатыр.
Бүгiнгi Ресей федарациясы қаласын қаламасын осы нәсiлшiл шовинистiк саясатты ұстанып, ұлттық округтарды жоюға бағыт алуын Мемлекеттiк думаның депутаты Алексей Митрофанов “Идея упразднения национальных республик давно овладела умами отдельних политиков. “Пионером” считается В. Жириновский, предлагавший оставить в стране не то 15, не то 30 губерний – и никакого большевитского “национально- территориально деления”,- деген нәсiлшiл шовинистiк пығылдағы мүдденi аңсайды. Ресей федерациясын адам құқығын аяққа басу, ұсақ ұлттар тiлi мен мәдениетiне қысым жасап ассимиляцияға түсiру, жастарының неофашистiк пығылға берiлу қылығын халықаралық қоғамдық ұйымдардың қатты сынға алуы – шөптiң басы жел тұрмаса қимылдамайды деген ұғымға меңзеп тұр.
Бұл пығылдың жазылмайтын дерт екенiн бiр кезде Қазақстанды басқаруға келген Колбиннiң депутат Мұқтар Шахановпен “iштей“ сырласқанда: “Ендi айтайын. Сiздер қанша тырыссаңыздар да қазақ тiлiн мемлекет тiлi жасай алмайсыздар… 250 жыл бойына Ресейдiң қол астында келесiздер ғой. Қашан ұлт ретiнде жойылып, өздерiңiз түгел орысқа айналып кеткенше, осылай қаласыздар. Құрсаудан шығуға ұлы орыстық шовинизм жiбермесi айдан анық. Өйткенi Сiздер орыстарға өте тиiмдiсiздер… Ендi ана тiлiн жеке басында немесе отбасында жойып алған, әр салада билiк басында жүрген қазақтардың өзi-ақ сiздерге ана тiлдерiңiздi мемлекеттiк тiл жасауға жол бермейдi”,-деп “ағынан жарылуының” өзi-ақ бар мәселенiң құпияланып келген саяси сырының астарын ашып берiп отыр. Бұл мәселе бүгiнгi Ресейдiң қол астында қалған түрiк халықтарының басына түскен тарихи қасiретi екенi айтпаса да түсiнiктi жайт.
Мiне, осыдан кейiн де кешше болып кетпесе, мәңгүрттенуден арылуға ұмтылған әр қазақтың намысы оянып, түбiн ойланып әрекет етер заманы келдi емес пе?!
Ендi кiмге қарайлаймыз?

Әзірше ешқандай пікір жоқ.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз.

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *