Мұхтар ТӨЛЕГЕН, «С. Аманжолов атындағы ШҚУ» КЕАҚ басқарма төрағасы-ректор     С. Аманжолов атындағы ШҚУ тарихы 1952 жылдан бастау алады. Ол кезде Шығыстағы алғашқы...

Мұхтар ТӨЛЕГЕН,
«С. Аманжолов атындағы ШҚУ» КЕАҚ басқарма төрағасы-ректор

 

 

С. Аманжолов атындағы ШҚУ тарихы 1952 жылдан бастау алады. Ол кезде Шығыстағы алғашқы жоғарғы оқу орны Өскемен педагогикалық институты (ӨПИ) болып ашылған еді. 70 жылдан аса тарихында ЖОО елдің шығыс аймағы үшін барлық мұғалімдік мамандықтардың 50 мыңнан астам шәкіртін дайындады. Ал, 1991 жылы іргелі университеттік білім беретін республикадағы үшінші классикалық университет ретінде 20 мың жоғары білікті мамандарды оқытып шығарды. 1975 жылы ӨПИ 1-санаттағы оқу орны болды. 1982 жылы КСРО-ның 262 педагогикалық жоо арасында өткен Жалпыодақтық социалистік жарыстың жеңімпазы атанып, КСРО оқу-ағарту Министрлігінің көшпелі Қызыл Туын алды. 2003 жылы ШҚМУ-ға белгілі лингвист-ғалым Сәрсен Аманжоловтың аты берілді.
Университет тарихы ХХ және ХХІ ғасырлардың әр даму кезеңдерінде Қазақстандағы жоғарғы білімнің ұйымдастырылуының негізін қа-
лаған атақты тұлғалардың қыз-метімен байланысты. Соның ішінде С. Аманжолов атындағы ШҚУ-дың дамуы мен іргесінің қалануына өлшеусіз үлес қосқан ректорлар А.Х. Темірбеков, Ю.К. Увалиев, Е.А. Мәмбетқазиев, А.А. Абжаппаров, А.С. Ахметов, А.М. Ғазалиев, К.Х. Закирьянов, Б.Б. Мамраев, А.У. Қуандықовтардың есімімен ұштасып жатыр.
Университет қабырғасында көп-теген даңқты отандық ғалымдар – ғылым докторлары мен педагогтар, профессорлар, ҚР ҰҒА академиктері еңбек етті. Ю.К. Увалиев, Е.А. Мәмбетқазиев, А.А. Абжаппаров, А.С. Ахметов, А.М. Ғазалиев, К.Х. Закирьянов, Б.Б.Мамраев, А.У. Қуандықов, А.А. Осьмаков, А.Н. Трунов, В.И. Петров, И.Д. Багаева, Н.В. Алексеенко, С.К. Игібаев, Г.И. Мостовенко, Е.А. Набиев, М.Н. Кузьмина, Г.З. Әділғазинов, А.Б. Мырзағалиева сияқты айтулы салалық және қоғамдық ғалымдардың да еңбегін елемей кетуге болмайды.
2022 жылы да университет мақтаныштары болған ғылым докторлары, профессорлар Алексеенко А.Н., Әлімбетов У.С., Ахметжанова К., Егорина А.В., Завалко Н.А., Зейнелова Г.З., Игібаева А.К., Қалиақперова Е.Н., Қартаева А.М., Квеглис Л.И., Ладзина Н.А., Русанов В.П., Сқаков М.К., Құсманова К.А., Дакиева К.Ж., Әбдіғалиева Г.Ю, 200 ден аса ғылым кандидаттары мен PhD докторлары, 130 ғылым магистрлері жемісті еңбек етуде. Химия саласында академик Е.А.Мәмбетқазиевтің және профессор Ю.К. Увалиевтің; конденсацияланған күй физиктері – профессор М.К. Сқақова; тарих – профессорлары Н.В. Алексеенко, С.К. Игібаевтің; педагогика – профессорлары М.Н. Кузьминаның, Н.А. Завалко, А.К. Игібаеваның, В.П. Русанованың, демография – А.Н.Алексеенконың ғылыми мектептері құрылды. Университеттің жас ғалымдары қауымдастырылған профессор атақтарын алуда. Бүгінде бұл ғылыми лауазымға 50-ден артық адам қол жеткізді.
Жылдар бойы оқу орны оқытушылары студенттерді оқытуда
кәсіби шеберліктің түрлі бай-қауларында топ жарып, жоғары білім сапасын дәлелдеп келеді. Құрманбаева Ш.К., Рахметулина Ж.Б. «Өрлеу» Ұлттық біліктілікті арттыру орталығы» АҚ өткізген «Жылдың үздік әдіскері» республикалық бай-қауының жеңімпазы атанды.
Университет мақтаныштары – ҚР Білім және Ғылым министрлігі ұйымдастырылуымен өткізілген «ЖОО үздік оқытушысы» рес-публикалық байқауының бас жүлдегерлері. ШҚМУ жұмысы тарихында бұл қатарды А.К. Игібаева, Г.К. Қойшинова, Н.А. Завалко, Ж.Б. Рахметулина, Г.К .Қапышева, Л.И. Абдуллина, Ш.К. Құрманбаева, К.Х. Рахимбердин, А.А. Кайгородцев, А.Б. Мырзағалиева, А.Б.Нұғыманова, Р.Б. Абылқалықова, Б.К.Рахадилов, Ж.З. Жантасова, Ж.С. Аубакирова, А.М. Жилқашинова, С.С.Адиқанова, Н.Ж.Жеңсікбаева, А.С.Тлебалдинова, Ж.Б. Сағдолдина, Д. Байгеревтер толықтырды.
ӨПИ-ШҚМУ-ШҚУ-ды әр жылдары бітірген түлектер арасында мыңдаған оқу-ағарту үздіктері, жүздеген еңбегі сіңген ұстаздар, белгілі ғалымдар, жоо басшылары, жазушылар, мәдениет, мемлекет қайраткерлері, Олимпиада ойындарының, Әлем, Азия және Қазақстан чемпионаттарының жүлдегер спортшылары бар. Атап айтқанда, ҚР Парламенті сенаторлары О.С. Сапиев, А.В. Гусинский, О.А. Булавкина, ҚР Парламенті Мәжілісінің V шақырылымының экс-депутаты С.И. Ферхо, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Е.Б. Саиров, С.Б. Дюсембинов, РФ Федералды жиын Федерация кеңесінің мүшесі, бірнеше дүркін Олимпиада және әлем чемпионаттарының жеңімпазы З.Ф. Драгункина, шайбалы хоккейден еңбегі сіңген жаттықтырушы Б.В. Александров, жеңіл атлетикадан Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова, ауыр атлетикадан Олимпиада чемпионы Илья Ильин, кикбоксингтен бес дүркін әлем чемпионы А.Б. Можанов, самбодан әлем чемпионы Е. Омарбаев, шаңғы жарысынан әлем чемпионы Алексей Полторанин, жүзуден әлем чемпионы Н. Турукало, шаңғы жарысынан Азия чемпиондары О. Яцкая мен С. Малахова және т.б. шайбалы хоккейден әлем чемпионатының, Туринде өткен Универсиаданың қола жүлдегерлері, елдің ұлттық турнирлерінің жүлдегерлері болған Қазақстан құрамасының негізгі мүшелері біздің университет студенттері болғанын мақтанышпен айтамыз.
Бүгінде Сәрсен Аманжолов
атындағы Шығыс Қазақстан университеті лайықты жоғарғы білім берудің жарқын үлгісіне айналды. Көпсалалы зерттеуші университет ретінде халықаралық білім беру кеңістігіне еркін еніп отыр. Жоғары және жоо-дан кейінгі сапалы білім қызметімен қамти алатын бәсекелестікке дайын мамандарды дайындап шығаратын оқу ордасы.
Университет елдегі көпсалалы ЖОО арасында сапаны қамтамасыз ету жөніндегі Тәуелсіз агенттік жасаған ұлттық рейтингте үздік бестікке енеді. 2021 жылдан бері Amanzholov University Шығыс Еуропа және Орталық Азия университеттерінің ірі халықаралық QS рейтингінде ең озық 300 оқу орны арасында 251-нші орынға тұрақтады.
Соңғы төрт жылда студенттер саны 2,5 есеге артып, 9000 адамға жетті. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын қаржыландыру көлемі 16 есе көбейіп, 2022 жылы 1 миллиард 630 миллион теңгені құрағанын айта кету керек. Аманжолов университеті ғалымдары мемлекет қолдауының арқасында қазірдің өзінде 26 ғылыми жобаны жүзеге асыруда. Ал 2018 жылдан бері гранттық қаржыландыру аясында 64 ғылыми жоба жүзеге асты. Көлік құрастыру, материалтану, энергетика, биотехнология, гуманитарлық салалардағы ғылыми жұмыстар біздің ғылыми қызметкерлерге аймақ қана емес, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен үлес қосуға мүмкіндік береді.
Университет «А.Б.Бектұров атындағы Химия ғылымдары институты» АҚ, «ҚР Ұлттық ядролық орталығы» РМК ШЖҚ, ҮМЗ АҚ, KAZ Minerals, «Математика және механика ғылыми-зерттеу институты» РМК ШЖҚ, «Металлургия және кен байыту институты» АҚ, «Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС Алтай филиалы, Жанармай институты, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті, «ЖылуЭкоСервис» ЖШС, Best ЖШС және т.б.-мен белсенді ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Университет кәсіпорындар және түрлі ұйымдармен кадрлар дайындау туралы 450-ден аса келісімге қол қойған. Ынтымақтастыққа 150-ден астам серіктес кәсіпорындар тартылды. Іс-тәжірибе базаларында кафедралардың филиалдары табысты жұмыс істеуде. Бірнеше жылдан бері жұмыс берушілер оқу орнының Академиялық кеңесінің, жобалық комиттердің құрамына мүшелік етеді. Сол арқылы білім беру бағдарламаларын жаңартуға белсенді қатысады.
Университет ғалымдары Алматы, Астана, Қарағанды, Курчатов және Мәскеу, Дубна, Қазан, Прага, Тбилиси, Сингапур қалаларының ғылыми-зерттеу орталықтары және зертханаларымен белсенді жұмыс істеуде. Оқу орны базасында студенттер ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп, өндірісте іске асыра алатын ғылыми институттар, орталықтар және зертханалар бар.
Шығыс Қазақстан университеті ғылыми-техникалық серіктестік аясында аймақтағы ірі Ұлттық ядролық орталығымен бірлесіп сутегі энергетикасы саласында ауқымды жобаны жүзеге асыруда.
ШҚУ ғылыми-педагогикалық және салалық зерттеу бағытына ие болудың арқасында стартаптардың бүкіл бір тобының ашылуына мүмкіндік берді. Студенттер мен магистранттардың стартап-жобаларының негізгі бағыттары – биотехнология, материалтану және наноматериалдар, физика, химия бойынша жаратылыстану бағыты, облыста ұлттық ойыншықтарды, киімдерді, ерекше күтімді қажет ететін балаларға арналған арнайы жиһаздарды және сенсорлық дамыту ойыншықтарын жасау жөнінде кәсіби оқытуға бағытталған.
Университет білім беруді интернационалдандыру бағдарламасын іске асыру шеңберінде жақын және алыс шетелдермен халықаралық байланыстарды дамытуда. Интеграцияның негізгі бағыттары – ғылыми жобалар, қос дипломды білім, академиялық ұтқырлық. ЖОО-да Эразмус+ аясында 4 ірі халықаралық жоба жүзеге асырылуда. Швеция, Финляндия, Түркия және Ресей университеттерімен STEM – бағытындағы мұғалімдерді даярлау бойынша білім беру бағдарламасы жүзеге асырылуда. Кембридж университетімен материалдарды жылдам сәйкестендіру үшін спектрометрді әзірлеу бойынша халықаралық жоба жүзеге асырылды. Сондай-ақ, біз Ресей мен Қытай жоғары оқу орындарының Обь-Ертіс су бассейнінің экологиялық қауіпсіздігі жөніндегі консорциумына қатысамыз.
Әр оқу жылында университет өз студенттерін АҚШ, Еуропа, Оңтүстік-Шығыс Азияның жоғары оқу орындарына білімдерін жетілдіруге жібереді. Amanzholov University әлемнің түкпір-түкпірінен 100-ден астам университеттермен ынтымақтастық туралы келісімге ие. Жыл сайын академиялық ұтқырлық бойынша Оңтүстік Корея, Литва және Польша университеттеріне ЖОО-ның 30-дан астам студенті барып білім алады.
2018 жылдан бастап оқу және ғылыми Инфрақұрылым мүмкіндіктері кеңейді. «Абайтану» ҒЗИ, Латын жазуы, гуманитарлық және саяси зерттеулер орталықтары, «Тіл әлемі» көптілді білім беру, «Жер беті инженериясы және трибология» ҒЗО, «PARASAT» студенттерге қызмет көрсету орталығы табысты жұмыс істеуде. «Altai jastary» телерадиостудиясы ашылды. Білім ордасында Алтай археологиялық-мәдени мұрасының ерекше музейі, «SANALY URPAQ» жобасын жүзеге асыратын фронт-кеңсе, «DANA BALA» үздіксіз және инклюзивті білім беру орталығы, жоо басшылығының оқытушылармен және студенттермен ашық диалогына құрылған қоғамдық қабылдау өз жемісін беруде.
ШҚУ тұңғыш рет Еуропалық Одақ елі Польшада «Абай» жастар мәдени-білім беру орталығын ашты. Орталық мақсаты – Абай шығармалары мен қазақ халқының ұлттық мәдениетін Еуропа жастары арасында насихаттау.
2019 жылы Қабанбай батыр атындағы әскери кафедраның ашылуы өтті. Жаңа оқу және ғылыми зертханалар құрылды: STEM-орталық, Жүрсінғали Ахмеров атындағы цифрлық гуманитаристика кабинеті, С.Қ. Игібаев атындағы деректану және тарихнама зертханасы, М.Т. Мағзұмов атындағы қоғамдық-саяси зерттеулер зертханасы, цифрлық педагогика зертханасы, робототехника кабинеттері, кәсіби шеберханалар, жаңа оқу зертханалары, оның ішінде ШҚМУ бірінші ректоры, ҚР ҰҒА академигі Ережеп Әлхайырұлы Мәмбетқазиев, ректор профессор А.С. Ахметова атындағы жалпы химия зертханасы т.б.
Контингенттің өсуі – университет қызметінің негізгі көрсеткіші. Түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіші де соңғы бес жыл бойы жоғары нәтиже 98%-ды құрады. Университет түлектері еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие. Еңбек нарығында табысты бәсеке көрсете алады. Қазақстан мен шетел экономикасының түрлі салаларында сапалы жұмыс істейді. Университеттің 70 000-нан астам түлегі бар. Оның ішінде ШҚО орта мектептерінің мұғалімдері мен директорларының 90%-дан астамы С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дан түлеп шыққан.
70 жылдық межені қарсы алуға дайын университет өзінің дәстүрін сақтап, ғылым мен инновацияны, өзінің қарыштап дамуын жалғастыратын болады.
Қуатты зияткерлік және шы-ғармашылық әлеуетке, дамыған ғылыми инфрақұрылымға, өркен-деу жолына ие бола отырып, Университет ұлттық білім беру жүйесінде ең жоғары жетістіктерге жететініне сенімдімін.
Мен даңқты ардагерлерімізді, түлектерімізді, университет ұжымын 70 жылдық мерейтоймен құттықтаймын. Жемісті бірлескен жұмыс пен Қазақстан жоғары мектебінің жауапты миссиясын сезіне алғаны үшін рахмет айтамын. Үлкен шығармашылық жетістіктер, жаңалықтар, батыл жобалар мен шығармашылық идеялар тілеймін!
ЖОО қазақстандық универ-ситеттердің ұлттық рейтингінде 5-нші орынға орналасты.
Жүргізілген зерттеулердің нәти-желері бойынша 2022 жылы университет ғалымдары шетелдік ғылыми басылымдарда индекстелген 70 мақала жариялады, яғни жарияланымдар саны 68%-ға өсті. Ал, ғылыми жобаларды қаржыландыру сомасы 1 млрд 700 млн теңгеге дейін артқан.
Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ жоғары оқу орындарын талдаумен айналысатын британдық сайттың рейтингі бойынша әлемнің ТОП-300 университеті тізіміне кірді. Бүкіл Шығыс Еуропа және Орталық Азия аймағы бойынша Amanzholov University 2022 жылғы ВЕЦА университеттерінің рейтингінде 251-ден 300-ге дейін орын алады.
2022 жылы балаларды ерте жастан түзету арналған «Dana Bala» үздіксіз және инклюзивті білім беру әлеуметтік орталығының ашылуы өтті. Қазақстанның демографиялық ғылымының атасы атанған Николай Владимирович Алексеенконың құрметіне «DIGITAL SOCIAL RESEARCH» зертханасы ашылды. Сондай-ақ, тарих ғылымдарының кандидаты Марат Мағзұмовтың құрметіне қоғамдық-саяси зерттеулер зертханасы, академик Бейбіт Мамраев атындағы ғылыми кітапхана және ҚР ҰИА академигі Арстан Ғазалиев атындағы конференц-зал ашылды.
3000-ға жуық түлек С.Аманжолов атындағы ШҚУ дипломын алып, 2500-ден астам талапкер қабылдау науқаны барысында университетке оқуға түсті.
Amanzholov University сту-денттері 2021, 2022 жылдары ұлттық біліктілік тестілеуін тапсыруда пәндік білім мен оқыту әдістемесін меңгерудің жоғары деңгейін дәлелдеп, көшбасшы атанды.
Дарынды білім алушылар «Студенттер көктемі» облыстық фестивалінің бірінші орнын иеленді. ЖОО студенті Ариана Мұратқанова «Өскемен аруы — 2022» жеңімпазы болды. Спортшылар да өз жеңістерімен қуантты. Жоғары колледж студенттері Никита Хоряков пен Малика Қадылжанова керлингтен әлем кубогінің қоласын қанжығаға байласа, кикбоксшы Серікбол Ермеков иығын шығарып алса да, Түркияда өткен Әлем чемпионаты кубогінде ең мықты атанды. «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының екінші курс шәкірті Мағжан Шеризатов гір спортынан әлем біріншілігінің чемпионы болды. Оған қоса, Аманжолов университеті студенттері армрестлингтен, кикбоксингтен Азия кубогінің алтынын ұтты.
Гранттық қаржыландыру бойынша ғылыми жұмыстарды, сондай-ақ ғылым саласындағы диссертациялық зерттеулерді орындау шеңберінде Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ ғалымдары өнертабыстарға және пайдалы модельге бес патент алды.
«Химия» және «Физика» мамандықтары бойынша PhD докторантураның алғашқы түлектеріне С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың жеке үлгісіндегі дипломдарына қол қойылды. Жас ғалымдар Қыдырмолла Ақатан, Жазира Мұқажанова және Дастан Бүйткенов докторлық диссертацияларын сәтті қорғады.
2022 жылы ғалымдар ШҚО аумағында қуғын-сүргінге ұшырағандар лагерінің бар екендігін растады, ал археологтар Күршім ауданынан бірегей тарихи жәдігерлер тапты.
Кезекті оқу жылы ауқымды іс-шара — С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің 70 жылдығын мерекелеуден басталды. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ұжымның жұмысын жоғары бағалап, Amanzholov University ғылыми-білім беру қызметінің нәтижелері бойынша Қазақстанның жетекші көпсалалы жоғары оқу орындарының қатарында екенін және елдің Шығысындғы нағыз зерттеу университеті болуға зор әлеуеті бар екенін атап өтті.

С.АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШҚУ-ДЫҢ 2018-2022 жылдары мынадай жетістістерге қол жеткізді.
1. QS EECA UNIVERSITY RANKINGS рейтингінде 251-300 орын;
2. ЖОО ұлттық рейтингінде 5 орын;
3. Аmanzholov University 2021, 2022 жж. ұлттық біліктілік тестілеуін тапсыруда көшбасшы;
4. ППҚ мен қызметкерлердің еңбекақыларының өсуі;
5. Студенттер санының өсуі;
6. Докторанттар саны 7-ден 88-ге дейін артты.
7. Түлектердің жұмыспен қам-тылуы 98%
8. Қабанбай батыр атындағы әскери кафедра ашылды.
9. Ғылыми жобаларды қаржы-ландыру көлемі артты.
10. 133 ғылыми жоба.
11. Erasmus + халықаралық жобасы.
12. «Sanaly Urpaq» жобасы.
13. Шетелдік жоо және серіктестермен 14 екідипломды білім беру бағдарламалары.
14. SCOPUS-та жарияланымдар санының артуы.
15. 49 жаңа білім беру бағдарламасы.
16. Аmanzholov University «Сту-
денттер көктемі» облыстық фестивалінің жеңімпазы.
17. Қазақстанның жоо арасында өткен VIII қысқы республикалық универсиадада 1 орын.
18. «Алтын белгі» иегерлері мен пәндік олимпиадалар жүлдегерлері санының 2 есе артуы.
19. ИНФРАҚҰРЫЛЫМНЫҢ ДАМУЫ:
20. 30 кабинет, ғылыми зертханалар, орталықтар;
21. СОҢҒЫ 20 ЖЫЛДАҒЫ ауқымды жөндеу жұмыстары;
22. ПОЛЬШАДА «АБАЙ» жастардың мәдени-білім беру орталығы ашылды.
23. ЖҮРСІНҒАЛИ АХМЕРОВ АТЫНДАҒЫ цифрлық гуманитаристика кабинеті ашылды.
24. «АЛТАЙ ЖАСТАРЫ» студенттер телерадиокешені ашылды.
25. «DANA BALA» ҮЗДІКСІЗ ЖӘНЕ ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ.
26. ЦИФРЛЫҚ ПЕДАГОГИКА зертханасы ашылды.
27. «PARASAT» студенттерге қызмет көрсету орталығы ашылды
28. ҚР ҰИА академигі, профессор А.С.АХМЕТОВ АТЫНДАҒЫ химия кабинеті ашылды.
29. Университеттің тұңғыш ректоры Е.МӘМБЕТҚАЗИЕВ АТЫНДАҒЫ жалпы химия зертханасы ашылды.
30. «АБАЙТАНУ» ғылыми-зерттеу орталығы ашылды.

31. ROBOLAB робототехника зертханасы ашылды.
32. КОМПЬЮТЕРЛІК СЫНЫПТАР ашылды.
33. «OPEN UNIVERSITY» ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУЫ ашылды.
34. А.Н.ТРУНОВ АТЫНДАҒЫ студенттік фитнес-орталық ашылды
35. ҚР ҰИА академигі АРСТАН ҒАЗАЛИЕВ АТЫНДАҒЫ конференц зал ашылды.
36. Академик БЕЙБІТ МАМРАЕВ АТЫНДАҒЫ ғылыми зертхана ашылды.
37. СОВЕТҚАН ИГІБАЕВ АТЫНДАҒЫ деректану және тарихтану зертханасы ашылды.
38. «DIGITAL SOCIAL RESEARCH» зертханасы ашылды
39. М.Т.МАҒЗҰМОВ АТЫНДАҒЫ қоғамдық-саяси зерттеулер зертханасы ашылды.
40. АЛТАЙДЫҢ МӘДЕНИ ЖӘНЕ АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ мұра-сына арналған бірегей музей ашылды.
41. УНИВЕРСИТЕТ СТУДЕНТТЕРДІ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУҒА 30 МЛН ТЕҢГЕДЕН АСА ҚАРЖЫ БӨЛЕДІ.

Әзірше ешқандай пікір жоқ.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз.

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *