Білікті педагог — білімді  ұрпақ кепілі Білікті педагог — білімді  ұрпақ кепілі
Еркінбек ТҰРҒЫНОВ, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Еуразиялық ғылыми-зерттеу институтының ғылыми ізденушісі     Қазіргі қоғам өзінің іс-әрекетіне өзі басшылық жасап, шұғыл шешім қабылдай алатын тұлғаны... Білікті педагог — білімді  ұрпақ кепілі

Еркінбек ТҰРҒЫНОВ,
Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Еуразиялық ғылыми-зерттеу
институтының ғылыми ізденушісі

 

 

Қазіргі қоғам өзінің іс-әрекетіне өзі басшылық жасап, шұғыл шешім қабылдай алатын тұлғаны қажет етеді. Ондай тұлғаларды оқытудың жаңа технологиялары нәтижесінде қалыптасатынын соңғы жылдардағы тәжірибелер көрсетіп отыр. Оқушы мен мұғалім арасындағы ынтымақтастық түсіністік, сыйластыққа негізделуі оқушының ізденушілігін дамыту қазіргі оқыту жүйесінің бағыт алатын өзекті мәселелері. Жаңа педагогикалық технологиялар тұлғаның ойлау жүйесін қалыптастыруды, әр түрлі жағдаяттарда нақты шешімдер қабылдай білуге үйретуді мақсат етеді десек, бұл педагогикалық ұстанымдар – білім беруді жаңартудың негізгі өзегі. Қазіргі даму кезеңдегі басты мәселелердің бірі – мектептегі білім беру жүйесінде оқыту үрдісін технологияландыру. Осыған орай оқытудың әр түрлі технологиялары жасалып, мектеп тәжірибесіне енгізілуде. Педагогикалық технологияға алғаш анықтама берген ғалымдардың бірі – орыс ғалымы В.П.Беспалько.
Қоғам шығармашылықтың өзі өнім екенін түсініп келеді. Жаңа технологияларды іс-жүзіне енгізу өндірістік және әлеуметтік өмірге жаңа мазмұн кіргізетін, болашаққа қатысты жаңа міндеттер қойып, шеше білетін шығармашылық ақыл-ой қабілеті бар адамды қажет етеді. Мемлекеттің даму барысында ақыл-ой және шығармашылық әлеуметтің рөлі орасан зор. Шығармашылық қабілетті дамыту ойлау қызметін жетілдірумен тығыз байланысты. Баланың ойлау қабілетін дамыту мәселесі, мектеп тәжірибесінде үлкен орын алады. Оқушы қабілетіне қарай ең басты мәселені айыра білсе,демек ол күрделі шығармашылық мәнді тапсырмаларды орындай алады.
Сонымен ойлау дегеніміз мәселені шешудегі толғану процесі. Ойлану–дамушы құбылыс және ол адам басында үнемі жұмыс күйінде кездеседі. Ойланудың негізгі қызметі жұмбақ мәселелерді шешу. Мәселелердің шешілуі адам басында реттелініп отырылады. Ой процесі көзге көрінбейтіндіктен оның дәл өзін зерттеу мүмкін емес. Сондықтан ойлану туралы зерттеулер, олардың процесс күйін емес, ойлану қалайша жүзеге асып, реттеліп отыруы үшін қандай шарттар қажет екенін тексеруге арналған.
Ойлаудың дамуы дегеніміз – оның мазмұны мен формасының өзгеруі, ол оқушының танымдық қызметі барысында пайда болады.
Әдетте психологияда ойлаудың үш түрі қарастырылады.
1. Практикалық-қимылдық
2. Көрнекі көркем
3. Сөйлеу-логикалық
Ең алғашқысы (3 жасқа дейінгі балаларда болатын) практикалық-қи-мылды ойлау. 4-7 жас аралығында көрнекі-көркем ойлау басым болады. Мектептің алғашқы жылдарында сөйлеу-логикалық ой көрнекі-көркем ойлаумен қабаттаса дами бастаса,орта және жоғарғы сынып оқушыларында бұл маңызды орын алады. Тапсырма сөйлеу арқылы орындалады. Ойлауды дамытудың негізі – сөйлеу тілі. Ойлаудың даму барысында кейінгі ой алдыңғысын мүлде жоққа шығармайды.
Әрқайсысы өз жайымен дами береді, жетіле береді. Ойлаудың бел-гілі бір сапасының бір зат арқылы қалыптасуы белгілі бір мөлшерде оқушылардың жалпы бір дамуына қызмет ететін белгілі. Кез келген бір пәнді оқып үйрену кезінде арнайы саладағы ойлау деңгейі мен жалпы ойлау деңгейі арасындағы байланыстан оқушылардың ойлау қабілетін даму мәселесі дұрыс қойылып отырғаны келіп шығады. Ең басты мәселенің бірі – игеруге тиісті нақты материалдар негізінде ойлау операцияларын қалыптастыру және жетілдіру, әрі оны қолдана білудің алғашқы жолдарын үйрету.
«Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» атты жолдау-мақалада: Қазақстанның әлем-дегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясындағы осы заманғы білім беруді дамыту және білікті кадрлар даярлау жүйесін дамыту – төртінші басымдықта «Білім беру реформасы-Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін маңызды құралдардың бірі. Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет. Адамның өмір бойы білім алуы үшін жағдай туғызуымыз керек» делінген.
Осы орайда көптеген ұстаздар сабақтарында тек білім беруді ойластырып қоймай, балалардың жеке бастарының қасиеттерін, қабілеттерін дамытудың жолдарын ойластырады. Шәкірттерінің жазу мен ойлау қабілетін дамытуда алдымен көңіл-күйінің көтеріңкі болуына көңіл бөледі. Оқушымен жақсы қарым-қатынаста, түсінушілік жағын есте ұстайды. Балаға деген ықылас оқушының өз ісіне деген сенімін оятады. Бастауыш сыныптың әр сабағында оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай түрлі ойын элементтерін жаңа технологияларды пайдалана отырып, сабақты белгілі бір мақсатпен оқушының ойлау қабілетін дамытатындай етіп ұйымдастыруда.
Ойлау – баланың таным әрекетінің ең жоғары түрі. Ойлау сөйлеу әрекеті арқылы іске асады. Ойлау нақты сұрақтарға жауап беруді іздеуден басталады. Сондықтан баланың ойлау қабілетін ойдағыдай дамыту үшін тиімді технология мен тәсілдер қолдану арқылы арнайы жұмыстар жүргізіп, оқушылардың өздеріне талдау, салыстыру, жалпылау, қорытынды жасатамын.
Осы орайда К.Ушинскийдің: «Шындықтың деректерінен нәр бер-мейінше, жалпы түрде ғана ақылды дамыту ретсіз, себебі адамның ойлауы деректерді жинап,соларды өңдеу арқылы ғана дамиды», – деген тұжырымы дәлел бола алады.
Оқушылардың ойлау қабілетін арттыру мақсатында жұмыстар ойластырып, ұйымдастырмас бұрын оқушыларда ойлаудың 3 түрінің қандай деңгейде екеніне диагностика жасалуы керек. Ол үшін Р.С.Немовтың әдістемесін қолдануға болады. Атап айтқанда, «Шытырмандар», «Бұл жерде не артық?», «Топтарға бөл», «Равен матрицасы» әдістемелерін көркем-логикалық ойлау деңгейін анықтауға, ал «Лабиринт арқылы өт», «Фигураларды кес», «Сызықтармен қорша», «Рубик кубигі» әдістемелерін көрнекі-қимылдық ойлау деңгейін анықтауға пайдаланамын.
Бастауыш сынып оқушыларының ойлауы мектеп жасына дейінгі балалардың ойлау деңгейінен бірін-шіден осы жаста өте жоғарғы жылдамдықта дамуымен, екіншіден интелектуалды жүйеде оның құрылымдық және сапалық өзгерістердің болуымен ерекшеленеді. Осы жаста білім алу әсеріне ойлаудың 3 түрі де дамиды. Әсіресе сөздік-логикалық ойлаудың дамуында нақты өзгерістер болады. Басында әлсіз болғанымен, 4-сыныпта басты әрі күшті даму осы ойлаудың түрі болады және ересек адамның ойлауына пара пар болады.
Сондықтан практикалық психо-диагностика ойлаудың барлық түріне бағытталғанымен екінші жағынан сөз-
дік-логикалық ойлауды басты анықтау керек. Сөздік-логикалық ойлау дең-гейін анқтауда мына әдістемені пайдаланамын «Ұғымды анықтау, себебін табу,айырмашылығы мен ұқсастығын табу». Бұл әдістеме арқылы оқушының интелектуалдық жүйесінің даму дең-гейін анықтай аламыз. Оны мына сұрақтар арқылы анықтауға болады:
1.Қай жануар үлкен? Ат па, жоқ ит пе? (Дұрыс жауабы-ат)
2. Азанда адамдар таңғы тамағын ішеді. Ал күндіз және кешке қандай тамақтарын ішеді? (Дұрыс жауап-түскі, кешкі)
3. Күндіз дала жап-жарық, ал түнде ше? (Қараңғы)
4. Аспан көкпенбек, ал шөп ше? (Жасыл)
5. Шие, алмұрт, алхоры және алма бұлар-….(жеміс-жидектер)
6. Поезд келе жатқанда неге шлагбаумды түсіреді?
7. Астана, Алматы, Тараз бұлар нелер?
8. Қазір сағат қанша болды? (Балаға сағат көрсетіліп уақыт айту сұралады)
9. Жас сиырды бұзау деп атайды.Ал жас итті және жас қойды қалай атайды? (күшік және қозы)
10. Ит қайсысына көбірек ұқсас? Мысыққа ма, жоқ әлде тауыққа ма? Жауап бере отырып неге олай деп есептейсің, соны түсіндір.
11. Автомобильге (машинаға) теже-гіш не үшін керек? (Автомобильдің жылдамдығын өшіруіне қажеттігін көрсететін кез-келген ақылға қонымды жауап дұрыс деп есептелінеді)
12. Балға мен балта бір-біріне несімен ұқсас? (Ұқсас қызметтер атқаратын құралдар деген сипаттағы жауап дұрыс деп есептелінеді)
13. Тиын мен мысықтың ұқсас жерлерін ата (Ең кемі екі белгісі сипатталуы керек, мысалы олар-жануарлар, ағаштан-ағашқа өрмелей біледі,жүні жұмсақ, құйрығы, төрт аяқтары бар)
14. Шеге мен винттің бір-бірінен айырмашылығы. (Шегенің жоғарғы жағы тегіс, ал винттікі ойықты,шегені балғамен ұрады, винтті бұрайды)
15. Футбол ұзындыққа секіру, теннис жүзу дегендер нелер?
Нәтижені өңдеу: Бала әр сұрақтың әр дұрыс жауабы үшін 0,5 ұпай алады, сөйтіп бұл әдістеме бойынша ең жоғарғы 10 ұпайға дейін ала алады. Ескерту: тек қана мысал келтіргендерге сәйкес жауаптар ғана дұрыс деп есептелінбей басқа да сұраққа мағынасы ақылға қонымды жауаптар да қабылданады. Бұл әдістеме мектепке қабылданатын баланың сөздік логикалық ойлау деңгейін анықтауға да жарайды. Баланың жауабы тура не қате екені анық болмаса балаға аралық 0,25 ұпай қойылады.
Даму деңгейі туралы қорытынды:
10 ұпай – өте жоғары
8-9 ұпай–жоғары
4-7 ұпай–орташа
2-3 ұпай–төмен
0-1 ұпай – өте төмен
Жоғарыда келтірілген әдістемелер арқылы ойлау деңгейін анықтап алғаннан кейін түрлі жұмыстарды ұйымдастыруға болады. Оқытудың жаңа технологияларының бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін дамытуға үлесі зор. Жаңа технологияны жүзеге асыруда мұғалім белсенділігі, шығармашылық ізденісі, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі ерекше орын алады. Тәжірибеге деңгейлеп саралап оқыту, ойын арқылы оқыту, дамыта оқыту технологияларын енгізуге болады. Нәтижесінде: өз бетімен дами алатын, әртүрлі өмірдің жағдайларына төзе алатын, белсенді, ой-өрісі дамыған білімді оқушылар тәрбиеленеді. Негізгі мақсат – баланың жеке қасиеттерін ашу арқылы тәрбиелей отырып, танымдық қабілеттерін қалыптастыру. Ой өрісін дамыту арқылы олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда өзіндік жұмыс түрлерінің маңызын ашу.
Выготский: «Әр баланың өзінің деңгейі болатындай әр балаға берілетін тапсырманың көлемі оның деңгейіне лайықталып беріледі. Әр баланы өзінің даму зонасында жетілдіру керек» деген екен. Сондықтан әр баланың жан-дүниесіне үңілуден бастап, өзіндік ерекшеліктерін зерттеп, біліп алған соң,олардың қабылдау деңгейіне қарай іріктеп, талдап, қолдану керек. Бұл үшін тапсырмаларды деңгейлеп беру қажет.

Өзгеріске, жаңалыққа толы бүгінгі заман мұғалімге сегіз қырлы, бір сырлы ерен қасиет иесі болуды міндеттейді. Ұстаз алдында отырған бірі шапшаң, бірі баяу, енді біреулері төмен қабылдайтын зейіні, қабілеті, қабылдауы, есте сақтауы, ойлауы әр қилы шәкірттердің жүрегіне жол тауып олардың шығармашылық қабілетін дамыту күрделі құрылым екені даусыз.

Жаңартылған білім аясында қолданылатын әдіс-тәсілдер

Қазіргі таңда жаңа білім беру мазмұны оқушылар үшін құзыреттілік пен нәтижеге бағытталып отыр. Бүгінгі жаңа заман баласы жаңалыққа құмар, шығармашылыққа әуес екені бәрімізге мәлім. Осы орайда сабақ барысында баланың ізденушілік-зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру – басты назарда.
Сондықтан қазіргі таңдағы педагогика жаңалықтарын, қазіргі қолданып жүрген пән ерекшелігіне қарай қолдана білу- оқыту үрдісінде мақсатқа жетудің бірден бір жолы. Оқыту барысындағы алдығаа қойылатын мақсат – баланы субъект ретінде оқу ісіне өзінше қызықтыратын, оған қабілетін арттыратын жағдай туғызу. Оның басты ерекшелігі – оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру, оқушылардың оқудағы іс-әрекеті арқылы ойлау,сөйлеу дағдыларын жетілдіру, өз бетінше білім алу процесінде бірлесе әрекет ету. Тілдік дағдыларды қалыптастыруда ең алдымен қарым-қатынас дағдыларын дамытатын табиғи тілдік орта құру, оқушыны қызықтырып, ішкі уәжін ояту қажет.
Мұғалім әр сабағын жоспарлағанда бүгін нені үйретем? Оны қалай үйретем? Не арқылы үйретем? Не үшін үйретем? деген сұрақтарды басшылыққа алып, мақсатына жетуде әдіс-тәсілдерінің ең тиімдісін қарастырып, оқушының назарын аудартуы шарт. Оқушылардың оқылым дағдыларын дамыту үшін: көз жүгірте, шолу жасай отырып оқу, мәтіннің тақырыбы мен бастапқы бөлігіне сүйене отырып, оқиғаның дамуын болжау, мәтіннің негізгі ойы мен бөліктерін анықтай отырып оқуды ұсынған дұрыс.
Жаңартылған білім шеңберіндегі сыни ойлау оқушылардың білімін, логикалық ойлау қабілеттерін, таным мүмкіндіктерін тапсырмалар арқылы оқушылардың қызығушылықтарын арттырып, шығармашылыққа баулуды және сапалы терең білім меңгерту арқылы өмірде кездесетін жағдаяттардын шығуда жол табуына бағыт береді. Қазіргі қоғамның сұранысына, заманның талабына сай қазақ тілі мен әдебиеті пәніне деген қызығушылықтарын арттыру және шығармашылықпен жұмыстану мақсатында оқушылармен әртүрлі жұмыс түрлерін жүргізілуі тиіс. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуда жаңа технологияларды пайдалану мұғалім үшін қандай маңызды болса, оқушы үшін одан да маңызды. Жаңа технологиялар оқушылардың білім сапасын арттыруға, өздігінен жұмыс істеу мүмкіндігін молайтуға көп көмегін тигізеді.
Заман талабына сай білім беру оқушылардың адамгершілік, интел-лектуалдық дамуының жоғары деңгейі мен білімін қамтамасыз етуге бағытталған оқытудың үздіксіз үрдісі десек, оның сапасын арттыру мұғалімнен оқытудың таңдамалы әдістеріне көшуді талап етеді. Осы орайда, ұстаз ретінде жаңаша оқыту әдіс-тәсілдерін қарастыруды міндет етіп алған жөн. Тарқатып айтқанда, шәкірттердің үйреткен білімді тәжірибемен ұштастыра білуі, тия-нақты білімдерін өзгермелі өмірде орнымен қолдана білуі, жағдаяттарға шешім қабылдауы, өз бетінше ізденіске талпынуы болып табылады. Оқушылардың білім сапасын арттыра түсу үшін тәжірибеде оқытудың белсенді жаңа әдіс-тәсілдерін ұтымды қолдана білуге мұқият болуымыз қажет.
Жаңартылған білім аясындағы әрбір тапсырмалар білім алушыларды ойландыру, өз беттерінше ізденіп оқуға баулып, табысты сабаққа қол жеткізу болып табылады. Ол үшін күндeлікті оқыту тәжірибeмe жаңаша түрде құрылған сабақты жоспарлап, оны өткізу барысында жаңа тәсілдeрді, «Диалог арқылы оқыту» мeн «Қалай оқу кeрeктігін үйрeнуді» ғана қарастырып, әлeумeттік-сындарлылық көзқараспeн тығыз байланыстырған оң нәтиже береді.
Сондай-ақ, функционалдық сауат-тылық оқушылардың бір-бірімен қа-рым-қатынас жасау қабілеті мен қоса оларды болашаққа бейімдеудің шарты болғандықтан топпен, жұппен жұмыс жасау олардың арасындағы ынтымақтастықты дамыта түсетінін тәжірибеде байқауға болады. Сондай-ақ, өз бетінше қорытынды жасай алу үшін «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясының элементтерін пайдаланамын. «Венн диаграммасы», «Түртіп алу», «Болжау», «Екі жақты күнделік» әдістері оқушылардың ынтасын арттырып, білім сапасын бекіте түсетініне қазір бәрінің көзі анық жетті. Күнделікті сабақта оқуға белгілі бір материалды ұсынып, термин сөздіктерді қолдана отырып, тапсырма құрастыруға тапсырма берілгені дұрыс. АКТ аясында ғаламтордан видеоның сілтемесін тапсырма ретінде ұсынылса, шәкірттер дереу өздігінен ізденіп, жаңа сабаққа топқа ұсынуға тапсырмалар әзірлеп келеді. Жаңа технологиялар да біздің жүйелі жұмыс істеуімізге мүмкіндік беріп отыр. Тарқатып айтсам, ұлттық құндылықтарды бағалауға, тілді дамытуға, зерттеушілік қасиетін шыңдауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар ауызекі сөйлеуде мақал-мәтелдерді орнымен айту да нағыз өмірмен тығыз байланыста болып келеді.
Өйткені мақал-мәтел барлығы да өмір тәжірибесінен алынған, өзіндік мәні бар. Ақпаратты технологияны да қазақ тілі сабағында үнемі қолдану жаңа білім берудің бір жетістігіне айналып отыр. Жаңартылған білімнің ең негізгісі оқушылар алған білімін өмірмен байланыстыра алады. Сөз соңында, жан-жақты дамыған жаңа заман баласын тәрбиелеуде еңбегімізді еселей берейік дегім келеді.
Сондай-ақ, математика пәнін оқыту тек есептің дұрыстығын ғана емес, оны шешудің ұтымды жолын таба білуге мүмкіндік береді. Осы орайда басты мақсат – оқушыға терең де тиянақты білім беру, ал білім сапасын арттыру үшін әр мұғалім шығармашылықпен жұмыс жасауы қажет, және де қажетті білім берумен шектелмей алған білімін оқушыға керек уақытында қолдана білуге үйрету. Сондықтан тәжірибеде оқушыға дайын ақпаратты бермей, оны өз бетімен жұмыс істеуге, ізденуге үйрету қажет, ол үшін әр ұстаз оқытуда білім берудің озық тәсілдерін қолдануы керек деген ойдамын. Қайсыбір мұғалім болсын, сыныптың сабаққа қызығушылығын ояту үшін түрлі әдістерге жүгінеді.
Мұғалім сұрап, оқушы жауап беретін бір сарынды дәстүрлі әдістегі сабақтар баланы жалықтырып, пәнге қызығушылығын төмендетіп, білім сапасына да әсер ететіні сөзсіз. Сабақ барысында әр сабағыма және өзіне рефлексивті есеп бере отырсам жұмыс жасау қарқыны жақсарып жанданатынын байқадым. Есептерді шығару барысында олардың мәнін, алынған нәтижесін «дұрыс» не «бұрыс» болғанын дәлелдей алу, қолданылған әдіс пен құралдардың тиімді не тиімсіз болғанына байланысты өзін-дік көзқарасын білдіру, орындалып өткен әрекеттің нәтижесін зерттеу қиыншылықтан шығуға көмектеседі. Сондай-ақ математикалық білім беру, математикалық сауаттылыққа түгелдей тәуелді. Ендеше математикалық білім беру туралы әңгімені математикалық сауаттылық мәселесінен бастауымыз керек. Ал, сауаттылық мәселесі математика пән мұғалімінің дайындық сапасының негізгі проблемасы.
Бұл проблемалар: пән мұғалімінік теориялық әдістерінің жан-жақтылығы, пән дамуының ішкі қисындылығы, яғни логикалық ой-өрісінің жан- жақтылығы. Сондықтан осы негізгі мәселені шешуде тиянақты жұмыс жасай білсем, шәкірттерімнің бұл пәнге деген ынтасы арта түседі. Қазіргі таңдағы тиімді білім беру әдістерінің дәстүрлі білім беруден артықшылықтары мол. Жаңа әдістерді пайдалана отырып: оқушылардың өз бетінше дамуына, оқушы мен оқытушы арасында байланыс орнатуына, оқушының жан-жақты ізденуіне, оқушының өзін және өзгені бағалауына, өз ойларын жетік айтуына қол жеткізе аламыз.
Жаңартылған білім шеңберінде заман талабына сай жеке тұлғаны қалыптастыруда әрбір оқушыда сапалы да терең білім мен іскерліктің болуы, олардың шығармашылықпен өз бетімен жұмыс істеуі, ойлауға қабілетті болуы, өз ойын еркін ашық жеткізе білуі талап етілуде. Өз бетімен орындайтын жұмыстары біріншіден, олардың ақыл-ойын таным белсенділігін, екіншіден сабаққа ынталарын, қызығушылығын, үшіншіден ешкімнің көмегінсіз дербес жұмыс істеу қабілеттерін дамытады.
Өзіндік жұмыс оқушылардың оқу танымдық іс-әрекетінің формуласының бірі болып табылады. Сондықтан бұл жұмыстың тиімділігі мұғалімнің осы іс-әрекетті дұрыс жоспарлау біліктілігіне байланысты болады. Қазіргі кезде сабақты дұрыс жүргізуге қойылатын негізгі талап оқушылардың белсенді іс-әрекетін сезімін басқара білу. Ол біріншіден тек дайын ақпаратты деректер, заңдар, ережелер түрінде ғана беріліп қана қоймай оқушыларды өз бетінше іздендіретін одан жаңа ақпарат алатындай оқу материалдарды берудің құрылуын қайта құруды талап етеді. Өз бетімен жұмыс істеуге үйрету кезінде екі міндетті ескерген дұрыс.
Бұл міндеттердің біріншісі-оқу-шылардың танымдық қызметіндегі дербестікті дамыту, оларды білім-ді өздігінен игеруге, дүниеге көз-қарастарын қалыптастыруға үйрету; екіншісі – оқушылардың алған білімін іс жүзінде қолдана білуге баулу.
Оқушының өз бетімен жұмыс жасауы екі бағытта өрбиді, яғни «оқушы мен оқушы» және «оқушы мен мұғалім». «Оқушы мен оқушының» бірлескен әрекеті қандай болмақ, оқушы өзіне түсініксіз сұрақтарды сыныптасымен бірге талдайды, талқылайды. Ал «оқушы мен мұғалімнің» бірлескен әрекеті бойынша оқушы басты тұлға болса, мұғалім бағыт-бағдар беруші, кеңесші.
Өзіндік жұмыс – оқушының күр-делі іс-әрекеттерінің бір түрі немесе оқу жұмыстарының арнайы бір формасы болып табылады. Өзіндік жұмыстардың нәтижелі болуы үшін алдымен «өзіндік жұмыс» деген ұғым нені білдіріп тұрғанын анықтап алу қажеттігі туады: біріншіден,өз бетінше жұмыс балалардың түрлі тапсырмаларды, жаттығуларды ешкімнің көмегінсіз орындаулары, екіншіден, мұндай жұмыстар балаларды ұқыптылыққа, тәртіптілікке, жинақылыққа, бақылай білуге тәрбиелейді. Осы себептерге сәйкес математикада, алгеб-ра сабақтарында және геометрия сабақтарында өздік жұмыстарды зерттеу, дәлелдеу ұйымдастыруды дұрыс деп ойлаймын. Оқушылардың өздік жұмыстарын тиімді ұйымдастыру сабақ сапасының артуына септігін тигізеді.
Математика пәнін оқытуда өздік жұмысқа көп көңіл бөлу қажет. Әр түрлі жаттығулар орындау барысында математикалық түсініктер бекітіледі, есептеу дағдылары қалыптасады, геометриялық фигураларды сыза білуге, оқушылардың кеңістік жөніндегі көзқарасы дамиды, өз бетімен өмірде пайдалана алуға үйретеді. Өздік жұмыстардың негізгі түрлері: оқулықпен жұмыс, жаттығулар, практикалық жұмыстар, тексеру, бақылау жұмыстары, шығармашылық жұмыстар, тест жұмысын орындау болып табылады. Мұғалім тапсырмалардың дұрыстығын, оқушылардың оның мазмұны мен нәтижесін қаншалықты түсініп меңгергенін анықтауы басты шарт.
Сондай-ақ, тест жұмысы арқылы оқушылардың игерген білімі, біліктілігі мен дағды деңгейлерін одан әрі жүйелеп жетілдіру, тілі мен ойын, зейіні мен зердесін дамытуды көздеуі керек. Тестік тапсырмалардың әр түрлі типтерін: толықтыру тесті, еске түсіру, балама, таңдау, салыстыру, ретімен маңызына қарай тізбелеу, құрастырмалы, кәсіптік бағдарлы тестілер.
Қорытындылай келе, өзіндік жұмыс барысында ынтасы төмен оқушы да қиыншылықты жеңе біледі, сонымен бірге ойлау қабілеті, еркін сөйлеу мәдениеті, математикалық сауаттылығы өзіне деген сенімділігі, пәнге деген қызығушылығы да арта түседі.

Әзірше ешқандай пікір жоқ.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз.

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *