ҚАЗІРГІ ҚОҒАМДАҒЫ ЖАСТАРДЫҢ РӨЛІ
22.04.2022 0 1 558
Сүндет КЕНЖЕБАЕВ,
Мақтаарал аудандық Жастар орталығының басшысы
Жастар – қоғамның жемісі және оны түрлендіруші күш екенін анық. Бұл шындықты түсіну өскелең ұрпаққа қатысты обьективті дұрыс саясаттың алғышарты болып табылады. Адам өмірге, келешегіне негіз болып табылатын қатынастар жүйесімен, өндіруші күштердің белгілі деңгейімен, мәдениетпен күнделікті кездесетінін ұғындыру.
Өмір жолының сипаты, оның бағыты, оның түрлендіруші күші көптеген жағдайда адам басынан өткен жағдайлармен анықталады. Теориялық тұрғыда әр адам өмірде рационалды өмір сүруге құқылы, олардың іске асырылуы да асырылмауы да мүмкін, кей жағдайларда ол бірте-бірте қоғамдық дамудың ыдырауына алып келеді.
Бұл көп жағдайда қоғамға, тұтас мемлекетке, олардың бұл мәселе жайлы көзқарасына байланысты болуына назар аударылады.
Жастардың қоғамдық-саяси рө-лі ауқымды реформалар кезінде күшейюі барлық халыққа тән. Себебі, жастардың жаңа жағдайға бейімделуі немесе жаңашылдыққа ұмтылысы жоғары деңгейде болғандықтан қоғамдағы өзгерістерден шет қала алмайды. Жалпы қоғамның дамуы, болашағына деген сенімді көзқарастың қалыптасуы сол қоғамдағы жастар және жастардың әлеуметтік-мәдени ұғымдық болмысымен тікелей байланысты.
Осы орайда шығыс елдері аға ұрпақтың тәжірибесіне сүйенсек, Солтүстік Америка мен Батыс Еуропалық елдер жастарға көп үміт артады. Сондықтан жастардың санасындағы «құндылық» ұғымын дұрыс қалыптастыру елдің болашағын айқындайтын факторлардың қата-рына жатады. Адамзат өркениетінің бүгіні мен болашағы көп жағдайда жастардың әлеуметтік белсенділігіне қатысты екені даусыз. Сондықтан жастардың жетілуінің сапалық деңгейі де, жастарға деген жаңа көзқарастың қалыптасуы да үш бірдей фактордың – жастар бел-сенділігінің қалыптасуының әлеу-меттік-мәдени алғышарттары мен жастар саясаты, оның мәдени бет-бұрыстарының жиынтығынан және қазіргі кездегі жастардың бел-сенділігінің әлеуметтік-мәдени болмысына тәуелді болуымен байланыс-тырылады.
Жастар белсенділігі қоғамдық жүйенің дәрежесіне, елдегі саяси-әлеуметтік реформаларға, демо-кратиялық бетбұрыстарға, мәдени құндылықтарға, ұлттық дәстүрге тәуелді, яғни жастар белсенділігінің әр кезде мәдени құндылықтық негіздерін анықтап отырудың заңдылыққа айналуымен байланыстырылады.
Сонымен бірге, жастар белсенділігі қоғам мен билік арасындағы ал-шақтыққа тосқауыл қоймақ ниеттен, құбылмалы әлеуметтік-мәдени ортада өз құқығын қорғамақ шешімнен, жаңа қауымдастықта өз орны мен рөлін қалыптастырмақ талпыныстан туындайды. Осындай сыртқы және ішкі әлеуметтік-мәдени бағдарға байланысты жастар туралы түсінікте, жастар белсенділігінің қалыптасуы мен ол туралы көзқарастардың әрқалай қабылдауы және таралуы табиғи құбылыс. Жастардың әлеуметтік-құндылықтық бағдарына ықпал ететін көптеген факторлар бар.
Атап айтар болсақ, олардың қызығушылықтары, қалыптасатын ортасы, діни түсініктері, халықтың салт-дәстүрі, мемлекеттің ұстанымы т.б. – жас ұрпақтың мәдени бағдарына әрқалай ықпал етуде.
Қазіргі нарықтық жағдайда құндылық туралы түсініктер мен бағыттар өзара үйлесе бермейді де, сол алшақтық белгілі бір деңгейде жастар арасында құлдырауға тап болғандығы да шындық. Мұның басты себебі ретінде, жастардың өркениеттілік, мәдениеттілік тұрғысынан өзіндік үлгісінің ауытқушылығы деуге болады. Сонымен бірге, төл мәдениетіміз бен құндылықтарымыздың негізін құрайтын салалардың әлсіреуі, ұлттығымызға жат әрекеттердің кеңінен таралуына түрткі болуда. Сонымен қатар, еліміздегі ұлтаралық, дінаралық, конфессияаралық тұрақ-тылық пен төзімділікті сақтап қалу да барынша маңызды мәселелердің қатарына жатады.
Жастардың құқықтық және рухани құндылықтары жастарды өз халқының рухани мәдениетіне бағыттауы, мемлекетіміздің тарихи өткеніне баулуы, қоғамдағы келісім мен бейбітшілікті нығайту жас ұрпақтың отаны үшін мақтан сезімін қалыптастыруы тиіс. Патриотизм, адамгершілік, шеберлік, жауапкершілік сияқты жеке қасиеттерді иеленуге ұмтылуды ең бірінші міндетке айналдыру қажет.
Жастардың алған бағытының дұрыстығы немесе бұрыстығы жөнінде аға буын өкілдері дұрыс бағдар беріп отырған дұрыс деп санаймыз. Ел ішінде жүріп жатқан үлкен өзгерістер халықтың барлық бөлігінің, оның ішінде алғашқы кезекте жастардың белсенді болуын қажет етеді. Бұл орайда, мемлекеттің ішкі саясаты реттеп отырушы фактор болғаны жөн.
Жастар ресурстық орталығы жыл бойында артқарған жұмыстары «Жастар қылмыс пен құқықбұзушылыққа қарсы», «Жасөспірімдер» тақы-рыптарында мектеп оқушылары, орта арнаулы оқу орындарының студенттері, ата-аналар, құқық қорғау қызметкерлерінің қатысуымен 14 рейдттік іс-шара, 10 семинар, 15 кездесу өткізілді.
Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Мақтаарал ауданы полиция бөлімі басшысы полковник Сапарбеков Әділбек, Мақтаарал ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Мұратбек Серикбаев, Мақтаарал ауданының сот төрағасы Мұсаев Құнанбай, Мақтаарал ауданының прокуроры Досаев Айтболат мырзалардың қатысуымен кәмелетке толмаған балалардың тәрбиесі, ата – анаға деген құрмет, мектеп қабырғасындағы әлімжеттіктің дұрыс еместігін, үлкенге құрмет кішіге ізет көрсету керектігін түсіндіру мақсатында «Бала тәрбиесі – басты назарда» тақырыбында кездесу өткізілді.
18-29 жас аралығында құқық-бұзушылық пен қылмыстың, наша-қорлықтың алдын алу мақсатында 21 рейдттік іс-шара, 12 семинар, 13 кездесу өткізілді.
Нашақорыққа қарсы іс-қи-мылға бағытталған іс-шаралар өткізілді. Мақтаарал ауданында на-шақорлықтың алдын алу және насихаттау мақсатында 10 спорттық іс – шара өткізілді. Волейбол, футбол, арқан тартыс, дойбы, шахмат, тоғызқұмалақтан сайыстар өткізілді.
Аталған іс-шараларға 475 жас қамтылды. Арнаулы оқу орындарында және орта білім беру мекемелерінде нашақорлықтың алдын алу мақсатында ауданның мобильді топтарының қатысуымен 15 кездесу ұйымдастырылды. Жалпы түсіндірме жұмыстары жүргізілген жастар саны – 946.
Ерте жүктілік, өз-өзіне қол жұмсау бойынша 2022 жылғы 3 айлық есеп көрсеткішіне тоқтала өтсек, Мақтаарал ауданында ерте жүктілік, өзін – өзіне қол жұмсаудың алдын алу мақсатында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Оның ішінде:
Ерте жүктілік бойынша 14-18 жас аралығында орта арнаулы оқу орындарында және орта білім беру мекемелерінде семинар тренингтер және кездесулер ұйымдастырылды.
2022 жылдың 3 айлық талдауының нәтижесіне сәйкес ерте жүктілік алдын алу бойынша 46 семинар тренинг, 15 кездесу және 13 жеке қабылдау өткізілді.
Өз-өзіне қол жұмсау фактор-ларының алдын алу мақсатында 14-29 жас аралығында аудан тұрғындарымен семинар тренинг және кездесулер өткізілді.
2022 жылдың 3 айлық қоры-тындысы бойынша өз-өзіне қол жұмсау фактырларын болдырмау мақсатында 25 семинар тренинг, 11 кездесу 19 жеке қабылдау өткізілді.
Жалпы аталған іс-шараларға аудан көлемінен қатысқан жастар саны 2065 адам 2022 жылғы 3 айлық есеп бойынша ерте жүктілік, өз-өзіне қол жұмсауға тіркелгендер саны:
Ерте жүктілік саны – 1.
Өз-өзіне қол жұмсағандар саны – 1.
Жастар саясатында келеңсіз жайттардың алдын алу бойынша жұмыстар жүйелі түрде жұмыс жасау үстіндеміз, осының аясында жұмысы санныңың жетіспеушілігіне орай 2021 жылдың желтоқсан айларында штат санын үлкейту бойынша ұсыныс таптаған болатынбыз. Сол ұсынысымыз қолға алынып 2022 жылдың қаңтар айына бастап штат саны көбейді, Бұл қуантатын жағдай. Себебі жалындаған жастардың қатары қалындап жатыр.
Әлеуметтік саясатты құраушы бөлшектердің өзара қатынасын, маңызы мен мінезін түсінбейінше, философиялық тұрғыдан оның қайшылықтарын сарапталмайынша, қоғамда орын алып жатқан жаңару мен қоғамдық құбылыстарды толық игеру мүмкін болмайды. Осыған орай жастардың бейімделуі, әлеуметтік қорғалуы, еңбек, шығармашылық және мәдени белсенділігі мемлекет саясаты шеңберінде жүргізіліп отырған істерге бағытталуы тиіс. Ұлттың тағдырын өз мойнына алған мемлекет, жастарға қатысты өз алдына нақты міндеттер қойып отыр.
Жастардың әлеуметтенуі қазіргі қоғамда болып жатқан процестерден тыс жүре алмайды. Бұл процесті бір арнаға түсіру үшін жаңа мемлекеттік жастар саясатын тереңірек жетілдіру қажет. Бұл қоғамның реформалануы тұсында жас ұрпақтың нарықтық қатынасқа ерте бейімделуіне әсер етеді. Олай болса қоғамдағы жастар мәселесі оның мемлекетінің мәселелерінен бөліп қарау мүмкін емес. Сондықтан мемлекеттің қызметінің басты бағыттарының әрі басым бағыттарының бірегейі жастар саясаты болып отырғаны Қазақстан Президентінің әр жылғы халыққа Жолдауынан көрініс табуда.
Мемлекеттік жастар саясаты елдің әлеуметтік-мәдени дамуының негізі болып табылады. Жастар саясаты өз кезегінде кез-келген елдің басты басымдығы. Өйткені жастар саясатының өзі жастардың қоғамдағы әлеуметтік, экономикалық, саяси, құқықтық, мәдени-рухани мәртебесін сақтау әрі қорғау шаралары жүйесі, осы тұрғыдағы мемлекеттік және қоғамдық органдардың қызметі болып табылады. Сондықтан еліміздің жастарын ұлтжандылыққа, адамгершілікке, білімділікке, өркениеттілікке тәрбиелеу біздің ең басты құндылықтарымыздың бірі болмақ.
Осыған орай жастар арасындағы қызығушылықтар мен бейімділікке дұрыс бағдар ұсыну, оның еліміз үшін тиімділігін көрсету, жастарды ұлтжанды әрі білімді етіп тәрбиелеу қоғам алдындағы басты міндеттердің бірі болмақ. Жастардың білімді әрі тәрбиелі болуы олардың бойында қалыптасқан рухани, ұлттық әрі ізгілікті қасиеттерінің дәрежесіне қарай жүзеге асады.
Қазақ халқы қашаннан бала тәрбиесіне, жас ұрпақтың дұрыс қалыптасуына ерекше мән берген халық. Сондықтан «баланы бастан» тәрбиелеу керек деген даналық сөз қалдырған. Жастарды, ел болашағы ретінде жасынан қайратты, қайырымды, ақылды, адал, әділ, өнерлі етіп өсіру мәселесі қай кезде де айрықша мәселе болған.
Қоғамның қалыптасуы мен мемлекеттің өркениеттілігін арттыру үшін ондағы адамдардың, әсіресе өскелең ұрпақтың рухани тұрғыдан жетілген болуына баса назар аударылады. Олай болса, біздің еліміздің болашағы болатын жастардың белсенділігі қандай бағытта дамуы керектігі өзекті мәселелердің бірі екені дауысыз.
Қоғам табиғи, әлеуметтік және мәдени жақтарынан өзін жас ұрпақ арқылы қалыптастырды. Жастар белгілі бір жүйеде мемлекеттің болашағын құрайды, сондықтан да оның көңіл күйі, тәртібі мен хал-ахуалы қоғамдағы жалпы саяси және әлеуметтік-психологиялық жағдайдың өлшеуші барометрі ретінде танылады. Патриотизм, адамгершілік, шеберлік, жауапкершілік сияқты жеке қасиеттерді иеленуге ұмтылу жас қазақстандықтар үшін алға қойылуда. Сонымен, жастар саясатының ресурсын, мәдениеті мен ғылыми білімін, ұрпақтың саны мен сапасын, оның өмірінің деңгейін анықтайтын бағдарлар, екіншіден, еліміздің қауіпсіздігі мен ұлттық үйлестігін сақтау және дамытуға кедергі болатын теріс салдарды шектеу — әрбір мемлекет үшін маңызды мәселе.
Ел Президенті Қ.Тоқаевтың үш негізгі міндеттерге – қазақ халқын дамытуға, қазақ мемлекетін нығайтуға, халықтың ынтымақтасуына ерекше назар аударды. Содан тәуелсіздік алған елімізде ұлттық сана-сезім оянды, ұлттық идея ортақ нысанға айналды. Саяси еркіндік рухани жаңаруға мүмкіндік қосымша ашты. Елімізде этносаралық қатынастар жағымды құндылықтарға сүйеніп, өзінің тарихи татулығын сақтап қалды. Қазақстан Республикасы қоғамдағы дамудың инновациялық түрі қоғамдық және жеке тұлғалық сананы реттеуге лайықты әлеуметтік-экономикалық ортаны қалыптастырудың шынайы бағдарын айқындауда. Халықтың даму заңдылықтары елдің өміріндегі, оның экономикалық, саяси, экологиялық және т.б. аясындағы көлемді өзгерістерді анығырақ бейнелейді.
Қазақстан Республикасының жас-
тар саясаты мына қағидаларға сүйенеді:
Конституцияда және халықаралық келісімдерде бекітілген адамның негізгі құқығы мен еркіндігін сақтау;
Нәсілі, тілі, діні, жынысы, этникалық және әлеуметтік шығу тегіне және мүліктік жағына қарап жіктеуге жол бермеу;
Жеке адам мен мемлекеттің мүддесін үйлестіру, биліктің барлық саласының, қоғамдық ұйымдар мен топтардың ықпалын топтастыру;
Халықаралық талапты орындау, көші-қон процесін реттеу барысында әлеуметтік, экономикалық, саяси тұрақтылық пен этносаралық, дінаралық келісімді қамтамасыз етуде ұлттық мүдденің басымдылығын ескеру.
Дүниеге көзқарас және өмірлік құндылықтарды қабылдау бойынша әртүрлі жас ерекшелігі бар жастар бір-бірінен өзгеше болады, тіпті ол жас ерекешеліктерінің арасы айтарлықтай көп емес топтар арасында да байқалады. Мәселен, қазіргі 25 жастан жоғарғы жастағы жастар мен мектеп қабырғасындағы жастардың дүниегекөзқарасы, отан туралы сенімі, құндылықтарды дәріптеуі сияқты ерекшеліктерге пікірі әртүрлі болып еледі. Мұның басты себебі, қазіргі өркениеттілік түсінігі мен құндылықтардың жаһандық қатынастарға байланысты өзгеруінде деуге болады. Жастар өз кезеңінде ең танымал әрі қызығушылығын тудырған, өз ортасы тарапынан қабылданған түсініктерге еліктеп, сол қасиеттерді өз бойына сіңіруге тырысады.
Базалық құндылықтардың басым болуы – заңды құбылыс. Өзі негізінде олар белгілі дәрежеде әлеуметтік және беделді кажеттілктердің негізін калыптастыру факторлары болып танылады. Жастардың базалық құндылыктар маңыздылығына жасалған талдау (қажеттіліктер негізіде жасалған) жастардың әлеуметтік санасында жалпы адамзаттық құндылықтар басым екенін анықтады: денсаулық, материалдык камсыздандырмау, ұрпақтық тәуелділік және өзiнe деген сенімділік. Соңғы кұндылық бағдар осы өтпелі кезеңдегі жастар үшін маңызды негізгі сипаттамалардың 6ipi болып табылады. Өз отбасы мен ата-ана отбасы кұндылықтары арасындағы көрсеткіштер (соңғысы басым) жас ұрпақтың шағын әлеуметтік тәжірибесімен, жас ұрпактың жас ерекшелік сипаттарымен, сонымен 6ipre дәстүрлі жалпы ұрпақтьң кұндылықтың — жақын адамына қамқорлық жасау — басымдылығымен түсіндіріледі. Жастар жеткілікті дәрежеде ата-анасы алдында жауапты екенін біледі, бұл жастардың рухани-құқықтық саласында айтарлықтай болашағы барлығын керсетеді. Бұл потенциалдың іске асырылу дәрежесін өмір көрсетер.
Материалдық камсыздандырылу
бағдары белгілі дәрежеде жастардың өмірлік жоспарларын іске асыруды көздейді. Аталған таңдау объективті түрде шартталған. Бүгінгі таңда қамсыздандырылу деңгейіне айтарлықтай дәрежеде кәсіби деңгей, алынған мамандықтың орны мен беделдігі, әлеуметтік факторлардың барлық кешені және тағы да басқалар тәуелді болып келеді.
Жастар санасындағы аталған құндылықтың ерекше өзектіленуі жастардың базалық құндылықтарында олардың қазіргі кездегі және болашақтагы материалдық жағдайы өздеріне байланысты екендігі туралы пікір бар екенін айғақтайды. Аталған құндылықтың өзгеру бағыты тұтынушылық бағытталумен сипатталады. Ұлттық мәдени дәстүр мен құндылықтарды сақтау және оны әрі қарай дамыту жауапкершілігі дәл сол жастарға жүктеледі. Жастардың мәдени болмысын және оның сапалық деңгейін анықтаудың өзі Қазақстанның қоғамдық-мемлекеттік даму дәрежесін, ұлттық менталитеттің мықтылығын, сондай-ақ мемлекетіміздің әлемдік қауымдастықтағы орнын айқындайды. Егер тарихқа үңілетін болсақ, жастардың мәдени бітімінің ерекше феномен ретінде қалыптасқандығын аңғаруға болады. Осы орайда біз үшін қызықты мәселе, ол – жастардың мәдени тұрғыдағы өзін-өзі іске асыру және рухани мәдени құндылықтарды бойына сіңіру мәселесі. Әлеуметтік жобаларды жемісті іске асыру және дағдарыстан шығу, қоғамның тұрақтылығы мен тұтастығын сақтау үшін халықтың мәдени дамуының маңыздылығы жастардың мәдени құндылықтық ұстанымдары, бағ-дарлары және мәдени идеалдары мәселесінің өзектілігін арттыра түседі. Модернизациялау үдерісі, қоғамдық өмірге коммуникативтік ойлау әдәсінің діттеп енуі адамның мәдени тұрғыда өзін-өзі анықтау мәселесін өткрі қоюда.
Осыған байланысты да жастардың рухани мәдениетін қалыптастыру тұрғысындағы тәрбие жұмысы күрделенуде. Бұдан мәдениет философиясы және мәдени антропология үшін әлеуметтік қатынастың әрі оның мәдени формасындағы адами мазмұнды анықтаудың өзектілігі арта түседі. Жастардың мәдени құндылықтық жүйе арқылы тек жекелеген адамның материалдық және рухани қажеттілігін ғана байқап қоймаймыз, сонымен бірге қоғамның нақты жағдайын да анықтай аламыз.
Сондықтан жастардың материал-дық және рухани тұрғыдан кемел болуы біздің болашағымыздың беки түсуіне ықпал етеді. Жастардың рухани тұрғыдан қалыптасуында әлеуметтік-мәдени құндылықтардың орны бөлек. Қандай салада болмасын болашақ ұрпақтың кемелденуінің негізін сол елдің дәстүрі мен құндылықтары қалыптастыратын болса, оның еліне, жұртына адал болуын қамтамасыз етіп қана қоймай, елі үшін ерінбей еңбектенуіне негіз болады.
Әлеуметтік қажеттіктер құн-дылықтарының таңдаулысы көп жағдайда базалық құндылықтар таңдауымен байланысты. Жастардың әлеуметтік құндылықтары, сол білім алу басымдылығымен, болашаққа деген сеніммен, жақсы достар ортасымен және ортадағы беделмен анықталады.
Адам баласын барлық жан-дүниесімен, тәни құрылысымен, ақыл-ойымен біртұтас болмыс деп қарастыру керек. Адамның бойында ар-ұждан, ұялу, сүйіспеншілік сияқты сезімдермен қатар, осы сезімдерге итермелейтін құмарлық, әуестік, ынта сияқты сезімдер де бар. Сол сезімдерді салмақтап белгілі бір шешімге келетін адамның – ақылы. Бұл жағдайда ақыл адамның сезімдерінің арасында қазылық қызмет атқарады. Бірақ бұл қазы кейде сезімнің жетегінде кетуі де мүмкін.
Сондықтан адам баласы осы сезімдер мен ақылдың және ұжданның арасында әруақыт арпалыста болады деп пайым жасауға болады.
Осы орайда қабілеттілік пен жеке қасиеттердің даму, қалыптасу үрдісі кезінде іштей өзін-өзі іске асыру жүреді, өмірлік мақсаттар қалыптасып, әлеуметтік маңызы бар мақсаттарға жетудің негізгі жолы ретінде қаралатын өзін-өзі сырттай іске асыру болашағы құрылды. Қазақ халқының ежелден қалыптасқан, түп тамыры тереңнен тартылған төлтума мәдениеті бар, ол мәдениеттің өзіндік даму жолы, талай ғасырлар бойғы өз тарихы бар.
Ежелден қалыптасқан рухани қазынамызды, дала өркениеті мен қазіргі әлемдік өркениеттің үндесе, үйлесімді дамуын ғылыми негіздерге бағыттай отырып қарастыру за-манның талабынан туындайды. Ел ішіндегі осындай шаралардың көрінісі, жастардың патриоттық сезімін оятып, тарихи сананың қалыптасып келе жатқанына куә боламыз. Тарихшылардың айтуы бойынша, жалпы тарихи сана, қоғамдық саналардың бір түрі әрі тарихи процестердің рухани жағы нақты іс-әрекеттерден туындайтын категория болып табылады.
Ал қазір, рухани тұрғыдан толыққанды азаматтарды қалып-тастырудағы елеулі шаралардың бірі, өткенді жаңғыртатын отан-дық тарихтың, ұлттық-рұхани құн-дылықтардың әртүрлі деңгейдегі оқу орындарында оқытыла бастауы болып отыр.
Жас кезде қалыптасқан идеялар мен құндылықтар уақыт өткен сайын өзгеріп отырады, дегенмен олар әлеуметтік маңызы бар тұлғаның дүниетанымдық негізін құрайды. Сол себептен де жаңа заңда жастарды әлеуметтік бейімдеу мен рухани және имандылық жағынан дамыту мәселелеріне баса көңіл бөлінген
Адамның адамгершілігінің, этика-сының, мінез-құлқының дұрыс қалыптасуында жауапкершіліктің мә-ні өте зор. Сонымен қатар, адамның жан дүниесі өзінің мойнындағы жауапкершілікті бағалап, түсіне алатындай дәрежеде кемел болуы да шарт.
Бұл ол адамның дүниеге көз-қарасымен, діни танымымен және алған тәрбиесімен ұштасып жататын мәселе. Сол себептен жоғарыда аталған қасиеттерді жастардың бойына дарыту, қоғамдағы құндылық түсінігін қалыптастыруда ерекше мәнге ие болады.
Бұл жағдайдың қалыптасуына жоғары білім, ғылым және мәдениет үнемі ықпал етіп отырған. Жастар өзіне тиімді және болашағы бар, игілікті өмір сүруді қамтамасыз ете алатын білім мазмұны мен формалардан, өзіндік қажеттіліктерін қалыптастырады. Ал қоғам өзінің қызмет ету мен өміршеңдігі мәселелерін шешуге арнайы маман кадрларын дайындауды ойластыруға міндетті. Адам не үшін өмір сүреді? Өзін жүзеге асыру үшін. Нәтижесінде пенде – ұрпақ, тұлға, мұра, ұлт-руханият қалдырады. Соңғысынан – бірегей, төлтума мәдениеттер жиынтығынан әлемдік, жалпыадамзаттық рухани қазына құралады .
Өз азаматына дұрыс дүние-танымдық бағдар беретін руха-
ният қалыптастыруына сол қоғамның өмірінің ұзақтығы тікелей байланысты. Адамдағы адамилықты сақтап, дамытатын руханият ыдырағанда қоғамнан жұрнақ қалмайды.
Азаматтық және патриоттық құндылықтар жүйесін тәрбиелеу процессінде, әрине, тек қазақтың ұлттық саяси мәдениетінен туындайтын тағылымдар жеткіліксіз болып саналатындығы белгілі. Оның негізгі факторлары отбасы мәдениеті, тіл мәдениеті, ұрпақ тәрбиелеу мәдениеті ұлттық мәдениет құндыдылықтарында ерекше орын алады.
Белгілі бір ұлттың мәдениеті – ұлттық ерекшеліктерімен, мен-талитетімен дараланады. Егерде мәдениеті пен менталитетті өзгелердікімен араластырған жағ-дайда ұлттық ерекшеліктерімізге нұқсан келеді деуге болады. Бұл қазіргі кездегі жастардың әртүрлі мәдениеттер мен наным-сенімдерге еліктеушілігінің артып отырғандығынан. Жастардың санасында ұлтжандылық түсінікті арттыру, ұлттық мәдениет пен құндылықтарымызды ең жоғарғы деңгейде дәріптеу арқылы жүзеге асады.
Жастардың қоғамдық саяси по-
тенциалының болмысы мен маз-
мұнын қазіргі кездегі зерттеушілердің көпшілігі «өз қызығушылықтары мен қажет-тіліктеріне сәйкес саяси өмірге араласу» қабілеттіліктерінің жиын-
тығы деп қарастырады. Қызығушылық әдетте қоғамның қажеттіліктерімен сәйкес болады. Бұл кездегі потенциал құрылымын құндылықтық бағдар, бейімділік, мақсатын таңдау мен оған жету құралдарын бағалау, мотивациялық бағдар жиынтығы деп қарайды .
Әрбір жаңа буынның потенциалын көрсету кезінде сол кездегі нақты тарихи жағдайларда нақты қоғамның әлеуметтік және мәдени қажеттіліктерімен байланыстырып қарау қажет.
Біз қарастырып отырған кезең әлеуметтік-мәдени үрдістердің жылдам өтуімен сипатталады.
Жастар арасындағы түрлі қарама-қайшылықтардың болуы тәртіптен, бағалаудан, әрекет бағыттарынан, құндылық бағдарларынан көрінетін трансформациялы үрдістерден еке-нін дәлелдейді. Жастар жеткілікті дәрежеде ата-анасы алдында жауапты екенін біледі, бұл жастардың рухани-құқықтық саласында айтарлықтай болашағы барлығын керсетеді. Бұл потенциалдың іске асырылу дәрежесін өмір дәлелдеп отырады. Тәрбие жауапкершілігі – адамның жақсы қасиеттерінің бірі. Бұл бөгде біреуден талап етпей тұрып-ақ, алдымен сол адамның өзінде болу қасиет. Бұдан адамның Алла мен халықтан бұрын өз арының алдындағы жауапкершілігі зор екендігі көрінеді. Сондықтан адам өзінің барлық жауапкершілігін жадында ұстауы керек. Ал, барлық жауапкершілікті жадында сақтаған адамның өзі бейқам өмір сүре алмайды. Өйткені ол, сол өмірдің өзін дамытуға, оның алға басуына тікелей жауапты болып табылады.
Алайда жауапкершілік бостандық негізіне сүйенеді. Бұл әрбір іс-әрекеттің ешбір негізіне сүйенбей-ақ, адамның өз азаматтық түсінігінен шығатынын көрсетеді. Жауапкершілік өзінің қожайынымен оның іс-әрекетті жасауына дейін де, жасау кезінде де және атқарылғанынан кейін де үнемі бірге болады. Бұл адамның іс-әрекетті жасау немесе жасамау еркі өзінде тәуелсіз тұлға екендігін көрсетеді.
Жас ұрпақ өз кезегінде, қоғамның басым бір бөлігі, өзегі, өкілі болғандықтан, біз оны қоғамнан тыс қарастыра алмаймыз. Сонымен қатар қазіргі жастар деп бағалап отырған буын, болашақ қоғамның қайраткерлері және басшылары әрі өкілдері екендігі даусыз. Тарих бойынша қоғамда көпжылдық жоспарды жүзеге асыруға талпынған топтар мен ұйымдар алдымен қоғамдағы жастарды басты назарға алатындығы да осыдан болса керек.
Мемлекеттік жастар саясаты елдің әлеуметтік-мәдени дамуының негізі болып табылады. Жастар саясаты өз кезегінде кез-келген елдің басты басымдығы. Сондықтан еліміздің жастарын ұлтжандылыққа, адамгершілікке, білімділікке, өрке-ниеттілікке тәрбиелеу біздің ең басты құндылықтарымыздың бірі болмақ.
Жастар саясатын қалыптастырудың рухани факторлары бос уақытты дұрыс ұйымдастырумен байланысты. Жастар саясатының негізгі бағыттарының бipi жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарының негізінде жастарға тәрбие беру саласындағы мәселелері шешу болып табылады. Жастар саясатының мақсаты өciп келе жатқан ұрпақтың рухани даму саласындағы жастардың еркін тұлғасын іске асыру болуға тиіс.
Жастар философияда, мәдениет-тануда, әлеуметтануда, саясаттануда және басқа ғылымдарда жиі қолданатын ұғым. Алайда бұл әлеуметтік категорияның анықталу ауқымы өте күртелі екендігі ғалымдар ортасында мойындалады. Жалпы «жастар» ұғымы ғылыми әдебиеттерде, оның жастық ерекшеліктеріне қарай қарастырылып, жас шекараларын анықтауға тырысқандық байқалады.
БҰҰ-ның мәліметтерінде «жас-
тар» термині мағынасы дүние-жүзілік елдері арасындағы айыр-машылықтарға тәуелдендіре анық-талатыны байқалады. Демек бұл ұғымның анықтамасы немесе оның жасының төменгі және жоғарғы шегі өзгеріп отыратын, елдердің саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени жағдайларының өзгеріп отыруына, этностық ерекшеліктерге, ұлттық дәстүрге байланысты құбылмалы сипат алуы да ықтимал деген қорытынды жасауға болады.
Сондықтан «жастар» ұғымын өзгеріп отыратын категориялар қатарына жатқызуға келеді. Ол – әлеумет тарихының әр кезеңінде өзгеріске ұшырап отыратын, тарихи-әлеуметтік ұғым. БҰҰ-ның мәліметі бойынша «жастар» ұғымының қазіргі заманғы жас шекарасы 13-14 жастан 20-30 жасқа дейінгі аралықты қамтиды. Әлемдік зерттеулерге сүйенетін болсақ, жастар жасының төменгі шегін анықтауда жыныстық жетілуге, жалпы білім алуының аяқталуымен, кәсіптік білім алудың басталу мерзімімен байланыстырылса, ал жоғарғы шегі адамдағы экономиклық тәуелсіздік, жеке дербестік, қаржы құралына иелік ету сезімдерімен, өз отбасын құру мүмкіндіктерімен байланыстырады.
Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, қорыта айтқанда «жас-тар» – ол қоғамның әлеуметтік-демографиялық тобы; ол жастыққа тән сипаттамалардың жүйесі. Біз «жастар» терминін қоғам әлеуметінің жастар тобы шоғырын білдіру үшін және ғалым-социолог Г.С.Абдрайымованың сөзімен айт-қанда, қазіргі тарихи үдеріс аясында келешек құндылықтарын сомдайтын, жаңа қоғамның пайда болуына негіз қалайтын, ескіргенді жаңартатын, қоғамды алға жетелейтін ұлы күшті сипаттайтын ұғым ретінде қолданамыз .
Мұндай жас өзіне тиесілі даралыкты сезініп, өзінің рухани және жеке тұлғалық қуатын сезініп, өзінің ең жақсы қасиеттерін болашақ ұрпаққа беруге тырысады.
Қазақтың біртуар ғалымы Шәкәрім қоғамда өршіп келе жатқан жағдайдың даму ережесін бейнелейді. Еріншек, салақтық, надандық – адам болмысындағы азғырушы нәпсінің құрылымдық элементтері. Жеке адами факторлардан жаралатын маргинализмды мәдени құбылыс ретінде қарастырсақ, адам психикасы да сыртқы әлемнен орын тауып маңдайлы құндылықтардың ұмытылуына әкеледі.
Соңғы жылдармен салыстырып бұл жағын алып қарастырғанда ұрпақтар арасындағы рухани байланыстың жоғалуы қайта құру мен жариялылықтың ықпалымен жастардың адамгершілік ұстаным-дарының жоғалуына әкеледі. Дегенмен қоғамдағы жастардың орны ерекше. Сондықтан жастар арасындағы қызығушылықтар мен бейімділікке дұрыс бағдар ұсыну, оның еліміз үшін тиімділігін көрсету, жастарды ұлжанды әрі білімді етіп тәрбиелеу қоғам алдындағы басты міндеттердің бірі болмақ.
Қорыта айтқанда, озық жетіс-тіктерге негізделген білім нәрімен қатар, ұлттық тәрбие құндылықтарын бойына сіңірген ұрпақ ғана ұлт тағдырын тереңінен таразылап, болашағын болжай білетін тұлға ретінде қалыптастырары анық.
Ұлттық және жалпыадамзаттық мүдде тұрғысынан жастардың белсендігінің қалыптасуында ұлттық менталитет, патриоттық сезімдермен қатар дүниеге қөзқарастық ұстанымдар мен діни сенімдердің де алатын орны ерекше. Сол себепті де, қазіргі кездегі жастардың ұлттық мәдениеттегі үлесі орасан. Себебі ұлт болашағы, қазақ халқының дәстүрінің жалғасы осы жастардың бойындағы ұлттық сана-сезім мен дүниетанымына тікелей тәуелді. «Ел болам десең бесігіңді түзе» деген қанатты сөз бекер айтылмаса келек. Сондықтан мектептерде, кәсіби білім беру саласында және жоғары оқу орындарында ұлттық-рухани құндылықтарымызды көбірек жастарға жеткізіп, зиянды ағымдар мен теріс пиғылды ұйымдардан сақтандырған дұрыс. Қазақстан елі үшін өзінің әлеуметтік өміріндегі рухани-моральдық құндылықтарын сақтап, жаңғыртып күшейту мәселесі әлемдік жаппай жаһандану заманында өз бет-бейнесін, ішкі әлеуеті мен қайталанбас ұлттық болмысын еш нұқсансыз әрі дамыған күйде ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отыру мақсатында басымдылық алуы тиіс. Жетпіс жылдық саяси отарлау салдарынан рухани-этникалық «мендігі» қоғамдық санадан өшіріле бастаған кезеңде, егемендігіне қол жеткізген қазақ елі, ендігі кезде шетелдермен саяси, экономикалық, мәдени қарым-қатынастар орнатып экономикалық байланысқа түсті. Бұл кезеңде де рухани моральдық құндылықтарды қалайда сақтап қалу және оны жаңғырту жолдарын іздестіру мәселесі күн тәртібінен алынбауға тиіс. Қазақстан халқы кеңес өкіметіне дейін өзінің рухани атамұрасын, моральдық-этикалық құндылығын, әдет-ғұрып, салт-дәстүрін ислам діні және шариғат өлшемдерімен сәйкестендіріп қалыптастырғаны мәлім. Сондықтан да бүгінгі күні халқымыздың діни-моральдық бет-бейнесін сақтап қалу үшін жан-жаққа, басқа жұрт мәдениетіне еліктемей, оның табиғи жолмен, ғасырлар бойы қалыптасқан діни сана-сенімін, ішкі қуатын қайта жаңғырту ісіне бел байланса, болашақ жастардың бағыт-бағдары адаспайды деген пайымдамыз. Сөйтіп, Шығыс пен Батыстың ізгі құндылықтарын тоғыстыра білген жастардың болашағы айқын болары даусыз.
«Жас келсе – іске» дегендей, алдағы уақытта ауыз толтырып айта алатындай жұмыс сапасын көрсететін боламыз.
Әзірше ешқандай пікір жоқ.
Бірінші болып пікір қалдырыңыз.