КИІЗ ҮЙЛЕР ДЕ –ҚҰДАЙДЫҢ ҮЙІ КИІЗ ҮЙЛЕР ДЕ –ҚҰДАЙДЫҢ ҮЙІ
Көкбөрі Мүбарак, лингвист, қаламгер, тарихшы       Адамның өз әдемілігі өз ішінде. Сіз бір әдемі адам едіңіз. Саясатпен ешқандай қатысыңыз жоқ еді. Тарихты... КИІЗ ҮЙЛЕР ДЕ –ҚҰДАЙДЫҢ ҮЙІ

Көкбөрі Мүбарак,
лингвист, қаламгер, тарихшы

      Адамның өз әдемілігі өз ішінде. Сіз бір әдемі адам едіңіз. Саясатпен ешқандай қатысыңыз жоқ еді. Тарихты құмарта оқуға болатынын білдіңіз. Ертегі де өмірге қажет екен. Ән өте бір тамаша дүние екен. Әубаста еш жаралы болмаған жаныңызды осы әннің неге сонша жайлы, рахат етіп жібергеніне қатты таңғалдыңыз. Сіз өзіңіздің сағынышыңызды тексерсеңіз бір қалаға барайын деп кетіп бара жатқанда кезіккен даланың ескіден қалған адам жүрмес тарғыл жолдары, ауыл шетіндегі арбаның ізі жапырған шалғындағы жол, ескі бір заманда естен шығып ұшқан құстың дәл төбеңізде сағыныш болып қонып отыратынын, даланың сарғыш шалғынының себептен-себепсіз өзіңізді сағындыратынын білдіңіз. Бірақ, арнайы шығармашылықпен шұғылданып жатпаған соң, оны елеп-ескермей кеткендейсіз бе, қалай?…
Әр адамның жаны – музыкант, ақын, жазушы…. Сіздің жан әлеміңіз әлем үшін қымбат. Қолда барда алтынның қадірі жоқ болып, қадіріңізді саясатпен, біреуді саяси тұрғыда бағалаумен өзіңізден кетіріп, жаныңыз тынышталмай жүргенін-ай!
Адам атаны құдай тағала құжынап бір жерге тоқтаусыз жиналуға бұйырмаған. Құмырсқадай бір жерге құжынап, құмырсқаның кебін киіп, дән табумен ғана айналысып кеткен әбден иістенген қоғамнан құдайдың өзі жиіркенеді. Ондай жерлерге ауру-сырқау жіберіп бір сәт қаңырап бос қалғанын қалайды. Құдай адамды құжынап жинала түсуге емес , өзінің дара болғаны секілді дара отырып ойланып бір сәт тазаруын ұнатады. Әрбір адам оқшау отырып өзгеше ойлануды үйренсе құдайға жаққаны. Әлем халқы бір сәт отырып, байыз тауып, жүйкесін емдеп ойланып отырса әлем тазарып кететін еді. Құдай өзі құсап оқшау отырып ойланғандарды сүйеді. Тым жақындап кетпейік адамдар, тым құжынап кетпейік. Адамдар қатты құжынаған жерде, адам денесі мен өңі, көзі бір-біріне өте көп тиетін жерде абырой мен биіктік,асқақтық, даралық кетіп, ақша мен төсектің құмары есіңе түсе береді.
Құдай мешіттерді сүйеді. Бірақ, мешіттерге құдайды толыққанды түсін-бейтіндер кіреді. Мешіттер күмбезбен салынады. Мешітке кіремін. Мешіттің күмбезінің айналасындағы тесіктерден саулаған нұрға басымды көтеріп қарап, құдайдың нұрын тамашалаймын.
Құдайдың күмбезден түсіріп тұрған арайын бағалап аз отырып қарамастан, бірден кіре салып тоңқайып жығылып жататындар құдай үшін бұл ісінің аса бір сүйікті емес екенін біле ме?
Мешіт – құдайдың үйі. Оның ең басты сыры, маңыздылығы – күмбезінде. Осы күмбезден күндіз саулаған арай-шуақ пен түнде саулаған айдың қою нұрын тамашалау, бақылау арқылы біз құдайға шынайы жақындаймыз. Сол үшін күмбездерге ай нышаны шаншылған.
Киіз үйлер де құдайдың үйі. «Мешіт – құдайдың үйі» деген әсілі қате аударма. Керісінше, құдайлық үй, құдайы үй деп ғибадат орнын меңзеп сөйлеген тиімді еді. Мешіт тек адамның үйі, адамның жаратушыға сиынатын құдайы ғибадат орны. Құдайда мекен жоқ, оны шығыста, батыста, көкте, жерде деп сипаттау құдайдың құдіретін кемсіту.
Сондықтан, мешітті құдайдың үйі деп, құдайға адамзаттық үй, мекен орнын таңып тастау жаңылыстан келіп шыққан мәселе. Киізүйдің шаңырағынан күндіз күн нұрын көруге, төбеге қарап асықпай бақылап жатуға, Тәңірі жайлы көбірек ойлануға болады. Түнде айдың нұрын көруге болады. Бірақ, ұйықтаған адамға, қозғалыссыз денеге айдың нұрының өз күші зиян салатындықтан ай нұры түсер сәтте шаңырақты бүркеп қоямыз түңлікпен, бірақ көбінде ашық тұрады, себебі ай әрбір үйдің шаңырағынан көрінбейді. Төбеден көрінетіні – жұлдыздар. Жұлдызды әлем – құдайдың құпиясы, құдайдың қақпасы. Мешіт пен киізүйдің құдайға қылар құлшылық орны ретінде мәртебесі біп-бірдей. Бұл киізүй – Адам атаның алғашқы дүние танымы бойынша жасалған. Әрбір адам өз үйін мешіт етіп кең далада көшіп жүрген, күндіз күмбез-шаңырақтағы тамшылап тұрған арайға, тіпті күнге, түнде жұлдызға қарап қолын мойынының астына қойып шалқалап жатқан адамға Тәңірі жақын болмай қоймайды, әрқашан құдайды еске алады.
Бүгінгі күні адамдар киізүйін сатып, құртып, оның есесіне бір жерге жиналып мешіт салып, көбі арай мен нұрдың, көкке қараудың құдіретін білмей, мешіттің қараңғылау, алакеуім жағына кіріп асығыс тоңқайып, көтеріліп бетін сыйпап орнынан тұрып кетеді. Сайпулла Моллақанағатұлының діни ізденісі бойынша, Пайғамбарымыздың өзі киіз үйде отырып, оңаша қалғанды ұнатқан. Киіз үйдің ішінде отырып жаратушыдан уахи (хабар) алған. Киіз үйдің ішінде отырып сахабаларымен кеңесіп, маңызды шешімдерді қабылдаған.
Хадистерде киіз үй «Құббатут түрки-Түрік күмбезі» деп аталады. Тіпті, әлем мешіттеріндегі күмбездердің қалыптасуында осы Киіз үйдің әсері, ықпалы байқалады. Қазақ фольклорында «Пайғамбар кірген қарақос…» деген жолдардың болуы тегін емес. Алланың елшісінің Құббатут түркиді (киіз үйді) мешіттің ішіне тіктірген кездері болған. Бұдан шығатыны құббатут түрки деп жүргені киізүйдің дәл өзі болмаса да, қос секілді киізүйдің кіші түрі есебіндегі көшпенділік үйі болуы ықтимал.
Шариғат бойынша айтар болсақ – Киізүй ішінде құлшылық жасау сүннет. Тіпті мешітке кіре берістегі оң жағына киіз үй, қос тігіп қою да сүннет болып шығады, әсіресе иғтикафка кіретіндер үшін өте ыңғайлы болады, оңашаланып, қылуетте құлшылықтарын жасап жатады. Тіпті Мемлекет басшылары Сауд-Арабиямен келісе отырып, Мәдина қаласындағы Пайғамбар мешітінің оң жағына әсем киіз үй тігіп қойса артықтық етпес! Маңдайшасына Құббатут түрки (Түрік күмбезі) хадисін хұсни хатпен жаздыртып қойса бүкіл әлем мұсылмандары ішіне кіріп, құлшылық жасап шығар еді әрі Қазақ халқы осыған себеп болғандығы үшін сауап ағылар еді бізге. Алла тағала сол күндерге жеткізгей!
Қазақ сөзінің қаздар сөзін, яғни ескі ұғымдағы аққуларды білдіретіні анық. Қазақ әскерлерінің ұран-шуы да «қиқу(ұйу) « деп аталады, аққудың көп болып жиналғандағы үндері де қиқу. Қазақтың тұңғыш анасы болып табылатын аққу бейнесінде келіп Қалша Қадір деп аталатын жаралы аңшыны құтқарып онымен некеленген перизат – Қазбике. Яғни, Қалша Қадір есімді бабамыздың алған жары – адамнан емес, періден.
Кейінгі тартхымызда Шыңғыс ханның әкесі Жасыбай (Ясукай) хан делінгенімен, шын мәнінде Шыңғыстың анасының шаңырақтан сәуле болып құйылып төсегіне кірген пері затты еркекпен байланысты. «Төрелер сағымнан, Қожалар нұрдан» деген сөз содан. Сағым ұялаған Шыңғыс қаған тұқымы мен нұр ұялаған Мұхаммет пайғамбар тұқымы. Оғыз қаған көгілдір сәулемен байланысты. Асан қайғының жары періден болған, одан Жаналы деген бала қалған. Баба түкті, шашты Әзіздің періден болған жарынан Едіге би туады. Ақан серінің ғашығы періден. «Қазақтың біраз ұлыларының тегі адамнан емес, періден» деп Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы да айтып кеткен. Исаның анасы Мәриям ана да күйеусіз-ақ, сындай жұмбақ нұрдан ұрпақты болады. Еврейлер бұл іс турасында екі түрлі шатасты. Әуелі, Исаны «некесіз, шата» деп Мәриямға жала жапса, кейінгі кездері «Иса – құдайдың баласы» деп әсірелеп былықтырып жүр. Пері деген қауым – аспаннан. Олар жын-шайтан емес, періште емес.
Бұларды Құдай өзі ерекше ұнатқан адамзаттың тұлғаларына жар ретінде жіберіп одан ерекше ұрпақ шығарып адамзат дүниесін ретке салып отырған. Бір қызығы барлық деректе адамзатқа жіберілген пері жұбай серігінің жанында өмір бойы тұрмаған, белгілі жылдардан соң, бір нәрсені себеп қылып айырылысып, ұрпағын қолына ұстатып көкке аққу бейнесінде ұшып кетіп отырған. Бұдан перінің жіберілуінің ең басты миссиясы ұрпақ табыстау екені белгілі болады. Құрандағы «көктегілер мен жердегілер» деп әртүрлі адам текті өркениеттерді меңзейді. Перілер көбінде нұр-сәуле бейнесінде айқын. Ал, Қазбикенің жұбайы болған Қалша Қадір бабамызбың есіміне үңілсек, Қадір сөзі Араб-Парсы тілінен. Мұны демек кейінгі шежіреге өзгеріс енгізуге талпынған қожалар қосқан. Бабамыздың аты – Қалша. Ескі уақыттағы Құйғыр, Қаған сөздері Ұйғыр, Хан болып, Араб-Парсы тілінің Ғали, Ғалқлия сөздерін Әли, Ақыл деп ғ, қ әріптерін түсіріп қабылдағанымыздай тілдің өзгеріс кезеңдерінде біз Қалша сөзін Алша, Алшын, Алаш деген өзгерістерге апарған болуымыз мүмкін. Осы үрдіспен қарасақ Қалша баба Алшы баба, Алша баба, Алшын баба болып айтылады. Қазіргі Алаш сөзінің көпшесі де Алшын болады. Кіші Жүздің ортақ атпен Алшын аталатыны, оның ішінде Алаша руының болуы, тарихтағы Алшы Татарлар… Санай берсеңіз бұлар Қалша бабадан шығады. Қазақ аңызында түп бабамыз Қалша деп айтады да, шежіреде түп бабамыз – Алаш деп жазылады.
Алаштан Жайылхан туады, одан Жанарыс туады деп мен өзімнің рулық шежіремді тарата алам. Оңтүстік Қазақстан өңірінде Алаша баб деген дін таратушы өткен. Ұлытауда Алаша хан кесенесі бар. Оғыз ханның жерленген жері де Орта Азия. Демек, Ұлытаудағы Алаша хан кесенесінің астына байырғы уақытта «Алаш, Алаш болғанда, Алаша хан болғанда» деп айтылатын ескі жырдағы Алаша бабамыз жерленген болуы екіталай. Керісінше, Жошы Дешті-Қыпшақтың ұлы билеушісі бол-ған кезінде Ұлытауға осы кесенені салдырған. Кесене – ол заманда мола рөлін ғана емес, ескерткіш рөлін де атқаратын. Жошы заманының өзінде Алаша ханның сүйегін табу мүмкін емес болған. Бұл осы Жошыдан бұрынғы бүкіл Дешті-Қыпшақ жұрты пір тұтқан ұлы билеуші Алашаның адамдар көңіліндегі жоғары орнының болуына сай, Жошы оның кесенесін Ұлытауда салу арқылы Ұлытауды мемлекетің рухани орталығы еткен. Өзі де кейін сол жерде жерленді. Жошы өзіне қарасты рулардың таңбасын Ұлытауда тасқа қашап салдырған. Ұлытаудың ұлы атануы, Дешті-Қыпшақ даласының рухани астанасы болуы Жошының кезінен басталмаса керек. Шыныменде, аты аңызға айналған айгілі Алаша хан да Ұлытауды рухани орталық ретінде қараған болуы мүмкін. Сол үрдіс жалғасып бүгінге жетсе керек.
Қазақ аңызы бойынша киізүйді ең алғаш жасап пайдалануға берген адам осы Алаша. Киізүйдің ішіндегі тоқымалар да Алаша атанып өз қалпын сақтап келеді.
«Алаш, Алаш болғанда,
Ала тай ат болғанда,
Таңбасыз тай, енсіз қой болғанда,
Алаша хан болғанда,
Керегеміз – ағаш,
Ұранымыз –Алаш,
Киіз туырлықты,
Ағаш уықты Алашпыз!» деп киізүй алғаш жасалғанда, сол кездегі түркінің ұлыстары киізүйден енші алып, оны кейбірі руының аты етіп кейбірі руының таңбасы етіп, жан-жаққа тарап өсіп өнді. Өздерін «Көк Түрікпіз» дейтін Алтай тауы мен қазіргі Моңғол үстіртін мекендеген ежелгі Түріктердің «көк» сөзін құдайы баламадан тыс, нәсілдік ерекшелік үшін айтуы да мүмкін. Қытайдағы көшпенді Шүршіт (Манжу) тайпалары құрған соңғы патшалық Цин империяның өз атауы – Чиң. Бұл – көк деген мағынаны береді. Бұл көк түсті де, Құдайы нанымды да қатар білдіретін сөз. Мысалы, Чиңхай көлі дегендегі, Чиңхай сөзі – Көктің көлі деп те, Көккөл деп те аударылады. Бұлардың бәрінің көк түсті мақтан етуі, бүгінгі Түркі халықтары мен Моңғолдардың туғанда денелерінде кездесетін көк таңбаны ұлттық, нәсілдік ерекше белгі ретінде қарастыруы бұл заманда жойылып кеткен, аздап дақтары ғана кездесетін көк нәсілділердің болғанын айғақтайды. Бұл көк нәсілділерден шыққан ұлттардың ежелгі заманнан бері «Көк» сөзін аспанға көтеріп нәсихаттауы олардың да бүгінгі ақ нәсілділер сияқты өз нәсілділеріне болған сүйіспеншілігн жасырмай бейнелеуін, мақтан көруін ұғындырғандай. Олардың «Көктің ұлдары, ұрпақтарымыз» деуі, түсі көк болды келетін көк бөріні, көк бұқаны, көк өгізді, көкбозатты, көкқасқа тайды, көк қошқарды, көк ешкінің сүті мен көк сиырдың сүтін айрықша қастерлеуі ескі нәсілдеріне деген ұлы құрметтері мен махаббаттарын әйгілейді. Өмірдегі маңызды қадамдарда көкқасқа тай сойу дәстүрінің өзі, өздерінің де денесіндегі «көк қасқаланған» белгімен үйлесімді етіп алынған салт жорасы.
Тұтас денесін көгілдір тері жапқан көк нәсілді адамдар Шығыс Азиялықтардың ішінде бұл заманда көп болмаса да, аз мөлшерде бар. Бүгінгі күннің өзінде, Шығыс, Орта, Солтүстік Азия Түркілері мен Америка үндістері мұны «Түркі таңбасы» деп әспеттесе, Моңғол-Тұңғыс тектілер «Моңғол дағы» немесе «Моңғол қалы» деп мақтан тұтады.
Мен сіздерге көрсетіп отырған көк дақты біз Шығыс Азия, Орта Азия, Солтүстік Азия, Оңтүстік-Шығыс Азия, Океанияның кейбір тұрғындары мен Қос Америка құрлығындағы Үндістердің жаңа туған балаларының денесінен кезіктіре аламыз. Олардың белгілі қалыптағы пішіні жоқ, сан қилы бейнеде келеді. Әрі бұл таңбалардың көлемі үнемі кішкене бола бермейді, кейбір баланың тұтас денесіне дейін жайылып тұратыны кездеседі. Бұл көк таңбаларды бұдан тыс, Шығыс Африка өңірінің адамдарынан да табуға болады. Еуропалықтардың балаларында мұндай белгі бола ма? Әдетте, Еуропалық нәсілдер ақ нәсіл болып табылатындықтан, олардың денесінде көк таңба болғанның өзінде де көзге көрінуі қиын, сондықтан бұл таңба адамның терісі сары, қоңырға жақын болған сайын анық көрінеді. Егер Еуралық адамның денесінде мұндай көк таңба болған болып, бірақ нәсілінің ақ болғаны себепті көзге анық көрінбесе, онда бұл адам сары нәсілді адамдармен үйленсе, баласының терісі сары нәсілге бейім болып туылса, сол кезде бұл таңба балада болады. Бұл таңба әке жағынан да, ана жағынан да тарайды. Кейбір баланың көк дағы уақыт өте келе, әсіресе жыныстық жетілу кезеңінде, терінің өзгеріске түсуіне байланысты жоғалып кетіп жатады. 3-5 жас аралығындағы балаларда көк дақтары тіпті айқындалып көрініп жатады. Бұл дақтар қанық көк және көгеріңгі түрде екі түспен көзге шалынады. Көк қалды тұқым қуалайтын тері ауру ретінде қарап емдеу көзқарасы да кездеседі. Өйткені, бала терісінің бір тұтас реңде сымбатты болып өсуі үшін кейбір ата-аналар мұны жоғалту үшін танымал шипагердің көмегіне жүгініп жатады. Шығыс Азиядағы кейбір жастар осы көк қалдарын жасыру үшін, денесінің қай бөлімінде көк қал болса, сол көк қалды жасырып тұратын тері өрнектерін салдырып алады. Атақты Алаша(Қалша) ханның осындай көк теңбілі(қалы) көбірек болғандықтан Алаша(Қалша) хан аталған.

Түркі ұлыстары киізүйден қалай еншң алды?
Алаша хан жасаған иізүйдің босағасын қоңырат еншіге алды. Киізүйдің шаңырағын тік көтеретін айыр бақанды найман мен жалайыр, тарақты мен табын еншіге алды.
Киізүйді жауып тұрған Үзіктің түп айтылуы «иүзік» дер болсақ, бұл кейін өздерін «жүзге, жүздіктерге» бөлетін әкімшілік және әскери тәртіптің Алаша ханнан бері бастау алатынын білеміз. Киізүйдің үзігіне жүз руы мен алшын(12 ата байұлы) ие болса, ошағына ошақты, ошақтың отын көсеуге әлімдер ие болған. Киізүй Азия түркілерінде ғана бар, Америка құрлығына өткен Түркі тектестерде жоқ. Киізүйдің нақты қай кезеңде пайда болғанын зерттеу сол үшін қиын болмайды. Қалша сөзінің мағынасы «қалды адам, қалы бар адам» деген сөз. Қал – мең емес, терінің үлкен көлеміне жайылған қара, көк, қызғылт дақ. Ал, біздің халық ішінде сақталған ұғым бойынша, «Алаша ханның бүкіл терісі ала-ала болған екен» деп айтылады. Осы жерде Алаша мен Қалша сөзі бір адамның аты болып шыға келді. Біздің құйрығымызда көкпеңбек дақтың болғаны, көптеген шығыс және солтүстік, орта азиялықтарда көк қал, көк дақтың денесінің әр жерінде молынан ұшырайтынын ескерсек, Алаша хан – денесін көк дақ басқан адам. Мұны алапес ауруымен байланыстыру қисынсыз. Ұлытау – ерекше биік ұлы тауға жатпайды. Қарапайым таудың ұлы атануы ұлы бабамыздың мәңгілік демалған орны болғанымен қатысты. Жошыны ұлы бабаның жанына жерлеу жосыны – Жошы әулеттерінің Алаша ханды түп баба, түп тірек ретінде ұстанғанын білдіреді.

Алты Алаш деген кімдер?
Алаша хан болғанда, Алаш,Алаш болғанда алты бөлікке бөлінген екенбіз деген ұғымның жетегінде көшпенділер ішінде әр кезеңде Алты Алаш одағы ұйымдастырылып отырды. 13ғасырда Қазақстанның солтүстік бөлігінде Найман, Қыпшақ,Қоңырат,Жалайыр,Алшын, Қаракесек қатарлы алты ру Алты Алаш одағын құрған. Тәуке ханның тұсында Үш Жүзді Қазақ, Қарақалпақ, Қырғыз, Маңғытты негіз еткен Құрамалар болып Алты Алаш одағын құрған. Бұл одақтарға дейін де сан түрлі тайпалар ескі ұғымдағы Алты Алаш сөзін пайдаланып ұқсамаған Алты Алаш одағын құрып отырды. Алты Алаш атауынан тыс, Жеті Алаш ұғымы да кездеседі. Ноғайлы (Ноғай-Эл) заманынан жеткен ескі жырдың нұсқаларында «Жеті Алаш» деп көп айтылады. Ендеше, бұрын ноғаймен іргеміз бөлінбей, қазақ пен ноғай жылап айырылыспай тұрғанда, ортаға қалмақ түспей тұрғанда жеті елден құралған Жеті Алаш болсақ, қазір алтауға түсіп қалыпты санымыз. Ендеше, Алаштықтарға тән үш ортақ қасиет қайсы? Жеті Алашқа тән жеті ел қайсысы?
Алаштықтарға тән үш қасиет:
1. Тілінің өте жақындығы, тілмашсыз еркін тіл алмасуы.
2. Киім-кешек мәдениетінің көп түрлерінің ортақтығы.
3. Жеті елдің ішкі құрамын қыпшақ, керей, найман, маңғыт, қоңырат сынды жетеуіне де ортақ рулардың құрауы.
Алаштықтардың «жеті ел аттап қыз ал» деген өсиет сөзі жастардың некесі арқылы жеті алаштың қан алмасып, тілі мен киім-кешек мәдениетін жағынан жақындата түскен.
Жеті Алашқа тән болуы мүмкін жеті ел:
1. Қазақ (Қарақалпақ тайпасы ішінде)
2. Ноғай(Қырымдықтар ішінде)
3. Қырғыз
4. Көшпелі Өзбек
5. Татар(Қазіргі татар ұлтын емес, Сібір татарлары)
6.Естек (башқұрттар мен бұлғар-татарлар)
7. Көнгерей немесе Ұрым
Жеті Алаштың Алты Алашқа қысқарып қалуына түрткі болған жағдай, көнгерей атанған Алтай алаштарының ойраттанып бөлек мәдениет қабылдай бастауы немесе Ұрым атанған Оңтүстік-Шығыс Еуропа алаштарының бізден жырақ қалып бөлек мәдениет қабылдай бастауынан. Кіші Жүз Алшын одағының өз ішінен «үш жүзге» бөлінгенін байқаймыз. Үш Алшын – Байұлы, Әлімұлы, Жетіру(кейін қосылған). Алаш атауын сақтаған, ескі Алаштың қара шаңырағын осы Алшындар дейтін болсақ, ең алғашқы үш жүзге бөліну де осы топтың ішінде сақталған. Ал, кейінгі үш жүзіміз осы Алшын ішінде сақталған ескілікті жүзге бөліну тәртібін кеңейту болып ғана табылады. Алаша руы – Алаша ханның өз әулетінің адамдары. Алаша руы өз ішінен Алтыбас, Тоқбас, Сары, Құблай, Барамық, Қоңырбөрік секілді алты атаға бөлінеді. Мұндағы алты атаға бөліну және Алтыбас деген ру атынан-ақ көп нәрсе аңғаруға болады. Алтауына бас болғаны Алтыбас. Алаша хан осы атадан болуы мүмкін. Саян тауында Алаша өзені бар. Ең алғашқы киізүйді пайдалануға берген Алаша хан.
Ендеше, киіз үйдегі үзік, алаша сөздерінің бүгінге жеткен мәнін айтып бердік. Туырлықты қараңыз, дулыға сөзі мен Түрік сөзінің мәні бір екенін тарихшылар дәлелдеген. Киізүйдің туырлығына түрік пен дулат ие болған. Туырлық киіз үйдің бас жағын толық қымтап жаба алады. Дулыға да адамның бас жағын толық қымтап жаба алады. Киізүйдің ұшына шаңырақ орнатылады, дудығаның ұшына айдар шашақ немесе жебе ұшы қондырылады. Шаңырақты ашамайлы еншіге алды. Ашамайлы дегенге бүгінгі ашамайлы керей мен қият, жәнтелі уақ атанған еренші, шоға, сарман, байназар рулары мен кете, телеу, төртқара рулары кіреді. Қазақта «белін бекем буу» ұғымы толық бекіну, дайындалуды білдіреді. «Белді ру, белді адам» сөзі ең негізгі деген мағынада.
Киізүйдің ең негізгі тағаны – белдік деп аталады. Киізүйдің уығын білеміз. Уық – қаумаласып күмбез бейне жасап тұрған иінді ағаштар. Уықты абақ(ибақ, имақ, қимақ) пен уақ, сары-үйсін еншіге алды. Қазақтың Абақ және Уақ руының аты да, заты да бір. Абақ сөзі – қақпанды, қаумалап аң қууды, шырғаға түсіруді, жиналып үйысуды білдіреді. Уықтың киізүй құрлысындағы орны да осындай. Уық Уақ сөзі, Уақ пен Абақ сөзі, Уық пен Ұйық сөзі бір сөз. Торғауыттың Абақ Керейлері өздерін Бақ Керей деседі. Уақты, Керейді, Кіші Жүз Алшынды айтып өттік. Киізүйдің әр атауы талай рудың есіміне айналған. Біз мұны талдап зерттеу арқылы Алаша хан тұсында қандай рулық тараулар болғанын біле аламыз. Киізүйдің ішін еншіге алғандар үйсін атанды. Киізүйдің моржасына ие болғандар қыпшақ атанды.
Киізүйдің Қасын білеміз. Хакастағы Қас руы, бүгінгі Қазақ сөзінің түбіріндегі Қаз, Қас, Аққас руы, Қарақас руы, Қасқай тайпасы, маңдайда ағы бар қасқа ат бәрі бір тектен өз атауын алады. Киізүйдің қасына қастар(қарақас, аққас, хакас, қасқай) ие болған. Керегенің сағасы мен Сағай руын, Сақаларды қарап көрейік. Киізүйдің керегесінің сағасына сағайлар(сақа, якут) ие болған. Сақа сөзінің әбден ысылған ақсақалдық бейнесін қарасақ және Ақсақал сөзіндегі ақ сөзін ала тұрсақ, Сақал сөзі шығады. Бұл сақа, сақал, саға сөздері үлкен жақтан ысылған, іскер, көпті көрген, жоғары тұрған деген мағынаға ұйысады. Киізүйдің алашаларына алаша ие болса, бас-құрына башқұрт ие болады. Басқұр сөзін негіз етіп бір ру тараған болса ол бүгінгі Башқұрттардың ата-бабасының ең ескі Алты Алаштың ішінде болғанынан дерек береді. Кереге сөзі кере-кере сөзінің ықшамдалуы. Киізүйдің керегесіне керей, кердері ие болған. Крест таңбасын бүгінгі қазақ ашамай деп атағанымен, ескі қазақ кере дейді.
Күлдіреуіш – шаңырақтағы жіңішке шабақтар. Күлдір Мамай, Құлдыр Мамай сөзі найзағайды білдіреді. Құлдыр Мамай дейтін қару түрі де болған. Көкте жасын шартылдаса соны көретін, хабар алатын шаңырақтың тесігі Күлдіреуіш аталмай қайтсын?! Үйдің ағаштарын «сүйек» дейді, түрлі үлкен байлауларын «бау» дейді. Киізүйдің сүйегі ру атауы ретінде(тываларда соян, түріктерде сой) қолданылса, бауы ұлыс атауы ретінде қолданылды. Руын сұрағанда алаш «сүйегің қай ел?» деп сұрайтын болды.
Тоқсан екі баулы тайпа, сүйегің не дегенсөздің бәрі ру текті білдіреді. Киізүйдің бауларына сәйкес, «92 баулы қыпшақ»,» 62 баулы қоңыр», «12 баулы абақ керей»,» тоғыз баулы торғауыт», «он баулы ноғай»,» 12 баулы байұлы»дейтін болды. Сықырлауық – ағаш есік. Ышқыну – іштен қатты дыбыс шығару. Іш – іші. Оғыздар Сыртқы Оғыз және Ішкі Оғыз болып бөлінді. Ішкі Оғыз сөзіндегі Ішкі сөзін Геродот Скиф деп алды. Сық – ышық,ішкі дейтін болсақ, сықырлауық ішке кіретін жол, есік. Мұны есіктің ашылып жабылғандағы сықырлауынан тыс осылай айтуға болады. Киізүйдің есігінің сыртына қойылатын ергеншекке ергенекті ие болды. Ергенекті дегенге ергенекті уақ атанған бидалы, жансары, баржақсы, шәйгөз рулары мен ергенекті найман атанған сарыжомарт, көкжарлы, бура рулары кіреді. Киізүйдің ораға деп аталатын ағаштан жасалатын қарабайыр түрін еншіге алған ру — ұраңқай.
Ораға – Якуттардың күмбез бейнелі ағаш үйі. Ұраңқай делінетін үй түрі – уықтардың басын қосып сыртын жаба салатын қостың түрі. Яғни, Ұраңқай елі осы үйлеріне байланысты осылай атанып кеткен. Якуттар да бір кезде олардың арасынан көшкен. Қаңқа – киізүйдің сүйегі. Сүйек те, қаңқа да ең ескі атаулар. Киізүйдің қаңқасын еншіге алғандар қаңлы атанды. Қаңлы руы ертеде Қаңға, Қаңғалы деп аталғанын білеміз. Қытайлар Қаңлыдарда Қаңға деп аталатын ерекше арба түрі болғанын айтады. Яғни, Қаңлылар арбалы киізүй пайдаланған болуы мүмкін. Арбалы киізүйлер осы заманда да бар.

Әзірше ешқандай пікір жоқ.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз.

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *