ҰСТАЗЫ ЖАҚСЫНЫҢ ҰСТАМЫ ЖАҚСЫ
18.08.2021 0 1 471
Жанат Тәжиева,
Шымкент қалалық Білім басқармасының бастығы
Шымкент қаласының мегаполис мәртебесіне ие болғанына биыл үшінші жыл.
Мегаполис атанған 2018 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы мен Шымкент қаласының әкімдері Жансейіт Түймебаев пен Нұрлан Сауранбаев шымкенттіктерге арнаған үндеуінде: «Шымкент қаласы Қазақстанның үшінші мегаполисі атанды. Сіздерді осынау тарихи маңызды оқиғамен құттықтаймыз!
Жуырда Мемлекет басшысы өз сөзінде «Қазақстан агломерацияны дамыту стратегиясын жүзеге асыруды бастады. Егер бізде бұған дейін миллион тұрғыны бар тек Алматы қаласы болса, қазір үш мегаполисіміз бар – Алматы, Астана және Шымкент қалалары.
Миллионды қала – бұл әрдайым жаңа идеялар, жобалар мен жоспарлар, ауқымды инвестициялар. Барлығы қаланың дамуына жаңа серпін береді. Шымкент бұл мәртебелі деңгейге ғасырлар бойы жетті.
Бізді алда үлкен өзгерістер күтіп тұр. Ең бастысы — бұл жаңалық Шымкент қаласын одан әрі дамытуға жаңа мүмкіндіктер туғызып, әрбір қалалықтың өміріне жаңа серпін береді, оң әсерін тигізеді деп сенеміз. Бұл – сонымен қатар, біз үшін асқан жауапкершілік.
Астанада өткен «Болашақ» халықаралық стипендиясының ме-
рейтойлы форумында Елбасы болашақ миллионды-қалалардың қолында деген болатын. Мемлекет басшысы мұндай қалалар тұрғындар үшін қолайлы, қауіпсіз, тұрғын үй-коммуналды шаруашылығы жаңартылған және мәдениеті жоғары болуы тиіс деп көрсетті.
Шымкент сондай қалаға айналады деп сенеміз. Себебі біздің қаламызда қонақжай, қайырымды, ең бастысы, еңбекқор халық тұрады. Біз бәріміз бірге Шымкентті Елбасы күткендей «ақылды», «жасыл» әрі қауіпсіз қалаға айналдырамыз деп сенеміз. Шымкент жаңа идеялар халқымыздың дәстүрімен қатар дамып, өткенін ұмытпайтын, сонымен қоса жаңа технологияларға ұмтылатын тұрғындар қаласына айналады» деген болатын.
Елімізде 1991 жылдан бастап мемлекеттік саясат білім беру саласындағы білім беру жүйесін сапалық жағынан жақсарту мақ
сатына ден қойды. Осы аралықта білім беруді басқару мен қаржыландырудың құқықтық-заң-намалық базасы қалыптасты.
Сонымен қатар, Тәуелсіздік алған жылдардан бастап-ақ бәсекеге қабілетті болуды басты ұстаным ете отырып, бірнеше оңтайлы реформалар қабылданды.
Нәтижесінде, еліміздің білім беру саласы көптеген жетістіктерге қол жеткізіп отыр.
Бүгінгі таңда Шымкент қаласында 785 білім беру мекемелерінде 350 мыңнан астам балалар тәрбиеленіп, білім алуда.
Ал салаға бөлінген қаржы көлемі 2000 жылға дейін 300 млн.теңге болса, бүгінде 135 млрд. теңгегежетті.
Педагогтардың орташа айлық жалақысының көлемі соңғы 5 жылда 3 есе өсіп — айына орта есеппен 185 000 теңгені құрады.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары қаламыздағы балабақшалар саны небәры 129-ды (29 мың бала) құраса, қазіргі таңда демографиялық және миграциялық өсімге сәйкес, бұл көрсеткіш 37 125 орынға толығып, 397-ге артқан. Оның ішінде осы жылдары мемлекет есебінен 31 балабақша салынған.
Қазіргі таңда, қаладағы 526 мектепке дейінгі мекемелерде 67 422 бала қамтылған.Оның ішінде 1-6 жас аралығындағы балаларды қамту үлесі – 92,2%-ға, ал 3-6 жас аралығында– 100%-ға жетті.
Сонымен қатар, 30 жылда 79 385 орынға 121 мектеп салынды. Үкіметтің «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы және арнайы түзілген «Жол картасы» аясында заманауи үлгідегі білім ошақтары бой көтеріп, үш ауысымда, апатты жағдайда және ыңғайластырылған мектеп ғимараттары типтік үлгідегі ғимараттарға көшірілді.
Осы жылдары дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын, Назарбаев Зияткерлік мектептерінің желісі құрылып, оқушылар түрлі , әлемдік, халықаралық зерттеулерге қатысып, білімдерін жетілдірді.
Нәтижесінде, 2000 жылдары мектеп саны 72-ні (69 мың бала) құраса, бүгінгі таңда 203 мектепте 233 879 оқушы білім алуда.
Білім беру ұйымдарының 85%-на күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Ағымдағы жылы 18 732 орынға арналған 32 мектеп құрылысы жүргізіліп, жыл соңында 12 714 орынға арналған 23 мектеп (мемлекет 4, жекеменшік 19) пайдалануға тапсырылады.
Нәтижесінде, апатты мектеп мәселесі толығымен жойылып, үш ауысымды мектептер саны 14-тен 9-ға, мектебі жоқ елді мекендер 13-тен 7-ге, оқушы толымдылығы артық 21-мектеп 11-ге азаяды. Одан бөлек 4 мекемекүрделі жөндеуденөтуде.
Сонымен қатар, мектепттердің материалдық-техникалық базасын
жаңартып, оқушылардың қауіп-сіздігін қамтамасыз ету мақсатында мектептерге қосымша соңғы үлгідегі бейне бақылау камералары және турникет, дабыл батырмалары 100% орнатылып, 28 мектепке типтік үлгідегі спорт алаңшалары орнатылуда.
2007-2010 жылдары мектептерде пән кабинеттері оның ішінде: химия, биология, физика, информатика пәндерінің кабинеттері жаңа үлгіде жабдықтала бастады. Осы кабинеттер оқу бағдарламаларына сәйкес оқытуға да және оқуға да ыңғайлы дидактикалық материалдар және көрнекіліктер қорымен толықтырылды.
Ағымдағы жылдың өзінде қала мектептеріне 50 физика, 95 химия, 82 биология, 13 STEM, 23 робототехника кабинеттерін сатып алынды.
Осы уақытқа дейін өзекті мәселе болып келген 36 мектепке ішкі әжетханалар орнату, білім
ұйымдарының ауласын жарық-тандыру жұмыстары 2020 жылы толығымен шешімін тапқан.
2020 жылдың өзінде Үкімет қоры және жергілікті бюджет есебінен 47 330 (о.і. үкімет қоры-31 160, ЖБ-16 170) дана компьютер алынып, жалпы саны — 56 556-ға жетті. Нәтижесінде, жыл басында бір компьютерге келетін оқушы саны 27-ні құраса, бүгінде бұл көрсеткіш 4-ке дейін төмендеген.
Орта білім беру бағытында 2003-2004 оқу жылында Ұлттық бірыңғай тестілеу енгізілді. Яғни, мектеп бітіруші түлек ҰБТ нәтижесі бойынша мектеп аттестатын алады және ЖОО-ға түседі.
2016 жылдан бастап білім беру жүйесі жаңартылған білім беру мазмұнына көшті.
Білім беру реформаларының не-гізгі мақсаты – білім беру жүйесін жаңа экономикалық ортаға бейімдеу. Бұл тұрғыда Елбасы Н.Ә.Назарбаев еліміздің әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылуы туралы міндетін қойды. Білім беру жүйесін жетілдіру осы мақсатқа қол жеткізуде маңызды роль атқарды.
Қазіргі таңда білім беру меке-
мелеріндегі барлық пән мұға-лімдері жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымын, ондағы материалдардың күрде-лілігінің өсу ретін, мазмұнын және мақсаттарын біледі және түсінеді, пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасына сәй-
кес келетін педагогикалық тәсіл-
дерді, оқу материалдарын қол-дана отырып, жаңартылған білім беру бағдарламасындағы оқу мақсаттарына қол жеткізу мақсатында критериалды бағалау жүйесін және орта білім мазмұнын жаңарту аясында «Назарбаев зияткерлік мектебі» дербес білім беру ұйымының «Педагогикалық шеберлік орталығы» және «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» базасында біліктіліктерін жетілдірген, пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыру үшін қажетті біліктері мен дағдылары қалыптасқан.
Бүгінгі күні қоғамда мұғалім мәртебесі туралы әртүрлі пікірлер қалыптасып отыр. Дегенмен де, білім мазмұнының өзгеруіне байланысты, мұғалімге деген көзқарас та, талап та өзгеруде. Осы жерде Қазақстанның жоғары оқу орындарын бітіруші түлектерінің басым көпшілігі педагогтер екенін айтуға болады. Бұл дегеніміз педагог мамандығының қоғам дамуы үшін аса қажеттілігінің, зор маңыздылығының көрсеткіші, себебі егер бұл мамандыққа қоғам тарапынан сұраныс болмаса, мұндай көп мамандарды даярлау кажеттілігі де туындамаушы еді. Оның үстіне, қазіргі үздіксіз білім беру жүйесінің дамуына байланысты сапалық деңгейлері жоғары, кәсіби кұзіретті мұғалімдерге деген сұраныс жыл сайын күшейе түсуде. Себебі мұғалім – елдің болашағын көркейтіп, рухын биікке көтеретін, жас ұрпақты тәрбиелейтін жауапкершілігі мол киелі мамандық екенін жалпы қоғам мойындап отыр.
Техникалық және кәсіптік білім беру бағыты
Бүгінгі таңда Шымкент қаласында техникалық және кәсіптік білім беру 32 колледжде іске асырылуда. Оның ішінде 11 мемлекеттік, 19 жекеменшік. Студенттер саны – 27 046 (мемл. – 14 031, жекем. – 13 015).
2012 жылдан бастап колледждерде техникалық, технологиялық және ауылшаруашылық салаларында дуальды оқыту жүйесі енгізілді.
Қаладағы колледждерде мемле-кеттік білім беру тапсырысы бойынша 11 412 студент білім алуда. Оның ішінде 2021 жылы дуальды оқытумен қамтылғандары 1 290 (11,3%) құрайды. Дуалды оқытуды дамыту мақсатында 96 әлеуметтік серіктестермен 1 201 келісім-шарт түзіліп, дуалды жүйемен білім алған мерзімі еңбек өтілі ретінде есептелінетін болды.
2017 жылдан бастап алғашқы жұмысшы мамандығын тегін алу мүмкіндігі заңдастырылды. Нәти-жесінде, жыл сайынғы бөлінетін мемлекеттік тапсырыстың кемінде 50 пайызға жуығы жұмысшы мамандықтарды дайындауға қарас-тырылуда.
2017-2018 оқу жылынан бастап оқу процесіне модульдік-құзыреттілік тәсіліне негізделген бағдарламалар енгізіле бастады.
2020 жылы»Жас маман» жобасы аясында 2 мемлекеттік колледжді жабдықтауға – 646 624,0 млн. теңге қаржы қаралып, жеткізу жұмыстары толығымен аяқталды. Нәтижесінде, 2020 жылы бөлінген қаржы есебінен «Жас маман» жобасы шеңберінде 4 құзыреттілік орталық ашылды.
Сонымен қатар, «Жас маман» жобасы шеңберінде шетелдік әріптестің дайындаған білім беру бағдарламаларының негізінде 13 мамандық бойынша жұмыстық оқу жоспарлары бекітіліп, жаңа оқу жылынан енгізіледі.
2021 жылға 5 колледжді жаб-дықтау үшін РБ 1 557,992 млн.тг. қаржы қаралды. Бүгінгі таңда орнату жұмыстары жүргізілуде.
Нәтижесінде, 2021-2022 оқу жылында 13 мамандық бойынша құзыреттілік орталықтар құрылатын болады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша
ҚР Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жыл-
дарға арналған сыбайлас жем-қорлыққа қарсы стратегиясы туралы» №986 Жарлығының негізінде білім басқармасының 2021 жылғы 11 қаңтардағы №11 бұйрығымен іс-шаралар жоспары бекітіліп, жүйелі жұмыстар атқарылуда.
Сонымен қатар, «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдар-ламасы шеңберінде 32 мемлекеттік көрсетілетін қызмет (100%)автоматтандырылған.
Сонымен қатар, білім саласында емтихан (олимпиада) тапсырудың онлайн формасы енгізіліп, ем-тихандар мен олимпиадалар «Ogylyg.kz» ақпараттық жүйесі арқылы өткізілуде.
Одан бөлек, бюджеттің ашық-тығын қалыптастыру мақсатында «Ашық бухгалтерия» жүйесіне көшу үшін пилоттық жоба ретінде басқармаға қарасты 10 мекемеге (5 мектеп, 5 колледж) енгізу жұмыстары басталды.
Білім беру саласындағы арыз-
шағымдар санын азайту мақ-сатында Шымкент қаласының білім басқармасының «WhatsApp», «Facebook» әлеуметтік желілері және басқарманың «Cаll орталық» телефондары арқылы қала тұрғындарымен байланыс орнатылды.
Мемлекеттік органдардың ашық-тығы, қол жетімділігіН арттыру мақсатында білім ұйымдарында «Open Ѕрасе» форматы кабинеттер ашылған.
Одан бөлек, «Адалдық алаңы» жобасы аясында мектеп директорлары кабинеттерін сыныптарға тапсырып, кабинеттері (шағын алаңымен) бірінші қабатқа орналастырылды.
Мұғалімдерді жұмысқа орналас-тырудың автоматтандырылған «HR-
Process» жүйесі іске қосылып, бүгінгі күнге дейін 872 бос жұмыс орны жарияланып, жұмысқа қабылданған 535 педагогтың 225-і үздік дипломмен, 201-і магистр, 32-і шет елдерде білім алған сапалы кадрлар іріктелуде.
ҚР Білім және ғылым минис-трлігінің басшылығымен жаңа 2021-2022 оқу жылын төмендегі ерекшеліктермен бастау жос-парланып отыр:
Білім беру мазмұны:
Білім алушылардың жүктемесін азайту/педагогтердің жүктемесін 18-ден 16 сағатқа қысқарту.
«Әліппе/Ана тілі», «Сауаттылыққа оқыту», «Цифрлық сауаттылық» енгізу (1-сынып).
5-11 сыныптарға «Жаһандық құзыреттер» жаңа курсын құру:
6 сыныптарға – «Домбыра» (кезең-кезеңмен, қазақ тілінде оқыту)
Дене шынықтыру бағдар-ламаларына шахмат, Тоғызқұмалақ, үстел теннисін енгізу;
— Мектепті басқару:
— Директорларды ротациялау.
— Педагогтарды тарификациялау тәртібі.
— Жан басына қаржыландыруды жалғастыру.
— Педагогтерді жұмысқа қабылдау ережелері бекітіледі.
— «Мектеп-ата-ана» қарым-қаты-насының жаңа форматы (мектеп басшысы оқушыларды қарсы алады және кіре берісте шығарып салады)
Оқыту процесі:
Цифрлық платформаларды пай-далану,
Жазғы мектеп жұмысын жүйеге ендіру
— Дене дамуының мониторингі, мамандандырылған медициналық топтардың бағдарламаларын қа-растыру.
— Бастауыш сынып мұғалімдерінің пәндерді жүргізу мүмкіндіктерін арттыру.
— Кәсіптік бағдар беру жұмысы.
— Тәрбие жұмысы:
— Дебат қозғалысы, өзін-өзі басқару жобаларын жүзеге асыру, «Оқуға құштар мектеп» жобасымен жұмыстарды ұйымдастыру.
— Ұлттық құндылықтар негізіндегі жеке қарым-қатынастар (сәлемдесу, үндеу, қоңырау шалу).
— Инклюзивті орта мәде-ниетінқалыптастыру.
— Мектеп түлектерін мектептегі меценаттық қызмет кетарту.
— Күн сайын 20 минуттық кітап оқу.
Француз педагогі Жубердің «Оқыту деген екі есе оқу» деген қағидасын есепке алар болсақ, мұғалімнің қазіргі қоғамдағы мәртебесінің бір көрсеткіші – «Өрлеу» БАҰО» АҚ іске асырып отырған педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру жұмысы арқылы айқындалуы қажет. Себебі, «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңында (2019 ж.) педагог «өзінің кәсіптік шеберлігін, зерттеу, зияткерлік және шығармашылық деңгейін үздіксіз жетілдіруге…» міндетті екендігі айтыла отырып, осы заңның 18-бабы педагогтің біліктілігін арттыру мәселесіне арналған. Бұл маңызды құжат өз кезегінде мұғалімдердің мәртебесін көтеріп, білім саласының одан әрі дамуына жол ашты.
Биылғы 2021-2022 оқу жылы 1-қыркүйектен бастап, орта білім беретін мектептердегі мұғалімдердің оқу жүктемесін 18 сағаттан 16 сағатқа дейін төмендету жөніндегі норма бекітілді. Бұл ретте, атап айтарлығы, мұғалімнің педагогикалық этика нормасын бұзуы, бұрынғыдай әкімшілік құқық бұзушылық емес, Қазақстанның еңбек кодексінде көзделген тәртіптік жауапкершілік ретінде қарастыралатын болады.
Сондай-ақ, оқушылар арасында, түрлі конкурстар мен спорттық жарыс жеңімпаздарын, халықаралық олимпиада дайындаған педагогке үнемдеу есебінен үш айлық жалақы мөлшерінде, бір реттік сыйақы төлеуді көздейтін норма енгізілген.
Айта кететін тағы бір жайт, «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағын иеленген ұстазға 1000 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір реттік төлем төленеді. Ауылда жұмыс істейтін мамандарға жер телімін бөлуде басымдық берілетін болады.
Мұғалімдерді жұмысқа қабыл-даудың электронды жүйесі 2017 жылдан бастап құрылды. Шымкент қаласындағы білім беру мекемелеріне мұғалімдерді қабылдаудың ашық әрі әділ түрі деп санайды мамандар. Жүйеде білім саласындағы бос орындар жарияланады және соған сәйкес кез келген педагог өз өтінішін тіркеп, конкурс негізінде іріктеуден өтеді.
Құжат тапсырған үміткер – білім беру мекемесінің басшысымен «Халық кеңсесінде» әңгімелесуден өтеді. Мұнда комиссия құрамында ата-аналар комитетітінің мүшесі, қоғамдық ұйым және БАҚ өкілдері, білім бөлімінің қызметкері болады.
Комиссия мүшелерінің шешімі электронды дауыс беру тәсілі арқылы веб-сайтта жарияланып, ең көп дауыс жинаған үміткер мекеме басшысына ұсынылады. Бүгінгі таңға дейін конкурстық жүйе бойынша 183 комиссия отырысы өткізіліп, 136 педагог қызметкер жұмысқа қабылданды.
Сондай-ақ, Шымкент қаласында мектепішілік электронды бақылау жүйесі 29 білім ошағында іске қосылды. «i-mektep.kz» сайты арқылы әр ата-ана өз баласының сабаққа қатысуы, оқу үлгерімі мен тәртібінің көрсеткіштерін электронды түрде бақылай алады.
Егеменді еліміздің ең басты мақсаты – өркениетті елдер қатарында иық тірестіру. Бұл жолда болашақтың тұтқасын ұстайтын жан-жақты дамыған, рухани бай тұлғаны тәрбиелеу маңызды орын алатыны айқын.
Мектептегі пәндерді оқытумен қатар қазіргі таңда психологиялық жағынан тұлғаға білім беру негізгі фактордың бірі болып табылады. Біздің өмір сүріп отырған қоғамымызда психолог маманы өте маңызды орынға ие. Қоғам болғандықтан ол бірнеше компоненттерден құралады: ұжым, топ, ұйым және т.б. Аталған компоненттердің мүшесімен және мүшесіне мәдени, шығармашылық-рухани дүниесі, коммуникативтілігі, әлеуметтік міндетін, этикалық және эстетикалық талғамдардың болуын қазіргі заманға сай қалыптасуына ықпалын тигізеді.
«Педагог болу үшін оған әуел бастан бейімделіп туу керек» дейді ертедегі педагогтар. Бірақ ешкім іштен педагог болып тумайды, ол үшін қабілет, ниет қажет екені даусыз. Психологтарға тән қасиеттердің ішінен, оның өз еркіне ие болып, ұстамды келуі ерекше орын алады. Психолог мамандығының ерекшелігі сол, ол зейінін бірнеше объектілерге бөліп, көп нәрселерді есіне сақтап, сөзімен, ісімен, білікті білімімен, ұйымдастырушылық қабілетімен, балалармен тіл табысуындағы қасиеттерімен асқақ.
Мектептегі білім баспалдағының қазыналы тұтқасы болу үшін, баланың мектептегі оқуға психологиялық дайындығын дұрыс айқындау қажет.
Әрбір ұстаз тек педагогикамен қатар қазіргі заман талабына сай психологияны да терең меңгерген жеке бастың үлгісі. Өйткені, ол өз шәкірттерін білімге ғана баурап қоймай, оларға өзін-өзі ұстауы, жүріс-тұрысы, киінуі, сөйлеуі жағынан да ықпал етеді.
Алаш арыстарының бірі М.Жұмабаевтың: «Бала аурулы, зағып болса, баладан емес, тәрбиешіден; бала тар ойлы ақымақ болса, бала кінәлі емес, тәрбиеші кінәлі; бала сұлулықтан ләззат ала білмейтін мылқау жанды болса, бала айыпты емес, тәрбиеші жазалы» деген сөздері мұғалімнің баланың қалыптасып дамуы үшін әсері қаншалықты маңызды екенін ұғындырады.
Оқушының жігерін жасытатын, намысына тиетін сөздерді айту, баланың бүкіл жан дүниесін терең жаралау деген сөз. Осыны естіген баланың психологиялық дамуы дұрыс дамымай шектеле береді. Мұндай әрекеттер арқылы, баланың бойына қызғанушылық пен өзімшілдікті қалай сіңіріп алғандарын да байқамай қалады. Баланың жанын жаралайтын психологиялық жаман әсерлер үнемі жалғаса берсе, оның ішкі қарсылығын оятып, бірте- бірте тұрақтанған қарама-қайшылықты мінез-құлқын қалыптастырады.
Бұдан кейін ол ешқандай психологиялық хабарларды қабыл-
дамайтын күйге ауысады.
Тәрбиедегі психологиялық әдістерді білмеудің салдары осындай аса қиын жайсыздықтарға әкеп соғады. Ал түсініскен ортада тәрбиеленген балаларда ғана аса төзімді де жігерлі психика қалыптасатыны белгілі.
Еліміздің саналы, білімді, патриот жастарын тәрбиелеуде ұстаздар қауымының орны да, мәртебесі де биік болуы шарт. Ал өз кезегінде мұғалімдер өз кәсіптерінің әдептері мен этикасын берік ұстанғаны абзал.
Мұғалімнің кəсіби этикасына педагогикалық этиканың негізгі қағидаттарын жатқызуға болады:
1) Адалдық Педагог адалдығы олардың оқыту мен тəрбиелеу нəтижесіне, өз қызметіндегі түзе-тулерді жүзеге асыра білуіне, сынға жəне рефлексияға қабілетін дамытуға, оқушылардың, ата-аналардың, əріптестердің кез келген пікірі үшін ашықтығына жауапкершілігін білдіреді;
2) Әділдік Педагог əділдігі оның бағалау қызметінің ашықтығын, олардың құрған білім беру ортасының айқындылығын білдіреді. Әділдік педагогке оқушының, оның ата-анасының (заңды өкілдерінің), əріптестерінің құқығын бұзуға тыйым салады;
3) Өзінің абыройын және қадір-қасиетін құрметтеу Педагог өзінің кəсіби назарындағы объектілер болып табылатын оқушының, ата-ананың, адамдардың абыройы мен қадір-қасиетін құрметтейді, олармен қарым-қатынас жасауда өнегелі. Ол баланың дамуын шынымен қалап, оған əрқашан көмектесуге дайын екендігін білдіріп, білімалушының жетістігін (жетіспеушілігін) баға-лауда əдептілік танытады. Білім беру процесінің қатысушыларына қатысты күш көрсету, моральдық жəне психикалық қысым жасау əдістерін қолдануға мүлдем жол бермейді;
4) Жалпы адами құндылықтарды құрметтеу Педагог жалпы адами құндылықтардың басымдылығын мойындай отырып, əрбір ұлт мəдениетін ерекшелігіне, құнды-лығына жəне қадірқасиетіне құрметпен қарайды. Педагог ұлтаралық қатынастар мəдениетін тəрбиелейді, білімалушыларды жасына, жынысына, тіліне, ұлтына, діни көзқарасына, азаматтығына, шығу тегіне, əлеуметтік, лауазымдық жəне мүліктік жағдайына немесе өзге де кез келген жағдайларға қарамастан барлық ұлттар мен барлық адамдардың құқығы мен қадір-қасиетін құрметтеуге үйретеді; Педагог мектеп ұжымында сенім білдіру жəне құрметтеу ахуалын жасауға мүмкіндік туғызады;
5) Кәсіби ынтымақтастық Педагог мамандығының мəртебесі туралы ойлайды, əріптестерінің абыройын жəне қадір-қасиетін құрметтейді, мұғалім беделіне нұқсан келтіретін іс-əрекеттерге жол бермейді. Педагог, қандай да бір дұрыс емес нəрселерді жасауға, өз əріптестерінің сеніміне нұқсан келтіруге, олардың кəсіби міндеттерін атқаруына кедергі жасауға, оларға қандай да бір шығын келтіруге жол бермейді.
Педагог өз əріптестерінің теориялық жəне əдістемелік шеберлік деңгейін арттыруға, шығармашылық қабілетін дамытуға, қиын жағдайға тап болған əріптестеріне көмек беруге жəрдем көрсетеді. Кəсіби ынтымақтастық жалғандық пен əділетсіздікті ақтауға қызмет етпейді;
6) Үздіксіз кәсіби даму Педагог өзінің кəсіби шеберлігін, зияткерлік, шығармашылық жəне жалпы ғылыми деңгейін жетілдіреді.
Бүгінгі күн мұғалімдердің атына әр түрлі өкпе, реніштер де айтылып жатады. Көбіне олардың біліктілігінің төмендігі, шәкірттермен арадағы қарым-қатынасы, оқыту әдістерінің көнерген немесе дәстүрлі түрлерінің қолданылуы туралы айтылады. Осы жерде мұндай кемшіліктер қандай себептерге байланысты туындауда? деген заңды сауал туындайды. Оған жауап: біріншіден, жоғары оқу орындарын бітірген жастар мектепке бірден орналаспайды. Сондықтан қазіргі педагогикалық құрамның басым бөлігін 40 жастан асқан мұғалімдер құрап отыр. Бірақ соңғы жылдары мемлекет грантымен оқыған студенттерді жолдамаммен мектептерде 3 жыл міндетті жұмыс істеу талабы іске қосылып, жақсы нәтиже берудіе.
Осы жерде тағы да мемлекеттік деңгейде барлық аймақтарда іске асырып отырған педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру шараларының маңызы зор екенін мойындау керек.
Себебі, бүгінгі күннің мұғалімі қазіргі өзгермелі әлеуметтік жағдайға тез бейімделіп, шығармашылықпен ойлай білетін, педагогикалық процесті жүйелі түрде алдын-ала болжай алатын, оқушылармен ынтымақтаса отырып, кәсіби психологиялық-педагогикалық қыз-метті дара шығармашылық тұрғыда жасауға бағытталған болуы керек. Бұл деңгейге тек үздіксіз білім мен білікті жетілдіру арқылы шығамыз.
Әзірше ешқандай пікір жоқ.
Бірінші болып пікір қалдырыңыз.