Діни-саяси экстремизм
18.08.2021 0 2 182
Шолпан ЖАНДОСОВА,
дінтанушы
Қазіргі кезде діни экстремизм маңызды орынға ие болып отыр. Діни экстремизм құбылысымен пайда болған мәселелерді талқылау ғылыми және бұқаралық басылымдарда, теле-радиобағдарламаларда белсенді түрде жүзеге асуда. Аталмыш құбылысқа қатысты белсенді пікір таластардың орын алуы оны қарастырудың қажеттілігі мен өзектілігін көрсетуде. Діни экстремизм мен экстремистік ұйымдар мәселелерімен көптеген шетелдік зерттеушілер айналысқан, алайда, аталмыш құбылыстардың күрделілігі мен құбылмалылығы себебінен: экстремизмнің тарихи өзгермелілігі және көптүрлілігі, сондай-ақ, осы құбылысты зерттеушілердің өздерінің идеологиялық көзқарастары, саяси- идеялық және әлеуметтік-философиялық ұстанымдары мен таңдауларының ықпалынан діни экстремизмді объективті тұрғыдан қарастыру қиындыққа толы болып отыр.
Осы орайда, діни экстремизм ұғымын жан-жақты талқылап түсіндіру мақсатында жалпы экстремизм ұғымына тоқталып өткен жөн. Қазақстандық саяси, дінтану, құқықтану салаларына қатысты ғылыми әдебиеттерді талдау арқылы діни экстремизм құбылысына қатысты нақты түсінік қалыптаспағандығын көруге болады.
Егер экстремизм сөзінің этимологиясына үңілсек, «экстремизм» сөзінің нақты мағынасы ХХ ғ. өзінде пайда болды. Қазіргі таңда экстремизм шектен шыққан радикалдық ұстаным (бағыт) ретінде түсініледі. Экстремист – біржақты көзқарасты (ұстанымды) берік ұстанып, қоғамдық қатынас тұрғысынан шектен шығатын қимылдарға дайын адам, ол өзінің саяси көзқарасы бойынша солшыл немес оңшыл болуы мүмкін.
Бірқатар сарапшылар экстремизм ұғымының бастауын саяси мүдделерді жүзеге асыру мақсатынан туындағандығын негізге ала отырып, «діни экстремизм» ұғымына да біржақты саяси мақсаттарды жүзеге асыру құралы ретінде қарастыруды ұсынады. Сол себепті, діни экстремизмнің пайда болу себептері мен белгілерін талдау арқылы оны саяси ғылым санаты ретінде қарастыруға ұмтыламыз.
«Діни экстремизм» ұғымы екі құрамдастырушы – экстремизмнің өзі мен діннің қатысуы арқылы тұжырымдалады.
Экстремизм термині латыншадан шектен шығушы дегенді білдіреді. Яғни, нақты тұлғаның, адамдар тобының, қоғамдастықтың нақты парадигмада орныққан моралдық нормаларға, салт-дәстүрлерге, құқық қорғау қатынастарына қайшы іс-әрекеттері.
Экстремизм нақты іс-әрекеттер арқылы жүзеге асатынын атап өткен жөн. Және ол адам өмірінің барлық салаларында тұлғааралық байланыстарда, қоршаған ортамен қатынастарда, саясат, дінге қатысты орын алады. Экстремизм өз мәнінде «агрессия» және «қылмыс» ұғымдарын қамтиды. Алайда, агрессия саналы әрі бейсаналы болатын болса, экстремизмге мотивация тән. Сол себепті, экстремизм адамдарға қатысты орын алатын әлеуметтік құбылыс болып көрінеді. Экстремизм зорлық көрсетуге бағытталған тәрбиенің немесе сыртқы факторлардың тұлғаға кері ықпалынан пайда болатын салдар. Мысалға, заманауи ғылымда экстремизмнің пайда болуына ықпал ететін келесі факторларды көрсетеді:
— әлеуметтік психологиялық және өнегелік (өзгелердің пікірлерімен санаспаушылық, айналадағы жағдайды дұрыс пайымдай алмаушылық, психологиялық тұрақсыздық (шектен тыс психологиялық белсенділік, тез қабылдаушылық немесе жастық максимализмі, бұлардың барлығы тек арнайы жағдайларда немесе өзге факторлармен қатынасқа түскен кезде ғана пайда болады);
— әлеуметтік-экономикалық (мате-риалдық жағдайының төмен болуы, әлеуметтік теңсіздік);
— идеологиялық (жалпы идео-логияның әлсіздігі немесе болмауы);
— жұмыспен қамсыздандыру;
— әлеуметтік тарихи (репрессиялар салдары, соғыс, гуманитарлық апаттар, т.б.).
Жоғарыда берілгендерден бай-қалғандай, экстремизмнің генезисін талдаудан келесідей қарапайым тұжырым жасауға болады: аталмыш құбылыстың пайда болуына қарапайым мүдделердің қақтығысы мен саяси, экономикалық, әлеуметтік, конфесионалдық сипаттағы қай-шылықтар негіз болады.
Қоғамдағы кез-келген топтардың аталған мүдделерді (саяси, діни, этностық және т.б.) қандай да бір себептермен қанағаттандыру мүмкіндіктерінен айырылуы оларды өз мүдделерін жүзеге асыруда шектен тыс әдістерді қолдануға, яғни экстремистік әрекеттерге итермелейді. Осы тұста Қырғыз сарапшысы М. Койчукуловтың, «экстремизмнің пайда болу табиғаты наразылық сипатында көрініс табады: саяси режимге көңіл толмаушылық, әлеуметтік теңсіздік, кейбір әлеуметтік, нәсілдік топтар мен конфессиялардың қоғамдағы орындарына көңіл толмаушылықтар».
Сонымен қатар, орын алатын қақтығыстардың барлығы бірдей антиәлеуметтік, зорлықшыл, заңға қайшы фомада болмайды. Орын алған әрекеттерді нақты экстремистік немесе экстремистік емес деп бөлу үшін экстремизмнің нақты критерилерін анықтау қажет. Экстремизм критерилерін анықтаудағы басты мақсат тек қоғамға қайшы, заңсыз әрекеттердің орын алуына себепкер болатын деструктивті идеялардың (дiни өшпендiлiктi немесе алауыздықты қоздыратын) алдын-алу үшін ғана емес, сондай-ақ, оларды осы критерилерге жатпайтын идеялардан ерекшелеу үшін де қажет.
Мұнда экстремизм критерилерін тізбелеудің нақты бірыңғай жүйесі жоқ екендігін, әр сарапшы-ғалым өз критерилер тізімін ұсынатындығын ескерткен жөн. Экстремизмнің критерилерін көрсеткен шетел сарапшыларының ішінен ресейлік сарапшы М. Красновтың критерийлеріне тоқталып өтуге болады:
— адамдарды таптық, мүліктік, нәсілдік және діни белгілері бойынша бөлу;
— жоғары конституциялық құн-дылық ретіндегі адам құқықтарын жоққа шығару;
— ашық плюрализм, идеяларды ашық таратумен алмасу мүмкіндіктерін жою;
— мемлекеттік идеология ретінде жалғыз идеологияны орнықтыру.
Әрине, жоғарыда берілген критерилер экстремизмді бағалау тәсілдері мен амаладарының объективтілігін бере алмайтыны анық, дегенмен де, экстермизм құбылысыны тиімді анықтаудың құралы ретінде қолдануға болады. Оның негізгі қағидаты адам, қоғам және мемелекет мүдделері мен құқықтарын қаматамасыз етуге қауіп төндіретін әрекеттер, көзқарастар мен идеяларды бағалау белгісі болып табылады.
Мысалға, Ш. Акинердің пікірінше, экстремистер қатарына «өз идеяларын тек жеке өмірінде ғана емес, мүмкін болатын заңдық, заңсыз шеңбердегі әдістер арқылы қоғамға таңуды қалайтындар жатады».
Жоғарыда берілген көзқарастарды талдай отырып, келесідей екі тұжырым жасауға болады. Біріншіден, қоғамның кейбір топтары немесе жеке тұлғалары өз мүдделерін радикалды түрде қорғаулары қоғам мен мемлекеттің мүдделері мен құқықтарын сақтауға қауіп төндіретіндей болған кезде ғана шынайы экстремизм көрінісі туралы айтуға болады. Екіншіден, орын алған көріністерді экстремизмге жатқызу үшін нақты критерилердің болуы қажет, өйткені ол экстремизммен күресті өзге көзқарастағылармен күреске айналмауына, плюралистік пікірлердің сақталуы мен ар-ождан және діни-сенім бостандықтарының сақталу қағидаттарының бұзы-луынан сақтайды.
Сондай-ақ, экстремизмнің анти-қоғамдық және антиде-мократиялық сипаттарын ескере отырып, экстремизмге қарсы күрестің уақытылы әрі тиімді жүзеге асуы мемлекет қауіпсіздігі мен оның азаматтарының бостандықтар және құқықтарының сақталуына кепіл болады.
Ал мемлекет пен қоғамның экстремизм көріністеріне қарсы қимылдарының сапалы түрде әрі дер кезінде жүзеге аспауы мемлекеттің әлеуметтік-саяси жүйесінің құлды-рауына әкеледі. В. Зорин және Э. Паин сынды Ресей сарапшылары экстремизм құбылысына қарсы уақытылы жүзеге асырылмаған қызметтің салдарын келесідей етіп көрсетеді:
— саяси салада еріктілік айтарлықтай ұлғаяды, яғни, шын мәнінде маргиналды болып табылатын саяси күштер беделге ие болады, салдарынан саяси этиканың жалпы деңгейі төмендеп, оның ықпалы барлық қоғамдық өмірге таралады;
— қоғамда төзімсіздік ахуалы күшейеді, салдарынан саяси жүйенің тұрақтылығы азаяды;
— зорлыққа жол беріледі және ол мақсатқа жетудің таңдаулы әдісі ретінде көрініс табады. Бұл әсіресе жастарға кері әсер етеді, өйткені олар идеялық астар мен соңғы нәтижелерге қарамастан түбегейлі қимылдарға және мұндай қимылдарды романтизациялауға жақын болады. Бұл жағдайды экстремистік қозғалыстардың идеологтары мен ұйымдастырушылары тиімді қолдана отырып, «идея үшін» кез-келген террористік актіге немесе қылмысқа дайын тұратын фанатиктарды қалыптастырады;
— соңында үрей азаматтық өмірдің өзегіне айналады, ал бұл елдегі саяси ахуалды тұрақсыздандыруға қажет қолайлы жағдай болып табылады. Осылайша, экстремизмге қарсы шараларды уақытылы жүргізу арқылы мемлекет мемлекеттік жүйелердің қалыпты қызметі мен тұлғаның, қоғамның мүдделері, бостандықтары мен құқықтарын қаматамасыз етіп қана қоймай, жалпы алғанда, мемлекеттің ұлттық мүдделері мен қауіпсіздігін қорғайды. Шын мәнінде, экстремизмге қарсы күрестің тиіміділігі оның пайда болуына себеп болатын көріністерді уақытылы шешуге тікелей байланысты.
Бұдан діни экстремизм мәселесі әлем мемлекеттерінің саяси, экономикалық даму деңгейлеріне қарамастан бірдей өзекті болып отыр. Экстремизмнің әлеуметтік-экономикалық, саяси,
діни, экологиялық және т.б. мәселелерді шешу құралы ретінде кез-келген қоғамда, мемлекетте, соның ішінде саяси тұрақты, экономикалық дамыған мемлекеттерде де пайда болу көріністерін әлем тәжірибесі көрсетіп отыр.
Сондай-ақ, аталмыш әлемдік тәжірибе қоғамның экстремизмді қабылдау деңгейінің жоғары болу көрінісі «өтпелі кезеңдегі мемлекеттерде» жоғары екендігін көрсетіп отыр. Қысқа уақыт мерзімі ішінде саяси және экономикалық жүйесін қайта қалпына келтіру жағдайын өткерген елдерде деструктивті ағымдардың, соның ішінде экстремизм көріністері жиі орын алатындығы байқалады.
Әр мемлекет пен қоғам үшін экстремизмнің пайда болу себептері әртүрлі, олар субъективтік және объективтік жайттарға қатысты болады. Дегенмен де, экстремизмнің пайда болуы мен таралуына қажетті базистік жағдайлар анықталған, олар барлық қоғам мен мемлкеттерге сәйкес келеді. Мысалға, Д. Ольшанский, заманауи шарттылықтарда экстремизмнің пайда болуына ықпал ететін келесідей факторларды айқындайды: әлеуметтік- экономикалық дағдарыстар, халықтың басым бөлігінде өмір сүру деңгейінің төмендеуі, саяси институттар мен билік құрылымдарының шұғыл деформациялануы, олардың қоғамдық дамуға қатысты қордаланған мәсе-лелерді шеше алмауы, саяси режимнің тоталитарлық сипатта болуы, билік тарапынан оппозицияны басу, өзге пікірдегілерді бақылау, ұлттық негіздегі езгі, жекелеген топтардың өз мүдделерін шешуге ұмтылыстары, лидерлердің саяси амбициялары және т.б.
Мұндай фаткорлардың жиынтығы қандай да бір экстремистік актінің орын алу себебін түсіндіріп бере алмайды, өйткені экстремизм көрінісі орын алған әр қоғамда, мемлекетте өзіндік ерекшелікке ие факторлар әсер етеді. Алайда, жоғарыда берілген факторлық талдау қазіргі қоғамда экстремизмнің пайда болуы туралы жалпылама түсініктерді қалыптастырады. Көрсетілген негізгі себептерді жиынтықтай келе, экстремизм үздіксіз жалғасып отыратын саяси тұрақсыздық кезінде, мемлекеттік институттардың әлсіздігі, сондай-ақ, экономикалық дағдарыс жағдайларында белсенді бола бастайды деген тұжырым жасауға болады. Кейбір зерттеушілер өздері ұсынатын негізгі факторлардан бөлек экстремизмнің пайда болуы мен таралуына жанама түрде әсер ететін факторлар тобын ұсынады. Мысал ретінде оларға: «экстремизм көріністерімен күресетін мемлекеттік немесе халықаралық жүйелердің тиімсіздігі; тұрғындардың, олардың кейбір топтарының саяси және құқықтық мәдениетінің төмен болуы; мемлекетаралық қатынастардың нашарлауы, әлеуметтік шиеленістердің күшеюі және т.б.».
Берілген себептерді саралай отырып, жалпы әлеуметтік теңдік орнаған, экономикалық игіліктердің теңдей бөлінуі жүзеге асқан, яғни, қоғамның барлық мүшелеренің мүдделері теңдей сақталған қоғамда экстремистік көріністердің орын алу мүмкіндігі азаяды немесе жоғалады деген пікір білдіруге болады. Бұл пікір бір жағынан утопиялық сипатқа ие, өйткені, экстремистік көріністер орын алған елдегі саяси, экономикалық-әлеуметтік ахуалдың төмендейтіні өздігінен белгілі.
Сол себепті, адамзаттың созылмалы ауруына ұқсаған экстремизм көрінісін түбегейлі жою мүмкін емес болып көрінеді. Сондықтан оның қаупін төмендету жұмыстары жүргізіледі, мұндай жұмыстар үнемі туындап отыратын экстремизм себептерінің алдын алу секілді шараларды үнемі жүргізуді талап етеді.
Экстремизмнің критерилері мен пайда болу және таралуына жағдай жасайтын себептерге қатысты жалпы түсініктерге тоқталғаннан кейін, оларды ескере отырып экстремизмге нақты дефиниця беру қажеттілігіне тоқталамыз.
Айтылып өткендей, экстремизм туралы біржақты ортақ анықтаманың жоқ екендігін атап өткен жөн. Ұлттық және өзге де мүдделердің қайшылықта болуы себебінен, және оларды іс жүзінде үйлестірудің мүмкін еместігін ескере отырып аталмыш терминдерге ортақ анықтама жасаудың тиімсіздігі мен мүмкін еместігін анықтауға болады.
Экстремизмнің, сондай-ақ, өзге де мәндес терминдердің, ең алдымен терроризм терминін анықтауға бірыңғай тәсілдің қалыптаспауы, бірақатар елдердің, саяси институттардың, жеке сарапшылардың экстремизмді бағалауды саясиландыру салдарынан деген тұжырым жасауға болады. Әр тарап аталған құбылысты анықтауда пайда болған жағдайды өзіндік тұрғыдан, яғни өзіндік мүдделер мен қауіпсіздік тұрғысынан бағалайды. Бір тарап үшін экстремизм ретінде анықталған көрініс, екінші тарап үшін қауіп төндірмеуі мүмкін,тіпті оның қандайда бір мүдделері үшін ыңғайлы болуы ықтимал.
Айтылғандарды тұжырымдай келе, экстремизм құбылысына ор-тақ, бірыңғай анықатама берудің мүмкін еместігін ескере отырып, экстремизмді – мемлекет пен қоғамның қалыптасқан ортақ саяси, әлеуметтік, идеолгиялық негіздерін түбегейлі өзгертуге бағытталған идеялар, әрекеттер, көзқарастардың көрінісі. Олар тұлғаны, қоғамның және мемлекеттің құқықтары, мүдделері мен бостандықтарын қаматамасыз ету мен қауіпсіздігін қорғауға ауқымды қатерлер туындатады деп анықтауға болады.
Әрине экстремизмнің дефинициясын анықтау оның ұғымдық кеңістігін сапалы зерттеу үшін жеткіліксіз екендігі сөзсіз. Мазмұны жағынан экстремизмге жақын, өзара байланысты құбылыстарды зерттеу қажеттілігі туындайды.
Ол құбылыстардың өзара тәуелділігі мен өзара байланыстарының логи-қалық құрылысын анықтауға, зерттеулерде терминологиялық реттілікті қалыптастыруға мүмкіндік беретіндігі анық, ол жеке зерттеулерді қажет етеді.
Қазіргі таңда экстремизмнің эко-номикалық, экологиялық, ұлттық түрлерінің қатарынан діни экстремизм құбылысына ерекше назар аударылуда. Діни экстремизмді белгілі бір діни сенімдегі ұстанымның шектен шыққандығын, оның жеке және әлеуметтік топтардың дүниетанымы мен іс-әрекеттеріндегі көріністерін айтуға болады. Сонымен бірге, діни экстремизм қоғамда қалыптасқан дәстүрлі діни құндылықтарды жоққа шығарып, агрессивтік пиғылда өз дүниетанымын, ұстанымдарын басқа-ларға мойындату үшін әртүрлі күрес жолдарын таңдайтыны да белгілі. Күрес жолдары үгіт насихаттан бастап қорқыту, үрейлендіру, манипуляция, гипноз, және адам өліміне алып баратын шектен шыққан іс-әрекетке дейін болатыны белгілі.
Сонымен қатар, діни экстремизм экстремизмнің саяси, ұлттық және т.б. түрлері секілді радикалды топтардың діни, саяси немесе экономикалық салаларда басымдылықтарға ие болу жолындағы құралы ретінде қолданылады. Діни экстремизм клерикализм немесе діни фундаментализм құбылыстарымен жиі қабысып отырады, әсіресе діни фундаментализм діни экстремизм платформасы ретінде қолданыс табады. Сондай-ақ, діни экстремизм мәдениетаралық және ұлтаралық қатынастар саласында қолданылады. Бұл жағдайларда ол саяси немесе ұлттық экстремизмнің идеологиясы ретінде көрініс табады. Діни экстремизм экстремистік қимылдардың өзге түрлерімен тығыз байланыста болып олардың түрлі саяси мүдделеріне қол жеткізуде идеологиялық және ұйымдастырушылық қызмет атқарады.
Қазіргі таңда мемлекет, қоғам мен конфессиялар діни экстремизм көріністерінің пайда болуымен аталмыш қауіптерде өз бетінше қимыл атқаруда.
Дінге сенушілер ортасындағы экстремизм көрінісі экстремизм ретінде емес, өзге діннің қауіпті үндеуі, прозелетизм, діни соғыс (егер бір конфессияның ішінде болса – секта) түрінде қабылданса, мемлекет пен қоғам үшін діни әлеумет ішіндегі деструктивті қимылдар немесе дін шеңберінен шығып, мемлекеттік және қоғамдық тұрақтылықты бұзатын діни агрессия радикализм немесе экстремизм ретінде қабылданады.
Нақты бір парадигмаға қатысты діни экстремизм құбылысы бар, сондықтан діни экстремизм эксперттік категория ретінде орынды деуге болады. Осы орайда, Ресей зерттеушісі А.П. Забияконың аталмыш құбылысқа берген анықтамасына тоқталып өткен жөн: «Діни экстремизм қалыптасқан салт-дәстүрлерге ымырасыздықпен бағдарланған діни идеология мен қимыл типі, ішкі діни ортадағы және сыртқы әлеуметтік ортадағы шиеленістің күшеюі. Экстремизм келесідей ағымдар арқылы көрініс табады:
1. қандай да бір кофессия ішінде догмалар, құндылықтар мен нормалардың радикализациялануы арқылы (христиандықтағы анабаптизм, исламдағы уахаббизм және т.б.);
2. түрлі ілімдердің синкреттелуі арқылы қалыптасқан конфессиялардан тыс немесе жаңа доктринаның қалыптасуы (АУМ синрике). Экстремизмнің мақсаты қалыптасқан діни жүйені түбегейлі немесе оның ауқымды бөлігін өзгерту болып табылады.
Мақсаты тұрғысынан діни экстремизмнің екі негізгі типін көрсетуге болады ішкі конфессиялық бағдардағы және әлеуметтік бағ-дардағы. Бірінші тип өз мақсатын қалыптасқан діни ілімдерге, культтік тәжірибеге немесе діни институттарға қайшы қоюмен байланысты. Екінші типтегі діни экстремизм діни өзгерісті жеке тұлға мен қоғамды өзгертуге бағытталған діни күш ретінде қарастырады. Ішкі конфессиялық бағдардағы діни экстремизм діни және зайырлы билікпен қақтығысқа ұшырағанда әлеуметтік радикализация түрінде өзгеріске ұшырап, әлеуметтік қарсылық пен өзгеріске айналады.
Өз мақсаттарына қол жеткізу үшін діни экстремизм қалыптасқан қоғамдық нормалардың шегінен шығатын әдістерді қолданады; құ-қықтық нигилизм, діни немесе зайырлы құрылымдар мен институттарды мойындамау.
Діни өмірдегі діни экстремизмнің салдары радикалды діни ағымды жою, немесе онымен мәмілеге келу арқылы өзгерген діннің пайда болуына, немесе діннің ыдырауы арқылы жаңа діни ағымның, сектаның пайда болуына әкелетін конфессия ішіндегі қайшылықтар болып табылады. Қоғамдық өмірде діни экстремизмнің салдары экстремистік топтардың қоғамды радикалды түрде өзгерту бағдарламасынан ерікті немесе қысым көрсете отырып бас тартуы немесе экстремистермен мәмілеге келу арқылы әлеуметтік реформалардың орын алуы, сирек жағдайларда қоғамның клерикалдануы болып табылады.
Діни экстремизмнің негізгі ба-ғыттарына қатысты экстремизмнің келесідей өзгерістерді жүзеге асыратын түрлері анықталады:
1) конфессияны терең дефор-мациялауға бағытталған – ішкі конфессиялық;
2) легитимді емес, зорлықты жолдар арқылы өзге конфессияларды жоюға бағытталған – сыртқы конфессиялық;
3) тұлғаның деструктивті өзгеруіне бағытталған – тұлғалық-бағдарлық;
4) этносты және этносаралық қатынастарды радикалды түрде өзгертуге, жат этнодіни топтарды жоюға бағытталан – этнодіни экстремизм;
5) мемлекеттің құқықтық жүйесі мен мемлекетаралық қатынастарды өзгертуге бағытталған – діни-саяси-экстремизм;
6) әлеуметтік экономикалық жү-йелерді өзгертуге бағытталған – әлеуметтік-діни экстремизм; және адам тіршілігінің өзге де салаларына бағытталған діни экстремизм болып бөлінеді.
Діни экстремизм жаңашыл мен дәстүрлі мәдениеттердің қайшылыққа түсу көрінісі болуы да мүмкін. Тарихи шеңберде орын алған гуманизм, ағарту, рационализм секілді кезеңдерден соң архаикалық рухани және әлеумттік құрылымдар өзгеріп, олардың орнына дәстүрлі қоғам қағидаларына қайшы келетін құндылықтар қалыптасты. Осы тұста діни экстремизмнің пайда болуын дәстүрлі қоғам құндылықтарын сақтау тәсілі ретінде қарастыруға болатын секілді. Өйткені, қазіргі таңдағы адам құқықтары мен бостандықтарын сақтау бірінші орынға қойылып, барынша қорғалатын қоғамды діни ілімдер мен қағидаттарын негізінде өзгерту әрине діни экстремизм ретінде бағаланатыны анық.
Бірақ бұл жерде діни экстремизмді анықтап беретін негізгі діндер алдыңғы орынға шығады. Мысалы, қазақ даласында пайда болған діндердің барлығы бірдей нақты тарихи миссияны атқармады. Ал кейбір сенімдер мен діндер, тәңіршілдік пен ислам, әсіресе, соңғысы мәдениеттүзушілік басымдылыққа ие болып, қазақ халқының этностық қалыптасуы мен географиялық тіпті геосаяси айқындалуына ықпал еткені анық. Ислам ұлттық мәдениет пен дәстүрге сіңісіп, дәстүрлі ұстанымдарға айналды.
Осы тұста, саясаттанушылар, дінтанушылардың кез-келген діни экстремизм доктриналық алғышарттарға ие, себебі, кез-келген конфессия өмір ақиқатын тек өзіндік тұрғыдан түсіндіруге ұмтылады, өйткені, кез- келген дін өзін ғана барлық жаратылыс сұрақтарына анық жауап беруші әрі шынайы ақиқат ретінде, ал өзге діндерге ашық немесе ұстамды түрде күмән келтіретіні анық дегенге саятын пікірлері бүгінгі күннің ақиқатына сәйкеспейді. Себебі, түрлі діндердің сенім жүйелерінің бір-біріне сәйкеспеуі түрлі дін ұстанушылар арасында қақтығыстар туындатпайды.
Айтылған пікірдің күмәнділігін көрсететін мысал, қазіргі таңдағы конфессияаралық немесе дінаралық қатынастар тікелей субъективті факторға байланысты болып отыр және нақты саяси тұлғалар, немесе топтар өз саяси мүдделері үшін діни жамылғыны пайдалану арқылы діни экстремизмнің мазмұнын өзгерте алады.
Діннің кең таралуына немесе ұлттар мен ұлыстардың тарихи орын өзгертулері салдарынан пайда болған көпконфессиялы қоғамдардағы діни келісім үлгісі бола алады. Мысалға, қазақстандық қоғамдағы дәстүрлі исламмен православиеден өзге католицизм, буддизм, индуизм секілді діндер мен сенімдердің мәдени алуандылықты түзе отырып, ортақ құндылықтарды насихаттайтындығын байқауға болады.
Жоғарыда айтылғандарға қайта оралатын болсақ, діни экстремизм экстремистік әрекеттердің бір формасы болып табылады және оның мазмұны бір субъектілердің өзге субъектілерге басымдылығына ұмтылу ретінде бағаланады.
Аталмыш әрекеттің жүзеге асу шарты мен жағдайына байланысты оған идеологиялық сипаттама беріледі, мысалы саяси, ұлттық және діни. Шын мәнінде оларды жеке дара бөліп қарастыру шартты түрде жүзеге асады, өйткені іс жүзінде олардың жеке орын алуы сирек кездеседі. Осы себептерге байланысты көптеген қазіргі заманғы сарапшылар діни экстремизм ұғымына діни саяси, этнодіни секілді қосымшаларды қолдануды ұсынуда.
Қазақстандың ғалым Т.Қ. Бөрібаев: «Діни экстремизм мен саяси экстремизмнің ара қатынасын ажырата отырып, бұл екі құбылыстың өзара тығыз байланыста екенін атап өткен жөн. ХХI ғасырда бұл екі құбылыс бір- бірін толықтырып қана қоймай, олардың мақсат мүдделерінің белгілі бір ситуацияда бір жерге тоғысуы да діни экстремизмге ерекше сипат беретінін ескерген жөн. Діни экстремизм саяси экстремизммен байланысты болғанмен, олардың мақсаттары әр түрлі. Саяси экстремизмнің мақсаты билікті басып алып, елдің саяси жүйесін өз мүдделеріне сай өзгерту болса, бұл жолда діни экстремизм жәй қол жаулық күйінде қалатынын айта кеткен жөн. Діни экстремизмнің мақсаты белгілі бір діндегі сенімді қайта қарау, сол діндегі фунаменталдық догматтарды, базалық ұстанымдар мен қағидаларды қайта құру үшін күрес болып келеді. Бұл екі экстремизмді біріктіріетін — ол зорлық, үрей» деген пікір білдіреді.
Діни идеологияны ұлтшылдардың, сепаратистердің қолдануы, әсіресе халықтардың этностық және діни сәйкестенулері бірдей болатын жағдайда діни экстремизмнің шеттен тыс қатал формалары пайда болады. Сол себепті, «діни экстремизм», «діни-саяси экстремизм», «қылмыстық діни экстремизм» ұғымдарын «діндегі экстремизм» ұғымымен бірге қарастырған жөн, өйткені ол экстремизм құбылысының барлық қабаттарын қамтиды.
Зерттеуде «діни экстремизм» ұғымы арқылы дінаралық және конфессия ішіндегі қатынастар саласында шектен шыққан амалдарды қолданушыларды айтамыз, олар өзге сенім өкілдеріне өз діни ұстанымдары мен құндылықтарын таңуда зорлық және психологиялық әдістерді қолданумен ерекшеленеді.
Діндегі экстремизм мәселесі объектілік мәселе емес, ол субъектілік мәселе. Басқаша айтқанда, экстремизм дінде таным объектісі ретінде көрініс таба ма деген сауал емес (өйткені құбылыс ретінде ол бар), сауал кім (субъект) экстремизмді айқындап, түсіндіреді және осы айқындау мен түсіндіру қандай парадигмалық контекстіде жүзеге асады деген нұсқада қойылғаны жөн.
Әдетте, дінге сенуші тұлға үшін дінде экстремизм жоқ, құбылыс ретінде экстремизм дінсіздік санада пайда болған, мұндай түсіндірмеде діни экстремизм мен терроризм саяси манипуляцияны немесе діннің саясилануын көрсетеді. Саясаттану мен дінтануда діни әрекеттердің шеткері (экстремалды) формалары түсіндіру үшін «діни экстремизм», «діни-саяси экстремизм» немесе «діни негіздегі экстремизм» терминдері қолданылады. Кейбір сарапшылар мен саясаттанушылар, құқыққорғаушылар, қоғам қайраткерлері мен журналистер күрделі діни мәселеде саяси әдептілік пен толеранттылыққа шақыруда. Осы күрделі мәселеде дінтанушылар мен саясаттанушылар қауымдастығы нақты анықталған ұстанымдарға ие емес. Олардың бір тобы «діни экстремизм» терминін қабылдаса, екінші тобы бұл термин орын алып отырған көріністің мәнін ашып бере алмайды деген пікірде. Ал дәстүрлі діндердің өкілдері діндегі экстремистік әрекеттерді дінге жат псевдодіни деген ұстанымда. Бұл орынды да әлемдік діндерге экстремисттік әрекеттер жат, олардың өкілдері мемлекеттің сәйкесті құзырлы органдарымен бірге аталған көріністерге қарсы қимылдарға қосылуда.
Діни экстремизм немесе діндегі экстремизм мәселесін тұжырымдық тұрғыдан түсінудегі бірізділіктің болмауының өзі экстремизм көрінісіне қарсы шығушылардың өздерінде талданып отырған мәселенің нақты бір шеңберде талқылануы үшін қажетті бірыңғай координаталар жүйесі, бірыңғай құндылықтар, бірыңғай парадигманы анықтай алмауында болып табылады.
Жоғарыда айтылып өткендей, «діндегі экстремизм» діни экстремизмге қатысты жалпы ұғым болып табылады, ол қоғамдағы діни қатынастарды да қозғайтын экстремистік әрекеттердің кең қабаттарын қамтиды. Мұнда діни ағым мүшелерінің экстремистік қимылдарының барлығы бірдей эктремистік ретінде сипатталмайды.
Деструктивті діни ұйымдардың мүшелері өз көсемдерінің бұйрық-тарымен радикалды әрекеттер жасай отырып, көсемдері мақсат ретінде айқындап отырған өзге дін ұстанушыларға басымдық орнатуды білмеуі де мүмкін. Сонымен қатар, осы құбылыстарды объективті тұрғыдан зерттеу мен олардың себеп-салдарын анықтау барысында экстремистік әрекет діни басымдылыққа ұмытлу мақсатымен біріккен тұсында діндегі экстремизм көрінісі болып табылады.
Осы орайда, діндегі экстремизм мәселесін зайырлы қоғам тұрғысынан қарастыру орынды болып көрінеді. Әлемді әлеуметтік-саяси және құқықтық әдістер арқылы танитын зайырлы (секулярлы) мемлекет діни координаталар жүйесін қабылдай алмайды. Мемлекеттік қағидаттардың діни парадигмалық контекстке өтуінде клерикалды мемлекет пайда болады.
Көптеген дәстүрлі дінді ұстанушылар діни экстремизм жоқ деген түсінікті алға тартады және олар өз тұжырымдарын «өйткені, дін жаман болуы мүмкін емес» немесе «дін жамандыққа үйретпейді» деген аргументтермен дәлелдеуге ұмтылады, ал мұның өзі осындай пікір иесі өз ойларын діни парадигма аясында тұжырымдайтынын білдіруі мүмкін. Мұндай тұжырым үшін нақты аргументацияның қажеті де жоқ, ол үшін дін – ақиқат, ізгілік деген сенім жеткілікті. Ал ақиқатта, ізгілікте экстремизм секілді қайшылыққа орын жоқтығы онсыз да түсінікті. Әрине логикалық тұрғыдан мұндай тұжырым орынды. Алайда, біз қолданып отырған діндегі экстремизм мәселесінде экстремизмнің конфессияның ішкі қатынастарында да сыртқы конфессияаралық қатынастарда да пайда бола алатындығын көрсетеді.
Мысалға, батыстық саяси тұлғалардың, сарапшылардың діни экстремизге қатысты, «конфес-сияаралық қатынастардағы экстремизм дінге сенбейтіндермен соғыс» деген пікірлеріне тоқталуға болады. Олардың пікірлерінше, діни жүйеде экстремизм құндылықтары жоқ, алайда дінсіздермен (өзге діншілдер, т.б.) соғыстар – «жиһад», «крест жорықтары» бар.
Дінде экстремизм жоқ, өйткені өз сенімін қорғау (миссия, жиһад, өзге сенімдегілермен күрес арқылы) көптеген конфессиялардың негізгі доктриналарының бірі болып табылады, сол себепті «экстремизм» термині діни парадигмада легитимді емес. Салыстыру үшін мемлекет те тек діни құндылықтар жүйесін жетекшілікке ала алмайды.
Дін – тек ізгілік деген негіздегі дінде экстремизм жоқ деген тұжырым діни дүниетанымның белгісі, алайда осы тұжырымның біржақтылығы оның саяси саламен байланысында анық байқалады. Осы құбылысты зерттеу әдісінде «қос стандарттар» саясаты көрініс табатыны жасырын емес, мұнда бір ағымдардың әрекеттері экстремистік деп классификацияланса, келесілерінің дәл сондай мазмұндағы әрекеттері легитимді түрде қабылданады. Дінде «экстремизм» термині легитимді емес және ол қабылданбайды, алайда ол саяси ғылымда және дінтануда «экстремизм» деген атауға ие болған құбылыстардың дінде кездесуін жоққа шығара алмайды.
Саяси, діни немесе этностық экстремизмді қарастыруда саяси ғылым діни қауымдастықты этностан немесе әлеуметтік топтан тыс феноменологиялық ерекше құбылыс ретінде қарастырмайды. Мұнда құбылыстың пайда болуынан оның әлеуметік-саяси сипаттамасы маңызды.
Көптеген саясаткерлер мен дінтанушылар экстремизмге құбылыс ретінде сипаттама беруде қойылған мақсаттарға зорлық көрсету арқылы қол жеткізіледі деген тұжырым ұсынады. Сол себепті, саяси ғылымда экстремизм
– саяси тәжірибедегі радикалды идеялар мен мақсаттарға бағдарлану, ал оларды жүзеге асыру легитимді емес, қарулы (мемлекеттік тұрғыдан) әдістер және құралдар (терроризм, діни, нәсілдік жеккөрініштілікті туындатуы, қарулы қақтығыстар және т.б.) арқылы орындалады.
– Сонымен қоса, радикализм мен экстремизмнің мұндай формаларға түсуі олардың өзге мәдениетте пайда болуынан деген пікір келтіруге болады. Мысалға, уахаббилік Сауд Арабиясында немесе Египетте абсолютті легитимділікке ие, ал Түркияда қатаң қудаланады, Дағыстанда заң жүзінде тыйым салынған, дәл осы көріністе, яғни, Сауд Арабиясы мен Египетте дәстүрлі, ал Түркия мен Дағыстанда жаңашыл болуынан басым конфессиялармен қайшылыққа түсіп әлеуметті және саяси жүйені қайта өзгертуге ұмтылады.
Кез келген мемлекет үшін жат формадағы діншілдік формасының сыртқы мәдениет ретіндегі ішке енуі – өзге мемлекеттердің қандай да бір мемлекеттің діни платформасына әсер ету формасы – діннің радикализациялануы мен саясилануының факторы болып табылады. Діннің саясилануы, сәйкесінше радикалдануы діни платформасы сыртқы әсерге ұшыраған мемлекеттің ықпалынан және көп жағдайда мақсатты түрде әрекет етіп отырған екінші мемлекеттің әсерінен жүзеге асады. Мұндай құбылыстар салыстырмалы түрде алғанда жаңадан пайда болып отырған жоқ. Аталмыш «рухани агрессияға» қарсылық көп жағдайларда өзге діндегілермен қарулы қақтығыстарға ұласады. Осы тұста дін мәдениеттің ең көне әрі консервативті элементі ретінде халықтың өзіндік болмысының символы, оның түрлі заңға қайшы қауіптерден қорғау құралына айналады.
Сонымен қатар, қандай да бір қауымдастық анағұрлым ежелгі әрі өзндік болмысқа ие болған сайын діннің қорғаушылық функциясы де белсенді бола түседі, ал қауымдастық сырттан енген рухани экспансияға (діни, мәдени, тілдік) агрессивті түрде қарсы тұрады. Көп жағдайларда мұндай қорғаныстық функциялар нақты шеңберлер аясынан шығып, экстремистік сипат алып жатады, бұл этнодіни шиеленістердің орын алуына, яғни, бір субъектілердің экстремистік әрекеті өзге тараптың жауапты экстремистік әрекеттерін туындатады.
Осы тұста қазіргі таңда қа-зақстандық қоғамда орын алып отырған діни экстремизм құбылысы жат пиғылды күштердің қалыптасқан (немесе қалыптасу үстіндегі) рухани жүйелерді мақсатты түрде бұзуға бағытталған әрекеттер ретінде бағалауға болады. Ал олар елдің тарихи кезеңдерінде орын алған объективті және субъективті дағдарыстар жағдайын кеңінен пайдаланды.
Осы орайда, жүргізіліп отыр-ған талдаудың логикасы діни экстремизмнің ұғымдық аппаратында дифференцация жүргізуге сәйкеседі. Қазіргі кезде діни экстремизм ұғымы біржақты діни қағидаттарды діни мақсаттарға қол жеткізу үшін қолдану мағынасында қолданыла алмайды, өйткені ол экстремизді жүзеге асырушы субъектілердің іс әрекеттерінің мазмұнын көрсетіп бере алмайды. Жүзеге асып отырған көріністерден шығатын тәжірибелерден байқайтынымыздай, діни қатыстылық түрлі экстремистік ұйымдардың әрекеттерінде маңызды факторлардың бірі болып отыр. Оның басым түсетін көріністерінің бірі немесе айқын көрініс табатын сәттері саяси мақсаттарға қатысты. Сол себепті, «дін ұстанушылар арасында пайда болатын діни экстремизмді нақты саяси мақсаттарға қол жеткізу үшін діни санаға жасанды түрде енгізілетін діни саяси экстремизмне ажырату» ұсынысын қолдау орынды.
Діни-саяси экстремизм мәселесін зерттеу контекстінде ең алдымен қарастырылып отырған экстремизм түріне қатысты түсінікті талдап алған орынды. Осы орайда, экстремизм мәселесін зерттеуші ғалымдар арасында діни-саяси экстремизм мәселесіне қатысы бар бірқатар шешуші ұғымдардың ғылыми бірізділігіне қатысты қайшылықты пікірлер қалыптасқан. Мұндай жағдай қалыпты ұғымға айналған терминдердің түрлі мағынада қолданылуынан, сол себепті қайта түсіндіру мен зерделеуді талап ететін шарттылықтар жағдайында пайда болды. Жекелей алғанда, «діни экстремизм» әрі жиі қолданылатын, әрі аталуына қатысты түрлі пікір таластар туындататын ұғымды анықтау қажеттілігі байқалады.
Діни экстремизм анықтамасын ғылыми-тәжірибелік тұрғыдан қолдануға қатысты зерттеушілер арасында бірыңғай пікір қалыптаспаған. Сарапшылардың басым бөлігінің пікірінше, қазіргі кезде қолданылып жүрген діни экстремизм анықтамасы көп жағдайларда мәселенің мазмұнын ашып бере алмайды.
Сонымен қатар, түйткілді мәселенің мәнін нақты бейнелейтін анықтаманы айқындау теоретикалық және тәжірибелік қызығушыларды туындатуда. Анықтаманың нақтылы-
ғынан діни экстремизмнің таби-ғатын, оның дамуына әсер ететін себептерді анықтауға болады.
Алайда, діни экстремизмнің анық-тамасымен қатар, талқылға түсетін мәселелердің бірі экстремистік деп аталатын ұйымдардың өкілдерінің саналарындағы діни құрауыштар көлемін анықтауға қатысты. Діни экстремизм өз мәнділігі бойынша діни құбылыс болып табылады ма, әлде ол саяси немесе әлеуметтік құбылыстар қатарына жатқызуға бола ма деген сауалдар өзекті әрі орынды.
Ең алдымен жалпы тұжы-рымдамасында діни экстремизмді діни салада орын алатын экстремизм ретінде квалификациялауға болады. Сонымен қатар, діни экстремизмнің өзі, яғни оның тек дін саласында орын алуы сирек құбылыс екендігін атап өткен жөн. Көп жағдайларда діни экстремизм ретінде дінге қатысы болса да әлеуметтің саяси саласында көрініс табатын экстремистік құбылыстар аталады. Жалпы алғанда, діни экстремизмді анықтаудың екі тәсілін айқындауға болады:
Бірінші тәсіл діни экстремизмді діни сананың ішкі конфессиялық және конфессияаралық дағдарысты құбылыстарға ерекшелікті реакция және осы дағдарыстарды діни емес тәсілдермен шешу ретінде қабылданады.
Екінші тәсіл діни экстремизм анықтамасын қоғам мен мемлекетке қарсы мазмұндағы нақты саяси құбылыс ретінде қарастырады. Бұл бағытты қолдаушылар діни негіздегі орын алатын шиеленістердің басым бөлігі бірінші кезекте саяси негізге ие болады және олар діни емес саяси экстремизм ретінде айқындалады деген пікірді ұстанады. Дін мұндай жағдайларда бағынышты элемент қызметін атқарады. Мысалға, діни экстремизді қолдану себептері анықталса да, ресейлік исламтанушы Л. Сюкияйнен діни экстремизм ашық немесе астыртын түрде саяси мазмұнға ие деген пікірді қолдайды. Сарапшының пікірінше, «қандай жағдайда болмасын діни экстремизді жеке немесе саяси экстремизммен немесе оның көрініс табу формасы ретінде қарастыруға болады».
Діни экстремизм құрауыштарының қайсысы басымдылыққа ие, сәй-кесінше, экстремизмнің бұл түрін қалай анықтауға, яғни, діни экстремизм бе әлде саяси экстремизм көрінісінің формасы ма деген сауалға қатысты талқылаулар ортақ тоқтамға келген жоқ және сарапшылар арасында әлі күнге дейін жалғасуда. Мұндай пікірталастардың өзектілігі мен ұзақтығы екі тараптардың өзіндік дәлелдемелерге ие негіздемелерінің болуына байланысты екенін атап өткен жөн, шын мәнінде діни экстремизм түрлі формаларда көрініс табады. Мысалға, дін ұстанушыны бір діннен өзге дінге өткені үшін адамдардың оны жария түрде айыптауы мен қуғындауға, жазалауға үндеулері, немесе кейбір діни қайраткерлердің конституциялық билікті жойып, орнына теократиялық мемлекет құруға үндеулері экстремистік әрекет ретінде бағаланады. Алайда, аталып өткен екі көріністер арасында айырмашылықтар бар, егер бірінші жағдайды таза діни экстремизм ретінде сипаттауға болса, екінші көріністі діни құрауыштардан тұратын саяси әрекет ретіде класификациялауға болады. Экстремизмнің екі көрінісінде де діни форма болғанымен, екі бөлек мазмұнға ие болады.
Діни-саяси экстремизмді айрық-шалайтын маңызды шарттардың бірі «мұндай діни топтар экстремимстік көріністерді діни қызметтерден тыс жүзеге асыру» фактісі, яғни, саяси байланыстарға түсе отырып жүзеге асырылады. Алайда олардың әрекеттері діни сана арқылы бүркемеленеді.
Ресей зерттеушілері діни-саяси экстремизмді экстремизмнің өзге түрлерінен дифференциациялау үшін келесідей үш айқындау сипаттамаларын ұсынады:
1. Діни-саяси экстремизм – бұл мемлекеттік құрылымды күштеп өзгертуге және билікті жаулап алуға, мемлекеттің аумақтың тұтастығы мен егемендігін бұзуға бағытталған қызмет. Саяси мақсаттарды басшылыққа алуы діни саяси экстремизмді діни экстремизмнен ерекшелеуге мүмкіндік береді. Аталған сипаттар бойынша ол экономикалық, экологиялық және рухани экстремизмнен ерекшеленеді;
2. Діни-саяси экстремизм діни қағидаттар мен ұрандар арқылы бүркемеленеді немесе мотвацияланатын заңға қайшы саяси әрекеттердің көрінісі болып табылады. Осы белгілері арқылы ол өзге мотвацияларға ие этноұлттық, экологиялық және экстремизмнің өзге де түрлерінен ерекшеленді;
3. Өз мақсаттарына жету үшін күш қолдана отырып күресу әдісі діни- саяси экстремизмнің ерекше белгісі болып табылады. Аталған сипаттар бойынша ол діни, экономикалық, рухани және экологиялық экстремизмнен ерекшеленеді».
Діни экстремизм – нақты бір тұлғалардың, топтардың, мемле-кеттердің саяси мақсаттарға жету үшін дінді немесе діннің кейбір қағидаттарын идеология, мотивке айналдыру. Яғни дін саясаттың құралына айналатындықтан, діни экстремизм саяси зерттеудің объектісі болып табылады. Осы орайда, діни экстремизмнің идеологиясы, мотивтері, объектілері мен субъектілері, экстремистік әрекеттер мен ұйымдарды қарастырған жөн.
Экстремистік идеологияның мәнін ұғыну үшін идеология ұғымының өзін талдау мен құрылымын, типтерін қарастырудан және оны тұтас құбылыс ретінде талдаудан бастаға жөн. «Идеология адамдардың қоршаған ортаға және бір бірлеріне қатынастарын белгілейтін және қоғамдық қатынастардың бекіту мен дамытуға қызмет ететін идеялар мен көзқарастардың жиынтығы. Иедологиялық көріністердің негізі ретінде қандай да бір қоғамдық мүдделер анықталады.
Таптық қоғамда идеология нақты бір таптың сол қоғамдағы орнын, таптардың өзара қатынастары мен мүдделерін білдіретін таптық сипатта болады. Идеология саяси, құқықтық, діни, этностық, эстетикалық, философиялық көзқарастар формасында көрініс табады».
Өз мәнділігінде идеология объективті әлеуметтік шынайылықтың қандай да бір әлеуметтік қауым тұрғысынан көрініс табуы және осы әлеуметтік қауымның базалық әлеуметтік мүдделерін білдіру, яғни, ол қандай бір әлеуметтік қауымның өзіндік әлеуметтік сана сезімі. Әлеуметтік топтың (тап, ұлт және т.б.) немесе жеке тұлғаның бекітулері мен таңдаулар жүйесі, ол шынайылықты түсіну мен түсіндіру тәсілі және әлеуметтік игіліктерге, дәрежелер мен рөлдерге қатынастарын білдіру болып табылады.
Формасы жағынан идеология әлеуметтік шынайылыққа қатысты көзқарастар жүйесі. Бірақ, саяси ғылымнан ерекшелігі ол құндылықтық сана болып табылады. сол себепті, идеология қоғам туралы ғылыми білімдерден бұрын нақты әлеуметтік шынайылыққа қатысты ешбір сынсыз қабылданатын құндылықтар жүйесінен тұрады. Идеологияны құрылымдық тұрғыдан қарастыруда, оның үш деңгейін қарастыруға болады: «Теоретикалық- концептуалды. Бұл деңгейде саяси теорияның негізгі ережелері қалыптасады, ұсынылатын қоғамдық құрылымның негізін құрайтын кейбір құндылықтары мен идеалдары негізделеді.
Экстремистік және экстремистік емес идеолгияның ерекшеліктерін олардың саяси іс қимыл бағ-дарламалары мен іс әрекеттік ұстанымдары арқылы айқындаған жөн. Егер нақты бір идеология жүйелі немесе жаппай зорлық көрсетудің әлеуметтік топтарға геноцид жүргізу шараларына дейінгі радикалды іс қимыл бағдарламаларынан, сондай-ақ саяси оппоненттері, қарсыластары, өзге сенімдегілерге қатысты шектен шыққан ерікті қимылдар нормаларынан тұратын болса, мұндай идеологияны экстремистік ретінде айқындауға болады. Алайда, идеологияның ішкі байланыстар элементінің логикасы ескерілмей қалады. Өйткені идеологияның бағдарламалық іс әрекеттік элементтері оның теоретикалық құндылықтық эле-менттерінің салдары, нәтижелері ғана болып табылады. сол себепті экстремистік идеологияның басты критериі ретінде осы мазмұнды, теоретикалық құндылықтық кри-терилерді ескерген жөн.
Нақты қоғам туралы түсініктер мен ондағы өзіндік орынды нақты әлеуметтік топтар арқылы айқындау, сәйкесінше осы түсініктер мен бағалаулардан пайда болатын қандай әлеуметтік идеалдарды экстремистік іс әрекеттер мен саяси бағдарламалардың негіздері деп қарастыруға болады. Сонымен нақты әлеуметтік топтың экстремистік идеологиясы ретінде келесідей белгілері бар идеологияны атауға болады:
— қоғам туралы түсініктер дең-гейінде әлеуметтік, әсілдік және ұлттық теңсіздіктер бар болатын және олар тек жоғары әлеуметтік топтар ғана лайықты өмір сүруге құықылы, ал төменгі топтар шексіз пайдалану тіпті геноцидке лайықты деген шектен шыққан идеялар болатын болса;
— әлеуметтік шынайылықты баға-лауда қарапайым биополярлы жүйе, яғни, өз адамдары мен жат адамдар, мейірімділік пен зұлымдық ретінде бөлу қолданылатын болса және зұлымдық ретінде сол топтың құқықтары мен мүдделері қысымға түсетін нақты бір әлеуметтік жүйе танылатын болса, ал мейірімділік ретінде сол әлеуметтік жүйемен күресудің кез келген формалары қабылданатын болса;
— әлеуметтік идеал деңгейінде өзге әлеуметтік топтардың мүдделерінің зардап шегуі арқылы нақты бір әлеуметтік топтың мүдделері толы-ғымен орындалуы жүзеге асырылатын қоғамдық құрылым үлгісі ұсынылатын болса;
— әлеуметтік іс әрекет деңгейінде экстремистік идеология қоғамды радикалды түрде өзгертуді ұсынбайды, ол әдетте нақты әлеуметтік топ және оның мүдделері толықтай сақталатын деңгейде өзгертуді ұсынады. Бұл утопиялық әлеуметтік фундаментализм немесе консерватизмнің бағдарламасы.
Іс әрекеттік нормалар мен ұс-танымдар деңгейінде нақты әлеуметтік жүйенің институттары мен өз қарсыластарын толықтай жою, тікелей зорлық көрсету, саяси қарсыластарына қатысты шектен тыс ерікті әрекеттерді қолдану нормаларын ұсыну байқалса.
Әрине таптарға, түрлі әлеуметтік топтарға бөлінген және олардың арасында терең немесе бітіспейтін қайшылықтар шегіне жеткен деңгейде болатын қоғамда жағдайлар тез нашарлағана немесе өмір сүруі мүмкіндігін қауіп төнетін әлеуметтік, демографиялық топтардың идеологиялары экстремистік формаларға ие болады. Оларда жоғарыда анықталған бес түрлі элементтердің барлығы көрініс табады. Осылайша, төтенше әлеуметтік тарихи жағдайларда кез келген идеолгия, оңшыл немесе солшыл, діни немесе құдайсыздық идеологияларының барлығы экстремистік формаға ие болады.
Экстремистік идеологияның әлеуметтік мәнін анықтау, оның әлеуметтік шынайылыққа қатынасын талдау арқылы анықталады. К.Мангейм Идеологияны «түсі-ніктердің трансцендентті болмысы, және мұнда de facto ешқашан өз мазмұнының жүзеге асуына жетпейді» деп анықтайды. Cонымен қатар ол «болмысқа трансцендентті», мүмкін емес ретінде орын алып отырған өмір сүру салтына сәйкеспейтін түсініктерді атайды. Алайда, К.Мангеймнің өзі егер идеология әлеуметтік шынайылықты өзгерте алса утопияға айналады деп көрсеткен. Шын мәнінде идеологияның шынайылыққа қатынасына байланысты мұндай тәсіл экстремистік идеологияның мәнінің ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік бермейді.
Экстремистік идеологияның әлеу-меттік мәні оның заңдылығы мен тарихи шарттандырылғанында, алайда нақты әлеуметтік топтың осы тарихи шарттылықтарда өзіндік сақталу әрекеттерін шектен тыс формаларда жүзеге асыруында.
Мұндай әрекеттердің шектен шығуы мен адекватсыздығы біріншіден, нақты әлеуметтік топ өзінің мүделлерін тек зорлықшыл немесе күш көрсету әрекеттері арқылы, екіншіден, мұндай тарихи экстремалды жағдайдан шығу үшін оны консерватитвтік тұрғыдан өзгертіп бұрынғы қалпына келтіру және мұнда сол әлеуметтік топтың жағдайлары мен дәрежелерін жақсарту секілді утопияға ұрынады.
Дегенмен тек бір ғана әлеуметтік топтың мүдделері ғана жүзеге асатын қоғам құрудың мүмкін еместігі секілді тарихи үдерісті тоқтатуға болмайтынын ұғынған жөн. Әрине тарихтан байқалғандай, нақты тарихи дағдарыстық кезеңді шешу үшін экстремизм емес, әлеуметтік сапалы қайта өзгерту бағдарламасын ұсынатын әлеуметтік революцияны қолдануға болады, мұндағы әлеуметтік топтар мен олардың ара қатынастары да өзгере еді, олардың мүдделеріне қатысты әділ компромисстер жүзеге асар едді.
Экстремистік идеология экс-тремистік әрекеттің негізі мен базисі болып табылады. «Индивидтердің, топтардың, партиялардың саяси қызметтерін оларға өзекті болып табылатын идеалдар мен құндылықтар аясында мәнділік пен мағыналарға толтыра отырып, саяси идеологтар саяси іс әрекетті мотвациялаушы рационалды құныдылықтық формалар ретінде көрініс табады».
Қазақстан Республикасының «Экс-тремистік әрекетке қарсы іс-қимыл туралы» Заңындағы анықтаманы келтіруге болады, экстремизм келесідей анықталады: «экстремистік әрекет (экстремизм):
— белгіленген тәртіппен экс-тремистік деп танылған ұйымның атынан әрекеттерді адамның, адамдар тобының не ұйымдардың;
— мынадай экстремистік мақсат-тарды: Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күшпен өзгертуді, егемендігі мен тұтастығын және оның аумағының біртұтастығын бұзуды, мемлекеттің қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетіне нұқсан келтіруді, өкіметті күшпен басып алуды немесе өкіметті күшпен ұстап тұруды, заңсыз әскерилендірілген құралымдарды құруды, басшылық жасауды және қатысуды, қарулы бүлік ұйымдастыруды және оған қатысуды, әлеуметтiк, тектiк-топтық алауыздықты қоздыруды (саяси экстремизмдi);
— мемлекетте бiр ұлттың үстемдiк етуiн орнықтыруды, сондай-ақ нәсiлдiк, ұлттық және рулық алауыздықты қоздыруды (саяси экстремизмдi);
— мемлекетте бiр дiннiң немесе дiни ағымның үстемдiк етуiн орнықтыруды, сондай-ақ дiни алауыздықты қоздыруды (дiни экстремизмдi) ұйымдастыруы және/немесе жасауы;
— дiни алауыздықты қоздыруға, адамның жеке басын бұзуға, оның денсаулығы мен өмiрiне (дiни экстремизм) қауiп төндiруге бағытталған әрекеттердi жасауда көрiнетiн түбегейлi дiни нанымнан сенiм бостандығына берiлушiлiк» деп анықталады.
Ал оның алдын алу мен оған қарсы күрес келесідей берілген:
-«экстремистік әрекетке қарсы іс-қимыл – экстремизмнен жеке адамды, қоғамды және мемлекетті қорғауға, экстремистік әрекеттің алдын алуға, анықтауға, жолын кесуге және оның зардаптарын жоюға, сондай-ақ экстремистік әрекетті жүзеге асыруға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтауға және болдырмауға бағытталған мемлекеттік органдардың қызметі»;
— «экстремистік әрекеттің алдын алу – экстремистік әрекеттің жолын кесуге бағытталған ұйымдастырушылық, тәрбиелік, насихаттық және өзге де шаралар жүйесі».
Көп жағдайларда экстремистік әрекеттерді терроризммен теңес-тірулер кездеседі. «Терроризм саяси экстремизмнің шектен шыққан көрінісі қоғамды жүйелі түрде үрейлендіру, тұрақсыздандыру, зор-лықпен қорқыту».
Зорлық пен зорлық арқылы үрейлендіру сыртқы белгілері бойынша экстремизм мен терроризмді ұқсас етіп көрсетеді. Террористік қимылдардың барлығы дерлік экстремистер тарапынан қолданылады. Алайда, террористік әрекеттер түрлі идеологиялық мотивацияларға ие болуы мүмкін екендігін естен шығармаған жөн. Және осы негізде экстремистік көзқарастармен шарттандырылған терроризмді, өзге идеологиялық мотивациялармен шарттаныдырылған террордан айырып алған жөн. Мысалға, экстремистік әрекеттерді анықтағанда экстремистердің қандай да бір әрекеттерін тізбелеу емес, оның нақты идеологиясын көрсету қажет.
Экстремистік әрекет экстремистік идеологиямен шарттандырылған, мотивацияландырылған әрекеттер жатады. Экстремизмді әлеуметтік деструктивті радикалдық әрекеттің интитуализацияланған формасы ре-тінде қарастыра отырып, оның субъекті мен объектісіні, мотвациясы мен мақсаттарын, сондай-ақ, экстремистік әрекеттің жалпы әлеуметтік мәні мен әрекет ету тәсілдерін анықтаған жөн.
Діни экстремистік әрекеттің субъекті өзіндік сәйкестілігі, әлеу-меттік дәрежесі мен мүлдем құру қаупі төнген дағдарысты жағдайға ұшыраған қандай да бір тұлға немесе әлеуметтік топ, этникалық топ немесе тұтас мемлекет пен халық болуы мүмкін. Алайда, көп жағдайларда экстремистік әрекеттің субъектілері қатарына әлеуметтік қауымның күрделі жағдайға ұшыраған тобы мен психологиялық тұрақсыз, радикалды экстремистік идеологияны қабылдағыш тобы өтеді. Мұдай топтарды кейде маргиналды топтар деп те атайды.
Діни экстремистік әрекеттің сыртқы объектілері ретінде «жау» категориясына жатқызылған адамдар (жеке тұлғалар немесе әлеуметтік топтар), немесе экстремистер санасында жағымсыз әлеуметтік тәртіп түрінде қабылданатын түрлі әлеуметтік объектілер, институттар, ұйымдар қабылданады. Бірінші жағдайда ашық әлеуметтік агрессияны көруге болатын болса, екінші жағдайда жанама түріндегі әлеуметтік агрессияны көруге болады. Шын мәнінде экстремизмнің объекті нақты дағдарысты әлеуметтік жағдай болып табылады, алайда ол экстремист санасында нақты «жаулардың» бейнелеріндегі жеке тұлғалар немесе әлеуметтік ұйымдар ретінде қабылданып, агрессиялық қимылдар бағытталады. Осылайша, экстремизмді нақты объектіге емес, оның өзіндік қабылдауын сәйкес өзгерген формасына кері бағдарланған агрессия ретінде анықтауға болады. Сонымен қатар, мұндай агрессиялар көп жағдайда кездейсоқ, кінәсіз тұрғындарға бағытталуы да орын алып тұрады. Мұндай агрессиялар дағдарысты жағдайды шешпейтінін қайта ушықтыра беретіндігі белгілі.
Діни экстремистік әрекеттер өзінің идеологиялық мотвацияларының сипаттамаларына қатысты екі түрге бөлінеді:
1. Қарапайым идеологиялық мотивация негізінде пайда болатын, жалпықоғамдық психология деңгейіндегі аяқ асты пайда болатын, ретсіз әрекеттер (экстремистік әрекеттердің алғашқы қарабайыр формалары);
2. Қандай да бір идеологиялық жүйеге және одан пайда болатын құндылықтар, идеалдар жүзеге асырылуы тиіс мақсаттарға негізделген саналы идеологиялық әрекеттер (экстремистік әрекеттердің толық формасы). Бірінші формадан екінші формаға өту және олардың өзара әрекеттестіктері әрбір нақты жағдайдағы тарихи ахуалдарға тікелей байланысты.
Экстремизмнің психологиялық мотивациясы әлеуметтік үрей мен одан туындайтын агрессия мен қаталдық болып табылады. Сонымен қатар, үреймен мотвацияланған экстремистік әрекеттерде психологиялық моти-вацияның қысымы азаймай, қайтадан күшейе түседі. Экстремист экстремистік әрекеттерне күштірек әрі тереңірек енген сайын оның экстремистік психологиялық толқыныстары күшейе түсіп, экстремистік әрекеттердің одан әрі жалғасуына әкеледі.
Экстремистік әрекеттердің мақсаты қосарлы, қорғаныштық шабуылдық сипатқа ие болады. Экстремистік әрекет бірінші кезекте қорғаныстық мақсатты көздейді, алайда көп жағдайларда төтенше және адекватты емес, заңсыз құралдарды қолдана отырып өзге әлеуметтік топтардың құқықтары мен мүдделеріне қысым көрсетеді. Қорғаныстың мұндай түрі агрессивті, белсенді сипатқа ие болатындықтан, экстремистік әрекеттердің екінші мақсаты экстремистер санасында «жаулар» кейпінде бейнеленетін саяси қарсыластарға максималды түрде шығындар әкелу оларды қирату болып табылады. Экстремистік әрекеттердің кең формаларының соңғы мақсаты орын алып отырған әлеуметтік жүйені реформалау арқылы өздерінің топтарының сол ортада сақталуы мен дамуына қол жеткізу. Экстремизмнің дамыған институализацияланған фор-масындағы экстремистік әрекетті негізгі үш топқа бөліп қарастыруға болады: идеологиялық насихаттық, ұйымдастырушылық және тәжі-рибедегі зорлық актілері.
Идеологиялық насихаттық әре-кеттерге экстремистік идеологияны дайындау, экстремистік насихаттық материалдарды әзірлеу, экстремистік идеологияны іс жүзінде насихаттау жатады. Ұйымдастырушылық әрекеттерге экстремистік ұйымдарды құру, олардың қызметтерін жоспарлау, экстремистік ұйымдарды мамандар мен материалдармен және қаржылай қамтамасыз ету жатады. Іс жүзіндегі экстремистік әрекеттердің жиынтығы рухани өнегелік, тәндік болсын зорлық актілерінен, террордан тұрады, ол жеке тұлғалар, топтар мен әлеуметтік ұйымдарға қарсы бағытталады. Мұндай әрекеттер ең аз дегенде саяси оппоненттерін қорқыту арқылы олардың қарсыласу мүмкіндіктерін шектеу, ең көп дегенде оларды түпкілікті жою дегенді білдіреді.
Діни экстремистік ұйымдардың мәнін анықтағанда бұл экстремистік идеология мен әрекеттердің аясында ерікті түрде біріккен адамдардың топтары екендігін ескерген жөн. Экстремистік ұйымдардың формалары: формалды емес азғантай топтардан, заңды әрекет ететін қоғамдық немесе саяси бірлестіктер, партиялар, қозғалыстар болуы мүмкін. Егер экстремистік партия билікті жаулап алса, ол тұтас мемлекетті экстремизм құралы ретінде пайдаланып, оны экстремистік ұйымға айналдырады. Экстремистік ұйым оның формасына қарамастан адамдар тобының нақты идеология аясында бірігулері мен осы идеологияларды жүзеге асыру мақсатындағы бірігулері мен әрекеттері болып табылады.
Сонымен, діни экстремизм жоғарыда қарастырылған күрделі үші элементтен: экстремизмнің базисі болып табылатын экстремистік идеология; экстремистік идеологияны жүзеге асыратын экстремистік әрекет; экстремистік әрекеттерді әлеуметтік ұйымдастыру формасы болып табылатын экстремистік ұйымдардан құралған күрдеі әлеуметтік құбылыс болып табылады.
Діни экстремизм ішіндегі бөлі-ністер діни сенімдердің формалары немесе діни конфессиялар бойынша бөлінеді. Мұндай критерилерге сәйкес, діни экстремизм формаларын негізгі конфессияларға қатысты көрсетуге болады: христиандық (оның ішінде христиандықтың үш бағыттары бойынша), исламдық, буддистік және дәстүрлі емес діни ағымдарға тән экстремизм формаларының топтары, т.б. Егер діни экстремистік идеологияның әлеуметтік мазмұнын қарастыратын болсақ, ол дәстүршілдік (феодалдық немес қауымдық әлеуметтік жүйелерді идеалдандыру негізінде пайда болған) немесе модернистік (капиталистік әлеуметтік жүйені идеалдандыру негізінде пайда болған) діни экстремизм.
Әлеуметтік субъектінің саясатқа қатынасына байланысты діни экстремизмді екі түрге бөлуге болады: биліктік және оппозициялық экстремизм. Биліктік нақты қоғамдағы экономикалық және саяси билікке ие тұлғалар тарапынан жүзеге асырылатын экстремизм.
Бұл экстремизм бағынышты топқа қарсы бағытталады. Оппозициялық экстремизм бағынышты әлеуметтік топардың тарапынан жүзеге асады. Егер алғашқысы билікті сақтап қалу және онымен байланысты жоғарғы топтардың артықшылықтарын да сақтап қалу болса, екіншісі өздерінің жағдайларының күрт төмендеуіне шұғыл қарсылық көрсету болып табылады.
Жалпы алғанда, діни экстремизм өзінің мәні жағынан, қазіргі дәуірге тән діни мен зайырлылықтың бөлінуіне радикалды агрессиялар деген пікірлер де жоқ емес.
Әзірше ешқандай пікір жоқ.
Бірінші болып пікір қалдырыңыз.