ГЕНДЕРЛІК  САЯСАТ ЖӘНЕ ӘЙЕЛ БАҚЫТЫНЫҢ МӘНІ ГЕНДЕРЛІК  САЯСАТ ЖӘНЕ ӘЙЕЛ БАҚЫТЫНЫҢ МӘНІ
  Құдияр Біләл жазушы, ҚР «Мəдениет қайраткері» Әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылық – қазіргі таң-дағы ең жойқын адам құқығы бұзылуының бірі. Зорлыққа жол бермеуіміз... ГЕНДЕРЛІК  САЯСАТ ЖӘНЕ ӘЙЕЛ БАҚЫТЫНЫҢ МӘНІ

 

Құдияр Біләл
жазушы,
ҚР «Мəдениет қайраткері»

Әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылық – қазіргі таң-дағы ең жойқын адам құқығы бұзылуының бірі. Зорлыққа жол бермеуіміз керек. Бұл денсаулық пен өмірге қауіпті мәселе гендерлік теңсіздік, билікті теріс мақсатта пайдалану және жағымсыз нор-малардан бастау алады. Зорлық-зомбылық әйелдердің қоғамдық өмірге араласуына кедергі келтіреді.
Гендерлік зорлық-зомбылық отбасылар мен қоғамдастық ара-сындағы байланысты әлсіретіп, елдердің әлеуметтік тұрақтылық пен экономикалық дамуға қол жеткізуіне жол бермейді.
«Отан – отбасынан басталады». «Отбасы – шағын мемлекет». Осы ыңғайда айтылатын мақал-мәтелге айналған қанатты сөздер бар. Жаттанды сөз. Ал мәніне үңіліп көрсең бар ғой…
Жарайды. Үңіліп көрелік. Ол үшін әуелі отбасы туралы түсінікті қалыптастырайық. Қа-лыптастырғанда бір отбасын: ата-әже; әке-шеше; сосын балалар деп алсақ, отбасылық билікті ата еншісіне қалдырайық. Оның үстіне бұл ұғым ақсақал дегенге де жақын. Себебі, біз сол ақсақалды тілге тиек ету арқылы отбасыдан ауылдық ұғымға шығамыз.
Сонымен әуелі отбасыға келейік. Ата шаңырағының тілеуін тілеп отыр. Әже-немерелеріне қамқор. Әке-шеше – бірі түздің, екіншісі үйдің тірлігінде. Балалар – осы үлкендер бақылауында. Бір сөзбен айтқанда, сүттей ұйыған отбасы. Енді сауал. Осы отбасын тұтастырып тұрған не нәрсе? Жауап айқын. Ол — махаббат. Кәдімгі ата-ананың балаға, баланың ата-анасына деген махаббаты.
Басты мән беретін жәйт. Біз айтып отырған махаббат оларға Алладан берілген. Ол – нақтылы, бағдарламалы махаббат. Адам баласына одан өзге де махаббаттар тән. Бірақ олар мына біз айтып отырған нақтылы, бағдарламалық махаббатты алмастыра ал-майды. Осы жерде «нақтылы, бағдарламалық махаббат» дегеннің басын ашып алайық. Басын ашқанда ол, тағы да қайталап айтайық, Алладан берілген, тек өзінің отбасына ғана арналған махаббат.
Егер ол осындай нақтылы, бағдарламалық махаббат бол-мағанда, адам баласы өзгелердің балаларын да тап өзінің баласындай жақсы көрген болар еді. Бірақ олай емес қой. Сонымен нақтылы, бағдарламалық махаббаттың мәнін сәл-пәл түсініп қалдық. Міне осы махаббат салтанат құрып тұрған кезде әлгі отбасын сырттан жау ала алмайды.
Біз мұны неге тәптіштеп айтып жатырмыз? Себебі, сөз басында отбасын отанның бір бөлшегі дедік. Яғни біз осыдан отандық тұтастықтың мәнін ашуымыз керек. Сонымен мемлекетіміз қайтсе тұтасады? Ол үшін әуелі әлгі отбасын бөлшектейік. Бөлшектегенде, сол сүттей ұйыған отбасының қалайша боз-тозы шығатынына мән берейік. Ең басты жәйт. Отбасы бөлшектенуіне алып келетін бір-ақ күш бар. Ол күш біз жоғарыда тілге тиек еткен нақтылы берілген Аллалық бағдарламалы махаббаттан басым түсуі керек. Басын ашып айтайық. Ол махаббатты ешнәрсе алмастыра алмайды.
Алайда оның орнын алмастыруға әрекет жасайтын күштерді жоққа шығаруға болмайды. Біз оны бір ауыз сөзбен «шайтани күш» деп атаймыз. Бұл – отбасыға әсер ететін сыртқы күштер. Оған қарсы тұратын ішкі күштер — отбасылық әдеп. Ол – мемлекеттік тұрғыда ұлттық әдепке ұласады. Басын ашып айтайық. Бүгінгі күні қай тұрғыда да отбасылық әдеп сыртқы күштерге төтеп бере алмайды. Сондықтан қай отбасының да таза қазақылық болмысына нұқсан келген. Яғни, махаббат бар, қорған, яғни әдеп жоқ. Жоқ емес, әлсіз дейікші. Не керек, сыртқы күш отбасы шаңырағын шайқалта бастады.
Енді осы ұғымды сәл кеңейтейік. Кеңейткенде, отбасын ауыл деп қабылдайық. Сонымен байырғы қазақы ауылды көз алдымызға алып келейік. Ауылда тұтастық сақталған. Себебі, бір атаның балалары. Төрде – ақсақал. Бәрі соның аузын бағады. Айтқаны — заң. Алайда бірнеше ата баласы аралас қонған ауылдар да бар. Мұндай ауылдарда төбе би алға шығады. Салт-дәстүр мен әдет-ғұрып – ауыл-аймақтық әдептің қызметін атқарады. Ал тұтастыққа «Сендерді ұлтқа, руға бөлдік» деген аят негіз болады. Алайда сыртқы күш оларға да әсер етеді. Нәтижесінде ұлт өзгеріске түседі. Ұлт өзгерген соң салт-дәстүр өз мәнінен ажырайды.
Яғни, қорған сетінейді. Бір сөзбен айтқанда, ауыл азады. Бұл үрдіс қалада өте жылдам жүреді. Ұлтты тәркі ету қатты белең алады. Салт-дәстүр түбегейлі жоққа шығарылады. Ал ол қалалар мемлекетті түзеді. Енді ол мемлекеттің қандай мемлекет екендігін шамалай беруге болады.
Қазіргі кезде қоғамда шешілмей отырған көп мәселелердің бірі отбасындағы әйелдерге қатысты тұрмыстағы зорлық-зомбылықтар болып отыр. Жалпы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа әлсіз бала-лар, қарттар, мүгедектер мен әйелдер қауымы ұшырайды.
Ресми статистикалық мәліметтер бойынша тұрмыстық зорлық-зомбылық әрбір үшінші отбасында кездесіп, тіркелген қылмыстардың 30 пайызын құрайды. Себебі – қызғаныш, маскүнемдік, бұза-қылық, әлеуметтік жағдайдың төмендігі.
Осы жерде өз өмірімнен, яғни екінші рет қалай үйленгендігімнен мысал келтіре кетейін. Сонымен екінші рет үйленуіме тура келді. Басқа амал жоқ. Екінші рет үйленетіндігіме әйелім де қуана келісті. Тіпті «олай істе», «бұлай істе» деп маған ақыл-кеңес те беріп қояды. Ол кезде 28-демін. «Сені екінші рет үйленейін деп жатыр деп ешкім ойламайды да» деп қояды әйелім. «Тіпті жас көрінесің» деп мақтауымды да асыруда.
Қалай болғанда да маған екінші рет үйленгеннен басқа жол да жоқ еді. Сосын амал жоқ үйлендім. Үйленгенде де үш баласы бар әйелді бір-ақ алдым. 28-дің баланың жасына айналғаны қазір ғой. Ол кезде бұл жастағылар өздерін ересек сезінетін. Оның үстіне мен өзі ерте үйленгенмін. 20 жасымда отау құрып, 21-імде балалы болдым.
Бірде осы әңгімені тілге тиек еткенімде, Көпекең (Әмірбеков): «Ерте сотталып кеткен екенсің-ау» деп жанашырлық танытқан болатын. «Оның үстіне…» деп біздің әйелдің арқаның қызы екендігін де менің қаперіме сала кетуден әсте жаңылмайтын. Сосын іле: «Кезінде мен де «Осындай бір шүйкебас ауылдан да табылар еді ғой» дегенге құлақ аспап едім» деп қояды. Солай дей келе біздің әйелдің мақтауын асыруды да ұмытпайды. Көпекең екеуміз арамыздағы әйел тақырыбы осылайша әлі күнге дейін бір шешімін таппай келе жатыр. Сонымен үйлендім. Алғашқы үйленгенімді айтамын. Үшінші курста бірге оқып жүрген қызбен бас қостым. Менен бір жас кіші. Бірақ ол ай айырмашылығын да қоса есептеп, өзінің менен екі жас кіші екендігіне көзімді жеткізген. Соған орай қазір біреудің жасын анықтау қажет болса, ай айырмашылығын да санамалап шығу маған да әдет болған. Сонымен бідің әйелдің маған 18-інде тұрмысқа шыққанына біз бала-шағамызбен түгелдей сеніп кеткенбіз.
Кейде ол кісінің мектеп бітірген жылы мен тұрмысқа шыққан жылын шатастырып, «17-імде тұрмысқа шықтым» дейтіні бар. Кейде сол 17-інің өзін аймен есептеп, 16-ға да түсіп кетеді. Біз дауласпаймыз. Енді туған айы бойынша есептесең бәрі дұрыс. Оның үстіне құжатқа мығым. Сол кездегі төлқұжатыма отбасылы екенімді айғақтап, өзінің аты-жөнін де сықитып жазып қойған. Ол кездің қыздары елеусіз ғана төлқұжатыңды бір сүзіп шығатын. Ал біздің төлқұжатта Көпекең айтпақшы, «сотталған» деген белгі тұр. Әйелім сол пысықтығына кейін қатты өкінді. Екінші рет үйленер кезде мен де өкіндім.
Соңғы курс. Өзімше Алматыда қалатын болып шешіп қойғанмын. Тұңғышымыз әке-шешеміздің қо-лында. Соны көру үшін жоқтан өзгені сылтауратып, ауылға жылтыңдап бара береміз. Көктемге салым барсақ, шешем ауруxанаға түсіпті. Бардық. Қоштасар сәтте біздің әйел: «Жише, алаңдамаңыз. Диплом алған соң ауылға келеміз. Бар тірлікті өзіміз қолға аламыз» деді. Шешем мәз. «Әке-шешеңе қараймын» деп тұрған адамға қапелімде мен не дей қояйын. Сонымен дипломды қалтаға салып алып, ауылға қайттық. Үш жылдан соң 50 жасында шешем дүниеден озды. Енді мені ауылда ұстап тұрған ешкім жоқ. Алматыға қарай мойын соза бастадым.
Солай әрі-сәрі болып жүргенде тағы үш жыл өтіп кетті. Бір мектепте директордың орынбасарымын.
Мектеп директоры болуға да, өзге бір ауданның комсомол комитетіне xатшы болып кетуге де мүмкіндік бар еді. Алайда менің аңсарым Алматыға ауды да тұрды. Біздің қолына қалам ұстаған жігіттерден бір xабар болып қалар ма екен деген оймен баспасөзді ұдайы сүзіп шығамын. Сөйтіп алаңдап жүргенімде Таласбек «Атайы» деген әңгімесімен «Жалын» журналында жарқ ете қалды. Іле Ғалым Доскеннің бір сыни мақаласы «Қазақ әдебиеті» газетінде жарық көрді. Сол-ақ екен әйелге: «Біздің жігіттер де көріне бастады, мен бір барлау жасап қайтайын» деп Алматыға тайып тұрдым.
Сол кезде-ақ сатирик ретінде танылып қалған Лесбай Оспанов курстасым құшақ жая қарсы алып, келсем өзінің жалдап тұрып жатқан пәтерін босатып беретіндігін айтып, бәйек болды. Ғалымға бардым. Ол бір топ өлеңдерімді «Лениншіл жас» («Жас алаш») газетіне жариялатты. Ол кезде мен өлең жазатынмын. Жұмыстың қалаға тіркеуге тұрмай шешілмейтінін білдім. Бұл 1987-жыл. Әйгілі Желтоқсан оқиғасынан кейінгі кез. Шымкенттің қазағын қалаға тіркеуге алуға үзілді-кесілді тыйым салынған. Оның үстіне үш баламмен мені тіркеуге ала қоятын да жер жоқ. Рас, көкемнің (әкемнің інісі) үйі бар. Оған жалғыз адамның да тіркеуге алынуы неғайбыл. Енді біз қалай болғанда да Шымкенттің қазағымыз ғой. Әуелі паспорт столдағы әйелмен таныстым. Жас әйел. Мен болсам… Паспортты көрсетуге болмайды. Онда «сотталғандығым» туралы белгі бар. Оның үстіне менің көкемнің тегі Блялов екен да, меніңкі Билялов деп жазылыпты. Сол «и» деген бір әріптің өзі біздің туыстығымызға күмән келтіреді екен. Осы мәселелерді анықтаған соң ауылға қайттым. Біздің әйелдің менің төлқұжатыма өзінің ныспысын жазғанына өкінетіні осы кез. Алайда мен төлқұжатымды тамақ пісіріп жатқан әйелімнің қазанына салып жіберіп бүлдірдім де, ауданға барып «бойдақ» деп жазылған, әрі тегімнен «и» деген әріп алынып тасталған су жаңа төлқұжат алдым. Рас, жамалы шығындандым. Содан салып ұрып Алматыға қайта бардым. Құдай жолымды оңғарып, көкемнің үйіне тіркелдім. Артымнан бір баласын ертіп, екіншісін жетектеп, үшіншісін көтеріп, әйелім де жетті. Мен болсам құжат бойынша бойдақпын. Егер үйленсем әйелім де автоматты түрде тіркеуге алынады екен. Әйеліміз екеуміз үйленетіндігімізді айтып, ЗАГС-ке өтініш бердік. Ол жер «пәлен күні келесіңдер» деп шығарып салды. Айтқан уақытта сол жерде болдық. ЗАГС қызметкері жас қыз екен. Куәсіз болмайды деген соң, сол жерде жүрген бір ерлі-зайыптыға «Бізге куә бол» деп өтініш айттық. Олар келісті. Содан не керек, әшекей-үшекейін тағынған әлгі
ЗАГС қызметкері әйеліміз екеуміздің ерлі-зайыпты екенімізді ресми түрде мәлімдеп, құттықтады. Мұндай ресми шараны күтпеген екеуміз көмейге келген күлкіні зорға тыйдық. Сөйтіп мен әдейі емес, қажеттіліктен өз әйеліме екінші рет үйленгенмін. Бүгінгі жастарға кезіндегі қалаға тіркеу мәселесінің қандай машақатты екендігін айтып, әсте түсіндіре алмайсың. Ал санаулы ғана редакция есігінен аттау… Ол енді қалаға тіркелуден де қиын. Біз ол жолды да басып өттік.
Бұл тұрғыда дін не дейді екен? Назар салып көрелік. Жабир ибн Абдулла (р.а.) былай деп баяндайды: «Бір күні Әсма бинт Язид (р.а.) Пайғамбарымызға (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) келіп: «Уа, Алланың Елшісі! Сіз маған ата-анамнан да артық қымбатсыз. Мен Сізге барша мұсылман әйелдердің атынан келіп тұрмын. Анығында Сіз – еркектерге де, әйелдерге де ортақ болып жіберілген Алланың Пайғамбарысыз.
Бізді мазалайтын бір нәрсе бар. Біздің, яғни әйелдердің көп уақыты үйде өтеді. Біз күйеуіміздің разылығын іздейміз, бала сүйіп, ұрпақ жалғастырамыз. Ошағымыздың түтінін түтетіп, күйеуіміздің дүние-мүлкіне бас-көз боламыз. Соған қарамастан, біз жасай алмайтын кейбір амалдарды ер кісілер жасайтындығы үшін олардың Алладан алатын сауаптары бізден асып кетеді.
Олар күнделікті бес уақыт намаздан бөлек жұма намаздарына қатысады, науқастардың көңілін сұрап барады, жаназа намаздарына қатысады, қажылық парыздарын өтеп, құрбан шалады. Олар сондай сауабы мол амалдарды жасап жатқанда біз үйде қаламыз. Олардың бала-шағасына қарап, киімдерін тігеміз. Біз осы үшін олардың алып жатқан қыруар сауаптарының бір үлесін болса да ала аламыз ба?» – деп сұрайды. Бұл сұрақты естіген Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сахабаларына қарап: «Сендер бұдан артық сұрақ қойған әйелді бұрын-соңды көріп пе едіңдер?» – дейді. Сахабалар: «Уа, Алланың Елшісі! Әйел адам осындай сұрақ қояды деп ешқашан ойламап едік», – дейді.
Сонда Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Әсмаға (р.а.) бұрылып: «Мені жақсылап тыңда және мұны өзге әйелдерге де жеткіз. Егер әйел адам күйеуіне бойсұнып, оның үйдегі тірліктерін жасаса, көңілін тойдырып, оны разы етсе, онда ол да Алла жолында құлшылық етіп жүрген күйеуі секілді сауаптарға ие болады!», – дейді. Мұны естіген Әсманың жүзіне ерекше қуаныш, жымиған күлкі пайда болады. Қатты қуанғаннан көңілі көтеріліп, кетіп бара жатып қайта-қайта «Лә иләһә иллә Алла» (Алладан басқа Құдай жоқ), «Аллаһу Әкбар» (Алла Ұлы)» деумен болады.
Осындайда еске түседі. Бала-лық кез. Мектепте бір кластан екіншісіне аттаған сайын әр қыз өздерінше құлпырып, өріксіз ғашық ете бастады. Маған сол қыздардан артық сұлу жоқ сияқты көрінетін. Ол кездегі менің сұлулыққа деген түсінігімнің өзі қызық болатын. Маған жақсы оқитын қыздардың бәрі сұлу көрінетін. Ал нашар оқитындар…
Енді аңғарсам, ерте бойжеткен сол нашар оқитын қыздар екен. Өзге балалар солармен xат алысып, xат берісіп әмпей-жәмпей болып жататын. Менің ғашықтарым болса сабақтан басқаны ойламайды. Әңгімеге тартайын десең, қандай кітап оқығаныңды сұрайды. Соларға жағамын деп-ақ ауылда оқымаған кітап қалдырмағанмын. Кейде балалар өзара әңгімелесіп қаламыз. Біртіндеп әңгіме барысы қызды ауылға қарай бұрылады. Содан бір-бірімізге «Жүретін қызың бар ма?» деген сауал қойылады. Мұндайда сыр бермеу керек. «Бар» деп қоясың қоқиланып. Енді бар екені рас қой. Бірақ әлі жақсы көретініңді айта қоймағансың дә. Нашар оқитын қыздармен жүріп үйреніп қалған әлгі қулар: «Фигурасы қандай?» деп саған көзін сығырайта қарайды. «Енді… сұлу» деп қоясың. «Фигурасын айтсайшы, фигурасын деп тықақтайды әлгілер. «Сұлу» деген соң болды емес пе» деп өзімше ойлап қоямын. Менің білетінім, адамның бет-әлпеті. Шынымды айтсам, оған фигура ретінде адамның тағы қандай мүшелері кіретінін біле бермеймін. Әйтсе де әлгі қуларға қыздармен жүріп әккіленіп қалған адамдай-ақ «Бәрі керемет» деп қоямын.
Сөйтіп, өзгені де, өзімді де алдаусыратып жүргенде ең сұлу әйелдің қандай болатынын көрдім. Нағыз сұлу – шешінген әйел екен. Бірде кластасымның үйіне бас сұқтым. Аулада ешкім көрінбеді. Екі бөлмелі қоржын там болатын. Дәлізде де жан жоқ. Оң жақтағы бөлмеге кіріп бардым. Досымның ағасы таяуда ғана үйленген болатын. Сол жаңадан түскен келіншек үйдің бұрышында көйлегін ауыстырып киіп жатыр екен. Маған состиып қарап қалды да, іле ойбайлаған қалпы көйлегін омырауына басып отыра қалды. Екі беті ұяттан алаулап кетті. Сол сурет көз алдымда қалып қойды. Сол кезде басыма «Шешінген әйел сұлу болады екен-ау» деген ой келген. Енді аңғарсам, ұялған әйел сұлу болады екен ғой. Болмаса әлгі әйелде өзгені еліктіре қоятындай кейіп жоқ. Бірақ маған сол кезде одан сұлу әйел жоқ сияқты көрініп еді. Егер суретші болсам жалаңаш әйелдің емес, ұялған әйелдің суретін салар едім. Бірақ қыл қалам иелерінің бәрі әйелді шешіндіргенге әуес. Жазушылар да сондай. Сірә олар мен көрген сұлулықты таппай жүр-ау деймін дә.
Байыбына барсақ, Гендерлік зорлық-зомбылық жайттары эко-номикалық дағдарыс, конфликт немесе эпидемия сияқты кез келген төтенше жағдай кезінде өседі. БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш COVID-19 пандемиясы кезінде үйдегі зорлық-зомбылық туралы хабарламалар санының күрт өскенін атап өтті. Гутерриш мырза әлем елдерін әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алуға қатысты қатаң шараларды қолға алуға шақырды.
Бұл тұрғыда таяуда ғана өз қандасымыз басынан кешкен мына оқиғаны да қаперде ұстаған жөн. Грузияда көз жұмған қандасымызға қатысты оқиға одан әрі былайша өрбіді. 26 жастағы қазақстандық Әсел Айтпаеваны зорлады деп айыпталған Грузия азаматы Бесик Тордуа абақтыда өлі күйінде табылды.
Тергеушілер әзіргі таңда Тордуаның өліміне түрткі болған жайттарды анықтау үстінде. Грузияның Ішкі істер министрлігі аталған оқиғаға қатысты анық-қанық ақпарат беретінін хабарлады.
Айта кетелік, қазақстандық бойжеткен Әсел Айтпаева күдікті Бесик Тордуаның Грузиядағы үйінің терезесінің түбінде өлі табылды. Онда ол алыс туысының шақыруымен жұмысқа барған. “Бұл өте өрескел қателік болды” деген еді марқұмның туыстары.
Әселдің әпкесінің айтуынша, ол әрқашан шетелде өмір сүруді армандаған. Өз пәтеріне ақша жинағысы келген. Қыз үйіне табытпен оралады деп ешкім ойламаған.
Қайтыс боларының алдында қыз өзін мазақ етіп, үркітіп-қорқытқанын айғақтайтын аудио жазба жіберген.
Әсел Айтпаева бөгде елге өзінің алыс туысы болып келетін Мұрат Мейірбековтың шақыруымен барған. Мейірбеков оған жақсы жұмыс тауып беруге уәде еткен. Қазіргі күні ол бойжеткеннің өліміне қатысы бар деген күдікпен қамауда отыр.
Іс бойынша күдіктілердің қа-тарында Грузия азаматы Бесик Тордуа (суретте) да болды. Егер оның кінәсі дәлелденсе, ол 8 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін еді.
Бұдан бұрын Грузия Ішкі істер министрлігі Тордуадан тергеу барысында алынған жауаптың көшірмесін жариялаған.
«Не болғанын түсінбей де қалдым. Дереу балконға жүгірдім, төменге қарасам Әселдің денесі жерде жатыр. Байқаусызда құлады ма, әлде секіріп кетті ме, анық айта алмаймын. Әселмен жыныстық қатынасқа түскендіктен, күдіктіге айналатынымды білдім”, – деген еді ол.
Тордуаның айтуынша, ол үйіне оралып, заттарын жинастырып, Зугдиди қаласына кетуге ше-шім қабылдаған. Ол қызды “қорқытпадым, қорламадым, физи-калық күш қолданбадым” деп мәлімдеген.
Тордуаның өліміне қатысты Қазақстан Грузияға тергеу тобын жіберді. Кей мәлімет бойынша, Әсел адам саудасының құрбаны болған.
Тергеу барысын Қазақстанның адам құқықтары жөніндегі уәкілі бақылауына алды.
Әрине, бұл қылмысты оқиғаны әрқалай саралауға болады.
Әйтсе де көп мәселені ұлттық тәрбиеге әкеліп тіреген орынды тәрізді. Ұлттық тәрбие – ұлттық болмыстан бастау алады. Ұлттық болмысымызға қайта қауышу үшін ұлттық тәрбиеге мән беру қажет. Сонда біз ол ұлттық тәрбиені қалай түсінеміз? Ұлттық тәрбие…
Демек, тәрбиенің де түр-түрі болғаны ғой. Санамалап көрелік. Діни тәрбие, Зайырлы мемлекет тәрбиесі, Батыстық тәрбие, Шы-ғыстық тәрбие, Дамыған өркениетті елдер тәрбиесі, Америкалық тәрбие… Осымен доғаралық. Иә, тәрбие түрі жеткілікті көрінеді. Айтпақшы, Кеңестік жүйе тәрбиесі бар екен ғой. Иә, оны аттап кетуге болмайды. Себебі, біз негізінен сол мектептің өкіліміз. Біз өзі сол Кеңестік тәрбиені ұлттық тәрбие деп ойлаймыз. Ал ол тәрбиенің бүкіл Кеңестер Одағына ортақ болғанын ескере бермейміз. Кешегі күн Одақ құрамында болған елдер негізінен ол тәрбиеден арылып бітті. Тек біз… Иә. Әлі күнге дейін мектептерде тәжірибе жүргізіп келеміз. Біз тек өзге елдерге қарап бой түзегіміз келе береді. Ол да дұрыс шығар. Бірақ біз қазақпыз ғой. Бізде бәрі ескеріледі де тек осы қазақ екендігіміз қаперге алына бермейді. Демек, орта мектептерге лайықталып жасалған мемлекеттік бағдарламаларды ұлттық деп атауға келмейді. Ұлттық болмаған соң… Иә. Жыл өткен сайын ұлттық болмыстан алшақтай түсеміз.
Рас, өзге тілдерді меңгереміз. Сол тілмен бірге олар мәдениетін де бойға дарытамыз. Әрине, ол мәдениеттер біздің төл мәдениетімізді ығыстырады. Әлгі біз меңгерген өзге тіл сол тіл мәдениетімен сусындағысы келеді. Ол тіл, әрине, өз ортасын аңсайды да тұрады. Біз бұл жәйттың бәрін орыс тілі арқылы бастан өткеріп қойғанбыз. Тек соны тағы да сәл ағылшындандырғымыз келіп тұр дә. Ал ағылшындандық. Сонда не болады екен,ә…
Мынандай бір қыжыртпа әңгіменің еске түсіп тұрғаны. Екі ауыл арасын шаңдатып автобус айдап жүрген бір қазақ иномарка автобусқа қол жеткізіпті. Содан ол енді қалаға қатынайын деп, автобусына адамдарды толтырып алып басып келе жатыр дейді. Жүргізушінің қатты айдап келе жатқанына алаңдаған бір қарт кісі:
– Балам, ақырын айда. Жол апатына ұрынып қалармыз, – дегенде,жүргізуші: – Ата, сіз мына маркалы автобусты білесіз бе? — деп сұрайды. Әлгі қария: – Жоқ, білмеймін дейді. – Олай болса менің жұмысыма араласпай тыныш отырыңыз, – дейді жүргізуші.
Автобус екпінін баса қоймайды. Жұрт үрейлене бастайды. Сол кезде бір әйел:
— Әй, шопыр, ақырын айда. Бала-шағамызға аман-есен жетейік,- дейді.
Шопыр болса: — Апа, сіз мына маркалы автобусты білесіз бе? — деп тағы да сұрайды. — Жоқ, қайдан білейін, – дейді ол.
– Онда маған кедергі жасамай жайыңызға тыныш отырыңыз, – деп, шопыр жылдамдықты бәсеңдетпеген қалпы зуылдата береді. Автобус кедір-бұдырлы жерден аударылып кете жаздайды. Шыдамы таусылған бір жігіт ағасы – Әй, түгел қырайын деп пе едің? – дегенде, жүргізуші: – Аға, сіз осы маркалы автобусты білесіз бе? – деп сұрайды. — Иә, білемін, не қылайын деп едің? – дейді ол. Сонда шопыр бала: – Онда тез айтыңызшы. Мына бәленің тормозы қайда? – деген екен.
Иә, біз де қазір әлгі жүргізуші секілді үш тұғырлы тіл атты автобусқа оқушыларды мінгізіп алып аңыратып келеміз. Ал тормоз… Тормоз емес, жүргізуші… Иә, біреу далбалақтап жүгіріп келе жатыр. Сірә, жүргізуші сол-ау…
Бұл әзілден де алар тағлым мол. Дей тұрғанмен біз өз ұлттық болмысымыздың ислам діні арқылы да қалыптасқанын жоққа шығара алмаймыз. Сондықтан мына хадистердің де біздің отбасылық жағдайымызға қатысты алатын орны зор. Келтіре кетейік:
Жақсы мінез иесі бір әйел жетпіс әулиеден жоғары.
Жаман мінез иесі бір әйел мың жаман мінез иесі ерден де жаман.
Жүкті әйелдің екі ракат намазы жүкті емес бір әйелдің жетпіс ракат намазынан да қайырлы. Өз баласын емізген әйелге әр жұтым сүті үшін жеке жеке сауап беріледі.
Күйеуі үйге шаршап келген кезде әйелі жылы жүзбен «Қош келдіңіз» деп айтса, жарты жихат (Алла жолында қызмет) сауабы беріледі.
Әйелі күйеуіне, күйеуі де әйеліне рақымдылықпен және мейірімділікпен қараса Алла Тағала екеуіне де рақымдылықпен қарайды.
Күйеуін Алла жолында қыз-метке шығарып салып, өзі де үйінде әдептілікпен отырған әйел күйеуінен бес жүз жыл бұрын жәннатқа кіреді. Жетпіс мың періштенің және хор қыздардың басшысы болады. Жәннат суымен жуынғаннан кейін жақұттан жаратылған аттын үстінде күйеуін қарсы алады.
Баласы жылау себебімен түнде ұйықтай-алмаған әйелге жиырма құл азат еткен сауап беріледі.
Аурып қалған баласы себебімен ұйықтай-алмаған және баласын тыныштандыру үшін тырысқан әйелдің Алла Тағала күнәларын кешіреді де он екі жылдық қабыл болынған құлшылық сауабы береді.
Әйел бисмиллаһ деп қамырын илесе Алла Тағала ырсыына береке береді.
Әйел Алланы зікірменен үйін тазаласа Қағбаны тазалағандай сауап алады.
Әйел бес уақыт намазын оқып, ар-намысын қорғап, еріне бағынса жәннаттың қалаған есігенен кіреді.
Әйел малдың сүтін «Бисмилла» деп сауса, сол мал ол әйел үшін дұға етеді.
Жүкті әйелге күндіздерінде ауыз бекіткен, түндерінде құлшылық жасаған сауабы беріледі.
Жүкті әйел босанғаннан кейін Алла Тағала жетпіс жылдық ораза және құлшылық сауабы жазады. Көрген қиыншылықтарына және әр тамырына келген шаншуына қажылық жасаған сауабы беріледі.
Егер әйел босанғаннан кейін қырық күн ішінде қайтыс болса оған шәһәдәт (шәһиттік) дәрежесі беріледі.
Егер бала түнде оянып, анасы қарғамай оны емізсе, анасына бір жылдық намаз және ораза сауабы беріледі.
Бала сүттен шыққаннан кейін аспаннан періште түсіріледі де баласын емізген анаға былай айтады: «Алла саған жәннатты уәжіп қылды.»
Әйел күйеуі айтпай, күйеуіне масаж жасаса жеті рет жетпіс грамм алтынды садақа еткендей сауап беріледі. Ал, күйеуі атқаннан кейін жасаса жеті рет жетпіс грамм күмісті садақа еткендей сауап беріледі.
Егер әйел, күйеуі өзінен разы болған күйде қайтыс болса жәннат оған уәжіп болады.
Салиқалы әйел жетпіс ерден жоғары.
Әйеліне бір мәселені үйреткенге жетпіс жылдық құлшылық сауабы беріледі.
Иә, ұлттық тәрбие, ол – діни тәрбие деп жүргендер де аз емес. Өкінішке қарай, бұл тәрбиені ұстанушылар діннің тек формалық көрінісіне ғана мән береді. Сондықтан xиджап дауы қоғамдық пікірталастарға арқау болып келеді. Жарайды, дінге тосырқай қарауды қойып, қыздарымызға xиджап кигіздік делік. Діни тәрбие болған соң… Иә. Сақалға да кешіріммен қарауға болады. Бірақ әлгі тәрбиенің xиджап пен сақал арқылы келе қоймайтынын көз көріп отыр ғой. Қазір жұрт қайта аузында Алласы барлардан қорқатын болған жоқ па?! Егер әлгі сөзге жазатайым «акбарды» қосып айтса, қорыққаныңнан аяғыңнан әл кетіп қалады. Өткенде біреу ұшақта намаз оқимын деп «Аллаxу акбар» деп қалған екен, ұшқыштар ұшақтан секіріп кете жаздапты. Сондықтан арабтарға қарап бой түзеу… Оның үстіне біз сонау бір жылдары араб болуға сәл-ақ қалған болатынбыз. Құдай абырой беріп, Қожа Аxмет Яссауи бабамыз сол кезде тариx саxнасына шықты. Сол ғұлама ғой бізді, бізді ғана емес, бүкіл түркі әлемін арабтанып кетуден сақтап қалған.
Ал қазіргі xиджаппен бүркелген дін Яссауи тағлымына мүлде үйлеспейді. Мән берсек, біздің дәстүрлі дінмен үндескен ұлттық болмысымыз сол кезде қалыптасқан еді. Дәстүрлі дінімізде «Шөберенің алақанынан су ішкен адамға жәннатта бір сарай салынады» деген ұғым бар. Қазіргі түсінікте біз оған өте ұзақ жасаған адам ғана қол жеткізеді деп ойлаймыз. Шындығында бұл тағлым ас-тарында ұлттық тәрбие жатыр. Біз соны білгендіктен де «Он үште – отау иесі» деген мәтелді өмірге алып келгенбіз. Сол «отау иесі» әне-міне дегенше әке-шешесін немерелі қылса, сол тәрбиені алған оның баласы тағы сондай уақытта елуге жете қоймаған ата-әжесіне шөбересі қолынан су ішкізетін. Ал олар бойындағы кісілік, кішілік, өжеттік, батылдық, мәрттік, мырзалық… Қайсыбірін айтарсың. Сол ұлттық болмыстан біз қалай ажырап қалдық?
Абдулxаким Арбаси деген әулие «Оба ауруы өте жұқпалы. Бірақ ол ауру өзін одан үстем қойып, мықтылық танытқан адамға жұқпайды. Мейлі ол адам әлгі аурумен бірге тұрсын, бір ыдыстан тамақ жесін, осы жәйт жеті жылға ұласса да бәрібір аурудан аман қалады. Ал жақсы адам жаман мінезді адамның қасында бір кеш қалса, ол әлгі адам жамандығынан тыс қала алмайды» деген екен. Ал біздің бөгде мінезді адамдармен бірге жасасып келе жатқанымызға… Иә. Біраз болды. Соған қарағанда өзімізде де арылуға тиіс біраз нәрсе бар-ау деймін дә… Болмаса бізге мына діни хиса да жат емес. Келтіре кетейік:
Алла Тағала әуелі Адам атаны жаратады. Алайда жұмақтағы Адам ата қанша нығыметтерді көрсе де дара жүруден жалғызсырайды. Сөйтіп ол ұйықтап кеткен кезде Алла Тағала оның қабырғасынан Хауа ананы жаратады. Ұйқысынан оянғанда сомдалған сұлу мүсінді көріп, Адам таңырқай қалып «Не үшін жаратылдың?» – деп сұрайды. Сонда Хауа анамыз: «Сен маған тұрақтауың үшін» деп жауап береді. Осы сөзді ғалымдар былайша тәпсірлеген екен: «Алла Тағала Адам атаға серік болып, көңілінің тыныштық табуы үшін Хауа анамызды жаратып берген». Осыған дәлел ретінде Құранда «Рум» сүресінің 21-аятында Алла Тағала: «Әрі сендердің тыныштық тауып, орнығуларың үшін өздеріңнен жұбайлар жаратуы және араларыңда сүйіспеншілік пен мейірім-жанашырлық пайда етуі де – Оның белгілерінен. Ақиқатында ойланып ақылға салатын адамдар үшін мұнда дәлел-ғибраттар бар».
Ғибрат болатыны, сіз бен біз қазақпыз. Неге қазақпыз? Дұрыс. Жаратылысымыз солай. Демек… Иә. Қазақ мұсылман. Жаратылысында мұсылман. Қазақ мұсылман дінін қабылдаған соң мұсылман емес, ол әу бастан мұсылман. Сондықтан қазақтықтан айнысаң… Иә. Діннен шығасың. Сонда біз қазақ деп кімді айтамыз? Рас, ол үшін тілі, ділі, болмысы, дәстүрі, тегі қазақ болу керек. Біз солай ойлаймыз. Бірақ қазақ болу үшін бұл аз. Ең бастысы, ол адам — қазақ болу керек. Иә, қазақ болу үшін қазақ болу керек. Енді осы ойды тарқатайық.
Қазақ – ұлттың аты. Жаратушы — Алла. Біз қазақ болғанда сол әуелгі жаратылыстық болмысқа енеміз. Ал ол болмысқа біз қалай енеміз? Ол үшін біздегі өзімізге тән адами құндылықтардан қазақ болуға деген құлшыныс басым тұру керек. Дұрысы – қазақ боламын деген әр адам өзіндік іштегі «Менін» жоқ ете алуы тиіс. Ал ол тек біздің дәстүрлі дініміз арқылы жүзеге асады. Бұны – діндар болу емес, қазақ болу деп түсінген жөн. Себебі, қазақ болу — сол дінді ұстану деген сөз. Енді осы ойды тағы да тарқатайық.
Сонымен біз 1456-шы жылы қазақ боламыз деп ұйғарып, өз алдымызға дербес шаңырақ көтердік. Сонда біз оған дейін кім едік? Ол үшін бүгінгі қазақ құрамындағы руларды санамалап шықсақ та жеткілікті. Және де олар қандай рулар десеңші…
Әрқайсысы кезінде әлемді тітіркенткен бір-бір ұлыстың бұтақтары. Қай-қайсысы да өз алдына қайтадан ту тігемін десе де қауқарлы. Алайда олар қазақ боламыз деген ұйғарымға келді. Себебі, қазақ – Алла қайта жаратқан ұлттың аты. Демек Алламен байланыс тек сол атты иемденген ұлт арқылы жүзеге асады. Сондықтан қазақ болу керек. Қазақ болу үшін… Иә. Өткенді жоқ етуге тиіссің. Әлгі «Мен пәленмін», «Мен түгенмін» деген рулық асқақтықты әлі ондай даңқтан ада қазаққа мойынсұндыруың керек. Міне, біз соны 1456-шы жылы жасай алдық. Біз ол ұғымды тіпті Алтын Орданың өзінен асқақ қойдық. Сондықтан да бізді ыдыратудың бір-ақ жолы бар. Ол – қазақтықтан ажырату.
Иә, біздің қазақтықтан бас тартқан кезіміз болған. Ол — СССР дәуірі еді. Сол кезде қазақ болудан «совет xалқы» атануға деген құлшыныс басым тұрды. Бір кереметі, сол басымдық біздің ішімізде бұғып жатқан рулық бөлшектенуді тұншықтырып тас-тады. Бірақ ол қуат қанша күшті болғанымен қазақ атауын, оған деген сенімді өшіре алған жоқ. Ал ру… Иә. Мүлде ұмытылды. Басқаны айтпағанда, біздің өзіміз қасымызда бірге жүрген достарымыздың қай рудан екенін білмей өскен ұрпақтың өкіліміз.
Қош, сонымен тәуелсіздік алдық. Қазақ болуға деген құлшыныс қайта оянды. Бірақ кейбір күштер бізді қайта қазақ етпеуге жанталаса бастады. Олар бізді жекелеген рулардың мәртебесін асқақтату арқылы, табиғатымызға жат бөгде діндерді қаптатып жіберу арқылы бөлшектеуге кірісіп кетті. Иә, біз біраз уақыт солар ыңғайымен қазақ емес, тайпалар батыры атын дәріптедік. Тіпті, билердің өзін қазақтан бөліп алып, рулық деңгейге түсірдІк.
Мән берсек, ағайын жақсылықта және басына ауыртпалық түскенде бас қосады. Мына олимпиада жақсы болды. Біз сол кезде қазақ боламыз. Қазақ болатынымыз сонша, ру түгілі басқа ұлт өкілі болғанына да пысқырып қарамаймыз. Қазір қиындық. Мән берсек, оның да қайыры бар. Біз қайта тұтаса бастадық. Біз қайта қазақ бола бастадық. Ал оны қаламайтындар көп. Өте көп. Сондықтан біздің ұлттық тәрбие тек осы бағытта болуы тиіс.
Байыбына барсақ, әйелге күш көрсету біздің ұлттық тәрбиемізге жат. Осы «ұру» мәселесі ортаға шыққалы әйелдер қауымында алаңдаушылық пайда бола бастады. Діндәрлар болса ұруды жоққа шығара алмай әлек. Білген жөн.
Бүгінгі европаға тән деп отырған әйелдер теңдігін ислам діні алып келді. Исламның әйел мәртебесін асқақтатқаны сонша, жәннатты ана аяғының астына түсірді. Ал исламға дейін арабтар қыздарын тірідей көрге тықса, біз ардақ тұтатын европа билігі әйелдерді қаншама жылдар бойы тауар ретінде саудаға шығарды. 8 наурызды ардақ тұтатын КСРО-ның өзі әйелдерді ауыр жұмысқа жекті.
Ал ұруға келсек, бірде төсек тартып жатқан Әйүп пайғамбар әйеліне қатты ренжіп: «Осыдан сауығып шықсам жүз дүре соғамын» деп, өзіне ашумен серт беріп қалады. Кейін ашуы қайтқан соң уәдесінен қалай шығудың есебін таппай қипақтағанда Алла тарапынан: «Бір буда шимен бір салып қалсаң, уәдеңнен шығасың» деген уаxи келеді. Бір буда шидің әйел жанына бата қоймайтыны белгілі. Бұдан ұрудың әлеуметтік емес, шариғи мәселе екендігі мәлім болады. Ал шариғат діннің қорғаны. Сонда «ұру» әйелге жасалар қайыр екендігі айқындалады. Мәселен ота жасау жанға батқанымен түбі қайырлы ғой. Бұл мәселені де солай түсінген жөн. Болмаса әйелін сабап ешкім де ұшпаққа шыға алмайды. Бәрінен бұрын оны дініміз де, пайғамбарымыз да қош көрмейді. Сондықтан әкесін сабаған, жай сабап қана қоймай, арбаға байлап қойып сабаған әумесердің өзі әйеліне келгенде: «Тон ки, тон ки» деген екен. Демек тон сыртынан «ұрып» еркектік мінез танытып шайпау әйелін жөнге салған қай жан да шариғи амалды орындаған болып табылады.
Жалпы біздің ата-бабаларымыз «дінді қиындатпаңдар» дейтін уағызды әдемі ұстана білген. Соған орай тонға оранып «таяқ жеген» шайпау мінезді әйелдер де бұл шариғи амалдан кейін өздерін құрсаған жын-шайтаннан арылып, жібектей есіліп шыға келген. Байыбына барсақ, «ұру» астарында осындай мән жатыр.
Енді өз болмысымызға қайта мән беріп көрелік. Ол — қазақы болмыс. Бұл қай болмыс? Шынтуайтына келсек, гәп — болмыста емес. Болмыс − ол біздің ұлтқа тән жаратылыстық қалпымыз. Бастапқы негізіміз. Қазақы кейпіміз. Алайда сол болмыс өзіндік бастапқы мәнін тұтастай сақтап қала алған жоқ. Ол заңды да. Заңды нәрсеге талас жоқ.Уақыт өлшемі, қоғамдық, әлеуметтік, саяси өзгерістер адам болмысына да әсер ететіндігі күмәнсіз. Жарайды, біз бұларды бір сөзбен «заңды өзгерістер» санатына жатқызайық. Сонда болмыс өзгерісіне байланысты туындайтын кінәрәт неде?
Кінәрат қолдан жасалған өзгерісте. Дұрысы – сол қолдан жасалған «өзгеріске» мойынсұнуда. Соған көндігуде. Сол «өзгерісті» өзіндік «Мен» деп қабылдауда. Ол «Мен» – бүгінгі қазақы болмыс. Енді сауалды төтесінен қояйық. Қазақы болмыс – қазақтың болмысы ма? Бұл жерде «жоқ» деу де, «иә» деу де кесімді байлам емес.
Кесімді байлам болмайтыны, біз, негізінен, ұлтқа тән жара-тылыстық қалпымызды қазақы мінезге телиміз. Байыбына барсақ, бұл – тұтас бір ұғымды мәннің бөлшектенуінің басы. Бұл бөлшектену бір күнде қалыптасқан жоқ.
Алайда сол бөлшектену бары-сында бастапқы таза қазақы болмысқа (әу баста «қазақ» пен «қазақы» бір мәнге ие болатын) қазаққа телінетін келеңсіздіктердің бәрі кірігіп кетті де, «қазақы бала-бала емес» дегенге саятын жаңа ұғымды қалыптастырды. Бұл «жаңа ұғымды» біз жоғарыда айтқан «заңды өзгерістер» «кемелдендірді». Сол «кемелдендіру» нәтижесі бүгінгі сіз бен біз, яғни бүгінгі қазақ. Бір қызығы, осы «кемелдендіру» нәтижесінде «қазақ» пен «қазақы» ұғымдары қайта тұтасты. Содан барды да тұтастай бір ұлт бастапқы жаратылыстық болмысынан ажы-рап, Абай атамыз мансұқтайтын «қазаққа» айналып шыға келді. Шындығында бұл «қазақ», ол Қазақ емес. Сондықтан гәп қазақ болуда емес, қай қазақ болуда. Біздің кемшілігіміз, Ахмет Байтұрсынұлы кезінде басталған «қазақ болмау» процесін дұрыс түсінбеуімізде. Оның себебі – «қазақ болмау» процесінің өзі екі бағытта жүрді. Біріншісі – бастапқы текке ұмтылу; екіншісі – өзге ұлт құрамына ену. Жүре келе әлгі «заңды өзгерістер» нәтижесінде бірінші бағыт мүлде ұмыт қалды да, екінші бағыт тіптен белең алып кетті. Ал оларға қайтадан «қазақ» бол деу… Бұл енді қорлық. Сонда олар қайтадан қазақ болмай ма?
«Болады» деу үшін әуелі сол «болады» сөзіне мән берген жөн. Өкінішке қарай, қазіргі «боладының» анықтамасы – тек қана тіл. Сонда қалай, қазақ тілін білгеннің бәрі қазақ па? Егер әлгі басқа ұлтқа сіңген «қазақ» қазақ тілін өзге шет тілінің бірін меңгергені тәрізді үйреніп шықса қазақ бола ма? Болмайды. Бірақ тіл үйренуі қазақ болуға ұмсынудың басы екендігін жоққа шығармағанымыз ләзім.
Алайда әу бастағы қазақы болмысымызбен қайта қауышу үшін бұл аз. Аз болатыны, оларды былай қойғанда, ана тіліне жатық біздің өзіміздің қазақ болып жарытып жатқанымыз шамалы. Егер шынайы қазақ болсақ, Абай атамыз бізден түңілмес еді. Байыбына барсақ, Абай атамыз санамалап берген кінәраттардың бәрінен арылмай тұрып, тіпті онымызды өзімізге мін санамай, сол кінәраттардан арылу үшін өзге ұлыс құрамына кіруге бел байлағандарды «қайтадан біз сияқты бол» деу әбестік емес пе?
Әбестік емес. Бұл әсіре ұлтшылдық емес, шындық. Себебі, өзге ұлт құрамына саналы түрде енген бөгде ұлт өкілі, қанша жерден әулие болғанымен түбінде жойылады. Өйткені ол жат топырақта тамыр жая алмайды. Қазақ тек қазақтың жерінде ғана өседі, өнеді, өркендейді.
Біз әу бастағы болмысымыз өзгеріске түскенімен, өзімізді сақтап қалуымыздың басты себебі – сол топырақтан, жерден кіндігіміздің ажырамағандығынан. Ұғынықтылық үшін мына бір жәйттарды байыптап көрелік.
Мән берсек, қазақ жерінде өсіп — өнген өзге ұлт өкілінің өз ұлысына қайта сіңуі қиын. Тап осындай гәп біздің қандастарымызға да тән. Оны шет елден келіп жатқан оралмандардың рең-басынан да аңғару қиын емес. Кімнің қай жақтан келгендігін өздерінен сұрамай — ақ топшылауға болады. Алайда біздің қандастарымыздың бойында бір артықшылық бар.Ол – ұлттық мінездің сақталып қалуы. Өйткені олар әу бастағы қазақ жерінен, өздерінің ата қонысынан тамырын үзген емес. Дегенмен ол жерлерде де жаттану процесі жүріп жатқандығын жоққа шығаруға болмайды. Жер жаттанған соң… Иә. Адам да жат.
Ал біздер, біздер ғана емес, біздің өз қатарымыздан шеттей бастағандар, байырғы болмысын, ұлттық рухын қайта табуға пейілді ме? Пейілді. Оны біз жоғарыда айтқан екі бағыттың, екіншіден бірінші – өз тегіне ұмтылу бағытының алға шығуынан да аңғаруға болады. Біз ол бағытты – «қазақ болмау» процесі дедік. Себебі оның қай қазақ екендігін жоғарыда айттық білем. Бұлайша бұлталақтатпай-ақ «нағыз қазақ», болмаса, «бастапқы қазақ» деуге де болар еді, бірақ тағы да бөлшектенуден сақтағандықтан «қазақ» атауына шамалы философиялық мән бергенді жөн көрдік. Себебі бар кілтипан бір тұтас ұлттық ұғымға кезінде жете мән бермей бөлшектеуден бастау алған болатын. Ол – біз сөз басында айтқан «қазақ» пен «қазақы» ұғымдарының мәні. Енді сол негізгі айтпағымызға қайта ойысайық.
Қазақы қасиет – қазақтың қасиеті. Бұл – ұлттық өлшем. Мінез де сол сияқты. Осы тұтас ұғым – біздің рухымыз. Біз сол өршіл рухтан қалай ажырадық? Себебі, қазақ екіге жарылды. Екіге жарылған өзі емес, рухы. Бірі-«қазақта» қалды да, екіншісі-«қазақыға» ауды.
«Қазақы» – формалық мәнге ие болмағандықтан, ол өзін сақтап қала алмады. Ал жалаң формаға ғана ие «қазақ» бар қасиетін жоғалтты. Осы жаңа формаға ғана ие «қазаққа» біз жоғарыда айтқан «заңды өзгерістер» жаңа мінезді, құлдық психологияны қалыптастырды. Соны өзім деп білген «қазақ» өзінің жаратылыстық болмысын, яғни әу бастағы қазақы мінезді ажуалай бастады. Оның бүгінгі көрінісін қала қазағының дала қазағын ажуалауынан да аңғаруға болады. Жүре келе қазақы мінезге телінген келеңсіздіктер жаңа мінезге ие «қазаққа» да тән болғандықтан олар қайтадан тұтасып кетті. Біз – солмыз. Қазақпыз. Ұялмай айттық . Қайтеміз енді. Басқа қазақ жоқ.
Қазақ – ар еді. Нар еді. Ірі еді. Сірі еді. …еді, …еді …еді. Бірақ біз сияқты емес еді. Оған кім сенеді. Сіз сенесіз бе? Сенсеңіз… Иә. Қазақсыз. Біздің іздегеніміз де сол. Ондай қазақ… Иә. «Жоқ» дегенді де айтушылар баршылық. Оны айтатындар біз жоғарыда айтқан қазаққа жаңа мінезді қалыптастырушылар. Кезінде «Қазақтар өз алдына дербес ел бола алмайды» деген пікірді қалыптастыруға жан-таласқандар да солар болатын. Ол арандатушылықтарынан дәнеңе шықпаған соң, олар «Билікті орыс тілділер ұстап тұр» деп те байбалам салудан тайынған жоқ.
Өкінішке қарай, мұндай пікірді қолдаушылар да аз емес. Олар санасына мемлекет тізгінін өз ұлтымыздың төл перзенті ұстауға қабілетті болғанда, өзге «майда – шүйде» шаруаларды атқаруға қазақ ұлтының өкілі неліктен қабілетсіз болуы керек деген ой әзірге кірер емес. Бұл да жалған мінезден әлі де толықтай арыла алмай жатқандығымыздың әсері. Алайда үміт басым. Ол үмітті қалыптастырған мемлекетіміздің бүгінгі даму деңгейі. Мем-лекетіміздің жетістігі – біздің жетістігіміз. Қазақтың жетістігі. Сол жетістік ұлттық тәрбиені де жаңа деңгейде қалыптастырады.
Мынандай бір тәмсіл бар. Күндердің күнінде екі жұптың арасында жанжал шығып, күйеуі әйелін ұрып жібереді. Сонда әйелі: «Мен барып сен үшін арызданамын» дейді. Күйеуі «Мен саған үйден шығуға рұқсат бермеймін» деп долданып, ашуланып есікті, терезелерді жауып қояды».
Сөйтіп, «Енді не істейсің? Ұялы телефоның да менде» дейді. Сол сәтте әйелі әжетханаға кіріп, біраз уақыттан кейін дәрет алып шығып күйеуіне: «Мен терезесі жоқ, ұялы телефон қажет болмайтын есігі мәңгі ашық Раббыма сен туралы шағымданамын» деп жайнамазды алып, ұзақ уақыт құлшылық етеді. Намаз оқып болғасын күйеуі келіп: «Сен расымен де мен туралы Алла Тағалаға шағымдандың ба?» дейді. Сонда әйелі: «Мен намаз бастаған уақытта-ақ ашуым тарқап кеткен. Мен Алладан шайтанның азғыруынан сақтауды және екеуміздің арамызға түспеуді сұрадым. Бұл болған жанжалға шайтан кінәлі, сондықтан, соған шағымдандым» деген екен.
Мен – қазақпын. Сіз де қазақсыз. Ол да қазақ. Бәріміз қазақпыз. Алайда біз өзіміз ардақтайтын жеке бас қүндылықтарымызды қазақтықтан жоғары қоямыз. Ал оның біздің ұлттық тұтастығымызға кері әсер етіп жатқандығына тіпті бас та қатырмаймыз. Бас қатырмайтындығымыз сонша, біз қазір әлгі өзіміз әспеттейтін жеке бас құндылықтарымызды қоғамдық талқылауға шығарып, осы орайда өз мүдделестеріміз шоғырын қалыптастыра бастадық. Бұл тұрғыда оң нәтиже көрсете бастағандар «Енді осы ойды әрі қарай қанаттандырып, партия құрсақ та болады-ау» деген де қиялға ерік бере бастады. Жалпы осындай арман жетегінде жүрген күштер аз емес. Жоғарыда да айтқанымыздай ол арман-тілектердің бәрі қазақ болудан үстем тұр. Сонда ол қандай арман-тілектер? Санамалап көрейік. Бірінші – рушылдық, екінші – жершілдік – үшінші – діншілдік, төртінші – ұлтсыздық, бесінші… Осылай санамалай беруге болады. Мәселен мен не үшін өзге бір қазақты оның діни ұстанымы меніңкімен үйлеспегендігі үшін жек көруім керек? Себебі, біздің ол ұстанымдарымыздың қай-қайсысы да қазақтықтан биік тұр. Сондықтан бізге ең әуелі қазақ болу керек. Сонда ғана біз оның жеке ұстанымына бас қатырмайтын, әрі сол ұстаным бойынша топтаспайтын боламыз. Алайда қазақ бола салу оңай емес. Ол үшін…
Отбасы институтын біздің қоғамда кеңінен насихаттай беру керек. Бір жағынан отбасы адамдардың сезімдері арқылы байланысқан одақ. Мұнда қамқорлық пен бағып-қағу, жылу-лық пен сенім өзара бірге дамиды. Алайда екінші жағынан кейбір отбасы – әйелдер мен балалардың құқықтары қысымға ұшырайтын, оларға күш көрсететін әлеуметтік институт болуы мүмкін. Себебі, әлімжеттік пен күш көрсету зорлық-зомбылықты туғызады.
Алайда өз басым: «Ұл бала қыздарға қарағанда аңқаулау келеді» деген әфсанаға онша илана қоймаймын. Сондықтан болар, ұл балаға қарағанда қыздар сезімі ерте оянады деген түсінік бар. Өзгені қайдам, өз басым… Жә, әңгімені басынан бастайын. Әлі жетіге тола қоймаған кезім. Ол кезде маxаббат дегенді сезінбек түгілі атын да естімегенбіз. Теледидар дегенің біздің ауылға әлі жете қоймаған. Бірақ қалай десек те табиғи түйсік өз дегенін істейді-ау деймін дә. Кейінгі кездері бізден төрт-бес үй әрі тұратын бір боқмұрын баламен бірге ойнауды әдет қыла бастадым.
Сондағы ойым, әлгі баланың бірінші класта оқитын әпкесін көру. Сол қызды көре бергім келеді дә. Көре бергім келетіні сонша, тіпті сол ауладан шықпайтын болдым. Бір күні ғашығымды әңгімеге тарттым. Одан есіктің алдында ойнақтап жүрген қозы-лақтың қайсысын жақсы көретінін сұрадым. Ол «лақ» десе, «мен де сені сол лақ сияқты жақсы көремін» деп айтқым келді-ау деймін… Дайындаған сөзімді айта алмағаныма қарағанда ол қозыны жақсы көретін болып шыққан сияқты. Әйтеуір оған деген өз сезімімді жеткізе алмай біраз жүріңкіреп қалғаным есімде. Хат жазуға сауатым жетпейді. Содан ойлана келе оған жігіттік бір сый жасағым келді. Ауылдың шетінде терең құдық болатын. Біздің ауыл сияқты шөлді аймақта су жақын жерден шыға қоймайтын. Құдық тереңдеген сайын оның қабырғасының құлап кету қаупі де күшейе түседі. Сондықтан оның түпкі ернеуі бетондалып, одан жоғары әрқилы сым темірлермен құрсауланатын. Бұл маxаббат дегенді қойсайшы, әншейінде үңіліп қарауға жүрексінетін сол құдықтан ғашық қызыма су алып бере қояйын деген ойдың келе қалмасы бар емес па… Сабақтан келер кезін күтіп жүрдім де, алдынан шығып, басқа балалармен бірге бәрін құдықтан су ішуге шақырдым. Олар менің құдықтан су тартып ала қоятыныма сене қойған жоқ. Бәріміз улап-шулап құдық басына тарттық. Құдық басына өзгелерден бұрын жеткен мен шелектің шынжырын салдырлатып төмен тастадым. Мықшыңдап шығыршықты айнал-дыра бастадым. Құдық терең. Шелектің көріне қоятын түрі жоқ. Қара терге түстім. Абырой болғанда досым көмекке келіп, шығыршықты екеулеп айналдыра бастадық. Бір кезде су толы шелек те көрінді. Досым шығыршықты ұстап тұрды да, мен бір шелек суды еңкейіп ала бергенде… Бір шелек су ауырлық қылды. Көтере алмадым. Шелек-пелегіммен құдық түбіне қарай гүмп бердім.
Құдықтың түбіне шелек меннен бұрын жетті. Төңкеріліп түскен шелекті баспен соқтым. Мұның бәрі майысқан шелекке қарап кейіннен анықталған жәйт. Уақыт — қара күз болса керек. Басымда жылы қалпағым бар. Арқама ойыншық автомат асынып алғанмын. Енді қызға қырындау оңай емес қой. Құдықтың мұздай суы есімді тез жиғызды. Айналам тас түнек. Құдықтың аузы сонау алыстан оймақтай болып көрінеді. Су белуарыма дейін келді. Жоғары қарап жылап тұрмын. Балалар улап-шулап ауылға қарай зытқан. Ауылдың арғы қапталындағы бір үйде бір топ адам сиыр сойып жатыр екен. Хабар соларға жеткен. Олар да арқандарын сүйрей-мүйрей құдыққа қарай жүгіріпті. Бірақ бәрінен бұрын құдық басына Бибіайша жеңешем жетті. (Әкемнің ағасының әйелі).
Ол кісі мінезі шорт болатын. Өзгелер ойланамын дегенше бұл жеңешем өз шаруасын тындырып отыратын. Біз кемпір-шалдың баласы болып есептелетіндіктен өз анамызды да, көкелеріміздің әйелдерін де жеңеше дейтінбіз. Тіпті жеңешеге аттарын қосып айтатынбыз. Иә, сол Бибіайша жеңешем қашанғысындай құдық басына өзгелерден бұрын жетті. Көріп тұрмын. Менімен бір-екі тілдескеннен кейін » Арxаннан ұста» деді. Шелекті аударып, суын төктім. Су бетінде қалқып жүрген бас киімімді соған салып алдым.
Сосын қос қолдап арxаннан ұстадым. Жеңешем мені жоғары қарай зырылдатып тарта бастады. Бір жағы әлгі сиыр сойып жатқан еркектердің қолдарынан түк келмейтінін әйгілеу үшін мені олар келгенше шығарып алмақ болған тәрізді. Құдықтың белуарынан асқанда өз анам да бой көрсетті. «Айналайын, Құдажан, арxанды қатты ұста, айырылып қалма» деп бәйек болып жатыр. Қол жетер жерге келгенде шешем шығарып алды. Кейін: «Қолыңнан ұстағанша жаным шығып кете жаздады» дейтін. Арxанға қолым қарысып қалыпты. Зорға ажыратып алды. Артынша ойнап кеттім. Бірақ әлгі қызға деген маxаббатым құдықтың мұздай суымен бірге жуылып кетті. Дегенмен жүрек түбінде сақталған алғашқы маxаббатым үшінші класқа барғанда қайта оянды. Ол енді бөлек әңгіме. Себебі оған дейін екі қызға ғашық болып үлгергенмін. Сірә, басымнан алған қатты соққы менің алғашқы маxаббатыма тұрақсыздық танытуыма себепкер болды-ау деймін. Әйтсе де бәріміз білеміз. «Жас шағыңда жігіттер, ойна да күл,
Бұл дүние көзді ашып, жұм-ғандай-ақ» деген ән бар. Осы ән әуеніне балқыған жастар жер теуіп билейді. Жасамыстар «ойна да күлді» өзінше түсінеді. Жасы келгендер «Жиырма бес қайта айналып келмес саған» деп, сонау бір дауылды кезді көзі жасаурап еске алып отырады.
Мән берсек, әуелгі әуенде Кеңестік дәуір идеологиясы басым. Кейінгі 25-философиялық мәнге ие. Ол әннен кім нені қаласа, соны табады. Иә, арман болған 25 жастың қайта айналып келмесі белгілі. Негізінен ол жасты егде тартқан адамдар көксейді. Егде болған соң, әрине, мына өмірден көргені, білгені, түйгені жетерлік. Біз солай ойлаймыз. Сонда ол адам мына өмірден не түйіпті? Оны білу үшін… Иә. Әлгі біз көксеген 25 жас қайта келді делік.
Сонымен біз 25-теміз. Сонша ақылмен, сонша тәжірбиемен біз қолымыз қайта жеткен 25-імізді қалай пайдаланамыз? Мешітке барамыз ба? Жоқ әлде… Басын ашып айтайық. Мешітке бармаймыз. Әлгі әуен, «Жас шағыңда жігіттер, ойна да күл» дейтін әуен, бізді қайта баурайды. Алла Құран Кәрімде «Өмірге қайта келсем тек Аллаға құлшылық етер едім» деп жал-барынатын тозақтықтардың өмірге қайта келгенімен уәделерінде тұрмай, бұрынғы әуендеріне қайта басатындықтары ескертілген.
Сондықтан қазіргі сәтті, оның ішінде жастық шағымызды Алланың бізге берген қайталанбас мүмкіндігі деп түйсінгеніміз жөн. Ал ол мүмкіндікті кім қалай пайдаланады, жалпы пайдалана ала ма? Мынандай бір тәмсіл бар. Бір жігіт көрші үйдің қызына ғашық болады. Әлгі қыздың сұлулығы… Шынында ондай сұлулық тек ертектерде ғана болады деседі.
Әлгі қызды бір көру үшін көрші елдерден де жігіттер ағылып келіп жатады екен. Бірақ ол қыз өзіне сөз салған бұған да, өзге жігіттерге де қарамай қояды. Зымырап уақыт өте береді. Бұл жігіт те арман қуып өзге қалаға кетеді. Арада қаншама жылдар өткеннен кейін баяғы қолы жетпей қалған ғашығына кездейсоқ кездесіп қалады. Ол қыз гүл өсірумен айналысады екен. Ал күйеуі болса… Басы таз, бойы бір қарыс, домаланған біреу. Таңданысын жасыра алмаған жігіт қызға: «Таңдағаның осы болды ма?» дегенде қыз: «Сен мына гүлзар бақтың ішінен маған ең әдемі гүлді таңдап әкел. Бірақ кейін бұрылмай, тек алдағы гүлдің бірін таңдайсың» дейді. Жігіт гүл таңдауға кіріседі. Бір гүлден екіншісі әсем көрініп, одан үшіншісі өзіне баурап, не керек, гүлді алқаптың шетіне де тақап қалады. Көздің жауын алған гүлдердің бәрі қайырылып баруға болмайтын арт жағында қалады. Амалсыз, солып қалған бір өлмелі гүлді алып келеді. Сонда қыз: «Мен де тап сен сияқты гүл атқан шағымды артта қалдырдым» дейді.
Ол гүлзар бақтан біз де өттік. Сіз де өттіңіз. Біз армандай беретін 25-іміз де сол кез. «…Жастық шақ — табыс табу уақыты. Нағыз ер жігіт осы уақыттың қадірін біліп, бұл мүмкіншілікті қолдан шығарып алмайды. Қарттық әркімге нәсіп бола бермейді. Нәсіп болса да раxат, қолайлы уақыт табыла қоймайды.
Уақыт табылғанымен де қуатсыздық, әлсіздік кесірінен пайдалы іс атқарылмайды. Бүгін барлық жағдай бар кезде, шарттар орынды, ыңғайлы кезінде, үлкен нығмет болған ата-анаңның бар кезінде, күн көру қиыншылығының жоқтығында, күш-қуатың бойыңда болғанда, осыншама мүмкіншілік қолда бола тұра қандай үзірмен, қандай себеппен бүгінгі жұмыс ертеңге қалдырылуы мүмкін?
…Адамды жастық шағында діннің үш дұшпаны — нәпсі, шайтан және жаман адамдар алдауға тырысады. Бұларға қарсы тұрып аздаған ғибадат ету өте құнды болады. Ал кәрілікте жасаған ғибадаттар, бұдан қанша есе көп болса да мұншалықты құнды болмайды. Дұшпан шабуылдаған кезде әскердің аз ғана әрекеті өте құнды болады. Тыныштық заманында жасалған үлкен жаттығулардың айла-әрекеттердің мұншалықты құндылығы бол-майды».
Жарайды. Өткенге салауат. Ал бүгін… Бұл күн де ертең қайталанбайды. Демек… Иә. Әр күнімізді біз үзе алмай қалған гүл деп білейік. Алаулаған гүл. Солай бола тұра отбасылық жағдайға байланысты туындайтын зорлық-зомбылықты да жоққа шығаруға болмайды. Зорлық-зомбылық ер-
леріне бақылаушы мінез-құлқының жоғары дәрежесі тән отбасыларында жиі кездеседі, ол әйелдер мен балалардың қорғансыздығы немесе осалдығы негізінде көрінеді. Бұл қоғам мен мемлекеттің араласуының қажеттілігін талап ететін жағдай жасайды. Гендерлік теңсіздікті жою (оның ішінде ауылдағы әйелдер үшін экономикалық мүмкіндіктерді жақсарту жолымен) үй шаруашылықтарының ішіндегі билік қатынастарын өзгертуге алып келеді деп есептеледі. Мысалы, әйел өзін және балаларды қамтамасыз ете алатынын біліп, маскүнем күйеуінен кете алады. Мұндай саясаттың нәтижесінде үйде зорлық-зомбылық деңгейі төмендейді, әйелдер мен балалардың денсаулығы мен әл-ауқаты артады, – деп есептейді сарапшылар.
Есепте айтылғаны бойынша, оң корреляция бар: өз бизнесі немесе сенімді табыс көзі бар, өзіне сенімді әйелдер бақытты отбасыларда тұрады және отбасындағы зорлық-зомбылықты болдырмау қажеттілігі жөнінде айтады. Сонымен қатар күрделі қаржылық жағдайға тап болған үй шаруасындағы немесе өзін-өзі жұмыспен қамтыған әйелдер жиі зорлық-зомбылыққа ұшырайды ал кейбір жағдайларда тіпті өздері оны ақтайды.
Демек, білімнің төмен деңгейі, гендерлік стереотиптер мен экономикалық тәуелділік тұрмыстық зорлық-зомбылықтың басты себептері болып табылады. Мұндай отбасылардың бала-ларында, әдетте, жақсы білім алуға, экономикалық тұрғыдан табысты болуға мүмкіндіктері жоқ, сондықтан нәтижесінде олар өз ата-аналарының мінез-құлқының моделін қайталайды.
Осы орайда біздің мемлекетіміз де өзге елдермен серіктестікті жалғастыруға және тәжірибе алмасуға ниетті. Өйткені COVID-19-ға жауап беру және экономиканы қалпына келтіру бойынша жоспарлар мен стратегиялар әзірлеу барлық елге ортақ.
Гендерлік зорлық-зомбылыққа және гендерлік теңдікке қарсы күрес кез-келген стратегияның ажырамас бөлігі болуы керек. Жалпы әйелдер мен қыздардың өз әлеуетін толықтай жүзеге асыруға, зорлық-зомбылықсыз өмір сүруге және, әрине, өз армандарын орындауға ресурстар мен мүмкіндіктерге ие болатын әлемге бірлесіп қол жеткізе аламыз.

Әзірше ешқандай пікір жоқ.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз.

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *