ІЗГІЛІК ІЗДЕРІ
17.07.2021 0 1 539
Көпен ӘМІРБЕК,
Қазақстанның еңбек
сіңірген қайраткері
Үмбетбай Уайдиннің 85 жасқа толуына орай сықақшымен
көзі тірісінде алынған сыр-сұқбат
Өмірде түсінуге, түсіндіруге ке-летін, келмейтін тағдырлар қаншама. Қартайғанда кемпірінен айырылып, келіннің қас-қабағына қарап қалған жетім шалдар аз ба қазір. Асанәлі, Мыңбай, тағы бірнеше біздің тұстастарымыз төсек жаңғыртты. Құдайлық іс. Тағдыр. Түсінуге болады.
Сөз орайында, енді осы мәселенің түсінуге, түсіндіруге келмейтін, көңілге қонбайтын басқа жағынан келейікші.
Алпысқа келсе де қутың-қутың, жетпіске келсе де қутың-қутың, ешкімнің намысымен, тағдырымен санаспайтын, ыңғайы келсе ышқырды түсіріп жіберуден тайынбайтын бір шайтан шалдар бар-ay. Бұған кім қалай қарайды?
Теледидар. Экранда Асылбек қажы. «Бәйбішем бар. Тоқалдарым бар. Жасы осыншада» деп екпіндетіп сөйлеп отыр. Теледидар көріп отырған үйдегі үлкен-кіші мырс-мырс. Бұл мырс-мырстың арғы жағында не жатыр?
Мырс-мырстың біреуі:
– Жасы бірталайға келген адам және өзі қажы. Осы әңгіме осы кісінің аузынан шығатын әңгіме ме, – деді.
Әңгімені үдетпейік деген оймен, мен:
– Әркімнің өз шаруасы ғой, – дей салдым.
Деуін десем де, үлкендікке байланысты бір ойлар тұла бойымды «қышыта» бастады.
«Жасы кішілер үлкен сөз күтіп, үлкендердің аузына қарайды. Ал біздің кейбір үлкендерде береке жоқ. Әдемі қартаю деген де бар емес пе? Бұрынғының үлкендері «Қарнымның ашқанына жыламаймын, қадырымның қашқанына жылаймын» дегенді бекер айтты ма екен?»
Құдайдан қорқу. Обал-сауап. Көз жасы. – Менің моральдық бейнемнің орта есебі осы айтқандарымның ішінде, Көпенжан.
– Жас драматург Қалтай Мұха-меджановтың «Қуырдақ дайын» атты жаңа комедиясын көрген сатирик ағамыз Шона Смаханұлы байбалам салып дау шығарыпты. Ол не дау дейсіз ғой баяғы?
– Тамаша шымшымаларымның идеясын талтүсте талапайға салып Қалтай ұрлап алған. Тіпті кейбір «қотыр» сөздеріме де қол салып, жымқырған! – депті Шөкең бір ашық жиналыста кездіктей кесіп сөйлеп.
– Шонаныкі – шымшыма, менікі – спектакль, – депті Қалтай ақталғандай, – былайынша айтқанда, айырмашылығы жер мен көктей. Яғни Шонаның сөзі – түймедей, менің сөзім – түйедей десе де болады. Ұрлық ештеңе жоқ. Осы комедиямды жазарда Орта Азияның, орыстың, Еуропаның
езу жиғызбайтын біраз сатириктерін оқығаным рас.
– Жоқ, сен менен жымқырдың! – деп Шона ағамыз сонда да қоймапты. Қалтай аға күйіп кетіп:
– Шонадан сөз ұрлағанша, соқырдан көз ұрлағаным артық! – депті.
Қазақта қайталанбайтын сөз жоқ қой. Сөз – ешкімнің жекеменшігі емес, ол – халықтікі. Ал ой ортақтығы, идея бірлестігі әдебиетте қайталана беретін үрдіс. Еліктеу, солықтау – жаңа бастаған жас әдебиетшілердің әдеті.
Қолыңызға калам алып, қомдана бастаған жастық шағыңызда ең бірінші кімге еліктедіңіз?
– Жамбылға. Анаған, мынаған…
– Асығыс-үсігісте аңғармаған ба қайдам, Шерхан Мұртазаға:
– Сәлеметсің бе? – деп Қалмұхан Исабаев қайырылып кеп қайтадан қол берсе керек.
– Өй, жаңа амандастық кой! – депті Шерхан.
– Қашан?
– Әлгінде ғана…
– Жо-оқ, – деп бой бермейді Қалмұхан, – мен сені бүгін бірінші рет көріп тұрмын.
Қалжыңды түсінетін Қалмұханның басы шыбын тайып жығылатындай жалтыр екенін әзілге астарлап:
– Әлгінде ғана бас киіміңізді алып тұрып амандастыңыз ғой! – депті Шерхан да жеңістік бермей.
– Өтірік айтпа, – депті Қалмұхан, – мен әлікүнге жан баласымен жалаңбас амандасқан емеспін. Тек бір-ақ адамның алдында бас киімімді алам.
– Ол кім?
– Ол – өзім, – депті Қалмұхан да қағытпалап. – Айнаның алдына барып, өзімді өзім көрген кезде ғана бас киімімді алам.
Қаламдастардың қалжыңы қандай жарасымды! Ал қазіргі жастардың әзіл-қалжыңы тұрпайы, бір-бірінің артын таяқпен шұқып ойнайтын сияқты. Сіздің ойыңызша қалай? Өз тұрғыластарыңызбен болған қағытпа-қалжындарыңызды мы-салға келтіресіз бе?
– Қалжыңдасамын. Кіммен? Қай жерде, кандай жағдайда? Аға-жеңгелеріме, нағашы жұртыма, жезделеріме еркелеп, құрдастарымды құшақтап, жасы кішілерді еркелетіп қалжыңдасамын.
Содан ба, қабағына қар жауған, мандайы өмірі ашылмайтын адамдарды, жылайман адамдарды, көңілсіз ортаны жаратпаймын. Ұтыр-ыңғайына қарай адамдардың қайғы-мұңын әзіл-қалжыңмен жеңілдетудің сәтін іздеймін.
Әзіл-қалжыңның синонимі – ойын-күлкі. Мен бала шағымның ағаттық-қателіктерін көбіне күлкімен түзетемін. Бір-екеуіне кідірейін.
Туғанда Үмбетбайдың баласы едің,
«Дачаға бармаймының» қалай сенің?
Алпыстан ана жылы асып кетті,
Қашанғы шыдайды бұл қара есегің?
«Дачаға бармаймының» қалай сенің?
Дәлелің, яғни қандай бар есебің?
«Назад бер» өлтірмесең есегіңді,
Қашаннан Гөлайтбайдың баласы едің?
(«Қара есек және Гөлайтбай»)
Аман-cay ма, Ербол-ау, тегіс елің?
Есебінді тыңдаймыз енді сенің.
Не жаңалық бокісің, бет-аузында?
Бірінші ме, нешінші келіншегің?
Әке-шешең, Ербол-ау, ебіл-себіл.
Сұра келіп… куә оған тегіс елім.
Помогайтың қайда бұл, таусылмайтын
«Движениең» бар болсын, тегі, сенің.
(«Движение»).
Ара-тұра алыс-жақындағы құрбы-құрдастарыма да тұла-бойы қалжыңнан тұратын хат жазып қоямын.
«Досың бар, – десе әйел, – не төрелі»,
Оған да мына адамның еті өледі.
Ырғызда Асқар соғым сойып жатса,
Үмбетбай Алматыда жөтеледі.
(«Өтірігі жоқ өлең»).
Ара-тұра қаламдас-тағдырластарды да әзіл-қалжыңмен қағып-сілкіп қоямын.
… Жүрмейді ол жиналыстан қашып-пысып.
Қашан да пікірінің ашық түсі.
Мыңқылдап кім сөйлесе, кетеді онда,
Бір көзі бір көзінен асып түсіп.
(«30+30=» Е.Домбаев).
Әзіл-қалжыңның қадір-қасиетін өзің жақсы білесің: «Аузында әзілі жоқтың қолында қолшоқпары», «Көңілді адам көп іс тындырады», «Көңілді адам көп жасайды», «Әзілі жақсыны көреді әркім жақсы». – Бұл жағыңнан келгенде, Көпен, сен де, мен де – әзіл-қалжың шаруашылығымен айналысатын қай-қайсымыз да, құдайға шүкір дейік, ел-халыққа сүйкімсіз емеспіз. Бізді көргенде біреулердің жүзі жылып, біреулер жылап отырып күліп жібереді. Күлкі жасаған иенің бізге берген азды-көпті сыйы. Сондықтан күлкінің қадірін кетірмейік, құтырмайық.
Әзіл-қалжыңның синонимі – ойын-күлкі. Ойын-күлкінің де, әрине, ойын-күлкісі бар: «Оспадарсыздың ойыны», «Жаманның ойыны жаман, шошқаның мойыны жаман», «Ойының осылғыр!» (Қарғыс). – Ойнағанның жөні осы екен деп, кейде адамдар шек, шама, қанадан асып-төгіліп, соңғы жағы ұрыс-керіс, жаға жыртысқа ұласып жатады. Дегенмен өзімнің бір-екі рет өкінішті жағдайға тап болып қалғаным бар.
Шалқар қаласының іргесіндегі «Жылтыр» деп аталатын елді мекенде бала кезден бірге өскен, әрі туыс, Темірдегі мал дәрігерлік техникумды бітіргеннен кейін осында жолдамамен келген Сабанбай есімді құрдасым үй ішімен тұрып жатты. Олай өтіп, былай өтіп соғып кететінбіз. Қу тілді еді. Екеуміз жарысып сөйлеп, жарысып күліп, дүниені ұмытатынбыз (Ол жайында жазған-сызғандарым бар).
«Ара-Шмельде» қызметте жүрген кезім. Бір жылы кезекті еңбек демалысымызды Шалқар-Ырғыз жағында өткіздік. Күнту есімді құрдастың «Нива» машинасымен біраз жерді шарладық.
Бірде Сабанбай әңгіме болды. Ол Темірдегі техникумда Күнтумен бірге оқыған екен.
Күнту:
– Сабанбай Жылтырдағы үйін жазға қарай ересек балаларына қалдырып, өзі Тиыштығын жетектеп жайлауға көшетін көрінеді, – деді.
Қай маңда, қай жайлауда отырғанын білетіндерден сұрап алып, бір күні жолға шықтық. Рульде – Күнту. Meн қасындамын. Мәриям артқы жақта. Жолшыбай жоспар құрдық.
– Күнту, сен көзіңе қара көзілдірік ки. Мәриям сен де. Машинаны үйдің қасына тоқтатқаннан кейін сендер үстеріңді қағып-сіліккен болып кідіре тұрыңдар. Мен амандық-саулықтың артынша: «Араға» үстеріңнен арыз түсті» деп Сабанбайды үйіне қарай бейімдеймін.
Күнту басын изеп:
– Келістік, – деді.
Тас жолдың бойымен келе жатырмыз. Қарсы беттен келе жатқан бірнеше машина тұсымыздан зулап өтті. Кабинасында үш адам отырған тағы бір машина өтіп кетіп еді, Күнту:
– Өй, жаңағы машинаның каби-насындағы үш адамның біреуі Сабанбай ғой, – деді.
– Сигнал! Сендер отыра беріңдер.
Мен сыртқа шығып, анадай жерде тоқтап тұрған машинаға қарай жүрдім. Күнту қателеспепті, кабинадағы үшеудің біреуі Сабанбай болды.
Қысқа, ақжарқын амандық-саулықтың артынша мен Сабанбайға көзімді тоқтатып:
– Жол болсын? – дедім.
– Садақаға. Шал болдық кой.
– Садақа соқсын сені. Үстіңнен «Араға» арыз түсті. Жүр, ана біздің машинаға мін. Мына қасыңдағы жолдастарыңа «ал, жақсы» де.
– Аты-жөні бар ма арыз жазған адамның?
– Жай сөйле. Ана машинадағы ер адам облыстық прокуратураның қызметкері, прокурор. Оларға да жазыпты. Қасындағы әйел адам – Қандағаш аудандық партия комитетінің үшінші хатшысы.
Машинаға келіп отырдық. «Прокурор» мен «хатшы әйел» Сабанбайдың сәлемін салқындау қабылдады. Машина үйдің алдына тоқтады. Іштен Тиыштык жүгіріп шықты.
– Ойба-а-ай, Үмбетбаймысың?..
– Жай сөйле. Үйге жүріңдер.
Ішке кірдік. Тиыштық төрге көрпе жайды.
– Былай, – дедім мен Тиыштыққа қарап. – «Араға» Сәкеңнің үстінен арыз түсті. «Үйлерін жаздыкүні біреулерге жалға беріп, өздері жайлауға көшіп кетеді. Ауылдық кеңестің есебінде жоқ малы бар. Өзі коммунист. Коммунист бола тұpa, ауылында өліп жатқан ағайын-туыстарына көңіл айтып бармайды. Сол коммунистік ар-ұятқа жата ма? – депті. Сосын қит етсе әйелін топылдатып сабайды. Шопандарға зәбір береді» депті.
Сабанбайға көзім түсіп кетті. Боп-боз болып шаңыраққа қарап қалыпты. Әлден соң:
– Ана пұшық қой жазып жүрген, – деді.
– Кім жазса да көп былығыңды біліп жазған. Облыстық прокуратураға да жазыпты. Сырттағы қара көзілдірікті кісі де осы шаруамен келе жатыр. «Кішкентайдан бірге өскен жолдасым еді, туысқаным еді, қиянат жасамассыз» деп жолшыбай иін жұмсартып келдім. Бірақ, «иә, жақсы олай болса» деген сөз шыққан жоқ аузынан. Көмейі кең көрінеді. Маған ештеменің керегі жоқ. Соның көңілін тап.
– Әтесіне нәлет, бір жылқыны қасқыр да жеп кетеді… Ішке «ассалаумағалейкум» деп Күнту, оның артынан қақиып хатшы әйел кірді.
Сабанбай Күнтуға көзін тоқтатып:
– Мынау Ибраев емес пе? Ибраев! – деп, айқайлап жіберді.
Сценарий осы тұста аяқталды. Қыран-топан күлкі.
Сабанбай сол «тергеуден» кейін бірнеше жылдан соң қайтыс болды. Ал әлгі қатты қалжыңыма осы күнге дейін өкінемін.
– Үлкен бiр додалы жиналыста ақын Мұхтар Шаханов мiнбеге шығыпты да орағытып орысша сөйлептi.
“Орысшаға сайрап тұрған, қазақшаға кiшкене құдай тiлiн байлап тұрған” екi жiгiт:
– Мұхтардың орысшасында акцент көп екен! – деп бiр-бiрiмен күбiрлессе, қастарында отырған Қалмұхан Исабаев:
– Құдайым акцентi жоқтан сақтасын! – деген екен. Әлгiлер қызарақтап, төмен қарап тұқшиыпты.
Байқауымша, сiздiң акцентiңiз Кавказдықтарға қарағанда көш iлгерi. Ол заманда орысшасы орашолақтарға оншалықты нан жоқ едi ғой. Орысшаның зардабын тарттыңыз ба?
– Олжастың көзiнше орыстармен онша ұзақ сөйлеспеймiн. Қажытаймен қанша уақыт болса да – пожалуйста.
Бiр-екi рет сүрiнiп-қабынған сенiң орысшаңның да бет-аузын байқап қалдым. “Дұр-е-с” дедiм де кетiп қалдым.
– Жазған шығармаңа жақсы ат қою – тапқырлықтың белгiсi. Гәп – атында емес, затында. Дегенмен де, затына аты сай болса қанеки!
Заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов кезiнде Шекспирдiң “Укрощение строптивой” атты пьесасын аударғанда, атын таппай әжептәуiр қиналған. Он ойланып, тоқсан толғанып “Асауға бұғалық”, “Асауды ауыздықтау”, “Асауға арқан” деп түрлi-түрлi нұсқаларын жасаған. Бiрақ, бiрi де көңiлiнен шықпаған. Ақыр аяғында “Асауға тұсау” деп аударып, шешен ат қоюға шеберлiгiн танытқан…
Кей-кейде “жаман иттiң атын Бөрiбасар қойғаны” секiлдi, жадағай шығармаға жарқырауық ат қоя саламыз. Мысалы, “Алтын қалам”, “Алтын тамыр”, “Алтын аймақ”, “Алтын су”…
…Алғашқы сатиралық өлеңдер жинағыма жарасымды ат таба алмай, көп қиналдым. “Шөңге”, “Тоқпақ”, “Кездiк”, “Шәңгек” секiлдi айдарынан жел есiп, айғайлап тұрған аттарды суқаным сүймейдi. Ақын ағалармен де ақылдастым. Не деп қоям?
– Қиналатын несi бар, – дедi Оспанхан ағам, – ақыры атын таба алмасаң “Аты жоқ кiтап” деп қоя сал!.. Әзiлдеп айтса да Ос-ағаның бұл ұсынысы жүрегiме қона кеттi.
– О-о, болды, аға, болды! – деп қалпағымды аспанға аттым. – Аты табылды, аға!
Жүрекжарды, тырнақалды жинағымның кiндiгi кесiлдi. Кiтабымның атын “Аты жоқ кiтап” деп қойдым.
Алғаш рет “Ара” журналына тiлшi боп орналасқанымда, алғашқы фельетонды жаза алмай көп қиналдым. Бiр жазғанымды редактор ұнатпайды. Екiншi нұсқасына да тыржиып, өзiме қайтарып бердi. Үшiншi рет сүйкедiм. Оны оқыған редактор төбемнен қарап “Сатира қолыңнан келмейдi-ау осы? Басқа жаққа ауыссаң қайтедi?” дегендей ишара бiлдiрдi. Сөйтiп жұмыстан шығатын болдым. Сол кезде сiз менiң әлгi шимай-шатпағымды бiр сүзiп шықтыңыз да, отыра қалып менiң атымнан фельетон жазып бердiңiз. Ұялмай-қызармай оны редакторға апардым. Асықпай оқыса керек, “қонжиды” деген сөздi “отырды” деп түзетiптi де қол қойыпты. “Фельетоның жақсы. Кiлтiн тауыпсың” деп мақтады.
Сөйтiп, сiз де менi жолға салдыңыз. Алғашқы фельетонымның кiндiгiн кестiңiз.
– Адамның бiр түйiр, жарым түйiр жақсылығын айтып жүру жақсы қасиет. Менiң сол болмашы қызметiмдi сен талай жерде айттың, рахмет! Бiрақ, алдағы уақытта көп айта берме. Ең ғажап әннiң өзi жиi айтыла берсе жұртты жалықтырып жiберетiнiн бiлесiң ғой.
Жұмекен марқұмға да қолұшымды бергенiм бар. Оның әдемi юморы бар болатын. Бiрақ, фельетон – фельетон ғой.
Шығарманың аты немесе заголовок мәселесi.
Ә-әрине, шығарманың аты оқырманды ойландыратындай, оқырманды шақырып тұратындай болса құба-құп. Бiрақ, ойлағаныңдай бола бере ме. Сен тақырыпты тауып қоясың. Менде ала-құла.
– Жер шоқтығы – Көкшетаудың Бурабайында өскен бiр бойжеткен Оңтүстiкке келiн боп түскен күнi Арыстанды Қарабастың адуын желi тұрып, жер-дүниенi шаңға көмбесi бар ма?! Жайдары жаздың кезiнде құм суырған алай-дүлей аптапты боранды кiм көрген. Машинадан майысып түскен маңғаз келiн сәл қабағын шытып:
– Түу, мына желдiң жындануын-ай! – деп үстi-басын қағып, сiлкiсе керек. Сонда ауылдың бiр азаматы келiннiң сөзiн жұмсартып:
– Шырағым, жерiмiзге ерiмiз сай, ерiмiзге желiмiз сай, желiмiзге келiнiмiз сай болса, несi жаман? – дептi. – Арыстанды Қарабастың желi – қасиеттi жел, келiнжан. Ол – бұрынғы ескi шаңдарды ұшырып, орнына жаңа шаң қондырады.
“Туған жердiң түтiнi де тәттi” деген осы-ау!.. Құмырсқа көлеңкелейтiн шөбi болмаса да, туған жер кiм-кiмге де ыстық. Сiздiң кiр жуып, кiндiк кескен жерiңiз – Ақтөбенiң Ырғыз аймағы. Шежiрелi мекен. Осы Ырғызда 1831 жылы Қазақстанның Ресейге қосылып, қол қоюы – тарихи айғақ. Iлгерiлi-кейiндi өмiр сүрген батырлар мен баїадүрлер, ақындар мен хакiмдер, аузымен құс тiстеп небiр шешендердi толғатып туғызған Ырғыз жөнiнде мәлiмет берiп, толғанасыз ба?
– Дұрыс айтасың, Ырғыз қазақ тарихының бiр тарауы, үлкен Отанның бiр шежiрелi өңiрi. Оның шежiре-тарихынан менiң бiршама мағлұматым бар, әрiден-берiден талай әңгiме айтып бере аламын. Бiрақ, нақты сауал-сұрақтан көп ауа жайылмайын деген ойдамын.
“Ырғыз жөнiнде толғанасыз ба?”
Шешiмiн тапқаны, таппағаны бар – өткен қоғам, мына қоғамда да туған ел, туған жердiң түрлi-түрлi проблемаларына оқтын-оқтын өз ой-толғаныстарыммен қатысып келемiн. Жүрегiмнiң дүрсiлiн елдiң үлкен-кiшiлерi танып, ауызекi айтып, баспасөз бетiнде жазып қояды.
Көп сауал-сұрақ қойып, Ырғыз мектеп оқушылары да хат жазып тұрады. Кейiнгi бiр хатта конверттiң iшiне жусан салып жiберiптi! Оның алдындағы бiр хатта: Ырғызға алаңдайсыз ба? Ырғыз жайында ойланып-толғанып жүрсiз бе? Не жазып жатырсыз? Бұл жаққа қашан келесiз? деген мағынады сауал-сұрақтар қойыпты.
1996 жылы ырғыздықтардың бiр шақыруына науқастанып қалуыма байланысты бара алмай, өлеңмен хат жазып жiбергенмiн. Мектеп оқушыларына сол өлеңiмдi қатыстырып, жауап бердiм. Көпен, сол өлең сен қойып отырған сауал-сұрақтың да тоқетер жауабы, түйiнi болсын.
Ырғыздық халқым, пiр-елiм,
Тiлекшiлерiңнiң бiрi едiм.
Iркiлiп қалдым… шыға алмай
Шамалы жайға тiрелiп.
Саулықты түрлi “жау” ұрлап,
Жүректiң жүгi ауырлап,
Дүбiрлi тойдан қап қойдым,
Ғафу ет ел-жұрт, ауыл жақ.
Өздерiңменен бiр демiм,
Өздерiңменен бiргемiн –
Күрсiнбей елдi еске алған
Күнiм жоқ менiң бiр де-бiр!
Жүрек те Ырғыз – ауыл жақ,
Тiлек те Ырғыз – ауыл жақ.
Күрсiнiп алам,
Батты-ау деп
Өтпелi мынау ауыр шақ!
Әлдекiм айтса абыржып:
“Ырғызда биыл жауын жоқ!” –
Күрсiнiп алам тағы да,
Жанымды жаншып ауыр жүк!
Кетсе елде аптап жиiлеп,
Тәңiрге iштей сыйынып,
Бұлттарды үрлеп айдаймын,
Аспанда тұрған жиылып.
Тыпырлап жүрдiм неше күн,
Дөңбекшiп жаттым неше түн:
“Ырғыз бен Шалқар жағында
Қыс ұзап кеттi”, – десе кiм.
“Ел көшiп жатыр”, – десе кiм:
Көтерiп басын кеселiм,
Кеудеден шаншу қадалып,
Төсiмнiң астын теседi!
“Тасыды Ырғыз!” – десе кiм,
Кетедi ерiп кеселiм.
Бетiме қалқып шығады
Қуаныш-шырай бес елi!
Сонымен, халқым, пiр-елiм,
Болғай деп қабыл тiлегiм,
Перзенттiк махаббатымды
Әуминге әкеп тiредiм!
Құлдарың болам мен әлi,
“Капремонт” бiтсiн мына бiр.
Жол-сапар тұрған алдағы
Ырғыз бен Шалқар прямо!
Әумин!
– Аузын айға бiлеген “Ара” журналының айбалтадай фельетонисi Тоқтарханның елу жылдық юбилейiне майы тамған марапат өлең жаза алмай қор болғанымыз-ай! Ойнақтатып олай сүйкеп көрдiк – көңiлге қонбады, бұлтақтатып бұлай сiлтедiк – боркемiк. Еңбегi еш болған есiл ақындарым-ай, ендi қайттiк? “Жаз, жаз!” деп кеудеңдi бiрдеңе тесiп бара жатпағасын, өзiңдi-өзiң қинағаның кiмге қызық?
– Әй, не боса о босын, “Жарты ғасыр жасаған Тоқаң жасасын!” деген дiңгектi ойды, ұйқасқа түсiрейiк те, тезiрек құтылайық! – дедi асыққан ақынның бiрi.
– Ойымыз сарқылып, қаламымыздың сиясы құрғап, ақындарға ақырзаман келiп қалғаннан сау ма? Ау, әншейiнде мақтанғанда жыртылып айырыласыңдар, бiрдеңе десеңдершi, түге!
Шабытты шақырып, жыр жорғасын қанша қамшылағанмен бәрiбiр ман-дымады.
– Суалған сиырдан немiз артық?
Ақыр-тақыр таусылып, ақырында айналайын ауыз әдебиетiне ауыз салдық. Тығырыққа тiрелiп, басқа амал қалмады. Қазақ ауыз әдебиетiнiң қасқа жолына бiр түскесiн, рельстегi пойыздай зуладық. Әп-сәтте әзiл-шынын араластырып, әдемi өлеңдi дүниеге келтiрдiк. Мiнеки…
Жетi жасқа келгенше
Ата-ананың алдында
Бота болған, Тоқаңым.
Он сегiзге келгенде
Қыз-келiншек соңында
Соқа болған, Тоқаңым.
Жиырма беске келгенде
Көз тартатын көрмеде
Фото болған, Тоқаңым.
Отыздан асып қырықта
Қылыш болған, Тоқаңым.
Қырық бесте қалжыңға
Мырыш болған, Тоқаңым.
Елуiнде ел танып,
Ырыс болған, Тоқаңым.
Елуден асып еңкеймей
Алпысқа барар, Тоқаңым.
Жер таянбай жетпiсте
Әр тұсқа барар, Тоқаңым.
Сексенге келiп селкiлдеп
“Сартiс” те болар, Тоқаңым.
Сексен түгiл жүзiңдi
Жеңуге келдi ер Тоқаң.
Айтып-айтпай не керек,
Егеулi қалам қолға алып
Елуге келдi ер Тоқаң!..
Ауыз әдебиетi – алтын қазына сарқылмайтын сарқырама екенiн жан қысылғанда болмаса, жай күндерi мойындамайтындар да баршылық.
Ауыз әдебиетiнiң озық үлгiлерiн шығармасына қатық қып, пайдаланбайтын қаламгерлер кемде-кем. Сiз ше?..
– Жазған-сызғандарымда ауыз әде-биетiнiң элементтерi кездессе кездесiп қалар… Ал, таза ауыз әдебиетi үлгiсiнде жазылған шығармамды есiме түсiре алмадым.
– Қайран Мұқағали қайтыс болған соң-ақ азаматтығы мен ақындығы ауыздан-ауызға көшiп, аңыз кейiпкерiндей ертегiге айналды.
Қазақстан Жазушылар Одағы Мұқағали Мақатаев атындағы әдеби сыйлықты белгiледi.
Алматының қақ ортасындағы Пастер көшесi Мұқағали Мақатаев көшесiне айналды.
Ол туған колхоз кiндiк қаны тамған перзентiнiң есiмiмен аталды.
Ақынның алпыс жылдық мерейтойына орай ауылында еңсесi биiк музей ашылды. Сол тойда бiр сақа қаламгер “Шiркiн-ай, артыңда мынадай музей қалса, өле беруге де болғандай екен!” деп ризашылық бiлдiрсе керек. Қадiрлi сөздi қалт жiбермейтiн Қадыр Мырза-әлi:
– Әрине! – дептi қуақыланып. – Бiрақ, ертең не музей жоқ, не өзiң жоқ, текке өлiп қалып жүрмейiк!
Алты алашқа ортақ Қожанәсiрден бастап, кешегi Би-ағаң, Бейiмбет Майлин, Асқар Тоқмағамбетов, Шона Смаханұлы, Оспанхан Әубәкiров, Оспанәлi Иманәлиев, Нұри Мұфтах, Жұматай Сабыржанұлы секiлдi саңлақ сатириктерiмiздiң мұрасын бiрiктiрiп “Әзiлкештер музейiн” ашуға мұрындық болатын кiм? Жыл сайын Болгарияның Габрово қаласында халықаралық сықақшылар байқауы өтедi. Бiз тоқалдан тудық па, осы дәстүрдi ұлттық негiзде ұйымдастырсақ қайтедi?
– Тамаша идея! Қауымдастықтың таяудағы бiр отырысында арнайылап әңгiме қылайық та. Сахналық сатирадағы ағайындарды да шақырайық. Құдай бiледi, Құдайберген, Тұңғышбайлар бұл идеяға қол соғып қол ұшын бередi.
Ал, қаржы? Қаржының көзi – қайдан? Айналып келгенде, қай-қай идея да маңдайын қаржыға тiрейдi ғой?
Идея дегеннен шығады, жетпiсiншi жылдары “Социалистiк Қазақстан” газетiнде Ырғызда музей жоқтығы жайында менiң бiр мақалам жарық көрдi. Мақала Ырғыз азаматтарының патриоттық сезiмiн қозғады. Оған алғашқылардың бiрi болып үн қатқан шаруашылық басшысы Лайық Шоқпаров деген азамат едi. Әр түрлi қарсылықтарға қарамай қаржының көзiн тауып, сол азамат шағын мұражай (музей) үйiн салдырды. Мұражай үйi кейiн үлкейтiлдi. Айналып келгенде, гәп идеяның жүзеге асуында ғой.
Илья Ильф пен Евгений Петровтың қай шығармасында едi: “идея – бiзден, бензин – сiзден” деген мағынада бiр тақырыпша бар болатын. Оны айтып отырған себебiм, идея, мұражай идеясы өзiңнен болды. Қаржының көзi қайдан? Ақылдасайық.
– Ертеде бiр диханның егiнiне мал түсiп, әжептәуiр ысырап етсе керек. Дихан мен малдың иесi әдiл қазыға кеп жүгiнедi.
– Егiннiң шығынын есептегенде, бiр қойдың құнымен бара-бар. Сондықтан сiз диханға бiр қой бересiз! – деп билiк айтады қазы. Мұны естiп тұрған қазының қаршадай баласы:
– Айып болмаса, осы жолғы билiктi мен айтайыншы! – деп қиылады.
– Рұқсат! – дейдi әкесi.
– “Кейiн кешiрiм сұрауға тура келетiн iстi кем жасаңдар!” деп Мұхаммед Пайғамбар айтқандай, мен де мейiрiмдi, шапағатты Алланың атымен бастаймын. Сiз диханға бiр қой бересiз де, оның бүлiнген бидайының орнына егiн егiп өсiресiз. Еккен егiнiңiз өсiп, қалпына келмегенше диқан сiздiң қойыңыздың жүнiн, сүтiн пайдалануға хақылы. Бүлiнген егiндi бүтiндей өсiргесiн, қойыңызды дихан сiзге қайтарсын!
Әдiл билiкке әркiм де бас шұлғиды ғой. Қазiргi “қазылардың” билiгiне қарның ашады. Бiрi сиыр ұрлағанды босатып, бiр кесе сүт ұрлап iшкендi ит жеккенге айдаса – тiлiң қалай қышымасын?
Үмбетбай аға, биiкте отырмасаңыз да билiк айтып көрдiңiз бе?
– Билiкте болғаным жоқ, билiктiң ауласын сыпырғаным жоқ. Қажет кезде, қажетiм болған жерде жөн сөзiмдi айттым. Жөн сөздiң бәрi – құдайшылық айту. Ал құдайшылық айтудың бәрi билiк айту емес.
Билiк сөзiн жоғары лауазымды қызметпен ғана байланыстыратын ағайындар бар. Журналистика ше? Журналистика төртiншi билiк тармағы саналып жүрген жоқ па? Олай болса, бiздiң айтып, жазып жүргендерiмiздiң бәрi билiктiң сөзi!
Халық “Еркек үйдiң ханы, әйел үйдiң сәнi” дейдi. Мен Уайдиндер әулетiнiң ханымын, биiмiн. Айтқанымды iстете алмасам, сөзiмдi өткiзе алмасам, мен қандай ханмын, қандай бимiн.
Билiк деген ұғымды мен қысқаша осылай таратып, осылай түсiндiрем.
– Iлгерi заманда қарқуар деген құс болыпты. Ертеден қара кешке дейiн талмай сайрайтын “шешен” құс екен. “Түгел сөздiң түбi – бiр, түп атасы – Майқы би” деген мәтелдегi Майқы би – “Қарқуардай Майқы-би” атанғанын Балғабек Қыдырбекұлының кiтабынан оқыдым. Сол “Қарқуар” бабамыздың қара өлеңдерiне қалайша қайран қалмассың! Шешендiк өнердiң iргетасын қалаған.
“… Еттiң бәрi қазы болмас,
Иттiң бәрi тазы болмас.
Өзi қатты сараңдардың
Ешкiмге айтар назы болмас.
Келiнi кеу кемпiр-шалдың
Көрер күнi, жазы болмас.
Жекжат берер бекер пұлдың,
Көбi менен азы болмас.
Құлақ жарар шәңкiл әуен,
Тыңлағандай сазы болмас.
Ұрыс көрген ұл мен қыздың
Мiнезiнiң мәнi болмас”
Екi рет оқығанымда есте тұтылып, жадымда жаңғырып қалды. Қаншама қайталасаң да мөлдiр бұлақтың суындай сусыныңды қандырар емес. Табиғи өлең деген осы да!
Қарқуар құстың тұқымы құрып, жоғалып кеткенi секiлдi Майқы би бабамыздың майы тамған асыл қазынала-рының қаншасы тарих тасасында қалды?
Заманында зар еңiреген шешен көзiн жұмып, көңiлiнiң көк дөненiн босатып, ұрпағының болашағын қалай болжаған? Елдiң ертеңi не болмақ? Майқы би бабамыз қалай тiлiн безейдi…
“Әлi заман өзгерер,
Өзгергенiн көз көрер.
Мiнгенiң арба болар,
Бар құс қарға болар.
Жансыз арба – ат болар,
Өз балаң өзiңе жат болар.
Темiрден құс болады,
Ұрпағымның көргенi сұс болады.
Адам басы ауырып даң шатылар,
Базарыңда сұйылған сүт сатылар.
Еркек билiк тұл болар,
Сиыр пұл болар.
Еркек жасын и болар,
Қатын тұлданып би болар.
Алғаның арабы болар,
Құттып қорабы болар.
Төсекке есеппен жатарсың,
Жыныс зарпын ақшаға сатарсың.
Иекке тиер қызыл аз болар,
Адам шаштан айрылып таз болар.
Он бесте азуыңды аршырсың,
Тумысыңнан тамаққа таршырсың.
Баққаның өсек, сөз болар,
Қатының өзiңе көз болар.
Тастан аяқ болар,
Балық саяқ болар.
Сары судан ас шығар,
Балаң өзiңе қас шығар.
Жер тақыр болар,
Жұрт пақыр болар.
Осындай қилы заман болар.
Ендi төрт мың жылда
Дүние тәмәм болар”
Майқының айналасында аузымен құс ұстаған шешендерi болған, солардың бiрi – Аяз би мен Құмырсқа. Бiрақ екеуi қазылық құрудан гөрi елшiлiк-жаушылық жасаумен көбiрек әуестенiптi. Сондай бiр шаршылы топта Майқының алдын кес-кестеп, сөзiн бөле берген екi биге айтылған “Аяз би, әлiңдi бiл, Құмырсқа жолыңды бiл!” деген мәтелi де қалған ғой. Сол Жаман баласы Аязды әу баста бiр-екi жиындағы сөзiнен пайымдап, айтқыштығын аңғарып өзiне етене жақын би етiп алды – кемеңгерлiк емей немене? – Үлкен бiр додалы жиналыста ақын Мұхтар Шаханов мiнбеге шығыпты да орағытып орысша сөйлептi.
“Орысшаға сайрап тұрған, қазақшаға кiшкене құдай тiлiн байлап тұрған” екi жiгiт:
– Мұхтардың орысшасында акцент көп екен! – деп бiр-бiрiмен күбiрлессе, қастарында отырған Қалмұхан Исабаев:
– Құдайым акцентi жоқтан сақтасын! – деген екен. Әлгiлер қызарақтап, төмен қарап тұқшиыпты.
Байқауымша, сiздiң акцентiңiз Кавказдықтарға қарағанда көш iлгерi. Ол заманда орысшасы орашолақтарға оншалықты нан жоқ едi ғой. Орысшаның зардабын тарттыңыз ба?
– Олжастың көзiнше орыстармен онша ұзақ сөйлеспеймiн. Қажытаймен қанша уақыт болса да – пожалуйста.
Бiр-екi рет сүрiнiп-қабынған сенiң орысшаңның да бет-аузын байқап қалдым. “Дұр-е-с” дедiм де кетiп қалдым.
– Жазған шығармаңа жақсы ат қою – тапқырлықтың белгiсi. Гәп – атында емес, затында. Дегенмен де, затына аты сай болса қанеки!
Заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов кезiнде Шекспирдiң “Укрощение строптивой” атты пьесасын аударғанда, атын таппай әжептәуiр қиналған. Он ойланып, тоқсан толғанып “Асауға бұғалық”, “Асауды ауыздықтау”, “Асауға арқан” деп түрлi-түрлi нұсқаларын жасаған. Бiрақ, бiрi де көңiлiнен шықпаған. Ақыр аяғында “Асауға тұсау” деп аударып, шешен ат қоюға шеберлiгiн танытқан…
Кей-кейде “жаман иттiң атын Бөрiбасар қойғаны” секiлдi, жадағай шығармаға жарқырауық ат қоя саламыз. Мысалы, “Алтын қалам”, “Алтын тамыр”, “Алтын аймақ”, “Алтын су”…
…Алғашқы сатиралық өлеңдер жинағыма жарасымды ат таба алмай, көп қиналдым. “Шөңге”, “Тоқпақ”, “Кездiк”, “Шәңгек” секiлдi айдарынан жел есiп, айғайлап тұрған аттарды суқаным сүймейдi. Ақын ағалармен де ақылдастым. Не деп қоям?
– Қиналатын несi бар, – дедi Оспанхан ағам, – ақыры атын таба алмасаң “Аты жоқ кiтап” деп қоя сал!.. Әзiлдеп айтса да Ос-ағаның бұл ұсынысы жүрегiме қона кеттi.
– О-о, болды, аға, болды! – деп қалпағымды аспанға аттым. – Аты табылды, аға!
Жүрекжарды, тырнақалды жинағым-ның кiндiгi кесiлдi. Кiтабымның атын “Аты жоқ кiтап” деп қойдым.
Алғаш рет “Ара” журналына тiлшi боп орналасқанымда, алғашқы фельетонды жаза алмай көп қиналдым. Бiр жазғанымды редактор ұнатпайды. Екiншi нұсқасына да тыржиып, өзiме қайтарып бердi. Үшiншi рет сүйкедiм. Оны оқыған редактор төбемнен қарап “Сатира қолыңнан келмейдi-ау осы? Басқа жаққа ауыссаң қайтедi?” дегендей ишара бiлдiрдi. Сөйтiп жұмыстан шығатын болдым. Сол кезде сiз менiң әлгi шимай-шатпағымды бiр сүзiп шықтыңыз да, отыра қалып менiң атымнан фельетон жазып бердiңiз. Ұялмай-қызармай оны редакторға апардым. Асықпай оқыса керек, “қонжиды” деген сөздi “отырды” деп түзетiптi де қол қойыпты. “Фельетоның жақсы. Кiлтiн тауыпсың” деп мақтады.
Сөйтiп, сiз де менi жолға салдыңыз. Алғашқы фельетонымның кiндiгiн кес-тiңiз.
– Адамның бiр түйiр, жарым түйiр жақсылығын айтып жүру жақсы қасиет. Менiң сол болмашы қызметiмдi сен талай жерде айттың, рахмет! Бiрақ, алдағы уақытта көп айта берме. Ең ғажап әннiң өзi жиi айтыла берсе жұртты жалықтырып жiберетiнiн бiлесiң ғой.
Жұмекен марқұмға да қолұшымды бергенiм бар. Оның әдемi юморы бар болатын. Бiрақ, фельетон – фельетон ғой.
Шығарманың аты немесе заголовок мәселесi.
Ә-әрине, шығарманың аты оқырманды ойландыратындай, оқырманды шақырып тұратындай болса құба-құп. Бiрақ, ойлағаныңдай бола бере ме. Сен тақырыпты тауып қоясың. Менде ала-құла.
– Жер шоқтығы – Көкшетаудың Бурабайында өскен бiр бойжеткен Оңтүстiкке келiн боп түскен күнi Арыстанды Қарабастың адуын желi тұрып, жер-дүниенi шаңға көмбесi бар ма?! Жайдары жаздың кезiнде құм суырған алай-дүлей аптапты боранды кiм көрген. Машинадан майысып түскен маңғаз келiн сәл қабағын шытып:
– Түу, мына желдiң жындануын-ай! – деп үстi-басын қағып, сiлкiсе керек. Сонда ауылдың бiр азаматы келiннiң сөзiн жұмсартып:
– Шырағым, жерiмiзге ерiмiз сай, ерiмiзге желiмiз сай, желiмiзге келiнiмiз сай болса, несi жаман? – дептi. – Арыстанды Қарабастың желi – қасиеттi жел, келiнжан. Ол – бұрынғы ескi шаңдарды ұшырып, орнына жаңа шаң қондырады.
“Туған жердiң түтiнi де тәттi” деген осы-ау!.. Құмырсқа көлеңкелейтiн шөбi болмаса да, туған жер кiм-кiмге де ыстық. Сiздiң кiр жуып, кiндiк кескен жерiңiз – Ақтөбенiң Ырғыз аймағы. Шежiрелi мекен. Осы Ырғызда 1831 жылы Қазақстанның Ресейге қосылып, қол қоюы – тарихи айғақ. Iлгерiлi-кейiндi өмiр сүрген батырлар мен баїадүрлер, ақындар мен хакiмдер, аузымен құс тiстеп небiр шешендердi толғатып туғызған Ырғыз жөнiнде мәлiмет берiп, толғанасыз ба?
– Дұрыс айтасың, Ырғыз қазақ тарихының бiр тарауы, үлкен Отанның бiр шежiрелi өңiрi. Оның шежiре-тарихынан менiң бiршама мағлұматым бар, әрiден-берiден талай әңгiме айтып бере аламын. Бiрақ, нақты сауал-сұрақтан көп ауа жайылмайын деген ойдамын.
“Ырғыз жөнiнде толғанасыз ба?”
Шешiмiн тапқаны, таппағаны бар – өткен қоғам, мына қоғамда да туған ел, туған жердiң түрлi-түрлi проблемаларына оқтын-оқтын өз ой-толғаныстарыммен қатысып келемiн. Жүрегiмнiң дүрсiлiн елдiң үлкен-кiшiлерi танып, ауызекi айтып, баспасөз бетiнде жазып қояды.
Көп сауал-сұрақ қойып, Ырғыз мектеп оқушылары да хат жазып тұрады. Кейiнгi бiр хатта конверттiң iшiне жусан салып жiберiптi! Оның алдындағы бiр хатта: Ырғызға алаңдайсыз ба? Ырғыз жайында ойланып-толғанып жүрсiз бе? Не жазып жатырсыз? Бұл жаққа қашан келесiз? деген мағынады сауал-сұрақтар қойыпты.
1996 жылы ырғыздықтардың бiр шақыруына науқастанып қалуыма байланысты бара алмай, өлеңмен хат жазып жiбергенмiн. Мектеп оқушыларына сол өлеңiмдi қатыстырып, жауап бердiм. Көпен, сол өлең сен қойып отырған сауал-сұрақтың да тоқетер жауабы, түйiнi болсын.
Ырғыздық халқым, пiр-елiм,
Тiлекшiлерiңнiң бiрi едiм.
Iркiлiп қалдым… шыға алмай
Шамалы жайға тiрелiп.
Саулықты түрлi “жау” ұрлап,
Жүректiң жүгi ауырлап,
Дүбiрлi тойдан қап қойдым,
Ғафу ет ел-жұрт, ауыл жақ.
Өздерiңменен бiр демiм,
Өздерiңменен бiргемiн –
Күрсiнбей елдi еске алған
Күнiм жоқ менiң бiр де-бiр!
Жүрек те Ырғыз – ауыл жақ,
Тiлек те Ырғыз – ауыл жақ.
Күрсiнiп алам,
Батты-ау деп
Өтпелi мынау ауыр шақ!
Әлдекiм айтса абыржып:
“Ырғызда биыл жауын жоқ!” –
Күрсiнiп алам тағы да,
Жанымды жаншып ауыр жүк!
Кетсе елде аптап жиiлеп,
Тәңiрге iштей сыйынып,
Бұлттарды үрлеп айдаймын,
Аспанда тұрған жиылып.
Тыпырлап жүрдiм неше күн,
Дөңбекшiп жаттым неше түн:
“Ырғыз бен Шалқар жағында
Қыс ұзап кеттi”, – десе кiм.
“Ел көшiп жатыр”, – десе кiм:
Көтерiп басын кеселiм,
Кеудеден шаншу қадалып,
Төсiмнiң астын теседi!
“Тасыды Ырғыз!” – десе кiм,
Кетедi ерiп кеселiм.
Бетiме қалқып шығады
Қуаныш-шырай бес елi!
Сонымен, халқым, пiр-елiм,
Болғай деп қабыл тiлегiм,
Перзенттiк махаббатымды
Әуминге әкеп тiредiм!
Құлдарың болам мен әлi,
“Капремонт” бiтсiн мына бiр.
Жол-сапар тұрған алдағы
Ырғыз бен Шалқар прямо!
Әумин!
– Аузын айға бiлеген “Ара” жур-налының айбалтадай фельетонисi Тоқтарханның елу жылдық юбилейiне майы тамған марапат өлең жаза алмай қор болғанымыз-ай! Ойнақтатып олай сүйкеп көрдiк – көңiлге қонбады, бұлтақтатып бұлай сiлтедiк – боркемiк. Еңбегi еш болған есiл ақындарым-ай, ендi қайттiк? “Жаз, жаз!” деп кеудеңдi бiрдеңе тесiп бара жатпағасын, өзiңдi-өзiң қинағаның кiмге қызық?
– Әй, не боса о босын, “Жарты ғасыр жасаған Тоқаң жасасын!” деген дiңгектi ойды, ұйқасқа түсiрейiк те, тезiрек құтылайық! – дедi асыққан ақынның бiрi.
– Ойымыз сарқылып, қаламымыздың сиясы құрғап, ақындарға ақырзаман келiп қалғаннан сау ма? Ау, әншейiнде мақтанғанда жыртылып айырыласыңдар, бiрдеңе десеңдершi, түге!
Шабытты шақырып, жыр жорғасын қанша қамшылағанмен бәрiбiр ман-дымады.
– Суалған сиырдан немiз артық?
Ақыр-тақыр таусылып, ақырында айналайын ауыз әдебиетiне ауыз салдық. Тығырыққа тiрелiп, басқа амал қалмады. Қазақ ауыз әдебиетiнiң қасқа жолына бiр түскесiн, рельстегi пойыздай зуладық. Әп-сәтте әзiл-шынын араластырып, әдемi өлеңдi дүниеге келтiрдiк. Мiнеки…
Жетi жасқа келгенше
Ата-ананың алдында
Бота болған, Тоқаңым.
Он сегiзге келгенде
Қыз-келiншек соңында
Соқа болған, Тоқаңым.
Жиырма беске келгенде
Көз тартатын көрмеде
Фото болған, Тоқаңым.
Отыздан асып қырықта
Қылыш болған, Тоқаңым.
Қырық бесте қалжыңға
Мырыш болған, Тоқаңым.
Елуiнде ел танып,
Ырыс болған, Тоқаңым.
Елуден асып еңкеймей
Алпысқа барар, Тоқаңым.
Жер таянбай жетпiсте
Әр тұсқа барар, Тоқаңым.
Сексенге келiп селкiлдеп
“Сартiс” те болар, Тоқаңым.
Сексен түгiл жүзiңдi
Жеңуге келдi ер Тоқаң.
Айтып-айтпай не керек,
Егеулi қалам қолға алып
Елуге келдi ер Тоқаң!..
Ауыз әдебиетi – алтын қазына сарқылмайтын сарқырама екенiн жан қысылғанда болмаса, жай күндерi мойындамайтындар да баршылық.
Ауыз әдебиетiнiң озық үлгiлерiн шығармасына қатық қып, пайдаланбайтын қаламгерлер кемде-кем. Сiз ше?..
– Жазған-сызғандарымда ауыз әде-биетiнiң элементтерi кездессе кездесiп қалар… Ал, таза ауыз әдебиетi үлгiсiнде жазылған шығармамды есiме түсiре алмадым.
– Қайран Мұқағали қайтыс болған соң-ақ азаматтығы мен ақындығы ауыздан-ауызға көшiп, аңыз кейiпкерiндей ертегiге айналды.
Қазақстан Жазушылар Одағы Мұқағали Мақатаев атындағы әдеби сыйлықты белгiледi.
Алматының қақ ортасындағы Пастер көшесi Мұқағали Мақатаев көшесiне айналды.
Ол туған колхоз кiндiк қаны тамған перзентiнiң есiмiмен аталды.
Ақынның алпыс жылдық мерейтойына орай ауылында еңсесi биiк музей ашылды. Сол тойда бiр сақа қаламгер “Шiркiн-ай, артыңда мынадай музей қалса, өле беруге де болғандай екен!” деп ризашылық бiлдiрсе керек. Қадiрлi сөздi қалт жiбермейтiн Қадыр Мырза-әлi:
– Әрине! – дептi қуақыланып. – Бiрақ, ертең не музей жоқ, не өзiң жоқ, текке өлiп қалып жүрмейiк!
Алты алашқа ортақ Қожанәсiрден бастап, кешегi Би-ағаң, Бейiмбет Майлин, Асқар Тоқмағамбетов, Шона Смаханұлы, Оспанхан Әубәкiров, Оспанәлi Иманәлиев, Нұри Мұфтах, Жұматай Сабыржанұлы секiлдi саңлақ сатириктерiмiздiң мұрасын бiрiктiрiп “Әзiлкештер музейiн” ашуға мұрындық болатын кiм? Жыл сайын Болгарияның Габрово қаласында халықаралық сықақшылар байқауы өтедi. Бiз тоқалдан тудық па, осы дәстүрдi ұлттық негiзде ұйымдастырсақ қайтедi?
– Тамаша идея! Қауымдастықтың таяудағы бiр отырысында арнайылап әңгiме қылайық та. Сахналық сатирадағы ағайындарды да шақырайық. Құдай бiледi, Құдайберген, Тұңғышбайлар бұл идеяға қол соғып қол ұшын бередi.
Ал, қаржы? Қаржының көзi – қайдан? Айналып келгенде, қай-қай идея да маңдайын қаржыға тiрейдi ғой?
Идея дегеннен шығады, жетпiсiншi жылдары “Социалистiк Қазақстан” газетiнде Ырғызда музей жоқтығы жайында менiң бiр мақалам жарық көрдi. Мақала Ырғыз азаматтарының патриоттық сезiмiн қозғады. Оған алғашқылардың бiрi болып үн қатқан шаруашылық басшысы Лайық Шоқпаров деген азамат едi. Әр түрлi қарсылықтарға қарамай қаржының көзiн тауып, сол азамат шағын мұражай (музей) үйiн салдырды. Мұражай үйi кейiн үлкейтiлдi. Айналып келгенде, гәп идеяның жүзеге асуында ғой.
Илья Ильф пен Евгений Петровтың қай шығармасында едi: “идея – бiзден, бензин – сiзден” деген мағынада бiр тақырыпша бар болатын. Оны айтып отырған себебiм, идея, мұражай идеясы өзiңнен болды. Қаржының көзi қайдан? Ақылдасайық.
– Ертеде бiр диханның егiнiне мал түсiп, әжептәуiр ысырап етсе керек. Дихан мен малдың иесi әдiл қазыға кеп жүгiнедi.
– Егiннiң шығынын есептегенде, бiр қойдың құнымен бара-бар. Сондықтан сiз диханға бiр қой бересiз! – деп билiк айтады қазы. Мұны естiп тұрған қазының қаршадай баласы:
– Айып болмаса, осы жолғы билiктi мен айтайыншы! – деп қиылады.
– Рұқсат! – дейдi әкесi.
– “Кейiн кешiрiм сұрауға тура келетiн iстi кем жасаңдар!” деп Мұхаммед Пайғамбар айтқандай, мен де мейiрiмдi, шапағатты Алланың атымен бастаймын. Сiз диханға бiр қой бересiз де, оның бүлiнген бидайының орнына егiн егiп өсiресiз. Еккен егiнiңiз өсiп, қалпына келмегенше диқан сiздiң қойыңыздың жүнiн, сүтiн пайдалануға хақылы. Бүлiнген егiндi бүтiндей өсiргесiн, қойыңызды дихан сiзге қайтарсын!
Әдiл билiкке әркiм де бас шұлғиды ғой. Қазiргi “қазылардың” билiгiне қарның ашады. Бiрi сиыр ұрлағанды босатып, бiр кесе сүт ұрлап iшкендi ит жеккенге айдаса – тiлiң қалай қышымасын?
Үмбетбай аға, биiкте отырмасаңыз да билiк айтып көрдiңiз бе?
– Билiкте болғаным жоқ, билiктiң ауласын сыпырғаным жоқ. Қажет кезде, қажетiм болған жерде жөн сөзiмдi айттым. Жөн сөздiң бәрi – құдайшылық айту. Ал құдайшылық айтудың бәрi билiк айту емес.
Билiк сөзiн жоғары лауазымды қызметпен ғана байланыстыратын ағайындар бар. Журналистика ше? Журналистика төртiншi билiк тармағы саналып жүрген жоқ па? Олай болса, бiздiң айтып, жазып жүргендерiмiздiң бәрi билiктiң сөзi!
Халық “Еркек үйдiң ханы, әйел үйдiң сәнi” дейдi. Мен Уайдиндер әулетiнiң ханымын, биiмiн. Айтқанымды iстете алмасам, сөзiмдi өткiзе алмасам, мен қандай ханмын, қандай бимiн.
Билiк деген ұғымды мен қысқаша осылай таратып, осылай түсiндiрем.
– Iлгерi заманда қарқуар деген құс болыпты. Ертеден қара кешке дейiн талмай сайрайтын “шешен” құс екен. “Түгел сөздiң түбi – бiр, түп атасы – Майқы би” деген мәтелдегi Майқы би – “Қарқуардай Майқы-би” атанғанын Балғабек Қыдырбекұлының кiтабынан оқыдым. Сол “Қарқуар” бабамыздың қара өлеңдерiне қалайша қайран қалмассың! Шешендiк өнердiң iргетасын қалаған.
“… Еттiң бәрi қазы болмас,
Иттiң бәрi тазы болмас.
Өзi қатты сараңдардың
Ешкiмге айтар назы болмас.
Келiнi кеу кемпiр-шалдың
Көрер күнi, жазы болмас.
Жекжат берер бекер пұлдың,
Көбi менен азы болмас.
Құлақ жарар шәңкiл әуен,
Тыңлағандай сазы болмас.
Ұрыс көрген ұл мен қыздың
Мiнезiнiң мәнi болмас”
Екi рет оқығанымда есте тұтылып, жадымда жаңғырып қалды. Қаншама қайталасаң да мөлдiр бұлақтың суындай сусыныңды қандырар емес. Табиғи өлең деген осы да!
Қарқуар құстың тұқымы құрып, жоғалып кеткенi секiлдi Майқы би бабамыздың майы тамған асыл қазынала-рының қаншасы тарих тасасында қалды?
Әзірше ешқандай пікір жоқ.
Бірінші болып пікір қалдырыңыз.