Қазіргі заманда еңбек етуші көшіп-қонушылардың үлесі әлемнің көптеген дамыған елдерінде эконо- микалық дамудың, бәсекеге қабілет-тіліктің және жоғарғы өмір сүру стандарттарының айқындаушы фак- торларының...

адам сау

 

Қазіргі заманда еңбек етуші көшіп-қонушылардың үлесі әлемнің көптеген дамыған елдерінде эконо-
микалық дамудың, бәсекеге қабілет-тіліктің және жоғарғы өмір сүру стандарттарының айқындаушы фак-
торларының бірі болып табылатыны жалпыға белгілі. Заңсыз көші-қонға байланысты орын алған проблемаларға қарамастан, халықаралық еңбек көші-қоны ел деңгейінде елеулі ерекшеленетін белгілі бір амалдар мен сызбаларды қолдану негізінде басқарылады. Сондықтан осы құралды дайындау кезінде еңбек көші- қонын реттеудің халықаралық тәжірибесі қатар зерделенді. Бұл орайда Ұлыбритания, Германия, Голландия, Греция, Ирландия, Италия , Канада, АҚШ, Франция сияқты елдердің тәжірибесіне ерекше көңіл бөлінді. Осы 9 ел бойынша зерттеудің негізгі нәтижелері Қазақстанда еңбек көші-қонын басқаруды жетілдіру жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдарды даярлау кезінде ескерілді.
Көші-қон процестерін реттеу үшін тиімді институционалдық шеңберді институционалдық дамыту және айқындау, сондай-ақ көші-қон сала- сында жұмыс істейтін басқа да ведомстволардың қызметін үйлестіру мәселесі көші-қон процестерін басқарудың тиімді жүйесін құруда басты негіздердің бірі болып табылады. Көші-қон саласында жұмыс істейтін ведомстволардың көп-
шілігі, Парламент депутаттары,
үкіметтік емес ұйымдардың өкіл-дері алдын ала кездесулерде де, тіке-
лей дөңгелек үстелде де көші-қон мәселелерімен айналысатын бірыңғай мамандандырылған ве- домство құру туралы пікір айтты.
Осындай ведомствоны ұйым-дастыру үшін негізгі алғышарттардың ішінде негізгі көші-қон аспектілерін реттеуде көші-қон саласында жал-
ғыз мамандандырылған ведомство-ның қажеттігі, көші-қон саласында жұмыс істейтін түрлі ведомство-лардың әрекетін үйлестіру, көші-қон мәселелері жөніндегі тұжырым-дамаларды, стратегияларды, іс-қимыл
жоспарларын әзірлеуде бірыңғай амалдың қажеттігі, бір ведомствода көші-қон саласындағы білімдерді жан-жақты зерделеу және шоғырландыру айтылды.
Әлемдік тәжірибе көші-қон про-
цестерін реттеудің институционалдық шеңберін ұйымдастыруға түрлі амалдарды біледі. Алайда көші-қонды басқаратын мінсіз институционалдық шеңбер жоқ екенін атап өткен жөн. Әр елдің көші-қон саласында өз мақсаты мен басымдығы болады. Сондықтан олардың қажеттіліктеріне жауап беретін ұйымдық құрылым қажет. Дегенмен, барлық елдерге, бір министрліктің қарамағына көші- қонмен байланысты мәселелерді беру (орталықтандыру) мен ол функцияларды үйлестіретін құры-
лым шеңберінде түрлі минис-трліктер арасында бөлудің (орталық-сыздандырудың) арасын таңдауға тура келеді.
Орталықтандырудың негізгі мін-
деттерінің бірі дәйектілікті қам-тамасыз етуге келіп саяды. Әдетте, орталық (бас) ведомство саяси міндеттерді қалыптастыруға, сонымен бірге көші-қонды басқару процестеріне, әсіресе елге жіберуге (жіберуден бас тартуға), көшіп-қонушылардың болуына немесе шығаруға рұқсатқа қатысты негізгі нормативтік базаны дайындауға жауап беретін тәртіп неғұрлым мақсатқа сай болады. Алайда көші-қонды басқару мәселелерінің – орталықтандырылған немесе орталықсыздандырылған кез келген амалында министрлік аралық үйлестірудің маңыздылығын ескеру қажет. Бұл ретте нақты және жұмыс істей алатын үйлестіру тетігін құрған маңызды. Ең оңтайлысы атқарушылық билікті жоғары деңгейде үйлестіру болып табылады. Қазақстан Республикасында Көші-қон саясатын әзірлеу және іске асыру жөніндегі министрлік аралық жұмыс тобы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер минис-трлігінің төрағалық етуімен өз қызметін жүзеге асырған осындай ведомствоаралық үйлестірудің оң тәжірибесі бар екендігін ерекше атап өту қажет. Мұндай жұмыс тобының жұмысын қалпына келтіру немесе жаңасын құру көші-қон мәселелерін одан әрі үйлестіруде салмақты үлес қосуы мүмкін.
Көші-қон мәселелері жөніндегі мамандандырылған ведомство құру-
дың артықшылығы көші-қонға байланысты барлық функцияларды көші-қон мәселелерін басқару үшін негізгі жауапкершілік жүктелетін бір ұйымдық құрылымның/ведом-ствоның шеңберінде біріктіруге келіп саяды. Өкілеттіктерді орталықтандыру қойылған міндет-терді жүзеге асыруға бөлінетін қаржылық және материалдық ресурстарды тиімді басқаруға және қажеттілігіне қарай жоспарды түзетуге мүмкіндік береді. Бұл көші-қонды басқарудың орта-лықсыздандырылған жүйесі жағда-йында басқа ведомстволармен кон-
сультация алу қажет болғанда туындайтын түрлі кешіктірулерді болдырмауға мүмкіндік береді. Бірыңғай әкімшілік шеңберлер қалыптастырылатын стратегия мен нақты қажеттіліктер ара- сында өте тығыз байланысты қамтамасыз етеді. Мұны атқарушылық деңгейде жұмыс істейтін қызметшілерден саясатты әзірлеумен айналы- сатын мамандарға ақпарат баратын жалғыз ағынымен түсіндіруге болады. Оның үстіне, бір жағынан көшіп-қонушыларға жәрдемдесу және екінші жағынан бақылау мен құқық қолдану функцияларын бір ведомствоның шеңберінде біріктіру теңгерімді және салмақты жүйенің жұмыс істеуіне алғышарттар жасайды.

ШЕТЕЛДІК КӨШІ-ҚОН ПРОЦЕСТЕРІН БАСҚАРУ ТƏЖІРИБЕСІН ЗЕРДЕЛЕУ

Мемлекеттік органдардың өкіл-
дері көші-қон процестерін бас-қаруды шетел тәжірибесін зерделеу қажеттігі туралы пікір айтуда. Мұндай тәжірибе еңбек көші-қонын басқару мәселелерінде, шетел азаматтарының келуін және болуын басқару мәселелерінде, сондай-ақ мәжбүрлеп шығаруды қосқанда, шетел азаматтарының шығу мәселелерінде өте пайдалы болады. Осыған байланысты халықаралық ұйымдардың көші-қон мәселесі бойынша сұхбаттасуды белгілеу, түрлі елдер мен көші-қон мәселелері бойынша жұмыс істейтін құрылымдар өкілдерінің кездесуіне әрі жинақталған тәжірибемен алмасуына мүмкіндік беретін көпжақты кездесулер, консультациялар, семинарлар, тренингтер мен оқу іссапарларын өткізу жөніндегі бастамалары маңызды екенін ерекше атап өткен жөн.
Осыған байланысты ең үздік практикаларға, сондай-ақ жекелеген көші-қон мәселелері бойынша басқа да елдердің тәжірибесіне қатысты жарияла- нымдар өте құнды болып табылады. Осы жарияланымдардың кейбіреулері осы Шолуда аталып өтті, басқаларына Халықаралық көші-қон ұйымында, оның веб-беттерінде, сондай-ақ аралас салаларда жұмыс істейтін басқа да ұйымдардан қол жеткізуге болады. Қазақстан Үкіметінің тиісті қолдауымен ХКҚҰ өз қызметінде әлеуетті нығайтуды және көші-қон процестерін басқаруда ең үздік тәжірибені көрсетуге ден қоюды жоспарлап отыр.
АВСТРАЛИЯ ТƏЖІРИБЕСІ

Австралияда көшіп келу сала-сындағы саяси, заңнамалық және жедел функциялар көшіп келуді реттеудің құқықтық шеңберін әзір-леуді үйлестіретін көшіп келу, мәдениетаралық байланыс және байырғы халық істері жөніндегі министрліктің шеңберінде толықтай орталықтандырылған. Көшіп келу, мәдениетаралық байланыс және байырғы халық істері жөніндегі министр және ол басшылық ететін министрлік заңдар мен заңға тәуелді актілерді, ұлттық және халықаралық деңгейдегі көшіп келуді, босқын-дармен жұмысты, шекаралық бақы-лауды, құқық қолдануды, көшіп-қонушылардың кірігуі мен оларды орналастыруды, сондай-ақ азаматтық мәселелерді қосқанда, көшіп келу саласындағы жалпы саясатқа жауап береді.
Санамаланған функцияларды жү-зеге асыра отырып, министрлік жал- пы білім беруге, денсаулық сақтауға, әлеуметтік қамсыздандыруға, еңбек қатынастары мен кәсіпкерлікке, заңнамалық, конституциялық және сыртқы саясатқа жауап беретін ведомстволармен тығыз өзара іс-қимыл жасайды. Министрлік әзірленіп жатқан саясаттың бара-барлығын қамтамасыз ету үшін тиісті салалық ведомстволармен де ынтымақтастықта әрекет етеді.
НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР

1. Австралияда биліктің ер-
кін қалауымен қолданыста бол-ған иммиграциялық-визалық рұқсаттар-ды қабылдау тәртібі қатаң реттелетін жүйемен ауыстырылды. Бұған би-ліктің қалауымен қабылданған шешімдер бойынша бірқатар тұжы-рымды сот қаулылары себеп болды. Мұндай оқиғалар көші-қон процестерінің нәтижелеріне елеулі әсер етіп, көші-қон бағдарламасын мемлекеттік бақылауды қиындата түсті. Заң шығарушылар визиаларды беру үшін міндетті өлшемдерді нақты жазып, дискрециялық шешімдерге қажеттікті азайтуға тырысты.
2. Жаңа жүйе оны қолданатын адамдар үшін де, визаға келгендер үшін де нәтиженің айқындылығын, дәйектілігін және алдын ала болжануын қамтамасыз етуге арналған.
3. Осы қатаң регламенттелген жүйенің тиімді жұмыс істеуі үшін заңнамада бірқатар дискрециялық өкілеттіктерді қайтаруға тура келді. Оларды дербес әрекет ете отырып, тиісті жағдайларда, әдетте, визаға келген адам басқа сатыларда бас тартуға шағым берген сәтсіз әрекеттерінен кейін оң шешім шығаруға құқығы бар министрге бекітілді.
4. Заңға сәйкес министр көрсетілген өкілеттіктерді пайдалануға міндетті емес және өтініш берушілердің оның дискерициялық өкілеттіктерді қолдануы туралы өтінішпен министрге тікелей жүгінуге құқығы жоқ. Мәселенің әкімшілік жағына келсек, онда министрлікте оның назар ау- даруына тұратын істерді министрдің қарауына тұрақты ұсынып отыру практикасы қалыптасқан. Осындай амалдың арқасында көшіп келу саласындағы басқару мен бақылау Көшіп келу істері жөніндегі министр мен оның ведомствосының құзыретінде қалуда.
КАНАДА ТƏЖІРИБЕСІ

Ел ішінде көші-қонды басқару қалай ұйымдастырылғанына қара-мастан, шетелде осы жұмыс Сыртқы істер министрлігінің қарауына жатады. Барлық елдердің тәжірибесі осындай. Дегенмен, осы модель әмбебап болып табылмайды. Канаданың Азаматтық және иммиграция істері жөніндегі министрлігінде (АИМ) қызметкерлері шетелде жұмыс істейтін өзінің сыртқы қызметі бар. Қазіргі кезде осы модель жаңа міндеттерді ескере отырып, өзгеріске ұшырауда. Канада моделін одан әрі дами алатын нақты немесе ықтимал әкімшілік құрылым мысалы ретінде қарастыру керек.

НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР

1. Сыртқы иммиграциялық қыз-
метке түсетін кандидаттар дипло-матиялық қызметке түсетіндерге қойылатын ұқсас талаптарға жауап беруге тиіс. Сыртқы иммиграциялық қызметке жұмысқа қабылданатындар кәсіби дипломаттар болатындықтан, оларға барлық дипломатиялық корпус үшін қолданылатын ротация ережесі қолданылады. Олар не шетелде, не Канадада негізгі жұмыс орны бойынша еңбек етеді.
2. Канаданың Сыртқы иммиг-рациялық қызметінің қызметкерлері шетелде канадалық көші-қон бағ-дарламаларын үйлестіруге және іске асыруға жауап береді. Олар көшіп-қонушыларды, босқындарды, келушілерді, оқушыларды және Канадаға келуге өтініш берген басқа да адамдарды тар- тады, іріктейді және ресімдейді. Осы қызметкерлер әр елде екі-төрт жыл жұмыс істейтіндіктен әрі өмір сүретіндіктер, олардың жергілікті халықтың тілін, дәстүрін, әдет-ғұрпы мен мәдениетін үйренуге мүмкіндігі бар. Бұл оларға уақытша келуге өтініш берген адамдардың адалдығы мен таза ниетіне қатысты шешім қабылдауына немесе әлеуетті көшіп-қонушыларға баға беруіне мүмкіндік береді.
3. Канада моделі заңсыз көшіп-қонушылар туралы мәліметтерді жинайтын, олар жіберілген елдерде полициямен және құқық қорғау органдарымен ынтымақтастықта болатын және авиакомпаниялар қызметкерлерін және әуежайдың басқа да қызметкерлерін Канадаға кіру талаптарымен таныстыра- тын көші-қон қауіпсіздігі қызметінің офицерлерін – арнайы бақылау органын қамтиды. Көші-қон қауіпсіздік қызметі жақында құрылған Канада шекара қызметі агенттігінің құрамына кіреді. Оның қызметкерлері Канадаға рейске кіруге әрекет еткен заңсыз көшіп-қонушыларды ұстауда авиакомпанияларға жәрдемдеседі және басшылық үшін көшіп-қонушыларды заңсыз әкелудің ықтимал сызбалары туралы талдау материалдарын дайындайды.
4. Шетелде канадалық дипло-матиялық миссияларда жұмыс іс-тейтін Сыртқы иммиграциялық қызмет қызметкерлері тікелей елшіге бағынады және күн сайын өз қызметі туралы оған есеп беруге міндетті. Бұл ретте оларды функционалдық басқаруды Азаматтық және көшіп келу істері жөніндегі министрлік, ал көші-қон қауіпсіздігі қызметінің қызметкерлерін басқаруды Канада шекара қызметі агенттігі жүзеге асырады. Иммграция туралы қолдау хаттарды қабылдау немесе кері қайтару өкілеттігі Көшіп келу туралы заңда және тиісті қаулыларда бекітілген. Осы қызметкерлерді материалдық-техникалық әрі әкімшілік қолдауды елшіліктер қамтамасыз етеді, алайда Көшіп келу істері жөніндегі агенттік немесе Шекара қызметі агенттігі Сыртқы істер министрлігіне барлық шығындарды өтеп береді.
5. Осындай әкімшілік құрылымның арқасында көші-қон мәселелері елшілер мен СІМ қызметкерлерінің назарынан тыс қалмайды. Осы сызбаның тиімділігі көп жерде екі министрліктің бірлескен қызметін реттейтін өзара түсіністік туралы меморандумды тудырды. Меморан- дум министрліктердің әрқайсысының міндеттері мен жауапкершілігін айқындайды, үздіксіз әрі жемісті жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажет қаржылық қатынастар мен есеп беру тәртібін жазады. Меморандум екі министрліктің арасындағы келіспеушіліктерді реттеудің тиімді тетігіне айналды. Бұл құжатқа тиісті ведомстволардың басшылары қол қояды.

РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ТƏЖІРИБЕСІ

ТМД елдерінде көші-қон про-цестерін орталықтан басқарудың барынша үлкен және табысты тәжірибесі жинақталған. Ресей Федералдық көші-қон қызметі (ФКҚ) жарқын мысладардың бірі болып табылады. ФКҚ Ішкі істер министрлігінің құрылымдық бөлімшесі болып табылатындығына қарамастан, қызмет барынша кең «автономияны» пайдаланады.
Федералдық көші-қон қызметі өкілеттіліктері:
— белгіленген қызмет саласында мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі шараларды әзірлеу және жүзеге асыру;
— белгіленген қызмет саласында Ресей Федерациясының заңнамасын қолдану тәжірибесін жинақтау және мемлекеттік саясаттың іске асыры- луын талдауды жүзеге асыру, осының негізінде Ресей ФКҚ жүйесіндегі органдардың, ұйымдар мен бөлімшелердің қызметін жетілдіру шараларын әзірлеу;
— белгіленген қызмет саласында Ресей Федерациясының феде-ралдық атқарушы билік органдары мен атқарушы билік органдары субъектілерінің қызметін үйлестіру;
— Ресей Федерациясының заңна-масына сәйкес:
— Ресей Федерациясының аза-
маттары мен лауазымды тұлға-ларының Ресей Федерациясынан тыс жерлерде келген орны бойынша және тұратын жері бойынша тіркеу есебінен Ресей Федерациясы азаматтарын тіркеу және есептен шығару ережелерін сақтауын;
— шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалардың иммиграциялық ережелерді сақтауын;
— жұмыс берушілердің, жұмысқа (қызмет көрсетулерге) тапсырыс берушілердің шетел жұмысшыларын Ресей Федерациясына тарту және
олардың еңбегін пайдалану ережелерін сақтауды бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру;
— белгіленген тәртіппен жұмыс
берушілердің, жұмысқа (қыз-
мет көрсетулерге) тапсырыс беруші-лердің Ресей Федерациясына шетел-
дік қызметкерлерді тартуына және олардың еңбегін пайдалануға рұқ-сатты, сондай-ақ шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғаларға жұмыс істеуіне рұқсат беру;
— Ресей Федерациясының заңна-масына сәйкес:
— шетел азаматтары мен азамат-тығы жоқ тұлғаларға Ресей Федерация- сына кіруге визалар беруді;
— Ресей Федерациясында тұратын адамдарда Ресей Федерациясының азаматтығы болуын айқындауды;
— Ресей Федерациясында тұратын адамдардан Ресей Федерациясының азаматтығы мәселелері жөнінде өтініштер қабылдауды;
— Ресей Федерациясының аза-маттығы мәселелері жөніндегі өтініштердің негіздемесі үшін ұсынылған фактілер мен құжаттарды тексеруді және қажет болған жағдайда тиісті мемлекеттік органдардан қосымша мәліметтер сұратуды;
— Ресей Федерациясының Прези-дентіне Ресей Федерациясының азаматтығы мәселелері жөніндегі өтініштерді, оларды негіздеу үшін
ұсынылған құжаттар мен өзге де материалдарды, сондай-ақ осы өтініштерге, құжаттар мен материалдарға қорытындыларды жі-беруді;
— Ресей Федерациясының Пре-зиденті қабылдаған Ресей Федерация- сында тұратын адамдарға қатысты Ресей Федерациясының азаматттығы мәселелері жөніндегі шешімдердің орындалуын;
— Ресей Федерациясында тұратын адамдар берген Ресей Федера- циясының азаматтығы мәселелері жөніндегі өтінштерді қарауды және жеңілдетілген тәртіппен Ресей Федерациясының азаматтығы мәселелері бойынша шешімдер қабылдауды;
— оған қатысты уәкілетті феде-ралдық атқарушы билік органы мен оның аумақтық органы азаматтықты өзгерту туралы шешім қабылдаған адамдардың есебін жүргізуді;
— Ресей Федерациясының азамат-
тығын рәсімдеуді;
— Ресей Федерациясының аза-маттығы мәселелері бойынша ше-шімдердің күшін жоюды;
— Ресей Федерациясының азаматтарына жеке бастарын куәландыратын құжаттар беру мен ауыстыруды;
— Ресей Федерациясының шегінде келген орны бойынша және тұратын жері бойынша Ресей Федерациясы азаматтарын тіркеу есебін, сондай-ақ шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды тұратын жері бойынша тіркеуді және шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды келген орны бойынша есепке алуды;
— Ресей Федерациясынан шығу және Ресей Федерациясына кіру үшін Ресей Федерациясының азаматтарына паспорттарды және өзге де құжаттарды ресімдеу мен беруді;
— берілген Ресей Федерациясы азаматының паспорттарын есепке алуды;
— Ресей Федерациясына кіруге шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға шақырулар ресімдеуді, сондай-ақ шақыруын ресімдейтін заңды тұлғалардың есебін жүргізуді;
— заңсыз көші-қонның алдын алу және жолын кесу шараларын, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға қатысты иммиграциялық бақылауды іске асыруды;
— шетел азаматының немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжатта Ресей Федерациясына кіруге тыйым салу туралы белгі қоюды;
— мемлекеттік дактилоскопиялық тіркеу жүргізуді;
— белгіленген құзырет шегінде әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізуді;
— соттарда Ресей Федерациясы Президентінің, Ресей Федерациясы Үкіметінің және Ресей Федерациясы Ішкі істер министрлігінің Ресей ФКҚ белгіленген қызмет саласына қатысты мәселелер бойынша мүдделерін білдіруді, сондай-ақ соттарда Ресей ФКҚ мүдделерін қорғауды;
— ресми статистикалық әдіснамаға сәйкес белгіленген қызмет саласында федералдық мемлекеттік статистикалық байқаулар жүргізуді, сондай-ақ белгіленген тәртіппен осы байқаулардың нысандарын жетілдіру жөнінде ұсыныстар ұсынуды;
— белгіленген қызмет саласына жататын мәселелер бойынша Ресей ФКҚ, оның аумақтық органдарының, шетелдік аппарат, сондай-ақ Ресей ФКҚ жүйесіне кіретін өзге де ұйымдар мен бөлімшелер қызметін ақпараттық және құқықтық қам-тамасыз етуді;
— көші-қон есебін және шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың, лауазымды тұл-ғалардың, заңды тұлғалардың, өзге де органдар мен ұйымдардың көші-қон есебі ережелерін сақтауды бақылауды;
— мемлекеттік ақпараттық көші
-қонды есепке алу жүйесін қалып-тастыруды және жұмыс істеуін қамтамасыз етуді, сондай-ақ оған қажетті мәліметтерді толық көлемде уақытылы енгізуді ұйымдастыру мен жүзеге асыру;
— Ресей Федерациясының заңна-масында белгіленген тәртіппен:
— шетел азаматтары мен азамат-тығы жоқ адамдарға Ресей Федерация- сында уақытша тұруға рұқсат беруді;
— шетел азаматтары мен азамат-тығы жоқ адамдарға Ресей Федерациясында тұруға ықтияр хат беруді;
— баспана беру туралы не босқын мәртебесін алған оларды босқын деп тану туралы өтініш берген адамдарды есепке алуды, тіркеуді, қабылдауды және уақытша орналастыруды, сондай-ақ босқындарға Ресей Федерациясында уақытша жайғастыруға жәрдемдесуді;
— мәжбүрлеп қоныс аударушы мәртебесін алған оларды мәжбүрлеп қоныс аударушылар деп тану туралы өтініш берген адамдарды есепке алуды, тіркеуді, қабылдауды және уақытша орналастыруды, сондай-ақ мәжбүрлеп қоныс аударушыларға Ресей Федерациясында жаңа тұратын жерінде орналасуына жәрдемдесуді;
— оларды босқындар деп тану туралы өтірінш берген және Ресей Федерациясындағы шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға сәйкестендіру жүргізуді ұйымдастыру;
— Ресей Федерациясының заңна-масына сәйкес босқындар деп танылған не уақытша баспана алған адамдарды Ресей Федерациясының субъектілері бойынша бөлу туралы ұсыныстар әзірлеуге қатысу және дайындауды қамтамасыз ету;
— Ресей Федерациясының заңна-масына сәйкес:
— шетел азаматтары мен азамат-тығы жоқ адамдардың Ресей Федерация- сында уақытша болу мерзімін ұзарту не қысқарту туралы;
-шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға Ресей Федерациясы- на уақытша тұруға рұқсат немесе тұруға ықтияр хат беру туралы, сондай- ақ көрсетілген рұқсаттардың немесе тұруға ықтияр хаттың үшін жою ту- ралы;
— шетел қызметкерлерін тартуға және пайдалануға рұқсаттарды, шетел азаматтарына немесе азаматтығы жоқ адамдарға жұмыс істеуге рұқсаттар, Ресей Федерациясынан тыс жерге Ресей Федерациясы азаматтарын еңбекке орналастыруға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензиялар беру, қолданылу мер-зімін тоқтата тұру немесе күшін жою туралы;
— шетел азаматтары мен азамат-тығы жоқ адамдарды депортациялау туралы шешім қабылдау, сондай-ақ оларды депортациялау және Ресей Фе- дерациясынан тыс жерге әкімішілік жолмен шығару бойынша шараларды жүзеге асырады;
— шетел азаматтары мен азамат-тығы жоқ адамдардың Ресей Федерация- сына мүмкіндігінше болмауы (тұрмауы) туралы, сондай-ақ шетел азамат- тары мен азаматтығы жоқ адамдардың Ресей Федерациясына кіруіне тый- ым салуды белгілеу туралы шешім қабылдау;
— Ресей Федерациясының заңна-масына сәйкес көші-қон саласындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асыру;
— шетелдегі отандастарға қатысты Ресей Федерациясының мемлекеттік саясатын жүзеге асыруға қатысу;
-мекен жай-анықтама жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;
— азаматтардың қабылдауын ұйым-дастыру, азаматтардың ауызша және жазбаша өтініштерін уақытылы әрі толық қарауды қамтамасыз ету, ол бойынша тиісті шешімдер қабылдау және Ресей Федерациясының заңнамасында белгіленген мерзімде жауаптарды жіберу;
— еңбек қызметін жүзеге асыру мақсатында Ресей Федерациясына шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың келуіне шақыруларды беруге квоталар белгілеу жөнінде ұсыныстар дайындауға атсалысу ;
— аумақтық органдарға, шетелдік аппаратқа, сондай-ақ Ресей ФКҚ жүйесіне кіретін өзге де ұйымдар мен бөлімшелерге басшылық жасау, олардың қызметін бақылауды жүзеге асыру;
— Ресей ФКҚ қызметінің белгі-ленген саласында мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша ұсыныстар даярлау және Ресей Федерациясы Ішкі істер министрлігіне жіберу;
— Ресей ФКҚ, оның аумақтық органдарының, шетелдік аппарат-тың, сондай-ақ Ресей ФКҚ жүйесіне кіретін өзге де ұйымдар мен бөлімшелердің материалдық-техникалық базасын нығайту және дамыту шараларын қабылдау;
— белгіленген қызмет саласында бірыңғай ақпараттық жүйе құру;
— белгіленген қызмет саласында федералдық деректер базасын қалыптастыру және жүргізу, сондай-ақ ақпараттық жүйелердің әдіснамалық біркелкілігі мен келісілген жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
— белгіленген қызмет саласында федералдық мақсатты бағдарламалар әзірлеуге қатысу;
— белгіленген қызмет саласына жататын мәселелер бойынша белгіленген тәртіппен шет мем-лекеттердің мемлекеттік билік органдарымен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
— халықаралық ынтымақтастық бағ-дарламаларын әзірлеуге және жүзеге асыруға, Ресей Федерациясының, соның ішінде белгіленген қызмет саласына жататын мәселелер бойынша ведомствоаралық сипаттағы халықаралық шарттарды дайындау мен жасасуға қатысу;
— Ресей ІІМ-мен бірлесіп, Ресей ФКҚ аумақтық органдарының Ресей Федерациясы ішкі істер органдарымен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;
— Ресей Федерациясы Прези-дентінің және Ресей Федерациясы Үкіметінің тапсырмасы бойынша белгіленген қызмет саласына жататын мәселелер бойынша Ресей Федерациясының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерінің жобаларына сын-пікірлер мен қорытындылар жобаларын даярлау;
— Ресей Федерациясының заңна-масында белгіленген тәртіппен тауар- ларды жеткізуге конкурстар өткізу және тапсырыстарды орналастыру, Ресей ФКҚ қажеттілігі үшін, сондай-ақ белгіленген қызмет саласында мемлекеттік қажеттілік үшін ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге жұмыстарды, қызмет көрсетулерді орындау;
— Ресей ФКҚ-ны ұстау және оған жүктелген функцияларды іске асыруға көзделген федералдық бюджет қаражатын, сондай-ақ Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес өзге де қаржыландыру көздерінен келіп түсетін қаражатты басты реттеушінің функцияларын жүзеге асыру;
— өз құзыреті шегінде мемлекеттік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қорғауды қамтамасыз ету;
— Ресей Федерациясының заңна-
масына сәйкес Ресей ФКҚ қызметімен байланысты мұрағат құжаттарын жинақтау, сақтау, есепке алу және пай- далану жұмыстарын жүзеге асыру;
— Ресей ФКҚ жұмылдыру дайындығын, оның аумақтық органдарының, шетелдік аппарат-тың, сондай-ақ Ресей ФКҚ жүйесіне кіретін өзге де ұйымдар мен бөлімшелердің жұмылдыру дайындығы жөніндегі қызметін бақылауды және үйлестіруді қам-тамасыз ету;
— Ресей Федерациясы ішкі істер органдарының басшы құрамдағы адамдарының және Ресей ФКҚ, оның аумақтық органдарының, шетелдік аппараттың, сондай-ақ Ресей ФКҚ жүйесіне кіретін өзге де ұйымдар мен бөлімшелердің федералдық мемлекеттік қызметшілерінің кәсіби даярлығын ұйымдастыру, оларды қайта даярлау, біліктілігін арттыру және тағлымдамадан өткізу, сондай-ақ оларды құқықтық және әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету шараларын қабылдау;
— егер мұндай функциялар федералдық конституциялық заң-дарда, федералдық заңдарда, Ресей Федерациясы Президентінің және Ре- сей Федерациясы Үкіметінің актілерінде көзделсе, белгіленген қызмет саласындағы өзге де функцияларды жүзеге асыру.

ИРЛАНДИЯ ТƏЖІРИБЕСІ

Соңғы кезде иммиграциялық саясаттың жандануымен көші-қон саласында ведомствоаралық өзара іс-қимылды ұйымдастыру өзекті бола түсуде. Мұндай өзара іс-қимыл сызбасы белсенді түрде талқылануда.
Осындай пікірталастардың нәти-жесінде заңды көші-қон ресімдерін жетілдіру процесіне белсене жәр-демдесу үшін барлық мүдделік ведомстволар мен үкіметтік емес
құрылымдарды қамтитын ведом-ствоаралық комитет құрылды.
2000 жылы Әділет департаменті жаңа иммиграциялық заңды даяр- лау және иммиграциялық саясаттың жаңа принциптерін әзірлеу ту- ралы жариялады. Жаңа иммиграциялық саясатты әзірлеудің негізгі ұйым-дастырушылық сәттері:
• иммиграциялық реформаны даярлау жөніндегі ведомстворалық топ құруды;
• иммиграциялық мәселелерді қоғамдық талқылауға шығаруды;
• иммиграция проблемаларын шешуде шетелдік заңнама мен тәжірибені зерделеуді және пайдалануды;
• саясаттың тұжырымды мәселе-леріне ғана, сонымен бірге барлық көші-қон мәселелері бойынша халыққа сервистік қызмет көрсетуді жақсартуға назар аударуды қамтиды.
Осы стратегияның маңызды буыны 2001 жылы өткен қоғамдық консультациялардың ауқымды про-цесі болып табылады. 1998 жылы
«Ақпарат бостандығы туралы» Заңға сәйкес Әділет министрі Джон О’Донохьюдің баяндамасы интернетте және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен ұсынылды. Иммиграциялық заңнаманы қабыл-дау процесі қаншалықты мүмкін болатындай, соншалықты ашық болуға тиіс де- ген тезис жария етілді. Жарияланған материалдарға ұсыныстар мен пікірлер ұзақ уақыт бойынша жазбаша да, электрондық түрде де қабылданды. Қоғамдық консультациялар процесінің мақсаты бірыңғай әлеуметтік серіктестік шеңберінде қолданылатын ретінде қаралатын барлық мүдделі күштер мен қоғам топтарының мүдделері мен пікірлерін ескеру еді.
Қоғамдық қарауға, атап айтқанда, мынадай мәселелер шығарылды:
• елге қаншалықты еңбек пен көшіп-қонушылар жіберілуі мүмкін?
• ұлты, біліктілігі, білімі әр-түрлі көшіп-қонушылар үшін айырмашылықтар жасау керек пе?
• көшіп келушілерді қабылдауға квота енгізілуі тиіс пе?
• білікті емес жұмысшылардың көшіп келуін қолдау керек пе?
Бір санамалағанның өзі ойлас-тырылған реформаның болашақта қаншалықты терең болатындығы туралы айтады.

НОРВЕГИЯ ТƏЖІРИБЕСІ

Шетелден жұмыс күшін тартуға шек қойылған: жалдау кезінде Норвегияда тұруға ықтияр хат алған шетелдікке гуманитарлық түсінік бойынша не отбасына қосылуына байланысты нақты артықшылық береді.
Осы санаттағы көшіп-қонушы-
ларды Норвегияға қабылдау квотамен жасалады. Норвегияда жұмыс істеуге рұқсат алған көшіп-қонушылардың ең үлкен тобы – маусымдық жұмысшылар. ЕЕА мүшесі болып табылмайтын ел-дерден азаматтарға берілген мұндай рұқсат саны жылдан жылға өсуде.
Маусымдық жұмысшылардың 90% Орталық және Шығыс Еуропадан, әсіресе Польшадан шыққандар. Бұдан басқа бұрын берілген рұқсаттарды жаңарту мен ұзартуды болдырмай, басқа да уақытша рұқсаттар мен 2420 тұрақты жұмысқа рұқсаттар берілді.
Жұмыс істеуге рұқсат беру туралы өтініш берген кез-келген шетелдік:
— жұмысқа қабылдау туралы нақты ұсынысы болуға (бұл принцип босқындарға, отбасына қосылуға байланысты Норвегияға келген не- месе гуманитарлық түсініктермен тұруға рұқсат алған шетелдіктерге қолданылмайды);
— Норвегияда болу үшін өзінде жеткілікті қаражаты болуын құжат түрінде растауға дайын болуға;
— тұрғын үй-жайды сатып алу/ жалдау шартын ұсынуға немесе жұмыс істеуге рұқсат бер туралы өтініште көрсетілген бүкіл кезеңде тұрғын үйінің болуын құжат түрінде растауға тиіс.
Жұмыс істеуге рұқсат берудің негізгі принципі – өтініш берушіде жалдау туралы нақты ұсыныстың болуы. Жұмыс беруші Еңбекке орналастыру офисінде алуға болатын «Offer of Employment» арнайы бланкін толтыруға тиіс. Еңбек және ақы төлеу жағдайы қолданыстағы ұжымдық шартта, жалақы туралы ережеде көзделгеннен төмен болмауға тиіс және осы кәсіп пен жергілікті жер үшін қалыпты деп есептеледі.
Жұмыс істеуге рұқсат беру туралы өтініш те, тұруға рұқсат та, әдетте, шетелден норвегиялық шетелдік өкілдікке (елшілік немесе консулдық) берілуге тиіс. Өтінішті қарау белгілі бір уақыт алады, әрі шетелдіктің оң жауап алу үшін Норвегияға келуіне құқығы жоқ. Шетелдік өкілдік өтінішті түпкілікті шешім қабылдайтын Шетелдіктердің ісі жөніндегі директоратқа жолдайды. Оған шағымдануға болады. Шағым Норвегия шетел өкілдігі мен шетелдіктердің ісі жөніндегі директорат арқылы Әділет министрлігіне жіберіледі.
Ерекше жағдайларда, сөз ше-телдік азаматтың маман ретінде үш айға дейін мерзімге жұмыс істеуі туралы болғанда, әлеуетті қызметкер елге кірген сәттен бастап бір аптадан кешіктірмей, Норвегияда тұратын жері бойынша полиция басқармасына өтініш бере алады.
Әдетте, жұмыс істеуге рұқсат та, тұруға рұқсат та бір жыл мерзімге беріледі. Бірқатар жағдайларда мұндай өтініштердің иелеріне оларды қалпына келтіруге құқық беріледі. Рұқсатта оның қолданылу мерзімі, «Шетел азаматтары туралы» заңның баптары мен тармақтары, оны ұзартудың мүкіндігі/мүмкін еместігі, сондай-ақ шетелдікке жұмыс істеу рұқсат етілеті жағдай нақты көрсетіледі. Жұмысқа рұқсат, әдетте, белгілі бір орында нақты жұмысты көздесе де, ол тұруға ықтияр хат түрі ретінде бүкіл Норвегияда тұруға құқық береді. Жұмысқа рұқсат оның қолданылу кезеңінде елден көбірек шығуға және қайта оралуға мүмкіндік береді, яғни нақтығында көп мәртелі норвеждік визаны білдіреді. Ол қалпына келтірілмеген жағдайда жұмысқа рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталған соң шетелдік елден шығуға міндетті. Кейбір рұқсат түрлері соңғы үш жыл ішінде Норвегияда үздіксіз тұрған шетелдік үміткер болуы мүмкін, тұрақты тұруға рұқсатты беруге негіз болуы мүмкін. Тұрақты тұруға рұқсат беру туралы өтініш полицияға беріледі.
Елдің өзара көші-қон әрекетінде көрші мемлекеттер үшін немесе өз өңіріндегі елдер үшін жеке тәртіп белгілейді. Түрлі оқшауланған интеграциялық одақтар құру жа-һандық құрылымға ену кезінде ортақ қайғыларды бөлісумен және бірлескен мүдделерді қорғаумен үйлеседі. Жаһандану кезеңінде оқшауланып дамуды өзектендіру «глокализация» арнайы ремині түрінде белгісін алды. Жалпы, көші-қон саясаты
– мұндай одақтардың маңызды құраушысы. Норвегия кіретін Барен- цев өңіріндегі елдер – осындай оқшауланған одақтардың бірі.
1999 жылы Норвегия үкіметінің қаулысы күшіне енді, оған сәйкес Баренцев өңірінде тұратын ресейлік азаматтар жеңілдетілген сызба- мен бір жыл мерзімге Норвегияда жұмыс істеуге рұқсат алады. Бұл жағдайда сөз норвеждік жұмысшылардың немес ЕЕ-ше жататын елдерден жұмысшылардың саны жеткілікті болмаса, балық өңдейтін кәсіпорынға тартылуы мүмкін білікті емес жұмысшыларды жалдау туралы болып отыр.

МАМАНДАРДЫҢ КӨШІ-ҚОНЫ

Қызметкердің жоғары білімі немесе ол жұмыс істейтін қызметтің сол саласына қажет арнайы біліктілігі болуға тиіс. Бұл ретте елдің ішкі нарығында тиісті біліктілікте мамандардың жоқтығы дәлелденуге тиіс. Бұлар – жұмысқа рұқсат алу үшін негізгі шарттар. Өтініш берген кезде ізденуші осы нақты лауазымға қойылатын талаптарға сәйкес келетін білімі мен біліктілігін растайтын құжаттарды ұсынуға міндетті.
Жұмысқа қабылдау туралы ұсыныс, әдетте, бір жылдан кем емес кезеңді қамтуға тиіс. Рұқсат бастапқыда ұзарту мүмкіндігімен бір жылға беріледі. Мұндай шешім бұдан әрі тұрақты тұруға рұқсат алу үшін негіз болуы мүмкін.
Егер бұрын маманда жоғары біліктілігі болуға тиіс болса, енді осы бағдарлама бойынша рұқсатты жоғары және орта білікті мамандарды қосқанда, білікті қызметкрелер ала алады. Осы рұқсат түрі, мысалы, белгілі бір мамандықтарды кәсіпқойларды талап ететін мұнай өндіретін және басқа да кәсіпорын саласындағы мамандарды іріктеу кезінде жиі пайдаланылады.

МАУСЫМДЫҚ ЖҰМЫСШЫЛАРДЫҢ
КӨШІ-ҚОНЫ

Рұқсат бір жыл бойы үш айдан аспайтын мерзімге беріледі және қалпына келтірілмейді (ерекше жағдайларда тағы да бір айға ұзартылуы мүмкін). Маусымдық рұқсаттар бойынша жылына үш ай таңдау арқылы жұмыс істеуге болады. Рұқсат, әдетте, нақты ауыл шарушылығы жұмысының нақты түрі үшін және белгілі бір жұмыс істеушіде жұмыс істеу үшін (жұмыс беруші ауысқан кезде рұқсат қалпына келтірілмейді) қолданылады. Алайда, ауыл шарушылығын өндірушілердің тілектеріне қарсы келе отырып, Әділет министрлігі маусымдық жұмысшыларға бірнеше жұмыс берушілерде бір мезгілде жұмыс істеуге рұқсатын берді.
Норвегияда ауыл шарушылығы жұмыстары саласына шетелдік жұмысшыларды тартуға квота бөлудің жекеше тәртібі қолда-нылады. Ол астықты жинауға байланысты жұмыстарға қатысты қолданылады. Квота жыл сайын ауыл шарушылығы мен еңбек министрліктерінің шенеуніктерімен бірлесіп қолданылады.

БІЛІКТІ ОҚЫТУШЫЛАР МЕН ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ КӨШІ-ҚОНЫ

Бағдарлама норвеждік оқу орнында ғылыми және оқытушылық қызметті жүзеге асыруға байланысты профессор лауазымына қабылданған шетелдік қызметкерлер үшін қолданылады. Жұмысқа рұқсат төрт жылдан аспайтын мерзімге беріледі, бірақ қалпына келтіруге болады және тұрақты тұруға рұқсат алу үшін негіз болып табылады.
Ғылыми-зертету институтына ғы-лыми қызметкер, оқытушы немесе аспирант лауазымына қабылданатын шетелдік қызметкер бастапқыда екі жылға жұмысқа рұқсат алады. Алайда, егер мұндай маманға қажеттілік құжат түрінде негізделсе, рұқсат төрт жылға дейін мерзімге берілуі мүмкін. Бұл, әдетте, белгілі бір жобаның шеңберінде немесе келісім-шарт бойынша жұмыс.
Білім және жұмыс. Арнайы білім мен кәсіби даярлық алу үшін келетін практиканттар немесе тағлымдамадан өтушілер екі жылдан аспайтын мерзімге жұмысқа рұқсат ала алады. Бұл ретте өтініш берушінің білімі мен практикант немесе тағлымдамадан өту бола отырып, оның орындайтын сол міндеттерінің арасында өзара байланыс байқалуға тиіс.
Соңғы кезде Норвегияда өз білімін аяқтаған және сонда жұмыс істеуге қалғысы келетін шетелдіктерге қатысты заңнама ырықтандырылды. Егер олар оқуын дербес төлесе және белгілі бір кәсіби өлшемдерді қанағаттандырса, олар жаңа ережеге сәйкес маман ретінде жұмысқа рұқсат ала алады.

КӨШІ-ҚОН ЗАҢНАМАСЫН ОДАН ƏРІ ƏЗІРЛЕУ ЖƏНЕ
РЕФОРМАЛАУ

Түрлі мемлекеттік министрліктер мен ведомстволардың, Парламенттің, сондай-ақ ҮЕҰ мен халықаралық ұйымдардың өкілдері көші-қон саласындағы заңнаманы дамыту, «Көші-қон туралы» жаңа Заң қабылдау қажеттігі туралы пікір айтуда.
Жаңа заң қандай мәселелерді қамтуға тиістігіне түрлі пікірлер мен амалдар бар. Ол мүмкіндігінше уақытша мен тұрақтыны қосқанда, келу, болу, мәселелерін, сондай-ақ уақытша және/немесе тұрақты болу/тұруға рұқсат алу үшін нақты өлшемдерді, әдеттегі шығу мен заң деңгейінде бекітілген мәжбүрлеп шығуды қосқанда, елден шығу мәселелерін қамтуға тиіс. ХКҚҰ заңды көшіп келу саласында Еуропалық Одақ елдерінің заңнамасын салыстырмалы талдауды әзірледі. Осы талдауды Еуропалық Одаққа мүше елдерге кіру, болу және шығу саласында заңнаманы әзірлеу мен дамытуға ең үздік практикалар мен амалдарды қамтитын жан-жақты құжат ретінде ұсынуға болады.
Жаңа «Көші-қон туралы» Заңды әзірлеумен бір мезгілде «Оралмандар туралы» жеке Заңды әзірлеген маңызға ие болады. Оралмандардың қоныс аударуы Қазақстанның көші-қон саясатындағы басымдықтардың бірі болып табылады. Осы аспектінің маңыздылығын ескере отырып, тек оралмандарға байланысты – квотаға қосу, қоныс аудару, жайғастыру, әлеуметтік, мәдени, тілдік, саяси кіріктіруге көмектесу, мәртебе мен әлеуметтік қамсыздандыру , сондай-ақ басқа да мәселелерге қатысты заң жасаған маңызды болады.
Өз тарапынан ХКҚҰ Қазақстан-ның иелігіне көші-қон саласын-дағы заңнаманы әзірлеуде өз тәжі-рибесін ұсына алатынын, көші-қон саласындағы орын алған құқықтық шеңберлердің талдауын, сондай-ақ қажет кезде, консультациялар мен сараптаманы ұсына алатынын атап өткен жөн. ХКҚҰ Халықаралық көші-қон құқығы департаменті Қазақстанның тиісті ведомстволарының қызметкерлері үшін көші-қон процестерін басқару саласындағы халықаралық құқықтық шеңберлер бойынша тренинг өткізуге дайын.
Көші-қон саласындағы жаңа заңнаманы әзірлеу кезінде осы салада жұмыс істейтін барлық ведомстволардың мүдделері мен тәжірибесін де ескерген маңызды Ведомствоаралық үйлестіру көші-қон
мәселелері бойынша заңнаманы ойдағыдай реформалауды қамта-масыз етуде маңызды фактор болып табылады. Белгілі бір мәселелерде құнды ұсыныстары болуы мүмкін үкіметтік емес және азаматтық ұйымдардың тәжірибесін пайдалған пайдалы. Мысал ретінде оралмандарды кіріктіру саласында жұмыс істейтін қазақстандық ҮЕҰ-ның пысықталған сараптамасын келтіруге болады. Мұндай ұйымдар құқықтық реттеу үшін қажетті мәселелерді талдау мен тәжірибенің пайдалы көзі болатыны күмәнсіз. Сондықтан заңнаманы әзірлеу саласында ведомствоаралық үйлестірудің қажеттігі туралы ұсынымдармен қатар ҮЕҰ-ны тартуды ұсынуға болады.

АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Барлық еңбекші-мигранттар мен
олардың отбасы мүшелерінің құқық-тарын қорғау туралы халықаралық конвенция сияқты адам құқықтары саласындағы халықаралық құжаттар ерекше аталып өтті. Пікірталастарға қатысушылар адам құқықтарын қорғайтын халықаралық құқықтық шеңберлердің маңыздығын және бұдан әрі халықаралық құқықтық құралдар саясатымен жүру қажетігін атап өтті.
Көші-қон саласындағы халықара-лық ынтымақтастық көшіп-қону-шылардың құқықтарын қорғау тетік-терінің бірі ретінде маңызы мен мәні зор. Оның үстіне халықаралық ынтымақтастық заңсыз көші-қонға, адамдар саудасына және көшіп-қонушыларды заңсыз әкетуге қарсы күрес сияқты маңызды құбылыстарға мемлекеттің үйлестірілген амал- дарын қалыптастырудың, еңбек көші-қонын реттеудің, көші-қон ағыны мен тренділерді зерттеудің айқындаушы элементі болып табылады. ХКҚҰ өз қызметі мен бағдарламалар арқылы халықаралық ынтымақтастық процесінде мемлекеттерде жәрдемдесуге ұмтылуда.

АДАМ САУДАСЫ ТҮСІНІГІ

Құрбандар скрингін тиімді жүр-гізу үшін ұйымдастыру қызметін жүзеге асыратын қызметкерлер адам саудагерлерінің құрбандары болған адам- дарды адам контрабандасымен айналысатын адамдардан немесе зорлық қолданатын және адам құқықтарын бұзатын (мысалы, үйдегі зорлық) басқа да адамдардан айыра білуі тиіс. Бір қарағанда, құрбандардың бұл са- наттары ұқсас болғанымен, олардың ахуалы қылмыстық сот төрелігі бой- ынша әртүрлі. Скринг пен адам саудасының құрбандарын айқындаудың қоры-тынды әдісі барлық мән-жайды және әрбір жағдай бойынша ақпаратты бағалау, мәселені үш түрлі тарапта қарау болып табылады.
Құқықтық контекст. Тартылған қылмыскерлер. Құрбан.

ҚЫЛМЫСКЕР

Адам саудагерлері мен контрабандистер арасын ажыратудың екінші әдісі – қылмысқа құқық бұзушының көзқарасымен қарау және әрекетінің мақсаты қандай деп сұрау болып табылады.
Адам саудасы адам контрабандасынан адам саудагерінің міндеті үшінші елге шыққаннан кейін немесе басқа ішкі ауысуды аяқтағаннан кейін адам саудагері барынша көбірек қолдап отыратын пайдалану немесе мәжбүрлеу барысында құрбанды жеке пайдасы үшін пайдалану болып табылатынымен ажыратылады. Контрабанда кезінде контрабандистің заңсыз әкетілетін мигрантпен байланысы әдетте, төлемақы мен заңсыз шығу жүзеге асырылғаннан кейін аяқталады. Кез келген құралмен мәжбүрлеу элементі осы екі қылмыстың арасындағы негізгі айырмашылық болып та- былады: адам саудасының құрбандары адам саудагерімен байланысты өз еркімен тоқтата алмайды.

ҚҰРБАН

Үшінші әдіс мәселені құрбанның көзқарасымен және оның қандай жағдайға душар болғанын қарау болып табылады. Заңсыз әкетілген мигранттар үшін дене жарақатына ұшырау, қорлау немесе тіпті өлу қаупіне қарамастан, қылмыскер-контрабандистпен қарым-қатынаста мәжбүрлеу немесе алдау элементі болмайды.
Заңсыз әкетілген мигранттар оларға тән емес тасымалдау кезінде қауіп-қатерге ұшырайтынын тәжірибе көрсетіп отыр: физикалық, сексуалдық және психологиялық зорлыққа ұшырайды, бас бос-тан-дығынан айырылады, ұзақ уақыт бойы сексиндустрияда немесе заңсыз еңбек нарығында пайдаланылады. Алайда, бұлардан басқа да көптеген сипаттамалар адам саудасы кезінде орын алады.
Кейбір жағдайларда бір елдің ішіндегі адам саудасын дәстүр мен салттан айыру қиын болады, демек саудагер мен құрбанды да айқындау қиын. Мәселен, Ауғаныстанда әйелдерді немесе қыздарды қарыздың есебіне немесе туыстық жауласуды тоқтату үшін айырбастайды. Айыр- бас құралы болған әйелдердің немесе қыздардың бұл істе дауыс құқығы болмайды, олар жаңа күйеуінің, жаңа отбасының билігінде, бақылауында болады, және алушы оны үй қызметшісі немесе сексуалды құлы ретінде пайдаланады. Индонезияда шаруашылық жөніндегі көмекшілер ретінде пайдалану мақсатында балаларын ауқатты туыстарының үйіне жіберу дәстүрі бар. Бұл балалар көбіне қожайындарына тәуелді болады, дене және сексуалдық зорлыққа ұшырайды, аз төлемақы үшін немесе ақысыз тәулігіне көп сағат бойы жұмыс істейді, нашар тамақтанады, жаман жағдайда тұрады, білім алуға немес ойнауға мүмкіндігі болмайды. Көп жағдайда мұндай дәстүрлер қоғамда үйреншікті болғаны соншалық, бұл теріс қолдану немесе пайдалану деп танылмайды. Аталмыш дәстүрлер мен салттарды құрбандардың көзқарасымен және БҰҰ Хаттамасының шеңберінде қараған жөн. Әрбір жағдайды адам саудасы ма, жоқ па анықтау үшін дербес талдау қажет.

Адам саудасының құрбандары

Еркектер ме немесе әйелдер ме кім көп адам саудасының құрбандары болатынын дөп айту мүмкін емес. Әлемде жалпы адам саудасының құрбандары көбіне әйелдер мен балалар болады. Алайда құл еңбегі мақсатында немесе кәмелетке толмаған солдаттар ретінде жас еркектер мен ұл балаларды жиі сататын өңірлер мен елдер үшін бұлай емес.
Қылмыстық сот төрелігі шеңбе-рінде адам саудасы құрбан-дарының құқықтары мен іс-қимыл нұсқаларын белгілеу, сондай-ақ адам саудасына қарсы күрес саласында қызмет көрсететін ұйымның ұлттық және халықаралық құқық қорғау органдарымен қарым-қатынастарын тал-қылау болып табылады.
Адам саудасының құрбандарына көмек көрсететін адамдарда мұндай сұрақ туындайтынын назарға ала отырып, мұнда аталмыш ынты-мақтастықтың кейбір қырлары талқыланады.

Құқық қорғау органдары
тұрғысынан құрбандармен ынтымақтастық

Құқық қорғау органдары
тұрғысынан құрбандармен ынтымақ-тастық, сондай-ақ қызмет көрсететін ұйымдардың тәжірибесі мен жедел мүмкіндіктері мыналар үшін маңызды болып табылады:
• құқық қорғау органдарымен
алғашқы байланыс жасаған сәт-тен бастап дереу адам саудасы құрбандарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
• адам саудасы құрбандарына көмектесу, оларға баспана беру, бұған жауап ретінде құрбандардың сот талқылауы кезінде түсінік беру арқылы қылмыстық әрекетті тергеуге жәрдемдесуін күту;
• құрбандардың олармен сөйле-сетіндей, соншалықты сенім білдір-меуіне байланысты, полицейлерге үнемі қол жетімді бола бермейтін адам саудасымен байланысты жедел ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету (ескертпе: адам саудасы жөніндегі жедел ақпаратты таратумен байла- нысты қауіп-қатер қаупі болады);
• адам саудасына қарсы күрес үшін құқық қорғау органдарының әлеуетін нығайту мақсатында техникалық көмек көрсету және қолдау.

ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕТІН ҰЙЫМДАР ТҰРҒЫСЫНАН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Адам саудасының көлемін азайтуға және оның құрбандарын қорғауға арналған ұйым ретінде қызмет көрсететін ұйымдар адам саудасымен байланысты жедел ақпаратты осы қылмыстың құрбандарынан немесе олардың туған-туыстары мен достарынан ала алады. Бұл жедел ақпарат адам саудасы құрбандарын айқындап, құтқару үшін құқық қорғау органдарына өте маңызды болуы мүмкін. Мұндай жедел ақпарат сондай-ақ адам саудагерлерін анықтап, оларға қатысты тергеу іс-шараларын жүргізуге әкелуі мүмкін. Құрбандарды құтқару және адам саудагерлерін анықтау адам саудасына қарсы күрес жөніндегі кешенді стратегияның екі маңызды стратегиясы болып табылады. Қызмет көрсететін ұйымдар мен құқық қорғау органдары арасындағы ынтымақтастық осы мақсатқа қол жеткізуге ықпал етеді.
Сонымен қатар, практикалық тәжірибе қызмет көрсететін ұйымдардың қамқорлығындағы құр-
бандардың көп бөлігі құқық қорғау органдарына адам саудасымен байланысты жедел ақпаратты беруге ниетті екенін көрсетеді. Құқық қорғау органдарының әрекеті кәсіби әрі қауіпсіз болған жағдайда құрбандар мұны полицияда «бетпе бет» жасай алады. Басқаша жағдайда құрбандар полиция офицерлерімен жеке кездесуді қаламайды, және оның орнына қызмет көрсететін ұйымнан жедел ақпаратты олардың атынан беруді сұрайды. Полициямен жауапты түрде жедел ақпаратпен алмаса отырып, қызмет көрсететін ұйымдар:
• құрбанға ол қандай да бір тәсілмен өзі туралы, өзінің тарихы туралы хабарлай алатынын және бұл ақпарат адам саудагерінің жазалануы- на әкелетінін немесе басқа әлеуетті құрбандарға көмектесе алатынын сезінуіне жәрдемдеседі.
• құрбандарды құтқаруға және (немесе) адам саудагерлерін айқындауға елеулі үлес қосады.
Құрбандардың ақпараттандырыл-ған, жазбаша келісімімен ұйым үнемі құрбандардың мүддесінде әрекет етеді деген факт кез келген жедел ақпарат алмасу кезінде басты шарт болуы тиіс.

ЗАҢГЕРЛІК КОНСУЛЬТАЦИЯ

Адам саудасы құрбандарына қандай ұсыным беру қажеттігі туралы шешім қабылдау кезінде жедел ақпарат беруге, куәгер ретінде іс-қимыл жасауға және өтемақы төлеуге қол жеткізуге ықпал ететін мынадай мәселелерді қараған тиімді:
• Қабылдаушы елде адам саудасына қарсы күрес жөніндегі кәсіби бөлімше бар ма?
• Егер жоқ болса, балама ұйымдар бар ма?
• Қандай да бір жағдайда, қабылдаушы ұйым полиция органдарымен байланыс орнатты ма, егер орнатса, бұл қалай жұмыс істейді?
• Осы бөлімшенің кәсібилік деңгейі қандай?
• Жинақталған тәжірибені негізге ала отырып, полиция органдарына сенуге бола ма?
• Сыбайлас жемқорлықпен байланысты қауіп-қатердің деңгейі қандай?
• Полиция егер ол жедел ақпарат беруге шешім қабылдаса, құрбанның құпиясын сақтауды білдіретін жедел ақпаратқа кәсіби көзқарасты ұстана ма?
• Қабылдаушы елде қол жетімді ынтымақтасатын құрбан-куәгерлерге арналған куәгерлерді физикалық және соттық қорғаудың балама бағдарламасы бар ма?
• Құрбанның куәгер болудан туындаған күйзеліске төтеп беру қабілеті бар ма?
• Қаралатын елдің қылмыстық сот төрелігі жүйесі өндіріп алу талап арыздарын қарайды ма, егер қараса, құрбан оларға қалай қол жеткізе алады; ол алдымен қылмыстық істі талқылауға куәгер болуы тиіс пе, не- месе тек азаматтық талап арыз арқылы ғана өндіріп алу туралы өтініш бере ала ма?
Психолог мұны мақұлдаған жағ-
дайда ғана заң консультанты құрбанға қол жетімді заңгерлік іс-әрекет бойынша ұсыным беруі тиіс. Құрбан мы- надай ұсынымдар алуы қажет:
• Шешім қабылдамас бұрын, барлық төрт нұсқаның түсіндірмесін мұқият тыңдау.
• Дереу шешім қабылдау қажет еместігі туралы.
• Құрбан шешім қабылдау үшін бұдан арғы іс-әрекетке қатысты қанша қажет болса, сонша ойлана алатыны туралы.
• Өз шешімін кез келген уақытта қайта қарау мүмкіндігі туралы.
Заң консультатының рөлі құрбандарды құқық қорғау органдарымен қандай да бір ынтымақтасуға сендіру қажеттігін білдірмейтініне қарамастан, консультант құрбан өз таңдауының ықтимал салдары туралы жақсы хабардар болуын қамтамасыз етуге міндетті. Мынадай аспектілерді атап өткен жөн:
Құқық қорғау органдарымен не куәгер ретінде не ақпарат көзі ретінде ынтымақтасу үнемі ескеруді қажет ететін ауыспалы қауіп-қатер деңгейін қамтиды.
Құрбан ынтымақтасуға міндетті болмаса да, егер құтқарылған құрбандар не жедел ақпарат беріп не адам саудасына қарсы айғақ беріп құқық қорғау органдарымен барынша көп ынтымақтаспаса, адам саудасымен күресу және басқа адамдарға қатысты ұқсас қылмыстарды жасаудың алдын алу өте қиын болады.
Құрбанның іс бойынша куәгер болуға шешім қабылдамас бұрын қанша ойлануға да мүмкіндігі болса да, оған ол ұзақ ойланған сайын, полицияға адам саудагерінің орналасқан жерін айқындау және растайтын айғақтар алу қиын болатыны туралы ақпарат беру қажет. Өйткені құрбан қашып кеткеннен кейін, адам саудагерлері алдын алу шараларын қабылдай бастайды.
Жедел тәжірибе көрсеткеніндей, құрбандар куәгер болу немесе болмау туралы шешім қабылдай отырып, әдетте нақты үш салада тосырқайды. Бұлардың жиынтығын физикалық және соттық қорғау мәселелері ретінде анықтауға болады:
• Құрбанның жеке басының, отбасының, жақын адамдарының жеке қауіпсіздігі;
• Құпиялылық және құпия ақ-
параттың отбасына, жақын адамдарына немесе бұқаралық ақпарат құралдарына жария болу қаупі; сексуалдық пайдалану болған жағдайдағы масқара болу қорқынышы.
• Физикалық қорқыныш адам саудагері (саудагерлері) қатысқан кезде болады. Сексуалдық және дене зорлығына ұшыраған адамдар үшін бұл нағыз әрі сал қылатын қорқыныш болады.
Аталмыш себептер бойынша құрбан бұл мәселелерді шешудің тиісті рәсімінің бары немесе жоғы туралы хабардар болуы тиіс, бұл нақты елге байланысты болады. Мынадай негізгі сәттерді атап өткен жөн:
Куәгерлерді физикалық қорғау.
Құрбан адам саудагеріне қарсы куәгерлік түсінік беру, бермеуіне қарамастан, мүлдем жою мүмкін емес қауіп-қатердің қалдық элементтері әрқашанда болады. Көптеген елдерде куәгерлерді қорғауға қатысты заң ережелері бар, бірақ оларды іске асыру ресурстары болмауы мүмкін; ал басқа елдерде заң ережелерінің және қажеті ресурстардың болуына қарамастан, олар адам саудасының құрбандары үшін қол жетімсіз болады, өйткені құрбандар мұндай бағдарламаға енгізу талаптарына сәйкес келмейді. Сондықтанда мүдделі тұлғаларға олардың отбасыларын, отбасы мүшелері мен жақын адамдарын физикалық залал келтіруден қорғаудың тиісті шараларының бар екендігі туралы ең нақты әрі шынайы ақпаратты беру маңызды.
Мынадай қорғау шаралары құр-бандар мен олардың отбасылары үшін пайдаланылуы мүмкін:
• Қоныс аудару;
• Жаңа тұрғын үй беру;
• Жеке басын өзгерту;
• Физикалық қорғау.
Куәгерлерді соттық қорғау.
Қылмыстық сот төрелігінің көп-теген жүйелері құрбан-куәгер тергеумен ынтымақтасып, түсінік берген уақытта ғана құпиялылықты және соттық қорғауды түрлі тәсілмен қамтамасыз етеді. Бұл тәсілдер өте күрделі әрі еліне байланысты әртүрлі болып табылады және мынаны көздейді:
• Қылмыстық істі құпиялылыққа кепілдік бере отырып, қозғаудың заңнамалық мүмкіндіктері, мәселен, есімі көрсетілмей немесе бүркеншік атпен куәгер ретінде қатысуға болатын, немесе құрбанның жеке басын адам саудагері мен оның заңгерлерінен жасыратын құқықтық норма;
• Не құрбаннан бүркеншік атпен түсінік алудың не оның жеке ба- сын адам саудагері мен оның заңгерлерінен жасырудың заңнамалық мүмкіндіктері. (Бүр-кеншік ат пайдаланылса да немесе құрбанның шын есімін жасырылса да құжаттамалық ресми түсініктерде түсінікке қосу талап етілетін нақты мәліметтер адам саудагерлеріне айғақ көзін айқындауға мүмкіндік береді, және құрбан бұл туралы хабардар болуы тиіс).
• Куәгерді адам саудагерімен беттесу міндетінен босатудың заңна-малық мүмкіндіктері.
• Құрбанға біржақты көру экраны арқылы адам саудагерлерін тану мүмкіндігін қамтамасыз етудің заңнамалық және практикалық мүмкіндіктері.
• Құрбанның жеке басы туралы кез келген ақпараттың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын болдырмаудың заңнамалық мүмкіндіктері.
• Не алдын ала тыңдауда не сот отырысында видео немесе аудио бай- ланыс арқылы, өткізбейтін экраннан немесе адам саудагері жоқ кезде (бірақ оның адвокаты қатысады) жеке куәгерлік түсінік беру немесе алдын ала тыңдауда орын алған куәгерлік түсінігіне орай, куәгерлік сот отырысында түсінік беруден босатылу.
• Құрбанға іс жүргізу кезеңі ішінде әрбір кезеңде тәуелсіз консультанттың қатысуына рұқсат бере отырып, әрбір іс жүргізу кезеңіне дейін және одан кейін қорғауды қамтамасыз ете отырып, қолдау көрсетудің заңнамалық және практикалық мүмкіндіктері.
• Егер қылмыстық іс қарау барысында жоғарыда көрсетілген қандай да бір соттық қорғау шарасына қарсылық келтірілсе, полициямен және айыптау тарапымен құрбанды түсінік беруге заңнамалық тәртіпте мәжбүрлемейтіні туралы келісуі (мәселен, егер істі қарауға қатысатын судья құрбанның жеке басын ашуға немесе құрбан-куәгерге қорғаныс экранын қолданбастан, адам саудагерінің көзінше түсінік беруге бұйрық берсе).

АДАМ САУДАСЫНА ҚАРСЫ КҮРЕС ЖӨНІНДЕГІ БӨЛІМШЕЛЕРМЕН ӨЗАРА
ІС-ҚИМЫЛ

Қызмет көрсететін ұйымдар үшін құқық қорғау органдарымен ынтымақтасу қажеттігі мынадай іс-әрекеттің біріне байланысты туындай- ды:
• Техникалық ынтымақтастық немесе әлеуетті көтеру, мысалы, мамандарға арналған семинарлар, тренингтер немесе заңнаманы қайта қарау.
• Құрбандарды құтқару туралы жедел деректермен алмасу, құрбандармен сұхбаттасу немесе құрбандарды мамандарға жіберу.
Мұндай саладағы ынтымақтастық қауіпсіз әрі келісілген үлгіде жүргізілуіне кепілдік беру үшін қызмет көрсететін ұйым мен құқық қорғау органдары арасындағы келісілген байланыс әдісін сәй-кестендіріп, орнату талап етіледі.
Байланыс жөніндегі практикалық іс-шаралар Өзара түсіністік тура- лы меморандумда белгіленуі тиіс. Ұйымда құқық қорғау органдары- мен байланысқа жауап беретін байланыс жасаушы адамды тағайындау ұсынылады. Онда ӨТМ-де құқық қорғау органдарының офицерлері қызмет көрсету ұйымымен тек тағайындалған байланыс жасаушы адам немесе оның орынбасары арқылы байланыс жасауға тиістілігін нақты көздеуге болады.
Құқық қорғау органдарының агенттері үшін бірыңғай байланыс нүктесінің болуы ұйымдарға өз тәсілін дәйекті жүргізуге және әртүрлі қызметкерлер кереғар немесе орынсыз кеңес бергенде немесе ұйым атынан жөнсіз әрекет жасағанда түсінбестіктің орын алуын шектеуге мүмкіндік береді.
Жергілікті құқық қорғау органдарының барлық қызметкерлері мен лауазымды адамдары арасын-дағы тығыз жұмыс қызметіне кедергі келтірмеу үшін және қажетті сабақтастық пен келісушілікті қамтамасыз ету үшін жедел және техникалық ынтымақтастықпен байланысты барлық байланыстарды тағайындалған байланыс жасаушы адам арқылы үйлестіруді ұсынады.
Қызмет көрсететін ұйым тарапынан да, құқық қорғау органдарының тарапынан да тағайындалған байланыс жасаушы адам 24 сағаттық негізде жұмыс жасауы тиіс. Адам саудасына қарсы күрес – бұл тәулік бойы болатын қызмет. Тәжірибе көрсеткеніндей, ынтымақтастықтың жедел мәселелері,
әсіресе құрбандарды құтқарумен немесе құрбандарға көмек көрсетумен байланысты мәселелер тәуліктің кез келген уақытында – күндіз немесе түнде болуы мүмкін. Осылайша, қызмет көрсететін ұйым мен құқық қорғау органдарының арасындағы өзара іс-қимыл тетігі ден қою қабілеті тәулігіне 24 сағат бойы қамтамасыз етілсе ғана нәтиже бермек.
Сонымен қатар қызмет көрсетуші ұйымдар мен құқық қорғау органдары күндіз немесе түнде кез келген уақытта байланысуға болатын, ұялы байланыс телефон желісімен қамтамасыз етілген лауазымды адамды тағайындауы тиіс.

АҚПАРАТ АЛМАСУ ЖƏНЕ АҚПАРАТ ТАРАТУ

Бұл бөлімнің міндеті қызмет көрсететін ұйым құрбаннан, олардың отбасы мен жақын адамдарынан алатын ақпаратпен қалай алмасуы және бұлай жасауға ұйым тиісті ме, егер тиісті болса, ақпаратты құқық қорғау органына қалай беруі туралы мәселені қарау болып табылады.

АТАП ӨТУ ҚАЖЕТ НЕГІЗГІ ЖАЙТТАРДЫҢ ТҮЙІНІ

Қызмет көрсететін ұйымдардың адам саудасы туралы ақпаратты тіркеудегі, басқару мен таратудағы және жалпы құқық қорғау органдарымен ынтымақтастықтағы рөлі – бұл адам саудасына қарсы күрес мәселелерінде, сондай-ақ олардың арасындағы дауда кәсіби мамандардың алаңдаушылығын ту-ғызатын сала. Кейбір ортада қызмет көрсететін ұйымдар полицияның агентері деген нақты дабыл бар. Сонымен қатар, мұндай мәселелерді шешу үшін персоналға қажетті қосымша міндеттер мен машықтарға қатысты алаңдаушылық бар.
Ұйымдар құқық қорғау органдарына адам саудасы туралы жедел барлау ақпаратын беруге қатысты өз ұстанымы мен саясатын әзірлеу барысында назарға алуы мүмкін кейбір мәселелер төменде көрсетілген.
• Адам саудасының нақты әрі әлеуетті құрбандарын қорғау, қауіп-сіздігі және адам құқықтарын сақтау – тұрақты сақталуы тиіс негізгі қағидаттар.
• Құқық қорғау органдарымен ынтымақтастық ұйымдарға адам сауда- сы құрбандарының құқықтарын қорғау және қысқарту, нәтижесінде адам саудасы оқиғаларын жою жөніндегі мақсаттарына қол жет-кізуіне көмектесе алады.
• Бұл адамның негізгі құқығы болып табылатындықтан, құрбандардың сот төрелігі мен өтемақы алу тетіктеріне қол жеткізуге құқығы бар. Құрбандар қорқыныштан немесе басқа да себептер бойынша оған қатыгездікпен қараған және оларды пайдаланған адамдарға қарсы куәгер болу құқығын жүзеге асыра алмаған жағдайда, құрбандарға полицияға адам сау-дагерлері, адам саудагерлерінің басқа құрбандары және адам саудасын жүргізу әдістері (операнди модусы) туралы жедел ақпаратты берудің баламалы мүмкіндігі қамтамасыз етіледі. Құрбандар бір жағынан оларды сатқан адамдарға қатысты сот төрелігін жүзеге асыруға ықпал ететіндей, екінші жағынан куәгер болуымен байланысты қауіп-қатерге ұшырамайтындай тәсілмен ақпарат беруді жиі қаламайтынын тәжірие көрсетіп отыр. Адам саудасының барлық құрбандары үшін ашық қылмыстық сот төрелігі жүйесінің басты нұсқасы ретінде ұйымдар адам саудасы құрбандарының құқықтарын қорғауды қолдаудың ортақ пакетінің бөлігі ретінде бұл мәселелер бой- ынша заңгерлік консультациялар беруі тиіс.
Қызметкерлер құрбандардан поли-
цияның ақпаратын ашуға жан-таласпауға тиіс. Керісінше полиция ымыраға келіп, өз құқықтары мен мүмкіндіктеріне қатысты құрбандарға ұйым ұсынған консультациялардан кейін мән-жайлары ескеруге, полицияға жедел деректер ұсынуды шешуге тиіс.
«Адамдар саудасына қарсы күрес саласындағы жедел ақпаратты» қарапайым сөзбен адамдар сауда-сындағы қылмыстар туралы ақпарат деп жай атауға болады. Құқық қорғау органдарының терминдерінде адамдар саудасы саласындағы қылмыстық жедел ақпарат тірі тауарды сатушылар, адамдар саудасының құрбандары, бағыттары және қылмыс жасау тәсілдері туралы түрлі көздер мен ақпарат түрлерін талдаудың нәтижелерін қамтиды.
Қызмет көрсететін ұйымдар бір-қатар көздерден адамдар саудасы туралы жедел ақпарат алады:
• Ашық көздер – бұқаралық ақпа-рат құралдарының есептері, журналистермен байланыс, академиялық зерттеулер және т.б.;
• Сол ұйымның басқа да офистері;
•Құқық қорғау органдары – полиция, көші-қон қызметі, шекарашы- лар;
• Үкіметаралық және үкіметтік емес серіктестер;
• Адам саудасының құрбандары, олардың отбасы мүшелері және басқа да жақын адамдар, достары және т.б.
Жедел деректерді кең мағы-насында екі санатқа бөлуге болады:
Тақырыптық жедел деректер – нақты адамды немесе нақты оқиғаны, мысалы, адам саудасының қазіргі беталысын, құрбандарды жеткізуге ықпал ететін саяси, әлеуметтік-экономикалық немес мәдени сипат- тамаларды, сұраныс деңгейін немесе қылмысқа және оны жасау әдістеріне әсер ететін басқа да тақырыптық факторларды сәйкестендіруге мүмкіндік бермейтін жедел деректер нысаны.
Нақты жедел деректер – нақты адамды немесе нақты оқиғаны, мысалы нақты қылмыстық әрекеттерді, күнін, болған жерін, құжаттарды немесе адамның жеке басының деректерін егжей-тегжейлі анықтауға мүмкіндік беретін (адам саудасынан зардар шеккен адамдарды, немесе тірі тауармен сауда-саттық жасайтын саудагердің өзін сәйкестендіруге мүмкіндік беретін аты, жасы, жеке сипаттамасы, мекенжайы)
Тақырыптық және нақты жедел деректерді одан әрі екіге бөлуге болады: Арандату әдістері – осал мақсаттарды теңестіру, күшті немесе адастыратын жарнамалық хабарландыруларды, жеке арандату желілерін пайдалану, жол жүру және сәйкестендіру құжаттарын және кіру әрі шығу визаларын алу әдісі.
Бағыттар – шығу нүктелері, ашық немесе жасырын іссапарлар, транзиттік этаптарды тасымалдау, сәйкестендіру әдісі, шекараны кесудің нақты және болжамды нүктелері, адам саудасына ықпал ететін сыбайлас жемқорлықтың ролі.
Амал-әдістер – келу нүктелері, амал-әдістер, құжаттарды тәркілеу және келу пәтерлерінің орналасқан жері;
Пайдалану және қатыгездік қарым-қатынас – пайдалану нысаны және оның мақсатын, пайда ауқымын айқындау, пайдалануды басқару әдісі, мәжбүрлеу дәне бақылау әдістері мен денеге, нәпсілік және психологиялық зорлық.
Адам саудасына қарсы күрес саласындағы жедел деректерді жинау мен алмасуда қызмет көрсететін ұйымдар және құқық қорғау органдары түрлі тәсілдерді пайдалана алады. Осы тәсілдер мынадай:
• Адам саудагерлерінің қолынан оларды құтқару мақсатында құрбан- дарды ұқсастыру және орналасқан жерін анықтау;
• Құрбандарға көмек алу үшін хабарлау және жіберу;
• Тергеуді жеңілдету мақсатында адам саудагерлерін ұқсастыру және орналасқан жерін анықтау;
• Стратегия мен тактиканы әзірлеу;
• Ресурстарды бөлу;
• Жұртшылықтың хабардар болуын көтеру науқаны сияқты алдын алу қызметінің дәлдігі, мазмұны мен бағыты;
• Адам саудасын зерттеу және талдау.

ЕКІЖАҚТЫ АЛМАСУ ПРОЦЕСІ

Құқық қорғау органдарымен жедел ақпарат алмасу бір жақты процесті білдірмейтіндігін әрқашан есте сақтаған жөн – алмасуды адам саудасын азайту және ең соңында, оны алдын алу сияқты ортақ мақсаты бар екі ұйымның арасындағы әріптестік алмасу ретінде жүргізу керек.
Полиция агенттіктері де, қызмет көрсететін ұйымдар да адам саудасының алдын алуда және адам саудасының құрбандарына көмек көрсетуде маңызды рөл атқаруға тиіс. Бұл полицияның қызмет көрсететін ұйымдармен ынтымақтастық жасауға және қолдау алуға тырысуының басты себебебі болып табылады. Осылайша, қызмет көрсететін ұйымдар жоғары деңгейдегі жедел ақпаратты білетін серіктес болып табылатындығына қарамастан (өйткені құрбандары полиция емес, қызмет көрсететін ұйымдардың қызметкерлерімен сөйлескенді жөн көреді, ал по- лиция қызметкерлеріне толық сене бермейді), мұндай ынтымақтастық нысаны әрқашан алмасу нысанында өтуге тиіс. Оның барысында полиция өз көздерінен алған, қызмет көрсететін ұйымдарға алдын алу науқандарын, зерттеулерді, стратегиялық талдау мен ден қоюға бағдар беруде әрі мазмұнында көмек көрсете алатын жедел ақпарат ұсынады.
Бұдан басқа, адам саудасының құрбандары өздері ұсынған ақпараттың нәтижесінде алынған кез келген атқарылған жұмыс туралы хабардар болуы өте маңызды. Олар іске тартылған адамдардың кез келген қамауға алынғаны немесе айыптаулар туралы хабардар болуы тиіс. Олар әсіресе, осындай адамдардан құрбандарды қорғауға қадам қабылдауға мүмкіндік болу үшін, жауап алыған және қамауға алынған адамдардың бостандыққа шығатыны туралы біліп отыруға тиіс.

ҚҰРБАНДАРҒА НЕМЕСЕ ƏЛЕУЕТТІ ҚҰРБАНДАРҒА ҚАТЫСТЫ ЖЕДЕЛ АҚПАРАТТЫ АШУ МІНДЕТІ

Адам саудасының құрбандарына көмек көрсету барысында адам саудасының құрбаны немесе оның отбасының мүшесі, немесе оның досы бақылауда қалған басқа да құрбандарға және саудагер пайдаланатын тірі тауарға қатысты немесе сатылуы мүмкін ықтимал құрбандар туралы ақпарат білуі мүмкін. Осы мүмкіндік қызмет көрсететін ұйымдар үшін елеулі диллема жасайды. Өйткені көп жағдайларда мұндай ақпаратты сұхбат беруші мен сұхбат алушы арасындағы құпиялылық принципіне негізделген сұхбат барысында ашу қажет болады. Сол кезде ұйым құқық қорғау органдарына құпиялықты сақтау міндеттемесін бұзуға және басқалар немесе адам саудасының нақты құрбандары туралы ақпаратты ашуға бола ма деген сұрақ туындайды. Бұл барлық тартылған тараптар үшін өте маңызды мәселе, сонымен бірге ұйымдарға нақты әрі кесімді саясат жүргізу ұсынылатын мәселе.
Ұйымдардан адам саудагерлерінің бақылауында әлі де тұрған басқа да адамдарға немесе құқық қорғау органдарына не құрбандарды құт-қаруға, не оларды сатудың алдын алуға мүмкіндік беретін нақты құрбандарға қатысты ақпарат ашуды шектеулі түрде жүзеге асыру саясатын әзірлеу талап етіледі. Көптеген жағдайларда ұйым мұндай ақпаратты құпия сұхбат тұрғысында беретіндігіне қарамастан, саясат полицияға қажетті іс-әрекет қабылдауға мүмкіндік беретін ақпараттың сондай көлемінде қамтылуы тиіс. Кейбір юрисдикцияларда ақпаратты ашу жөнінде заңмен айқындалған осындай міндеттеме бар.
Осындай саясатты әзірлеу кезінде ұйымдар, егер ақпаратты ашу басқа адамға – құрбанға, оның отбасына, достарына немесе ұйымның қызметкерлеріне зиян келтіруі мүмкін деген сияқты себеп болатын жағдайларда, ерекше оқиғаларға дайын болуға тиіс. Адам саудасының құрбандарына қарсы күрес үшін жауап беретін жергілікті құқық қорғау органдарының араласуы баламалы емес немесе біліксіз ретінде бағаланатын мән-жайларда ұйым ақпаратты шектеулі түрде ашу құрбанға немесе тәуекел көзіне қауіп келуі мүмкін деп шеше алады. Мұндай мән-жайларда, ұйым ақпаратты шектеулі ашудың баламалы әдістерін қарастыра алады.
Сұхбат алынатын адамға мінсіз әділ болу үшін, кез келген сұхбат басталар алдында сұхбат алушы сұхбат беруші адам саудасының басқа да құрбандарына, саудагердің бақылауында қалған тірі тауарға қатысты немесе сатылатын басқа да нақты құрбандарға қатысты ақпаратты ашатын жағдайларда, ұйым полицияға нақты құрбандарды құтқару немесе сатудың алдын алу бойынша операцияны жүзеге асыруға мүмкіндік беру үшін жеткілікті фактілерді шектеулі беруді жүзеге асыру құқығын өзіне қалдыратындығы туралы сұхабет берушіні (құрбанды, отбасы мүшесін, сүйікті адамын немесе досын) хабардар етуі тиіс.
Сұхбат беруші мұндай мүмкіндік туралы білгеннен кейін қандай да бір ақпарат беруден бірден бас тарту қаупі де болады, бірақ істің мұндай барысы екі жақ үшін де әділ. Ұйым өзі алатын және құрбанды құтқару үшін пайдалануға болатын ақпаратқа қатысты үндемеуі тиіс жағдайға қатыса алмайтынын сезінуі мүмкін, сондықтан сұхбат берушіге оған ұйымның саясаты туралы ақпарат бермес үшін, сұрақ қоюдың қажеті жоқ.
Адам саудасының құрбаны жүзеге асыратын жедел ақпараттың полицияға тікелей ұсынылуы тақы-рыптың басында айтылғандай, құрбандарды олардың заңды құқықтары мен қылмыстық сот төрелі жүйесінің нұсқалары туралы ақпаратпен толық қамтамасыз ету кепілінің бөлігі ретінде құрбандар полицияға жедел ақпарат беру мүмкнідігіне қатысты заңдық кеңес алуға тиіс. Құрбан оларға қысқа жедел ақпарат беру үшін тергеушілермен кездескісі келетінін білдірген жағдайларда, құрбанға көмектесуші ұйым тиісті полиция бөлімшесінің қабілетіне, кәсіпқойлығына және қауіпсіздігіне баға беруіне қарай құрбанға лайықты тип ұсынуы тиіс.
Мұндай баға беру кезінде туындайтын сұрақтар мынадай: полиция бөлімшесі жедел ақпаратты тиісті түрде пайдалана алады ма, және осы же- дел деректері беру нәтижесінде туындайы мүмкін кез келген қылмыстық талқылауға дейін және уақытында барлық кезеңдерде құрбандардың жеке басының құпиялығына кепілдік беріледі ме. Заң консультанты құрбандарға тікелей кеңес бергенге дейін осындай деректерді білуге тиіс.
Баға беру полицияның кәсіби әрі құпия түрде әрекет жасай алатынын көрсеткен кезде, келесі қадам түсінікті: қызмет көрсетуші ұйым құрбан ашамын деп шешкен сол жедел материалды бере алуы үшін адам сау- дасына қарсы күрес жөніндегі полиция бөлімшесінің немесе басқа да тиісті департамент қызметкерімен кездесу ұйымдастыруға тиіс. Мұндай уағдаластыққа тергеуші белгілі ұйыммен қол жеткізуге тиіс, және кезде- су қауіпсіз, бейтарап орында өтуге тиіс. Кездесу қауіпсіздік себептерімен көмек көрсету және оңалту жөніндегі орталықта өтпеуге тиіс.
Адам саудасының құрбанынан заң консультантының кездесуге қатысқанын қалайтын-қала-майтынын алдын ала сұрау керек. Егер ол қаламаса, онда ұйым процеске қосымша қатысуға тиіс емес. Ал егер құрбан заңгердің қатысуын өтінсе, онда адвокатқа қатысу қажеттігі туралы хабарлау керек. Бірақ оның құқықтарына сәйкес құрбанды бақылау мен қарым-қатынасты қамтамасыз етуден басқа, кездесуге белсене атсалыспауы керек. Тергеушімен құрбанның пікір-таласының мазмұны қатаң құпияда қалуға тиіс. Адам саудасына қарсы күреспен айналысатын құқық қорғау органдары бөлімшелерінің ден қою қабілеті мен сатылмайтындығын бағалау ұйымға деректер беруде құрбанға ынтымақтастық жасауды ұсынуға мүмкіндік бермейтін кезде ахуал қиындай түседі. Мысалы, егер бұқаралық ақпарат құралдарына алдыңғы ретте поли- ция құрбанның жеке басы туралы ақпараттың сыртқа шығуына жол бергені белгілі болса, онда құрбанға осы факті туралы ескерткен және мұндай мән- жайлар кезінде полициямен әңгімелесуге байланысты қатерлер туралы хабар-лаған дұрыс болады.
Мұндай жағдайларда құрбанға ықтимал қауіп-қатерлер туралы хабарлау керек. Егер барлық фактілер туралы толықтай хабардар болған құрбан осы нұсқаны жүзеге асыруға тілек білдірсе, онда ұйым құрбанға кедергі келтірмей, адам саудасына қарсы күрес полициясының немесе бөлімшенің тиісті офицерімен байланыс орнату үшін құрбанда жеткілікті ақпарат болуына қам-қорлық жасауға тырысуы керек. Жоғарыда айтылғандай, егер құрбан қаласа, оның құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету үшін адвокат берілуі мүмкін.
НАҚТЫ ЖЕДЕЛ ДЕРЕКТЕРДІ АШУ ҚАУІП-ҚАТЕРІН БАҒАЛАУ

Жедел деректердің таралуына байланысты қауіп-қатер деңгейін, егер құқық қорғау органдарына осы деректерге байланысты нәтижелі қарсы іс-әрекет қабылдау керек болса, тиісті түрде бағалау керек. Нақты қауіп-қатер құрбан немесе сұхбат беругі мынадай үш санатқа жататын нақты деректерді ашқанда, туындауы мүмкін:
• Іс бойынша маңызды жедел ақпарат;
• Жеке бас деректері;
•Қылмыстың өзіне, басқа құрбан-дарға немесе осы құрбанға немесе басқа сұхбат берушіге ғана белгілі болуы мүмкін адамдар саудагеріне қатысты басқа да деректер.
Төменде келтірілген ақпарат нақты жедел деректердің таралуы неліктен қауіп-ақтерді арттыратынына қатысты белгілі бір басшылық жасауға мүмкіндік береді.

ІС БОЙЫНША МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ
Адам саудасының сипаты мен опе-рациялық сипаттамаларына қатысты жедел деректердің өзіне тән проблемалары бар. Құрбан бүкіл оқиғаны айтуға дайын болғанда, осы тарихтың адам саудасының саудагерлеріне жеке бастың деректерін ашу-ашпауға қарамастан, құрбанның билікпен ынтымақтастығы туралы ақпарат берілетін деректерді қамтуында қауіп-қатер бар. Мысалы, егер құрбан пайдаланылған жалған жол жүру құжаттары туралы, жолға шығатын күндер мен бағыттар туралы, сондай- ақ пайдаланылған уақыт пен жерлер туралы барлығын егжей-тегжейлі ай- тып берсе, тірі тауар саудагері жедел деректер көзін еш қиындықсыз салы- стыра алады. Көптеген құрбандарға қауіп-қатер туралы хабардар етіледі және ақпарат беруге келісе отырып, кейбір фактілер өте мұқият қарауды талап ететін ретінде қарастырылатын болады. Егер олар іске осылайша жақындағысы келсе, оларға қандай деректердің ашу-ашпау керектігін ұсынуға болады. Басқа құрбандар олардың ашатын ақпаратына байланы- сты қауіп-қатер туралы хабардар етілмесе, оларға көмек көрсететін ұйым осы мәліметті қауіп-қатерді бірлесіп бағалау үшін жеткізуге тиіс.

ЖЕКЕ БАС ДЕРЕКТЕРІ

Құрбан оның жеке басының деректерін құқық қорғау органда- рына беруді өтінуі мүмкін. Бірақ қызмет көрсететін ұйымдар бұған итермелемеуі тиіс. Алайда құрбандар олардың деректерін полицияға одан арыда ынтымақтастық жасау үшін оларды бергілісі келетін оқиғалар да болуы мүмкін. Мұндай жағдайларда қызмет көрсететін ұйымдардың қызметкерлері құрбанның ахуал туралы толық хабардар болуын қамтамасыз ету үшін құрбанмен нақты қауіп-қатерді талқылауға тиіс. Құрбан жеке басының деректерін берген кезде оның полициямен ынтымақтастығы туралы ақпараттың ашу қауіп-қатерінің ұлғаятындығын білуге тиіс. Бұл кездейсоқ не сыбайлас жемқорлық себебімен болуы мүмкін.
Тек құрбанға немесе басқа сұхбат берушіге белгілі жедел деректер.
Үшінші санаттағы қауіп-қатер құрбан немесе басқа сұхбат беруші зат, дақ немесе татуировка сияқты дербес деректерді немесе тек құрбанға немесе сұхбат берушіге ғана белгілі оның телефон нөмірі немесе банк істері туралы дербес деректерді қамтығанда, адамдар саудагерінің толық сипаттамасын бергенде туындауы мүмкін. Және адамдар саудагерінің осылардың барлығы өзінен басқа, тек құрбанға немесе сұхбат берушіге белгілі екендігін білуі өте маңызды.
Егер қызмет көрсететін ұйым поли-цияға жедел деректерді ашса, осының негізінде адамдар саудагеріне қарсы бағытталған іс-әрекет қабылданса, онда бұл ақпарат көзіне трафикантты тікелей көрсетуі мүмкін және оны полиция қабылдаған іс-әрекеттің тек құрбанның немесе сұхбат берушінің қызмет көрсетуші ұйымға ақпаратты бергеннен кейін, содан кейін олардың полицияға берілуінен соң мүмкін болғандығына сендіруі мүмкін.

БЕРІЛГЕН ЖЕДЕЛ АҚПАРАТТЫҢ ҚҰПИЯЛЫҒЫ

Құқық қорғау органдарымен оларды сақтауға және жедел деректерді қатаң құпиялық негізде пайдалануға, және не ақпарат көзінің жеке басын, не осы мәселеде қызмет көрсететін ұйымның рөлін алдын ала келісімсіз және ақпарат көзінен де, қызмет көрсететін ұйымнан да жазбаша келісім алмай, қандай да бір үшінші тұлғаларға ашпауға міндеттейтін келісім болмай, құпия жедел ақпаратпен алмасудың қажеті жоқ.
Полицияның ақпаратты пайдалануы құпиялықтың кепілдігіне емес, полиция мен ұйым арасындағы ӨТМ шарттарымен шектеледі. ӨТМ-де полиция қызметкерлері ақпарат көзінің жеке басын және осы ақпаратқа қол жеткізуде ұйымның рөлін ашпауға тиістігі көрсетілуі тиіс.
Үш негізгі себеп құпиялық кепілдігін талап етеді:
• Не құрбандар, не оған жақын адамдар егер тиісті ескертпемен қорғалмаса, жедел деректерді беруге дайын болмайды;
• Қызмет көрсетуші ұйым ақпарат көздері туралы және өз қызметкерлері туралы қамқорлық жасауға міндетті екендігіне кепілдік беруге тиіс;
• Егер полицияның ұйым арқылы алынған жедел деректерге ден қоюы қылмыстық қудалауға әкелсе, онда ақпарат көзінің құпиялығы мен қызмет көрсетуші ұйымның рөлі сот талқылауында белгісіз боп қалуы мүмкін.
•Алғашқы себеп одан әрі түсіндіруді талап етпейді. Қызмет көрсетуші ұйымдар арқылы құрбандар полицияға берген жедел деректердің негізінде адамдар саудагерлеріне қарсы қабылданатын іс-әрекеттер санының көбеюіне қарай ақпарат көздеріне және (немесе) қызмет көрсететін ұйым қызметкерлеріне қатысты қарсы іс-қимыл қаупінің де өсуі де мүмкін.

ЕҢБЕК КӨШІ-ҚОНЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІН ЖЕТІЛДІРУГЕ ҚАТЫСТЫ ҰСЫНЫСТАР МЕН ҰСЫНЫМДАР

Осы бағыттағы жұмысты Халықтың көші-қоны туралы Заңның еңбек көші-қоны жөніндегі, атап айтқанда:
1. уақытша (бір жылға дейін) да және жалғасатын негізде де еңбек көші-қоны үшін заңды мүмкіндіктерді белгілеуге;
2. шетелдік жұмыс күшін тартуға жұмыс берушілерге рұқсаттан Қазақстанда еңбек қызметін жүзеге асыруға көшіп-қонушылардың өзде-ріне берілетін рұқсаттарға көшуге;
3. еңбекші-мигранттар мен оларды отбасы мүшелерінің құқықтар жүйесін, соның ішінде жұмыс берушілер мен мемлекет тарапынан әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыруға қатысты тиісті кепілдіктерді айқындауға;
4. уәкілетті органдардың:
• салалар мен өңірлер бөлінісінде көшіп-қонушылардың еңбегін тар- туда ұзақ мерзімді және ағымдағы экономикалық қажеттіктерді баға-лауды ұйымдастыру;
• еңбекші-мигранттарға Қазақстан-да еңбекке орналастырудың шартты арналарын пайдалануға ынталандыратын ақпараттық-әдістемелік қолдау мен өзге де қызмет көрсетулерді қамтамасыз ету;
• еңбек көші-қоны саласындағы мониторингті жүзеге асыру бой- ынша құзыретін бекітуге қатысты кейбір базалық ережелерін айқын-даудан және қайта қараудан бастау ұсынылады.
Халықтың көші-қоны туралы Заңның жаңа ережелерінің негізінде мы- надай талаптарға жауап беретін Қазақстанның еңбекші-мигрантарды тарту рәсімдерін әзірлеу және бекіту ұсынылады:
1. тікелей еңбекші-мигранттарға рұқсаттар беру;
2. қысқа мерзімді (бір жылға дейін) және ұзақ мерзімді негізде еңбекші-мигранттарға рұқсат беру мүмкіндігін ұштастыру;
3. еңбекші-мигранттарға түр-лі санаттары (білікті мамандар, жұмысшы мамандықтар, мау-сымдық қызметкерлер және т.б.), экономиканың салалары (мұнай секторы, құрылыс, өнеркәсіп, қызмет көрсету саласы және т.б.) бойынша сараланған тәсілдер;
4. рекрутинг санатынан еңбекші-көшіп-қонушының шыққан еліне оралуына дейін әзірленген, соның ішінде екіжақты келісімдерге негізделген Қазақстанға еңбекші-мигранттарды тартудың белгілі бір сызбасына негізділік;
5. еңбек көші-қонының қолда-нылатын сызбасына қарай еңбекші- мигранттарды реттеудің қалыптасқан құралдарын (квота бөлу, ішкі нарықта бос орындар бойынша ұсыныстарды алдын ала іздестіру, біліктілік бағалаудың баллдық жүйесі) қолдануға сұрыптау тәсілі;
6. қазақстандық кадрлар даярлауды қаржыландыру және еңбек нарығында бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауға және жіберуге ұлттық білім беру жүйесінің олардың айқындылығы, орындалуы мен ынталандыруы тұрғысында шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру кезінде шетелдік мамандарды кейінен ауыстыруға қолданылатын ерекше жағдайларды қайта қарау;
7. казақстандық кадрларды пайда-
лануға жұмыс берушіні эко- номи-калық ынталандыру әдістерін, мысалы, жалақымен міндетті төлемдердің кейінгі мониторингін жүзеге асыра отырып, еңбекші- мигранттарды тартқан жағдайда кепілдік берілген жалақының жоғары деңгейін пайдалану.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің:
1. еңбекші-мигранттармен еңбек шарттарын жасасуға жұмыс берушіні ынталандыру;
2. бұрын белгіленген тәртіпті бұзған көшіп-қонушылардың елге кіруін шектеу тұрғысында шетелдік жұмыс күшін тартудың белгіленген тәртібін бұзғаны үшін көшіп-қонушы мен жұмыс берушінің жауапкершілігі жөніндегі бапты қайта қарау керек.
ЕҢБЕК КӨШІ-ҚОНЫ САЛАСЫНДАҒЫ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖƏНЕ ЖОБАЛЫҚ ІС-ШАРАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ҰСЫНЫСТАР МЕН ҰСЫНЫМДАР

Уәкілетті органдардың тиісті бағ-дарламалық құжаттары мен іс-қимыл жоспарларына: жалпы көші-қон саясатын дамыту үшін өңірлік деңгейде көші-қон процесіне қатысушы көршілес мемлекеттермен өзара іс-қимыл жасау;
көшіп-қонушыларды заңды арналарды пайдалануға ынталандыру және қолданыстағы сызбалар мен мүмкіндіктер туралы олардың хабардар болуын арттыру мақсатында еңбек көші-қоны шығатын елдердің органдарымен ынтымақтастық;
халықаралық стандарттар мен анықтамаларға сәйкес тұрғысында көші-қон статистикасын жетілдіру;
мүдделі елдер арасында көші-қон статистикасын жинау әрі алмасу үшін орнықты да тиімді жағдай жасау;
Қазақстанның салалары мен өңір-лері бөлінісінде еңбек көші-қонының нақты көлемін айқындау, еңбек нарығында артықшылықпен немесе едәуір шамада тартылған еңбекші көшіп-қонушылармен, соның ішінде де- ректер базасын, статистикалық есептілікті жасау және қолдау жолымен еңбекші-көшіп-қонушылардың барлық топтарын есепке алу және тіркеу жүйесін жетілдіру арқылы саңылауларды орнату;
көшіп-қонушыларды еңбекке орналастыру, еңбек шартының мерзімі аяқталған соң отанына оралу фактісі мен жағдайлары мониторингі;
көшіп-қонушылардың еңбегін тартуда, соның ішінде: жұмыс күшіне ағымдағы сұранысты (салалық, аумақ-тық, кәсіптік халықты жұмыспен қамту және бос орындар құрылымы);
еңбекші-көшіп-қонушылардың есебінен орналастырылатын жұ-мыс берушілердің қажеттілігін (халықаралық және ішкі көші-қон);
мемлекеттік даму стратегияларын, мысалы, Қазақстан Республикасын н аумақтық дамыту стратегиясын іске асыруға байланысты еңбек ресурстарына қажеттілікті талдау арқылы ұзақ мерзімді және ағымдағы экономикалық қажеттіліктерді бағалау;
мамандықтармен және кәсіптер-мен белгіленген нақты сала, өңір бойынша қалыптасқан қажеттілікті қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін еңбек көші-қонының ресурстарын тарту сызбасын әзірлеу;
тақырыптық тренингтерді әзірлеу мен өткізуді, оқу және әдістемелік ма- териалдар дайындауды қосқанда, еңбек көші-қоны мәселелері бойынша кадрлардың біліктілігін арттыру жүйесін ұйымдастыру;
еңбекші-көшіп-қонушылар үшін ақ-
параттық-әдістемелік құралдарды, буклеттерді, жадынамаларды шығару мен таратуды, веб-сайттарда тиісті материалдарды әзірлеу мен орналастыруды, еңбекші-көшіп- қонушылармен жұмыс бойынша мамандандырылған орталықтарды құруды қолдауды қос-қанда, еңбек көші-қоны саласындағы ақпараттық, консультациялық қызмет көрсету жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және қосу.

 

 

Гүлнар ИСМУХАНОВА,
социология ғылымдарының
кандидаты
Павел ШАЛУС,
Орта Азия бойынша еңбек иммиграциясының
аймақтық координаторы

Әзірше ешқандай пікір жоқ.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз.

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *