Еліміздің Конституциясына сәйкес, Қазақстанның әр азаматының еңбек етуге құқығы бар. Оның ішінде мүгедектер де. Кез келген топтағы мүгедектер еңбек ете алатыны бәріне мәлім, бірақ бірінші және екінші топтағыларға медициналық комис-сиядан рұқсат алу керек. Жұмысқа орналасқанда мүгедектігі бар адам дені сау адаммен тең құқылы.
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 6-бабының 1-тармағына сәйкес, ешкімді де еңбек құқықтарын іске асыру кезінде шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне, жасына немесе дене кемістіктеріне, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктерге қатыстылы-ғына байланысты ешқандай кемсітуге болмайды. Еңбек шартын жасасу кезінде құқықтар мен мүмкіндіктер теңдігін бұзуға тыйым салынады.
Төменде көрсетілетін кейбір жағ-дайларды қоспағанда, жүктілік, үш жасқа дейінгі балаларының болуы, кәмелетке толмағандық, мүгедектік еңбек шартын жасасу құқығын шектемейді. Мүгедектердің де еңбекке құқығы бар екені ескере отырып, біз олардың өз міндеттерін жүзеге асырған кезде кейбір ерекшеліктерін атап өтуіміз керек. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көбірек көңіл бөлу керектігі айтылды. “Олар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуға тиіс. Бізде аз емес ондай адамдарға қамқорлық көрсетілуге тиіс, бұл – өзіміздің және қоғам алдындағы біздің парызымыз”, – деді Н. Ә. Назарбаев [1].
Мұқтажды азаматтарды, бәрінен бұрын, мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қорғау мәселелері баса айтылды. Заманауи өркениетті қоғам құруда оның маңызы зор. Жолдауды іске асыру жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында тиісті уәкілетті органдарға мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа орна-ластыру және оларға қолжетімді инфраструктура, яғни, «кедергісіз орта» құру бойынша ұсыныс енгізу ұсынылды.
Осы орайда, кәсіпкерлік субьектісі ұжымдарымен кездесулер өткізілді. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес, мүгедектер әдет-тегідей еңбек жағдайлары бар не мүгедектер еңбегін пайдаланатын маман-
дандырылған ұйымдарда жұмыс берушілермен еңбек шарттарын жасауға құқылы. Медициналық қорытынды бойынша денсаулық жағдайы еңбек міндеттерін орындауға кедергі келтіретін не оның денсаулығына және (немесе) басқа адамдар еңбегінің қауіпсіздігіне қатер төндіретін жағдайларды есепке алмағанда, жұмыс берушіге мүгедектігін сылтау қылып, еңбек шартын жасасудан бас тартуға, мүгедекті басқа жұмысқа ауыстыруға, еңбек жағдайларын өзгертуге тыйым салынады. Өз кезегінде, мемлекеттік инспекторлар кәсіпкерлік субьекті-леріне тексеру жүргізу барысында, кәсіпорын басшыларының ҚР Еңбек кодексі бойынша, мүгедектерді жұмысқа орналастыру ерекшелігінің орындалуына көңіл бөлініп келеді.
Еліміздің жұмыспен қамту жөніндегі заңнамасына өзгерістер енгізіліп, осының арқасында мүгедектігі бар адам жұмыссыз ретінде есепке тұра алатын болды. Ал бұрын мүгедектерді жұмыссыз ретінде есепке қоймайтын. «Қазақстан Республикасында мүгедек-тердi әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңына сәйкес, мүгедек дегеніміз – тұрмыс-тіршілігінің шектелуiне және оны әлеуметтiк қорғау қажеттiгiне әкеп соқтыратын, ауруларға, мертігулерге (жаралануға, жарақат-тарға, контузияларға), олар-дың зардаптарына, кемiстiктерге байланысты организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы нашар-лаған адам [2].
Қазастан Республикасында мүгедек-терді әлеуметтік қорғау Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының «ҚР мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңымен және Қазақстан Респуб-ликасының басқа да нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі. Қазақстан Республикасында мүгедек-тердi әлеуметтiк қорғау туралы заңның 14-бабының 4, 6 тармақтарына сәйкес, олар бiлiм алуға, қызмет түрiн, соның iшiнде еңбек қызметi түрiн еркiн таңдауға, кәсiптiк даярлыққа және қайта даярлыққа, еңбек қабiлетiн қалпына келтiруге және жұмысқа орналасуға құқығы бар.
Бірақ бұл құқықтардың барлығы тиісті дәрежеде орындала бермейтіні өкінішті [2]. ҚР Еңбек кодексінің 69 бабына сәйкес, бірінші және екінші топтардағы мүгедек жұмыскерлерге аптасына 36 сағаттан аспайтын жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгіленеді. Бірінші және екінші топтардағы мүгедек жұмыскерлердің күнделікті жұмысының (жұмыс ауысымының) ұзақтығы жеті сағаттан аспайды. Бірінші топтағы мүгедек жұмыскерлерге жұмыс уақытының жиынтық есебін қолдануға жол берілмейді.Түнгі уақыттағы жұмысқа тек мүгедектік келісімімен, егер оның денсаулығына мұндай режим тыйым салынбаса жіберіледі.
Еңбек келісім-шартын жасаудан, қызметте өсіруден бас тарту, басқа жұмысқа ауыстыру тек мүгедектің келісімен жүзеге асуы тиіс, егер халықты әлеуметтік қорғау саласындағы облыстағы өкілетті органның аймақтық бөлімшелерінің қорытындысы бойын-ша оның денсаулығы кәсіби міндеттерді атқаруға келмесе, денсаулығына қауіп келсе және өзге тұлғалардың еңбек қауіпсіздігіне қайша келсе жоғарыда аталған шаралар керісінше іске асады.
Егер екінші және үшінші топтардағы мүгедек жұмыскерлерге сараптамалық кәсіптікпатологиялық комиссияның қорытындысы негізінде жұмыс уақы-тының жиынтық есебі белгіленетін режимге тыйым салынған болса, оларға мұндай есеп белгіленбейді. Мүгедек жұмыскерлерді түнгі уақытта жұмысқа тартуға, оларға мұндай жұмысқа медициналық қорытындыға сәйкес денсаулық жағдайына байланысты тыйым салынбаған жағдайда, олардың жазбаша келісімімен ғана жол беріледі [3].
Қазіргі таңда “Нұр Отан” партиясы мен Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мүгедектердің жұмыспен қамтылуына мониторинг жүргізуде. Жұмыспен қамтылуы тиіс мақсатты топтар анық-талып, бұл жұмыс жүзеге асырылатын болады. Ол облыс әкімінің бақылауында. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен кәсіпкерлер қауымдастығы еңбек еткісі келетіндерді жұмыспен қамтуға әзір. Осы орайда бұл жерлерде кімдер жұмыс істей алатындығын анықтау қажет. Жұмыс орындарына қолжетімділікті қамтамасыз ету керек.
Себебі, бұл норманы жүзеге асыру тетігі жоқ. Мәселен, ауыр еңбек жағдайы қалыптасқан кәсіпорындар бар. Оларда мүгедектерге арналған жұмыс орнын табу мүмкін емес. Аталған үш пайыздық квота жүзеге асырылу үшін белгілі бір нормативтік-құқықтық актімен оны жүзеге асыру тетігі жазылуы тиіс.
Әзірше мұндай нормативтік құқық-тық акті жоқ. Біз бұл ұсыныс арқылы жұмыс берушілердің мүгедектерді жұмысқа алу ынтасын арттыруды көздедік. Егер жұмыс орнына арнайы қондырғы қажет болса, онда демеу-қаржы берілу керек деп ойлаймыз. Жұмыс беруші мүгедекке арналған жұмыс орнын өз қаржысымен жаб-дықтамауы үшін мемлекеттен белгілі бір көмек көрсетілуі қажет.
Мүгедектерді жұмыспен қамту үшін жергілікті атқарушы органдар (әкім-шілік): — қызмет орындарының жалпы санының 3 пайызы мөлшерінде мүге-дектерге жұмыс орындарынан квота бекіту; — жеке кәсіпкерлікті, шағын және орта бизнесті дамыту арқылы мүгедектер үшін қосымша жұмыс орындарын құру; — арнайы, сонымен қатар мүгедектерді жұмысқа орналас-тыру үшін арнайы жұмыс орындарын құру; -мүгедектерді кәсіби оқыту қарас-тырылған. Еңбек қарым-қатынасы тұрғысынан мүгедектердің құқықтары заңмен негізделген. Еңбек келісім- шартынан бас тарту, басқа қызметке ауысу мүгедектердің өз келсімінсіз жүзеге аспайды, керсініше жағдайда, егер мүгедектің денсаулығына байланысты еңбекке жарамсыздық танытатын болса, жұмыстан боса-тылады. Еліміздегі әр ұжымның үш пайызын мүмкіндігі шектеулі жандар құру керек.
Алайда жұмыс берушілер мүге-дектерге арналған үш пайыздық квота-ны сақтамай отыр. Кембағал адамдарды жұмыспен қамту мәселелері көптеп көтеріліп жүр. Мүмкіндігі шектеулі мыңдаған жан екі қолына бір кәсіп таба алмай сандалып жүр.
Бүгінде елімізде 570 мыңдай кемба-ғал жан бар. Соның 3 пайындайы ғана жұмыспен қамтылған. Ал, Ресейде 25, Германияда 40 пайыз мүгедек адамдар жұмыс істеп өз нәпәқаларын тауып жүр. Біздің ілімізде бұл көрсеткіш неге төмен?! Мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамту бұл бүгінгі таңда да өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Себебі, жұмыс іздеп барған адамның арбаға таңылғанын көрген жұмыс берушілер көздері шарадай болып, бұндай қызметкерлерді жұмысқа алуға зауқылары соқпайды. Ал, ондай жандар өздерінің құқықтарының, болмаса басқадай өздерінің тарапына жасалған кемсітушілікті көргісі келмейді.
Сондықтан да біз қазірден бастап, болашақ ұрпаққа мұндай бөліністі, мұндай кемшіліктері көрсетпеуін қалыптастыруымыз қажет. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган ұйымдарда квота белгілеу бойынша ұсыныстарды: 1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктегі еңбек нарығында мүгедектер санынан жұмыс күшіне ағымдағы сұраныс пен ұсынысты талдау, болжау; 2) өңірдегі жұмыс істеп тұрған ұйымдар саны; 3) жұмыскерлердің штат саны және бар бос жұмыс орындарының саны туралы жұмыс берушілердің мәліметтері негізінде қалыптастырылған ұйымдар-дағы жұмыскерлердің тізімдік саны; 4) мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс беруші ұсынған қолданыстағы жұмыс орындарының саны туралы мәліметтер талдау; 5) квотадан тыс жұмыс берушілер мен мүгедектер арасында жасалған қолданыстағы еңбек шарттарының саны туралы мәліметтер талдау; 6) халықты жұмыспен қамту орталығы тіркеген жұмыссыз мүгедектердің саны негізінде әзірлейді.
Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес бекітілетін нысан бойынша жұмыс берушілер халықты жұмыспен қамту орталығына ұсынатын мүгедек-терді жұмысқа орналастыру квотасын орындауға арналған жұмыс орындарының саны, бос лауазымдар мен бос жұмыс орындары туралы мәлі-меттердің болуы туралы мәліметтердің негізінде ұйымдар бөлінісінде жұмысқа орналастыруға мұқтаж мүгедектердің және мүгедектерге арналған бос жұмыс орындарының деректер базасын қалыптастырады.
Квотаны жергілікті атқарушы органдар «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңның 27 бабы 1- тармағының 1) тармақшасына сәйкес халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін белгілейді. Жұмыс берушілер белгіленген квотаға сәйкес квота енгізілген күннен бастап алты ай ішінде мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын ұсынады. «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңның 17-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес квота шеңберінде медициналық қорытындыға сәйкес еңбек (қызметтік) міндеттерін атқаруға қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедектер жұмысқа орналастырылады. Квотаны жергілікті атқарушы органдар жұмыскерлердің мынадай тізімдік саны бар ұйымдарға: 1) 50-ден 100 адамға дейін — жұмыскерлердің тізімдік санының 2 пайызы мөлшерінде; 2) 200-ден 250 адамға дейін — жұмыскерлердің тізімдік санының 3 пайызы мөлшерінде; 3) 250-ден артық адам — жұмыскерлердің тізімдік санының 4 пайызы мөлшерінде белгілейді.
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында қызметке кірудің ерекше жағдайлары, лауазымға тағайындаудың тәртібі айқындалған жағдайларда квота белгіленбейді. «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңның 27-бабы 2-тармағына сәйкес мүгедектердің қоғамдық бірлестіктеріне, сондай-ақ мүгедектердің саны жұмыскерлердің орташа жылдық санының жиырма пайызынан астамын құрайтын ұйымдарға квота белгіленбейді [4].
Елді мекендерде еңбек қызметі үшін медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ еңбек етуге қабілетті жастағы мүгедектер болмаған кезде, аталған елді мекендердің аумағында орналасқан ұйымдарда квота белгіленбейді. Ұйым үшін белгіленген квота заңнамада көзделген жағдайларда күнтізбелік жыл ішінде қайта қарауға (түзетуге) жатады.
Жұмыс беруші – заңды тұлға таратылған не жұмыс беруші — жеке тұлғаның қызметі тоқтатылған, жұмыскерлер саны немесе штаты қысқартылған, жұмыс берушінің экономикалық жайкүйінің нашарлауына әкеп соққан өндіріс, орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер көлемі төмендеген жағдайларды қос-пағанда, жұмыс берушілер мүгедектерді жұмысқа орналастыруға арналған бел-гіленген квотаны орындайды. Жұмыс орындарының квотасы шеңберінде жұмысқа орналасқан, жұмыс берушілер осы Қағидалардың 13-тармағында көрсетілген жағдайларға байланысты жұмыстан босатқан мүгедектер оларды кейіннен жұмысқа орналастырумен халықты жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркеледі. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға шамалары жететін жұмыс табу қиын. Ал жергілікті билік бұл санаттағылардың 80 пайызының «білімі мен біліктілігі жоқ» екенін айтады.
Мүгедектігі бар тұлғаларды жұмыспен қамтуды арттыру мақсатында қазақстандық жұмыс берушілерге ынталандыру жасау керек. Жұмыс берушілердің мүгедектігі бар адамды жұмысқа алуына ынталандыратын бір тетіктер қажет, ол жұмыс орнын жай-
ластыру, арнайы жағдай жасау. Оның айтуынша, осы тұрғыда шаралар қабылдануда.
Сонымен, жергілікті атқарушы органдар кәсіпорындарда жалпы жұмысшылар санынан 3% көлемде квоталар орнату арқылы мүгедектерді жұмыспен қамту бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр. Комитет басшысы атап өткендей, қазіргі кезде елімізде 600 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі адам өмір сүруде, бұл көрсеткіш жалпы халық санының 3,7 пайызын құрайды. Олардың шамамен жартысы еңбекке қабілетті, тек арнайы мұқтаждығы бар 100 мың адам ғана толық немесе жекелеген жұмыспен қамтылған.
Бүгінгі таңда мемлекет тарапы-нан мүгедектер үшін көптеген бағдарламалар жасақталып, жұмыстар жүріп жатыр. Соның ішінде кембағал жандарды жұмыспен қамту маңызды мәселе болып табылады. Елбасымыз да өзінің Жолдауларында осы мүмкіндігі шектеулі жандарға қатысты орынды мәселелер көтеріп, оларды жұмыспен қамтуға қатты көңіл бөлу керектігін қадап тапсырған болатын. Қостанай облысында 26 668 мүмкіндігі шектеулі жан бар болса, солардың 69 пайызы еңбекке қабілетті жаста көрінеді. Бүгінде өңірде кембағал жандарды жұмыспен қамту мәселесі өз шешімін тауып келеді. Мәселен, жыл басынан жұмыспен қамтылған мүгедектер саны 4152 адамды құраса, қазіргі күнге дейін олардың саны 4641-ге жетіп отыр.
Облыстағы жұмыс істемейтін 3014 мүгедектің 98 пайызы 3 топтағы, ал қалғаны 1, 2 топтағы мүгедек жандар болып табылады. Аудан, қалалардағы жұмыспен қамту бөлімдері де кембағал жандарды еңбекке тарту мақсатында біраз жұмыстар атқаруда. Нәтижесінде, мыңнан астам жанның жұмыс істеуге ниетті екендігі анықталды.
Бірақ, осы жұмысқа орналасқысы келгендердің 60 пайызында (632 адам) арнайы білім жоқ, тек 5 пайызында ғана (79 адам) жоғары, ал 35 пайызында техникалық және кәсіптік білімдері бар екен. Дегенмен, үстіміздегі жылы аудан, қала бойынша 341 адамды жұмыспен қамту жоспарланса, соның ішінде 253-і тұрақты жұмыспен, ал 88-і қоғамдық жұмыстарға тартылатын болады. Жалпы, үстіміздегі жылы облыс бойынша жұмыс істеуге ниет білдірген 518 адамның 395-і тұрақты жұмыспен қамтылып, 123-і қоғамдық жұмыстарға тартылған, бұған қоса 19 адам кәсіптік білім алуда. Мүмкіндігі шектеулі жандардың еңбекпен қамтылуына бос жұмыс орындары жәрмеңкесінің де көп көмегі тиюде. Жыл басынан бері осындай 51 жәрмеңке ұйымдастырылып, оған 575 адам қатысқан. Айта кетер жәйт, өткен жылдан бері білім алғысы келген мүгедек балалардың оқуына қаржылай көмек беру үрдісі еліміз бойынша біздің облыста ғана жалғасын тауып келеді. Бүгінде жыл сайын жүзден астам мүгедек студентке осындай материалдық көмек көрсетіледі. Мүгедек жандарды жұмыспен қамту бірнеше топтардан тұрады. Соның бірі, Халықты жұмыспен қамту туралы Қазақстан Республикасының Заңында әрбір мекеме кемінде 2-4% мүгедек жанды жұмысқа алуы қажет делінген. Мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі жанды осы квота бойынша жұмыспен қамтуды жоспарға енгізген. Жыл басынан бері 107 адам квота бойынша жұмысқа тұруға қол жеткізді. Жұмысқа тұрам деген әрбір мүгедек жанның жеке оңалту бағдарламасы болады.
Яғни, жұмыс істеуге ынталы болса, оларға сараптама жұмысы жүр-
гізіледі де жұмыспен қамтылу картасы жасалады. Сол жерде кімнің қай жұмысқа қабілеті жететіндігі көрсетіледі. Жұмыспен көбінесе III топтағы мүгедектер қамтылады. Дегенмен, II топтағы мүгедектің еңбекке жарамдылығы анықталса, шектеу қойылмайды.
Сонымен, мүмкіндігі шектеулі жандар жұмысқа орналасу үшін: 1. Жергілікті жұмыспен қамту орталығына барып, жұмыссыз ретінде тіркеледі. 2. Халыққа қызмет көрсету орталығына барып тіркеледі. 3. ҚР Электрондық үкіметі (egov.kz) жұмысқа орналасу порталына үйде отырып тіркелуге болады. Мүмкіндігі шектеулі жандар «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасын тиімді пайдаланып, еңбекке араласуына мүмкіндігі бар. Ол мынадай 6 бағыт бойынша жүзеге асырылады:
1. Тұрақты жұмыс орнына тұра алады. Әрбір мекеме кемінде 2-4% мүгедек жанды жұмысқа алуы қажет делінген.
2. «Мемлекеттік және салааралық бағ-
дарламалар» есебінен яғни, «Нұрлы жол», «Агробизнес» «Өңірлік дамыту» бағдарламасы аясында жаңа жұмыс орындарына қабылдануына мүмкіндігі бар.
3. Әлеуметтік жұмыс орындары. Бұлар жұмыс беруші мен жұмыспен қамту орталықтары бірлескен келісімшарт негізінде жүзеге асады.
4. «Жастар практикасы» бағдар-ламасы бойынша.
5. Еңбек рыногының сұрасына сәйкес мамандықтарды қайта даярлау курстарына оқыту арқылы.
6. Уақытша жұмыспен қамтамасыз ету арқылы. Бұл салада жұмыссыздар есебінде тіркеуде тұрған жандар көгалдандыру, көріктендіру, тазалық жұмыстарына ақылы түрде қызмет жасайды. Қорыта келе, мүгедектерді жұмыспен қамту — бұл бүгінгі күннің басты міндеттерінің бірі.
Әдебиеттер:
1. «Қазақстан жолы — 2050: Бір мақсат, бір мҥдде, бір болашақ» [Мәтін] // Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, — Астана қ., 2014.17 қаңтар.
2. «Қазақстан Республикасында мүге-дектердi әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі N 39 Заңы // — (http://adilet.zan.kz/)
3. «Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі» Қазақстан Рес-публикасының Кодексі 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V ҚРЗ // — (http://adilet.zan.kz/)
4. «Халықты жҧмыспен қамту тура-лы» Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 482-V ҚРЗ // -(http://adilet.zan.kz/kaz)
Айжан Тәжібаева,
заң ғылымдарының магистрі,
А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті,
Азаматтық құқық және іс жүргізу кафедрасы
Әзірше ешқандай пікір жоқ.
Бірінші болып пікір қалдырыңыз.