Балалар мен жастар арасындағы   суицид Балалар мен жастар арасындағы   суицид
Жанна ИМАНҚҰЛ «Жалын» журналының қызметкері, «Ақпарат саласының үздігі» Бүкіл дүние жүзін алаңдататын жайттардың бірі жасөспірімдер арасындағы өзіне-өзі қол жұмсау немесе суицид. 1989 жылы әлемдік... Балалар мен жастар арасындағы   суицид

Жанна ИМАНҚҰЛ
«Жалын» журналының қызметкері,
«Ақпарат саласының үздігі»

Бүкіл дүние жүзін алаңдататын жайттардың бірі жасөспірімдер арасындағы өзіне-өзі қол жұмсау немесе суицид. 1989 жылы әлемдік көшбасшылар «БҰҰ Бала құқықтары туралы Конвенциясы» атты құжатты бекітті. Қазақстан 1994 жылы бұл Конвенцияны қабылдап, балалардың құқықтарын осы деңгейде қорғауға міндет алды. 5 жасқа дейінгі сәбилер өлім-жітімін төмендетуге қатысты оң көрсеткіштерге қол жеткізді. Елімізде әр бала толық білім алуға мүмкіндік жасалған. Дегенмен, түрлі жағдайларға байланысты баланың барлық құқықтары толық көлемде іске асырылмайды. Балаларды айналасындағы қатыгез қарым-қатынастан қорғау, шет елден көші-қон үдерістерінде балаларға көмек көрсету, мемлекет қарауындағы жетім, жартылай жетім балаларға жан-жақты қолдау бағдарламалары үздіксіз тексеру мен қадағалауды қажет етеді. Өйткені ала тәрбиесі – қиын да жауапты міндет. Мемлекет қарауындағы әр баланың алдағы өмір жолында қандай қиындықтар тұр және мемлекеттік мекемелердегі жинақталған тәрбие мен білім балада мәселелердің шешімін таба алатындай ішкі ерік-күші қалыптастыра ма? Сондай-ақ кез келген ата-ана баласының тәрбиелі де білімді, талапты да өнегелі болып, қатарының алды болғанын қалайды. Бірақ балаға осындай мақсаттарды жүктей отырып, соған сай бала тәрбиесімен айналысу керектігіне көпшілік мән бермейді. Ұрып-соғып, қорқытып, аш қалдырып, жұмысқа салынып, түрлі былапыт сөздерді естіп, жаны да, тәні де жараланып өсіп келе жатқан қаншама бала бар десеңізші!Терең үңілмей-ақ сырттай назар аударғанда-ақ түрлі сұрақтардың туындайтынын көреміз.
Балаларға қатысты зорлық-зомбылық бұл жаһандық сипаттағы проблема болып жайылып жатыр. Әлем бойынша 1 миллиард кәмелетке толмағандар, яғни 2 жастан 17 жасқа дейінгі барлық балалардың жартысынан көбі бір жыл ішінде эмоциялық, физикалық және жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған. 1-4 жастағы балалардың 53%-ы отбасында психологиялық агрессияға немесе физикалық жазаға ұшырайды. Елімізде қыздардың 50%-ы отбасындағы қатаң тәртіп пен қысымда өседі. Оның ішінде 21%-ы физикалық жазаға тартылып, ал 45%-ы психологиялық қысымда өседі. Осы қысымдарға шыдамаған бала жүрегі өмір есігін енді ашқанына қарамастан өмірден түңіліп, өз қатарластары сияқты ойын қуып, қызық іздеудің орнына тұйықтала береді. Қысым, ұрыс-керіс, сабау көбейген сайын одан қашып құтылудың жолдарын өзінше іздей бастайды. Ақырында тапқан шешімі – өзіне қол жұмсау болады.
Соңғы бес жылда 15-19 жас шамасы арасындағы суицид 7 пайызға өскенін көрсетеді. Ал статистикалық мәліметерге жүгінсек қазіргі таңда 2\3 бөлігі депрессияның себебінен көз жұмады екен. Депрессияға ұшыраған адам өзін ешкімге керегі жоқ екенін сезінеді, сонымен қатар оларда жалғыздық сезім пайда болады. Осылардың салдарынан өзінің өмірімен қош айтысуға тура келеді.Тығырықтан шығудың жолын осылай шешеді. Бүгінгі біздің қоғам өмірінде баланы теріс бағытқа апарар түрлі жолдар бар. Олардың арасында әлем дабыл қаққан жасөспірімдер арасында көбейіп бара жатқан суицид проблемасы. Жалпы жасөспірімдік кезеңде адам түрлі қиындықтарға қарсы тұруға қабілетсіз және бұл кезең психикалық және денелік тұрақсыздықтың айқын көрінетін кезеңі. Адамның өміріндегі 14-25 жас аралығы оның аутоагрессивті әсерлерге жоғары сезімталдығымен сипатталады. Жасөспірімдер кез-келген жаңа нәрсені тез қабылдауға дайын тұрады. Сондықтан жасөспірімдерде девиантты мінез-құлық белгілерінің пайда болуының алдын алушылары бұл алдымен оның отбасы және оқу орны. Кез-келген жасөспірім де, ересек адам да сәтсіздікке, қиын жағдайларға ұшырап жатады. Бірақ олардың ешқайсысы текке кетпейді. Оған біз төзе білуіміз қажет. Өзіне-өзі қол жұмсау ісі, көбінесе, үмітсіздіктен, мақсатсыздықтан, келешекке сенімсіздіктен, жан тыныш-сыздығынан туындайды. Қи-налған сәтте адам өз-өзіне деген сенімі болу керек.
Суицидтің ең жоғары жиілігі 15-24 жас аралығында тіркелген. Бұл кезеңде адам қиындықтарға қарсы тұруға қабілетсіз, психикалық және денелік тұрақсыздықтың көрінетін кезеңі. Жасөспірімдік кезеңдегі суицидті мінез-құлықтың мәні бұл көмекке шақыру, өзінің жеке қиындықтарына, проблемаларына қоршаған ортадағы адамдардың назарын аудартуға тырысу. Жасөспірімдерде өлім туралы түсінік қалыптаспайды, олар оның мәнін түсінбейді.
Суицидтің ресми статистикасы мен оның нақты сандары арасында айтарлықтай айырмашылықтар бар (мөлшерлеп алғанда 4 есе), себебі онда суицидтің нақты жағдайлары ғана ғана тіркеледі. Сот сарапшыларының пікірінше, былайша айтқанда «бақытсыз жағдайлардан болған өлімдердің» басым бөлігінің себебі болып (дәрі-дәрмектің мөлшерден тыс қолданылуы, құрбандары бар автокөлік апаттары, биіктен құлау және т.б.) шын мәнінде өз-өзіне қол жұмсау табылады. Сонымен қатар, әртүрлі есептер бойынша аяқталған өзін-өзі өлтірулерден қарағанда саны 10-20 есе асатын суицидтің сәтсіз аяқталған талпыныстарын ешкім де тіркемейді. Өз-өзін өлтіруге тырысып, тірі қалған төрт адамның ішіндегі бірі ғана кәсіби денсаулық сақтау жүйесіне тап болады екен.
ДДҰ өз-өзіне қол жұмсаудың 800 себебін тіркеген. Солардың ішінде:
41% — белгісіз; 19% — жазалау алдындағы қорқыныш; 18% – жан азабы18% — үйдегі қапа; 6% — құштарлық; 3% ақша шығыны; 1,4% — өмірге асыра қаныққан; 1,2% — тән аурулары.
Көбінесе көктемде, табиғат, жер әлем жайнап гүлденіп жатқанда ішкі жан қайғысы осы кезбен үйлесім таба алмай өзіне-өзі қол жұмсау жиі болады екен.

Балалар мен жасөспірімдердің суицидтік мінез-құлқының ерекшеліктері

Бала әр уақытта өзіне эмоционалды қолдауды қажет етеді. Айналада, болып жатқан құбылыстар балаларды сөзсіз қызықтырады. Ғалымдар қазіргі даму заманында баладағы танып, білу, үйренісу, ойнау сынды балалық шақтың белгілері жедел жүретінін айтып жатыр. Алғашқы сана-сезім, таным балада сөзсіз ең алдымен отбасында қалыптаса бастайды. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дейді халық даналығы. Баланың дара қасиеттерін қалыптастыруда отбасы үлкен мүмкіндіктерге ие. Олар күнделікті отбасылық өмірде, отбасының дәстүрлері мен адамгершілік ұстанымдары, шежіресі мен тарихы, отбасы мүшелерінің ортақ қызығуы және мақсат-мүдделері арқылы іске асады. Отбасындағы әлеуметтік нормаларды меңгеру барысында балада өзін-өзі қабылдауы және «мен» деген түсінігі пайда бала бастайды. Сондықтан қарым-қатынас – баланың психикалық дамуының негiзгi факторы, әрi шарты. Қарым-қатынас: жылы сөз, мақтау, марапаттау, еңбекке баулу, білімге үйрету, аялы алақан, қамқорлық, т.б. Осы қажеттіліктерді бала отбасынан бойына қажетінше сіңірген болса, ешқандай жаман ойларсыз, болашаққа сенімді қадам жасайды.
•Мектепке дейінгі жастағы бала-ларға өлім туралы ойлану тән емес, алайда бұл тақырып олардың назарынан тыс қалмайды (ертегілер, өмірдегі оқиғалар).
• 5 жасқа дейінгі балалардың суи-
цидтік мінез-құлығы өте сирек кездесетін жайт.
• Төмен сыныптардағы оқушылар арасында, негізінен 9 жастан кейін, суицидтік белсенділік орын алған. Ең төменгі жас шамасына жалпы балалар суицидінің тек 2,5% ғана келеді. Балалардың суицидтік мінез-құлқының ауыр психикалық ауруға немесе реактивтік торығуға сирек байланысты болады. Жағдайлардың басым көпшілігінде ситуацияға қарай жауап әрекеті, көбінесе наразылық әрекеті орын алған. Жағдайлардың 80%-нда олардың себебі болып отбасы ішіндегі шиеленістер табылады.
• 10-12 жастағы балалар өлімді уақытша құбылыс ретінде ғана бағалайды. Өмір мен өлім ұғымдары ажыратылады, алайда, өлімге деген эмоциялық көзқарасыөз тұлғасынан абстракцияланады. Өз өліміне бас-қаалардың жауапты әрекетін көруге ұмтылыс немесе «екінші рет туылуға» деген үміт балалар мен жасөспірімдер арасындағы суициденттерге тән. Өлім
туралы ойлар балалық шақ бойы бірнеше кезеңнен өтеді: бала санасында өлім туралы түсініктің мүлдем болмауынан ол туралы өмірден кетудің атрибуттары қосылған (траур, жерлеу және т.б. түсініктер) формалдық білім алуға дейін.
• Жасөспірімдің жас шамасының түрлі кезеңдерінде — ерте (12–14 жас), орта (15–16 жас) және жоғары (17–18 жас) – девианттық мінез-құлықтың қалыптасуы мен көрініс алуының физиолгияллық, психологиялық, тұлғалық және жеке қасиеттеріне байланысты өзіндік ерекшеліктері болады.

Балалар мен жастардың өз-өзіне қол жұмсау себептері
Жас жасөспірім кезінде өз-өзіне қол жұмсау әрекеттері, алдын ала жоспарланбайды. Жазалау қаупі төніп тұрған кезде өз-өзіне қол жұмсау әрекеттері қолға түскен алғашқы нәрселердің көмегімен жүзеге асырылады. Осы топтағы жасөспірімдерде ө өз-өзіне қол жұмсау әрекетінің ауыр медициналық салдары болмайды. Бұл – өлімге бас тігудің шынайы талпынысы емес, тек жанжалдан қашу, қиын жағдайдан басын алып қашу ниеті.
Өз-өзіне қол жұмсаудың жалпы себебі тұлға мен оны қоршаған жақын ортаның өзара әрекеттесуі бұзылу, психикасын жаралайтын өткір жағдайлардың әсері салдарынан әлеуметтік-психологиялық бейімделмеушілік болып табылады. Алайда жасөспірімдер үшін бұл жан-жақты бұзушылықтан бұрын жақындарымен, отбасымен қарым-қатынастың бұзылуы болып табылады.
• Ата-аналардың ішімдікке салынуы және психикалық жағдайының нашарлығы;
• Ата-аналары мен туысқандарының өз-өзіне қол жұмсауы;
• Жетімдік;
• Толық емес отбасы. Отбасында әке не, шешенің қайтыс болуы. Болмаса ажырасқан отбасы;
•Дұрыс емес тәрбие – автори
тарлық, үлкен кісілерді сөзсіз тыңдау, тыйым салу, қатыгез қарым-қатынас, жеткіліксіз немесе шамадан тыс қамқорлық;
•Психикалық жарақаттар – мектеп-тегі және басқа;
• Қатарластары арасында беделінің жойылуы;
• Психобелсенді заттарды пайдалану;
• Туа біткен физикалық кемшіліктер және осыған байланысты ауыр қамығу;
• Туа біткен психикалық аурулар (ақыл-ойы кемістігі, эпилепсия, шизофрения және т.б.).
• Ересектер тарапынан шынайы тілектестіктің болмауы;
• Жалпы өмір ағымының шапшаң өзгеруі, ертеңгі күнге деген сенімсіздік, өмірдің мәнін жоғалту
• Әлеуметтік-экономикалық тұрақ-сыздық. Қызыққан дүниелеріне еш-қашан қолы жетпейді деп ойлау;
• Ата-аналардың ішімдікке және нашақорлыққа салынуы;
•Жасөспірімге қатыгез қарым-қатынас, психологиялық, физикалық
және сексуалды зорлық;
•Жасөспірімдер арасындағы наша-қорлық және маскүнемдік;
•Адамгершілік, этикалық құнды-лықтардың болмауы;
• Өз-өзін төмен бағалау, өз-өзін анықтаудағы қиындықтар. Өзін өзі ең ұсқынсыз, ең икемсіз жан ретінде сезіну:
• Эмоционалды және интеллектуалды өмірінің жұтандығы
• Жауапсыз махаббат
Жасөспірімнің өз-өзіне қол жұмсау қаупі туралы хабар беретін белгілер:
Эмоционалды: дәрменсіздік, күдер үзу, елеусіздік сезімі. Қайғыру, торығу (көңіл-күйінің төмендеуі, ұйқысының бұзылуы). Жеңілу, сәтсіздікке ұшырау, өзін кінәлі сезіну. Шамадан тыс қорқыныш пен уайымдау. Өзінің сыртқы түріне қалай болса, солай қарау. Жалғыздық, ешкімге керек болмау сезімдері.
Күнделікті ортада уақыт өткізгенде, бұрын қуаныш сыйлайтын жұмысты орындау барысында ішінің пысуы. Өлім туралы ойлану. Болашаққа жоспарының болмауы. Түкке тұрғысыз нәрселерге ашулану.
Ауызша: өз-өзін кінәлау. Өзінің дәрменсіздігі, өмірмен қош айтысқысы келетіндігін айту. Қоштасу. Нақты өз-өзіне қол жұмсау жоспары туралы хабарлама.
Өз-өзіне қол жұмсайтын адам-дардың 80% өз ниеттері туралы қоршаған ортаға белгі береді. Бұл ретте ақпаратты беру жолдары ұзақ, әртүрлі болуы мүмкін.
Өз-өзіне қол жұмсаған әрбір адамның айналасында орта есеппен алғанда оның өлімі ауыр жан жарақаты болып қалған 6 адам бар.
Қоғамдағы ең қымбат қазына – адам. Адам өмірін сақтау және оны қорғау мемелекеттің әлеуметтік саясатының басым бағыттарының бірі. Осы мақсатта суицид мәселесін қоғамда, әсіресе жеткіншектер арасында болдырмауға барынша күш салуымыз керек.
Суицидке баратындардың ой-санасы тарылады, қараңғыда адасып жүрген адаммен бірдей жағдайда қалады. Мұндай кезеңде ең басты қажет нәрсе қолдау. Жасөспірім мен жастар достарындағы өзгерістерді байқағыш келеді. Бірақ олардың мұндай істе тәжірибесі жетіспейді әрі өздері де достары сияқты эмоцияға берілгіш болады. Сондықтан терең депрессияға түсіп кеткендерді байқағанда мамандарға қоңырау шалу қажет. Қазір елімізде психологиялық көмек орталықтары, уақытша қолдау мекемелері көбейіп келеді. Бірақ әлі де өзіне-өзі қол жұмсаудың негізгі себептері мен салдарларын теориялық тұрғыдан зерттеп, прфилактикалық іс-шараларды жүргізіп, осы мәселемен айналысатын маман кадрларды дайындау қоғамдағы үлкен қажеттілік.
Жастардың айналаны тануына, қоғамдық ортаға сіңуіне дәстүрлі дініміздің атқаратын қызметіне бей-жай қарауға болмайды. Дінімізде өз-өзіне қол салу – үлкен күнә. Бұл жөнінде Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Кім өзін темірмен жарып өлтірсе, темір ішіне қадалған күйі тозаққа кіреді. Ал кім у ішіп өлсе, жаһәннамда мәңгі сол уды ішеді, кім жардан өзін тастап жан тапсырса, тозақтың түбіне мәңгіліке тасталады»,– дейді.
Балаға ерте жастан иман негіздерін танытып, барша жақсылықтың да, жамандықтың да Алладан екеніне, олай болса шешімі де солай болатынына сенуге үйретсек, суицид сорақылығынан келешегімізді сақтап қаламыз. Бүгінгі бала – ертеңгі ел иесі, мемлекет болашағы. Сондықтан тәрбиемізді туралап, қолдау мен қорғауды күшейтпесек, ертең сан соғып қалмасымызға кім кепіл?

Әзірше ешқандай пікір жоқ.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз.

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *