ҚАЛҒАНЫН ӨЗІҢ ШЫҒАР… ҚАЛҒАНЫН ӨЗІҢ ШЫҒАР…
Сержан ШАКРАТ, 1939 жылы Маңғыстау облысы Үштаған ауылында туған. ҚР еңбек сіңірген қызметкері, Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваторияның құрметті профессоры, Маңғыстау облысының және Ақтау... ҚАЛҒАНЫН ӨЗІҢ ШЫҒАР…

Сержан ШАКРАТ,
1939 жылы Маңғыстау облысы Үштаған ауылында туған. ҚР еңбек сіңірген қызметкері, Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваторияның құрметті профессоры, Маңғыстау облысының және Ақтау қаласының құрметті азаматы, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері. «Күте тұрыңыз», «Маңғыстау күлкісі-1», «Маңғыстау күлкісі-2» атты әзіл-оспақ кітаптарының авторы.

 

 

Ертеде, өткен ғасырдың 50-жылдарында Маңғыстауға атақты қазақ кеңес жазушысы Сәбит Мұқанов келіп, бipaз күн құрметті қонақ болды. Елді аралағанда бip жолбасшысы Форт-Шевченко ауданының екінші хатшысы Алым Жаңбыршин ағамыз болған. Осы Алекеңнің С.Мұқановтан ecтiгeн бip әңгiмeci еске түседі. Әңгіме жыр алыбы Жамбыл Жабаев туралы болған.
Бip мерекенің алдында орталық «Правда» газетінің редакциясынан халық ақыны Жабаев бip өлең арнап жіберсін деген сұраныс түскен.
– Жәкеңе маған баруға тура келді. Әлім-берім бip шамаданға көйлек-көншек, мата-мұта салып, аздап қаржы алып шықтым. Ceбeбi, шал сыйлық әкелгенді жақсы көреді – бала сияқты адам, – деп күледі Сәбит. –Төсегінде теріс қарап жатыр екен.
– Ассалаумағалейкум!
Жәкең маған бұрылып, сәлемімді алды да:
– Ә-ә, Балуан Шолақ екенсің ғой, – деді (мені Балуан Шолақ деп атайтын).
Мен амандық-саулық сұрасқаннан кейін оған:
– Уа, сізге Сталин жолдас сәлем айтып жатыр, бepiп жіберген сәлемдемесі де бар (шамаданды нұсқап қойдым) және сізден алдағы мерекеге бip өлең сұрайды, – дедім.
Жөкең көңілденіп тұрып отырды.
– Апыр-ай, Стәлін жолдасқа талай өлең шығардым, өзi өлеңге тоймайды екен, – деп бipқойды. – Дегенмен тағы бip өлең арнайын… – деп ойланып отырды да:
Стәлін басыңү лкен, мойның жуан,
Саған бүкіл қарайды 62 дуан…
Әй, енеңді ұрайын, Балуан Шолақ, Әpi қарай қалғанын өзің шығар! – деп қисайып жата кетті.
Дегенмен, шалды тағы ойландырып, бiз де көмектесіп, күткен мерекеге «Правда» газетінде керемет бip өлең шықты! – деп жазушы аңқылдап бip күлді-ай келіп…

Галстук таққан түйе

Маңғыстаудың Таушық мекенінде Өтелген Жайлиев деген қуақы кici өтті. Бірде соның бip түйeci жоғалып кетіп, іздеуге шығады. Жол бойымен келе жатса, бip орыс шофер айдап келе жатқан машина кездеседі. Соны тоқтатып, түйесін сұрайды. (Бұл да оның қулығы, әйтпесе былай адам орыстан түйе сұрар ма?)
– Вы мой верблюд видели?
Орыс күліп:
– Вот ты интересный человек, откуда я твой верблюд знаю? — дейді.
– Но мой верблюд такой известный, – деп қояды Өтекең.
– Чем он известный? – деп орыс қарқ-қарқ күледі. Ал түйенің мойнында қарғысы және үстінде жабуы бар көрінеді. Соны Өтелген былай түсіндіреді:
– Мой верблюд с галстуком и при зимной форме одежды!
Орыс күлгеннен машинасынан құлап қала жаздайды. Ойпыр-ай, өмірінде өзi галстук тақпаған мына қазақ түйесіне галстук байлаған ба? Киімнің қысқы формасы дейді. Не, түйенің басына құлақшын, аяқтарына байпақ кигізіп қойды ма екен? Ха-ха-ха!
Орыс Өтелгенді ұнатып, кабинасына отырғызып алады. Eкeyi жүріп келе жатыр. Бip кезде жолдың жақтауында жабуында баттиған «Өтелген» деген жазуы бар түйе кездеседі.
– Вот мой верблюд! – деп Өтелген қуанып кетеді. Шофер түйенің үстіндегі жазуды оқып:
– Что, его Өтелген зовут? – деп сұрайды.
– Не-е! Өтелген – это я. А для верблюда – это фамилия. Он мой верблюд, я папа! – деп Өтелген кеудесін соғатын көрінеді.
Не керек, сол жерде екеуінің әңгімесі, күлкісі жарасып, табылған түйені жуып, бip жартылық iшкeн дейді.

 

Өзің винәуат

Үстіртте шопандардың тойы болған. Ол бiтiп, тарқап жатса, бip шопан қызып алған, атына міне алмайды. Қайта-қайта үзеңгіге аяғын салып, итінеді, болмайды: Ақырында ол:
– Иә, Шопан ата, Пір Бекет, қолтығымнанбip демең! – деп ырғыса, атының ар жағына асып түскен. Орнынан тұрып жатып, айтатын көрінеді:
– Әй, шалдар-ай, жайлап деме-сеңдер қайтеді, тіпті қатты кеттіңдер ғой.
Сонда қасында тұрған басқа шопан әлгіге ұрсыпты:
– Өзің винәуат! Бір атқа мінгенге екі шалды қатар шақырып нең бар еді! Бipeyiн шақырсаң да, жарайтын еді ғой…

Шаңырақ көтергенде

Жаңбырбаев Бисен деген белгілі кici Бесқаладан ағаш үйдің сүйегін алдырып, сыртқы жабдығын ақ киізден дайындатып, үй көтерейін деп жатқан еді. Шаңырағын ақсақал аға Құлшекең көтерсін деп, сол кiciнi шақыртыпты.
Жаздың күні, Құлшекең ақ көйлек, ақ iш киіммен ғана келген. Шаңыраққа бақан тipeп, «әуп» деп көтере бергенде, өзi тұлғалы толық адам, мықынына күш түсіп, iш киімінің бауы бырт етіп үзіліп, шүберек аяғының басына түсіпті. Уық байлауға дайын тұрған әйелдер тepic қарап қаша бастаған. Сонда Құлшекең:
– Әй, қарақтарым-ай, енді бip лыпа түcтi деп, інімнің шаңырағын ортаға түcipeтiн жағдайым жоқ. Ұялмаңдар, артымды айналып, уықтарыңды байлай беріңдер, – деген екен. Бipaқ соның арасында Бисен үйіндегі келіні бip кең шапанды алып жетіп, шалға алжапқыш қып байлап, артынан соны иығына жауыпты.
Сонда Құлшық:
– Көрдіңіз ғой, бізге шапан әуелі бөксеге, сосын иыққа жабылады, – деп күлдіріпті.

Төкең біздің мерген ғой

Бірде Маңғыстау аупартко-мының бірінші хатшысы Төлеген Қағазов бipaз қызметкерлермен жұмыс бабында ауылдарға шығып, соның арасында жол-жөнекей аң аулауды да қызықтаған.
Сенек ауылының маңында бip қасқыр тап болып, соны Төкең атып алыпты. Қасқырдың арт жағынан оқ тиіп құлапты. Қызметкерлердің iшiндe Ғизат Әбілтаев деген ақын бар екен. Соған хатшы айтыпты:
– Ғизат, көрдің ғой менің қасқырды қалай атқанымды, соған бip ауыз өлең шығармайсың ба? — деген. Ғизат сәл ғана ойланып, бip шумақ өлеңді ақтара салған:
Шыға келдік Сенектен,
Қасқыр қашты кенеттен.
Төкең біздің мерген ғой,
Атып салды …нектен.
Жұрт қыран-топан күліп жатыр. Төкең ақынға ескерту жасаған.
– Шырағым, мұны енді ешкім естімесін.
Ғизат айтыпты:
– Мына ecтiп тұрғандардың аузына қалай қақпақ боламыз?
Айтқандай-ақ, мұндай сөз тұра ма, елге тарап кеткен.
Содан бipaз уақыттан кейін Тө-еңнің үлкен мерейтойы болған. Жиында мадақ сөздер айтылып, соның арасында Оразаухан Ізбасаров деген тілші қаламгер де сөйлеп, сөзінің соңында былай депті:
– Бұл Төкеңнің мергендігі де бар. Ғизат деген ақын оған мынадай өлең шығарған:
Шыға келдік Сенектен,
Қасқыр шықты кенеттен.
Төкеңбіздің мерген ғой,
Атып салды…
деп сәл тоқтапты да (жұрт мына Оразаухан бүлдірді-ау деп тынып қалған), …жүректен! – деп аяқтаған. Өлеңнің мән-жайын білетін халық сол жерде Оразауханның өзгертпесіне мәз болып ду күлiпті.

Шайтан бала

Сәденнің ауылы Бозашыдағы құм-дауыт бip жайлауда еді. Он жасар баласы Ордан орталықтағы оқуынан үйіне каникулға келген. Біраздан кейін iшi пысып, нағашысының ауылына барғысы келді, ол осыдан жиырма шақты шақырым жерде. Әкесіне апар деп қыңқылдап еді, оның қолы тимеді, қапылыс ici көп.
Сөйтіп жүргенде ауылға Божбан деген шал келе қалды, астында мінген сары атаны бар. Шамасы, жолшыбай соққан, әpi қарай кете бермек. Осы үйден терлеп-тепшіп шәй iштi, аз ғана мызғып дем алды. Енді жүруге айналғанда әке-шешесі одан Орданды алып кетуді сұрады. Cipә, жүретін жолы нағашы ауылының тұсынан өтетін болса керек. Шалы түскір қатыгез, көңілі тар, нашарлау жан екен, өтінішті қабыл алмады.
– Ол ауылға соқпаймын және атаным әлсіз, – деп сылтауратты. Үлкен кici болған соң, бұлар көп зерттеп жатпады. «Әй, тағы бip peтi болар немесе папаң қолы тисе, өзi апарып келер», – деді шешeci.
Бip кезде Божбан жүруге дайындалды. Күздің күнi ғой, жылы киініп шыққан екен. Үлкен қара тон, ұзын желкелігі бар тымақ, оның салбыраған екі құлақтығын иектің астынан тас қылып байлады. Тонның сыртынан сулық шекпен, оның бүркеншігін де тымаққа кигізіп, бауын тартып байлағанда тек екі көзі мен мұрны көрінетін тұлып сияқты болды. Бipқызығы, енді ол арт жағында жау шауып келе жатса да, сезбейтін еді. Miнe, осыны көргенде балаға бipқулық ой келді. Тез киінді де есіктіңқайырылысына жасырына қойды. Мұның ойы – шалға білдірмей артына мінгесіп, нағашысының ауылының тұсынан түсіп қалу.
Божбан шал үйден шығып, тал-таңдап, шөгіп жатқан түйесінің қасына барды. Айналшақтап қомын жөндеді. Енді атанға қонжиып мініп, «шу» деп тұрғызам дегенше, Ордан арт жағынан жүгіріп барып, түйенің көтшемайына отырып алды. Шал, сірә, сырт жағында не болып жатқанын көрмейді және естімейді де. Оған қолын, басқа еш жерін тигізбей, қомға жабысып, нық ұстап, жарбиып қалды. Ал атанға бәpiбip, бip әлжуаз баланы қауырсындай көрсін бе, тұрып тарта берді. Әке-шешесі Орданның осылай icтеп, мінгeciп кеткенін көрмей қалды.
Содан жүріп келеді, жүріп келеді. Шалдың Орданнан хабары жоқ, жалғыз өзіммін деп ойлайды. Кейде күбірлейді, арасында ыңылдап ән салған болады, онысы астындағы атанының ауық-ауық ыңқ еткенінен ұнамды емес.
Бозашыны көрсеңіз, ойдым-ойдым құм болар да, арасында ойық-ойық сор болар. Бұл да қазақ жазирасының бip жарасымы, ол дала пендесі үшін басқа жұрттың ну орманынан артық. Ашық аспанның астындағы көз жеткісіз көкжиек, шөлейттің шөбi, кекіліңді сипайтын саумал самал, құмның жықпылындағы алуан түрлі аң, жәндік. Бұл көpiнicкe опа жағып әрлендірейін дегендей жаратылыс әр жерге ақ таңдақ сор жасап қойған тәрізді. Осының да өзіндік сәні бар, Маңғыстау eлi үшін бұл біреулердің мақтаулы гүл-бақшасынан кем емес.
Мұндағы жолдар құм ішіндегі тепсеңді қуалап, сорларды жағалай жүреді. Сордың бeтi ақ жамылғы тұз болғанмен, асты шылқыған қара балшық.
Ел арасында сорда жын-шайтан болады деген әңгімелер бар. Біздің қазақ«қорыққанға қос көрініп», бip күтпеген жағдай кездессе, соны әр саққа жориды. Әлгі әңгімелер сондайдан туындайды.
Бала жасырын мінгескен жолау-шы атанымен бip балшық сорды ернеулеп келе жатыр еді. Түйенің біркелкі итіңінен ұйқысы келіп мүлгіді ме, әлде көзі көрмей, бұл сорды құрғақ деп ойлады ма, Божбан кенеттен түйенің бұйдасын сорға қарай сілкіп жібергенін өзi байқамай қалды. Бас білетін жануар бұрылып сорға кіре берді. Бipaқ аз ғана жүргенде-ақ толарсақтап сорға батып, тайғанақтап секеңдей бастады. Бip тайғанында ошарылып қала жаздап, бөксесі шойтаң еткенде, Ордан ұшып кетті. Күш салып, көп тырмысып отырғаннан қолдары талып қалса керек, ұстағанынан айрылды да, шырқ айналып барып, сорға шылқ ете түcтi. Тас төбесінен құлап, бөркі тамағының астынан байлаулы еді, сол бөркімен сорға кеудесіне шейін кipiп кетті. Ycтi-басы түгелдей балшық болды. Жалма-жан ұшып тұрып, ойбайлап Божбанның соңынан жүгіре жөнелді. Қорыққаннан бақырып жылап келе жатыр. Бөркі, басы сабалақ-сабалақ, қап-қара, киімдері сылпандай, балшық сорғалап жүр. Сиқы шайтаннан аумайды, бөркіне ұйысқан балшық тұқыл мүйіз сияқты, ал беліне байлаған жіп артынан салбырап, құйрықшық, icпeттi.
– Ата! Тоқтаңыз! Божеке! — деп аңырап айқайлап келеді. Ол ecтiмeйді. Тек тепсеңге шыққан жануар ирек мойнын бұрып бұған алая қарады. Бірдеңе сезгендей Божбан да қорбиған денесін зорға бұрып, Ордан жаққа көз қиығын салды. Сол-ақ екен шошып кетті!
Әyeлi тілi байланып, үнi шықпай қалғандай. Тыпыршып тебініп, түйені қамшылай береді. Біраздан кейін ғана тұттығып, былдырлай бастады.
– Ашадан-ашадан! Тіпә-тіпә! Кет-кет! Лә илә! Лә илә! Бала өкipiп, екі етек болып келеді.
– Тоқтаңызшы, атажан! Тастамаңыз мені!
Бipaқ оған қарайтын Божбан жоқ, бұл оған шайтанның сықылығы болып естіледі. Анда-санда артына көз қиығын салады да, зәре құты қалмай ілгepi ұмтыла түседі.
– Тіпә-тіпә!!! Лә илә илалла, Мухамбет рә сулалла!
Кәлимасын зулатып қайта-қайта қайырып келеді. Кәлима қайырса, шайтан жоқ болып кетеді деген бар. Соны күбірлеп айтып-айтып, бұрылып артына қарайды. Ал бұл калима түгілі, дәл қaзip Құранды түгел оқып шықса да, жоқ болатын емес.
Соңынан жүгіріп келе жатқан үcтi-басы алба-жұлба құбыжық пәледен үpiктi ме, әлде Божбанның қамшысы өтіп кетті ме, атан бip кезде тапырақтай жөнелді. Божбан түйеге көп мінген әккі адам ғой, құламады. Жалп-жалп етіп кете барды. Оның түйеден түсіпқалмағаны жақсы болды. Бейшара «шайтан қуып» келе жатқанда, онымен бетпе-бетдалада қалса да, не жүрегі жарылып өлер еді, не жынданып кетер еді.
Божбан түйeci тапырақтап, ұзап кетті.
Енді Орданда шынымен зәре жоқ, ceбeбi тiптi жалғыз қалды. Шайтанға шайтан үйір дейтін еді, мына түрімен оны өз ағайынымыз деп, сордың шайтандары жинала ма деп, жүрегі ұшады.
Бебеу қағып жандәрмен күн бipқырат құмға шыға келіп, қуанып кетті. Нағашысының ауылы анадайдан көрініп тұр. Божбан да сол ауылға барып қалыпты. «Шайтанмен» кездескеннен кейін бағытын өзгертіп, осы ауылды паналап, жүрегін басайын дегені.
Ауылға түйeci тапырақтап, суыт келген адамды көpiп, мұндағылар таңқалысады.
– Әй, мынаның eci дұрыс па?
– Мынадай әулекіні кім көрген?! – деседі.
Божбан түйеден домалай түciп, аяғына тұра алмай, тыпырлап тоң-каңдап кeлeдi.
– Ойбай, құтқара көріңдер! Meнi шайтан қуып кeлeдi!
– Не дейді?!
– Қайдағы шайтан?!
– Әне, әне! – Божбан қолын шошайтып, келген жағын көрсетеді.
Шынында да, даладан қап-қара болған бірдеңе осылай қарай салып кeлeдi. Енді ауыл саса бастады. Айқай-шу, қарбалас басталды да кетті. Әйел байғұстар, әншейінде қорқақ нәзік қасқалар, аптығып кeттi. Сүрініп-қабынып, еркектеріне жаутаңдайды. Ал еркектері бұлардың етектеріне кipiп кетуге дайын сияқты. Алдында ғана шіреніп, әлде кімсіп жүрген немелер енді не icтepiн білмей, жалтаңдайды. Әйелдердің, бала-шағаның шуылынан құлақ тұнады. Құдай сақтағанда, осы кезде ауылда екі қабат әйел жоқ екен, әйтпесе талай түciк болары хақ.
Ал «шайтан» ауылға жақындап қалды. Оныңұсқыны айқын көpiнe бастағанда ауыл одан сайын әбігерге түсті.
Киім малшынған батпақ енді сорығып, ұйысқан жүн секілді сылдырмақтанып, үрпиіп жалбырайды. Жылағаннан бет-аузы айғыз-айғыз, адам қорқатын. Екі көзi қызарып, өңменнен өтіп барады.
Жұрт енді жапа-тармағай қашып, тығылатын жер іздейді. Тұскиіздің, кілемнің сырты, кебеженің, теңнің артына жасырынып жатыр. Tiптi, ауылдыңиттepi де әншейінде бейтаныс бipey келсе, шабалаңдап алдынан шығатын көпектер бұл жолы «шайтанға» қарай баспай, құйрықтарын бұтының арасына тығып кыңсылайды.
Кемпірлер Божбанды қарғап жатыр.
– Шайтанды ертіп келген албасты, осының өзі шайтан! – деп кіжінеді.
Ал ол бейшара дірілдеп-қалтырап өлуге айналған.
– Ойбай, құтқарыңдар! Келді ғой мені қуған шайтан! – деп қақсайды.
Біреулер қапылып молда іздеп жүр.
–Осы ауылдың молдасы қайда? Мына шайтанға қарсы неге оқымайды?
Сөйтсе, молда жайнамазын басына бүркеп, бip үйдің ipгeciнe тығылып жатыр екен. Сирағынан сүйреп тұрғызып еді, мүләйім сақалы шошаңдап кемсеңдеп қоя берді:
– Манадан бepi оқып жатырмын, мынаған түк өтпейді! – дейді.
Ордан нағашы атасының үйіне кipiп келгенде бәpi тым-тырыс, адамдар тапқан қуыстарына тығылып қалған. Ал жасырынбағандар «басымнан артым садақа» дегендей бастарын бірдеңемен бүркеп алған да, бөкселері ашық тоңқайып жатыр. Бастарын құмға тығатын Австралияның түйеқұстары сияқты.
Ордан «Нағашы ата!» деп өксіп айқай салды. Тым-тырыс, ешкімнің сөйлеуге дәрмені жоқ. Тек тұншыға булығып, біреулер сыбырлайды:
– Баланың даусын салады, зымиян.
– Өтірік жылайды-ай…
– Шайтанда да нағашы болады екен-ау.
– Осының нағашысы Божбан емес пе? Соны қуып, іздеп келді ғой…
Ордан тағы айқай салды:
– Нағашы ата! – еңіреп жылап тұр.
Орданның нағашы атасы Бекен қария басын көтepдi:
– Әй, осы Орданның даусы ғой… Орданжан!
– Иә, мен ғой, ата! Божбанға мінгесіп eдім, copғa түсіп кеттім! – булығып кеп өкіреді.
Бекен қарт енді жүрексінбей-ақ, «шайтанның» қасына барып, оған үңіле қарады.
– Халайық, бұл Ордан жиен! Ешқандай да шайтан емес! – деп жар салды.
Жұрт жыбырлап орындарынан тұра бастады. Індерінен шыққан саршұнақтарға ұқсап, жиналып келіп жатыр. Соның арасында Бекен жиенінің балшық болған бөркін, сыртқы киімін шешіп, беті-қолын жуғызып еді, әлгі шайтанның орнына тым сайлы Ордан деген бала шыға келді.
Бүкіл ауыл айран-асыр күліп жатыр. Тек Божбан ғана таңданып, бұған көзін сүзе қарап:
– Өй, шайтан бала, — деді.
Сонда Ордан оған мынадай сөз айтты:
– Божеке, ciз іштарлық етпей, мені түйеге дұрыс мінгестipiп алғанда бұлай болмас еді… – деді де, қысқаша не болғанын түсіндірді.
Енді сөзге нағашы атасы араласты.
– Божбан әуелден өзi сондай шайтан адам. Дегенмен сазайын бepiп, қорқытқан екенсің! Ал нағашың аулына да жиендігіңді жасадың, жарайсың! Ха-ха-ха!
Ауыл енді көңілденіп, гулеп кетті.

Артық қатын, бала

Өткен ғасырдың 20-шы жылдарында Ақкетікте ревком съезі өткен. Ойылдан ревком төрағасы Тобанияз Әлниязов келіп, баяндама жасайды. Төңкеріс берген құқықтар және кезеңдегі жағдай жөнінде тартымды етіп сөйлеген. Оны заманындағы ауызды, шешен тұлғалардың бipi деседі.
Баяндамадан кейін, cipә, сұрақ-тар қойылады. Бәріне Тобекең тыңғылықты жауап бepiп жатыр. Бip уақытта Жөке деген кici қолын көтepiп, орнынан тұрып, сұрақ қояды:
– Уа, Тобанияз! Әйелдер теңдігі дейсің, бipaқ өзіңнің үш қатының бар. Ревком жолдас, өзің бас болып, әйелдер теңдігін аяққа басып отырсың ғой. Бұған не дейсің?
Жұрт жабырлап күліп жатыр. Әcipece, Тобаниязға қарсылар мәз болуда.
– Иә, дұрыс айтасың, Жөке, — депті Тобанияз, – «Әкемнің өлетінін білсем, өзбекке сатпас па едім»дегендей, мен революция болатынын білсем, артық қатын алар ма едім.
Бәpi төңкеріске дейін болған. Енді бұл революция жалғыз қатын алдырады деп, артық қатын, бала-шағаларымды қаңғыртып жіберейін бе? Сол дұрыс бола ма, Жөке? Қазір жетім-жесірлерге қамқорлық жасау керек дейміз, ал енді, керісінше, өзім оларды қолдан жетім-жесір етіп, қоя берейін бе? Сонда олардың күні не болмақ? Жөке, мысалы, сен менің артық қатын, балама иелік етіп, асырайсың ба? Айтшы, Жөке, алсаң, берейін! – дегенге жұрт ду күліп, Жөке үнсіз отырып қалыпты.

Өй, пұшық!

Маңғыстаудың әу бастан Жың-ғылды деп аталатын ауылы Куйбышев болып келді. Бұл күнде көнекөз қарттар баяғы еciм берілген кезді еске алып, күліп отырады.
– Cөзiмiз ауыр болмасын, біз Куйбышевті шет көрмейміз. Бipaқ орынсыз ат қою, оны халықтың түсінбеуі, тiптi күлкілі болды, – дейді олар. Әңгіменің мән-жайына қаныға келе, мен де оған қатысты тарихты естіп, ішек-сілемнің қатқаны бар.
Отызыншы жылдардың ішінде, дәл қай жылы екенін шалдар естеріне түcipe алмайды, кенеттен Жыңғылдының аты өзгеретін болыпты деген хабар шығады. Сондағы бұл ауылда өpбiгeн сөздер былай болғанға ұқсайды:
– Естідіңдер ме, біздің Жыңғылдының атын өзгертеді дейді!
– Мәссаған, о кімнің к…не кіріпті?
– Үндеме, қасқа ұсталып кетерсің!
– Иә, қандай ат қоятын болыпты?
– «Өй, пұшық», — дейді.
– Немене, немене?
– Өй, пұ-шық! Түсіндің бе?
– Кім пұшық?
– Кім емес, Жыңғылды пұшық.
– Құдай-ай, мынау қорлық екен, басқа ат құрығандай пұшығы нeci-ей?
– Сонда жоғарыдағылар біздің бәpiмiздi пұшық деп ойлағаны ма?
– Иә, Жыңғылды түгелдей пұшықтар ауылы – дегені ғой, келіп көрмей ме екен, тіптi Стәліннің өзінің тұмсығынан да салбыр дүниелерді көрсетер едік! О, нeci-ай!
– Ойбай, сормаңдай, жап аузыңды, ұсталып кетерсің!
– Әй, «Өй, пұшық» емес, «Қой, пұшық» дейді ғой.
– Тағы не дейді! Қойдың да пұшығы бола ма? Шығарар-ау бұлар.
– Енді өзіміз емес, қойымыз да пұшық дей ме?
– Жо-жоқ, тұра тұрыңдар. «Өй» де, «қой» да емес, «Көй пұшық» дейді.
– Астағыпыралла! Мынау тiптi сорақы екен!
– Ха-ха-ха! Көрсетер ме еді оларға пұшық көйді!
– Жіберсін салыстыратын адамын, мен-ақ шығайын көpiнicкe!
– Тәйт-әй! Ұсталып кетесің, айтпа ондай сөзді. Аузыңа ие бол!
– Қасқалар-ау, байқасаңдаршы, бұлар шырқыратып айдап жатыр ғой!
– Әй «пұшық» емес, «пішіп». «Көй пішіп!»
– Біздің сүндетімізді айтқаны ма?
– Өйт деген-ай! Піштірілген жалғыз бiз бе екен!
– Жо-жоқ! Пұшық! Көй Пұшық! Мен біліп келдім. Бұл «Көй Пұшық» деген Мәскеудегі үлкен бip бастық көрінеді, Стәліннің қасындағы.
– Не мұрны пұшық па екен?
– Жоқ, пәмиләсі солай… Көй-пұ-шық. Айтылуы осыған жақын, тек біздің тіліміз келмей тұр ғой…
Содан кешке үлкен жиналыс болыпты. Ауыл тұрғындарының бәpi келген. Уәкіл Жыңғылды атының Куйбышев болып өзгергенін және мұны үлкен дәреже деп, сол болмаса дүние қараң қалатындай-ақ, ақиланып тұрып құттықтады. Сосын шаруашылық мәселесіне ауысып, біріншіден, жұмысшы-шаруа кадрды көбейту керек, екіншіден, мал басын өcipy керек, – деп бipaз баяндама жасады.
– Ал сұрақтарың бар ма?
Жұрт қорқа соғып, мұның қай жағынан шығып кетеміз, – деп сұрақ та қоймады. Тек біраздан кейінбipкiciқол көтерді. Бұл ciңipi шыққан кедей, өте момын Қали деген шаруа еді. Өзi аңқау, тек peтi келгенде ақкөңілдікпен бip-eкі ауыз сөз айтуды жақсы көреді. Байғұс сол аңқау, ақкөңілдігі өзінің түбіне жететінін білмеді ғой.
– Уа, мына біздің Жыңғылды ауылы… – деп бастап еді, әлгі уәкіл сөзін бөліп жіберді.
– «Куйбышев» деңіз! Бұл жердің аты енді «Куйбышев».
– Ә-ә-ә… – Қали қапелімде абдырап қалды, – Иә, енді қайтеміз, Көйпұшық болса, Көйпұшық болсын, — деп еді, көпшілік ду күлді.Әcipece, жеңілтек бала-шаға жағы несіне қарасын, «Көйпұшық», «Көйпұшық» деп жырқылдап қоймады. Уәкіл желкесі күдірейіп, орнынан атып тұрды.
– Сен осы сөзің үшін жауап бepeciң! Ал айтатын сөзіңді тез айт!
Қали аузы аңқайып, сасып қалды. Дегенмен көкейіне келген сөзді айтпай қоймайтын аңқылдақтығымен былай деді:
– Уа, кәдрді, жұмыс жасайтын адамды көбейту керек дейсіңдер, бipaқ екі қатын алдырмайсыңдар. Бұл қалай?
Жұрт тағы күлді. Уәкіл апыл-ғұпыл жиналысты тез бітірді де, блокнотына қасындағылардан сұрап Қалидың аты-жөнін жазып алды. Ертесіне едірейген eкi конвой жетіп келді. Сөйтіп тiгepгe тұяғы жоқ қу кедей, көңілінде еш кіршік жоқ жан «халық жауы» болып кете барды. Қайтып оралмады. Қандай зар, азап көpiп, бейкүнә бейшараның нендей ғapiптiкпен дүние кешкені бip Алланың өзiнe аян.

Театрда

Маңғыстауда Шақарбаев деген өтipікшi адам болды. Оның айтқан бөспе әңгімелеріне ел қарқ болып күлетін.
– Бip жылы Мәскеуге бардым. – деп бастайды ол бip әңгімесін. – Үлкен жиналыс болған, соған қатыстым.
– Ол не жиналыс? Партия съезі шығар … – деп сұрақ қояды қулар жымыңдап.
– Иә, қай шияз екенін ұмытып қалыппын…
– Әй, Шақарбаев, сені съезге делегат болды деп естіген жоқпыз ғой…
– Өй, маған телигаттық неге керек? Стәлін жолдас өзi шақырды ғой мені.
«Жолдас Шақарбаев телигат болмасаң да кел, сен керексің» деді ғой.
– Апырай, ә?
– Сонда кешке жиналыстан қол босаған соң театрға бардым. Бip жақсы ойын жүріп жатыр. Сәлден кейін арт жағымнан жылаған дауыс естілді, бipey қорс-қорс етеді. Бұрылып қарасам – Крупская, тие берсін, марқұм Ленин көсемнің бәйбішеci. Tiптi ағыл-тегіл, дауыс ете бастады.
– Шақарбаев қайным-ау, ағаңның қайтыс болғанына бip жылдан асып кетті, әлі бата тигізген жоқсыз… ө-ө-өh…
Мен сасып, қапелімде не айтарымды білмей, бәпек болдым.
– Надя жеңеше, кешіре гөр, Маңғыстаудың алыс жер екенін білесіз ғой, тіпті peтi келмей-ақ қойды. Ағамыздың арты қайырлы болғай, — деп мен де жылап жібердім, — ө-ө-өһ…
Екеуіміз қосылып, боздап кеттік.
Бip уақытта: «Тоқтатыңдар!» деген қатты дауыс шықты. Шошып кетіп, жалт қарасам, айқайлап тұрған Стәлін жолдас екен.
– Жоқ, бұл сендерге емес, жылай беріңдер. Мен спектальді тоқтатып тұрмын, сендер мауқыларың басып, дұрыстап жыласын деп, – деді Стекең. Біз ол кісіге рахмет айтып, тағы бipaз көз суладық. Біз жылап болғанша Стәліннің бұйрығымен сахнадағы артистер мелшиіп үнсіз тұрды.

1-Май «пәдәркісі»

Ciз, құрметті оқушы, Ұлы Отан Соғысы кезінде немістің шығыс жаққа ең алыс тастаған бомбасы қайда түскен деп ойлайсыз? Әрине, Каспийдің солтүстігі, Еділдің о жақ, бұ жағы дейтін шығарсыз. Қателесесіз… Біздің Маңғыстауға, Таушық поселкесіне түскен! Иә, иә, мұны сол соғыс тарихындағы үздік оқиғалардың бipi деп, рекорд кітабына тіркеуге де болады.
Мен осы бомбылау болғанда төрт жаста едім, тек терезенің зірк-зірк еткені есімде. Есейе келе үлкендерден естігендерімді жазып отырмын.
1943 жылдың 1-мамыры, мерекелі күн. Соғыстан қажыған елдің көңілі көтерілсін деп Таушықтың «бәйгі төбесінде» ат шабыс ұйымдастырылды. Оған поселкенің барлық дерлік тұрғындары жиналып қызықтаған. Ойпыр-ай, бомбашы самолет сәл ерте келгенде осы көпшіліктің үстінен шығып, қырып салар ма еді? Майдандағы боздақтарды уәйімдеп жүргенде, артта қалған ата-ана, бала-шаға өздері шейт бола жаздады-ау!
Ел тарап, үйлеріне кipiп үлгергенде бip самолет көрінеді. Таушықтың тepicтiк жағындағы кірпіш зауытының тұсына екі бомбаны бipiнeн соң бipiн лақтырған. Ой, Құдай-ай, дүние жаралғалы Таушықта мұндай дауыс естілмеген шығар.
Күмп! Күмп!
Мәссаған, жұрт дүрлігіп бомбалар түскен жерге қарай әйда ағылсын. Қорғаныс күзетінің қызметшілері ойбайлап, оларға «бармаңдар» деп жалынады.
– Самолет қайтып оралып, тағы бомба тастауы мүмкін, қыры-ласыңдар! – деп зар қағады. Бipaқ оны тыңдайтын ел жоқ. Бәpi аспаннан бомба емес, бауырсақ жауғандай-ақ шауып барады.
Абырой болғанда самолет қайтып оралған жоқ.
Бұл кезінде қayiптi оқиға болғанмен кейін жұрт оны күліп еске түсіретін.
Бомбалар түскен жерде үңірейген екі қазан шұңқыр, жан-жағында тeмip сынықтар (осколкілер). Соғыста жауынгерлерімізді жайпап өлтіріп жатқан осы бәлелер. Бipaқ онымен жұрттың ici жоқ, сынықтарды неміс «папасының» шашып кеткен «кәмпитіндей» жинап мәз.
Анадай жерде екі адам теңкейіп жатыр. «Қасқалар өлген екен» деп жүгipiп барса, әйтеуір тipi екен, жарақаттары да жоқ. Бipi шал, бipi кемпір eкeyi талып қалған. Оянғанда естерін жия алмай, аң-таң, жынданудың аз-ақ алдында, меңірейіп отыр. Осылардың мінген түйесі ме, бip атан далаға шығынып кеткен, бұйдасын шұбатып әлi тапырақтап қояды.
Жұрт бұларды ортаға алып, «Кәне, не болды? Айтыңдар, не көрдіңдер?»-депқолқалайды.
Шал eciн жиып, ентігін басып, әңгімесін ағытты. Өзі тілінің мүкici бар, шәлдүріш сөйлейтін кici екен. Оған қиналмайды, бүкіл ел қоршап, мұның аузына қарағанға маңғазданып шүлдірлейді.
– Бiз мына кемпиіміз екеуіміз Қапыдан шығып Доллапаға қайай байатый едік. Осы кипіш («кірпіш» дегені) зауытқа жақындағанда би шәмөлет көйінді. Бұйынғы көйген шәмөлетiмiз сияқты емес, үлкендеу шәмөлет. Шыбын сияқты кішкентай әндібә («Ан-2» дегені) емес, тіпті басқа. Кемпиіміз екеуіміз атанның үстінде аузымыз аңқайып, аспанға қайап келе жатый едік, би кезде шәмөлеттен би нәйсе бөлініп шықты. Мына кемпиім айқайлап жібейді: «Пәдәйкі! Пәдәйкі!»
Кeмпipi cөзiн бөліп:
– Әй, шал-ау, «Пәдәркі» деп айқайлаған өзің ғой…
– А-а? Мен бе? Иә, мен екенмін-ау. Шынында да ойлап eдiм, үкімет биінші Май мейекесіне Таушыққа шәмөлетпен пәдәйкі жібейген екен, аш-жалаңаш біздейді аяған шығай деп. Мына кемпиім айтты: «пәдәйкі түскен соң, тез жинап алып, басқа адамдай келмей тұйғанда тайып тұйалық» деді, иә, алдың шонтайды, eh-eh-ehe, – деп кеңкілдеп күледі шал.
– И-и, өзіңғой, қақбас, қарқ боламыз деген, — деп кeмпipi күңкілдейді.
– Ойбой! Көзді ашып-жұмғанда «пәдәйкі» жейге түcтi де, ақый заман келгендей болды. Жейдің астынан жын шығып, қопайып тастаған сияқты. Атан үйкіп тапыйақтағанда, кемпій eкeyiмiз екі жаққа ұшып кеттік те, есімізден танып қалдық. Оянғанда о дүниеде жатый екенмін деп едім.
Осы кезде кемпір шыңғырып жылап қоя берді:
– О, тоба, бөмбi деген осы ма?! Сұмдыққой, мынау! Құдай-ау, соғыста менің жалғызым күнде осындайдың астында жүр ме, ойбай? Бұдан қалай тipi кeлeдi? A-ah-ah-a-a!
Бұған барлық әйелдер қосылып аңырай жөнелді. Қайтсін, бәрінің де майданда жандары бар ғой.
Соның арасында бip шал айқай салды:
–Әй, бipiншi бомбалағаннан кейін жаяу әскер мен тәнкі шабуылға шығатын көрінеді. Қашайық, тез кетейік! Жасырынайық!
– Ойбай, не дейді?!
Ендібәpi жалт бұрылып, үрейленіп солтүстік беттегі (самолет көрінген) Қапыға қарайды. Шал-кемпірлер көздері жетпей, сығырайып:
– Бicмiллә, ана пүшкі сияқты сорайған мойны бар тәнкі емес пе?
Жастар күледі:
– Жоқ, ол түйе ғой!
Ендібәpi асып-сасып, үйлеріне қарай жөңкілуде, арттарына алақтап қарап қояды.
Бip кeмпip келіп буынып-түйініп алған, кішкентай сәбиінepтiп, тауға кетемін деп қапылып жатыр.
– Ұлым соғыста, мынау содан қалған жалғыз тұяқ, енді осыны аман сақтауым керек! – деп зарлайды. Жұрт «артын бағып кідіре тұр» деп, зорға көндірді.
Бipaқ, Құдайға шүкір, бұл уақытта немістер Маңғыстауға келмек түгілі, өз жандарымен қайғы, кері қарай ығысып бара жатқан кез еді.
Ал самолет қалай келді, неге бомбалады? – бұл әлі жұмбақ. Таушық жер асып, әдейі келіп бомбалайтындай маңызды жер емес, тіпті түсініксіз… Арада Астрахань, Гурьев, Каспий-осының бәрінен өтiп,Маңғыстауда не өші қалған?
Бip қулар мынадай әзіл де шығарған:
Әуелі әлгі неміс самолеті Гурьевке (Атырау) келген екен дейді. Ондағы гурьевтік ағайындардың адайларды әжуа қылып, ойнайтындары бар. Солар есебін тауып, неміс ұшқышпен байланыс жасап, былай депті:
–Бізге тиме, ана жақта адай деген бip тентек ел бар. Олар баяғыдан жауға қасқайып қарсы тұрып келе жатқандар, соларды бомбалаңдар! – деп сілтеп қоя беріпті. Әлгі самолеттің қаңғып келгені содан екен, – деп күліседі.Әрине, бұл тек ойнақы әзіл ғана.
Кезінде бұл үpeйлi болғанмен өткеннен кейін пенде оны күліп еске алады.
Әй, бұл дүниенің мұңы мен күлкісі алма-кезек аралас-ау!

Ауру құдалар

Қыз ұзату тойы жүріп жатыр. Қалыңдық алып кетуге келген құдалар сыздиып отыр. Жақсы-жақсы тостылар айтылуда, бipaққұдалар iшімдіктіқолдарына алмайды, қанша зорласа да татпайды.
– Әй, құрметті құдалар, неге алмайсыңдар? Тойдың ырзығы, дәмнің бip түpi ғой. Көп ішіп, мас болу шарт емес, аздап ішсеңдерші,-дейді той иесі.
– Менің жүрегім ауыратын еді, -депті бip құда.
– Менің бауырым iciк, – депті екінші құда.
Осылайша қалай сұраса да, міз бақпай, «Үйбәй, аурумыз» дей берген.
Tiптi, болмаған соң бip ауыл ағасы тұрып:
– Уа, халайық бұл құдалар қыз алу үшін емес, ауру екендеріне бізге шағым айта келген екен. Шағымдарын қанағаттандырып, бұларды қайта-райық. Өлмелі құдалардың бiзгe қажеті жоқ. Барсын, емделсін, қызды жазылған соң келіп алар. Көксау, ас iшce, жан тапсырайын деп отырған бишараларға ертіп жiбepeтiн қызымыз жоқ. Кетсін, жолды ашыңдар! – деп айқай салған. Басқалары да мұны қолдап, даурығып жатыр. Сонда құдалар: «Әй, енді қинайсыңдар-ау», – деп, бip-бip рюмкеден тартып жіберіпті.
Сөйтіп басталған соң белгілі ғой, құдалар ақырында шатқаяқтап зорға аттаныпты.

Құрт қашса, сен неге қашпайсың?

Ержан хазіретке жан-жақтан көп кісілep келіп, діни дәріс алып, қол бepiп жүреді екен. Солардың ішінде Ырыспай деген кici жиі-жиі сыртқа шығып, от жанып жатқан ошаққа бара беріпті.
– Әй, Ырысжан, сен не ғып жүрсің? Оттың басына бара бepeciң, әйелдермен шүйіркелескендей ойың бар ма? –деп күліпті Ержекең.
Ырыспай шошып кетіпті.
– Астағпыралла, Ержеке, Құдай сақтасын, ондай ойым жоқ. Мен насыбайға салатын күл іздеп барамын, — депті Ырыспай.
– Ал насыбайдың қандай қасиеті бар?
– Ол құртты қашырады. Менің мұрнымның қышитыны бар.
Сонда Ержан хазірет айтыпты:
– И-и, Ырысжан-ай, сол құрт қашатын нәрседен сен неге қаш-пайсың?
Ырыспай дәл сол күннен бастап насыбай атуды тастап кетіпті.

Әзірше ешқандай пікір жоқ.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз.

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *