«Рухани жаңғыру»  аясында түлеген  Түркістан өңірі «Рухани жаңғыру»  аясында түлеген  Түркістан өңірі
Сабырбек ОЛЖАБАЙ, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның құрметті журналисі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы жарияланысымен, Түркістан... «Рухани жаңғыру»  аясында түлеген  Түркістан өңірі

Сабырбек ОЛЖАБАЙ,
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның құрметті журналисі

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы жарияланысымен, Түркістан облысының барлық аудандары мен қалаларында арнайы штабтар, орталықтар құрылып, жұмыс басталып кетті. Солардың бірі шағалалы Шардара ауданында бірқатар оңтайлы істерді көріп, көңіл сүйсінді. Айталық, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі аудандық «Рухани жаңғыру» кеңсесінің жұмысы 2018 жылдың 1 наурызынан басталған. Арнайы жұмыс жоспары жасалынып, бекітілген.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын түсіндіру жүмыстарын жүргізуде насихаттық топ құрылып, жұмыс кестесі бекітілген.
Жоспарға сәйкес барлық білім беру мекемелеріне «Рухани жаңғыру» бағдарламасьның «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасымен жұмыс жасау және үгіт-насихат жұмысын жүргізу бойынша жылдық, айлық жоспар таратылып, Қ.Аманжолов атындағы жалпы орта және Шардара мектеп-лицейінің базасында кеңейтілген жиналыстар өткізіліп, бағдарламаның мақсаты мен міндеттері кеңінен түсіндірілген.
Жастардың бойына өз еліне деген мақтаныш пен Отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастыруға бағытталған тәрбие сағаттарын тұрақты түрде өткізу, оқушыларды тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарға экскурсиялар ұйым-дастыру жұмысы бөлімнің, мектептердің жоспарына сәйкес өткізіліп келеді екен.
Жастардың ұйымдастырушылық дағдысын, белсенділігін арттыру, ерікті жастардың жұмысын жандандыру мақсатында Қызылқұм ауылдық округінде, Жаушықұм, Алатау батыр ауылдық округтерінде «Жастары белсенді елдің ертеңі жарқын» атты тақырыпта кездесулер мен 2 тренингтер өткізілген.
Кеңес әскерлерінің Ауғанстан Республикасынан шығарылған күні-не орай және Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай жастарды еңбекке баулу, үлкендерді сыйлап, құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында «Ардагерлер – асыл ерлер», «Ардагерлерді ардақтайық» атты тақырыпта акциялар өткізіліпті. Акция барысында бөлім, мекемеден шыққан ерікті жастар соғысы зардабынан қайтыс болған және әлеуметтік көмекке мұқтаж жалғызілікті ардагерлердің үйлеріне барып, сый-құрмет жасап, шаруашылық, тұрмыстық тағы басқа жағдайларына байланысты көмек көрсетіп қайтқан.
Алғыс айту күніне орай көршілер арасындағы байланысты бекемдеу және көршіні құрметтеу мақсатында еріктілердің қатысуымен қоғамдық орындар мен ірі сауда орталықтарында көршілер арасындағы сыйластық пен өзара түсіністік туралы «Көрші хақысы» атты ақпараттық парақшалар таратылыпты.
Сондай-ақ, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында және Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамына орай, ұлттық ойындарымызды дамыту, халқымыздың атадан балаға жалғасып келе жатқан өнерін бүгінгі ұрпақ бойына сіңіру, салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрпымызды насихаттау мақсатында Шардара қаласы, Төменгі тоғай аумағында (әуежай алаңы) «Теңге ілу», «Бәйге», «Аударыспақ» ойындарынан жарыстар өткізілген.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында жастардың шығармашылық ізденістерін дамыту, талантты жастарға қолдау көрсету мақсатында «Ауыл – жас таланттар ордасы» атты ауыл жастары арасында көңілді тапқырлар сайысы, Көксу ауылдық округінде «Жас келсе, іске!» атты тақырыпта КТК сайысы, Астана қаласының туған күніне орай Қ.Тұрысбеков, Достық ауылдық округтерінде «Арман қала – Астана» атты тақырыпта «Жайдарман» ойындарының іріктеу кезеңі ұйымдастырылыпты.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Бола-шаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында аймақтарды тазалауды және көгалдандыруды жүйелендіру мақсатында «Сенімді болашақ» жобасының шеңберінде ерікті жастардың қатысуымен Б.Саттарханов атындағы көше бойындағы шатқалға «Ерікті жастар ерлік көрсетті» атты ағаш отырғызу акциясы ұйымдастырылып, 1268 түп ағаш отырғызылған.
Сондай-ақ, «Рухани қазына» кіші бағдарламасы аясында ауылдың аумақтарын көгалдандыру, абаттандыру және санитарлық жағдайын жақсарту, туған жердің тазалығын сақтау, көгалдандыру жұмысымен шұғылдандыру және табиғатты сүюге, аялауға, қорғауға шақыру мақсатында барлық қала, ауылдық округтерде сенбіліктер ұйымдастырылып өткізіліпті.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында жастар арасында құқықтық мәдениетті көтеру, отансүйгіштікті, ұлтжандылықты, біліктілікті, тап-қырлық пен ұшқыр ойлықты, өз ойын жетік және дәлелдей білетін азаматтар даярлау, жастарды қоғамдағы өзекті мәселелерді қарастыруға, пікір алмасуға баулу мақсатында аудандық кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының мәжіліс залында «Жаңғырудың жарқын жолы жастардың қолында» атты тақырыпта пікірсайыс өткізілген.
«Туған жер» бағдарламасы аясында аудан жастарын тарихи орындармен таныстыру, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында «Ұзын ата» кесенесіне жастардың экскурссиясы ұйымдастырылыпты.
Суда түсу кезіндегі қауіпсіздік шаралары жөнінде және су тасқыны мезгілінде төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша ерікті жастардың қатысуымен түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, арнайы брошюралар таратылған.
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасы аясында жастардың танымдық көзқарасын, ой өрісін, дүние танымын кеңейту, облыстық, аудандық тарихи орындармен таныстыру, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық сезімді ояту мақсатында аудандық «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен «Тарихымды танып, білгім келеді» атты тақырыпта жастардың 2 күндік өңіраралық саяхаты ұйымдастырылған.
Жастар мен жасөспірімдер арасында қылмыс пен қүқықбұзушылықтың алдын алу, кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдердің ата-аналарының немесе жауапты адамдардың рұқ-сатынсыз түнгі уақытта жүруін қадағалау мақсатында ерікті жас-тардың қатысуымен рейд жұмыс-тары жүргізген.
«Кітап білім бұлағы» кіші жобасы аясында барлық білім беру мекемелерінде «Букроссинг» бұрышы орнатылып, кітапханаларда еркін кітап алмасу шаралары өткізілген. Қазіргі танда осы бағытта 9200 оқушы «Букроссинг» бұрышының қызметімен қамтылды.
Ауданның барлық мектептерінде «Лидер Raidег on» шарасы өтіпті. Шара барысында айдың үздік оқырманы, тоқсанның үздік оқыр-маны, жылдың үздік оқырманы анықталған, қортытындысында олар-ға марапаттар тапсырылған. Бұл шараға ауданның 12 000 оқушысы тартылған.
Мектеп кітапханаларын мульти-медиялық құралдармен жабдықтауға 17 млн 355 мың теңге жоспарланып, бұл толығымен орындалыпты.
«Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» кіші жобасы аясында Робототехника кабинеттерін ашу үшін 17 млн.535 мың теңге қаралған.
Аудандық білім бөлімінің «Мамандықтар әлеміне жол ашамыз» атты № 2062 санды жоспарына сәйкес «Бизнесс» кіші жобасы аясында жалпы орта мектептерде бизнес- клубтар ашылған. Қараша, ақпан, наурыз айларында кәсіпкерлермен кездесулер өткізілген. Б.Соқпақбаев атындағы орта мектебінің базасында «Кәсіптік білім алу және бизнес» атты кәсіпкерлердің қатысуымен дөңгелек үстел өткізіліп, іс-шараға 120 оқушы қатыстырылған.
«Мәдени конфессияаралық келі-сім» тақырыбында М.Горький атын-дағы орта мектебінің базасында түрлі ұлт өкілдерінің қатысуымен аудандық дөңгелек үстел өткізіліп, осы іс-шара аясында 22 аудандық балалар саз мектебінің базасында «Менің ұлы Отаным» атты өзге ұлт өкілдерінің қатысуымен патриоттық әндер байқауы өткен. Байқаудың жүлдегері Сыпало Алена аудандық білім бөлімінің мадақтамасымен марапатталды.
А.Әлімбетов атындағы орта мектеп базасында «Айналаға қара» кіші жобасы аясында «Отбасы бақыт мекені» атты семинар-кеңес өткізіп, бұл шараға аймақтағы 7 мектептің ата-аналар кеңесінің төрағалары, мектептердің тәрбие ісі бойынша орынбасарлары мен сынып жетекшілер қатысқан.
«Дарындылар елі» кіші жобасы аясында қалалық балабақшаларда «Театрдың ғажайып әлемі» атты айлық өтіп, онда балаларды сахнаға бейімдеу, театр өнері туралы балаларға таныстыру жұмысы жүргізілген. Айлық қорытындысында балабақшалардағы балалардың сахналандырылған қойылымдары арасында байқау өткізілген. Байқаудың жеңімпазы атанған «Балапан» балабақшасы жүлделі I орынға ие болыпты.
№ 12 жалпы орта мектебі базасында «Елімнің игілігі мен үшін, менің білімім Елім үшін» тақырыбында салтанатгы жиын өткен. Бұл шара барысында мектептердің патриоттық клубтары өздерінің арнайы дайындап келген бағдарламасын көрсеткен. 240 оқушыны қамтылған бұл шараның қорытындысында Жаушықұм мектеп лицейіне «Алғыс хат» тапсырылған.
«Алтын қазына» кіші жоба аясында «Отбасы бақыт мекені» атты аймықтық семинар өткізілген. Семинар А.Әлімбетов атындағы орта мектеп базасында өткізіліп, оған 23 мектептің тәрбие ісі бойынша орынбасарлары, сынып жетекшілер, ата- аналар кеңесінің төрағалары мен қыздар кеңесінің жетекшілері қатысқан. Семинар барысында тәрбиенің түрлі әдіс тәсілдері және «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы аясында 8 паралель сабақтар берілген. Семинарға 440 оқушы , 86 мұғалім қатысқан.
Аудандық жас туристер, натуралистер және техниктер станциясының базасында «Не? кайда? Қашан?» атты ток шоу өткізіліпті. «Ұлы өнертапқыштыққа жол ашу» кіші жобасы аясында өткізілген бұл шараға аудан бойынша 220 оқушы қамтылған.
С.Кәттабеков атындағы жалпы орта мектебінің базасында аудандық практикалық семинар өткізілген. Семинар барысында 12 сабақ көрсетіліпті. Сабақтардың барлығы «Туған жер» арнайы жобасының базалық бағыттары, кіші жобалары аясында өткізілген. 488 адам осы шараға қатысқан.
М.Горький атындағы орта мектеп базасында «Дарынды ұрпақ – ел болашағы» атты кіші жоба аясында «Салауатты ұрпақ» тақырыбында аймақтық форум өткізіліп, оған 380 адам қатысқан.
«Менің еліме деген менің ұсыныстарым» атты балалар мен жасөспірімдер арасында әлеуметтік жобаларды қорғау бойынша іс-шараны ұйымдастырудың әдістемелік кеңесі өткен. Әдістемелік кеңеске ауданның барлық мектептерінің спикерлері мен өзін-өзі басқару ұйымының жетекшілері қатысқан.
М.Әуезов атындағы орта мектеп базасында «Абай даналығы» кіші жобасы аясында «Абайдың дана ойлары» атты оқушылар арасында жарыссөз байқауы өтіп, оған 170 оқушы, 24 жетекші қатысыпты. «Мамандықтар әлемі» кіші жобасы аясында Б.Соқпақбаев атындағы орта мектеп базасында «Кәсіптік білім алу және бизнес» атты тақырып аясында аудандық кәсіпкерлік мектебінде ауданның бизнесмендерімен кездесу өткізілген.
Б.Соқпақбаев атындағы орта мектеп базасында «Оқытушы өзге-ріс жаршысы» кіші жобасы аясында мектептердің информатика пәні мұғалімдерінің қатысуымен аудандық әдістемелік кеңес өткі-зілген. Әдістемелік кеңесте бала-лардың ұсыныстарын, идеяларын жинақтайтын базаны қалай ашуға болады, не арқылы, әлеуметтік желінің қандай тұстарын пайдалана отырып жүргізуге болатыны талқыланған.
Шешендік өнер үйірмесі жұмыс істейді. Өнерпаз оқушылардың арасында жоспарға сәйкес «Сөз тілдің көркі» атты аудандық дебат өткізіліп, оған мектептердің 9-11 сыныптарының оқушылары қатысқан. Іс-шара Шардара мектеп-лицейінің базасында өткізіліпті. Сонымен қатар Жаушықұм мектеп-лицейінің базасында «Құкық-тық оқыту заман талабы» атты аудандық практикалық семинар өткен. Семинар барысында «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасының базалық бағыттары бойынша балалардың дайындаған жұмыстары көрсетілген. Семинарда сыньш жетекшілері Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласының күні аясында мәдени-сазды кештері мен ашық тәрбие сағаттары өткізген. Осы шараларға 420 оқушы 100 мұғалім қатысқан.
«Менің еліме деген менің ұсыныстарым» атты балалар мен жасөспірімдер арасында әлеуметтік жобаларды қорғау бойынша іс-шараны ұйымдастырудың әдістемелік кеңесі өткізіліп, оған ауданның барлық мектептерінің спикерлері мен өзін-өзі басқару ұйымының жетекшілері қатысқан.
М.Әуезов атындағы орта мектебінің базасында «Абай даналығы» кіші жобасы аясында «Абайдың дана ойлары» атты оқушылар арасында жарыссөз байқауы өткізіліп, іс-шараға 170 оқушы, 24 жетекші қатысқан.
М.Әуезов атындағы орта мектебі базасында және АӘлімбетов атын-дағы орта мектебі базасында «Абай-дың дана ойлары» атты 9-10 сынып оқушылары арасында жарыссөз байқауы өткізіліп, шараға 144 оқушы, 26 мұғалім қатысқан.
Б.Соқпақбаев атындағы орта мектебінің базасында «LIDER RAIDER ON» атты облыстық тәжірибелік семинар өткізіліп, оған облыстық жобалық кеңсе қызметкерлері С.Кендірбаев және Г. Баймұсаева қатысқан.
«Сөз тілдің көркі» кіші жобасы аясында «Абай даналығы» іс-шарасына 480 оқушы қамтылған. 24 мектепте клубтар ашылып, жұмыс жасап келеді.
«Елімнің шежіресі – байлығы» атты кіші жоба аясында, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасының 3 базалық бағыттары орындалғаны бойынша жылдық есепті тыңдау жиналысы өткізілген. Жаушықұм мектеп-лицейі және аудандык балалар саз мектебінде өткен жиналысқа білім беру мекемелерінің координаторлары мен тәрбие ісі бойьшша орынбасарлары, ата-аналар кеңесінің төрағалары қатысқан. Жалпы 93 адам қатысқан.
«Өрле Қазақстан» кіші жобасы аясында «Шабыт шеруін», «Айбын» шеруі өткізіліп, шараға аудан шеңберінде 5400 оқушы қамтылған. Сонымен қатар аталған шерулер мектептердің базасында шаралар өткізілген.
«Туған жер. Туған ел. Туған глобал» кіші жобасы аясында «балалардың ұсынысы» электронды базасы құрылған.
«Тарих мұрасы» кіші жобасын орындау бойынша 2400 оқушы қамтылған.
«Туған жерге туыңды тік» іс-шарасы аясында оқушылардың киелі орындарға саяхатқа шығуы жоспары бекітілген. «Туған жер » іс-шарасына 1200 оқушы қатысқан.
Аудандық «Абай» мәдениет сарайында білім бөлімі, аудандық мәдениет бөлімінің ұйымдастыруымен аудан-
дық «Әжелер алқасының» қаты-суымен «Әжелер ұлағаты» тақы-рыбында форум өткізілген. Форум барысынында аудандық балалар саз мектебінің концерттік бағдарламасы көрсетіліпті. Аталмыш іс-шараға 360 адам қатысқан.
Балалар мен жасөспірімдер арасында шығармашыл дарынды балаларды анықтау мақсатында аудандық оқушылар үйінің базасында «Қазақстан балалары шекарасыз әлемде» атты кинофестиваль өткізілген. Кинофестивальға 14 мектептің шығармашыл өнерпаздары қатысқан. Ауданда тұңғыш рет өткізілген кинофестивальдің жүлде-герлері атанған Т.Айбергенов атындағы мектеп-гимназия, Жаушы-құм мектеп-лицей және М.Горький атындағы орта мектебі облыстық кинофестивальға жолдама алған.
Аудандық жас туристер стан-циясының базасында Астана күніне байланысты «Астананың гүлденсін ақ аспаны» атгы аудандық қлоөнер байқауы өткізілген. Байқауға мектептердің технология пәні мұғалімдерінің, үйірме жетекшілердің және үйірме қатысушыларының қолымен жасалған бұйымдар қойылып, бағаланыпты. Оған 48 оқушы, 24 үйірме жетекшісі, 20 тәрбие ісі бойынша меңгерушілері және ата-аналар қатысқан.
Ұзын ата орта мектебінің базасында «Тәрбиелік-интеллектуалдық іс-шараларды заманауи технологияларды пайдалана отырьш ұйымдастыру» тақырыбында аудандық практикалық семинар өткізілген. Семинарға түрлі мамандық иелерінің қатысуымен пікіралмасу, дебат, тренинг сияқты әдістермен шаралар өткен. Оған 300 оқушы, 120 мұғалім қатысқан.
«Туған өлкем: кеше, бүгін, ертең» атты дөңгелек үстел өткізіліпті. Дөңгелек үстел С.Құрманғазы атындағы орта мектеп базасында 9-10 сынып оқушылары арасында аймақтық форма аясында өткізілген. Оған жалпы аймақтағы 8 мектептен 96 оқушы, 8 жетекші қатысқан.
«Абай» мәдениет үйінің базасында «Қазақстан балалары шекарасыз әлемде» атты кинофестивальда Т.Айбергенов, Жаушықұм, М.Горький атындағы орта мектеп ұжымдары жүлделі орындарға ие болыпты. Түсірген қысқаметражды фильмдерінің премьерасы өткізілген. Шараға 460 оқушы, 23 мұғалім қатысқан.
Қ.Аманжолов атындағы орта мектебі базасында «Менің еліме деген менің ұсыныстарым» атты әлеуметтік жобаларды қорғау шарасы өткізіліп, бұл шараға барлық мектептердің әлеуметтік педагогтары, «бизнес» клуб, «Экоштаб», «Жас ұлан» ұйымдарының мүшелері қатысқан.
Аудандық «Абай» мәдениет сарайында білім бөлімі, аудандық мәдениет бөлімінің ұйымдастыруымен аудан-
дық «Әжелер алқасының» қаты-суымен «Әжелер ұлағаты» тақы-рыбында форум өткізілген. Форум барысыныңда аудандық балалар саз мектебінің концерттік бағдарламасы көрсетіліпті. Аталмыш іс-шараға 360 адам қатысқан.
Б.Соқпақбаев атындағы орта мектеп базасында «Ұл мен қыз ұлт намысы» атты аудандық семинар өткізілген. Семинарға облыстық әдістемелік кабинетінің «Тәрбие және тұлғаны әлеуметтендіру» бөлімінің басшысы З.Алтаева қатысқан. Шараға 250 мұғалім, 65 оқушы тартылған. Іс-шара барысында «Букроссинг» жұмысы, ата-аналар комитетінің жұмысы көрсетілген.
«Өрле Қазакстан» атты кіші жобасы аясында аудандық балалар саз мектебінің базасында «Үздік жас музыканттар» байқауы өткізілген. Байқауға аспапта ойнау бойынша 86 оқушы, 24 жетекші қатысқан.
Мектептерде «Өлкетану» базалық бағытының жұмысын баяндайтын мектептерде стендтер, карталар орнатылған. Сонымен қатар барлық мектептерде «Өлкетану бұрьпны» қойылған.
Барлық мектептерде «Түлектер тақтасы» орнатылған, жергілікті және сол мектепті бітірген атақты тұлғалар, депутаттар, кәсіпкерлер мен спортсмендер, танымал азаматтардың суреттерін бейнелейтін стандтер орнатылған.
Жастардың бойына өз еліне деген мақтаныш пен Отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастыруға бағытталған тәрбие сағаттарын тұрақты түрде өткізу, оқушыларды тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарға экскурсиялар ұйымдастыру жұмысы бөлімнің, мектептердің жоспарына сәйкес өткізіледі.
«Туған өлкем: кеше, бүгін, ертең» атты дөңгелек үстел өткізілген. Дөңгелек үстел С.Құрманғазы атын-дағы орта мектебі базасында 9-10 сынып оқушылары арасында аймактық формада өткізілген. Оған аймақтағы 8 мектептен 96 оқушы, 8 жетекші қатысқан.
«Туған жер, туған ел, туған глобал», «Арман қала Астана! » атты аудандық байқаудың I кезеңі 6 жанрда өтіпті. Оған 408 өнерпаз қатысқан.
С.Ерубаев атындағы орта мектебі базасында «Құнды құжат» кіші жобасы бойынша аудандық байқау өткізілген. Байқауға барлық білім беру мекемелерінің жас тарихшылары, тарих пәні мұғалімдері және мұражай қызметкерлері қатысқан. Байқауға қатысқандарды бағалаған аудандық «Өлкетану » мұражайының директоры Нұрлан Смайл тарихшы оқушылар мен мұғалімдердің дайындығына алғысын айтып, жүлделерін тапсырыпты. Байқауға 110 оқушы, 24 тарих пәні мұғалімі және 9 мұражай қызметкері қатысқан.
«Оқытушы өзгеріс жаршысы» атты педагогтар мен оқушылардың әлеуметтік, қоғамдық, кәсіби және т.б бағыттардағы ұсыныстарын жинақтау бойынша электрон базасын ашу жолдары» тақырыбында аудандық әдістемелік жиналыс өткізіп, жиналысқа барлық мектептің програмист мұғалімдері мен қосымша білім беру педагогтары, өзін-өзі басқару ұйымдарының мүшелері қатысқан. Жиналыс Қ.Аманжолов атындағы орта мектебі базасында өткізілген. Бұл шараға аудандық білім беру мекемелерінен 126 оқушы, 24 сынып жетекші қатысқан.
С.Құрманғазы атындағы орта мектеп базасында «Туған өлкем- кеше, бүгін, ертең» тақырыбында дөңгелек үстел өткізіліп, оған тарих пәні мұғалімдері, мектеп мұражайларының жетекшілері, сыньш жетекшілер, оқушылар қатысқан. Дөңгелек үстелге барлығы 72 адам тартылған.
Ауданда Елбасының «Болашакқа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласының «Туған жер» бағдар-ламасы аясында «Рухани қазына» кіші бағдарламасы бойынша арнайы іс-шаралар жоспары бекітіліп, басшылыққа алынған. «Рухани қазына» бағдарламасы 4 жоба арқылы жүзеге асырылыпты.
«Өнегелі құндылықтар»,
«Туған өлке мәдениеті»,
«Тарихи-мәдени мұра»,
«Жергілікті туризм».
«Өнегелі қундылықтар» Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында жаһандану дәуіріндегі қазақстандық мәдениеттің бүгіні мен болашағына үлкен мән берді. Осыған орай, ауданда бағдарламаға сәйкес, рухани қазынамызды паш ету мақсатында 51 іс-шара өткізіліп, аудан көлемінде 1952 адам қамтылған.
«Өнегелі құндылықтар» бойынша 21 іс-шара, қатысушылар – 600 адам.
«Туған өлке мәдениеті» бойынша 13 іс-шара, қатысушылар – 678 адам.
«Тарихи-мәдени мұра» бойынша 15 іс-шара, қатысушылар – 554 адам.
«Жергілікті туризм» бойынша 2 іс-шара, қатысушылар – 120 адам.
Тәуелсіздік алған жылдардан бері аудандағы мәдениет нысандары республикалық, облыстық, аудандық бюджеттерден бөлінген 504 млн. теңге қаржғга ағымдағы және күрделі жөндеулер мен құрылыс жұмыстары жүргізілді. Барлық мәдениет нысандары жылу жүйесімен қамтылған, апатты жағдайдағы мәдениет үйлері жоқ.
Аудандық орталық кітапхананың кітап қоры – 355708 дана болса, жаңа түскен кітаптар саны – 3017 дана. Өнегелі құндылықтың маңызын арттырып, оқырмандарға кеңінен насихаттау мақсатында «Кітапханаға кітап сыйлайық!» акциясы өткізіліп, 681 дана құнды кітаптар сыйға тартылған.
Кітап қорын жергілікті жазу-шылардың туған өлке тарихынан сыр шерітетін туындыларымен толықтыру және кітап оқырмандарын тарихымызды, мәдениетімізді, ұлттық құндылықтырымызды насихаттайтын туындыларды оқуы үшін сондай-ақ кітаптарды алмасып, пайдалану мақсатында барлық кітапханалардан буккросинг бұрыштары ашылып, оқырмандарға қызмет көрсетілуде.
Аудандағы барлық кітапханалар, Шардара аудандық тарихи-өлке тану музейі интернет желісіне қосылған, музейдегі экспонаттардың сандық форматқа өтуі жұмыстары жүргізілген. Өнегелі құндылықтарымызды дамыту, әр елдімекеннің тарихы, жер-су аттары, табиғаты, тарихи -мәдени ескерткіштері және сол ауылда туылған танымал тұлғалар туралы жинақ жасау мақсатында барлық ауылдық мәдениет үйлерінен көрнекілік бұрыштар ашылған. «Рухани қазына» кіші бағдарламасы аясында жүзеге асырылатын кіщі жобалар мен іс-шаралар бөлім тарапынан арнайы бекітілген және барлық аудандағы мәдениет үйлері мен кітапханаларда жалғасын тауып келеді.
Өткізіліп жатқан барлық іс-шараларда Елбасымыздың страте-гиялық жоспарлы мақаласы көрер-мендер мен оқырмандарға тұрақты насихатталуда.
Ауданда күрделі жөндеуді қажет ететін Көксу ауылдық мәдениет үйі күрделі жөндеуден өткен. «Туған жер» арнайы жобасын дамыту аясында ауданның мәдени құндылықтарын насихаттау үшін имидждік өнімдер санын көбейту мақсатында кешенді жұмыстар басшылыққа алыныпты. Имидждік өнімдер санын көбейту мақсатында барлық мәдениет үйлері мен кітапханаларға көрнекілік ретінде ауданның мәдени тарихи орындарын паш ететін кітапшалар ілінген.
Сонымен бірге аудандағы өлкетану музейі мен тарихи орындар мен туристік орындарға баратын жол сілтегіш паспорттар (картасы) орнатылыпты. Барлық мәдениет ғимараттарға рухани жаңғыруымызды паш ететін баннерлер ілінген.
Ауданның санитарлық тазалығын қамтамасыз ету «Таза көше», «Таза ауыл» акцияларын ұйымдастыру және оны жүзеге асыру мақсатында мәдениет, өнер қызметкерлері де біршама жұмыстар атқарған. Аудандағы барлық мәдениет нысандарының санитарлық тазалығы тұрақты бақылауға алынған. Ауданда өтіп жатқан көше тазалығы, мекеме ауласын көгалдандыру, тал егу науқандарына мәдениет қызметкерлері белсене қатысуда. Барлық мәдениет үйлерінің алдына науқан кезінде 1200 түрлі ағаш көшеттері мен гүл көшеттері отырғызылып, өз аумақтарына тиесілі болатын көше жиектастары, шарбақтар ақталып, боялыпты. Мәдениет нысандарының қас беттерінің эстетикалық көркемдігі басты назарда ұсталуда.
Аудан өнерпаздарының «Туған өлке мәдениеті» бойынша біршама жетістіктерін айтуға болады. Аудан өнерпаздары 235 мәдени көпшілік іс-шаралар өткізіп, 4 облыстық байқауларға қатысьш, жүлделі орындарынан көрінген.
Қасиетті Қазақстан республикалық орталығы тарапынан бекітілген 104 тарих және мәдениет ескерткіштерінің ішінде XIV ғасырдың тарихи сәулеттік екерткіші болып саналатын Ұзыната кесенесі де бар. Сонымен қатар ауданда І-Х ғасырлардағы Сүткент қалашығының орны бар. Ол Шардара ауданы Сүткент ауылдық округінен 2 шақырымда батыста орналасқан (Археология). Археологиялық үйінді төбе. Белгі қойылған, нақты пайдаланушы жоқ.
Ұзыната кесенесі XIV ғ. Шардара ауданы Ұзыната ауылынан 4 шақырым солтүстік-шығыста орналасқан.Ұзы-
ната кесенесіне жол сілтегіш, асфальт жол, су, электр энергиясы тартылған. Қызмет көрсету жүйесі (қонақ үй, асхана) – «Ұзыната» қоғамдық қоры арқылы жүргізілуде. Ұзыната кесенесін республикалық маңызы бар ескерткіштер тізіміне енгізу мақсатында ғылыми сараптама жүргізуге облыстық бюджеттен 300,0 мың теңге қаржы қаралып отыр. Қазіргі таңда иесіз мүлік ретінде аудандық әділет басқармасында тіркеуде түрған Ұзын ата кесенесін ауданның коммуналдық меншігіне алу мақсатында тиісті қүжаттары жинақталып, аудандық сотқа өтіп, оң шешімін тауыпты.
Аудандағы киелі орындар туралы кітаптар 3 тілге (қазақша,орысша, ағылшынша) аударылып, аудандағы мәдениет үйлері мен кітапханаларға көрнекілік ретінде қойылған. «Аңыздар жинағына» кіргізу мақсатында киелі орындар тарихы, аңызы туралы мәліметтер талқыланған. Тізімге еңгізілмей қалған Шардара ауданындағы Ұзын ата тарихи-сәулеттік ескерткішінің жанында жерленген «Жезбике ана», Шардара қаласындағы «Мүлкіл ата» қорымының батыс жағында жерленген «Қыз әулие» туралы деректер облыстық тарихи-өлкетану музейіне беріліпті. Аталған киелі орындарды тізімге енгізу жұмыстары жүргізілген. Киелі жерлер арқылы құндылықтарды насихаттау, жастардың бойына тәлім-тәрбие, мінез-құлық, көзқарас, ұстаным қалыптастыру мақсатында аудандағы киелі жерлер мен тарихи-өлке тану музейіне аудан жастары мен мектеп оқушыларына экскурциялар ұйымдастыру тұрақты басшылыққа алынғаны қуантты.
Шардара қаласына кіре берісте, қала ішіне киелі орындарды, туристік нысандарды көрсету үшін арнайы үлгідегі карталары орнатылған.
Аудандағы кітапханаларда «Жаушы құм төбе – тұнған тарих», «Ақтөбе» қалашығы атты танымдық кештер тұрақты өткізілуде. Ұзын ата ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «Алыстан мұнартқан кесене» атты тарихи саяхат, Сүткент қалашығы жайлы «Көне тарих іздері» атты дөңгелек үстел өткізілген. Шардара аудандық тарихи-өлкетану музейінде де «Туған жер» бағдарламасы аясында 60 эскурсия өткізіліп, келушілерге 5 лекция оқылған. Сонымен қатар музейге қойылған 5 көрме және музейден тыс ұйымдастырылған 6 көрме «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақала шеңберіндегі «Туған жер» бағдарламасы жобасы бойынша жүзе-ге асырылған.
Жергілікті туризмді дамыту мақсатында аудан әкімдігінің қолдауымен «Бұқаралық спорт жастар үшін» облыстық байқауы өз мәресіне жетіпті.
Сонымен қатар, аудан прокуратурасымен бірлесіп, «Шағалалы Шардара шақырады» атты мәдени-спорттық іс-шарасы өткен.
Аудандағы мектеп оқушылары мен жастарға туған жердің киелі орындарын, тарихи жәдігерлерін таныстыру мақсатында аудандық тарихи-өлкетану мұражайына, орталық кітапханаға, Ұзыната кесенесіне жиі-жиі экскурция ұйымдастырылған.
Сондай-ақ, аудандағы туристік нысандарға баратын төмендегідей маршруттар жасалынған:
Шардара су қоймасы жағала-уындағы «Алтын жағажай» демалыс аймағында барлық жағдай санитарлық талапқа сай жасалынған және жол сілтегіштері мен төлқұжаттары орна-тылған.
Ұзын ата кесенесінің барлық жағдайы санитарлық талапқа сай жасалынған, жол сілтегіштері бар. Кесенеге баратын жолдың кұрылыс жұмыстары сапалы біткен.
Туризмді дамыту мақсатында Шардара су қоймасы жағасындағы «Сыр нұры» демалыс аймағында «Safari Shardara» атты Республика көлемінде көпшілік мәдени іс-шара табысты өтті. Аталған іс-шарада Шардара ауданынан ашылатын этноауылдың лентасы қиылды.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағ-
дар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын басшы-лыққа ала отырып, облыс әкімдігінің қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі бастамасымен ауданда «Туған жер бағдарламасы» аясында «Атамекен» кіші бағдарламасы қолға алынып, бірнеше бағыттарға сәйкес төмендегідей жобалар бойынша іс-шаралар атқарылған. Атап айтқанда:
«Табысқа апарар жол» жобасы аясында іске асыру шеңберінде өңірдің табысты азаматтары – аға буын өкілі, өңірдің дамуына үлес қосқан азамат, сауда саласындағы жеке кәсіпкер Д.Өзденбаевпен кездесу ұйымдастырылған. Кездесу барысында ұстаздық ниетпен жастарға табысты азамат еңбек жолы, өмір жолында кездескен қиындықтары, оларды жеңу жолдары туралы ақпарат беріліпті. Бұдан бөлек ауданда жемісті жұмыс істеп жатқан 3 кәсіпкердің жеткен жетістіктері, тәжірибесі жайлы кездесулер мен шеберлік сыныптары өткізілген.
«Демеушілер тарапынан әлеу-меттік қолдау жобасы». Бұл бағыт бойынша іс-шаралар жоспары жасалынған. Іс-шаралар жоспарына сәйкес, демеушілер есебінен жалпы кұны 260,5 млн теңгені құрайтын 72 әлеуметгік қолдау жобалары іске асырылыпты.
«Елді мекендерде бұқаралық спортты дамыту» кіші жобасы аясында 11 спорттық іс-шаралар ұйымдастырылып, 3850 адам қамтылған.
Түркістан облысы әкімінің «Бола-шаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасын Түркістан облысында іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, Шардара ауданы бойынша елді мекендер аумақтарын абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстарын жүзеге асырудың іс-шарасы жасалып, бекітілген.
«Болашаққа бағдар: Рухани жаң-
ғыру» бағдарламасы аясында «Көктем – тазалық бастамасы», «Тал күні», «Тазалықты өзіңнен баста» атты облыстық сенбіліктер акциясын ұйымдастыру осы іс шарада қаралған. Сондай-ақ осы іс шарада елді мекендердегі кіре беріс жолдардың жиектерін тазалау, ретке келтіру, көшелер бойындағы темірбетон суағарларын және өткелдерді тазалау, көпқабатты тұрғын үйлердің аумақтарын, аулаларын тазалау, тұрғын үйлердің қасбеттерін ретке келтіру, елді мекендердің санитарлық тазалығын қамтамасыз ету бойынша аумақтарды көшелерді мекеме кәсіпорындарға, кәсіпкерлік нысандарға олардың келісімдерімен бөліп беру, жасыл екпелердің құраған бұтақтарын кесу, түптерін қопсыту, гүлзарларды дайындау және тұрақты күтім жасау, тарихи жерлерді абаттандыру, көгалдандыру, кіші-сәулеттік нысандармен қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізу сәтті орындалыпты.
Осы іс шараға сәйкес, «Көк-тем тазалық бастамасы» атты жалпыхалықтық сенбілік ұйымдас-тырылған. Сенбілікте көше бойларын тазалау – 4,4 шақырым, ретсіз қоқыстарды жою – 22 нүкте, аяқ жолдарды тазалау – 20,9 шақырым, ирригация жүйелерін тазалау – 22,7 шақырым, күре жолдар бойын тазалау – 8,66 шақырым, саябақтар аумағын тазалау – 12,1 гектар, балалар алаңшаларын тазалау — 6 данаға, ағаш түптерін ақтау – 558 түпке атқарылып, сенбілікке 1683 адам, 19 бірлік техника қарастырылған.
Сонымен қатар, «Тал күні» атты жалпы сенбілік ұйымдастырылған. Сенбілікте көше бойларын тазалау – 42,6 шақырым, ретсіз қоқыстарды жою – 14 нүкте, аяқ жолдарды тазалау – 21,5 шақырым, ирригация жүйелерін тазалау – 21,8 шақырым, күре жолдар бойын тазалау – 8,4 шақырым, саябақтар аумағын тазалау – 9,1 гектар, өзен, каналдар бойын тазалау — 8,4 шақырым, 4050 түп ағаш көшеттері отырғызылған. Сенбілікке 1932 адам, 17 бірлік техника қарастырылған.
Шардаралықтар «Ақкөңілділік адам ойының, тазалығының белгісі» атты сенбілік ұйымдастыруының өзі бір жаңалық. Сенбілікте көше бойларын тазалау – 32,3 шақырым, ретсіз қоқыстарды жою-10 нүкте, аяқ жолдарды тазалау – 16,1 шқақырым, ирригация жүйелерін тазалау – 14,2 шақырым, күре жолдар бойын тазалау – 2,4 шақырым, саябақтар аумағын тазалау – 4,2 гектар, өзен, каналдар бойын тазалау – 1,5 шақырым, 6200 түп ағаш көшеттері отырғызылған. Сенбілікке 1980 адам, 16 бірлік техника қарастырылған.
Облыс әкімдігің «Түркістан облысының аумақтарын көркейту, көгалдандыру, және санитарлық тазалау жөніндегі іс шараларды өткізу туралы» қаулысына сәйкес, «Ұранды елдің ұрпағы қайсар» атты сенбілік үйымдастырылған. Сенбілікте көше бойларын тазалау – 18,3 шақырым, ретсіз қоқыстарды жою – 8 нүкте, аяқ жолдарды тазалау – 6,1 шақырым, ирригация жүйелерін тазалау – 4,2 шақырым, күре жолдар бойын тазалау – 0,4 шақырым, саябақтар аумағын тазалау – 1,2 гектар, өзен, каналдар бойын тазалау – 1 шақырым тазаланып, сенбілікке – 1350 адам, 12 бірлік техника қарастырылған.
Жалпы аудан бойынша «Болашақ-қа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында төмендегідей жұмыстар атқарылыпты:
Көше бойларын тазалау – 330 шақырым;
Берекетсіз күл-қоқыстарды жою – 41 нүкте;
Қоқыстарды шығару – 4800 тонна;
Әктелген ағаштар – 200 000 түп;
Аяқжолдары тазалау – 44 шақы-рым;
Саябақтарды тазалау – 19,5 гектар;
Скверлерді тазалау – 2,2 гектар;
Үй іргелік аулаларды тазалау – 51 000 шаршы метр.
Көпірлерді, өзендердің, каналдар мен бұлақтардың арналарын жинап тазалау – 14 шақырым;
52 көпқабатты үй маңындағы аумақтары мен аулаларын, жер-төлелерін, кіре берістері жиналып, тазаланған;
16000 шаршы метр үй қасбеттерін әктеу немесе сырлау жұмыстары жүргізілген;
25 автобус аялдамаларын әктеліп, сырланған, маңайы күл-қоқыстан тазалаланған;
12 алаңдар мен алаңшалар ретке келтіріліп, айналасы тазаланған;
4 спорт алаңшасы қайта қалпына келтірілген;
110 шақырым ирригация жүйе-лері тазалаланған;
13 рет сенбілік өтіп, 4250 адам қатысқан;
«Ажарлы үй-ырысты» жобасы аясында 20 елді мекендегі қолда бар 18147 тұрғын үйдің 1815-інің қасбетін ретке келтіру жоспарланып, 465 тұрғын үй мен кәсіпкерлік нысандардың, мекеме ғимараттарының қасбеттеріне реттеу жұмыстары жүргізілген;
«Табиғат тіршілік нәрі» аясында көктемгі маусым басынан бері аудан бойынша 70 000 түп ағаш көшеттері отырғызылып, күтімге алыныпты.;
Суландыру жүйелері қайта қалпына келтірілді.
Гүлзарларды құру бойынша 2200 шаршы метр гүлзарлар ашылып,гүл көшеттері отырғызылған. Гүлзарлар тұрақты күтімге алыныпты;
Аудан аумағындағы елді мекендерде «Таза аула», «Таза көше», «Таза үй» байқауларын ұйымдастыру жөнінде қала, ауыл әкімдіктеріне тапсырмалар берілген;
«Таза аула», «Таза көше», «Таза үй» байқаулары бойынша жеңімпаздарды марапаттауға аудандық бюджеттен қаржы қарастырылған;
Ақпарат толқыны жобасы аясында Шардара ауданында әлеуметтік желілерде жалпы 352 мақала жарияланыпты;
Аудандағы тарихи көшелер мен елді мекендерде және ауданда қолөнермен айналысатын азаматтар туралы жергілікті БАҚ-да арнайы айдарлармен мақалалар жарияланған;
«Рухани жаңғыру» бойынша Шардара қаласында – 6, ауылдық округтерінде – 10, білім беру мекемелерінде – 68, мектепке дейінгі мекемелерде – 25, билбордтар мен баннерлер орналастырылған. Билбордтар жалпы саны – 109;
«Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасының жеңімпаздарын елге таныту мақсатында қала, ауыл округтерінде 6 билборд орналастырылған;
Сонымен қатар «Рухани жаңгыру» бағдарламасы бойынша ҒасеBоок әлеуметтік желісінде 175 мақала жарық көрген;
Аудан әкімдігінің ресми интернет ресурсына «Рухани жаңғыру», «Туған жер» айдарларымен мақалалар жарияланып келеді;
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы мақаласының ақпараттық парақтары 45 қоғамдық көліктерге ілінген;
Қала, ауыл округтерінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 6 бағыты бойынша аудан тұрғындарына түсіндіру мақсатында дөңгелек үстелдер өткізілген;
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасы аясында «Рухани жаңғыру-дәстүр жаңашылдығы» атты семинар өткен. Семинарға ауыл әкімдері, мекеме басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысқан;
Әлеуметтік желілерде «Рухани жаңғыру» хәштегін пайдалана отырып 115 мақала жарияланған;
Сонымен қатар жергілікті «Өс-
кен өңір» газетінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасына сәйкес 5 сараптамалық материал жария-ланған;
Республикалық, облыстық бұқара-лық ақпарат құралдарында «Рухани жаңғыру» бағдарламасына сәйкес 6 мақала, «Шымкент-Қазақстан» телеарнасынан 9 материалдардың көрсетілімі ұйымдастырылған.
Жалпы, Шардара ауданында атқарылып жатқан жұмыстарға көңіл тоғаяды. Олардың ендігі мақсаты жағажай туризімін жандандырып, табысты толқындардай тасқындата беру. Мұндағы атқарылған істерді көре отырып, шардаралықтардың бұл межеден шығатындықтарына бек сеніп аттандық.
Иә, шардаралықтарды баянды болашақ күтеді.

Әзірше ешқандай пікір жоқ.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз.

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *