ҰЛТТЫҚ РУХТЫҢ БАСТАУЫ ҰЛТТЫҚ РУХТЫҢ БАСТАУЫ
Сабырбек ОЛЖАБАЙ, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның құрметті журналисі      Түркістан облысында Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы... ҰЛТТЫҚ РУХТЫҢ БАСТАУЫ

Сабырбек ОЛЖАБАЙ,
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның құрметті журналисі

     Түркістан облысында Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Түркістан облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2020 жылға арналған іс-шаралардың жоспары Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен келісілген. Іс-шаралар жоспарына облыстық басқармалар (салалық), аудан, қала әкімдіктері тартылған.
2020 жылға арналған іс-шаралар жоспары Бағдарламаның негізгі басымдықтарын негізге ала отырып, 3 бағыттан тұрады.
1-бағыт: Тұлғаны дамыту (білім-нің салтанат құруы, прагматизм, бәсекеге қабілеттілік, сананың ашықтығы);
2-бағыт: Ұлттың дамуы, халы-қаралық позициялау (ұлттық біре-гейлікті сақтау);
3-бағыт: Мемлекеттің, азамат-тық қоғамның, жергілікті қоғам-дастықтардың дамуы (мемлекеттің революциялық емес, эволюциялық дамуы).
Іс-шара жоспарында қоғамдық маңызы бар іс-шаралар: фестиваль, көрме, байқау, марафон, пікір-сайыс, акция, турнир және т.б. түрлі форматтағы іс-шаралар жобалар қамтылыпты.
Соның ішінде, ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын, әлемнің екінші ұстазы атанған әл-Фарабидің 1150 жылдығын, Алтын Орда хандығының 750 жылдығын тойлау сынды іс-шараларды өткізуге ден қойылып отыр.
Түркістан облысының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жөніндегі Сараптамалық кеңесі тұрақты жұмыс істеп келеді.. Сәйкесінше, Сараптамалық кеңестің 2020 жылға арналған жұмыс жоспары құрылды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі бағыттары мен жобаларын іске асырылуын қамтамасыз ету мақсатында Түркістан облысының әкімдігі жанындағы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жөніндегі Сараптамалық кеңес жұмыс жүргізеді.
«Рухани жаңғыру» бағдарлама-сының аясында жоспарланған барлық жобалар мен іс-шаралар салалық басқармалар мен Сараптамалық кеңестің мүшелерімен кеңес отырысында талқыланып, жүзеге асырылып келеді.
Түркістан облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі 2019 жылға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 160-ө өкіміне сәйкес «Рухани жаңғыру» бағдарламасын Түркістан облысында іске асыру жөніндегі 2019 жылға арналған іс-шаралар жоспары облыс әкімімен бекітіліп, тиісті жұмыстар атқарылған.
2019 жылы «Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» мақалалары аясында облыста 5 872 іс-шара ұйымдастырылып, 376 639 адам қамтылыпты.
«Туған жер» жобасы бойынша 1903 іс-шара/жоба (3 орын) іске асып, 129 118 адам (14 орын) қамтылған. Жоба аясында 327 587,0 теңгеге ( 11 орын100 нысан ( 10 орын) салынып, тиістісі жөнделген.
«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы бойынша 300 іс-шара (2 орын) өткізіліп, 31 791 адам (5 орын) қатысқан.
«Қазақстанның киелі жерлер географиясы» жобасы бойынша 589 іс-шара (1 орын) өткізіліп, 27 692 адам (9 орын) қамтылған.
«Латын әліпбиіне көшу» арнайы жобасы бойынша 889 іс-шара (1 орын) өткізіліп, 53 515 адам (8 орын) тартылыпты.
«Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» арнайы жобасы бойынша 272 іс-шара (1 орын) өткізіліп, 14 934 адам (9 орын) қамтылған.
«Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет» арнайы жобасы аясында 612 іс-шара (1 орын) өткізіліп, 20 708 адам (11 орын) қатысқан.
«Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасы бойынша 333 іс-шара (2 орын) өткізіліп, 27 126 адам (7 орын) қамтылған. «Түркі әлемінің генезисі» арнайы жобасы бойынша 70 іс-шара (5 орын) өткізіліп, 4 309 адам(12 орын) қамтылды.
«Дала фольклоры мен музы-касының мың жылы» арнайы жобасы бойынша 103 іс-шара (5 орын) өткізіліп, 12 316 адам (9 орын) тартылыпты.
«Тарихтың кино өнері мен телевизиядағы көрінісі» арнайы жобасы бойынша 49 іс-шара (8 орын) өткізіліп, 8 720 адам (8 орын) қатысқан.
«Архив-2025» арнайы жобасы бойынша 176 іс-шара (3 орын) өткізіліп, 5 699 (10 орын) адам қамтылған.
«Ұлы даланың ұлы есімдері» арнайы жобасы бойынша 354 іс-шара (2 орын) өткізіліп, 18 684 адам (8 орын) қатысқан.
«Ұлы даланың ежелгі өнер мен технологиялар музейі» арнайы жобасы бойынша 222 іс-шара(1 орын) өткізіліп, 22 027 адам (4 орын) қамтылыпты.
Бағдарламаны ақпараттық қолдау мақсатында жалпы 8 260 материал жарияланған екен.
Оның ішінде, БАҚ-да – 3922, әлеуметтік желілерде – 3440, мемлекеттік органдардың, жоғары оқу орындарының, ұйымдар мен кәсіпорындардың ресми сайттарында — 898 материал жарияланды. 2019 жылы бұқаралық ақпарат құралдарында жалпы 7249 материал, оның ішінде, әлеуметтік желілердегі жарияланымдар саны – 3327 материал.
Сонымен қатар, облыстағы 16 аудан, қала әкімдіктерінде «Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» аясында орталық алаңдарда, халық көп шоғырланатын орындарда және т.б. орындарда 380 сыртқы жарнама құралдары орнатылған.
«ТУҒАН ЖЕР» арнайы жобасы аясында 2019 жылы 3 млрд. 327 587,0 теңгені құрайтын 100 нысан (11 мектеп, 8 балабақша, 7 мәдениет нысаны, 16 спорт алаңшалары, 4 медициналық мекеме және 54 тағы басқа нысандар) жүзеге асырылды. Оның ішінде, 66 нысан салынып, 34 нысан қайта жөндеуден өткен.
Қайырымдылық көмек көрсету бойынша облыста «Алтын ұям» жобасы іске асырылған. Жобаның мақсаты: түлектер мектеп бітіргендеріне 10, 20, 30 жыл толуын арналған мерейтойларда сән-салтанат орнына білім алған мектебіне, туған ауылына көмек көрсетеді. Тұрмысы төмен отбасыларға баспана, түрлі нысандар салып беруге үлес қосады.
2019 жылы жоба аясында көп балалы және аз қамтылған 7 отбасы баспаналы болыпты. Сондай-ақ, мектеп түлектері спорт алаңдарын, «Жастар аллеясын», өздері бітірген ауылдық мектептерді материалдық құрал-жабдықтармен қамтып, өзге де көмектер көрсетілген.
«ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ» арнайы жобасы аясында аудан, қаладағы ересек тұрғындарға латын графикасына негізделген қазақ тілінің жаңа емле ережесін оқытып үйрету мақсатында Түркістан облысы әкімінің орынбасарымен бекітуімен 2019 жылғы 29 сәуірден бастап «Тіл – болашақ есігі» жобасы қолға алынды.
Аудандық, қалалық тілдерді оқыту және дамыту орталықтарында 880 тыңдаушы латын әліпбиінде жазып үйреніпті.
Қазақ әліпбиін латын графикасына кезең-кезеңімен көшіруді білім беру ұйымдары арасында сынаудан өткізу мақсатында 2019 жылы 5 облыстық іс-шара және 1 республикалық дәріс-семинар ұйымдастырылған.
«Тіл – болашақ есігі» жобасы аясында аудан, қалада жалпы саны 1200 мұғалімге латын графикасына негізделген қазақ тілінің жаңа емле ережесін оқытылып, үйретілген.
«ҚАЗАҚСТАННЫҢ САКРАЛ-ДЫҚ ГЕОГРАФИЯСЫ» арна-йы жобасы аясында облыстың танымал 20 табиғи және тарихи нысанына сондай-ақ «Тарихи-өлкетану мұражайының» 100 экспонатына ақпараттық
QR-тақтайшалар орнатылыпты.
Облыс көлемінде 154 сакралды нысан анықталса, оның ішінде 100 нысанға туристік маршруттар тізіміне енгізілген. 2019 жылы облыстың сакралды нысандарына туристтердің таңдауы бойынша 1-7 күндер аралығында маршруттар әзірленген.
Түркістан облысы тарихи мұражайларына «Облыс тарихы» атты керуен-шеруі акциясы өткізіліпті.
Аталған шеру аясында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасыларының үздік оқитын балалары және мұғалімдерден құралған топ (1800 оқушы) тарихи орындары көп Отырар, Ордабасы, Сайрам, Түлкібас, Төлеби аудандарына саяхатқа барыпты.
«ЖАҺАНДЫҚ ӘЛЕМДЕГІ ЗАМАНАУИ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ» арнайы жобасы аясында 2019 жылғы 1-6 наурыз аралығында Алғыс айту күніне орай Түркия елі, Анкара қаласында Қазақстанның Түркия еліндегі өкілетті елшілігінің ұйымдастыруымен өткен жазушы Шәрбәну Бейсенованың «Сүзге ханым және Бозақ аруы», «Маргува» атты түрікше аударылған кітаптың тұсау кесеріне Филармония әншілері Гүлнұр Нұратаева, Оразәлі Жаңабаев, Айнұр Әбілдаева, Тұрар Әлменов аталмыш іс-шараға қатысып өнер көрсетіп қайтқан.
2019 жылы 24 наурыз күні Ресей Федерациясының Мәскеу қаласында өткен жалпықалалық «Наурыз-2019» мейрамына «Фараб» би ансамблі қатысып, алғыс грамотасымен марапатталды.
2019 жылғы 20 сәуірде Қыр-ғызстанның Ош қаласында «Түркі әлемінің мәдени астанасы» жоба-сының ашылу салтанатына және 16-23 сәуір күндері Ош және Жалелабад қалаларында өткен мерекелік концерттерге Қазақстанның атынан «Қазына» би ансамблі, «Семсер» тобы, қолөнер шеберлері, филармонияның әншілері қатысып, жүлделермен оралған .
2019 жылғы 5-17 қыркүйек күндері Түркия мемлекетінде Түркі тілдес елдердің дәстүрлі музыкасын дамыту мақсатында өткен «16-шы Халықаралық Анадолы күндері» фестиваліне Түркістан облысының облыстық опера және балет театрының солисі, ҚР Мәдениет қайраткері, халықаралық, республикалық байқау-фестиваль-дердің лауреаты Үралхан Сейіл-екова қатысып, ел мерейін үстем етіп қайтты.
2019 жылғы 28 қазан күні Қазақстанның Өзбекстандағы жылына орай, Түркістан облысының Ташкент қаласындағы мәдениет күндері аясында Р.Сейтметов атындағы Түркістан сазды драма театры Ташкент облысы, Букинский ауданында Р.Отарбаевтың «Мұстафа Шоқай» драмасын сахналап, көпшіліктің құрметіне ие болды.
«ҚАЗАҚСТАННЫҢ 100 ЖАҢА ЕСІМІ» арнайы жобасы бойынша 2019 жылы Түркістан облысынан бизнес саласынан «Жүзбай Дизайн» ЖШС директоры Айжан Жүзбай жоба жеңімпазы атанды.
2019 жылы «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасын ілгерілету мақсатында сәуір айында Қазақстан халқы Ассамблеясы және «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастырумен облыстағы этнос жастары арасында форум өтті.
2019 жылғы 29-30 қазан күндері облыстағы 16 аудан, қала әкімдіктерінде «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасын насихаттау және үміткерлерді онлайн тіркеу бойынша акция ұйымдастырылды.
2019 жылы «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының қатысушысы, «Қайыпата» ЖШС басшысы С.Ертаев Қазақстан халқы Ассамблеясы тарапынан ұйымдастырылған қайырымдылық акцияларына қатысып, Қазығұрт ауданында тұратын әлеуметтік аз қамтылған 10 отбасыға баспана алып берді.
«АРХИВ-2025» арнайы жобасы аясында 2019 жылдың сәуір — мамыр айларында ҚР Тұңғыш Президенті Елбасы Н.Назарбаевтың еңбегін ескеріп, жас ұрпаққа насихаттау мақсатында «Елін сүйген Елбасы», «Елбасы және Қазақстан» атты деректі материалдар мен фотосурет көрмелері ұйымдастырылған.
Сондай-ақ, 21-22 маусым күндері Қ.А.Ясауи кесенесінің сыртқы алаңында «Түркістаным – Тұраным» тақырыбында суретшілер мен қолөнер шеберлерінің кеңейтілген көрме экспозициясы өткізілді.
Экспозицияға көптеген белгілі суретшілер мен фотосуретшілердің Түркістан қаласы, өңірдің табиғаты, тарихы туралы тың шығармалары қойылды. Қамтылған көрермен – 9 000 адамды құраған.
«ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛЫ ЕСІМДЕРІ» арнайы жобасы аясында 2019 жылы ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты «Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты» «Әзірет-Сұлтан» тарихи-мәдени сәулет кешеніндегі Күлтөбе қалашығына археологиялық қазба жұмыстары жүргізіпті.
2019 жылғы 24 шілдеде А.С.Пушкин атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында «Қазақстан – түркі әлемінің қара шаңырағы» атты көшпелі кітап көрмесі өткізілген.
2019 жылдың 22 мен 26 сәуір аралығында Түркістан облысында «Оңтүстік аңыздары» тақырыбында «Nomad Explorer» республикалық туристік экспедициясы өткен.
Экспедицияға бизнес-құрылым, зиялы қауым өкілдері, отандық шоу-бизнес жұлдыздары, блогерлер және БАҚ, барлығы 1000-ға жуық адам қатысқан.
2019 жылы «Шұрайлым, Шұбай-қызылым» атты жас қаламгерлер мен композиторлардың байқауы жаңа форматта өтті. Шара барысында аталмыш байқаулардың жеңімпаздарын марапатталды. Аталған шараға жалпы 3 мыңға жуық адам қатысты.
«ДАЛА ФОЛЬКЛОРЫ МЕН МУЗЫКАСЫНЫҢ МЫҢ ЖЫ-ЛЫ» арнайы жобасы аясында облыстық мәдениет басқармасына қарасты театрларда Дала фольклорын пайдалана отырып бірнеше тарихи спектакльдер сахналанды. Оның ішінде: Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театрында У.Әзімнің «Алпамыс» драмасы қойылып, жыл соңына дейін «Жас Абай» поэтикалық драмасының премьерасын халыққа ұсыну жоспарлануда.
Р.Сейтметов атындағы Түркіс-тан сазды-драма театрында Р.Сейтметовтың құрастыруындағы «Қалың елім, қазағым» поэтикалық драмасы, облыстық опера және балет театрында М.Төлебаевтың «Біржан-Сара» операсы, Ғ.Мүсіреповтың «Қыз Жібек» операсы халық назарына ұсынылды.
«АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ» арнайы жобасы бойынша 2019 жылы «Өңірлерді дамыту 2020» бағдарламасының іске асырылуы барысы:
Мақсаты: елдің ұтымды аумақтық ұйымдастырылуын қалыптастыру, экономикалық өсу орталықтарында халықтың және капиталдың шоғырлануын ынталандыру арқылы өңірлердің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін дамыту үшін жағдайлар жасау.
Қаржы көлемі: 2019 жылға 35,8 млрд.теңге қарастырылған.
Бағыттары:
I. Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту;
II. Тұрғын үй қорын жаңғырту;
III. Жергілікті өзін-өзі басқаруды қаржылық қолдау.
I. Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту;
2019 жылы ауыз сумен қамту саласы бойынша республикалық, облыстық бюджеттерден 92 нысанның құрылысына және 6 ЖСҚ әзірлеуге 13,6 млрд. теңге қаржы бөлініп, жылдың қорытындысымен 57 нысанның (Анықтама: 43 е.м., 7 қайта құру, 3 мөлтек аудан, 1 е.м. су бұру немесе 81,1 мың адам) құрылыс жұмыстарын аяқтап, қамтылған елді мекендер санын 678-ге, қамтылу деңгейін 80,3% жеткізу жоспарлануда. Ал қалған 34 нысанның құрылысы 2020 жылға өтпелі. 2019 жылдың 10 айдың қорытындысымен 10,5 млрд теңге игерілген.
2019 жылы газбен қамтамасыз ету саласы бойынша республикалық, облыстық бюджеттерден 59 нысанның құрылысына және 10 ЖСҚ әзірлеуге 19,3 млрд. теңге қаржы бөлініп, жылдың қортындысымен 23 нысанның құрылыс жұмыстарын аяқтап, 27 елді мекенді қамтамасыз ету жоспарланған. 412 елді мекендер сумен қамтылып, жоспар 48,9% жеткізу орындалыпты. Ал қалған 36 нысанның құрылысы 2020 жылға өтпелі.
Қазіргі таңда 2019 жылғы 10 айдың қортындысымен 17,8 млрд. тең-
гесі игерілген.
Тұрғын үй қорын жаңғырту бойынша 2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджетті нақтылау барысында Кентау қаласындағы мақ-сатында облыстық бюджет есебінен 1 074 280 мың теңге бөлінген. Нәтижесінде 44 тұрғын үй күрделі жөндеуден өтіп үлгерілді.
Жергілікті өзін-өзі басқаруды қаржылық қолдау бағдарлама аясында 2019 жылы 34 елді мекенінде 47 жобаны іске асыруға 590,6 млн. теңге бағытталып, 10 айдың қортындысымен 502,3 млн.теңгесі игерілген. Соның ішінде:
— 30 ішкі жобалармен көшелерді жөндеуге 339,3 млн. теңге бағытталып, 288,8 млн. теңгесі игерілді;
— 9 көшелерді жарықтандыруға 135,2 млн. теңге бағытталып, 99,8 млн. теңгесі игерілді;
— 5 ауыз су жүйелерін жөндеуге 107,2 млн. теңге бағытталып, 107,2 млн. теңге толық игерілді;
— 2 көпірді жөндеуге 2,5 млн. теңге бағытталды, 2,5 млн. теңгесі толығымен игерілді;
— 1 ықшам стадион орнатуға 6,4 млн. теңге бағытталып, 4,0 млн. теңгесі игерілген.
«Дипломмен ауылға» жобасы бойынша ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласы мамандарына 2018 жылы әлеуметтік және агроөнеркәсіптік кешен саласының 913 маманына 153,7 млн.теңге көлемінде көтерме жәрдемақы ұсынылған, сондай-ақ 312 маманға 1 129,0 млн. теңге бюджеттік кредит ұсыну жоспарланып, жыл қорытындысымен 1 128,8 млн.теңге сомасында бюджеттік кредит бағытталып, 316 маман баспаналы болды. (білім беру — 203, денсаулық сақтау — 71, агроөнеркәсіптік кешен саласы — 22, спорт — 14, мәдениет — 5, әлеуметтік қамсыздандыру — 1).
2019 жылға жоба аясында әлеу-меттік және агроөнеркәсіптік кешен саласының 1716 маманына 311,5 млн.теңге көлемінде көтерме жәрдемақы, сондай-ақ 356 маманға 1 348,9 млн. теңге бюджеттік кредит ұсыну жоспарланып, 10 айдың қорынтындысы бойынша 1668 маманға 303,2 млн.теңге көлемінде көтерме жәрдемақы, сондай-ақ 356 маманға 1340,4 млн.теңге көлемінде бюджеттік кредит берілді (білім беру — 252, денсаулық сақтау — 77, агроөнеркәсіптік кешен саласы — 16, спорт — 3, мәдениет — 3, әлеуметтік қамсыздандыру — 5).
Жалпы білім беретін мектептерде қызығушылықтары бойынша үйірмелер санының өсуін қамтамасыз ету мақсатында облыс бойынша жалпы білім беретін мектептерде 9416 үйірме жұмыс жасайды. Аталған үйірмелерге облыс бойынша 278 910 оқушы қамтылды.
2019 жылы «Book Dating» жобасын іске асыру бойынша ақын, аудармашы, К.Симонов атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты Нармахан Бегалыұлының қатысуымен «Өлкенің өр ұлдары», «Жыр жалынын жүрегінде тұтатқан», жас ақын Біржан Байтуовпен «Бізден де өтер жиырма бес», жазушы Елтай Бимаханбетовпен «Кең пейіл, дархан елдің қазағымын!», жазушы Нұрмахан Назаровпен «Түркістан деп жырлайды ақын жүрек» тақырыптарында кездесу кештері өтті.
Сананың ашықтығы бағыты бойынша жыл басынан бері Jastar.kz жобасы аясында «Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» тақырыбында 14 акция ұйымдастырылып, оған 2000-нан астам студент қатысыпты.
Облыс бойынша «BilimLand» цифрлық білім беру ресурстарымен 100% мектептер қосылған. 36286 аккаунттың барлығы активация жасалған. 2018 жылдың қыркүйек айынан бастап бүгінгі күнге дейін 751304 сабақ қаралымы болған, оның інінде «BilimLand» — 237511, «Тwig» — 17347, «iTest» — 462446, «iMektep» — 34000.
Прагматизм бағыты бойынша нақты мақсатқа қол жеткізуге, білім алуға, саламатты өмір салтын ұстануға және кәсіптік табысқа басымдық бере отырып, мінез-құлықтың ұтымды моделін қалыптастыру мақсатында облыстағы білім беру ұйымдарында оқушы жастар арасында 27 кездесу, 25 дәріс өткізіліп, 7800-ге жуық адам қамтылған.
Бәйдібек ауданы сәулет-көркем музейінде «Ұлы даланың ежелгі мәдениетіне қатысты сәулет ескерткіштері» танымдық сабағы өткізілсе, С.Қожанов атындағы музейде «Ежелгі Түркістан – жаңа мүмкіндіктер» іс-шарасы ұйымдастырылды. Ақпараттық-түсіндіру жұмысымен – 75 мың адам қамтылды.
Аталған шара аясында облыс әкімдігінің бастамасымен Қарашық өзенінің бойында а.ж. 16-қараша күні сенбілік ұйымдастырылып, бірқатар мекемелер мен білім беру ұйымдарынан 600-ден аса адамның қатысуымен, 2,5 мың дана ағаш көшеттері отырғызылды.
Түркістан облысында құрамында 36 мүшесі бар облыстық, 240 мүшесі бар аудандық, қалалық Қоғамдық кеңестер жұмыс атқаруда. Қоғамдық кеңестердің құрамында 50-ге жуық қоғамдық бірлестік өкілдері бар. Осы институт арқылы облыстағы күн тәртібіндегі маңызды мәселелерді тиімді шешу жолдары қарастырылды.
Облыста мүгедектігі бар адамдарға қарым-қатынас бойынша қоғамдағы қоғамдық пікірді қалыптастыру, теріс қарым-қатынасты және стереотиптерді өзгерту, физикалық және психологиялық кедергілерді еңсеру бойынша, ақпараттық буклеттер дайындалып, таратылды. Сондай-ақ, БАҚ-та 178 материал, оның ішінде 106 ақпарттық сайттарда, электронды БАҚ-та 72 материал жарыққа шықты.
Бәсекеге қабілеттілік бағыты бойынша еңбекшілер әулеттері, ауылдық жерге жұмысқа келген жас мамандар туралы ақпараттық бейнероликтерді, материалдар шығарылған.
«Жастар арасында тү-сіндірме жұмыстарын ақпараттандыру мақсатында «Әлеуметтік роликтер әзірлеу» жобасы дайындалып, 100 әлеуметтік ролик түсірілді, Әлеуметтік роликтер келесі тақырыптар бойынша дайындалды:
1. Жастардың патриоттық сезім-дерін нығайту;
2. Мемлекеттік бағдарлама арқы-лы ауылдық жерлерге жұмысқа келген жас мамандар туралы ақпараттық бейнероликтер;
3. Жастардың құқықтық-мәдени сауаттылығын арттыру;
Түркістан облысында «Жас кәсіпкер» бағдарламасы қолға алынып, 29 жасқа толмаған, бастау алып жатқан жас кәсіпкер үшін 4 пайызбен 2 млн.теңгеге дейін кепілсіз несие беру жоспарлануда. Түркістан облысы «Жастар ресурстық орталығы» ғимаратында жас кәсіпкерлер үшін арнайы оқыту курстары өткізілді.
Жоба аясында 2019 жылы 1440 жасты «Кәсіпкерлік негіздеріне» оқыту көзделсе, оның ішінде кемінде 10 пайыз білімін жетілдірген жастарды өз жобасын іске асыру үшін қаржыландыру жоспарланған.
«Бизнес-Бастау» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздерге оқуға 498 жас жолданды, 154 жасқа несие және 42 жасқа грант берілген.
«Жас кәсіпкер» жобасына 112 қатысушы тіркеліп, 38 жоба іріктеуден өтті. Жобаның қаржыландыру көлемі 2 млн. теңгеге дейін және 4 пайызбен беріледі. 2019 жылы жоба аясында 1600 жасты оқыту көзделсе, оның ішінде кемінде 10 пайыз білімін жетілдірген жастарды өз жобасын іске асыру үшін қаржыландыру жоспарған.
«Qazproftec» жауапкершілігі шек-теулі серіктестігі әзірлеген кешенді кәсіптік бағдарлау инструменттері негізінде Түркістан, Кентау қала-ларындағы жалпы білім беру ұйымдарындағы 11-сыныптың 1500 оқушысына кәсіптік бағдарлау диагностикасы жасалып, болашаққа кәсіптік бағдар берілді.
Бүгінгі таңда, Түркістан облысындағы (905 мектепте 480 мыңнан астам оқушылар білім алуда) барлық білім беру ұйымдарында кәсіби бағдарлау мақсатында педа-гогикалық іс-әрекеттер ұйым-дастырылған.
2019 жылғы қазан айында облыс мектептерінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ұсынған «Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды кәсіптік бағдарлауды диагностикалау және анықтау бойынша әдістемелік ұсынымдарын» басшылыққа ала отырып, «Кәсіптік бағдарлау» айлығы өткізілуде. 26 мемлекеттік колледждің 60 оқытушысы арнайы біліктілікті арттыру курсынан өтіп, 3000 студент «Кәсіпкерлік негіздері» факультативтік курстарына қатысып келеді.
Ұлттық бірегейлікті сақтау бағыты бойынша 2019 жылы тамыз айында «Түркістан – руханият бесігі» атты өңірдің тарихы мен мәдениетіне арналған лингво-өлкетанымдық энциклопедиясы 4 тілде (қазақ, түрік, орыс, ағылшын) жарық көрді. Кітап саны 4000 дананы құрайды.
2019 жылы Түлкібас ауданы, Майлыкент ауылдық округі аумағында «Etno Park Resort» этно ауыл құрылысы басталды. Жобаның жалпы құны 417 млн.тг құрайды. 15 адам жұмыс қамтылған. Жобада туристерді қабылдау, экскурсия, гид аудармашы, конференц зал, облыстық және ауданның туристік маршрутына енген нысандарға экскурсиялық саяхат қызметтері қарастырылып, жүзеге асты.
2019 жылы алтыншы рет өткізіліп, дәстүрге айналған «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының облыстық қорытынды кезеңінде облыс әкімі алғыс хатымен қатысқан барлық 28 отбасы өкілдері (лауреаттары) 200 000 мың теңге қаржылай сыйлықпен марапатталып, 2 отбасы 1 000 000 теңгеден қаржылай сыйлыққа ие болды. Олар қыркүйек айындағы отбасы күніне орай өтетін Республикалық байқауға қатысып, мерейлі оралды.
Халықтың құқықтық сауат-тылығын және құқықтық мәде-ниетін қалыптастыру, отбасы құндылықтарын насихаттау мақсатында Түркістан облысының ҮЕҰ өкілдерінің қатысуымен «Бақытты отбасы» жобасы аясында фестиваль өтті. Фестивальға 400-ден астам отбасы қатысты.
Қыркүйек айынан бастап ұлттық домбыраны насихаттау мақсатында Түркістан қаласындағы жаңадан ашылған «Арбат» алаңында апта сайын жастардың қатысумен «DOMBYRA PARTY» іс-шарасы өтіп келеді.
Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы бағыты бойынша Түркістан қаласында жастар жылына орай, 2019 жылғы 20 ақпанда жастарына арналған көп функционалды «Облыстық жастар ресурстық орталығы» КММ ашылды. Орталық бір мезетте 350-400 жасқа қызмет көрсете алады. Орталық негізгі 4 бағыт бойынша жұмыс атқарады.
Соның бірі талантты жастарды қолдау бағыты бойынша, орталықта «Еріктілер мектебі» үйірмесі өз жұмысын атқарады. Түркістан облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің жанынан «NGL» еріктілер мектебі жұмыс жасайды. Құрамында 2000 жас бар.
Түркістан облысында құрамында 36 мүшесі бар облыстық, 240 мүшесі бар аудандық, қалалық Қоғамдық кеңестер жұмыс атқарады. Қоғамдық кеңестердің құрамында 50-ге жуық қоғамдық бірлестік өкілдері бар.
Жобалық кеңсеге заңдық мәртебі беру бойынша 2019 жылы 11 шілдеде облыс әкімінің №148 қаулысымен «Turkistan Media Holding» ЖШС құрылып, (2019 жылы 15 шілдеде әділет департаментінде тіркелді БСН: 1210400005857) аталған ЖШС-нің құрамында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Рухани жаңғыру» бөлімі (штат саны 5) жұмыс жасауда.
«Рухани жаңғыру» бөлімі Түркістан қаласындағы Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің базасында орналасып, тиісті материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз етілді.
Өңірлік жобалық кеңсе қызметкерлері «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы, «Атамекен» кіші бағдарламасы, «Рухани Қазына» кіші бағдарламасы және «Ақпарат толқыны» кіші бағдарламасы бағыттарында жұмыстар атқаруда.
Сонымен қатар, облыстағы 16 аудан, қалада өңірлік «Рухани жаңғыру» кеңселері құрылып, қазіргі таңда барлық аудан, қалада жұмыс жасайды.
Түптеп келгенде, ұлттық рухты өшірмей, Мәңлілік Ел қалыптастыру жолында түркістандықтар толымды да толағай жұмыстар атқара бермек. Бұл орайда, жаңа міндеттер, жаңа бағдарламалар жоспарланып, жүзеге асырылуда. Қандай қиын кезеңдер болмасын, рухани жаңғыру жолындағы жедел жұмыстар бір сәтке де босаңсымақ емес. Өйткені, жаһандық ұлы өзгерістер алдында тұрған Қазақстан халқы үшін де үлкен жауапкершілік күтіп тұр.

Әзірше ешқандай пікір жоқ.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз.

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *