МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ САЯСАТЫ – ҰЛТТЫҚ РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДЫҢ БАСТЫ БАҒДАРЫ
03.10.2019 0 2 385
Анар БЕКҚОЖАЕВА,
Еңбекшіқазақ ауданы Масақ орта мектебі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Табысқанда дүние фәнименен,
Тал бесікте жатқанда сәби денем.
Ана тілім, бойыма сіңдің шым-шым,
Даусыменен анамның әлдилеген, – демекші, шыр етіп дүниеге келген сәтімізден бастап анамыздың ақ сүтімен бойымызға даритын туған тіліміз – тіршілігіміздің бастауы. Тіл жоқ жерде ұлттың да болмайтыны тайға басқандай ақиқат. Бұған жер бетінде жойылып кеткен тілдер дәлел. Бұл турасында қазақ әліпбиінің атасы ұлтымыздың біртуар перзенті, сөз шебері атанған Ахмет Байтұрсынов: «Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады» деп тілдің адамзат баласы мен мемлекет үшін айтарлықтай құнды дүние екендігін айқын атап кеткен. Расымен де, тіл елдігіміздің символы, халық пен мемлекетті ортақ мұраттар мен мақсаттарға жұмыл-дыратын құдіретті күш, атадан балаға мирас 20 болып қалатын асыл мұра, жас ұрпақты ізгілендіретін тәрбие негізі, ел тағдыры мен тарихын, ата-баба дәстүрін, мәдениетін,шежіресі мен әдеби құнды мұраларын ғасырдан-ғасырға жеткізетін таптырмас баға жетпес құрал, рухани байлық, ұлттық рух пен болмыстың алтын қазығы. Қазақ тілі-тәуелсіз Қазақстанның ана тілі,мемлекеттік тіл. 1989 жылы 22қыркүйекте қабылданған «Тіл туралы» Заң ана тіліміздің мәртебесін биікке көтерді.
Біздің ана тіліміз-сөздік қорға бай,көркем де таза тіл. Оған тіліміздің әлем тілдері ішінен қолданылуы, сөйлеушілердің саны жағынан 70 ші орынды алып, түркі халықтары ішінен 4-ші орынды иемденуі, ал сөздік қоры, тіл тұрғысынан дүние жүзі тілдері арасынан 3-ші орынға табан тірегендігі дәлел бола алады. Бұл халық саны көп, қанатын кеңге жайған аллауыт мемлекеттермен салыстырғанда біздің енді ғана тал шыбықтай, жас бұтақтай өсіп-өркендеп келе жатқан Қазақстанымыз үшін жаман көрсеткіш емес.
Біз туған тіліміздің осыншалықты асыл құндылықтарға ие басты байлығымыз екендігін ұмытпай, оны мақтанышымызға балап, әлемге паш етуге үлесімізді қосуымыз қажет. Ол үшін тіл тазалығы бірінші кезекте болуы шарт. Тіл – ар өлшемі. Сондықтан туған тілімізді шұбарлау-арымызға түскен дақ, рухымыздың тұнығын лайлау екендігі хақ. Сол себепті тіл тазалығы өзімізден бастау алатынын естен бір сәтке болсын шығармайық. Бүгінде еліміз әлемдік аренада өз қолтаңбасын қалдыру үшін табанды еңбек етіп, бірталай жетістікке жетті. Жаһандану процесінен кенде қалмай, барша ғаламға атағы жер жарған саяси, экономикалық, әлеуметтік жағынан дамып, айды аспанға шығарып мықты мемлекеттермен нық тіркестіру, тәжірибе алмастыру мақсатында көптеген саяси бағдарламалар іске асуда.
Соның бірі – «Үш тұғырлы тіл» саясаты. Бұл дегеніміз әлемдік өркениетке қадам басу үшін қазақ тілімен қатар орыс, ағылшын тілдерін жетік меңгеруді талап ететін бағдарлама. Осы орайда халқымыздың «Өз тілің – бірлік үшін, өзге тіл – тірлік үшін» деген даналығы еріксіз еске түседі.
Шет мемлекеттермен тікелей байланысқа шығу, олармен әрдайым достық қарым-қатынас жасау, шетелдік оқу орындарында білім алу, тәжірибелер алмасу т.б. Осындай себептердің барлығы тіл меңгерумен тікелей байланысты. Сондықтан бұл саясаттың жақсы жақтарын пайдаланған тиімді. Бірақ, «Өзге тілдің бәрін біліп, өз тілімізді құрметтеу» қажеттігін ұмытпауымыз қажет. Тәуелсіздігіміздің бірден-бір айшықты белгісі-ана тіліміз екендігі белгілі. Еліміз азаттыққа қол жеткізгелі туған тіліміз де құлашын кең серпуде. Мемлекетімізде қазақ тілінің дамуы үшін игі істер өз жалғасын табуда. Соның бірі 22 қыркүйекте Қазақстан халықтарының тілдері күнінің аталып өтуі дер едім. Аталмыш мерекеге орай елімізде мерекелік ісшаралар өткізіледі. Қарап отырсақ, мемлекеттік тіл мәртебесі қазақ тіліне берілгенімен, орыс тілі тең дәрежеде деп есептелді. Мемлекеттік мекемелерде, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында да іс қағаздары орыс тілінде жүргізіліп басым қолданыста болды. Халықтың 80-90 пайызы орыс тілін жетік меңгерген.
Қазақ тілі тек қағаз жүзінде жүргізіліп, ауызекі тілде нашар дамыды. Осыған орай мемлекеттік тілдің қызметін арттыру үшін түрлі бағдарламалар, жобалар қабылдана бастады. Солардың бірі «Үштілділік» мемлекеттік бағдарламасы. Бастауын Елбасымыз Н. Назарбаев салып берген бұл бағдарлама қазақ тіліне үлкен басымдық беріп отыр. 2011 жылдан бастап мықтап қолға алынған жоба бүгінгі күні өз жұмысын бастап кетті, әрі оң нәтиже беріп келе жатыр. Елбасымыз Қазақстан халқы ассамблеясының ХVІІ сессия отырысында Қазақстан аймағында тұрып жатқан халықтардың басын қосатын тіл қазақ тілі болуы керек деп анық атап айтты. Яғни тілді пән ретінде оқытудан басқа өзге де пәндерді орыс, ағылшын тілдерінде оқыту арқылы тілдердің үштұғырлығына қол жеткізу көзделген.
Сонымен қатар мектеп кітап-ханасын үштілді ресурстармен қамтамасыз ету оқушыларға кез келген мәтінді,шығарманы түпнұсқадан оқуға жағдай жасап, білімін ұштауға мол мүмкіндік ашады. «Білекке сенер заманда-ешкімге есе бермедік. Білімге сенер заманда-қапы қалып жүрмейік»-деп, Абылай хан айтып кеткендей,бізді алдыға жетелейтін құдіретті күш тіл екенін естен шығарып алмайық! Мемлекеттік тіл Қазақстан Респуб-ликасының мемлекеттік рәміздерімен қатар ұлттық қауіпсіздік фактор-ларының бірі ретінде қаралуы тиіс.
Бұл жөнінде Президентіміз Н.Ә.Назарбаев «Рухы биік болмай, мықты тәуелсіз ел болмайды. Рухы биік елді ешкім жеңе алмайды. Рух деген – елдің тарихы, елдің тілі, елдің дәстүрі» деген болатын. Сонымен бірге Елбасы «Ұлттың бәсекеге қабілеттілігінің аса маңызды шарты-бұл әлемдік бәсекелестік үдерісінде табысқа жетуге мүмкіндік беретін күшті рух пен білім, яғни қазақстандық патротизмді қалыптастыру» деп атап көрсеткен болатын. Мәңгілік Ел – жалпы Қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы, бабаларымыздың арманы, «Қазақстан-2050» Стратегиясының түп қазығы,жаңа Қазақстандық патриотизмді қалыптастырудың алтын өзегі. Отанымыздың барлық азаматтары, олардың әрқайсысы осынау ұлы дүбірлі үдерісте бір кісідей жұмылып, ықылас-пейілімен, жан-тәнімен, білім-парасатымен, жи-нақтаған тәжірибесімен үлес қосуға тиіс. Тәуелсіздігімізді нығайту үшін қоғамда болашаққа деген сенім, рухтың күштілігі аса қажет. Н.Ә.Назарбаев былай деп атап өтті: «Рухы берік санасы ояу, мәдениеті озық, әдебиеті өрен елдің, болашағы да баянды болады».
Рух ұлттық формада өмір сүреді. Ол сүйіспеншілік қайдан пайда болады? Егер де ұлттың топырағында туып өссең, оның болмысын қаныңа, жаныңа, тәніңе сіңірсең, тілін меңгерсең, тарихын білсең, мәдениетін білсең, әдет-ғұрпын білсең сүйіспеншілік пайда болады, бұл ұлттық рухтың негізгі базасы болып табылады.
Ары қарай рух қалыптасу үшін ұлттың жағдайын, жете алмай тұрған кемістіктерін, алдына қоятын нақты мақсатын, яғни ұлттық рухтың мәнін сезіне білу керек. Сонда ғана ұлттық рух қалыптасады. Ұлттық рухты тек түсініп, сезініп қою жеткіліксіз, ең негізгісі өз ұлтың үшін белсенді іс- 22 әрекетке көшу керек. Ұлттық рух ары қарай қалыптасу барысында ол ұлттың мақсат-мүддесін, ішкі жан дүниесін, арман-тілегін бойына сіңіре отырып, кіндік қаны тамған топыраққа, өз жұртына, Отанына деген ерекше сүйіспеншілікті өзінің мазмұнына айналдырады.
Ұлттық рухтың қыр-сыры, мән-мағынасы туралы айтқанда оның сана түсінігімен байланысына назар аударған жөн. Рух пен сананың ортақ қасиеттері, ортақ мазмұны көп болғанымен, олардың айырмашылығы баршылық. Елбасымыз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында сананы жаңғыртуға, білім мен ғылымға үлкен мән бергені мәлім. Бәсекелік қабілетті арттырудың жолы да – осы білімге құштарлықтан бастау алатынын ашып айтты. Иә, жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіре отырып, жаһандық өзгерістерге бейім әрі патриоттық рухта тәрбиелеу қашанда өзекті мәселе болып келген. Сондықтан Президент ұсынған рухани жаңғыру бағдарламасы – бала тәрбиесіне жауапты мамандардың басты бағдарына айналуы заңдылық «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жастарды жаңғырту жолында нақты мақсатқа жету үшін білімді, саналы болуға, тәрбиелеу.
Жаңаша оқытудағы басты нәрсе – бұл білім алу және өздігінен білім алу негізінде адам қабілеттерін, икемділіктерін дамыту. Жаңа білім алу парадигмасында тұлғаның қызығушылықтарын қамтамасыз етуде тұтастық, бағыттылықпен бірге мықты негізділік (фунда-менталдылық) те шешуші рөлге ие. Қазіргі заманғы оқушының, басты мақсаты – көптеген пәндерден, олардағы ұшан-теңіз ақпараттардың ішінен ең негізгісін, мәндісін таба білу. Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған мәселе – білім беру, ғылымды дамыту. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар: оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желі-лерге шығу» – деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді. Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісі технологияландыру мәселесін қойып отыр. Қоғамның қазіргі даму кезеңінде болып жатқан әлеуметтік саяси және жаңа технологиялық өзгерістерден ұрпақ тәрбиесіндегі бетбұрыстардан білім мен тәрбие жүйелерінің ісін жаңа сатыға көтеру қажеттілігі туындап отыр. Заман талабына сай білім-оқу орындарында білім мазмұнын, оның құрылымдық жүйесін жақсарту – білім реформасының жүзеге асуының басты шарты. Осы заманғы білім берудің стратегиялық мақсатын өз жауапкершілігін сезіне алатын, өздігінен әрекет етуге және әрекетінің шешімін таба білуге қабілетті, барлық істе сауатты тұлғаны оқыту мен тәрбиелеуді қамтамасыз ету болып табылады.
Қазіргі уақытта модульдік оқыту технологиясын көптеген оқытушылар пайдалануда. Модульдік оқыту 23 1960 жылдардың аяғына қарай шет елдерде (АҚШ-та) дәстүрлі оқудың бір нұсқасы, бағыты ретінде пайда болды. «Модуль» латынның «өлшем», «шама», «мөлшер» деген сөзі. Сонымен қатар модуль дегеніміз – ірі блок, бөлінген, яғни оқу материалдарын, бөлшекке, блоктарға бөліп беру. Қазіргі уақытта қазақстанда білім берудің өзіндік үлгісі қалыптасуда. Модульдік оқу технологиясының негізі – білім алушының танымдық белсенділігін, танымдық іс-әрекеттерінің әртүрлі іс-әрекеттерін ойлау, зейін, қабылдау әрекеттерін, ойын арқылы және сөздік байлықтарын дамыту.
Айта кетер тағы бір тиімді жағы – бірізділігі, жүйелілігі, дарынды оқушылармен жұмыс істеуге қолайлы. Модульдік оқыту технологиясымен оқыту нұсқасында білімді толық игеруді негізге ала отырып, қазіргі дидактика талабына сәйкес, білім алушыларды оқыту ғана емес, тұлғаның танымдық қызметін ұйымдастыруға, оқу үрдісін диалогтік қарым-қатынас негізінде құруға болады. Бұл оқу үрдісі мен оқытушының жұмысына мынадай өзгерістер туғызады: біріншіден, оқушы мен оқытушы оқудың ұйымдастырушысына айналады; екіншіден, мұғалім сабаққа алдын-ала зерттеу жасап, уақыттың көпшілігін сабақты даярлауға жұмсайды да, сабақ барысында тек бақылаушы, үйлестіруші қызметін атқарады.
Ал дәстүрлі оқытуда білім беру процесі көп жағдайда білім алушының сабаққа «таза парақ» күйінде келіп, оқытушының оны сабақта біліммен «толтырумен» айналысатын құбылыс деп түсінеді. Шәкірт сабақта ғана жаңа білім алып, сабақтан кейін оны бекіту жұмысымен ғана айналысады. Инновациялық оқу-оқыту барысында үйренушілер әрқашанда белсенді болып, өзіндік пікір қалыптастырып, өз ойларын дұрыс жеткізе білуге, өз көзқарасын дәлелдеуге, пікірталас жүргізуге, басқаларды тыңдауға, өзге пікірді сыйлауға және онымен санасуға үйренеді.
Қазіргі заманғы білім беру жүйесін құру оқытудың инновациялық нысандары мен әдістерін енгізу педагог қызметкерлердің тұлғасына және кәсіпттік құзыреттілігіне жоғарғы талаптар қоюда. Жаңа оқыту технологиясын меңгеруде оқытушылардың, педагог қызметкерлердің жан-жақты білімі қажет. Қазіргі оқытушы педагогикалық процесте жүйелі жұмыс жүргізе алатын, педагогикалық өзгерістерге тез төселетін, жаңаша ойлау жүйесін тез меңгере алатын, білім алушылармен ортақ тіл табыса алатын, білімді, іскер, шебер болуы керек.
Жаңа педагогикалық техноло-гияның ерекшеліктері – өсіп келе жатқан жас тұлғаны жан-жақты дамыту. Инновациялық білімді дамыту, өзгеріс енгізу, жаңа педагогикалық идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу. Бұрынғы білім алушы тек тыңдаушы, орындаушы ғана болса, ал қазіргі білім алушы – өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беруіміз керек. Қазіргі білім алушы дүниетаным қабілеті жоғары, дарынды, өнерпаз, ізденімпаз, талапты, өз алдына мақсат қоя білу керек.
Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану – педагогикалық ісәрекеттердің мазмұны мен формасын толықтыру негізінде оқыту үрдісін жетілдірудің бірден-бір жолы. Оқытудың педагогикалық жаңа технологияларының барлығы дерлік оқушының өз бетінше білім алуын 24 ұйымдастыруға бағытталған.
Қазіргі уақытта білім мазмұнын жаңарту мен сапасын жаңа деңгейге көтеру мақсатында оқытудың педагогикалық технологиялары арқылы оқыту әдістерінің 50-ге жуық үлгілері ұсынылып, мектеп тәжірибесіне енгізіле бастады. Педагогикалық технологиялар көптүрлі болуына қарамастан, олардың іске асуының екі ғана жолы бар. Біріншісі – теориялық негізде орындалуы, екіншісі – тәжірибемен жүзеге келуі. Бүгінгі таңда қазақстандық ғалымдарымыз Ш.Қаланова, Ж.Қараев, Ш.Таубаева, М.Жанпейісова, Ә.Жүнісбек және т.б. ғалымдарымыздың зерттеулерінде оқытудың жаңа технологиялары жан-жақты қарастырылды.
Оқыту үрдісінде жаңа педагогикалық технологияларды тиімді қолдану мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, рухани, адамгершілік, азаматтық сияқты көптеген адами қабілеттерінің қалыптасуына игі ықпалын тигізеді. Оқушының өз бетімен білім алуына, өзіндік ой пікірін қалыптастырып, қорытынды жасай білуін, өз білімін өзі бағалай білуіне, қисынды ойлау қабілетін қалыптастырып, шығармашылық іс әрекетін ұйым-дастыруға мүмкіндік береді.
Әзірше ешқандай пікір жоқ.
Бірінші болып пікір қалдырыңыз.