Туған жер Туған жер

Туған жер

26.09.2019 0 1 951

Туған жер! Әр адамның өз туған жерін мақтан тұтып, құрметтейтіні анық. Туған жер – сенің кіндік қаның тамып, тәй-тәй басып, азамат болып, өскен жерің.... Туған жер

Туған жер! Әр адамның өз туған жерін мақтан тұтып, құрметтейтіні анық. Туған жер – сенің кіндік қаның тамып, тәй-тәй басып, азамат болып, өскен жерің. Сондықтан да туған жер – бәрімізге ыстық.Туған жердің ой-шұқыры, ағашы, құмы, жай ғана шашыңды сипап өткен желі болсын саған ерекше болып көрінеді. Меніңше, осынау тасына дейін таныс туған жерге деген махаббат күндей жарқырап сәуле шашып тұруы керек. Өз елімнің жер аумағы мен табиғатының соншалықты әрқилылығымен көз тартар әсемдігін сезінгенде жүрегім туған жерге деген махаббатқа толып, арнасынан асып жатады.
Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында: «Қазақ «Туған жерге туыңды тік» деп бекер айтпаған. Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады. Сол себепті, мен «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынамын. Оның ауқымы ізінше оп-оңай кеңейіп, «Туған елге» ұласады. Мәселен, «Ауылым — әнім» атты әнді айтқанда, «Туған жерін сүйе алмаған, сүйе алар ма туған елін» деп шырқайтын едік қой. Бажайлап қарасақ, бұл — мағынасы өте терең сөздер. Бағдарлама неге «Туған жер» деп аталады? Адам баласы — шексіз зерденің ғана емес, ғажайып сезімнің иесі. Туған жер — әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмір-бақи тұратын өлкесі. Оны қайда жүрсе де жүрегінің түбінде әлдилеп өтпейтін жан баласы болмайды. Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу — шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі» деп айтқандай, шындығында туған жер адам өмірінде ерекше орын алады. Нақты осы жер оны елі мен өткенмен және болашақпен байланыстырады.Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап-ақ адамда Отанға деген махаббат сезімі оянады. Әрбіріміз үшін Отан ошақ басынан басталады: туған жер, туған ел, туған қала, туған көше.
Ертеңгі ұрпақ бақытты өмір сүрсін деген еліміз бен жеріміз бар Құдайға шүкір! Осыған тәубе етемін.
Тәуелсіздікке қол жеткізген осынау жарқын күндерде кең байтақ туған жерімде бейбітшілік болсын.

Еркемай Несіпбек,
11 сынып оқушысы
Алматы облысы Іле ауданы
№19 орта мектеп

Әзірше ешқандай пікір жоқ.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз.

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *