Көксу өңірінің ерте-ортағасырлық қалалары
26.09.2019 0 2 903
Қаратал өзені алабының тауалды жазықтарының ерте орта ғасырларда ғасырда отырықшы мәдениет пен сәулет өнерінің өркендегенін айғақтайтын қарлұқ қағанаты тұсында ірі мәдениет және сауда орталығы болған Екіоғыз, Дүнгене, Мұқаншы, Быжы, Талды қалашықтарының маңызы зор сакральды ландшафттардың қатарына жатады.
Заттай және жазба деректерге сүйене отырып, оларды зерттеп болашақ ұрпаққа жеткізу, рухани-материалдық мұра ретіндегі өлке тарихын оқып-үйреніп жас ұрпақты отан қорғау рухында тәрбиелеуде ерекше орын алады.
1960 жылдары белгілі ғалым-агроном әрі өлкетанушы Г.М. Милощенко Көксу, Быжы, Мұқыры, Жарлыөзек өзендерінің аңғарындағы жер асты суы жер бетіне жақын жатқан шұраттардағы төрткүлдер мен сақ қорғандарын картаға түсірген.
Көксу, Қаратал аудандарындағы қоғам дамуында ерекше орын алған ерте орта ғасырлардағы қалалардың бірі Қаратал мен Көксу өзендерінің құяр сағасындағы Екіоғыз (қос өзен) қаласы. Жетісу өңіріне қатысты тарихына қатысты жазба деректерде XІІ ғасырды монғол ханы Мөңкеге келген Француз королі Людовиктің елшісі Плано Карпини және Вильгельм де Рубрук Екіоғыз қаласы арқылы өткенде қаланың бұзылып жатқаны жөнінде жазып, оны «эквиус» деп атағаны жайлы айтылады. Міне осы екі саяхатшының еңбектерінде Жетісу өңірінің қалаларының құрылысы мен халқының тұрмысы, хан сайлаудың салтанатты рәсімін өткізуі, Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы қалаларда христиан дінінің нес-ториандық бағыттағы шіркеуінің болғандығы жайлы мағлұмат беріледі.
Жазба деректерден гөрі Көксу өңірінде ежелгі қалалар мен төрткүлдердің тарихтағы алатын орынын айғақтайтын жергілікті тұрғындар тауып, өлкетану мұра-жайларында сақталған заттай дерек-тердің қоры мол.
Еуропаны Азиямен байла-ныстыратын Ұлы Жібек жолының дамуына байланысты Көксу, Қаратал өзендерінің аңғарындағы ежелгі Екіоғыз, Дүнген қалалары мен олардың маңындағы төрткүлдер VІІ-XІІІ ғасырлар аралығында өркендеп, гүлденгенін олардың орнындағы мәдени қабаттардан табылған заттай деректер айғақтайды [1].
XІІІ ғасырдағы монғол-татар шапқыншылығынан кейін Ұлы Жібек жолының біртіндеп маңызын жоғалтуына байланысты Көксу өңіріндегі ерте орта ғасырлардағы қалалардың экономикасы құлдырап, отырықшы мәдениеттің біртіндеп көшпелі мәдениетке ауысуына байланысты жойылды.
Ежелгі отырықшы мәдениеттің сақталуына Ұлы Жібек жолы мен қолайлы табиғат жағдайлары әсер етті. Жетісу Алатауының шыңдарынан бастау алатын Қаратал, Көксу, Быжы, Құсақ, Мұқыры өзендерінің аңғарларындағы шұрайлы шұратты жазықтарда жергілікті халықтың егіншілікті мал шаруашылығымен ұштастыра отырып, суармалы егіншілікпен айналысқанын ерте заманда қазылып пайдаланылған ескі арықтардың іздері айғақтайды.
1970-1980 жылдардан бастап Ә.Х. Марғұлан атындағы археология институты қола, сақ қорғандары мен ерте орта ғасырлық Жақсылық, Талапты қалашықтарына қазба жұмыстарын жүргізіп ежелден отырықшы және көшпелі мәдениеттің ірі орталығы болғанын айғақтайтын заттай деректер тапқан. Зерттеу жүргізген тарихшы-археолог ғалымдар Көксу өңіріндегі қала құрылысы мен мәдениетінің дамуын екі кезеңге бөліп қарайды:
• VІІ-VІІІ, ІX ғ.ғ. Түрік, Қарлұқ және Қараханиттік кезең. Бұл кезеңді қала құрылысы мен сәулет өнерінің баяу дамыған уақыты деп есептелінеді. Қазақстан Республикасының Ұлт-тық Ғылым академиясының Ә.Х. Марғұлан атындағы археология институтының директоры, профессор К.М.Байпақовтың пікірінше Көксу өңіріндегі қалалардың баяу дамуы сауда қатынасы күшті дамыған транзиттік күре жолдардан алыс жатуы болып табылады [2].
• XІІІ-XІV ғ.ғ. Шыңғыс ханның шапқыншылығынан кейін монғол империясының орталығы Алтайдың шығысындағы Қарақорым қаласына бағытталған сауда жолының күшеюі қала мәдениетінің өркендеп, гүлденуіне өз ықпалын тигізді [3].
Көксу өңіріндегі Ұлы Жібек жолының бойындағы жерасты суының жербетіне жақын жатқан құнарлы шұратты жазықтарда бір-бірімен шамамен 10-15 шақырым қашықтықта орналасқан аумағы 180х180 метрден аспайтын шағын қалашық төрткүлдер кең тараған. Бір ерекшелігі бұл қалашықтар бір ендіктің бойында орналасқан құрылысы ұқсас төрт бұрышты болып келген сыртында биік қорғандардың болғанын айғақтайтын жалдардың іздері бар. Төрткүлдер жол бойындағы керуендердің тоқтап тынығу, жаугершілік заманда қорғаныс, егіншілікпен айналысқан аздаған адамдар мен саудагерлердің қонысы қызметін атқарған. Қалашықттардың сыртында орта ғасырлық қалаларға тән биік қорғанмен қоршалғанын терең ордың іздері мен жалдардың сілемі айғақтайды.
Қалашықтың бұрыштарындағы бақылау мұнараларының ізі әс-кери мақсатта қолданған бекініс болғандықтан тұрақты түрде әскери күзеттің тұрғанын дәлелдейді.Қаратал, Көксу өзендерінің аңға-рындағы тарихи-археологиялық ес-керткіштердің екінші бір тобы сақ қорғандары. Олар тау етегін бойлай Жоңғар қақпасына дейін кең тараған. Төбелердің диаметрі 15-20, биіктігі 2-3 метрге жетеді.
Екіоғыз (Эквиус) қаласы. Көксу ауданындағы ерте орта ғасырда гүлденген саяси-әкімшілік әрі ірі сауда орталығы болған қалалардың бірі қазіргі Көксу мен Қаратал өзендерінің бір-біріне құяр сағасында орналасқан Екіоғыз (Эквиус) қаласы. Ол түркі тілінен аударғанда «қос өзен» деген мағынаны білдіреді. Атау Қараталмен Көксу өзендерінің сағасына жақын орналасуына байланысты қойылған деген қорытынды шығаруға болады. Суармалы егіншіліктің қарқынды дамуына байланысты қазір орны тегістеліп, қызылша плантацияларына айналдырылғандықтан нашар сақталған. Қала сырты қорғандарының іздері жал түрінде көкжиектің негізгі бағыттарына бағыттас созылып жатыр. Қала үйлері мен әлеуметтік маңызы бар ғимараттарда егіс алқаптарының арасынан анда-санда кездесетін ортасы шұңқыр, ірілі-ұсақты төбешіктер түрінде кездестіруге болады [4].
Қорғандар ені 2-3 метр, биіктігі 1-2 м жететін жал түрінде сақталған. Сыртында терең қазылған орлардың іздері байқалады. Үйінді төбелер бір-бірінен белгілі бір қашықтықта Көксу өңірінде соғатын басым желдерге бағыттас солтүстік-батыстан оңтүстік- шығысқа бағытталып, белгілі бір математикалық өлшеммен салынған. Вильгельм де Рубруктың деректеріне сүйенсек, Жетісу өңіріндегі Қойлық, Алмалық, Екіоғыз сяқты ірі қоныстарда әрбір 30-45 метр жерде бақылау мұнаралар орнатылған биіктігі 3,5-5 қалыңдығы 4-6 метрге жететін қала сырты қорғандары болған. Қимақ қағанының ұлы Жанақ ибн — Хасан әл-Қимақидың (X-XІІғ.ғ.) жазба деректеріне сүйеніп жазған араб географы әл-Идрисидің “Нузхат әл-Муштак фи-хтирак әл-афак” атты еңбегінде Екіоғыз қаласымен Қарлұқ мемлекеті жайлы жылнамасы мен картасы болған [5].
К.М. Байпақовтың еңбектеріндегі деректерге сәйкес Ұлы Жібек жолының бойында XІІІ ғасырдың жартысы мен XІV ғасырдың басында Орта Азиядан Жетісу арқылы Алтай мен Монғолияның орталық бөлігін байланыстыратын сауда жолы Көк-су өңіріндегі қалалардың сауда-экономикалық маңызын арттырып, одан әрі гүлденуіне өз әсерін тигізді.
Ірі сауда орталықтарының болғанын сол кезеңдегі үш әлемдік діннің қатар дамуы да айғақтайды. Жетісу өңірінен шыққан қазақтың белгілі инженері, әрі тарихшы ғалымы М. Тынышбаевтың “Қазақ халқының тарихы” атты еңбегінде Қазақстан аумағындағы Ұлы Жібек жолының бойындағы гүлденген қалаларға тоқтала келіп, Көксу ауданындағы Екіоғыз, Дүнгене қалаларының көшелері мен маңызды ғимараттары анық көрініп жатқаны жергілікті халық қала орнынан мыстан жасалған қазандар мен қыш құмыралар тапқанын және ауыз сумен қамтамасыз ету үшін тау бөктеріндегі бастаулардан тартылған қыш құбырлар болғаны жөнінде де жазады.
Қазақстан Республикасының Ұлт-тық Ғылым академиясы Ә.Х. Марғұлан атындағы архелогия институтының ғылыми қызметкері М.М. Нүр-пейісовтың пікірінше Екіоғыз, Дүнгене сияқты қалаларда 1000 -5000 тарта адам (негізінен ірі саудагерлер мен ұсақ қолөнершілер) тұрған. Олардың сыртындағы берік қорғанмен қоршалып,төрт бұрышында бақылау мұнараларының болуы қорғаныс және кіре тартқан саудагерлер тоқтайтын маңызды бекет ретінде қолданылған шағын елді мекендер болғанын дәлелдейді.
Көксу өңіріндегі ежелгі қалалар егін өсіруге қолайлы жер асты суы жер бетіне жақын топырағы құнарлы шұратты жазықтарда ғана емес, стратегиялық маңызы бар керуен жолдарының бойында орналасуы мен ерекшеленеді. ІX-XІІІ ғасырларда қала құрылысы мен сәулет өнерінің,сауданың жақсы дамығанын Иранда, Қытай мен Монғолияда жасалған шыңылтырланған жасыл түсті қыш ыдыстар мен су құбырлары болғаны туралы деректер айғақтайды. Қазір олар Мәмбет, Мұсабек, Амангелді ауылдарындағы орта мектептеріндегі тарихи-өлкетану мұражайларында сақталуда [5].
Жарлыөзек қалашығы. Көксудың Қараталға құяр сағасындағы Екіоғыз қаласы қарлық қағанаттың әкімшілік -аумақтық құрылымның орталығы болған .Қала маңында қорғаныс, сауда бекеті қызметін атқарған шағын қоныстар төрткүлдер шоғырланған. Солардың ішінде тарих қойнауынан бізге жетіп, жақсы сақталғаны Балпық би кентінің батысындағы 15-20 шақырым қашықтықтағы Бозтоған ауылының солтүстік-шығыс шетіндегі Жарлыөзек төрткүлі. 32400 шаршы метр аумақты алып жатқан қалашықтың сыртқы қорғаны жақсы сақталған.Төрткүлдің ұзындығы мен ені шамамен 190-200 метрге жететін трапеция тәрізді, сырты қалыңдығы 2-3, биіктігі 5-6 метрге жететін қорғандармен қоршалған.
Бірнеше жүз жыл бойы сыртқы күштердің әсерінен бұзылуына байланысты қазір оның биіктігі бір метрден аспайды. Төртбұрышында бақылау мұнараларының, ізі, сақталған.
Қорғанның керегесі 20х40 санти-метрлік шикі кірпіштен қаланғанын.. Төрткүлдің ортасында биіктігі 1-1,5 ені 3-4 метрге жететін төртбұрышты екінші дуал бар. Ежелгі Қойлық, басқа да қалаларда жүргізілген қазба жұмыстарының деректерімен салыстыра отырып, аумағы 4900 шаршы метрді алып жатқан бұл құрылыстың керуен сарайы болған деген болжам айтуға болады. Бозтоған ауылының тұрғындары құрылысқа қажетті саз алукезінде төрткүлдің орынынан ерте орта ғасырдағы адамдар қолданған қыш ыдыстар мен ауы з су мен қамтамасыз ету мақсатында қолданған қыш құбырлар тапқан.
Жарлыөзектен табылған көзенің бірі Бүгінгі таңда І.Жансүгүров атындағы Жетісу мемлекеттік уни-верситетінің тарихи-өлкетану мұра-жайында сақтаулы тұр.Оның биіктігі 75, табанының ені 20 сантиметр, сыйымдылығы 60 литрге жетеді.
Ыдыс жасалған саздың құра-мындағы құмыда периттің болуы жергілікті жердегі қолөнер шебер-лерінің жасағанын айғақтайды. Құмырада сақталған астық шірімес үшін ауа айналымын тудыратын шағын саңылау бар. Төрткүлдің орнынан табылған қыш құбырлар елді мекендерді таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында пайдаланылған.
Аудан аумағында Жарлыөзектен басқа бірнеше шағын төрткүлдер бар солардың бірі Балпық би кентінің солтүстік батысындағы 20 шақырым қашықтықтағы Амангелді қалашығы.Ол Амангелді ауылының батыс шетіндегі өзен бойында орналасқан. Аумағы 300х400 метр. Жарлыөзек, қалашығынан айырмашылығы – сыртқы қорғанның ішінде тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар төмпешік түрінде сақталған. Ауданы басқа қалашықтардан біршама ірі. Мәдени қабаттарынан табылған қыш құмыралар, металл ыдыстар жергілікті өлкетану мұражайында сақталған.
Мұсабек қалашығы. Балпық би кентінен 40-45 шақырым қашықтықтағы Мұсабек ауылының солтүстік шетінде орналасқан. Пішіні төртбұрышты, төрт бұрышында бақылау мұнараларының ізі бар. Қала сырты қорғаны анық байқалады. Бозтоған, Амангелді, Мұқаншы, Мұсабек ауылдарының маңындағы төрткүлдерінің мәдени қабаттарынан табылған қыш құмыралар мен құбырларды жазба деректермен салыстыра отырып Көксу ауданынының аумағындағы ежелгі елдімекендер ІX-XІІІ ғасырларда бой көтергеніне көзжеткізуге болады.
Амангелді, Жарлыөзек, Мұқаншы, Теркті, Талды қалашықтарының құрылысының ерекшеліктерін белгілі археолог, академик К.М. Байпақовтың еңбектеріндегі деректермен салыс-тыра отырып Іле, Көксу, Қаратал өзендерінің аңғарындағы елді мекендердің ұқсас белгілері бар екені анық байқалады. Айтар ойымызды XІ-XІІ ғасырлардағы Жетісу өңіріндегі төрткүлдерде шикі кірпіш және күйдірілген қыш кірпішпен қаланған төрт-алты бөлмелі тұрғын тұрғын үйлер мен қора-қопсыдан тұруы және ішінде мал қоралар мен киіз үй тігетін кең ауланың болуы айғақтайды [6].
Жинақталған заттай және жазба деректерді ғалымдардың ой-пікірлерімен салыстыра отырып, сауда қарым-қатынасының өркендеуіне байланысты ерте орта ғасырлардың өзінде Жетісу жерінде қала құрылысы мен қол өнердің жақсы дамыған деген қорытынды шығаруға болады.
Батыс Еуропаны Оңтүстік шығыс Азиямен байланыстыратын сауда жолының бойында орналасуы Көксу өңіріндегі Екіоғыз, Дүнгене сияқты қалалар сауданың, қала құрылысы мен мәдениеттің дамуына ұйтқы болып қана қоймай, дүниежүзілік өркениеттің дамуына да үлес қосты.
Маңызды сауда орталығы болып халықаралық сауда экономикалық қатынаста жетекші орын алғанын ежелгі қала орнында болашақта қазба жұмыстары жүргізілсе, жас өлке танушылар кенеттен тапқан заттармен шектелмей, керуен сарайлары мен басқа да маңызды ғимараттар табылар еді. Осы тұрғыдан келгенде Көксу ауданының аумағындағы Екіоғыз қаласы мен Дүнгене, Жарлыөзек, Амангелді, Мұқаншы, Мұсабек, Быжы, Талды сияқты төрткүлдер көнеден келе жатқан көзайым іспеттес Болашақта Көксу, Қаратал өзендерінің аңғарындағы төрткүлдер мен қала-ларда қазба жұмыстары жүрсе бізге әлі талай сырын ашар еді.
Әдебиеттер:
1. Абдуллин А.А. Геология Казахстана. – Алма – Ата: Наука, 1981.-256 с.
2. Акишев К.А., Куашев Г.А. Древняя культура саков и уйсунов долины реки Или.- Алма-Ата: Изд-во АН Каз ССР,1959.-С.89-95.
3. Акпамбетова К.М., Жандаев М.Ж. Краткий курс геоморфологии. Қараганды: 1994. – 137 с.
4. Александрова М. А. Гражданско-правовой режим культурных ценностей в Российской Федерации. Дисс. на соискание ученой степени кандидата юридических наук. Спб., 2007.
5. Байпақов К.М. Қазақстанның ежелгі қалалары. Алматы, Аруана, 2007.-384б.
6. Байпаков К. М.Средневековые города Казахстана На Великом Шелковом пути. -Алматы: Ғылым, 1998.-С.16-18.
Қыдырбаева А.Т.,
Мухитдинова Р.А.
І. Жансүгіров атындағы
Жетісу мемелекеттік университеті,
Талдықорған қ.
Әзірше ешқандай пікір жоқ.
Бірінші болып пікір қалдырыңыз.