БАЛАЛАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
12.03.2019 0 2 120
Анель Өкетова,
Талғар ауданы Алмалық ауылы №18 орта
мектебінің 8-сынып оқушысы
Ұстазы – Ғалия Тұрсынбайқызы Жуашева
***
Алаңдатар менің мына жайымды,
Тіліміздің мәртебесі тұғырлы.
Балабақшадан орыс топқа береміз,
Болсыншы деп заманауи ұғымды.
Көзі ашылмаған жас сәби не білсін?
Өзге ұлттың өзге тілін ұғынды.
Өз тілінде шүлдірлейді өскенде,
Кінәлаймыз бұл сұмдыққа біз кімді?
Тіл қадірін ұға алмаған сәбиге,
Салтымызды ұғындыру күлкілі.
***
Туған жер алтын бесігім,
Кіндік қаным тамған жер.
Тәй-тәй басып еңбектеп,
Қадамымды басқан жер.
Талғарым менің мақтаным,
Арайлап таңым атқан жер.
Талай-талай алыптың,
Жұлдызы көкте жанған жер.
Көк желегі жайқалған,
Сұлулығы асқан жер.
Таза ауасы самалмен,
Жан сарайын ашқан жер.
Әлемге әйгілі алмасы,
Жер жанаты жатқан жер,
Менің туған жерімдей,
Бола алмайды-ау ешбір жер.
***
Жамбыл жыры бойымдағы қуатым,
Көңіл шерін жырыменен жуатын.
Білесің бе бабамыздың қарсыласы,
Екі сөзінің бірі жиі айтатын.
Деген едім Жамбыл жыры – қуатым
Білмесеңіз мен айтайын, жас ақын!
Жамбыл менің жай атым,
Халық деген – шын атым,
Біле жүргін бұл жағын,
Халық деп бабаң туғаның,
Білмесеңіз сын болмай ма, атыңызға?
Білу парыз менің де, халқымның да.
Еңбектеген баладан қартқа дейін,
Сақтап алған бұл сөзді мың жадына.
***
Қарға тамырлы қазағым,
Басыңнан не өтпеді?
Елім-айлап еңіреп,
Ақтабан шұбырынды өткелі.
Қайран елімнің көз жасы,
Бекер желге кетпеді.
Үш жүздің басы бірігіп,
Береке келді көктегі.
Қазақ хандығы құрылып,
Талай сынақ өткерген.
Қазақ болып қайран ел,
Тараған еді текті елден.
Желтоқсанда жаңғырып,
Талай жастар шектелген.
Көздің жасы ғана емес,
Қара қанда төгілген.
Аналар мен балалар,
Еске алсам өткенді
Жан дүниемді көмкерген.
Осал халық емеспіз,
Жел тұрса көкке ұшатын.
Соқтықпаймыз себепсіз,
Ұқсаса бізге ұқсасын.
Не көрмеген ұлы елім,
Мәңгі ұзақ жасасын.
***
Ілияс бұл қазаққа мақтан ба еді?
Маңдайға дара біткен ақтаңгері.
Елімнің әдебиеті мен мәдениетін,
Күмбірлеткен күйімен маңмаңгері,
Елімнің тарихына елеулі үлес,
Ақан сері үнімен салған ба еді?
Мұхтар атам не дейін, ел деп туған,
Шындық жолында буынды бекем.
Елім деп еңірейді, шырылдайды,
Көзі тірі кезінде қадірлейік,
Мәртебесін көтерген туған,
Нар ұлдарды елімде дара туған.
***
Атасы қара өлеңнің нар Жамбылым,
Артына қалдырмаған арзан жырын.
Сәулесі бар ұрпағы алар сөзін,
Ит білмес адам білер маржан құнын.
Жамбылдың аларсартар тұлғасын кім,
Сонымен айбынымды шыңға асырдым.
Өмірі өнегеге тұнған атам,
Гомері болған жоқ па бір ғасырдың.
Жоғалтпай адамшылық қалпын бірақ,
Туылар тұлға шығар бәлкім бір-ақ.
Зердесі таусылмайтын жырдың кені,
Кеудесі ақтарылған алтын бұлақ.
Абыз қарт болған және дінге берік,
Иманды жан құл болсын кімге көніп.
Алланы ұлықтаған Кремьлде,
Жүрсе де Сталинді күнде көріп.
Қалдырған қара өлеңде даңғылды артқа,
Өтіпті артық қамшы салдырмап та.
Дәуірдің жүгін жалғыз арқалаған,
Қарыздар кейінгі ұрпақ Жамбыл қартқа.
Бақытын тапқаннан соң ізгі өлеңнен,
Сүйінбай салып кеткен ізге келген.
Алыптың алыптығы мұрасында,
Халықтың батасымен жүзге келген.
Жамбылсыз жоқ салтанат жоқ іс шара,
Зұлмат күн төбемізден оқ ұшты ана.
Ленинград қоршауында Жамбыл жыры,
Айналды жауынгерге соғыста да.
Жамбылдан қалған дәстүр ғұрып қандай,
Жалғассын болашаққа ұмыт қалмай.
Жасыма жүзге келген жыр алыбы,
Мың жасар ұрпағымен Ұлықпандай.
***
Тәуелсіздік таңы атқалы жылдар өтті,
Сәулесін аямаған қазағыма.
Елбасымыз нұр болып нұрын төкті,
Егемендік алғалы баяғыда.
Көк туым желбіресе аспанымда,
Әрұран шарықтады, жан жағымда.
Біз нәубат жылдарды көрген жоқпыз,
Тәуелсіз ел жастары болғандықтан.
Алламыз бақытты ұрпақ бізді еткен
Сыйлаған мол мүмкіндік, зор бағын да.
Бізге енді ел сенетін ұрпақ болып,
Бабалар үмітін ақтау қажет.
27 жыл бұрын бақыт құсы,
Қазағымның қонды кеп маңдайына.
Тәуелсізбік болсын мәңгі ғұмырлы,
Бізде жастар болайықшы тұғырлы.
***
Мұқағалидай атамыз дара тұлға,
Жүрегінің үнімен жыр тербеген.
Өлеңдері болса да тола сырға,
Мұңдаса да білетін өткенменен.
Биыл толса 88 жыл туғанына,
Мұрағаты біз үшін ескірмеген.
Болашақтың кемесінде жүрер әлі,
Атамыздың ескегі есілмеген.
Қара саздың сұңқары қыраны едің,
Бағындырған Эверест жыр әлемін.
Мұзбалағы елімнің есімі ерен,
Қара сөздің құйғылтқан құлагерін.
Ақкулары жетім көлді тербегенде,
Сырласатын мұңдасатын елменен де.
Өзіңді үлгі еткен елің барда,
Атағың мен даңқың бар елеулі елге,
Жырларың жетім көлде қалықтамас,
Қазақ барда сақтаған жүректерде.
***
Ел басымыз жолдаған,
Жаңа мақаласында –
Ұлы дала елінің
Жеті қырын болжаған.
Бір ауыздан бұл елім,
Бұл жобаны қолдаған
Рухымызға рух қосқан,
Жаңғырудың жалғасы –
Өткеніңді танытып,
Тағылымыңды қозғаған.
Өз тарихын білмеген,
Ұлт бола алмайды.
Ұлы даламның сан қырын,
Жеті сырын талғайды.
Мақалада айтылған,
Алты ірі жобаны
Жеті жылда ұлы елім
Орындалса қолайлы.
Түркі елінің, жерінің
Тал бесігі болғайды.
Әзірше ешқандай пікір жоқ.
Бірінші болып пікір қалдырыңыз.