Тіл – халықтар  достығының дәнекері Тіл – халықтар  достығының дәнекері
Нұрғайша Балаубекова Түркістан облысы Созақ ауданы әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы:  – Аудан әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің осы уақытқа дейін... Тіл – халықтар  достығының дәнекері

Нұрғайша Балаубекова

Түркістан облысы

Созақ ауданы әкімдігі

мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы: 

– Аудан әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің осы уақытқа дейін атқарған іс-шаралары туралы қысқа әңгімелеп берсеңіз?

– Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасын аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі тарапынан жүзеге асырған іс-шаралар жетерлік. Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі облыстық деңгейдегі-2, жалпы мәдениет үйлері мен клуб мекемелерінде -127, аудандық және ауылдық кітапханаларда -57 көпшілік іс-шаралары жалпы алғанда -200 ге тарта іс-шара өткізді. Сондай-ақ мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі «Қазақстанның киелі жерлері географиясы» жобасы аясындағы, «Қасиетті Қазақстан» базалық бағыты бойыншаАуылдық округ, кент әкімшіліктері және «Жастар ресурстық орталығымен» бірлесе отырып киелі жерлерге танымдық жорықтар ұйымдастыруды жоспарлап қолға алды. Ауданымыздың көрікті тарихи киелі жерлері туралы имидждік-ақпараттық материалдар жинақтауға ұйымдастырып отырмыз.

– Тілдерді дамыту аясында қандай жұмыстар жүргізіліп, өзгерістер болуда? Тілдің қолданылу және үйрену сапасы өткен жылдарға қарағанда қалай өзгеруде?

ҚР Президентінің «Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» іске асыру, «Тілдердің үш тұғырлығы» мәдени жобасы бойынша қойылған нақты міндеттерді орындау, мемлекеттік тіл — қазақ тілінің мәртебесін арттыру мақсатында Түркістан облысы Созақ ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы №449 қаулысымен «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ашылып, «Мемлекеттік тілді және Қазақстан халықтарының басқа да тілдерін дамыту» бағдарламасы бойынша өз міндеттерін атқарып жұмыс жасап келеді. Оқыту орталығының басым бағыттары, белгіленген миссиясы – ол тілдерді дамыту саласындағы қызметті жүзеге асыру, Түркістан облысы Созақ ауданындағы мемлекеттік тілді оқыту курстарының жұмысын үйлестіру, мемлекеттік қызметшілерді, сондай-ақ, халықтың түрлі жас топтарын мемлекеттік, орыс, ағылшын және т.б. тілдерді оқытуға қажетті материалдық, техникалық жағдай жасау, оқытулар мен әдістемелік оқу құралдарымен қамтамасыз етуді ұйымдастыру.
Орталықта 2012-2018 жылдар аралығында 620 азамат мемлекеттік тілді тереңдете меңгерсе, осы жылдар аралығында 480 азамат орыс тілін, 1177 азамат ағылшын тілін меңгеріп, сертификат табысталған.

– Үш тілділіктің қолдану аясын кеңейту мақсатында ұйымдастырылған іс-шараларды атап өтсеңіз?

– Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту,оның мәртебесі мен маңыздылығын насихаттау мақсатында жыл сайын іс-шаралар жоспары бекітіліп, жыл сайын түрлі байқаулар мен семинарлар және дөңгелек үстелдер өткізіліп келеді. ҚР Президентінің Жолдауындағы «Тілдердің үш тұғырлығы» мәдени жобасы бойынша қойылған нақты міндеттерді іске асыру, «Қазақстан Республикасының тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын», мемлекеттік тіл – қазақ тілінің мәртебесін арттыру, оны өзге ұлт өкілдерінің жан-жақты игеруіне ықпал ету мақсатында мектепке дейінгі мекемелердегі орыс топтарының кішкентай бүлдіршіндері арасында аудандық «Қазақшаң қалай, балақай?» атты танымдық интеллектуалды сайысы өткізілді. ҚР Президентінің Жолдауындағы «Тілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасы бойынша және «Мәңгілік Ел» идеясындағы тілді ұлттың ұйытқысы ету мәселесі мен нақты міндеттерді іске асыру мақсатында ауданымыздағы жастардың қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгеруіне қолайлы мүмкіндіктер жасау ,үш тілді – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген қабілетті жастарды анықтау және қолдау, тілдік қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырып, көп тілді меңгерген тұлғаны тәрбиелеу, қазақстандық патриотизмді нығайту, өзге халықтардың мәдениеті мен тілін құрметтеу мақсатында өткізілетін тағы бір маңызды байқаулардың бірі — «Мен көп тілді білемін» атты байқауы да өз нәтижесін беріп келеді. Қазақстан халқы тілдері күніне орай, Ауданымызда Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің ұйымдасытруымен Ә.Молдағұлова атындағы жалпы орта мектебінің мәжіліс залында 8 сыныптар арасында «Самға тілім, шарықта!» атты тіл тану сағаты өткізілді. Мемлекеттік тіл – қазақ тілінің мәртебесін арттыру, оны өзге ұлт өкілдерінің жан-жақты игеруіне ықпал ету және халықтар достығының басты құралы ретінде мемлекеттік тілді дамыту арқылы қазақ халқының мәдениетін, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын кеңінен насихаттау, жастарды ұлттық патриоттыққа тәрбиелеу арқылы мемлекеттік тілді меңгеруге деген ынта-ықыласын арттыру және мемлекеттік тілдің аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, Түркістан облысы Созақ ауданы тұрғындарының арасында талапты, талантты азаматтарды іздеп табу мақсатында «Тіл халықтар достығының дәнекері» дәстүрлі түрде өткізілетін байқаулары аудандағы ұлт пен ұлыстардың басын біріктіруге айрықша үлес қосып келеді екен.
Үш тілді – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген қабілетті жастарды анықтау, мемлекеттік тілдің қолдану мәртебесін арттыру, тілдік қарым – қатынас мәдениетін қалыптастырып, көп тілді меңгерген тұлғаны тәрбиелеу, қазақстандық рухани бірлікті нығайту мақсатында «Тіл – тұнық ойдың кәусары»атты аудандық байқауы. Жыл сайын дәстүрлі түрде Қазақстан Республиксының Президентінің Жолдауындағы «Тіл-дердің үштұғырлығы» мәдени жобасы бойынша қойылған нақты міндеттерді іске асыру, «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын», мемлекеттік тіл – қазақ тілінің мәртебесін арттыру, оны өзге ұлт өкілдерінің жан-жақты игеруіне ықпал ету мақсатында Түркістан облысы Созақ ауданындағы мектепке дейінгі мекемелердегі өзге ұлт өкілдері топтары кішкентай бүлдіршіндер арасында аудандық «Бала шақтан болашаққа – ана тілімен» атты танымдық байқауы өткізіледі.Дәстүрлі түрде өткізілетін мемлекеттік тілдің аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, шешендік өнерді насихаттау, Созақ ауданы тұрғындарының арасында талапты, талантты азаматтарды іздеп табу мақсатында «Кәнеки, тілім сөйлеші!» атты аудандық байқауы. Қазақстан Республикасының тіл саясатын жүзеге асыру, тілді меңгеруге деген қызығушылығын арттыру, жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу, тіл мәдениетін жетілдіру мақсатында «Тіл шебері» байқауы да дәстүрлі түрде өткізіліп тұрады.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың: «Біздің міндетіміз бәсекелістікке лайық ұрпақ тәрбиелеу», — деген пікірі жастарға Абайша білім алу, Абайша ойлау, Абайша өмір сүру дегенді ұқтырады. Абай әлемін бүкіл дүниеге таратушы кемеңгер ұлы Мұхтар «Мен Абай тереңінен шөміштеп қана іштім» деген екен.
Қазақ тілінің көркемдік ерекшелігін, бай сөз қорын насихаттау, Абай шығармашылығын насихаттау арқылы қазақ тілі мен әдебиетіне, мәдениетіне деген этнос өкілдерінің ықыласын арттыру, әрі еліміздің рухани бірлігін нығайту мақсатында өзге ұлт өкілдері арасында аудандық «Абай оқулары» байқауы дәстүлі өткізіліп түрде өтіп, жастардың таным көкжиегін арттыруға үлкен септігін тигінізіп отырады екен. Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруересектерге мемлекеттік тілді оқытып жүрген педагогтардың ішінен талантты, шығармашылықпен жұмыс жасайтын ұстаздарды анықтау, қолдау, марапаттау, олардың кәсіби әлеуетін дамыту, ынталандыру және озық тәжірибелерінарттыру мақсатын басшылыққа ала отырып ұйымдастырылатын «Қазақ тілінің үздік мұғалімі» байқауы.
Отбасында қазақ халқының сан ғасырлар бойы қалыптасқан, тарих талқысынан өткен салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын жас ұрпаққа үйретіп, отбасында ана тілінде сөйлеуді ұлттық мақтанышқа айналдыру, ана тілінің қадірін қастерлеуге баулу, мұра етіп қалдыру, озық тәжірибе насихаттау мақсатында «Ана тілі және отбасы» атты аудандық байқауы 2018 жылға дейін балабақша бүлдіршіндерінің қатысуымен өтсе, осы жылы аудандағы 35 мектепте бастауыш сынып оқыушылары мен ата-аналарының қатысуымен өтті.
Жыл сайын мемлекеттік қызметшілер күні қарсаңында мемлекеттік тіл-дің қолдану аясын кеңейту, оның мәртебесі мен маңызыдылығын насихаттау мақсатында мемлекеттік қызметшілердің арасында аудандық «Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте» атты байқау өткізіледі.
Осы жылға дейін әр мемлекеттік мекемеден топ болып қатысса, биылғы жылдың ерекшелігі бір мемлекеттік қызметші өз отбасымен қатысты. Оқушылардың ана тіліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, өз тілін дұрыс меңгеріп, ана тілін қастерлеуге, тіл мәдениетін сақтай білуге тәрбиелеу, мәнерлеп оқи білуін жетілдіру, оқушылардың шығармашылықтарын шыңдау, патриотизмге баулу мақсатында «Тіл -елімнің тірегі»атты байқауы өткізіледі. «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» іске асыру, мемлекеттік тіл – қазақ тілінің мәртебесін арттыру мақсатында«Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде»атты дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге аудан орталығындағы мектептің тіл жанашырылары қатысты.
Шарада қазіргі таңдағы өскелең ұрпақтың ауызекі сөйлеу тілін дамыту мәселелері жайлы тақырыпта тіл мамандары өз ойларын айтты. Ауданда тілге үлес қосып жүрген тіл жанашыр азаматтар марапатталды.

– Ел ертеңі жастарды осы тарихи жерлерге апару, таныстыру бойынша қандай жұмыстар атқарып жатырсыздар?

– Аудан көлеміндегі орналасқан мектептердің оқушылары арасында Киелі жерлер мен музейлерге экскурсия ұйымдастырып отырамыз. Атап айтар болсақ: Қ.Сәтбаев атындағы жалпы орта мектеп гимназиясы мен М.Әуезов атындағы жалпы орта мектеп оқушылары, Құмкент ауыл округінде орналасқан «Баба Түкті Шәшті Әзіз» кесенесіне, М.Мәметова және Қ.Кемелұлы атындағы жалпы орта мектеп оқушылары, Жартытөбе ауыл окргуіне қарасты Бабата елдімекенінде орналасқан «Ысқақ баб» кесенесіне, С.Қожанов және Панфилов атындағы жалпы орта мектебінің оқушылары «Ақсүмбе» мұнарасына аудан әкімдігінің білім бөлімімен бірлесіп, экскурсия ұйымдастыруды жолға қойғанбыз.
Сонымен қатар аудан орталығы Шолаққорған ауыл округінде орналасқан С.Қожанов музейіне, Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов,Ә.Молдағұлова, А.Сүлейменов,Шолаққорған, Т.Әлімқұлов атындағы жалпы орта мектептердің оқушылары музейде аудан әкімдігінің білім бөлімі тарапынан экскурсия ұйымдастырылған.

– «Бүлдіршіндер-ертеңгі бола-шағымыз» дегендей, мүмкіндігі шектеулі дарынды балалардың бізді қуантатын жетістіктері жайлы айтып берсеңіз!

– Облыстық «Үкілі үміт» мүмкіндігі шектеулі балалардың өнер байқауына ауданымыздан қатысатын мүмкіндігі шектеулі балалардың барып-қайтуларына жағдай жасау мақсатында жеке кәсіпкер Райым Молдахмет Қожамұратұлы өз қаражаты есебінен демеушілік жасап, байқауға барған мүмкіндігі шектеулі балалар атап айтқанда, «Елге аманат» қылқалам шебері жанры бойынша, бала жастан көз мүгедегі Отарова Әдемі, бала жастан мүгедек Әбілқасым Аяулым «Би жанры» бойынша, «Ән жанры» бойынша бала жастан көз мүгедегі Есім Амангелді Зұлыпқарұлы, бала жастан мүгедек Еркін Нұрай, бала жастан мүгедек Дәмин Диас, қаржылай сый-сияпатқа ие болып қайтты. 1 маусым «Балаларды қорғау» күні мерекесіне орай, мүмкіндігі шектеулі 50 балаға жеке кәсіпкерлер тарапынан қаржылай сый-сияпат жасалды.

– Латын әліпбиіне көшу идеясы бойыншажәне ана тілімізді қолдау мақсатында ұйымдастырылған бай-қауларды атап өтсеңіз?

– Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Бола-шаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағылатын әліпбиіне кө-шу идеясын ілгерілету, “Рухани жаңғыру” бағдарламасын іске асыру, Президенттің №569 жарлығымен бекітілген, 2018 жылғы 19 ақпандағы №637 жарлығымен өзгертілген латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу, әр сала мамандарына әдістемелік көмек беру мақсатында “Жаңғыру – жазудан басталады” атты аудандық семинар өткізілді.Шара барысында қатысушыларға әрі таныстыру әрі қолдануға жол ашу үшін диктант алынды. Сонымен қатар, «Кім жылдам?», «Адасқан әріптер», «Кім шапшаң?», «Жалғыз әріп» сынды тренингтер жасалып, соңында кері байланыс сәтінде әрбір қатысушы шарадан алған әсерімен бөлісті
Мемлекеттік қызметшілер мен әр сала қызметкерлеріне мемлекеттік тілді КАЗТЕСТ жүйесі арқылы сауатты меңгерту. ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін мақсатында тест тапсырушылар саны жыл сайын арттырылып отырады. Бір ғана 2018 жылдың өзінде 3215 әр сала қызметкерлері тест тапсырды. Осы өткізілген іс-шаралардың барлығы облыстық және жергілікті БАҚ-та жарияланып, насихаттау жұмыстары жүргізілуде. «Қазақстан Республикасының тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» негізгі индикаторларына қол жеткізу мақсатында атқарылған жұмыстарға қарағанда әлі де жүзеге асырылатын жұмыстар ауқымды болып отыр.

– Қазіргі таңда халыққа қызмет көрсетіп тұрған мекемелерді атап өтсеңіз?

– Созақ ауданында қазіргі таңда 35 мәдени мекеме және 1 тілдерді дамыту және оқыту орталығы аудан халқына мәдени қызмет көрсетуде. Олар:
— 1 аудандық «Мыңжылқы» мәдениет үйі, 5 ауылдық мәдениет үйлері Қаратау, Созақ, Құмкент ауылдық және Таукент, Қыземшек кенті мәдениет үйлері 7 ауылдық клуб мекемелері, 1 аудандық орталық кітапхана, 1 аудандық балалар кітапханасы, 20 ауылдық кітапхана, 1 Тілдерді оқыту және дамыту орталығы, Апатты жағдайдағы және Күрделі жөндеу жұмыстарын қажет ететін мәдениет мекемелері жоқ. Жалпы аудан бойынша клуб мекемелерінде 136 штат, аудандық кітапханалар бойынша 53 штат, тілдерді оқыту және дамыту орталығында 7 штат жұмыс жасауда. «Мыңжылқы» мәдениет сарайы, ауылдық мәдениет үйлері мен ауылдық клубтарда — 47, аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі бойынша — 43 шығармашылық қызметкер бар. Аудандық «Мыңжылқы» сарайы, ауылдық мәдениет үйлері мен ауылдық клубтар толығымен компьютермен қамтамасыз етілген. Тілдерді оқыту және дамыту орталығының оқу залында лингафонды-мультимедиялық кабинет және 14 компьютер интернет желісіне қосылып, жұмыс жасауда. Тілдерді оқыту залы жаңа инновациялық технологиялық әдістемелерімен жаб-дықталған.

– Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдас-тыруымен өткізілген аптвлықтар және іс-шараларды атап өтсеңіз!

– «Жолдау жүктеген міндеттер» — тақырыптық іс шаралар, -Қазақ космонавт сынаушысы Т. Мұсабаев 65 жаста «Ғарышқа самғау» — танымдық сағат, -Ақын М. Мақатаевтың туғанына 85 жыл «Қазақ жырының Хантәңірі» — жыр сағаты ,-«Алтын күнді қондырып қанатына, Қазақ елі самғайды болашаққа» — жыр сағаты, -Ұлт -азаттық көтеріліске 100 жыл: «Алаш қозғалысы және тәуелсіздік» -кеңейтілген кітап көрмесі, -«Тәуелсіздік бастау алған Алаш қозғалысы» тарихи танымдық кеш, «Балалар кітапханасы бір әлем» кітапханаға саяхат, «Поэзия меніменен егізбе едің…» жыр сағаты, -Тәуелсіздікке -25 жыл: «Созақ әдебиеті және тәуелсіздік. Өсу,өрлеу,өркендеу»-кітап көрмесінің тұсаукесері, -«Қазақ халық поэзиясының жалынды жаршысы» ақын Ж.Жабаевқа 175 жыл – поэзия сағаты , -1 наурыз Алғыс айту күні «Бір аспанның аясында бақытты ел»- мерекелік дөңгелек үстел, «Отбасын кітап даналығы нығайтады» ашық есік күні, «Абылый хан – ерлік дәуірінің ерен тұлғасы» тарихи сағат, Тарих зерттеушісі С.Тәбірізұлы 80 жаста: «Шежіре сыр шертеді» — тарихи кеш , -«Білім әлеміне ашық жол» — әдеби қазбалар , -Халық ақыны Ж.Жабаевтың 170 жылдығына орай «Халық менің шын атым…» әдеби сағат, 22 наурыз – Наурыз мейрамына орай «Менің Отаным – Қазақстан» мерекелік кеш , -Ақын С.Байділдаевтың туғанына 70 жыл «Жырымда бар сырларым» поэзия сағаты, 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні: «Аяулы менің анашым» мерекелік бағдарлама, 24-30 наурыз Халықаралық балалар кітабының апталығы «Кітап апталығы қуаныш пен шаттық мерекесі» апталық, Ұлт-азаттық көтерілісіне 100 жыл: «Ұлы мұрат жолында» ұлт тарихы дәрістері, Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Ә.Бөкейхановтың туғанына 150 жыл: «Алаштың ардақ ұлы»-азаматтық тәрбие сағаты, Әлемді кітап арқылы танимын: «Алтынсарин оқулары»аудандық байқауы, «Өмі-рімнің өнегесі кітаптан» кездесу кеші өтті.
ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында: «Қазақ ғарышкерлері. Тұңғыштар ерлігі»-ақпараттық сағат, 23 сәуір Бүкіләлемдік кітап күні: «Назар аударыңыз! Оқу аймағы!»-кітап мерекесі, 1-мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні: «Ұлт-ұлысқа ортақ үй Қазақстан» – әдеби музыкалық қонақ жай, «Шекарасыз әдебиет-достық көпірі» әдеби әңгімелер, «Бір аспанның аясында» әңгіме, шолулар, Халық ақыны, айтыс-кер Құлжабай Төлеуовтың туғанына 105 жыл: «Айтыскер ақын» танымдық сағат, 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күні: «Бала күлкісіне толы әлем» мерекелік думан, 4 маусым-ҚР Мемлекеттік Рәміздері күні: «Рәміздер тарихы-халық тарихы»-көрме композиция.
«Көк тудың желбірегені…» мерекелік композиция, «Ата мен әже сыйлау дәстүрі» салт-дәстүр сағаты, 26 маусым Халықаралық есірткімен күрес күні: «Әлем жастары нашақорлыққа қарсы» үнпарақтар, плакаттар шеруі, «Ата заңым-алтын тұғырым» мерекелік бағдарлама, «Ата заңым ардағым»- әдеби монтаж, «Мұғалімге, оқушыға және баршаға» жарнамалық апталық, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында «Шуақты отбасы-шуақты ел» мерекелік бағдарлама, «Кітап және отбасы» оқырмандар арасында отбасылық байқау, «Шаңырағым-шаттығым» көп балалы отбасымен сыр-сұхбат, «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында Д.Бабатайұлының шығармаларынан «Ерлік жыршысы» тарихи сағат, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында Тіл мерекесіне «Тіл мерейі-ынтымақ айнасы» мерекелік бағдарлама, «Тіл мәртебесі-Тәуелсіз ел мерейі» мерекелік кеш, «Тіл ұлт рухының қайнар көзі» тілтану сағаты, «Өз тіліңді құрметте…» пікірталас сағаты, «Тіл тазалығы-өркениеттілік талабы»-танымдық сағат, «Бір ел-бір кітап» акциясы: «Сорғалаған нөсердей жырын тыңда Дулаттың…» Д.Бабатайұлының шығармашылығы- әдеби кеш, «Дулат-жыр дүлділі»- жыр сағаты, «Жырын тыңда Дулаттың» жыр сағаты, Еңбек адамы: «Сүйікті мамандығы кітапханашы…»
Еңбек ардагері Ә.Бөбееваның бенефисі, «Бір өлке-бір кітап» акциясы: Қазанғап Байболұлының шығармашылығына арналған «Дастан-ғұмыр» жыр сағаты, ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл: Ұлт әдебиеті жылдар айнасында-әдеби шежіре сағаты, «Мектеп кітапханашысының күні» мамандар күні, «Тұманды Альбион айшықтары» әдеби елтанымдық сағат, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында «Аялы алақан» мүмкіндігі шектеулі азаматтардың шығармашылық кон-церті, «Әр адамның өмірі өз қолында»- мүмкіндігі шектеулі оқырмандарға арналған әдеби қонақ жай, «Мейірімді жүрек»- мейірім сағаты, «Тәуелсіздік символы-ұлттық теңге» танымдық сағат, Қ.Аманжоловтың туғанына 105 жыл толуына орай «Дүниеге келер әлі талай Қасым»-жыр сағаты, «Бір өлке-бір кітап» акциясы аясында Қазанғап Байболұлының шығармашылығына арналған «Бір өзі – бір шежіре» арнау сағаты, 1 қазан Халықаралық қарттар күніне «Қартқа бізден құрмет бар»ардагер қарттармен кездесу кеші, «Қарттарым асыл қазынам» әдеби сазды кеш, «Көп жасаған қария – ақылы теңіз дария» мерекелік бағдарлама, ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» тақырыптық кеш, «Тәуелсіздіктің 25 жылдығы – ел тарихының жарқын бейнесі» ақпарат сағат, «Тәуелсіздік толғауы» әдеби кеш, 1916 жылғы Ұлт-азаттық көтеріліске 100 жыл: «Тарихыңды тани біл» – тарихи-танымдық кеш, «Тарихи құбылыс-ұлы сілкініс» танымдық сағат, «Қасіретті, киелі қилы заман» тарихи сағат, «Тарихқа мәңгі тағзым» дөңгелек үстел, «Әдеби күз, әдемі күз» әдеби қонақжай, «ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл:Тәуелсіздік жолындағы еңбек» дөңгелек үстел, 1 желтоқсан-Тұңғыш Президент күніне орай: «Тұңғыштың тағылымы-ұраққа өнеге» патриоттық тәрбие апталығы: «Жасампаздық жылнамасы» патриоттық сағат, «Еркін елдің Тұңғышы» танымдық сағат, «Тәуелсіздік – теңдігімнің айғағы»-мерекелік бағдарлама, «Тәуелсіз елдің көшбасшысы» танымдық сағат, «Ескерткіштер ел тарихы» тарихи сағат, «Ы.Алтынсарин – балалар әдебиетінің атасы» әдеби арнау сағаты, «Елбасым-мақтанышым» өлең сайысы, «Ұлттық валюта еліміздің даму көзі» танымдық кеш, «Теңге-тәуелсіздік нышаны» әңгіме, «Теңге-тәуелсіздік символы» ақпарат сағаты, «Ұлттық теңге тарихы»-тарихи-танымдық сағат, «Тұғыры тұрақты теңге»-ақпарат сағаты, «Теңге-мемлекет келбеті» танымдық сағат, «Теңге-ұлттық табыстың кілті»-ақпарат сағаты, «Теңгенің ғажайып сырлары» интеллектуалды танымдық ойын, «Ұлттық теңге – ұлт мақтанышы»интеллектуалдық сұрақ-жауап ойыны, «Тәуелсіздік символы-ұлттық валюта тарихы киелі ұғым» танымдық сағат, «Бизнес және мен: ақша-уақыт тынысы» қызықты фактілер сағаты, «Теңге ұлттық табыстың кепілі»танымдық сағат, «Теңге туралы не білеміз?» сұрақ-жауап ойыны, «Азаттықты ту еткен» әдеби кеш, «Бір өлкебір кітап» акциясы аясында Қазанғап Байболұлының шығармалары «Бір тума жүйрік жырау-Қазанғап»-талдау, «Құмнан алтын сүзгендей»- ақпарат сағаты, «Ұлтымыздың ұмытылмас ұлы» дөңгелек үстел, «Сөз зергері-Қазанғап» әдеби жыр сағаты, Ақын С.Байділдаевтың туғанына 70 жыл «Азамат еді еңселі» әдеби кеш, «Өмірін жырмен өрнектеген» еске алу кеші, 1916 жылғы Ұлт-азаттық көтеріліске 100 жыл: «Азаттықты аңсаған алаш азаматы» тарихи кеш, «Ұлтым деп соққан ұлы тұлғалар» әдеби кеш, «Азаттық салтанаты-алаштың аманаты» сөз думан, «Азаттық жолындағы ұлы мақтаныш» тарихи танымдық сағат, «Туған елім, жер бесігім Созағым» өлкетану сағаты, «Сымбатты болғың келсе…» дөңгелек үстел, «Тылсым сырлы табиғат» танымдық сағат, «Тәрбиеліден тәлім» дөңгелек үстел, «Тәуелсіздікіті жырлаймын»-әдеби жыр кеші, «Тәуелсіздік шежіресі» шолу, «Тәуелсіздік тұғыры биікте» танымдық сағат, «Желтоқсан деп жырлаймын» жыр сағаты,
Сонымен қатар аудан абыройын өсіретін өнерпаздардың өнеріне қолдау көрсету мақсатында аудандық, аймақтық, облыстық байқауларға қатысатын үміткерлермен дайындық жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді.
Созақ ауданы бойынша мәдени мекемелерде 2018 жылдың 9 айында 483 мәдени көпшілік іс-шаралар өтіп, оған 37 300 көрермен қамтылды.
Аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі 2018 жылдың қаңтар айында облыстық мәдениет басқармасының іс-шаралар жоспарларын басшылыққа алып, бөлім басшысының бекітуімен, аудан әкімінің орынбасары және облыстық басқарманың келісуімен жылдық жоспар әзірленген. Жыл басынан бері бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес және жоспардан тыс да көптеген мәдени іс-шаралар өткізіліп келді.
Ал ауылдық мәдениет үйлері мен клуб, кітапхана жұмыстарына тоқталсақ, 2018 жылдың жылдық жоспарын бекітіп, жыл басынан бері ресми және бейресми мерекелерде тақырыптық іс-шаралар ұйымдастырып, өткізді.

– Сұхбатыңызға рахмет!

Сұхбаттасқандар –
Еркінбек СЕРІКБАЙ,
Аяла ҰЛАНҚЫЗЫ

Әзірше ешқандай пікір жоқ.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз.

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *